Latin Common Turkic

Қарауыл Төбедегі Оттар - 12

Süzlärneñ gomumi sanı 3906
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2353
30.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
балаларға тағы да шарап құюды бұйырды. Міне, адал көмекшілерім біздің
бейбіт елімізге қанқұмар патша Іскендір келе ме, келмей ме деп дауласады.
Біреулері ол міндетті түрде бері бұрылады, екіншілері Индияға кететініне
көзіміз анық жетеді дейді.
— Басқаша қалай деуге болады! Əрине, ол Индияға кетеді!—десіп
күбірлесті ақсүйектер.
— Ол тіпті Индияға да жете алмайды,— деп біреуі шықты.
— Неге жете алмайды?—деп қатулана сұраған Бесс əлгіге бұрылды.
Алақаныман тізесін қаусыра құшақтаған қатпа шал селт етпей отырып:
— Қосмүйізден қашып шыққан бір көпесті кездестірдім, əлгінің
айтуынша, ол сұрқиялардың тобында үнемі наразылық пен астыртын
қастандық бар екен, өз басынан қорыққан Іскендір үнемі үлкен күзетпен
қорғанып, сенімсіздік білдірген бірнеше жақын жолдастары мен
əскербасыларын жазалапты. Мүмкін бұл кезде ажал Қосмүйіздің өзіне де
жеткен шығар. Егер тірі болса жаңа жорықтардан гөрі өзінін аман қалу
жағын ойлас -тырар. Нысанасына жеткен жебенің құлайтыны сияқты
Персияға жорық жасап күшін сарыққан Қосмүйіз де Ақбас таулардың
етегінде құритын болар,— деді.
Бесс қолдарын жоғары кетерді. Оның соңынан барлықтары да сұр
қабырғалардың төбесінде көкпеңбек болып тұрған бұлтсыз аспанға
алақандарын жайды.
—- О, сіздер, ұлы патшалықты мəңгі желеп-жебеушілер!—деп созылта,
əндете сөйледі Бесс.— Мыңдаған жылдар бойы бүкіл əлемге əмірлерін
жүргізіп, басқарсын деп біздің елімізді қорғап келіп, енді құдайға сену мен
құрметтеуді ұмыта бастағанымыз үшін Отанымызға айдаһар мен
Ариманнан туған зұлымды жіберіп отырсыздар. Жауыз Қосмүйіз жалқау
құлды шыбыртқылаған иесіне құсап біздерді жазалады. Енді құдайлардың
қаһары қайта бастады, талан-таражға түскен елді қайтадан қалпына
келтіріп, бұзылған шіркеулер мен сарайларды жаңадан саламыз. Күннің
шығыстан шығатыны сияқты, азап көрген Персияның қайта тууы да
шығыстан басталады!
Қатты толқыған Бесстың екі бетінен жас сорғалады.
— Ұлы мəртебеліміз, бізді аман алып қалатын тек өзің ғана,— деп
шуылдады ақсүйектер.— Сенің етегіңді сүйейік, біздің батыл
əскерлерімізді Қосмүйізге бастап апар. Біз оны құтырған итке ұқсатып
теңізге дейін қуамыз да, батырып жібереміз!
— Айтқаныма сеніңдер! Сыйыныңдар!—деп саңқылдады Бесс
қолдарын жанындағыларға созып, ал олар болса мұның жанына жүгіріп
келіп, жүрелерінен отыра қалысып, оның оқалы киімінің етегінен сүйіп
жатты.— Менің қандай шешімге келгенімді тыңдаңдар! Мен барлық
абыздар күндіз де, түнде де жеңісімізді тілеп дұға оқысын деп бұйрық
беремін.
— Дұрыс, дұрыс! Табылған ақыл! Дұға оқимыз!
— Мен араларыңнан мемлекет басқарудың қиын ілімін білетін талай
ақылгөй ақсүйектерді көріп тұрмын. Олар жауларымыздың арасынан етіп,
қауіп-қатерге бастарын тігіп, тау мен шелдерден асып маған алыс
өлкелерден келіп отыр. Бəрімізге қымбатты Персияның болашақ даңқының
алауын лапылдататын бір топ бағалы адамдар осылар. Олар енді
«мемлекетті басқару мен жаңғыртудағы патшалық кеңесті» құрайды.
— Қандай көрегендік, неткен ұлылық! Бұл ертедегі кемеңгер
патшаларға ғана лайық!—десіп айқайласқан ақсүйектің əрқайсысы патша
кеңесіне мүше болудан үміткер еді.
— Оның үстіне жастарымыздың тəрбиесіне назар аударуға тиіспіз.
Қазірден бастап князьдар мен үлкен əкімдердің балаларын тəрбиелейтін
мектептер сала бастаймыз. Осы мектептерде əскери өнерге, шабандоздық
пен найзагерлікке үйреніп, маңызды істерді шешіп білу үшін қазылардың
жұмыстарына қатысады.
— Сен барлығын болжағансың, алдын-ала ойлағансың,— десіп таң
қалысты сарай маңындағылар.
— Əлі көп жұмыс істеу керек! Персияның жаңғыруы Маракандадан
басталуы үшін, құдайға сыйынып, ішіп жіберейік!
Мүлəйімси қалған барлығын кезімен сүзіп өткен Бесстын назары
Спитаменге тоқтады. Ол көзі алақтап, еріндерінің шеті үйірілген кекесінді
күлкіден қисайып..
Сол қолының алақанын ашып күң қақты, дөрекі саусақтарын бүгіп,
əлденелерді санап, жүрелеп отыр еді.
— Мейманымыздың тостағаны шарапқа меймілдеп тұр ғой! Ол неге
ішпейді? Не санап отыр, өзі?
Персияның жаңғыруы үшін тостақты босатып қағып салған Будакен
Спитаменге алара қарады.
— Менің тілмаш — жолбасшым көптеген халықты көріп, талай елдерге
барған,— деді Будакен.— Мүмкін ол бағалы бір мəлімет айтар? Мысалы,
Қосмүйіздің отаны жайлы.
— Айтсын, тыңдап көрейік!— деп жауап қатты Бесс.
Тыныштала қалған бəрі скиф князының жұпыны киінген бейтаныс
серігіне менсінбей тесіле қалды. Ұлы жолдардың шанын жұтқан мына
жиһангездің сатраптар мен өлке əкімдеріне маңызды не айта алуы мүмкін?
— Неге үндемейсің, айт!— деді достық дауыспен оның Будакеннің
қолдарына жармасып «елшіге өлім жоқ» дегені есіне түсіп, жылы ұшырай
қалған Оксиарт.
Спитамен жаймен ғана:
— Қосмүйіздің неше күннен кейін осында, Маракандада болатынын
есептеп отырмын,— деді.
Бір сəтке тыныштық орнай қалды да, содан кейін айқай-шу гулеп кетті.
— Не дейді? Кім өзі? Персияның аман қалатынына сенбей ме?
Бесстің басы иығына сұғына түсті, талай күн мен түндер ойлап, ешкімге
айтуға батылы жетпей жүрген ойын тап басқан таңғажайып адамға
бұлдыраған көзімен үрейлене қарады.
— Тоқтаңдар!—деп айқайлады Бесс.— Айтсын, Қосмүйіз неге осында
Соғдианаға келеді деп ойлайсың?
— Қосмүйізді ешкім тоқтата алмайды, ол барлық жерге жете алады.
— Оған қарсы əскер жібердік, өткелдердің барлығында жасақтарымыз
тұр ғой!
— Қосмүйізді тоқтататын кім! Оны кейін шегіндіру үшін кім кеудесін
оққа тосады?
— Кімдер? Не деп тұрсың өзің? Біздер!—деп айқайлады бекзадалар.
— Жоқ, сендер кеуделеріңді оққа тоспайсыңдар. Сендер заң
жазасыңдар, ал жауға тосқауыл болатын сендердің диқандарың мен
малшыларың.
— Естідіңіздер ме, мынау қалай-қалай сөйлейді?— деп ысылдады
бекзадалар.— Бұл Қосмүйізден де қауіптірек! Бізге жақ емес! Өзі неғылған
адам анықтап білу керек. Мүмкін Қосмүйіздің жансызы шығар, көзіңе
тіктеп те қарамайды. Мұрнының ұшына ғана қарайды.
Бесс даусын көтеріп бұйыра сөйледі. Жарқ-жұрқ еткен асыл тасты
жүзіктерге толы саусақтарымен тақтың екі жақтауынан ұстап, бойын
тіктеп, нағыз патшалардың падишасына ұқсап отырды.
— Мұрнының ұшындағы шаянға қараған сияқты мына қитар адамның
мені көңілдендіргені сонша, бүгін бір рахаттанып күлетін болдық. Сен
Қосмүйіз бен оның жауынгерлері жайлы əйелдердің өсектерін естіп қорқып
отырсың ғой деймін. Қорықпа, біздің күшіміз жеткілікті! Тек соғды
жасақтарының өзі ғана Қосмүйіздің барлық. қолынан үш есе көп!
Əскерлеріміз тоқ, жақсы киінген, өз үйлерінде би билеп, өлең айтып мəзмейрам. Ал сұмырайлардың жауынгерлері тауда, жауын-шашынның
астында дірдек қағуда. Сен явандарды ешқашан көрмеген шығарсың. Олар
да өзіміз сияқты адам, бірақ біздің. даңқты бактра салтатты найзасын бір
сілтегенде олардың бірнешеуін қабатынан шаншып түседі.
Спитамен тісінін араеынан дыбыс шығарып, сыздықтап сөйледі:
— Мен — эллин-явандарды жақсы білемін, қорықақ торайларша менен
аулақ жүрсін деп жондарын талай рет қамшымен осқанмын.
— Өзі мақтаншақ та екен!—деп
қарақшыларды қай жерде дүрелеп жүрсің?
шуласты
отырғандар.—
Ол
— Біздер жүз екі салтаттылары явандардың басты шаһары Афиныда
тыныштық пен тəртіп сақтауға шақырылғанбыз. Олардың сөзуарлығы
сондай, егер екі яван дауласса ажырату қиын, сосын оларға төртеуі, тағы да
сегізі ұзамай бүкіл алаң толып Спарта мен Афинының. қайсысы күшті,
қайсысы беделді деп ұзақ дауласады. Қиқулаған мұндай тобырды скиф
салтаттылары ғана қуып жібере алатын болғандықтан біздерді онда əдейі
ұстап тұрды.
— Егер Афиныда тұрған болсаң, сұмырайлардың. тілінде сөйлей
алатын да боларсың?— деп емеурін танытты Датаферн.
— Иə, білемін.
— О, онда бізге сенің пайдан тиеді,— деді Бесс.— Егер князь Будакен
рұқсат берсе Бактрада тілмаш боласың. Бұрын явандарды дүрелегенің рас
болса шекараға барып, олардың бірнешеуін ұстап əкел. Сонда ол
мылжыңдарға əзімізге қажет мəліметтердің бəрін айтқызып біліп аламыз.
Енді, Авестаның адал ұлдары даңқты князь Будакеннің сақ даласынан алып
келген тұлпарын көрейік.
Жолбикелері мен «ажалсыздар» тобынан күзетшілері қоршаған Бесс
шағын баққа келді. Ортаға қызыл матамен қапталған ақ киіз шатыр
тігілген. Шатырдың айналасындағы бағаналарға Бесстың жақсы көретін
сəйгүліктері байланған еді. Аттардың жанында қолдарына піскен қауынның
тіліктерін салған табақ ұстаған сейістер тұр. Бесс Будакен əкелген екі
айғырдың қасына барды. Біреуі алтын түсті сарғыш та, екіншісінің жал мен
құйрық қылы ақ, ашық сұр болатын. Өзін үнсіз ғана құптаған
жолбикелерінің көзінше аттарды қауын тіліктерімен жемдеді де, былай
шығып кет деп Сатибарзанға белгі беріп екеуара оңашаланды.
— Ешнəрсеге күдіктенбес үшін мына жолбасшыға ақша сыйла.
Салтаттылар жасағына қос та дереу Бактраға жібер. Олар бұдан бір сəтке
де көз жазбасын, былай шыға аяғына кісен салсын деп бұйыр. Наутаққа
жеткен соң азаптап, өзі жансыз емес пе екен соны білсің.
Үлкен іс бітіргендей жүзі жайнап Бесс Будакеннің жанына келді де,
барлық өзендердің үстіне өткел етіп қандай тас көпір, үлкен жол
тораптарына көрген кездің жауын алатын қандай керуен сарайлар
салдыратынын айта бастады.
— Уақыт əлі жеткілікті,— деді Бесс.— Жақында менің үйлену тойыма
қатынасасың, князь. Соғдиана мен Бактра князьдарының қыздары
патшалар падишасының қалыңдықтары болады, мен оларды өзіммен бірге
Сузығa апарамын. Содан кейін соғды князьдары патша тағының тірегі,
Персияның бірінші бекзадалары болмай ма? Осы арадан олар бүкіл əлемге
биліктерін жүргізбей ме?
Шатқалдағы түн
Будакен қала сыртындағы Талиссия бағына оралғанда, оны парсы
əкімдері күтіп отырған еді. Олар Бесстың жіберген тартуларын: айналасына
арыстан мен бұғы аулап жүрген сəтті бейнелеген суреттер салған бірнеше
құмыра мен қола табақтарды өздерімен бірге ала келіпті. Бұған қоса бетіне
тоқылған жапырақтар мен гүлдер арқылы көктемгі жайылымды бейнелеген
өрнекті парсы кілемі де бар. Бірақ оған ең ұнаған сыйы болат
шығыршықтар мен салпыншақтардан шебер жасалған үлкен сауыт еді.
Бірде Сатибарзан келіп Будакенмен оңаша қалған соң Қосмүйізбен
соғысқа қатынасуға сақтар тездетіп жүз мың əскер жіберсе бұл үшін қандай
шарттар қоятындықтарын қазбалап сұрай бастады.
— Іскендір патшаның Суз бен Экбатанның керуен жолдарымен келе
жатқан көмегіне сақтар шабуыл жасап, қарақшының қолын кейінгі
сүйеніштерінен кесіп тастаса, барлық явандарды Дрангиананың
шатқалдарында күшікше оп-оңай жаншып тастауға болады.
Скиф сарбаздары князьдардан бөлек, оттың жанында, істікке
шаншылған тұтас қойды қызған көмір майдың шыж етіп жанғанына қарап,
етті айналдырып əуре.
— Мені Ақбас тауларға жіберіп, екі сұмырайды ұстап əкелуімді талап
етіп отыр. Айтқандарым өздеріне ұнамай үріккен қаздар сияқты үрпиісіп
қалыпты. Жиырма салтаттыны маған берді ме, əлде мені оларға берді ме,
бұл жағы түсініксіз. Жолда жанымды жаһанамға жібер деген бұйрық
алмаса қайтсің?— деді Спитамен.
— Біз өзіңе ереміз,— деді Кидрей.
Сəл ойланған Спитамен келісім берді.
— Егер менің ізімнен жүретін болсаңдар Окстың өткелінде кездесейік.
Онда жолаушыларды таситын қайықтар жетіспегендіктен үнемі күтуге тура
келеді. Атымды сендерге тапсырдым. Егер мені Ақбас тауларға жетсін десе
Бесс ат тауып берер. Ал көзімді жоюды ойласа жақсы ат босқа өлмей,
өздеріне бұйырсын.
Таңертең араларында Спитамен бар жиырма салтатты Бактраға
апаратын үлкен керуен жолымен Маракандадан шықты.
Қабағының астынан түнере қараған осы топтың басшысы сүйегі ірі,
арық жүзбасы аттың үстінде міз бақпай үнсіз отыр. Қалып кетпесін деп,
аттыларға айқайлап қояды. Бірнеше əскер ортада келе жатқан Спитаменнен
қарыс қадам ұзамай жанында келеді.
Күні бойы атыз - атызға мұқият бөлінген бидай мен жүгерісі көкпеңбек
болып қаптап шығып келе жатқан егістікті жағалап жүрді де отырды.
Жол бойында кішкентай қорғанға ұқсас князьдардың мекен-жайлары
ұшырасады. Ал шаруалардың үйлері тастан қаланып, сырты саз
балшықпен сыланған. Қасқыр тəрізді үлкен иттер қарлыға шабалана үріп,
секіріп шығып соқпа қабырғалардың үстімен жүгіреді.
Жолаушылар бақшаларға кіріп, ат тұяқтарымен пəлектерді таптай
еңкейіп, ең жақсы қауын мен қарбыздарды жұлып алып, аттарынан түспей
жей бастады.
Елді мекендерде азғантай аялдағанда жүзбасы бастарын иіп алдына
бағынып келген ру басыларын қамшымен осып-осып алады.
Үрейлері ұшқан шаруалар аттарды жемдеуге дорбалап арпа, ал
əскерлерге қытырлаған күлшелер мен сүт құйған құмыралар алып келеді.
Кешқұрым күн таудың жотасына иек артып, шыңдардың бастары
шапақтанған кезде салтаттылар екі жартастың арасымен ағып жатқан
жылғаның жанына тоқтады. Айналасында тірі жан жоқ күңгірт, көңілсіз
жер екен. Сонадайдағы таудың жартасына бірнеше арша мен пісте
ағаштарының иір-иір діндері тырмыса өскен. Елді мекен кейінгі жақта
алыста қалды.
Бірнеше от қатарынан шатырлап жанып, көкшіл, ащы түтін қалықтай
жөнелді. Жүзбасы одан сайын ашуланып тауға көтерілмек болған
Спитаменге дауыс көтерді. Бірақ ұрысқанын қаперіне де ілмеген Спитамен
жоғары өрмелей түсіп, жартасқа шыққан соң тоқтап айналаға көз тастады.
Жүзбасы балағаттап «қаңғыбастың» сиқыр шақырып, əскерлерге жұқпалы
ауру əкелмеуін талап етті.
Тауға көз салған Спитамен беткейлерді бойлай өскен шыршаларға назар
аударып, шатқалдың қай жақтан басталатынын аңғарды. Жыланша
ирелеңдеген соқпақ таудың төбесіне қарай көтеріледі екен. Асу мен құз ана
жақта деп түйіндеді ойын Спитамен.
Жартасқа өрмелеген бірнеше əскер балағаттап, Спитаменге жабыла
кетті.
— Сендерді жын соқты ма?—деп ақырып қалған Спитамен жұлқынып
шықты да, бірнеше рет секіріп, оттың жанына жетті. Жеткен бойда киіз
терлікке тізерлеп отырып, дұға оқыған тəрізді қимылсыз қатты да қалды.
Əскерлер беймағлұм аңшының жанына ақырын жақындады. Сосын
қолын артына қайырып, қайыс белбеумен байлағанда да ол еш қарсылық
көрсеткен жоқ. Бар болғаны тұла бойы дір-дір қағып, тістері сақылдады.
Іңір қараңғысы тау ішін тез-ақ құшағына алып, тек жақындағы бұталар
мен тастар ғана лапылдаған алаудың жарығымен қызыл түске боялды.
Спитамен дірілдей түсті. Қоржынын ақтарып асық пен күлшелерін,
тостағаны мен ала -бажақ көйлегін бөліске салған əскерлерге көзінің
астымен жақтырмай қарап қояды.
— Неге қалтырайсың?—деді мұрты əлі тебіндемеген жас əскер.—
Өлімнен қорқасың ба? Бəрібір одан қашып құтыла алмайсың...
— Сол аяғымдағы етігімнің қонышында күміс салған қалта бар,— деді
аңшы.— Соны ал да, ақысына шапаныңды үстіме жаба сал. Бүгін безгегім
ұстап тұр; əрбір он үшінші күні айналып келіп мені қатты азаптайды.
Спитаменнін етігінің жұмсақ қонышын тінткілеген бозбала қалтаны
суырып алды да, сосын байлаулы жатқан адамның үстіне өзінің киіз күпісін
жаба салды. Бірте-бірте дірілі басылған Спитамен ақыры тынышталды.
Қара қайрақпен жалпақ, ауыр қылышын жанып отырған жүзбасы
жанындағы көмекшісіне.
— Оны қазір өлтіруге болмайды, денесінен ытқып шыққан жаны түні
бойы осы араны айналып, ұшып жүріп, ұйқыдағы адамдардың қанын
сорады. Біз оны таңға жақын жолға шығар алдында жайғастырамыз.
Күзетшілердің біреуі жамылғысының етегін басып отырсын, екіншісі
аттарға абай болсын.
Түн ұзаққа созылды. Күзетшілер отқа əлсін-əлсін аршаның бұталарын
тастайды. Алыста көзге көрінбейтін шиебөрілер ырылдап, бұларды
мазақтағандай болады. Ауада жарқанат қанатының сусылы естіледі.
Алыстағы қар жапқан тау шыңдарының ұшар бастары арайланып,
аттардың сауырлары мен сөніп күлге айналған отты жұқа қырау жапқан
кезде Спитаменнің жамылғысының етегін басып отырған күзетшілердің
бірі ұйқысынан оянды. Оған ғажайып бір қорқыр естілгендей болды. Бұл
местен ағып жатқан шараптың қорқылына ұқсас дыбыс болатын. Басын
тізесінің үстіне қойған екінші күзетші де қор-қор етеді.
Орнынан тұрып керілген күзетші жерде жатқан жүзбасының басын
көрді. Бір көзі жабылып, екіншісі сəл қысылып зымияндана жымиятындай.
Аяқ-қолдарын жайып салған денесі анадай жерде, тамағынан аққан қан
шұрқ-шұрқ етеді, басы бір сермегеннен ұшып түскен секілді. Өз
ғұмырында талай өлімді көрген əскердің тұлабойы мұздап жан-жағына
үрейлене қарады. Барлығы ұйқыда, жемдерін түгескен аттар да бастарын
салбыратып тыпыр етпейді. Күзетші аяғымен түртіп, жолдастарын оята
бастады.
— Авестаның адал ұлдары,— деп ерінін жыбырлатты ол, жанжағындағы жартастарға қорқынышпен көз тастап,— қаруларыңды
қолдарыңа алыңдар, жау жақын!
Ұйқылы-ояу күйде не болғанын түсіне қоймаған əскерлер түнерген
шатқалда ұшып жүрген зұлым аруақтармен шайқасу үшін найзаларына шап
- шап берісті. Сосын қорыққаннан үрпиген олар басшысының басына
жайлап жақындай түсті.
— Əлгі қаңғыбас кеше сиқырлап түнгі аруақтарды шақырған болар,—
десіп өзара күбірлесті Сиқыршыны өлтіруге болмайды, шаһарға аман-есен
жеткізейік. Сосын терісін тірідей сыпырады.
Əскерлердің бірі Спитаменнің қимылсыз сұлбасын найзасының
ұшымен түртіп қалды. Томпайып тұрған ақ жамылғы сылқ етіп құлады.
Аңшы жамылғының астында жоқ болатын. Əлгінде ол жатқан жердегі
тастың үстінде бунақ-бунақ құйрығын қайқайтып шабуылға да, қорғануға
да дайындалып, улы тілдерін жалаңдатып сары шаян тұрды.
— Диюлар, шатқалды зұлым диюлар жайлаған,— деп бақырды
əскерлер.— Бұл арадан тезірек қашайық!
Жүзбасының көмекшісі естері шыққан жолдастарын тоқтатуға
тырысып еді, бірақ оның сөзіне ешкім құлақ аспай, аттарын шешіп
құйғытып шаба жөнелді.
Ақыры ол мүрденің жанында жалғыз қалды. Жүзбасының семсері мен
қысқа ауыр найзасының да бірге жоғалғанына таң қала жүріп, аршаның
бұтақтарын сындырып, бір жерге үйді де оның үстіне бастығының денесін
салды.
Спитамен мен жүзбасының аттарын жетекке алып, ол шатқалды өрлей
Бактраны беттеп кетіп бара жатты.
Спитаменнің жолы
Алакобеде Спитамен от басынан үнсіз ғана алыстады. Жүзбасының
қысқа семсерінің жүзін жапырақ қылқанымен сүртті де, беліне қыстырып
шатқалға қарай ене түсті.
Байқампаз аңшы ұзамай тауешкілерінің сүрлеуін тауып, шашырай
орналасқан жартастардың тік жарларымен жоғары өрледі. Кешікпей ат
тұяғының дүбірі мен айқай шуды естіді. Бұта түбіне тасалана қалған ол
түнде өзімен бірге қонған əскерлердің жанынан шауып өткенін көрді.
Жоғары ерлей түсіп алдындағы жартастың сүйір басына шыққанда
алдыңғы жақтан көптеген жартас пен шашылған тастарды көрді. Түпсіз
шыңырау тəрізді шатқал айрықша суық сияқтанады, сонау жақтан
көтерілген бозғылт тұман шың басына қарай көтеріліп, қиғаш түскен күн
сəулесімен ұшырасқанда тез сейіліп жоқ болады.
Ұзамай ол тау беткейінде екі жағына ауыр қанарлар теңделген жіңішке
сирақ сұр есектердің тізбегін байқады. Ұзын, түзу шыбықтарымен
есектерді айдап келе жатқан шаруалардың айқайы да анық естіледі. Олар
үйреншікті тəсілдерімен биікке өрлеп, төмен түскен сəттерінде қадамдарын
тежеп, əлгі таяқтарына сүйенеді.
Спитамен бірде тырмысып, бірде беткеймен зыр жүгіріп ең қысқа
жолды қарастыруда. Бірнеше рет ол шаруаларды басып озды. Қолында
найзасы бар белгісіз жолаушыны көрген олар бір - бірлеріне сақ болыңдар
деп айқайласты да, ұзын сапты балталарына жармасып, Спитаменге
абайлай қарасты.
— Кімсің? Қайда барасың?
— Бөгелмей жүре беріңдер, ниетім түзу!
— Қарақшы да, қайырымды жан да бірдей келеді. Ендеше сенің есімің
есімізде қайырымды адам ретінде қалатын болсын.
— Мен зұлымдық жасамаймын.
— Соғыс жақын. Таяуда бұл жерде де лашықтар өртеніп, əйелдер
шаштарын жұлады дейді. Біздер алысқа тауға кетіп бара жатырмыз.
Патшалардың падишасы біздерге соғысқа аттаныңдар деп бұйырды. Бізге
соғысып не керек? Амандығымызға да шүкіршілік емес пе?..
Дорбаларынан уыстап жүзім мен кепкен тандыр нан алып шаруалар
бейтаныс жолаушыға ұсынды. Жол үстінде нан сұрайтын ғұрып жоқ,
сондықтан қайырымдылық жасап кім не берсе, соны аласың. Жолаушының
дорбасының жоқтығы, көзінің аш қасқырдай жайнап тұрғаны бірден
көрініп тұр.
Бірнеше күн бойы тау ішімен келе жатқан Спитаменнің белбеуін қысып,
буына түскені рас еді. Бірде таң алдында ол алыстан жан-жағына қалың
қамыс өскен ирелеңдеген өзеннің ақшыл жолағын көрді. Өзеннің арғы
бетінде кең жазық, ал көкжиекте ертеңгі тұманмен бастары мұнарланған
таулардың үшкір шыңдары. Ол мұның ұлы өзен Окс екенін бірден білді.
Өзеннің арғы бетінен Бактра басталады.
Спитамен таудың беткейіне, жартастарға жабыстыра салынған елді
мекенді алыстан айналып өтті. Төменде қамыстың арасында біркелкі
атыздармен бөлінген ашық алаңды көрді де, сол жерде демалуды ойлады.
Төменге жағалауға түсіп келе жатып екі қапталына қап теңдеген атқа
мінген ақсақал шалмен ұшырасты. Қарсы алдынан шыға келген найзалы
бейтаныс адамды көрген шал тұра шауып, қаша жөнелді. Шешіліп түскен
бір қабы жол үстінде жатыр. Анадайдағы төбенің басына шығып тоқтаран
атты адам бейтаныс жолаушы не істер екен деп артына қарап тұрды.
Спитамен қаптың аузын шешті. Оған көк шафран көйлектер мен
шалбарлар қатталып салыныпты. Ақсақал таудағы шаруа əйелдер тоқитын
киімдер мен маталарды сатып алушы болса керек. Ішіндегі киімдерді жол
үстіне қағып түсірген Спитамен жарғақ қапты бүктеп орап алды да,
қамыстың ішіне кіріп жоқ болды.
Жанына бірнеше жолаушылар келгенше шал төбенің басында тұра
берді. Тізерлеп отыра қалысып, ұзақ дауласқан олар, ақыры киім шашылып
жатқан жерге келді де, қамыс жаққа қарап:
— Қаңғыбас неме, тек бері шық! Қазір сен сияқтылар көбейіп кетті.
Туған жерін қорғағылары келмей бет - беттерімен жүр. Балталап тастайық
қарақшы, оңбаған ұры, тек бізге тұмсығыңды көрсетші!
Жабысқақ ми батпақтан аяғын əзер көтерген Спитамен биік қамыс
өскен қопаның арасынан əрең дегенде ашық алаңға шықты. Бұл көк
пəлектердің арасында ұзын имек қиярлар өскен, қарбыздар жалтырап,
сарғайған қауындар көрінген бақша болатын. Осы жердегі кепкен
қурайлардың үстіне жарғақ қапты төседі де, соңғы күші сарқылып құлай
кетті.
Ол ұзақ жатты. Мезгіл түстен ауып бара жатты. Спитамен қолын созып,
піскен қауынды жұлып алды да, семсермен қақ бөліп, тəтті сарғыш сөлін
ішті. Кішкентайдан сындырып, шетінен жей отырып, жан-жағына құлағын
түрді.
Биіктігі екі-үш кісі бойындай келетін, сабақтарының ұштары қурай
бастаған, үлпілдектері желбіреген солқылдақ нарқамыстар шайқалғандай
болды. Ұйтқи соққан жел шайқалуды күшейте түсіп, тұс-тұстан естілген
дыбыстар тура қаптаған адамдардың түсініксіз тілде сыбырласқандары
тəрізді естілетін еді.
Спитамен үстінен жүн бешпентін, кенеп көйлегін, жарғақ шалбарын,
тозған жұмсақ етігін, шұлғауын шешті де, жерге жайды. Қарасұр аспандағы
жалқыннан көтеріліп, самал ескенге дейін ол күнге қыздырынып, сол
қамыстардың үлпілдектері қарайып, өзен жақтан тұман көтеріліп, самал
ескенге дейін ол күнге қыздырынып, сол орнында тапжылмай жатты.
Бойына əл кірді. Киініп, алаңды айналып шықты. Алаңның бір шетінен
қопаның ішіне қарай əрең байқалатын соқпақ көрінді.
Бір жақтан шалпылдатқан дыбыс естілді. Спитамен қамысқа тығылды.
Қамыстың арасынан алдындағы шағын алан оған анық көрінді.
Қамыс арасынан пысқырынған үлкен қабанның кір қожалақ басын
байқады. Қайқы өткір азуы ағараңдайды. Ашулы, кішкентай құйтырқы
кездері жан-жағына сақтана қарайды. Кенет тұмсығын көтеріп, ауаны
қомағайлана иіскеді де, салмақпен нық басып алаңға шықты.
Оның ізіне ере алаңға шыққан бірнеше ірілі-уақты торайлар мен
мегежіндер бір нəрсені күткендей кілт тура қалысты. Қабан тағы да
тұмсығын көтеріп, ауаны иіскеді. Жоны күдірейіп, қылшығы тік тұрды.
Сосын сабасына түсіп шүйдесіндегі қылшығы жатқан соң, қорсылдап
тұмсығымен бос топырақты қопсыта бастады. Атыздарды қуалай жүгіре
жөнелген шошқалар ұзын жіңішке тұмсықтарымен түрткілеп қарбыздарды
жара бастады.
Спитамен тырп еткен жоқ, үйіріне қауіп төнгенде жау жаққа қарай
бірінші ұмтылатын қабанның жүректі жануар екендігін ол жақсы білетін.
Қарбыздың біразын бүлдірген соң шошқалар тынышталып, аяқтарын
созып, жата - жата кетісті. Тек қабан ғана қатты шайнаңдап, өткір азуымен
жерді аударып, қорс - қорс етіп алаңның ортасында əрлі-берлі жүр.
Кенеттен елен еткен қабан əлденеге қауіптене қорсылдады.
Қамыстардың басы шайқалып, сынған сабақтардың сатыр - сұтыры
естілді. Орындарынан атып-атып тұрған шошқалар қайда қашарларын
білмей бір жерде сасқалақтап секіре берді. Қопаның арасынан жарқ етіп
секірген тарғыл жолақты, алып денелі қызыл аң бір шошқа -ны жұмарлап
бас салды. Құлақ жарған шыңғыру кешкі тыныштықты бұзды. Шошқаны
желкесінен бүре тістеген аң бірнеше секіріп алаңнан өтті де қопаның
арасына кіріп көзден ғайып болды. Күңгірт қаракөлеңкеде бұлғақтаған
ұзын құйрығы мен артқы аяқтарының лас табандары ғана көрініп қалды.
Қабан мен шошқалар қамыстарды жайпап жан-жаққа бытырай қашты.
Бір хайуан Спитаменнің жанынан жүгіріп өтіп бара жатты. Найзасын
лақтырып жіберіп еді, найза шошқаны тесіп өтті. Жан ұшыра шыңғырып
шыр айналып түскен ол ми батпақтың үстінде аяқтарын сереңдетіп жатты.
Жан-жағына алақтай қараған Спитамен найзаны суырып алды. Бірақ
жолбарыс қайтып оралған жоқ. Қамыс сабақтарының сынған сатыр-сұтыр
даусы тағы да алыстан естіліп тұрды да, ұзамай айнала тынышталды.
Алаңның ортасына шошқаны сүйреп шығарған Спитамен оны
бұтарлады да, бауыры мен бүйрегін жып-жылы күйінде жеп алды.
Кідіруге ешқандай болмайтын. Қамысты қопалардың əміршісі —
жолбарыс пен ызалы қабанның əлгі жерге қайтып оралулары мүмкін!
Соқпаққа беттеген Спитамен жан-жағына алақтай қарап, жыртқыштың
аяғы астындағы қамыс сабағының сынғаны арт жақтан естілмей ме деп
құлағын түре түсті.
Бактра
Дөнгелек ұсақ тасты ашық жаға көрінді. Шіріген аулардың үзіндісі,
қираған қайықтардың қаңқалары шашылып жатыр. Қарбыздың қабықтары,
шөп-шалам, сынған бұтақтар иірімдерге жиналып, ағыны қатты судың
бетінде шыр айналады.
Спитамен бүктелген жарғақ қапты жазып, шешінді де оның ішіне
киімдерін, етігін салды, сосын қапты үрлеп аузын белбеумен қазықбаулап
байлады. Семсері мен найзасын оның үстіне көлденең тастады. Қапты
алдына ұстап, суға түсті. Ұзамай су тереңдеп, ол ағысты бойлап жүзе
жөнелді. Бір қолымен үрген месті ұстап, екінші қолымен жəне аяқтарымен
есіп, қарсы жағаға беттеді. Оған екі жаға да, қамыстар да тез кейін шегініп,
тек су ғана тып-тыныш бір орнында тұрғандай болып көрінді. Асықпай,
бірақ қайсарлана жүзген қара бас шексіз айдынды кесіп етіп ақыры арғы
жағаға жақындай түсті. Кешікпей табандары майда құмға да тиді. Тыптыныш жағада тірі жан жоқ. Дымқыл топырақ үстінде секеңдеген сұр
шымшықтар ғана, желмен көтеріле ұшып, жалынышты үнмен
шырылдайды.
Спитамен жағаның биіктеу жеріне еңбектеп көтеріліп, түйетайлы
беткеймен ары қарай домалап түсті. Осы жерде месті шешіп, киініп алды.
Барлық киімі құп-құрғақ.
Жағаның жоғарғы жағынан дауыс естілді. Екі адам əңгімелесіп отыр:
— Князьдар ақылдарынан алжасқан. Барлықтары да халықты құрту
үшін əдейі жасап жатқандай.
— Күн сайын біздің əскерлер өтіп жатыр.
— Олар неғылған əскер дейсің, біреулерінде балта, біреулерінде
шанышқы, кейбіреулері құр қол.
— Бəрін азық-түлік бермей Бактраға жіберіп жатыр. Əркім өз үйлерінен
тамақтарын қоса алып шығуға тиіс. Сондықтан да жол бойы шаруалардың
бақшаларына түсіп, қиярлар мен қарбыздарды жұлады, сəбіз бен
шалқандарды қазады.
— Сосын біздер қайтпекшіміз? Барлық сақтаған қорымызды солар жеп
тауысады ғой?
— Қнязьдар жеті күншілік жердегі барлық елді мекендер, барлық астық
пен азық түлік қорлары өртелінсін депті....
Дауыстар ұзай берді. Басын көтерген Спитамен арқалаларындағы
қаптың ауырлығын, бүгіліп бара жатқан екі шаруаның құм төбеден асып
кеткенін көрді.
Күні бойы ыссы құмды есіп жүрген Спитаменнің тершіген бетіне
жалын шарпыған жел əкелген шаң жабысумен болды.
Қу мекиен жазық біраз жерге созылды. Ақыры үлкен айдау жолға тап
болып, онда отар-отар қойға, бақырған түйелерге, жегілген арбаларға, атты
адамдарға кездесті.
Жолаушылардан жақында ғана Бактраға патшалардың падишасы
атанған Артаксеркстың, бұрынғы Бесстың келгендігін естіді. Оның
жанында тамаша сұлу сəйгілүктерге мінген мың салтатты, соңында түрлі
кілемдер мен шатырларды, жорық заттарын алған соншама
қызметкершілері бар көрінеді. Қазандар мен шарап, май құйылған
құмыралар артқан түйелермен бірге жүз аспаз жəне ерген дейді.
Кешкісін саз аралас лай су аққан көптеген арықтан өтуге тура келді.
Алдындағы самсаған қызыл оттар «Персия шаһарларының анасы» атанған
Бактра қаласы болатын.
Іңір қараңғысы қоюлана түскен сайық айналасындағы оттарда
самаладай жарқырай түсіп, бүкіл жазыққа жайылып, жан-жақты алып кетті.
Көкке шалқыған жалынның қызыл тілдерінен темен ұшқан бұлттар қарақошқыл түске боялды.
— Бұл ас пісіріп жатқан патшалардың падишасының əскерлері,— дейді
жолаушылар.— Бұл араға мыңдаған əскер жиналған.
— Олар қайырымды құдайларға құрбандық беріп жатыр,— деп
дауласады енді басқалары.— Құдіреті күшті ұлы Агурамазда парсы
семсерінің жүзін мұқалтпасын деп сиынуда.
Бірақ от əрі көп, əрі соншалықты үрейлі еді.
Кенеттен шыққан ащы айқай бүкіл жол бойына естілді.
— Үйлеріміз өртеніп жатыр! Астық қоймалары өртенуде. Əкесі көрінде
өкіргір Бесс күллі Бактра отқа орансын деп бұйрық беріпті.
— Барлығымыз аштан қырыламыз! Қатын-баламызды кім асырайды?
Үлкен жолдың үстіндегі барлық топ ілезде шашырап жан-жаққа жүгіріп
кетті. Бір-бірін кимелеп, итерісіп шаһарға қарай асығуда. Кейбіреулері
кейін бұрылып өз мекендеріне тезірек жетуге тырысуда. Адамдардың
естері шыққан. Қой айдаушылар да мына аласапыран мен қараңғыда
алдарындағы малдарына не бола алар емес. Аласұрып шапқан аттылар.
Қапталға қарай дөңгелеген арбалар арықтарға түсіп қисайып құлап жатыр.
Бір жақта əскерлерге жиналуға белгі беріп сарнаған керней дауысы үрейді
күшейте түсуде.
Үлкен жолдың бойындағы жыра - жыраларды қуалап келе жатқан
Спитаменде қарнымды бір тойғызсам дегеннен басқа ой жоқ еді.
Анадайдан қаз-қатар жағылған от пен ат байлайтын көрмелерді көрді.
Оттың жарығы қоршалап отырған əскерлердің былғары, темір сауыттарына
шағылысады.
«Көп адам ас ішкен жерде жолаушының жүрегін жалғайтын нəрсе
табылар»— деп ойлаған Спитамен бір отқа таман жақындады.
Отырғандар оған көңіл аударған жоқ еді, бірақ бастықтар сияқты қола
дулыға киген, шеткерірек тұрған біреуі:
— Неғып жүрген қаңғыбассың, дүре алғын келіп арқан қышып тұр ма?
—деп айқайлады.
— Əскер болғым келеді.
— Əскер? Өзің бері таман жақындашы! Найза лақтыра аласың ба?
Садақ тартып, семсердің соққысын қайтара білесің бе?
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
  • Büleklär
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2503
    29.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3833
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2397
    30.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2388
    29.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2350
    30.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3976
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2564
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3854
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
    30.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3940
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2204
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3972
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2433
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3910
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2314
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3939
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2364
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3906
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2353
    30.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2338
    30.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3873
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2429
    30.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2338
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2281
    31.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3846
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2412
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3834
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2363
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3846
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2288
    30.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарауыл Төбедегі Оттар - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 605
    39.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.