Latin Common Turkic

Жапандағы жалғыз үй - 16

Süzlärneñ gomumi sanı 4099
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2422
32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
қажеті жоқ. Оларға тек шөп қана керек. Аман алып қалатын шөп. Қара жерге тұяғы ілінсеақ, бәрі ширап жүре берер еді.
Біздің етіміз өліп алған ба, әлде қолдан келер айла-амалдың жоқтығы ма, әйтеуір күнде
бір талдап жиып әкелетін үш-төрт шана шөпке тоқмейілсіп, басқа қаракет жасамаймыз.
Шынында да не істейік. Сол үш-төрт шанаға жегетін тың көліктің өзі өрең шығады.
Райхан баздан қамығып қайтты. Тотыққан жүзі одан сайын күреңітіп, үйге келгенше
ләм деп тіл қатқан жоқ. Түнде үш бөлме адамға лық толды. Екі-ақ көшелі, шағын ауылдың
адамдары әп-сәтте Райханмен тайлы-тұяғына дейін амандасып үлгерді. Жастар жағы ойын
бастаған. Домбыраны гүжілдетіп, ән салып думандатып жатыр. Төргі үйде колхоздың
бригадирі, есепші, ферма бастықтары – өңкей активтер жиналған. Колхоздың бетке ұстар
ығай мен сығайы осылар. Гу-гу әңгіме. Мұндайда, әдетте, қысыр сөзден басқа татымды
ештеме айтылмайтыны белгілі. Бірақ Райхан әңгіменің бетін шаруашылыққа бұрды.
Қашан ет пісіп келгенше, алқа-қотан отырғандардың қасына келіп сөз бастады.
– Колхоз жайының шет жағасын жолда естіп ем. Жаңа көзіммен көрдім. Өте ауыр
екен. Өздеріңіздің тұрмыстарыңыз жаман болса, ал малдың тұрмысы адам төзгісіз.
Шапқан шөптеріңізді уақытында жинап ала алмаған соң, қыс ішіндегі әбігерден береке
шамалы ғой, – деп Райхан отырғандарға сынай қарады.
– Жөн сөз, жөн сөз.
– Шынында да жаз бойы бар шабындықты шауып, жиып алсақ, мұндай халге
ұшырамас ек, – десіп жатыр активтер. – Біздің қашанда кеш қимылдайтын әдетіміз ғой.
– Енді өкініштен не пайда, – деді Райхан. – Мен сіздерге бір нәрсенің жайын
айтпақпын... Күнде әкелетін үш-төрт шана шөп қыруар малға жұқ та болмайды.
– Әрине, қарағым.
– Ол әшейін өлмешінің күні ғой.
– Ал ендеше, – деді тағы да Райхан, – біз былай жасайық. Екі-үш күн ұйқыдан
ешқайсымыз да өлмейміз. Араларыңызда ағаш шеберлері бар, менің әкем бар, қазір тамақ
ішіп болысымен, жабылып жіберіп үлкен шана жасаңыздар. Ана тракторға тіркеген
керосин артып келген шана бар ғой, содан үш есе үлкен болсын.
– Иә, иә, – деп жұрттың көзі жайнай түсті.
– Шана бітісімен тракторға тіркеп қар астында қалған бар шөпті жинаймыз. Ол үшін
Оспан секілді он шақты жігітті алдын ала шабындық орнына жібереміз. Олар дайындай
береді.
– Мынау табылған ақыл екен.
– Батыр-ау, трактор қанша тартады?
– Трактордан қам жемеңіздер. Бір мая шөп болса да тартып әкелеміз.
– Пой-пой-ой. Мынауың өзі, Райханжан-ау, тажал болды ғой онда, – деп шалдар жағы
таңдайын қақты.
– Бірақ, Райхан-ау, әлгі дәу шанаға табан темірді қайдан табамыз? Күргерей оны қанша
уақытта соғады?
– Сол да сөз боп па, қай шанаң табан темірмен жүр еді?
– Сөз емес сөзді айтады екенсің, – деп табан жайлы айтқан адамды сөгіп те жатыр.
– Ал, бастырық жайы қалай болады.
– Одан қам жемеңдер, – дедім мен де араласып, – екі-үш бастырықты біріктіріп
жамаймыз. Оның жарасы жеңіл.
– Дұрыс, дұрыс!
– Қарағым Райхан, – деді бағанадан әңгімеге араласпай жұрт сөзінің артын бағып
отырған жасы алпыстардан асқан төртбақ шымыр адам. Бұл екі жыл бойы осы колхозды
басқарып келген кісі. Соңғы кезде белінен шойырылмалы болып, үйінде отырып қалған.
Таяққа сүйеніп қана жүретін мүгедек, – айтқаныңның бәрі көкейге қонып тұр. Трактормен
шөп тасимын деуің тамаша нәрсе. Бірақ менің бір қаупім бар. Далада қалған шөптің өзі бір
әкелуге жетер ме екен. Азаптанғандарыңа қарай шаналарың толса жарайды ғой.
– Оу, ағайын, о не дегеніңіз. Ана «Қамыстыкөлдің» күнбатыс жақ баурайына барсаңыз,
былтырғы күпаналар бықып жатыр. Не керек, тасып үлгере алмай жүрген жоқпыз ба, –
деп шопр Оспан мол шөптің шетін аңғартты.
– Тінекеңнің сөзінің жаны бар. – Бәріміз тағы да Райханның аузына қарадық. – Қанша
көп дегенмен қар астындағы қалдық малға жұқ та болмайды. Биыл қыс ұзақ. Әлі де
боранның болмасына кім кепіл. Мен аудан орталығында мына көрші неміс колхозы
«Тельманның» басқармасымен кездестім. Райкомның кеңсесінде отырып сөйлестік.
Оларда әлі шөп мол екен.
– Ойбой, оның несін айтасың. Әй, неміс халқы шаруаның қыбын біледі-ау. Жазда адам
айтқысыз шөп шауып, мая-мая ғып үйіп алған жоқ па. Біздей дейсің бе олар малынып
жүретін, – деп біреу әңгімені ащы ішекше шұбатып бара жатыр еді, жұрт аузын қақты:
– Түһ, сен де малтаңды езе беруге құмар екенсің.
– Олардың шаруаға ықтияттылығын бүгін білдің бе?! Одан да сөз тыңдасаңшы.
– Иә, – деді Райхан, – басқармасы Пфеев деген адам екен ғой. Ол бізге қарызға біраз
шөп беретін болды. Оны да осы бүгін-ертең жатпай-тұрмай тасып аламыз. Енді бірде-бір
малды шығындатпаудың қарасын көздейік. Жазда шөбін қайтарып берерміз.
– Ойбай-ау, берсінші әуелі. Екі есе етіп қайтарайық өзін.
– Сен де бөседі екенсің. Екі есе болмай-ақ, берген шөбін сұратпай уақытында шауып
берсек те жаман болмас.
– Ештемесі жоқ, тіпті апарып үйіп берер ек.
– Әй, осы күшің жазда қайда қалған, – деп бір-екі адам біріне-бірі мұқатып, шартпашұрт дауласа кетіп еді, Райханның үлкен көзі жарқ етіп тесіле қарағанда, қаймығып жым
болды. Жасы егде тартып, бұрынғыдан гөрі сәл тола бастаған Райханның жүзі шынында
да суық. Жасынан бос сөзді ұнатпайтын қызымның қасы ондайда қарлығаштың
қанатынша дір етіп, керіле қалатын. Сол бір кезі тура Сұлу мұртты елестетуші еді.
– Түкке тұрғысыз сөзге бола қызыл май боп таласу әлі қалмапты ғой, – деді де
орнынан тұрды. – Ал, енді тамақ ішейік те, жұмысқа кірісейік. Маған деген
ілтипаттарыңызға рахмет! Той деген әлі де талай бола жатар. Қазіргі той – мал басын аман
алып қалуда тұр.
Сол түні ауылдағы ағаш шабуға ебі бар төрт-бес адам таң атқанша дәу шананы жасап
шығардық. Осы күнгі тыңдағы вагон орнатқан шаналардай әдемі болмағанмен, асығыста
добалдай салған шана үлкен ілдебайға жарады. Ертемен ауыл қотанын трактордың үнімен
дүрілдетіп, он шақты адам жадағай шанаға шоқиып отырып кете бардық. Ұйқыда жатқан
ел оянып, әр үйден бала-шаға, әйелдер шығып бізге қарайды. Қайсыбір ересек балалар әлі
де таңсық көріп қатарласа жүгіріп, ауыл иттері бұрын көрмеген ғаламатқа жақындай
алмай анадайдан шәуілдеп бір қыр асырып салды.
Сол жолы кешегі шағырмақ болмады. Алрель айында күннің бір жағы киіз, бір жағы
мүйіз боп жататын әдеті емес пе. Біз көлдің тұсына жете бергенде-ақ күн бұзылып,
қыламық қар жауа бастады. Таң сәріде салт кеткен жиырма шақты жігіт саршұнақ аулаған
балалардай әр жерде екі-екіден қылтиып, күпаналарды аршып жүр. Біз де трактордан
түсіп, жан-жаққа бытырадық. Кешке дейін түртінектеп жүріп, даланың қарын қарасанның
дағындай шұрқ-шұрқ тестік. Шынында да шөп онша көп қалмапты. Теріп жүріп дәу
шананы әрең толтырдық. Әйтсе де бұрын-соңды көрмеген адам айтқысыз шөп болды.
Анадайдан қарағанда кішігірім мая көшіп жатқандай.
Қанша дегенмен трактор да қазіргі күнгідей әлді трактор емес. Жол табанына
шыққанша көліктердей малтығып қалады. Біз түсе-түсе қалып жолын аршимыз.
Райханның да зықысы шықты. Оның үстіне кешке таман күн де суытып, ызғырып, дәл
қарсы беттен қиыршық қар сабалап кетті. Бетті осып жібере жаздайды. Қар емес, күлдей
ине жауып тұрған секілді. Ер адамша киініп, шалбарланып, белін тарта буып алған Райхан
желдің өтіне тура қарсы отыр. Бұрылуға дәрмен жоқ. Борап тұрған қардың астында тар
жолдың бойымен әрең жүргізіп келеді.
Сол күні Райханның екі беті бірдей қып-қызыл алмадай домбығып, екі ұшын аздап
үсік шалыпты. Оған қараған Райхан жоқ. Ертеңінде-ақ он шақты адаммен «Тельман»
колхозына екі рет барып, тағы шөп әкелді.
Сүйтіп, өлмешінің күнімен жинап алған шөбімізді үнемдеп беріп, малды аман алып
қалдық. Бірақ аман алып қалу тек шөпке ғана байланысты болған жоқ. Малдың басқа
күтіміне де қыруар еңбек жұмсалды.
Көктем шыға ашық-тесік қорада тұрған малдар бірінен соң бірі төлдей бастады. Сыз
жерде туған бұзау, қозылар суықта аяқтана алмай, бір-екеуі шаранасымен бірге қатып
қалып, қайсыбірінің тоңғағы түспей алғашқыда өлгендері де болды. Шыны керек, колхоз
өміріне аса көндікпеген ауыл адамдары ортақтың малын жаттың малындай көріп, сол
өлім-жітімге ешкімнің белі аса қайыспайды. «Қап, әттеген-ай, есіл» деп мүсіркегеннен
басқа, бел шешіп кірісетін адам жоқ. Мұндайда басшы адамның еңбегі керек-ақ екен. Сол
басшымыз Райхан болды. Тағы да колхозшылардың басын қосып мәжіліс құрдық.
– Жолдастар, колхоз малы өздеріңнің малың емес пе? Мына мал төлдеп жатқанда
қалайша ұйқы, күлкі көріп жатасыңдар. Баздың түрі анау, азынап тұрған. Жас төлдің
өкпесіне тиер суық қалайша сендердің кәперіңе кіріп шықпайды, – деп Райхан ауыл
адамдарының тізімін жасады. – Бүгін түнде Оспан, Шәмшиден, Жарылғап, біздің үй –
төрт үй күзетте боламыз. Бүгінгі төлдеген мал біздің қарамағымызда. Ертең тағы төрт үй
күзетеді.
Жас төлдеген малды күзеттегі үйлер үйге әкеп, жылы бөлмеде, су жылытып беріп
күтуге тиісті болды.
– Өз алған төлін ертең жаз шыққанша күту – әр үйдің міндеті. Жауапкершілігі сонда.
Егер кімде-кім колхоз малынан бас тартса, қазір айтсын. Қане, ондай адам бар ма? – деп
Райхан отырғандарға жағалай қарап еді, қарсы шығар ешкім болмады. Бәрі де Райханның
ұсынысын құптады. Ерінен қашып, төркініне бір барып, бір келетін әйелдерше колхозға
бір кіріп, бір шығып жүретін Боташқа дейін мақұлдады.
Бірақ келесі күні-ақ Қарабет іріткі салып, көп үй қайта безіп шыға келді. Қозылаған екі
қой, бұзаулы сиырды соның үйіне апарған бір колхозшыны қуып шығыпты: «Әкет әрмән,
өз малым да сыймай жатыр. Қимасы қышыса ана Райханыңның өзі бақсын. Алдына алған
баласы, қойнында байы жоқ... Еріккен екен», – деп, аузына ақ ит кіріп, қара ит шығыпты.
Алдында көнерін көнсе де, амалы құрып отырған қайсыбір үйлердің отына май құйылып,
олар да колхоз малынан безді. Бір шара қолданбай тоқтар емес.
Сол күні колхоз активтері тағы жиналып, Қарабетті шақырып алдық.
– Қарабет, – дедім мен әуелі сөз бастап, – кеше колхозға келгенде алдында айдаған бір
ешкің де жоқ еді. Екі-үш жылдың ішінде малды болдың. Сиырың да, жылқың да бар. Ал,
мына істеп отырғаның не?! Жұрттан әулиемісің? Бір айға шегің шығып кетпейді.
– Күргерей аға, – деп Оспан киіп кетті. – Мәймөңке не керек. Қарабет, сен өзің осы
ауылдың ортасында отырғың келе ме, жоқ па?! Отырсаң ана төлдерді бақ, отырмайды
екенсің, бұл колхоздан табаныңды жалтырат.
Басқа ешкім ештеме дей алмады. Қарабеттен жасқана ма, алдында кіжініп отырғандар
үндемей, тұқыраңдай береді.
– Менімше айтылар сөз айтылды ғой деймін, қане, Қарабет, не дейсің бұған, – деп
Райхан кіріскенде, безеріп отырған көк бет мысқылмен мырс етті.
– Егер колхоз өз малын баға алмайды екен, онда колхозға ұйымдасып тыраштанудың
не керегі бар еді. Үй ішіне шуын шұбатып мал кіргізер жайым жоқ. Айтарым осы, деп
орнынан тұра бергенде Райхан да сөзді бір-ақ кесті.
– Жолдастар, мұндай адамды колхозда ұстап тұруға болмайды. Колхоз мүшелігінен
шығару керек. Қане, шықсын дегендерің қолдарыңды көтеріңдер.
Қайсыбір қолдар лып етіп, енді бірі самарқау көтерілді.
– Жарайды, мен-ақ кетейін бұл арадан. Өзімнің де ауданға көшкім келіп жүрген,
колхозңның к... көрдік, – деп Қарабет таңқылдап тұрып күлді. – Менің орныма егін
егіңдер. Бірақ сонымен жетіскендеріңді көрермін. Ал, Райхан, жасырмаймын, қас
дұспаным сенсің. Өлсем екі қолым жағаңда. – Колхоздан шықтым-ау деген Қарабеттің
кәперіне де кірер емес. Талтаңдай басып жөнеле берді. Мұқатып барады.
Осының артынша-ақ жағдай қайта түзелді.
Аз күнде колхозшылардың ауыз бөлмесі жас төлге толып кетті. Қай үйге барсаң, у-шу
болып жатқан қозы-лақ, жас бұзау.
Міне, со жылы малға келген жұттан да, Қарабеттен де осылай құтылдық. Әуелі Райхан,
екінші, ауылға келген трактордың себебінен құтылдық. Жұт дегенің аспаннан қар боп
жауып, жел боп соғады, боран болып азынайды. Егер отын-су, қора-қопсыңды бүтіндеп
алсаң, тынымсыз еңбек етсең, жұт дегенің ызғырық емес, самалдай желпіп қана өте
шығады. Жұт жұмсарып жүре береді екен.
Көп ұзамай колхозшылар Райханды тағы да колхоз басқармалығына сайлады. Бұрынғы
бастығымыз Есіркеп іс ген басқа жерден келген адам еді. Колхоз малының өлім-жітімі
көбейе бастағанда-ақ, бұдан бір ай бұрын орнынан алынып, үй ішімен көшіп кеткен.
Іздегенге сұраған дегендей, Райхан дер кезінде келді.
Көктем шығып тоң жібісімен трактордың қызығын көрдік. Осы күнгі «Түйе кеткен»
көлінің қырқасына салған соқа аз күнде құйқалы жерді қара құрымдай аударып,
жосылтып тастады. Маңайдағы трактор көрмеген ауыл шамдары күнде сабылып, шұбап
келіп жатады. Салмағымен қара жерді солқылдатып, үнімен аспан астын күңірентіп
көліксіз жылтыраған темір арбаны көрген аттар құлағын қайшылап, көзі алайып,
анадайдан-ақ тау текедей едірейіп, осқырып тұрады да, оқыс жалт беріп, ала қашады.
Үстінде аңдаусыз отырған қайсыбір салтты адам бұлтың етіп ұшып түседі. Ерін бауырына
алып, шылбырын шұбатып, айдаламен құйындай ағызып, безіп бара жатқан атына да
қарамай, шөп тамырын бытырлата кесіп, қара қыртысты таспадай тілген соқа тіліне
қызықтай түсіп, қатарласа жүгіреді. Анда-санда трактор тоқтаған кезді аңдып жүріп,
Райханның маңына құмырсқаша үймелеген адамдар.
– Қарағым, біздің колхозға да келіп бір күн соқа салып бермейсің бе?
– Жақсыдан шарапат деген. Бізге де қолғабысыңды тигізе көр, – деп жалынады. Райхан
жымиып қана күліп:
– Көп ұзамай бәріңіз де трактор аласыздар. Асықпаңыздар. Бір трактор қайсыңызға
жетеді? Одан да трактор жүргізетін адамдарыңызды табыңыздар. Келсін, үйренсін, – деп
жұбатады.
Шынында да трактор жүргізетін маман керек-ау. Райханның аузынан шығуы мұң екен,
көрші ауылдың жастары қаптап кетті. Бірінен соң бірі Райханның қасына отырып,
үйренуге құштар. Ондайда біздің елдің жастары жалғыз тракторды қызғышша қориды.
– Әй, тайып тұрыңдар. Әуелі өзіміз үйреніп алайық, – деп маңайлатқысы келмейді.
Бұрын жалғыз шыбыққа аттай мініп алып шапқылап жүретін ауылдың қара табан
балаларына дейін енді ауыздарымен трактордың үніне салып, күн ұзақ тырылдап «Райхан
тәтемдей тракторшы боламын» деп жүргендері. Расында да, осы Қызыл жалау ауданында
ең алғаш біздің механизатор ауылдан механизаторлар шыға бастады.
Көп ұзамай Райханның орнына тракторге осы күнгі шопр Оспан отырды. Оның
артынан тағы бірі, екіншісі шықты. Сүйтіп Райхан колхоздың басқа жұмысымен айналып,
Оспандар кезек-кезек трактор айдап, бір күн тоқтатқан жоқ.
Күзге дейін «Жаңа талап» колхозшылары алғаш рет саман соғып, бұрынғы шымнан
қалаған, төрт бұрышына мал сүйкене-сүйкене ішке қарай мыжырайып құлаған баздың
орнына жаңа баз тұрғызды. Сиыр қора, қой қора, құс қорасы бөлек-бөлек. Колхоз кеңсесі,
шағын төрт жылдық мектеп үйі салынды. Үш-төрт адамға жұрт помыштап саманнан үй
қалап берді.
Не керек, күзге дейін колхоз көшесінің өзі бір қалыпқа келіп, кәдімгідей жөнделді.
Жұмыс соңында жүріп сары ала күздің де қалай тез жеткенін аңғармай қалыппыз.
Шабындық жер жүнін қырыққан сарық қойдың терісіндей сарғыш тартқан. Соңғы шуаққа
көтерілген сағым қыраттардың үстінде сәскеге дейін ғана бұлдырап толқып жатады да,
кешкі самал шығысымен жер жұтқандай жоғалып кетеді. Жауын жоқ. Сілтідей тынған
аспан астында әлі де болса жазғы ақ бұлттар шөгіп, ақ омырау қаздардай мамырлап
жатыр. Күз жазға бергісіз. «Түйе кеткеннен» әрі қарай колхоздың ұшан-теңіз егістігі. Ана
жылғы өртеніп кететін егіндей биыл да мол, бітік шыққан. Тұқымын таңдап еккен
баданадай кубан бидайының масағын сабағы көтере алмай, майысып, самал желге баппен
ырғалады. Арасына көміле кіріп, бір сот тыңдай қалсаң судыр-судыр етіп сыр шерткен
тәрізденеді. Молшылық сыры. Кешқұрым самалға бетіңді төсеп, батысқа қарасаң батар
күннің астында бетегенің үстімен қалықтап бара жатқан жібектей созылған ұзын ақ
жіптерді көресің. Мизам. Молшылық хабаршысындай қаз-қатар тізіле ұшқан нәзік мизам
алыстағы егінжайға қарай шұбала көшіп, сары балақ бидайдың сабағын құшақтай
құлайды. Қандай әдемі еді күз даласы. Қандай әсем еді егінжай. Сонау қырдан құлаған
мама сиырлар да ыңырана басып, жай қозғалады. Тұяқтары сыртылдап, анда-санда семіз
сауырына қонған масаны қағып, құйрығымен шып еткізеді. Қыстағы қысылшаң жай ұмыт
болған. Тоқмейіл. Айырылып кетердей тырсылдаған желіні бұтына сыймай шатқаяқтап,
талтаңдай басып, баздың алдында шудаланған қою түтіннің ығына келіп күйіс қайырады.
Бауырына отырған сауыншылар уыс толар емшекті күшпен тартып ақ бұлақты бор-бор
ағызады. Сүт бұлағы. Ферма маңында әндеткен сүт машинасы. Қас қарайғанша қоңырауы
шыңылдап, ернінен бал татыған қаймақ ағызып тұрған жаңа машиналар. Күбі-күбі сүт,
шелек-шелек қаймақ. Ит басына іркіт төгілген, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
заман.
Шіркін, өмір бақи заман осы егінжайдай тербеліп, бейбіт ауылдың көркіндей сұлу
қалпында неге ғана тұра бермейді екен.
Аз уақытта-ақ аспан асты алай-түлей болды. Сары бауыр жапырақ қалбаң ойнап, безек
қақты. Еш жерден тиянақ таба алмай, пана іздеп, қара құйынның ішінде жанталасты.
Үзіліп түскен менің көңілімнің жапырақтары еді, құйын ішінде безек қаққан менің қызым,
ел қызы Райхан еді.
Иә, дүние жалған десеңші. Дауыл басталды. Егін орағы кезінде ауылға алыстан
бүлдіршіндей бір жас жігіт келді. Алматыдан келді. Қою шашын желкесіне қайырған,
жиегі қоңыр мүйізді көзілдірік киген, ақ құба жігіт. Ұзын бойлы, сымбатты. Қыз мінезді,
сабырлы. Қарты келіп сөйлеп кетсе, арнасынан шығып тасыған өзендей сөз тасқынын
лақылдата құя жөнеледі. Ақын екен, тапқыр екен. Айтатыны өлең, тілінен бал, аузынан
нәр тамып тұр. Үндемесе момақан, сөйлеп кетсе жалын. Бұл менің болашақ күйеу балам
екен. Қызым Омбыда оқу бітіргенде, ол Мәскеудің оқуын тамамдапты. Тегі ертерек
танысқан болу керек. Райхан екеуі қатар отыра қалғанда егіз қозыдай. Сөзі де, көркі де
жарасты, бір-біріне тең құрбылар.
Адам баласы тіршіліктегі бар хайуаннан қызғаншақ қой. Мен Райханды қатты
қызғандым. Шынымен Райханым кете ме алыс жерге. Жоқ, қызым мені жеке жерде
мойнымнан құшақтап, қалың түк басқан бетімнен аймалап сүйеді. Мен бетімді алып
қашам. Іштегі қызғаныш көзімнен тамшы болып шығады. Бақсам, қызғаныш емес екен,
қуаныш екен.
– Әке, мен сені еш уақытта тастамаймын. Бірге боламыз. Енді ғұмыр бақи біргеміз, –
дейді Райханым.
– Жәрәйді, жәрәйді, қызым. Осы уақытқа дейін айтпай келіп ең, жасырып жүріпсің
ғой, – деймін. Одан басқа аузыма сөз түспейді. Жасырмағанда менен сүйінші сұрамақ па.
– Әке-ау, енді қашанғы отыра берем. Жұрт мені әлден қартайып кеттің деп жүрген жоқ
па. Әлде монашка болайын ба, – деп қалжыңдап күледі.
– Ойнап айтам, құлыным. Рұқсат, рұқсат, қызым. Енді сенің сол қызығыңды көрсем
арман жоқ, – деймін.
Бірақ сол қызықты көруге тағдыр жазбапты. Күйеу балам мерзімді күнін айтып, қысқа
таман келем деп кетісімен, төбемнен жай түсті. Құла түзде жалғыз жатқан қу томардай
құлазып қалдым. Жай оғы жүрегімді жұлып әкетті, құр тұлдырым қалды.
Ел орнына отырған кешкі мезгіл еді. Егін орағының тұсы болатын. Далада жауын. Ай
қорғалаған өлараның тұсы. Ақ жауын сылбыр жауып тұр. Көңілде титімдей түйткіл жоқ.
Райхан, Лиза кемпірім үшеуміз күндегідей мәз-мейрам болып, жылы үйде жайбарақат
шам жағып, кешкі асты жаңа ғана алдымызға ала бергенімізде екі-үш адам сау ете қалды.
Сыртқы есік сарт-сұрт. Дүңк-дүңк еткен етік дыбысы төбені ойып жіберердей басып, ішкі
үйге бір-ақ кірді. Сары ала киімді Қосиманов. Қасында екі милиция адамы. Қолдарында
мылтық. Жүрістері суыт. Қабақтары түюлі. Өңі өрт сөндіргендей. Жүрегім су ете түсті.
Әдеттегі «төрлетіңдер» дегенді де айта алмай аңырып отырып қалыппын. Олар да
сәлемдескен жоқ. Қосиманов Райханға орысшалап ақырып жіберді:
– Встать, вы арестованы!
Бұл сөзден кейінгі жағдай белгілі ғой. Лиза кемпірім ойбайын салып жылап, қарақұсқа
бермей, балапанын қаматының астына басатын тауықша Райханның үстіне шұрқырай
құлады. Шүңірек көкшіл көзі шарасынан шығып барады. Үрейленгені ме, жалбарынғаны
ма – айырып болмайды. Милиционердің бірі Лизаны жұлып алып итеріп тастады. Арық
кемпір қалбаң ұшты.
Көзді ашып-жұмғанша үйдің іші ұйпа-тұйпа. Шабадан, сандық ішіндегі дүниелер
төгіліп-шашылып қалды. Тінтіп жатыр. Райханның бір топ кітабын ортаға үйіп тастап,
Қосиманов арасынан біреуін суырып алған. Тесіле қарап отырды да, Райханның бетіне
тақады:
– Мынаны оқып жүрген сен бе?
Бір сойқанның болатынын алдын ала сезіп жүрді ме, әлде өзінің ақтығына көзі жете
ме, Райхан сасқан жоқ, сабырлы тұрып сұрағына қарай сұрақпен жауап берді.
– Бұл не, допрос па?
Кітап – Майлиннің орысша шыққан «Дочь казаха» деген кітабы болатын. Жақында
ғана Райхан біраз жерін маған дауыстап оқып берген-ді.
Қосиманов қайтарып сұрамады. Көзі алара бір қарады да, кекесінмен мырс етті:
– Шал, қуанып жүрген шығарсың, оқыған, ғалым күйеуім болады деп. Ол қазір
түрмеде. Алыста, Алматының түрмесінде.
Мен не дерімді білмей, Райханға қарадым. Қызымның жүзі сол қалпы, ол да
мысқылдай күлді:
– Шалғай жатсаңыз да көп нәрседен хабарыңыз бар екен. Үлкенді табалап қайтесіз.
Мен де тәлкегіңізге жараймын ғой. Тақияңызға тар кеп тұрмын ба?
Қосиманов тістеніп, сөз таба алмай қалды. Кітаптарды буып жатқан милиционерге
ақырды:
– Ал ана төрдегі суретті. Бұл үйде қалдыруға болмайды.
Қабырғада ілулі тұрған Лениннің портреті еді. Кішірек қой көздері күлімдеп, үнемі
адамның ішкі пікірін жазбай танығандай, жайдары, жылы қарап отыратын көсемнің
суреті.
Райхан алдына келген кешкі астан да дом тата алмады. Елге-жұртқа сездірмей ұрлап
әкеткендей Қосимановтар Райханды жеңіл трашпенкеге салып, қара түнді жамылып кете
барды. Лиза екеуміз өлік шыққан қаралы үйдің адамындай қу тізені құшақтап екі жерде
шоқиып қала бердік. Стол үстіндегі тағам да, жетілік шам да таң атқанша орнынан
қозғалған жоқ. Пеш түбіне бүк түсе құлаған кемпірім ұзақ таңды көзімен атырып, солқсолқ жылап жатыр. Бөрі ашуын тырнадан алады дегендей, күн шыға, даусы бір сембеген
Лизаға тарпа бас салдым:
– Доғар енді, қайдағы сұмдықты бастамай. Не боп қалды соншама?! Ертең-ақ қайтып
келеді. Жазықсыз адамға не істер дейсің?! Жетті енді.
Бұл сөзді Лизаға басу айту үшін айтқам жоқ, шын көңілім солай еді. Ел іші де
ертеңінде у-шу болды. Тұтқиыл келген жайға аң-таң. Бәрі де ертең-ақ қайтып келеді, не
болар дейсің деп өзін-өзі жұбатқан болады.
Сол, келеді, келедімен екі-үш күн күттік. Бірақ Райханнан еш хабар болмады.
Колхозда шоп басын сындырмай ішқұста болып суға кетіп жүрдім де, бір күні ол-пұл азық
алып Қызыл жалауға келдім.
Бірден аудан орталығындағы Қарабеттің үйіне түсейін деп бір ойланып тұрдым да,
ақыры аттың басын басқа таныстың үйіне тіредім. Қарабеттің үйіне барайын дегенім, ол
кезде аудандық милиция начальнигі Қосиманов оның күйеу баласы болған. Сол арқылы
Райханның жайын анықтайын, мүмкін қылмысын тезірек тексертіп, ақ адалына жетіп,
босатар, қызымды жазықсыз жүдетіп көп ұстамай елге тез қайтаруына себепкер болар деп
дәмеленгем. Бірақ атам заманнан бері ұстасып келген, суханым сүймейтін Қарабеттің
аяғына жығылуды намыс көрдім.
Арқамда Райханға әкелген тағам бар, ертеңінде селоның шет жағындағы тас түрмеге
келсем, күзетші өзімнің ескі тамырым Қарғажан деген етікшінің баласы екен. Аты
Атайбек пе еді, Атайхан ба еді, әйтеуір соған ұқсас. О баланы көйлегін арқасына түйіп
алып, мұрнының сорасы ағып жалаң бұт шауып жүрген кезінен білем.
– Ой, айналайын, аман ба? Өзің бастық болып кетіпсің ғой. Жаман әкең аман ба? – деп
алдымнан танысым шыққанға «жолым болар» деп қуана кетіп ем, әлгі бала мені
танымағандай, сәлемімді салғырт алды.
– Сен мені танымай тұрсың ба? Мен Күргерей емеспін бе? Ай, балалар-ай, бұларың
жарамайды. Үлкен адамға қашанда кішірейе салу керек. Оған түгің кетпейді. Әкеңдей
адамға орныңнан тұрып сәлем бермейсің бе, – деп өзімше үлкендігімді сатып, міндетсіп
жатырмын.
– Сізге кім керек, – деді әлгі боқмұрын. Сь түскендей. Жамбасындағы тапаншасын
жөндеп \ ГТостьща тұрған адамға көп сөйлесуге болмайды. Айтатыныңызды тезірек
айтыңыз.
«Қап, мына жылпысқыны қайтейін». Басыңа күні түскенде бәрін де көтереді екенсің.
Әйтсе де алғашқы қарқын ғой, баламен мен де енді қатты кеттім.
– Постыда тұрсаң қайтейін. Әкеңнің малын бағып тұрған жоқсың, келген адамға
жөніңді айтпайсың ба. Жамбасыңа салақтатып жілік байлағанға мұрныңды көкке
көтересің бе?!
– Байқап сөйлеңіз. Мына сөзіңізбен подсот кетесіз, – деді Атайбек міз бақпай.
Расында да, баламен бала боп, тым өрескел кеткенімді сонда аңғардым.
– Қарғам, осында қызым Райхан түсіп еді. Соған тағам әкелдім. Өзіне қалай жолығар
екем, – деп лезде жұмсардым.
– Қосимановтың рұқсатынсыз ондай преступниктерге ештеме беруге болмайды. –
«Преступник!» Өне бойым мұздап қоя берді. Одан да сұмдық сөзді еститінімді қайдан
білейін. Баламен тағы да біраз тәжікелесіп, ақырлап келгенде жөн сөзге көштік-ау.
– Күргерей ағай, бұл арада көп тұруға болмайды, – деп Атайбек жан-жағына ұрлана
қарады. – Осында облыстан Бахалов деген бастық келіп жатыр. Соған жүгініңіз, басқа
көмегім жоқ. Мен айтты демеңіз. Ал енді барыңыз.
Қосимановтан да зор адам келгеніне ішім жылып жүре берді. Бәрі Бахалов, Бахалов
деп аяқтарының ұшымен басып жандары шығып жүр. Бұл адамды құдай айдап келген
шығар. Жұмысым оңғарылып, сәті түсер. Үлкен адамның алдынан өтіп, кедейлік өмірді
түгел алдына жайып салайын. Шіркін-ай, Райханды ертең босатып алып, үйге барсам,
кемпірім ұл тапқандай қуанар еді, – деймін ішімнен. Таң атса милицияның есігін босатпай
үш-төрт күн әркіммен жағаласып жүріп, өлдім-талдым дегенде амалын тауып Бахаловпен
жолықтым-ау.
Айнала былғарымен қапталған кресло қойылған, терезелеріне шашасына дейін
төгілген аттың құйрығындай шеті шашақты қалың перде ұсталған қара көлеңке бөлмеге
оң аяғыммен аттай бере, сирағы бұрандалы емен столдың ығында отырған кескен
томардай мықырайған біреуге көзім түсті. Бөлме ішіне екі аяқты бәйтерек кіріп келгендей,
бұғып отырған жапалақша әлгі мықыр маған қарады. Ішінде қарамығы көп, тарының иі
қанбаған сарғыш қамырынан долбарлай салған іркілдеген беттің үстінде екі көз
жылтырайды. Сары мысықтың көзіндей өткір. Екі иық шүйделі мойнымен қосылып
кеткен. Құйқасынан шыпшып май шыққан домаланған жалтыр басты былш еткізіп
жұмсақ мүсінге қондыра салған секілді. Тырсылдаған жасыл кительдің жағасы супыны
ағытылған аттың қамытындай екі жағына талтиып, шықшытқа тереңдей енген түйме
құлақтың шұрқылтайын басып тұр. Қазақы қойдың құйрығындай бұлтиған рабайсыз бөксе
кең ағаш кресло шабағын шертіп шыққан. Екі-үш адам табан тірей тартып, жұлып алмаса,
отырған орнынан қайтып шықпайтындай кептетіле қалыпты. Бахалов осы екен.
Қолапайсыз адамның түріне қарап түңілдім. Алғашқыда бұл адам маған мақау секілді.
Сәлеміме жауап бермеді.
Жоқ, тілі бар екен.
– Ну, не шаруамен келдің, мужик, – деді. Апырмай, даусы да бір жосын. Арқасынан
дем шығатын тесігі бар резеңке ойыншықты қысып-қысып қалғандай пих-пих етті.
– Осында қызым бар еді. Соған тағам әкеліп, алмайды...
– Аты кім?
– Райхан.
Бахалов ших етіп күлді. Таңырқаған жоқ, тегі алдын ала біліп алған болу керек. Әдейі
қиястықпен тәлкектеп сұраған екен.
– Ей, мужик. Сен орыспысың, фамилияң кім?
– Федоров.
– Онда қалайша сенің қызың болады?
– Ол менің Сұлтан деген төс тақасқан, тағдыр қосқан кедей досымның қызы еді. Ол... –
деп түсіндіре бастап ем:
– Жетеді. Керек емес. Ондай жалған достықтың маған қажеті жоқ, – деп сөзімді үзіп
тастады.
«Жалған достық». Не деген ұятсыздық. Беті бүлк етпестен, шімірікпей айтты-ау.
– Жолдас Бахалов, оның жазығы жоқ, нақақ күйдірмеңіздер.
– Оны тексеретін сен емес. Ал енді, бүгіннен кейін бұл маңнан сенің көлеңкеңді
көрмейтін болайын. Табаныңды жалтыратып тайып тұр. Егер жаудың әкесі болғың келсе,
түрменің іші кең, сыясың.
«Жау!» Құлағым түбі шыңылдап кетті. Бахалов стол үстіндегі кішкентай қоңыраудың
төбесінен басқан екен. Ілкі милиционер кіріп келді. Мен созалаң тұрып тысқа шықтым.
Бахалов қоңырауды құлағымның ішіне салып жібергендей аспан асты шыңылдап тұр.
Бөтен ештемені естімеймін.
Ең сыртқы табалдырықтан аттай бергенде кезім бұлдырап әрең көрдім. Тап алдымнан
Қарабет шыға келді. Намыс өз жөніне қалып, екі иығынан қапсыра құшақтаппын.
Мұңымды кімге шағарымды білмей құлазып тұрғанда, ол маған жақын адамдай
көрінді.
– Қарасай-ау, күйеу балаңа айтып түсіндірсеңші, Райханымның күні енді не болғаны, –
дегенімді білемін.
– Не болсын, ит жеккенге айдалады да, – деп Қарабет ыржың етіп жүре берді. Табалап
кетті. Әттең, не керек, тап сол жерде Райханыма нақақтан жала жауып көрсеткен осы
Қарабеттің өзі екенін білмедім. Әйтпесе, сол арада-ақ буындырып өлтіретін ем. Әлгі
сөзінен соң аспан шыр көбелек айналып, жер төңкеріліп, үйлер аунап барады. Буынымды
ұстай алмай құлап түстім.
ЕКІНШІ ТАРАУ
Биылғы күз жазға бергісіз. Орақ басталғалы жауын бір тамған жоқ. Қоп-қою егін
жапқан ұшы-қиырсыз сары атыраптың шеті түріліп, әр жері кетиіп, күннен-күнге кеміп
келеді. Сонау көкжиектен қызыл шар күн төбесі көріне бере маужырап жатқан егістік дала
да ұйқысынан оянғандай сергіп, таңғы самалға баяу тербеліп, ауыр теңселген бидай
сабағы тәжім еткендей болады. Күн арқан бойы көтерілгенде баданадай масақтың мысық
мұртына түскен жақұт тасындай мөлдір шық домалай үзіліп тырс-тырс тамады. Балтыры
кеуіп, еңсесін көтерген бидай сабағы енді ширақ билеп, судыр-судыр әнге басады. Әр жері
иірім-иірім болып, мың құбылып толқыған алтын теңіз тәрізді. Шымырлап қайнаған мыс
дариясындай.
Бұдан әрі машиналардың әні басталды. Шықтың кебу ін ғана күтіп отырған
комбайндар ағылып, алтын теңіздің тұс-тұсынан алып кемеше қалқып жүре береді. Әлгіде
ғана тым-тырыс маужыраған көк күмбезі астында енді гу-гу мотор үні естіледі.
Төртінші бригада басындағы қызыл вагонда жататын Халел де осы кезде жұмысқа
шығады. Ac ішетін мерзімнен басқа уақытта тыным жоқ. Шық кепкеннен түнгі шық
түскенге дейін комбайннан қырманға астық тасиды. Сәл бөгелсе-ак болғаны бункері
толған комбайн тағатсыз күтіп, бір орында тапжылмай тоқтап қалады. Ондайда әдейі
шемішке шағып, көзінің қиығымен үнсіз қарап, тосып отырған Тамараның алдында не деп
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Жапандағы жалғыз үй - 17
  • Büleklär
  • Жапандағы жалғыз үй - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4141
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2393
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2406
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4172
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2369
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2403
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2405
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4145
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4224
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2406
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2394
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2311
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4079
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2285
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4195
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4158
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2309
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4066
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2340
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4091
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2435
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4050
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4099
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2422
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4112
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2273
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4098
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4150
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2324
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4040
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2352
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 1815
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1148
    40.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.