Latin Common Turkic

Кассандра Таңбасы - 11

Süzlärneñ gomumi sanı 3856
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2059
33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Шыңғыс Айтматов
Бірақ, екінші жағынан, әлгіндей қисынға сәйкес, шетінен қырып
тастауға лайықты, сол үшін толып жатқан қару-жарақ шығаруға
мәжбүр болып отырған «өзіміз сияқтылар» да періште емес, олар да
бақайшағына дейін қаруланған және өздерінің аса жоғары бағалы
идеялары үшін (қазір ең әсерлі идея – ұлтшылдық бағыттағы ойлар),
әділет орнату үшін және өздерінің экономикалық мүдделері үшін
– бұл да ең соңғы орында тұрған жоқ – бәрімізді қырып тастауға
дайын.
Сөйтіп, шеңбер тұйықталды. Бұл шеңбер ешқашан ашылған
емес және бұл тұйықтан шығар жол ешқашан табылып көрген жоқ.
Осының бәрін сезінген студент қалай қиналмасын, бәлкім адам
баласының санасы оянып, алғаш тілдесе бастаған кезден бері ойында жүрген, соғыс пен қару-жарақтың ақыл-ойдан үстем түсіп,
салтанат құруы үздіксіз жалғасып отырған барша уақыт бойы жанын жеп келген аяулы арманын баршаға жария етуді мақсат тұтып,
өз қолымен плакатқа қалай жазбасын! Ресейде сутегі бомбасын
жасап шығарған Сахаров та осыны түсінген болатын – түсінді де,
тағдырына қарсы шығып, өмір бойы айналысып келген ісінен өз
еркімен бас тартты.
Жер бетіндегі қару-жарақтың саны жыл санап артып отыр,
барлық жерлердегі барша елдердің бәрі де қарулануға тырысады. Жүкті әйелдердің маңдайындағы Кассандра таңбасы осыны
ескертіп тұрған жоқ па, анасының құрсағында жатқан кассандрашараналардың үнсіз қарсылық білдіруінің себебі де осы емес пе?
Әлемдегі өмірге келген әр адамның үлесіне ең кемі жүз оқтан келер болса, не өлуге, не өлтіруге алдын-ала үкім шығарылып қойса,
шарасыз шарана өмірден бас тартпағанда қайтпек?! Әлгі студент
бұл туралы қалай айтпасын?! Қызыл алаңда өзін-өзі өртеген байғұс
қыздың бір кезде анасының құрсағында жатып, зар қақсаған жан
айғайын ешкім естімей, ешкім назар аудармай, өмірге өз еркінен
тыс зорлап әкелгенін енді ұғынғанын, оның да бір кездегі кассандра-шарана екендігін кім жоққа шығара алады?! Бірақ оның
Тау құлаған
ақырзаманды сезініп аһ ұрғанын керек қылып жатқан кім бар?
Осы орайда идеологиялық жағынан көкейге қоныңқырамайтын
бір ойдың ұшығы шығады: егер адамзат ешқандай қару-жарақ жасап
шығармай, соғыс дегеннің не екенін білмей дамыған жағдайда не
болар еді? Сонда да қазіргі күйімізде қалып, өркениетіміз тура осылай қалыптасар ма еді, әлде Жер бетінде басқа өмір салтанат құрып,
адамның өзі де сапалық тұрғыдан мүлдем өзге жан иесі болар ма
еді? Әлде дамудың мұндай жолы әу баста-ақ жарамсыз деп табылды
ма екен? Олай болса, мұның себебі неде, оның үстіне, адамға ақылойдың өзі де жоғарыдан берілмей ме, ал, сананың биологиялық дамудан тыс екендігі тағы белгілі емес пе?!
Міне, ғарышқа қашып кеткен Филофей ғаламдық құпияны
бүркеп келген перденің бір шетін сәл ғана ашпақ болып еді, адам
баласы өзінің тылсым қарғысқа ұшырағанын білгісі де келмейтіні
белгілі болды.
Мистер Борк, егер Филофей ашқан жаңалық наразылықтан басқа
ештеңе туғызбағанның өзінде де мен оған бәрібір сенемін. Барлық
жерде де адам жанының тоқтаусыз азғындап бара жатқанына байланысты бұрынғыдан да тереңдей түскен рухтың ақырзаманды сезініп
қиналуын тек осымен ғана түсіндіруге болады.
Армяндар мен әзірбайжандардың арасында пәлен жыл бойы
жүргізілген соғыстан көз ашпаған Қарабақта дала командирлері деп
аталатын кәззаптар оққа ұшқан шейіттердің мәйітін сатумен айналысатынын білген кезде, Құдай бізді не үшін жаратты екен осы деген ойға амалсыз берілесің. Марқұмды жерлеу үшін туыстары мен
жақындары оның өлі тәнін сатып алуға тиіс. Мұны олар бизнеске
айналдырып алған! Өлігін сатып, пайда табу үшін өз жауынгерін
өзі арқасынан атып өлтірген оқиғалар да болған. Осы туралы газеттен оқыған кезде басым айналып, құлап қала жаздадым. Осындай
зұлымдықтардан адамдардың жаны мен тәні азып-тозып, тұқым-тек
құрылымы біртіндеп өзгеріп, келер ұрпақты сорлатуы әбден мүмкін
емес пе?!
Шыңғыс Айтматов
Ақылға сыйымсыз қатігездіктің тағы бір көрінісін мысалға
келтірейін. Түркияның бір қаласында Салман Рушдиге қолдау
көрсетуге арналған әдебиетшілер мәслихаты өткізіліп жатқан мейманхананы өртеп жіберіпті. Конференцияға қатысушылармен бірге
қарапайым тұрғындар да тірідей өртеніп өлген. Осының бәрін теледидар камералары түсіріп алған: қонақүй өртеніп жатыр, тірідей
күйіп бара жатқан адамдар, әлдене істемек болып ерсілі-қарсылы
жүгіріскен өрт сөндірушілер, солармен қатар – алаңда ұран салып
тұрған масайраған жастар. Олар өрт қоюшыларды мадақтап, бір
орында секіріп, билеп жүр, жұдырықтарын көкке білеп, атой салып
қояды, осы сұрапыл көріністен тура жыныстық құмары қанғандай
мәз-мейрам болады. Сол жастардың кекке толы, алабұртқан
жүздеріне ажал өртінің сәулесі түсіп тұр. Телекамералар бәрін
түсіріп жатыр. Бірақ, бұл көркем кино емес!
Қайда қарап жүрміз, не болған бізге? Германияда тірідей
өртелген түріктер үшін де біз өз-өзімізге осы сұрақты қоюға тиіс
емеспіз бе?.. Бұл туралы өзіңіз де газеттерден оқыған шығарсыз?..
Мұндай зұлымдықтардың тізімін әлі де жалғастыра беруге болады, бірінен бірі өтеді, бұл тұрғыда үздіксіз жалғасып отырған
бір ағым байқалады: әртүрлі елдердегі жауыздықтардың жан
шошырлық сипаты барған сайын артып келеді. Осының бәрі жинала келіп, адамзаттың тұқым-тегіне зиянды әсер ететінін Филофей
дәлелдеп берді.
Мен бұрын ақыл-ойдың Ғаламдық міндет атқаратынына
сенетінмін, бірақ оның өзі де Зұлымдықтың қолындағы мәңгілік
кепілдікке алынған аманат болып шықты. Күндердің күнінде азаттық алар ма екен ол? Кассандра таңбасы да бізге осыны ескертіп,
осы туралы зар қағып отырған жоқ па?!
Кешіріңіз, мистер Борк, факстегі қағазды ауыстыруым керек…»
«Мистер Борк, Құдай үшін, ашулана көрмеңізші, менің ойларым тым шұбалаңқы болып кеткен шығар, бұл Сізге қызықты болып көрінбей ме деп қорқамын. Бірақ, бүгін түнде жан сырымды
Тау құлаған
түгел ақтарғалы тұрмын. Сіздің қалай қиналып отырғаныңызды
түсінемін. Сіз үшін қауіптеніп те тұрмын, сонымен қатар, Сіздің
ерлігіңізге де сенемін.
Қазіргі жағдай туралы толғана келіп, мынадай байлам жасадым: Филофей орбитада жүргенімен, Жер бетінде болып жатқан
оқиғалардан тыс қалмақ емес. Егер Сіз қарсы болмасаңыз, онымен
шұғыл түрде байланысқа шығудың жолдарын қарастырған жөн
сияқты; техникалық тұрғыдан бұл өте қиынға түседі, дегенмен,
өзімнің телекомпанияларда және ғарыш институттарында жұмыс
істейтін достарым арқылы осыны істеп көруге тырысуға болады.
Сіз бұған қалай қарайсыз? Егер келісім берсеңіз, маған айтарсыз,
сонда мен Сізге мұны қаншалықты жүзеге асыруға болатынын хабарлар едім.
Ақыры, меніңше, ең бастысы мынау. Филофеймен байланысқа
шығу не үшін керек, оны телеэкраннан көріп, амандық-саулық
сұрау үшін емес шығар?! Меніңше, ол Кассандра таңбасын қандай
жолмен анықтағаны және оның басқаны емес, нақ осы құрсақтағы
шарананың болашақ өмірден бас тартуын білдіретінін қалай
дәлелдемек екендігі туралы сұрақтарға жауап беруге тиіс және
оның жауабы дайын екендігіне еш күмәнім жоқ. Оның Рим папасына жолдауынан мұны анық түсіне алмайсың. Осы тұрғыда белгілі
бір жәйттің аяғына дейін айтылмағандай болып көрінетінін өзіңіз
де аңғарған боларсыз. Бұл сұрақты оған басқа адамдар да, әсіресе
биолог-ғалымдар қоя алады деп ойлаймын. Сондықтан, Филофейдің
осындай түсініксіз жәйттерге анықтама беріп, сұрақтарға жауап
қайтарғаны өте маңызды болса керек.
Филофеймен байланыс орнатуды маған тапсырыңыз. Сізді
үйрететін мен емес, әрине, бірақ бұл үшін қажетті философиялық
негіздеу жағын өзіңіз ойластырарсыз.
Бізге Оливер Ордоктың тобыр арасында туғызған пікірінің
салдарларымен қақтығысқа түсуге тура келеді. Тағдырымыз солай болған шығар. Біз жеңіп шығуға тиіспіз. Сол тобырдың өзінің
игілігі үшін!
Шыңғыс Айтматов
Сізге шын берілген Энтони Юнгер.
P. S. Егер менің мекенжайым – үйдегі факстің нөмірі, телефоным, тұрағым – керек болып жатса, осы қағаздардың арасынан табасыз. Қызмет телефонына хабарласпай-ақ қойыңыз, енді онда бармаймын...»»
ІХ
Таңғы сағат төрт жарым болды. Роберт Борк жазу үстелінің
үстінде жатқан факс қағаздарына үн-түнсіз үңілумен әлі отыр.
Джесси де осында, бұл қағаздарды ол да оқып шыққан.
– Құдай-ай, бұл өмір не болып кетті өзі, не болып жатыр! – деп
қайталай береді.
– Сен барып жатсаңшы, – деп ақыл берді оған күйеуі.
– Егер оңаша қалғың келіп тұрса, кете берейін. Бірақ бәрібір
ұйықтай алмаймын. Мазам болмай тұр. Мұның бәрі өте маңызды
екенін түсінгенмін, бірақ осыншама шиеленісіп кетер деп ойламап
едім. Не айтарымды да білмей тұрмын.
– Ия, Джесси. Энтони Юнгер дұрыс айтады. Өте дұрыс, – деді
Борк ойланып. – Оны бізге тағдырдың өзі жіберіп отыр. Оның
пікірі – жас ұрпақтың пікірі. Өмірге деген көзқарасы да басқа.
Әрекет ете де біледі екен. Бұл бірден байқалып тұр. Мысалы,
мен осы мақаладан басқа – мұның өзі тым көлемді болып кетті,
тұтас бір бетті алып шықпаса жарар еді – ештеңе істеу керек деп
ойламас едім. Екеуміз есік-терезені тарс жауып алып, үйімізде
үн-түнсіз жатырмыз. Бірақ, болып жатқан оқиғалардан толық
ат-тонымызды ала қашуымыз мүмкін емес. Ордок арандатып
отырған…
– Дұрысы – шынжырынан босатып қоя берген!
– Ия, шынжырынан босатып қоя берген ыза-кек – сұрапыл күш.
Ордок қара тобырды Филофей екеумізге саналы түрде қарсы қойып
отыр.
– Ал, сен өзіңе қарсы шығып отырған соншама адамды
Тау құлаған
өзіңдікі дұрыс екендігіне сендіре аламын деп ойлайсың ба?
– Мен өз пікірімнен бас тартпаймын. Өзімдікі дұрыс екенін
дәлелдеуге тырысамын. Бірақ, ақыры не боларын айту қиын. Кассандра-шараналар құбылысының сыры ашылуы қалыптасқан
түсінікке, қазіргі өмір сүру салтына, ойлау жүйесінің қасаңдығына
ауыр соққы болып тиеді. Кассандра-шараналардың ақырзаманды
сезінуін мойындау – бәріне бастан-аяқ, ең алдымен, саяси және
әлеуметтік құрылысқа, моральдық құндылықтарға күмән келтіру
болып табылады. Барлық қағидаларды бір-ақ сәтте бүйтіп күйрете
салу құрсағына бала біткен әйелден бастап Ордок сияқтыларға
дейін ешкімге де ұнамасы сөзсіз. Өшпенділікке ұласып отырған
наразылықтың шығу себебі де осы.
– Бірақ, олар өшпенділік өртін тұтатып отырған Филофейдің өзі
деп жүр ғой!
– Ия, олар оны қаскүнем деп таниды. Мен үшін ол – жаңа
пайғамбар, ал, басқалар оны әзәзіл деп есептейді. Жол айырықта
тұрмыз: не бұрынғыша бәріміз де түк көрмегендей өз-өзімізді алдаусыратып жүре береміз, не кассандра-шараналардың саны көбейіп
бара жатқанының себептерін анықтап, ақырзаманды болдырмау
үшін жұмыстанатын боламыз. Дәл қазір адамзаттың алдында тұрған
міндет осы.
– Өзінің бұл жаңалығы адамдар үшін аспанда тағы бір күн шыға
келгендей оқыс әсер етеді деп Филофейдің өзі де жазып отыр. Бірақ,
бұл екінші күн адамдардың сан ғасырлардан бері қалыптасқан
өмір салтын бұзып жібереді емес пе! Оның үстіне, сендердің
қарсыластарың Филофейдің тәжірибесі адам құқығын бұзу болады
деп айыптап отыр. Бұдан ауыр не бар?! Бұған не айта аласың?
– Жоқ, бұл адам құқығын бұзу емес! Меніңше, олай емес. Қазір
мен нақ осы туралы жазып жатырмын. Оқып шығуыңа болады.
Кассандра таңбасы туралы білу – біздің парызымыз, қоғамның да,
әр адамның да, ең алдымен, жүкті әйелдердің міндеті, керек болса,
құрсағындағы шарана ақырзаман белгісін беріп жатыр ма, жоқ па
Шыңғыс Айтматов
осыны тексеруге ол әйелдің өзі мүдделі болуға тиіс. Уақыт өте келе
кассандра-шараналарға қатысты статистикалық деректер әлеуметтік
көрсеткіштердің ең бір елеулісі болмақ, қоғамның жағдайы мен
дамуының деңгейі туралы соған қарап қорытынды шығаруға болады.
– Айталық, Роберт, мен бұған келісейін. Ал, егер басқалар мұны
қабыл алмаса ше? Егер саған ешкім сенбей қойса қайтесің?
– Бұл көп жағынан қазіргі жағдайға, қоғамда қалыптасып
отырған жалпы ахуалға байланысты. Энтони Юнгер өте дұрыс айтып отыр, ия, бұл дауға Филофейдің өзін де тартпаса болмайды.
Оның ең басты дәлелі – ғылыми бақылаудың деректері болмақ, соның
көмегімен кассандра-шараналардың бұл белгісі ақырзамандық сипат алып отырғаны анықталды ғой. Ол осы деректерді жариялауға
тиіс. Сөйтіп, биологиялық факторлар мен олардан шығатын
философиялық қорытындыларды баспасөз мәслихатында ма екен,
әйтеуір, тағы да жұртшылықтың назарына ұсыну керек. Филофейдің
өзінің тікелей эфирге шығуы айырықша маңызды! Егер Юнгер
өзінің бұл ойын жүзеге асыра алса, өте жақсы болар еді. Мен мұны
толық қостаймын. Қазір оған факс жібермекпін, содан кейін не боларын көре жатармыз…
Бір түннің ішінде жүдеп шыға келген екеуі тағы да үнсіз қалды,
үстерінде халат, шаштары қобырап кеткен, мүлдем басқа адамдар
сияқты – алғаш рет бұлар түні бойы ұйықтамай алаңдаумен шықты,
күнделікті тірліктен тыс әлдебір қатерлі оқиға төніп келе жатқандай.
Ғаламдық кеңістік ұлғайған кезде өстіп талай нәрсенің тас-талқаны
шығатын болса керек.
Терезеден жарық сәуле құйылып тұр, таң да атыпты.
Бұл күн де кешегідей ашық та нұрлы болатын түрі бар, бірақ
күздің лебі де сезіледі. Жылы жаққа қайтуға жиналған құстардың
қиқулаған дауысы еміс-еміс естіліп тұр. Роберт Борк олардың шоқ
тоғайлы қыраттардың, гольф-алаңының үстімен айнала ұшып,
құрғаққа жақындаған сайын ақжалдана беретін толқындар ты-
Тау құлаған
нымсыз ұрғылаған мұхит жағалауын бойлап, көкжиекке сіңіп
жоғаларын көз алдына елестетті; солармен бірге алыс-алыс
жақтарға сапар шегіп, басқа бір қиырларға ұшып кетер ме еді,
бірақ кенеттен өмірлік маңызды болып шыға келген мына мәселені
қайда қоярсың.
Бұл әлемде бұларды ешкімнің ұмытпағаны, ұмытпақ түгіл, маза
бермеуге бекінгені ертесіне таңертең-ақ белгілі болды. Алдымен
Чикагодағы қыздарынан факс түсті. Эриканың да абыржып, қатты
алаңдап отырғаны білініп тұр: «Түні бойы сендерге хабарласа алмай
қойдым. Телефондарыңды айырып тастапсыңдар, факс бір босамай
қойды. Папа, не болып жатыр? Осыған несіне араласып жүрсің? Чикаго буырқанып жатыр. Елдің бәрі қарсы. Джон екеуміз есімізден
танып қала жаздадық. Жалынып сұраймын: қойшы осыны. Мама,
сен қайда қарап жүрсің?!»
Джесси, әрине, бұрынғыдан бетер мазасызданып кетті:
– Не істейміз, Роберт? Сен оның әкесісің. Қызың алаңдап отыр,
өзі болса екіқабат. Күйеу баламыз да өкпелі шығар. Джонды түсінуге
болады: ол – директорлар кеңесінің мүшесі, ондай қызметтегі адам
сақ болуға тиіс. Бұл туралы да ойлауымыз керек.
– Дұрыс, бәрі дұрыс, – деп амалсыз келісуге мәжбүр болды
Борк. – Бірақ, дәл қазір не айта аламын? Бұл бір әулеттің арасында шешіле қалатын мәселе емес. Шіркін, солай болғанда ғой!.. Тыныштал, Джесси. Эрикаға өзім жазып жіберемін, телефон соғамын,
бәрін түсіндіріп, тыныштандыруға тырысамын. Сосын, жастар да
өз басымен ойлануға тиіс емес пе. Әрине, оларға, әсіресе, Джон
үшін ең алдымен, компанияның шаруасы өрге басқаны маңызды.
Бірақ, өмір деген тек сол автокомпанияның аясымен ғана шектеліп
қалмайды, ондағы мәселелер де барша адам және әркім үшін өте
маңызды. Айтары жоқ, ол екеуі тауып қосылған, бақытты жұп.
Бірақ, өзімшілдіктің де – бұл жағдайда, әлеуметтік сипаттағы
өзімшілдіктің – шегі болуға тиіс, мұны өзің де түсінесің.
– Ой, Роберт, саған тек лекция оқысаң болды. Жарайды, қолың
Шыңғыс Айтматов
босағанда ұмытып кетпей, Эрикаға факс жібер, – деді Джесси шығып
бара жатып, иығына жүннен тоқылған кофтасын жамылып алған.
Юнгердің ақылын тыңдап, біреулер келе қалғандай болса мазаларын алмауды өтініп, осыған байланысты кешірім сұрайтындарын
білдіріп хабарландыру жазбақ. Қасына өздері әрі ит, әрі мысық деп
есептейтін жүні жалбыраған мысық еріп жүр, ол шынымен-ақ итке
ұқсайтын. Әйтеуір, бұлардың ойынша солай.
Джесси шашын жүре тарап, мысығына әлденелерді айтып,
есікті сарт жауып шығып кеткен соң Роберт Борк ақыры жазып
бітірген мақаласын «Трибюнге» жөнелту үшін факске отырды, газет қызметкерлері редакцияға келген кезде бұл материал олардың
үстелінде жатуы керек, сонда оны бірден өндіріске жіберуге болады. Мақаланың бүгігі нөмірге басылатынына еш күмәні жоқ;
тіптен ол мәтінді тек автордың ұсынған күйінде ғана басуға болатыны, ешқандай өзгерту енгізбеу керектігі туралы талабын да қоса
жазды. Мақаланы дереу жариялайтынына күдіктенбеуінің себебі
– «Трибюннің» басқа амалы да қалмаған болатын. Филофейдің
ғарыштан жіберген жолдауын жариялағаннан кейін газет өз
бағытынан айнымауы керек – ең болмағанда, өзінің абыройын
сақтап қалуға тиіс қой. Бұл да өзіндік бір теңдесі жоқ оқиға болатын
– газеттің әрі қарай өмір сүру-сүрмеуі нақ осыған байланысты…
Одан әрі не болары да белгілі. Газеттің, Филофейдің, енді оларға
Борк та – мұның өзі де қосылды, осы үшеуінің төңірегіндегі аяусыз
қатал шайқас таңертеңнен-ақ басталуға тиіс. Егер әр нәрсені өз атымен атар болсақ, бұл шайқас өмір үшін емес, өлім үшін жүргізілуге
тиіс...
Әр операцияны бастаған кезде бір шиқылдап қойып, телефакс
мақаланың әр бетін қылғыта жұтып жатыр. Әйтеуір дер кезінде
жөнелтіп үлгерген екен. Келесі сәтте Роберт Борк көшеде әлдебір
жайсыз оқиға болып жатқанын аңғарды: үстіндегі жүні бұрынғыша
жалбырап, бейне бір далада қас жауы – әлдеқайдан қаңғып келген
бұралқы итпен қырқысып қалғандай болған мысығы кірді, итті көрсе
жүні бұрынғыдан да үрпиіп кететін. Терезеден көз жүгірткен Борк
Тау құлаған
террасадан үйге қарай жүгіріп келе жатқан Джессиді көрді, қолына
әлдебір картондар мен қағаздарды ұстап алыпты. Жүзі қуарып кеткен әйелі ыза буған күйі ентігіп кірді. Көшеде біреу тамағынан алып
буындырып, содан әзер құтылған дерсің.
– Не болды, не көрінді саған? – деп сұрады күйеуі еріксіз.
– Роберт! Сұмдық қой бұл, адам сенгісіз! Далаға шығып едім,
қайдағы бір жексұрындар, көшенің бұрышына машинасын тоқтатып
қойыпты, өздері әлі сол жерде тұр… Қабырғағаға не жапсырып
жүргенін қарашы өзің!
Джесси қабырғадан сыдырып алған, әртүрлі бояумен асығысүсігіс жазылған, адамның намысына тиіп, қорлайтын сөздерге толы
қағаздарды қолындағы газеттермен бірге үстелдің үстіне лақтырып
тастады. Бұл жазуларды көрген Борк та есеңгіреп қалды. «Боркпен
бір көшеде тұрғанымыздың өзі масқара!» – дегенді көршілерінің
бірі жазған сияқты. Басқа қағаздарда: «Әйелдерді жек көруші,
жұрттың жатырына көз тіккіш Борк, біздің Ньюбериден тайып
тұр!», «Ньюберидің феминист әйелдері Борктан жиіркенеді!», – деп
жазылыпты. Енді біреулері бұдан да асып түседі: «Борк – нағыз
сілімтік!», «Борк – КГБ-ның агенті!», «Боркты қақ маңдайдан ата
салу керек!», «Тар көшеде кездесе қалсаң, буындырып өлтіремін,
жексұрын! – Бұрынғы кассандра-шарана».
– Демек, ертелетіп кірісуге бел буған болды ғой! – деп міңгірледі
абыржып қалған Борк.
– Таң атпай! Көріп тұрсың ғой, таң атпай жатып бастаған! Енді не
болады, Роберт?! Тағы не күтіп тұр бізді? Ақылға сыймайды ғой бұл!
Роберт Борк бөлмені кезіп кетті, артына қайырып ұстаған екі
қолын сықырлата қысқаны соншалық, ауырып кетті.
– Біз бәріне де дайын болуымыз керек, – деді ол әйеліне қатал дауыспен, ал өзі айғайлап жібермеуге тырысып, тістеніп алған. Қаны
басына шауып, өзін-өзі әзер билеп тұрғаны байқалады. – Бастамасы
мынадай болса, бұдан да сорақысын күтуге болады. Кешегі митинг
болмағанда, бәрі де мәдениетті түрде өтетін еді. Ордок оқиғаны
мүлдем ушықтырып жіберді, сайтан алғыр!
Шыңғыс Айтматов
– Өзің көргенде ғой! – деп көшеге қарай иегін қақты Джесси.
– Түрлерінен адам шошырлық. Бұрын кездестірмеген біреулер.
Темекісін бұрқыратып, машиналарының қасында тұр. Мына адам
жиренетін қағаздарды қабырғадан сыдырып жатқанымда мені мазақ
қылып ысқырып, қарқылдап күліп қояды.
– Түрлері қандай өздерінің? Осы маңда тұратын адамдар ма?
– Қайдан білейін оны. Үстеріне күртке, джинси киген, кәдімгі
адамдар. Арасында әйелдер де бар сияқты.
– Ия, түсінікті, – деп күбірледі Борк, бірақ соны түсініп тұрғаны
шамалы болатын.
– Полицияға хабарлау керек, Роберт. Полицияға телефон соқ.
Тиісті шара қабылдасын.
– Асықпа, хабарлауға үлгереміз. Күте тұрайық. Жағдай
шиеленісіп бара жатса, сонда көрерміз.
– Бұл деген азғындаудың ең төменгі сатысы ғой! Мұндай да
болады деп кім ойлаған! Ал, сен күте тұрайық дейсің! – Джесси
орындыққа отыра кетті де жылап жіберді.
– Джесси, жаным, қымбаттым! Мұның не сенің, кәне, есіңді
жишы! – деп күбірледі шарасызданған Борк әйеліне қарай еңкейіп,
ал, ол ештеңе айта алмай, еңкілдей берді:
– Егер сен білгеніңде ғой! Осыны білгеніңде!
– Қазір дәрі әкеліп берейін. Қазір, Джесси, тынышталшы. Қазір
келемін!
Әйелінің жатын бөлмесінен дәрі әкелуге асығамын деп жүріп
есікке соқтығысып қалды, осы сәт еденде жатқан бүктелген қағазды
көрді. Ол мұны Джессидің әлгі қағаздардың арасынан алып, әдейі
лақтырып тастағанын түсінді. Өзі ақылынан адаса жаздап жүріп,
күйеуіне көрсеткісі келмеген бұл не қағаз екен? Мұның не екенін
оқығаннан кейін ғана түсінді. Жиіркеніп кетті. «Борк, Филофейге
артыңды тос, әйтпесе ғарышта оның әйелі жоқ қой!» Тиісінше
сурет те салыныпты. Астына қолын қойған: «Сәлеммен, Кассандрашарана».
Тау құлаған
Ішкі аулаға, өзінің тастан жасалған бағына қалай шыққанын
байқамай қалды. Өзін-өзі мұндай моральдық террорға мойымауға
шақырып, көзсіздіктен және ақылының аздығынан өздерінің не
істеп, не қойып жүргеніне есеп бере алмай қалатын адамдарға
кешіріммен қарауға тырысып, осы лас-қоқыстан өзін жоғары ұстауға
қанша ұмтылғанымен, жанын жаншыған зіл салмақ жеңілдер емес.
Міне, жеткен биігі мынау: бұрын әртүрлі ізгі ойларға беріліп, ішкі
көзімен мәңгілікті шолып, айтып түсіндіре алмайтын ұғымдарды
аяғының астындағы құмға әлдебір тылсым белгілер түсіру арқылы
білдірмек болып, онысын әйелі күлкі қылушы еді, талай уақытын
өткізген жерде енді мал құлағы естуге арланатын қорлықты бастан кешіп, мазаққа ұшыраған күйі езіліп отыр. Әлде бұл өзінің
тым асқақтығы мен жасына сай келмейтіндей жан тазалығы үшін
тағдырдың жіберген жазасы мен мазағы ма екен? Не деген аңғал
еді, әлемнің қандай қатігез де кекшіл екенінен мүлдем хабарсыз
екен-ау. Енді міне, қартайғанда жиіркенішті боқтық естіп отыр.
Көкжиектен көтерілген күн де түкке жарамсыз, мүлдем керексіз
болып көрінеді. Ешкімді көргісі де, ештеңені естігісі де келмейді.
Үйден шыққанда өзі де ойланып жатпастан ала салған газетке
көз жіберді. Ньюбериде шығатын жергілікті газеттің шұғыл саны.
Өзінің қоршауға түскен қасқырдай күйде екеніне тағы да көзі
жетті. Бірінші бетте Оливер Ордоктың сайлау алдындағы митингі
аяқталғаннан кейін өткізген баспасөз мәслихатының есебі жарияланыпты. Бұл материалды Ассошиэйтед Пресс агенттігі берген.
Ордоктың бірнеше фотосуреті басылған екен, оның мінберде екі
қолын сермеп тұрған сәтінің үлкен суреті жеке беріліпті. Оның:
«Тұқым-текті большевиктерше тазалауға жол бермейміз!» – деген
сөзі үлкен әріппен теріліпті.
Міне, оның нысанаға алып тұрғаны: Филофей орыс, демек, ол
– большевик. Ақылға сыйымсыз болса да өте тиімді тәсіл! Әлгі
қағаздардың бірінде Боркты КГБ-ның тыңшысы деп жазуының
себебі енді түсінікті болды. Мұның бәрінің бастауы бір, сол баяғы
Шыңғыс Айтматов
сасыған жылға. Бұл туралы әлдене айтуға да, ойлауға да шамасы
келмеді. Жан дүниесі қаңырап қалғандай.
Әйелінің дауысын естігенде ғана басын көтерді. Жылап-жылап
беті ісіп кеткен Джесси өзін-өзі қолға алмақ болғанға ұқсайды.
– Міне, жаңа ғана Энтони Юнгерден шұғыл факс түсті, – деді ол
қасына отырып жатып.
«Мистер Борк, – деп жазыпты Энтони Юнгер. – Бізге жедел
түрде телефонмен сөйлесу керек. Өтінемін, қосыңызшы оны, жауап
беріңізші маған. Әңгіме ғарышпен теледидар көпірін ұйымдастыру
туралы болмақ. Егер оны жолға қоя алсақ, адамдардың көзі ашылар еді. Мұндай техниканы сіздің үйге орната аламыз ба, соны
талқылайық. Мистер Борк, жұрттың бәрі бізге қарсы шығып жатыр, бірақ мойымау керек. Мен әр 10 минут сайын телефон соғып
тұрамын. Сіздің Энтони Юнгеріңіз».
– Міне, нағыз жұмыс деп осыны айт. Энтони іске кірісіп кетіпті!
– деді ұйқысынан оянғандай болған Борк. – Енді телефондарды
қайтадан қоссақ та болады, Джесси. Мейлі, хабарласа берсін, бұдан
бәрібір қашып құтыла алмаймыз. Бүкіл әлемнен қол үзіп отыра алмаймыз ғой!
– Ия, дұрыс айтасың. Одан кейін тағы бір жолдау келіп түсті,
– деді Джесси. Бұл факсты университет ректоры жіберіпті. Ол былай деп жазады: «Мистер Борк, сіздің мүддеңіз үшін өтініп тұрмын,
университетке келіп лекция оқимын деп жүрмеңізші».
– Бәрі түсінікті, – деді Борк. – Жүр, телефонға барайық.
Таң атқаннан бергі көңіл бірлейтін бір жәйт – Энтони Юнгердің
телефон соққаны болды:
– Мистер Борк, дауысыңызды естігеніме қуаныштымын. Факс
деген жақсы ғой, бірақ адамның дауысын естігенге не жетсін.
– Бұған сөз бар ма, ия! Әрине! – деп жауап қатты Борк дауысын
сенімді шығаруға тырысып. – Жұбайым Джесси де сәлем айтып жатыр саған, Энтони.
– Өте жақсы. Ол кісіге көп рахмет. Бүгін жолықсақ қалай болар
екен. Бұл өте керек болып тұр.
Тау құлаған
– Ол жағын өзің біл, Энтони, қайда жолығатынымызды да өзің
айт. Сенің түнде жолдаған факстарың бізді піл сүйегінен жасалған
мұнарада қамалып қалудан құтқарды. Өз-өзімді келекелеп жатқаным
ғой. Ал, әрі қарай не істейміз? Болашақтан үмітіміз бар ма өзі?
– Мен тұтас бір бағдарлама дайындап қойдым. Алдымен
мынаны айтайын, мұны білгеніңіз жөн, мистер Борк, сіздің
редакцияға жолдаған мақалаңызды қазір ғарышқа, Филофейге жөнелтіп жатқан болуы керек, мұны бірер минуттан кейін
анықтаймын. Бірақ, бұл Филофейді өзінің жер бетіндегі алғашқы,
Сізді осылай атауды жөн көрдім, – ғарыштық тұқым-тек жөніндегі
әріптесімен таныстыру үшін жасалып жатқан жоқ. Сондықтан,
қазір Филофейдің сол мақаламен танысып отырған болуы да ғажап
емес. Біз теледидар көпірін ұйымдастырып, баспасөз мәслихатын
өткізбекпіз, оған Филофей екеуіңіз қатысуларыңыз керек.
– Энтони, қымбаттым, бұл ойың маған ұнайды. Бірақ, соны
ұйымдастыру жағы қалай болар екен деп күмәнданып тұрмын.
Осыншама қысқа мерзімнің ішінде бұл өзі мүмкін бе?
– Бұл жағына алаңдамаңыз, мистер Борк! Мен де жалғыз
емеспін. Сенімді достарым бар, таныстарым да жетерлік, «Трибюн» бізді толық қолдап отыр, керек болса айтайын, ол мұны өзінің
аман қалуы үшін болса да істейді. Ең бастысы – телекөпір арқылы
жүргізілетін хабарды таратушылар бұл акцияға әлемдік теледуман
ретінде қызығып отыр, мұны аз десеңіз, олар жалтыр мұзда тайғанап,
орнынан тұра алмай жүрген байғұстарды көрсетуден қанша пайда
табатындарын қазірдің өзінде есептеп қойған. Сондықтан, барын
салатын болады.
– Түсінбедім. Мұзда тайғанап жүрген кім?
– Кешіріңіз. Теңеу таппақ болған түрім ғой. Ия, біз қазір мұздың
үстінде тұрмыз. Бұл туралы айтып жатудың керегі жоқ. Кешіріңіз,
осымен әңгімені тоқтатпақпын. Уақыт тығыз. Қалған әңгімені
машинаның үстінен айтармын. Біз сізге, Ньюбериге бара жатырмыз.
Төрт адамбыз, мен және НАСА-да жұмыс істейтін, ғарышпен бай-
Шыңғыс Айтматов
ланысты жолға қоюшы жігіттер. Сонымен, төрт жігіт болып екі машинамен шықпақпыз. Бір машинаға – күймелі джипке техникалық
құрал-жабдықтар тиелген. Қалғанын жолшыбай түсіндірермін.
Ньюбериге қырық минуттың шамасында, бәлкім одан да ертерек
жетіп қалармыз. Картадан іздеп көріп едім, сіздің үй «Конферанс»
дүкенінен жарты мильдей жерде ғой деймін, солай ма?
– Ия, солай, содан үш көшеден кейін.
– Жақсы! Ал, біз шықтық. Сонымен, тек күле көрмеңіз, осы
операцияның штаб бастығы менмін, Филофей – ғарыштағы маршал, ал, сіз...
– Мен Джессидің қасындағы подполковникпін, – деп тауып кетті
Борк. – Бір минут, Энтони. Түсініп тұрмын, уақыт аз, бірақ сен жас
жігітсің, басқа да жәйттер баршылық, сондықтан, есіңде болсын,
ғарышпен байланысқа шығу жөніндегі барлық шығынды өз мойныма аламын.
– Кешігіп қалдыңыз, мистер Борк. Мүдделі телекомпаниялар
бәрін өздері қаржыландыратын болды. Олардың да өз көздегені бар.
Алаңдамаңыз. Бұл жағына өзімнің де шамам молынан жетер еді.
Әкем белгілі адвокат болған, сондықтан… Бұл жағына басыңызды
ауыртпасаңыз да болады. Сіз қазір кассандра-шараналар туралы,
Филофей туралы ойлауыңыз керек.
– Ордок туралы, – деп қосып қойды Борк.
– Ол бірінші кезекте тұр. Ол да қарап жатқан жоқ. Бұл туралы
жолда келе жатқанда айтармын. Айтпақшы, мистер Борк, сізге де,
әйеліңізге де үйден ешқайда шықпауға кеңес берер едім. Дүкенге де
бармаңыздар. Шыдаңыздар. Бүгінше үйде болыңыздар. Не керектің
бәрін өзіміз апарамыз. Ал, шықтық.
Көп ұзамай жолдан хабарласты. Ерлі-зайыпты Борктар үшін
осы екі аралықтағы уақыт тым ұзаққа созылғандай көрінді, бейне бір заттарыңды алып пойызға отырғаннан кейін бұрынғының
бәрі артта қалып, көкжиекке сіңіп кеткендей, бірақ пойыз орнынан
қозғалар емес. Кенет олар өз өмірлері басқа қарқын алғанын ұқты
Тау құлаған
– бұл қарқынның сұры жаман, өте қатал, оқиғалардың аралығы минуттармен ғана өлшенеді және тағдырының шешілетін сәті де таяп
қалған. Әлдебір белгісіз, жұмбақ тағдыр емес, дәл қастарына тақап
келіп қалған дұшпандық ойлаған күштердің пиғылы мен әрекетінен
туындаған тағдыр.
– Біз қазір автомобиль жолында келеміз, – деп хабарлады Энтони Юнгер. – Жолдағы қозғалыс онша қауырт емес, кептеліп қала
қоймаспыз, уақытында жетерміз деп ойлаймын, әзірше жұмыс туралы сөйлесейік.
– Тыңдап тұрмын, Энтони, не болып жатқанын менің де білгім
келіп тұр. Джесси екеуміз бар дүниеден бөлініп қалдық қой, білесің
бе, тіптен теледидар мен радионы да қосқан жоқпыз.
– Мистер Борк, алдаусыратпай-ақ қояйын, жағдайымыз мәз
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Кассандра Таңбасы - 12
  • Büleklär
  • Кассандра Таңбасы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3785
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2032
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3899
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3756
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3675
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2059
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3767
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2003
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3745
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1985
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2127
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1292
    40.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.