Latin Common Turkic

Жапандағы жалғыз үй - 09

Süzlärneñ gomumi sanı 4173
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2311
35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Ақыры біраз жерге шауып тоқтаған бозбалалардың қайсыбірі соңғы сөзді ауыр алып
қалды ма деп, іштей аяп:
– Әй, Тұрсын, сен біздің айтқанымызға ренжіп қалма, әшейін қалжың ғой, – десіп
тарасқан.
Сол күннен бастап кейбір адамдар, «әлгі дикий бала қайда?» «дикий баланы шақырып,
өлең айтқызатын екен» дейтін болды. Оны құлағы шалып қалған кемпірлер тілі келмейтін
сөздің тамырына түсінбей, Тұрсынның өзіне «Диқай бала», «Диқай» деп ат қойып алды.
Келе-келе Тұрсын – Дика атанып кетті.
Дика диірмен тартумен күнелтіп, әр үйді сағалап жүріп, соғыс жылының да қалай
өткенін білмей қалды.
Соғыс аяқталып, елге ер-азаматтың көбі қайта оралып, белі шойырылған тұрмыс
біртіндеп еңсесін қайта көтере бастады. Бұрын диірмен тартуға шақыратын үйлердің саны
да азая берді. Енді Дика кейбір шақырмаған жерге өзі барып ол-пұл жұмысына
көмектесіп, кейде шоп басын сындырмаса да бірер күн қонып кетіп жүреді. Аудан ішіне
әбден бауыр басып алған жарымжан мүсәпір жігітті ешкім ауырсынбайды. Қайта соқа
басты жетімді мүсіркеп, бәрі іш тартады. Қай үйге барса да, кішкентай балаларға дейін
еркелеп, өзімсініп мойнына асылып, жатар уақытқа дейін қасынан шықпайды. Дика да
оларды аймалап, түйе, ат болып, арқасына мінгізіп, асыр салады. Оның үстіне тағы
жұғымдылығы – Диканың тазалығы. Қайда барса да төс қалтасынан сынық айна, жан
қалтасынан сабынның таусыншығы түспейді. Мезгіл-мезгіл жуынып жатқан Диканы
көресің. Қай үй болмасын оған төсек орнын аямайтыны да содан.
Осы мінезінің бәрін сырттай бақылап, шаруаға қажымайтын күшіне қызығып жүретін
Қарабет бір күні оған «құда түсті». Дика ол күні Қосимановтың үйінде болатын. Шам жаға
қазандық аузында Кәмел мен ауыл үйдің келіншектерінің арасында әңгіме дүкенін құрып
отырған. Келіншектер онымен қалжыңдасып, ән салғызып мәре-сәре боп жатқан кезде,
тор үйге Қарабет шақыртып алды.
Төр үйде біраз адам, іңірден бері баппен бүлкілдеп қайнаған қазандағы қой етін күтіп,
көздеріне ұйқы тығылып, маужырап отыр екен. Бәрі де Дика келісімен көздері шырадай
жайнап, гуілдеп кетті.
– Ау, осы сен келіншектердің арасынан шықпайсың, үйленейін деп жүргеннен
саумысың.
– Е, үйленсе несі бар. Мұндай жігітке кім қызын бермейді. Өзі әнші, өзі шаруақор,
деген бір сырлы, сегіз қырлының өзі емес пе?!
– Рас, үйлендіріп жіберу керек.
– Әй, Дика, өзің айтшы, кімнен ойың бар? Осы сен бастықтардың әйелінің бірін қағып
кетуден саумысың. Ана Күміс, Шәрипа, Зылихалардың үйінен шықпайсың, – деп
Қосиманов өзінің құрдастарының әйелін тізе жөнелді. – Сен қу біреуімізді тақырға
отырғызып тотитып кетіп жүрме. Байқа, көзіңді жылтыратып қаматқызып қоям!
Дика жымың-жымың етіп төмен қарап күле береді.
– Әй, осының күлкісі жаман, шынында да осында бір кәкір бар.
– Өй, қойыңдар. Дика оларды менсіне ме. Бүлдіршіндей жас қыздар тұрғанда, кәріқұртаңды қайтсін.
Бағанадан жастыққа шынтақтай жатқан Қарасай орнынан тұрып әңгімеге араласты.
Қалжыңсыз, күлкісіз отырып, Дикадан көзін алмай жанашыр адамдай, байсалды сөйледі.
– Сендер не десеңдер, о деңдер. Шынымды айтайын, өзім осы Диканы жақсы көрем.
Байқаймын, әттең бағы ашылмай жүрген бала. Өзіне бір шүйке бас алып берсең, үй болып
кетейін деп-ақ тұр. Диканы мен өзіме әрі бала, әрі іні етіп алсам ба деймін.
Көздері күлімдеп, жетім жігітпен ойнап отырғандар тыйыла қалды. Бәрі де шын сөзге
ауысып:
– Қареке-ау, мынауыңыз табылған ақыл екен. Жалғызілікті жігіттің бір-ақ күнде
маңдайы ашылар еді ғой.
– Алыңыз, Қареке, бала қылып алыңыз. Сіздей қамқор адам тапса Дикаға одан артық
не керек.
– Ой, Дика, бағың ашылсын, бағың!
Диканың да іші жылып кетті. Қанша бауыр басып үйренгенмен көрінген үйде тентіреп
жүру де қолайсыз-ау. Өз үйіңе, өз қара лашығыңның болғанына не жетсін. «Осылар шын
айтып отыр ма» дегендей, Дика айнала көзінің қиығын тастап, үнсіз томсара қалды.
– Міне, мен бүгін Дикаға дүкеннен әдейі киім алдым. Үсті де жыртыла бастаған екен
пақырдың, – деп Қарасай төсек астынан бір бума қағазды алып ашты. Ішінен бомазидан
жасаған арзан шалбар мен қызыл сәтен көйлек алып, Диканың алдына тастай берді. – Мә,
киіп ал, жарқыным.
Дика бір қызарып, бір қуарып не істерін білмей қибыжықтай берді. Ине-жіптен жаңа
шыққан киімді соғыс жылдарынан бері бірінші көріп отырғаны. Онша да мұнша жүріп,
тап Қарасайдай мейірімді адамды бұрын-соңды көрмегендей, Диканың өне бойын ыпыстық қан аралап, көзіне жас іркіліп қалды. Жарым көңілі босап кетті.
Отырғандар да жамырай сөйлеп:
– Киіп ал, ки! Ана үстіңдегі шоқпыттарыңды таста! – десіп қоярда-қоймай, көз
алдында жаңа киімді кигізді.
Көк бомази шалбар мен оттай қызыл сәтен көйлектің ішінде Дика әп-сәтте жұтынып
шыға келді. Тек шалбардың белі кеңдеу екен. Әшейінде шалбардың ышқырлығын
ұстамайтын беліне шүберек белбеуін қайта байлап жатыр еді, Қосиманов:
– Таста оны, бүтінделген соң, түгел бүтіндел, – деп орнынан атып тұрып, қатардағы
есікке кіріп кетті де, әр жері сынған, көнетоз офицер белбеуі мен ескі фуражкасын әкеп
берді. – Мә!
Дика әскер киіміне өлгенше құмар болатын. Аяқ астынан қарық болып, жалпақ
төбесіне батпайтын тар фуражкені қоқита киіп, жымың-жымың етті.
– Ойбай-ау, өзің қабығын аршыған жұмыртқадай жылтырап шыға келдің ғой. Енді сені
көрген қыз-қырқын талып түсетін болды, – деп қонақтың бірі ішін тартты.
– Жұмыртқадай жұтынғанды әлі көрерсіңдер. Өзім Диканы жеке отау етіп шығарам.
Кім бұған оң жақта отырған қызын бермес екен. Құдайға шүкір, бір жігіттің қалың малына
қыңқ етпеймін. Ондық дәулетім жетеді, – деп Қарасай Диканы мүлдем мас қып, алдыартын орап алды.
Бірақ не керек, ол сөздің бәрі жүре-жүре ұмыт болып, Дика бұрынғы таз қалпына
қайта түсті. Малжан ағашының бауырындағы жалғыз үйге келген алғашқы кезде
әжептәуір көңілі өсіп, шынымен қатарға қосылып үй болам ба деп үміткер болып жүруші
еді, келе-келе оның бәрі келемежге айналды.
Содан бері талай жыл зымырап өте берді. Мал соңында салпақтап, осы үйдің отымен
кіріп, күлімен шыққан Дика, сағымдай бұлдыраған алдамшы үміттен мүлдем күдерін үзді.
Олай-бұлай өткен адамдар бұрынғы әдетпен Диканы ортаға алып, әйел жайын сөйлесе
қалса, Қарасай олардың бетін қайырып тастайтынды шығарды: – Сендер де еріккен
екенсіңдер. Бұл дүлейге не қылған тегін жатқан қатын. Өзі аяғын әрең алып шұбатылып
жүрген бұл кещені, шалық болмаса, есі дұрыс адам қайтсін, – деп Диканы мүлдем іске
алғысыз етіп, жерлеп тастайды. Дика да келе-келе «қатын түгіл бас қайғы» деген қамытты
біржола киді. Бірақ оны сыпырып тастар дәрмен жоқ. Барар жер, басар тау табу оның
ниетіне де келмеген нәрсе. Әйтеуір ас суы мол үйде түйтпектеп тіршілік ете берді.
Қазір осы өмір жолын көз алдынан өткізіп, таусыла егіліп отыр. Мына қара жауын
астында саясыз қалған Дика, өмірде де еш панасыз екенін ойлағанда іші одан сайын
қалтырайды.
Нөсер бағанағыдан да қатты. Ағаш іші енді алаңқы жердей тасырлап кетті. Омырыла
құлаған құз-жартастай төніп келген қошқыл бұлт арасынан құлақты жарып жіберердей
шатыр-шұтыр етіл от жарқылдайды. Аспанды тіліп өткен жай оғы оң жақ бүйірдегі
жылғаға барып түсті. Малжан ағашының іші де күндізгідей жарқ еткенде, қалбаңдап келе
жатқан әлдекімнің тұлғасы көрінді. Үрейлі адам ащы үнмен:
– Дика, қайдасың, Дика, – деп қалды. Әйел даусы.
Бұл Ақбөпе еді. Диканың ұзай қоймайтынын білетін Ақбөпе ауыз үйде ілулі тұрған
шекпенді қарына іле салып іздеп шыққан. Бар ағаш түбін үнсіз тінтіп келе жатқан Ақбөпе,
күн жарқ еткенде барып даусын шығарды.
Жауын астында қара түнді жамылып, жалғыздықтан құлазыған Дика артынан іздеп
шыққан Ақбөпені көргенде, мұңын шаққан сәби балаша кемсеңдеп, мүлдем босап кетті.
Өрім-өрім көйлекпен ғана отырған Диканың үстіне шекпен жауып, Ақбөпе де онымен
қоса егілді.
– Екеуміз де құдай аямаған сорлы екенбіз, бағымыз ашылмаған сормаңдай екенбіз, –
деп, Диканы өзінің туған ағасындай құшақтап, іштегі жалынды көз жасымен шығарды...
– Қайтейін, менің қолымнан не келеді?! Мен секілді алды-артыңа қарайтын, аяғыңа
оралғы болар ешкімің жоқ. Кет бұл үйден. Ана шал отырған жерде бұл үйден енді еш опа
таба алмайсың.
Ақбөпе тұңғыш рет ашына сөйледі.
***
Халел жауынға малшынып, лайсаң жолда титықтап үйіне зорға жетті. Үш аяқты
мотоциклін биік қақпаға мұрнын сүздіре тақалтты да, фар үстіндегі кілтін алып, қораға
итеріп кіргізді. Үш доңғалаққа бірдей сірескен құм батпақ доңғалақ түбінде шайнасып,
шықыр-шықыр етеді. Зілдей ауыр машинаны есіктің қалтарысына апарып қойғанша
Халелдің маңдайынан ащы тер бұрқ ете қалды. Ас үйдің табалдырығынан аттай бергенде
алдынан безектей шыққан шешесі Жәміш қана. От көсеп отырған шімшуірін тастай беріп,
баласына ұмтылды:
– Құлыным-ай, аман жеттің бе?! Мына құдайдың күні де бүгін селдетіп кетті ғой. Бір
жерде құлап қалып, жазым болды ма деп зәрем ұшып отыр ем. Ой, құлыным сол.
Шешінші тез. Жаным-ай, су өтіп кетті-ау. Құрғақ киімдеріңді ауыстырып киші.
Айтқандай, Ақбөпе де келген.
– Әһ, Ақбөпе? – деп әуелі ащы дауыстап қалған Халел лезде суып, қолындағы
қоржынын ұсынды. – Апа, саған цейлон әкелдім.
– Сейлоның не, қарағым-ау? Ондай да бар ма еді?
– Ауданда жұрт жабыла алып жатыр екен. Индийскийден де артық дейді.
– Ой, қарашығым сол.
– Балалар қайда, анау үйде отыр ма? Оларға алма алдым.
– Алма!
– Иә, андағы қоржынның ішінде. Қызыл жалауға жәшік-жәшігімен келіпті. Жұрт талап
алып жатыр.
– Ие-е; енді бәрі болады ғой бас аман болса. Мына Слина келгеннен бері, тіпті,
адамның жанынан басқаның бәрі түсетін болыпты ғой, – деп Жәміш қоржынды шеше
бастады.
– Апа, әкем қайда? Үйде ме?
Қоржынға қолын сұға берген Жәміш: – ойбай үндеме, – деп астыңғы ернін тістеді.
Қолымен ымдап, Халелді қасына шақырып алып, сыбырлай сөйледі. – Әкең ана төр жақта
жұлын тұтып жатыр. Осы үйді бүгін алапатымен көшіріп жібере жаздады.
– Иә, не боп қалды?!
– Сұрама. Осы бір малы бар болғырдың жүрген жері бізге сор болып тиген жоқ па.
Қойлар жауында ығып кетіп, бес-алтауын қасқыр тартыпты. Құйрықтары жалбырап
пішенде тұр. Екеуі жоқ. Әлгі Дика байғұс соры қайнап таяқ жеп қалды. Үйден қашып
кетті.
– Қайда кетті?! – Халелдің даусы ащы шықты.
– Қайда кетсін, о сорлы. Үй маңында төңіректеп жүрген шығар.
– Іздеу керек қой. Мына жауын астында қайда барып паналайды, – деп жүресінен
отырған Халел ұшып тұра келді.
– Іздемей-ақ қой, жаным. Ақбөпе әкелген болу керек. Сонда тығылып жатқан шығар.
Келінге де бүгін шалдың тілі тиді. О жалған, десейші, бұл шал бәріміздің түбімізге жетер
әлі, – Жәміштің есіне Жәлел түсіп, көзіне жас іркіліп қалды. Халелге сездірмейін деп,
қазандық астындағы отты үрлеген болып күйбеңдеп бетін бұрып әкетті.
Қарасай көрпе-жастығы мол биік кереуеттің үстіне етігін де шешпестен құлапты.
Үстіне қара тұлып жамылып, теріс қарап жатыр екен. Халел кірген соң басын көтеріп,
бұзау тұмсық етігінің жұлығына қарап, түнере түсіп отырды. Халелге көпке дейін мойын
бұрған жоқ, біреу ұрып-ұрып тастағандай мең-зең.
Әлден уақытта барып қалтасынан мүйіз шақшасын алды. Өкшесін бір-екі рет
тықылдатып ұрды да:
– Әй, түкіргішім қайда?! – деп ауыз үйдегі Жәмішке айғай салды. Бетіндегі қара
қалдай етіп алақанына салған бұйра насыбайдан бір шымшып алып, үстіңгі ерніне
танаулата тықты да, Халелмен тілге келді. – Иә, мал базарлы болды ма? Сауда қалай?
«Сауда» дегенде кешегі базардағы шалдар көз алдына қайта келіп Халел үндемеді.
«Саудаң құрысын» дегісі келіп еді, бірақ қара түндей түнеріп отырған әкесінен қаймықты.
Қарасай да қайтып сұрамады. Биік төсектен ауыр денесімен еңсеріле сырғып түсті де,
терезе түбіндегі үлкен абдыраға барды. Құлпы дызың етіп, қақпағы көтеріліп, ар жағынан
ырсиған тістері көрінгенде арандай аузын ашқан айдаһарды көргендей болды Халел.
Қарасай түбіне дейін қолын сұғып жіберіп, кішкене сандықшаны алып шықты.
Сары жезбен құрсаулаған жылтыр сандық, тура ертегідегі сиқырлы сандық тәрізді.
Аузын ашса-ақ ішінен көк ала түтін бұрқ етіп шығатын сияқты. Халел ондай ертегіден
қорқатын шақтан кеткен. Бірақ осы сандықты көрген сайын тітіркейді. Оның есіне ағасы
Жәлел түседі.
Әкесі сандықты алып жатқанда, Халел төс қалтасындағы бір уыс он сомдықтарды стол
үстіне тастаған.
Қарасай саусағына түкіріп, сан қолдан өтіп ескі шүберекше босаған бір топ ақшаны
майыстырып, асықпай санады. Ең соңғысын қайырғанда бетіне қан теуіп, қалы жыбыр
етті. Тағы санады. Беті тағы бүлк етіп, басын оқыс көтеріп алды:
– Қалғаны қайда?!
Халел үндемеді.
– Қалғаны қайда деймін?!
– Бары осы.
– Не дейт... Есің дұрыс па?!
– Апама біраз шай алдым, балаларға алма алдым.
– Мен сені соған жіберіп пе едім?
– Базарда ет арзан екен. Ыстықта саситын болған соң, арзанға бердім.
– Не дейт... Ақ адал малдың етін арзан бердім дегенше, менің етімді арзанға бердім
десейші. Енді сен қалып ең бұл үйде менің етімді жемеген. Шық үйден. Шық деген соң
шық! Батыр қараңды.
Жармалы есіктен сығалап тұрған Жәміш төрге жүгіре кіріп, баласына ұмтылды.
– Жетті, жетті. Бала емес пе. Сауданың жайын қайдан білсін.
– Кет әрмен сандалмай, – деп ақырған Қарасай әйеліне түкіргішті бір-ақ атты. Даңғыр
етіп домалап, ауыз үйге шыққан консерві қаңылтыры қисалаңдап барып жарты шеңбер
дөңгеледі де, етпетінен түсті. – Сенен мән сұраған кім бар. «Бала емес пе?» Тапқан екенсің
баланы. Не қылған бала. Он үште отау иесі. Иегіне сақал шыққанша, миына ақыл
дарымаған кеще. Сенің тәрбиең. Қаздың балапанындай үлпілдетесің келіп. Жұрттың
мұндай ұлы ойдағыны орап, қырдағыны қырады. Мен болмасам көрер едім күндеріңді.
Ауыздарыңнан ақ май ағызып отырған соң көкіріктерің азған екен.
– Жәрәйді, жәрәйді. Бүкіл ғаламда үйін асырап отырған еркек сен ғана ма екенсің.
– Әй, не тантып тұрсың. – Қарасай атып тұрып, босағада ілулі тұрған қамшыға
ұмтылды. Қалш-қалш етеді. Шашақтатып өрген тобылғы сапты бишікпен Жәмішке төніп
келді. Жәміштің көзі жасаурап баласының ығына тығылды. Дене бітімі нәзік болғанмен
сұңғақ бойлы, сирақты Халел бірінші рет анасының алдына қалқан болып тұра қалды.
Әкесінің жағасынан ала түспесе де, шешесіне қол салғызар түрі жоқ. «Түкке қауқары жоқ
дімкәс анамды зәбірлегенше мені ұр!» дегендей қасқиып, кірпігін сирек қағып жасқанбай
тұр. Қызыл шырайлы, бәденді Жәміштен айнымаған, сойып қаптағандай Халелдің көзіне
көзі түскенде Қарасайдың жүні жығылып, тауы шағылып қалды. Сонда да көмейіне келген
сөзден аянған жоқ. – Құтырайын деген екенсіңдер. Көрер ем ана басқалардың тұрмысын
сендерге берсе... Жатырға тартқан жігіт оңбас. Жатырың жаман ғой, жатырың. Нағашы
жұртыңнан бір жібі түзу адам шыққан жоқ. Сен қайда барып оңарым дейсің. Жәлелімнің
ширегіне татымайтын шірік неме. Болар бала боғынан. Әу баста-ақ білгем сенің адам
болмасыңды. Ата балаға сыншы...
Жәміш пен Халел сөздің артын естіген жоқ. Ауыз үйге жылысып шығып кеткен. Төргі
бөлмеде жападан-жалғыз Қарасай қалды.
Ерніндегі сағыздалып қалған насыбайды саусағымен сыпырып алып, есікке қарай
атты. Төсек үстіне шығып иығы құнысып, түнеріп отыр.
Ұрыс шыққан үйдің қазіргі түсі де Қарасайдың өңіндей қара көлеңке тартқан.
Сәукелесінің бір жақ бүйірін қара ала күйе басқан аспа шамның жарығы да көмескі.
Терезе шынысына сырт-сырт тиіп, төмен сорғалаған жауын тамшылары да Қарасайдың
ұнжырғасын түсіріп екі иінін басып барады.
Сырт қарағанда Жәміш көп нәрсенің жетесіне жетіп түсіне бермейтін, ашуының алды
бар, арты жоқ, әшейін бір парықсыз жан секілді. Қарасаймен қазір сөзге келіп қалса, енді
бір айналғанша соның бәрін ұмытып, қашан ерінің көңілін тапқанша бәйек болып, соның
қасы мен қабағына қарап жүргені. Бірақ, сырт қараған көзге ғана осылай. Ал, шындап
келгенде ол мүлдем басқаша: Жәміш ұзақ жыл отасқан Қарасайдың бар мінезін, бар
қасиетін бес саусақтай біледі. Оның талайға жасаған зәбіріне де, жұртқа деген арам
пиғылына да кәнігі. Әйтсе де соның бәрін сыртқа шығармай, ішке түйеді. «Маңдайға
жазған, құдай қосқан қосағым, енді қартайғанда одан кетіп қайда барам» деп, бірнеше
баланың анасы болған әйел, ендігі жерде от басы, ошақ басының бүтіндігін ойлайды.
Қарасайдың бар қылығын кешіретіні де осыдан.
Ауыз үйге шығып, кең ағаш табаққа ет түсіріп жатқан Жәміш, қазандық астында
жанған қи отына су шалбарын кептіріп отырған Халелге ақыл айтып жүр:
– Балам, өз әкең ғой. Ренжіме. О байғұс та қайтсін. Оған да кінә жоқ. Қайтіп сендерді
жеткізем деп біреумен ұрсысып, біреумен жұлысып күн кешіп келе жатқан жоқ па. Бүгін
өзі қатты кейіп отыр. Кейімегенде қайтсін. Биылдыққа осы қораның астына құдай тағала
кәрін аямай-ақ төгіп тұр. Жәлелім кеткеннен бері бір оңбай қойдық. Бізге дегенде
жасағанның желі де үнемі терісінен шығып тұр ғой. Бүгін әне, бар қойды қасқыр тартып
кеткені. Әкең тауып алмаса, түгел айырылады екенбіз... Саған ұрысса, балам деп ұрсады,
үйренсін, ысылсын деп ұрсады. Кім баласын жек көреді дейсің.
Қайтымы шапшаң Халел анасының сөзінен соң үнемі жадырап, әлденеге ашулана
қалса артынша-ақ ұмытып кететін. Бұл жолы қанша жұбатса да, үй ішіне найзағай
түскендей ойран-топан болған жаңағы жай көз алдынан кетпей, томсырая берді. Балқыған
темірдей қып-қызыл қи шоғына тесіле қарап, ұзақ ойға түсті.
Тамаққа да томсырайып келіп отырды. Стол басында үш-ақ адам. Үйеме табақ семіз
қой етін қылпылдаған ұстара бәкімен жартылай турап болған соң, Қарасай Жәміштің
жүзіне қарамай күңк етті:
– Осы үйдің басқа жанын жер жұтқан ба?
– Ақбөпе басы ауырып, жатайын деп жатыр. Балалар ұйықтап қапты. Жаңа ет апарып
келдім, – деді Жәміш бір шара сорпаны суытып отырып.
– Дика қайда? – деді Халел.
Жәміш Қарасайға көз қиығын тастады да, үн-түнсіз сорпа сапыра берді. Халел де
қайтып сұрамады. Қарасай да ләм деген жоқ, қолын табаққа салды.
Үшеуі де осылай ұзақ үнсіз отырып, ет жеді. Халел мен Жәміш қолының ұшымен
анда-санда бір жапырақ етті шымшып алады да, ұзақ толғап, зорға жұтады. Табақтағы
еттің жартысын еңсеріп барып Қарасай тағы да күңк етті:
– Машинаң қалай, жақсы жүре ме екен?
Халел өзіне қойылған сұраққа бірден жауап бере қоймай, әкесі іш тартып жібіген соң
барып басын самарқау изей салды. Әңгіме басы жылы басталғанына Жәміш іштей қуанып,
әке мен баланы табыстыруға асығып, әңгіме жібін үзіліп қалмаса екен деп жалғай түсті.
– Неше жылдан бері «мотосеклет, мотосеклет» деп қоймай жүруші ең, ақыры алып
тындың ғой. Өзі де машинам-ақ екен. Тіпті жүргенде көз ілеспейді. Мен ылғи, қашан
көзден таса болғанша жығылып қала ма, қайтеді деп, зәреқұтым қалмай артыңнан
қарайлап тұрам. Халелжан-ау, байқап жүрсеңші. Кім біледі, сенім жоқ. Тайып кетіп,
жазым боп жүрме. Былтыр Себкрай жақта бір жігіт мотосекілден құлап өліпті. Алла оның
бетін аулақ қылсын.
Халел үндемеді. Қарасай кемпірінің жайма-шуақ сөзіне іштей риза боп, ендігі сөзді ол
сабақтады.
– Сөзіңнің жаны бар. Бұл ана бір екі аяқты мотоциклден гөрі орнықты болғанымен,
бұдан да құлап қалуға болады екен. Қобди жағы жолдың қырына килігіп қалса, аударылып
кететін көрінеді. Байқап жүру керек дегенің жөн. Күзге дейін аман-есен тебе тұр. Оқуыңа
барарсың. Бармасаң денің сау болса, күзде бір машина алып берем.
Қай адамның болмасын әдеті емес пе, мұндай сөз айтқанда жымың-жымың етіп, іштей
мақұлдап, қуанып отыратын. Халел қуанған жоқ. Әп-сәтте өзгере қалған әке мінезіне
таңырқап, көзінің астымен ұрлана қарады. Бұрын-сонды әкесінен мұндай сырды көрмеп
еді. Неге бүйтіп отыр?
Халел көп ойланып, бас қатырған жоқ. Әкесінің өзі-ақ бұл сырдың жұмбағын шешіп
берді.
– Ал енді, Жәміш, дастарқаныңды тезірек жинап, төсек сал. Халел ұйқысын қандырып
алсын. Ертең алагөбеден тұрып жолға шығамыз. Ана қойларды сойып, үйтіп-бүйткенше
де біраз уақыт өтер.
Халел басын көтеріп алып, әкесіне таңдана қарады. Бірақ, «қайда барамыз?» деп
сұраған жоқ. Оны да Қарасайдың өзі айтты:
– Қазір қара жолдың үсті әрлі-берлі жүріп жатқан құжынаған машина болса да, бірінен
пайда жоқ. Бір жерге барайын десең, шоферлер қиқайып, аяғын қия баспайды. Оның
көбінен не пайда, – деп тоқтады. – Ана мотоцикліңнің қобдиына төрт-бес қойдың стәгі
сыятын шығар. Ертең, амандық болса таң сәріде шығып кетсек, Омбыдағы ет базарының
дәл қызған кезінде жетіп қалармыз, ө?
– Құдай сәтін салса де! – деп Жәміш тәңіріне бір жалбарынып қойды.
– Иә, өзім де айтып отырмын ғой. Қызыл жалауға Халелді бекер-ақ жіберіппін. Есіл
мал текке ит жемеде кеткен жоқ па. Омбыға барсақ, иншалла, ақшаны күреп аламыз.
Сауданың да көзін үйретейін бір. Кейін өзің-ақ барып орындап қайтатын боласың.
Қашанғы сақалым сапсиып жүгіре берем. Айтқандай, Жәміш, алжапқыш, майлықсулықтарыңды жуған шығарсың. Ұмытып кетпейік. Қазірден бастап буып-түйіп қой.
– Көке, мен енді базарға бармаймын, – деді Халел тосыннан.
– Не дейт! – беттегі қара қал дір етті. Екі көзі бірдей қанталап, бүйі шағып алғандай
Қарасай ыршып түсті. Бірақ «не дейт» дегеннен бөтен ештеме айтпады. Бұрқ етіп тасыған
ашу әп-сәтте қайта сабасына келді. Орнынан тұрып ауыз үйге беттеген Халелді бөгеді.
Үнінде зіл жоқ. – Халел, тұра тұр. Бері кел... Отыршы мына араға... Мен саған әке боп бір
ақыл айтайын. Тыңда.
Жәміш те иегімен ымдап, «отыр» деген ишарат білдірді.
– Иә, не айтасыз?
– Сен ғой, енді базарға бармаймын деп ат-тоныңды ала қашып тұрсың. Сөзіңнің
төркініне түсінемін. Алғашқыда сен түгіл мына мен – әкең де көндіге алмағанмын.
Тұқымымда бұл кәсіппен айналысқан адам болмаған соң мен де тосырқап жүретінмін.
Бірақ маңдайға жазған кәсіп жоқ. Қазіргі заман ақша заманы. Кімнің қалтасы қалың, сол
беделді, сол өтімді. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дейді қазақ. Бұрынғылар білмей
айтпаған. Ендеше ақшаның көзін табатын жігіт базардан безбес болар. Ағаң Жәлел тірі
болғанда, қайда барам десең де ерікті өзіңе беретін едім. Басың ауған жаққа тарта берер
ең. Жас болса келіп қалды, осы қара орман енді саған қалмағанда кімге қалады. Мен өз
қарақан басымның, мына Жәміштің қамын ойлап жүргем жоқ. Ойлайтыным, түсіне
білсең, сенің қамың. Шаңыраққа ие болар шаққа жеттің.
– Базарсыз-ақ үйді асырауға болады ғой. Сауда жасамағандар да аштан өліп, көштен
қалып жатқан жоқ. Бүкіл ел болып, абыр-сабыр жұмыс соңында жүргенде, мен осы үйдің
шаруасымен ғана жүрмекпін бе, Былтыр мектепті бірге бітірген балалардың бәрі қазір
совхоздарда жұмысқа орналасыпты. Тың көтеруге келіп жатқан жастар анау. Тіпті ұят өзі,
– деп Халел қабақ шытты.
Қарасай оның сөзін салғырт тыңдап, жымиып отырған. Шыдай алмай мырс етті.
Күлкісінде ыза бар.
– Халел, сен өзің әуелі осы үйдің ішіне көзіңді салшы, – деп төрт қабырғадан ине
шаншар жер қалдырмай ұстаған қызыл ала, көк ала батсайы, масаты кілемдерді қолымен
айнала көрсетті. – Құдайға шүкір, бұл байлық ешкімнің үйінде жоқ. Жаңағы айтқан
балаларыңды білем. Оларды қайбір жетіскеннен жұмысқа беріп отыр. Тумысында ішсе
асқа, кисе киімге жарымаған, сіңірі шыққан немелер қаршадай балаларының көзінен
сорасын ағызып қара жұмысқа салып қойыпты. Өйтпесе қайда барып күн көреді. Ал сенің
ішкенің алдында, ішпегенің артыңда, олар саған тең бе. Теңіңді тауып сөйле. Целина деп
келіп жатқандарды да көріп жүрміз. Олар да қайбір қимасы қышып келді дейсің. Бәрі
әйтеуір бір құлқынның қамы. Қарасай «сен де мақұлдап, бірдеме десеңші» дегендей
Жәмішке оқты көзімен бір қарап қойып еді, ол да жалма-жан қосыла кетті:
– Иә, балам, қолға күрек ұстадың не, сауда жасадың не, бәрі бір көмейдің қамы.
– Апа, – деді Халел. Енді ол әкесіне батып айта алмай отырған көңіліндегі ойын
шешесіне жайып салды. Еркін сөйледі. – Мен де бала емеспін, түсініп отырмын. Бәрі күн
көрістің қамы дейсің. Егер құр ішкен ас, киген киімге мәз болып өзімізбен өзіміз бола
берсек, онда адамдық қасиеттен не пайда.
– Сеніңше адамдық қасиет неде сонда? – деді Қарасай. Жай, сабырмен отырып сұрады.
Халел әкесіне қараған жоқ. Жәмішпен ғана жеке әңгімелесіп отырған секілді, содан көзін
алмай сөйлей берді.
– Апа, мен алдың күні айдалада балоным жарылып ұзақ отырып қалдым. Жолдан
шығып, доңғалаққа мантировка деген болады, соны жасай алмай отыр ем, «Жаңа
талаптағы» шопр Оспан машинасымен келе қалмасы бар ма. Екеулеп отырып лезде
жөндедік. Оспан шылым тартып отырып, мотоциклдегі етті көріп қалды. «Е, ет сатуға
барады екенсің ғой. Жәлел өлгесін, енді Қарекең сені баули бастаған екен. Шіркін-ай, сен
де қор болмасаң игі еді» деп мені қолға алды. Мен не дерімді білмей сасып қалдым.
– Е, не сасатыны бар. Ондайларға: «сенің шаруаң қанша» деп сазайын бермейсің бе.
Ол бір жүрген қарамай шелек. Көре алмаса, тұз жаласын! – Қарасайдың зығыры қайнап,
көзі шатынап кетті.
– Содан, – деді Халел тағы да шешесіне, – маған көп ақыл айтты. Сендердей күнімізде
осы колхозды құрып, ыстығына күйіп, суығына тоңып, кешегі соғыста да талай
қиыншылықты бастан кешірдік. Ал сен болсаң дардай жігітсің. Бір жылдай құр салпақтап
жүрдің. Еліңе, жұртыңа тигізер пайдаң жоқ. Бұл қалай? – деп өзімді қатты ұялтты.
Қарасай төмен қарап үндемеді. Өңі өрт сөндіргендей түтігіп барады. Тістеніп отырса
керек, жақ сүйегі бүлк-бүлк етеді.
Сол далада отырып Оспан: «Ананы көремісің», – деп Халелге жыртынды түбінде
жүрген саршұнақты көрсетті: «Таңның атуы, күннің батуы онда дамыл жоқ. Қарашы өзін,
қазір де ол шөп тамырын жинап жүр. Ертең егін шыққанда бидайды ұртына салып тасып,
қысқы азығын үйіп алады да, қыс бойы інінде жем жеп, жазға қоңын бермей шығады.
Оның азығынан, істеген еңбегінен басқа хайуанатты былай қойғанда, өзінің көршілеріне
титімдей пайдасы жоқ. Нағыз паразиттер. Сен совет мектебінен оқыған баласың, ойлашы
өзің. Сіздің үй де осы саршұнақтың ініне ұқсамай ма? Ойлан. Халқына пайда келтіретін
азамат болуды ойла!» – деп, машинасын мініп жүріп кетті. Бірақ қазір мұны Халел айтқан
жоқ. Үнсіз ойлап отырды да:
– Шынында да шопр Оспан ақыл иесі адам, – деді үлкен кісіше.
– Қысқарт енді, – Қарасай бұдан әрі тыңдауға шыдай алмай ақырып жіберді. – Үйіне
жетпей жатып төбетше маңқылдауын мұның. Мұның білгішіне не бересің. Ақылшыны
тапқан екенсің. Ғұмыр бойы маңынан бензин иісі аңқып жүретін Оспаннан өнеге алғанша,
жібі түзу біреу аузыңа түспегені ғой. Жауыр атқа қотыр ат үйір. Жаман шопр Оспан
ақылшы болған соң, заманның азғаны да. Былшылды доғар да, ұйықта. Ертең жолға
жүреміз.
– Жоқ, мен енді бармаймын, көке.
– Бармасаң бұл үйдің де қарасын көрме! Кет онда бұл үйден.
***
Отау үйде ондық шам сөнбепті, білтесі төмен түсіп сығырайып тұр. Бұрыштағы
никельді кереуетіне қисайған Халел шамды үрлейін деп қайтадан орнынан тұрып еді:
– Сөндірмей-ақ қой, тұра берсін, – деді Ақбөпе. Әлі ұйықтамапты. Әр жері қопсып
түскен төбе сылауына тесіле қараған қалпы ұзақ жатты. Не ойлап жатыр екен? Атасымен
бүгінгі түс шайысып қалғаны есінен шықпай жатыр ма? Әлде төркінінде көп аялдамай
қайта оралғанда Халелдің келе кіріп-шықпағанына ренжіп жатыр ма? Арасына шылау
тұра бастаған төбе сырғауылдарымен өзінен әлдебір ұқсастық тапқандай қарап, қара
көлеңке бөлме ішіндей көңілі күңгірттеніп жатыр-ау. Халел осыны ойлап ұйықтай
алмады. Ақбөпені біресе аяйды, біресе әке қосқан қосағынан жас бала қысылады. Не істеу
керек?
– Халел! – деді бір кезде Ақбөпе. Халел өз атын тұңғыш рет естігендей тосырқап,
сұмдық бірдеменің аты аталғандай үндемеді. – Әлі ұйықтаған жоқсың ба?
– Жоқ... Ұйықтай алмай жатырмын...
– Мен де.
Халел енді Ақбөпе кінәласатын шығар деп ойлады.
– Халел, сен бүгін осы үйде не болғанын білдің бе?
– Білдім. Мен де біраз сөз естідім. Көкем біртүрлі боп кетіпті. Аузына базардан басқа
сөз түспейді.
Ақбөпе күрсінді.
– Көкем ғана емес, менің әкем де... Екеуін де бір қалыппен соққандай.
Тағы да үнсіздік. Жер майы азайған шам өлусіреп, мысықтың көзіндей жылтырайды.
Ақбөпе төсек үстінен қолын созып, білтесін шығарды.
– Иә, саған не қылмайсың дейді.
– Сауданың қыбын білмейсің, нашар, ынжықсың дейді. Онысының жаны бар.
Шынында да базарға қырым жоқ. Ертең Омбыға барамыз деп отыр.
– Сен барасың ба?
– Жоқ. Бармаймын дедім. Сол үшін ғой ұрысқаны. Бармасаң, кет бұл үйден дейді.
– Кеткенде қайда барасың?
Халел үндемеді. «Аспан асты кең ғой» деуді лайықсыз көрді.
– Өзің біл, Халел. Кісі ақылымен бай болғаннан, өз ақылыңмен жарлы болғаның
артық. Маған салсаң айтарым: кешегі Жәлелдей қор боп өткенше, көпшілікпен бірге
берекелі бір жұмыстың басын шалғаның дұрыс. Бала емессің. Келешегіңді ойла. – Ақбөпе
тағы күрсінді. Ұзын іш көйлегінің етегінен толық ақ балтыры жалтырап төсегінен түсті де,
шамды үрледі. Жата беріп тағы күңк етті. – Аяғыңа... оралғы болар деп ойлама. Есіңде
болсын. Ендігісін өзің біл.
***
Халел алагөбеден оянып, киініп алды. Кеш тұратын үйінің таңертеңгі асына да
қарамай, тура совхоз директорының кеңсесіне беттеді.
Бұл кезде совхоз басшыларының төрт көзі түгел екен. Бәрі де Моргунның столын
қоршап, әлдебір жоспар жайын сөйлесіп отыр.
Есік қағып, сыпайы басып кірген Халелді көріп, басын көтерген директор:
– А, наш заготовитель, біз қазір мәжіліс құрып отыр ек. Асхана бастығымен барып
сөйлес. Ет мәселесін сол адам шешеді, – деді де, қайта қағазына үңілді.
Халелдің беті ду етіп, есікті тарс жауып шыға жөнелгісі келді. Директор оны мазақ
еткендей көрінді. Шынында да «заготовитель» деген сөздің астары жаман, кекесін сөз еді.
Әйтсе де, жұқа танауын кеулеп келе қалған ашуын тежеп, Халел үнсіз тұра берді.
Тығылып, булығып тұр.
Отырғандар оның шыққан, шықпағанын байқаған жоқ. Құрылыс материалдарының
жетіспеуі туралы, Тұғыржаптан ашылған карьерден ақ тас тарту жөнінде ұзақ әңгімеге
кірісіп кетті. Әлден уақытта барып шыдамы таусылған Халел, өзін «менсінбей», көзіне де
ілмей отырған бастыққа ащы тіл қатты.
– Мен де адаммын ғой. Бір минут уақытыңызды неге бөлмейсіз?!
Ашына сөйлеген балаға бәрі де жалт қарады. Бірақ мұрнынан шаншылып, әр минутын
бір сағатқа балап жүрген директор онымен сөйлесіп отыруға уақыты жоқтығын. сездіріп
тағы да қысқа жауап берді.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Жапандағы жалғыз үй - 10
  • Büleklär
  • Жапандағы жалғыз үй - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4141
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2393
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2406
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4172
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2369
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2403
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2405
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4145
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4224
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2406
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2394
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2311
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4079
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2285
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4195
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4158
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2309
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4066
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2340
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4091
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2435
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4050
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4099
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2422
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4112
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2273
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4098
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4150
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2324
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4040
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2352
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 1815
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1148
    40.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.