Latin Common Turkic

Кассандра Таңбасы - 08

Süzlärneñ gomumi sanı 3891
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
басым көпшілігі түсінбейтініне күйінішпен көз жеткізді. Атам заманнан бері жасап келе жатқан күнәлары үшін, Құдайдың өзі сыйлаған
өмірді – әркімге едәуір ұзақ мерзімге тарту етілген, бірақ мәңгілікке
созылмайтын, әу бастан Кеңістік пен Уақыт бойынша шектеулі,
аса қымбат та қайталанбас Өмірді лайықты сүре алмағаны үшін
жазаға тартылмай қоймайтыны туралы адам бойындағы айуандық
қорқыныш тағы да алға шықты.
Оливер Ордоктың қазіргі түріне қараудың өзі мүмкін емес еді.
Ордоктың енді өз-өзінің алдында да құны төмендеп, қадірі кететінін
көз алдына елестеткен Борк оқиғаның мұндай беталысын болжай
алмағаны үшін өзін кінәлі сезінді, бірақ Ордокқа бұл жайында
басқаша түрде ескерткен-тұғын.
Іс жүзінде, Ордок өте ыңғайсыз жағдайда қалған еді. Осы
кездесуге оның ешқандай қатысы жоқтай-ақ, мінберде тұрған
ол бейшараны жұрттың бәрі ұмытып кеткен болатын. Айтылған
сөздердің бәрі тек Филофейдің атына ғана бағышталып жатты,
бейне бір бұл митинг Ордоктың құрметіне емес, әлдебір белгісіз
жақта, ғарыш кеңістігінде жүрген Филофейге арналғандай-ақ,
жұрттың назары түгелдей соған ауып кетті. Микрофонға ұмтылған
адамдар президент болудан үміткерге емес, Филофей тақуаға
әлденелер айтып қалуға тырысуда. Ал, үміткер болса, сол күйі
мінберде әлі тұр. Көз алдында бәрі шулы базарға айналып кеткен.
Сайлаушылар мен теледидар көрермендерінің миына Ордоктың
сайлануы қаншалықты маңызды екені туралы ойларды сіңіруге
Тау құлаған
арнап дайындалған нәрселердің бәрі адыра қалды. Спорт залының
төбесіне ілінген күліп тұрған Ордоктың бейнесі салынған ауа
шары да күлкілі, сабынның көпіршігі тәрізді көзге қораш көрінеді.
Әлсіздікке бой алдырып, жігері құм болған оның өзі де абыржып
қалған. Қасына кеңесшілері мен көмекшілері келіп, құлағына
әлденелерді сыбырлап кетеді, бірақ ол мінберде солпиып әлі тұр.
Көз жанарынан ызаға булығып тұрғаны байқалады, бетіндегі
таңбалары жалқынданып құбыла түскен. Бұл оның толық күйреуі,
бүкіл елдің алдында масқара болуы еді.
Митингінің бағыты басқа жаққа бұрылып кетті. Су түбіне батып
бара жатқан бейшараны құтқару үшін тосын әрекет жасалмағанда
мұның аяғы қайда апарып соғарын кім білген. Кенет сахнаға мүсіні
спортшыға келетін бір жас жігіт жүгіріп шықты; әлі де галстугін
жұлқылауын қоймай, сөйлеушілердің кезегін реттемек болып әуреге
түсіп тұрған жүргізушінің қасына батыл басып таяп келді де, оған
әлденені айтып, қолындағы микрофонды жұлып алды. Содан кейін
залға арнап дауыстап былай деді:
– Күтпеген жерден баса-көктеп сөйлеп тұрғаным үшін кешірім
өтінемін. Мен бір мәлімдеме жасамақпын! Бұл өте маңызды!
Айғай-шу бәсеңдегендей болды. Зал бір сәт тыныштала қалды.
Уақытты жоғалтуға болмайтын еді.
– Менің аты-жөнім Энтони Юнгер, – деді сахнаға кенеттен шыға
келген жас жігіт.
«Е, мынау ма, демек, Энтони Юнгер деген жігіт осы болды ғой»
– деп ойлады Роберт Борк.
– Менің атым сіздерге беймәлім шығар, – деді Юнгер. – Мен
де өздеріңіз сияқты осы округтегі сайлаушылардың бірімін.
Сондықтан, өзімнің де сөйлеуге хақым бар екенін пайдаланып
қалмақпын. Оның үстіне, мен мистер Ордоктың командасында жұмыс істеймін, оның кеңесшілерінің бірімін. Назар қойып
тыңдауларыңызды өтінемін. Бұл жиын ғарыштан келген мәселені
талқылау жөнінде пікірталас өткізуге емес, президенттіктен
Шыңғыс Айтматов
үміткермен кездесуге арналған. Сондықтан қазір өзіміздің сайлау
алдындағы талқылауымызды одан әрі жалғастырғанымыз жөн болар, ал, Филофей туралы әңгімені басқа жолы айтармыз, өйткені,
осы бір ерекше жаңалық туралы әлі талай ойланып-толғануға тура
келетін сияқты. Сондықтан келісілген жоспар бойынша әрекет етуді
ұсынамын. Мистер Ордоктан Филофейдің мәселесіне алаңдамайақ, өзінің қорытындылары туралы айтуын өтінейік.
Бұл дер кезінде келген көмек еді. Жанжал басылған сияқты. Энтони Юнгердің батылдығына Борк риза болып қалды. Өзі де оны
шамамен осындай болар деп жорамалдаған. Одан кейінгі болған
жағдайды ешкім де, тіптен Борктың өзі де күтпеген болатын.
Ордоктың да осал еместігін мойындау керек, ол дереу есін
жиып, тізгінді өз қолына алды.
– Ия, сөзімді әрі қарай жалғастырайын, – деді ол, осы сәт
көз жанарында әлдебір от жарқ ете қалды, өзі кенет өзгеріп сала
берді, мұны кілт құбылып шыға келген жүзінен-ақ аңғаруға болатын. Әлденеге нық бел буған сияқты. – Ия, құрметті сайлаушылар,
жаңа ғана Энтони Юнгер айтқандай, мен мұнда өз сөзімді әрі қарай
жалғастыру үшін тұрмын. Бірақ, бұған сәл ғана түзету енгізу керек. – Отырғандарға сынай қарап, сәл үзіліс жасаған ол мұнысын
ізінше түсіндіріп өтті. – Мен нақ осы Филофей туралы айтпақпын,
ия, тура сол Филофейдің өзі туралы, – деп атап көрсетті ол. – Осы
жерде микрофон арқылы сөйлеген адамдардың ойларын әрі қарай
жалғастырып, бізге ғарыштан психологиялық шабуыл жасалып
отырғаны, адамзат тұқым-тегінің қазіргі жағдайы қатал сынға
алынғаны туралы пікірлерді одан әрі дамытпақпын. Бұл жайында
бірінші кезекте айту керек, өйткені, мен сайлаушылардың пікірімен,
халықтың пікірімен өмір сүріп жүрген адаммын. Міне, қазір бәріміз
біргеміз, бұл мен үшін өте маңызды. Осында сөйлеген адамдардың
айтқан сөздері менің де жаныма жақын. Америка демократиясы
үшін ең бағалы құндылық болып табылатын біздің құқықтарымыз
бен бостандықтарымызға ғарыштан адам баласы естімеген шабу-
Тау құлаған
ыл жасалған кезде, өзім де шамамен осылай ойлағанмын. Сонау
ғарышта жүрген Филофейдің біздің өмірімізге қастандық жасап
отырғаны туралы осы жерде айтылған сөз әбден дұрыс, мен мұнымен
толық келісемін. Ол мұны қаласа да, қаламаса да өз басым бұған
мынаны қосар едім: түптеп келгенде ол біздің демократиямыздың
көзін жоймақ. Бұл мүмкін емес сияқты, бірақ солай. Бұл – нағыз
зұлымдық, күллі адамзатқа қарсы арам пиғылмен жасалып отырған
қастандық. Міне, ібілістің сұрқиялығында шек жоқ екеніне сіздер
мен біздер тағы да көз жеткіздік. Әуелі осы тақырып бойынша өзім
әңгімелескен кейбір белгілі, бір қарағанда білікті болып көрінетін
адамдардың пікірін келтіре отырып, өзім де осы жайында айтпақ
болатынмын. Бірақ, сөзімнің екінші бөлігіне, Филофейдің жолдауына өзімнің жеке көзқарасым қандай екенін айтуға үлгермей
қалғанымды өздеріңіз де көрдіңіздер. Осы залдағы адамдардың
айтқан пікірлері менің ойыммен де қабысып жатыр. Мен осыған
ризамын, бұл менің алған бағытым дұрыс екеніне тағы да көзімді
жеткізе түсті. Күтпеген жерден қазіргі қоғамға аса зор қатер төнгені
туралы пікірге өз басым толық қосыламын. Өзін-өзі Филофей
тақуа деп атаған бұл адамның осы әрекеті тұқым-текті зерттеуге
бағытталған сияқты, бірақ, іс жүзінде біздің өміршең рухымызды, өзімізге деген, біздің өркениетімізге деген тарихи сенімімізді
құртуға бағытталған қастандықтан басқа ештеңе емес. Енді мына
жәйтке назар салыңыздар, бұл қастандық тек ғарыштан ғана жасалып отырған жоқ, Филофей өзіне Жер бетінен одақтастар тауып
алған, олардың арасында өзіміз ғылым мен қоғамдық өмірдегі беделі
жоғары деп санап жүрген жекелеген адамдар да бар. Міне, мәселе
қайда жатыр! Бұл адамдар Филофеймен бірге өздерінің сәт сағатын
күтіп отыр, сол кезде олар өздерінің ғарыштық дем берушісін көкке
көтеріп, оның атын жамыла отырып жер бетін астаң-кестең етпек,
біздің өмір сүруге лайықты адамдар екенімізге күмән келтіріп, ең
бастысы – біздің әйелдерімізді масқара қылып, олардың маңдайына
ібілістің белгісі – Кассандра таңбасын баспақ. Ойлап көріңіздер
Шыңғыс Айтматов
– апат пен пәле-жаланың сәуегейі Кассандраның таңбасын! Бұл
таңбаның осылай аталуы тегін емес. Не деген зымияндық ишара!
Біз бәріне дайын тұруымыз керек! Бүкіл ұлтымыз дайын тұруға
тиіс! Үстіне академия киімін киген Филофейдің жақтастары қазірдің
өзінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамдарға ықпал етіп,
оларды ғарыштан жіберілген жалған сәуегейлікке сендіруге тырысып жүр. Мен асыра айтып тұрған жоқпын, сеніңіздер, бұл – күллі
адамзатқа қарсы жасалып отырған қастандық. Мұны тек солай ғана
атауға болады! Міне, құрметті сайлаушылар, мені мазалап жүрген
осы мәселе!..
Зал тек осы сөзді ғана күтіп отырғандай екен. Президенттіктен
үміткердің сөзіне елтіген залдағы жұрт одан көз алмастан қадала
қарап қалыпты. Оливер Ордоктың айтқан сөзі олардың көкейіндегі
күдік-күмәнді тап басып, толық түсіністік тапты.«Альфа-Бейсбол»
спорт залына жиналғандар осы сәт бәрі бірдей дем алып, бір ғана
ұранға – Оливер Ордоктың аузынан шыққан сөзге ғана ұйып
отыр еді. Сөз жоқ, бұл оның жеңісі болатын. Әуелі масқара болып
ұтылғандай көрінген Ордок енді салтанатты жеңіске жетті. Осы
жеңіске бастар жолды дәл тауып, тамаша айлакерлік жасады, өз
бағытын күрт өзгертіп, ғажап табысқа кенелді.
Ордоктың өзі де өзгеріп сала берді. Мінберде қазір ол емес,
мүлдем басқа адам тұрған еді. Жиналғандарға өз сөзінің қалай
әсер етіп жатқанын көрген Ордоктың рухы бірден-бірге көтеріле
түсті. Осы сәт ол өз-өзіне риза болып, іштей тамсанып тұрды,
өзінің зор табысқа жеткенін сезіп, масаттану сезіміне бөленді, сөз
дегенің тасқындай төгіліп жатты; оған қазір өз сөзі осы отырған
адамдардың, әсіресе, бұған сүйсіне көз тіккен әйелдердің нәпсісін
қоздырып, құмарын қандырып жатқандай көрінді, тіптен осы
отырған адамдардың бәрі жынысына да қарамастан, еркектер
мен әйелдер түгелімен бұған беріліп, әрқайсысы тек осыны ғана
көксегендей көрінді, осы сезімнен күш алған бұл арқырай кісінеп,
аузынан жалын шашып, үйірдегі байталдар мен биелердің соңына
Тау құлаған
түскен айғырдай құтырына түсті; әр сөзі бойына қайнаған күш
бітіріп, аңсай күткен, бірақ әлі де қол жеткізе қоймаған іңкәрі – билік
деген арумен тар төсекте тоғысар сәтті күтіп, алдын ала рахатқа
бөленді. Бейне бір бағы замандардан, ормандағы жабайы кезден
бері санасының бір түкпірінде жатқан, өзі сияқты мақұлықтарды
билеп-төстеуге деген құмарлық, өз билігін ешқашан жоғалтпауға
ұмтылған аш бөрінің алапат қуаты қайта оянып кеткен сияқты.
Бірақ билікке қол жеткізудің бал айына барар жолы сөз тасқыны
арқылы өтетін, ағыл-тегіл сөз селі қарсы алдындағы тас қамалды,
қазіргі сәтте – Филофей мен оның әзірше жеңіліс таба қоймаған
жақтастарының ұсынып отырған идеясын тас-талқан етіп күйретуге
тиіс, жиналғандарға ол осы туралы астарлай жеткізіп, оларды өзіне
сөзсіз бағынып, қолын сермеп қалса болды, әлгі қаскөйлерге қарсы
күреске дүрк көтерілуге дайын тұруға астыртын үгіттей бастады.
О, бұл Оливер Ордоктың жұлдызы жанған сәт еді. Жұрттың
бәрі оған бір адамдай тәнті болып отыр, тек экран бетінде бірер рет
жалт етіп көрініп қалған, мінберге жақын тұста отырған бір адам
ғана оларға қосылған жоқ. Энтони Юнгер сахнаның шет жағында
бір қырындап отыр еді, әлдекімнің лақтырған тасы тиіп кете ме деп
қорыққандай басын қос қолдап қысып алған, бұлшық еті бұлтиған
қолының тамырлары адырайып шығып кетіпті, өзін жайсыз сезініп
отырғаны бірден байқалады.
Бұл кезде Оливер Ордок тіке шабуылға шыққан болатын, оның
сөзі залдағылар мен одан тыс жерлердегі адамдардың бәрінің жанды жеріне тиіп, оларды өз дегеніне көндіріп, табысқа біржола жетіп
тынуға бағытталған еді. Ол үшін қазіргі сәт ерекше-тұғын, тұла бойын бейне бір қарсы алдынан жүгіре шыққан, құшағына құлай кетуге
дайын тұрған сүйіктісін сөзбен аймалап, құшақтай қысып, сипалап,
әр жерінен сүйгіштеп жатқандай сезім билеп алды, бұл үшін жедел
де батыл қимылдау керектігін ол осы сәт айқын түсінді.
– Бәріміз қырағылық танытуымыз керек деген кезде, – деп
ескертті ол әр сөзін «Альфа-Бейсбол» залына жиналған халықтың
Шыңғыс Айтматов
жетесіне жеткізе нығарлап, – мен қоғам мүддесін басшылыққа ала
отырып, сіз бен біздің масқараға ұшырап, осы адам естіп-көрмеген
ғарыштық қаскүнемдіктің құрбаны болып кетпеуімізді ойлап
тұрмын. Өйткені, бұл мәселе аса ауқымды болуымен қатар әр адамға,
соның ішінде осында, сайлау алдындағы кездесуге жиналғандарға
да қатысты, – Филофейдің адамзаттың тұқым-тегін өзгертіп, оның
құрылымын бұзуға бағытталған, қоғамда үрей туғызып, адам
бойындағы өміршеңдік негіздерді жоюды мақсат тұтқан планеталық
деңгейдегі сұмдық тәжірибесінен қайтсек қорғана аламыз?!
– Онысы бола қоймас! – деген ашулы дауыстар естілді залдан. –
Біз бұған жол бермейміз!
– Мен де солай ойлаймын, – деп жалғастырды Оливер Ордок. –
Және бұл үшін бар күшімді жұмсайтын боламын. Мені ештеңе де
тоқтата алмайды. Бірақ, ғарыштан төнген қатерді және Филофейдің
алдында мәймөңкелей жүгіріп, жағдайды ушықтыра түсуге тырысатын, қарапайым тілмен айтқанда – таза суды лайлап жүрген оның
жер бетіндегі қызметшілерін қалай, қайтіп залалсыздандыруға болады? Әңгіме адамдар мен тұтас халықтардың тағдыры туралы болып тұрғанда мен жалпыға ортақ үндеу тастаумен ғана шектелетін
ізгі жанды ақсүйек болып қала алмаймын. Филофейшілер мынаны
біліп қойсын, олар қаншама ұшқыр ойлы дәлелдерге сүйенсе де,
біз олардың тұқым-текті желеу еткен апатты аранына құлай кетуге
келісім беріп, дайындық білдіре алмаймыз, бұл мүмкін емес! Атап
айтқанда, мен бір футуролог ғалыммен, ғылыми ортада белгілі,
әлемдік атағы да бар, бірақ іс жүзінде ғарыш тақуасының ең басты
жақтасы, керек десеңіздер, оның идеологиялық нөкері болып табылатын біреумен ұзақ әңгімелескенмін. Бұрынғы Кеңес Одағында
көсемдеріне шын көңілмен қызмет етіп, ол үшін өмірін қиюға дайын тұрған жастарды, қателеспесем, белсенді комсомол деп атаған.
Филофейдің қолшоқпары да соларға ұқсайды, бірақ ол жас емес,
егде тартқан адам, өзі біздің университетте жұмыс істейді, қала
сыртында тұрып жатыр, оның аты – Роберт Борк!
Тау құлаған
Бір сәт тым-тырыс бола қалды, отырғандар дем ала алмай
тұншығысып қалғандай, содан кейін күбірлеген дауыстар тұтас бір
гуілге ұласып кетті: «Роберт Борк! Роберт Борк! Роберт Боркты айтып тұр! Роберт Борк деген біреу!»
– Міне, солай, құрметті сайлаушылар. Әрине, кеше мен Роберт Борктың ғылыми дәлелдерін сыпайылық сақтап тыңдап алдым, содан кейін оның назарын мынаған аударғым келді, – кімнің
де болса тірі адамдардың тағдырын елемеуге хақысы жоқ, ал,
Филофейдің алдына қойған ғылыми мақсаты қандай болса да, ол
біздің өмірімізге баса-көктеп кіріп, оны күйретпек болып отыр, сол
кезде оның Филофейдің өзінен де асып түсуден тайынбайтынын
байқадым. Міне, осындай адамдардың сырты ғалым болғанымен,
ішінде күллі әлемге қарсы бағытталған зұлымдық бұғып жатады
екен! Роберт Борк үшін өзімен әңгімелесіп отырған адамның басын
қатыратын философиялық сандырағы мен ғаламдық ойлары өзімен
бірге күнделікті қатар өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың
тағдырынан әлдеқайда маңызды. Мұндай қарапайым адамның басына түскен қиындықты Роберт Борк елең қылмайды, ғылыми сипатта қандай дәлел келтірсе де түпкі мақсаты – адамзаттың ұрпақ
жалғастыруын тоқтатып, бәрімізді болашағымыздан айыру болып
отырған Филофейдің ілімі үшін ол мұны шімірікпестен құрбан
ете салудан тайынбайтын адам. Роберт Борк – нағыз фанатик, ол
Филофейді толық қолдап отыр және оған құдды ібілістің өзіне
қызмет еткендей қызмет етуге дайын.
– Не айтып кеттіңіз, мистер Ордок! Бұл тек екеуіңізге ғана ортақ
оңаша әңгіме емес пе еді! – деді шыдай алмаған Энтони Юнгер
жүргізушінің микрофонын жұлып алып. Жүзі қуарып, беті тыржиып кеткен. – Жеке әңгімені көпшіліктің талқысына салғаныңыз
қалай?!
– Борк екеуміздің арамызда болған әңгімені басқалардан
жасырғым келмейді, – деп жауап қайтарды Ордок беті бүлк етпестен. – Егер оңаша әңгімеде бүкіл адамзаттың тағдыры қозғалса, егер
Шыңғыс Айтматов
Роберт Борк сияқтылар Филофейдің әрекетін мақұлдап, оны ақтамақ
болып, тіптен оның бүкіл әлемді жеке бақылауға алуына жол салып
беру үшін адамдардың санасына оның ісінің дұрыстығын сіңіруге
ұмтылса, онда неге мен оған сыпайы-сырбаздық білдіруім керек?
Ду қол шапалақталып, «Альфа-Бейсбол» залы жаңғырығып барып басылды. Телеоператорлар Оливер Ордоктың кезекті жеңісінің
ғажайып көрінісі ретінде жиналған жұртшылықтың бет-жүзіндегі
өзгерістерді қалт еткізбей бейнетаспаға түсіріп алу үшін зал ішінде
әрлі-берлі жүгірісіп жүр.
Энтони Юнгер тағы бірдеңе айтуға талаптанған:
– Мистер Ордок, бұлай істеуге хақыңыз жоқ…
Бірақ зал оны сөйлетпей қойды. Бәрі бір адамдай дүркірете қол
соғып, оның сөзін басып тастауға, бір сөз айтқызбай, тұрған жерінде
тұншықтыра салуға тырысып бақты.
Алайда Юнгер өз дауысын жұрттың қол шапалақтауының дуылынан асырмақ болып, қолын сермелеп, жан ұшыра бірдеңелерді
айтып жатты, бұл отқа май құя түскендей болды, енді Юнгердің даусын біржола басып тастау үшін бәрі қосылып айғайлай бастады:
«Ор-док! Ор-док! Ор-док! Ор-док!»
Содан кейін құдды біреу бұйрық бергендей-ақ бәрі бірдей орындарынан атып тұрып, Ордоктың атын қайталап, дүрілдетіп қол
шапалақтауға көшті: «Ор-док! Ор-док! Ор-док!»
Сонымен, Ордоктың салтанатты сәті шырқау шегіне көтерілді.
Мұндай саяси табысқа жету туралы оның бәсекелестерінің бірдебірі армандап көрмеген шығар. Ал, шарға бойлы, алашұбар бет-жүзі
әлдебір торғайды еске салатын, Геббельске қатты ұқсайтын ол қазір
жиналған жұртшылықтың гуілдей қостауымен бас айналдырар
биікке көтеріліп кетті, адам айтқысыз табысқа жеткені соншалық,
мұндай болар-ау деп ешкім ойламаған болатын, осы сәт Ордоктың
өзі бақыттан басы айналып, құлап қала жаздап тұрды. Дегенмен, ол
өз-өзін билей алады екен. Шаруа бітті, енді осы табысты баянды
ете білуі керек. Зал болса «Ор-док! Ор-док!» – деп дүрілдеп жатыр.
Тау құлаған
Ол ақыры өз-өзін түпкілікті қолға алып, риза пішінмен күлімсіреп
қойып, залдағылардың айғайы мен қол шапалақтауын тоқтатуға
ишара білдірді де сәл тыныштық орнағаннан кейін былай деді:
– Осында әлдекімнің Роберт Боркқа жаны ашып тұр ғой
деймін, соншама не болып қалды? Шын мәніне келгенде, оған
кедергі келтіріп тұрған ешкім жоқ. Борк келсін де, олай емес
екенін айтсын, ғарыштағы Филофей екеуі адамдарға, халқымызға,
ұлтымызға, келер ұрпаққа пайдасын тигізгелі жүргенін осы
отырған жұртшылыққа түсіндірсін. Сөйтіп маған лайықты тойтарыс берсін! Мархабат! Құдайға шүкір, біз демократиясы мейлінше
дамыған елде өмір сүріп отырмыз. Менің ойымша, Борктың өзі де
үн-түнсіз қала қоймас, әлі-ақ өз сөзін айтар. Ал, егер есін жиып,
Филофейді қолдауын қояр болса, онда бәрін түсіндіріп берер және
тәубасына келер деп үміттенемін. Жалпы, не айтса да өзі білсін.
Американың, тек Американың ғана емес, басқа елдердің де барлық
газет-журналдары оған қызмет көрсетуге дайын, ойын ортаға
салсын, радио да, теледидар да баршылық. Бірақ, құрметті сайлаушылар, маған сенулеріңізге болады, мен де қарап қалмаспын,
бұқаралық ақпарат құралдарынан өзіме аздаған көңіл бөлуін
өтінермін, бірақ мен өз замандастарымды футурологиялық теориялармен тойдыруға тырыспаймын, Филофейдің іліміне елігудің
отпен ойнау екенін, өйтуге болмайтынын, Борк пен Филофейдің
әлемдік апат туғызғалы жүргенін әр адамның да түсінуі үшін күш
салып бағармын. Борктың ойындағысын білген сәттен бері жаным
тыныштық табар емес – оның ойлары шынымен-ақ қорқынышты,
ол барлық жердегі әйелдерді түгелімен бақылау-сәулесі арқылы
тексеріп, күллі адам баласының жасаған күнәлары үшін бәріміз
бір адамдай кешірім сұрап, тәубаға келуіміз туралы идеяны
жүзеге асырмақ. Мұның бәрі дәстүрлі дін атаулыны ығыстырып
шығарып, адам жанын бір өзі билеп-төстейтін Филофейдің жаңа
дінін енгізуге ұласпақ. Енді әлемдік діндер де өздерінің не істеуі
керектігін ойластыруға тиіс! Алдағы уақытта осыны ақылға салу
Шыңғыс Айтматов
керек, мен де нақ осы жайында айтып, жазатын боламын. Біз осы
екі ғалымды – орбитадағы Филофей мен жер бетіндегі Боркты дер
кезінде ауыздықтауға тиіспіз. Мен мұны осындағы барлық журналистерге арнап айтып тұрмын. Әрине, ауыздықтау дегенде тек
заңды жолмен ғана әрекет етуіміз керек, басқаша істеуге болмайды! Мұндай тәжірибе жүргізуге әлемдік деңгейде тыйым салынуға
тиіс. Бұл орайда маған сіздер де қолдау көрсетіп, сенім білдірер
деп үміттенемін!
Жиналғандар дүр ете қалды, залдың іші ду қол шапалақтаудан
жаңғырығып кетті, жұрттың бәрі орындарынан тұрып, бәрі қосыла
айғайлай бастады: «Ор-док! Ор-док!» Оливер Ордок әрі рахаттана,
әрі ұялғансып тұрып жұртшылықтан қошеметтеуді тоқтатуын тағы
да өтінді.
– Сіздердің әлі де бірер минут уақыттарыңызды алсам деймін.
Жаңа ғана айтқан ойларымды әрі қарай дамыту үшін…
Кенет спорт залынан беріліп жатқан тікелей хабар шорт үзілді.
Экран беті сөніп қалды. Біреу ашулы қимылмен теледидарды өшіріп
тастады. Бұл Джесси болатын. Қашан келді, бөлмеге қалай кірді,
бағанадан бері қайда болды – бір бұрышқа жайғасып алып бәрін
көрді ме, көргенінен шошынып, орнынан тұра алмай қалды ма, әлде
келген беті осы ма – Борк мұны білмеп еді. Көз алдында болған
жәйттен жан-дүниесі құлазып, қатты жабырқаған ол әлдеқайда мәнмағынасыз көз жіберіп, креслода мәңгіріп отырып қалды.
– Қашанғы шыдауға болады?! Қалай қарап отырсың мұны?! –
деп күйеуіне шап ете қалды Джесси. – Тоқтат! Жетер осы да!
Күйеуі үндеген жоқ.
– Кабинеттегі теледидарды да қоспа! – деді әйелі шамырқанып.
– Үйдегі барлық телефонды айырып тастаймын! Құрып кетсін
бәрі, ешкім де, еш адам да, бірде-бірі телефон соқпасын! Әйтпесе
қазір сенің Оливер Ордогыңның не айтқанын көрген адамның бәрі
ерінбестен осында хабарласуға тырысатын болады! Не масқара бұл!
Неткен пасықтық!
Тау құлаған
Борк тіл қатар емес.
– Неге үндемей қалдың?! – деп айғайлап жіберді әбден ашынған
Джесси. – Бұл өмірде мұндай сұмдық ешқашан болған емес!
– Тынышталшы, өтінемін, – деп сұрады Роберт Борк, – бәрібір
сенің айғайыңнан ештеңе өзгермейді ғой!
Содан кейін екеуі де үрпиісіп, езіліп үн-түнсіз отырып қалды.
Далада қараңғы түсіпті. Әлгінде ғана суретке сұранып тұрған күздің
әсем күні өз кезегімен өте шықты… Бірақ, артында алаңдау мен
мазасыздық қалдырып барады… Алдағы күндердің не алып келері
белгісіз…
– Өз-өзіме сене алар емеспін, мүлдем сенбей тұрмын, – деген Джессидің дірілдеген дауысы тыныштықты бұзып жіберді. –
Осы бір оқыстан тап болған мәселенің төңірегінде дау-дамай туарын күткенмін, бірақ саған бүйтіп опасыздық жасап, пасықтық
көрсетеді-ау деп ойламаппын!.. Өзінің бас пайдасы үшін басқа адамды осылайша айдай әлемнің алдында масқара қылуға бола ма екен?!
Ол жексұрынды өз қолыммен өлтіруге бармын! Енді келіп сондай
адам Американың президенті болуы мүмкін бе?! Құдай қайда қарап
отыр?! – Джесси ашынғаннан еңіреп жылап жіберді.
Борк орнынан тұрып, әйеліне су құйып берді. Ол безгек
соққандай қалш-қалш етеді, стақанға тиген тісі сақылдап кетті,
үстіне де төгіп алды.
– Тыныштал, Джесси, енді мені тыңда, – деді ол әйелін басынан
сипамақ болып.
Әйелі басын тартып әкетті.
– Жоқ, тыңдамаймын, ешкімді де тыңдамаймын, Құдай үшін
ештеңе айтпашы маған! – деді ол солқ-солқ етіп.
– Жарайды, кешір. Бірақ, қасыңда болуға рұқсат ет… Кешір…
Креслода бүк түсіп, жаны қинала солқылдай жылап жатқан
әйелінің денесі дір-дір етеді. Бұрын аңғармайтын, өзінің шашы
ағарып, қартайып қалған екен, осы бір қорқынышты сәтте мұны
көрудің өзі де жанына қатты батты.
Шыңғыс Айтматов
Роберт Борк бейне бір өз үйінде емес, әлдебір бейтаныс жақта,
қалың тұманның ішінде адасқан адамдай оңды-солды, алға-артқа
сенделіп жүре берді. Тасадан тиген қаскөй соққының ауырлығы
соншалық – қазір оған әлдебір терең құзға құлап кетпеу үшін
қозғалу да, тоқтау да бірдей қорқынышты тәрізді.
Кейде теледидар арқылы боксшылардың ойынын қызықтайтыны
бар еді, Борк сонда бір-ақ соққыдан есінен танып, сұлқ түскен, бөгде
планетадан келген жат тіршілік иесіндей болып, түк түсінбестен
жан-жағына алақтай қараған боксшының сол сәтте не ойлайтыны,
не сезетіні туралы толғанып, бейшараға жаны ашитын. Енді мұны өз
басынан кешкендей болып тұр. Енді мұндай жағдайда айналадағы
әлемнің сол күйі қалатынын, қирап түскен – бір жағынан, тоқырап
қалғандай, сонымен бір мезгілде быт-шыт болып араласып кеткендей көрініп тұрған өзінің ой-санасындағы ішкі әлемі екенін түсінді,
ағып тұрған бағытынан жаңылып қалған бойындағы қаны шытынап жарылып бара жатқандай көрінген басының ішін даладағы
жаңбырдың шуылындай дүрілдетіп, бар ойын әлдебір алыс жаққа
ағызып әкетіп бара жатқан сияқты.
Ол бөлмені кезіп жүре берді, мына сұмдықтан есеңгіреп қалған
ой-санасы осыдан бір-ақ сағат бұрын өзі үшін өзі кім болғанын
ұмытып, өзінің «менінен» айырылып қалған, өзінің барша болмысбітімінен туындайтын шындығының қирандысына айналған қара
құрдымды ауыр күйінішпен аралап, сенделіп жүр. Соның бәрін
Оливер Ордок пен оның көпірме сөзіне иланған тобыр бір-ақ сәтте
қопарып тастап, табанына салып таптап, өртеп жібергендей. Ол
өзінің аяққа тапталып, өртеніп кеткенін, сөйтіп біржола өшкенін
тұла денесімен сезінді. Тұла бойы күйіп бара жатқан секілді.
Өмірінде бүйтіп жұрттың көз алдында масқара болып көрмеп еді.
Кенет көкейінде бір сұрақ көлбең ете қалды – енді не болмақ?
Не айдай әлемнің алдында мұның өзіндік «менін» мазақ қылып,
бетіне түкірген осы бір оспадар күшке бағынып, бұл масқарадан
қалай тазарарын таппағандықтан, өзін-өзі қақ маңдайдан ата са-
Тау құлаған
луы керек – осы сәтте ол шынымен солай ойлап тұрған, не қай
кезде де, әсіресе жеңілістің ащы дәмі таңдайын күйдірген сәтте
барша адамның сенетін нәрсесіне – түптің түбінде әділдіктің,
шындықтың, ақиқаттың, оның тағы басқа толып жатқан атауы
бар, салтанат құрарына деген сеніммен бар күшін жинап шайқасқа
шығуға тиіс. Өз-өзіне осылай қатал да күлбілтесіз: не бар болсын
– не жоқ болсын, не өмір – не өлім! – деп айтатындай күн туадыау деп ешқашан ойлап көрмеген екен. Сол кезде ол тағы бір ащылау жаңалық ашты: Джесси үшін мұның басына түскен қасірет –
жеке басының қасіретінен де, адал жар үшін күйеуінің жазықсыз
көрген қорлығын өзінің соры деп қабылдауынан да ауыр екен. Осыны сезінген соң одан сайын жаны құлазыды, жан жарының көңілін
серпілтіп, қайғысын жеңілдететін еш амал жоқ, жұбататын сөз де
табылар емес. Әйелі болған жәйттің мән-жайын тым терең түсініп
отыр.
– Роберт, – делі Джесси өксігін баса алмай.
– Ия, Джесси, бірдеңе айтайын деп пе едің?
– Роберт, мен былай ойлап отырмын, – деп бастай берген әйелі
сөзінің соңын жұтып қойды. Бұл үндеместен күтіп тұр. – Өтінемін,
жуынатын бөлмеден сүлгі әкеліп берші.
Борк сүлгі алып келді. Бетін сүрткіштеген Джесси көз жасын
жұтып, өз-өзімен арпалысып отыр.
– Не айтайын деп едің, Джесси?
– Мен былай ойлап тұрмын, Роберт, бүгін саған да, ана жақта,
ғарышта жүрген Филофейге де тиген таяқ – идеализмнің арылмас
сорынан басқа ештеңе емес. Есіме сенің сүйікті Сократың түсті.
Қара тобыр сол кезде де, одан кейін де, содан бері талай уақыт өтсе
де идеалистік қиялдарға қарсы тұрып келген. Біреуі басыңа қапшық
кигізе салады, сосын қалғандары жабыла тепкілей жөнеледі.
– Мүмкін солай да шығар, – деді ол ұстамдылық танытып.
– Солай ма, жоқ па – мүмкін шамалап алғанда солай шығар,
бірақ, Роберт, мұның не екенін көрдің ғой өзің. Мен Ордок туралы
Шыңғыс Айтматов
айтып тұрған жоқпын, біз оны тани алмаппыз, сонымен сөйлеспейақ қоюың керек еді, ол бұзылған адам, сонысына қарамай Президент
болмақ, соған қол жеткізу үшін ештеңеден – өтіріктен, жала жабудан, ойдан шығарудан тайынбайды. Әңгіме ол туралы емес, қарғыс
атсын оны. Мен әлгі спорт залда отырған адамдардың түрлерін
айтамын, не деген қорқынышты! Олардың табаны таптаған жерге
гүл емес, тікен ғана шығады, соны ойласаң асылып өлгің келеді.
Құрып кетсін бәрі! О, Роберт, әлгі тобыр, хайуан ғой өңшең! Не
деген сұмдық, қандай қорқынышты көрініс! О, Құдай! – Ол бетін
сүлгімен көлегейлеп, тағы да солқылдап жылап жіберді.
– Сабыр ет, Джесси, қой енді, өтінемін сенен, соған бола өзөзіңді қинай берме. Мен сені түсініп тұрмын, кел, бәрін байыппен
ойластырып көрейік, – деп алдарқатчпақ болды. Әйелін жұбатамын
деп тұрып, өзі де қисынға сүйенуге, ашуға берілмеуге тырысты,
сөйтіп өзі де тынышталғандай болды. – Сенің айтқаныңның көбі
дұрыс, бұған дау жоқ. Сократтың қасіреті уақыттан тыс жатқаны
да рас. Ал, енді ойлап қарашы. Жарайды, солай дейік. Тобыр деген – көпшілік, сен айтқандай, олар таптап кетуі де мүмкін, бірақ
қоғамдық өмірдің тірегі де солар. Бұдан қашып құтыла алмайсың!
Адам деген сол, өмірдің өзі соларға негізделген. Тұрмыстың, тіптен,
өмірдің өзінің даму заңдылығында қайшылыққа толы ерекшелік
бар, бұл – мәңгілік қасірет: ойшылдар қоғамның заңдарын ашады, сол үшін қоғам олардан сырт айналып, безініп шыға келеді,
кейіннен өздері сол заңдарды басшылыққа алады. Ақиқатты түсіну
үшін әуелі оның өзін жоққа шығарады.
– Роберт, – деп бөліп жіберді әйелі, дауысы мен көзінен мұны
кінәлап тұрғаны байқалады. – Қандай ойға берілсең де өзің білесің,
бірақ маған түсіну туралы айтпай-ақ қойшы. Кейіннен түсіну үшін
әуелі табанға салып жаныштау керек пе сонда? Айтшы, солай ма?
Жоқ, мен мұнымен келісе алмаймын. Қазір пәлсапа соғып тұратын
уақыт емес. Түн ортасы болды. Ертең таңертең сен де өз сөзіңді
айтуың керек, егер осыны істемек болсаң, әрине. Мұны өзің шеш.
Тау құлаған
– Әрине, айтамын.
– Роберт, мұның не екенін түсініп тұрмын, Ордокты көпшілік
қолдайды, сен жалғызсың, әлгі микрофонды жұлып алған жас
жігітті қоспағанда, аты кім еді өзінің…
– Энтони Юнгер.
– Әйтеуір, біреу бар екен, рахмет оған. Сені, Роберт, тікелей
шайқасқа шақырып отыр, енді бұғып қалуыңа болмайды. Байқа,
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Кассандра Таңбасы - 09
  • Büleklär
  • Кассандра Таңбасы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3785
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2032
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3899
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3756
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3675
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2059
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3767
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2003
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3745
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1985
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2127
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1292
    40.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.