Latin Common Turkic

Жапандағы жалғыз үй - 08

Süzlärneñ gomumi sanı 4173
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2394
33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
сүрініп-қабынып домалаңдап жүрген қос күшік, енді бір кезде соры қайнап ашулы
сырттанның үстіне жабысты. Тырбаңдап арқасына шыға алмай, сырғып түсе берген соң,
бірі құйрығымен, екіншісі құлағымен ойнады. Көкжал бір рет ар етіп жактырмай қалса да,
оны елеген олар жоқ. Қайта-қайта мазасын алып, тартқылай берді. Бір кезде қызыл көз
арлан жүні тікірейіп орнынан атып тұрды да, мойнынан домалап түскен күшіктің біреуін
аузы ақсиып кеп бас салып, бел омыртқасын бытыр-бытыр еткізді. Жайбарақат жатқан
қаншық жан ұшырып үстіне құлай түсіп еді, арлан тұмсығынан қауып алып сылқ еткізді.
Әлсіз қаншық анадай жерге барып белі күдірейіп айбат шегіп аз тұрды да, енді
жақындауға бата алмай, тірі қалған соңғы күшігін желкесінен тістелеп алып, ін түбіне
қойып кетті. Кешке дейін жалғыз күшікті бауырына алып, тысқа шықпай жатып алды.
Тек үшінші аштық түні таңға қарай ауып, аспандағы ай бозамық тартқан бейуақта екі
қасқыр қатар түзеп жортуылға шықты.
Бұрын түн қараңғылығында жем іздеп тауып, күні бойы салқын апанда тілі салақтап
жатып алатын бөрілерден ұйқы қашқан.
Бұл өңірде не көп – көл көп. Қаптаған көл, жайылма сулар бір-біріне жалғасқан алқа
тәрізді. Күн көтеріле бере өңірдегі алқаның әр теңгесі жалтырап көз ұялтып, анадайдан
мен мұндалап тұрады.
Қазір көл атаулы ұйқысынан оянып, таңғы салқын жел күн жылына жазғы самалға
ауысқан. Әр құрақ, әр қамыс желге сыбдырлап жатқан секілді. Қаңқылдаған қаз,
қиқулаған аққу, барылдаған үйрек үні. Әріректе тынымсыз тырылдаған темір үйлердің
даусы – бәрі көктем базарын тойлап жатыр.
Қос бөрі «Түйекеткен» көлінің ығын өрлеп, құрт тескен қаңылшақ ескі мал тезегінен
басқа түк кездестіре алмай келе жатқанда алыстан бір жылы иіс білінді. Арлан мен
қаншық қайта-қайта тұмсықтарын желге төсеп бастарын көтерісіп тұрды да, сілекейі
шұбырып тұра шапты. Жерді дүңк-дүңк еткізіп алға түскен арлан келесі қырды аса бере,
кең шалғында жүре оттап бара жатқан бес-алты қараны көзі шалып қалды. Маңайында
адам көрінбейді. Бірақ ашынған қасқырлар болса да елер емес. Шалғынға қарай иіле түсіп
жатқан кең өзектің ішімен тасырлата шауып, шошаң етіп жылқылардың тап жанынан
шыға келді. Алғашқыда бұларды көзі шалып қалған екі-үш қарлығаш шиқ-шиқ етіп,
құлақтарының түбінен сыпылдай ұшып, қала бергенше болмады, ық жағынан келіп қалған
бөрілерді жаңа көрген қаннен-қаперсіз жылқылар ішін тартып осқырынып бастарын
көтеріп, құлақтарын қайшылай қойды. Бұл кезде шетте ойнақшып жүрген жирен қасқа
құлынды арлан жарып та үлгерген еді. Қаншық та аузын арандай ашып, келесі біріне
ұмтылды. Аш қасқыр құлынды жайратып тастап, бір жерге үйіріле қалған жылқыларды
тым-тырақай қуды. Күрең бие жан ұшырып көкке қарғығанда тұсамысы шарт үзіліп
айдаламен дүрсілдете шауып кете барған. Арлан былқ-былқ еткен кебеже қарын семіз
қара биеге екі-үш рет ұмтылып, сыртын бере қырындап шыр айнала берген саба биенің
ақыры алдынан келді. Бие тұсаулы аяғымен шоқандап секіре бергенде, айлалы қасқыр
тұмсыққа қарғып, қос еріннен бірдей ала түсті де, табандап тұра қалды. Бұл ежелгі әдісі.
Жұқа ерін удай ашыған қара бие шалқая тартқан кезде, табандап тұрған қасқыр да оқыс
жіберіп қалып еді. Бие мұрттай ұшты. Ар етіп барып мысықша жабыса кеткен арлан
алмастай өткір тісімен ішін жарып жіберді. Жып-жылы қанға тұмсығын тығып қорқ-қорқ
еткен көкжал қара биенің үлпершек майынан кесек-кесек жұлып алып, қылғыта берді.
Қаншық қасқыр да бұлтыңдаған семіз ала тайды алып ұрып жәукемдеп жатқан.
«Малжан ағашы» жағынан қылт етіп үш аяқты мотоцикл көрінді. Үстіндегі екі адам
сонау қырдан түсе бере жан-жаққа бытырай қашқан жылқыларды көзі шалысымен бір
сұмдықтың болғанын іштері сезіп, жолсыз кәдемен құйындай ұшты.
Аш қасқырлар мотоцикл есік пен төрдей қалғанша бастарын көтермей жылы етке
құнығып, табандарын тірей өлермендене жұлқып шоңқаң-шоңқаң етеді.
Қос бөрі жылғаға түсіп, артына қарайлай қашып бара жатқан кезде:
– Оһ, атаңа нәлет! – деп тісін қайрап қалған Қарасай қан жоса боп жатқан малдарын
көріп, көзінен жасы ыршып кетті. – Құдай-ай, енді келіп, дала бөрісіне жем қылғаның ба.
Менен аяған нең қалды!
Шап еті жалбырап тұрған жирен құлын адамды көргенде мұңын шаққандай көзі
мөлтілдеп ілби басып келді де, екеуінің алдына құлай кетті. Халелдің де іші аяп, тура
қарай алмай сырт айналды.
Қарасай аһ ұрып, ағаш сапты, жез мойын бәкісімен қара биенің тамағынан қинала
тұрып орып жіберді. Қоп-қою күрең қызыл қан сыр етіп шыға беріп, тыйыла қалды. Қара
бие одан бұрын жан тәсілім қылған еді.
***
Қарасай ұйқыдан оянғандай сергіп, ойына жаңа бір ақыл түсті. Іле ізін суытпай совхоз
асханасына барып, Агафия Япишкинаны үйіне ертіп әкелді.
Түнеугүні бұл әйел Қарасайдың үйіне келіп:
– Хозяин, өзім ежелден нәзік жаралған жан едім, мына нөсердің астында шатырда тұру
мен үшін тамұқпен тең. Тымау ма, жөтел ме, әйтеуір осы жердің бүкіл заразасы
айналдырып алды. Бір-екі айға бір бөлмеңізді рахым етіңіз, ақысын төлер ем, – деп есігі
бөлек қонақ үйді сұраған.
Семіз байталдай жұп-жұмыр келіншектің нәзік жан едім дегеніне кекесінмен мырс
етіп, бұрын-сонды қазақ аулында пәтер жалдауды көрмеген Қарасай оның ақысын
төлеймін деп құнға тұрмайтын пайданың шетін көрсеткеніне шамданып қалды. Және тың
көтеруге жер-жерден жиналған адамдарды онша суханы сүйе қоймайтын. Үйге еркінси
кіріп, сыпсылдай қалған мына әйелді де жақтырмады.
– Бұл үйді біреу үшін салған жоқпыз, маржа. Және атам қазақ пәтер жалдап күн көрген
жоқ. Бұл үй үшін шығынданбай-ақ қойыңыз, – деп тоқ етерін бір-ақ айтып, үйден аластап
салған.
Бүгін Қарасай сол райынан қайтып, күрт өзгерді.
– Жолдас Япишкина, түнеугүні өзім ренжіңкіреп жүр едім. Тегі сізге ауыр тиетін
сөздер айттым білем. Оны кешіріңіз! – деп жылы сөйлеп, дөңгелете жөнелді. Өзі де шыр
көбелек дөңгелеп, судағы балықтай уысында сусып тұрған Агафия Япишкина:
– О, о не дегеніңіз. Уақасы жоқ, ондай-ондай бола береді, мен жаратылысымда кексіз
адаммын, – деп көзін төңкеріп, сықылықтай күлді.
– Оныңыз жақсы қасиет екен. Менің және бір мінезім – бетің бар, жүзің бар демей
бірдемені қойып қалам да, артынан, апырмай, ренжітіп алдым ба деп, үнемі өкініп жүрем.
Бүгін сол өкінішімді жуайын деп сізге әдейі бардым. Және шаң-тозаң астында
жатқаныңды ойлағанда, шынымен жаным ашып кетті. Енді мына бөлмені алыңыз, ақы
сұрамаймын. Бір-бірімізбен сыйласып тұрсақ, арамыздағы ауыс-түйісті есептеспеспіз, –
деп Қарасай сөздің аяғын сылқ еткізді. Сөздің сыңайын аңғарып қалған Агафия Япишкина
да аппақ бұғағын көрсете бұртиып:
– О, хозяин, бұл заманның өзі ауыс-түйістің заманы емес пе, есеп-қисаптың бар жайын
сауда қызметкерлері жақсы түсінеміз, ол жағынан мен коллега бола аламын, – деп наздана
қылымсыды.
Сол күні асхана меңгерушісі Япишкина екі-үш аспазшы әйелді әкеп, Қарасайдың
қонақ үйін ақпен сылатып, еденін жуғызып, ол-пұл дүниесімен көшіп алды.
Сол күні қасқыр тартып өлтірген шабдар аттың көкежасық еті базар нарқымен колхоз
асханасының албарына кірді.
Сол бір күннің ішінде-ақ Япишкина мен Қарасай бір-біріне қажет адам екендерін
жақсы түсінді. Бірақ тап осы сәтте екеуінің арасында болар келешек үлкен оқиғаны олар
білмеді. Ондай ойдан осы қораның астындағы басқа адамдар да мақрұм еді.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Түске таман күн ысып, қайнап кетті.
Бүгін жексенбі. Қызыл жалау селосының орта тұсындағы шағын базардың маңында
сапырылысқан халық. Бұрын маңайдағы деревнялардан бірен-саран шал, кемпірлер арбаға
тиеген қапшықтарымен келіп, жергілікті адамдардың жеңсігі – шемішке, қияр, сәбіз
сияқты жемістерді сатып отыратын. Қазір тың жерге келген адамдар осы аудан
орталығының үстімен күнде лек-легімен өтіп жатады. Жолға азық алатын ондай
жүргіншілер дүкендерді аралай өтіп, осы базарға да соға кетеді. Келімді-кетімді кісі
көбейгеннен бері қоңылтақсып тұратын базар сөрелері де бұрынғыдан молыққан. Тіпті
бүйірлеріне ақау түскен Алматының апорты да бір-екі жерден енші алыпты. Қала шығып
келген адамдардан жылына бір ауыз тиетін арқаның балалары соның маңында шүпірлеп
айналшықтап жүр.
Тумысында тұңғыш рет сауда жасай келген Халел дәу қара сабамен қымыз сатып
отырған кемиек шарқы шалдың қасынан орын алған. Алдында борша-борша бөлінген
аппақ қардай семіз қойдың еті. Үстінде қара көк костюм, ақ көйлектің жағасын сыртына
шығарған. Базардағы адамдарға жасқаншақ қарап, ұялыңқырап, сасқалақтай береді.
– Ей, балақай...
– Әй, Халел, етіңнің бағасы қанша? – деп алушы сұрағанда барып селк етіп, е, мен ет
сатып тұр екем ғой дегендей есіне түседі де, .еттің нарқын мұрнының астынан ғана
естілер-естілмес айтып, күбір етеді.
Бұрын сырттай қарағанда ет сатудың онша қиындығы да, өрескелдігі. де жоқ секілді
көрінуші еді. Халел бұл кәсіптің қиямет-қайым екенін бірінші рет көрді. Аудан ішіндегі
таныс адамдары келсе, маңдайынан шып-шып тер шығып, шашы дудырап берекесі
қашады.
Оның үстіне көлеңкеге жиналған бір топ шалдар да қызара бөртіп отырып:
– Әй, Мәшрәп, сенің қай атаң қымыз сатып күнін көріп еді. Көктемдегі уыз қымызды
базарға сатып не күн түсті басыңа.
– Адал асты саудаға салмай, құй, кәне.
– Байиын деген екенсің,
– Төріңнен көрің жуық отырып, қайдан таптың бұл кәсіпті, – деп, қымызшы шалды
ортаға алып, ойынды-шынды тілін батырып, керіп әкетті.
– Енді кәйтейін... кәйтейін, кемпіріме қант-шайлық бірдеме болсын деп... – дегеннен
басқа кемиек шал сөз таба алмай, он тал шоқша сақалы шолтаңдап құрдастарына
қымызынан құя берді.
Сары қымызды сапыра отырып ішіп, біраз желігіп алған шалдар әлден уақытта
Халелге тиісті.
– Әй, қарағым, сен Қарабеттің баласымысың, осы?
– Иә.
– Қарабет Омбының базарын түгесіп, енді Қызыл жалаудың базарына да салды ма
ауызды.
– Eh, бұл жаһаннамдағы мөрі бар ақша Қарабеттің қалтасынан құтылған ба.
– Үйлеріңде кемінде бір сандық ақша бар шығар, ә, балам? О бар болғырды
шірітесіңдер ме, қайтесіңдер жинай беріп.
Халел не дерін білмей бетіне қаны теуіп, көзіне жас кеп қалды. Сандық дегенде үйдегі
сары жез белбеулі сандықша есіне түсіп, шалдар тап сол сандық туралы айтып отырғандай
өне бойы шымырлап қоя берді. Бұдан әрі ақсақалдар өзді-өзі сөйлесіп кетті де, Халел тек
сырттай тыңдап, мұрнының үстіне меруерттей мөлдіреп тер шықты.
Әкесі туралы айтылған сөздер жүрегіне мірдің оғындай қадала берді.
– Қарабеттің ақшасында қисап жоқ. Ол кәззап шылқыған бай емес пе? Қора толған
мал. Шытырлатып сатат та жатады.
– Қанша сатқанмен тап мынадай шілдеде базарға ет шығармаушы еді, соған да бір
тықыр тақалған-ау, сірә?
– Е, мың тасқанға да бір тосқын демей ме. Қазір «Малжан ағашына» совхоз орнап
жатқан көрінеді. «Жаңа талап» колхозын да совхозға айналдырыпты. Малын жайып салып
отыра алмайтын шығар енді.
Шалдар Қарабетте өші бар адамдай, тістерін қайрай түсіп сөйлеп отыр. Халел кірерге
жер таба алмады.
Дүниеде өз ата-анасын жек көрер бала бар ма? Халел де өз әкесін жанындай сүйеді.
Оның мінез-құлқын өмірі сарапқа салып көрген емес. Халелдің ойынша ол бүкіл ел
сыйлайтын қадірменді адамдардың біріндей көрінуші еді. Ал қазір алғаш рет сол әкенің
атына айтылып жатқан жиіркенішті сөздерді өз құлағымен естіді. Қарабет деген ел қойып
алған атын айтқанда шын қара бет адамды атағандай сезілді. Шалдардың сөзін қанша
ұнатпағанмен азамат боп ер жетіп қалған Халелдің алдында жасырын, тұйық жатқан бір
сырдың беті ашылғандай болды.
Халел бұдан өрі базарда көп тұра алмады. Түс ауа сөредегі етінің бетін жапты да,
қымызшы шалға тапсырып, шашлықханаға келді.
Бұл өңірдің халқы бұрын-соңды шашлықтың атын естігенмен, өзін көрген емес.
Биылғы көктемде ғана осы базардың бір түкпіріне шашлықхана орнады.
Бұл бұрын көркем әдебиет кітаптары мен мектеп балаларының оқу құралдарын
сататын саманнан салған жайдақ төбелі бәкене үй болатын. Қазір жаңадан үлкен кітап
дүкені ашылды да, бұл үйдің маңдайшасына екі тілде «Шашлықхана», «Шашлычная»
деген бадырайған жарнама ілінді. Қазір мұның іші адамға лық толған. Өткен-кеткен
адамдардың бәрі шашлықты таңсық көріп, бұл араны соқпай кетпейді. Оның үстіне дәу
ағаш бөшкелермен сонау Армения колхоздарынан келген арзан шараптар бокалдармен
сатылады. Ақ халатты екі армян жігіті жалынға қызара бөртіп, қас қарайғанша тынымсыз
сауда жасайды.
Халел көпшіліктің арасымен сығылысып алға таман өтпекші болып еді, бірақ
тұрғандар жуыр маңда жібере қоймады.
– Ей, жігітім, қайда барасың кимелеп?!
– Мұрындықсыз өгіз құсамай кезекке тұр, – деп кейбірі дөкірлеу үнмен иығынан
жұлқып тастаған соң, шашлықхананың сыртқы есігіне барды.
Бағана дүкенші армян бір қағаберісте ет сатушыларға келіп, айналдырып кеткен.
– Мына күн ыстықта еттерің бүлініп кетеді, одан да маған сатыңдар, тік көтере алам, –
деп төрт қойдың етін әкелген Халелге өз бағасын айтып біраз дөңгелеткен. Ол жолы
көнбеген Халел, енді өзі іздеп келіп тұр.
Ашық есіктен сығалаған Халелді көрсе де көрмегендей болып біраз уақыт саудасынан
бас көтермеген қырықтардың ішіндегі армянин әлден уақытта барып бүкіл алтын тісін
ақсита бұрылды:
– Кел, кел, балақай. Отыр мына бөшкенің үстіне. Шөлдеген шығарсың, мә, тартып
жібер, – деп Халелге бір бокал шарап берді. – Ал, ал, ақысын сұрамаймын. Етіңді де
алмаймын, қорықпай-ақ қой, ал, мә!
Жеме-жемге коймай қолына ұстата салған тобылғы түсті шарапты қалай алғанын да
аңдамай қалды. Енді бокалды қайда қоярын білмей жан-жағына жалтақтай қарағанша
болған жоқ, иісі бұрқыраған шашлықтың да бір талын ұстата салды.
– Ішіп жібер, жұртқа бокал керек, тез босат, – деп үсті-үстіне жеппелетіп, Халелдің
аузын аштырмады. Сатушының сөзін құптағандай, кезекте тұрғандар да:
– Жолдастар, ыдыстарыңды тез босатыңдар.
– Ырғалып-жырғалып тұратын бұл ресторан емес.
– Әңгімені кейін сөйлесесіңдер. Қане, тездетіңдер, ай, анау жақтағылар... – десіп,
шулап кетті.
Халел өмірінде бір-ақ рет, мектепті бітірген жылы тойда отырып бір стакандай шарап
ішкені бар. Онда мас болмақ түгіл титімдей де сезген жоқ-ты. Содан былай «егер мен
ішсем, тегі көп көтеретін болармын» деп жүретін. Бірақ ішімдікке әсте тәбеті шаппайтын.
Ал, осы жолы бұлай отырып қалуды лайықсыз көріп, қолындағы шарапты сыздықтата
жұтып, бүйірлі бокалды бір-ақ төңкерді.
Осында келіп жүретін адамдардың талайының аузынан: «Ой, шарабының шарап сияғы
жоқ, құр су», – дегендерін талай естіген. Халел ішіп салып ернін жалады. Қант салған шәй
секілді тәтті дәм мен сәл кермек дәмінен басқа ештеме сезбей, «расында да осал екен, әлде
бар шараптың ашуы осындай бола ма?» деп ойға қалды...
Ол осыны ішкен сайын ойлады. Қолы саудадан босамаған армян жігіті, Халелмен
сөйлесуге мұрсаты келмей, анда-санда шарап берумен болды. Жүзі ақ жарқын сатушының
қонақжай бауырмал ниетіне риза болып, салқын күбінің үстінде бойы балқып,
маужыраған Халел ұзақ күннің қалай батқанын білмей қалды. Бүгінгі саудасын аяқтаған
сатушы, үйдің ішкі тиегін іліп алып бір қоржын ақшасын санауға кіріскенде де Халелді
қуған жоқ. Қызғылттау алтын тістерін бағанағыдай ақсита күліп, оған өзінің бір жақын
адамындай қарады. Тек Халелге ғана бұл жолы оның тістері ерекше жарқырап, құбылып,
бір бетінде бірнеше ауыз өзіне қарап ақсиғандай көрінді. Халел бұған ішек-сілесі қатып
күлді. Ол енді мына кісінің аузы өмірі жабылмайтын шығар деп те ойлады. Расында да ол
қабақ шытып ренжуді білмейтін адам екен. Халел сөзін әрең құрап, өзінің неге келгенін
айтқанда да, аузын жиған жоқ. Азу тістеріне дейін жарқылдай күлді.
– Дорогой, сен кешігіп қалдың. Бағана айтқанда неге бермедің. Енді ала алмаймын,
ренжіме. Бір адамның затына келісіп қойдым. Дорогой, ғапу ет! – деп, тағы бір бокал
ұсынды. – Мына күн ыстықта көп алуға болмайды. Сақтайтын жерім де жоқ. Оған
ренжіме... Ішіп жібер, Кавказ шарабы...
Халел ақырлап келгенде жыларманға келді. «Мына базарда тұрар жайым жоқ, қанша
берсеңіз де алыңыз», – деп жалынды.
Ақыры, сол түні шашлықхананың иесі Халелдің бүгінгі қалған еті мен үйіндегі екі
қойын түгел алды.
– Дорогой, өзің бір жақсы жігіт екенсің. Сені ұнатқандықтан ғана қол ұшын беріп
тұрмын. Ал, кейінде де көрісеміз ғой. Бұдан былай дос болайық. Тек бар сұрарым,
малынды маған сатқаныңды тісіңнен шығарма. Үйіңе де білдірме. Үйткені қолдан алуға
хақым жоқ, потребсоюз білсе... – деп, бағанағы күлкісінен жазбай қала берді.
Бар қойын жарты бағасына тастап, Халел көшеде ыңырсып өлең айтып, өмірінде
тұңғыш рет қисалаңдай басып аудандық клубқа беттеді.
***
Халел өстіп жүргенде төркініне кеткен Ақбөпе жалғыз үйге қайта оралып, Қарасайдың
көңілі сабасына түскендей болып еді. Бірақ сол күннің кешіне жетпей, қайта арнасынан
асып, дауыл соққандай бұлқан-талқан болды.
Жауын астында Қарасайдың кезбеген жері жоқ. Маңайдағы көлдер мен қопаларды
тегіс сүзіп шықты.
Таңертеңгі ашықта үй маңында жайылып жүрген бір топ қойы ұшты-күйді жоғалды.
Жер жұтқандай жым-жылас. Қой соңында жүретін Дика да жоқ. Қойларды алысқа ұзатпай
күн ұзақ қайыра жайып кешке таман үйге әкелуші еді, бүгін өзі түгіл ізі көрінбейді.
Қарасай үй маңында біраз айғайлап жүрді де, Дикадан еш дыбыс білінбеген соң, шыдамы
таусылып атқа қонды.
Малжан ағашынан ұзаған сайын жүрегі әлденеден секем алып, өз-өзінен үрейленіп
атын тебіне түсті. Бірақ қанша шоқырақтап, асыққанмен ымырт үйіріліп көз байлана
берді.
Дика шаруамен айналысып жүріп, анда-санда зыр қағып үй маңынан ұзап кеткен
қойларды ағаштың бауырына иіріп тастайтын. Бүгін өз-өзінен желігіп, ақ тастан салынып
жатқан қаз-қатар үйлерге беттеді. «Райхан тапқан ақ тасты қазір Айсарының іргесіндегі
Тұғыржаптан бар совхоз тартып жатыр. Бұрын қалай білмегенбіз. Бірақ алыс қой, оны
тасуға көліктің күші қайдан жетсін. Өзі саманнан да жеңіл екен. Шіркін құрылысқа дәйт»,
– деп жұрт шулап, аузының суы құрып жүретін ақ тасты көруге Дика да құмар еді.
Әлі сырты сыланбаған, төбесі ашық он шақты тас үйдің орта тұсындағы жартылап
қаланған ұзын барактың іргесінде үйілген ақ тас. Үй қабырғасын көтеріп жүрген
жұмыскерлерге Дика қараған жоқ. Келе үлкендігі диірмендей тастарды қозғап көріп еді,
жеп-жеңіл. Дика үюлі тастарды шетінен көтерді. Бәрі жеңіл. Тіпті ең үлкендерін де онша
қиналмай қақпақылдай атуға болады. Жоқ. Ана бір жатқан үлкендігі құнан қойдай тасты
көтеру оңай емес шығар. Дика енді соны көтергісі келді. Жақпар тастың астына қолын
сұғып жіберіп күшене тартып еді, ауыр екен. Бар күшін салып тізесіне дейін апарды да,
салмақтап тұрып тастай берді.
– Әй, джигит, тал түсте тас ұрлайын деп жүрмісің?! – Дика дауыс шыққан жаққа жалт
қарап еді, қолында қалағы бар, мұрны қолағаштай, қасы қап-қалың, құс тұмсық жігіт екен.
Кедір-бұдыр тастардың қиюын келтіріп түп-түзу қалаған қабырғаға атша мініп
алыпты. Дика сөздің сыңайы қалжың екенін түсінсе де не дерін білмей сасып қалды. Шала
орысшасымен:
– Жоқ, жай әшейін, – деп жымың етіп, ернін бір жалады.
– Әлде күшің тасып тұр ма? Онда ана бір тасты әперіп жіберші. Толик, сен демала тұр.
Мына дала джигитінің күшін сынайық, – деп әлгі дөң мұрын ішкі жақта тас әперіп жүрген
жолдасына көзін қысып, жіп-жіңішке ғып бастырған әдемі қияқ мұртын үлкен қолғабымен
сипап қойды. – Ал, кәне.
Дика қуақы жігіттің қалжыңын шын көріп, оның нұсқаған тасын әперді. Кесек мұрын –
армян жігіті:
– Әй, джигит, асықпа, шаршап қаласың. Бір-екі әперіп кете қоям деп тұрған шығарсың.
Енді кету жоқ. Кешке дейін сені жібермейміз. Күшіңді үнемде, сарқып алма, – деп күліп
қояды.
Дикада үн жоқ. Ақ тасты биікке әперіп, жүгіріп жүр.
– Атың кім сенің?
– Дика.
– Дика? Дик десейші одан да. Атың қандай әдемі еді. Ал, Дик, мына шелекті алып, ана
жерден лай әперіп жібер... Әне-әне, алдында, науаның ішінде... Тым толтырма, көтере
алмайсың.
Дик құм араластырған қоймалжың цементті шелектің аузы-мұрнынан шығара
шүпілдетіп, Радиктің қолына ұстата берді. Цемент емес, бір шелек мақта көтергендей
биікке лып еткізеді.
– Дик, сен өзің шынында да мықты екенсің. Бірақ ана шалбарыңды көтере бермей,
жақсылап байлап ал. Семіз қыздардай мықының жоқ қой өзіңнің.
Дика қас қарайғанша жұмыс істеді. Кешке қарай қатты нөсер басталғанда,
құрылысшылар төбесі жабылған үйлерге жүгірген. Әйтеуір жұмыс тоқталған жоқ. Енді
жабық үйдің ішін майлап жүр.
Бір бригададағы тоғыз жігіттің тоғызы да Диканың қарулылығына қайран қалды.
Алғашқыда:
– Әй, бұл бірінші күн істеген соң күшті болып тұр ғой. Екінші күні көрер ем...
– Таза ауада әбден шиыршық атып жүрген екен. Күшін де үнемдеуді білмейді.
– Өзі шылым да тартпайды, алқынбайтыны содан ғой, – десіп, маңдайы да жіпсімеген
Диканың келесі күні бұлай қимылдайтынына күмәнданған. Бірақ жауырыны жап-жалпақ,
кесек денелі жігіттің алып күштің иесі екеніне соңынан көздері жетті.
Бәрі үзіліс жасап, демалып отырғанда бригадир Котенок Диканың қасына отырды да,
сөз бастады.
– Дик, сен ана жалғыз үйде тұрамысың?
– Иә.
– Кәсібің не? Не жұмыс істейсің?
– Не жұмыс істесін. Постоялый двор емес пе. Жолаушылардың көлігін күтіп ақша
алатын шығар. Жалғыз үйде басқа не шаруа болушы еді, – деп армян жігіті Дикаға
бұрылды. – Әйелің бар ма?
Дика тұнжырап төмен қарады.
– Әне, айттым ғой. Бұл не істеуші еді. Қыз аулайтын бұл маңда қыз да жоқ.
– Қалжыңды қоя тұршы. – Котенок шын сөзге ауысты. – Жолдастар, осы жігітті біз
бригадамызға қоссақ қайтеді?
– Пожалуйста. Үнемі бүгінгідей жұмыс істесе, осы совхоздағы ең алдыңғы қатарлы
боларында дау жоқ.
– Ал, Дик, – деді Котенок. – Сен жұмысқа тұрғың келе ме? Бүгінгі істеген жұмысыңа
елу сом ақша жазам. Киімің де жүдеулеу екен. Егер бізбен бірге болсаң, айына кемінде екі
мың, үш мыңнан айналдыратыныңа сөз жоқ. Ойланшы.
– Ойланатын несі бар. Үйінің іргесінде тұрған жұмысқа ерінер деймісің, – деп тағы
бірі кие жөнелді.
Бірақ Дика үндеген жоқ. «Осылар шын айтып отыр ма» дегендей ернін бір жалап алып,
маңайындағыларға көзінің астымен сүзіле қарап өтті...
Дика шам жаға үйіне қуанып оралды. Жәміш апасына жеткенше асығып келеді. «Апа,
мен ертеңнен бастап жұмысқа тұрсам қайтеді. Аянбай жұмыс істесең көп ақша табуға
болады екен. Ай сайын өзіңнің қолыңа әкеп берер ем. Өміріңде бірінші рет еңбек ақы алу
деген қандай жақсы еді, апа. Бүгін жарты күннің ішінде елу сом ақша таптым. Жігіттердің
бәрі мені көкке көтере мақтады. Бар күшіңді салып еңбек еткенде мақтап, арқаңа қаққанда
көңілің көкке жеткендей болады екен, апа. Шіркін-ай, ғұмыр бойы осылай жұмыс істер ме
ем. Апа, мені ертең жібересіз бе? Үй шаруасын да арасында істеп тастар ем. Бәріне де
үлгерем. Әрине, сен қарсы емессің, апа, білем! Бірақ, Қарасай ағатайым ше?!»
Үсті-басынан жауын сорғалап суға малшынса да, қуанышы қойнына сыймай келе
жатқан Диканың көңілі қораның табалдырығын аттай бере су сепкендей басылды.
Қорада аспа шам тұр. Қарасай қой бауыздап жатыр. Жауында ығып кеткен қойларына
қасқыр шауып, жан-жаққа бөліп әкеткен. Атпен шапқылап жүріп зорға дегенде жинап
алып еді. Екі қара қойды таба алмай қойды. Қалғандарының өзі өлім халінде.
Құйрықтарын қасқыр тартып, дала-даласын шығарған. Дірдектеп қан ағып тұр.
Қарасайдың жауатын бұлттай түнеріп, тұлданып отырғанынан сескеніп, Дика отау
үйдің есігіне қарай жылыстай беріп еді.
– Әһ, келдің бе, әкеңнің... қу жетім, – деп Қарасай пышағын қан жылым терінің үстіне
тастай беріп, ашада ілулі бишігін ала ұмтылды. – Тойынайын деген екенсің. Мәһ саған,
мәһ саған!
Өзі іріп тұрған жұқа көйлек қамшы астында тілім-тілім айырылып кетті. Төрт қырлы
сегіз өрім бишік ұшындағы май сіңіп шираған өткір таспа мойнына шып етіп оралып, оң
жақ көзіне тигенде Дика өкірген бойы, бетін басып етпетінен құлап түсті. Қамшыға айызы
қанбағандай Қарасай Диканы тепкінің астына алды. Басын қорғаштап, бүк түсе құлаған
Дика «ағатай-ай, ағатай!» дегенде, құлындағы даусы құраққа шығады. «Мә, саған ағатай,
ана екі қоймен бірге сені де өлтіремін, иттің бал асы!» деп Қарасай одан сайын
өршеленеді. Неше жылғы қатқан тулақты тепкендей, бұзау тіс етік Диканың арқасына,
белдемесіне сарт-сарт етеді. Бағанадан бері сойылған қойдың қанынан дәметіп отырған
ұяластар да, өздеріне соққы тигендей белі қайысып қыңсылап, құйрықтарын бұттарына
тығып мал қораға жып етіп қойып кетті. Иесінің қаһарынан шошып, қайтып көрінбей
қойды.
Отау үйден жан ұшырып Ақбөпе шыққан. Жүгірген бойы бар екпінімен келіп, атасын
қағып жіберді. Қолынан бишігі ұшып түскен Қарасай сүрініп барып қайта еңсесін
көтергенде Дика да жан дәрменде қорадан ата шығып, бас сауғалап зытып отырды.
***
Дика «Малжан ағашының» қараңғы бір түкпіріне барып жуан қайыңға арқасын тіреп
бүрісіп отыра кетті. Жауын құйып тұр. Ағаш арасы шылқылдаған су. Тек қалың бұтақты
қайыңның бауыры ғана сәл паналау. Анда-санда жапырақтардан тамған тамшы мұпмұздай болып мойнына құйылса да Дика елер емес. Солқылдап жылап отыр. Қамшы тиген
көз көнектей боп ісіп шыға келді. Кілбиген жарымжан көз одан сайын жұмылып, ыстық
темір басқандай қыздырып-жандырып барады. Отыз-отыз бестерге келген дардай жігіттің
жылағаны тосыннан көрген адамға қандай ерсі. Бірақ қазір Дика ересек адамша емес, сәби
балаша көзінің жасын төге берді. Қаршадайынан көрген азабы, тартқан мехнаты есіне
түсіп, егіліп отыр.
Диканың шын аты – Тұрсын. Ата-анасы зарығып көрген ұл екен. Балалары тұрмай
бірінен соң бірі өле беріп, ақыры осы баланы көріпті. Енді осы жалғызым тұрса екен деп,
әкесі азан шақырып, атын Тұрсын қойыпты. Бірақ көп ұзамай жалғыз ұлының тілеуін
тілеп жүрген әкесі мен шешесі бір жылдың ішінде дүние салып, Тұрсын екі жасында
жетім қалған. Жетімнің күні қараң. Ауылдағы жекжат, туыстары үйіне алып, қанша
асырағанмен ата-анадай қайдан болсын. Бұрын жарғақ құлағы жастыққа тимей, желге,
күнге тигізбей мәпелеп, алақанға салып өсірген бала бір жылдан кейін-ақ қайтадан
құйрығын басып отырып қалады. Бес-алты жасқа дейін мешел болып, ақыры жансебіл
бала адам болып жүріп кетеді. Екі аяғының арасынан ел көшкендей қамыт аяқ болуы да
содан болса керек...
Тұрсын мектеп жүзін он-он бір жасында көрді. Соған орай оқуға деген құмарлығы да
онша болмады. Тұрмыстың жайсыздығынан ба, әлде жасынан аурулы болып кісі қолына
қарап жасқаншақ тартқаны ма, әйтеуір жасық. Тіпті ынжықтау болып, сабақты үлгере
алмады. Бір класта екі жыл, кейде үш жыл отырып әрең көшеді. Ол кезде ауыл ішінде оқу
ағарту жұмысындағы ондай-ондай сорақылықтарға онша мән бере қоймайтын. Ақыры
төрт класты өлдім-талдым деп жүріп бітіріп, Тұрсын мектептен мүлдем қол үзді. Оған
себеп болған, біріншіден, жиырмаларға таяп қалған жігіттің кішкентай балалардың
арасында дөңкиіп отыруы өрескел көрінсе, екіншіден, оның мұндай «еркелігін» көтере
беретін туысқандары да болмады. Оның үстіне сәл миында да зақым бар еді. Сонымен
ауыл ішінде әр жұмыстың басын шалып, жүре берді. Өстіп жүргенде соғыс басталды. Ел
азаматтары кетіп жатты. Жасында екі көзі бірдей қарығып шала көретін Тұрсынды
военкомат та керек етпеді. Ел іші тарыға келе, елу-алпыс үйлі шағын ауылға да масыл
бола бастады. Ақыры ол бір жолаушыға еріп, халқы көбірек аудан орталығына келген.
Қызыл жалауда соғыстан бұрын кішігірім от диірмен болатын. Соғыстың алғашқы жылыақ бұзылып, көп ұзамай қаңырап бос қалды. Бірер жылдан соң ғана Саратовтан бір неміс
келіп, село сыртына қараторғайдың ұясындай кішкентай жел диірмен орнатты. Оның да
тастары шақырлап, шайнасып, жиі науқастанып, желсіз күндері мүлдем былқ етпей төрт
қалағы селтиіп тұрып алады. Содан үй басы тастан, ағаштан жасаған қол диірменге
ауысқан.
Аудан орталығына келген күннен бастап Тұрсынның кәсібі диірмен тарту болды. Үйүйді ақтап жүріп, екі-үш күн бір жерде изең-изең тас айналдырып, ас-суына ортақ болады.
Аз күнде Тұрсынның аты диірменші бала атанды.
Жасынан жетімдігіне қоса мешел болып, әркімнің қасы мен қабағына жаутаңдап өскен
Тұрсынның мінезі де жуас. Басынан қанша сөз асырып ұрсып, зекіп жатса да, аузының
жігін ашпай тұқыраңдап төмен қарай беретін жасқаншақ. Жаратылысынан мүләйім. Осы
мінезімен ол жүрген жерінде жағып, көрген адам оны аяп, мүсіркейді. Оның үстіне тәптәуір сызылған даусы бар. Ертеден қара кешке диірменнің ырғағына қосып баяулатып
өлең айтып отырғаны. Бұрын сабаққа зеректігі болмағанмен, өлең, әнге ұғымтал-ақ. Ел
арасында айтылатын ескі әндер мен әскерге кеткен адамдарға шығарған өлеңдерді қағып
алып, келесі күні-ақ айтып отырады. Сөзінің көбін тура айта алмағанмен, кей жерін өз
жанынан қосып, әйтеуір сүйегін бұзбайды. Бірінің баласы, бірінің ері кеткен елдегі көңілі
жарым қатын-қалаш қазандық аузында жүріп Тұрсынның мұңлы өлеңдеріне көз жасын
сығып-сығып алады.
Жаңа өспірім бозбалалар жинала қалған жерде Тұрсынды айналдырып, ортаға алып,
қалжыңдап, мәз-мейрам болып жатқаны. Ондай жерде диірменші баланың орысша,
қытайша айтқан өлеңдері-ақ ішек-сілеңді қатырады. Он екіде бір нұсқасы келмейтін
өлеңдер кімді күлдірмесін. Табиғатында бет-аузы жып-жылмағай бала тәрізді көсе жігіт
бір жағы ел арасындағы шут секілді. Соғыс ауыртпалығынан еңсесі түсіп жүрген жас та,
кәрі де онымен құрдасындай ойнап, көңілдерін көтереді. Бірде бір топ жыртақай
бозбалалар өзін кеу-кеулеп ортаға алып, қатты қалжыңдағаны бар.
– Әй, Тұрсын, осы сен неге үйленбейсің?
– Саған ана Сәруар да, Меңсұлу да ғашық. Солардың бірін неге қағып түспейсің.
– Ой, бұл әлі сәби емес пе, әйелді мұрты шыққасын алады да.
– Ха-ха-ха!
– Өй, мұның мұрты шыққанша, әйелдердің отыз екі тісі түгел түсіп болмай ма?
– Хһа-ха-ха!
– Әй, шынында Тұрсынға неге мұрт шықпайды, осы қызтекеден сау ма, жығып салып
көретін екен. Ха-ха!
– Қойшы, мұрт шықса, диірменнің қасында қырынып отыру қандай жараспас еді.
– Еһ, оның несі бар, алпамсадай жігітке неге жараспасын.
Ойын-күлкіге масығып, қызып алған бозбалалар енді оның мүсініне жабысты.
– Шынында осы Тұрсын сеп-семіз-ай, тіпті өзінде мықын жоқ, шалбарының белдігі
әсте ұстамайды. Үнемі құйрығының жықпылы жылтыңдап жүргені...
– Ха-ха-ха!
– Осы тегінде уайымдау дегенді де білмейді ғой деймін. Уайымсыз адам өмірі қоңын
бере ме?
– Еһ, уайымдайтын мұның несі күйе кетіп жүр. Құлағы, лепілі түзу, шыңдалған
диірмен болса болды, басқа нені ойласын. Жүрген бір дикий жан емес пе?
– Иә, бұл бір дикий адам ғой.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Жапандағы жалғыз үй - 09
  • Büleklär
  • Жапандағы жалғыз үй - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4141
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2393
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2406
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4172
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2369
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2403
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2405
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4145
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2290
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4224
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2406
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2394
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2311
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4079
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2285
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4195
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4158
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2309
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4066
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2340
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4091
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2435
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4050
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4099
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2422
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4112
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2273
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4098
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4150
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2324
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4040
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2352
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Жапандағы жалғыз үй - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 1815
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1148
    40.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.