Latin Common Turkic

Кассандра Таңбасы - 13

Süzlärneñ gomumi sanı 3766
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
қайтадан су бетіне шығып, бағытынан айнымай жүзіп барады…
Қандай күш айдап барады оларды, қайда, не үшін жүзіп барады
екен?
Ал, Мәскеудегі Қызыл алаңда түн ортасы болыпты. Жапалақтың
уақыты да жақындап қалды. Ол әлі Спас мұнарасындағы сағаттың
түбінде қалғып отыр. Өзінің үйреншікті ұшып шығар уақытын
тағатсыздана күтуде. Бүгін әдеттен тыс бір мазасыздық бойын билеп алған… Әлемде бір жайсыз оқиға болды. Соны сезіп отыр…
Тағы бір зұлымдық жасалған болуы керек…
Шыңғыс Айтматов
Х
Шұғыл жарияланған «Ғарыш-Жер» баспасөз мәслихаты сол күні
белгіленген мерзімінде өткізілді, барлық жетекші арналар бойынша
таратылды.
Бірақ, соған дейін телекомпаниялар «эфир алдындағы дауылды»
бастан кешірді. Футуролог Роберт Борктың қаза тапқаны белгілі
болғаннан кейін әлемнің әр түкпірінен телефон соғылып, сұрақ
жауып кетті, әсіресе, осы шулы баспасөз мәслихатын тікелей хабар
ретінде таратуды жоспарлаған ұлттық компаниялар сұрақты қарша
боратты. Бұл оқиғаның салдары қандай болмақ, Филофеймен
телекөпір орнатудың сәті түсер ме екен, онымен кім әңгімлеспек,
жалпы, енді баспасөз мәслихатын күтудің жөні бар ма өзі – осы
сұрақтардың жауабын бәрінің де дереу білгісі келеді.
Жер шары болса, өзінің мәңгілік айналысын тоқтатар емес,
уәделі сағат та жақындап қалды… Жұрттың бәрі соны тағатсыздана
тосып отыр…
Ақыры, телеэкрандардың бетінде асыға күткен жазулар да шыға
бастады. Содан кейін диктор әйел белгілі ғалым Роберт Борктың
қаза табуына әлем жұртшылығының қандай пікір білдіріп отырғаны
мен бұқаралық ақпарат құралдарының осыған байланысты не
жазып жатқанын хабарлауды телекомпания өзінің борышы деп
есептейтінін айтты.
Баспасөз беттерінде берілген түсіндірмелердің біржақты
болғанын да айта кеткен жөн. Үйреншікті көңіл айту мен қайғыға
ортақтасу туралы әбден жауыр болған сөздерден кейін диктор әйел
өзінің мысқылын барынша жасырмақ болып, мұнысы көзқарасынан
байқалып тұрды, өзінің айтуы бойынша, Филофейдің кассандрашараналар туралы ілімінің тіреніші болған Роберт Борктың өмірін
қиған «Линч соты» жөніндегі шұғыл сауалнаманың қорытындысы
шығарылған кестені көрсетті: «Сауалнама қорытындысы көңілді
жабырқатады әрі естен тандырарлық деуге болады. Өздеріңіз
Тау құлаған
қараңыздар, құрметті телекөрермендер». Көрнектірек бола түсуі
үшін әр бағанасы әр түрлі түске боялған кестенің көрсетуі бойынша, сұрақ қойылғандардың 83,7 пайызы футурологтың сазайын
тартқаны дұрыс болған депті, осы топтың басым көпшілігі – 76
пайызы егер сол сәтте өздері де сонда, Ньюбериде болса, ғарыштық
әзәзілдің сыбайласын соққыға жығуға қатысатын едік деген пікір
білдіріпті; сұраққа жауап бергендердің 11 пайызы тобырдың
мұндай тағылық әрекетін айыптап, бұл – қоғамның адамгершіліктен
айырылып, азғындауының көрінісі деп баға берген, бұдан қалған
болымсыз ғана бір бөлігі болған оқиғаға мән бермейтінін айтыпты.
Содан кейін телекөрермендердің назарына сол күнгі жаппай
бой көрсетуге жасалған әлеуметтік талдаудың қорытындысы ұсынылды. Бұл бір көптеген елдердің, қалалардың және аймақтардың
демографиялық, әлеуметтік және басқа көрсеткіштерінің ұзыншұбақ тізімі болып шықты. Оның қорытындысы да іс жүзінде
бүкіл әлем, халықтың барлық топтары ғарыш тақуасының
Кассандра таңбасын анықтау үшін жер бетіне бақылау сәулелерін
жіберуді тоқтатуын талап етіп, қандай да бір нұсқада наразылық
білдіргенін көрсетеді екен. Бұл орайда, адамдардың көңіл күйі мен
мінез-құлқына ұлттық фактордың әсер еткені көзге ұрып тұрды.
Бірақ, ең қорқынышты жағдай түрмелерде орын алып отырғаны
анықталды. Мүмкін бұл бір кездері өздері де кассандра-шарана болған,
сөйтіп өмірге өз қалауынан тыс келген, бойында бұғып жатқан күллі
дүниеге деген жек көрінішінің түп-тамырын Филофей ашып берген
бейбақтардың санасының терең түкпірінде жасырынған қарсылығы
оянып кетіп, бұрқ етіп жарыққа шығуы болар? Әйтпесе, осындай
жабайы көріністі, күзетшілермен және полицияның көмекші әскерімен
қиян-кескі қақтығысты, біреулері бастарына дулыға киіп, қолдарына
қалқан мен шоқпар ұстаған, екіншілері құр қол, бірақ бойларын
айуандық ашу-ыза кернеген екі жақтың қираған мүліктердің дүрсілі
мен өртенген үйлерден түскен жарықтың аясында бір-бірімен жан
берісе арпалысуын қалай түсінуге болады? Әр елдегі алуан қалаларда
Шыңғыс Айтматов
болған түрмедегілердің бүлік шығаруының сыртқы себебі қандай
болса да, осының астарында Кассандра таңбасының салқыны жатқаны
күмәнсіз, бұл жаңалық жасаған қылмыстары үшін жазасын өтеп
жүрген қылмыскерлердің бойындағы тағылық сезімді оятып жіберген.
Журналистер сол күнгі басқа да неше түрлі оқыс оқиғаларды
көрсетіп жатты, мысалы, бір портта теңізшілер наразылық білдіру
ретінде сапарға шығудан бас тартыпты. Тұрғындары тастап кеткен,
терезелері үңірейген иесіз үй сияқты болып, қаңырап қалған кемелер
айлақта тұр.
Сөйлеушілердің бәрінің талабы біреу – ғарыштағы арандатушы
Филофейді зымыранмен атып түсіру керек! Бақылау сәулесін
жіберіп отырған орбиталық станцияның да көзін кұртқан жөн.
Планетаның әр түкпіріндегі осындай оқиғаларға шұғыл шолу
жасалғаннан кейін ғана экранда баспасөз мәслихаты өткізілетін
залдың өзі көрсетілді. Халықтың ығы-жығы болып, көп жиналғаны
бірден көзге ұрады. Қабырғалардың жанында тікесінен тік тұрған,
қатарлардың арасында және еденде отырған адамда есеп жоқ. Бәрі
де тиісінде жабдықталған сахнадан көз алар емес – сахнаның бір
шетінде, залға қиғаштау қойылған ауқымды экранның бетінде
орбитада ұшып жүрген Филофейдің бейнесі пайда болмақ.
Сахнадағы үстелдің жанында екі адам отыр, алдарында толған
микрофон, бұлар – Энтони Юнгер мен көпшілікке кеңінен танымал
телехабардың жүргізушісі Уолтер Шермет. Залдағылардың
толқып тұрғаны аңғарылады, көздері сақтана жылтылдап, экранға
мойындарын созып, анталап қарап қалған. Керек болса, мүйізі
шошайған шайтанды да жып еткізіп суретке тартып алуға әбден
дағдыланған фототілшілердің қолындағы аспаптары ауық-ауық
қалтырап кетеді, өздері өткелден өтер алдындағы ешкілер тәрізді
үрпиісіп қалыпты.
Әдетте тілі сала құлаш болып көрінетін, қасқабас, сәнқой
Уолтер Шермет кәсіби мәнермен жымиған болады, бірақ онысы
сәтсіздеу шықты. Оның кербездігі мен өзін актерлерше еркін
Тау құлаған
ұстауы бұл жолы әбестеу көрінеді, қазіргі сәтке мүлдем үйлесетін
емес. Энтони Юнгер, керісінше, өзімен-өзі болып, ойланып
кеткен. Оның бүгінгі бастан кешкен қасіреттен кейін өз-өзіне
әрең ие болып, тек ерік күші мен жігерінің арқасында ғана
шыдап отырғанында кімнің қандай шаруасы бар, ол қазір Роберт
Борктың орнын басып, милиондаған телекөрермендердің алдында
ғарыштағы Филофеймен әңгіме өткізуге тиіс. Оның үстіне, бүгін
кешкісін Дублиннен қалыңдығы Кэтти келуі керек, қасында шешесі
бар, бұл болса, осы баспасөз мәслихатының кесірінен оларды
күтіп алуға бара алмайтын болды, осыған да қынжылып отыр.
Ол шиыршық атып отыр еді, жақ сүйегі әлсін-әлсін шықырлап
кетеді. Энтони өзін тағдырдың қазіргі қым-қуыт оқиғалардың
алдыңғы шебіне шығарғанын түсініп отыр: не көз алдында қаза
тапқан Роберт Борктың жасаған таңдауы дұрыс екендігіне деген
сенімінен айнымай, төзіп бағуы керек, не өздері айдап салған
құтырынған тобырды сырттан бақылап, Борктың басынан кешкен
кепті Юнгердің де қайталауы ықтимал деп сыртынан тон пішіп
тұрған, кеше ғана Ордоктың командасында бірге болған бұрынғы
жақтастарының көз алдында масқара болып, тобырдың ысқырығы
мен лақтырған тасынан қашып біржола жоғалуға тиіс.
Бұл кезде теңіздей толқыған халықтың шиыршық атуы шегіне
жеткен болатын. Жұрттың бәрі шешуші сәтті – телеэфирде
Филофейдің пайда болар сәтін тағатсыздана тосып отыр,
тілшілердің бірі айтқандай, оны жан-жағынан жабыла талап,
әлемдік жек көрудің апатты аранына қуып тығу керек. Бәрі де тура
осылай болатынын білдіріп тұрған, жарылыс жасалар алдындағы әр
секундты есептеген кері санау жүріп жатты.
Ал, күндіз, госпитальда Роберт Борктың кісі қолынан өлгені
туралы қорытынды жасалған кезде Джесси көз жасын тоқтатуға бар
күшін сала тұрып, былай деген болатын:
– Энтони, егер сені де менің Робертімнің тағдыры күтіп тұрған
болса, онда ештеңе айта алмаймын. Ол үшін ақиқаттан артық ештеңе
Шыңғыс Айтматов
жоқ болатын, ақыры сол үшін құрбан болды. Бірақ, өз басыңды ойла.
Сен әлі жассың. Бар өмірің алдыңда. Роберттің соңынан өміріңді
тәуекелге тігудің қажеті бар ма өзі?
Сол сәтте бұл әңгімені одан әрі жалғастыру өте қиын болатын,
ол қысқа ғана жауап қатты:
– Мен сізді түсініп тұрмын, Джесси. Бірақ, Роберт Боркты
қорқыта алмаған жәйттерден мен де тайсақтамас едім.
Олар госпитальдің дәлізіндегі кең де жарық терезенің алдында,
науқастар мен дәрігерлерден аулақтау тұрған. Ғимараттың іші тыптыныш, терезеден күн сәулесі құйылып тұр, аспан да көкпеңбек,
біртүрлі бұйыға қалғандай көрінеді, ауладағы үйеңкінің жапырағы
сарғая бастапты… Футурологтың жесірі қартайып, шөгіп кеткен
сияқты. Сол сәтте ол көрінген жүргіншіден таяқ жеп, аулаққа барып
қыңсылаған бұралқы итке ұқсап кетті. Джесси өзінің не істерін
білмей тұр еді. Көз жасына тұншығып, құмығып қала береді. Енді
ол ойындағысын дауыстап айта бастады, мұнысы есінен танып
қалмау үшін істегені болса керек.
– Махаббат деген – қос өзеннің қосылып ағуы деуші еді Роберт.
Мен күлетінмін: Боб, сол өзенге батып кетіп жүрмесек болды, деп.
Міне, енді сол өзеннен де айырылдым. Ол өзеннің суы сарқылып,
тартылып қалған, ал, мен оның құм басқан жағалауына шығып
қалдым…
Сосын бір түсініксіз нәрсені айтты:
– О, байғұс киттер-ай, енді мен виолончельде ойнап отырғанда
сендерді кім есіне алар екен…
Энтони оның бұл сөзінен шошып қалды, не айтқысы келгенін
сұрауға оқталған, бірақ батылы бармады. Шамасы, қайғыдан не айтып, не қойғанын өзі де білмей тұрған шығар.
Содан кейін екеуі қош айтысты. Энтонидің телекөпірге дайындалуы керек болатын. Уақыт таяп қалған. Джесси Чикагодан келетін
қызы мен күйеу баласын күтіп, госпитальда қалды.
Сөйтіп олар ертеңге дейін қоштасты. Энтонидің бір мәселеден
Тау құлаған
жолы болды – госпитальдан Дублинге телефон соғып, Кэттимен
сөйлесіп үлгерді, олар жолға шыққалы жатыр екен. Бір жағынан,
бұл да мазасын алып тұр, олар келген соң той туралы келісу керек.
Бір сағаттың ішінде өстіп талай жәйттер өзара қабаттасып кетті.
Мұндай болар деп кім ойлаған. Бүйтіп тек Уақыт пен Кеңістікте
қаңғыған метеориттер ғана бір-бірімен үздіксіз қақтығысып жататын шығар.
Кэттимен әңгімесі де оңай болған жоқ Кэтти мұның телефон
соғуын күтіп тұр екен, оның сыңғырлаған үні бір сәтке бақытты
күндерге қайта оралтты. Бұл үшін оның тұла бойы түгел бақыт болатын – қірпігінің қағысы да, дем алғаны да, жүріс-тұрысы да, бәрбәрі де ешқандай дәлел-дәйекті қажет етпейтін таза бақыттың өзі
болатын.
– Ой, ақыры, хабарластың-ау, Энтони! – деді Кэтти. – Сені қашан
телефон соғар екен деп күтіп отыр едім. – Телефон тұтқасындағы
ыстық демінен мұның да бойы жылып сала берді. – Мамам екеуміз
ширек сағаттан кейін ұшып шығамыз. Халің қалай өзіңнің, Энтони?
Асыға күтіп жүрген шығарсың?
– Кешір, Кэтти. Мен де мазасызданып, сені ендігі ұшып кеткен
шығар деп ойлап едім.
– Енді қорқатын ештеңесі жоқ, көп ұзамай көрісетін шығармыз.
Тек сенің дауысыңды естігім келіп еді.
– Білесің бе, бір жағдай туындап қалды. Қазір оны түсіндіріп
жатуға уақыт тығыз. Кейін бәрін айтып беремін. Мен үшін мамаңнан
кешірім сұрай сал. Өкінішке қарай, сендерді әуежайдан күтіп ала
алмаспын. Таксиге отырыңдар да…
– Не болып қалды, Энтони? Сондай маңызды жәйт пе?
– Ия. Өте маңызды. Бұл – ұзақ әңгіме. Қысқаша айтып көрейін.
Бүгін кешке баспасөз мәслихатына қатысуым керек, марқұм футуролог Роберт Борктың орнына.
– Неге? Оны ереуілге шыққан адамдар өлтірді деп радиодан
Шыңғыс Айтматов
хабарлаған. Бұған сенің қандай қатысың бар?
– Былай ғой, Филофеймен өткізілетін осы телекөпірді мен
ұйымдастырып отырмын.
– Филофеймен бе? Әлгінің өзімен?
– Ия. Онымен Роберт Борк сөйлесуге тиіс болатын.
– Түк түсінген жоқпын, Энтони! Ештеңе түсінбедім.
– Кейін бәрін айтып беремін. Қазір қалыптасып отырған
жағдайға байланысты енді Филофеймен әңгімелесетін адам – мен
болуым керек; мамаң екеуіңе кейін түсіндіремін, басқа амалым болмай тұр…
Кэтти енді ақырын сөйлей бастады, бұл оның телефон тұтқасын қолымен көлегейлеп тұрғанын түсінді:
– Жақсы, Энтони. Кейін айтарсың. Әзірше мамама ештеңе
айтпай қоя тұрайын. Ол да мазасызданып жүр – ғарышта жүрген
қайдағы бір есуас бүкіл әлемнің берекесін кетірді-ау дейді. Менің
де оған риза болып жүрген ештеңем жоқ.
– Оны да, сені де түсініп тұрмын, – деп жауап берді Энтони. –
Өтінемін, Кэтти, айт оған, бекерге алаңдамасын. Содан кейін бәрін
өзім жақсылап түсіндіріп беремін. Өзіңді сағына күтудемін, Кэтти.
Сүйемін сені. Әуежайдан таксиге отырыңдар да тезірек келіңдер.
Баспасөз мәслихаты біткен бойда хабарласамын, сосын кездесеміз.
Кідірмеуге тырысыңдар, ұшақтан кешігіп қалып жүрерсіңдер.
Жолыққанша, сүйдім сені.
– Кездескенше, Энтони. Әзірше… Бәрі жақсы болсын деп
тілеймін… Мен де сенімен біргемін.
– Мен де сол. Күтемін…
Энтони Юнгер сахнада отырып, Кэттидің мамасымен бірге
Ирландиядан ұшып шыққан ұшағы қазір Атлантика жағалауына
жақындап қалған шығар деп ойлады.
Бұл кезде ғарышпен арадағы тікелей жүргізілетін телекөпірдің
басталар сәтіне дейін санаулы-ақ секундтар қалған. Адамзаттың
арасына іріткі салған Филофей деген біреу сотқа тартылмақ.
Тау құлаған
Мұнысы үшін ол толық жауап береді, сазайын тартады әлі.
Энтони Юнгердің миында күні бойы қайта-қайта ойына орала
берген бір сұрақ тағы да жалт ете қалды: «Бұл пәле бізді де шарпитын болса – егер Кэттидің маңдайынан осы Кассандра таңбасы
табыла қалса не істер едік? Онда қайтеміз? Не істеуіміз мүмкін? Бұл
әркімнің де басына түсуі ықтимал, ешкім әулие емес. Өзінің тұқымтегінде өмірге келуден қорқыныш жатпағанына ешкім кепілдік бере
алмайды».
Ғарышпен байланысты зал толы қауым тағатсыздана күтіп
отырғанына қарамастан, белгі беріліп, экран жарқ еткен кезде
біраз адам дір ете қалды. Залда тым-тырыс тыныштық орнады.
Жүргізуші жұртшылыққа арнаған сөзін асығыс-үсігіс бастап
кетті:
– Сонымен, біз өзін ғарыш тақуасы Филофеймін деп атаған
орбиталық станциядағы биолог-ғалыммен жүргізілетін баспасөз
мәслихатын бастағалы отырмыз. Филофейдің Рим папасына
жолдауының төтенше сипаты мен соның ізінше орын алған қайғылы
оқиғалар жұрттың бәріне белгілі болғандықтан, бұл жәйттерге
тоқталып жатпай-ақ қояйын. Ал, қазір назар аударуларыңызды
өтінемін…
Эфир толқынында адасып жүрген сұлба бірнеше рет жыпылықтап барып, тұрақталды да, экран бетіндегі көрініс айқындала берді,
міне, жұрттың бәріне белгілі, бірақ телекөрермендердің алдына
алғаш рет шығып тұрған адамның келбеті де жарқ ете қалды. Әлі
ешкім тіл қатып үлгерген жоқ, Филофейдің бет-бейнесін экраннан
көшіріп алуға асыққан фототілшілер бір адамдай атып тұрып, өз
жұмысына кірісіп кетті.
Уолтер Шермет жарқылдаған фотоаспаптар сәулесінен бетін
қолымен көлегейлеп, қарсылық білдіріп жатыр:
– Тәртіп сақтауларыңызды өтінемін. Көзімізді қарықтырып
тастадыңыздар. Біз өз жұмысымызды бастаймыз.
Жарқ-жұрқ еткен сәулелер тыным тауып, Филофейдің кескіні
Шыңғыс Айтматов
ірілендіріп көрсетілді де, ғарыштағы кезбенің жүзі анық көріне
бастады. Бұл өзі адамды естен тандырардай сәт болатын. Міне, ол
– не кемеңгер пайғамбар, не есі ауысқан данышпан, не әзәзілдің нақ
өзі, оның түрі осындай екен! Елдің бәрін есінен адастырып, қайғыға
көміп қойған да осы! Ғарыштан жерге бақылау сәулесін жіберіп,
әйелдерді тексеріп жүрген де осы! Кассандра таңбасы жөніндегі
зымиян ілімнің негізін қалаушы алдарыңызда тұр!
Бір қарағанда, Филофей елуден сәл ғана асқан адамға ұқсайды.
Беті сопақша келген, жалбыраған сарғыш шашы қушиған иығына
түсіп тұр. Жирен сақалына аздап ақ кіре бастапты. Экран бетінен
үңіле қарап, залдағылардың бет-жүзін шолып тұр, бейне бір жол
үстінде кездескен, иығына асынған дорбасы, қолында таяғы бар
жүргінші сияқты, жолшыбай тоқтап, бағытын тексеріп алайын деген адамдай-ақ тесіле қарайды. Күн болса кешкіріп қалды, барар
жеріне үлгерер ме екен? Жанарынан алаңдау мен алған мақсатынан
қайтпайтын табандылық байқалады. Энтони Юнгер оны ішінен осындай болар деп ойлайтын, өзінің қателеспегеніне қуанып қалды. Ғарыш
тақуасының ескілікті суреттердегідей келбеті орбиталық станцияның
жабдығымен жарасым тауып тұрғандай. Филофей өз-өзіне сенімді де
іскер адам сияқты көрінеді екен. Мүмкін бұған өзінің Жерден соншама алыста жүргені мен оңашада бар болмысымен беріле қолға алған
шаруасының маңыздылығы да әсер еткен шығар. Бетін айғыздаған
әжімдері, қалың қабағы, кірпік қақпай тесіле қараған сұрғылт көзі
адамды өзіне тарта түсетініне қоса, жабырқау қылып көрсетеді екен.
Энтони Юнгер тікелей хабардың алғашқы сәтінде Филофейдің
ағылшынша қаншалықты жақсы сөйлейтінін ойлап алаңдаған болатын. Адам шет тілінде қаншалықты сауатты жазғанымен, ауызекі
әңгіме кезінде, әсіресе, көпшіліктің алдында сөйлегенде жаңылып
қалатыны бар ғой. Бірақ, Филофейдің алғашқы сөздерінен кейін-ақ
Энтонидің көңілі орнына түсті – Ресейден шыққан ғарыш тақуасы
сөзді аздап бұзып айтатыны болмаса, ағылшынша тым тәуір
сөйлейді екен.
Тау құлаған
Ал, әңгіме дереу қарқынды басталды, әуелі Уолтер Шермет өзін
әдейі еркін ұстап, тіптен еркелегендей болып, былай бастаған болатын:
– Кеш жарық, Филофей туысқан! Кешіріңіз, сізге осылай сөйлеу
дұрыс болар ма екен өзі?
– Ия, дұрыс, – деп жауап берді ғарыш тақуасы, сосын мынаны
қосты: – Қалаған адамның бәрі мені өзінің туысы деп есептей алады.
– Ал, егер мұны жұрттың бәрі бірдей қаламайтын болса ше? –
деп әзілдемек болды Уолтер Шермет.
– Мұны әркім өзі білсін. Бұған қайғыра қоймаспын. Бірақ, мені
қабыл алмаған адамдардың өздері де мен үшін туысқан болып саналады.
– Қалай ойлайсыз, осы сөзіңіз артықтау болып кеткен жоқ па?
Әлде бұл өзіңізді біздің күнәһар әлемнен жоғары қоймақ болғаныңыз
ба?
– Мен өзіме деген көзқарасы қандай екеніне қарамастан, барша
адамға бірдей жанашырлық танытуға міндеттімін.
– Солай делік. Жарайды, жақсы. Дегенмен, кездесуімізді бұл
тұрғыда өзара қарым-қатынасымызды анықтап алудан бастағанымыз жөн болмас, – деп қылжақтауын одан әрі жалғастырды Уолтер
Шермет. – Қазір бұдан әлдеқайда маңызды және өзіңіз де түсініп
тұрған шығарсыз, әлдеқайда қорқынышты нәрселер бар, оның
үстіне, бұл сіздің өзіңізге, Филофей туысқан, сіздің орбиталық
станцияда жүргізіп жатқан ғылыми қызметіңізге байланысты. Осы
баспасөз мәслихатына жиналып отырғанымыз да сондықтан. Солай,
бірақ әуелі сізге жиналған жұртшылықты таныстыра кетейін. Осы
залда отырғандар – әлемдік журналистиканың бетке ұстарлары. Бұл
хабар тікелей эфирге таратылып отыр. Мен осы хабарды жүргізуші
Уолтер Шерметпін. Қасымда отырған – Энтони Юнгер. Баспасөз
мәслихатына ол бүгін таңертеңгі жаппай бас көтеру барысында қаза
тапқан футуролог Роберт Борктың орнына қатысып отыр. Кешіріңіз,
Шыңғыс Айтматов
әр нәрсені өз атымен атаған жөн: бұл қайғылы оқиғаларға себеп
болған – сіздің өзіңіз. Дегенмен, Энтони Юнгер қазір өзін таныстырып, содан кейін өз пікірін айтатын шығар.
– Рахмет, Уолтер Шермет. Мен Энтони Юнгерді танимын,
– деп Филофей оның сөзін бөліп жіберді, өзі Энтони Юнгерге
қарап қалыпты. – Энтони Юнгерді сайлау алдындағы митингіден
білемін, бұл туралы хабарды көргенмін. Бәрібір сөзіңізді бөлген
екенмін, енді мынаны айтуға рұқсат етіңіз – осы сәтті, осы
кездесуді, өзіңіз айтып өткендей, адамдардың санасы мен жан
жүйесінде туындаған өрттің жалыны ғарышта жүрген мені де
шарпып жатқаны туралы айтып берудің осы мүмкіндігін өзім де
күткенмін. Ия, бұл өртті тұтатқан менмін. Ия, солай. Бірақ, оны
тұтатқан алауды күпіршілдерді өртеу үшін емес, адамдардың жанына жарық түсіру үшін жағып едім. Алайда, олай болмай шықты.
Керісінше, қара түнек орнады. Және бұл түнек оңайлықпен
серпіле қоймас деп қорқамын. Әділеттің салтанат құруынан
үміттеніп едім, мүмкін бұл аңғалдық болған шығар, ия, менің
жасымда мұндай үміттену, әрине, аңғалдық болады. Қателестім.
Адамдардың жанына жарық түсірмек түгіл барлық жерде былық
пен бүлік шығуына себепкер болдым. Мұның бәрін теледидар
экранынан көріп отырдым. Бүгін Ньюбериде не болғанын да
көрдім. Роберт Боркпен теледидар арқылы жүздесуді күтіп едім,
бұл туралы маған алдын ала ескерткен, онымен бірер ауыз тіл
қатысамын-ау деп қуанып қалғам, бірақ оны өз үйінде қалай
айуандықпен өлтіріп тынғанына өзім куә болдым. Бұл оқиға,
орыстар айтатындай, мән-мағынадан жұрдай әрі аяушылық
дегенді білмейтін бүліктің өзі. Бұл да менің кесірімнен! Ғарышта
жүріп, Құдайдың өзі жіберген жалғыз пікірлесімнің қаза табуына себепкер болыппын. Сендердің алдарыңда тіземді бүктім,
адамдар! Бірақ, қазір менің тәубама келгенімнен еш пайда жоқ.
Құрбан болған Роберт Боркты қайтадан тірілте алмайсың, тіптен
оның өтеуіне өз өмірімді берсем де бәрібір, ал, өмірімді құрбан
етуге мен қазірдің өзінде дайынмын. Шіркін-ай, егер…
Тау құлаған
Сіздердің сұрақтарыңызға жауап берер алдында мынаны айтқым
келіп тұр. Мүмкін залдан қойылатын сұрақтардың бәріне бірдей жауап беруге үлгере алмаспын, бұл үшін алдын ала кешірім өтінемін.
Мен кетемін, сіздер өмір сүре бересіздер, ал, өмір сүру деген – барлық
сұрақтың жауабын өзің табуға тиіссің деген сөз. Қолдарыңыздан
келсе, мені де түсініңіздер және кешіріңіздер. Сіздерге ең соңғы айтарым мынау: өзім ашқан жаңалықты мен атақ-даңққа бөлену немесе талабымды қанағаттандыру яки өзім сияқтылардан жоғары
тұрғанымды көрсету үшін жариялаған жоқпын, мұны құпия ұстауыма
да болар еді, сонда сіздер де бұрынғыша ештеңені сезбестен бақытты
өмір сүре берер едіңіздер. Бірақ, біздің мәңгіліктің мән-мазмұны
ретінде жаратылғанымыздың өзі ой-санамызды ұдайы жетілдіріп
отыру арқылы әлемнің құпиясын танып-білу үшін емес пе, әйтпесе
адамзаттың әлсіздігіне немесе қырсықтығына байланысты өзімізге
қолайлы сәтте ақиқаттан айнып шыға келетіндігіміздің салдарынан
қажетсіз боп, танып-түсінуімізден тыс қалатын болса күллі ғаламдық
құрылыстың өзі не үшін керек, мәңгіліктің мақсаты не? Саналы
тіршілік иесі ретіндегі өз мәртебемізді тым төмендетіп алған жоқпыз ба
– біз болмасақ, Құдай да жоқ, бізсіз материяның өзі қаңырап бос қалар
еді. Ақпарат – өркендеудің құралы дейтін болсақ, онда мәңгіліктің
мәні де бәрін қамтитын жаңа ақпараттың үздіксіз ағынында жатқан
жоқ па? Өркениеттің шексіздігі – білімнің шексіздігіне негізделеді.
Ал, біз өзімізге жайлы болуы үшін, яғни ақиқатқа қарама-қайшы түрде
таным-білімнен бас тартар болсақ, онда бұл өзіміз ұмтылып отырған
мәңгіліктен де бас тартқанымыз емес пе?
Мейлінше нақты жәйттерге байланысты емес, біршама
дерексіз сияқты көрінетін нәрселер туралы айтып кеткенім үшін
жиналғандардан ғафу өтінемін, бірақ бүгін Роберт Боркты өлтірген
кезде, онымен бірге мәңгіліктің бір бөлшегін де өлтіріп тындық.
Кешіріңіздер, менің айтпағым…
– Бір сөз айтуға рұқсат етіңіз, Филофей туысқан, – деп сөзін
бөліп жіберді өзін-өзі әзер тежеп тұрған Уолтер Шермет. – Биік
Шыңғыс Айтматов
материялар туралы толғанған, әрине, жақсы нәрсе, мәңгілік туралы философияңыз да қызық екен. Бірақ, сіз өмірге жаңа адам
әкелудің құпиясына араластыңыз, – мен сіздің жүкті әйелдердің
маңдайындағы Кассандра таңбасын анықтау жөніндегі ғарыштық
тәжірибеңізді айтып тұрмын. Әр адамның өзіндік Меніне қол
сұқтыңыз, ал, бұған жол беруге болмайды. Сіз бәрімізді өзіңіздің
ғарыштық бақылауыңызға алғыңыз келеді. Тағы да ескертіп қояйын,
сіздің бұл әрекетіңізге Жер бетінде ешкім де келісім бермейді! Мен
мұны атап көрсетіп тұрмын – Жер бетінде, біздің күнәһар Жерімізде,
ыза кернеген жұртшылықтың қолы жете бермейтін ғарыштық
биікте жүріп, жұрттың бәріне бірдей үкім шығарғаныңыз жөн
болмаған. Өз басым олардың ашу-ызасы әділ деп білемін. Өз бағытбағдарымды білдіріп қойғаным үшін кешірім сұраймын. Бірақ
қазір шарттылықты сақтайтын уақыт емес, жүргізуші мәдениеті
туралы айтып жату да артық. Сіздің әрекетіңізге өзімнің де наразы екенімді білдірмейін десем, шыдай алар емеспін. Қандай ізгі
ниетті басшылыққа алсаңыз да, өзіңіздің ғылыми жаңалығыңыз
үшін, ал, менің пайымдауым бойынша, санаңыздың көзін шелдей
қаптаған өзімшілдігіңіз үшін бүкіл планета тұрғындарын жаппай бүлік көтеруге мәжбүр етуге кім рұқсат берді сізге, сізді бұған
итермелеген қандай күш?! Ресейлік діни басшылар айтқандай,
діни атақты өзіңізге өз еркіңізбен жапсыра салыпсыз, егер шынымен монах болсаңыз, қасиетті ұғымдарды табанға салып таптау
деген осы емес пе? Құдайдың заңдарына қарсы шығып отырсыз
ғой! Қасиетті кітапта: «Бала туып, көбейіңдер!» – делінген. Бұған
ешқандай түсіндірме берілмеген. Ал, сіз ешкімнің де бақылауына
көнбейтін нәрсені тексеруден өткізбек боласыз. Осы арқылы өмірге
жаңа адам әкелудің құпиясын тозақ күштеріне құрбандыққа шалып
тұрған жоқсыз ба? Меніңше, бұл тап соның өзі! Егер мистер Ордок
бұл туралы саясатшы ретінде айтса, мен мұны сан миллиондаған
көрерменнің пікірін бағалай білетін журналист ретінде айтып
тұрмын.
Тау құлаған
Зал шуылдап кетті. Бұл көрініске қараудың өзі ауыр тиетін еді:
журналистер орындарынан атып тұрып, микрофондарға ұмтылып,
алдарында тұрған – телеэкрандағы бейне емес, сахнада отырған
Филофейдің өзіндей-ақ, қолдарын сермелеп, айғайлап жатыр. Ал,
ол бұларды экраннан байыппен тыңдап отыр, ернін жымқырып,
көзін сығырайтып алыпты, барынша байсалды болуға тырысып
тұрғаны байқалып тұр.
Жаны ауырып тұрғаны жүзінен-ақ анық аңғарылады. Бұл
кездесуді баспасөз мәслихаты деп атаудың өзі қиын еді. Айғайшудың басылмауына қарағанда, бұл одан гөрі митингіге көбірек
ұқсайтын. Микрофонға жеткен адам өзінің кім екенін, қай газеттен немесе ақпарат агенттігінен екенін айтысымен ғарыш тақуасын
жауапқа тартуды талап етіп жатты. Ешқандай философияның
қажеті жоқ, нақты өмірдің шындығы бәрінен жоғары тұруға тиіс!
Филофейдің аузын ашуына мүмкіндік бермей қойды. Шамасы, оған
тым ауыр тисе керек. Кенет ол экраннан жоғалып кетті. Зал әбігерге
түсті де қалды. Экран әлі бос тұр.
– Қайдасыз сіз? Не болды сізге? – деп айғайлады Уолтер Шермет.
Міне, ол экран бетінде қайтадан пайда болды, қолына
ғарышкердің скафандрын ұстап алыпты.
Залдағы шу бір сәтке тына қалды. Жұрт аң-таң – мұнысы несі?
Ал, Филофей үн-түнсіз киіне бастады. Энтони Юнгер осы үзілісті
пайдаланып қалмақ болды. Орнынан тұрып, залға арнап сөз бастады:
– Осы телекөпірді ұйымдастырушылардың бірі болғандықтан,
жиналған қауымнан өзімді мұқият тыңдап алуын өтінемін. Осыған
байланысты, менің де өз міндеттерім мен құқықтарым бар. Ең алдымен, Уолтер Шерметтен баспасөз мәслихатын одан әрі жалғастыруды
маған жүктеуін өтінер едім. Сіз өз сөзіңізді айттыңыз, Уолтер
Шермет. Ал, мына залда болып жатқан жәйттер, өкінішке қарай,
журналистік кездесуге мүлдем ұқсамайды. Баспасөз мәслихаты
Шыңғыс Айтматов
сұрақ-жауапқа құрылуға тиіс. Әзірше ешкім де кәсіби тұрғыдан
сұрақ қойған жоқ. Ақылды сезім басып кетіп жатыр. Мен де талай баспасөз мәслихатына қатысқанмын, бірақ мұндайды көрмеген
екенмін! Таяуда Парсы шығанағындағы соғыс басталған кезде де
әр түрлі бағытты ұстанатын адамдар тарапынан әрқилы сұрақтар
қойылып жатты. Ал, қазір жұрттың бәрі бірін-бірі қостап, бәрі бірақ нәрсені қосыла айтпақ болады. Бәрінің айтатыны бір-ақ нәрсе –
мұны ортақ үкімге жаппай қол қою десе де болады.
– Тоқтаңыз, Энтони Юнгер, – деді Уолтер Шермет шыдай алмай,
– олай болса сіз неге бүкіл аудиторияға, тіптен, аудитория ғана емес,
күллі әлемге өз пікіріңізді таңбақ боласыз? Сонымен қатар, кездесуге қатысушы басқа адамдарды өз көзқарасын білдіру құқығынан
айырғыңыз келетіні қалай?!
– Құрметті Уолтер Шермет, мен сізді түсініп тұрмын, қазіргі
жағдайды пайдаланып, теледидар арқылы өзіңізді бұқара халықтың
жоғын жоқтаушы ретінде көрсетіп, қоғамның қамын ойлайтын
адам ретінде қас қаққанша саяси бедел жинап алмақсыз ғой, солай
ма? Бірақ, мұнымен ақиқатқа жете алмаспыз. Бұл басқа жағдай.
Сондықтан, мен кешігіп қалмай тұрғанда саясат атаулыдан, оның
барша қызық-шыжығынан бас тартуға, ия, егер қолымыздан келсе,
өзіміздің сүйікті саясаттың барлық түрінен бойымызды аулақ салуға
шақырамын, әйтпесе, бұл мәселенің байыбына ешқашан бара алмаймыз. Ақиқатты ұғыну үшін ержүректік пен шыншылдық керек.
– Ал, сонда сіздің ержүректігіңіз бен шыншылдығыңыз неде? –
деп айғайлады біреу залдан.
Уолтер Шермет қанағаттанған түр көрсетіп, басын изеді, кекете
жымиып қояды.
– Ержүректікке келер болсақ, – деп әр сөзін нығарлай сөйледі
Энтони Юнгер зал тынышталған кезде, – менің қолымнан мұның
қаншалықты келетіні туралы өзім айта алмаспын. Ал, қазір мәселеге
көшейік. Міне, сіздердің алдарыңызда аса ірі ғылыми жаңалық
ашқан адам тұр, мен мұны тарихта теңдесі жоқ жаңалық дер едім.
Тау құлаған
Бұл бізге ұнай ма, жоқ па – басқа мәселе. Бұл – ғылым. Филофей
туысқан – мен үшін әкей болады, Филофей әкей кассандра-шараналар мәселесінің адамзат үшін қандай мәні бар екендігіне біздің
көзімізді ашпақ болып жүр. Тағы бір аса көрнекті замандасымыз,
бүгін тобырдың қолынан қаза тапқан футуролог Роберт Борк болса,
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Кассандра Таңбасы - 14
  • Büleklär
  • Кассандра Таңбасы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3785
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2032
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3899
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3756
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3675
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2059
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3767
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2003
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3745
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1985
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2127
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1292
    40.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.