Latin Common Turkic

Кассандра Таңбасы - 03

Süzlärneñ gomumi sanı 3810
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
наразылық білдіріп тұрған мына өмірге қарсылығы құрсағындағы
шаранаға да әсер еткенін біле ме екен? Міне, дабыл белгісі маңдайына
қарғыс таңбасы боп басылып қалыпты. Бұл менің бақылау-сәуле
түрінде берілген сұрағыма кассандра-шараналардың жауабын тексеру жөніндегі орбиталық сеанстарымның бірінің нәтижесі.
Осы немесе басқа бір кассандра-шарана өмірге келер болса,
уақыт өте келе оның ең бір қандықол қылмыскерлердің бірі болып
шығуы әбден ықтимал-ау деп ойладым. Басқаның бәрін қойып,
тек бір ғана себеп – өзі қаншама қарсылық білдіріп, ескерткеніне
қарамастан, жарық дүниеге келуге, сөйтіп мына әлемде өмір
сүруге мәжбүр еткені үшін кек алу жөніндегі санасының терең
бір түкпірінде қалып қойған өшпенділіктің өзі-ақ оның көптеген
адамдарға, бүкіл қоғамға қастандық жасап, қылмыстық жолға
түсуіне жетіп жатыр! Оның өзі анасының құрсағында жатқанда
не ойлағанын кейіннен ұмытып қалса да кек алу сезімі санасының
бір қуысында жасырынып жата береді. Егер ол, кассандра-сәби,
өзінің теріс пиғылды тұқымдық негізіне басқа бағыт беріп, жақсы
жолға түсірер ізгі ортаға тап болса бір сәрі, онда жолы болғаны;
ал, егер басқаша болса ше – онда оның тұқымдық тегіндегі
зұлымдықты ояту үшін ештеңенің керегі жоқ, таудан домалаған
тастың жылдамдығы арта беретіні сияқты, осындай ортаға тап
болғандықтан, әрі қарай оны тағдырының өзі-ақ жетелеп әкетеді.
Кассандра-шараналардың берген дабылына құлақ түре отырып,
олардың болашағы туралы ойласам, жаным ашиды. Олардың жан
шырылын бумеранг деуге болады, бұл – барған сайын күнәға бата
берген біздің өзімізден қорыққан санамыздың күн санап ұлғая
түскен дабылынан басқа ештеңе емес. Сондықтан, бұл кассандра-
Шыңғыс Айтматов
шараналардың берген дабылына құлақ түріп, олардың жан шырылын
түсіністікпен қабыл алуымыз керек.
Жоқ, бұл бір сәттік әлсіздік емес, әңгіме мәңгілік туралы болып
отыр. Мәңгілік бізсіз-ақ мәңгі жасай береді, сол мәңгіліктің берген
несиесін қайтару мерзімін ұзартып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп
жеткізу үшін адамзаттың алдында бір-ақ жол бар – ол өз бойындағы
ізгілікті дамыта беруге тиіс. Өркендеу деген – тек идеяның
техникалық қосымшасы ғана. Керек болса, бүкіл әлемді жарып
жіберуден тайынбайтын есірік билеушінің қолындағы ядролық қару
– осының жарқын дәлелі.
Адамдар кассандра-шараналардың дабылына құлақ асып, оны
генетикалық ақырзаман жақындап қалғанының, демек, адамзат
өркениетінің құрып бітер уақыты таяу екендігінің хабаршысы ретінде
қабыл алар ма екен?
Бұл жөнінде болжам жасауға батылым барар емес. Әркім өз
басымен қайғы болып, маңдайына Кассандра таңбасы басылған әр
адам мұны өзінше пайымдап жүре ме деп қорқамын…
Әйелдердің көпшілігі мұндай мазасыз шаранадан тезірек құтылуға асығатын болар деп қауіптенемін, бұған күйеулері де кедергі
келтіре қоймас. Ол әйелдер ең алдымен, мұндай жағдайда баланы
алдыртып тастаған дұрыс деп шешеріне еш күмәнім жоқ. Мұны
ақтап алудың сылтауы да дайын – болашақ қанішерді өмірге әкелудің
керегі қанша? Онсыз да қылмыскерден аяқ алып жүре алмайсың.
Сонда оларды кім айыптай алады? Кім? Қоғам ба? Тарих па? Мораль
ма? Қанымызға қорқыныш болып сіңген зұлымдықтың түп-тамыры
қоғамның тарихында жатыр, ал, мораль болса, тұрмыстың арсыз
қыспағынан жан ұшыра жалтарып үйреніп қалған.
Міне, осы тұста, Қасиеттім, өз ұстанымымды айқындап кетуді
парызым деп санаймын. Іштегі баланы алдыртып тастауға католик
дінінің тыйым салуын бар болмысыммен жақтай отырып, маңдайына
Кассандра таңбасы басылған бейбақтардың бұған амалсыздан баруға
мәжбүр болуын қатаң айыптай алмас едім, оның үстіне, кассандрашараналардың өздерінің де қалағаны сол емес пе?
Тау құлаған
Айналып келгенде, аса күрделі қарама-қайшылыққа ұрынамыз.
Баланы алдыртып тастау тәрізді күрт шешім қабылдау әлемдік
сананың өзекті мәселелерін шеше алмайды, керісінше, оларды одан
әрі шиеленістіріп жібереді – іштегі шарананың ақырзаманды сезінуін
туғызатын себептерді жоя алмайды.
Міне, болашақ ананың ойламай тұра алмайтын кесірлі
кесапаттарының тізімі:
– аштық,
– кедейлер тұратын ескі-құсқы үйлер,
– неше түрлі аурулар, соның ішінде СПИД,
– соғыс,
– экономикалық дағдарыстар,
– әлеуметтік толқулар,
– қылмыстың өршуі,
– есірткі және есірткі мафиясы,
– ұлтаралық қырқыстар,
– нәсілшілдік,
– экологиялық және энергетикалық апаттар,
– ядролық сынақтар,
– қара құрдым, және т.б., т.с.с.
Осының бәрі адамдардың өз қолымен жасалған кесапаттар.
Ұрпақ ауысқан сайын адамдардың қолынан шыққан апаттардың
ауқымы ұлғайып барады. Бұған бәріміздің де қатысымыз бар. Міне,
ақыр аяғында, Құдіреттің өзі бізді құрдымға құлап біржола жоғалып
тынудан құтқармақ болып, Кассандра таңбасы арқылы ескерту жасап
отыр…
Тағы да мәлімдеймін, менің кассандра-шараналарды анықтау
жөніндегі ғарыштық зерттеулерімнің мақсаты адамдардың мынаны
түсінуіне көмектесу ғана – енді бұлай өмір сүре беруге болмайды,
азып-тозудың әбден шегіне жеттік!
Болашағымыздың жарқын болуы үшін әр адам өзінен бастап,
бәріміз бірге, бүкіл адамзат қауымы жұмыла отырып өз бойымыздағы
азғындықтан арылуымыз керек. Әлде бұл қиял ма екен? Тағы да қиял
Шыңғыс Айтматов
ма?! Жоқ, бұл кезекті қиял емес. Бұл тірі рухтың аман қалуының
амалы, басқа жол жоқ…
Кассандра-шараналардан дереу құтылуға тырысудан бас тартып,
ізгі мұраттан айнымайтын ержүрек жандар көптеп табыларына
сенімім кәміл; оларға тағдырының бұл белгісі талай нәрсені айтып
бере алады: ол біздің өмір сүру дағдымыз үшін, келер ұрпақтың
тағдыры үшін баршамыздың және әрқайсысымыздың жауапты
екендігіміз туралы, алдымызда адамның өз-өзімен айқасқа түсуі
күтіп тұрғаны жайында айтады… Ондай адамдар өмірді жақсартуға
ұмтылатын болады.
Мен осыған сенемін.
Енді өзім туралы қысқаша айта кетейін.
Әрине, мені ешкім монастырьға апарып тыққан емес бірақ өзөзімді осылай атадым, басқаша айтқанда, мен – шартты түрдегі
ғарыш тақуасымын, өзіме шартты түрде Филофей деп жаңа есім
қойдым, орыс жерінде осы аттас тақуалар болған. Ғарыштағы
құжырамда жападан-жалғыз өмір сүруді де өзім таңдап алдым. Біздің
халықаралық экипаж – америкалық, жапондық және мен (соңғы
кезге дейін кеңестік ғалым және ғарыштық зертхананың ғылыми
жетекшісі) өз бағдарламамызды орындап шыққаннан кейін Жерге
қайтар кезде орбиталық станцияны тастап шығудан және бізді алып
қайтуға келген бірнеше мәрте пайдаланылатын ғарыш кемесіне
отырудан бас тарттым. Бұл орайда арнайы мәлімдеме жасап, жеке
адамның еркін таңдау жасауына болатынын алға тарттым. Ұстараны
тамағыма тақап тұрып, әріптестерімді мені жайыма қалдыруға
мәжбүр еттім. Сөйтіп, өз дегеніме жеттім…
Міне, содан бері бес айға жуық уақыт – жүз отыз жеті күн
өтті, ғарышта жалғыз өзім әлгі зерттеулерімді жүргізіп келемін.
Станциядағы өмір сүруді қамтамасыз ету қоры маған мұнда әлі де
ұзақ уақыт болуыма мүмкіндік береді. Жамандықтың артында жақсылық
тұратыны рас болса, менің жағдайымды соған ұқсатуға болатын
шығар. Дүниені дүр сілкіндірген Кеңес империясының ыдырауы маған
қолайлы болды. Бәрінің астан-кестеңі шыққан кезде жер бетіндегі
Тау құлаған
бұрынғы кеңестік ғарыш қызметін қадағалайтын орындар мені де,
бұрын «Восход-27» деп аталып келген орбиталық станцияны да ұмытып
кетті. Олар мені әзірше естеріне ала қоймас, мені қайтсін, қазір кеңес
империясы қирандысының орнында пайда болған жаңа мемлекеттердің
арасында ғарыштағы мүлікті бөлісу жүріп жатқан шығар, мүмкін
олар орбиталық станцияны да бөліске салар, тіптен, ғарыштың өзін
де бөлісіп аламыз деп әлекке түсер ме екен… Мейлі, өздері білсін.
Мен өз таңдауымды жасадым және өз парызымды өтеп жүрмін. Енді
бүкіл адамзатқа сұрау салып, ақтық сағатым соққанға дейін кассандрашараналарды анықтаумен айналысатын боламын…
Жер бетінде мені күтіп отырған ешкім жоқ. Жарық дүниеде
бірде-бір жақыным болған емес. Дүниеге келісімен байғұс анам
тастап кетіпті, балалар үйінде тәрбиелендім. Сәбиін балалар
үйінің табалдырығының алдына қалдырып кетуге байғұс анамды
қандай жағдайдың мәжбүр еткенін кім білсін. Өмірімнің қалай
қалыптасқаны, ғарышқа аттануыма не себеп болғаны туралы қазір
айтып жатпаймын – бұл басқа әңгіме, бөлек тақырып.
Қасиеттім, Сіздің нұрлы келбетіңіздің алдында тағы да басымды
иемін. Айыпқа бұйырмаңыз. Маған бар керегі – Сіз арқылы адамдарға
осы сөзімді жеткізу ғана, олар шындықты білуге тиіс.
Филофей, ғарыш тақуасы.
Шын аты-жөнім – Андрей Крыльцов.
Орбиталық компьютерден Рим папасына арналған жолдаудың
мәтініне қоса «Трибюн» газеті редакциясының атына жазылған
тілхат қоса жіберіліпті:
Шыңғыс Айтматов
«Құрметті редактор!
Арамыздағы уағдаластыққа сәйкес, осы жолдауды жариялау
құқығын «Трибюн» газетінің редакциясына беремін.
Бұл қадамға баруға батылдық ете отырып, «Трибюннің» өз
мойнына қаншама ауыр салмақ жүктейтінін түсінемін. Сіздің
ерлігіңізді де бағалаймын.
Егер редакция осы жолдауыма үн қосқан адамдардың неғұрлым
қызықты деген пікірлерін өзіме жолдап отырса риза болар едім.
Мен адамдардың пікірін білуім керек».
Ризашылықпен: Филофей, ғарыш тақуасы,
РХ орбиталық станциясы.
ІІІ
Түсінде тағы да киттерді көрді. Мұхит төсінде солармен бірге ұзақ
жүзді. Олардың толқын жуған көзіне қарап, киттердің жанарынан не
ұғуға болатынын түсінді. Өзі де китке айналып кеткен болатын. Ана
жолы ұшақтың үстінен көргеніндей, бәрі сына тәрізді үшбұрыш жасап
жүзіп келеді. Бұларды әлдебір тылсым күш көкжиектің сыртына
қарай сүйреп бара жатқандай. Көкжиек жеткізер емес, бұлар да
қуатты денесімен толқындарды қақырата сөгіп, талмай жүзіп келеді.
Мұхит суы біртіндеп ысып бара жатқан сияқты. Толқындардың
соққысы жон арқасын күйдіріп кетердей көрінеді. Барған сайын ыси
түскен толқындардың арасында жүзе беру де қиындап кетті. Кенет ол
әдеттен тыс құбылысты көріп, мұхиттың неліктен осыншама ысып
кеткенін түсінді. Мұхиттың үстінде екі күн шығып тұр екен. Аспанда
қос прожектордай жарқыраған екі бірдей қызғылт-қоңыр шар
алаулап тұр. Ол екеуінің қайсысы нағыз күн, қайсысы әлдеқайдан
қаңғып келген, бәлкім шынайы күнмен бәсекелестікке түспек болып
жүрген жалған күн екенін ажырату қиын еді. Ол қорқып кетті.
Қасында қатарласа жүзіп келе жатқан киттерге: «Қараңдар, қараңдар,
киттер, бауырларым менің! Аспанда екі күн шығып тұр! Бірден екі
Тау құлаған
күн! Естіп тұрсыңдар ма?! Бұл жақсы емес! Мұхит қайнап кетеді де
бәріміз опат боламыз! Аспанда екі күннің шыққаны – жақсылықтың
нышаны емес!» – деп айғайлай бастады.
Бұрқ-сарқ қайнаған мұхит төсінде аласұрған киттердің арасында
жан дауысымен шыңғырған Роберт Борк атқақтай соққан жүрегінің
дүрсілінен оянып кетті, қара терге түсіп жатыр екен, құлағы тұнып
қалыпты. Ұйқысы ашылғанға дейін әлгі көргенінің түс екеніне сене
алмай біраз жатты. Мұхиттың үстінде көз қарықтыра алаулаған екі
күн бейне бір өңінде көргендей-ақ көз алдынан кетер емес. Киттер
бұрын да түсіне кіретін, бірақ шақырайған екі күннің сәулесі жержаһанды күйдіріп бара жатқанын алғаш рет көріп тұр! Сұмдық
қорқынышты!..
Кенет ол түсіндегі екінші күннің қайдан пайда болғанын түсінді.
Анық түсінгені соншалық, өзі де шошып кетті. Мұны бірден
ұқпағанына таңданып та қалды. «Қызық екен!» – деп мырс ете қалған
Футуролог айнаның алдында тұрған сағатына қарады. Таңғы сағат
алтыдан кетіп қалыпты. Әйелі көрші бөлмеде ұйықтап жатыр.
Борк әдетте ертеңгілік бой жазып, жаттығу жасайтын ашық
верандаға шықты. Бірақ, бұл жолы бар ойы басқа жақта тұр еді.
Қала сыртында орналасқан үйіндегі жанына жылы тиетін заттардың
бүгін еш әсері жоқтай көрінді. Хауыздың қасындағы алаңқайға
қолдан отырғызылған, жапон үлгісімен тастан жасалған бақты да
(сол бақ жұлдыздардың орналасуына сәйкес жасалған дегенге өзі
де сенгісі келетін) ұмытты, әншейінде онда Футуролог таңертең
топыраққа әлдебір құпия белгілерді сызып отыруды ұнататын,
мұнысын Джесси адамның күлкісі келетіндей етіп сыбырлап қана –
сиқыршылықпен айналысып жатыр деуші еді. Бүгін ерігетін уақыт
жоқ. Барлық хат-хабарды түгел қарап шығу керек, олар да жиналып
қалыпты, біраз адамға бірер мәселе бойынша телефон соғу тағы бар
– жағдаймен дереу танысып шықпаса болмайды.
Кассандра-шараналарға байланысты барлық жерде даңғаза
көтеріліп жатты. Осылай боларына Роберт Борк күмәнданған да
емес. Өзі де бойын әлдебір жастық жігер кернегендей сезінді,
Шыңғыс Айтматов
баяғыда, университетте жүргенде қазіргі өркениеттің мәселелері
жөнінде өткізілетін шулы пікірталастарда керітартпа қарсыластарды
көндірсек болды, адамзаттың болашағын жұрттың бәрі құрметтейтін
интеллектуалдық «Рим клубының» үлгісімен құруға болады дегенге
шынымен сенетін жас кезінде ылғи осылай болатын. Кассандра
таңбасының төңірегіндегі оқиғалар Борктың бойында ұмытыла
бастаған қызулықты, тәуекелге баруға, идея үшін ашық қақтығыстан
тайынбауға дайын тұру сезімін қайта оятты.
Бұл оқиғаларға Борк әуежайға келіп қонған кезде-ақ араласып
кеткен болатын. Джесси оны шығар есіктің алдында қолына ұстаған
газетін бейне бір гүл шоғы тәрізді басынан асыра бұлғап, өзін кінәлі
сезінгендей әрі тентектеу, әрі мазасыздана жымиып қарсы алды.
Өзі құдды бір жаңбыр жуып өткен көктемгі гүл секілді жасарып,
жаңғырып кеткендей көрінеді. Джесси Борктан тоғыз жас кіші
болатын, бірақ кейде қан қысымы көтеріліп ауыратыны бар, сол кезде
қиналып, сола түседі, ал, әуежайда ол күйеуіне сонау алыста қалған
жастық шақтағыдай толқынысқа толы, жігерлі болып көрінді. О, сол
кезде оның ұлы музыкант болуына кедергі келтірген бұл еді ғой!
Ол виолончельдің құлағында ойнайтын. Өле-өлгенше ажырамастай
болып жабысып қалған Борк болмағанда, Джесси қазір оркестр
құрамында емес, басқа жерде өнер көрсетіп жүрер ме еді. Бірақ,
әркімнің өз тағдыры болады.
Иін тірескен күтіп алушылардың арасында тұрып, ол күйеуімен
аман-сау жолыққанына қуанып тұрғанын білдіріп, батыл да риясыз
түрде былай деген:
– Кетер алдында өзіңнің тастарыңның арасында отырып, қандай
сиқырлы белгілер сызғаныңды білмеймін, Роберт, бірақ мына оқиғаны
қалай түсіндірер едің? Түсіндіре алмайсың, Роберт, жарылып кетсең
де солай, түсіндіре алмайсың! Мұны түсіндіру мүмкін емес. Адам
естімеген сұмдық! Көрерсің, бұл бүкіл әлемді дүр сілкіндіреді!
– Демек, мен ол иероглифтерді тегін сызбайтын болғаным ғой?! –
деп Футуролог та әйелінің ығына жығыла жауап қатты.
– Жалпы айтқанда, бұл пәле сенің сиқыршы болып ойнауыңа
Тау құлаған
қатысты болуы да мүмкін, менің қымбатты Сәуегейім… Енді өзің
ретте бәрін.
Машинаны Джесси айдап келе жатқан, Борк газетті парақтап
көрді де қайтадан жаба салды.
– Жоқ, мұны үйге барып, асықпай мұқият оқып шығу керек, –
деді ол көзілдірігін қайтадан жинап жатып.
– Ал, сен қалай ойлап едің? – деп мырс ете қалды Джесси – Егер
мұндай хабарды ғарыштан жолдамай, көшедегі біреу айтса, тұмсығын
бет қылар еді! Ойлап қарашы, іште жатқан шарана өздігінен ойлана
алады дейді! Бәрін парықтай біледі екен! Сөйтіп, өмірге келуді
қаламаймын деп жар салады! Осыны шынымен айтып отырғанын
көрмейсің бе! Қалай дәті барды екен?!
– Дегенмен, тура солай айтпаған шығар, – деп иығын бір қозғап
қойды Борк. Оған әйелі асығыс қорытынды шығарып отырғандай
көрінді, мұндайы сирек кездесетін, бірақ бұл жолы өзі де әйелінің
қателескенін қалап отырғанын сезді. – Мүмкін бұл жерде анасының
құрсағында пайда болған шарананың рефлексі туралы айтылып
тұрған шығар. Бірақ, қалай болғанда да ойланатын себеп табылды.
Егер, айталық, біздің күнәһар әлемімізді бақылау нүктесі ретінде
қабылдаудың пәктікке негізделген жаңа түрі ашылды деп санасақ…
Түсінесің бе, мен қазір осыны ойладым. Ал, мұндай жәйт тек
шараналық деңгейде ғана болуы мүмкін. Оның өзі де қияли тұрғыдан
алғанда ғана. Дегенмен, кім біледі. Жарайды, қазір бұған бас
қатырмай-ақ қояйық. Үйге барғасын оқып шығармын, содан кейін
сөйлесерміз… Ал, қазір сені күлдіргім келіп тұр.
Сосын Футуролог әйеліне немістердің не нәрсені де ақырына
дейін білуге тырысатыны мен белгіленген тәртіптен айнымайтыны
және сонымен бір мезгілде европалықтарды америкалықтармен
жақындастырып тұратын ішкі еркіндігі туралы айтып берді. Бірде
Дюссельдорфта таң алдында өзен жағасымен велосипед теуіп
бара жатқан біреуді көрген, түк болмағандай-ақ белгілі бір арияны
бар дауысымен шырқап барады, өзі бейне бір опера сахнасынан
жаңа ғана шыққандай, ақ жағалы көйлегіне галстук тағып алыпты,
Шыңғыс Айтматов
аяғында жылтыраған туфли. Жағалауда оның әнін тыңдайтын ешкім
жоқ, бірақ, велосипед тепкен әншіге тыңдаушының керегі шамалы
сияқты. Жүк тиелген баржалар мен кемелер баяу сырғыған Рейннің
жағасында таң атпай жападан-жалғыз әндетіп барады... Біртіндеп
жазғы күн де көкжиектен көтерілді. Бұл көріністің әрі ерсі де күлкілі,
әрі ғажап болғаны соншалық, Борк әлгі аңғал әншінің артынан тұра
жүгіруге дайын еді. Толық еркіндікке қол жеткізіп, бақытқа бөленген
адам. Рейнге қойып кетіп, әлгі велосипедшінің қарсы алдынан
шыққанша жүзе бергісі келді, оған су бетінен қол бұлғап, әлдебір
көңілді сөздер айтып, қатарласа жүгіріп, әлемдегі барша тірлікті
ұмытқысы келген.
Екеуі машинада келе жатып, әлгі аңғал әншіге біраз күліп алды.
«Енді үйге барып, өмірі бітпейтін жұмысқа қайтадан кірісуге тура
келеді», – деп ойлады Борк көп ұзамай үйге келіп, өз кабинетіне кіріп,
жазу үстеліне жайғасатынын қуана көз алдына елестетіп. Бұл туралы ойлаған кезде ол екі түрлі сезімді бастан кешіруге бойы үйреніп
бара жатқанын аңғарды – сапардан қайтып оралып, әуежайда Джесси
қарсы алғанда бойы жеңілдеп сала берсе, сонымен қатар, бір апта
үйде болмай, бірер күнін басқа жақта өткізгені үшін өз-өзін аздап
кінәлайтын болыпты. Ал, осындай күндердің бәрін қосқанда қанша
болады екен, мұны адам тым кеш аңғарады.
Алайда, бұл жолы оның үйреншікті көңіл-күйіне ұшақтың үстінде
байқаған жәйттен туған тағы бір сезім қосылып тұр еді. Мына шулы
жаңалық жұрттың бәрін елең еткізгенімен, тез ұмытылатын бір
күндік хабарлардың бірі болар деген. Бірақ, Борк осы естігені туралы
ойлаған сайын болған жәйттің өзіне де байланысы бар сияқты сезініп,
шындығында өзіне еш қатысы жоқ осы оқиғаны ұмытқысы келсе де
ұмыта алмайтындай түсініксіз сезімге шомып келе жатқанын байқап,
айран-асыр қалды. Бейне бір сот залына кездейсоқ тап болып, тек
айыпталушы ғана емес, сол сәтте залда отырғандардың бәрі тек сот
процесіне қатысқаны үшін ғана кенеттен адам айтқысыз ауыр үкімге
кесілгендей күйді бастан кешті. Және бұл үкім жарияланып қойған,
сондықтан, енді оны ешкім де өзгерте алмайды…
Тау құлаған
Ғарыштан келген жаңалықпен қатар көкейінде өте бір жайсыз,
күтпеген әрі түсініксіз сезім пайда болды. Міне, машинаны жүйткіте
айдаған Джесси де осы ғарыш жаңалығының әсерінен арыла алмай
келеді. Мұны оның бет-жүзінен, көзінен аңғаруға болады. Джессидің
көзі табиғатынан нұрлы болатын, оның көз жанарының кез келген
адам аңғара бермейтін өзгерісі мен құбылуы Роберт Боркқа талай
нәрсені білдіріп тұрады. Оны алғаш рет қайырымдылық мақсаттағы
концертке қатысқан жас музыканттардың арасынан көріп еді, ал, өзі
көрермендердің арасында, сахнаға жақын отырған, сол күні танысқан
екеуі содан бастап жиі кездесіп тұратын болды, осы алғашқы күннен
бастап оның жан дүниесіндегі «жаз бен қыстың» алмасуын аңғаруды
үйренді, ол да мұның жан күйін көзқарасынан-ақ түсінетін. Бірін-бірі
емеуірінінен ұғып, көз тастасынан түсіну арқылы бұлардың арасында толық сыйластық орнап, отбасылық бақытқа қолдары жетті.
Ол әдеттегідей емес, әлденені ойлап үнсіз отырған әйелін сөзге
алдандырғысы келмеді. Мазасыздана қоятындай жөні де жоқ.
Бұлардың өмір салты үйреншікті де берік болатын, бұл осы жастағы
көп адамға тән; тек бір нәрсені алдын ала айта алмайды – мұны тек
Құдай ғана біледі, өйткені, әр адамның өмірінің ұзақтығын Жаратқан
жалғыз алдын ала белгілеп қойған. Сондықтан, бұлар уақыты мен
денсаулығы жеткенше өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін
қолдан келгенше пайдаға асырып қалуды ғана көздеумен келеді. Борк
түсініп отыр: қазір Джессидің көңіл күйі пәс болуының себебі – әлгі
ғарыш тақуасы Филофейдің жолдауын оқып, есеңгіреп қалғандықтан.
«Үйге барғасын сөйлесерміз, – деп ойлады Роберт Борк. – Әлде
үйге жеткенше университетте бірге оқыған достардың біреуіне хабарласып, әңгімелессем бе екен? – Телефонның тұтқасын көтере жаздап барып қоя салды. – Кейін сөйлесе жатармыз, әуелі мына ғарыш
көріпкелінің болжамын мұқият оқып шығу керек, сосын көрерміз…»
– Радионы қосайын ба? – деп сұрады күйеуінің ойын оқып қойған
Джесси.
– Керегі жоқ. Бос мылжыңды тыңдап қайтемін? Қазір өзіңнің
қасыңда отырғаным да жетеді маған.
Шыңғыс Айтматов
– Сенемін, қуана-қуана сенемін, – деп көңілсіздеу жымиды Джесси кезекті машинадан озып бара жатып.
– Егер бұл хабар шынымен рас болса, – деп көзін тіктеді Борк, –
онда әрине, бұдан ешкім тыс қала алмайды.
– Сен соны шынымен рас болуы мүмкін деп ойлайсың ба?
– Білмеймін. Бірақ, солай болып шыға қалса, бұған жұрттың бәрі
жаппай үн қосуға тиіс.
– Тіліңе тікен шықсын, Футуролог! – деді бұған шынымен
мазасыздана бастаған Джесси. – Жұрттың бәрі араласса сұмдық қой!
– Егер адамдар өздерінің әбден азғындап біткенін көрер болса,
онда генетика дегеніміз биологияның бір саласы емес, саясат болып
шыға келеді.
– Сен тым артық кеттің, Роберт, – деп өзінің мазасыздануын
баспақ болды Джесси. – Дегенмен, кім біледі, әуежайға барғалы
жатқанымда Шнайерлер – Артур мен Элизабет хабарласқан, олардың
да естері шығып кетіпті. Атлантада спектакль қойып жүрген Джон
Кошут хабарласты, ол тарихтың ақыры туралы Фукуяманың теориясы жөніндегі пікірталас кезінде адамзаттың алдында жаңа сынақ,
жаңа қасірет тұр деп сәуегейлік жасағаныңды есіне алыпты. Міне,
сенің футурологың әлемдік зұлымдықтың қоймасынан бейне бір
қапшықта жатқан ескі киімді суырып алғандай етіп, дүниежүзілік
соғыстың орнына адамның өз-өзімен қырқысуын, өмірге келе ме, жоқ
па – соны шешуі мәселесін ойлап тапты, бұл соның шығарып жүргені
дейді. Сәуегейің соны айтпай-ақ қойғанда, мұндай болмас па еді, өзі
де білместен, қақпаны аша салып еді, жаңа пәле жып етіп шыға келді,
– дейді. Ол не пәле? – десем, осы пәле дейді. Мұның аты да жоқ екен.
– Ия, Кошуттың не айтатыны белгілі ғой, – деп иығын кекете қомдап қойды Борк. – Өзі театрда дүниені төңкеретін пьеса
қойып жүр, Шекспир, Эсхил, тағы біреулер. Ал, мен пәле шақырып
қарқылдаған қарға екенмін ғой? Рахмет! Қасқабас досым да айтады
екен!
– Ой, айтпашы соны, біртүрлі қызық адам. Есіңде ме, бір рет
ол: осы саған қызығамын, әйелің сұлу, шашың түспеген, ал, менде
Тау құлаған
осының бірі де жоқ, – деп еді ғой. Сен оған: әйелімді тартып әкетуің
мүмкін, бірақ, ағарып кетсе де әлі баяғыдай бұрқырап тұрған шашымды ала алмассың! – деп жауап бердің. Сонда ол жылап қоя берді.
Әрі күліп, әрі жылап тұр еді… Артист!
Борк жауап ретінде ойлана басын изеді. Алғаш рет үйіне қайтарда
әдеттен тыс мазасызданып, жоқ жерден тап болған, әлі анық біліне
қоймаса да, жанын жаншыған әлдебір ауыр салмақты сезініп келеді.
– Боб, мұхитта киттерді көрдім дегенің рас па? – деп ойын бөліп
жіберді Джесси.
– Әрине, рас! Саған телефон соққаным да содан ғой, – деді бұл
қайтадан жанданып. – Көз алдыңа елестетіп көрші? Мұны сөзбен
айтып жеткізу мүмкін емес. Ойлашы өзің, мұхитта алып жануарлар кемеше жүзіп келеді, өздері аспандағы тырналар сияқты
үшбұрыш түзген. Ғажап көрініс! Қасымда болмағаның өкінішті.
Телефонмен сөйлескенімізге де шүкір. – Борк бір сәт үнсіз қалып,
қайтадан қызулана жалғастырды. – Қалай түсіндірсем екен, былай
ғой, мен қазір бұл кездейсоқ емес деп ойлап келемін. Тыңда. Осы
жолы Франкфуртта ескі таныстармен бірге Австралиядан келген бір
кісі болған. Мельбурн университетінен. Австралиялықтар жұрттың
бәрінен ерекшеленіп тұрады, неге екенін қайдам, әлде әлемнің
қиыр шетінде жатқандықтан ба? Әлде сол кісінің өзі сондай ма?
Өзі дельфиндермен әуестенеді екен, мен оны іштей Дельфинолог
деп атадым. Жәй ғана әуестенеді. Өзі тартымды адам, әңгімесі де
қызық, ақылы сергек сияқты көрінді. Ол екеуміз дельфиндер туралы
айтып тұрып, кездейсоқ киттерге ойыстық. Бұл саған күлкілі көрінуі
мүмкін, бірақ сол екеумізді киттер туралы әңгіме жақындастырып
жіберді. Қызық әңгіме болды! Мысалы, киттердің топтанып өз-өзін
өлтіруінің себебі ғылымда әлі анықталмай келеді.
– Топтанып жағалауға шығып қалатыны ма? Соны айтып тұрсың
ғой?
– Ия, соны айтамын. Күш-қуаты бойында, ақыл-есі дұрыс, сапсау киттердің бейне бір келісіп алғандай-ақ түн ішінде суы тобықтан
келетін тап-тайыз жағалауға шығып қалатыны несі? Және кері қарай,
Шыңғыс Айтматов
мұхитқа қайтуға әрекеттенбей-ақ, топ-тобымен өліп жатады. Неге
өйтеді олар, не үшін, неліктен?
– Тоқтай тұр, – деп сөзін бөліп жіберді Джесси көзі күлімдеп. –
Бұл туралы газеттерде талай жазылған жоқ па? Сенің австралиялығың
соны да білмей ме?
– Мәселе сонда ғой. Ол екеуміз нақ осы туралы әңгімелескенбіз.
Киттердің өзін-өзі өлімге байлайтынын көрсететін бұл құбылыс
тіршілік иесінің өзін-өзі сақтауын қамтамасыз ететін биологиялық
заңға қарама-қайшы. Яғни табиғаттың өзіне кереғар келеді. Жануарлар әлемінде мұндай болмауға тиіс.
– Есесіне адамдардың арасында жиі кездеседі.
– Бұл мүлдем басқа. Түбегейлі басқа мәселе. Әңгіме бұл туралы
емес. Мұның жөні мүлдем бөлек, Джесси.
Роберт Борк тағы да үнсіз қалып, орманның ішінен машинаға
қарсы тұра жүгіргендей көрінетін, жол белгілері жарқырап көзге
ұратын күре жолдың екі жағындағы талай рет тамашалаған табиғат
көрінісін қызықтап кетті. Бір сәт өзін бақытты сезінгендей болды –
Джесси қасында, екеуі үйге қайтып келеді, өзіне керемет жаңалық
болып көрінген киттердің құпиясын әйеліне айтып беріп, оның
бұған қалай таңғаларын көз алдына елестетіп, бұл тақырыпқа қайтақайта оралып, жан-жақты әңгіме ететіндерін алдын ала тамсана
ойлап қойған. Бақыт деген сол емес пе. Өйткені, бақыт дегеннің
өзі – адамдардың жан дүниесінің туыстығы. Ол тезірек үйге
барып, Джесси қойған музыканы (әйелі түзелмейтін адам – ол үшін
классикалық музыкадан артық ештеңе жоқ) тыңдап, өзі сүйіп ішетін
ақ шараптан ұрттап қойып, верандада екеуінің қалай отыратынын көз
алдына елестетті. Кенеттен ойына ғарыш тақуасы оралды, да бүгін
тыныш отырыс болмауы мүмкін-ау деп түйді.
– Неге үндемей қалдың, Боб, айта бер. Әлде мені ынтықтырып
қоймақсың ба?
– Жоқ. Әшейін, ойланып кетіппін. Сен жаңа әлгі австралиялық
Киффер киттердің өзін-өзі өлтіруінің себебін білмей ме деп сұрадың.
Қалай десем екен. Ол басқалардың ойына кіріп-шықпаған нәрселерді
Тау құлаған
айтады. Түсінесің бе, бұл әлдебір ойдан шығарылған нәрсе емес. Мен
мұны ерекше адамгершілік-философиялық көзқарас деп атар едім.
Ия, ия. Күлме және таңғалып жүрме. Дәл солай. Австралиялық жігіт
әлемдік ауқымдағы болжамды ұсынады. Білесің бе, дельфиндермен
қатар, киттер де барлық сүтқоректі жануарлардың арасындағы ең
ақылдыларына жатады. Өкінішке қарай, олар сөйлей алмайды, олар
мен біздің арамыздағы алынбас кедергі де осы.
– О, Құдай, баяндама жасап үйреніп қалғансың, Роберт. Бірақ, бұл
жолы қандай адамгершілік-философиялық көзқарас туралы айтып
отырғаныңды түсінбедім.
– Осы әдеттен тыс құбылыстың сырын бірде-бір ғалым түсіндіре
алмай отыр. Ал, Киффер менің алдыма ғаламдық сипаттағы көріністі
жайып салды.
– Ал, оның болжамының мәні неде?
– Ол адам таң ғаларлық қорытынды жасаған. Оның айтуынша,
киттердің жаппай өзін-өзі өлтіруі – ғаламдық сананың жер бетінде
болып жатқан құбылыстарға деген көзқарасының көрінісі болуы
мүмкін.
– Мынауың мүлдем ақылға сыймайды, Роберт!
– Олай деме, олай деме, қымбаттым. Бұл болжам маған қатты
әсер етті. Адам баласына ой-сананың иесі болу тәрізді шексіз
артықшылық берілген, сол арқылы оған ғаламдық міндет жүктеліп
отыр, егер біз өз-өзімізді жетілдіруге, Жаратқанның берген игілігін
орнымен пайдаланып, толық игеруге қабілетсіз болып шықсақ, онда
өзінің жаралғандағы мақсатын ақтай алмайтын арамтамақ, түкке
тұрғысыз мақұлық болғанымыз. Кешір, аздап артық кетіп қалдымау деймін. Менің айтайын дегенім, бізге – адамзатқа қаншама мол
мүмкіндік берілсе, соншама ауыр міндет те жүктелген. Ең алдымен, тұрмыстағы жарасым, соны жетілдіру міндеті тұр, бұл деген
өзімізге қатыстының бәрін – ой-арманымыз бен нақты іс-әрекетімізді
түгел қамтиды. Тұрмыстың жарасымдылығы! Алайда, осы орайда басымызда қаншама таңғажайып және күйкі ойлар туындап, әр
қадамымызды аттаған сайын қаншама табалау мен пасықтық туындап
Шыңғыс Айтматов
жатады, өйткені, жарасым дегеніміз – ең алдымен, өз-өзіңе шектеу
қойып, рухани бейбастақтықпен күресе білу. Енді келіп табиғи сұрақ
туындайды – ар-ұят деген не өзі, ол туралы әр кезде әркім білгенін
айтқан, әлі де айтады, өзіне не қолайлы болса, соны апарып ар-ұятқа
тели салады, ал, соның өзі не нәрсе, табиғаттың алдында, тарихтың
алдында, болашақ әлемнің алдында, ақыр аяғы, бізді жаратқан және
біз де оны кейде қолдан жасап алып жүрген Құдайдың алдындағы
мәні қандай?
– Роберт, – деп бөліп жіберді шыдамы таусылған әйелі, – Рас
айтамын, сенің бойыңда жалынды уағызшы бұғып жатыр, орта
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Кассандра Таңбасы - 04
  • Büleklär
  • Кассандра Таңбасы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3785
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2032
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3899
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3756
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3675
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2059
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3767
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2003
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3745
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1985
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2127
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1292
    40.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.