Latin Common Turkic

Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны - 06

Süzlärneñ gomumi sanı 3693
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2144
28.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
39.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
46.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
«олармен одақ құрма жəне оларды аяма!». Аралас некеге де, қарапайым
əңгімелесуге де тыйым салынды. Бірақ, ең алдымен, израилдықтар
ханаандық дінді жермен-жексен етіп жоюы керек. «Олардың құрбандық
орындарын бұзыңдар, бағандарын қиратыңдар, ағаштарын кесіңдер де,
пұттарын өрrеңдер, - деп үгіттеді Мұса. – Өйткені сен Жаратушы
Құдайыңның (Яхве, біздің элохимнің) қасиетті халқысың, сені Жаратушы
Құдайың жер бетіндегі басқа халықтардың ішінен өзінікі болсын деп
таңдады».
Шеманы бүгін қайталай отырып, иудаистер оны монотеистік тұрғыдан
талқылайды: Жаратушымыз, біздің Құдайымыз – жалғыз. Алайда
«Қайталанған заң» авторы мұндай биікті бағындырмаған. «Яхве зхад» онда
«Құдай – жалғыз» дегенді білдірмеген еді, Яхве тек сиынуды керек еткен
Құдай болды. Басқа құдайлар бұрынғыдай қауіпті болып қала берді:
олардың культтері тартымды болып, израилдықтарды Яхведен бас
тартқызулары мүмкін еді. Ал Ол қызғаншақ Құдай болатын. Егер Израил
Оның заңдарына бағынатын болса, онда ол оларды жарылқап, əл-ауқатты
етеді, олай болмаған жағдайда еврейлерді қорқынышты жаза күтіп тұр:
«... Иеленуге бара жатқан жерлеріңнен қуыласыңдар. Құдайың сені жердің
мына шетінен ана шетіне, барлық халықтың арасына таратып жібереді, сол
жерде саған да, аталарыңа да, ағаш пен тасқа, беймəлім құдайларға қызмет
етесіңдер... Өмірің дəл алдыңда ілініп тұрады, күні-түні дірілдеп, өміріңе
сенімсіз боласың. Денеңді жайлаған жүрегіңнің дірілінен, көргендеріңнің
себебінен, таңертең сен: «О, кеш келсе екен!», ал кешке: «О, таң атса екен!»
– дейсің»."
Жетінші ғасырдың соңында, Иосия патша мен оның қарамағындағылар осы
сөздерді естіген сəтте, израилдықтар келесі саяси қауіптің қарсаңында
тұрған еді. Осының алдында ассириялықтардың бетін қайтарып, ақырында
Мұсаның болжаған жазасына ұшыраған, он солтүстік тайпаның
тағдырынан өздерін аман сақтады. Бірақ б.д.д. 606 ж. Бабыл патшасы
Навупаласар ассириялықтарды талқандап, өз империясының негізін қалауға
кіріседі.
Ертеңгі күнге сенімсіздік жайлаған кезеңде «Қайталанған заң» идеологиясы
адамдарға үлкен ықпалын тигізді. Өсиеттен айныған Израилдың бұрынғы
екі билеушісі елді қасақана алатқа ұшыратып, Иосия патша өзгерістер
жасауға тез əрі құлшыныспен кірісті. Сол сəтінде ғибадатханадағы
бейнелер, пұттар мен құнарлылық символдары түгел сыртқа шығарылып,
отқа жағылды. Оған қоса, Иосия киелі орыннан Асираттың үлкен мүсінін
шығарып тастады жəне ғибадатханалық жезөкшелердің əйел құдайға арнап
киім тігетін бөлмелерін қиратты. Бүкіл елде пұтқа табынушылық
орталықтарына айналған көне ғибадатханаларды жою қолға алынды.
Тазартылған Құдыс ғибадатханасында тек Яхвеге арнап құрбандық шалуға
рұқсат етілді. Иосия реформаларынан үш ғасыр өткеннен кейін қолына
қалам алған жылнамашы осы бір сұрапыл діндарлықтың екпінін былай
суреттейді:
«Оның (Иосия) көз алдында Ваалдың құрбандық шалу орындары мен
олардан биік тұрған мүсіндерді қираты; арнау ағаштарын да кесті; оюлап
жəне құйып жасаған пұттарды да бұзды; оларды күл-талқан етіп қиратты да,
құрбандық шалғандардың табыптарына төкті. Абыздардың сүйектерін
құрбандық орындарында өртеп, Иудея мен Құдысты тазалады. Манассия,
Ефрем, Симеон қалаларында да, тіпті Неффалим тайпаларында да, олардың
қаңыраған маңайында да жалғастырды. Ол құрбандық орындары мен
арнайы ағаштарды, пұттарын күлталқан етті де, Израил жеріндегі барлық
мүсіндерді қиратып тастады...».
Құдайлардан əрі биіктеп кеткен Будда оларға жайбарақат қарым-қатынасын
жасайтын, енді осыған мүлде қарама-қайшы жағдай белең алды. Аяусыз
қиратудың астарында жеккөрініш жатты, ал ол өз кезегінде күйзелістен
туған абыржу мен үрейден тамыр тартты.
Реформаторлар Израилдың бүкіл тарихын қайта жазып шықты. Иисус
Навин, Қазылар мен Патшалықтар туралы тарихи кітаптар жаңа
идеологияға сəйкес өзгертілді. Кейін Бес кітап түзетушілері əлемге Шығу
туралы баяндаған / мен E хикаяларына «Қайталанған заң» мəніне жақын
фрагменттер қосып, толықтырулар енгізді: ендігі жерде Яхвенiң өзi
израилдықтарды Ханаанға қарсы соғыс ашуға жəне оның тұрғындарын
жоюға үндеді. Көбінесе жергілікті ханаандықтар өз елдерінде тіршілік
етпеуі керек деп айтылды. Иисус Навин бұл құдайлық бұйрықты
қасиеттіліктен жұрдай құлшыныспен орындады:
«Осы кезде Иисус Навин келіп, Хевронда, Давирде, Анавада, Иудеяның
жəне Израилдың барлық тауында Енакимдерге соққы берді. Израйл
ұлдарының жерінде бірде-бір Енаким қалмады; Газа, Гафа жəне Азотта ғана
қалды». За
Ақиқатында, бізге Ханаанды Иисус Навин мен Қазылардың жаулауы
туралы ештеңе де белгілі емес. Бір нəрсе ғана белгілі: қан судай тасып ақты.
Ендігі кезекте бұл сұмдық қырғынның діни негіздемесі пайда болды.
Əлдебір Исайяның асқақ əуезімен ауыздықталмаған құдайлық таңдау
идеясының қауіптілігі Бір Құдайға табынушылық тарихында жиі-жиі
болған діни соғыстардан айқын көрінді. Құр пендешілік тұрғысынан
Құдайды күрес символына айналдыруға болады, ол адамдарды өз
кемшіліктері туралы ойлануға итермелейді. Бірақ қарақан басының
жеккөрініш сезімін ақтап алу үшін Құдай идеясын пайдаланып, сол арқылы
жауыздықты шегіне жеткізу оңай нəрсе емес. Бұл тұрғыдан қарағанда,
Құдай тура өзіміз сияқты əрекет ететін болып шығады. Мұндай Құдай өзінөзі аяусыз сынауды талап ететін Амос пен Исайя құдайынан əлдеқайда
жағымды жəне мəшһүр болады.
Көбінесе еврейлерге олардың Құдайдың таңдаулы халқы болғанына
сенетіні үшін айып тағады. Бірақ оларды айыптайтындар тəураттық
замандарда пұтқа табынушыларға наразылық танытқан ымырасыздықтан
аумайтын қағидаларды басшылыққа алады. Барлық үш монотеистік дін өз
тарихтарының түрлі кезеңдерінде өздерінің үстемдігінің осыған ұқсас
теологиясын жасаған. Олардың нəтижелері «Иисус Навин кітабындағы»
қорқынышты жағдайлардан да сорақы болды. Əсіресе Батыс христиандары
өздерінің ерекше болмысын мақтаныш етті. XI-XII ғғ. крестшілер өздерін
бұрынғы еврейлердің орнын басқан «таңдаулы халықпыз» деп, яхудилер
мен мұсылмандарға қарсы «қасиетті» соғыстарын ақтауға тырысты.
Таңдаулы туралы кальвинистік теология өз уақытында америкалықтарға өз
ұлттарының Құдай алдындағы ерекшелігіне деген сенімдерін күшейткен
маңызды фактор болды. Яхуди патшасы Иосия уақытындағыдай, мұндай
сенім көбінесе саяси тұрақсыздық кезінде, адамдардың бойын өз өмірі үшін
қорқыныш билеген тұста туындап отырған. Индивидуализм идеясының
қазіргі таңда яхудилер, христиандар мен мұсылмандар арасында
фундаментализмнің көптеген түрлерінің туындауына себепші болып, жаңа
серпіліс беретіні содан шығар. Əсіресе құрсауда қалып, тығырыққа тірелген
эгоизмді күшейту қажет етілгенде, Яхве сынды тұлғалы Құдайды оңай
басқаруға болады, алайда Брахман сынды кейілсіз Құдай туралы бұлай дей
алмайсыз.
Б.д.д. 587 жылға дейін, Навуходоносор Құдысты талқандап, еврейлерді
Бабылға көшірген тұста «Қайталанған заңды» израилдықтардың барлығы
мойындамағандарын айта кету керек. Навуходоносор таққа отырған 604
жылдың өзінде Иеремия пайғамбар Исайяның пұтқа табынушылықпен
күрес идеясын жаңғыртып, «таңдаулы халық» салтанатты доктринасын
аяғына тік тұрғызды: ендігі жерде Құдай израилдықтарды жазалау амалы
ретінде, Бабылды таңдаған болып шығады.” Израилдықтарды «діндерінен
ажырату» уақыты туындады, енді оларды жетпіс жылдық қуғын-сүргін
күтіп тұрды. Бұл сəуегейлікті естіген Иоаким көшірмешінің қолындағы
орама қағазды тартып алып, жыртып, отқа тастайды, ал Иеремия болса,
өміріне қауіп төніп, бас сауғалап қашады.
Жаңа, мейлінше талапшыл Құдайдың бейнесін жасау үшін қаншама күш
пен қасірет керек болғанын Иеремия тағдырынан көруге болады.
Пайғамбарлық жүгі Иеремия үшін ауыр болды, əсіресе жүрегімен жақсы
көретін өз халқын қорлау міндеті қиынға соқты. Иеремияның мінезі мүлде
ереуілшіл болмады, керісінше, ол көңілшек адам еді. Яхве оны өзіне
шақырғанда, болашақ пайғамбар көзіне жас алып, былай дейді:
«О,Құдайым! Мен сөйлей алмаймын, өйткені əлі жаспын». Бірақ Құдай
«Өзінің қолын созып», Иеремияның аузына тигізіп, оған өз сөздерін теліді.
Құдай əмірі күрделі жəне қайшылықты болып шықты: «жою жəне күйрету,
жою жəне құлату, салу жəне отырғызу»,1 бұл Иеремияның түйіспейтін
біржақтылықтар арасындағы азапты сенделістеріне алып келді.
Пайғамбардың Құдаймен кездесуі де оған ауыр тиді: «кеудемдегі жүрегім
парша-парша болып, барлық сүйектерім сырқырады, мен – мас сияқты
болдым».12 «Қорқынышты əрі баурап алатын құпиямен» бетпе-бет келу –
бір сəтте-ақ сезімге бөлеп, еліктіріп əкетті:
«Уа, Құдайым, Сен мені еліктіріп, дегеніңе көндірдің,
Сен менен күштісің, басымсың...
Сөйтіп, мынадай ойға келдім:
Оны еске алмаймын жəне
Оның атынан ештеңе айтпаймын.
Алайда жүрегімде жанып тұрған от сүйектеріме бойлады,
Оны ұстап тұрамын деп, шаршадым, Ұстап тұра алмадым».
Құдай Иеремияны екіге бөлді: бір жағынан, пайғамбар Яхвеге деген шексіз
құштарлықты сезініп, елігудің тəтті азабын шексе, екінші жағынан, кейбір
кезде өз еркінен тыс күштің иіріміне батып бара жатқанын аңдады.
Амос заманынан бері пайғамбарлардың маңдайына жалғыздық жазылған
болатын. Өркениетті əлемнің басқа аймақтарынан ерекшелігі, Таяу Шығыс
жалпыға ортақ жəне біртұтас идеологияны əлі жасап шығарған жоқ еді.
Пайғамбарлардың Құдайы израилдықтарды Таяу Шығыс халықтарына тəн
мифтік санадан арылып, мүлде жаңа жолға түсуге мəжбүрледі. Иеремияның
көз жасы – мұның қаншалықты жан азабын шектіргенінің көрінісі. Израил
орасан пұтқа табынушылық əлемнің ортасында қалған иеговизмнің əлжуаз
тірегі болды. Оның үстіне, Яхвеге израилдықтардың біраз бөлігі қарсылық
көрсетті. Яхвемен сұхбаттасу тіпті Жаратушының біршама жұмсартылған
бейнесін жасаған - «Қайталанған заңның» авторы үшін де ауыр сынаққа
айналды. Мұса атынан DЯхвемен кездесуден қорыққан Израилдықтарға
Құдайдың əр ұрпаққа өз пайғамбарын жіберіп, құдай көрінісінің
ауыртпалығын жеңілдетіп отыратынын түсіндіреді.
Яхве культінде бұрынғыша əрбір адамның жанындағы құдайлық болмысты
меңзейтін Атман идеясына ұқсас ешнəрсе болған жоқ. Яхве арғы əлемдік,
қол жетпес жоғары ақиқат болып қала берді. Жат көрінбесі үшін Оған адами
сипаттар телінді. Тап сол кезде саяси жағдай ушықты. Бабылдықтар Иудеяға
баса көктеп кірді де, патша мен израилдықтардың алғашқы легін айдап
əкетті. Көп кешікпей Құдысты қоршауға алды. Жағдай шиеленіскен тұста,
Иеремия Яхвеге адами сезім сыйлау дəстүрін қатаң ұстанды:Құдай өзінің
үйсіз-күйсіздігін, қайғы-қасіреті мен шарасыздығын айтып зарлайды. Яхве
өз халқымен бірге налиды,қорланады жəне абыржиды. Еврейлер секілді, Ол
да не істейтінін білмейді, Өзін дəрменсіз жəне əлсіз сезінеді. Кеудесін
өртеген ашу-ызаны Иеремия өз сезімі емес, Құдайдың қаһары деп
есептейді. Жұртының қамын ойлаған пайғамбарлар бірден Жаратушыны
еске алатын, өйткені Құдайдың дүние істеріне араласуы оның өз халқымен
тығыз байланыс жасауы арқылы жүзеге асатын. Құдай жердегі əрекеті
барысында адам баласының өзіне сүйенеді. Бұл қағида Құдай туралы
яхудилік түсініктердің басты тұғырына айналды. Тіпті адамдар өз сезімдері
мен əсерлерінде із қалдырған Құдай əрекетін ажырата алады, яғни Яхвенiң
адамилыққа тікелей қатысы бар деген болжамдар айтылды.
Жауқақпаның алдында тұрғанда,ИеремияӨзтайпаластарына
құдайдыңатынан қаһарлана шүйлікті (əдетте Құдай алдында оларды
қорғайтынына қарамастан). Б.д.д. 587 жылы, бабылдықтар Құдысты басып
алған кезде, Яхве атынан тараған көріпкелдіктер мейірімділікке жəне
жұбатушылыққа толы болды. Өз халқы ащы күйзелістің дəмін татқан
соң,ендігі жерде Олизраилдықтарды құтқарып, айырылып қалған үй-күйін
қайтаруға уəде берді. Бабыл билігі Иеремияның отанында, яғни Иудеяда
қалуына рұқсат етеді. Ол өзінің нұрлы болашаққа деген сенімін нығайту
үшін сол жерден баспана сатып алады: осылай деп Израил Құдайы,
Жаратушы Саваоф айтады: «үйлер, егіндіктер мен жүзімдіктер бұл жерде
қайтадан саудаға түсетін болады».6 Көпшіліктің болған жағдай үшін күнəні
Яхвенiң өзіне артқаны таңғалдырмайды. Мысырды кезіп жүрген Иеремия
Дельтаға асыққан еврейлерді кездестіреді, олардың Құдай туралы сөйлесуге
уақыттары болмайды. Əйелдер «бұрынғыша аспан əйел құдайы Иштардың
құрметіне рəсім жасасақ, бəрі жақсы болар еді, бірақ тап осы Иеремия
сияқтылардың кесірінен бұлай істеуді доғардық, содан ел бақытсыздыққа,
қайғы-қасірет пен мұқтаждыққа тап болды» деді. Қалай болғанда да,
тауқымет пен тақсірет Иеремияны жаңа сəуегейлікке итермеледі. Құдыс
құлап, ғибадатхана бұзылған соң, ол діннің сыртқы белгілері шын мəнінде
ішкі, рухани хал-ахуалдың символы екенін ұғына бастады. Келешек Өсиет
Израилмен бірге жаңа түрге енеді: «Менің жаңа заңымды жан дүниелеріне
саламын да, оны жүректеріне жазамын».
Б.д.д. 722 ж. он солтүстік тайпаның, қаласын-қаламасын, жергілікті
халықпен сіңісіп кетуіне тура келді, бірақ қуғындалған израилдықтардың
жағдайы басқаша болды. Олардың екі қауымдастығы бар еді: бірі –
Бабылдың өзінде, екіншісі – Евфраттың сағасы Ховардың жағалауларында,
Ур мен Ниппурға жақын маңдағы, Тель-Авив («көктемгі төбе») деп аталған
жерде қоныстанды. 597 жылы қуғын көріп, алғаш көшіп барғандардың
ішінде Иезекиил деген дінбасы болды. Бес жылдай ол үйінде тас бүркеніп
жатып алады жəне тірі жанмен сөйлеспейді, ақырында, Яхвенiң көз
қарықтырған ғажайып көрінісін бастан кешіріп, ес-түссіз құлайды.
Пайғамбардың алғашқы көріпкелдігін егжей-тегжейлі суреттеген абзал,
өйткені ол жүз жыл өткен соң яхудилік мистицизм үшін маңызды болады
(ол туралы 7-тарауда баяндаймыз). Иезекиил найзағай жарқылынан жалтжұлт еткен бұлтты көреді. Солтүстіктен қатты жел соғып, сол желдің
арасынан төрт құдіретті аң жегілген үлкен арбаны көргендей (көріністің
шарттылығы туралы алдын ала ескертілгенін атап өту керек!) болады.
Аңдар Бабыл сарайының қақпасына оюланып салынған карибуды еске
түсіреді, бірақ Иезекиил оларды тануға келмейтіндей етіп суреттеуге
тырысады. Əрбір аңның адам, арыстан, бұзау мен бүркіт бейнесінен
құралған төрт басы бар. Дөңгелектердің əрқайсысы өз бағытымен айналу
үстінде. Бұл бейнелер қатары табиғаттан тыс құбылыс сезімін күшейту
үшін берілген. Пайғамбар оларды сөзбен жеткізуге тырысады. Аңдардың
қанат қағысынан – «тасқын судың сарылы, Ұлы Жаратушының (Шаддай)
дауысы, əскери қосындағы қатты айқай-сүрең» сияқты дыбыстар естіледі.
Арбада таққа «ұқсас» нəрсе, оның үстінде «адам сынды бірнəрсе» болды:
мұның тұла бойы мыстай жарқырап, аяқ-қолынан от ұшқыны шашырайды.
Сондай-ақ «отқа ұқсас бірдеңе болды, оның айналасында нұр жарқырап
(ковод - «Даңқ») тұрды». Иезекиил етпетінен жығылып, өзіне бағытталған
дауысты естиді.
Адамдарды құдайлық тылсымнан ажыратып тұрған үлкен
айырмашылықтың барын түсіну үшін шыққан дауыс оған «адам баласы»
деп тіл қатады. Дегенмен Яхвенiң көрінісінде əдеттегіше нақты мақсат
көзделген: Иезекиил ереуілшіл Израил ұрпағына Құдайдың Сөзін жеткізуге
тиіс. Құдайлық хабардың адамға тəн емес сипаты қатал символика арқылы
бейнеленген: созылған қол пайғамбардың көз алдына ішіне «жылау,
ыңырсу, қайғыру» деп жазылған шиыршық қағазды жайып тұр. Иезекиилге
рухын Құдай сөзімен толықтырып, оны мəңгілікке сіңіру жəне жанының бір
бөлшегіне айналдыру үшін қолжазбаны жеп қою бұйырылды. Əдеттегідей
бұл құпия тек қорқынышты ғана емес, əсерлі: шиыршық қағаздың дəмі
балдай тəтті. Ақырында, Иезекиил былай дейді: «Рух мені көтерді де, өз
тарапына алды. Содан мен күйзеліске түсіп, абыржыған халде болдым, мені
Жаратушының мықты қолы қаусырды». Тель-Авивке келген пайғамбар бір
апта «таңғалыс құшағында» жүрді.
Құдай əлемінің адамдар үшін қаншалықты бөгде жəне алыс болып кеткенін,
ендігі жерде Иезекиилдің басынан кешкен ауыртпалықтарынан байқаймыз.
Пайғамбар еріксізден сол бір бөгделіктің тұтқынына айналды: Яхве
көбінесе Иeзекиилді əдепкі адамдардан ерекшелейтін, түсініксіз əрекеттер
жасауға итермеледі. Бұл мінез-құлық Израилдағы шиеленісті жағдайды
аңдатты, түпкі мəніне үңілгенде израилдықтардың пұтқа табынушылар
əлемінде оқшау қалғанын білдірді. Мəселен, Иезекиилдің жұбайы дүниеден
өткенде, оны жоқтауға тыйым салынды. Құдай пайғамбарға біржамбастап,
оң жағына – үш жүз тоқсан күн, сол жағына қырық күн жатуға бұйырады,
содан кейін байғұсты барын буып-түйіп, Тель-Авивтің айналасында, үйсізкүйсіз қашқын секілді, кезіп жүруге мəжбүрлейді. Яхвенiң бұйрықтары
Иезекиилдің жүйкесін жұқартады: оның өне бойы дамылсыз дірілдеп, бір
орында байыздап отыра алмайды. Бір күні тіпті нəжіспен қоректенуіне тура
келеді. Бұл оның халқының бір кезде қоршауда қалған Құдыста бастан
кешірген ашаршылығының символы болды. Пайғамбар Яхве культіне тəн
оқыс құбылыстардың бейнесіне айналды: еш нəрсеге сенім жоқ, табиғи
мінез-құлыққа тыйым.
Пұтқа табынушылар, керісінше, құдайлар мен əдепкі əлем арасындағы
ашық қарым-қатынастарды мадақтады. Бірақ Иезекиил көне діннен
жұбанышты ештеңе таппайды жəне əдеттегіше оны «жексұрындық» деп
атайды. Ғажайып көріністердің бірінде, Құдыс ғибадатханасына тап болады
да, толығымен жойылу қаупі төніп тұрса да, Иудея халқының Яхвенің
қасиетті мекенінде пұтқа табынуды жалғастырып жатқандарын көріп,
шошып кетеді. Ғибадатхананың сырты да үрей жамылады: қабырғаларда
ордалы жыландар мен жиіркенішті мақұлықтар, «жексұрын» ғұрыптарды
өткізіп жатқан дінбасылар əдепсіз ұсқында бейнеленіп, тіпті олардың
бұрыш-бұрышта азғындықпен шұғылданатыны тұспалданған: «адам
баласы, Израил үйі үлкендерінің қараңғылықта, əрқайсысы өз бөлмесінде
не істейтінін көріп тұрсың ба?». Онда Фаммузаны (азап шегуші құдай –
Таммуз) жоқтаған əйелдер отыр, дəл жанында қасиетті мекенге арқасын
бере жайғасқан əлдебір еркектер күнге сиынып жатыр. Ең соңында
пайғамбар алғашқы Құдай көрінісінде таңғала қараған ғажайып күйменің
самғай алыстап, онымен бірге Құдай «даңқының» да өшіп бара жатқанын
байқайды. Дегенмен Яхве мүлде дерексіз Құдай емес. Құдыстың құлауы
алдындағы ақырғы күндері Иезекиил Израил халқының назарын өзіне
аударып, Өсиетті естеріне салу үшін қолынан келгеннің барлығын істеп
бағады, өйткені таяп қалған апатқа Израилдың тек өзі ғана кінəлі еді. Көп
жағдайда Яхве қаншама жат көрінгенмен, оның арқасында көптеген
Израилдық, соның ішінде Иезекиил де тарихи бəле-жаланың кездейсоқ
емесін жəне оның өз қисыны мен əділдігі барын түсіне бастайды.
Пайғамбар қазіргі адамзат «халықаралық саясат» деп атайтын құбылыстың
байырғы баламасының қатал қағидаларын түсінуге барын салады.
Бабыл өзендерінің бойына тоқтаған қашқындардың көбі Уəде Етілген
Жерден алыста бұрынғы діндеріне сиына алмайтындарын түсінді жəне бұл
болмай Қоймайтын да жағдай еді. Пұтқа табынушылардың əрдайым өз
мекені болады, сондықтан израилдықтарға бөтен елде Яхвеге мадақ айту
мүмкін еместей көрінді. Тек бабылдық нəрестелердің бастарын тасқа соғып,
миларын шашып тастау жөніндегі тəтті қиялмен шектелуіне тура келді.
Алайда жаңадан пайда болған бір пайғамбар тыныштықты насихаттады. Ол
туралы біз ештеңе білмейміз, бiрақ осының өзі қызық: бұл пайғамбардың
сəуегейліктері мен дұғаларында өзіне дейінгі пайғамбарларға тəн жекебас
мағлұматтары жоқ. Бұл көріпкелді «Екінші Исайя» деп атау қалыптасқан,
өйткені кейіннен оның мəтіндері шын Исайяның сəуегейліктеріне барып
қосылды. Қуғын-сүргін кезінде еврейлердің бір бөлігі көне бабыл
құдайларының культтеріне жүгінді, ал қалғандарына жаңа діни санасезім
таңылды. Яхве ғибадатханасы үйіндіге айналып жатты. Бабыл мен
Хевронның көне қасиетті орындары қиратылды. Бабылда израилдықтар
өздерінің діни өмірінде маңызды рөл атқарған рəсімдерге енді қатыса
алмады. Олардың жалғыз сүйенері Яхве болды. «Екінші Иҫайя» тағы да
алға бір қадам жасап: «Яхве - жалғыз Құдай» деп жариялайды. Ол Израил
тарихын тағы бір кезек қайтадан жазып шықты. Енді шығу туралы миф
Мардуктың алғашқы теңіз құдайы - Тиаматты жеңгені туралы аңызды еске
түсіретін символикамен толықтырылды:
«Құдай (Яхве) өзінің құдіретімен қатты жел тұрғызады да,
Мысыр теңізінің шығанағын құрғатады.
Өзенді (Евфрат) кешіп өтуге болатындай,
Жеті арнаға бөліп тастайды, Сонда Оның... қалған халқы үшін,
Израилдың Мысыр жерінен шыққан кезіндегідей,
Үлкен жол пайда болады».
Бірінші Исайя тарихты құдайлық ескертумен көмкерді. Өзінің апаттан кейін
жазылған «Жұбату кітабында» Екінші Исайя тарихтың ішінен болашаққа
қатысты жаңа үміт отын жақты. Бұрындары Яхве Израилды құтқарған-мыс,
яғни мұны енді Ол қайта істейді. Ол тарихты Өзі жасайды. Ол үшін
гойимнің құмыра түбіндегі бір тамшы су құрлы қадірі жоқ. Бұл – шынымен
де, санасуға тұратын жалғыз Құдай, «Екінші Исайя» көне бабыл
пұттарының арбаға артылып, келмеске кететін уақытын армандады.
Олардың күні бітті, «себебі Мен – Құдаймын, менен басқа ештеңе жоқ»
дегенді пайғамбар Яхвенiң атынан шаршамастан қайталап айтты.
«Менен бұрын Құдай болмаған,
Менен кейін де болмайды. Мен,
Мен – Құдаймын,
Менен басқа құтқарушы жоқ».
Апаттан кейін жеңімпаз деп атауға болатын пұтқа табынушылықты тыю
үшін Екінші Исайн уақытын зая кетірмейді. Ол əлемді жаратқан ұлы мифтік
ерліктерді Мардук немесе Ваал емес, Яхве жасағанына кəміл сенеді.
Израилдықтарды алғаш рет Яхвенiң жаратылыс тарихындағы маңызы
ойландыра бастайды, бұған, сірə, Бабылдың космологиялық мифтерімен
қайта жанасу əсер еткен болуы мүмкін. Əлбетте, ешкім де ғаламның пайда
болуының ғылыми теориясын жасауды мақсат тұтпағаны анық. Бұл тек
қатал заман аясында жанға жұбаныш табу амалы ғана болды. Егер Яхвенің
алғашқы қауымдық кезеңде бейберекетсіздік құбыжықтарын тізе бүктіру
қолынан келген болса, қуғынға ұшыраған израилдықтарды құтқару – Оған
түкке тұрмас еді. Шығу туралы əпсана мен алағай да бұлағай су ағынын
ауыздықтау туралы пұтқа табынушылардың аңызы арасында белгілі бір
ұқсастықтарды байқаған – «Екінші Исайя» халықты болашаққа үмітпен
қарауға жəне Құдайдың кезекті құдіретін күтуге үндейді. Осы мақсатпен,
мəселен, Ваалдың ханаан мифологиясындағы теңіз құбыжығы Лотанды
(Левиафанды) жеңу оқиғасына назар аударады. Лотанды сондай-ақ Раав
Қолтырауын (таннин) жəне Тұңғиық (mебом) деп атаған:
«Құдай құдіреті көтеріл,
күшіне ен!
Бұрынғы күндердегідей жəне
ежелгі елдердегідей, көтеріл!
Сен емес пе едің Раавты құлатып,
қолтырауынды (таннин) жеңген?
Кешірілгендер өтсін деп,
Ұлы тұңғиық суларын –
теңізді құрғатқан
Сен емес пе едің?».
Израилдықтардың діни қиялында Яхве бақталастардың барлығын түгел
жеңіп шығады. Бұрын еліктерген пұтқа табынушылық қуғын-сүргін кезінде
жағымды болудан қалды, осылайша иудаизм туды. Яхве культі енді мүлде
жоғалады деген сəтте, бұл Құдай қырсық шалған халықтың азабын
тоқтататын үміттің басты тірегі болды.
Сонымен, Яхве Жалғыз жəне Бір Құдайға айналды. Бұл жағдайды ешкім
философиялық тұрғыдан негіздеуге тырыспады. Жаңа теология ақылға
жүгінген дəлелдермен емес, іс жүзіндегі пəрменділігімен жеңіп шықты: ол
шарасыздықтан құтқарды жəне үміттендірді. Отанынан жəне тіршілік
талшығынан айрылған еврейлер Яхвенiң тосын əрекеттерін енді
жатырқамайтын да, қауіпті санамайтын да болды. Бұл Құдайдың мінезқұлқы олардың сол сəттегі көңіл күйімен үйлесе кетті.
Басқа жағынан алып қарағанда, «Екінші Исайяның» Құдайы жылы
шырайлы емес жəне адамдардан алыс болып қала берді. Ол бұрынғыша
адам санасынан тысқары ірге тепті:
«Менің ойларым - сендердің ойларың емес,
сендердің жолдарың емес – Менің жолдарым, - деп айтты Құдай.
Бірақ, аспан жерден жоғары болғанындай,
Менің жолдарым сендердің жолдарыңнан,
Менің ойларым сендердің ойларыңнан жоғары».
Құдай болмысы сөз бен ой шамасынан тысқары. Оның үстіне, Яхве əрқашан
адамдар қалаған əрекеттерді жасамайды. Қазіргі таңда өзекті, соны сипатты
төмендегі үзіндіде пайғамбар болашақты болжап, Израилмен қоса, Мысыр
мен Ассирия да Яхвенiң жеріне айналатынын жариялайды. Құдай былай
депті-мыс: «Менің жарылқанған халқым – мысырлықтар, Менің қолымнан
шыққан – ассириялықтар, Менің мұрам – Израил».9 Яхве Ұлы Ақиқат
символына айналды, енді Құдайдың таңдауы туралы кез келген үстірт
талқының мəні ұсақ, сипаты орынсыз көрінді.
Б.д.д. 539 ж. парсы патшасы Кир (Кіріш) Бабыл империясын бағындырған
кезеңде, сəуегейліктің барлығы орындалған сияқтанды. Кир қол астына
жаңадан қараған жұртқа парсылардың дінін міндеттеген жоқ. Бабыл жеріне
салтанатты түрде қадам басып, тіпті Мардук ғибадатханасында құлшылық
қылды. Сонымен қатар ол ертеректе Бабыл бағындырған елдердің барлық
киелі құндылықтарын отандарына қайтарды. Əлем көпұлтты алып
империялардың тіршілігіне бой үйреткен кезде Кирге уақыт сынағынан
өткен қоныс аударту (көшіріп жіберу) амалы қажет болмай қалды. Егер қол
астындағылар өз елдерінде тұрып, өз құдайларына сиынса, билік жүргізу
оңай болатын. Кирдің қалауы бойынша, империяның барлық жерінде көне
ғибадатханалар қалпына келтірілді. Патша осылай істеуді оған Құдайлар
тапсырғанын үздіксіз қайталады. Ол кейбір пұтқа табынушылық түрлеріне
тəн төзімділік пен кең көзқарастың нағыз үлгісін танытты. Б.д.д. 538 ж. Қир
еврейлердің Иудеяға оралып, ғибадатханаларын қалпына келтірулеріне
мүмкіндік беретін үкім шығарды. Бірақ олардың көпшілігі жаңа қоныста
қала бергенді қалады, сондықтан Уəде Етілген жерге тек аз бөлігі ғана
оралды. Тəуратта Бабыл мен Тель-Авивтен 42 360 еврей кеткені айтылған.
Олар отанына оралып, өз топырағынан табан аудармаған тайпаластарына
жаңа иудаизмді уағыздайды.
Бұл «Діндар» (Р) деген атпен белгілі біреудің қуғын-сүргін заманынан кейін
жазылған, кейіннен Бес Кітапқа қосылған еңбектерінде айтылған. Рөзінен
бұрын I жəне Е суреттеген оқиғаларды өздігінше түсіндірген. Кене Өсиетті
екі кітаппен – «Сандармен» жəне «Левитпен» толықтырды. Күткендегідей,
Р-дің Яхве туралы пікірлері мейлінше жоғары жəне толық болды. 1-ден
айырмашылығы, мəселен, Құдайды ешкім өз көзімен көре алмайды дегенге
сенді. Көп жағдайда Иезекиилдің көзқарастарын бөліскен P адамдардың
Құдайды қабылдаулары мен шындық арасында үлкен айырмашылық
барына күмəн келтірмеген. Оның Синай тауындағы оқиғаға қатысты берген
нұсқауы бойынша, Мұса Яхвенiң оған көрінуін өтінеді, бірақ мынадай
жауап естиді: «Менің жүзімді сен көре алмайсың, өйткені адамның Мені
көріп, тірі қалуы мүмкін емес», 60 Мұсаға тау баурайында құдайлық
əсерден жасырыну бұйырылады, бірақ ол көз қиығымен ұзап бара жатқан
Яхвені көріп қалады. Р тұңғыш рет Құдай баянында аса маңызды болып
саналатын ой айтады: Адамдарда, əрі кеткенде, тек құдайлық нұрды көру
мүмкіндігі бар, Роларды «Яхвенiң даңқы (кавод)»61 деп атайды. Бұл –
құдайлық құдіреттің көрінісі, бірақ оны да Құдайдың өзі деп қабылдауға
болмайды. Мұса таудан түскен кезде көрінген «даңқ» өз жанарында
бейнеленіп, жарқырайтыны соншалық - израилдықтардың оны көруге
шамалары келмейді.
«Құдай даңқы» — Яхвенiң жерде болуының символы. Ол адамдар ойдан
шығарған Құдай бейнесі мен оның шынайы қасиеттілігі арасындағы
айырмашылықты айқындайды. «Даңқ» идеясы израилдық діннің пұтқа
табынушылық табиғатына қарама-қарсы тұрды. Шығудың көне тарихын
баяндаған РЯхвенiң израилдықтардың қуғын-сүргінінде олармен бірге
кезгенін көзге елестете алмайды, мұндай ой оған адамдық түсінік незгiзiнде
көрінеді де, ол оны Мұсаның Құдайымен кездескен киелі шатыры толысқан
«даңқ» туралы əңгімемен алмастырады. Осыған сəйкес Құдыс
ғибадатханасында тек «Яхве даңқы» ғана бар.
Р-дің Бес Кітапқа қосқан ең белгілі үлесі – оның «Болмыс Кітабының» 1тарауында баяндалған əлемнің жаратылысы туралы əңгімесі. Ол көбінесе
«Энум Элиш» образдарының ықпалында қалған. Əңгімелеу алғашқы
қауымдық тұңғиықтың (тебом, Тиаматтың бұрмаланған аты) суларынан
бастау алады, Яхве олардан аспан мен жерді жаратады. Дегенмен бұл
оқиғада Құдайлар арасындағы соғыс пен Иамму немесе Лотан-Раавпен
күрес жоқ. Бүкіл тіршілікті жарату еңбегі – Яхвенікі. Үздіксіз эманациялар
да жоқ, себебі Яхве əлемді қысымсыз, қарапайым еркімен жаратады.
Сондықтан P əлемді Құдай болмысынан құралған құдайлық əлем деп
есептемейді. «Дінбасы» теологиясында дəл осы бөлу идеясы шешуші маңыз
атқарады: Құдай: күнді – түннен, суды – құрлықтан, жарықты
қараңғылықтан ажыратыл, ғарышты ретке келтіреді. Əрбір ісінен кейін
Яхве жаратқанын жарылқап, «бұл жақсы» деп жариялайды. Бабылдық
мифтен ерекшелігі – адамды жарату кейіннен ойға келген нəрсе емес, ол
құдайлық əрекеттің шыңына айналды. Адамдардың құдайлық болмысы
жоқ, бірақ Құдайға ұқсас жаратылған, сондықтан оның жасампаз
міндеттерін орындауы тиіс. «Энум Элиштегідей» алты күндік жарату
сенбілік демалумен аяқталады. Бабылдық аңыздар бойынша, осы күні Ұлы
Мəжіліс өтетін болған, сол жерде құдайлар «тағдырды өзгерткен» жəне
Мардукқа жоғары құқықтар берген. Р-де сенбі, символикалық тұрғыдан
алғанда, бірінші күні үстемдік ететін бейберекетсіздікке қарама-қарсы
қойылды. Көркем реңк пен көптеген қайталау əлем жаратылысы
оқиғасының жаңа нұсқасының «Энум Элиштегідей» салттарда айтылатын
əндерге арналғанына нұсқайды. Салтжоралғыларда Яхвеге жасаған
еңбектері үшін мадақтар айтылды жəне оған Жаратушы жəне Израил
Ардақтысы ретінде сиынулар жасалды.
Р иудаизмінде жаңартылған ғибадатхана шешуші орынға ие. Таяу Шығыста
қасиетті орындарды əдетте əлем жүйесінің көшірмесі ретінде
қарастыратын. Осылайша, ғибадатхана құрылысы imitatio dei болды да,
адамдарға Құдайлардың шығармашылық əрекеттеріне қатысуларына
мүмкіндік берді. Қуғын-сүргін дəуірінде еврейлердің көбі өсиет Қобдишасы
– көшпелі құрбандық орны туралы көне əңгімелерден лəззат алып жүрді,
онда Құдай «өзінің шатырын (шакан)», жайып өз халқының панасыз
күйімен бөліскен-ді. Шөлдегі қасиетті Мəжіліс шатырын суреттеуде P көне
мифологияны пайдаланады. Шатырдың сəулет құрылысы түпнұсқа болған
жоқ, жоғарыдан келетін əмірге бағынды. Синайда Яхве Мұсаға ауқымды
жəне егжей-тегжейлі нұсқау береді: «Олар Маған қасиетті орын жасасын,
соны мекен ететін боламын. Барлығы да менің саған көрсеткенімдей, шатыр
үлгісін де, ондағы ыдыстардың үлгісін де солай жасаңдар!».65 Қасиетті
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны - 07