Latin Common Turkic

Бовари ханым - 19

Süzlärneñ gomumi sanı 4382
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Эмма қызының бетінен селсоқ сүйді. Тамақ əлі əзір емес екен - оқасы жоқ!
Эмма аспазға ренжімеді. Бұл күні күтушіге бəрі кешірімді болатын.
Эмманың бозарған жүзін байқаған күйеуі оның денсаулығын сұрады.
- Жақсы, - Эмма жауап қайырды.
- Ал ендеше қазір сенің түсің неге қашып тұр?
- Əй, түк те емес, түк те емес!
Кей кездері ол үйіне оралған бетте бірден өз бөлмесіне кіріп кететін. Ол
жерде оны Жюстен күтіп тұратын - ол аяғының ұшымен басып жүріп,
қатаң тəртіпке үйретілген үй қызметшісінен де артық жағымпаздық
көрсетіп, шырша, балауыз, кітап əкеліп берді, іш көйлегін орнына қойып,
төсек салды.
Сосын Жюстеннің қақшиып бір орнында тұрғанын - қолдарының
қамшы сияқты салбырап кеткенін, ал оны тура қайдағы бір кенеттен келген
ой сансыз көп жіппен шырмап алғандай көздері бақырайып кеткенін
көргенде Эмма əдетте былай дейтін:
- Иə, жақсы, ал енді кете бер.
Эмма келесі күні өзін өте нашар сезінді, ал күн артынан күн өткен сайын
оның тартқан азабы жанын шыдатпауға айналды; ол басынан кешірген жан
лəззатын қайта көруге ынтықты, еске алу арқылы алаулаған құштарлық
жалыны тек жеті күннен кейін, Леонның еркелетуімен өшпес өртке
айналған болатын. Ал оның сүйіспеншілігі таңдану мен құрмет көрсету
арқылы айқындалды. Леонның махаббатынан, байыпты терең
махаббатынан Эмма құмарын басты жəне енді алдын ала оны жоғалтып
алудан қорқып, қандайда болмасын əйел мейірімділігінің қабілеті жететін
барлық айла-əдісті қолданып бақты.
Эмма оған мұңды дауыспен жайлап жиі айтатын:
- Жоқ, сен мені тастап кетесің!.. Сен үйленесің!.. Сен де басқалардың
істегенін істейсің.
- Басқалар дегенің кім? - Ол сұрақ қойды.
- Өй, жалпы еркектерді айтамын!..
Осы сөздерді айтқан ол Леонға қажыған көзқараспен қарап, оны əрі
итерді.
- Бəрін де алдамшысыңдар!
Бір жолы бұл дүниедегінің бəрі түкке тұрғысыздығы туралы пəлсапалық
əңгіме үстінде, оның қызғанышын тудыру үшін бе, иə болмаса жан сырын
ақтарудың оңтайлы сəтін қанағаттандыру үшін бе, ол бір кездері, онымен
таныспай тұрып, бір адамды жақсы көргенін... "бірақ тап сені сүйгендей
емес" дегенді қоса айтуға асыққан ол "онымен жақын қатынаста
болмағанына" қызының денсаулығы атынан қарғанды.
Леон оған сенді, алайда бəрібір оның қандай кəсіппен айналысқандығын
сұрастыра бастаған.
- Ол кеме капитаны болатын, достым.
Ол осы бір ауыз сөзбен одан əрі қойылар сұрақты тоқтатқысы келді ме
жəне сондай-ақ, бейнебір оның сүйкімділігі жауынгер жəне құрметке
үйренген адамға əсер еткендігін, өзін Леонның алдында көтере түскісі
келді ме?
Міне, жас жігіт өз жағдайының барынша мəз еместігін осыдан кейін
түсінген! Ол эполеттері, крестері, шендері барларға қызғана қарайтын
болды. Эмманың ысырапшылдығы, осының бəрі оған ұнайтындығына
дəлел болғандай.
Сол кезде Эмма өзінің көптеген қисынсыз тілектері туралы ештеңе
айтпаған; мысалы, Руанға барып тұру үшін көк күймесі, ағылшын аты жəне
ботфортының қонышы қайрылған атқосшысы болғанын армандайтын.
Оған бұл ойды айтқан Жюстен еді, ол өзін малайлыққа алуды айтып
жалынған. Осының бəрінің жоқтығы оның шіркеуге бара жатқандағы
қуанышын шектемесе де, оның есесіне, əрине, қайтқан кездегі қайғысын
күшейте түсетін.
Олар Париж туралы əңгімелескен кезде, Эмма жиі-жиі сыбырлайтын:
- Ah, сен екеумізге онда қандай керемет болар еді!
- Ал біз, немене, бұл жерде бақытты емеспіз бе? - Жас жігіт оның
шашын сипалап отырып, жай ғана қарсылық білдірген.
- Əрине, бақыттымыз! - деген ол. - Менің айтқаным ақымақтың сөзі ғой.
Мені сүйші.
Ол күйеуіне өте-мөте елгезектік мінез көрсететін, оған арнайы пісте
кремін даярлап, түстен кейін вальс ойнап беретін. Ол өзін тірі жүрген
пенделердің ішіндегі ең бақыттысы санайтын, бір күні кешкісін ол сұрақ
қойғанға дейін Эмма жайбарақат жүрген.
- Сен мадмуазель Лампрерден сабақ алып жүрсің ғой?
- Иə.
- Ал мына қызықты қара. - Шарль сөзін жалғастырды, - мен онымен
Льежар ханымның үйінде жаңа ғана жолықтым. Сен туралы сөйлесіп едім,
ал ол сені білмейтін болып шықты.
Бұл деген ашық күнде найзағайдың жарқылдауы сияқты болды. Соған
қарамастан Эмма аспай-саспай орынды жауап қайырды:
- Ол əшейін менің аты-жөнімді ұмытып қалған ғой!
- Ал Руанда музыкадан сабақ беретін бірнеше Лампрер болуы да мүмкін
ғой? - Емші өзінің болжамын айтты.
- Əбден мүмкін, - Эмма келісе кетті де, артынша сөз қосты. - Менде
оның қолхаттары бар ғой. Мен қазір оны саған көрсетейін.
Ол өзінің үстеліне жетіп барып, жəшіктерін түгел ақтарыстырып шықты,
барлық қағаздарды бір жерге үйіп тастап, ақыр соңында сасып қалғаны
сондай, Шарль оның қайдағы бір түкке тұрғысыз қолхатқа бола ренжімеуін
өтінді.
- Жоқ, мен оны табамын! - Ол қайталап айта берді.
Дəл солай: келесі жұма күні Шарль, оның күллі киімдері үйіліп жататын
қараңғы үйшікте, етігін киіп жатып, табанының астынан бір парақ қағаз
тауып алған, оны етігінен суырып алып, оқи бастаған:
"Үш айлық сабақ жəне əртүрлі сатып алынған заттар үшін алпыс бес
франк алдым:
Музыка пəнінің мұғалімі Фелиси Лампрер".
- Бұл неткен былық! Бұл менің етігіме қалай келіп түсуі мүмкін?
- Бəлкім, қолхат есеп-қисап салынған ескі папкіден — сөренің шет
жағында жатқан папкіден түсіп қалған болар, - деді Эмма.
Сол күннен бастап оның бүкіл ғұмыры ойдан шығарылған сылтауларға
ұласып кетті, сөйтіп ол өзінің махаббатын жамылғымен жапқандай болды.
Жалған сөйлеу ол үшін қажеттілікке, желіге əуестенушілікке, рақатқа
айналып кетті: егер ол кеше оң жағынан жүрдім деп сендірсе онда шын
мəнінде оң емес, сол жағымен жүргені.
Бір күні таңертең, ол Руанға əдеттегідей жеңіл киініп кеткен, ал артынша
күтпеген жерден қар жауған. Терезеден сыртқа көз салғанда Шарль аббат
Бурнизьенді көріп қалды - ол Тюваштың экипажымен руан бағытында кетіп
бара жатыр екен. Шарль сыртқа жүгіріп шығып, священниктен "Қызыл
крестен" əйелін тауып алып, жылы орамалын "бере салуды өтінді. Керуен
сарайға соққан священник барған бетте Ионвильдік дəрігердің əйелін
қайдан табуға болатынын сұрастырған. Қожайын əйел Бовари ханымның
бұл қонақүйге сирек тоқтайтынын айтты. Кешке қарай, Эммамен
дилижанста кездесіп қалған Бурнизьен оған қандай қиын жағдайға тап
болғанын айтып берген, алайда, шамасы бұл жағдайға ерекше мəн
бермеген сыңайлы, өйткені ол бірден өзінің діни уағыз айтуымен аты
шыққан, оны тыңдауға əйелдердің бірі қалмай баратын собор священнигін
мақтауға көшті.
Сонымен, Бурнизьен қазбалап ештеңе сұраған жоқ, бірақ та жұрттың
бəрі ол сияқты əдепті емес қой. Осы себептен де ол онымен баспалдақта
кездескен, құрметті елдестері енді одан еш күдіктенбес үшін бұдан былай
тек "Қызыл крестке" түскенім жөн деп шешті.
Алайда, күндердің бір күні, Леонмен қолтықтасып "Булоннан"шыққан
кезде, Эмма Лере мырзаға кездесіп қалды. Бұл кездесу оны қатты
қорқытты, ол оның өсектің өртін шығарып, əңгіме тарататынына сенімді
еді. Бірақ Лере мырза ақылды екен.
Ол оған үш күннен кейін келіп, есікті жауып, сөз бастады:
- Маған ақша керек.
Эмма қалтасында көк тиын жоқтығын айтты. Сол сəтте Лере
сұрамшақтыққа салынып, өзі көрсеткен кызметтерін тізбелей жөнелді.
Оның наразы болуының негізі де бар еді. Шарль берген екі вексельдің
Эмма əзірге біреуін ғана төлеген. Ал екіншісіне келсе, көпес Эмманың
өтінішін қабыл алып, оны жаңа екеуімен ауыстыруға келісіп, ол екеуі де
қайта көшірілген жəне олардың төлемі ұзақ мерзімде - кейінге шегерілген.
Сосын Лере мырза қалтасынан төленбеген қарыздың құжатын алған, онда
төмендегідей заттар тіркеліпті: перделер, креслоларды қаптайтын маталар,
көйлектік маталар, сəнденуге арналған бұйымдар - бəрін қосқанда
шамамен екі мыңдай франк.
Эмма төмен қарап тұр.
- Жарайды, қалтаңызда қажетті қаражат жоқ дейік, ал бірақ имениеңіз
бар ғой, - Лере есіне салды.
Оның айтып тұрғаны болмашы кіріс түсіріп тұрған Омаляға таяу
Барневилдегі ескі лашық. Бір замандарда ол үй-жай, қора - қопсысы бар
шағын шаруашылықтың бір бөлшегі еді, бірақ Бовари - əке оны сатып
жіберген. Лере мырзаға тіпті ол жердің көлемі неше метр екендігі жəне
көршілерінің аты-жөндеріне шейін мəлім болатын.
- Мен сіздің орныңызда болсам сол жердің түйінін шешкен болар едім, Лере мырза ескертпе жасады. - Қарыздарыңызды өтеген соң да сіздің
қалтаңызда қаражат қалады.
Эмма ол үйді сатып алатын адам таба қоюдың қиындығын айтты. Лере
мырза бұл істі өз мойнына алды. Сол сот Бовари ханым оны сату құқығын
қалай алуға болатынын сұраған.
- Ойпырымай, сізде сенімхат жоқ па еді? - Лере сұрақ берген.
Эмма өзін самал жел желпігендей сезінді.
- Маған есеп-қисап құжатын тастап кетіңіз, - деді Эмма.
-О, не дегеніңіз! Қажеті не? - деген Лере.
Ол бір аптадан кейін тағы келді жəне ұзақ іздестіріп жүріп Ланглуа
деген біреудің соңына түскеніне, оның көптен бері сол жерге көз тігіп
жүргенін, бірақ əзірге бағасы жайлы ештеңе демегенін айтып мақтанған.
- Əйтсе де, мен ақшаның соңына түскен емеспін! - Эмма дауысын көтере
сөйледі.
Лере, алайда, күте тұру, əуелі ол жігітті байқап көру жөнінде кеңес берді.
Оның ойынша, ол жаққа өзі барып қайтқаны жөн, бірақ Эмманың жолға
шығуға мүмкіндігі жоқтығын ескеріп, онда өзі барып, Ланглуамен келіссөз
жүргізіп қайтуға уəдесін берді. Барып қайтып, сатып алушының торт мың
франк беретінін жеткізді.
Эмманың жүзі гүл-гүл жайнап кетті.
- Бағасы, шынын айтқанда, жақсы-ақ, - деген Лере.
Ол жарты сомасын қолма-қол алды. Эмма есеп-қисап құжаты жайлы
əңгіме қозғай бастағанда, алыпсатар оның сөзін бөлді:
- Менің сізден соншалық көп соманы қағып əкетуім, шынымды айтайын,
ыңғайсыз - ақ!
Осы сөздер айтылған кезде Эмманың ассигнацияға көзі түсті жəне
осынау екі мың франктің қаншама жолығуға жол ашатынын еріксіз есіне
алды.
-О, не дегеніңіз! О не дегеніңіз! - Ол асығыс тіл қатты.
- Есеп-қисаппен не істегіңіз келсе, соны істеуге болатынына сізді
сендіремін! - Ақ көңілдене күлген Лере сөзін жалғастырды.
- Шаруашылық шығындары дегеннің қандай екені маған белгілі.
Саусақтарының екі арасынан ұзын екі парақ қағазды шығарып беріп
жатып, ол Эммаға тесіле қарады. Сосын əмиəнінен алып, үстел үстіне
əрқайсысы төрт мың франк сомаға тең төрт вексельді жайып қойды.
- Қолыңызды қойыңыз, ал ақша өзіңізде қала берсін, - деді ол.
Эмманың ашулы дауысы шықты.
- Бірақ та мен сізден қалғанын алмадым емес пе, - Лере мырза
бетпақтана жауап берді.
- Бұл менің тарапымнан көрсетілген құрмет емес пе, сіз қалай ойлайсыз?
Ол қолына қаламсабын алып, есеп-қисап астына былайша жазды:
"Бовари ханымнан төрт мың франк алынды".
- Мен сіздің неден қысылып тұрғаныңызды түсінбедім. Жарты жылдан
кейін лашығыңызға тиісті ақшаны түгел аласыз, ал мен соңғы вексельге
жарты жылдан артығырақ мерзім белгіледім.
Осы бір күрделі есеп-қисап Бовари ханымды жаңылыстырып жіберді.
Оны айнала еденге алтын төгіліп жатқан сияқты, оның құлағы сыңғырлай
жөнелген. Ақыр соңында Лере оған Руанда жақын танысы банкир Венсар
есімді біреу бар екенін, нақты борышын өтегеннен кейін ол қалған
қаражатты Бовари ханымға қайтарып беретінін түсіндірді.
Алайда, екі мың франктің орнына ол мың сегіз жүзін ғана əкелді, оның
досы Венсар екі жүз франкті "заңды түрде" комиссия жəне есеп-қисаптың
ақысына ұстап қалыпты.
- Өзіңіз де түсінесіз ғой... сауда - ол сондай іс... күтпеген жағдай болып
қалуы ықтимал. Айы - күнін, тілеуің болғыр, ай - күнін көрсету қажет!
Эмманың алдынан кез- келген тілегін жүзеге асырудың даңғыл жолы
ашылды. Айтқандай, оның мың экюді сақтап қоюға ақылы жеткен, осы
ақшамен ол алғашқы үш вексельдің құнын мезгілінде төлеген, бірақ
төртіншісін төлеу кездейсоқта Шарльдың басына түскен, бұл дəл бейсенбі
күні болатын, бəрінен бейхабар Шарль болса əйелінің келуі мен оған бəрін
түсіндіріп айтып беретін сəтін сабыр сақтап тосты.
Иə, шынында да, бұл вексель туралы оған ештеңе айтпаған, ондағы ойы
оны үй ішінің ұсақ-түйек шаруасына араластырғысы келмеген. Эмма оның
тізесіне отырып, еркелеп, шүйіркелесті, қарызға алуға мəжбүр болған,
қажетті заттарды ұзақ тізбелеп айтты.
- Егер менің алған заттарымды түгел санай бастасаң, онда олардың онша
қымбатқа түспегені анық.
Шарль қайғы-мұңға батып, ақырында сол баяғы Лepe барған, алыпсатар
егер де дəрігер мырза оған екі вексель берсе, оның ішінде біреуінің бағасы
жеті жүз франк теңге болса, қайтарым мерзімі үш ай болса, бəрін орнына
келтіруге уəде берді. Қиын жағдайдан құтылу жолын іздеген Шарль
анасына торығып хат жазды. Ханым Бовари - ана ұзақ ойланып жатпастан
өзі келді. Эмманың оны көндірудің реті келді ме деген сұрағына Шарль:
- Иə, бірақ ол оған есеп-қисап құжаттарын көрсетуді талап етіп отыр,деп жауап қайырды.
Келесі күні Эмма бозала таңнан тұрып, Лере мырзаға жеткен жəне одан
басқа есеп-қисап құжатын - бір мыңнан аспайтын көлемде көрсетіп жазып
беруін сұрады. Төрт мыңның есебін көрсету оның үштен екісін төленгенін
мойындаумен бірдей еді, олай болса - бұл үйдің сатылғанын ашып айту
деген сөз, ал алыпсатар болса бұл келісімді өте құпия жағдайда сақтағаны
сондай, ол туралы ұзақ мезгіл ешкім естіп-білмеген.
Барлық заттарға өте төмен баға қойылғанымен ханым Бовари - ана
шығын шамадан тыс көп деп тапты.
- Шынымен кілем алмаса болмайтын ба еді? Креслоның жапқыштарын
ауыстыру не үшін қажет болды? Менің кезімде бір ғана кресло қажет
болатын - жасамыс адамдарға ғана. Асып кеткенде, менің шешем осылай
істейтін, ал ол кісі, сіздерді сендіруге тəуекелім жетеді, парасатты əйел
болатын. Байлармен теңесуге тырысу бəрібір бекершілік! Босқа шаша
берсеңдер, сендерге қанша ақша болса да жетпесі ақиқат! Мен, сендер
сияқты өзімді еркелетуге ұялар едім, ал мен болсам кемпірмін, маған күтім
керек... Сендерге тек қана жасану керек, тек қана көзбояумен айналысу
керек. Бұл не деген сөз, астарлық жібекке екі франк төлеу... он... тіпті сегіз
су тұратын тамаша жаконет тұрғанда...
- Жетер, ханым, жетер!.. Эмма козеткада жайғасып отырған, ол өзін-өзі
əрең ұстады.
Бірақ та енесі оны сөгуін тоқтатқан жоқ; Шарль мен Эмма өздерінің
ақырғы күндерін құдайханада өткізетіндері туралы болжам айтты.
Айтқандай, Шарльдың өзі кінəлі. Оның сенімхаттың көзін құртамын деп
уəде бергеніне де шүкір.
- Қайтып құртпақсың?
- Ол маған ант-су ішіп, уəде берді, - деді қадірменді ханым.
Эмма терезені ашып Шарльды шақырды. Ол бейбақтың шешесіне бұл
уəдені беруіне мəжбүрлегенін мойындауына тура келді.
Эмма жедел шығып кетті де, ізінше қайта оралды, паңданған пішінмен
енесіне бір бет қалың қағазды ұсынды.
- Сізге рақмет, - деді де кемпір сенімхатты отқа тастай салды.
Эмма ащы, қатты, тежеусіз күлкіге ерік берді, оның жүйке ұстамасы
басталған.
- Əй, құдай-ай! - Шарль айқайлап жіберді. - Сенікі де дұрыс емес. Сен
неге онымен жанжалдастың?
Бірақ та Шарль ғұмырында бірінші рет бүлік шығарды жəне əйелін
қорғауға жанын салып, қызу кіріскені сондай, анасы іле - шала кетіп қалуға
белін бекем буған. Келесі күні ол шынында да алды-артына қарамай
жөнелген; ұлы оны табалдырықта тұрып жібермеуге тырысқан сəтте, ол
айтты:
- Жоқ, жоқ! Сен оны менен де артық сүйесің, солай болуы керек те, бұл
əдеттегі жағдай. Бұл жерде ештеңе де істей алмайсың! Тірі жүрсек көрерміз... Сау бол!.. Енді мен, сен айтқандай, онымен жанжалдаспаймын.
Шарль бəрібір Эмманың өзін кінəлі сезінуі, ал ол болса сенбегені үшін
оған өкпелі екенін жасыруды ойына да алған жоқ. Эмманың атына жаңа
сенімхат жаздыруға, оның келісімін алмас бұрын, Шарльдың оны ұзақ
жалынып көндіруіне тура келген; осы мақсатпен ол тіпті Гильомен мырзаға
Эммамен бірге барған.
- Мен сізді түсінемін, - деген нотариус. - Ғылымға бүтіндей берілген
адамды күнделікті тіршіліктің күйбеңі алаңдатпауға тиіс.
Осы монтаны сөзді Шарль қабыл алды - көрер көзге ғана мақтаулы
қайдағы бір маңызды іс оның əлсіз жағын жасырды.
Эмма келесі бейсенбіде Леонмен бірге олардың қонақүйдегі бөлмесіне
келгенде нені ғана бүлдірмеді! Күлді, жылады, он салды, биледі, шербет
алдырды, темекі тартып көрді, Леон ол қанша еркетотай болса да, оның
есесіне таңырқататын, теңдессіз екенін білген.
Қазір оның жан дүниесінде не болып жатқанын, оның лəззаттың əр сəтін
ашқарақтана пайдалануына не нəрсе мəжбүрлегенін ол сезген жоқ. Ол
ашушаң, жымысқы, лəззатқұмар болып алды. Ол онымен қалада басын
паңдана кекірейтіп жүрді жəне өзінің абыройы төгіледі деп
қорықпайтынын айтты. Оны тек Родольфпен кездейсоқ кездесіп қалам ба
деген ой ғана шошытатын. Олар енді қайтып кездеспейтін болып
айырылысса да, Эмма оның өзіне билігі əлі де басым екендігін сезінеді.
Бір күні кешке Эмма үйіне келмей қалды. Шарль мүлде ақылынан
адасты, ал кішкентай Берта анасыңсыз, ұйқысы келсе де, жатқысы келмей,
тоқтаусыз жұбанбай боздап жылады. Жюстен алда-жалда келіп қала ма
деген оймен ханымды қарсы алуға шықты. Оме мырза дəріханасын тастап
кетті.
Сағат тілі он бірді соққанда, Шарль шыдай алмай, атын жегіп, күймесіне
отырды да, атына қамшы салды - сөйтіп түнгі сағат екіде "Қызыл крестке"
келіп жетті. Эмма онда жоқ болып шықты. Шарльға ой түсті, оны
кездейсоқ Леон көрмеді ме екен? Бірақ оның үйін қайдан таппақ? Бақытына
орай Шарль оның бастығының мекен-жайын есіне түсіріп, соның үйіне
қарай жүгіре жөнелді.
Таң біліне бастаған. Шарль сыртындағы тақтайшаға үңіліп қараған соң,
есікті қақты. Іш жақтан біреу гүр ете қалып, оған Леонның қайда
тұратынын айтты жəне түн ішінде мейірбан адамдардың мазасын алатын
ұятсыздарды жер-жебіріне жетіп балағаттады.
Леон тұратын үйде қоңырау да, тоқпақ та, швейцар да жоқ екен. Шарль
күші жеткенше терезенің қақпағын тарсылдатты. Қасынан полицей өтті.
Шарль қорқып, тезірек кетуге асықты.
"Мен есімнен айырылдым, - ол өзімен-өзі сөйлесті. - Бəлкім ол
Лормоның үйінен тамақтанып, сонда қонып қалған шығар".
Алайда сол сот Лормо отбасының Руаннан көшіп кеткені есіне түсті.
"Демек, ол Дюбрейль ханымды бағып-қағып жатқан болар... Ой, қап!
Дюбрейль ханым осыдан он ай бұрын қайтыс болған!.. Эмма енді қайда
болды екен?"
Сол кезде кенет есіне түсті. Ол дəмханадан мекен-жай күнтізбені сұрап
алып, мадмуазель Лампрерді тез арада тауып, оның Ренельде Марокинье
көшесіндегі нөмірі 74 үйде тұратынын анықтады.
Бірақ осы көшеге жеткен кезде ол əлі де алыста келе жатқан Эмманы
көрді - ол оған қарсы келе жатыр. Шарль оны құшақтаған да жоқ - ол оған
айқайлап дүрсе қоя берді:
- Сен неге кеше үйге келмедің?
- Науқастанып қалдым.
- Немен науқастанып қалдың?.. Қайда?.. Қалай?..
- Лампрердікінде, - қолымен маңдайын сипап тұрып жауап қатты.
- Өзім де солай ойлаған едім. Сол үйге бара жатқанмын.
- Оның бекер болған, - деді Эмма. — Ол қазір ғана кетіп қалды. Келесі
жолы, сенен өтінерім, алаңдама. Менің кішкене кешіккеніме бола, егер
сенің есің шығып кеткенін білсем, онда мен де күйіп - пісетінімді
білемісің?
Ол сөйтіп өзінің еркін жүріп-тұруына оңай қол жеткізді. Ол жəне бұл
еркіндікті асыра пайдаланды. Леонды сағынып кеткен кездері ол кез келген
сылтаумен Руанға кетіп қалатын, ал себебі ол күні Леон оны
күтпегендіктен, Эмма бірден оның кеңсесіне баратын.
Алғашқы кездері бұл ол үшін керемет қуаныш болатын, бірақ ұзамай
бастығына оның тəртібінің ұнамай жүргендігін Эммаға айтып мойындады.
- Ал сен оған көңіл аударма! - деді Эмма.
Ол сосын əңгіме ауанын өзгертті.
Эмма оның өзіне қара костюм тіктіруін жəне сақал қоюын қалады. Осылай болса оның Людовик Он үшіншіге ұқсас болатынын айтты. Ол
оның үйіне барған жəне бөлмесін онша емес деп тапқан. Леон қызарып
кетті. Эмма оны байқамады жəне оған өзінің үйіндегідей перде сатып алуға
кеңес берді. Ол оған мұны қалтасы көтермейтінін айтты.
- Сен сондай сараңсың - ау! - деді ол күліп.
Леон əрқашан оған, ол жоқ кезде, қалай тіршілік кешкені туралы
баяндап отыруға тиіс болатын. Оның өлең жазып, оны өзіне арнауын, оның
"махаббат туралы өлеңдер" шығарып жəне өзін дəріптеуін талап етті.
Алайда, ол, тіпті бірде-бір ұйқас таба алмай, ақыр соңында күпсектен бір
сонет көшіріп алды.
Оны жетелеген намыс емес, Эмманың көңілін табу тілегі еді. Ол онымен
ешқашан таласпайтын, ол оның талғамына бейімделетін, дұрысы Эмма
Леонның емес, Леон Эмманың ашынасы болатын. Ол небір жылы сөздерді
білетін жəне ебін тауып сүйетіні сондай, оның өкпесі аузына тығылатын.
Осынау жасырын əдепсіздіктің Эмманың бойына қалай кіріп кеткендігі соншалықты терең кіріп кеткендігі белгісіз, одан тəндік ештеңе де
сезілмейтін сияқты.
VI
Леон Ионвильге Эммамен жолығуға келгенде көбінесе түстікті
фармацевтің үйінен ішетін, жəне бірде көргенділік көрсетіп оны өзіне
шақырды.
- Ризашылықпен, - деген Оме мырза. - Менің сергитін кезім əлдеқашан
келген, ал əйтпесе бұл жерде мен таза қожырап кеттім. Театрға,
мейрамханаға барамыз, көңіл көтереміз!
- Оның қалай, досым менің! - Оме ханым наздана сыбырлады - ол
əйтеуір бір күтпеген қауіптен қорыққан.
- Ал сен дəріхана иісімен ұдайы тыныстау менің денсаулығыма зиян
емес деп ойлайсың ба? Əйелдердің бəрі осындай, əуелі ғылымнан
қызғанады, ал сосын ең бір бейкүнə көңіл көтеруге қарсы шығады. Оқасы
жоқ, оқасы жоқ! Сене беруіңізге болады, қалай да болса мен Руанға сап ете
түсемін, кəріліктің алды, жігіттіктің соңы деп қалтаны қағармыз.
Баяғы кездері дəріханашы мұндай сөздерді ешқашан аузына алған емес,
ал қазір ол қуана-қуана париждік ойнақы кейіпке түскен, себебі бұл ол үшін
ең жоғары салтанаттылықтың белгісі болатын. Өзінің көршісі Бовари
ханым сияқты ол Леоннан астаналық əдет-ғұрып туралы жəне тіпті
тұрғындарды таңдандыра өзінің əңгімесін жаргон сөздермен, мына секілді:
тобыр, кесір, сумақай, сұрқиялық, Бред - стриттің орнына Бред - гасриттің
жəне кетудің орнына айдады деп əдемілейтін.
Эмма енді міне, бейсенбі күндерінің бірінде "Алтын арыстандағы"
асүйде жолға лайық киінген, яғни бұрын ешқашан жұрт көзіне түспеген
көне плащ, бір қолында шамаданы, екіншісінде өз дəріханасының
жылытқысы бар Оме мырзамен кездесіп қалып, таң-тамаша қалды. Ол
өзінің қалаға кетуіне орай жұртты босқа дүрліктірмеуді ойлап, жасырын
кетіп бара жатқан.
Жол бойы ол өз-өзімен пікірлесті - шамасы оны таяуда өзінің жастық
шағы өткен жерлерді көретіндігі жөніндегі ойлар толғандырған болар.
Дилижанс тоқтап үлгермей жатып, Оме мырза басқыштан секіріп түсіп,
Леонды іздеп тартып кетті. Ол қанша бас тартса да, фармацевт оны үлкен
дəмхана "Нормандияға" алып келді жəне онда қалпағымен маңғаздана
басып кірді, өйткені ол қоғамдық жерлерде қалпағын шешу тек алыс аймақ
адамдарына ғана тəн деп есептейтін.
Эмма Леонды қонақүйде үш ширек сағат күтті. Ақыр соңында шыдай
алмады - кеңсесіне жүгіріп барып, қайтып оралды жəне əртүрлі жорамал
жасап, ол оны өзіне суып кетті деген оймен қиналып, ал өзін мінезсіздігі
үшін мінеп, терезе əйнегіне маңдайын тіреп, жарты күн бойы жабысып
тұрды.
Күндізгі сағат екіде Леон мен Оме мырза үстел басында бір - біріне
қарама-қарсы отырған. Үлкен зал босай бастады: пальма пішіндес түтіндік
аппақ төбеге алтын жалатылған жапырақтар шашып тастады; шыны
қалқаның ар жағындағы дəмдестеріне жақын тұрған субұрқақтың
сыздықтаған ағысы күн сəулесімен жарқылдап, мəрмəр бассейнде бүлкбүлк етуде, қояншөптің арасында ұйқылы-ояу өкпе шиырмақ ұзыннан-ұзақ
созылып, дəл қасында жатқан бөденеге құйрықтары жанасып, ұйқы басқан
үш теңіз шаяны жатыр, олардың бірсыпырасы қатарласып шет жағында
ілулі тұр.
Оме рақаттанып отыр. Оны ішімдіктен гөрі сəн-салтанат көбірек
масайратты, алайда номард та оған өз əсерін тигізді, ром қосылған омлет
берген кезде ол əйелдер туралы ұятсыз əңгімелер бастады. Ол бəрінен де
көбірек əйелдің "сəнділігін" бағалайтын. Ол сыпайы сəнденуді, жақсы
жиһазбен жабдықталған бөлмелерді ұнататын, ал сырт келбетіне келгенде
ол "құрттайларды" артығырақ бағалайтын.
Леон мезгіл-мезгіл үміті үзіле, қабырға сағатына көз жүгіртіп қояды. Ал
фармацевт болса əлі де ішіп-жеп, сөйлеп отыр.
- Сіздің бəлкім, Руанда ешкіміңіз жоқ шығар, - ойламаған жерден əңгіме
бастаған ол. -Алайда, сіздің іздегеніңіз жаныңызда жүр ғой.
Леон қызарып кетті.
- Қойшы, қойшы, мүлəйімсімеңізші! Сіз теріске шығармайсыз ғой,
Монвилде...
Жас жігіт бірдеңе деп міңгірледі.
- Сіз Бовари ханымның қасында басқа біреумен жігітшілік құрып
жүрмеген шығарсыз?..
- Иə, ондай кім бар?
- Қызметші əйел ше?
Оменікі қалжың емес; Леонның намысы сақтықтықтан басым болатын
жəне ол шарасыздан қарсылық білдірді: оған тек қана қараторылар
ұнайтын.
- Мен сізбен келісемін, - деді фармацевт. - Олар аса қызуқанды болады.
Ол еңкейіп Леонның құлағына əйелдердің бойындағы қызуқандылық
белгілерін санап шықты. Ол тіпті бұған этнографияны да қыстырды: неміс
əйелдері долы, француз əйелдері бұзылған, итальян əйелдері құштар.
- Ал негр əйелдері ше? - Одан сұхбаттасы сұраған.
- Бұл талғамның жұмысы, - деп Оме жауап берді. - Жігітім! Екі жарты
кісілік тамақ!
- Кеттік! - деді шыдамы таусылған Леон.
- Yes [Иə (ағыл.)].
Ол кетер алдында ұмытпай қожайынды шақыртып жəне оған жанға
жағымды сөздер айтты.
- Омеден құтылу үшін жас жігіт өзінің тығыз шаруасы бар екенін айтты.
- Несі бар, мен сізді шығарып саламын! - Оме өзі тіленді.
Ол жолай өзінің əйелі, балалары, олардың болашағы, өзінің дəріханасы
жайлы, бұрындары оның аянышты халде өлмешінің күнін көргенін жəне
оны қалай жарқыратып жібергенін əңгімеледі.
"Булонь" қонақүйіне жете бере, Леон тосыннан дəріханашыны
қалдырып кетіп, басқышпен жүгіре жөнелді жəне қатты толғанып тұрған
өзінің сүйіктісін жолықтырды.
Фармацевтің атын атағанда ол өзін-өзі ұстай алмай қалды. Бірақ Леон
салмақты дəлелдің бəрінен кейін бірін келтірді: оның не кінəсі бар?
Немене, ол Оме мырзаны білмейтін бе еді? Ол оның ортасын артық көрді
деп ойлағаны қалай? Эмма одан теріс айнала берді; ақыры ол оның бетін
өзіне қаратты, тізерлеп отыра қалып, оның белінен құшақтады, ынтықтық
пен өкінішті білдіретін құмарпаздық кейіпте қалшиды да қалды.
Эмма қозғалмай тұр; оның баданадай көзі оттай жайнап, оған үрейлене
байыппен қарады. Бірақ та оның жүзін жасы жуып, көзін бұлдыратып,
қызғылт қабағы дірілдеп, ол қолын жұлып алуды тоқтатып жəне Леон оған
енді еріндерін тигізе бергенде, кенеттен қызметші есікті қағып, оны əлдебір
мырза сұрап тұрғанын хабарлады.
- Сен тез келесің бе? - деп сұраған Эмма.
- Əрине.
- Дəл қашан?
- Иə, қазір.
- Мен алдадым, - деді Леонға фармацевт. - Маған бұл сапар сіздің
көңіліңізден шықпаған сияқты көрінді, сол себепті мен сізді құтқарып
қалғым келді. Бридке барып, бір-бір стақан Гарюс элексирін ішейік.
Леон оның кеңсесіне баруы керектігін айтып ант-су ішті. Сол кез
дəріханашы ұсақ-түйекпен айналысуды, сəт ісін келеке етті.
- Сендер өздеріңнің Куяцийлер мен Бартололарыңды жер - жебіріне
жетіп қуып шығыңдар! Сіздер неден қорқасыздар! Түкірдім! Бридке
барайық! Ол сізге итін көрсетеді. Бұл өте қызық!
Леон көнбеді.
- Онда мен де кеңсеңе барамын, - фармацевт өз ойын білдірді. - Сіздің
қолыңыз босағанша, мен газет оқып, Заңдар жинағын қарай тұрамын.
Эмманың ашуынан, фармацевтің мылжыңдауынан шаршаған жəне
бəлкім таңғы астың тоқтығы маужыратқан Леон қорғалақтай берді, ал Оме
мырза оны дегеніне көндірген тəрізді.
- Бридке кеттік! Ол осыдан екі аттам жерде, Мальпалю көшесінде
тұрады.
Өзінің көңілшектігінің, ақылсыздығының, азғырушының бізді нағыз
əдепсіз қылыққа итермелейтін сол бір сезімді анықтауға көнбейтін сөзіне
еріп, Леон өзін Бридке алып баруға көнді. Олар оны ауласынан тапты - ол
сельтер суын даярлаушы машинаның ауыр дөңгелегін ырсылдап
айналдырып жатқан үш жігітке қарап тұр. Оме оларға кеңес бере бастап,
сосын Бридпен құшақтасты, сосын үшеуі де эликсир ішті. Леонның
жиырма рет кеткісі келген, бірақ Оме оны қолынан ұстай алып, былай деді:
- Қазір, қазір! Мен де кетемін. Сіз екеуміз Руан шамшырағына соғамыз,
жорналшылармен жолығамыз. Мен сізді Томасенмен таныстырамын.
Ақырында Леон əйтеуір одан құтылып, қонақүйге қарай жүгірді: Эмма
ол жерде болмай шықты.
Ашу кернеген ол жаңа ғана Ионвильге кетіп қалған. Енді ол Леонды жек
көріп кетті. Оның жолығуға келмегенін Эмма өзін қорлау деп қабылдады
жəне онымен айырылысудың əртүрлі жаңа себептерін іздей бастады: ол
қатардағы ғана, мінезсіз əйел сияқты жігерсіз, ерлік жасауға қабілетсіз,
оның үстіне тағы да сараң жəне қорқақ адам.
Біршама көңілі жайланғаннан кейін ол өзінің оған əділетсіз
болғандығын түсінді. Біз сүйген адамымызды қаралаған кезде, бұл белгілі
дəрежеде бізді одан алыстатады. Пұтқа қол тигізуге болмайды - жалатылған
алтыны алақаныңа жабысып қалады.
Осы күннен бастап Эмма мен Леон бөгде нəрселерге жиі көңіл аудара
бастады. Эмма өз хаттарында гүлдер жайлы, өлеңдер жайлы, ай мен
жұлдыздар жайлы, сырттан қолдау күтетін осынау əлсірей бастаған
ынтықтықтың қарапайым тіректерінің барлығы жайлы пайымдады. Ол əр
жаңа жолығысудан қайдағы бір таңғаларлық жағдайды күтті, ал осы
себептен əсерлі қуанышқа бөленуді бастан кешіру бұйырмағанын ол
əрдайым өзіне-өзі мойындатты. Алайда түңілуді тез арада үміт
алмастырды. Эмма тағы да Леонға тым көбірек жақындап, бұрынғыға
қарағанда тым көбірек, тым тойымсызданып қайтып келді. Ол өзінің
үстінен көйлегін сыпырып тастап, корсеттің жіңішке бауларын жұлып
алды, ал баулар жорғалаған жыландай оның бөксесін айнала ысқырынды.
Ол жалаңаяқ, аяғының ұшымен басып тағы да табалдырыққа келіп, есіктің
жабық екендігіне көзі жеткеннен кейін, қас-қағымда тыр жалаңаш шешініп
тастады, кенеттен бозарып кетіп, үн-түнсіз, күлмей, Леонның кеудесіне
жабыса кетті жəне оның тұла бойы ұзақ діріл қақты.
Суық тер тамшылары жапқан маңдайында, осы бір жыбырлаған
еріндерінде, осы бір селсоқ қарашығында, оның қолдарының жабысуында
жалған бірдеңе, түсініксіз жəне түнеріңкі бірдеңе болғандай, Леонға бұл
кенеттен олардың арасынан бірдеңе жер бауырлап жылжып бара жатқандай
жəне оларды айырып - бөліп жіберетіндей болып көрінді.
Леон оған сұрақ қоюға бата алмады, бірақ та ол оны өмірдің барлық
азабы мен барлық лəззатын басынан кешірген тəжірибелі əйел деп санады.
Леонды бір кездері тамсандырған нəрсе енді қазір оны ішінара қорқыта
бастаған. Сонымен қатар, Леонның жеке басын үсті-үстіне билеп-төстей
бастады, ал бұл оның ішкі қарсылығын тудырды. Леон өзін Эмманың жеңіп
жүргенін кешіре алмады. Ол тіпті оны жек көріп кетуге тырысты, бірақ
ащы ішімдіктерді көргенде шыдай алмайтын маскүнемдей, оның туфлиінің
сықырын естігенде, өзіне-өзі билік жүргізе алмай қалды.
Шындығында, ол бұрынғыша таңдаулы тағамдардан бастап жəне сəнді
киіну мен қажыған көзқарасына дейін оған əртүрлі ілтипат белгісін көрсете
берген. Ионвильден кеудесіне тығып раушан гүлдерін əкелетін жəне сосын
Леонды оған бөлеп тастайтын, оның денсаулығын қадағалап, оны жақсы
əдеттерге үйретті, оның көңілін өзіне берік байлап қою үшін, жоғарыдан
келетін көмекке үміттеніп, оның мойнына құдай - ананың бейнесін тағып
қойған. Қамқор ана секілді ол оның жолдастары туралы сұрастырды.
- Олармен кездеспе, - деді ол, - ешқайда барма, тек біздің бақытымыз
туралы ғана ойла, мені сүй!
Оның əрбір басқан ізін білгісі келген ол оның қыр соңынан қалмай еріп,
бақылап жүретін тыңшы жалдап алуды да ойлаған. Қонақүйдің маңында
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Бовари ханым - 20
  • Büleklär
  • Бовари ханым - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4163
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2553
    30.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4178
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2552
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2530
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4126
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2500
    29.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2557
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4249
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2427
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4224
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2426
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4337
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4309
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2440
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4189
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2383
    30.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4237
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2322
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4248
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2339
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4284
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2336
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4453
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4211
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2395
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4279
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4390
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2357
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4218
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4382
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4349
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2273
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4397
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2241
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4360
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4277
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2355
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 1446
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 974
    39.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.