Latin Common Turkic

Жапандағы жалғыз үй - 13

Süzlärneñ gomumi sanı 4066
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2340
33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
қызуда біреудің қолынан жазықсыз мерт боп кетермін деп бас сауғаладым. Ақыры бүкіл
малымен бөтен елге өтіп кетем деген түні, не де болса еліме қайтып оралып, ақталайын,
шынымды айтып, арылайын, ел-жұртымның алдынан өтейін деп, қапысын тауып мынаны
әкелдім. Содан Керекудің ар жағынан қайттым. Одан әрі күткенімде бұл өтіп те кететін
еді. Ал енді, мені не істесеңдер де қолыңдамын, ағайын. Талжан әкемнің кедей екені,
жалшы екені бәріңе аян. Бұл – шындық заманы. Ақ адалына хүкімет жететін шығар, – деп,
Қарабет көсіле жөнелді. Талайдан бері жаттап алған сөз секілді, сайрап тұр. Малжан
үндеген жоқ.
Үй иесі Байбосын араласты сөзге.
– Әй, Қарабет, біз қазір сенің ақ адалдығыңды сарапқа салып отырғанымыз жоқ. Оны
ертең-ақ жоғарғы жерде шешер. Бір ғана айтарым бар. Арттарыңнан шыққан қуғыншыға
мылтық атқанда, жүрегің таза болса, неғып қарап тұрдың?
– Бәке-ау, менің қолымда мылтық болды ма, мына қара жүрек, өз ағасын аямаған, мені
де атып кетпес пе еді.
– Ә, қорыққан екенсің ғой. Ол жөн. Бас сауғалағаның дұрыс болған.
– Оһ, кәпірістан. Бердеңке сенің қолыңда еді ғой, – деп Малжан оқты көзімен
Қарабетке тесіле қалғанда, Қарабет те түксиіп төне берді.
Шыдай алмадым, иығынан қапсыра алып, лақтырдым.
Қарабет маған ләм деп аузының жігін ашқан жоқ.
– Жала, жала. Қарашы енді, тісінің қанын маған жаққысы келеді. Хүкімет әділдігіне
жетер. Оған айылымды да жимаймын, – деп Малжанға сөйлей түрегелді.
Сол күні ауылнай екі жігітті қасына қосып, Малжан мен Қарабетті ауданға жөнелтті.
Артынан естідік, Малжанды жер аударыпты. Ал, Қарабет екі-үш ай абақтыда отырып,
жоғарғы жаққа шағым жазып, өзінің кедей, жалшы Талжанның баласы екендігін айтып
ақталыпты. Бірақ көп уақытқа дейін ел жаққа келмеді. Тек қар жауып, із басылғаннан
кейін ғана оралды.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Шегін суырып алғандай ішін тартып шыңғырып жылаған ащы дауыстан шырт ұйқыда
жатқан Жәміш оянып кетті. Қасында Қарасай жоқ, әлі келмепті. Үй іші тастай қараңғы.
Терезе тұсында тұрып, ойбайын салып бақырған мысықтардың даусы құйқа тамырын
шымырлатып барады. Біресе бір-біріне айбат шегіп ырылдайды, біресе оқыс шар ете
қалып, қайтадан ыңырсиды. Жәміш орнынан тұрды, кәрі буындары сырт-сырт етіп,
қараңғы терезеге барып сіңірлі арық қолымен кәсекті ұрғылады:
– Пріс, кет былай, лағнет! Қайдан ғана қаптап кеткен бұл мұндар? Балаларды шошытар
ма екен. Әлгі біздің ала мысық та жүр-ау ішінде.
Даладағы мысықтар Жәміштің терезені тоқпақтағанын да, ұрсып, зекігенін де елеген
жоқ. Неше түрлі жан түршіктірер үнге басып бақырып, шарылдай берді. Мауыққан мысық
нені тыңдасын.
Жәміш тысқа шықты. Үйді айналып терезе түбінде жүрген мысықтарды қуалап:
– Осы малғұндардың даусы-ақ жаман. Пріс, пріс былай, – деп үйдің алдында сәл
бөгеліп аспанға қарады. – Батыр-ау жұлдыздар сиреп қалыпты. Таң атуға жақын-ау. Әлгі
біздің үйдегі қайда жүр екен. Бұлай бөгелмеуші еді. Қайда болды екен?
Жәміш күбірлей жүріп, сыртқы есіктің тиегін іліп, кебісін сүйрете басып үйге енді. Таң
сібірлеп, бөлмеге жарық кіргенше көзі ілінбей ұзақ ойда жатты.
Қарасай алысқа ұзаған жоқ. Осы қораның астында еді. Күн бата қоймадағы
жұмысынан оралып, Агафия Япишкинаның үйіне кірген. Қолындағы біраз малын осы
әйел арқылы асханаға өткізіп, әбден ым-жымы біріккен Агафияға кейінгі кезде
шаруашылық жайымен жиі келеді. Оның үстіне күндіз бір кездескенде Япишкина көзін
ойнақшыта қарап:
– Дядя Қарапет, поздравляю, жаңа қызметіңізбен. Қойманың кілтін жумайсыз ба енді,
– деп совхоздың құрылыс қоймасына меңгеруші боп орналасқан Қарасайды құттықтаған.
– Көптен мұрным қышып жүр еді. Оның үстіне бүгін менің туған күнім.
– Солай ма? – деп Қарасай да Агафияға емірене қарады. Бірақ туған күнімен
құттықтаған жоқ. Ондай әдетті білмейтін-ді. – Сонда жасыңыз нешеге келді?
– Әйелдің жасын сұрамас болар, дядя Карапет. Кәртайып тұрғамыз жоқ, әлі де жас
қызға бергісіз емеспіз бе? – деп Агафия сықылықтап күлді.
– Әрине, әрине. Әңгіме жаста емес, көңілде ғой. Қазақта мынандай мақал бар, қалай
аударуға болар екен. Ім, иә, «бык сам стареет, но морда не стареет», – деп Қарасай
«өгіздің өзі қартайса да, мұрны қартаймайды» дегенді долбарлай аударды.
– Тамаша мақал екен. Ал бүгін біздің үйге келіңіз, бас қосайық. Бір-екі дос-жар
әйелдерден басқа бөтен ешкім болмайды. Кемпіріңізден қорықпасаңыз келіңіз, подарканы
да молырақ әкелерсіз, әйел заты дүниеге жақын ғой, – деп Агафия сыңси күлді.
Бұрын әйелдің туған күнін тойлап көрмеген Қарасай оған не алатынын да білмеді.
Бірақ оның тігісін жатқызып, тауып кетті.
Кешқұрым бір қораның астында тұратын Япишкинанын үйіне қаға берісте жылт ете
қалған Қарасай жасаулы столдың үстінен шыққан. Аспазшы боп істейтін бір-екі жесір
әйелден бөтен ешкім жоқ. Қарасай келе қалтасынан етектей жүз сомдықтың екеуін
суырып тастады:
– Япишкина жолдас, мынау менің подаркам. Қазақта той-томалақ болған жерге әйел
адам ғана ырымын жасайды. Оны «шашу» дейді. Но, енді, былай... орысшалағанда
подарка ғой. Мен әйел болмасам да, сен үшін...
– Рақмет, рақмет! – деп, Япишкина Қарасайға бетін тақай берді. Бірақ құттықтай
тұрып, әйелдің не қолына, не бетіне ернін тигізуді Қарасай қайдан білсін. Тіпті Агашкаға
сый тартқанда да көңілінде бөтен ой болған жоқ. Өзінше, талай септігі тиген асхана
бастығына бармақ астынан кіші-гірім пара бердім деп түсінді.
– Қазақта мынандай да мақал бар: «ім... платок не за шуба пригодитца, а за дорогу
пригодитца».
Екі келіншек дым ұқпай мырс етіп күліп жіберіп еді, Агафия Япишкина оларды ала
көзімен атып:
– Дұрыс, дядя Карапет! Орынды айттыңыз. В знак уважения, в знак внимания деген
сөзге келеді ғой. Түсінікті, несі бар, өте дұрыс, – деп, әккі әйел сөздің сыңайын бірден
ұғып, жолдастарының өрескел қылығын жуып-шайып, стаканға арақты сылқылдата
құйды.
Бұл үйде көк мойын шынылар жәшігімен тұрады. Түн қатып өтіп жататын
жолаушылар үшін бұл үй – жабылмайтын дүкен. Әрине, бейуақыттағы товар бағасы да
сәл қымбаттау болады.
Біраз қызып алған соң Қарасай қалтасынан тағы бір жүз сомдықты суырып тастады:
– Япишкина жолдас, мұның өзі саған тегін құйылып жатқан құдық суы емес. Мә,
мынаны алып қой.
– Қойыңыз, дядя Карапет.
– Жоқ, жоқ, болмайды. Ал. Әйтпесе ренжимін, – деп Қарасайдың тілі күрмеле берді.
Әйелдер әлден уақытта үйді басына көтере әндетіп, біраз барылдап отырды да, түн
жарымда үйлеріне қайтты. Бұл кезде Қарасай да, Агафия Япишкина да көздері бұлдырап,
әбден кемеліне келген. Көптен бері бұлай көп ішпеген Қарасай тәлтіректеп, отырған
орнында қылжалақтап қалды. Қалтасынан бір топ кілтті суырып алып:
– Құй, Ағайша. Өмір қайтып келмейді. Дүние бізді таппайды, біз дүниені табамыз.
Қолдан мал кеткенмен, бақ кеткен жоқ. Мынау емес пе бақыт деген, Ағайша! – деп
сылдыратып стол үстіне бір топ кілтті бір соқты. Япишкина Карапет деп отырғанда, оны
Ағайша деп қазақша атағанына өзі мәз боп күліп жатыр.
– ГІр-р-равильно, ком-пон... компонион! – Агафия тілі күрмеле сұқ қолын шошайтып,
стаканға тағы құйды. – Складқа тұр деп мен ақыл беріп ем ғой. Мені тыңдасаң өлмейсің.
Совхоздың бар тетігі екеуміздің қолымызда. Ақша болса, бәрі болады. Сол үшін.
Стакандар сыңғыр етті. Япишкина тәлтіректей басып, Қарасайдың тізесіне отыра кетті
де, мойнына асылды. Қарасайдың бүкіл өне бойы шымырлап, бұғақты әйелдің жұпжұмсақ тамағына мұрнын тығып жіберді. Әтір аралас жас иіске бойы балқып, ерніне
қалампыр араластырып үккен мол насыбай салғандай елтіп, қимылдауға мұршасы жоқ.
Тақыр басын жұмсақ алақанымен сипаған Агафияның:
– Шашың қандай қайратты еді. Өзің де қайратты боларсың. Мен шығыс джигиттерін
қатты ұнатамын, – деп сыбырлағанын зорға естіді. Жүні түбіттей үлпілдеген сап-сары уыз
балапанды алақанына салып үлбіреткендей, бауырына қысқан жұп-жұмыр әйелді босатар
емес.
Әлден уақытта Агафия темірдей қысқан өлермен құшақты баяу ажыратып орнынан
тұрды.
– Ал мен халатымды киейін, сен қарама, – деп төсек басында ілулі гүлді халатын алып
шешіне бастады. – Ай, мейлі, қарай бер. Жасыратын не бар.
Бұрын-сонды кездестірмеген көк атлас лифчикпен ғана тұрған әйелдің аппақ тәні жалт
еткенде, пейіштің иран бағындағы хордың қызын көргендей көзі тұнып, Қарасай ұмтыла
берді...
Таң ата көзі ілініп барады екен. Жәміш шошып оянды. Бағана қуып жіберген
мысықтар терезе түбінен тағы шар ете қалды. «Қап, мына малғұндардың ызасын-ай,
балалардың зәресін алатын болды-ау».
Мауыққан мысықтардың ащы даусы Жәмішті түршіктіргенмен, Қарасай мен
Агашканың көңіл күйіне үн қосқандай, құлақтарына жағымды естіліп жатты.
Осыдан көп ұзамай-ақ Япишкинаның үйінде түнеп қалуды жиілеткен Қарасайдың
суық жүрісін Жәміш біліп қалды. Ішіне мұз тастап жібергендей жүрегі қата қалса да,
балаларына сездіргісі келмей, «үй шырқын бұзбайын, нендей ауыртпалық болсын өзім
жеке көтерейін» деп жүрген. Ақыры отыз жыл отасқан ерімен екі арасын қосқан арқанның
түте-түтесі шығып, соңғы тал жібі үзіліп кетті.
Көйлек-көншегін кішкентай қол чемоданға, бір асым сүр етті қоржынға салып, енді
шығайын деп жатқанда Қарасай келген.
– Eh, қайда барасың, буынып-түйініп, – деп, басына ақ жібек шалы салып, қара ала
кавказдатқан күміс қапсырмалы қара ши барқыт камзолдың сыртынан жасыл қималы
шапанын желбегей тастаған денесі тік, ұзын бойлы, ақ сары әйеліне тура қарай алмай зірк
етті.
– Қайда барушы ем, тойға барам, – деп жеңіл кекесінмен жауап берген Жәміш, еріне
тұңғыш рет шаншыла қарап, іште жиналған бар запыранды ақтара салды: – Мені үйде
ұстап, торға қамап қояйын деп пе ең. Отыз жыл қамалғаным да жетер. Енді менде шаруаң
болмасын. Үйдегіңді түзге білдірмей, түздегіңді үйге сездірмей, іштен тынып, жаманыңды
жасырып өттім. Көмелімнің де, Халелімнің де өз аузы өзіне жетті. Тым құрымаса солар
дардай азамат болып, жақсы-жаманды айырған шағында қымсынып, бетің бір бүлк
етпейді. Бетіндегі қара қал емес, харам қал. Ата сақалың аузыңа біткенше желігіп, ғұмыр
бойы адамға ойлаған арамзалығыңнан танбай келесің. Бетің ғана қара емес, ішің де қара,
ойлағаның бір қара басыңның қамы...
– Кергіме олай. Не қылған қара бастың қамы. Осы үйдің босағасын аттағаннан бері
әкеңнің ризығын жеп келе жатқан шығарсың. Шалқып-толқып отырып сандырақтауын
мұның, – деп алдында Агафия туралы айтып қалар деп үндей алмаған Қарасай енді түтігіп
кетті. Жәміш те тайсалған жоқ. Бірақ Япишкинаны аузына да алмады. Оны сөз қылуды өз
бойына шақ көрмеді. Оған қорсынды.
– Қит етсе сенің «шалқып-толқып...» Одан басқа білерің бар ма? Шалқып-толқитындай
қай адал асыңды алдыма тартып ең. Өңкей арамнан жиналған малыңды айтамысың.
Ғұмыр бойы ішкенім ірің, жегенім желім...
– Жарайды, онда жылы-жұмсағын тосып отырған жеріңе бара ғой.
– Оны сенен сұрамаймын. Жұмысың болмасын. Ана Халел мен Ақбөпеде де енді
шаруаң болмасын. Бірге туған балалардай боп өскен ол екеуін де ит пен мысықтай етуге
аз-ақ қалдың. Бұл қораның астында қалдырмаймын оларды да. Аспан асты кең.
– Бар, оларды да алып кет. Бәрің кет! – деп Қарасай беті долырып, әйелінің өңменінен
нұқып, есікке қарай итере бергенде, Жәміш қолын қағып жіберіп, чемоданы мен
қоржынын алды да шыға берді. Есік алдына ере шыққан Қарасай:
– Төсек-орныңды ала кетпейсің бе? – деп мысқылдап еді:
– Өзің-ақ жарылқап дүниеңмен. Бір сабақ жібіңнің керегі жоқ, сенен құтылғаныма
құдая тәубә! Алда риза бол сын! – деп шоқ ағаштың бауырына қарай ұзай берді. Анадай
жерде ойнап жүрген немерелері соңынан жүгіріп, етегіне оралған. Беттерінен сүйіп, «мен
қазір қайтып келем, барыңдар, ойнаңдар, құлыншақтарым» деп мөлтілдей қалған көз
жасын көрсетпей ширақ адымдап, жүріп кетті. Жәміштің қоржынына қарай берген
Қарасайдың қара қалы жыбыр еткен. Үйге жан ұшырып кірді. Жалма-жан үлкен абдыраны
«дызың» еткізіп ашып жіберіп, жаннаттан, күзеннен, түлкіден астарлап тіккен, нафталин
сіңген ішіктердің арасына сұққан қолына сандық іліккенде барып жүрегі орнына түсті.
Ұрлыққа, жамандыққа ғана жаралғандай қуыстанып, қарашығы бір арада тұрақтамай,
әлденеден қуыстанғандай үнемі жүгіріп тұратын ұры көзін сығырайта түсіп отырды да,
жалма-жан қол сандықты бауырына қысып, ең түпкі қораның бұрышына келді. Төбедегі
шелектің аузындай кішкентай тесіктен басқа сәуле түсер жері жоқ, қора іші ала көлеңке.
Күн түспеген соң базданып, иісі шыға бастаған сыз жерді екі күрек бойы терлеп-тепшіп,
ырсылдап жүріп қазды да, жез белбеу қол сандықтың ішін ашып отырып қалды.
Қақпағымен біріңді өңкей шытырлаған жүз сомдықтарға көзі жайнап қайта-қайта қарай
береді. Әлден уақытта сандықты қайта жауып, қаппен орады. Мойны былқылдаған жаңа
туған нәрестені ұстағандай үлбірете көтеріп, шұңқырға салды да, бетін топырақпен
жауып, бұзау бас былғары етігінің өкшесімен нығарлап тепкілей бастады.
Сиыр қорадағы жуан қақ ашаға сүйене қалған Япишкина қараңғы бұрышта қарны
салақтап билеп тұрған Қарасайға қарап, іштей мырс етті де, аяғының ұшымен басып, өз
үйіне жып берді. Соңын ала Қарасай кіргенде оң босағаны жаңа аттаған, әлі беті
ашылмаған жас келіншектей көзінің үстімен ұялшақтана қарап, бұрала басып, еркелеп
келді де, сырты күнге күйіп қызара бастаған толық, ақ білегін әжімді, жуан мойынға арта
салды. Қапсыра құшақтаған Қарасай да лезде жадырап, ақ тамақтан борпылдатып сүйіп
жатыр еді, Япишкинаның жып-жылы демі құлағына тиіп, сыбыр еткенде сілейіп тұрып
қалды: қуаныштан ба, әлде күтпеген жерде тосын естігендіктен бе, не дерін білмей
есеңгіреп тұр. «Ка-ра-пе-ет, ащы бірдеме жегім келеді, «мее-тис!» деп сыбырлаған
Япишкина өз сөзінен өзі қысылған адамның мінезін танытып, төсекке етпелей түсіп құлай
кетті...
Ауданға қарай шыққан жолаушы машинаға отырған Жәміш артта қалып бара жатқан
үйіне жалтақтап күрсінеді. «Әттең бауырымда Кәмелім мен Жәлелім болмағанда, сенің
етегіңнен ұстамайтын ем. Басың лаңға түсіп, екіталай күн туғанда қасыңа еріп, ащытұщыны бірге тартып жалғызсыратпап едім. Енді менің бұл күнде керегім болмады ғой.
Әттең не керек, бөрі кеш» деген миқата өкініш ішінде кетті.
Сол бір жылдардағы екіталай күнді ауданға жеткенше ойлады. Ол оқиғаны да
Күргерей қарт Жантасқа жыр ғып айтып еді.
Күргерей қарттың бесінші жыры
Отыз бірінші жылдың басында он үй, он бес үйден әр жерде жеке-жеке мойын серікке
бірігіп, шашылып жатқан ауыл бір жерге басымызды қостық. «Жаңа талап» деген жаңа
артель құрдық. Осы отырғанымыз – сол колхоз.
Рас, артель құру оп-оңай бола қойған жоқ. О кездегі талай-талай оқиғалардың шет
жағасын өзің де естіген боларсың. Ол да бір қызық заман еді-ау. Сонау ата-бұтасынан бері
өз бетімен тіршілік етіп, өз қазан-ошағының бұтында түртпектеп өмір сүрген жұртқа
колхоз деген ат алғашқыда біртүрлі жат естілді.
Ел ішіндегі оқыған, сауатты жастардың ішінен Райхан бар, осы күнгі Оспан бар, аудан
орталығында бір айдай жүріп колхоз жайымен танысып келгеннен кейін, бір күні үш-төрт
ауылдың ақсақалдарының басын қосты. Тұңғыш рет мұндай жиынға кемпірлер мен жас
келіншектер де қатысты.
Ауданнан келген өкіл колхоз жайлы ұзақ сөйлеп, қазір оның еліміздің барлық түкпіртүкпірінде күн сайын көбейгенін, мұның өзі партиямыздың үлкен жеңісі екенін, кешегі
революциядан кейінгі биік бір белес екенін түсіндіріп жатыр. Отырған жұрт оның сөзінің
жартысына түсініп, жартысына түсінбей бірінен-бірі сұрайды. Ақыры өкіл сөйлеп болған
соң, адам аяғы баспаған меңіреу бір жынысқа кезіккендей дағдарып отырғандар тұстұстан жамырап қоя берді.
– Қарағым, әуелі колхоз деген сөзіңді түсіндірші.
– Иә, ол кімнің аты?
– Ой, кімнің аты болушы еді, бір болшейбектің аты шығар.
– Оу, ағайын, – деп өкіл,– сендердің бет-бетіңмен сөйлейтін құдалығың емес. Тәртіп
керек. Біртіндеп сұраңдар. Қане, ақсақал, сіз не сұрадыңыз?
Өкіл Жүсіп қартқа қарады. Жүсіп ол кезде тоқсанға таяған, әбден қартайған шағы еді.
Сонда да жиыннан қалмай, елмен бірге келген. Таяғына таянып, орнынан тұрды.
– Балам, айтқаныңның нобайына түсініп отырмын. Бірігіп еңбек етейік деген сөзің
көкейіме қонды. Құлаққа жылы естіледі. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел
болса, төбедегі келеді» деген. Бұрынғылар да қол ұстасып, тізе қосып ел болуды көп
аңсайтын. Оныңның бәріне түсініп отырмын. Әйтсе де, мыңның түсін білгенше, бірдің
атын біл деген. Қолқоз дегенің кім ол?
– Ә, отырыңыз, ақсақал. Орынды сұрақ, – деп өкіл бір жөткірініп алды. – Колхоз –
орыс сөзі, ешкімнің аты емес. Коллективный хозайства деген сөз. Енді, былай, әртелнай
хозайства дейді.
Өкілдің өзі орысша орашолақтау екен, жымиып күлген қасындағы Райханға қарап,
қымсынып қалды.
– Жүсіп ата, – деді Райхан орнынан тұрып, – колхоз деген екі сөз: коллективное
хозяйство. Яғни біріккен, ұйымдасқан көпшіліктің шаруашылығы. Жаңа өкіл ағай айтып
кетті, қолда бар мал-мүлік бір орталыққа жиналады. Ол сіздің де, менің де меншігім емес,
бәріміздің ортақ дүниеміз болады. Біз соны өзіміздің қажетімізге жаратамыз. Колхоз деген
біріккен шаруашылық, мал-мүлік.
– Сонда қалай? – деп орта тұстан біреу тұрды. – Мәселенки, мен қолқозға түскен
малдың биыл екеуін соғымға сойғым келеді дейік. Ал, енді біреу, мәселенки, он қараны
жұмсағысы келеді екен. Оның арты дау-шарға айналмай ма?
– Мұның жөні бола қояр ма екен?
– Ай, қайдам. Бұл бір шатақ нәрсе екен.
– Қазақ баласының қолы емес-ау. Ортаға түскен малды ертең кім күтіп, кім бағады?
Қиын, қиын, – десіп тағы шуласып кетті.
Сол күні біз түні бойы айтысып, әңгіменің ұзын-ырғасын түсінгенше бақ-шақ болып
отырдық. Ақыры Райхан айтқан сөзге бәріміз ұйып, түсінгендей болдық-ау.
– Сіздер орталықтың мал-мүлкін кім қарайды дедіңіздер, – деді Райхан. – Колхоз
шаруашылығының бар тетігі осында. Малды бағып-қағатын адамның колхоздан алатын
табысы да көп болады. Яғни, әр күнгі жұмысыңызға ертең астықтай, майдай, сүттей үлес
аласыздар. Кімде-кім бұрынғы замандағыдай қашан күн тас төбеге келгенше ұйқысынан
тұрмай бей-берекет жатса, оның табысы да болмайды. Колхоз ондай масылдарға ештеме
бермейді. Ұлы көсеміміз Ленин айтқан: «кімде-кім еңбек етпесе, ол ішіп-жемейді». Яғни.
қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды. Ал, со л қимылдайтын қол неғұрлым көп болса,
колхоз шаруашылығы да жақсы, әрқайсымыздың тұрмысымыз да жақсы болмақ.
Сол түні көпшілік алдында бірінші рет ұзақ сөйлеп, Балта аулын колхозға тұңғыш
үгіттеп тартқан Райхан. Бәрі соның аузына қарап, білмегеніне намыстанбай, қайта-қайта
ежіктеп сұрап отырды. Райхан ортада тұрып алып сөйлеген сайын, жиналған жұрт
күбірлесіп:
– Айналайын-ай, заты әйел демесең, еркекке бергісіз-ау.
– Айнымаған әкесі.
– Шіркін-ай, Сұлтан көре алмай кетті-ау.
– Қарғам-ай, болайын деп-ақ тұрған бала. Еркек болса, бір елді ұстап отыратын-ақ
бала.
– Жасынан жұлынып орыс оқуын оқып еді. Әй, болар бала жасынан деген ып-ырас, –
десіп, ауыздарының суы құриды.
Менің де мерейім өсіп, айта түссе екен деп отырмын. Ақыры ел ақсақалы, үлкеніміз
Жүсіп сөз алды.
– Ағайын жұртым, – деді айнала қарап, күміс сақалын күсті алақанымен сипап. – Мен
төрімнен көрім жуық адаммын. Осы шағыма дейін жақсыны да, жаманды да, жоқшылық,
таршылықты да көріп, кедейлік тауқыметін тартып өстім. Әйтеуір, алла берген ризыққа
ырза болып, асарымды асап, жасарымды жасадым. Соның бәрі қиындықпен өтті. Сол
қиын тұрмыс мен секілді шалмен кетсін. Ендігі қалған өмір сендердікі. Бұл дүниеден алып
кетер ештемем жоқ. Бойымдағы бар еншім ауруым мен өзімнің кедейлігімді ғана алып
кетсем болады. Ал, енді мына қолқоз дегенің маған ұнап тұр. Әйтеуір бәрің біріксеңдер,
етек-жеңің мол, іргелерің берік болатынына имандай сенемін. «Көп түкірсе көл» деген.
Жақсы лебіз жарым ырыс. Мына лебізге өзім тойып отырмын. Жақсы ишара. Бірігіңдер.
Иншалла беттерің түзеледі. Қадамдарың құтты болсын. Илаһи амин!
Жүсіп сақалын сипап, бата берді.
Сол-ақ екен, сірескен мұздың іргесі сөгіліп сең бұзылғандай, отырған жұрт шуласып:
– Бірігеміз, несі бар.
– Екі қолға бір жұмыс. Біз де елміз, жұртпыз. Басымызды қосамыз.
– Дұрыс-дұрыс, – деп мақұлдай жөнеліп еді, мұрны шуылдап Боташ тұрды орнынан.
– Қарағым, бір нәрсе сұрауға бола ма, – деді өкілге қарап.
– Сұраңыз, сұраңыз.
– Колхозға қосылмаймын деген адамға ерік пе? Әлде...
– Оу, ақсақал, дүйім жұрт ұйымдасамыз деп жатқанда, елден ала бөтен шығатын адам
табыла қояр ма екен. Оны несіне сұрадыңыз?
Боташ қибыжықтап, басындағы жыртық тымағын бір шешіп, бір киеді. Мұрнының
астынан міңгірлеп тағы сөйлеп тұр:
– Жас болса келіп қалды. Ертең көптің шаңына ере алмай жүрсек ұят болар. Үкіметіме
ризамын. Алдыма он шақты қара салып берді. Ендігі қалған өмірімде әйтеуір сол
азбыншы малды керек етсем, маған ешкім ештеме демейтін шығар. Өзім дімкәспін.
Өкіл не дерін білмей, қайта-қайта жөткірініп жұртқа қарап еді, отырғандар Боташты
кекетіп ала жөнелді.
– Мұның ежелгі әдеті. Кежегесі кейін тартып, қашанда кері сөйлемесе, іші ауырады.
– Ой, қосылмаса, қосылусыз қалсын.
– Кешегі алған байдың он қарасын жүз қара біткендей көріп отыр ғой. Мейлі...
– Осыған қосыл деген кім бар.
Жүсіп қарт Боташқа оқты көзімен қарап, атып жібере жаздады.
– Өзің бір сақалың сапсиып алып, атан түйеше кері шаптыратын неме екенсің.
Жақсыға бастай ма десең, әркімнің теперішінде жүріп бір езу болған кәрі мәстекше үнемі
қыңырайып бұра тартасың да отырасың.
– Ағайын, шуламаңыздар, – деді өкіл. – Колхозға бірігу, бірікпеу әркімнің еркінде,
оған зорлық жоқ. Бірақ...
– Е, бәсе. Кедейге теңдік емес пе. Қарағым, мыналарға солай дұрысын айтшы.
– Дұрысын айтса, ол былай, – деді Райхан. Жұрт тына қалды. – Ертең колхоз
ұйымдасқан соң, жердің бәрі – егістік, шабындық жер сол колхоздікі болады. Ал оған
қосылмаған адам жерден ешқандай үлес ала алмайды. Егер, бұл арадан мүлдем іргеңізді
аулақ салам десеңіз, басқаны лайламаңыз.
– Қарағым Райхан-ай, – деп Боташ мысқылдай күлді. – Кеше ғана өзіміз өсірген жалаң
аяқ, жалаң бас қаршадай бала едің. Бүгінде әкеңмен тұстас адамның бетінен алып, қалай
болса солай сөйлейсің. Әйел бала деген сыпайы болушы еді.
– Әй, Боташ, тіліңді тарта сөйле.
– Сұлтанның садағасы кет.
– Тұстас болмай кет, – деп жұрт тарпа бас салып еді, Райхан тоқтаңыздар деген ишарат
білдірді.
– Ата, – деді ол. – Мен сіздің үлкендігіңізді әрқашан сыйлаймын. Бірақ есіңізде
болсын, иә, бәріңіздің естеріңізге салайын. Әйел бала, ер бала деп бөлулеріңіздің алдыарты осы болсын. Әйелдерге теңдікті сіз әперген жоқсыз. Ленин атамыз әперді. Ендеше
олай тіліңізді тигізбеңіз.
– Астапыралла! – деп Боташ шоршып түсті. – Қарағым-ай, жала жаппа! Ленинге бір
ауыз сөз айттым ба?! Жұртым-ау, айтшы.
– Мейлі, сіз не десеңіз, ол деңіз. Әйелдер енді сол теңдігіне ешкімнің қолын тигізбейді.
Ел ішінде іріткі салып, кейін тартатын адам болса, осы бастан аластаймыз. Колхозға
қосылмасаңыз қосылмаңыз. Бірақ ендігәрі «байтал шауып бәйге алмас» деген пасықтықты
доғарайық.
Сол түні отырған жұрттың көпшілігі мақұлдап, Райханды колхозға басқарма сайлады.
Кейбіреулер:
– Апырмай, жастау болмай ма?
– Қанша оқыды дегенмен әйел адам, ертең бала басты болған соң қиын болмай ма? –
десіп жан аши сөйлесе, қайсыбірі:
– Е-е, елді әйел басқаратын болды ғой енді.
– Жұртты ұстап тұруға бұл секілді әлі етегінің ашылған-жабылғанын білмейтін
қыздың шамасы келер ме екен, – деп күңкілдесті де.
Бірақ ондай көлденең сөз өз бетіне қалып, жиырма бір жасында менің қызым Райхан
қазақ тұрмысында әйел затынан тұңғыш рет ел тізгінін қолына алды.
Сүйтіп, сол жылы Балта, Асығат, Қанай ауылдары басымызды қосып, «Жаңа талап»
артелін құрдық.
Алпысқа тарта үйі бар колхозда, ұмытпасам, қырық-елу ат, жиырма шақты өгіз, он-он
бес сиыр, отыз шақты қой-ешкі бар. Бәрі арық-тұрақ, қайсыбірі қыстан әрең шыққан
көтерем.
Көктем шығысымен егін салуға кірістік. Бүкіл колхозда үш ағаш соқа бар. Өгізге
салатын мойынағаш, аттың қамыт-сайманы жоқтың қасы. Үш ауылдан шыққаны төрт
радуан, екі трашпенке, бір-екі арба. Айтқандай, Малжанның қара пәуескесі бар. Оның да
құр қаңқасы қалған, доңғалақ шабақтарынан сау-тамтық жоқ, быт-шыт.
Райхан екеуміз көрші «Вишневка» деревнясына барып, тамыр-таныстардан қамыт,
мойынағаш, арба жасайтын ағаш, құрал әкелдік. Мен құтты орным – ұстаханада отырып
алып, ертеден қара кешке күрек, айыр, ол-пұл керек-жарақтарды соғумен боламын.
Сол жылы егін салуда жастардың септігі мол тиді. Жаңа ғана комсомол қатарына
кірген жұтынған жас жігіттер, қыздар жұмысқа құлшына тиіскенде, апай таптырмайды.
Бәрі де жұмыс қайдасың деп жайнап тұр. Бұрын өз үйінің қазан-ошағынан аса алмайтын
қыз-келіншектер де енді бірігіп еңбек еткен соң, бұрынғыдай ұяң емес, ерлермен қатар
түсіп, алдына берген жұмысыңды тасқаяқша қағады.
Ауыл қотаны да бұрынғыдан көңілді. Таң сәріден көздерін тырнай ашып тұратын
өндірдей жастар қашан күн батқанша егін даласында жер жыртып келсе, түні бойы ауыл
сыртындағы киіз үйде сауық құрады. Қажу, шаршау жоқ. Ойындары да ескі ойынға
ұқсамайды. Жаңа. Ел ақсақалдарын, кемпір-кепшіктерді жинап алып, ара-тұра ән салып,
би билеп ойын көрсетеді.
Сүйтіп Райхан басқарған колхоз жаңа бір өмірді бастап жүре берді.
Иә, айта берсе әңгіме көп. Сол жылы пішен де шабылды, егін де жиналды. Рас, жаз
бойы құрғақшылық болып, астық онша мол шықпады. Әйтсе де колхоз мүшелері
тұқымдық астықтан қалғанын қылдай ғып бөліп алып, жаңа нанға ауыздары тиді. Бәрі де
алғаш құрылған артельге дән ырза. Тұңғыш рет осынау жатқан кең даланың, құйқалы
жердің иесі өздері екенін сезіп көңілдері толып, ел сабасына түсті.
Бірақ... Тағы да бірақ деймін-ау, көп ұзамай сол көңілдің шырқы тағы бұзылды.
Мықтап бұзылды.
Қара суық күз. Таң атысымен азынаған ызғырық жел бетегені тамырымен суырардай
уілдеп, тынымсыз соғады. Қашан қар жауғанша ұзақ сапарға жолаушылап кеткендей
күннің көзі бір жылтырап шыққан емес. Аспан бетінде торы ала түтіндей кезген бұлт не
жаумайды, не тарқамайды, дөңбекшіп, аунап, тынымсыз көшіп жатады. Шеті де, шегі де
жоқ.
Осы бұлтпен қатар келіп, ел ішіне қара суық желдей мазасыз тиген салық басталды.
Бір салық емес, көп салық. Аудан орталығынан келген өкіл атаулы, ауыл адамының
апшысын қуыра береді. Үй-үйді аралап жүріп, табақтай кінегесін жайнамаз құсатып
алдына жайып салады да, есеп шотын бір қағып:
– Сіздің үйге пәлен пұт ет түсті. Қане, қазір кірге салып өлшейміз. Қандай малмен
құтыласың, – деп ет салығын жинайтын әгінт бір-екі қарасын бас жібінен сүйретіп жөнеле
береді.
«Ет салығынан» құтылдым ба, құтылмадым ба деп отырғанда, ізін суытпай тағы бір
әгінт есіктен кіреді. Ол «жүн салығын» жинайтын адам. Бар ешкісі мен қойын қырқып,
енді құтылған шығармын деп отырғанда, тағы бірі келеді. Ол – «май салығы». Не керек,
күз аспанының көшпелі сабалақ бұлтындай бірі кетсе, екіншісі келеді. «Өзара салық»,
«астық салығы», «тері-терсек салығы», «орын салығы», «түтін салығы» – әйтеуір қаптаған
салық.
Аудан жақтағы қара жолмен шандатып біреу-міреу келе жатқанда-ақ ел ішінің
апшысы қуырылып, аза бойы қаза болып, тік тұрады. Бәрінен де ел Қосимановтан
қаймығады. Ауылда оны милиция Қосиманов дейді.
– Тұра тұрыңыз, ол қай Қосиманов?
– Осы күнгі аудандық милицияның бастығы!
Со кезде, жас шамасы жиырманың ішінде болар. Бұл күнгідей бой түзеп, жұрт
алдында керімсал боп отыру жоқ, басындағы қоқырайған фуражкесінің шетінен түлеген
қара ешкінің жүніндей сирек шашы тал-тал шығып тұратын, қырма таздың өзі. Ел ол
кезде милиция десе, жаны түршігіп, құбыжық көргендей қорқады. Соны пайдаланып
Қосиманов қараңғы елді қуырдақша қуырады.
Аз күнде ел іші жүнін жұлған тауықтай сидиып шыға келді. Әйтеуір қоймайды екен
деп, үй басы қолында қалған бірер малын қар түспей жатып сойып алып, еттігіне тұздап,
жерге көміп, тып-типыл етті. Сонда да салық тоқталған жоқ. Қайта көбейе түсті.
Жаңа қар жауған мезгіл болатын. Бір күні ауыл адамдары жапа-тармағай жүгіріп,
Жаңыл дейтін жесір әйелдің үйіне жиналды. Бәрі у-шу. Райхан екеуміз де сонда келдік.
Кішкене жаппаның асты толған адам. Жаңыл өз бетін өзі тырнап, дауыс қылып отыр. Беті
дала-дала. Тырнақ осып кеткен жерден қан судай ағып, иегінен тамады. Ауданнан үш өкіл
келіпті. Бірі – Қарабет, екіншісі – Қосиманов. Қарабет сол кезде аудандық ақша бөлімінде
налоговой агент болып істейтін. Қосиманов қай үйге кірмесін, әуелі жайғасып, алдына
дөңгелек столды алып, тізесін соғып салақтап жүретін қамшының өріміндей бауынан
мылтығын шығарады. Быт-шыт қып бөлшектеп, қалта орамалмен әр жерін сүрте
бастайды. Бұл жолы да сол әдетінен айнымапты. Жесір әйелдің зары кәперіне де кірмей,
мылтығын тазалап отыр. Жұрт басу айтып Жаңылды әрең қойғызды. Жаңыл ықылық атып
әрең сөйлейді.
– Жұртым-ау, өздерің айтыңдаршы. Қолдағы жалғыз қара сиырды бір әкетті. Үш
қойды қозысымен қосақтап екі әкетті. Енді міне, мына жаңа апыл-тапыл аяғын басып
жүрген баламның керегінен айырмақшы. Осы қораның мал дегеннен сауып отырған
жалғыз ешкі қалып еді, енді соны етке аламыз деп отыр. – Жаңыл тағы ағыл-тегіл
жылады.
Жұрт не десін. Бәрі күрсініп:
– Апырмай, бұл бір ғаламат болды ғой.
– Бәріміздің де күніміз осы. Қайтейік, – дегеннен басқа ештеме айта алмайды. Бөтен
сөзбен қарсы келуге ешкімнің батылы жетпейді.
Әлден уақытта Қосиманов жиналған жұртты жаңа көргендей, басын көтеріп, едірейе
қалды.
– Ой, сендерге жол болсын. Немене, бұл үйде бас асып қойып па?! Қане тараңдар.
Әлде мені көрмей жүр ме едіңдер?! Қойғандарың суып бара жатса, қазір бәріңе де барам.
Дайындай беріңдер. Ал, қане шығыңдар! – деп ақырып қалды. Босағадан бері аттай алмай
тұрғандар жасқанып, жылыса бастады.
Осы кезде бағанадан бері қабырғаға сүйеніп, түнеріп тұрған Райхан жайлап сөз бастап:
– Жолдас Қосиманов, осы елдің жайы өзіңізге белгілі емес пе?! Алар малы алынды.
Тігерге тұяқ қалмады десе де болады. Енді қыса бергенмен не шығады? Аудан
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Жапандағы жалғыз үй - 14
  • Büleklär
  • Жапандағы жалғыз үй - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4141
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2393
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2406
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4172
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2369
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2403
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2405
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4145
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4224
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2406
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2394
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2311
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4079
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2285
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4195
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4158
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2309
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4066
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2340
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4091
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2435
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4050
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4099
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2422
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4112
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2273
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4098
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4150
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2324
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4040
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2352
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 1815
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1148
    40.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.