Latin Common Turkic

Кассандра Таңбасы - 09

Süzlärneñ gomumi sanı 3675
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
егер Филофей екеуіңдікі дұрыс болса, егер өзің осыған шын сенетін
болсаң, онда ештеңеге қарамастан, бүкіл халықтың алдында
шындықты дәлелдеуге сенің де хақың бар.
– Міне, қазір өте дұрыс айтып отырсың, Джесси, тек қана солай – бүкіл халықтың алдында сөйлеу керек. Бұл туралы ойлап
та қойғанмын. «Трибюн» газетіне мақалам жарияланғаннан кейін
ізінше баспасөз мәслихатын өткізбекпін. Одан әрі не болатынын
көре жатармыз. Мақаланың денін жазып қойғам, компьютерімде
тұр, бірақ бүгінгі митингіден кейін көп нәрсеге көзім жетті, талай
жәйтті жаңа қырынан байқадым, меніңше, бұл Филофейдің ойы
дұрыс екенін дәлелдей түседі. Мақаламды әлі де толықтырып,
пысықтап, күшейте түсуім керек. Алаңдама, мен өз міндетімді
аяғына дейін атқарып шықпай ешқайда кетпеймін. Филофейдікі
дұрыс, мен соны дәлелдеп беремін.
– Олай болса, уақытты текке өткізбейік. Өзің де түсінесің. Бар
күшімізді жинауымыз керек. Бұл – соғыс. Мен солай деп есептеймін,
Роберт. Нағыз соғыстың өзі!
– Келісемін. Бірақ, бұл – қарсыласымыздың, дұшпанымыздың
жеңісі үшін жүргізілетін соғыс, ақыр соңында ол өзін-өзі жеңіп
шығуға тиіс. Мен әлгі залдағы ду қол шапалақтаған адамдарды айтып тұрмын. Бұл соғыстың мәні сонда, Джесси.
– Түсініп тұрмын. Бірақ, бұл жаныма жұбаныш бола алар
емес. Мұны мойындағым келмейді, дұрысы мойындай алмаймын. Өз-өзімді қинап қайтемін. Кешір мені. Жауың үшін
шайқасып, шартты түрде айтқанда, өзіңді өлтірмек болған адам-
Шыңғыс Айтматов
ды құтқару керек пе? Бұл да христиан дінінің қағидасы ма?
– Асықпа. Бұл тек христиандарға ғана емес, бүкіл адам баласына
қатысты ақиқат. Өкінішке қарай, пәленің бәрі біздің, адамдардың,
саналы тіршілік иелерінің өмірді ылғи бұрмалай беретініміз үшін
жауап беруден қалай да қашып құтылуға тырысуымыздан, бұл үшін
толып жатқан сылтау тауып, ізгілік пен зұлымдықты ажыратып жатпастан және одан еш қорықпастан қайткенде де жауапкершіліктен
бой тасалауға жанталаса ұмтылуымыздан шығып жатқанын ешкім
түсінгісі келмейді. Сөйтіп, басқаша емес, тек осылай ғана өмір
сүруге болады деп өз-өзімізді сендірмек боламыз. Әлгі сайлау
алдындағы митингі де айналып келгенде осылай болып шыққан
жоқ па?! Жер бетінде адамдардан басқа зұлымдық иесі жоқ. Бірақ,
әркім де оны өзінен емес, өзгеден көреді, өз бойында, өз тобында,
табында, ұлтында, мемлекетінде, одан әрі – нәсілінде, дінінде, идеологиясында зұлымдық деген жоқ, одан ада… Сөйтіп өмірдің өзі
зұлымдықпен ұласып кете береді. Енді, міне, шараналардың өмірге
келуден бас тартуына келіп жеттік. Тоқта! Бұдан әрі барар жол
жоқ! Бұдан әрі тұқым-тектің бұзылуы мен азып-тозу ғана қалады!
Осының бәрі адамзатты құртып тынады, барған сайын құлдырап
бара жатырмыз, технологиямыз жетілген сайын адасуымыз бен
арсыздығымыз, ізгілікті табанға салып таптау күшейе түсуде. Филофей бұзыла бастаған тұқым-тек оркестрінің бір ғана ішегін шертіп
қалып еді, қанша адам қарсылық білдіріп, өре түрегелді!..
– Ой, Роберт, жетер осы! – деп күбірледі Джесси. – Бұл сөзді
жұрттың бәрі естуі үшін халықтың алдына шығып айтпайсың ба.
Екеуі де үнсіз қалды. Джесси ұстамдылық танытуға қаншама
тырысқанымен, қыстығып, тағы да көз жасына тұншыға бастады:
– Кешір мені, Роберт, әлі есімді жия алар емеспін, жаңағы
көргеніме қатты қорландым, – деді ол солқылдап. – Тобырдың
топастығынан жаным жаншылып, жиіркенгенім соншалық, бейне бір сен екеуміз түгі қалмай өртеніп кеткен орманның арасында жүрген секілді сезініп тұрмын. Түп-түгел өрт жалмаған
Тау құлаған
– ағаштардың діңі, бұтағы, жапырағы – бәрі өртеніп кеткен,
орманның орнында тек қап-қара болып күйіп кеткен қу медиен
дала жатыр, одан басқа ештеңе жоқ, бәрі өлген, бәрі қап-қара күйік.
Енді не болады? Не болады? Әйтеуір бірдеңе болатын шығар! –
деп күбірледі ол.
Борктың әйелін жұбатқаннан басқа амалы қалмап еді. Оның
бүйтіп күйзелгенін ешқашан көрмеген екен. Әрқашан жинақы
жүретін, үнемі бір жаққа асығып тұратын, күйеуіне қарағанда
әлдеқайда жаңашыл ол бүгін Ордоктың арсыздығына күйініп, жаны
қиналып отыр.
Дегенмен, дереу іске кіріспесе болмайтыны, уақыттың өте тығыз
екендігі туралы ескерткен кезде ол сәл серпіліп, есін жиғандай болды.
– Мен сені түсініп тұрмын, Роберт, – деді ол өзін-өзі күштеп.
– Кабинетке барып, жұмысыңды істей бер. Мақалаңды аяқтап
таста. Қаласаң, ас үйге барып кофе іш, немесе әкеліп берейін.
Тек жұмысыңды істеші. Ал, мен қонақ бөлмеге барайын. Музыка ойнағым келіп тұр. Шостаковичті ойнайын. Бесінші симфониясын. Ал, сен жаза бер. Білемін, сенің айтарың жеткілікті. Сосын
ешкімге телефон соқпашы, өтінемін. Телефонның бәрін ажыратып
тастағанмын, үшеуін де. Қоспай-ақ қой. Бар енді. Мен төменде боламын, музыка саған естілмейді. Есік-терезені жауып қоямын.
VІІ
Дегенмен, қонақ бөлмеден шыққан музыка үні ауық-ауық естіліп
тұрды. Сызылған виолончель дауысы сол түні Борктың есіне бұл
әлемде көрге кіргенше өзімен бірге тағдыр бөлісетін әйелдің бар
екенін салған еді. Кім біледі, мүмкін содан кейін де екеуінің жаны
бір-бірінен ажырамай, бүгінгі ұйқысыз түнде ыңырана өксіген
виолончель үнін үнемі естіп тұратын шығар…
Монитор бетінде ертеңгі газетке арналған мақаланың жолдары
Шыңғыс Айтматов
тізбектеліп түсіп жатыр, сол түні компьютердің алдында отырып,
ол мұхиттағы киттердің ауыр дем алғанын тағы да естіді. Енді
қайда бет алды екен олар? Демек, жер бетінде тағы бір жайсыздық
болғаны ғой?! Адамдар тағы не бүлдірді екен? Таудай-таудай
толқындар бір көтеріліп, бір басылады, бұрқырай қайнаған теңіз
суы мұхиттың бойындағы қуатын сарқа жұмсап, әрі қайтадан
толтырып тұрғандай көрінеді, киттер тоқтаусыз жүзіп барады.
Көп ұзамай өзі де солардың арасынан бір-ақ шықты. Қараңғыда
толқи төңкерілген ұлы мұхит сол сәтте алыс ғарышты да,
мәңгіліктің біртұтас құрылымына сәйкес, анасының құрсағында
пайда болған жаңа жан иесін де қамтыған мұның сөздерін тізіп
жатқан компьютер экранында жылт-жылт еткен жарықпен
ұласып кеткен болатын, сол мұхитта жүзіп келе жатып бұл жер
бетіндегі барша тіршілік атаулының даралығы мен бірлігінен
көрініс тапқан, баршаға ортақ, әрі әркімге дара Ғаламдық рух
бейнесіндегі мәңгілікті түсінуге ұмтылды… Экран бетінде бірінбірі қуалаған жолдар біртұтас мәтін түзіп жатты: «Кассандра
таңбасы өздерінің саясатқұмар мақсатына жетуге жанталасқан
кейбір шешендердің бізді сендіруге тырысқанындай масқара да,
қорлық та емес, ол – апат дабылы, адамдар бұрын білмей келген,
аса ауқымды тұрғыдан алғанда байқала бермейтін, сондықтан
адамзат үшін қатерлі болып табылатын әлеуметтік-биологиялық
сипаттағы сұрапыл апат туралы кенеттен берілген әлсіз ғана дабыл
белгісі. Филофей ашқан жаңалық біздің санамыздың тұқымтек деңгейінде бұзыла бастағанын, оның қанша ұрпақ ауысса
да, Әлемдік рухтың мұраттарына кереғар түрде өмір сүріп келе
жатқан адамның өзінің кінәсінен бұзылып отырғанын көрсетіп
берді. Мұның қасіреттілігі мынада, біз кассандра-шараналардың
тіршілік үшін күресуден бас тартуының себептерін білуден
қашып, бұдан барынша жалтаруға тырысып жүргенімізде, сайлау
алдындағы кездесуде осының айқын көрініс табуына куә болдық.
Өмір сүруге деген ұмтылыстың сарқылуы – әлемдік өркениеттің
Тау құлаған
өшуі деген сөз. Ақырзаман дегеніміз де осы. Басқаша айтсақ,
ақырзаман біздің өз бойымызда екен. Аса сезімтал түйсігі бар
кассандра-шараналар осыны сезіп, өздерінің өмірге келуден
қорқатынын бізге екіқабат әйелдердің маңдайындағы Кассандра
таңбасы арқылы білдіріп отыр, мұны әлемдік компьютердің
экраны десе де болады. Біз Кассандра таңбасынан емес, тұқымтектің қыртыс-қатпарларына жасырынған осы бір ақырзамандық
өзгерісті туғызатын себептерден қорқуымыз керек… Біз сұмдық
қателік жіберіп отырмыз… Филофей арандатушы емес, ол –
ғарышта жүрген әулие…»
Сол сәтте Борк шалқар мұхитта кеудесінен кері итерген
толқындарды елең қылмастан, ерен қайратпен алға жүзген киттердің
дем алысын естіді, олардың жолындағы телегей-теңіз мұхит суының
компьютер экранындай жарқырап жатқанын да көрді…
***
Ал, Қызыл алаңда сол бір түн ортасы ауған шақта әйгілі Спас
мұнарасындағы сағаттың тілі жапалақтың уақытына – түнгі үшке
таяп қалған болатын. Жапалақ Кремль куранттарының жалпақ
дүниеге жар салып, үш рет соғар сәтін күтіп отыр еді, сонда ол
үйреншікті орнынан ұшып шығып, мұнараның басынан төмен
қарай, бұдыр-бұдыр тас төселген алаңға жеткенше құлдилап, содан
кейін Кремль қабырғасын бойлай ұшып, әдеттегідей сыбдырын
шығармастан Қызыл алаңды, кесененің төбесін бірер айналып, бұл
өмірде не болып жатқанын аңдау үшін жан-жағын түгел шолып
шығады. Жапалақ бұл жолы да бәкене бойлы екі елесті күтіп еді,
олардың тағы да не туралы айтарын жасырын тыңдауға жаны
құмар. Ал, осы жолы олардың әңгімесіне өзек боларлық мәселе де
бар болатын, болғанда қандай! Өйткені, осының алдында Қызыл
алаңда бір ерекше оқиға болып еді. Мұндайды ұзақ өмірінде талай
жәйттің куәсі болған жапалақ та көрмеген болатын, тіптен мұндайды
көремін-ау деп қиялдаған да емес.
Бірақ, екінші жағынан, ақыл-есі дұрыс адамдардың өздері де
Шыңғыс Айтматов
көңілге конатындай етіп түсіндіріп бере алмаған сол оқиғаны Спас
мұнарасын мекен еткен, әлде құс, әлде елес, өзі де аруақтарды көріп,
сөздерін ести алатын жапалақ байғұс қайдан түсінсін.
Бәрі де сол бір күздің күні түс әлетінде, Әскери-өнеркәсіп
кешенін қорғауға арналған митинг өткізу үшін қаптаған халық
Қызыл алаңға ағылған кезде басталған болатын. Журналистер
жазып жүргендей, қайта құруға байланысты әскери өнеркәсіпті
бейбіт мақсатта пайдалануға арналған конверсияның күшіне енуі
белгілі бір топтың арасында наразылық тудырған, олар: «Әскериөнеркәсіп кешенін басқа бағытқа бұруға жол бермейміз, сонда ғана
үстем державаның бұрынғы қуатын қайтадан қалпына келтіруге
болады»,– деп даурығыса бастаған. Ия, бұл пікір енді тұтана
бастаған ормандағы өрттің танауды бітеп, қолқаны қапқан күйік
иісіндей, ауаға жайыла бастап еді. Міне, орман да өртене бастады,
бұл қару-жарақ сатуды, милитаристік мемлекеттің негізі – Әскериөнеркәсіп кешенін қайтадан жаңғырту керектігі туралы қоғамдық
пікір туғызуға жанталаса ұмтылған әлдебір күштердің, ұлтшылдықесіріктенуді қоздырушылардың әрекетінен туындаған нәтиже
болатын, олардың айтуынша, бұлардың түбіне қайта құрудың
тасасында жатқан былық-шылық пен тасада тұрып алақанын
ысқылаған Батыстың мүддесін көздейтін радикал-демократ деп
аталатын залымдар жеткенге ұқсайды.
Қызыл алаңға жан-жақтан ағылып келіп жатқан адамдар легі
толастар емес. Митингіге жиналғандардың көпшілігі бұрын «пошта
жәшігімен» және құпия нөмірлермен ғана белгіленетін «жабық»
қалалардан келген адамдар болатын. Конверсия барысында құпиясы
ашылған осы «жәшіктерден» ұжымдасып жолға шыққан адамдар
Мәскеу вокзалдарына келіп түсіп, лек-легімен орталыққа қарай
шеру тартып, кей жерлерде автомобиль жолдарын жауып тастады.
Оларға Мәскеудегі «қорғанысшылар» мен ұлтшыл-патриоттар,
Сталинді аңсаған зейнеткерлер және басқалар келіп қосылып
жатты. Шеруге шыққандар өткен заманның кейіпкерлері сияқты еді,
Тау құлаған
олар басына тиген ауыр соққыдан енді ғана есін жиғандай көрінеді;
жақында ғана осы көшелерде лағынет айтылып, қарғап-сіленген
қандықол диктаторлардың қайта тірілген портреттерін бастарынан
асыра көтеріп алған.
Шеру тартушылардың саны біртінде өсе берді, Әскери-өнеркәсіп
кешенінің жықпыл-жықпылында жұмысқа жарамды қанша адамның
еңбек етіп келгенін осының өзі-ақ көрсетіп тұрғандай. Жарты әлемді
қару-жарақпен қамтамасыз етіп келген олар, аяғының астындағы
тұғырының шайқалып кеткенін енді ғана байқады – егер өндірісті
бейбіт бағытта қайта құрмаса, конверсияның кесірінен бәрі де
жұмыссыз қалмақ. Сондықтан, алған бетінен қайтпауға бекінген…
Бұл көктемгі су тасқынын еске салатын, құтырынған сел тасқыны
ағаштарды түбірімен қопарып, үлкен-үлкен қойтастарды, үйлердің
жұлынған шатырларын өзімен бірге ағызып әкетуші еді ғой, оны
тоқтата алар күш те жоқ. Осы сәт көшедегі тобырдың шеруі де сол
тасқынға ұқсап кетті, бұлар да өздерінің «түбірімен қопарылған
ағаштарын, қойтастар мен жұлынған шатырларды» әкетіп бара
жатыр – «Конверсия тоқтатылсын!», «Әскери-өнеркәсіп кешенін
талан-таражға салуға жол бермейміз!», «Даңқты Әскери-өнеркәсіп
кешені жасасын!», «Держава – бәрінен қымбат!», «Мемлекетке
қарсы реформалар жойылсын!», «Танк – тұрақтылық кепілі»,
«Қару-жарақ – валюта көзі!, «Әлемдік қару-жарақ рыногында
бәсекелестікке түсуге кедергі келтірмеңдер!», «Жанталаса қарулану
туралы көпірме көп сөзді доғарыңдар!» деген ұрандар мен талаптар
жазылған плакаттарды көтеріп алыпты, олардың арасындағы:
«Пошта жәшіктерін қайтарыңдар!», «Пошта жәшіктерінде өмір
сүріп, еңбек етуді қалаймыз!», деген ұрандар бұл атаулардың сырын
білмейтін адамға мүлдем түсініксіз болатын; тіптен, «Пацифистер,
кешігіп қалмай тұрғанда үндеріңді өшіріңдер!», «Бізді тұралату
үшін қырғиқабақ соғысты әдейі тоқтатып отыр!», «Танктен
кастрөл жасауға жол бермейміз!» деген ұрандар да болды; ақыр
аяғында, «Күш-қуат пен ұлттық байлықтың көзі – қару-жарақ
Шыңғыс Айтматов
шығару жасасын!», «Елді жұмыссыздық жайлауына, ақыл-ойдың
басқа елдерге көшуіне жол бермейміз!», «Техникалық прогрестің
қозғаушы күші – қырғиқабақ соғыс жасасын!», «Опасыз гуманистер
жойылсын!» деген сияқты басқа да осы мазмұндағы ұрандар көп
болатын, бір жақсысы, қағазға не жазсаң да көтере береді, бірақ,
бұл сөздердің әсерінен талай адамның басы айналып, есіріп шыға
келетіні бар.
Державаның әскери басымдығы қажеттігі туралы ауыз
жаппайтын, өздерін державашылдар немесе мемлекетшілдер деп
атайтын саясатшылар мен сауда-саттықтағы жетекші орынды жаулап
алуды ұлт мүддесі үшін Құдайдың өзі қолдау білдіріп отырған ізгі
мақсаттағы әрекет деп санайтын, ең бастысы – талайларды тәнті
етіп, миллиардтаған доллармен есептелетін таза пайда табамыз,
сол миллиардтардың үштен бірі жер-жерлердегі қарапайым
өндірушілердің қалтасына түседі деп уәде беруден жалықпайтын
халықаралық қару-жарақ саудасын ұйымдастырушылардың және
бұқаралық ақпарат құралдарында отандық қару-жарақтың даңқы
мәңгі өшпейтіні туралы әсіреңкі науқанды бастаушылардың
қалағаны осы ма, жоқ па – бірақ енді олардың бірде-бірі бұл
тасқынды тоқтата алмайтын еді, олардың өздері де сол тасқын
ағызып әкетіп бара жатқан жаңқаға айналып кеткен…
Қызыл алаңда лық толған халықтың теңселіскен бастары желді
күнгі қоғадай толқып тұр. Алаң толы мыңдаған адамдар, әлі де тұстұстан ағылып келіп жатқандардың көптігі сонша, алаңның өзін
созып-созып кеңітіп жіберген сияқты, «Әскери-өнеркәсіп кешені!»,
«Ва-лю-та!», «Кремль – біздікі!» деген ұрандар аспан астын
жаңғыртып тұр.
Бұл жиынды тікұшақтардың көмегімен жоғарыдан бейнетаспаға
түсіріп алып жатты, соның өзінде жанартау атқылағандай осы
ауқымды көріністі түгел қамту мүмкін емес болатын. Дыбыс
күшейткіш құралдар арқылы кесененің үстіндегі мінберден
айтылған сөздерге ұйыған жалпы митингімен қатар, алаңның
Тау құлаған
әр тұсында өз ұрандары, өз портреттері, өз сөздері бар шағын
жиындар өтіп жатты. Орта тұста фидельшілер жиналған екен, мұны
олардың қолдарындағы көсемдерінің портреті мен жазып алған
ұрандарынан байқауға болады: «Фидель – біз сенімен біргеміз!»,
«Социализм немесе өлім!». Тобыр өзінің қол ұстасып, ұрандай
айғайлаған сөздерінің екпінімен секіріп-секіріп қояды: «Социализм
немесе өлім!». Тарихи мұражайдың алдында саддамшылар тұр.
Бұлар да өз ұрандарын ышқына айғайлап жатыр: «Саддам, сен
біздің бауырымызсың!», «Саддам, сен біздің бауырымызсың!».
Енді біреулер жұдырығын түйіп, әр айғайлаған сайын қолдарын
көкке білеп, айбат шегеді: «Кадда-кадда-Каддафи! Кадда-каддаКаддафи!»
Алаңда ұзақ жылдар бойы қару-жарақ сатып алып келген елдерді
жақтайтындар дуылдасып тұрған, олар Қытайдың, Иранның,
Пәкістанның, Үндістанның, Солтүстік Кореяның, әсіресе Арабия
мен Африка елдеріндегі сатушы-сатып алушылардың құрметіне
ұран салуда. Әрине, аумағы мен демографиялық жағдайы бойынша
алдыңғы орынды Қытай иемденетіні түсінікті, олар кемеңгер ақын
Маоның «Тауыстың әні» туындысынан: «Винтовка – биліктің анасы!
Винтовка – биліктің анасы!» деген жолдарын еліре қайталаудан
жалығар емес. Ал, сталиншілер болса «Жасасын Сталин!» деген
ұранды қосыла қайталап, генералиссимустың мұқият боялған
портретін бастарынан асыра сілкіп-сілкіп қояды. Осы шуылдың
бәрінен Калашников автоматы асып түсті: «Калаш қолда – Кремль
жолда!» деген айғай басқаларының бәрінен үстем шығып тұр.
Тақырыптан ауытқи қоймағанымен, «Ұшырта атсаң – аспаннан
алмас жауады!» – деген сияқты мағынасы түсініксіздеу ұрандар
да естіліп қалады. Мұны қалай түсінуге болар екен, зымыран
ұшса, ізінше аспаннан алмас төгілетін болғаны ма? Солай ма? Кім
білген...
Осының бәрі жаппай еліру туғызды, әркімнің де күші тасып,
әлдебір екпінді, бәрінің бір мақсатқа жұмылғанын сезініп тұрды…
Шыңғыс Айтматов
Міне, қазір әлдене болуға тиіс, сол кезде барша сезім бұрқырай
атылып, көк аспан қарс айырылады да, Әлгінің өзі түседі, тілектің
қабыл болғанын осыдан біліңіз… Бірақ, ол кім өзі? Өзі, басқа жауап
жоқ! Өзі! Өзі ғана!..
Дегенмен, кесененің мінберінен естілген бас шешендердің
дауыстары салауатты да сенімді естіледі. Қару-жарақ өндірісін
жауып тастаудан экономикаға келетін пайда жоқ, бұл – әлемдік
рынокты байлықтан есіре бастаған Американың қолына беріп
қою деген сөз. Ол да қапы қалатын емес – жыл бойы, тәулік бойы
бір сәт кідірместен қару-жарақ жасауды үдете түсуде, елдің бәрін
қаруландырып отырған сол, демек әлемді бір өзі билемек. Біз одан
кем бе едік? Тағы бір дәлел – конверсияның кесірінен
жұмыссыздықтың көбеюі қуатты әлеуметтік жарылыс туғызуы
мүмкін. Тағы бірі – конверсия елдің аса қуатты интеллектуалды
әлеуетін әлсіретіп жіберетін болды. Тағысын-тағы осы сияқты
нысанаға дәл тиетін сөздер көптеп айтылып жатты. Бұлардың
әрқайсысы жаппай ыза-кектен ләззат алуға әкеп соқтыруда.
Бірақ, екінші күш те бар болатын. Сол сәтте конверсияға қарсы
митингіге жиналған тобырдан тек ОМОН жасақшылары ғана бөліп
тұрған көршілес Манеж алаңында басқа бір митинг өткізіліп, басқа
әңгімелер айтылып жатты.
Бұл жерде басқа жұртшылық, қоғамның басқа бөлігі –
демократтар, реформашылдар, пацифистер және қайта құрудың
басқа да түлектері, жалпы алғанда – бостандық сүйгіштер мен
алуан түрлі либералдар митингіге шығыпты. Бұлар да көп болатын,
адамдардың көптігінен алаңның өзі теңіздей толқып тұрған сияқты,
бұлардың да батылдығы мен екпіні жер жарғандай, өз көзқарасы, өз
үндеулері, өз ұрандары бар. Мұнда да транспаранттар мен плакаттар
жеткілікті: «Әскери-өнеркәсіп кешеніне берілген артықшылықтар
жойылсын!», «Біз Әскери-өнеркәсіп кешені кеілдікке алған аманат
бола алмаймыз!», «Әскери-өнеркәсіп кешені – милитаризмнің
қолшоқпары!», «Әскери-өнеркәсіп кешені – бюджеттің соры!»,
Тау құлаған
«Сталиндік құбыжық жойылсын!» деген сияқты және соған ұқсас
ұрандардың арасында «Әскери-өнеркәсіп кешені – ажал конвейері!»,
«Әскери-өнеркәсіп кешені – партократтардың қарғылы төбеті!»,
«Әскери-өнеркәсіп кешені – халықтың мойнындағы бұғау!» деген
әсіре айыптаулар да кездеседі.
Бұл да Қызыл алаңдағы көрініске ұқсас, тек оған қарама-қарсы
сипат алған.
Мұндағы шеруге шыққандар да өздерінің көсемдері мен
көшбасшыларының портреттерін көтеріп алыпты. Бұл суреттерді
бастарынан асыра бұлғақтатып, барша адам мен көктегі Құдайға
көрсетіп қалуға тырысып жүргендей, егер Құдайдың бар екеніне
сенсе, әрине.
Аспаптарын арқалап біресе бір митінгіге, біресе екіншісіне,
бірде Қызыл алаңға, іле-шала Манеж алаңына жүгіріскен толып
жатқан тілшілер мен корреспонденттер үшін бұл бір оңай табылған
материал болды. Тәжірибелі тілшілердің назарынан елден ерек көзге
ұрып тұрған, басқаларына ұқсамайтын екі плакат та тыс қалған жоқ.
Түрлеріне қарағанда, студенттер сияқты көрінген екі жас – бір жігіт
пен бір қыз қолдарындағы плакаттарын әуелете көтеріп алыпты.
Кейіннен куәгерлердің айтуынша, бұл екеуі топырлаған адамдардың
арасында бір-бірінен алшақ кетпеуге тырысып, анда-санда бірбірімен тіл қатысып қойғаны болмаса, айтыс-тартысқа араласпай,
өз ойларымен болғанға ұқсайды. Жігіттің қолындағы плакатқа қара
бояумен: «Адам өмірге қару-жарақ жасау үшін келмеуге тиіс!» деп
жазылса, қыздың плакатында қызыл бояумен былай деп жазылыпты:
«Егер Кремль жанталаса қарулануды қайтадан қолға алатын болса,
өз-өзімді өртеймін!»
Тобырдың арасында сенделген бұл екеуі шалқар теңіздің ұшықиырсыз айдынында адасқан екі қайық тәрізді болатын, біреулер
бұларға назар аударса, басқалары көзге ілген жоқ, біреулер бұлардың
қолындағы ұраннан әлденені түсінгендей болса, басқалары оқыған
да жоқ: бұған таңдануға болмас, өйткені екі жақта – Қызыл алаң
Шыңғыс Айтматов
мен Манеж алаңында жиналғандардың құлағына неше түрлі
мәлімдемелер мен ұрандар, наразылық білдірулер мен ескертулер,
алаңды жаңғырта айтылған үгіт-насихат пен телегей-теңіз сөз
тасқыны онсыз да жетерліктей құйылып жатыр.
Не дегенмен, болуға тиісті жәйттің әйтеуір бір болары сөзсіз.
Әдетте адамдар есін жинап, ақылға келген сәтте кешігіп қалған
болып шығады, құтырынған тобырдың жаппай еліруі көбінесе
қатерлі оқиғаға апарып соқтыруы кездейсоқтық болып көрінгенімен,
ондай қайғылы оқиғаның болмай қоймайтынына бұдан бұрын талай
рет көз жеткізсе де бәрібір.
Күннің көзі Кремль қабырғасынан асып жығылып, гуілдескен
тобыр ымырт құшағына оранғанына қарамастан, көршілес екі
алаңдағы митингі одан әрі жалғаса берді, дыбыс күшейткіш арқылы
зорайып естілген, жиналғандардың ашу-ызасын одан әрі қоздырып,
желіктіре түскен шешендердің сөздері бұл оқиғаның шарықтау
шегін жақындата түсті. Өзара ымыраға келуді керек деп таппаған
екі алаңдағы тараптардың екеуі де әділетті талап етіп, өкімет
орындары мен халыққа мұңдарын шақты, тек өзінің айтқаны мен
өз көзқарасы ғана дұрыс екендігін айтып даурығысты, тек өздерінің
дәлелдері мен өз қорытындысын қорғап қалуға тырысты, сөйтіп
өз-өздерін қоздырып, бойындағы ашу-ызасын ақтаруға жағдай
туғызатын әрекетке деген сұраныстары өрши түсті. Екі жақтың
қызбалығы қатар өршіді, дыбыс күшейткіштерден өзара бірінбірі айыптау, қорқытып-үркіту, қорлау естіле бастады, әр тарап өзі
үшін жек көрінішті болып отырған екіншісін отан жауларының
жиренішті тобыры деп атаудан тайынған жоқ. Сөйтіп алғашқы
қақтығыстар да басталды. ОМОН жауынгерлерінің қатарынан
сыналап өткен «милитаристер» мен «антимилитаристер» бірінбірі плакаттардың және портреттердің сабымен ұрғыштауға кірісті.
Әйелдер шыңғырысып, еркектер сыпыра боқтанып жүр. Енді олар
жаппай жұдырық жұмсап, тепкілесуге көшті. ОМОН жауынгерлері
оларды ажыратып, араша түсуге қаншама тырысқанымен, түк бітіре
Тау құлаған
алмады, қайта бұл отқа май құя түскендей болды. Әп сәтте жақжақ болып төбелесу басталып кетті, бейне бір бұл адамдар осы сәтті
күтіп тұрғандай, алаңға да осы үшін жиналған сияқты. Құрметті
көсемдердің портреттері мен ұран жазылған плакаттардың пайдасы
көп екен, әсіресе бір-бірін бастан ұруға таптырмайтын қару болып
шықты. Еркек-әйелі, кәрі-жасы аралас жүздеген адамдардың
жаппай шайқасқа кірісуі, ыңыранған, шыңғырысқан дауыстар,
ағылған қан мен сорғалаған көз жасы әр қырынан, әрқилы көрініс
түрінде жердің бетіндегі камералармен және жоғарыдан тікұшақпен
түсіріліп, бүкіл дүниежүзі елдеріндегі телеэкрандардан көрсетіліп
жатты.
Міне, сол кезде әлгі екеуі – жігіт пен қыз қанды оқиғаның қақ
ортасынан бір-ақ шықты. Олардың өз плакаттарын қару ретінде
пайдаланбауы өздеріне сор болып жабысты. Қызыл алаңнан
шыққан «қорғанысшылар» – кәріне мінген патриоттарға жігіттің өз
плакатын әлі де төбесінен асыра көтеріп тұрғаны көздеріне шұқып
тұрғандай көрінді.
– Мынауың не, сүмелек, кімнің көзін шұқымақсың сен, кімнің
басын қатырмақсың?! – деп айғайлады оған тұра ұмтылғандардың
бірі. – Сонда, сеніңше, біз бұл өмірге келмеуіміз керек екен ғой?! Ах,
сұмпайы! – Жігітті жығып салып тепкілеп ала жөнелді, плакаттың
быт-шытын шығарып жыртып тастады. Сол кезде егер Кремль жанталаса қарулануды қайтадан қолға алатын болса, өзін-өзі өртейтіні
туралы жантүршіктірерлік ұран жазылған транспарант ұстаған қыз
оны құтқаруға жүгіріп келді.
Кім біледі, қыздың бұл әрекеті дұрыс болды ма, митингіге
осындай қорқынышты ұран көтеріп келгені несі? Байғұс
қыздың бүйтуіне не себеп болды? Неге осыған барды екен –
жастығы ма, ақымақтығы ма, әлде осыған шын сеніп, әбден
ашынғаны ма? Ақыр аяғында, опыр-топырдың арасында
қорғанысшылар тепкілеп жатқан жігітіне көмекке жүгірер
алдында қолындағы плакатын лақтырып тастамауы қалай? Бірақ,
Шыңғыс Айтматов
ол плакатын тастаған жоқ, жан дауысы шыға айғайлай жүгірді:
– Не істеп жатырсыңдар? Тимеңдер! Қандай хақыларың бар?
Тимеңдер оған! Тоқтатыңдар!
Оны кім тыңдасын. Жігітке бес адам жабылып, өші кеткендей
өршелене тепкілеп жатыр. Осы ұрғандары да жетпей ме, жібере
салуға болады ғой, азар болса көзі-басы көгеріп кетер. Бірақ, бұл
жанжалдың немен аяқталатынын, өзін-өзі ұмытып, есіріп алған
тобырдың тағы не істейтінін кім біліпті?!
Қорғанысшылар қызды да боқтап-боралай жөнелді:
– Ал, сен қаншық, тайып тұр, кәне, әйтпесе өзің де оңбайсың!
Сол кезде адам шошырлықтай дауыспен шыңғыра айғайлаған
бір әйел тап бола кетті:
– Шатақ шығарайын деп жүрген сен екенсің ғой?! Өз-өзіңді
өртемексің бе?! Ой, қараңдар мынаған, қазір мына шатаққұмар
қаншық өртеніп өледі, сонда біздің Кремль күйреп түседі екен! Тура
қазір-ақ! Тұмсығынан бір қойыңдаршы өзін, үйіне қалай барарын
білмей қалсын!
Қызға да жабылып кетті, үстіндегі күрткесі жыртылып қалды.
Бетіндегі қаны сорғалап тұр.
– Тиіспеңдер! Қанішерлер! – деп айғайлады ол шошынғаннан
бетіндегі қанын қолымен айғыздап.
Оның плакатын да паршалап жыртып, табандарына салып таптап тастады.
– Ия, енді қалай? Өз-өзіңді өртейсің бе? Әлде қорқып тұрсың
ба? Не болса соны жазбай тұрып әуелі ойланып алмайсың ба! Ал,
неғып өртенбей тұрсың?
Бәрі де қас қаққанша болған еді.
– Ал, сен маған шырпы шағып, лақтырып көр! – деді қылғына
айғайлаған қыз, тобыр оның бұл сөзіне қарқ-қарқ күліп, мазақ
қылып тұр.
Біреу қалтасынан шырпы шығарып, тұтатпақ болды…
– Кімде шақпақ бар? Ха-ха-ха! Одан да шақпақ шағып ұсын! –
деді тағы біреуі.
Тау құлаған
– Тоқта! Қойыңдар! – деп шыңғырып жіберді таяқ жеген жігіт
әлі де өзін өршелене сабап жатқандардан сытылып шығуға жанталаса тырысып. Бірақ, үлгермеді. Жанған шырпы қыздың иығына барып түсті, үстіндегі синтетикалық күртешесі лап ете қалды.
Бәрі бір мезет қалшиып қата қалды да кері шегіншектеп, сәлден
соң бытырап қаша жөнелді.
Қыз болса отқа оранып, шыңғыра айғайлап, жүгіріп барады.
Қызыл алаң тура тозаққа айналып кеткендей, бәрі қым-қуыт араласып кетті. Тобырдың үрейге бой алдыруы оның қиратып-бүлдіруге
деген құштарлығынан да қорқынышты…
Алаңда бомба жарылыпты, жоқ, біреу өзін-өзі өртеп жіберіпті
деген хабар жиналғандардың арасында әп сәтте-ақ таралып
үлгерді, тіптен одан да сұмдық нәрселер айтылып жатты, кенеттен
бәрін ұмытқан жұрт бірін-бірі таптап, жығылып-сүрініп, айғайлапбоқтап, көшелер мен қысқа бұрылыстарды бойлап қаша бастады,
әлгінде ғана төбелеріне көтеріп тұрған көсемдерінің портреттері
мен жалынды ұрандар жазылған плакаттарды лақтырып тастаған,
енді олардың керегі жоқ, бұрын да керегі болмаған сияқты. Адамдар қорқыныштан есі шығып, өз-өздерінен қашып құтылмақ болады.
Осының бәрі не үшін керек еді, Кремльдің қасында не үшін күні
бойы шуласып тұрды, – өз-өзіне осындай сұрақ қойса, бұлардың
ешқайсысы жауап бере алмас еді. Толқығаннан ба, әлде әзілі ме,
бәлкім шыны шығар, өзін-өзі өртеймін деп қорқытқан қыз жермайға
малып алған білтедей лап ете қалған сәттен бастап уақыттың жаңа
есебі басталды. Лапылдап жанып, айғайлай жүгірген қызды жақын
жерде тұрғандардың бәрі көрді. Қыз сүрініп кетіп құлап түсті.
Соңынан қуған жігіт пен бірнеше ОМОН жауынгері өртеніп жатқан
қыздың үстіндегі отты сөндірмек болып, күртелерімен сабалап жүр.
Бірақ, бұлар кешігіп қалған екен. Жігіт басын қос қолдап қысып,
бүк түсіп отыра кетті. Сол сәт лезде қаңырап қалған алаңға тікұшақ
келіп қонды, шамасы бүгінгі жиынды теледидардан көрсетпек бо-
Шыңғыс Айтматов
лып аспаннан бейнекамераға түсіріп жүрген болса керек. Шуылдай
айналып тұрған қаңғалақтың астынан жүгіре шыққан бірнеше адам
айналадағы ұсақ заттарды шырқ үйірген желден беттерін қалқалап,
қыздың денесін көтеріп алды да, әлгі жігіт пен бір-екі ОМОН сарбазын ертіп, қайтадан тікұшаққа кіріп, лезде әуеге көтерілді. Олардың
бірі осының бәрін камераға түсіріп алуды ұмытқан жоқ.
Қызыл алаңнан көтеріліп ұшқан тікұшақ Спас мұнарасының
күмбезімен деңгейлесіп, одан әрі Тас көпірге қарай беттеді, сосын
Мәскеу өзенінің жағасын бойлай ұшып көзге көрінбей кетті…
Тікұшақпен бірге өздері кәміл сенген идея үшін көзсіз де
қорқынышты құрбандыққа барған әлгі жастардың, олар, шамасы,
студент болса керек, қасіреті де орманның қалыңына жұтылған құс
секілді қаланың қойнауына сіңіп жоғалды… Қиялдың шарықтауы
мен күйреп тынуының мәңгілік серігі – романтика деген шіркіннің
кезекті құрбаны!
Сол күні қаланың орталық бөлігі бүгінгі оқиғаны ұмыта алмай,
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Кассандра Таңбасы - 10
  • Büleklär
  • Кассандра Таңбасы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3785
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2032
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3899
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3756
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3675
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2059
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3767
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2003
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3745
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1985
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2127
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1292
    40.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.