Latin Common Turkic

Жапандағы жалғыз үй - 15

Süzlärneñ gomumi sanı 4050
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Райхан қағазға оралған кәмпитті балаларға ұстатып, шаштарынан сипап жүргенде,
Кәміш оның бас-аяғынан көзін алмай ұзақ қарады. Ел басқарып, бар жұмысты ер азаматша
тасқаяқтай қағып жүрген Райханның тұла бойына сүйсіне түсіп, бурыл тарта бастаған
шашына, жасына лайық келісті, жарасымды киіміне қарай берді.
– Айналайын, әйтеуір, аман оралдың ғой. «Ауылдағының аузы сасық» дегендей,
біреулердің пәле-жаласынан талай азапты тарттың-ау, құлыным. Келгелі естіп жатырмыз,
бар орыс-қазағы бар, сені мақтап ауыздарының суы құриды. Соның өзіне төбеміз көкке
жеткендей қуанып отырамыз. Мерейің үстем бола берсін, лайым! Биыл қыс аяғында
Зерендідегі төркін жұртқа кетіп ем. Сол жақта науқастанып жатып қалдым. Жақында
келдім. Сені көре алмай жатқаным да сол, жаным. Үйде болсам, өлейін деп жатсам да
кеудемді сүйретіп жетпеймін бе.
– Рахмет, апа, рахмет! – деп, Райхан пенжегін шешіп тастап, жеңін түрінді де,
Күләйдің қасына жүресінен отыра кетті. – Кәне, Күләйжан, мен көмектесейін. Сен суыңды
молырақ ысыт. Бар, кірді әкел.
Талдырмаш келген, екі көзі ботаның көзіндей сүйкімді қыз, не дерін білмей әжесіне
қарай берді. Кәміш безектеп:
– Қой, балам. Киіміңді былғайсың. Қайтейін деп ең. Өзіміз де бірдеңе етіп жуамыз.
Күләйжан, Райхан тәтең қонақ қой. Жай қонақ емес, ел ұстап, ел басқарып жүрген үлкен
нәшәндік, ұят болады, одан да самауырға от сал. Дәм ауыз тисін, – деп Райханды кірге
жуытқысы келмеді.
Бірақ Райхан көнбеді.
– Ештеме етпейді, апа. Қолға жұғып қалмайды. Кәне, Күләй, бүгін бір үйді тәртіпке
келтірейік, – деп кірісіп кетті.
Райханның ұйқысы шайдай ашылды. Кешке дейін отырып, Оспанның май-май
киімдеріне дейін түгел жуды. Бәрінен де кішкентай балалардың іш киімдерін аппақ
шағаладай ашып, өздерін жуындырып жүріп, тағдыр салмағынан талай жыл бойы
еркекшора болып кеткен Райханның алғаш рет аналық сезімі оянғандай болды.
Бағана қырдан төмен түсіп келе жатқан Райханның машинасын танып, Лиза шешей
есік алдында күтіп тұрған. Бірақ машина Оспан үйіне бұрылған соң, «жанымау, Райханым
ба десем, бөтен біреу болды ма», – деп үй шаруасымен айналысып, ұзақ жүрді де, ақыры
шыдай алмай осы үйге беттеді. «Райханым болса игі еді», – деп қашан суық хабарды
естірткенше асығып, жүгіре басып келеді.
***
Шопp Оспанды бригада басына түскі тамаққа жиналған жұрт ортаға алып қаумалап
кеп, хан көтеріп аспанға лақтырды. Денесі сом, иықты, кесек адам допша атылып, аяққолы тырбаңдап, қарқ-қарқ күледі. Жел қағып, күнге күйген өңшең жас жігіт ұзақ уақыт
жерге түсірмей әуелете лақтырып, қақпақылдай берді.
Аяғы жерге тигенде басы айналып, тәлтіректеп қалған Оспан жұрттың бұл ойынының
мәнісіне түсінбей, әркімге бір жалтақтап қарай береді. Төбесін брезентпен жапқан жанжағы ашық дала асханасының астындағы столдың маңы толған адам. Орта тұста директор
Моргун да отыр екен. Ол орнынан тұра бергенде, шулаған көпшілік су сепкендей тына
қалды. Моргунның қолында газет.
– Жолдастар! – деді Моргун. – Сіздердің бастарыңызды қосып жиналыс шақыруға
қазір өздеріңе аян, уақыт жоқ. Сондықтан, осы ашық аспан астында бір-екі сөз айтуға
рұқсат етіңіздер. Егін орағын бастағалы бір айдан астам уақыт өтті. Әзір қарқынымыз
жаман емес. Астық жинауда бар совхоздың алдымыз. – Жұрт осы арада «браво!»деп шу
ете қалды. – Бірақ, «балапандарды күзде санайды» дегендей, әлі көп жұмыс алда. Қазір бір
айдан бері ауа райы да жақсы. Жауын жоқ. Ал енді, ертең-ақ жаңбырдың басталып, күз
айының бүлінбесіне кім кепіл. Сондықтан бәріңіз де мына Оспандай еңбек етсеңіздер, бір
түйір дәнді далада қалдырмаймыз. Міне, өздеріңіз көрдіңіздер, облыстық газет жиырма
жылға жуық машина жүргізген коммунист шофер Оспан Жылқайдаровты бүкіл тың
жердегілерге үлгі етіп жазыпты. Тұңғыш рет бес прицеппен астық тасыған жерлесімізді
құттықтап, қолын алуға рұқсат етіңіздер.
Жұрт тағы да гуілдей жөнелді. Моргун Оспанның кеспелтек қолын құшырлана сілікті.
Моргуннан соң тұрғандардың бәрі Оспанның қолын алып құттықтады. Қырғызстанның
авторотасынан өз машиналарымен келген жігіттер де:
– Туышқан жерлеш, мәртәбегіз Алатоодай биік болшын! – деп құшақтап жатыр.
Оспанның қолына газет жаңа тиді. «Көкшетау правдасының» бірінші бетіне қарап, бір
қуарып, бір қызарады. Дөңгелек суретте күліп түскен – өзі. Оның астында бес прицеп
тіркелген «ЗИЛ» машинасы. Шынында да автопоезд десе дегендей. Өзін де, машинасын да
Оспанның суреттен бірінші көруі.
Сол күні кешқұрым совхоздағы кассир әйел ток басына келіп жұмысшылардың
еңбекақысын таратқан. Кезекке тұрып шүпірлеген халық шопр Оспан келе жатқанда қақ
жарылып жол берді:
– Дядя Успан, кезекке тұрмай-ақ қойыңыз, алыңыз. Келіңіз, келіңіз, – десіп жастар
құрмет көрсетіп жатыр. «Бөліп-жарып қайтем, бір айдың ақшасын бір-ақ алармын» деп
жүретін Оспан күректей қолымен жіп-жіңішке ағаш сап қаламды икемсіз ұстап, қол қойып
еңбекақысын алғанда жұрт шу ете қалды:
– Вот, это зарплата.
– Вот я понимаю.
– Министр де мұндай алмас.
– Е, несі бар, күні-түні Успан ғұсап бес прицеплен жүрсең, сен де аласың.
– Охо, ол айтуға ғана жеңіл. Бесеуді былай қойып, екі прицепті дұрыс алып жүргізсек
те жаман болмас.
– Оның өзі сондай қиын болушы ма еді, – деді машина жайын білмейтін біреуі.
– Қиын болғанда қандай. Оған үлкен тәжірибе керек. Түнеугүні біраз шоферлер
жүргізіп көрем деп, орнынан қозғай алмады.
– Сен де айтады екенсің. Немене, орнынан қозғай алмағанда оларды Успан өзі сүйреп
жүр дейсің бе, – деп көлденеңнен екінші бірі қосылды.
– Мәселе сүйреуде ме екен. Орнынан баяу қозғап бір скоросқа ауыстырғанда машина
моторын сөндіріп алмай, жұлқымай, бір қалыпты жүру сен сияқтылардың қолынан келе
бермейді. Машина жайын білмеген соң тыншыңа тұрсайшы, – деп жас шофер ананың
аузын қақты.
Оспан шынында да ғұмыры мұндай еңбекақы алып көрген емес. Қазір етектей-етектей
сықырлаған жүз теңгеліктерден бес мың сомды қалтасына бүктеп салып, тасымалды
дүкенге беттеді.
Қызыл ала автобус – дүкен. Шофері де, дүкенші де татар жігіті. Автобус іші лық
толған дүние – аузы-мұрнынан шығады. Жаннан өзгенің бәрі бар. Осыншама дүниенің
арасынан дүкеншінің екі шекесі, қушиған маңдайы, іп-істік мұрны, тұздай көзі, шикі сары
секпіл беті ғана жылтырайды. Екі бүйірден қысып, төбеден басқан тар қапаста тұрса да
дүкенші жігіт шотын сарт-сұрт қағып, қутың-қутың етеді. Не нәрсе сұрасаң да қалай
табатынын білмейсің, айнала беріп суырып алады.
Оспанның алмаған заты жоқ. Кәміш шешесіне қимал шапандық көк жібек барқыт,
қамзалдық ши барқыттан бастап, балалардың басынан аяғына дейін киінетін дүние алды.
Бәрін машинаға салып, өз бригадасындағы шоферлерге: «Ертең алагөбеден тұрамыз.
Сағат төртте бәрің қырман басында дайын болыңдар. Прицептеріңді қараңдар. Ал қазір
тынығыңдар. Келесі жұмаға дейін қайтып отгул жоқ. Күні-түні тасимыз. Қыздарыңды да
бір жұма бойы қайтып көру жоқ. Оған дейін алаңдап, сағынып жүрмесін, айтып кетіңдер.
Әлі уақыт табылады. Енді бір айға жарылып кетпессіңдер. Байқаңдар, егер жол бойы
есінеп, қалғып-шұлғып отырсаңдар ренжісеміз», – деп жас жігіттерге қалжыңдап, ауылға
қарай беттеді.
Оспан кабинада көңілді. Шаңы шыққан айдау жолда зырылдаған төрт доңғалақ өз
көңілі секілді. Бір апта бойы рейсте жүрген қарамағындағы шофер жігіттер құрбыларын,
қыздарын сағынып, совхозға алақтап тұрса, Оспан ауылға қарай алақтайды: анасыз жетім
– үш қозысын сағынып, көңілі де босап кететіні бар.
Міне, қазір сол үшеуі көз алдында тұр. Ойында емес, тап көзінің алдында. Жас
жігіттердің кабинасын қарасаң, сұлу актрисалардың журналдардан қиып алған суретін
көресің. Қайсыбірі кеудесін жарқыратып, жаңа түйіншектенген тастай қос анардың әдемі
жықпылына дейін ашып тастаған, енді бірі қылымси қарап, аппақ балтырын көрсетіп,
шаштарын арқасына жайып жіберген өңкей мойны құрықтай, көздері тостағандай қыздар.
Оспан алғашқыда мұндай жеңілтек жігіттерді ұнатпай: «Мыналарды алып таста, қызға
қарағанша, жолға қара, бақшада отырған жоқсың, жұмыста отырсың, қызға қырындаймын
деп, жолдан қырындасаң, маслихат сонда болады», – деп ұрсып тастайтын. Келе-келе
жастарға ерік берді. Әлгі қыздар жігіттерге бөгет емес, қанаттандыратын періштедей
көрініп, тіпті өзі де солардың әуенімен кеткенін аңдамай қалды. Өзі де періштелерінің
суретін іліп қойды. Бірақ Оспанның періштелері басқа. Кабина маңдайшаларына қадап
қойған үш баласының суреті. Көздері жаудырап, бәрі әкесіне қарап, күліп отыр.
Оспан оларды бір сүзіп өтіп: «Өй, құлыншақтарым сол!» – деп енді жол бойы
балаларымен іштей сөйлесіп отыр. – Бүгін сендер көрдіңдер ме, әкелеріңді облыстық газет
жазыпты. Маңдай терін төгіп еңбек еткенде, елің, халқың сүйінсе, одан асқан абырой, атақ
жоқ, құлыншақтарым. Естеріңде болсын. Жадыңа мықтап тоқыңдар: әкең – қызметі үлкен
адам емес. Бірақ дәрежесі жоғары. Мына быржиған келепандай күсті қол машинаның
баранкасына жабысқалы жиырма жылға тақады. Құр қаңқасы қалған полуторканың
моторын қайыспен байлап, сына қағып, темірден соғып жүргізіп, қалың жауындарда
белшесінен батып, борандарда қар астында қалған күндері де болған әкелеріңнің. Бірақ
бар тәнімен, жанымен сүйген жұмысын тастаған жоқ. Міне енді, жұлындай ұшқан су жаңа
ЗИЛ-де отыр әкелерің. Осыдан артық дәреже, осыдан артық бақыт тілемеймін. Қашан
қуатым кемігенше мына қол осы баранкадан айрылмаса, еңбегімнен танбасам болғаны.
Бәрі сендер үшін, боталарым. Бар тілегім – ертең ер жеткенде әкелеріңнің осы адал еңбегі,
маңдай тері сендерге мирас болсын, құлыншақтарым. Сендер білесіңдер ме, жұмыс
бабында бәрі, бәрі кездеседі. Кейде жапанның сары даласында келе жатқанда қапырық
кабина ішінде барлығып, ыстықтап маужырап, қалғып кетесің. Ондайда машинаның асау
тайдай бұлтыңдай жолдан мүлт тайып кететіні бар. Алдыңнан кездескен бөтен машинамен
қақтығыспай шаң арасымен жылт етіп аман өткеніңді көргенде «ух» деп, маңдайыңнан
суық тер бұрқ ете қалады. Сонда жалма-жан сендерге қараймын. Үшеуің бірдей қарғаның
балапанынша үрпиісіп, көздерің жаудырап, үрейлене қаласыңдар. Ұйқым шайдай
ашылып, көзім шырағдандай жайнайды. Кейде, қалың батпаққа машын күпшегіне дейін
батып, үсті-басың малмандай су болып, бір түсіп, бір шығып қатты кейисің. Газды басқан
сайын аузыңнан бейпіл сөздер де еріксіз шығып кетеді. Сонда жалма-жан сендерге
қараймын. Үшеуің бірдей бұртиып, бас шайқап «папа, мұның не, қабағыңды шытпашы,
қане күлші» дейсіңдер. Мен салтақ-салтақ батпақтан көзім ғана жылтырап отырып, мырс
етіп күліп жіберемін. Сосын қайтып кейімеймін де, шаршамаймын да. Сендер маған қуат,
әл бересіңдер. Міне осылай, құлындарым! Сендер қашан көзім жұмылғанша
қасымдасыңдар, біргесіңдер. Көз алдымда осылай тізіліп отырасыңдар. Мен машинамен
жүйткіп келе жатқанда, сендерді, құлындарым, алысқа, биікке сүйреп зымыратып әкеле
жатқандай боламын. Дені сау болса, сендерді жетелеуге әкелерің шаршамайды,
қажымайды, қозыларым!»
Көңілі тасып, төбесі көкке жеткендей шалқып, масаттанып жеткен Оспан Лиза
шешейдің хабарын естігенде көңілі ортайып қалды.
Лиза шешей Оспанмен бірге кірген. Сөйлей енді:
– Қарашығым-ау, сен мұнда отыр екенсің ғой. Бүгін екі көзім төрт боп сенің жолыңа
қараумен болдым, – деп кебісін босағаға асығыс шеше салып, сүрініп-қабынып кеп
Райханның маңдайынан сүйді. Қобыраған самай шашын шаршы орамалының астына
қарай тығып, сөйлеп жүр. – Бәсе, бағана анау қырдан түскен сені жазбай танып ем. Бүгін
келмесең, бір машынға отырып іздеп барам ғой деп, үйде тағатым таусылып жүр ем,
өзіңнің келгенің мұндай оңды болар ма, жаным!
Райхан шешесінің қабағындағы кірбіңді байқап қалды.
– О не, апа? Мені жай іздедіңдер ме?
– Жай болушы ма еді, ботам. Аузы күйген үріп ішеді демекші, кешеден бері ана әкең
нәр татудан қалды. Тағы бір арам пиғылды біреулер сенің соңыңа жарық алып түсіп жүр
екен деп, ұзақты күн зығырданы қайнап, үйде аласұрды. Жаңа ғана мал басына кетті. Ууһ! Қартайғанда жаңа көрдік пе, көрмедік пе деп жүрек дауаламай, ішкен ас батпай
жүргенде, тағы көпсінгені ме. Құдай-ай, әйтеуір, қара жүрек залымдардан қашан айығар
екеміз, – деп тоқтады. Қолын қазақы камзолының терең қалтасына сүңгітіп, сылдыраған
бір топ кілттің арасынан бүктелген қағазды алған Лиза шешейдің қуқыл тартқан реңінен
көз алмай, сөзінің артын баққан Оспан мен Райхан түсініксіз жайды бір жапырақ қағаздан
іздеді. Шынында да қағазда бәрі жазылған. Райхан көзін жүгіртіп оқыған сайын тынысы
тарылғандай демін алқына алып, қабағын түйгенде, кең жазық маңдайға түскен әжім
сызықтары жазыла берді. Оспан алыстан көз тастап, ұсақ әріптерді еркін жүргізе алмай,
қашан қолына тигенше асығып отыр. Райхан оқып болды да, әлденені есіне түсіргендей
ойланып қалды. Шешесінің тереңде жатқан көкшіл шүңірек көздері үрейленіп, тапжылмай
қадала қарағанда барып мырс етіп күлді.
– Апа түк емес, ит үреді, керуен көшеді, – деп анасын жұбатқанмен жүзіндегі кейістік,
түйіле қалған қабақтағы күйініш ізі тарқамады. Қолындағы қағазға қайта үңіліп, түнеугі
бір жайды есіне алды.
Егін орудың жаңа қызған кезі еді. Белоруссиядан жиырма шақты семья көшіп келген.
Қызыл іңір. Жел жоқ. Тас төбеге шығып алып, титімдей болмашы бұлт сіркіреп жауып
тұр. Әшейін шаң басар ғана.
Моргун мен Райхан совхоз сыртына тіккен жаңа палаткаларды көруге келген. Төсекорын, ол-пұл, көр-жер, ыдыс-аяқтарымен көшіп келген адамдар түгел тысқа шығып,
совхоз басшыларымен танысып жатыр. Араларында басы жерге жеткендей иіліп
бүкжеңдеген кемпірлер де бар. Жасы алпыстарға таянған ұзын тұра қарт, ең ақсақалы
болар, араларында көп сөйлеп жүрген сол.
– Бәріміз бір колхоздың адамдарымыз. Тыңға келіп қалдық, ендігі бұйрықты сіздерден
күтеміз. Ертеңнен бастап жұмысқа бөлсеңіздер дұрыс болар еді, – деп Моргунға қарап,
Райханның басынан аяғына дейін көзімен бір шолып өтті.
Райханның құлағы бағанадан бері шеткі шатырда. Іңгәлап жылаған жас нәрестенің үні
әлсіз. Барлыққан, әлсіреген. Сонда да даусы бір семген жоқ.
– Ертеңнен бастап дейсіздер ме? Ертең емес, бүгін түнде кеңседе отырып бөлуге де
болады. Адамдарыңыздың тізімі қолда. Жастар жағы түгел механизатор екен. Өте жақсы,
– деп Моргун сабырмен сөйлеп, жылаған баланың шатырына қарай аяңдай берді. – Ал,
енді үй жағына келгенде түгелдей қарық қылып тастаймыз деп айта алмаймын. Қарттары,
кішкентай балалары бар семьяға әзірше бір бөлмеден тауып берерміз. Қалғандарыңыз
шатырда уақытша баспаналай тұрасыздар. Сосын қандай мұқтаждарыңыз бар,
айтыңыздар.
– Ешқандай мұқтаждығымыз жоқ, бәрі жеткілікті, – деді егде адам.
Сөзге Райхан араласты:
– Емшектегі балалар да бар екен. Мына бала жолда ауырып қалған-ау, сірә, уанбай
жылауын қараңызшы. Бізде дәрігер бар, қажет уақытта күн-түн демей шақыртып алуға
болады.
– Жоқ, ол ауырған бала емес. Дені cay. Алты айлық бала ғой. Біздің Алеша Новик
деген жігітіміздің тұңғышы. Өзі бір алпамсадай ірі туған қомағай неме. Шешесінің сүтіне
жарымай, түні бойы сілесі қатқанша жылайды, – деп еді, төрт бұрышты жуан кемпір киіп
кетті:
– Жол бойы сүт те жоқ екен. Емізікпен құр қара шай ішсе, жыламағанда қайтсін о
сорлы бала.
Бұл әңгіме Райханның көңілінде ертеден бері жүрген бір ойына түрткі болды. Сол күні
кеңседе отырып совхоз басшыларымен мәжіліс құрып, өз пікірін ортаға салды.
– Менімше, жаңа келген семьялы адамдарға мемлекет бағасымен сиыр беру керек.
Еңбекақысынан ұстап отырса, бір жылда-ақ төлеп болады. Қашан мал шаруашылығын
дұрыстап жолға қойғанша, күнде сүтпен қамтамасыз етіп тұру қиын. Қалай қарайсыздар?
Бұл пікірді бәрі қолдады.
Ертеңінде-ақ сиыр алам деушілер көбейді. Отызға тарта бұзаулы сиырды «Жаңа
талап» бөлімшесінен әкеліп, таратып берді...
Райханның қолындағы қағаз сол туралы райкомға жазылған шағым екен. Қағазды
Оспан алып оқыды:
«Біз, – деп басталыпты арыздың ұзын-ырғасы. – «Жаңа талап» колхозының совхозға
айналғанын түгелдей құптадық... Бірақ, қазір, бір нәрсеге өте реніштіміз. Отызыншы
жылдары он шақты қараның басын құрап орталыққа там-тұмдап жинап, жылда туған
төлін пайдаланбастан мәпелеп баламыздай өсіріп, ақыры колхозды мыңғырған малға
айналдырдық. Отыз алтыншы, отыз жетінші жылдар әлі көз алдымызда: колхозда бір тал
шөп болмай, бүкіл мал аспанға қарап азынағанда, төбе шашымызды жұлғандай үй
төбесінің ескі шөбіне дейін бұзып, малдың алдына тосып, әйтеуір аман алып қалып ек.
Енді міне, колхозымыз совхозға айналмай жатып, сол малды совхоздың кейбір
басшылары өз қолы билеп, талан-таражға салып жүр. Кейбір дейтініміз – Райхан
Сұлтанқызы. Жаңа туған әр төлге ат қойып, баладай мәпелеп өсірген малымыз көзге
ыстық. Маңдай термен келген еңбегіміздің сетінегеніне наразымыз. Райхан
Сұлтанқызының бұлай талан-таражға салғанына қарсымыз.
Совхоз еңбекшілері», – деп аяғына бір адам төтеше қол қойыпты. Тәшім молланың
қолы.
– Мұны жазғызып отырған дәу де болса Қарабет, – деді Оспан қағаздан басын көтеріп.
– Одан басқа ешкімнің қолынан мұндай арамзалық келмейді.
– Кім болса ол болсын. Шынында да «Жаңа талаптың» адамдарының басын қосып
түсіндіру керек еді. Ол қателік бізден. Рас, ол малдың орны ертең-ақ толады. Осы күзде
Латвиядан асыл тұқымды екі жүз ұрғашы тайынша алмақпыз. Соның бәрі осы бөлімшеге
келеді. Бұл жер келешекте мал совхозына айналатынына шәк жоқ. Бірақ, жұртты
ұғындыру керек еді, – деп Райхан ойланып қалды.
– Жұртты ұғындыратын дәнеме жоқ, Райхан. Ертең-ақ басымызды қосып, бәріміз
қарсы арыз жазайық. Қарабеттің лаңы жететіндей болды ғой. Енді оның көзін құртқаннан
басқа не қалды. Сіз де оны еркінсітіп қоя бердіңіз. Оған қызмет бергіздіргенше, сіздің
орныңызда мен болсам... – деген Оспанның сөзін Райхан бөліп жіберді.
– Ештеме етпейді. Жиналып, ұйымдаспай-ақ қойыңдар. Ондай нәрсе ұят болады. Тек
көпшілік түсінсе болғаны. Ал, мына секілді айырқұйрық арыздардан енді қорқатын заман
кеткен. Қазір басқа уақыт. Қарабеттер қазір жапандағы үйдей біреу-ақ. Ондай үйлерге
босқа қара тер болып күш жұмсаудың қажеті жоқ. Жаңа салынған таза үйлерге қоңсы
отыра алмай өз-өзінен-ақ құриды.
Оспан астарлы сөзге қарсы астарлы дау айтты.
– Қашан өз-өзінен құрығанша, маңын ластап бітеді ғой. Ондайларды бульдозермен
көшіріп тастау керек, – деп мырс етіп еді, Райхан да қоса жымиды.
– Оныңа қосылуға болар еді, бірақ қазір бульдозермен ескі үйді құртуға кетірген
уақыттан гөрі, құрылысқа кетіретін уақыт қымбат. Кейін көрерміз.
Тұспалды сөзге аса түсіне алмай екеуіне алма-кезек жаутаңдаған Лиза шешей бұдан
әрі шыдамады:
– Қарғам-ау, осы елде сенің айтқаныңнан шығатын тірі пәнде жоқ. Оспанның сөзінің
жаны бар. Жұрттың қолтығына су бүркіп, ушықтырып отырған сол залым. Әкең де,
басқалар да сүйдеп отыр. Ешкім мына қағазға қол қойған жоқ, – деп киіп кетті.
– «Колхозда бір шөп болмай, бүкіл мал аспанға қарап азынағанда, төбе шашымызды
жұлғандай үй төбесінің ескі шөбіне дейін бұзып, малдың алдына тосып, әйтеуір аман алып
қалып ек», – деп Оспан даусын шығара ежелеп қайта оқыды.
– Не деген арыз еді. – Оспанның шөген түстес реңі бұзылып, тістеніп отыр. – Тәшім
мен Қарабеттің жүздері жанбай осы сөзді айтады-ау, ә. Тәшім ол кезде ел ақтап,
өліктердің жаназасынан күн көріп, Қарабет тірілерге көр қазып жүргенін біздер ұмытты
дейді-ау, ә!
Оспан, Райхандардың көз алдына сол бір ауыр жыл келді.
Күргерей қарттың алтыншы жыры
Отыз жетінші жылы қар сұрапыл қалың түсті. Әшейінде қыс бойы тынымсыз соғатын
үскірік жел өтіндегі қыраттардың әр жері жалаңаштанып қырбық қар ғана жататын, енді
ол арада да қылтиған бір қурайдың төбесі көрінбейді. Ақ мамыққа бөгіп қалған.
Апрельдің бас кезінде колхоздың бір тал шөбі қалмай таусылды. Төбесін бұзып, шірік
шөбіне дейін алған мал қора аңғал-саңғал. Үңірейген тесіктерден өткір өкпек жел соғады.
Қыс бойы қорада тұрған қара мал мен қой, ешкі жәшлені кеміріп азынап тұр. Даланың
қары сөгіліп, көк салпақ лайсаң басталғанмен, әлі жер қарайған жоқ.
Біз – бес-алты адам үш-төрт шанаға өгіз жегіп күні-түні жазғы шабындық орнын
тіміскілеп, қар астында қалып жатаған күпәналарды түртіп жүріп тауып аламыз да,
қасықтап жинағандай малға тасимыз.
Сондай күннің бірі. Таң сәріде шыққан адамдар түс ауа елге зорға оралдық. Қопаның
бауырын кезіп әр жерде шашыла жатқан шошақты тауып алып, үстінен жүріп кеткен
қарын аршыдық. Сол күні түн де шағырмақ еді. Еріген қармен соқталанған ұзын өлең
шөпті босату қандай азап. Бір еріп, бір қатқан қар суы шөпті жентектеп тастайды. Мұздақ
шөпке айырыңды кірш еткізіп қадап, тізеге қайырасың. Қайың саптың белі қайысып
барып шытыр етеді. Одан әрі күш жұмсасаң морт сынып кетеді. Айырды тастай беріп,
шөп арасына темір жұлғышты сүңгітіп жібересің. Мықшия тартып жұлып қалғанда,
құстың омырау жүнін шымшып алғандай бір-ақ уыс шөп қобырап шыға келеді. Әйтеуір,
жан ұшырып қимылдап, жұла бересің, жұла бересің. Сондағы бір орыннан алатының
үлкен он айыр шөп. Не керек, қанша өнімсіз болса да, еңбегің зая кетпейді. Қар астын
шұқылап жүріп, қысқа күн етекке еңкейе бере шанаңды толтырып елге ораласың. Бірақ
онда да оңай оралу жоқ. Таң сәріден бері адам азаптанса, енді жол табанына шыққанша
көліктің азабы басталады.
Астына қызыл су жүрген қалың күртік қар өгіздердің омырауынан келеді. Төрт
аяғынан бірдей батқан өгіз бауырымен қар сызып, шананы мықшия тартады. Су шөп
қандай ауыр. Теңките шөп артқан жайдақ шана қорғасыннан құйып, қара көмір тастаған
зілдей сандық тәрізді. Бір адым жылжыса алқымына қар тығылып, сіресіп тұрып қалады.
Мал жарықтықта жазық бар ма. Желімдей жабысқан зіл батпанды тізесі бүгілгенше
мықшия тартып, аузынан ақ көбігі ағады. Тағы да тарта түс дегендей шанадағы екі
адамның бірі өгіздің бас жібінен сүйресек, екіншіміз шөптің артынан итеріп демеген
боламыз. Өгіз тағы да барын салып етпелей беріп құлайды. Ондайда қалай екенін өзің де
аңғармай қаласың. Қолың қамшыға жүгіреді. Ұзын бишік қыр арқасы шодырайған
көтерем өгіздің сауырына, қабырғасына шатыр-шұтыр жауып кетеді. Арық тілерсегі
дірілдеп тұра берген өгіз бір-екі рет жұлқып қалып, тағы құлайды. Бұл жолы бадырайған
үлкен көзі шарасынан шыға қанталап, өзіңе қарайды. Әттең, тілі жоқ. Сонда да түсінесің.
«Менде не жазық бар, ыржыңдаған арық арқамды қамшымен тілгілей бергенше, шөптің
жарымын неге түсіріп тастамайсыңдар. Менде не әл бар, қайтейін», – деп жалбарынған
тәрізді. Бірақ бізде де басқа амал жоқ қой. Бір арқа шөпті шанаға шөките салып апарсаң,
шетінен топалаң тигендей қырылып жатқан малдың қайсының аузынан тауып аласың.
Тым құрымаса бір қарбытып асауға келмеген соң, оған азаптанып керегі не. Иә, біз де өгіз
жайын түсінеміз. Түсінеміз де, «жарайды, кішкене дем ал», – деп екі бүйірі солқылдап
жатқан өгізді аяп, өкпек желде теріміз қатқанша тұрамыз.
Не керек, қашан жолға шыққанша қарға адым жер бір күншілік жердей болып, өгіздің
тілі құлаштай салақтап, қан-сорпасы шығады. Сол күні менің қасымда он жеті, он
сегіздерге келген бала бар. Қашанда бір шанаға бір әлді, бір әлсіз адам қосылатын әдеті
ғой. Басқа шанада Оспан секілді тегеуірінді жігіттер.
Біз жолға шығып, ауылға қарай тізіле бет түзедік. Бар азап шымыр жолға шығысымен
ұмыт болып, өнімсіз қыбырлаған өгізбен қатарласа аяндап, күндегі ойға түстім. Жақында
Райханнан хат алғанбыз. Омбыдағы ауыл шаруашылық институтын тамамдап, ауданға
келіпті. Колхоз жұмысымен жүріп алдынан шығуға да мұрша келмеді. Күнде әне келеді,
міне келеді деп ауданның жолына қарап төрт көз болып жүрміз. Біреулер: «Енді Райхан
мұнда келуші ме еді. Мына шым үйлері жапырайған «Жаңа талаптан» не алсын», – десе,
енді біреулер: «Ойбой, Райхан үлкен төре болыпты. Алматыға барады дейді. Оқыған
адамның қолы сол ара ғой. Бүкіл Қазақстанды басқарады енді. Күргерей, сен де қалаға
көшетін шығарсың», – деп қырық саққа жүгіртеді. Не болса да, аман болсын. Әйтеуір,
үйге бір келіп кететініне күмән жоқ.
Иә, сол күні ақ түйенің қарны жарылды. Екі қырдан аспай жатып құлаққа әлдебір
тырылдаған үн келді. Бұрын-соңды мұндайды естімеген шөпшілер елең етіп, бір-бірімізді
тосып алып, шоғырлана қалдық.
– Бұл ненің үні?
– Өзі алыстан естіледі. Тегі ауыл маңында болса керек.
– Дәу де болса, – деді Оспан желге құлағын түре түсіп, – бұл – машын (Қызыл жалау
ауданының адамдары осы күнге дейін машинаны «машын» дейді).
– Қой, қайдағы машын? Осындай қалың қарда ол қалай жүреді?
Біз қотанға кіргенше не екенін білмей дал болдық. Алыстан талып естілген үн
жақындаған сайын күшейіп, елдің шетіне жеткенде тарылдап кетті. Бүкіл аспан астын
көшіріп жібере жаздайды.
Мал қора – ұзын баз ауылға кіре берісте болатын. Алдына тақай бергенде-ақ,
анадайдан бір топ бала айғай-сүрең салып бізге қарай жарысып келеді. Арасында жаулығы
ағараңдаған бір-екі ширақ кемпір бар. Келе мені бас салды.
– Сүйінші, Күргерей, сүйінші!
– Күргерей ағай, сүйінші менікі.
– Райхан келді!
– Трактр әкелді!
– Райхан.
– Трактр.
– Трактр... Райхан!
Есім шығып, көзімнен жас ытқып кетті. Балалардың алдына түсіп алып, өкпем
өшкенше жүгіріппін. Бағана шаршап салдырап қалған денеде қажыған белгі жоқ. Құр
аттай ойнақтап, бала күнгідей секіре бердім.
Райхан да менің келетін уақытымды тағатсыз күтіп, есік алдында құжынаған көптің
арасында тұр екен. Үстінде шетін ақ шүлен қойдың терісімен көмкерген қысқа қара тон.
Аяғында көмірдей пима, басында түбіт шалы, жұрттың арасынан сытылып шығып, құшақ
жая ұмтылды. Маржандай тісі ақсиып, жүгіріп, бала күнгісіндей мойнымнан қапсыра
құшақтай алды. «Ертең бүкіл Қазақстанды басқарады» деп жұрт шулап, келмей жатып аты
көпке тарап кеткен қадірлі ел ағасы қазір бетін қара қожалақ үсік шалған жаман шалды
қайта-қайта сүйеді. Суы сорғалаған қауға сақалдан да жиренбейді. Балам ғой. Мен
қызымды бауырыма басып тұрып, тұңғыш рет жыладым. Әрине қуаныштан жыладым. Бір
сәт менің көз алдыма Сұлу мұрт елестеп кетті. Мен өзімді осы арада екі адамдай сезіндім.
Сұлу мұрт – Күргерей, Күргерей – Сұлу мұрт. Шіркін, дүниеде достан артық, қоң етіңді
кесіп берер жолдастан артық не бар?! Денеме соққы тисе намыстанып, шиыршық атушы
едім. Көзімнен жас орнына от ұшқындар еді. Ал бұл арада көзден аққан ыстық жас ырық
бермеді. Бір жағынан Лиза кемпірім де шығып, Райханды өзіне тартып: «Жетеді енді,
жетеді, маған да қалдыр», – деп қызын аймалап жүр. Ол байғұс та қайтсін. Тіпті басқа
былай тұрсын, Райханды қызғанады. Жалғыз өзінің маңдайына басқан баласындай
иемденеді.
Мен, үнемі бұйраланып, сәл қобырап шығып тұратын Райханның балапан шашынан,
ортасынан екі жарып бөлген қолаң шашынан сүйіп ем, тұңғыш рет қызымның бойынан
бұрынғы кішкентай сәби иісі емес, есейген адамның иісін сездім. Осы өңірге алғаш рет
трактор жүргізіп келген қызымның шашынан болар-болмас жермай иісі шығып тұрды.
Осынау өңірге, ауаға бірінші рет жаңалық иісін алып келген менің қызым – Райхан. Менің
Райханым. Мына қауға сақал Күргерейдің, Сұлу мұрттың Райханы.
Үй алдында тұрған жұрттың бәрі сол арада маған, Райхандай қызы бар бақытты адамға
қызғана қарайтын секілді. Қалтқысыз, зілсіз қызғаныш. Іш тарлық емес, қуаныштан,
риясыз көңілден шыққан достық қызғаныш.
Танауы тарсылдап, тақ-тақ етіп түтін шыққан трактор маңында шүпірлеген балаларға
дейін көздерінде ұшқын бар. Болашақ трактористер. Менің Райханымның жолын басатын
желкілдеген қырмызы ғой олар.
Жұрт арасында менің бойым ғана емес, көңілім де биік тұрды. Сәбише мақтанып
тұрдым.
Сол кеште қорада тұрған былқылдаған семіз байталды қолма-қол жарқыратып сойып
тастадық. Райхан: «Қайтесіз, соймаңыз, той жасап керегі не», – деп еді, ауыл ақсақалдары
қойсын ба, өзім де тойға ертеден-ақ қамданып жүретінмін.
Мал сойылып жатқанда Райхан мені жекерек алып шығып:
– Әке, ел тұрмысы жаман көрінбейді. Бірақ колхоз малы жұтқа ұшырап қалыпты ғой.
Базға барып қайтсақ қайтеді, – деді. Әлгідегі қуаныш, желге тотыққан жүзіндегі күлкі жоқ,
ел тағдырына деген күйзеліс бар. Байыпты, сабырлы адамның жүзіндегі кейістік. Мен
соны көріп тұрып: «қарғам, бүгін демалсаңшы. Алыс жолдан қажып келдің, ертең
аралармыз», – деген көмейіме тірелген сөзді айта алмадым. Қасымызға екі-үш адамды
ертіп, базға қарай аяңдадық. Үй алдындағы тракторды да түгел көріп болмадым, жұрт әлі
жеңсігі басылмай, балалармен қосыла соның маңында әр жерін шұқылап қала берді.
Жаңа Райханмен амандасып қайтқан Оспандар төрт шана шөпті жүзге тарта малдың
алдына қылдай бөліп жүр екен. Біз келгенде қол шаммен жарық қылып, бір арада
шоғырланып тұр. Қарасақ, орталарында қара ала сиыр. Мойнын соза құлаған күйі серейіп
жатыр. Бірі басын көтеріп, бірі құйымшағынан демегенмен қыр арқасы шодырайған буаз
сиыр орнынан тұра алмады. Тұмсығына тақай тастаған бір қолтық шөпке дәрменсіз сиыр
тілін созып жыбырлатқан болады. Орап алып аузына апаруға әлі жоқ. Шөпті көрдім, енді
«армансызбын» дегендей көзі алайып, басы сылқ етті. Маңындағылар:
– Пышақ әкеліңдер, пышақ!
– Бауыздаңдар, тым құрымаса адал өлсін, – дегенше болған жоқ, қызылы тарқаған бопбоз тілі бір жақ езуінен қисая шыққан қалпы азу тістерінің арасына қыстырыла қалды. Ала
сиыр керіле беріп, әлсіз ғана тұяқ серіпті. Малды түгел аралап шықтық. Бәрінің қалы
мүшкіл. Төбесінің шөбі алынған қораның аңғал-саңғал тесігінен аққан су кей жерде
тізеден келеді. Жамбас сүйегі сорайған, қабырғасы арса-арса көтерем сиырлар сыздың
үстінен тұра алмай, алдына салған дәмсіз, нәрсіз шөптен оттап қаужаң-қаужаң етеді.
Басқаларынан қоңы түзулеу бір-екі өгіз өз үлесін лезде тақырлай тауысып, бас жібін үземүзе әлсіз тайыншалардың арасына кіріп кетіпті. Шаңырақтай мүйіздерімен жасқап
сүзгілеп, әлімжеттікпен қысастық жасап жүр. Қысқа жақын туып, өспей қалған мегежін
қызыл торпақ жәшіленің бауырына кептетіле құлапты. Үйелеп тұра алмай жатыр.
Қойлардың халі тіпті нашар. Мойны ырғайдай саулықтар күрк-күрк жөтеледі.
Көпшілігі қотыр. Анадайдан Карелии иісі мүңкиді. Соңғы күндері бүкіл колхоз қойының
жартысы қырылып қалған. Енді бір-екі күнде бәрі өлмесіне кім кепіл. Иә, кепілдік берудің
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Жапандағы жалғыз үй - 16
  • Büleklär
  • Жапандағы жалғыз үй - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4141
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2393
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2406
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4172
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2369
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2403
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2405
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4145
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4224
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2406
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2394
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2311
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4079
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2285
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4195
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4158
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2309
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4066
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2340
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4091
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2435
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4050
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4099
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2422
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4112
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2273
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4098
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4150
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2324
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4040
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2352
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 1815
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1148
    40.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.