Latin Common Turkic

Бовари ханым - 10

Süzlärneñ gomumi sanı 4189
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2383
30.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
кірлетіп алмау үшін көйлектерінің белін айналдыра бекітіп тастаған үлкенүлкен түйреуіштерді ағытып алып жатыр. Күйеулері қалпақтарын
қорғаштап, жолай оларды мұрын орамалдарымен қаптап, бұрыштарын
ауыздарымен тістеп тұрған.
Жұртшылық басты көшеге қаланың екі жағынан да келіп жатыр.
Адамдар аулалардан, айналма жолдардан, шолақ көшелерден, үйлерден
келіп қосылуда. Жіптен тоқылған саусақты қолғап киіп, мерекені көруге
шыққан қайсыбір қалалық келіншектің артынан есік тұтқасының тартысы
естіледі. Əлеумет бастықтар тұруға тиіс сахнаның екі бүйіріне қойылған,
көшелерге жарық түсіретін екі биік үшбұрышты станокқа айрықша назар
аударуда. Əкімдіктің төрт колоннасының қарсы алдында тұрған сырғауылға
алтын жазулы ашық көк мата тулар бекітілген. Бір туда - Сауда, екіншісінде
- Егіншілік, үшіншісінде - Өнеркəсіп, төртіншісінде Көркемөнер деген жазу
бар.
Алайда жұрттың бəрінің жүзін жадыратып тұрған бұл қуаныштан
трактирші Лефрансуа ханымның қабағы түсіп, түнеріп кеткені анық
байқалады. Асүйдің табалдырығында тұрып, ол мұрнының астынан
бұрқылдап сөйлеп тұр:
- Бұл бір былжырақ бастама, бұл бір былжырақ бастама - олардың
осынау кенеп күркесі! Немене, оларға префекттің ақжелкені жəрмеңке
болғаны ма? Ол сонда күркеде отырып тамақтанбақшы ма? Аймақтың
табыстары туралы пікір таратады, ал өздерінің істеп жүргендері таза
түсініксіз! Бұлай болатын болған соң невшателдік аспазшыны шақыртудың
не қажеті бар еді? Кім үшін? Бақташылар үшін бе? Айқайшылар үшін бе?..
Дəріханашы қасынан өтіп бара жатқан. Үстіне кигені қара фрак, панков
шалбары, үстіңгі жағы мəуіті башмак жəне осынау салтанатты уақиғаға
байланысты - қалпақ, қалпақ болғанда да төбесі төмен қалпақ.
- Менен сəлем? - деді ол - Айыпқа бұйырмаңыз, асығыспын.
Етжеңді жесір одан қайда бара жатқанын сұрады.
- Ал сіз несіне таңданасыз? Мен тегі зертханамда, сырдың қасынан аттап
шықпайтын егеуқұйрық секілді, тапжылмай отырамын ғой.
- Ол қандай сыр? - Трактирші сұрақ қойған.
- Жоқ, олай емес, жоқ, олай емес! - Оме оның түсінігін түзетуге асықты.Менің айтайын дегенім, Лефрансуа ханым, мен үйкүшіктің. Қалай болғанда
да бүгін осындай күн... амалсыздан...
- Ə, сіз сол жаққа бара жатырмысыз? - Трактирші əйел жаратпай сұрақ
қойды.
- Əлбетте, - деп дəріханашы сасқалақтай жауап қатты. - Менің
кеңесшілер комиссиясының мүшесі екенімді сіз білмейтін бе едіңіз?
Лефрансуа апай оған қарап, күліп жіберді.
- Онда дұрыс екен! - деді ол. - Алайда сіздің егіншілікке қандай
қатысыңыз бар? Ол салада сіздің не білетініңіз бар?
- Білгенде қандай? Менің мамандығым фармацепт, демек - химикпін, ал
сайып келгенде химия, Лефрансуа ханым, барша физикалық денелердің
молекулалық əрекеттестігін зерттейді, олай болса бұл салаға ауыл
шаруашылығының да қатысты екендігі өз-өзінен түсінікті! Шын мəнісінде,
тыңайтқыштардың құрамы, сұйықтықтардың ферментациясы, газдарды
жəне шіруден шығатын сасық газдың əсерін саралау - осының бəрі, сізден
сұрауға рұқсат етіңіз, нағыз химия емей немене?
Трактирші оның бұл сауалына ешқандай жауап қайырған жоқ. Оме сөзін
жалғастыра берді:
- Сіздің ойыңызша агроном - өзі жер жыртып, құстарға жем беретін кісі
болғаны ма? Жоқ, бұл жеткіліксіз - агроном ең алдымен өзі айналысуға
тура келетін істің құрамын, яғни геологиялық қабаттардың шөгуін,
атмосфералық құбылыстарды, топырақтың қасиетін, минералдар қасиетін,
судың сапасын, əртүрлі денелердің меншікті салмағын, олардың
капиллярлылығын, иə одан да басқалары жетерлік, білуге тиіс! Басқаларға
басшылық жасайды екен, онда ол гигиенаны түбегейлі оқып - білуі,
құрылыс саласының да, малдарды күтіп-бағудың да, жұмыс күшін
тамақтандырудың да бірдеңелерін түсінуі қажет! Лефрансуа ханым, жəне
бұл да бəрі емес: ол, біле білсеңіз, ботаниканы оқып -білуге, өсімдіктерді
айыра алуға, олардың улысынан шипалысын, жұғымсызынан жарамдысын
ажырата білуге, қайсыбір шөптің түрін мына жер емес, ана жерге себу,
біреулерін көбейтіп, басқаларын құртып жіберу қажеттігін түсінуге тиіс:
Қысқасы, жақсарту енгізу үшін ол кітапшалар, жорналдар оқып, барлық
ашылған жаңалықтардан хабардар болып, ғылымдағы соңғы сөзді білуге
тиіс...
Трактирші "Франция" дəмханасына көз алмай қарап тұр, ал дəріханашы
əңгімесін əлі жалғастыруда:
- Құдай қолдап, біздің егіншілеріміз химик болып кетсінші! Ең болмаса,
олар көп ретте ғалымдардың айтқандарын тыңдасайшы! Мысалы, мына
мен, көлемі жетпіс екі жарым бет "Сидр, оны өндіру жəне кейбір жаңа
деректер негізіндегі іс-қимыл" аталатын іргелі еңбек, ғылыми жұмыс
жазьш бітірдім. Мен оны Руан ,агрономиялық қоғамына жібердім жəне
егіншілік секциясының помология21 тобы бойынша оның мүшелігіне
қабылдану құрметіне ие болдым. Енді міне, менің сол еңбегім жарияланса
ғой...
Сол арада Лефрансуа ханымның өңі соншалық қамкөңіл күйге түскенін
байқаған дəріханашы амалсыз сөзін тоқтатты.
Қараңызшы! - деді ол. - Түк түсінсем бұйырмасын! Сондай бір арзанқол
асханада!
Сонымен иығын қиқаң еткізгенде тоқыма кофтасының кеуде тұсындағы
ілмегі созылып кеткен ол, қазір əн естіліп жатқан жақты өзінің
бақталасының трактирін екі қолын қатар сілтеп көрсетті:
- Əрине, бұл ұзаққа созыла қоймас, - ол сөзін жалғады,- бір аптадан соң
шаруасы бітеді.
Оме таңданғаннан шегініп кетті. Лефрансуа ханым кіреберістен төмен
түсіп, оның құлағына сыбырлады:
- Қалайша? Сіз білмейтін бе едіңіз? Оны таяу күндері тізімдейді. Оны
тентіретіп жіберген Лере ғой. Вексельмен діңкесін құртты.
- Қандай қорқынышты апат! - Кез келген оқиғаға байланысты айтар
сөздерін күнілгері даярлап қоятын дəріханашы айқайлап жіберді.
Осы кез Лефрансуа Гильомен мырзаның қызметкері Теодордан естіген
бір əңгімені айта бастады. Тельені соншама жек көрсе де, оның Лерені
кінəлауына кедергі келтірген жоқ. Əй, жабысқақ, саусағыңды аузыңа салма!
- Ей, ана жаппаның астында тұрған ше! - деді ол. Бовари ханымға бас
иіп сəлем беріп тұр. Эмманың басына кигені көк қалпақ жəне оны Буланже
мырза қолтықтап алған:
- Бовари ханым! - Оме саңқ етті. - Мен қазір оны қуып жетемін де,
шарбақтың сыртынан, колонналардың түбінен орын ұсынайын, бəлкім ол
жер оған қолайлы болар.
Лефрансуа апай, Телье туралы əңгімесін аяғына дейін айтып бермекші
болып, оны аялдатуға бекер тырысыпты. Ернін шүршите күліп, оңдысолды сəлемдесіп, жолшыбай кезіккендерді қара фрагінің желбіреген артқы
етегімен жанай сүйкеліп, дəріханашы ширақ басып кете барды.
Оны алыстан көріп қалған Родольф жүрісін жеделдете түсіп еді, бірақ
Бовари ханым ентігіп қалды; сондықтан ол жүрісін баяулатып, күлімсірей
дөрекілеу сөйледі:
- Мен ана жуаннан, сізге жақсы таныс дəріханашыдан қашып кетейін
деп едім.
Эмма оны шынтағымен түртіп қалды.
"Бұл ненің белгісі болды екен?" - Ол іштей өзіне-өзі сауал қойып, жүріп
келе жатып оған көз қиығын салды.
Оның жайбарақат жүзінен бірдеңе аңғару қиын еді. Жарықта
қалпағының сопақша жиегіне байланған қамыстың кеуіп қалған сабағына
ұқсас сарғыш бауы көрініп тұр. Оның салалы имек кірпікті көздері тура
алдына қарап тұр жəне бетінің нəзік терісіне қан жүгіріп, оның астынан
ептеп бүлкілдеп тұрғаны сезілуі себепті, айқара ашық болса да, ол көзін сəл
ғана сығырайта қараған секілді. Мұрнының аралығында қызғылт сəуле
шағылысып тұр. Эмма басын бір жаққа бұрды, ернінің арасынан інжудей
аппақ тістерінің шеттері жарқырап көрінеді.
"Мүмкін ол мені жай ғана ызаландырып тұрған шығар", - деп ойлады
Родольф.
Айтқандайын, ол өзінің ишарасымен тек қана оны сақтандырғысы
келген - оның себебі арттарында Лере мырза келе жатқан.
- Күн райы қандай ғажап! - Ол бұлармен сөйлесуге талпынды. - Қала
түгел көшеге шығып кетіпті. Ең ақыры жапырақтар да сыбдырлайды.
Бовари ханым мен Родольф оның өзіне жауап қайырған жоқ, алайда
олардың сəл ғана қолға түсетіндей жүріс жасауы мұң екен, Лере қуып
жетіп, қолын қалпағына тигізіп сұрақ қойды: "Қандай қызмет көрсете
аламын?"
Ұстахананың тұсына жете бере Родольф жолмен тура жүріп қала
қақпасына дейін барудың орнына, Бовари ханымды да өз артынан ілестіріп,
жалғызаяқ жолға кілт бұрылды.
- Лере мырза, сау болыңыз! - деді ол. - Жақсылық тілеймін!
- Одан өте оңай құтылдыңыз ғой! - Эмма күлімсірей сөйледі.
- Бізге бөтен адамның керегі не? - деді ол. - Бүгін менің бағыма сізбен
бірге болу бақыты бұйырған екен...
Эмма қызарып кетті. Айтпақ ойын орта жолдан үзіп, Родольф бүгін күн
райы тамаша жəне шөп басып жүрудің рақат екені туралы əңгімеге көшіп
кетті. Түймедақ əлдеқашан гүлдепті.
- Өте əдемі гүл! - деді ол. - Олардың бұл жерде көптігі сондай, осы
өңірдегі ғашықтардың бал ашуларына жетіп артылары ақиқат. Үзіп алсам
қайтеді? Сіз қалай ойлайсыз? - деп сұрады ол.
- Ал сіз, сонда қалай, ғашықсыз ба? - Сəл жөтелген Эмма сұрақ қойды.
- Ым! Ым! Сірə, солай шығар? - Родольф жауап берді.
Шалғын адамдарға тола бастады. Үй иелері – əйелдері келгендерді
бастарына үлкен қолшатырларын жайып, себеттері жəне сəбилерімен
қарсы алуда. Саусақтарына күміс сақина таққан, көк шұлық, өкшесі аласа
туфли киген батырақ келіншектердің ұзыннан -ұзаққа созылған тобына жол
беруге тура келген. Жақындаса қалғанда олардан сүт иісі аңқып тұрғанын
сезесің. Қол ұстасып жүріп олар шалғынды - көктеректер қатарынан той
өтіп жатқан шатырға дейінгі аралықты бастан аяқ аралап шықты. Ұзамай
көрмені аралап көру басталмақшы, осыған орлай егіншілер бір-бірлеп,
ипподромды еске түсіретін қазық қағылып, ұзын арқанмен айнала орала
қоршалған топқа қосылуда.
Оралымда, тұмсықтары жуан арқанға байланған, өздерінің əркелкі
арқалары сынық сызық сызып малдар тұр. Тұмсықтарын көрге тіреп
шошқалар қалғып-мүлгуде, бұзаулар мөңіреуде, қойлар маңырауда жəне
аяқтарын бауырына алып, қарындарын шөпке төсеп, кірпіктерін əрең-əрең
қағып, баяу күйіс қайырып қайтқан сиырлардың үстінде ызыңдап
құжынаған шыбындар үйіріліп ұшып жүр. Айғырлар артқы аяқтан тік
тұрып, биелерге қырын қарап, оқырана кісінеуде; білектерін сыбанған
жылқышылар оларды шаужайынан ұстап тұр. Биелер жалды мойындарын
алға созып, тік тұр, ал құлындары бірде аналарының көлеңкесінде жатып,
бірде емуге енелерінің қасына келуде. Ал осынау барша үймелеген
денелердің ұзыннан ұзақ созылған ирек сызығының үстінде біресе ана
жерінде, біресе мына жерінде ақ жалдарын жел желбіреткен, езулері
көбіктенген жылқылар сығылысып тұр; үшкір мүйіздер мен ерсілі-қарсылы
жүгірген; адамдардың бастары көрініп қалады. Алысырақта, тосқауылдан
жүз адымдай жерде тұмылдырық кигізілген, танауына темір шығыршық
салынған, қозғалмай тура қоладан құйылғандай, алып қара бұқа тұр. Оның
бас жібінен ұстап тұрған киімі ескі-құсқы бір бала.
Көрменің екі қатарлы экспонаттарының арасында аяқтарын нығыз
басып қайсыбір мырзалар жүр, олар əр малды көріп, сосын күбірлесе
кеңеседі. Олардың біреуі, шамасы -ең мықтысы болар, жүріп келе жатып,
қойын дəптеріне бірдеңелерді түртіп алуда. Бұл қазылар алқасының
төрағасы Панвилден келген Дерозере мырза еді. Родольфті көрген бетте,
оған құшақ жая қарсы ұмтылды жəне сыпайы күліп, сұрақ қойды,
- Сіз бізді неге тастап кеттіңіз, Буланже мырза?
Родольф қазір қайтып келетінін айтты. Алайда олар көзден таса
болысымен ол Эммаға былай деді:
- Жо - ға, мен сізбен боламын! Сіздің ортаңыз жаныма сондай жақын!
Көрмені күлкіге айналдырғанын жалғастыра жүріп, мейлінше еркін
жүруді көздеп, полицейге көк шақыру билетін көрсетті. Ол мезгіл-мезгіл
көрменің көз тоқтатарлық "экспонаттарының" алдына аялдаса да, Бовари
ханым оларға титтей де көңіл аударған жоқ. Мұны байқаған ол Ионвильдік
бикештердің киім-кешектерін əңгімелеп, сосын өзінің ұқыпсыз киінгеніне
кешірім өтінді. Оның киім киісі қарабайырлық пен таңдаулының
үйлесімділігін білдіретін, одан мещандар əдепкідей болмыстың
тұрақсыздық белгісін, көңілдің бұзылуын, тілектің еңсерілмейтін
көлгірсуін, тіпті болмаған жағдайда, сыпайыгершілік тəртібіне біршама
менсінбей қараудың белгісін көретін, ал бұл тоғышарларды,
тамсандыратын не болмаса, керісінше ызаландыратын. Сонымен,
Родольфтің сұр жилетінің тілігі тұсынан жеңінің жиегі шілтерленген бəтес
жейдесін жел үрлеп, томпайтып жіберген, кең жолақты шалбары
жіліктігіне дейін жетіп, оның астынан үстіңгі жағынан нонков матасымен
көмкерілген лак бəтеңкесі көрініп тұр. Айнадай жарқыратып лактанған
екен, одан шөптердің сұлбасы көлбеңдейді. Родольф қолдарын пиджагінің
қалтасында ұстап, қамыс қалпағын бір шекесіне қисайта киіп, бəтеңкесінің
ұшымен аттың қиын тепкілеп келе жатыр.
- Дегенмен, - деді ол, - деревняда...
- Осы да жарамды, - деді Эмма.
-Дəл солай, - деп Родольф іліп ала жөнелді, - жергілікті сыйлы
азаматтардың сірə, бірде біреуі ең болмаса фрактің пішімін бағалауға да
қабілетті ме?
Осы жерде олар провинциядағы пасықтық туралы, оның қалай барлық
қиялыңды суға батыратыны туралы əңгімеге көшті.
- Міне, мен де сарыуайымға салынып барамын... - деді Родольф.
- Сіз бе? - Эмма таңдана сұрады. - Мен сізді сондай қалжыңбас адам
санап жүрсем!
- Иə, сырт қарағанда солай, өйткені мен жұрттың көзінше
сайқымазақтық бетпердесін киіп жүре аламын. Ал соған қарамастан,
қаншама рет ай сəулесі нұрландырған зиратқа қарап тұрып, мен өзіме мəңгі
ұйқыда жатқандардың қатарына қосылғаным жақсы емес пе деген сұрақ
қойғанмын...
- Ал достарыңыз ше? - деп сұрады Эмма. - Олар туралы ойлаған жоқсыз
ба?
- Достар? Қайдағы достар? Олар қайда? Мен кімге керекпін?
Осылай деді де ол ақырын ғана ысқырды.
Осы кез олардың екіге бөлініп, арттарында əлдекім əкеле жатқан үймежүйме орындықтар тиелген бір ғаламат теңге жол берулеріне тура келгені.
Осынау көп қабатты теңнің астынан башмагінің тұмсығы мен құлашын
кеңге жайған қолдардың саусақтары ғана қылтияды.
Иін тірескен халықтың арасында шіркеу орындықтарын əкеле жатқан
қабірші Лестибудуа екен. Бар мəселеде жеке басының пайдасына қатысты
болса ойға да кіріп шықпайтын тап-қырлығымен танылған ол көрмеден де
пайда түсіруге болатынын сезе қойған, енді міне оның бастаған ісі зор
жетістікке жетті - қабіршінің орындықтары ту-талапайға түсті. Жиналған
жұртшылықты аптап əбден əлсіретті. Сондықтан да олар ладан иісі сіңген
қамыс отырғышты - осы орындықтарды таласа алып, балауыз тамған мақта
арқалығына рақаттанған сияқтанып, сүйеніп отыр.
Бовари ханым тағы да Родольфты қолтықтап алды, ал ол өзімен-өзі
сөйлескен кісіше əңгіме бастады:
- Иə, маған жетпейтін нəрсе көп! Мен жападан жалғызбын! Əй, менің
өмірлік мақсатым болса ғой, егер де мен біреуге ғашық болсам ғой, біреуге
кездессем ғой... О, онда мен бұл іңкəрлік жолына барлық күшімді берер
едім, мен бəрін жеңер едім, бəрін қиратар едім!
- Менің ойымша,- деді Эмма, - сіз тіпті де нашар ғұмыр кешіп жатпаған
сияқтысыз.
- Сіз солай ойлайсыз ба? - деп сұрады Родольф.
- Басқасын былай қойғанда, - деп ол сөзін жалғады, — сіз еркіндікте
жүрсіз... - Ол сүрініп кетті. - Дəулеттісіз.
- Маған күле көрмеңіз, - деді Родольф.
Ол айтқаны ақиқат екеніне сендіріп ант-су ішті, нақ сол кезде кенеттен
пушка атылып, топты жұрт қалаға қарай жүгіре жөнелді.
Бұл жалған дабыл болатын. Префект мырза кешігіп жатыр. Сол себепті
алқа мүшелері не істерлерін білмеді: мəжілісті ашу керек не, жоқ əлі де
тоса тұру керек пе?..
Ақыр соңында алаңның арғы түкпірінен қос ат жеккен жалдамалы күйме
көрінді, ақ қалпақты көшір бар күші жеткенше салдырлатып келеді. Бине,
артынша полковник бұйрық беріп үлгерді: "Мылтыққа!" Гвардияшылар
мен өрт сөндірушілер отырғыштарға лап қойды. Бəрі де əбігерлене
бастады. Кейбіреулері тіпті жағаларын киюді ұмытты. Префекттің келуі аса
топалаң болатынын болжап білгендей, ең ақырында, ауыздықтарын
тынымсыз тістелеп, екі мəстек əкімдіктің колоннасына келіп тірелді. Нақ
сол бір сəт гвардияшылар мен өрт сөндірушілер даңғараның біркелкі жиі
қағылуына аяқтарын үйлестіре басып, сап түзей берген еді.
- Орындарыңа!.. - деп Бине бұйрық берді.
- Тоқта! - деп полковник бұйырды. - Солға қатар түзеңдер!
Қарауылға алды, винтовкалар оқпанындағы шығыршықтардың
сылдыры, бейне басқышпен домалап бара жатқан мыс қазан секілді,
сыңғырлай жөнелді, соның артынша мылтықтар орындарына қайта келіп
жайғасты.
Күймеден күміс жіппен тіккен қысқа фрак киген, желкесінде бір уыс
шашы бар, қасқабас, жүзі қоңырқай, түріне қарағанда аса ақкөңіл сияқты
мырза түсті. Топты жұртқа салмақты кірпіктерінің астындағы шүңірек
көздерін сығырайта қарап, құс мұрнын жоғары көтеріп, ал кемиек аузына
күлкі үйірілді. Əкімді аспа бауынан таныған ол префекттің келе
алмайтынын айтты. Сосын ол префектураның кеңесшісі екенін ескертіп,
кешіккеніне кешірім сұрады. Тюваш қалжыңды үйіп-төгіп еді, кеңесші
оның өзін ұялтқанын айтудан қысылған жоқ. Осылайша олар бір-біріне
бетпе-бет келіп, маңдайларын түйістіре жаздап, алқа муниципалдың кеңес
мүшелерінің, белгілі азаматтардың, ұлттық гвардия мен топты жұрттың
тығыз ортасында тұра берген - тін. Кішкене қара құлақшының кеудесіне
қыса түскен кеңесші мырза əлі де құттықтау сөзін жалғастырып жатқан. Ал
бұл кезде Тюваш доғаша иіліп, күлімсіреп, өзінің монархияға берілгендігін
білдіретін сөз іздеп күбірлеп, Ионвильге көрсетілген құрмет туралы
бірдеңелерді былдырлап айтқан болды.
Трактирдің малайы Ипполит аттарды шаужайынан алып, өзінің қотан
аяғына жығыла жүріп, оларды көрмені көруге шаруалар əлдеқашан
жиналып қалған "Алтын арыстанның" ауласындағы жаппаға апарып
қамады. Даңғара соғылып, пушка атылған соң мырзалар бірінен кейін бірі
сахнаға көтеріліп, Тюваш ханым осы мақсатқа арнап қойғызған қызыл
мəуітімен қапталған креслоларға жайғасуда.
Бұл мырзалардың бəрі де бір-бірінен аумайтын. Олардың сарғайған,
қаусаған, ептен күнге күйген жүздері сидр шарабын еске түсіреді. Олардың
банттары мұқият жазылып байланған ақ галстуктер тіреп тұрған, қатты
тартылған биік жағаларынан жақ жүндері сыртқа шығып тұр. Олардың
бəрінің де жилеттері шəлілік барқыттан тігілген, бəрі де сопақ жүрек
пішіндес мөрі бар баулы сағат таққан; бəрі де қолдарын тізелеріне тіреп
жəне аяқтарын алшита асып отырған олардың ұзын қонышты етіктерінің
былғарысына қарағанда, шалбарларының бағасы белгіленбеген шұғасы
күштірек жалт-жұлт етіп тұр.
Сахнаның артында, əкімдікке кіреберісте, колонналардың арнасында
сыйлы ортаның белгілі бикештері, ал қарапайым халық орындықтарда отыр
немесе сахнаға қарсы бетте түрегеп түр. Лестибудуа шалғындағы
орындықтардың бірін қалдырмастан осында əкелген. Жетпей қалғандарға
тағы тасып əкеліп, шіркеу мен екі ортада дедек қағып жүр жəне оның
саудагерлік қызметінің бей-берекетсіздік тудырғаны сондай, сахна
басқышына жетудің өзі мүмкін болмай қалды.
Меніңше, - деді Лере мырза, өз орнына отырғалы жатқан дəріханашыға,
- бұл жерге екі венециандық діңгек орнатып, оларды əйтеуір бір көрнекі,
сонымен қатар қымбат та сəнді матамен безендіріп қойса ғой.
- Əлбетте, - Оме келісе кетті. - Бірақ не істей алмақсың, бəрін əкім өз
қолына алған. Ал бейбақ Тюваш талғамы нəзіктіктен жұрдай, көркемдік
деген сезімталдық оның бойына дарымаған.
Осы кез Родольф пен Бовари ханым əкімдіктің екінші қабатына "мəжіліс
залына" көтерілген. Мұнда жан баласы жоқ болатын. Родольфқа көрініске
осы жерде тұрып қарау оңтайлы көрінген. Ол сопақша үстелдің
айналасында, монарх мүсінінің астында тұрған үш табуретканы əкелді де,
олар тізе түйістіре отырды.
Сахнада тұрған мырзалар абыржи сыбырласып, пікірлесіп тұр. Бір кезде
кеңесші орнынан тұрды. Қазір оның Льевен мырза екенін жұрттың бəрі
біліп алған, - оның аты-жөні жиналғандар арасына тез жайылған,
қағаздарын жайып тастаған ол одан көз алмай бастап кетті:
"Мырзалар!
Сөз басында маған рұқсат етіңіздер! (Біздің бүгінгі жиналасымызда
айтылатын мəселеге кіріспес бұрын жəне мен сіздердің бəріңіз де менің
сөзімді қолдайтындарыңызға сенімдімін) біздің мəртебелі билікке,
монархқа, корольге, біздің ардақты патшамызға сүйіспеншілік сөзімізді
айтуға рұқсат етіңіздер деймін мен сіздерге мырзалар, себебі ол барша
қоғамның игілігі үшін, сондай-ақ жекелеген бір адамның игілігі үшін, көз
ілмей қызмет істеп жүр, өйткені ол қатаң əрі данагөйлігімен теңіздің
толқынындай қорқытатын қауіп-қатердің ортасынан, мемлекеттік
машинаны аударылып қалудан аман сақтап алып келеді жəне ол
бейбітшілікті де, соғысты да, өнеркəсіпті де, сауда-саттықты да, егіншілікті
де, көркем өнерді де есінен шығарған емес".
- Мен аяғымды жазсам ба деймін, - деді Родольф.
- Неге? - Эмма сұрақ қойды.
Алайда, нақ осы мезгілде кеңесшінің даусы ерекше қатты шықты:
- "Өзара тартыс біздің өзімізді қанға батырған кез, кешкісін алаңсыз
ұйқыға кіріскен меншік иесі, алыс шет елдермен сауда жасайтын саудагер,
тіпті қарапайым жұмысшы, оларды бүлікшілік дабылының қаңғыры оятып
жіберуі мүмкін-ау деген ойдан шошына оянған кез, əскери жаттығулар
негізін өрескел бұзған кез, - деп ол желпіне жел сөзге дес берді, - келмеске
кетті, мырзалар...".
- Мені төмендегілер көріп қалуы ықтимал, - деп түсіндірді Родольф, онда толық екі апта бойы кешірім сұрауыма тура келеді, ал менің жаман
атым шығып жүргенде...
- Ой, сіз өзіңізге - өзіңіз жала жауып тұрсыз! - деді Эмма.
- Жоқ, жоқ, менің жексұрын атағым бар, сеніңіз маған.
- "Алайда, мырзалар, - кеңесші сөзін əрі жалғастырды, - өзімнің ақылойымды осынау көңілсіз көріністерден бұрын, көзімді біздің ғажайып
отанымыздың бүгінгі жағдайына аудармақпын. Сонда мен нені көремін?
Қайда болмасын сауда мен қолөнер кəсібі өркендеп келеді; мемлекет ағзадағы жаңа қан тамырлары сияқты, барлық жерде жаңа жолдар оның
аймақтарын өзара байланыстырып жатыр; біздің іргелі өнеркəсіп
орталықтарымыз өз қызметтерін қайта орнына келтіруде; біздің айлақтарға
кемелер тағы да тарлық жасауда, сенім қайта өрлеуде жəне ақыр соңында
əйтеуір Франция еркін тыныс алуда!"
- Дегенмен, - деп Родольф сөз қосты, - өз көзқарасы бар орта тегінде
əділ!
- Сонда қалай болғаны! - деп сұраған Эмма.
- Иə, солай! - деді Родольф. - Жандарын қоярға жер таппай аласұрған
кісілер жайын сіз, немене білмеймісіз? Олар кейде қайғы - мұңға батады,
кейде əрекет жасап, кейде ең мөлдір сезімге, кейде буырқанған лəззатқа
беріледі - барлық есалаңдық та оларға белгілі.
Мына сөздерді естіген Эмма Родольфқа алыс шет елдерге барып қайтқан
саяхатшыға жолыққан адамша қарады.
- Біздер, бейкүнə əйелдер, осындай көңіл көтеруден де құралақанбыз! деді Эмма.
- Мұңды көңіл көтеру - ол бəрібір бақытқа жеткізбейді.
- Ал жер бетінде бақыт бар ма? - деп сұрады Эмма.
- Иə, күндердің бір күнінде ол келеді, - деп жауап қатты Родольф.
"Сіздер, - деді кеңесші, - сіздер егіншілер мен батрактар,
Сіздер өркениеттің ұлы істерінің қарапайым пионерлері, сіздер,
адамгершілік пен прогрестің күрескерлері мұны түсіндіңіздер!
Саяси дауылдар, сөз жоқ, табиғат апатынан əлдеқайда қауіпті екенін
сіздер түсіндіңіздер деймін мен..."
Күндердің бір күнінде ол келеді, - Родольф сөзін қайталады, келетінінен
күдер үзіп жүргеніңде ол ойламаған жерден сап ете қалады. Кенеттен
алдыңнан шексіз қиыр кезігеді жəне бейтаныс біреудің даусы естіледі:
"Міне, ол!" Сіз осы адамға өз өміріңізді сеніп тапсырып, бар жантəніңізбен беріліп, ол үшін бəрін құрбан етy қажеттілігін сезінесіз!..
Түсіндірудің қажеті жоқ - бəрі айтпай-ақ белгілі. Сіз оны өз қиялыңызда
дəл осындай кейіпте көрдіңіз. (Ол Эммаға көз қиығын салды). Ақыр
аяғында сіздің ұзақ іздеген асылыңыз осында, алдыңызда, жарқырап,
жалтылдап тұр! Алайда сіз əлі де күмəнданасыз, сіздің сенуге əлі де
батылдығыңыз жетпейді, бейне қаратүнектен бірден жарыққа шыққан
кісіше көзден айрыласыз.
Родольф соңғы сөзін ишаратпен білдірді. Ол əуелі есінен танған адамша
басын ұстай алды да, сосын Эмманың қолына жармаса кетті. Ол тартынған
жоқ. Ал кеңесші болса əлі де оқып жатыр:
- "Бірақ та бұл кімді таң қалдыруы мүмкін, мырзалар! Тек қана
көрсеқызарларды (мен мұны ашық айтудан əсте қорықпаймын), тек қана
осы күнге дейін село тұрғындарының ой-санасы туралы түк түсініктері жоқ
бағзы заманнан бергі соқыр нанымға шырмалғандарды ғана. Шын
мəнісінде біз, мұндай патриотизмді, ортақ іске деген мұндай құлай
берілгендікті, бір сөзбен айтқанда - мұндай адалдықты деревнядан өзге
тағы қай жерден табамыз? Бұл шалағай шешім емес, мырзалар, бұл
көкмылжыңдардың жалтырауық, жасанды сөздері емес, терең, есті
ақылдың жемісі, ең бастысы ол алдына нақты мақсат қойып, сол арқылы
жекелеген адамдардың əл-ауқатын арттырып, қоғамға пайдалылығын
сақтау жəне мемлекет тірегі болуға қызмет ету - заңдылықты сақтау мен
борышқа адалдықтан туатын мақсат..."
- Тағы да! - деді Родольф, - айтатындары тек борыш жəне борыш - осы
сөз құсқымды келтіреді! Түкті матадан тігілген жилет киген меңіреулер мен
қолдарынан жылытқыш пен таспиықтары түспейтін тақуалар - ақ
құлағымыздың құрыш етін жеп болды: "Борыш! Борыш!" Сайтан алғыр,
борыш дегеннің тұжырымы, тіпті де түрлі қысылып - қымсыну, ұялу
шарттылықтарын сақтау емес, ұлылықты ұлықтау, көркемдікке табыну.
- Иə, бірақ... иə, бірақ... - Эмма пікір қосуға талпынды.
- Құштарлыққа қарсы тұрудың қажеті қанша? Бұл мына жарық дүниедегі
ең кереметтің нақ өзі емес пе, бұл ерліктің, шаттықтың, поэзияның,
музыканың, өнердің, былайша айтқанда бəрінің қайнар көзі ғой.
- Алайда аз да болса игі жақсылардың пікірімен санасу, оның өнегесін
сыйлау керек қой. -Эмма қарсылық білдірді.
- Мəселенің мəнісі де осында, яғни өнегенің екі түрі барлығында, Родольф кесіп айтты. -Оның ұсақ, шартты, пендешілік түрі бар, ол ұдайы
өзгеріп, түрленіп тұрады, ол тап мына көз алдыңда тұрған таныстар
тобыры сияқты айғайшыл, ол біздің аяғымыздың астындағы былғанышты
ақтарыстыруға құмар. Бірақ бұдан өзге де өнеге бар, ол мəңгілік - ол мына
табиғат сияқты біздің айналамызда, ол бізге жарығын түсіріп тұрған
үстіміздегі көгілдір аспан сияқты.
Льевен мырза орамалымен ернін сүртіп, сөзін жалғастыра берді:
- "Егіншіліктің пайдалылығын, мырзалар, сіздерге дəлелдеп жату қажет
пе? Біздердің сұранысымызды қанағаттандыратын кімдер? Бізге ішіпжемімізді жеткізіп беретін кімдер? Егінші емей кім ол? Иə, егінші
мырзалар! Өзінің еңбеккер қолымен даланың құнарлы жерлеріне түрен
салып, тұқым сеуіп, егін өсіретін, оны жинап алып, айлалы құрылғының
көмегімен ұнтақтап, ұнға айналған соң қалаларға апаратын сол егінші жəне
ол сол сəтінде наубайшыға жетіп, ал ол болса оны байлар да, кедейлер де
жейтін тағамға айналдырады. Бізді киіндіру үшін жайылымдарға қаптата
мал бағатын да нақ сол егінші емес пе? Егер егінші болмаса біз немізді
киіп, немізді ішер едік? Мысал келтіру үшін алысқа барудың қажеті
шамалы! Біз қарапайым жандардың, дастарқан берекесін келтіріп жүрген
біздің құсшылардың еңбегін - бір мезгілде төсегімізді жұмсақ жастықпен,
дастарқанымызды шырынды ет жəне жұмыртқамен кім қамтамасыз
ететінін, оның біздің тұрмыс-тіршілігімізде қандай маңызды рөл
атқаратынын жиі есімізге аламыз. Айтқандайын, өз балаларын еркелеткен
мейірімді ана сияқты, жанашырлықпен өңделген жердің бізге бұйырған
неше бір несібесін түгел тізіп айтып шығар болсам, онда менің əңгімем
əсте аяқталмас еді. Мынада - жүзім, басқа жерде - алма, ал бұл жерде шарап, одан əріде - сыр. Ал зығыр ше? Естеріңде сақтаңдар, мырзалар,
зығыр! Соңғы жылдары зығырдың егіс алқабының көлемі айтарлықтай
өсті. Менің оған сіздердің назарларыңызды аударуымның себебі де осы".
Тыңдаушылардың көңілін аудартудың ешқандай қажеттілігі болмаған, онсыз да бəрі ауыздарын ашып, оның əр сөзін қағып алып отыр. Оның
қасында отырған Тюваш көзі бақырайып тыңдаса, Дерозере ауық-ауық
ептеп көзін жұмады, ал алысырақта бір сөзін жібермей есту үшін алақанын
құлағына қойып, алдына ұлы Наполеонды алып дəріханашы отыр.
Алқаның өзге мүшелері қоштағандарының белгісі ретінде жайлап бастарын
изеп қояды. Сахна алдында мылтық найзаларына сүйенген өрт
сөндірушілер демалуда. Бине шынтағын жоғары көтеріп, қылышын
қарауылға алып, қақшиып тұр, бəлкім ол тыңдап тұрған болар, бірақ
ештеңені көруі мүмкін емес, өйткені оның дулығасының күнқағары
мұрнының үстіне дейін түсіп кеткен. Оның порудигінің - Тюваштің кенже
ұлының дулығасы тіпті де оған шағын емес еді: кеңдігі сондай, ол оның
басында бұлғаңдап жəне оның астынан сиса орамалдың ұшы сорайып
шығып тұр. Бұл жағдай оның момын балаша күлкісін келтіріп, оның
тершіген қуқыл беті шаттықты, сілесі қатқандық пен ұйқылы-ояу
есеңгірегендікті сездіріп тұр.
Алаң мен тіпті онда орналасқан үйлер де адамдарға лық толы. Жұрт
барлық терезелерден, барлық табалдырықтардан тамашаласа, ал көрініске
таң-тамаша қалған Жюстен дəріхана витринасы алдында қаққан қазықтай
қақиып тұр. Топ ішінде ешкім сөйлесіп тұрған жоқ, солай бола тұрса да
Льевен мырза сөзінің естілуі нашар. Əлсін-əлі орындықтардың сықыры
сөздерін үзіп-жұлып, түгел естіртер емес. Ал арт жақтан, алаңның əр
бұрышынан шығып, біріне-бірі қосылып, бірде бұқаның үнін соза өкіргені,
бірде қозылардың маңырағаны құлаққа шалынады. Оның себебі,
бақташылар малдарды берірек айдап əкелген, сиырлар да, тұмсықтарына
жабысып қалған шөптерді тілдерімен жалаған қойлар да мезгіл-мезгіл үн
шығарып қоюда.
Родольф Эммаға жақындай түсіп, асығыс құлағына сыбырлады:
- Мына жалпыға жасалған қастандық сізді ызаландырмай ма? Ең
болмаса ол айыптамаған бір сезім бар ма? Нағыз ізгі сезімдер, нағыз адал
қарым-қатынастар қудалауға ұшырап, жала жабылады жəне екі жандары
жаралылар жарасып, бірімен бірі табысу бақытына ие болса, оларды
қалайда жолықтырмаудың амалы қарастырылады. Олар жігерлерін жанып,
қанаттарын қағып, бірін - бірі іздей бастайды. Содан кейін ше? Ерте ме,
кеш пе, жарты жылдан кейін бе, он жылдан кейін бе, əйтеуір олар
табысады, тағдырдың жазуы осылай болғандықтан, олар бір-бірі үшін
жаралғандықтан.
Қолдарын тізелеріне тіреп жəне басын көтеріп, ол Эммаға қадалып, тура
қарады. Ол оның көздері қарашығының айналасынан алтын сəулелер көрді,
оның шаштарынан далаптың иісін сезінді, Эмманы сағыныш сезімі баурап,
ол Вобьесарда бірге билеген виконтты есіне алды - оның сақалынан да
осындай: ваниль жəне лимон хош иісі шығатын - лезде қабағын төмен
түсірді; оған мына иісті ішке жұтудың осыдан оңай жолы жоқ сияқты
көрінді. Алайда Эмма белін бүккен кезде, алыстан, көкжиектен
"Қарлығаш" көне күймесін көрді -ол өзінің артында ұзыннан - ұзын
шұбатылған шаң ілестіріп Ле төбесінен баяу төмен түсіп келе жатыр екен.
Осы сары күймемен Леон жиі-жиі оған қайтып оралатын жəне нақ сол
жолмен ол оған енді қайтып келмеске кеткен - тін! Кенет оған қарсы
терезеден оның сұлбасы жылт ете түскендей елестеп кетті. Содан кейін
бөрі араласып, бəрі көктен түскендей болып кетті, ендігі жерде ол
жарқыраған люстраның астында, виконттың құшағында, шырайналып
билеп жүргендей, ал Леон осы маңда жүргендей, ол осы қазір келетіндей...
жəне сол сəтте Родольфтің басы тіпті жақындап қалғандай ойға батты.
Осынау түйсіктің тəттілігімен көптен бергі тілегінің оның бойын билеп
алуы жəне құйын көтерген қиыршық тастар сияқты, хош иістің əлжуаз
мұнары оның жан дүниесін шырмап алған. Терезенің сырт ернеуіндегі
балауса шырмауықтың иісімен дем алып, оның танауы делдиіп кетті. Ол
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Бовари ханым - 11
  • Büleklär
  • Бовари ханым - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4163
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2553
    30.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4178
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2552
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2530
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4126
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2500
    29.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2557
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4249
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2427
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4224
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2426
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4337
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4309
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2440
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4189
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2383
    30.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4237
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2322
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4248
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2339
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4284
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2336
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4453
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4211
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2395
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4279
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4390
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2357
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4218
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4382
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4349
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2273
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4397
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2241
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4360
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4277
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2355
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 1446
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 974
    39.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.