Latin Common Turkic

Кассандра Таңбасы - 10

Süzlärneñ gomumi sanı 3891
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
көпке дейін тыншымай қойды. Бұл оқиғаның әсері күшті болғаны
соншалық, талай адам үйлерінде отыра алмай, көшеге шығып кетті,
олардың түрінен, сөзінен, жүріс-тұрысынан қатты толқығаны сезіліп
тұр. Әр жерде топ-топ болып жиналып, дауласып, болжағансып,
гуілдесіп жүр, сонда да мынаны түсіне алмай қойды – небәрі бір
тал шырпы шағып лақтырды ғой, әшейінде сөніп қалар еді, қыздың
үстіне тиер-тиместе лап ете түскені қалай? Бұл жерде ешқандай
көзбояушылық жоқ, бұл деген цирк емес қой?! Әлде қыздың
киіміне тез тұтанатын бір қоспа жағып қойды ма екен? Бірақ, өзінөзі өлтіруге дейін баратындай не көрінді оған? Бәлкім олай емес,
мүлдем басқа нәрсе шығар, әлдебір метафизикалық құбылыс па
екен, мүмкін ол қыз іштей шиыршық атып, қызуы көтерілгеннен
өзінен-өзі тұтанып кеткен болар? Кейбіреулер түн ішінде өз бойынан жарық сәуле шығарады дейді ғой. Кім білген, бұл да мүмкін…
Сөйтіп жүргенде түн болды. Көшедегі адамдар саябырлай бастады. Түнгі өмірді ұнататындар машиналарының есіктерін сарт-сұрт
Тау құлаған
жауып, жүріп-тұрғаны үшін түнгі күзетшілер мен тонаушыларға
төлейтін ақысын бере салып, үйреншікті тірлігіне кірісті. Түнгі
мекемелердің шамдары жарқырап, сезімді қоздыратын күңгірт
шамдар жанып, электрлі музыка қосылып, кеуделер жалаңаштанып,
жарқын күлкілер естіле бастады… Бәрін ұмытып, ештеңені жадында сақтамай, өз-өзінен, тіптен Құдайдан да қашып құтылудың амалы…
Сол түні Қызыл алаң әдеттен тыс тым-тырыс болып тұрды. Адам
жоқ. Жан баласы көрінбейді. Күндіз қиқу салып, естерінен танғанша
айғайлап, қырғын төбелес болған жерге ешкімнің жолағысы жоқ.
Көше шамдарының өлімсіреген жарығы ғана әлсіз жылтырайды.
Тек шеруге шыққандар тастап кеткен, төбелесте аяқтың астында
қалған портреттер, ұрандар мен плакаттар ғана шашылып жатыр.
Оларда ешкімнің шаруасы болған жоқ.
Кремльдің үстінен үңіле қарап Ай тұр. Өзінің үйреншікті
уақытында жапалақ ұшып шықты. Көлеңке сияқты сырғанаған күйі
әр жерді бір шолып, жалпиған қанатын дыбыссыз қағып қойып,
үп-үлкен басын жан-жағына бұрып, әлденені іздегендей болады,
сиқырлы шамдай жарқыраған көзі қимылсыз қатып қалған. Ол өзін
қапалы сезінгендей болды. Кесененің үстін айнала ұшып шықты,
оның есігінің алдында тұрған күзетшілер тас мүсіндей қалшиып
қатып қалған, жапалақ бәкене бойлы елестерді іздеп одан әрі ұшып
келеді. Оларды кірпіштен қаланған Кремль қабырғасының көлеңкелі
жағынан тапты. Жоқ, бұл жолы олардан пәлендей жаңалық ести
алмады. Ол екеуі тағы да баяғы әуеніне басқан, бірақ біртүрлі
сиқырланып қалғандай көрінді. Бәкене елестер қол ұстасып, билеп
жүр, күндізгі митингіден естерінде қалған ұрандарды міңгірлеп
қайталай береді: «Социализм – немесе өлім!». Ия, бұл екеуі көзге
көрінбестен, дауыстары да естілмей, шаршамай-талмай сол сөзді
үздіксіз қайталап тұр: «Социализм – немесе өлім!»
Куба әуеніндей бұл мән-мағынасыз қайталаудан жапалақтың
іші пысып кетті. Ол әрі қарай ұшты да, Спас мұнарасының қарсы
Шыңғыс Айтматов
алдынан қаңғалақтап келіп қалған тірі жанды – бір мас әйелді
жолықтырды.
Әйел түн ішінде Қызыл алаңда жападан-жалғыз келе жатыр,
шашы қобырап кеткен, өзі өлесі мас, екі дүние бірдей, әлдебір
қайғылы өлеңді созылта шырқап келеді:
Ах, неге, не үшін,
Өмірге келдім, мен?
Ах, неге, не үшін,
Мені, анам – тудың, сен?
Ах, неге, не үшін,
Сен мені туғансың?
Керегі жоқ еді,
Сен мені алдадың.
Ах, неге, не үшін
Сен мені туғансың?
Керегі жоқ еді,
Сен мені алдадың.
Ах, неге, не үшін
Өмірге келдім мен?
Ах, неге, не үшін
Мені, анам – тудың, сен?..
Алаңды көлденеңінен кесіп өтіп, шатқаяқтаған күйі, сүрініпжығылып, қалалық әмбебап дүкеннің қасындағы қатар-қатар
қойылған сауда сөрелерінің арасына кіріп кетті. Оның көңілсіздеу
әні тағы біраз уақыт естіліп тұрды да, сәлден соң ол да басылды.
Жапалақ Кремльдің үстіне көтеріліп, бақшаға қарай ұшты, сонда келіп қалың өскен бұтақтардың арасына қонды да, жаңағы әйел
сияқты еңіреп жылап қоя берді, ауық-ауық уһілеп қояды.
Жыпырлаған жұлдыздардың арасында қалықтаған Ай сәулесі
Тау құлаған
Кремль күмбездерін, мұнаралардың ұшар басын, шатырларды
күңгірт жылтыратып көрсетеді, кенет жапалақ алыстан талып жеткен мұхиттағы киттердің дем алғанын естігендей болды. Қайда
асығып барады екен олар, не үшін? Әйтеуір, соларға бір тыным жоқ.
Толқындар да шаршау дегенді білмейді.
ҮІІІ
«Трибюн» газетіне беретін мақаланы біршама еңсеріп тастады, енді тек қорытынды бөлімін жазу ғана қалды. Бірақ мақаланы
тәмамдауға таяған сайын, Борктың көкейіндегі мазасыздық та ұлғая
берді: Кассандра таңбасы құбылысын ғылыми тұрғыдан түсіндіруге
тым қатты беріліп кеткен жоқ па, көптеген адамдарға, бәлкім
олардың басым көпшілігіне қазір кассандра-шараналардың берген
дабылын көрмеу, ештеңе естімеу, мүлдем ұмыту үшін ғарыштағы
Филофейдің «арандатушылық» әрекетіне қандай жолмен болса да
тосқауыл қою, сөйтіп одан біржола құтылу әлдеқайда маңызды
болып тұрған сияқты ғой. Әккі саясатшы Оливер Ордок нақ осыны сезініп, тиісінше жалт бұрылып шыға келді де табысқа жетті.
Оның саяси жеңіске қол жеткізгеніне еш күмән жоқ. Бірақ, бұл
жеңісі жалғандыққа негізделген. Ал, оған шын ықыласымен елтіген
адамдардың жаппай өзін-өзі алдауға ұрынғанын түсінуі үшін не
істеуге болады, бұған оларды қайтіп мәжбүр етерсің?
Ордокпен салыстырғанда өзіне саяси күрестегі ілкімділік
жетіспейтінін Борк түсінетін. Ия, енді бұлар бір-бірінің дұшпаны.
Күтпеген жерден пайда болған бітіспес жаулар! Борк мұны қалай
ма, жоқ па – бәрібір шайқассыз бітпейді, бұл күрестен жалтара
алмайсың. Ордокқа керегі де осы, аңсай күткен арманы – Президент орындығына бөксесін бір тигізу үшін халықтың көз алдында
сайысқа шығуды қалайды. Тағдыр оның тілегенін беріп тұр, көкте
– Филофей, жерде – Борк, қай қалағаныңды талап жесең де, өзің біл.
Осының бәрін ой елегінен өткізе келіп, Борк өзінің түкке
Шыңғыс Айтматов
тұрғысыз саяси ойынға қалай тартылып кеткеніне, қарсыласына
құм қаптырсам деген тілектің көкейін кернеп бара жатқанына таңғалды. Ордокпен бетпе-бет кездесуге асығып тұрғанын аңдады.
Қасына таяп барып, көзіне көзін қадап тұрып, дауысын көтерместен,
бірақ жеріне жеткізіп тұрып: «Не деген зымиян едің!» – дейтін
сәтті тездеткісі келіп құлшынып тұр. Содан кейін жұрттың бәріне
Ордоктың пасықтығын, мұндай оңбағанды билік басына жіберуге
болмайтынын, өйткені, бұл әзәзілдің билікке келуі боларын, ең
қауіптісі – оның әзәзіл екенін ешкімнің тани алмайтынын айтып,
жар салады. «Жоқ, жоқ, тап осының керегі жоқ, – деп ойлады Борк
өз ойынан өзі шошынып. – Мейлі, президент бола ма, басқа бола
ма – өзі білсін, тек мені араластырмаса болғаны! Жоқ, жоқ, маған
саяси күрес қол емес, менің міндетім – Кассандра таңбасы туралы
шындықтан жалтармақ болып, адамдардың қорқақтық танытарын,
жарылғалы тұрған шиқанның бетін бүркей салу – өз сорын одан әрі
асқындыра түсу екендігін оларға түсіндіріп беру. Бірақ, шындық
қанша қорқынышты болса да, оған көзімізді тайдырып әкетпей,
тура қарау керектігіне, тығырықтан шығар жол іздеу керектігіне
оларды қалай сендіруге болады?!»
Борк таза ауамен дем алмақ болып балконға шықты, түнгі ауа
салқын екен, күз де келіп қалыпты-ау, – қараңғыда жапырақтар тынымсыз сыбдырлап тұр, бойын діріл биледі. Ай тым төмен тұрғандай, автокөлік жолындағы тоғайдың ұшар басына ілініп қалған
секілді. Борк тоғай сыртында орналасқан, теңіз жағасындағы белес-белес құм сияқты төбешіктердегі гольф алаңын еске алды,
бұрындары сол жерге барып доп ойнайтыны бар еді.
Қызық, кенеттен есіне ертеректе көрген бір түсі оралды. Түс
деген де шын болған оқиға сияқты қайта-қайта ойға орала береді
екен. Бірде ол, содан онша көп уақыт та өткен жоқ, түсінде гольф
алаңында жүргенін көрген, түн іші, ай сәулесі төгіліп тұр, өзін емінеркін сезінеді және әлденеге риза болып жүр, бір қызығы – допты
қанша ұрса да орнынан қозғалмайды, не ұшып кетпейді, не домала-
Тау құлаған
майды; құлашын сермеп қанша рет ұрды, қаншама тырысты, доп сол
орнында әлі тұр. Бір кезде аспаннан кафедрада бірге жұмыс істеген
профессор, марқұм Макс Фрайд түсті. Кеттік, Айға ұшып барайық,
дейді, ол жақта керемет алаң бар, айдағы гольф ойынын ойнаймыз.
Макске еріп, бұл да ұшып келеді, алаңнан көтеріліп кетті, артында
Джесси жүгіріп келе жатыр, мұны кері қайт деп шақырады. Өзі ебілдебіл жылап жүр. Осындай да түс болады екен? Қызық, бірақ ойлап
қарасаң, кәдімгі түс қана. Макс екеуі жақын дос болған, ол астрология сияқты тылсым нәрселермен әуестенетін. Гольф ойнағанда
қандай есеппен ұтатынын немесе ұтылатынын жұлдыздарға қарап
болжамақ болушы еді. Кейде болжамдары дұрысқа шығып жатады, бірақ көбінесе әріптестері оны «сиқыршы» деп мазақ қылатын.
Мүмкін о дүниедегі Макстің рухы, өзі айтатындай, бұған жағымсыз
астрологиялық фактордың әсер етуі мүмкін екенін біліп, досын
аман-есен сақтап қалу үшін мұны Айға ұшып кетуге шақырып
жүрген болар. Түсіне кіргені де алдын ала ескерткені шығар.
Ия, егер Макс тірі болса, митингідегі қайғылы оқиғадан кейін түн
ішінде бұған, Ньюбериге жетіп келер еді ғой. Бұдан ештеңе шықпаса
да мейлі, бірақ Макс сондай адам болатын, аздап алаңғасарлау, бірақ
басқаның қиналғанына ол да қоса күйзелетін. Кейде Джесси ән салып, ол рояльмен сүйемелдейтін. Джесси күлуші еді: «Боб, сенің
достарыңның бәрі Макс сияқты, – классикалық нұсқадағы күлкілі
зиялылар. Жалпы, сендерге әлдебір тақуалар орденін құру керек
еді, сен орденнің бастығы, әлдебір қасаң қағиданы ұстанатын ұстаз
боласың, ал, көркем Макс сенің оң қолың болып, бәрін бір өзі тындырар еді. Сонда сендер тек ғылымда ғана емес, басқа жағынан да
өздеріңді көрсете алар едіңдер». Байғұс Макс, ол Джессиге іштей
ғашық болатын, кейде мұны аңғалдықпен айтып қалатыны да бар
еді:
«Тыңда, Роберт, саған шындықты тура айтайын, сен маған бұл
өмірде үлкен кедергі келтірдің».
«Не болып қалды?!
Шыңғыс Айтматов
«Егер сен болмағанда, Джессидіге оны сүйетінімді айтатын
едім».
«Мүмкін әлі де кеш емес шығар?»
«Жоқ, мұны оған тек сен мүлдем өмірде болмасаң, әлдебір
субъекті ретінде жоқ болсаң ғана айта аламын».
«Тыңда, олай болса, бұған істер амалың жоқ. Субъекті ретінде
бұл өмірде бармын».
«Мен де соны айтып тұрмын. Маған қандай кедергі келтіргеніңді
енді түсінген шығарсың?»
«Макс, досым-ау, өміріңді тым оңайлатып жібергің келеді екен.
Өз шамаңды осы субъекті бар кезде сынап көрмейсің бе, әйтпесе,
бәрі сенің қалағаныңдай болып тұрса, оның не қызығы болмақ!»
«Жоқ, сенің қасыңда маған бітіретін ештеңе жоқ. Мүлдем».
«Неге олай дейсің? Әйелдер сені құрмет тұтады – өзің көрнекті
адамсың, көркем жігітсің, әсіресе мотоцикл айдаған кезіңде
жұрттың бәрі сенен көз алмайды. Оның үстіне, маған қарағанда
әлдеқайда жас емессің бе».
Мен – мотоцикл айдаймын, ал, сен – әлемге атың белгілі
ғалымсың, мен мотоцикл айдаймын, ал, сен – бай адамсың,
кітаптарыңа комақты қаламақы аласың, ылғи байлар тұратын Ньюбериде әсем үйің бар, әйелің виолончельде Бах пен Бетховенді ойнап береді, ал, мен мотоцикл айдап жүремін, сен сәнді Ньюберигольфте доп ойнайсың, ал, мен мотоцикл айдаймын; сен Кремль
мен Ақ үйде сөз сөйлейсің, ал, мен мотоцикл айдаймын…»
«Тоқта, тоқта, Макс, өзіңді соншама төменшіктете берме. Мотоцикл айдағаннан басқа да тындырған шаруаларың бар емес пе, ал,
мотоцикл айдау – өткен іс қой. Сен өз салаңда – саяси география
бойынша танымал ғалымсың, бүкіл планета қолыңда тұр. Мәселе
тек планетада ғана емес, планетада не жұмысымыз бар! Байқап
сөйле, осы әңгімемізді поляк әйелдерінің арасындағы ең сұлуы
– Анна естіп қалса не болар еді, сені де күйеу деп жүрмін-ау деп
өкініп қалмай ма?! Шатақтың көкесін сонда көресің! Олай болса
Тау құлаған
саған мотоцикл де көмектесе алмайды! Ал, ол осы уақытқа дейін
алданып келген болып шығады!»
«Ия, Роберт, ақыры тұзаққа түсіріп тындың мені. Анна туралы
айтқаның рас. Бірақ, планета туралы пікіріңмен келісе алмаймын.
Саяси географияда бәрін білу керек, әйтпесе онымен айналысып
керегі жоқ. Бұл – бәрін қамтитын ерекше ғылым. Мен оны ақпарат
банкі деп атар едім. Ия, бұл тұрғыдан келгенде әлемдегі ең бай адаммын. Жиырмасыншы ғасырдың Ротшильдімін. Бәрін білемін, бәрін
түсінемін, бірақ одан не пайда? Көктегі Құдай да бәрін біледі, бәрін
көреді, бәрін түсінеді, бірақ ештеңе істей алмайды дейді ғой…»
Сол адам қазір жоқ. Жол апатынан қаза тапты, өзі де ылғи
асығып жүруші еді... Анна тез қартайып кетті. Ұлдары үйленіп,
бөлек шыққан. Джесси мен Анна телефонмен сөйлесіп тұрады,
кейде кездесетіні де бар. Соңғы рет Анна осы жазда келген. Бәрі
бірге гольф алаңына барып, таза ауа жұтып, бой сергітіп, ойынды
қызықтады. Уақытты біршама жақсы өткізді, сол жақта, гольфклубтың мейрамханасында тамақтанды. Өткен кездерді, Максті
еске алып, біраз әңгіме айтты… Ол да осы жерді жақсы көретін.
Қолы босаса болды, осында келуге тырысатын…
О, байғұс досым Макс Фрайд. Қазір болып жатқан жәйттерге,
жұрттың бәрі ақылынан адасып, есеңгіреп қалған кезде не айтар
едің, көзқарасың қандай болар еді. Көзге көрінбейтін тұқым-тек
дауылы бәрінің астаң-кестеңін шығарды. Екінің бірі: көп адамдар
сияқты түйеқұс сияқты басыңды құмға тығып жіберіп, бәрі өтіп
кетсінші деп, ештеңені көрмеген бола қаласың ба, әлде Құдайдың
көзіне тіке қарап, оның бұл ескертуін назарға аласың ба – өйткені,
Құдай тек ескертіп қана қояды, не істейтінімізді өзіміз шешуіміз керек. Макс Фрайдтың бұл сөзі рас болып шықты. Оның түсіне кіріп
жүргені де тегін емес. Демек, алдын ала осыны сезіп, алаңдаған
болды. Мұның басын шырғалаңға түсуден сақтап қалғысы келіп,
Айдағы гольф алаңына шақырғаны да содан…
Ендігі жағдай не болар екен, іс жүзінде, Ордок мәселені басқа
Шыңғыс Айтматов
арнаға бұрып жіберді ғой, қоғамды алдап соғып, олардың назарын
басқа жаққа аударды, оның үстіне, қаһармандық атаққа ие болу үшін
жұрттың алдында мұны, Боркті саяси жекпе-жекке шақырып отыр.
Енді бұл да дайындалып, оның шақыруын қабыл алуға, Кассандра
таңбасы туралы өз сөзін айтуға тиіс, Филофейді көпірген көп сөз
бен саяси саудаға салудан қорғап қалуы керек. Ордоктың бұл ісін
осылай демегенде қалай атауға болады?! Құдайым-ау, түнгі сағат
екі болып қалыпты ғой, деп есін жиды Борк, жұмысқа кіріспесем
болмас. Дереу әрекет ету керек. Шегінетін жер жоқ.
Кабинетіне қайтып келе жатып, бір сәт кіре берістегі айнаға көзі
түсті. Ұйқысыздықтан көзі қызарып кетіпті. Жанарында жан қиналысы
мен мазасыздық бар. Шашы да мүлдем ағарып кеткен. Әйтеуір,
біреулердің жалтыраған басындай болып мүлдем түсіп қалмағанына
шүкір. Жақында ғана қасына ерген немістермен, шуылдаған журналистермен бірге дәл жанынан жүзіп өткен Рейндегі жартас сияқты
кәрі екен-ау өзі, олар мұнымен сұхбатты дәл солай – «Кәрі жартастың
толғанысы» деп атаған, мұның көп ұзамай Атлант мұхитының үстімен
ұшып өтетінін, сол кезде Филофей монахтың найзағайы жарқ етіп ойнап, дауыл туғызарын, жұрттың бәрі әлемдік үрейге бой алдыратынын, осы ырду-дырдуды пайдаланып, саяси сахнаға мына сайтанның
сапалағы – Оливер Ордок шыға келерін қайдан білсін. Қайтеміз,
шайқасқа шықпасақ болмайтын сияқты ғой…
Борк компьютердің алдына енді ғана отыра берген, біреудің аяқ
дыбысы естілді. Төменнен Джесси көтеріліп келеді екен.
– Ия, халің қалай? – деп сұрады ол табалдырықтан аттай бере.
– Жаман емес, жұмыс істеп жатырмын, – деп жауап берді бұл,
әйеліне аяқ астынан ойына орала кеткен әлгі түсін айтып беруге бір
оқталды да, айнып қалды.
Джесси шаршаңқы көрінеді, бірақ жанарында әлдебір ұшқын
ойнап тұр.
– Саған кедергі келтірмейін деп едім, Боб, бірақ өзіңді таңғалдырғым келіп тұр.
Тау құлаған
– Мені таң ғалдыру қиын шығар.
– Міне, саған біраз қағаз әкелдім. Бәлкім пайдаға асып қалар.
– Бұл немене?
– Факспен келді. Кімнен деп ойлайсың? Энтони Юнгерден.
– Энтони Юнгерден бе? – деп қайталап сұрады бұл. – Оған не
керек екен? Не жазып жіберіпті?
– Түсінесің бе, мен саған телефонның бәрін айырып тастадым
деп едім ғой. Бізбен хабарласу үшін қаншама әуреленгенін осыданақ пайымдай бер. Бірақ, бұлай боларын кім білген? Холлдағы факсті
айырып тастауды ұмытып кетіппін, тіптен, ойыма келмепті. Бірдеңе
сытыр-сытыр ететін сияқты, қарасам, бір бума қағаз жатыр. Міне,
оқып көрші. Әр бетке: «Құдай үшін, тек факсті өшіре көрмеңізші!»
– деп жазыпты. Оның факсі әлі де келіп жатыр, тоқтар емес. Не болды екен? Бейшара жігітке жаным ашып кетті. Сен мынаны оқи тұр,
қалғанын тағы әкелемін.
Бұл бір күтпеген жаңалық еді. Түнгі сағат екі болды. Ал, бір
жігіт ұйқы дегенді ұмытып, бас алмастан қағаз жазып, оны факспен
жөнелтіп жатыр. Мұнымен небәрі бір-ақ рет телефонмен сөйлескен,
таныс деуге де келмейтін Энтони Юнгер деген жігіт. Бірақ, сайлау
алдындағы митингіде Юнгер көп сөзді көпіртіп тұрған Ордокты
аузынан қағып, тоқтатпақ болған кезде, мұнысының сәті түспесе
де, өз таңдауын жасаған болатын, өзі Ордоктың командасынан бола
тұрса да, барша жұрттың көз алдында көсемінен қол үзіп, оның
саяси құрбандығының жағына шықты. Оның митинг аяқталғаннан
кейінгі жағдайы не болғанын көзге елестету де қиын емес. Ордоктың
өзі мен оның сенімді жақтастары Юнгерді сатқын деп айыптағаны
күмәнсіз. Егер бұрын Ордоктың қолдауымен мансабымды өсіремін
бе деп үміттенген болса, енді бұл туралы ұмытқаны абзал.
Таныстары саусақтарын шошайтып күліп жүрген шығар: осындай
да бола ма екен, өз жолын өзі кескен ақымақты қараңдар! Содан
кейін ол Ордок масқара қылған, митингіге жиналған жұртшылық
өздерінің жауы деп таныған адамға көмектеспек болады, бұл үшін
Шыңғыс Айтматов
қаншама күш-жігер керек. Борк өзін Энтони Юнгердің алдында
кінәлі сезінді, дегенмен, іші жылып сала берді. Бұрын бұған ешкім
ешқашан сыртынан қамқор болған емес, өйткені, бұл әрдайым өз
білгенімен жүретін және күш-қайраты да жетерлік болатын. Ал,
енді рингке зорлықпен сүйреп шығарылған, көрерменді күлкіге
кенелту үшін көпшіліктің алдында масқарасы шығып таяқ жеген,
рингтен сүйретіліп әзер түскен бұл жұртқа қарауға беті бармай, тісін
шықырлатып, қайтадан шайқасқа шығу үшін аяғына тұрмақ болады,
бірақ ендігі шайқасқа өз еркімен, тәуекелге бел байлап шықпақ.
Сондықтан да, осының бәрін түсінген Юнгер әр беттің басында
жалбарына өтініпті: «Құдай үшін, тек факсті айыра көрмеңізші!»
«Мистер Борк, үйіңіздегі телефондардың бәрін неліктен
өшіріп тастағаныңызды түсінемін, – деп жазыпты Юнгер. – Сіздің
мазаңызды алуға ешқашан батылым бармас еді, бірақ мені де
түсініңіз. Егер қазір алдыңызда тізерлеп тұрып айтар сөзімді ең
болмаса факс арқылы болса да өзіңізге жеткізе алмасам, мен үшін
бұл шын мәнісінде өліммен тең. Сайлау алдындағы митингіде
болған масқарадан кейін өз-өзімді қоярға жер таппай жүрмін, дәл
қазір ештеңеден тайынбас едім, тіптен егер содан бірдеңе шығатын
болса, кісі өлтіруге де бармын. Осындай сұмдықты мойындап
отырғаным үшін кешірерсіз. Бірақ, Ордокқа қатысты осы былыққа
Сізді тартқан, жұртты алдап, соңына ерту үшін осындай пасықтыққа
барудан арланбаған осы азғын саясатшының мергендігін көрсету
үшін жұрттың алдына алып шыққан нысанасы болуыңызға
жәрдемдескен мен болып отырмын ғой. Жыламсырамай-ақ қояйын,
кешіріңіз, бірақ шынтағымды тістей алмай қор болып отырғаным
рас: кімге қызмет көрсетіп келгенмін, кім үшін бел жазбай еңбек
еткенмін, осыншама көрсоқыр әрі ашық ауыз аңқау болған өзімнің
де обалым жоқ! Бірақ, әңгіме мен туралы емес, Құдай үшін, кешіре
көріңіз. Әңгіме алдағы уақытта не істеу керектігі туралы. Кассандра
таңбасын қайтеміз?! Мен…»
Осы жерден бір бет таусылады да, келесі бет тағы да әлгі
Тау құлаған
жалбарына өтінуден басталады: «Құдай үшін, тек факсті айыра
көрмеңізші!»
«Сонымен, мистер Борк, енді не істейміз?
Осы іске қатысты сайқымазақтың міндетін атқарғаныма
қарамастан, өзімнің кейбір ойларымды білдіруіме рұқсат етіңіз.
Мүмкін мұның да пайдасы тиіп қалар.
Мистер Борк, бұл қаншама ауыр болса да айтуым керек. Сізге
осындай ұсыныс жасап отырғаным үшін алдын ала кешірім өтінемін.
Бірақ, қазір маған шегінер жер жоқ. Сіздің алдыңыздағы айыбымнан арыла алмайтыным белгілі, сондықтан енді маған бәрібір.
Менің айтқалы отырғаным, керек болса, Ордокты сізбен оңаша
сөйлестім дегені үшін өтірік айтты деп айыптауға болады. Бұл
әңгіменің ешбір куәгері жоқ және болуы да мүмкін емес. Сіз онымен телефон арқылы сөйлестіңіз. Мүмкін мүлдем сөйлеспеген
шығарсыз, сөйлескен күнде де басқа нәрселер туралы айтқан боларсыз. Бұл – оның, Ордоктың өз тәсілі. Масқараға масқарамен жауап беру керек. Бұл әңгімені ешкім жазып алған жоқ. Мен мұны
анық білемін. Бұған мен кепіл. Мұны өзіңіз шешіңіз. Егер бүйтуге
де болады деп тапсаңыз, халықтың алдында оның айтқанын жоққа
шығаруды өзім ұйымдастырамын. Ақпарат құралдары мұндай
жемтікке өздері-ақ үймелейді.
Бірақ, әрине, күрестің басқа да жолдары бар. Егер Сіз, мистер
Борк, Филофейдің ойлары дұрыс екендігіне анық сенімді болсаңыз,
және ақиқат үшін өз пікіріңізді қорғап қалуға бел бусаңыз, онда
мен, өз кезегімде, сізбен бірге ақырына дейін баруға әзірмін, әрине,
бұл орайда менің тек қосалқы міндет атқарарым белгілі ғой. Сіздің
атқосшыңыз болуға жарар едім деп ойлаймын. Ал, егер Сіз жалтарудан бас тартсаңыз, онда ашық шайқасқа шығуыңызға тура келетіні
күмәнсіз.
Жағдай былай қалыптасып отыр, қазіргі сәтте Сіз майдандағы
жалғыз жауынгер, жеке батыр болып тұрсыз, ғарыш тақуасының
жағына ашық шыққан, оның ақырзамандық тұжырымын қуаттайтын
Шыңғыс Айтматов
бүкіл планетадағы бірден-бір адам өзіңіз болуыңыз да ғажап емес.
Сайлау алдындағы митингіде, Ордокты бір адамдай қолдаған
«біртұтас халық майданында» болған жәйттен кейін Филофейдің
ашқан жаңалығын қолдап пікір білдіруге ниет етуі ықтимал
азшылықтың өзі де ауыздарын жауып, үндемей қалары кәміл. Ал,
халықтың көпшілігі…»
«Құдай үшін, тек факсті өшіре көрмеңізші!!!
Сонымен, мистер Борк, митингідегі сайлаушылардың ауанына
қарағанда, халықтың басым көпшілігі, өкінішке қарай, еліміздің
бүкіл тұрғындары болуы да ғажап емес, Кассандра таңбасын
анықтау жөніндегі ғарыштық тәжірибеге қарсы. Адамдар кассандра-шараналар туралы естігісі де, білгісі де келмейді, әйелдер
бақылау-сәулесі арқылы өздерін әлдекімнің тексергенін қаламайды.
«Альфа-Бейсболдағы» митингіде болған оқиға туралы хабарды
барлық ақпарат агенттіктері таратып жатыр. Осының арқасында
Ордоктың танымалдығы барлық штаттарда күрт көтеріліп кетті.
Қазір ол осы табысының ізін суытпай, адам құқығын қорғаудың
мызғымас күзетшісі, әйел-ананың ежелден бері келе жатқан қасиетті
мәртебесіне кіршік келтірмейтін қырағы сақшы болып, қайда –
мейлі Жерде, мейлі ғарышта болсын – неше түрлі Филофей сияқты
арандатушыларға қарсы аяусыз күрес ашатыны туралы мәлімдеме
жасап үлгерді. Сіздің фотосуретіңізді, мистер Борк, дәл қазір барлық
телеарналардан көрсетіп, тиісті түсіндірме беріп жатыр. Мәскеуден
Филофейдің де суреті табылыпты, оны да көрсетуде.
Мен мұны Сіз тек телефондарды ғана емес, теледидарды да
ажыратып тастаған болар деп пайымдағандықтан жазып отырмын.
Әлгі митингідегі жанжалдың салдары қандай болғанын, ендігі оқиға
қалай өрбіп бара жатқаны туралы біліп отыруыңыз керек. Бұл үрдіс
барған сайын күшейе бере ме деп қорқамын, өйткені, ол бақылаудан
шығып кеткен…»
«Құдай үшін, тек факсті өшіре көрмеңізші!!!
Сонымен, мистер Борк, бұл үрдіс бақылаудан шығып кет-
Тау құлаған
кен, сондықтан, менің ойымша, Сіз ең алдымен, өзіңіз үшін – бұл
жағдайда қандай ұстанымды басшылыққа алып, қандай іс-әрекетті
таңдап алатыныңызды шешуге тиіссіз. Өйткені, «Тұқым-тек қорын
бақылауға алу» деген атау да беріліп қойған жәйтке қарсы жаппай наразылық білдіру де басталуы ықтимал. Егер Сіз «Трибюн»
газетіне арнап мақала дайындап жатсаңыз, оны редакцияға өзіңіз
апармай, факспен бе, телекспен бе жөнелткеніңіз жөн немесе
біреуден беріп жіберіңіз, әйтпесе, менің естуімше, редакцияның
алдында қолдарына плакат ұстап, өз талаптары мен ұрандарын дуылдаса айғайлап тұрған ереуілшілер жүргенге ұқсайды. Олар газет
ғимаратын тәулік бойы күзетеміз дейтін көрінеді. Мұндай жағдайда
полицияның елірген тобырды ауыздықтай алмауы да ғажап емес.
Кешіріңіз, бұл жаңалығым жайсыз тиген де шығар.
Тағы да қайталаймын: Сіз майдан даласындағы жалғыз
жауынгерсіз. Филофей – ғарышта, қарсыластары оған қол жеткізе
алмайды, бірақ оның өз одақтастарымен тізе қосып, белсенді түрде
әрекет етуге мүмкіндігі жоқ. Қандай жолды таңдап аларыңызды
өзіңіз шешіңіз.
Сіз мәселенің ішкі мәнін түсінбеген немесе өздерінің бір
сәттік мүддесі үшін түсінгісі келмеген, болашаққа түкіріп қойған,
бұл өмірге уақытша ғана келген әлдекімдер сияқты емес, бұл
жаңалықтың маңызын бірден түсініп, қолдау білдірдіңіз. Сіз
жалғызсыз, мұның өзі де тек жалғыз адамның атқаратын міндеті.
Мәртебесі биік жетістікке жету көбінесе жалғыздардың несібесіне
жазылатыны неліктен екенін мен білмеймін. Қалай болғанда да өзім
Сізбен біргемін, мүмкіндінше Сізге жәрдемдесіп, қолымнан келгенін істеуге дайынмын, алдында жазғанымдай, мен бұған Ордокқа
Филофейдің жаңалығы туралы нақ Сізбен сөйлес деп ұсыныс
жасағаным үшін өзімді Сіздің алдыңызда кінәлі сезінгендіктен
ғана емес, ең алдымен, Филофейдің ойлары өзімнің де көкейіме
қонғандықтан, оның және Сіздің адамзаттың болашағына шын
жүректен алаңдаушылық танытқандарыңызға риза болғандықтан
бармақпын. Мүмкін осы сәтке дейін адамзат адасып келген шығар,
Шыңғыс Айтматов
ал, қазір өз-өзімізге: не пиғылыңды түзе, не әлдеқашан өліп біткен
мамонттар тәрізді палеологиялық дәуірге қайта оралуға дайындала
бер дейтін уақыт жеткен болар.
Кешіріңіз, мына парақ тағы да таусылып қалды!»
«Құдай үшін, факсті өшіре көрмеңізші. Мен әлі бәрін айтып болған жоқпын… Мистер Борк, кешіріңіз, істің мәніне
көшуге тырысайын. Меніңше, ертеңгі – жоқ, ендігі басталып та
кетіпті ғой, бүгінгі күн талай нәрсені анықтауға тиіс. Қазірдің
өзінде шулы хабарлар мен қауесеттер қарқынды түрде таралып жатыр. Осы дауылдың ығында кетпей, оған қарсы тұра
алатын бірден-бір нәрсе – Сіздің сөзіңіз, Сіздің көзқарасыңыз,
Сіздің сеніміңіз бен дәлелдеріңіз болмақ. Қалай әрекет етпексіз?
Баспасөз мәслихатын өткізесіз бе? Егер олай болса, мен оны
ұйымдастыруға атсалысуға, Сіздің қолғанатыңыз болуға дайынмын.
Одан әрі. Сізге, Ньюбериге таңертеңнен бастап тілшілер аттанатын болады, олар ескертусіз келуі де мүмкін. Егер олармен кездескіңіз келмесе, көрнектілеу бір жерге ешкімді көргіңіз
келмейтінін және өзіңізді мазаламауды өтінетініңіз туралы хабарландыру жазып, іліп қоюды ұмытпаңыз.
Мен Ньюбериде, гольф-клубта, қала сыртындағы саябақта
болғанмын. Мен тұратын Ридингтен ол жерге жарты сағатта баруға
болады. Қаласаңыз, жағдайды талқылау үшін Сіздің үйіңізге
келейін. Осыған байланысты Сізге өзімнің мекенжайымды қоса
жолдап отырмын.
Мистер Борк, түнгі сағат үштен асып кетіпті. Ал, мен өзімнің
факс арқылы жолдаған осы хаттарымды көре қалсаңыз, оқитын
шығарсыз деген үмітпен әлі де толассыз жазып отырмын. Сізге айтар сөзім өте көп! Әлемде болып жатқан оқиғалар, тіптен, күнделікті
баспасөзден оқып жүрген жәйттердің өзі де өркениеттің дағдарысқа
ұшырап отырғанын көрсетеді. Осындай жағдайда өмірге сәбидің
келуінің өзі мина төселген алаңға шыққанмен бірдей. Бірақ, сол мина
төселген алаңның өзі қайда орналасқан: адамдардың ниет-пиғылы
Тау құлаған
мен іс-әрекетінде ме, әлде әлемдік ілімдердің қатпар-қойнауында
ма немесе күнделікті тіршіліктің өзінде ме – мұны нақты айтып,
саусақпен шұқып көрсету мүмкін емес.
Жаңа ғана теледидардан көрсетті: Мәскеудегі Қызыл алаңда
– Ресейде болғанымда мен де сол жерде қыдырғанды ұнататын
едім – жантүршігерлік оқиға болды. Ереуілге шыққан екі жақ
қақтығысып қалды: біреулері Әскери-өнеркәсіп кешенін қайтадан
қалпына келтіруді, екінші жақ – конверсияны қолдайды. Қақтығыс
кезінде бір жап-жас қыз өзіне-өзі қол жұмсап, қаптаған халықтың
көз алдында өртеніп өлді. Қараудың өзі қорқынышты. Тілшілер бұл
қақтығысқа әлгі қызбен бірге келген студент жігіттің қолындағы
плакатқа жазылған ұран түрткі болды деп түсіндіріп жатты. Әлгі
плакатта… Қазір жалғастырамын… Бұл парақ та таусылып қалды».
«Құдай үшін, факсті өшіре көрмеңізші, Қызыл алаңда не
болғанын айтып беруім керек…
Мистер Борк, мәселе мынада, сол плакатта: «Адам өмірге
қару-жарақ жасау үшін келмейді!» – деп жазылыпты. Әрине,
мұндай мәлімдеме Ресейде «қорғанысшылар» деп аталатын, мемлекет пен қоғам, қысқаша айтқанда, тағдырдың өзі – құмалақтай
қорғасын оқтан бастап («қорғанысшылар» шығаратын мұндай
оқтың жалпы санын әлемдегі халықтың санына шақсақ, адам
басына жүз оқтан келеді екен) дыбыстан жылдам ұшатын
ұшақтарға, алғашқы бұйрық берілісімен-ақ құрлықаралық зымырандарды ұшыруға дайын тұрған, күн демей, түн демей мұхит
түбін күзеткен атом сүңгуір қайықтарына дейін адам баласын
қырып-жоятын құралдар шығаратын әскери өнеркәсіп саласынан
жұмыс тауып беріп отырған адамдардың ашу-ызасын туғызған.
Әлгі озық ойлы студент бұл – қыруар қаржы мен уақытты текке кетіру деп есептегенге ұқсайды. Біздің Америкадағы Әскериөнеркәсіп кешені де нақ осылай бағалануға тиіс. Ол да өз қызметін
қорғаныс тұрғысындағы мүдделер арқылы ақтай отырып, өзіміз
сияқты адамдарды қырып-жоятын қару-жарақ шығарумен айналысады.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Кассандра Таңбасы - 11
  • Büleklär
  • Кассандра Таңбасы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3785
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2032
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3899
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3756
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3675
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2059
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3767
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2003
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3745
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1985
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2127
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1292
    40.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.