🕙 1 minut uku

Бүлдірген тере барғанда

Süzlärneñ gomumi sanı 118
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 97
54.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
60.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
68.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  Бала атаулының жаз болады десе, ерекше сағынатыны - бүлдірген. Пісті ме, жоқ па? Бүлдірген дегенде, Абай да елең етіп, сұрастыра бастап еді. Тәкежан жаңа ат үстінде жүріп естіпті. Бақанаспен қатар ағатын Жәнібек суы бар. Соның Шыңғыс тауына қараған бас жағында бүлдірген тұнып тұр дейді.
  Тәкежан осыны айтқанда, жаңағы көп бала:
  - Жүр, ендеше, барайық!
  - Барып теріп қайтайық!
  - Жүріңдер!
  - Ал, ат ұстаңдар!
  - Иә, сәт, бүлдірген, бүлдірген! - десіп шуласты.
  ... Бүлдірген иісі аңқыған, көк майса шалғынды жасыл беткейде балалар жеміс теріп жатқалы көп болды.
  Аттарын тұсап-тұсап тастаған балалар бүлдіргеннің қызығына әлі қанған жоқ. Алғаш кеп түскен бір беттен жылжымаса да, сол алаңның өзінің жемісін де мойыта алған жоқ. Жегеннен асқандарын тақия, дорба, қалталарға да сықап жатыр.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.