Latin Common Turkic

Бовари ханым - 11

Süzlärneñ gomumi sanı 4237
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2322
33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
биялайын шешіп, қолын сүртті, сосын бетін орамалымен желпіді;
тобырдың ың-жың у-шуы мен кеңесшінің бірқалыпты даусын шекесін
солқылдатқан қан соғысы арқылы сезінді.
Кеңесші сөзін жалғастырды:
- "Қол жеткізіңіздер! Берілмеңіздер! Кертартпалардың сыбырларын да,
өркөкірек экспериментшілердің тым асығыс кеңестерін де тыңдамаңыздар!
Топырақтың құнарлылығына, тыңайтқыштардың сапасына, жылқылардың,
сиырлардың, қойлардың, шошқалардың тұқымдарын асылдандыруға
ерекше көңіл бөліңіздер! Бұл көрме сіздер үшін өзара тіл табысу алаңы
сияқты болсын, жеңімпаз, бұл жерден кетпей тұрып, жеңілгеннің қолын
қысып, онымен ағайынша құшақтассын, содан кейін жеңілгеннің көңілінде
келешекте үлкен жетістіктерге қол жеткіземін деген үміт оты тұтансын. Ал
сіздер, құлай берілген қызметшілер, қарапайым жұмыскерлер, осы күнге
дейін сіздердің ауыр еңбектеріңіз өзіне бірде-бір үкіметтің назарын
аудармады! Сіздердің жасандылықтан ада қадір-қасиеттеріңіз бүгінде
сыйақы беруге лайық жəне мемлекет ақыры сіздерге көңілін аударатынына,
оның сіздерді қолдайтындарына, оның сіздерге қамқоршы болатындарына,
оның сіздердің əділетті талаптарыңызды қанағаттандыратынына жəне
мүмкіндігі жеткенше сіздердің бастарыңызға түскен зор құрбандықтың
ауыртпалығын жеңілдетуге тырысатынына сенімді болғайсыздар!"
Льевен мырза орнына барып отырды; артынша Дерозере мырза сөйледі.
Оның сөз саптасы, бəлкім, дұрысында көпірме, қызыл сөзге теңеспеген
болар, бірақ ол көбірек іскерлік туралы сөз айтады, ол өз сөзінде арнайы
таным көздерін ашып, мейлінше терең ой-пікірлер айтты. Үкіметті ол көп
мақтаған жоқ, оның есесіне дін мен ауыл шаруашылығына көбірек көңіл
бөлді. Ол өзара байланысқа жəне баяғыдан бері өркениет жолында бірігіп
атқарған істеріне тоқталды. Родольф пен Бовари ханым бұл кезде түс
туралы, алдын ала сезіну туралы, магнетизм туралы əңгімелесті. Шешен,
адамзаттың бастау кезеңіне ой көзін жіберіп, адамдардың ормандарда
ғұмыр кешіп, емен жаңғағын жеген сол бір қара түнек заманды жүйелеп,
бейнелеп баяндап шықты. Сонан соң олар аң терілерін шешіп тастап, мəуіті
киіп, жер жыртып, жүзім екті. Бұл пайдаға асты ма, бұл жаңалық өзімен
бірге нені көбірек əкелді: қасірет əлде игілік пе? Төраға өз алдына осындай
сұрақ қойды. Ал Родольф магнетизмнен бірте-бірте көңіл жақындығына
көшті. Дерозере мырза соқа соңында жүрген Цинциннат22 туралы,
қырыққабат еккен Диоклетиан туралы жəне жаңа жылды егін себу
салтанатымен қарсы алатын қытай императорлары туралы түсінік беріп
жатқанда, Родольф Эммаға кез келген тежелмейтін құштарлықтың түп
тамыры өткен заманға жалғасты екенін дəлелдеп жатты.
- Ең болмаса екеумізді алайықшы, - деді ол, - біз неге таныстық? Бізді
жолықтырған қандай кездейсоқтық? Əлбетте, біздің жеке басымыздың
бейімділігі кеңістікті еңсеріп, бізді бір - бірімізге итермеледі, - ақырында
қос өзен осылай қосылады.
Эмманың қолын алып еді, ол тартынған жоқ.
- "Пайдалы дақылдар өсіру үшін..." - Төраға айғай салды.
- Міне, мысалы, мен сіздерге барғанда...
"...Кенкамиуадан келген Бизе мырзаға..."
- ...бүгін сізбен бірге боламын деп ойлаппын ба?
- "...жетпіс франк!"
-Мен əлденеше рет кетіп қалуға ұмтылдым, əйтсе де сіздің соңыңыздан
ердім, қалдым.
- "Көңмен тыңайтқаны үшін..."
- Енді бүгін кешке де, ертең де жəне басқа күндері де, ғұмыр бойы
қаламын!
- "...Аргейлден келген Карон мырзаға - алтын медаль!"
- Мұндай бірден билеп əкететін таңғажайып пен мен алғаш peт кездесіп
тұрмын...
- "Живри-Сен-Мартеннен келген Бену мырзаға..."
- ...жəне мен сізді мəңгі бақи жадымда сақтаймын.
- "...меринос қошқар үшін..."
- Ал сіз мені ұмытасыз, мен сіздің қасыңыздан көлеңке сияқты өтіп
кетемін.
- "Нотр - дамнан келген Бело мырзаға..."
- Алайда, сіздің ойыңызда, сіздің өміріңізде менен де бірдеңе қалуға тиіс
қой?
- "Шошқалар тұқымы үшін берілетін жүлде Леэрисе жəне Кюлембур
мырзаларға, алпыс франк ex aequo [тең (лат.)] бөлініп беріледі!"
Родольф оның ыстық, қалтыраған қолынан қысып ұстады жəне оған
ұшып кеткелі тұрған көгершінді ұстап тұрғандай болып көрінді. Кенет
Эмма қолын босатып алғысы келді ме, əлде бұл оның қолын қысқанына
жауабы болды ма екен, əйтеуір ол саусақтарын қимылдатты.
- Сізге ризамын! - Родольф саңқ етті. - Сіз менен бөлектенген жоқсыз!
Сіз - мейірбансыз! Менің сіздікі екенімді түсіндіңіз! Сізге қарауға, сізге
сүйсінуге рұқсат етіңіз!
Ашық тұрған терезеден жел соқты жəне үстелге жабылған шұға
бүктеліп қалды, ал төменде, алаңда, барлық шаруа əйелдердің биік бүрмелі
телпектерін жел көтеріп, ақ көбелектердің қанаттарынша желбірей
бастады.
- "Күнжараның майлы тұқымын қолданғаны үшін"... Төраға сөзін
жалғастырды.
Сосын сөзін тездете түсті.
- "Фламанд тыңайтқышын қолданғаны үшін... зығырды өсіргені үшін...
ұзақ мерзімді жалға алу кезінде жер қыртысын құрғатқаны үшін..."
Родольф үнсіз қалды. Олар бір-бірінен көз алар емес. Құштарлықтарының
күштілігі сонша, екеуінің де кеберсіген еріндері дірілдеп тұр. Олардың
саусақтары еріксіз, көнгіштікпен айқаса түсті.
"Сасето - Лагерден келген Катрина – Никизе - Элизабете Леруге бір ғана
фермада елу төрт жыл еңбек еткені үшін бағасы жиырма бес франк тұратын
күміс медаль беріледі!"
- Катрина Леру қайда? - Кеңесші сұрақ қойды.
- Катрина Леру көрінбеді. Топ ішінен сыбыр-күбір естілді:
- Ей, барсаңшы!
- Ол жаққа емес!
- Солға қарай!
- Қорықпа!
-Міне, есалаң!
- Ол өзі қайда жүр? - Тюваш дауыстады.
- Əне... əне ол!
- Онда келсін де!
Қуқыл тартып жүдеген, ескі-құсқы киінген кемпір сахнаға имене
көтерілді. Оның аяғында өте үлкен ағаш шəркей, мықынын етегін
шұбатылған көк белдемше жауып тұр. Оның жүдеу, пісірген алмадай
жырылып қалған беті ешқандай өңделмеген, жұпыны телпектен жақсы
көрінді, ербиген ұзын қолдары қызыл кофтасының жеңіне ілініп қалыпты.
Шөптің шіріген қырқындысы, сақар, қойдың майлы тері оның қолын ойып,
жарып, күстелендіріп жібергені сондай, оны таза сумен ұзақ жуса да
бəрібір кір сияқты көрінген. Қаншама қиындыққа төзуіне тура келгендігіне
азын - аулақ айғақ болғандай оның тынымсыз еңбекте шыныққан
саусақтары
қашанда
жеңіл
қозғалатын.
Оның
бет-əлпетінен
сопылардікіндей қатулық байқалатын. Оның жансыз жанарын мұң мен
мейірімнің реңкі жібіте алмай тұр. Ұдайы хайуанаттармен істес
болғандықтан да, бұған олардың мылқаулығы мен момындығы берілген.
Осыншама көп адам жиналған жерге оның бүгін бірінші келуі. Жалаулар,
барабандар, қара фракты мырзалар, кеңесшінің ордені - осының бəрі оның
үрейін ұшырды жəне ол не істеу керектігін білмей қаққан қазықтай
қалшиып тұр: жақындағысы жоқ əлде қаша жөнелуі керек пе, топ ішінен
итермелеп мұнда неге əкелді, алқа мүшелері неге бұған күлімсірей
қарайды. Бақытты тұрмыс кешіп жатқан байшыкештердің қарсы алдында
жарты ғасырлық құлдық еңбектің тірі бейнесі.
- Бері келіңіз, құрметті Катрина – Никеза - Элизабета Леру! -деді
төрағадан марапатталғандардың тізімін қолына алған кеңесші.
Біресе қағазына, біресе кемпірге қараған ол əкенің жұмсақ даусымен
бірнеше рет жəне қайталады:
- Бері келіңіз, бері келіңіз!
- Сіз, немене, саңыраусыз ба? - Өзінің креслосынан ұшып тұрған Тюваш
оның құлағына айқайлай сөйледі: - Елу төрт жылдық еңбегі үшін! Күміс
медаль! Жиырма бес франк! Бұл сізге, сізге!
Медальды алған соң кемпір оған қарай бастады.
Осы кез оның жүзін қуанышты күлкі жадыратып жіберді жəне кетіп бара
жатып, күбір етті:
- Мен мұны священникке беремін, мен үшін дұға оқысын!
- Міне, нағыз діншілдік! - нотариусқа бұрылған дəріханашы саңқ етті.
Мəжіліс бітті, сөз аяқталды, жұрт тарады, міне əркім өзінің бұрынғы
қалпына келді, бəрі өз орнына түсті, қожалары қызметкерлеріне ұрса
бастаса, ал олар болса мүйіздеріне жасыл гүлтəж іліп, мал қораларға
қайтып бара жатқан мана байсалды қошемет көрсетілген жануарларды ұра
бастады.
Осы екі арада ұлттық гвардияшылар мылтықтарының найзаларына
бөлке шаншып алып, əкімдіктің екінші қабатына көтерілді; батальон
барабаншысы шарап салған себет көтеріп, алдында бара жатыр. Бовари
ханым Родольфті қолтықтап алып, оны үйіне дейін шығарып салды, олар
кіреберісте айрылысты, жəне Родольф парадтан кейінгі түстік алдында
сейілдеп қайтпақ болып, шабындық жаққа кетті.
Нашар дайындалған түстік ұзаққа созылды жəне у-шуы көп болды.
Үстелдің тар болғандығы сондай, адамдар шынтақтарын əрең қозғап отыр;
орындық орнына қойылған енсіз тақтайлар міне - міне сынып кеткелі тұр.
Тамақ көп желінді. Кімде-кім өздері төлеген жарнаның төлеуін
қайтармаққа тырысуда. Маңдайларынан тер тамшылап жатыр. Үстел
үстіндегі ілулі тұрған кенкеттердің арасын, тура өзеннен көтерілген күзгі
таңдағы тұман сияқты, бозғылт бу тұмшалап алған. Родольф шатырдың
коленкор жабылған сырт жағына сүйеніп тұрып, тек Эмма туралы ойға
батып, ештеңе естіген жоқ. Қызметшілер арт жағындағы шөптің үстіне лас
табақшаларды үйіп қойып жатыр; көршілері оған шарап құйып, оны сөзге
тартқан, бірақ ол жауап қайырмаған; төңірегі дабыра - дуға толып кетсе де,
оның санасын тыныштық жайлай бастаған. Ол Эмманың айтқан сөздерін,
ернінің нобайын қиялдана есіне түсірді, оның келбеті, бейне сиқырлы
айнадағы сияқты, əскерилердің жез телпектерінің шошақтарына түсіп,
жарқылдай көрінсе, шатыр қабырғаларының қатпарлары Эмманың
көйлегінің желбіршектеріне айналып, махаббат, қызыққа толы күндер
тізбегі алыс қиырларға ала жөнелген.
Кешкілік отшашу кезінде, ол Эмманы тағы да көрді, алайда бұл жолы
оның қасында күйеуі, Оме ханым мен дəріханашы бар еді. Дəріханашы
ракеталар бір пəлеге ұшырата ма деген қауіппен, минут сайын қасындағы
серіктерін тастап, Бинеге жүгіріп барып, оған кеңес берумен əлек.
Пиротехникалық аспаптар Тюваш мырзаның атына жіберілгендіктен, ал
ол болса сақтандыру қамымен оларды бүгінге дейін жерқоймада
сақтағандықтан, дымқыл тартқан оқ-дəрі жанбай, ең басты əсерлісі - өз
құйрығын өзі тістейтін айдаһар бейнесі мүлде шықпады. Ара-тұра рим
балауыз шамы жарқ ете қалғанда, қарап тұрған тобыр айғайға басып, оған
қараңғыда бозбалалар шымшып алған қыздардың шыңғырғаны қосылып
жатыр. Эмма Шарльдың иығына жабыса түсіп, басын жоғары көтеріп,
қараңғы аспанда ракеталардың отты шашырандылары қалайша тарап
жатқандығын үнсіз бақылап тұра берді. Родольфке оның беті анық көрініп
тұр.
Алайда, май шамдар бірінен соң бірі сөне бастады. Жұлдыздар жанды.
Жаңбырдың бірнеше тамшысы тамды. Эмма басына орамал байлап алды.
Осы сəт трактирдің қақпасынан кеңесшінің күймесі шықты. Mac көшір
ұйықтап кетіпті; күйменің үстіңгі жағындағы екі фонарьдың ортасында,
белдікті күйме қорабымен бірге екі жағына кезек теңселгенінен оның
пошымсыз денесі көрінеді.
- Жоқ, қалай болғанда да, маскүнемдікпен мейлінше шешуші күрес
жүргізу қажет! - деді дəріханашы. - Мен болсам əр апта сайын ad hos [осы
мақсатпен (лат.)] əкімдіктің есігінің алдына тақта орнатып, оған ағымдағы
кезеңде өзегін арақпен уландырғандардың аты-жөндерін жаздырып іліп
қояр едім. Статистикалық көзқараспен келгенде бұл көрсеткіш кесте болар
еді, керек болған кезінде... Кешірерсіз?
Осы сөздерді айтып, ол салық инспекторына қарай жүгіре жөнелді.
Бине үйіңе қайтуға асығулы. Ол өзінің станогін сағынып қалса керек.
- Біреу-міреуді жіберсе жақсы болар еді, - деді Оме, - тіпті өзіңіз
барсаңыз да болар еді...
- Менің соңымнан қалыңызшы, тегі, - деді салық инспекторы, сіз
соншама неден қорқасыз?
- Тынышталыңдар! - деді достарының ортасына оралған дəріханашы. Бине тиісті шаралар қабылдағанына мені сендірді. Бірде ұшқын ұшып
түспейді. Насостар суға толы. Ұйықтауға кеттік.
- Ал менің, шынында да, жаңа ұйқым келген, - деді рақаттана есінеген
Оме ханым. - Иə, солай, бұл соншалықты бір қорқытатын бəле емес,
есесіне бүгінгі күнді өте тамаша өткіздік.
Родольф Эммаға елжірей қарап, ақырын ғана қайталады:
- Əрине, тамаша!
Бəрі қоштасып, үйді-үйлеріне тарасты.
Екі күн өткен соң Руан шамшырағында көрме туралы көлемді мақала
жарияланды. Оны шабытты шағында, мереке өткен соң, келесі күні Оме
жазған:
"Үйлердің сыртына салынған əшекейлер, гүлтəждер, гүлдер қайдан
келді? Буырқанған теңіздің толқындары сияқты біздің егістік жерімізді
кептіріп жатқан аптап күннің толассыз сəулесі төбелеріне төгілген топ жұрт
қайда бара жатыр?"
Ол одан кейін шаруалардың жағдайына тоқталып өткен.
Үкімет, əрине оларға көп жағдай жасауда, алайда əлі де болса толық
емес! "Батылырақ! -деп фармацевт оған үндеу тастады. - Бірқатар
реформалар жасау қажет - оларды жүзеге асыруға асықпыз!" Кеңесшінің
келген кезіне тоқталар алдында "біздің жауынгер милицияны", "біздің
деревняның пысықтарын" жəне топтың ортасында ақсақалдық кейіпте
тұрған қасқабас қарттарды - біздің мəңгі жасайтын қарт жауынгерлердің
тірі көздерінің барабанның жігерлі дабылы кезінде жүректерінің жиі соғып
кеткендерін сезінгенін еске ала кетуді де ұмытпаған. Алқа мүшелерінің
аттарын атай отырып, оның алдыңғы жағына өзін жазып қойды, ал
айрықша ескертпеде, бұл əлгі Агрономдар қоғамына шарап туралы мақала
жіберген фармацевт Оме мырза екенін де ескерте кеткен -тін. Марапаттау
кезіне келгенде, асыра мақтау сөзін үйіп-төгіп, лауреаттардың қуанышын
əңгімелеп берді:
"Əкесі - баласын, ағасы - інісін, ері зайыбын құшақтады. Бəрі де
өздерінің қарапайым медальдарын мақтанышпен көрсетіп, əрқайсысы
əлбетте өз сүйікті əйелдеріне келген соң, жылап тұрып өзінің қайырлы
үйінің қабырғасына медальды іліп қоятыны белгілі.
Сағат алтылар шамасында мерекенің басты қатысушылары Льежар
мырзаның жайылымында жайылған той дастарқаны басында жолықты.
Түстік тамаша түсіністік жағдайында өтті. Льевен мырза монарх
денсаулығы үшін тост көтерді. Тюваш мырза -префек үшін! Дерозере егіншілік үшін! Оме мырза - аға мен қарындас үшін! Өнер мен өнеркəсіп
үшін! Леплище мырза жер суландыру үшін! Кешкілік жарқылдаған
фейерверк кенеттен аспан кеңістігін жарқыратып жіберді. Бұл нағыз
калейдоскоп, опералық сахна көркіне айналып, қас-қағым сəтте біздің тыптыныш қалашығымыз Мың бір түн ертегісінің жағдайына көшіп кеткендей
болды.
Отбасы салтанатында көңілге кірбің түсіретіндей бірде-бір теріс оқиға
болмағандығын куəландыруды өз борышым деп санаймын".
Оме мырза бұған мынаны қосты:
... Тек қана дін иелерінің қатыспауы жұртшылықты таң қалдырғаны
байқалды. Шіркеудегілердің прогресс туралы түсінігі шамалы, басқаша
сияқты. Еріктінің еркі білсін, Лойола мырзалары!"
IX
Арада бір жарым ай өтті, Родольф көрінбей кеткен. Ақыры, бір күні
кешкісін ол келді.
Көрме өткен күннің ертесіне ол өзімен-өзі сөйлескен:
"Үзіліс жасаймыз - əйтпесе бəрін бүлдіріп алуымыз кəдік".
Сөйтіп ол аптаның аяғында аң аулауға кеткен. Аңнан оралған соң
кешіктім деп ойлаған ол, сосын мынандай пікірге тоқтаған:
"Егер де ол мені бірінші күннен ұнатып қалса, онда айырылу бəлкім, бұл
сезімін қоздыра түсер. Тағы аз ғана тоса тұрайын".
Ол залға кірген кезде, Эмманың бозарып кеткенін көріп, өзінің есебінің
дұрыс екендігіне көзі жетті.
Эмма жалғыз отырған. Ымырт. Терезелердің муслин перделері іңір
қараңғылығын қоюландыра түсті. Теңіз маржаны өсімдігінің тісті
бұтақтарының арасында тұрған айнадан күн сəулесі түсіп, алтын жалатқан
барометрдің жарқылы көрініп тұр.
Родольф отырған жоқ. Оның алғашқы əдепті сөздеріне жауап қайтару
Эммаға қиындыққа түсетіні оның жүзінен байқалып тұр.
- Қолым тимеді, - деді ол. - Кейін науқастанып қалдым.
- Қауіпті ме? - Эмманың даусы қатты шықты.
- Жоқ, олай емес! - деді Родольф қасына отырып жатып. - Мен əншейін
енді қайтып сізге келмейін деген шешім қабылдап едім.
- Неге?
- Сіз сезбей тұрсыз ба?
Родольф оған тағы да құмарлана көз тігіп еді, Эмманың беті қызарып
кетіп, төмен қарады.
- Эмма... - Ол тағы да сөз бастады.
- Мархабатты əміршім! - деді артқа шегіншектей түскен Эмма.
- Аһ, енді қайтып сізге келгім келмегені жөніндегі менің сөзімнің
ақиқаттығын енді өзіңіз де көріп тұрсыз ғой! - Родольф қамыға сөйледі. Сіздің есіміңіз менің жүрегімде тоқтаусыз соғып тұр, ол еріксіз менің
аузымнан шығып кете береді, ал сіз болсаңыз оны айтуға тыйым саласыз!
Бовари ханым... Сізді жұрттың бəрі осылай атайды!.. Иə, бұл сіздің есіміңіз
емес - бұл басқа адамның аты! Басқаның! - деді де ол қолымен бетін
басты... Иə, мен сағат сайын сізді есіме аламын!.. Сіз туралы ойларым
жаныма жай таптырмайды! Ой, кешіріңіз!.. Біз енді қайтып кездеспейміз...
Қош болыңыз!.. Мен алысқа кетемін... Сондай алысқа, мен туралы енді
қайтып ештеңе естімейтін боласыз!.. Соған қарамастан... бүгін бірдеңе мені
сізге тартты да тұрды! Аспанмен күресе алмайсың, періштенің күлкісі
алдында төзімің таусылады екен! Сұлулық, құмарлық, қызығу адамды
еріксіз еліктіреді.
Эмманың мұндай сөздерді алғаш естуі, сол себепті де, бейне жылы
ваннаға түскендей, оның өзімшіл көңілі елжірей түсті.
- Иə, мен келген жоқпын, - ол сөзін жалғастырды, - мен сізді көре
алмадым, оның есесіне мен сіздің маңайыңыздағының бəріне сүйсіне
қарадым. Жеті түнде... Түн сайын мен орнымнан тұрып, осы жаққа
келетінмін, сіздің үйге, ай жарығы жарқыратқан шатырына, сіздің
терезеңіздің алдында тербетіліп тұрған ағаштарға... сіздің терезенің
əйнегіне, түнекті жарып өтіп жарқыраған түндік шамыңыздың сəулесіне
қарайтынмын. Ал сіз болсаңыз, əне жерде, өте жақын əрі сондай алыста
азап шегіп бақытсыз біреу тұрғанын білген де жоқсыз.
Эмма оған бетін бұрды.
- Сіз қандай мейірбансыз! - ол даусы дірілдей тіл қатты.
- Жоқ, мен тек қана сізді сүйемін - бар болғаны сол ғана! Ал сіз
болсаңыз оны сезбедіңіз де! Маған айтыңызшы... бір ғана сөз! Бар болғаны
жалғыз сөз!
Родольф байқаусыз ғана орындықтан еденге сырғып түсті, алайда осы
кезде ас үйден аяқтың дыбысы шықты жəне ол есіктің ашық тұрғанын
байқап қалды.
- Өтінемін, сізден, - деді орнынан тұрып жатып ол, - менің бір тілегімді
орындаңызшы!
Ол оның үйін аралап көргісі, оның қалай тұрып жатқанын білгісі келді.
Бовари ханым мұнда тұрған ешқандай ыңғайсыздық жоқ деп шешкен,
алайда, ол екеуі орындарынан тұрған сəтте Шарль кіріп келді.
- Амансыз ба, дəрігер? - деді Родольф.
Өзі күтпеген атақты естіп, мəртебесі өскен емші, қошемет сөздерді үйіптөкті, Родольф болса сол мезгіл ұялғаннан енді есін жия бастаған.
- Сіздің зайыбыңыз денсаулығына шағым айтып еді... - деп ол сөз бастай
берген.
Шарль оның сөзін бөліп жіберді: ол шын мəнінде əйелі үшін тынышы
қашып жүр - оның тағы да тынысы тарылып, дерті қайта қозып кеткен.
Родольф салт атпен сейілдеу оған пайдасын тигізбес пе екен деп сұрады.
- Əлбетте! Тамаша, керемет!.. Ғажап ой! Тездетіп сейілдеуді баста.
Эмма аты жоқ екенін айтып, қарсылық білдіріп еді, Родольф оны өзі
беруге ұсыныс жасады; ол бас тартты, бұл оны көндіруге айтқанын өткізуге
тырысқан жоқ. Сосын ол өзінің келу себебін түсіндіре кетпекші болып,
өткенде қанын алған атшысының өлі күнге басының айналатыны
басылмағанын айтты.
- Мен сіздерге соғармын, - деді Бовари.
- Жоқ, жоқ, мен оның өзін жіберемін. Ол екеуіміз бірге келеміз, сізді
босқа əурелеп қайтеміз?
- Тіпті, тамаша! Сізге рақмет айтамын.
Ерлі-зайыптылар оңаша қалғанда Шарль Эммадан сұрады:
- Сен неліктен Буланженің ұсынысын қабыл алмадың? Бұл оның
тарапынан көрсетілген зор құрмет қой!
Эмманың бетінен наразылық нышаны байқалды; ол мыңдаған сылтау
тауып, ақыр аяғында "бүл оғаш көрінуі мүмкін" деп салды.
- Өй, түкіргенім бар ма! - деді Шарль жəне тұрған орында бір аяғымен
шыр айналды. - Ең бастысы - денсаулық! Сенікі дұрыс емес!
- Қалайша мен салт атпен сейіл құрмақпын, менің ең болмаса оған
лайықты киімім де жоқ?
- Несі бар, тапсырыс бер! - деді Шарль.
Бұл сөз оның көкейіне қонды.
Костюм тігіліп, дайын болған соң Шарль Буланжеге əйелі келіскенін,
бұлар оның қайырымдылығына сенетіндерін айтып қысқа хат жазып
жіберді.
Келесі күні тура сағат он екіде Родольф мінетін екі салт ат алып,
кіреберіске келіп тоқтады. Оның біреуіне бұғы терісімен қапталған əйелдің
ері салыныпты, оның құлақтарын алқызыл домалақ шашақтар жауып тұр.
Родольф жұмсақ теріден тігілген етік киген - ол Эмманың мұндайды
көрмегеніне сенімді -тін. Шынында да ол барқыт фрак жəне ақ тоқыма
шалбарымен есік алдындағы алаңқайға жүгіріп шыққанда, Эмма оған таңтамаша қалып қараған. Ол даяр тұрған, күтіп отырған. Жюстен Эмманы
көру үшін дəріханадан қашып шыққан; фармацевт те сыртқа шығып
қарауға өзін көндірген. Ол Буланжеге ақыл-кеңес айтты:
- Абай болыңыздар! Бір бəлеге ұшырап қалу киын ба? Аттарыңыз асау
емес пе?
Эмма жоғары жақтан тарсыл естіді: бұл кішкене Бертаны алдандырып,
шыныны соғып салдырлатып тұрған Фелисите екен. Қызы анасына сүйдім
деген белгі берді, Эмма да қамшының сабымен мен де сені сүйдім деп
жауап белгі берді.
- Көңілді қыдырыс болсын! - Оме мырза айғай салды. - Бірақ, тек
абайлаңдар, абайлаңдар!
Олардың соңынан қолындағы газетін бұлғады. Жазыққа шыққан соң
Эмманың аты бірден шоқыта жөнелді. Родольф қасында шауып келе жатыр.
Эмма мен Родольф оқта-текте тілдесіп қояды. Басын сəл еңкейтіп, тізгінді
жоғары ұстаған Эмма оны ер - тоқым үстінде секірткен шоқырақтың
ырғағына ілесіп кетті.
Тау бөктеріне жеткенде Родольф тізгінді бос жіберді. Олар аттарынан
қатар түсті; шоқыға көтерілгенде аттар өздері тоқтады, ұзын көк бетперде
Эмманың жүзін жапты.
Қазан айының бас кезі болатын. Даланы тұман тұмшалап алған.
Көкжиекте, қарауытқан төбелердің арасында, бір шөкім бу қалықтап жүр ол жоғары өрлеп, еріп барады. Бұлттардың ара - арасынан алыста қалған
Ионвильдің күн шапағы түскен шатырлары, өзенге барып тірелген бақтары,
үй қабырғалары, аулалары, шіркеудің күмбездері көрініп тұр. Эмма көзін
сығырайта қарап, өзінің үйін тауып алуға тырысты жəне осынау көне
қалашық оған ешқашан тап мұндай кішірейіп көрінбеген. Олар тұрған
биіктіктен бүкіл аңғар ауаға бу болып ұшып жатқан сүттей ақ шалқар қол
сияқты болып көзге шалынған. Жоғары қарай көтерілген ағаштар, қара
жартастарға ұқсап кеткен, ал тұманнан арылған, сапқа тұрғандай биік
теректер тізбегі бейне жел тербеткен жағалау белестерін құрғандай.
Алысырақта, көгалда, шыршалар арасында, жылы ауада күңгірт сəуле
төгіліп тұр. Темекі түтіні сияқты сарғыш топырақ адымды бəсеңдетті.
Жүріп келе жатқан аттар түсіп жатқан бүршіктерді тағаларымен жаншып
тастауда. Онымен көздері түйісіп қалмауы үшін Эмма əлсін-əлсін теріс
қарай берді жəне шырша діндерінің шексіз қатарларын ғана көріп, оның
ұзамай осы көріністен көзі қарауытып кетті. Аттар осқырынды. Тері ертоқымдар сықырлап келеді.
Олар орман ішіне нақ кіре берген мезгілде күн көрінді.
- Алла бізге батасын беріп тұр! — Родольф айқайлап жіберді.
- Сіз солай ойлайсыз ба? - Эмма сұрақ қойды.
- Алға! Алға!
Ол таңдайын қақты. Аттар шаба жөнелді.
Эмманың үзеңгісіне жол жиегіндегі биік усасырлар іліне берді. Родольф
тоқтамай-ақ, еңкейіп оларды жұлып тастай берді. Ол мезгіл-мезгіл
бұтақтарды екі жаққа ажырату үшін, Эмманы қуып жетіп қатарласа
бергенде, оның тізесі мұның аяқтарына жанаса тигенін сезінді. Аспан
шайдай ашылды. Ағаштардың жапырақтары қыбыр етпей тұр. Родольф пен
Эмма кең алаңқайда ну боп өскен аршагүлдердің арасын кесіп өтті. Осынау
ақшыл көк кілемдер жапырақтардың түсіне байланысты бірде сұрғылт,
бірде қоңыр, бірде алтындай жыныс тоғаймен алмасып отырды.
Əлдеқайдағы бұталар түбінен қанаттардың сыбдыры естіліп, теректер
басына қонған қарғалар қарлыға жəне биязы қарқылдауда.
Родольф пен Эмма асып-састы. Ол аттарды байлады. Эмма із
арасындағы мүк басқан жолмен алға кетіп бара жатыр.
Кең етек көйлегі оған кедергі жасап, ол етегін көтерді, ал артында келе
жатқан Родольф қара мəуіті көйлегі мен қара бəтеңкесінің арасынан жұқа
ақ шұлығының жолағын байқап қалған, ал бұл оның көзіне жалаңаш
дененің кішкене бөлшегі сияқты боп көрінді.
Эмма аялдады.
- Мен шаршадым, - деп үн қатты.
- Тағы аз ғана қалды! — деді Родольф. Күш-қуатыңызды жинақтаңыз.
Жүз қадамдай жүрді де, ол тағы да аялдады. Мөлдір көкшіл
бетпердесінен, оның ерлер қалпағының астынан көрініп тұрған беті, біресе
оңға, біресе солға қисайған мықыны бейне көгілдір толқында жүзіп
жүргендей.
- Біз қайда бара жатырмыз?
Ол жауап қайтарған жоқ. Эмма үзік-үзік дем алды. Родольф айналасына
қарайлап, мұртын тістелей берді.
Олар балғын бұтақтар оталған кең орман соқпағына шығып, құлатылған
ағаштың үстіне келіп отырды жəне Родольф өзінің ғашықтығы туралы
сөйлей жөнелді.
Əу баста ол қошемет сөздер айтып Эмманы үркіткісі келмеген. Ол
байсалды, сабырлы, мұңлы еді.
Эмма оның сөздерін төмен қарап, бəтеңкесінің тұмсығымен жерде
жатқан жанқаларды түртіп отырып тыңдады.
Соған қарамастан ол сұрақ қойған сəтте:
- Енді біздің жолымыз түйіскен жоқ па?
Эмма жауап қатты:
- Ой, жоқ! Сіз өзіңіз де білесіз ғой. Ол мүмкін емес.
Эмма орнынан тұрып, ілгері жүрді. Ол оның қолынан ұстады.
Эмма аялдап, оған көпке дейін жанары жасаураған сүйіспеншілік көзбен
қарады жəне күптеген жерден жедел тіл қатты:
- Ой, ол туралы айтпай-ақ қояйықшы!.. Біздің аттарымыз қайда?
Қайтайық.
Родольфтың жүзінен ашу мен қынжылыс байқалды. Ол қайталап айтты:
- Біздің аттарымыз қайда? Біздің аттарымыз қайда!
Родольф біртүрлі оғаштау күлімсіреп, тістеніп, құшағын жазып жəне
Эммаға қадала қарап, оған қарсы жүрді. Эмма шошып кетіп, артына
шегіншектей берді.
- Ой, маған қорқынышты! Маған ұнамайды! Кетейік! - деп ол
былдырлай берді.
- Қалауыңыз білсін,- деді бет əлпеті өзгеріп кеткен Родольф.
Ол қайтадан мейірімді, ізетті, жасқаншақ қалпына түсті. Эмма оған
қолын ұсынды. Олар кері қайтты.
- Сізге не болды? - Ол сөз бастады. - Не үшін? Ақылым жетпей тұрғаны.
Сіз, шамасы, мені дұрыс түсінбеген сияқтысыз? Менің жүрегімде сіз
тұғырда тұрған құдай-ана сияқтысыз, сіз биік, берік жəне ештеңе
ластамаған жерде тұрсыз! Мен сізсіз өмір сүре алмаймын! Сіздің
көздеріңізсіз, сіздің дауысыңызсыз, сіздің ой - пікірлеріңізсіз ғұмыр кеше
алмаймын! Менің жан досым, қадірлі қарындасым, қорғаушы періштем
болыңыз!
Ол қолын созып, оның мықынынан құшақтай алды. Эмма босанғысы
келетіндей əлсіз əрекет жасады. Алайда ол оны құшағынан босатпай жүре
берген.
Эмма кенет аттардың жапырақтарды жұлып жатқанын естіп қалды.
- Тоқтай тұрыңыз! - деді Родольф. - Осы жерде тағы да аялдайықшы!
Қалыңызшы!
Ол Эмманы еліктіріп, көк балдыршөп жапқан шағын тоғанның
жағасымен кетіп бара жатыр. Қамыс арасында өсіп, солып қалған
тұңғиықтар қимылсыз тұр. Шөпті сыбдырлатып басып келе жатқан
адамдар аяғының дыбысын естіген көлбақалар суға секіруде.
- Мен, ақымақ, не істедім? Не істедім? - Эмма қайталап айта берді. Менің сізді тыңдамауым керек.
- Неліктен?.. Эмма! Эмма!
- Ой, Родольф! - сыбырлай сөйлеп, оның иығына қисайды.
Эмманың көйлегінің мəуітісі оның фрагінің барқытына ілініп қалды.
Эмма басын шалқайтып, терең тыныс алудан оның аппақ мойыны
ширығып, тұла бойынан діріл жүгіріп өтті жəне бетін жасырып, көз жасын
көлдетіп, ол Родольфтің дегеніне сөзсіз көне салды.
Кешкі көлеңке түсті. Күннің қисық сəулелері бұталардың арасын жарып
шығып, оның көзін қарықтырды. Оның айналасында анда-мында,
жапырақтар мен жерде, жарық дақтары жүгіріп өтуде - бұл колибрилер
ұшып бара жатып қауырсындарын түсіріп алып жатқандай көрінген.
Айнала құлаққа ұрған танадай жым-жырт. Ағаштар тылсым тыныштықта.
Эмма тағы да жүрегінің дүрсілдей соққанын, қанының жылы толқыны тұла
бойын аралай жөнелгенін сезінді. Кенет орманнан алыста, басқа төбеден
түсініксіз созылмалы айқай, біреудің сазды даусы естілді, оның қаны қозған
жүйкесіне тына қалған мазасыздығы қосылып кеткен, Эмма оны бейне
музыка сияқты үнсіз тыңдады. Родольф езуіне сигара қыстырып, кішкене
шаппалы бəкісімен үзіліп қалған тізгінді жөндеп отыр.
Олар Ионвильге келген іздерімен кері қайтты. Олар батпақтан қатарласа
созылған өз аттары тұяқтарының іздерін, сол бір бұталарды, сол бір шөп
арасында шашылып жатқан тастарды көрді. Төңіректе ештеңе де
өзгермеген. Ал сол екі арада Эмманың өмірінде ол үшін айнала қоршаған
таулар орнынан қозғалып кеткенінен де маңыздырақ үлкен өзгеріс болды.
Родольф оқта- текте еңкейіп, оның қолын сүйе берді.
Салт ат үстіндегі Эмманың келбеті тап қазір таңғалдыратын. Ол ертоқым үстінде қаздиып тік отыр, мықыны солқылдап, иілген тізесі аттың
жалында жатыр, ауа мен батқан күннің шапағымен беті ептеп қызарып
кеткен.
Ионвильге кірген соң Эмма атын көшеде салтанатпен жүргізді. Оған
көпшілік терезелерден қарап тұр.
Күйеуі оның ат үстінде жақсы көрінетінін айтты. Ол серуендегеніне
көңілі тола ма екенін сұрағанда, Эмма бейне естімегендей қалып танытты;
екі шырақ қатар жарығын түсіріп тұрған үстелдің үстіне шынтағын тіреген
ол табақшаға қараған қалпында үнсіз отыр.
- Эмма! - деді Шарль.
- Немене?
- Білесің бе? Бүгін мен Александрға соқтым. Оның кəрілеу, тек
тізелерінің ойылып қалғаны болмаса, тұрқы тəуір биесі бар екен, мен оны
жүз экюге сататынына сенімдімін... Мен сенің көңіліңді көтергім келді,
сөйтіп оны өзіме қалдырдым... Оны мен сатып алдым... - Ол сөзін
жалғастырды. - Мен дұрыс істедім бе? Кəне? Сен неге үндемейсің?
Эмма дұрыс деген ишарамен басын изеді. Арада он бес минут өткенде
ол:
- Кешке сен бір жаққа барасың ба?- деп сұрады.
- Иə. Неге сұрадың?
- Жай əншейін, жаным, ештеңе емес!
Шарльдан айырылысымен, сол сəтте ол өз бөлмесіне кіріп, есігін бекітіп
алды. Алдымен бұл қайдағы бір еліктірме еді: оның көз алдына ағаштар,
жолдар, жыралар, Родольф, əлі де болса оның құшақтағанын сезіп,
жапырақтардың сыбдыры мен қамыстардың судырлауы естіліп тұр.
Айна алдында өзіне көз тастаған ол бет-əлпетіне таң қалды. Бұрындары
оның мұндай аясы шарадай, мұндай мөлдір қара, мұндай терең шүңгір көзі
болған емес. Көзге көрінбейтін, қолға ұстатпайтын, бүкіл тұла бойына
жайылған бірдеңе оның өңін өзгертіп жіберіпті.
"Менің ашынам бар! Ашынам!" Ол тура кəмелетке қайта толғандай
осынау ойға қуанып, қайталап айтты. Ендігі жерде бұл оның күте - күте
күдерін үзген, басын айналдырған бақыты, сүю қуанышы болады деген сөз.
Оның алдынан құштарлық, таңғалыс, долдану билейтін ғажайыптар əлемі
ашылды. Оны көкшіл шексіздік қоршап алған, оның ойы жалындаған сезім
шыңына жетті, ал əдепкі, күнделікті өмір қайдағы бір шыңырау төменде,
биіктіктердің ортасында қалғандай көрінген.
Оның есіне оқыған кітаптарының кейіпкер əйелдері түсіп жəне опасыз
əйелдердің жанына жақын, сиқырлы дауыстарымен шаттана шырқаған
əндерін жадында жаңғыртты. Енді оның өзі, оның тірі жүрген жалғыз
бөлшегі ретінде, осынау ойдан шығарылған топтың ортасын көрді жəне
бүгінде оның өзі де, бұрындары оның сондай қызғанышын тудырған ғашық
əйелдің бейнесі қатарына кіргендігіне сенді, жастығының арманды
мақсатына жеткендігіне сенді. Сонымен қатар ол шөлі қанған кектің
рақатын басынан кешіріп отыр. Сондай шаршаған! Оның есесіне қазір ол
мерекелеп жатыр жəне ұзақ уақыт уысынан шығармаған құштарлық, қуана
буырқанған толқын болып лақ ете түсті. Эмма одан тоқтаусыз, бейқам,
алаңсыз лəззат алды.
Келесі күн жаңа еркелетулермен өтті. Родольф пен Эмма бір - біріне ант
берді. Эмма оған өзінің бұрынғы уайым-қайғысын айтып берді. Ол қайтакайта сүйіп, оның сөзін бөле берді, ал Эмма оған көзінің астымен қарап,
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Бовари ханым - 12
  • Büleklär
  • Бовари ханым - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4163
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2553
    30.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4178
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2552
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2530
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4126
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2500
    29.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2557
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4249
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2427
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4224
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2426
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4337
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4309
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2440
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4189
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2383
    30.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4237
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2322
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4248
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2339
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4284
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2336
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4453
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4211
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2395
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4279
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4390
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2357
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4218
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4382
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4349
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2273
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4397
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2241
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4360
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4277
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2355
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 1446
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 974
    39.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.