Latin Common Turkic

Бовари ханым - 06

Süzlärneñ gomumi sanı 4249
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2427
33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
- Не десеңіз де, бəрібір оның бильярды сіздікінен əлдеқайда əсем, - деп
дəріханашы əңгімесін жалғастырды, — мысалы, əлдебіреудің ойына
патриоттық мақсатпен -поляктардың пайдасына немесе Лиондағы су
тасқынынан зардап шеккендер пайдасына жарыс өткізу түссе...
- Мен ол алаяқтан онша қорықпаймын! - Тегеурінді иықтарын қиқаңқиқаң еткізіп, қожайын əйел оның сөзін бөліп жіберді. - Оқасы жоқ, оқасы
жоқ, Оме мырза! "Алтын арыстан" аман тұрса оның іші əрдайым толы
болмақ. Біздің əлі де ақшамыз жеткілікті! Ал енді тағы бір тамаша таң
атқанда "Франция" кофеханасының жабық тұрғанын, ал маңдайшасына
ілінген хабарландыруды көресіз! Бильярдты ауыстыру ма! - деп ол өзөзімен сөйлесіп кетті. - Ол кір жаюға сондай ыңғайлы, ал аң аулау науқаны
басталған кезде оның үстінде алты адам жайғасып ұйықтайды!.. Əй, əлгі
бозөкпе Ивер неге ғана келмей жатыр екен!
- Ал сонда сіз ол келгенге дейін күнделікті қонақтарыңызды
тамақтандырмайсыз ба?
- Солай дейсіз бе? Бине мырза ше? Көресіз ғой: ол тура сағат алтыда
келеді, - сондай ұқыпты адамды іздесеңіз де таппайсыз! Оған міндетті
түрде шағын бөлмеден орын босатып қой! Оны өлтірсең де басқа үстелге
отырмайтыны анық! Ал енді кірпияздығы қандай! Ал бар ғой, оған шарап
таңдаудың қиындығын айтсаңшы! Ол мүлде Леон мырзадай емес. Ол болса
бірде жетіде келсе, кейде жеті жарымда келетіні бар. Не берсең де жей
береді, талғап, таңдауға жоқ. Сондай сүйкімді жас жігіт! Ешқашан дауыс
көтеріп сөйлеген емес.
- Тəрбиелі адам мен бұрынғы карабинерлерден шыққан көнбіс салық
инспекторы, мен сізге айтайын, өзара салыстыруға келмейтін кісілер.
Сағат тілі алтыны көрсетті. Бине келіп кірді.
Оның көк суртюгі сүйегі ақсиған денесіне киімілгіште тұрғандай
жараспай, салбырап, құлақтары жоғары қайырылып байланған жəне
күнқағары майысқан былғары фуражканың астынан көп кигендіктен каска
батып шеңбер сызық түскен қасқа маңдайы көрініп тұр. Оның үстіне кигені
қара шұға көкірекше, қылдан жасалған галстук, сүр шалбар жəне ол жыл
бойы аяғының бармағы көтеріп тұратын тұсының былғарысы бірыңғай
қалыңдау, мұқият тазартылған етігін тастамайтын. Оның иегінің астын,
бозарған сопақ бетін, сығырайған көзі мен имек мұрнын қоршап жəне тура
гүлзардың жасыл жиегі сияқты айнала көмкерген ақ жағасынан бір тал да
шашы сыртқа шығып тұрған жоқ. Карта ойынының кез келген түріне ұста,
жақсы аңшы, көркем жазуымен аты шыққан ол жəне не істеу керектігін
білмей зеріккеннен өзінің токарьлық станогінде қол орамал қыстыратын
шығыршық жонумен айналысып, суретшінің құштарлығы мен тоғышардың
өзімшілдігіне салынып, үйін толтырып тастаған.
Ол шағын бөлмеге беттеген, бірақ та алдымен ол жерден үш шірменшіні
шығарып жіберу керек - тін. Өзіне арнайы дастарқан жайып жатқанда, ол
қашан əзір болғанша үн-түнсіз пештің қасында тұра берді, содан кейін
əдеттегідей, есікті жауып, фуражкасын шешті.
- Алайда, ол айрықша сыпайыгершілігімен ерекшеленіп тұрған жоқ! Қожайын əйелмен жеке қалған дəріханашы осылай деген.
- Ол əрдайым осындай, - деп қожайын əйел оны қостай кетті. - Өткен
аптада осында шұға саудасымен айналысатын екі коммивояжер келген,
өздері бір керемет көңілді бозбалалар екен - кеш бойы əзіл-қалжың айтып,
ауыздарын жаппады, мен болсам көзімнен жас аққанша күлдім, ол мынау
судағы балықша, жұмған аузын ашқан жоқ.
- Иə, - деді дəріханашы, ол қиялдан да, тапқырлықтан да, жалпы ізгі
ортадан шыққан адамға тəн қасиеттің бəрінен де құралақан!
- Алайда, жұрттың айтуынша, оның қалтасы қалың көрінеді! - деді
қожайын əйел.
- Қалталы деймісің? - Оме мырза қайталай сұрады. - Ол кім? Қалталы
деймісің? Ол қалтасын қалыңдатудың жолын тапқан, бар болғаны сол ғана,
- деп дəріханашы сабырлы қалыпқа көшті жəне сөзін жалғастырды. - Егер
көтерме саудамен айналысатын саудагер іргелі істермен айналысса, заңгер,
дəрігер, дəріханашы дəйім өз ойларымен əуре, түптің түбінде əпенді, тіпті
тұйық адамға айналып кетеді. Менің мұны түсінуге шамам жетеді, мұны біз
тарихтан да білеміз! Алайда оның есесіне олар əрдайым ой-толғаныста
жүреді ғой. Мысалы, менің басымнан не өтпеді деңіз: затбелгі жазуым
керек, қаламсабымды үстелден іздеймін, ал ол құлағымда қыстырулы тұр
екен!
Тура осы сəтте Лефрансуа ханым "Қарлығаш" келе жатқан жоқ па екен
деп қарап келмек болып, табалдырыққа жете бергенде кенет селт ете
қалды. Асүйге ойда жоқта қара киімді бір адам келіп кірді. Батып бара
жатқан күннің соңғы сəулесі көрсеткендей, оның беті қып-қызыл жəне
шымыр денелі адам екен.
- Қасиеттім, сізге қандай қызмет көрсетуім керек? - деп каминнің үстінде
тізіліп тұрған мыс шамдалдардың біреуін алып жатып қожайын əйел сұрақ
қойды. - Бір нəрсе ішкіңіз келе ме? Қарақат шырыны ма, жоқ бір стақан
шарап па?
Священник аса сыпайылық сақтап, бас тартты. Ол Эрнемон
монастрында қолшатырын ұмытып кетіпті. Лефрансуа ханымнан соны
үйіне əкеліп беруді өтініп, кешкі намазды оқуға кетті.
Оның кебісінің тықылы басылған сəтте дəріханашы священниктің өзін
жексұрын қылықты кісі ретінде көрсетіп жүргенін айтты. Бір стақан
шарапты қағып салудан бас тартуы - басқа түкте емес, бұл оның пасық екі
жүзділігі; поптардың бəрі де жұрттан жасырып мас болғанша ішеді, - деп
дəріханашы айғай салды. - Ендеше қыздарыңды ғибадат етуге осындай
қызбалы жігіттерге жіберіңдер. Мен өкіметтің орнында болсам, ай сайын
əр поптың қанын ағызып тұруды міндеттер едім. Иə, Лефрансуа ханым, əр
ай сайын - қажетті мөлшерде, адамгершілік пен қоғамдық тəртіпті сақтау
мақсатында!
- Жетер енді, Оме мырза! Сіз құдайсызсыз! Сіз ешбір дінде де жоқсыз!
- Олай демеңіз, менің дінім бар, өзімнің ерекше дінім, - деп дəріханашы
қарсылық білдірді, - мен тіпті олардың барлық екі жүзділігі мен
масқарампаздығына қарағанда əлдеқайда діншілмін. Оларға қарағанда
құдайға мен көбірек сенемін! Əйтеуір бір құдіреттің барына, жаратушының
барына, əйтеуір біреуге - ол қалай аталса мейлі солай атала берсін азаматтық жəне отбасылық борышымызды орындау үшін бізді осында
жібергені үшін де сенемін. Мен шіркеуге баруды, күміс табақтарды сүю
жəне онсыз да сіз бен бізден жақсы тамақтанатын сайқымазақтар тобырын
асырауды міндетті екен деп санамаймын! Құдайға орман ішінде де, далада
да, тіпті жай ғана, бабалар өнегесі бойынша, аспан əлемін тамашалай
отырып та құлшылық етуге болары хақ. Менің құдайым - ол Сократтың,
Франклиннің, Вольтер мен Беранженің құдайы! Мен Сенім нышанындай
викария кебінің де жəне сексен тоғызыншы жылдың мəңгілік
ұстанымдарын да қолдаймын! Таяқ ұстап өзінің бағында серуендеп
жүретін, өзінің достарын киттің құрсағына орналастыратын, ақтық демі
шығарда шыңғырып өлетін жəне үшінші күні қайта тіріліп кететін
құдайсымақтарды мойындамаймын. Осынау қисынсыздықтың бəрі
түбірімен физика заңдарына қайшы. Былайша айтқанда, ол заңдардан анық
байқалатыны - поптардың өздері масқара надандыққа белшесінен батып,
оның иіріміне халықты батыра салғысы келетіні.
Осы кез дəріханашы, көпшілікке көз жүгіртіп, тыныштала қалды. Ол
өзін муниципалды кеңесте сөз сөйлеп тұрғандай сезінді. Ал бике оған
мүлдем назарын аударған жоқ. -Құлағына зырлап келе жатқан тарантастың
дыбысы талып естіледі. Көп ұзамай, күйменің сықырын, ат тұяғының
тырсылын анық айыруға болатын, енді міне ақыр соңында "Қарлығаш"
қақпа алдына келіп тоқтады.
Ол кенеп жабылған төбесімен теңескен орасан зор екі доңғалақтың
ортасына орналасқан сары жəшік болып көрінген жəне ол жүргіншілердің
жан-жағына қарауына кедергі келтіріп, арқаларына су шашыратты.
Күйменің есігі жабылған кезде оның балшық түйіршіктері жабысып қалған
жəне терезелері бағзы замандағы шаңын тіпті шелектеп құйған жаңбырдың
өзі мұны кетіре алмаған, əйнектерінің бəрі дірілдей жөнелді. Күймеге үш
пар көсем ат жегілген еді, оның біріншісі төзімдісі еді, тау бөктерлей жол
жүрген жағдайда күйме селкілдеп, бауыры жерге тиіп, тұрып та қалатын.
Қалалықтар алаңға толып кетті. Бəрі бірдей əңгімеге араласып, қандай
жаңалықтар барын, себептерін сұрасты, өз себеттерін əп - сəтте талап
əкетті. Ивер кімге жауап берерін білмеді. Ол Руанда жергілікті
тұрғындардың барлық тапсырмаларын орындайтын. Дүкендерді аралап,
етікшіге былғары, ұстаға - темір, өзінің бикесіне - бір күбіше майшабақ,
сəнқойларға - сабан қалпақ, шаштаразға - жасанды шаш үлестірумен
айналысты, арбаның алдында тұрып бар даусымен бақырып, шарбақтың
үстінен түйіншектерді лақтырып, ал аттарын аялдатпай жүре беретін.
Бүгін бір уақиғаға байланысты кешігіп қалды. Бовари ханымның иті
қашып кетіпті. Оны ширек сағат арпалысып жүріп шақырған. Ивер тіпті
кейін шегініп, жарты миль жерге барып қайтты - ол иттің əне-міне дегенше
табылатынына сенген - алайда ақыр соңында сапарын жалғастыру керек
болады. Эмма жылап, ыза болып, бар кінəні Шарльға жапты. Олардың
серіктестері, алыпсатар Лepe мырза Бовари ханымды жұбатуға тырысып,
жоғалып кетіп, көптеген жылдар өткен соң иелерін тауып келген иттер
туралы небір хикаяларды əңгімелеп берген. Ол тіпті біреудің иті
Константинопольден Парижге қайтып келгеніне нандырмақ болды. Тағы
біреуі тура жолмен елу миль жол жүріп, төрт өзенді кешіп өтіпті. Лере
мырзаның əкесінің бұйра жүндес иті болыпты, ол жоғалып кетіп, он екі
жылдан соң, əкесі қалаға кешкі асын ішуге бара жатқанда, арқасына асыла
кетіпті.
Бірінші болып Эмма, одан кейін Фелисите, Лepe мырза жəне асыраушы
шықты; Шарльды оятуға тура келді, өйткені ол қараңғы түсе бір бұрышқа
жайғасып алып, қатты ұйықтап кеткен.
Оме өзін таныстыруды борышым деп санаған, ол өзінің Бовари ханымға
құрметін көрсетіп, оның күйеуі алдында аңқылдай сөйлеп, əдепті əзіл
айтып, оларға қызмет көрсеткеніне қуанышты екенін білдірді жəне оған
қоса шынайы достықтың белгісін танытып, əйелінің бір жаққа кеткенін,
осы себептен өзінің олармен бірге отырып тамақтанғысы келетінін де
жасырған жоқ.
Асүйге кірген Бовари ханым каминнің қасына келді. Ол екі саусағымен
көйлегін тобығына дейін көтеріп, қара бəтеңке киген аяғын тура істік
темірге қақталып жатқан кесек еттің үстіне ұстап жылыта бастады.
Жалынның жарығы оны толық көрсетіп тұр: оның көйлегін де, жəне оның
жып-жылтыр, аппақ денесін де, ал ол көзін жұмған кезде, оның өткір
сəулесінен оның қабақтары мөп-мөлдір болып көрінді. Есік ашылғанда кей
кезде жел соғып, Эмманың тұла бойын анық алқызыл жарық аралап өтті.
Пештің ар жағында отырған аққұба жас жігіт оған үн-түнсіз қадала көз
тастады.
Ол Ионвильде нотариустың, Гильомен мырзаның көмекшісі қызметін
атқаратын ("Алтын арыстанның" екінші тұрақты қонағы Леон Дюпюи осы
болатын) жəне өте іші пысып, жолаушы түсетін үйде бір жолаушыға
кезігіп, онымен əңгіме-дүкен құрып, кешті қысқартуға үміттенген ол
түстікке əрдайым əдейі кештетіп келетін. Қызметі ерте аяқталған күндері
ол қайда барарын білмей, амалсыздан ас ішуге мезгілінде келетін,
біріншіден соңғы тағам ішіліп болғанша, Бинеге көз айырмай қарап, қатар
отыратын. Үй иесінің жаңа келген кісілермен бірге отырып тамақ ішу
жөнінде жасаған ұсынысын ыстық ықыласымен қабылдау себебі осы еді.
Лефрансуа ханым кеш салтанатын асыра түсу үшін үлкен бөлмедегі үстелге
төрт адамға лайықтап дастарқан жаюды тапсырған, сөйтіп бəрі сонда
барып жайғасты.
Оме тақиясын шешпей-ақ қоюға рұқсат сұраған - ол тұмау тиюден қатты
қорқатын.
Содан кейін ол қасында отырған əйелге сауал тастады:
- Сіз бəлкім, шаршаған боларсыз, ханым? Біздің "Қарлығаш" аямай
сілкілейді - ақ!
- Оныңыз рас,- деді Эмма, - бірақ та кез келген сапар менің жаныма
жағымды. Мен жағдайдың өзгеріп тұрғанын қалаймын.
Кіндігің байланып қалғандай, бір жерден ешқайда аттап шықпау қалай
зеріктіріп жібереді десеңізші! - деп нотариустың көмекшісі саңқылдай
сөйледі.
Сіздер, мен сияқты ұзақты күн аттан түспей жүріп көрсеңіздер ғой, —
деп Шарль да тіл қатты.
- Ал меніңше, бұл ғажап қой, - деп Леон қарсылық білдіріп, Бовари
ханымға қарата сөзін жалғастырды. - Тек мүмкіндік болса ғой, шіркін!
- Иə, біздің бұл жерде дəрігердің жағдайы соншалықты қиын да емес, əңгімеге дəріханашы араласты, - жолдары жақсы, қайда болса да күймемен
баруға болады, төленетін қаражат та қомақты жергілікті шаруалар күйлі
тұрады. Егер де таза медициналық көзқараспен айтар болсақ, онда əдеттегі
энетерит, бронхит, сары ауру жəне соған ұқсастардан басқа бүл жерде орақ
кезінде кейде безгектің белгі беріп қалатыны бар, тек қана құлақтан ағатын
бұлақ тыйылмай тұр, бұл жерде əрине, істің мəнісі шаруа үйлерінің
ластығына байланысты. Иə, Бовари мырза, сіздің көптеген ескілік
қалдықтарымен күресуіңізге тура келеді, үйренгеннен көзжазбаушылық
сіздің ғылымыңызға ұдайы жəне тегеурінді қарсылық көрсетері сөзсіз, өйткені əлі де болса, сырқаттанып қалса, дəрігерге де, дəріханашыға да
емес, емдеу орнына дұға оқып, аруақтарға қолын тигізетін поптарға
баратын адамдар баршылық. Ал енді, шынын айтқанда, бұл жерде ауа райы
жаман емес, бұл аймақта тіпті жасы тоқсанға толған қарттарды да
кездестіресіз. Менің өз бақылауым бойынша қыстыгүні температура төрт
градусқа дейін төмендейді де, ал ыстық шыға жиырма беске дейін, ең
қатты ысығанда -отызға дейін көтеріледі, бұл Реомюр бойынша
мықтағанда жиырма төрт, ал Фаренгейт бойынша (ағылшын градуснигі
бойынша) - елу төрт, одан жоғары емес. Шын мəнісінде, бізді бір жағынан
Аргейль орманы солтүстіктен, екінші жағынан – Сен - Жан шоқысы бастан соғатын желден қорғап тұрса, соның арқасында, өзеннен көтерілетін
су буының əсерінен жəне жайылымда мал қарасының тым көбейіп кетуіне
орай, ал олар өзіңіз білесіз, көптеп аммиак, яғни азот, сутегі мен оттегін,
жо-жоқ, кінəлімін, тек азот пен сутегін бөлетіні белгілі, күшке түсетін
аптап, топырақта сақталған ылғалды жұтып қоятын аптаптың осынау
буланған заттың бəрін қосып, оларды буып, осылай айтуға болатын болса,
бір бауға байлайды да, электрмен қосылыс түзеп, ауаға жайылған кезде
барып, денсаулыққа зиянды сулы буға айналатынын, - бұл аптап, яғни
оңтүстікте оңтүстік-шығыстан соққан желден ыстығы басылып, бұл жел
болса Сенаның үстінде суынып, бейне орыс бораны сияқты, кейде бізге
кенеттен ұшып келетіні бар.
- Ең болмаса, бұл жақта серуендейтін жағдай бар емес пе? - Бовари
ханым жас жігітке сұрақ қойды.
- Жоқ десе де болғандай, - деп жауап берді ол. - Шоқы басында,
орманның баурайында, былайша айтқанда өрісте бір жер бар. Кей жексенбі
күндері мен кітабымды алып сол жаққа кетемін жəне батып бара жатқан
күн шапағын қызықтаймын.
- Меніңше, күннің батқанынан, əсіресе теңіз үстінде, сұлу ештеңе жоқ,
— деді Эмма.
- О, мен теңізді жанымдай жақсы көремін? - деді Леон.
- Сіз қалай ойлайсыз, - Бовари ханым сөзін жалғастырды, - осы ұшықиыры жоқ шексіздің үстінде біздің рухымыз еркін самғап жүр емес пе,
оған пайымдай қарасақ, жанымызды жадыратып, шексіздік туралы, ізгі
мұраттар жайлы ой-толғамдарға батырады емес пе?
- Таулар да адамдарды тап осындай əсерге бөлейді, - деді Леон.
- Менің немере ағайым, өткен жылы Швейцарияға саяхат жасап қайтқан,
ол кейін маған көлдердің көркемдігін, сарқырамалардың сұлулығын,
мұздақтардың ғажаптығын майын тамыза əңгімелеп берген. Тау
тасқындары арқылы ертегідей алып қарағайлар жүзіп келген, опырыла
құлаған жар басына лашықтар ілініп тұр, ал бұлттар тарап, аспан ашылған
кезде сіз аяғыңыздың астында, мың футтық шыңыраудың түбінде жатқан
шексіз аңғарды көресіз. Мұндай көрініс адам жанын тəтті тіршілік
тербетіп, намаз оқуға көңіл қойдырып, қуанышқа бөлеуге тиіс! Бір əйгілі
музыканттың фортепьянода ойнап, шабыт шақыру үшін қайдағы бір
табиғаты таңғажайып жерлерге кетіп қалғаны мені тіпті де таң
қалдырмайды.
- Ал сіз өзіңіз əн айтып, музыкалық аспапта ойнай аласыз ба? - деп Эмма
сауал тастады.
- Жоқ, бірақ та мен музыканы керемет жақсы көремін, - деді Леон.
- Ой, оның сөзіне сенбеңіз, Бовари ханым! - Табақшасына төне түскен
Оме Леонның əңгімесін үзіп жіберді. - Бұл оның əдеп сақтағаны. Сіздің
мұныңыз қалай, əкетайым - ау? Сіз таяу күндері ғана өз бөлмеңізде
Сақтаушы періштені келістіре шырқағансыз, зертханада отырған маған
сондай жақсы естіліп тұрды. Сіз нағыз əншілерше барлық əуен иірімдерін
бұзбай айттыңыз.
Леонның дəріханашыдан үшінші қабаттың терезесі алаңға қарайтын бір
бөлмесін жалға алғанын айтқанымыз абзал. Үй иесінің мақтауынан ұялып,
беті қызарып кеткен, бірақ та ол жүзін емшіге бұрып, қаладағы ең белгілі
адамдардың атын атап жатты. Ол жол -жөнекей олар туралы əртүрлі
əңгімелер қозғап, сан алуан мəліметтер берді. Нотариустың дəулеті қандай
санмен өлшенетіні нақты алғанда белгісіз, дұрысы "Тюваштар отбасымен"
байланыспаған.
- Сізге бəрінен де бұрын қандай музыка ұнайды? - Эмма сұрағын
жалғастыра берді.
- Əлбетте, немістердікі, оны тыңдап отырып армандау қандай ғажап!
- Ал сіз итальяндықтарды білемісіз?
- Əзірге білмеймін, бірақ та мен оны келесі жылы тыңдайтын боламын,
əділет факультетін бітіру үшін менің Парижге баруым керек.
- Мен, мінеки, сіздің күйеуіңізге бейшара қашқын Янод туралы баяндау
бақытына ие болдым, - дəріханашы Эммаға тіл қатты.
- Оның ақымақтығының арқасында, сіздер ең жайлы Ионвильдік
үйлердің біреуінде тұратын боласыздар. Оның дəрігерге ерекше қолайлы
болатын бір жері, оның есіктерінің біреуі бірден тура бульварға шығады,
сол себепті білдірмей кіріп-шыға беруге ыңғайлы. Оның сыртында, үйде
отбасылы адамға не керектің бəрі бар: кірхана, ыдыс-аяқ, асүй, жемісжидек бағы жəне басқалар. Бұл əпенді ақшасын есеп-қисапсыз шаша
берген! Бақтың ең алыс түкпіріне, өзен үстіне, жазда отырып сыра ішу
үшін, өзіне жаппа салдырған. Егер де сіз, ханым, бау-бақшаны жақсы
көретін болсаңыз, онда сіз... істей аласыз...
- Менің əйелімді ондай іс қызықтырмайды, - ол үшін Шарль жауап
қайырды, - оған таза ауада қыдыруға кеңес берілсе де, алайда ол бөлмеде
отырып, кітап оқығанды жақсы көреді.
- Тура мен сияқты екен, - Леон сөзге араласа кетті. - Шын мəнісінде,
кешкісін қолыңа кітап ұстап пештің түбінде отырғаннан артық не бар
дейсіз? Шам жанып тұрса, терезені жел қағып тұрса...
- Ақиқаты осы емес пе? - Қара көздерін айқара ашып, оған қадала
қараған Эмма сұрақ қойды.
- Ештеңе ойламайсың, уақыт болса өтіп жатыр, - деп Леон сөзін
жалғастырды. - Орнында отырып-ақ, талай елдерге саяхатқа шығасың,
оларды көрмей-ақ көз алдыңнан өткізесің; қиял қанаттандырған ойдың
кейбір егжей-тегжейіне қайран қаласың не болмаса қызық оқиғаның ақыры
немен аяқталатынын тағатсыз тосасың. Сен тірі кейіпкерлерге айналып
кетесің, олардың киімдерінің астында өзіңнің жүрегің соғып тұрғандай
сезінесің.
- Рас! Рас! - Эмма мақұлдай кетті.
- Сіз кітаптан тек бұрындары бір қорытындыға келмеген, қайдағы бір
түсініксіз бейненің қазір сізге қиырдан қайта оралғаны сияқты жəне сіздің
нəзік түйсігіңізді кереметтей толық білдіретін өз ойыңызды кездестірген
кезіңіз болды ма?
- Бұл маған таныс жағдай, - Эмма қостай кетті.
- Менің ақындарды айрықша жақсы көретінім осы себептен, - деді Леон.
- Меніңше, өлең қара сөзге қарағанда нəзігірек - ол көзіңе жас алдырып,
əсерге бөлейді.
- Ал ең соңында жалықтырып жібереді, - Эмма қарсы шықты. - Мен
керісінше соңғы кездері романдарға, бас алмай оқитын қорқынышты
романдарға құмармын. Мен əдепсіз кейіпкерлерді жəне сезім білдірудегі
салқындылықты жек көремін, ол онсыз да өмірде көп кездеседі.
- Мен сізбен келісемін, - деп мойындады Леон. - Менің ойымша, егер
көркем шығарма сізді толғандырып - толқытпаса, онда оның өресі нағыз
өнердің деңгейіне жетпегендігі. Өмірдің уайым - қайғысынан ізгі тұлғалар,
мөлдір сезімдер əлеміне еніп, бақыт көріністерін қызықтаған қандай ғажап!
Бұл жердегі, алыс түкпірдегі, менің нағыз ермегім осы. Бір жаманы:
Ионвильден кітап табу қиын.
- Тостыда да, əлбетте, тап солай, - деді Эмма, - мен кітапты оқу залынан
алатынмын.
- Рақым етіңіз, ханым, керек кітапты менен алыңыз, - оның соңғы
сөздерін құлағы шалған дəріханашы əңгімеге араласты, - менің кітапханам
сіздің құзырыңызда, ал онда ең таңдаулы авторлар: Вольтер, Руссо, Делиль,
Вальтер Скотт, "Фельетондар жаңғырығы" жəне басқалар бар. Одан басқа
мен мерзімдік басылымдарды, оның ішінде күн сайын шығатын "Руан
шамшырағы" да бар, жаздырып аламын, - мен оның тілшісі құрметіне
иемін жəне Бюшиде, Форжеде, Невшателде, Ионвильде жəне оның
төңірегінде болып жатқан жаңалықтарды хабарлап тұрамын.
Қонақтардың үстел басында отырғандарына екі жарым сағат болды,
қызметші Артемиза болса өзінің жіптен тоқылған туфлиімен еденді сүйрете
басып, аяғын тырпылдатып, тағамды бір-бір табақшамен тасып, ұмытып,
ауыстырып алып, бильярд бөлмесінің есігін ашық қалдырып жүр, ал
шаппасы дамылсыз қабырғаға соғылуда.
Əңгімесін жалғастыра отырып Леон байқаусызда аяғын Бовари ханым
орындығының бел ағашына арта салды.Эмманың мойнындағы көк жібек
галстук қылғындыра байланып, ойықталған бəтес жағасын жоғары тартып
тұрғандығы сондай, ол шажырқай секілді сіресіп қалыпты. Эмма басын
бұрған кезде иегі біресе жағасына, ішке кіріп кетіп, біресе көтеріліп кетуде.
Шарль мен дəріханашы екеуара сөйлесіп отырған кезде, Эмма мен
Леонның арасындағы əңгіме ортақ тақырып төңірегінде өрбіген. Ол
əңгіменің барысында, кездейсоқ айтыла салған əр сөз белгілі бір мақсатты
көздейтін, ал ол мақсат өзара түсіністік еді. Париждегі спектакльдер,
романдардың аты, жаңа билер, ол туралы өздерінің түсініктері болмаса да
ақсүйектер ортасы... Бұрын өздері мекендеген Тост, қазір келіп қоныстанып
жатқан Ионвиль - олар осылардың бəрін талқылап, осылардың бəрі туралы
əңгіме жібін тарқатып үлгерген.
Кофе бергеннен кейін қызметші əйел төсек салу үшін жаңа үйге кетті де,
араға аз ғана уақыт салып, қонақтар да орындарынан тұрды. Лефрансуа
ханым қызған каминнің қасына қисая кетті, қолында фонары бар атшы,
үйлеріне шығарып салмақшы болып, Бовари мен мырзаны тосып тұр. Ол
сол аяғын сылтып басады екен, жирен шашына жабысқан сабан тікірейіп
тұр. Ол священниктің қолшатырын ала салды жəне жұрттың бəрі көшеге
шықты.
Қалашық ұйқыда. Жабық базардың бағаналарынан айналасына ұзынсонар көлеңкелер таралуда. Жазғы түндегі секілді, жер беті мүлтіксіз
қоңырайып жатыр.
Дəрігердің үйі трактирден бар болғаны жүз елу қадам жерде, осы
себептен тез арада қоштасып, сапарластар тарасуға мəжбүр болды.
Эмма ауыз үйге кірген бетте-ақ ақ балшық пен дымқыл ақжайманың
ызғары екі иығын мұздата түскенін сезді. Қабырғалары таяуда ғана
ақталыпты, ағаш басқыштары сықыр-сықыр егеді. Екінші қабатта
орналасқан жатын үйдің терезелері пердесіз тұрғандықтан бөлмеге ақшыл
сəуле түсіп тұр. Ағаштардың бас жағы терезеден ішке үңіліп, ал оның ар
жағында ай сəулесі астындағы өзен үстін тұман басып, оған шалғындар
батып кетіпті.
Бөлменің ортасында тартпалы шкафтар, шишалар, пердеге қажетті темір
шыбықтар, алтын жалатқан карниздер, орындықтар үстінде мамықтар,
еденде леген - шелектер астан-кестең шашылып жатыр, заттарды тасыған
екі жүкші оларды қалай болса солай үйе салған.
Эмманың өз өмірінде осымен төртінші мəрте жаңа жерде ұйықтауына
тура келіп тұр. Бұл жағдай бірінші жолы оны монастырь мектебіне
бергенде, екінші рет - ол Тостқа келгенде, үшіншісі - Вобьесарда, төртінші
- бүгінгі қонысы. Əр қоныс жаңарту Эмма үшін өмірінің жаңа дəуірі
сияқты болған. Жаңа жағдайда да бəрі баяғы қалпында қала беретіндігі
жөнінде оның ойына да алғысы келмеген, өйткені бұрынғы жердегі өмірі
өкініште өткен. Тіршіліктің жаңа бір белесіне көтерілген соң оның
ойлағанының бəрі жақсы жаққа ойысып, орындалатынына күмəнсіз сенді.
III
Эмма таңертең оянған бетте терезеден сыртқа көз салған - нотариустың
көмекшісі алаңда кетіп барады екен. Эмма іш көйлекшең еді. Леон басын
көтеріп, иіле сəлемдесті. Эмма жедел басын изеп, жауап берді де, терезені
жаба қойды.
Леон ұзақты күн кешкі алтыны күтті; ол трактирге келгенде, онда үстел
басында отырған Бинеден басқа жан баласы жоқ екен.
Кешегі түстік Леон үшін есте қаларлық уақиға болды; ол бұған дейін
əйел баласымен қатарынан екі сағат отырып əңгімелескен емес. Ол қалай
ғана оған соншама сөз айта алды екен жəне сондай бір бейнелі сөздер
тіліне қалай оралды екен? Ол бұрындары ешқашан мұндай шешен
сөйлемеген. Əрдайым именшек болатын, ол ұялшақтық пен тұйықтықтан
бастау алған сабырлылыққа ерекше бой алдырған. Бүкіл Ионвиль бір
ауыздан Леон "өзін өте жақсы ұстайды" дейтін. Ол жасы үлкен адамдардың
мылжыңдарын да төзімділікпен тыңдайтын жəне шамасы жастардың
бойында көп кездесе бермейтін саясатқа немқұрайлы қараса керек. Ол
қабілетті бозбала еді: акварелмен сурет салатын, бір қолымен күйсандықта
ойнайтын, түстен кейін егер карта ойнаудың реті келмесе, кітап оқуды
жақсы көретін, Оме мырза оның біліктілігін бағалайтын, Оме ханымға
оның міндетіне адалдығы ұнайтын жəне ол рас-тын: ол кір-қожалақ,
тəрбиесі өте нашар, аналары сияқты, жүріп - тұрулары қиын Оменің
балаларымен ылғи баққа барып қыдыратын. Күтушіден басқа оларға
қайырымдылық жасап, қолдарына алып, үйлеріне паналатқан, Оме
мырзаның немере інісі Жюстен бас-көз болатын - ол əрі дəріханашының
шəкірті жəне жəрдемшісі -тін.
Дəріханашы сирек кездесетін жылы жүзді көрші болып шықты. Ол
Бовари ханымға тасымалдаушылар туралы барлық қажетті мəліметтерді
айтып, əуелі өзі дəмін татып көретін, сосын ұдайы шарап сатып алатын
саудагерді арнайы шақырып алып, таныстырған жəне бөшкенің қалай
қойылғанын тексеріп көруге де ерінбей көршісінің жертөлесіне түсіп
шыққан; сондай-ақ ол арзан майды қайдан алуға болатынын айтып, өзінің
шіркеудегі қызметі мен өліктерді жерлеу міндеттеріне қоса, Ионвильдік
таңдаулы бақтарға күтім жасап жəне сол үшін иə сағатына, иə тұтас бір
жылға ақысын алатын - ал бұл мəселені түбегейлі иелері етін бақтың иелері
еді, - қызметші Лестибудуаны олардың бағбандыққа жалдап алуына
жəрдемдесті.
Дəріханашының ерекше елгезектігінің төркіні, оның тек қана жақын
адамдарға жанашырлығы ғана емес - бұл жерде ерекше есебі бар - тын.
Оме мырза емшілік атағы жоқ кісілердің бəріне сырқаттарды емдеуге
тыйым салатын Республиканың XI жылғы 19 вентозда қабылдаған заңының
1-бабын бұзып жүрген. Осыған орай тіпті оны бір жолы дəлелденбеген
құпия хабар бойынша Руанға корольдік прокурордың кеңсесіне шақыртқан.
Үстіне ақкіс жағалы шапан, басына берет киген ірі шенеунік оны тік тұрып
қарсы алды. Бұл сот мəжілісі басталар алдында, таңертеңгі мезгіл еді.
Дəлізден жандарал етігінің тықылы, алыстау бір жерден құлыптың
саңлауына сұққан дəу кілттің сыңғыры естілгендей болды. Бейне біреу
құлақ шекеден қойып қалғандай Оме мырзаның құлағы шулай жөнелді;
оның көзіне тас қоршау, жылап-сықтаған отбасы, сатылған дəріхана,
шашылып қалған шыны ыдыстар елестеп кетті. ІІрокурордан шыққан бетте
ол дəмханаға кіріп, көңілін орнықтыру үшін сельтерлік ромның бір
стақанын тартып жіберді.
Уақыт өте келе айтылған ескертпе есінен шығып, Оме мырза
дəріханамен іргелес бөлмеде қайтадан сырқаттарды қабылдап, оларға
залалы жоқ кеңесін бере бастаған. Алайда оны қала əкімі жаратпайтын,
əріптестері қызғанатын, сондықтан құлағын түрік ұстауға мəжбүр болатын.
Бовари мырзаға өзінің сыйластығын көрсетуінің сыры оның алғысын алуға
жəне ол бірдеңені сезіп қалса аузын жауып жүруі үшін жасалған əрекет еді.
Оме мырзаның күнде таңертең газет əкеліп беруінің, ал күндіз "бір сəтке"
қасына келіп, əңгімелесуінің себебі де осы еді.
Шарль уайымдай бастады: қаралуға келіп жатқан сырқаттар жоқ. Ол
сағаттар бойы күтіп, үн-түнсіз отыратын, сосын көзін іліндіріп алмақ
болып кабинетіне кететін немесе əйелінің қалай тігін тігіп жатқанын
бақылайтын. Іші пысқан соң ол өзін өзіне жалдап алып, сыршылардың аз
ғана бояу қалдырып кеткенін көріп, шатырды сырлап шығуға əрекеттенді.
Əйтсе де қаражат мəселесі оның тынышын қашырған. Ол қыруар
қаражатын Тостыдағы үй жөндеуге, əйелінің опа, əтір - бояуларына, көшіқонға жұмсап, бір сөзбен түйіндегенде, екі жылдың ішінде күллі
қалыңмалды, яғни үш мыңнан аса экюді құртып жіберген. Ал Тостыдан
Ионвильге көшкен кезде, Кенкампуадағы тас жолдағы қатты сілкіністен
арбадан құлап түсіп, быт-шыты шыққан гипстен жасалған священникті
есептемегенде, қаншама заттар сынды, жоғалып кетті десеңізші!
Шарльды алдандырған жанына жағымды қамқорлық жасау - əйелінің
екіқабат екендігі еді. Босанатын мезгілі жақындаған сайын оның əйеліне
деген сүйіспеншілігі арта түсті. Енді оны зайыбымен тағы бір табиғи
дəнекерлік бұрынғыдан да гөрі күрделі, сарқылмас сезім берік
байланыстырды. Ол алыстан Эмманың жайбарақат жүрісін, жалпақ
белбеумен тартып буып тастаудан құтылған бөксесінің баяу тербелісін
көргенде, бір-біріне қарама -қарсы отырғанда, ол əйеліне жеп жіберердей
қадала қарағанда, оның креслода үлбіреп отырғанын көргенде, ол кенеттен
орнынан атып тұрып, оны құшақтап, бетін сипалап, мама деп, билеуге алып
шығып, жылай жүріп күліп, көптеген жарасты əзіл-қалжың ойлап табатын,
айтатын. Балалы болатыны ойына түскенде ол қуаныштан жарыла
жаздайтын. Бұл оның арман - тілегінің асқар шыңы еді. Ол өмірдің мəн мақсатын толық түсініп, енді соның шуағына шомылып жүрген.
Эмма əуелі аң-таң болды, сосын ана болудың қандай екенін сезіну үшін
мүмкін болғанша тезірек босанғысы келді. Бірақ та оның алқызыл
жамылғысы бар қайық сияқты бесік, шілтерден тоқылған тақия сатып алуға
ақшасы жетпеген соң, таңдаған заттарын ала алмағанына қапа болып,
ешкіммен ақылдаспай - ақ балаға қажетті бұйымдарды даярлауға жергілікті
тігіншіге тапсырыс берді. Осылайша аналық сезімін өрттей өршіте түсетін
даярлығымен ол өзін қуанта алмай, оның балаға деген махаббатына əуел
бастан, бəлкім шек қойылған болар.
Ал Шарль дастарқан басында ұдайы сəби туралы айтатын. Уақыт өте
келе Эмма да əрдайым ол туралы ойлауға бой алдырған.
Эмма оның ұл болғанын қалаған. Оның шашы қара, денесі шымыр
болады, оған өзі Жорж деп ат қояды. Ұл бала туралы ой тағдыр оның
орындалмаған армандарының орнын толтырар деп үміттендіретін. Еркек
адамның ең болмаса, жүріс-тұрысы еркін ғой: оған ғашықтық сезімдерге
бөленуге, өзге өлкелерге саяхат жасауға жол ашық, кедергілерді жолда
қалдырып, қол жеткізу: өте қиын лəззаттан дəм татуға да ерікті. Ал əйелдің
жолы жіңішке. Сіреспе, сонымен катар болмысынан алғыр əйел екі оттың
ортасында: өз тəнінің əлсіздігі мен қатаң заңның қыспағында жүреді ғой.
Оның еркі баумен байланған, қалпағының шілтерлі бет пердесі сияқты, сəл
жел соқса болды желкілдей жөнеледі, оны қайдағы бір қисапсыз тілек
үнемі еліктіріп əкетеді, қайдағы бір шарттылық үнемі шаргездік жасайды.
Эмма жексенбі күні, шамасы сағат алты кезінде, көкжиектен таң шапағы
көрінгенде босанды.
- Қыз бала! - деді Шарль.
Жас босанған əйел теріс қарап кетті де, есінен танып қалды.
Сол сəтте Оме ханым да жүгіріп келіп, оның бетінен сүйді, оның
артынан "Алтын арыстанның" қожасы Лефрансуа апай да алып - ұшып
жетіпті. Дəріханашы сыпайылық сақтап, есікті ептеп ашып, əзірге асығыс
құттықтаумен ғана шектелді. Содан кейін бөпені көрсетуді өтініп, қыз
баланың тұрқы тəуір екенін айтты.
Эмма аяқ - қолын жинай бастасымен қызына ат табуға қайта кірісіп
кетті. Ол əуелі соңғы буыны итальян жалғауымен аяқталатын əйел
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Бовари ханым - 07
  • Büleklär
  • Бовари ханым - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4163
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2553
    30.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4178
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2552
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2530
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4126
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2500
    29.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2557
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4249
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2427
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4224
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2426
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4337
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4309
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2440
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4189
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2383
    30.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4237
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2322
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4248
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2339
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4284
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2336
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4453
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4211
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2395
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4279
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4390
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2357
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4218
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4382
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4349
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2273
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4397
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2241
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4360
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4277
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2355
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 1446
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 974
    39.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.