🕙 1 minut uku

Дельфин

Süzlärneñ gomumi sanı 121
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 102
58.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
66.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
77.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  (Болған оқиға)
  
  Суасты жартастарының арасындағы жолды тек дельфин ғана білетін. Кеменің келе жатқанын сезісімен көмекке асығатын. «Сақ бол, бұғаз өте қауіпті. Соңымнан жүріп отыр» дегендей, басқару тұтқасындағы кісіден көз алмай, қадала қарайтын.
  «Кеме соңымнан келе ме, жоқ па» дегендей, артына қарайлаған дельфин кеме алдында жүзіп отыратын.
  Бұғаздан аман-есен өткен теңізшілер қуаныштан дельфинге қолдарын бұлғап: «Сәлем!» - деп шуласып жататын.
  Бұл жолы бұғазда «Пингвин» атты кеме пайда болды.
  Әдеттегідей дельфин көмекке асықты. Бірақ бір жауыз әрі ақымақ адам палубада тұрып, оған винтовкадан оқ атты.
  Сөйтіп, ол дельфинді жаралады. Ашуланған дельфин тереңге сүңгіп, жоқ болды.
  Оны бір ай, екі айға дейін ешкім көрмеді.
  Сонан соң қайтадан пайда болып, тағы да адамдарға жол көрсетіп жүрді. Тек «Пингвин» атты кеме бұғазда жартасқа соғылып, апатқа ұшырады.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.