Latin Common Turkic

Бовари ханым - 18

Süzlärneñ gomumi sanı 4218
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
қолындағы ине дəйім жалтылдып, ал ауық-ауық кемпірдің жүзін жас жуып,
мұрынының ұшына іліне берді. Эмма тек осыдан екі тəулік бұрын ғана
Леон екеуі жарық дүниенің бəрінен оңашаланып, зор сүйіспеншілікпен бірбіріне көздері тоймай қарап отырған. Ол өткен күннің болмашысына дейін
егжей-тегжейлі есіне түсіруге тырысты. Алайда оған енесі мен күйеуінің
отырғаны кедергі келтірді. Оның ешнəрсені естігісі де, ештеңені көргісі де
келмеген; ол өз сезімінің бүтіндігін бұзудан қорықты, дегенмен оған
қарамастан оның сезімі өзінен-өзі сыртқы əсердің қысымымен біртіндеп
сейіле бастаған-тын.
Эмма көйлектің астарын сөгіп жатты да, оның маңайы қиыққа толып
кетті. Кемпір бас алмастан қайшысын сақылдатып жатыр, ал қазір халат
орнына жүретін, жіптен тоқылған туфли жəне көне қызыл қоңыр түсті
сюртук киген Шарль қолдарын қалталарына салып жəне ол да жұмған
аузын ашпай, тырс етпей отыр. Ақ алжапқыш байлап алған Берта жолға
төсеп тасталған құмды күрегімен тырмалап жүр.
Кенет қақпа ашылып, алыпсатар Лере мырза кіріп келді.
Ол "қайғылы жағдайға байланысты" өз қызметін ұсынуға келіпті. Эмма
өзіне ештеңенің де қажеттілігі жоқ сияқты жауап берді. Алайда көпеске бұл
сөз ешқандай əсер етпеді.
-Кешіріңіз, кең пейілмен! - деді ол Шарльға, - бірақ менің сізбен оңаша
сөйлесуім керек. -Жəне дауысын бəсеңдетіп сөзін жалғастырды: - Ана бір
іс жөнінде... Есіңізде ме?
Шарльдың құлағына дейін қызарып кетті.
- Аһ, иə!.. Дұрыс, дұрыс! - Ол міңгірледі жəне абыржыған кейіппен
əйеліне бұрылып қарады: Ал сен ше... сен істей аласың ба, қымбаттым?..
Эмма, шамасы оның не сұрап тұрғанын түсінген сыңайлы. Ол шапшаң
орнынан тұрды, ал Шарль анасына айтты:
- Бұл түк те емес. Қайдағы бір күнделікті тұрмыстың ұсақ - түйегі.
Сөгіс естуден қауіптенген ол шешесінен вексель жөніндегі бүкіл
оқиғаны жасырып қалды.
Эмма мен Лере мырза екеуі оңаша қалған бетте, ерекше амал күтпей-ақ
оны мұрагерлікке ие болуымен құттықтады, ал содан соң əңгімені басқа
тақырыпқа бұрды: жеміс ағаштары туралы, егін туралы, өзінің денсаулығы
туралы, ал оның денсаулығы «жақсы да емес, жаман да емес, орташа»
болатын. Оның денсаулығы неліктен жақсы болсын! Оның азабы көп, ол
туралы ащы тілділер қанша дабырласа да, бəрібір ол біріне-бірін əрең
жалғастырып жүр.
Эмма оның сөзін бөлген жоқ. Ол осы екі күннің ішінде адамдарды
көрмей іші пысқан!
- Ал сіз, тіпті жазылып кетіпсіз ғой! - деп Лере сөзін жалғады. - Сол
кезде сіз үшін күйеуіңіз қаншама ішқұса болды. Мен өз көзіммен көрдім.
Ол сондай сүйкімді адам. Ол екеуіміздің арамызда ыңғайсыз жағдайлар
болса да!
Эмма атап айтқанда оның қандай екендігін сұрады; Шарль оның сатып
алған заттарын білгенде қалай таң-тамаша қалғанын оған айтпағанын
ескерте кеткен жөн.
- Ə, сіз білесіз ғой! - Лере саңқ етті. - Бəрі сіздің қыңырлығыңыздың,
шамадандарыңыздың əлегі.
Қалпағын көзіне түсіріп, қолдарын артына қайырып, күлімдеп жəне
ысқырып, ол оның бетіне міз бақпай қарады. Оның басы қатты, ол
шынымен бір нəрсеге күдіктене ме?
- Ақыр соңында ол екеуміз түсіністік, - ол қайтадан сөз бастады. - Мен
қазір де оған достық көңілмен келісім ұсынуға келдім.
Оның айтпағы вексельді қайта жазу; одан арғысы Бовари мырзаның өз
ырқында. Оның өзінің алаңдамағаны жөн, онсыз да басы қатып жүр.
- Ол бұл шаруаны басқа біреуге жүктесе жөн болар еді мысалы ең
болмаса сізге. Ол тек қана сенімхат жазып берсе болды, ал біз сіз екеуміз
істі тындырамыз ғой...
Эмма дымды түсінген жоқ. Лepe тым-тырыс қалды. Сосын ол саудасы
туралы əңгімеге көшті де, кенеттен Эмманың одан міндетті түрде бірдеңе
алуы керектігін білдірді. Ол оған он екі метр көйлектік қара бареж матасын
жібермекші.
- Сіздің жақсы болғаныңыз үй ішіне де жақсы. Ал сізге сапарға
шыққанда киетін көйлек керек. Мен оны бір көргеннен-ақ түсіндім. Менің
көзім көреген.
Матаны ол жіберген жоқ, өзі əкеліп берді. Бірсыпыра уақыт өткен соң,
дұрыс өлшеп беруге қайта келді. Ол содан соң əртүрлі сылтаумен кіріпшығуды жиілетті жəне əр кезде сыпайылық, кішіпейілділік, Оме
айтатындай жағымпаздық көрсетіп, Эммаға сенімхат туралы бірер ауыз сөз
айтып, сыбырлай салу орайынан айырылып қалмауға тырысты. Ол вексель
туралы лəм-мим деген жоқ. Эмма да оны есіне алмады. Ол сырқатынан
айыға бастаған кезде, Шарль оған бұл туралы шет жағалап айтқан, бірақ
Эмманы ол кезде қамықтыратын ойлар еңсеріп алғандықтан, Шарльдың
ишарасы қас-қағымда оның басынан ұшып кеткен. Ол жалпы əзірге ақша
жайында əңгіме қозғауды артық көрді. Енесі бұған таңданған болатын жəне
мұндай өзгерісті Эмманың ауырған кездері пайда болған діншіл көңіл
күйіне жатқызған.
Алайда, енесі кеткен бойда Эмма Бовариді өзінің іскерлігімен
таңдандырды. Ол оған бірде мəліметтерді анықтауды, бірде кепіл төлемді
тексеруді, ашық саудада өз қожалығын сатудың иə болмаса айтпай-ақ өзіне
қарыз алудың қайсысы пайдалы екенін бағамдауды ұсынды. Ол орынды
жəне орынсыз арнайы қалыптасқан сөздерді қолданып, ақша араласқан іске
айрықша ұқыпты болу керек, бəрін алдын ала болжау керек, болашақ
туралы ойлау керек жайында көпірме сөздер айтты, мұрагерлік құқығын
алуға байланысты бір қиыншылық екінші қиыншылыққа жалғасты, сөйтіп
ақыр соңында ол Шарльға "өндіріс қарыздарын, вексельдерді беру жəне
біреуге тапсыруға, кез келген соманы төлеуге жəне тағы басқаларға
қожайындық ету мен басқару жөніндегі" сенімхат үлгісін көрсетті. Лере
мырзаның сабағы Эмманың пайдасына шықты.
Шарль аңғырттықпен бұл қағаздарды оған кім бергенін сұрады.
- Гильомен, — деп Эмма жауап қайырды жəне беті бүлк етпестен сөзін
жалғастырды. -Мен оған сенбеймін. Жалпы нотариустарды жұрт
мақтамайды. Ақылдасу жөн болар еді... Бірақ біз тек қана таныспыз. Жоқ,
ешкіммен де!
- Леон болмаса... - Шарль ойланып барып айтты.
Оған жазуға болар еді, бірақ бұл өте күрделі іс. Эмма Руанға өзі барып
қайтатынын айтты. Шарль ризашылығын білдірді, бірақ келіскен жоқ.
Эмма өз айтқанынан қайтпады. Өзара əдептілік сақтағанымен, Эмма
ашуының қалжың еместігін түрінен байқатты.
- Қойшы, өтінемін, мен бəрібір барамын! - деп міңгірледі ол.
Келесі күні-ақ Эмма "Қарлығаштың" қызметіне сүйеніп,Леонмен
ақылдасуға Руанға кетті. Ол он да үш күн болды.
III
Бұл қуанышқа, рақатқа, кереметке толы күндер - нағыз бал айы болатын.
Эмма мен Леон "Булонь" қонақүйінде, жағалауда тұрып жатты, терезе
қақпағы жабық, есік жабық, еденде гүл, таңертеңгілік мұз салған шырын...
Кешке таман олар жабық қайық алатын да, кешкі тамақтарын аралға
барып ішетін.
Бұл доктарда кеме корпустарын жөндеушілердің балғалары солқылдап
жатқан мезгіл еді. Ағаштардың арасында қарамай түтіні будақтап жатыр, ал
су бетінде флорентиялық қаланың табағына ұқсас батқан күннің алқызыл
шапағына шағылысып əркелкі шайқалған аумақты май дақтары жүзіп жүр.
Қайық жағаға тақап байланған баркастың ұзын да көлбеу шынжыр
арқандарын жанай өтіп, ағыс ыңғайымен жүзіп барады.
Қаланың у-шуы, оның ішінен арбалардың сықырын, дауыстарды,
палубадағы иттердің үргенін айыруға болатын, бірте-бірте алыстап бара
жатты. Эмма қалпағының бауын шеше бастады да, қайық көп ұзамай
аралға келіп тұмсық тіреді.
Мейрамхана есіктерінде су қарайтып жіберген балықшылар ауы
кептіруге ілінген. Эмма мен Леон төменгі қабаттың бір бөлмесіне
жайғасып, қуырылған картоп, қаймақ, шиеге тапсырыс берген. Сосын
көгалға аунап, теректің түбінде тұрып сүйісті. Бұл жерде олар екі Робинзон
сияқты мəңгі ғұмыр сүретіндей, екеуіне сондай жақсы болатын, бүкіл
əлемде бұл аралдан артық жер бар дегенді олар көз алдарына елестете
алмайтын. Олар ағаштарды, көгілдір аспанды, шөптерді, толқындардың
қалай
шылпылдайтынын
жəне
желдің
жапырақтарды
қалай
сыбдырлататынын көргендері бірінші рет емес, бірақ та олар бұрындары
мұны байқамаған; бұған дейін олар үшін табиғаттың бар-жоғы білінбейтін;
дұрысында оның көркемдігін олар өз тілектері орындалған соң ғана
бағалай бастаған.
Іңір қараңғылығы түсе олар қалаға қайтты. Қайық арал маңында ұзақ
жүзіп жүрді. Ымырт жамылған, олар түкпірде, тым-тырыс отыр. Төрт
қырлы ескектің темір тұтқасы тыныштықты сезінуді күшейтіп,
метрономның жүрісі сияқты, бірқалыпты тықылдауда, ал арт жақтағы
қозғалмайтын меңгерік астында дамылсыз су сылдырлай ағуда.
Бір жолы ай көрінді. Эмма мен Леон жағдайға орай оның мұңды
поэтикалық шұғыла екендігін, жедел қабыл сəтті бірер ауыз сөз тауып
айтуға асықты. Эмма, тіпті əнге басты:
Есіңде ме, түн жамылып жүзген кез...
Оның əлсіз, əйтсе де жағымды даусы толқын шуылына сіңіп жатыр.
Оның тамылжыған үні, тура қанаттарын сабалаған құстар сияқты, Леонның
қасынан жанай өтіп, жел оны жыраққа алып кетті.
Ашық терезеден түскен ай нұрына бөленген Эмма қалқаға сүйеніп,
Леонға қарама-қарсы отыр. Етегі желпуішше жиырылып - керілген қара
көйлегі оның бойын талдырмаш жəне сұңғақ етіп көрсетіп тұр. Басын
шалқайтып, қолдарын айқастырып, көзін көкке тікті. Кей-кейде
жағалаудағы қызыл шілік көлеңкелері оны түгел тасалап алады да, ал сонан
соң қайтадан ай сəулесі төгіліп, ол дəл елес сияқты, түнектен шыға келді.
Леон қайықтың түбінен, Эмманың жанынан, нарттай жібек лента тауып
алды.
Қайықшы оны ұзақ анықтап қарап ақырында былай деді:
- Таяу күндері серіктесіп серуенге шыққандарды қыдыртқанмын.
- Бəлкім солардың біреуінен түсіп қалған шығар. Өңкей бір тентектер
бас қосқан екен, -мырзалары да, ханымдары да тəтті тоқаштарымен,
шампандарымен, музыкаларымен келіпті - содан ойын-күлкі басталсын
дерсің! Əсіресе араларындағы сұңғақ бойлы, ажарлы, қиық мұртты біреуі сондай қалжыңбас екен! Олардың бəрі оған: "Бізге бірдеңе айтып берші,
айтып берші!" деп жабысты. Əлде Адольф па, əлде Додольф па...
Эмма селк ете қалды.
- Сен тоңып қалған жоқсың ба? - Леон қасына жақындай түсіп сауал
берді.
- Алаңдамай-ақ қой! Түн салқын - бəлкім соның əсері болар.
- Шамасы, ол талайды көрген, əйел затын құр жібермейтін жігіт болса
керек, - біреудің əңгімесін бұзып жіберуді əдепсіздік деп ойлаған кəрі
моряк ақырын ғана сөз қосты.
Сосын ол алақанына түкіріп, тағы да ескекті қолына алды.
Қалай болғанда да айырылысар сəт туды! Оларға қоштасу оңайға соққан
жоқ. Леон Роле апайдың атына хат жазып тұратын болып уəделесті. Эмма
оған қос конферт жөнінде кеңсе берген жəне сонымен бірге бір істі біліп
істеуді көрсеткен, содан Леон оның сүйіспеншілік мəселелеріндегі
айлакерлігіне таң-тамаша қалған.
- Сенің айтуыңша онда бəрі дұрыс қой, ə? - Оны соңғы рет сүйіп алған
соң сұрақ қойған.
- Иə, əлбетте!
"Бұл сенімхат оған неге қажет болды екен?" Леон аздан кейін, көшеде
жалғыз өзі кетіп бара жатып ойға қалған.
IV
Леон аз уақыт ішінде жолдастарының алдында өзінің артықшылығын
сездіріп, айрықша мінез көрсете бастаған; ол олардың ортасында болудан
қашқақтап, жұмысын да бетімен жіберген.
Ол Эмманың хатын күтіп, оны оқып жəне қайталап оқып жүрген. Оның
бейнесін ынтызарлық пен еске алудың бар күш - қуатымен көз алдына
елестететін, айырылысу оны көрсем деген құмарлығын басқан жоқ керісінше үдете түсті, міне, бір жолы сенбі күні таңертең ол кеңседен
қашып кетті.
Тауға көтерілгенде - алқапты, шіркеу мұнарасын жəне оның төбесіндегі
желбағардың қаңылтыр жалаушасын көргенде, ол өз бойынан туған
деревнясына оралғанда миллионердің басынан кешіруі ықтимал, көңілі жай
тапқан, атаққұмарлық ойы орындалған жəне өзімшілдік көңілі босаған
сапырылысқан сезімдерді сезінді.
Ол оның үйін айналып шықты. Асүйде от жанып тұр. Ол перденің ар
жағынан оның көлеңкесі көрінбес пе екен? - деп сағаттар бойы бақылаған.
Бірақ көлеңкесі көзге түспей-ақ қойғаны.
Лефрансуа апай оны көргенде аһылай-уһілей бастады; оның "тағы да
бойы өскенін жəне арықтағанын" айтты; Артемиза сол екі арада оның
"оңалып жəне күнге күйіп кеткенін" байқапты.
Ескі əдеті бойынша ол кішкене залда, бірақ бұл жолы салық
инспекторынсыз, жалғыз отырып тамақтанды; Бине мырзаның
"Қарлығашты" "тосуға мүмкіндігі болмай" қазір ол тамағын толық бір сағат
ерте, яғни тура сағат бесте ішетін болған, соған қарамастан "көне кебістің
кешігіп жатқанын" айтып, бəрібір əрдайым бұрқылдай беретін.
Ақыр соңында Леон батылданып, дəрігердің үйіне келіп, есігін қақты.
Өз бөлмесінде отырған Бовари ханым ширек сағаттан кейін шықты. Бовари
мырза, шамасы оны көргеніне өте қуанған сияқты, бірақ та сол күні кешке,
не келесі күні ол үйінен ешқайда шыққан жоқ.
Леон Эммамен тек ымырт түсе, бақтың ар жағында серуендеп жүргенде,
ол басқа біреумен кездесіп жүретін жерде, оңаша жолықты! Олар күн
күркіреп, найзағай жарқылдап тұрғанда қолшатыр астында тұрып сөйлесті:
Айырылысу олардың жандарын сондай ауыртты.
- Бұдан да өлгенім артық! - Эмма уайым-қайғы жеп жəне еңіреп жылап
тұрып айтты. - Сау бол!.. Сау бол!.. Біз енді қашан жолығар екенбіз...
Айырылып екі жаққа кете беріп, олардың құшақтары қайта айқасты.
Эмма осы кезде ең болмаса аптасына бір рет кездесіп тұрудың əйтеуір бір
тəсілін табуға, еш кедергісіз кездесудің тұрақты сылтауын ойлап табуға
оған уəде берді. Эмма оның орындалатынына түк күдіктенген жоқ. Ол
жалпы келешегіне сергек қарады. Жақын арада оның қалтасына ақша
түсуге тиіс-тін.
Осыны ойына алған ол өз бөлмесіне Лере мырза айтқандай,"су тегінге
түскен" жиегі жалпақ көмкермелі екі сары перде алған. Ол кілем алуды
армандайтын - Лере мырза оның "соншалықты қымбат еместігін" айтты
жəне өзіне тəн сыпайыгершілікпен оны тауып беруге кіріскен. Ендігі жерде
ол оны жиырма қайыра шақыртатын, ол болса бір ауыз сөзге келместен, ол
үшін барлық шаруасын тастай салып, жетіп келетін. Тағы бір жұмбақ
жағдай бар еді: Роле апай күн сайын таңертеңгі асын Бовари ханыммен
бірге отырып ішетін болған, ал кей-кейде жайдан-жай оған соғып кететін.
Нақ сол кездері, яғни қыстың басында, Эмма музыкамен əуестене
бастады. Бір күні кешкісін оның ойының Шарль тыңдады; ол бір
ойнағанын төрт қайыра қайта бастаған жəне əр жолы əр жерін ойында
қалдырып кете берді, ал Шарль оның айырмашылығын аңғармай айқай
салды:
- Бəлі, жарайсың!.. Ғажап!.. Неменеге тоқтап қалдың? Ойна! Ойна!
- Жоқ, мен өте нашар ойнаймын! Саусақтарым илікпейді.
Ол келесі күні бірдеңе ойнап беруді өтінді.
- Егер ол сенің көңіліңді көтеретін болса, онда құп болады!
Шарль оның біршама қарайып қалғанын мойындауға мəжбүр болды.
Эмма есебінен жаңылды, пернелерді шатыстырып басты, сосын кенет
ойынын аяқтамай бітіре салды.
- Жоқ, жөндем ештеңе де шығатын емес! Мен сабақ алсам ғой... - Эмма
ернін тістеледі. -Айына жиырма франк - өте қымбат! - деді ол.
- Иə, қымбаттау екені рас... - Шарль босқа ыржаңдай сөйледі.
- Ал сонда да болса, меніңше, арзандауын да табуға болатын сияқты.
Кейбір қатардағы музыканттардың ішінде атақтылардан кем түспейтіндері
де кездесіп қалады.
- Табуға тырыссайшы! - Эмма үн қатты.
Келесі күні үйге келген соң, Шарль оған қулана қарады жəне ақыры
шыдай алмады.
- Сенің осы қыңырлығын - ай! - деп дауыстады ол. - Мен бүгін
Барфешерде болдым. Иə, сен не деп ойлайсың? Льежар ханым айтты, оның
үш қызы да - олар Қайырымдылық монастрында оқиды екен - музыка
сабағына елу су төлейді екен, оның үстіне ұстаздары керемет кісі көрінеді.
Эмма иығын қиқаң еткізді де қойды жəне содан қайтып музыка ойнауды
мүлде қойып кетті.
Алайда, күйсандықтың қасынан өтіп бара жатып, егер Бовари үйде
болса, əрдайым күрсініп:
- Менің бейшара күйсандығым! - дейтін.
Эмма қонақтар отырғанда өзінің музыканы амалсыз тастап кеткендігі
жөнінде əңгіме бастайтын. Оған жұрт жанашырлық білдіретін. Қандай
өкінішті! Ал оның дарыны қандай керемет! Бұл жайында Боваримен
сөйлесетін, бəрі де оны ұялтатын, əсіресе - фармацевт.
- Бұл сіздің кемшілігіңіз! Туа біткен қабілетті жетілдіру қажет. Ал оның
үстіне, қымбатты достым, егер сіз зайыбыңызды музыкамен айналысуға
көндірсеңіз, сол арқылы сіз өзіңіздің қызыңызға музыкалық білім беруден
үнемдейсіз! Менің өз басымның ойынша, балаларын аналары өздері
оқытулары керек. Бұл Руссоның мақсаты; ол əлі күнге өте батыл шешім
сияқты, бірақ мен оның əйтеуір бір түптің-түбінде сəбиін ана сүтін емізіп
өсіруі мен шешекке қарсы егу қалай жеңіп шықса, солай сенемін.
Бұдан кейін Шарль музыка мəселесіне қайта оралды. Эмма ең дұрысы одан айырылу -жанына сондай жақын болып кеткен, соның арқасында
асықпай
өзін-өзі
өлтірумен,
денесінің
қайсыбір
бөлшегін
жансыздандырумен бірдей болса да, фортепьяноны сатып жіберу екендігін
күйінішпен айтқан.
- Сен енді ауық-ауық сабақ алып тұрсай - ол жағын құдай біледі, əйтсе
де бізді сонша жұтата қоймас, - деді Шарль.
- Тұрақты сабақ алса ғана мəн шығады, - ол қарсы пікір білдірді.
Сөйтіп, ақыр соңында ол күйеуінен аптасына бір рет қалаға барып,
ойнасымен жолығып қайтуға рұқсат алды. Арада ай өткен соң-ақ үлкен
жетістіктерге жеткендігі жөнінде айтыла бастады.
V
Сабақ бейсенбі күндері өтетін. Шарльды оятып жіберсе оның тым ерте
жиналып жатқанына ренішін білдіруі мүмкін екендігінен қорқып, ол
дымын шығармай тұрып киінетін. Содан соң бөлмені аралап, терезеден
алаңға кез салатын. Базардың жаппасын ұстап тұрған қадалардың арасына
таң шапағының сұрғылт сəулесі түсіп түр; дəріхана терезелерінің жабық
қақпаларынан жарнама жазуларының ірі қаріптері бұлдырап көрінеді.
Сағат сегіздің тура ширегі болғанда Эмма "Алтын арыстанға" баратын
жəне есінеп жүріп Артемиза оған есік ашатын. Ханымға бола ол пештің
ыстығы басылмаған күлін шығаратын. Сосын Бовари ханым асүйде жалғыз
қалатын. Мезгіл-мезгіл аулаға шығып келетін. Ивер аттарын асықпай жегіп
жатыр жəне сонымен бірге Лефренсуа апайдың сөздеріне құлақ асуда, ал ол
болса басындағы түнгі желбегейін шешпестен, терезеден басын сыртқа
шығарып, көшірге түрлі-түрлі тапсырмалар беріп жатыр жəне оның егжей тегжейлі түсіндіріп жатқанын басқа кім болса да шатастырып алар еді.
Эмма тас төселген аулада аяқ киімінің ағаш табанын тарсылдатып ерсіліқарсылы қыдырыстап жүр.
Ақыр соңында Ивер сорпасын ішіп, жамылғысын киіп, мүштігін
тұтатып жəне шыбыртқысын қолына қыстырып, сабырлы қалпын сақтап
отырғышына жайғасты.
Аттар желе жортып келеді. "Қарлығаш" мильдің алғашқы үш ширегінде
əлсін-əлі тоқтай берді - делбеші жол жиегінде иə болмаса есіктерінің
алдында тосып тұрған жолаушыларды мінгізіп алды. Орынға алдын ала
тапсырыс беріп қойғандар өздерін тоса тұруға мəжбүрлеген. Қайсы
біреулерін оятып алудың өзі қиынға түсті. Ивер шақырған, айқайлаған,
боқтанған, сосын отырғышынан түсіп, бар күшін салып қақпаны
ұрғылаған. Жел дилижанстың сынған терезелерінен гулеп тұр.
Енді міне, төрт қатар орындығы толған соң дилижанс тоқтаусыз зырлап
келеді, алма ағаштары бірінен кейін бірі артта қалып жатыр. Сары су толып
тұрған қос жыраның ортасынан созыла түскен жол бірте-бірте тарыла
түсуде.
Эмма жолды бес саусағындай білетін, өрістен кейін бағана, сосын
қарағаш, қырман жəне жол шеберінің үйі болатынын білетін. Өзіне
сюрприз жасау үшін ол, тіпті мезгіл-мезгіл көзін жұмып алатын, бірақ та ол
қашықтықты сезінуден қателескен емес.
Ақыр соңында, кірпіш үйлер жақындап, доңғалақ астындағы жол
даңғырлай бастады. "Қарлығаш" бақтың арасымен зырлап келеді, қоршау
саңылауларынан мүсіндер, айналар, қырқылған тас бұталары, əткеншектер
қараңдайды. Кенет бүкіл қала көз алдыңа келіп тұра қалған.
Төбелерден кертпештеп түсіп, əлі де бозала таңның қараңғылығын
жамылған қала көпірлерінің ар жағында қанатын кеңге жайып жəне бейберекет көсіліп жатыр. Осы қазір қала сыртындағы қараңғылық
жазықтықтың көкжиегіне дейін көтеріліп, қиырдағы ағарған аспанның
көрінер-көрінбес жиегіне тиіп тұр. Осы жерден, биіктеу, бүкіл ландшафт
суреттегідей қозғалмайтын сияқты. Бір бұрышта зəкірге қойылған кемелер
иін тіресіп тұр, көкжасыл төбелердің етегінде өзен ирелендейді, сопақтау
аралдар суда қатып қалған үлкен қара балықтар сияқты болып көрінеді.
Фабрика тұрбалары жиектері жұлма-жұлма өте үлкен, қоңыр шашақтарды
шығарып тастауда. Болат күю заводтары у-шу даңғаза көтеріп, тұманнан
сейілген шіркеу мұнараларынан соғылған қоңыраулардан көңілділік лебі
еседі. Бульварлардың жапырақтан жұрдай ағаштары үйлердің арасында
ақшыл көк бұталар сияқты қарауытады; жаңбыр шайған шатырлар
үйлердің аласа не биіктігіне байланысты бір жерде жарқырап, бір жерде
көмескі жалтырайды. Жел ауық-ауық бұлттарды Əулие Катерина төбесіне
қарай айдап, олар ауа толқындарымен құлама жарға соғылып, үнсіз
бөлшектеніп жатыр.
Осынау сұрқай үйлерге көзі түскенде Эмманың басы айналып, жүрегі
кеудесіне сыймай кетті; соғысын алыстан аңғарып келе жатқан Эмма
осынау жүз жиырма мың өмірдің əрбірінің айрықша құмарлық əлемін көруі
жəне осы құмарлықтың бəрі оны өзінің демімен жандырып жіберетіндей
көрінген. Оның махаббаты еркіндікті сезінген сайын гүлдене түсіп, күңгірт
гуілмен толықты. Эмманы оны барлық жерде: алаңда, бульварларда,
көшелерде ашып айтып жүр. Ол осынау көне норманд қаласына тура бір
ұшы - қиыры жоқ астанаға, тура бір Вавилонға келгендей сезінетін. Ол
қолымен рамадан ұстап, терезеден басын шығарып, желмен тыныстады.
Үш ат шауып келеді, тұяқтарының астында батпақтан сорайып тұрған
тастар шықырлап, дилижанс шайқалып, Ивер руандық байшыкештер Буа Гиьомда түнеп, отбасының көліктерімен маңғаздана таудан түсіп, алда келе
жатқан делбешілерге алыстан айқайлап келеді.
Қала қақпасы алдында "Қарлығаш" аялдама жасады. Эмма ағаш
табандарын шешіп, қолғабын ауыстырды, шəлісін жөндеп байлап, тағы да
жиырма қадам жүрген соң "Қарлығаштан" түсіп қалды.
Сол екі арада қала ояна бастады. Тақия киген приказчиктер
витриналарды сүртіп, жолайрығында белдеріне себет байлап алған
сатушылар өз заттарын мақтап ащы дауыстарымен айқайлап жатыр.
Қара бетпердесін түсіріп жіберіп, аяғының астына қарап, үй іргелеріне
тақаса келе жатқан Эмма бақыттан басы айналып күлімсіреді.
Біреу-міреу танып қоя ма деп қорыққан ол əдетте тура жолмен
жүрмейтін. Ол қараңғы көше қиылыстарына ұмтылатын, Насьональ көшесі
аяқталып, субұрқаққа жеткен кезде оның бүкіл денесін тер жауып кетті.
Бүл театр орамы, кабактар мен жеңіл мінезді қыздардың орамы еді.
Эмманың жанынан тиелген декорацияны селкілдетіп арбалар өтетін.
Белдемше байлаған аула сыпырушылар көкпеңбек ағаш отырғызылған
жаяу жолдарға құм шашып жүр. Арақ, темекі, устрица иісі аңқиды.
Эмма бұрыштан айнала бергенде, қалпағының сыртынан шығып тұрған
бұйра шашынан Леонды жазбай таныған.
Жас жігіт тоқтамастан жүріп бара жатыр. Ол оның соңынан еріп
қонақүйге барды: ол басқышпен көтіріліп, есікті ашып, ішке енді... Бұл
неткен ыстық құшақ еді!
Ыстық сүйістерден кейін, сөз тиегі ағытылды. Екеуі бір-біріне өткен
аптаның азаптарын, өз жүректерінің күні бұрын сезгендерін, хатқа
байланысты алаңдағандарын айтысты. Біраздан соң оның бəрі ұмытылып,
олар енді құмарлықтары қозып жəне бірін-бірі еркелетуге шақырып,
күлкіге батып, бір-біріне қадала қараған.
Кереует үлкен қызыл ағаштан, қайық түрінде жасалған екен. Төбеден
төмен түскенде қызыл матадан тігілген шымылдық арқалығының
кеңейтілген етегі доғаша иілген. Ұяла қимылдап жалаңаш қолымен төсін
жауып жəне бетін алақанына тосқан Эмманың мойылдай қара шашы мен
қарақошқыл аясындағы аппақ денесінің сұлулығына ештеңе де тең
келмейтін.
Жылы бөлме, аяғының дыбысын білдірмейтін кілем, қабырғаға ілінген
ойнақы суреттер, жайлы жарық - осындай жайлылықта құмарлық өзін
еркін сезінді. Перде ілінген жебе пішінді таяқ, оған кигізілген мыс
шығыршықтар жəне пештің торындағы домалақ жез бүршіктер үйге күн
сəулесі түскен бетте жарқылдап кететін. Камин үстіндегі шырағданның
арасында екі алқызыл ұлутас жатыр. Оны құлағыңа тосар болсаң, теңіздің
шуы естіледі.
Жарқылы ептеп күңгірттеніп кеткеніне қарамастан олар осы бір көзге
ыстық жəне көңілді бөлмені сондай жақсы көретін. Бұл жерде ештеңенің
өзгермейтініне, сол қалпында сақталатынына олардың көздері əбден
жеткен, егер Эмма шаш түйреуішін ұмытып, сағаттың астында қалдырып
кетсе, ол келесі бейсенбіге дейін сол жерінде жататын. Олар ертеңгі
тамақтарын камин алдында оюлап безендірілген шағын үстелде ішетін.
Эмма ет кесіп жатып, Леонға еркелеп, кесек - кесегін оның табақшасына
салатын. Ал жұқа бокалға құйылған шампан көбіктеніп, ернеуінен асып,
оның самсаған сақиналы саусақтарына төгілген кезде Эмма сыңғырлаған,
сезімтал күлкіге дес беретін. Олардың бір-біріне бауыр басқандары сондай,
бұл мəңгі жас жұбайларша ғұмыр кешіп, жарық дүниемен қоштасқанша
мекендейтін өз үйлері сияқты болып кеткен. Олар: "біздің бөлме, біздің
кілем, біздің кресло" дейтін Эмма тіпті: "менің үйде киетін туфлиім"
дегенді жиі айтатын. Оның еркелігінің бір белгісі - Леонның сыйлығы аққудың мамығынан əдіптеліп, қызыл атластан тігілген үйге киетін туфли
еді. Ол Леонның тізесіне отырған кезде, аяғы еденге тимей, салбырап жəне
сірі жоқ əдемі туфли жалаң бармақтарына ғана ілініп тұр.
Леонның əйел əсерлілігінің түсінуі қиын сүйкімділігіне рақаттануы
алғаш рет. Сөзінің нақышты бағыттары, сылана сəнденудің жарасымы,
ұйқыдағы көгершіннің кейпі - ол үшін мұның бəрі жаңа. Оған Эмма
жаратылысының жарқындығы да, оның көйлегінің шілтермен əдіптелуі де
ұнайтын. Осының бəрімен қатар Эмма "үлгілі ортадан шыққан əйел", оның
үстіне тұрмысқа шыққан бике еді! Бір сөзбен айтқанда тамаша ашына
болатын!
Эмманың көңіл күйінің аумалы - төкпелілігі - бірде терең ойға шомған,
бірде ақжарқын, бірде сөзшең, бірде тұйық, бірде қатынаспайтын, бірде
елікпе - осылайша оның бойында тілек құйынын тұрғызып, сезік пен
естелікті оятатын. Ол үшін Эмма кім еді? Барлық романдардағы əйел
бейнесі, барша драмалардың кейіпкерлері, күллі өлең жинақтарындағы
жұмбақ еді. Оның ойынша Эмманың кəріптастан құйылған иығы
шомылған күннің иығын еске түсіреді, оның белі қамалдардағы шонжар
əйелдердікіндей ұзын болатын. Сондай-ақ ол тағы да ақсұр барселондыққа
ұқсайтын, бірақ ол ең алдымен періште еді.
Ол Эммаға көз қиығын салған кезде оның жаны оған қарай құрақ ұша
ұмтылғандай. Оның басының айналасына толқын боп төгілгендей, аппақ
төсіне құйылып жатқандай болып көрінетін.
Ол еденге отыра қалып, оның тізелеріне шынтақтарымен сүйеніп,
күлімсіреп маңдайын тосты.
Эмма оған қарай еңкейіп, таңғалғаннан үні үзік-үзік естіліп, сыбырлады:
- Қозғалма! Үндеме! Маған қара! Сенің көздерің еркелей қарайды!
Сенімен бірге болу маған сондай рақат!
Ол Леонды "бала" деді:
- Бала, сен мені сүйесің бе?
Жауабын естіген жоқ - ерні оныкіне жабысып қалған.
Сағаттағы кішкене қола купидон алтын жалатылған гүл шоғының
астына қылымси қолын тосып тұр. Эмма мен Леон оған жиі күлетін. Бірақ
қоштасар сəтте бəрі де қапас көрініске айналып кететін.
Қол-аяқтары байланып қалғандай кейіпте бір-біріне қарсы тұрған олар
қайталап айта берді:
- Бейсенбіге дейін!.. Бейсенбіге дейін!..
Сосын ол кенеттен қос қолымен Леонның басынан ұстай алып, қасқағым сəт оның маңдайына ернін жабыстырды да, "Сау бол!" деп айқай
салып, басқышқа жүгіре шықты.
Ол Театр көшесіне шығып, шашын қалпына келтіріп, сəндетіп алу үшін
шаштаразға бет алды. Іңір қараңғылығы түскен. Шаштаразда газ жағып
жатқан.
Эмма актерлерді ойын-сауық көрсетуге шақырған қоңырау сылдырын
естіді. Жүздері жүдеу еркектер мен көнетоз көйлек киген əйелдер көшенің
қарсы бетіндегі терезенің алдынан өтіп, сахна шымылдығының артынан
кіріп кетуде.
Париктер мен далап салған банкілердің ортасында темір пеш гулеп
жатқан аласа жəне қуықтай бөлменің іші тымырсық. ЬІстық қысқыштар
мен Эмманың шашын қайта қалпына келтіріп жатқан майлы қолдардың
иісі есеңгіретіп, халат қымтанып алған ол көп ұзамай қалғи бастады.
Шашын бұйралап жатқан кезде шебер оған бал маскарадқа билет алуға
қайта-қайта өтініш жасай берген еді.
Ал содан кейін ол қайтуға бет алды! Ол қайтарда да сол келген
көшелерімен жүріп, "Қызыл крестке" дейін барды, тағы да таңертең
дилижанс орындығының астына тығып кеткен ағаш табанын байлап алды,
асығыс жолаушылардың арасынан өтіп, өз орнына жайғасты. Таудың
төбесіне көтерілер алдында бəрі де жерге түскен. Дилижанста ол жалғыз
қалған. Əр қиылыстан өткен сайын ретсіз орналасқан ғимараттардың
үстінде нұр сəулесі бұлт жинаған көше фонарлары жарығының аумағы
ұлғая түсуде. Эмма көпшікке тізерлеп отырды, оның жанары осы жарықтан
ештеңені де көрмей қалды. Ол еңіреп жылап, Леонды шақырып, сыбырлап
назды сөздер айтып, оған жолдаған сүйістерін жел айдап əкетті.
Тауда ерсілі-қарсылы жүріп жатқан дилижанстар арасында имек таяқты
қайыршы кетіп барады. Оның алба-жұлба киімі денесін əзер жауып тұр,
төбесі тесік, шарадай дөңгелек қалпағы көзіне түсіп кетіпті. Ол қалпағын
қолына алған кезде қабағының орнында қанды ойдым үңірейіп тұрғанын
көресің. Тірі еті қып - қызыл жапырақ - жапырақ болып ілініп тұр;
қарашығынан мұрнына дейін аққан сұйық жасыл қабық түзуде; қара танауы
діріл қағады. Ол біреумен сөйлесе қалса басын кекжитіп, себепсіз күлетін,
ал оның үздіксіз қозғалып тұратын көк сүйелі маңдайынан төмен түсіп,
ашық жарасына жанасуда.
Экипаж соңынан жүгірген қайыршы əндетіп келеді:
Жаздың ыстық күнінде де қыз бала,
Нақ сүйерін армандайды қызғана...
Ал əрі қарай бұл он құстың сайрауы, күннің сəулесі мен жасыл
жапырақтар туралы толғайтын.
Қайыршы бір сəт кейде бет-жүзі ашық қалпында кенет Эмманың көзіне
түсе қалған. Ол айқайлап жіберіп, дилижанстың түкпіріне тығыла түсті.
Ивер соқырды келемеждеп келеді. Ол оған жəрмеңкеде ойын-сауық
көрсетуге кеңес берді немесе күлкіге қарық болып, оның сүйіктісі қалай
ғұмыр кешіп жатқанын сұраған.
Барынша зырлап келе жатқан дилижанстың терезесінен соқырдың
қалпағы жиі көріне берді; қайыршы бос қолымен жиналмалы басқыштан
ұстап алған; доңғалақтардың астынан оған кесек-кесек балшық
шашырауда. Əуелде жаңа туған сəбидікіндей сол əлсіз естілсе де, біртебірте оның ащы дауысы шыға бастады. Түн қараңғылығында ол қайдағы
бір түсініксіз, ашынған созылмалы, сараланбаған зар жылау болып естілді.
Осынау ағаштар шуылының, қоңырау сыңғырының жəне бос қорап
салдырының арасынан Эмманың құлағына алыстан талып жеткендей, жанжүректі тебіренткен əуенде ұшы-қиырсыз жалғыздық сияқты бірдеңе бар
еді.
Ол əуен, терең жарға соғылған құйын сияқты, оның көкірегіне құйылып,
Эмманы уайым-қайғының шексіз жазықтығына ала жөнелген. Алайда осы
кезде дилижанстың бір жағына ауып бара жатқанын көрген Ивер соқырды
бірнеше мəрте шыбыртқысымен шықпыртқан. Шыбыртқының ұшындағы
түйін оның жарасына тиіп, қайыршы шыңғырып батпаққа құлап бара
жатты.
Содан соң "Қарлығаштың" жолаушылары ептеп - ептеп: біреулері ауыздарын ашып, біреулері - бастары кеуделеріне түсіп, біреулері көршісінің иығына сүйеніп, енді біреулері белдіктен ұстап ұйқыға кіріскен,
осыған қарамастан бəрі де дилижанспен бірге ырғала тербеліп келеді, ал
фонарьдың жылт - жылт еткен жарығы түпкі аттың сауырымен жылжи
отырып, қоңыр түсті коленқор шымылдық арқылы дилижанстың ішіне өтті
жəне ұйқыдағылардың бүлк етпейтін беттеріне қып-қызыл сəуле түсірді.
Өлердей қамыққан Эмма, тоңғаннан дірілдеп-қалшылдай бастады; аяқтары
тастай қатып қалған; көңілін саңылаусыз түнек басқан.
Үйінде отырған Шарль оны тағатсыз тосты - бейсенбі күндері
"Қарлығаш" үнемі кешігіп келетін. Əйтеуір міне, "бике" үйге жетті - ау!
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Бовари ханым - 19
  • Büleklär
  • Бовари ханым - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4163
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2553
    30.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4178
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2552
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2530
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4126
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2500
    29.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2557
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4249
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2427
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4224
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2426
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4337
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4309
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2440
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4189
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2383
    30.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4237
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2322
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4248
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2339
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4284
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2336
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4453
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4211
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2395
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4279
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4390
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2357
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4218
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4382
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4349
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2273
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4397
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2241
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4360
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4277
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2355
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 1446
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 974
    39.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.