Latin Common Turkic

Кассандра Таңбасы - 05

Süzlärneñ gomumi sanı 3841
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
жерде менің өзімшілдігім және – мұның несін жасырайын, өзімшіл
екенім рас, – аудиторияның алдында өз-өзімді сенімді ұстауым
аздық ететін түрі бар. Сенің сөзіңе қарап, шамалауым бойынша,
Тау құлаған
бұл өзі адамзаттың тіршілігіндегі мүлдем жаңа қағида сияқты
ғой. Ал, біз, америкалықтар, өзің де түсінесің, барлық жағынан
алда жүруіміз керек, барлық нәрселер туралы басқаларға бағдар
беретіндей өзіміздің дербес пікіріміз болуға тиіс. Құдай басқа
салмасын, егер бүгін галактикадан жатпланеталықтар келе қалса,
ертеңіне олармен құшақтасып түскен суретімізді жариялауымыз
керек. Әйтпесе, қандай америкалықпыз!
– Ия, мұның рас, өзі де солай, – деп күлді Борк, сосын былай
деп қосты: – Әрине, бұл жерде телефонмен сөйлесу аздық етеді,
басқа бір үлкендеу нәрсе керек, форум ба, ең болмағанда, арнайы
мәслихат па – өткізген жөн, бір емес, бірнеше рет және тек Америкада ғана емес, басқа елдерде де өткізбесе болмайды, бұған Ресей,
Қытай, Үндістан, Жапония сияқты халқы тығыз орналасқан елдер
де дереу үн қосуға тиіс. Филофейдің лақтырған тасының дүмпуінен
ол жақтардың қалай солқ ете қаларын елестетіп көрші. Енді өз
әңгімемізге оралайық. Ертең не істеуім керек дейсің бе? Сен, Оливер, сайлау алдындағы бағдарламаңды жарияламақ едің ғой? Солай емес пе? Сайлаушылармен бұдан бұрын да кездескенсің, алдын ала белгілеп алған басым бағыттарың, өз жауаптарың, жұртқа
әсер ететін тәсілдерің бар, үміткерлердің бәрі солай болуы керек.
Үміткерлердің беделі туралы деректер баспасөзде жарияланды ғой
деймін. Шамалайды. Болжам жасайды. Сенің жағдайың жаман
емес сияқты көрінген. Бәсекелестеріңді де білемін.
– Мәселе сонда болып тұр ғой. Олар да осал адамдар емес, өте
жігерлі тұлғалар. Олар туралы, әсіресе, қазір, алдымыздан мынадай күтпеген жәйт жарқ етіп шыға келген сәтте еш ұмытуға болмайды. Филофейдің түйсігін айтамын!
Борк оны тыныштандыруға тырысты.
– Менің ойымша, қазіргі жағдайда бәрін әбден пайымдап алмай
тұрып бұл туралы айтуға ертерек шығар. Президенттіктен үміткер
ретінде бұл тақырып саған тікелей қатысты емес.
Оливер Ордок бір күрсініп алды.
Шыңғыс Айтматов
– Бұл сөзің онша дұрыс емес, Роберт, – деді ол. – Әрине,
бұл оқиға үшін мен жауапты емеспін. Бірақ бұл менің сайлау
алдындағы істеріме қалай әсер етеді, соған алаңдап тұрмын. Енді
мені тыңда, Роберт. Алдында айтқанымдай, саған өтініш білдіруіме
жас кеңесшім Энтони Юнгердің кеңес беруі себеп болды, мұның
өзі қазіргі жастардың өзіңді жақсы білетінін және сенің пікіріңді
құрмет тұтатынын білдіреді. Біраз уақытыңды алдым-ау, дегенмен
өзіңе еріккеннен хабарласып тұрған жоқпын, өйткені, сен белгілі
футурологсың, сондықтан біз сияқты саясатпен нақты шұғылданатын
адамдар сендей ой-өрісі биік адамдардан кеңес сұрамағанда қайтпек?
Менің сайлаудағы бәсекелестерім жырынды саясатшылар, олардың
арасында мен бала сияқтымын. Өзің білесің, қазір сайлаудың
бірінші кезеңі жүріп жатыр, сенімді саяси қадам жасауды алдын-ала
ойластырмасаң, ойыннан шығып қаласың. Қазіргі жағдайда сайлаушылар кімді қалауы мүмкін? Қандай ұстанымды басшылыққа алған
жөн? Ашығын айтсам, ескілікті жақтайтын адам деген атқа қалғым
келмейді, маған оның мүлдем керегі жоқ, бірақ төңкерісшілдік те
ешкімге абырой әперген емес. Әлденендей түкке тұрғысыз нәрсе,
қайдағы бір есалаңдық үшін, айталық, осы ғарыштық оқиғаға байланысты жарыс басталмай жатып жолдан шығып қалар болсам, бұл
орны толмас өкініш болар еді. Бәріне дайын сияқты едім, сайлау
алдындағы күрестің барлық нұсқалары, Олимпке көтерілер жолдағы
ықтимал кедергілердің бәрі әбден ойластырылған болатын. Енді
келіп мына пәле сап ете қалды – ғарыш тақуасынан сәлем! Не айтсам
болады – оны қостайын ба, әлде ғарыштағы сайтанның сапалағымен
бірге жоғал әрі деймін бе? Шын сөзім, мұндайды түсімде де көрмес
едім! Бірақ, ешқайда қашып құтыла алмайсың. Осы жөніндегі
пікіріңді білгім келіп тұр, өзің де түсінесің, еріккеннен емес, қажет
болғандықтан. Байқамай, сайлаушылардың дауысынан айырылып
қалмасам деймін. Мәселе сонда болып тұр.
– Жақсы, Оливер, бәрін түсінген сияқтымын, – деп жауап берді
Ордоктың жігері мен табандылығына тәнті болған Борк. (Саясат
Тау құлаған
сахнасынан кетпеу үшін күресе білуді де бағалау керек!)
Филофей тақуаның аққан жұлдыз сияқты ғарыштан жарқ етіп
шыға келуінен әлемде қандай қызу айтыс өрбитінін, адам санасында алдағы уақытта қандай өзгеріс боларын бір сәт көз алдына
елестеткен Борктың қаны басына шауып, құлағы шуылдап кетті.
Мұның арты жақсылыққа апарар ма екен, әлде жамандыққа апарып тірей ме? Қабырғасынан қойылған сауалға жауап бермесе тағы
болмайды.
– Егер сен, Оливер, сайлау алдындағы сайысқа қатыспағанның
өзінде де, – деді Борк телефон желісінің екінші басында отырған
тыңдаушысы өзін көріп тұрғандай-ақ басын шайқап қойып, – бұл
жағдайды бәрібір талқылаған болар едік. Мәселе Филофейдің
ғарыштық жолдауының әсерінен әлі арыла алмай тұрғанымда емес.
Мәселе мынада, өз бойымнан қаншама күдік сезімін тудыруға
әрекеттенгеніммен, әзірше оның тұжырымдарын жоққа шығаратын
ешқандай негіз таба алар емеспін. Керісінше, мен оған сеніп
тұрмын.
– Сенгені қалай?.. Бұл қайда апарып соқтыруы мүмкін, Роберт?
– Уақыттың өзі бізді қайда әкелсе, соған. Ендігі мәселе былай
қойылады – Филофейдің ашқан жаңалығын қабыл аламыз ба, әлде
қолымыздағы деректерді желеу етіп, жоққа шығарамыз ба, немесе
айтарлықтай ештеңе болмағандай түр көрсетіп, Филофейдің бұл
жаңалығын шыбынның ызыңы құрлы көрместен түк білмегенсіп
отыра береміз бе. Әзірше осының үшеуі де біздің еркімізде. Ия,
егер Филофей көтерген мәселеден бой тасалап қалар болсақ,
өмір өзінің сан ғасырдан бері үйреншікті болып кеткен баяғы
қалпымен өте береді, бірақ біз Кассандра таңбасы туралы ештеңе
білмей, кассандра-шараналардың тұқым-тектік қасіреті туралы еш түсінігіміз болмай келгендегі жағдай басқа да, бұл туралы
біліп, оған анық көз жеткізе алатын қазіргі жағдай мүлдем басқа.
Не істеген жөн? Бұған мән бермегенсіп, ештеңе болмағандай-ақ
бәрін жылы жауып қоя саламыз ба, әлде шындықтың бетіне тіке
Шыңғыс Айтматов
қарап, ақырзаманның таяп қалғанын сезіп, шырылдаған кассандрашараналардың жан айғайын тыңдауға бет бұрамыз ба? Не істеу
керек? Кеше ғана адамзат бұл туралы түк білмейтін еді, ал, бүгін
бәрінен құлағдар болып отыр. Яғни аурудың аты белгілі болды.
Осының салдарынан адамзат өз-өзін қайтадан таныды – ол өз
ұрпағының, жаңадан пайда болған рухтың бойындағы өзінің кім
екендігін аңдады, алдыңғы ұрпақтан мұра боп қалған азғындықтың
келер ұрпаққа қаншалықты қара түнек төндіріп отырғанын білді.
Осы бір қорқынышты айнадан өз бет-бейнемізді анық аңғаруға
дәтіміз шыдар ма екен? Әлде көзімізді жұмып алып, өз-өзімізді
одан әрі тығырыққа тірей береміз бе? Филофейдің трактатын мен
осылай түсіндім.
– И-ия, – деп телефон тұтқасына ыңырана тіл қатқан Оливер
Ордок бір мезет үнсіз қалды.
– Мен сені түсініп тұрмын, неге үндемей қалғаныңды да жақсы
білемін. Бірақ бұл пікірімді ескеруге міндетті емессің. Естіп тұрсың
ба?
– Ия. Дегенмен, сенің пікіріңді білгенім өзім үшін өте маңызды,
Роберт. Бәрібір ешқайда қашып құтыла алмаймын – ұтуым да,
ұтылуым да тек қана қажетті айқындама таба алуыма байланысты. Түсініп тұрсың ба? Мүмкіндігінше ұтылмағаным дұрыс болар
еді. Не үшін дейсің ғой? Айталық, ереуілшілерді жақтасам немесе нәсілшілдікке қарсы наразылық білдіріп шеру тартқандардың
алдыңғы қатарында жүрсем, яки керісінше оларға қарсы шықсам,
әйтеуір осы сияқты бірдеңе істесем бір жөн, мұны түсінемін. Онда
өзімнің не үшін күйерімді анық білер едім! Іс үшін! Ал, мұнда
ше? Ғарыш стансасындағы әлдебір есалаңның қияли болжамының
кесірінен елдің болашақ Президенті қызметінен айырылып
қалмақпын ба? Ақымақтық қой бұл! Ерте де, кеш те емес, тура
қазір тап болып отырғанын көрмейсің бе! Кешір, өзімнің күдігім
мен өкінішімді жайып салыппын ғой.
– Тыңдап тұрмын, Оливер. Бірақ, Филофейдің жаңалығын
Тау құлаған
қияли долбар дегенің бекер болады. Өзің білесің, әрине. Ал, өз басым бұл – болжам емес, шындық па деп қорқамын. Олай болса,
мұның өзі жер бетіндегі барша адамға қатысты құбылыс болып
шығады. Филофейдің жаңалығына байланысты алдымыздан күтіп
тұрған нәрселермен салыстырғанда өндірістің әлдебір саласындағы
ереуіл, қалалардың көшелеріндегі шеру тарту және басқа саяси
оқиғалар деген түкке де тұрмайды. Сондықтан, бұл мәселені әбден
байыптап алғанымыз жөн.
Екеуі бір сәт тіл қатыспай, ойланып қалды. Бірінші болып
Оливер Ордок сөйледі:
– Демек, Роберт, сен сонда әлгі Филофейдің жолдауына қолдау
көрсетуді ұсынбақсың ғой?
– Былай, Оливер, сен тек қана таза саяси көзқарасты ұстанып
үйреніп қалғансың. Мұныңды түсінуге болады. Бірақ, бұл
жағдайда мен өзімнің жеке мүддемді көздеп тұрған жоқпын. Филофей келтірген фактілермен және оның логикасымен санаспау
мүмкін емес. Ғарыш тақуасының ашқан жаңалығы адамзаттың алдында жаңа сынақтар тұрғанын көрсетеді. Сондықтан, мені дұрыс
түсінгенің жөн. Сен – саясатшысың, сенің мақсатың – мәселенің
ішкі мәнін ұғу. Халықтың көңіл күй ауанын білу. Ал, мен – футуролог ғалыммын. Сен менің пікірімді сұрадың, мен айттым. Егер
пайдам тиген болса, соған да қуаныштымын.
– Көп рахмет саған, Роберт. Баспасөзді қадағалап отырармын.
Бұл жөнінде теледидар мен баспасөзде өз пікіріңді білдіретін
шығарсың?
– Құдайға шүкір, Джесси менің келгенімді журналистерге
әзірше айтпаған екен.
– Бірақ, Джесси сені менен – мазасыз Ордоктан құтқарып
қала алмады. Жарайды, ашуланба. Дос екенімізді пайдаланып,
баса-көктеп жатқаным ғой. Озбырлығым да бар, көп сөйлейтінім
екібастан белгілі. Айтпақшы, саған сайтан туралы әңгімелеп
беремін деген екем ғой.
Шыңғыс Айтматов
– Қайдағы сайтан? Ә, ия, енді есіме түсті. Ия, ол не қылған сайтан?
– Қызық болды. Жақында сайлау алдындағы алғашқы кездесу өткізгенмін. Халық деген үлкен залдың ішіне сыймай
кетті. Бес мыңдай адам! Толқып тұрмын. Бағдарламамды айтып бердім. Сұрақ қоя бастады. Тіптен, сұрақ деген жауып кетті.
Неше түрлі сауалдар қойылып жатыр. Жыныстық қатынастан
бастап халықаралық мәселелерге дейін білгісі келеді. Спортпен айналысамын ба, үй-ішінде кім бар, немен әуестенемін, тағы
басқалар. Кенет микрофонның алдына біреу тұра қалып мынадай сұрақ қойғаны: «Мистер Ордок, ғафу етіңіз, сіздің сайтанға
қаншалықты қатысыңыз бар?» Сасып қалдым. Зал жым-жырт!
«Сайтанға? Қандай сайтанды айтып тұрсыз?» «Сізді айтамын,
мистер Ордок, сіз – сайтансыз!» – дейді. «Бұл қалай?» «Сіздің
шыққан тегіңіз, мистер Ордок – венгр. Ал, венгр тілінде «ордог»
деген сөз – «сайтан» дегенді білдіреді. Мұны ұмытпағаныңыз
жөн, мистер Ордок!» Зал қыран-күлкі. Ал, мен қара тер болып
тұрмын. Ал, әлгі оңбаған тағы былай деп қояды: «Кешіріңіз, мистер Ордок. Мен мұны кездейсоқ айтып тұрған жоқпын. Мен
сіздің Америкадағы ең әйгілі сайтан болғаныңызды қалаймын!»
Зал тағы да күлкіге қарық болып қалды. Бұған не айтасың, Роберт?
– Мұндайды ойыңнан шығара алмассың. Мен мұны Джессиге
де айтып берейін.
– Айт, айта бер, ол да күлсін.
– Жарайды. Керек болсам, хабарласып тұр.
– Міндетті түрде, – деп дереу жауап берді Ордок. Қоштасқалы
тұр ма деп еді, бірақ кенеттен әңгіме ауаны өзгеріп сала берді. –
Тыңда, Роберт, аңқау басыма тура қазір тағы бір ой келді, – деді
Ордок телефонның тұтқасынан мырс етіп қойып. – Ойлап қарашы,
егер, айталық, ия-ия, солай деп есептейік: алдымыздан аяқ астынан
ғарыш тақуасы шыға келуіне және оған қандай жауап беруге болатынын ешкім білмей отырғанына байланысты менің командамда
Тау құлаған
осы мәселе жөніндегі бас кеңесші болсаң қайтеді? Сайлау науқаны
аяқталғанша ғана. Тиісінше жалақыңды аласың. Мәселе онда емес,
Құдай үшін, кешіре көр, осыны айтпауым керек еді.
– Рахмет, Оливер, бұл ұсынысың үшін рахмет саған, – деп
асыға жауап қатты қажетсіз тақырыпқа ұрынғысы келмеген Борк.
– Бірден айтып қояйын: өз жұмысым да бастан асып жатыр, үлгере
алар емеспін. Сенің қасыңда таң атқаннан күн батқанша бірге жүру
үшін жас та жігерлі, істің жөнін білетін жігіттер керек. Бұл деген сайлаушылардың дауысын жинау үшін талмай жүгіруді қажет
ететін науқан. Мен қартайдым, мұндайға жарамаймын ғой.
– Қойсаңшы, Роберт, қайдағыны айтпа. Қартайып тұрған түгің
де жоқ. Өз-өзіңді төменшіктетпе. Маған сенуіңе болады. Мен шынымен өтініп тұрмын. Ойланып көр. Кім біледі. Ғарыш Филофейіне
лайықты Жердің де өз Филофейі болуы керек қой! Ә?
– Бұл жағын бірлесе ойланып көрерміз, – деп қысыла жауап
берді Борк. – Керек болған жағдайда, бір-бірімізге телефон соға
береміз ғой.
– Жарайды. Дұрыс айтып тұрсың. Ал, қайырлы түн! Джессиге
менен сәлем айт.
– Ол қазір теледидар қарап отыр.
– Әрине, қазір елдің бәрі теледидар қарап отырған шығар-ау.
Тілшілердің берген түсіндірмесін тыңдайды ғой. Ертең не болар
екен? Қандай әуен есер екен? Сау бол, Роберт!
– Сау бол.
V
Ақыры телефон тұтқасын орнына қойған Роберт Борк басын
шайқады – міне, оқиға қалай өрбіп барады – Филофейдің жолдауы
шынымен-ақ жұрттың бәрін дүрліктірген екен. Жер бетінде өмірі
шешімі табылмайтын мәселе аздай-ақ. Енді міне, кассандрашараналардың жұмбағы жаздың күні жауған қардай елдің бәрін
Шыңғыс Айтматов
елең еткізді! Бұл өзі дүниежүзілік дүрбелеңге айналатын түрі
бар ғой. Қанша адамды есінен тандырар екен! Сын сағаты соқты
деген осы! Бұдан ешқайда қашып кете алмайсың, бұғып та қала
алмайсың! Бір сілкініс болары хақ! Осының лебі сезіліп тұр! Әлдебір
оқиғалар пісіп-жетіліп келеді. Филофейдің ғарыштан жіберген
жолдауы бейне бір шулы базарда әлдекімнің намысына тиіп, діни
сенімін аяққа таптағандай, соның әсерінен кенет алапат айқай-шу
шыққандай әсер етіп, жұрттың бәрі дүрк көтерілері анық. Шамасы,
Филофейдің ойлары жан-жақты сынға алынып, мазаққа ұшырап,
қарғап-сіленіп, масқараға ұшырайтын болар, алмағайып кезеңдерде
жаңа Құдай тауып, соған сыйыну үшін үлкен де кіші істерге барып,
жаңа шындыққа ұмтылар сәтте, өмірді асыл мұраттарға негіздеп
қайта құруға бетбұрыс жасалған уақытта ылғи осылай болмаушы
ма еді. Әрқашан солай болған. Бұл жолы да тарих шынымен бәзбаяғыдай мән-мағынасыз қайталауға ұрынар ма екен? Тағы да не
бір сәттік, не мәңгілік шындықты аша алмай, сол шындықтың
байыбына бармақ түгіл, өз тұңғиығына өзі жұтылып тына ма?
Өмірге келуден бас тартқан кассандра-шараналар ғасырлар бойы
ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан, сөйтіп, барған сайын күшейе түскен
зұлымдықтың салдары болып қала бермей ме, Филофейдің ашқан
жаңалығы адамзаттың аянышты тағдырын – ақырзаманды күтуден
басқа ештеңе қалмағанын көрсетіп тұрған жоқ па? Болашақтан
бұдан басқа ештеңе күте алмайды екенсің.
Осының бәрін ойлай келіп, Роберт Борк мұндай қызбалықтың
өз бойында қайдан пайда болғаны, кеңістіктің бір шетінде жүрген
ғарыш тақуасы Филофейдің бұл қылығына неге сонша тебіренгені,
ол үшін неге қиналып, кассандра-шараналар туралы ілімді
ұсынушының жақтасы, пікірлесі болып шыға келгені неліктен екені
туралы өз-өзіне еріксіз сұрақ қойды. Мұның бәрін қалай түсіндіруге
болады? Борк, бәрінен бұрын өзінің бар өмірінің, осы күнге дейін
өресі жетіп, түсінген шындығының, өмірден жинақтаған барша
тәжірибесі мен білімінің шынайы мақсаты енді ғана, Филофейдің
Тау құлаған
жаңалығына байланысты анықталып отырғанына таңғалды. Осыны сезінгеннен кейін көкейінде әлдебір абыржу мен ежелден бері
іздеп таппай жүрген шындығының ізіне енді ғана түскендей, өмір
бойы армандап келген қасиетті жұмбақтың сырына жаңа ғана
үңілгендей, бұрын-соңды болып көрмеген ішкі қанағаттану сезімін
туғызды, ғарыш монахының ашқан жаңалығын өзінің өмірлік
мұраты тәрізді қорғаштауға дайындық сезімі де осыдан туындап
отыр. Ол өзінің жұртшылыққа ұсынар пікірін сараптай бастады.
Мақаланы «Кассандра-шараналардан қорқу нені білдіреді?» деп
атайтыны да ойының терең бір түкпірінен жылт етіп шыға келді.
Осы сәт оның ойына өмірде бір жұлдызды кездердің болатыны оралды: жылдар бойы санаңның бір қалтарысында біртіндеп
жинақталып, елеусіз ғана бұғып жатқан әсерің кенеттен найзағайша
жарқ етіп шыға келеді. Бұл үшін үй-ішіндегі жарастық, ғылыми
ортадағы әріптестердің мойындауы, яғни адамның күнделікті
жағдайына, қабілет-қарымына ықпал ететін жәйттер тәрізді
бірсыпыра алғышарт болуы керек, егер мұны өтірік мүләйімсімей,
бірден-бірге жайдақтанып бара жатқан өз атымен атар болсақ –
бақыт дегеніміз осы. Қарапайым адамдардың үлесіне тиетіні де
осындай бақыт, бірақ бұдан оның құндылығы кеміп қалмаса керек.
Түн де болыпты, Роберт Борк шаршағанына қарамастан,
кабинетіне барып, компьютерді қосты. Жан сезімін мазалап, санасын сілкінткен нәрсені абайсызда үркітіп алмау керек. Мұның бәрі
қағаз бетінде көрініс тауып, сөзге айналуға тиіс.
Кабинеттің ашық қалған есігінен қонақжайдағы каминде жанып тұрған от көрінеді. Джесси жыл бойы, ауа райының қандай
екендігіне қарамастан, каминдегі отты ешқашан өшірмейтін. Оттың
да өзіндік әуені болатынына сүйсініп, соны тыңдағанды ұнататын.
Алғашқы сөйлемдер жеңіл жазылды. Жарқыраған экрандағы
түп-түзу жолдар бейне бір соқамен теп-тегіс етіп жыртылған
жер қыртысындай-ақ тізіле қалыпты. Қабырғадағы шамдардың
жарығына шағылысқан әйнектен қара көк түске малынған күзгі түн
Шыңғыс Айтматов
сығалап тұр. Бақтағы ағаштардың таныс сұлбасы бұлыңғырлана
қарауытады. Аспан төсінде сырғыған ай ғана біресе бұлттың тасасына тығылып, біресе қайтадан жарқ ете қалады.
Сол сәтте жұмыстың қызығына берілген Роберт Борктың көзіне
компьютер экранының тереңінде мұнартқан биік таудан қарағанда
алақанға салғандай анық көрінген бүкіл әлем бар болмысымен тұра
қалғандай елестеді. Бұл кезде Борк адамның өз тектестерінің арасында өмір сүруінің қаншалықты қиын екендігі туралы, туғаннан
өлгенге дейін адам баласының осы қиындықты жеңу үшін арпалысатыны туралы, тіршіліктің басты мәнін ұғыну үшін әрекет етіп, –
ал, адамзат әу бастан ізгі болып жаралмаған, ондай қайда, бұл үшін
адам рухы тынбастан еңбек етуге тиіс, әр жолы өмірге келген сайын
нақ осыған – қол жетпес асқақ мұратқа – ұмтылуды қайтадан басынан бастауға мәжбүр болатыны туралы жазып отырған. Адамның
барша ой-арманы, іс-әрекеті тек осы мақсатқа ғана арналуға тиіс.
Сонда ғана ол адам деген атқа лайықты болмақ.
Роберт Борк адам өмірі туралы толғана келіп, Филофейдің
жолдауының әсерімен өзі сараптауға тырысып отырған осы өмірдің
қаншалықты түсініксіз, оқыс, қарама-қайшылыққа толы, зымиян
да қатал екенін қаперіне алмаған болатын. Атап айтқанда, ол президент болу үшін күреске түскен Оливер Ордокпен әңгімелесіп
тұрып, Филофей тақуаның ашқан жаңалығы жөнінде не ойлайтынын айтқан сәттен бастап өз тағдырының да шешілгенін білмеп
еді. Сол мезеттен бастап оның тағдыры Ордоктың тағдырымен
тығыз байланысып жатты. Екінші жағынан, оның тағдыры бұл
кезде өзімен-өзі оңаша, ғарыштағы орбитада жүрген және Борк деген біреудің бар-жоғын да білмейтін Филофейдің тағдырымен де
адамның қиялына кіріп-шықпастай жұмбақ түрде қиюласып жатты.
Қайткен күнде де болуға тиісті нәрсе бола бермек. Тағдырлардың
шиеленіскен түйіні енді қайтып үзілмеуге тиіс. Бірақ, мұны сол бір
айлы түні осы үшеуінің ешқайсысы да білген жоқ. Біріншісі де,
Тау құлаған
екіншісі де, үшіншісі де… Олардың тағдыры бір-бірінен ажырамастай болып біржола түйіскен еді…
Тек аспандағы Ай ғана өзіне бұлжымастай етіп бекітіп берілген
жолымен түн қойнауында Жерді айналып дөңгелей берді. Сол
түні атасының белінен анасының құрсағына тамған ұрық та
Айдың тарту күшінің әсерімен мәңгілік айналым – туу мен өлуді
жалғастырушылардың бірі болып кеңістіктің бір бөлшегіне айналып сала берді. Мәңгілік өмірдің тағы бір бөлшегі анасының
құрсағында өстіп пайда болды. Сол түні пайда болған осындай
әрбір ұрықтың болашақ тағдыры да сол замат белгіленіп қойған
еді. Олардың бәрінің алдынан бостандық қақпасы, өмір есігі ашылды. Сол түні ұрық боп бөлінген болашақ адамдар бұл өмірге кім
болып келеді – жендет пе, әлде соның құрбаны ма, күнәдан пәк
діндәр ма, әлде басқа ма – уақыты жеткенде сондай болып дүниеге
келуге тиіс. Бірақ, мәңгіліктің заңына қарама-қайшы түрде сол
түні ана құрсағына себілген ұрықтардың арасында тұқым-тектің
басбұзарлары – кассандра-шараналар да пайда болды. Олар өздері
туралы анасының маңдайындағы теңбілдің жарқырауы арқылы
белгі беріп, алдарынан дайындалып қойған тағдырынан бас тарту үшін, Филофейдің бақылау-сәулелері арқылы іште жатыпақ сыртқы әлемге өздерінің үнсіз өтінішін – бұл өмірге келмеуді
қалайтындықтарын білдіру үшін пайда болған еді.
Сол түні алыстағы жартасты жағалаудан түнекті серпілте белгі
берген маякқа мойын бұрмастан өте шыққан киттер де мұхит
төсінде жүзіп бара жатты. Ай сәулесімен жондары қарауыта
жылтыраған бір үйір кит түн қараңғысында тоқтамастан әлдебір
жаққа бағыт алып жүзе берді. Қайда барады олар? Алдарынан не
күтіп тұр? Әлде арттарынан бірдеңе қуып келе ме? Мұхит суы мен
киттердің көзіне түсіп шағылысқан жалғыз маяк оларға не айтпақ
болады?
Сол түні компьютердің қасынан кетпей қойған футуролог Роберт Борк кезек алмасқан үміт пен күдіктің қайсысы басым түсерін
Шыңғыс Айтматов
аңдай алмай қойды. Ол да мұхит төсінде киттермен бірге жүзіп
келеді, оның өздерімен бірге екенін киттер де түсінді. Сөйтіп,
олар бірлесе жүзіп келе жатты, өйткені, олардың тағдырлары біте
қайнасып кеткен болатын… Мұхиттың буырқанған толқынымен
араласып, ол да киттермен бірге жүзе берді, маяктың жарығы киттермен қатар, оның да көзіне түсіп шағылысып тұрды…
***
Тура түнгі сағат үште дүниенің төрт бұрышына әр жолы өзінің
алпауыт мемлекет екендігі туралы жар сала күңгірлейтін әйгілі
Кремль қоңырауы соғылған кезде Спас мұнарасына ұя салған
жапалақ тік төмен қарай құлдилай ұшып шықты. Түн қараңғысында
жанары арбай қарайтын дөңгелек көзді үп-үлкен басын оңдысолды бұрып, Кремль қабырғасын жағалай бейне бір көлеңке
сияқты дыбыссыз сырғи ұшып келеді. Ол әр түн сайын дәл осы
уақытта, Спас қақпасынан шыққан күзетшілердің кезекші тобы
жым-жырт тыныштықты бұза, сартылдаған өкшесімен тура екі
жүз он қадамды салтанатты рәсімдей-ақ тақылдата санап, Ленин
кесенесіне беттеген сәтте ұясынан ұшып шығатын. Жапалақ мұнда
кесене салынғаннан бері мекендеп келеді, содан бері ол әр секундта, әр тәулікте, жылдар бойы, әрқашан мавзолейдің есігін қаққан
қазықтай қаздиған күйі күзетіп тұратын жас жауынгерлердің талай
ұрпағын көрді.
Алаңды айнала ұшып, гранит қырлары ай сәулесіне шағылысқан
кесененің үстін бірер айналған жапалақ кесененің ту сыртында,
Кремль қабырғасының қасындағы шыршалардың түбіне жерленген мемлекет қайраткерлерінің моласының үстін де айналып өтті,
өзі күткен, әдетте түн ортасы ауғаннан кейін ғана келетін осындағы
бір-біріне ұқсас, екеуі де тәпелтек, бастары қазандай екі елестің
бұл жолы да келмейтініне (қайда жоғалып кеткен өздері, әлде тағы
ренжісіп қалды ма екен?) көзі жеткен ол қара тастай қалшиған
күзетшілердің қасынан көзге түспестен қалқи көтеріліп, түнгі
аспанға сіңіп кетті. Жапалақтың көңілі кәдімгідей-ақ қоңылтақсып
Тау құлаған
қалды, екеуі де тәпелтек, бастары қазандай, бір-бірімен сыбырлап қана сөйлесетін екі аруақ Қызыл алаңды аралап, өмір туралы
әңгімелесіп, сырласу үшін көптен бері келмей қойған болатын. О
дүниенің осы екі тұрғыны содан басқа не бітіретін еді?
Ол екеуі шынында да көп нәрсені әңгіме қылатын, саясат туралы міндетті түрде сөйлеседі. Кейде екі аруақ әңгімеге беріліп,
қызып кетіп, жанжалдасып қалады, ондайда қызыл кеңірдек боп
дауласып, ұзақ ұрсысатыны бар. Біреуі екіншісіне енді қайтып
онымен жолықпайтынын, оны жек көретінін, жиренетінін, тіптен
қасында қатар жүргісі келмейтінін айтса, екіншісі оған бәрібір
ешқайда кете алмайтынын, бұрынғыдай емес, тарихтың енді
өздеріне бағынбайтынын, сондықтан оның бекер қызбаланатынын,
өлгеннен кейін бұлар да қураған жапырақ сияқты жел қайда қуып
апарса, сонда баратынын айтып, жауап береді. Құдіреттің күшімен
осы бір-бірімен тіл табыса алмайтын, тынымсыз аруақтардың
о дүниелік бозараңдаған түрлерін тек осы жапалақ қана көріп,
әңгімелерін ести алады… Ұзақ жылдардан бері жапалақ бұл
екеуіне бауыр басып қалған еді, оларсыз әлдене жетпейтіндей
болып, кәдімгідей іші пысып, жалығып кетеді. Бірақ, ол екеуінің
ешқайда кетпейтінін, ерте ме, кеш пе – бәрібір осында қайта оралатынын да біледі. Таяуда осы алаңда үлкен шеру өткізіледі, содан
кейінгі түнде әлгі елестер міндетті түрде келеді, көргенінен алған
әсерінен көздері оттай жанып, алабұртып, екеуі де ішпей мас күйге
түседі. Дауылпаздың дүңкілі, шеру тарту әуені, жауынгерлердің
алаңды тепкілей сартылдата басқан жүрісі олардың жанына майдай
жағатынға ұқсайды. Ал, әскери техниканың гүрілі ше! Сол сәтте
кесененің мінберінде тұрған адамдардың бейнесі салынған суреттер мен ұран жазылған қағаз көтеріп, қуаныштан шаттана айғай
салған сан мыңдаған адамдардың шеруінен мүлдем естері шығып
кетеді. Уылдырық шашуға беттеген балық сияқты шұбырған тобыр
«уралап» айғай салып, бәрі бір бағытта шуылдасып өтіп жатады.
Бірақ, елестерге күндіз, жарық бар кезде жер бетіне келуге
тыйым салынған, әйтпесе олар уақыттың жүрісінен аттап өтіп, о
Шыңғыс Айтматов
дүниеден бұл өмірге қайта оралып, төмендегі шуылдасқан адам
ағынына жоғарыдан көз жібере кесененің жоғарғы мінберінде
тұрар еді-ау… Сол сәтте осының бәрі кенеттен тоқтап қалып, жалқы
кадрдағы бейнедей қатып қалар еді, тарихты таң ғалдырардай өлі
көрініс болып мәңгі сақталып тұра берер еді… Кремльдің үстін
ала ұшқан ұшақтар да, солардың гүрілінен үріккен көгершіндер
де әуеде ілініп тұра берер еді, жалтылдаған көздер де, ұран сала
айғайлаған ауыздар да, шын берілген, ең таза ойлар да мидың
қалтарыс-қуыстарында қатып қалар еді… Аспандағы күн де бір
орыннан тапжылмастан тұра берер еді…
Ал, жай күндері, әсіресе, ауа райы бұзылып, сіркіреген жаңбыр
бір басылмай қойғанда, қарлы құйын ұйтқи соғып, алаңда суық
желден тығылар пана табылмай, кесенені күзеткен қарауылдар
аяғына калошты пима, басына малақай, қолына қолғап киіп, аузымұрнынан бұрқырай шыққан бу үстеріндегі киімнің жағасы мен
қолдарындағы сәнді қаруының ұңғысына қырау болып қата қалған
кезде үлкен басты тәпелтек аруақтар бір-бірімен жанжалдасып,
мазасыз болып кететін, әлде оларға да ауа райы әсер ете ме екен,
әйтеуір ол екеуі аспандағы айға көз қиығын салып қойып, бұрышқа
тығыла қалады, бір-біріне кіжініп жатады, сол кезде жапалақтың
құлағы кейбір ренішті сөздерді шалып қалатыны бар: «Түсіндіруге
болмайтын нәрсені ұғындырамын деп әуреленуді қойсаңшы!
Ажалға қарсы еш дәлел жоқ, өлім – табиғи жәйт. Өлгеннен кейін
мәңгі өмір сүргім келмейді, маған ондай жалған өмірдің керегі шамалы! Бұл мазақ қашанға дейін жалғаса бермек?! Не күнім бітпейді,
не тыныштық жоқ, тәубама да келе алмаймын! Бұрын ойламаушы
едім, енді басымнан кетпейді – неге келдім өмірге, анам мені неге
ғана туды екен?! Мен өмірге келуді қалаған емеспін! Енді, міне, тас
табыттан құтыла алмай қойдым! Осының бәрін істеген – сенсің!
Бұл сенің әзәзілден де өткен, зымияндықтың шыңы дерлік ойыңды
жүзеге асырғаның! Мен бұған ешқашан көндіге алмаймын, есіңде
болсын, ешқашан, ешқашан!». Бұған қасындағы серігі мәңгі өшіп
қалған темекі түтігін сорғыштап қойып, түк болмағандай жау-
Тау құлаған
ап қайтарады: «Тыңда, мен саған талай рет түсіндіргенмін. Бұл
партияның қалауымен істелген шаруа. Айттым ғой саған: сен
партияға көрнекі түрде керек болдың, түсінесің бе, әлемдік төңкеріс
үшін, таптық тұрғыда ант беру үшін тәнің керек еді, сен өлгеннен
кейін де, ажалға қарсылық ретінде партияға керек болдың. Сен
– төңкерістің перғауыны болатынсың, сондықтан тәніңді сақтап
қалдық, әлі күнге дейін күзетіп тұр, саған жұрт табытта жатсаң
да арнайы келіп, табынады!» – «Ал, мен бұған үзілді-кесілді
қарсымын! Түбегейлі қарсылық білдіремін! Ажалды елемеуге
ешкімнің, мүлдем ешкімнің қақысы жоқ. Бұл – ақылға сыймайды!»
Жапалақ олардың үстінде қалықтап жүріп, екеуінің әлемде
ешкім естіп көрмеген қызу таласына таң-тамаша қалатын…
Бірақ ылғи түн ортасы ауа келетін екі даукес бүгін тағы да
көрінбейді… Алаң қаңырап бос жатыр…
Жапалақ Кремль бекінісінің аран тісті қабырғасынан биікке
көтеріліп, бүкіл аймақты кірпік қақпай қадағалаған күйі далиған
кең шатырлардың үстімен сарай саябағына қарай бет алды. Мұнда
ол күзгі ағаштардың қалың бұтағына қонақтап, бір ыңырсып қойып,
қыраттың үстінен төменде жатқан өзеннің иіріміне, ұйқыдағы
үйлердің қарауытқан шатырына көз жүгіртті. Көпірдің астынан
қыңсылаған иттің дыбысы естіледі… Шамасы, тоңып қалса керек…
Жапалақ кенет сонау бір алыс жақтан, әлемнің екінші бір
шетінен түнгі мұхитта жарысқан киттердің дыбысын естіп, олардың
таудай үлкен денелерімен толқындарды қалай қақ жарып, жүзіп
бара жатқанын көргендей болды. Киттердің төңірегіндегі мұхит
суы бұрқ-сарқ қайнап жатқан сияқты. Су олардың қозғалысына
кедергі келтірмек болады, бірақ олар бір жаққа асығып кетіп барады. Олардың жанартау лебі ескендей ыстық демінен әлдебір
мазасыздық сезілетіндей.
Жапалақ Кремль маңындағы қыратта отырып-ақ әлденені
түйсінді – жер бетінде маңызды бірдеңе болмақ. Үнемі осылай –
Шыңғыс Айтматов
әлемде сұмдық бір апат болар алдында киттер аласұрып жанталаса
бастайды.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Кассандра Таңбасы - 06
  • Büleklär
  • Кассандра Таңбасы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3785
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2032
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3899
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3756
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3675
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2059
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3767
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2003
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3745
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1985
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2127
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1292
    40.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.