Latin Common Turkic

Бовари ханым - 03

Süzlärneñ gomumi sanı 4075
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2530
31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
53.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
айтылуға тиіс санаған небір əзіл-қалжыңды, бұрып сөйлеуді, астарлы сөзді
құттықтауды жəне ой салатын ишараны қанша қарша боратса да Шарль
тарапынан тауып айтылған жаңалық болмады.
Оның есесіне ол келесі күні таңертең өзге адам болып оянды. Пəктігінен
айырылған өзге емес, өзі сияқтанған. Жастардың сыр білдірмес жүзіне
қарап ештеңе аңғару мүмкін емес -тін. Тіпті, нағыз табалағыш
мысқылшылар да қалыңдық қастарынан өтіп бара жатқанда сан-саққа ой
жүгіртіп, қадала көз тастағандары болмаса, тілдерін тістеп, дымдары
өшкен. Шарльдың тіпті де сыр жасыру ойына келмеген. Ол Эмманы əйелім
деп атап, оған "сен" деп сөйлеп, жолыққандардың əрбірінен қалыңдығының
қандай екендігін сұрап, қонақтар оның қыр соңынан қалмай еріп жүріп,
қайта-қайта бақ жаққа ертіп кете бергенін, тал белінен құшақтап, аллеяда
қыдырыстап жүргенін, иіліп Эмманың кеудесіне басын сүйеп, ішін тартқан
жалпақ белбеу - корсаждың шілтерден тоқылған əшекейін умаждап
жатқанын алыстан көріп тұрған.
Үйлену тойынан кейін екі күн өткен соң жас жұбайлар қайтып кеткен,
дəрігерге қаралатын сырқаттар бар екенін ойлаған Шарльдың одан əрі
Бертода қалуы мүмкін емес -тін. Руо қария оларға өзінің ат-көлігін беріп,
Васонвильге дейін шығарып салды. Сол жерде қызының бетінен соңғы рет
сүйіп, арбадан түсті де, үйіне қайтты. Жүз қадамдай ұзаған соң ол артына
бұрылып, алыстап бара жатқан арба доңғалақтарының жол шаңын көтеріп
бара жатқанын көріп ауыр күрсінді. Ол өткен өмірін ойына оралтып, өзінің
үйлену тойын, зайыбының тұңғыш қалай жүкті болғанын есіне алды;
сүттей аппақ қар жамылған қырда, ал бұл тура Рождество мейрамы
қарсаңы еді жəне қалың қар түскен, жорғалай шапқан атының артына
мінгескен қалыңдығы келе жатқаны оның да қуанышын қойнына
сыйдырмай келе жатқан; əйелі бір қолымен күйеуін құшақтап, екінші
қолында себет бар; тоқыма бас киімінің бауларын жел желбіретіп, оның
аузын аштырмай қойған; ол артына бұрылып қарағанда алтын жиекті бас
киімі тұмшалаған күлімдеген алқызыл бетін иығына сүйеп, өзін жабыса
құшақтап отырғанын көрді. Ол əлсін-əлсін қойнына шығып, оның қолын
жылытып отыр. Одан бері қаншама жылдар артта қалды десеңізші!
Олардың ұлдары отызға толатын еді ғой! Қария қайта бұрылып, артына
қарап еді, көлік көз ұшынан ғайып болыпты. Дүние - мүлікті алып
шыққаннан кейін қаңырап бос қалған үй іші сияқты, осы сəт оның жаны да
жетімсіреп, жалғыз қалғанын сезінді. Шараптың буы шыр айналдырған
басына көңіл елжіреткен естеліктер мен сұмдық ойлар араласа оралып,
жадына түскен оның кенеттен шіркеуге барғысы келіп кетті. Алайда, онда
барса көңіл күйі қазіргіден де жабырқай түсетінінен қорыққан ол тікелей
үйіне тартты.
Бовари мырза мен ханым Тостқа тура сағат алтыда келіп жетті.
Дəрігердің қалыңдығын көріп қалуға асыққан көршілері жаппай
терезелеріне жабысты.
Қартайған қызметші кемпір өзінің жаңа ханымымен амандасып,
құттықтады да, түстіктің əзір еместігіне кешірім өтініп, тамақ піскенше үй
ішін аралап шығуын өтінді.
V
Қасбеті кірпіштен қаланған үй тура көшеге, анығында жолға шығып
кеткен. Есіктің артында қысқа жағалы желбегей, жүген жəне былғары қара
қалпақ ілулі тұр, бұрышта бес батпан балшық қатып қалған штиблет
жатыр. Оң жақтағы есік арқылы залға яки түстік ішіп, кешкілік демалатын
бөлмеге өтесің. Əшекейленген гүл тізбегі секілді, жиектері сарғайып
кеткен, кенеп астары босаң тартылғандықтан ақсары түсті тұсқағаз
жалпылдап тұр; терезелерге бір-біріне жалғаса байланған қызыл жиекті
мақта матадан тігілген перделер ілінген; соншама тар тас сөреде тұрған екі
қабаты да күмістен қапталған, сопақ қалпақты екі шырағданның ортасына
Гипократтың басы орнатылған сағат жайғасыпты; дəліздің қарсы бетіндегі
ұзындығы алты қадамдай үйшік - Шарльдың кабинетіне апаратын есік.
Онда үстел, үш орындық жəне жұмыс креслосы бар. Беті ашылмаса да, бір
қолдан екінші қолға көшіп, сан қайыра сатылғандықтан жұлма-жұлмасы
шыққан Медицина энциклопедиясының томдары шыршадан жасалған
кітап жəшігінің алты сөресін түгелге жуық толтырып тұр. Сырқат кісілер
қабылдау күтіп отырып, қабырғадан өтіп кететін асүйдің қоңырсыған
ауасымен тыныстайтын, есесіне олардың жөтелгендері мен сырқаттарының
сырын бүге-шігесін қалдырмай ақтарыла əңгімелегендері асүйге анық
естіліп тұратын. Кабинеттің ар жағында терезесі аулаға, қазіргі кезде отын
сақталатын сарай, жертөле, қойма орнына пайдаланылатын атқораға
қарайтын бос бөлме бар. Онда түрлі темір-терсек, бос бөшкелер,
пайдалануға жарамайтын бау-бақша күтіміне қажетті ескі құрал-саймандар
жəне кезінде не үшін қажет болғаны белгісіз басқа да түкке тұрғысыз шаң
басқан заттар шашылып жатыр.
Өрік ағаштарының тасасында қалған саз балшықтан соғылған екі
дуалдың ортасында ені тар болса да, ұзындығы біршама бақ созылып
жатыр, ол шомырт бұтасынан жасалған қашаға барып тіреледі, одан əрі
қарай дала. Бақтың қақ ортасындағы тас тұғырда тақта тастан жасалған күн
сағаттар орнатылған; солып қалған итмұрынның төрт клумбасы пайдалы
көшет атыздарын дəлме-дəл қоршап тұр. Əріректе, самырсындар аясында
гипстен - саз балшықтан соғылған поптың қолында дұға кітабы.
Эмма екінші қабатқа көтерілді. Бірінші бөлме жабдықталмаған екен, ал
екінші бөлме ерлі-зайыптылардың жатын бөлмесі болып шықты, онда
қабырғаның қуысына қызыл шымылдықтың артына қызыл ағаштан
жасалған кереует қойылған екен. Комод үстінде тұрған ұлутас пен терезе
алдындағы үстел үстіндегі графинде ақ атлас таспамен байланған бір бума
гүл тұр. Ол жаңа үйленгендердің, бірінші қосағының букеті - тін. Эмманың
көзі соған түсті. Мұны байқап қалған Шарль букетті алып, шатырға шығып
кетті, жас қалыңдық өзінің көзінше, тап осы бөлмеге заттарын əкеліп, орын
- орнына қоюын тосып, креслоға жайғаса кетті де, қағаз жəшікте жатқан
өзінің үйлену тойында алған шоқ гүлді есіне алып, кенет қайтыс болып
кеткендей болса, оның букетінің тағдыры не болары жөнінде ойланып
қалды.
Эмма аяқ аттап басқан күннен бастап үй ішін жаңалауға кірісті.
Шырағдандардың қалпағын алып тастады, бөлмелерге жаңа тұсқағаздар
жапсырып, басқышты қайта сырлап шықты. Бақтағы күн сағаттардың
айналасына орындықтар қойып, су бұрқағы бар, балықтар жүзіп жүретін
бассейн орнатудың жөн-жобасын сұрастырып та көрген. Қалыңдығының
қыдырғанды жақсы көретінін білгендіктен бір сəті түскенде екі доңғалақты
жеңіл арба сатып алған. Жаңа шамы жəне теріден тігілген қанаттары
болғандықтан да оны əсем күйме санатына қосқан.
Бір сөзбен айтқанда Шарль шаттықтың бесігіне бөленді. Екеуінің бірге
отырып түстік ішуі, кешкілік үлкен жолға шығып серуендеулері, жалпы
жүріп - тұрулары, əйелінің оның шашын қалай жаңаша қидырғаны, терезе
жиегінде ілулі тұрған қалыңдығының қамыс қалпағы жəне басқа да кəкіршүкір тіршілік, бұрындары оның ойына да кіріп шықпаған осындай игі
жаңалықтар, ол үшін таусылмас қуаныш қайнарының көзіндей болатын.
Таңертең, Эмма екеуі төсекте жатқанда, ол күн сəулесі орамалының
бүрмелі жиегімен жартылай жабық албыраған бетіндегі түбіт түгі сары
алтындай жарқырап тұрғанын байқайтын. Оянар алдында, кірпігін пір
көтеріп, бір түсірген сəтте, оның көзінің аясы тіпті үлкейіп кеткендей
болып, көлеңкеде қара, жарықта қаракөк болып көрінетін олар, бір-бірінен
белгілі қашықтықта орналасқан алуан түстің алма-кезек жайғасуын
елестететін жəне көздің шұңғылында қара - қоюланып, ал аяғына
жақындаған сайын жарқырап көрінетін. ІІІарльдың көзі осы иірімге батып
кететін. Шарль қалыңдығы жанарының терең тұңғиығынан басына жібек
орамал байлаған, жағасының түймесі ағытылған жейде киген, иығына
дейінгі сұлбасын, өзінің кішірейтілген кейпін көретін. Ол тұрып кететін
əйелі терезе алдына келіп, оның соңынан қарап тұратын. Гүл өсірген екі
құмыра тұрған терезе жақтауына сүйеніп тұрған оның іш көйлегі белін
еркін жауып тұр. Шарль сыртқа шыққан соң, аяғын басқышқа тіреп,
аяқкиімінің бауын байлады, Эмма жоғарыда тұрып онымен сөйлесе берді;
гүлдің жапырағын иə қылтанағын тістелеп, артынша оны үрлеп Шарль
жаққа қарай жіберіп, ал ол болса есік алдында тырп етпей тұрған кəрі боз
биенің сабалақ жүнді қалың жалына келіп қонғанда құс сияқты ауада
қалқып ұшып, шеңбер жасап айналып, ұзақ уақыт жүріп алды. Шарль салт
атқа мінді де, Эммаға сүйдім дегендей белгі беріп, ол қабыл алдым
дегендей басын изеп, терезені жапты, ол болса жөніне кете барды. Ұбақшұбақ шанды жолдың бойында, ағаш бұтақтары тым төмен салбыраған
орманды жолда, сабағы тізесіне жеткен егінжайдың арасында келе жатып
Шарль күннің нұры арқасын қалай қыздырғанын сезініп, таңғы самалды
тамсана жұтты. Өткен күннің естелігін елжірей есіне түсіріп, жанын да,
тəнін де жай таптырған, қызығына қуанып, көпке дейін ішкен түскі
тамағының дəмі аузынан кетпей қоятыны сияқты, ол да рақат сезімінің
құшағына бөленіп келе жатыр.
Ол бұрын - соңды бақытты шақты басынан кешіріп пе еді? Еңселі төрт
қабырғасына телміре қарап, қамауда отырған, өзінен гөрі ауқатты да
қабілеттірек, оның алған сөгісіне күліп, үстіндегі киімін мазақ етіп,
кездесуге келген аналары елтіріден тігілген дорбаға бəліш салып əкелетін
жолдастарының ортасында да жалғыздық сезімінен айықпаған колледжде
оқып жүрген кезінде ме? Иə кейінірек, емшінің оқуын оқып жүргенде,
көңілі кеткен бір бойжеткенмен билеп, жігіттік жасап, оны айналдырмақ
ниетімен музыканттарға тапсырыс берейін десе қалтасында соқыр тиыны
болмағанда ма? Одан кейін ол қойнына кіргенде мұздай аяғы денесін
тітіркендіретін жесір əйелге үйленіп, онымен бір жыл екі ай ғұмыр кешті.
Енді міне, тіршіліктен татар дəмі таусылғанша өзі əулие көретін, керемет
келіншекке кезікті. Ендігі жерде ол үшін дүниенің бар қызығы əйелінің
жібектей жұмсақ көйлегін қаусыра құшақтаумен шектелген. Өзін онымен
ара-қатынасын салқын деп жазғырып, ол жоқта көңілсіз күй кешетін. Үйге
қайтуға асығып, жүрегі дүрсілдеп, басқышпен жүгіре көтерілетін. Эмма өз
бөлмесінде сəнденумен əуреленіп отырған кезде, аяғын жымын білдірмей
басып, арт жағынан келіп, арқасынан сүйген сəтте, ол айқайлап жіберетін.
Сəт сайын оның тарағына, орамалына, сақинасына қол тигізбей отыруға
шамасы жетпейтін; ол біресе қадала бетінен сүйетін, саусағының ұшынан
иығына дейін, қолын бастан-аяқ, асығыс аймалай сүйетін, мойнымызға
еркелей асылған балаларымызды қойдырғанымыз сияқты, Эмма да ептеп
еркелеп, жорта ашуланған кісіше оны кеудесінен кері итеретін.
Үйлену тойы өткенше сүйемін деп ойлайтын, алайда осы махаббаттан
туындайтын бақыт басына қонған жоқ, Эмма өзін қателестім деп шешкен.
Əйтсе де, ол шын мəнісінде "шаттық", "ынтызарлық", "құмарлық" деген
кітаптардан оқығанда сондай ғажап сезінетін сөздердің сыр-сипатын
түсінуге тырысып бақты.
VI
Ол бала кезінде "Поль мен Виргинияны'4 оқып, кейін бамбук лашық
туралы, негр Доминго жайлы, оған шіркеу мұнарасынан да биік ағаштан
қып-қызыл жеміс жұлып əперіп, иə болмаса қолына құстың ұясын ұстап,
құм үстімен өзіне қарай жалаңаяқ жүгірген кішкентай сүйкімді інісімен
арадағы адал достығы туралы одан да көбірек армандайтын.
Оның жасы он үшке толған жылы əкесі оны қалаға апарып, монастырьға
берген. Олар Сен - Жерве көшесіндегі керуенсарайға тоқтаған; оларға
кешкі асты мадмуазель де Лавальердің өмір тарихының бір сəтінің суреті
салынған табақшамен берген. Пышақ тырналап тастаған түрі дүдəмалдау
суреттер дінді, сезімталдықты, сондай-ақ король сарайының салтанатын
дəріптеуге арналған.
Монастырьда өткен алғашқы айлар оны жалықтырған жоқ; оның көңілін
көтеруді қалап, əдемі ұзын дəліз арқылы жалғасқан шағын шіркеуге ертіп
баратын монах əйелдермен бірге тұруы жақсы болды. Үзіліс кездерінде ол
онша ойнақтаған мінез көрсеткен емес, сабаққа үлгерімі сондай жақсы,
қиын сұрақтарға əрдайым жауап беретін өзі - тін. Сыныптағы жылы қарымқатынас, мыс кресті таспиық таққан жадау жүз əйелдер ортасы оны біртебірте шіркеудің ауасынан да, зəмзəм су құйылған тастай тостағаннан да,
шырағданның алауынан да сезіліп тұратын, ұйқы келтіретін құпия сезім
баурап алған. Ғибадат алдында тұрғанда, намаз оқудың орнына ол өзінің
кітабының көгілдір сызықпен қоршап қойған рухани - адамгершілік
мазмұндағы беттерін парақтай бастайтын; оған қойдан жуас адам да,
садақтың жебесі тесіп өткен Христостың жүрегі де, крестің ауыр салмағы
басып, құлап бара жатқан бейшара Иисус та ұнайтын. Бір жолы оның
ұрқын жансыздандырып байқап көрмек болып ұзақ күн нəр татпай қойғаны
да бар. Ол қандай ант берерін білмей біраз уақыт басын қатырған.
Ғибадат етуге бара жатқанда, қолын айқастырып, бетін торға тіреп,
діндардың сыбырын естіп, көбірек аялдау мақсатында əртүрлі ұсақ - түйек
күнəларды ойлап табатын: уағыз айту кезінде жиі қайталанатын күйеу бала,
күйеу, ғажайып ғашықтар, мəңгілік жұптары жазылмас ерлі-зайыптылар
жайындағы əңгімелер оның жан-жүрегін ерекше елжірететін.
Күнде кешкілік, намаз оқыр алдында, оларға əдетте күнəдан
арылатындай қандай да бір насихат оқылатын: жай күндері қысқаша
баяндалған қасиетті тарихтан немесе аббат Фрейсинудің5 "Əңгімелерінен"
үзінділер. Ал əр жексенбі сайын, əңгіме желісін өзгертіп отыру үшін
"Христиандық рухтың"6 кейбір тармақтары оқылатын. Ол əуелгі кезде жер
мен мəңгіліктің барлық шақыруларына үн қосатын осынау романтикалық
мұңның толыққанды даусына қалай құлақ тосты десеңізші! Егер де оның
балалық шағы əлдебір қаланың сауда алаңында, дүкенмен іргелес үйде
өтсе, əдетте « кітаптан əсерленетіндей, оны табиғатқа жан-тəнімен табыну
сенімі баурап алар еді. Бірақ та ол деревня тіршілігін жақсы
білетін;табындағы сиырлардың мөңірегені, сүт тағамдары, соқалар бұлардың бəрін ол бес саусағындай білетін! Оның жаратылысы тыныштық
көріністеріне үйреніп кеткен, осы себептен де оны əрдайым тыс жағдайлар
өзіне тартып тұратын. Егер теңіз болса, онда оның долданып жатқанын,
егер шөп болса, оның қоқсып жатқан ескі орында жайқалып өскенін көргісі
келетін. Ол көркемдікті сүюден гөрі, күйрек сезімталдыққа жақын адам тын: оны табиғатты тамылжыта суреттеу толқытып - толғандырмайтын, кез
келген құбылыстан, ол сезімін селдеткенін - өзінің тілегіне жауап
беретіндерін тауып алатын да, қажеті жоқ, көңіл қалауына сай
келмейтіндерін жанына жолатпайтын.
Əр ай сайын монастырьға бір апта мерзімге кəрі қыз - тігінші келетін.
Ол төңкеріс кезінде кедейшілікке ұшыраған, байырғы тегі дворян əулетінен
- тін, сондықтан архиепископтың өзі қамқоршы болып, ол монахинялармен
дастарқандас отырып тамақтанатын, ал ас ішіп болған соң, тігін тігуге
кетер алдында, олармен отырып əңгімелесетін. Пансион оқушылары
онымен жолығу үшін сабақтарынан қашып келетін. Ол өткен ғасырдың
ғашықтық жырларын жатқа білетін жəне инесін тастамай-ақ оларды əнге
қосып айтатын. Ол əртүрлі оқиғаларды əңгімелеп, жаңалықтарды хабарлап,
қалада болса кез келген тапсырманы орындайтын. Өзі əрдайым
алжапқышының қалтасына салып жүретін жəне үзіліс кезінде тұтас
тарауларын оқып тастайтын романдарды ара-тұра жоғары сынып
шəкірттеріне оқуға беретін. Оның бəрі де махаббат туралы болатын, онда
тек қана ашына жігіт пен ашына əйелдер, оңаша кездесіп, əңгімелесулер
үстінде ес-түстерінен айырылып, талып түсетін, өсек-аяңға іліккен
қатындар, əр бекетте өліп қалып жататын көшірлер, кітаптың əр бетінде
зорығып өлген аттар, ит тұмсығы батпайтын қалың ормандар, үрей үйірген
жүрек, ант-су ішу, өксіп жылау, көз жасы мен сүйісу, ай сəулесі түскен
қайықтар, тоғайлардағы бұлбұлдардың сайрауы, арыстандай айбатты
батырлар, қоңыр қозыдай момындар, аса қайырымды жіптіктей боп
киінген, түбі тесілген шелектей жылауықтар хикаясы баяндалатын. Он бес
жасар Эмма көне кітап қоймаларының қою шаңымен жарты жыл бойы
тыныстаған - тын. Кейінірек, Вальтер Скотт оның ескіліктерге деген
ықыласын оятты, сөйтіп ол қоныстанушылардың күркелерін, салтанатты
залдар мен қабылдау үйлерін қиялдауға көшкен. Ол ескі қорғанда тұрды
жəне жалпақ белбеулі ұзын көйлек киіп, басын қос қолымен тіреп,
терезенің тас жақтауына сүйеніп тұратын, шошақ мұнаралар басына
шығып, қалпағын айналдыра, ақ лентамен байлаған серінің кең далада
қарагер атқа қамшы басып, өздеріне келе жатқанын көріп тұратын əйелдер
сияқты уақыт өткізуді армандайтын. Эмма ол кездері Мария Стюартқа бас
иіп, Жанна д'Арк, Элоиза, Агнеса Сорель, сымбатты Фероньера мен
Клеманс Изор сынды күллі əйгілі əрі бақытсыз əйелдерді құрметтейтін.
Олардың бəрі де, құйрықты жұлдыздар секілді,уақыттың тас қараңғы
түнінен шығып, көз алдына келіп тұра қалатын бейнелер еді, сондай-ақ
тастүнекті жарып шығып, көз ұшына ілінген, өзара ешқандай байланысы
жоқ емен түбінде отырған Людовик Əулие7, өлім халіндегі Баярд8,
Людовик Он біріншінің9 зұлымдықтары, Варфоломей түнінің көріністері10,
Беарнец11 қалпағын киген сұлтан, сондай-ақ Людовик Он төртінші
.ардақтаған табақшадағы суреттер оның жадында мəңгілікке жатталып
қалғандығында сөз жоқ.
Музыка сабақтарында ол тек қана алтын қанатты періштелер, құдай аналар, теңіз айдындары, т.б. туралы романстар айтатын жəне осынау
зиянсыз шығармалардың мағынасыз сөз мəнері, қонымсыз əуені арқылы
оның жүрегін ғажайып елестер жаулап алатын. Эмманың құрбылары
өздеріне Жаңа Жылда сыйланған кипсектерді12 монастырьға ала келетін.
Оларды тығып ұстауға тура келетін жəне бұл оңай шаруа емес - тін; оларды
оқу тек жатақханада ғaна мүмкін еді. Кітаптың əсем безендірілген атлас
мұқабасына қолын жайлап қана тигізген сəтте астына өзіне бейтаныс
авторлардың - көбінесе графтар мен виконттардың аты жазылған оксидерге
Эмма таңдана көз салатын.
Оның демінен жібектей жұқа папирос қағазы бүгіле түсіп, жоғары
көтеріліп, іле-шала ақырындап суретті бетке қайта келіп жабысатын,
осының өзі ғана Эмманың жүрегін тулатып жіберетін.
Кітап беттері біресе балконның əсем бағаналарының арт жағында,
белбеуіне əмиəн қыстырған ақ көйлекті қызды құшақтап тұрған қысқа
сулықты бозбаланы, біресе дөңгелек қамыс қалпақтарының астынан аялы
мөлдір көздерін қадаған, ақсары шашты белгісіз ағылшын ледилерінің
жүздерін жауып жатыр. Саябақта сырғыған арбада əлгі ледилердің біреуі
жартылай шалқалап жатыр, жартылай шауып бара жатқан атты алдында
отырған тар шалбар киген екі атқосшы бала айдап, тазы ит секектей
жүгіріп келеді. Софода созыла түсіп ашылған хатты қасына қойып, қара
пернелері түсірілген ашық терезеден айға қарап арманға берілген адам
кейпінде басқа бір леди жатыр. Жандары таза қыздар, жанарларынан жас
төгіп, готикалық тордың шыбықтары арасынан орман кептерлерімен
сүйісіп немесе басын бір жағына қисайтып, жүзіне күлкі үйіріліп бүгілген
саусақтарының ұшымен бақ өсімдігінің гүлді жапырақтарын жұлып алуда.
Онда - күрке шатыры астында əнші - биші əйелдердің, кəпірлердің
құшағында мелшиіп отырған ұзын тұлымды сұлтандар, сендер де
барсыңдар. Түрік қылыштары, тақиялары, қайдағы бір жұмақ жерлерді
бейнелейтін күңгірт бояумен салынған картиналар, пальма, оның қасында
өскен шырша, оң жағында - жолбарыс, сол жағында - арыстан, алыста татар мешіті, алдыңғы жағында - қираған көне Рим, одан əріректе жайланып жерде жатқан түйелер - осының бəрі жабайы, бірақ та мұқият
сыпырып - сиырылған орманның, сұрғылт түсті судың бетінде ғаламат
сəулесі бытырадай шашырай төгілген күн нұрының аясында айрықша көп
бейнеленген. Су үстіндегі ақ нүктелердің жүзіп жүрген аққулар екенін
көресің.
Кештете оралған арбаның алыстан, қайдағы бір саябақтың тұсынан
тарсылы талып естілген шақта төсегінде тып-тыныш жатқан Эмманың
ойлы көзінің алдынан үздіксіз бұлдырап өтіп жатқан жер шарының осынау
көріністерін қалпақты шамның жарығы нұрландырып тұр.
Шешесі қайтыс болған алғашқы айларда оның көз жасы құрғамаған. Ол
анасының шашын салып қоятын азалы рамаға тапсырыс беріп, əкесіне
жазған өмір туралы түңіліске толы хатында өзін өлгенде анасының қабіріне
жерлеуді өтінген. Қызын ауырып қалғанға қосып, қария оған жетуге
асықты. Эмма өзінің қатардағы адамдардың қолы жетпейтін мақсатқа -аса
қиын өмір - тіршіліктің бар қызығынан бас тарту мақсатына бірден
жеткеніне іштей қатты риза болатын. Қысқасы ол Ламартиннің13 тұзағына
түсті: құлағына көлдерден арфа үні, аққудың сыңсуы, үзіліп түскен
жапырақтардың сыбдыры, көкке көтерілген адал арулар, алқаптан шыққан
Жаратушының даусы естіліп тұратындай жағдайға душар болған. Ұзамай
осының бəрі оны жалықтырып жіберген, бірақ оны мойындағысы келмей,
əуелгі дағды бойынша, кейін намысқа тырысып, қайғы-мұңын жалғастыра
берген, бірақ түптің түбінде өзін де таңғалдырып, жаны жай тапқанын
сезінді, оның жүрегіне тұнған шер маңдайындағы əжімнен əлдеқайда кем
еді.
Оның қалауы мен таңдауы қайда екендігін бірден айтқызбай аңғарған
мейірбан монахинялар, шамасы мадмуазель Руоның өз ықпалдарынан
шығып бара жатқандарын сезгенде қатты өкінген. Олар Эмманың құдайға
сиыну ишаратын сақтап, орындауын қатаң бақылауға алып, пəни дүниені
баз кешу жөнінде жиі - жиі əңгіме қозғап, дұға оқу мен кеңес беруге аянбай
кірісіп, азап шегушілер мен тақуаларды қалай құрметтеу керектігін
санасына сіңіріп, қалайша нəпсісін тыйып, жанын сақтап қалу жөнінде
қаншама даналық кеңестер беріп, ақыр соңында оны тізгін тартқанда
ауыздығы аузынан шығып кетіп, табан астында тырп етпей тоқтап қалған
аттың кейпіне түсірген. Ол қуанышты қанша жақсы көрсе де бəрібір
парасатты адам болатын: шіркеуде оған бəрінен де бұрын - гүлдер,
музыкада - романс сөздері, кітаптарда - құмарлық құштарлығы ұнайтын.
Құпиялықты жек көретін, алайда бар жан - тəніне жат, біреудің сөзіне еру
оның ерекше зығырданын қайнататын.
Əкесі оны пансионнан шығарып алғанда, бұған ешкім де ренжіген жоқ.
Тəрбиеші тіпті Эмманың соңғы кездері монахияларды ойдағыдай
құрметтемегенін есіне алды.
Үйіне келгеннен кейін қызметшілерін оңды-солды жұмсау қызығына
берілсе де, ұзамай деревняда тұру жалықтырып, монастырьдан кетіп
қалғанына өкінді. Шарль Бертоға алғаш келген кездері Эмма өзін бəрін
көріп - білген, бəрін басынан кешірген, өмірдің бар қызық-қуанышынан
түңілген кісінің кейпінде жүрген.
Оны жаңалыққа деген құштарлық билеп алды ма, иə болмаса Шарль
қасында отырған кездері оны баурап алатын қан қысымының əсері ме,
əйтеуір Эмма кенет осы кезге дейін айтып ауысуға тіл жетпейтін ғажайып
ғарыштың шұғыласында қалықтаған жұмақ құс кейпінде көретін ғажап
сезімнің қолына қонғанын сезінді. Енді міне, ол осынау тыныш қойнау өзі
армандаған бақыттың нақ өзі екеніне өзін сендіре алмады.
Кей - кейде бал айы аталатын бұл күндер оның өмірінің ең ғажап сəттері
екені ойына оралатын. Алайда, оның тəттілігін сезіну үшін, атағы алысқа
жайылған өлкелерге, үйленгеннен кейінгі күндер еліктіріп əкететін
еркелікке толы өлкелерге тартып кету керек шығар! Терезесін көк жібек
перде көмкерген пошта таситын күймемен таудың құзды қияларын аяңдай
аралап, атшының айтқан əнін, жайылымда жүрген ешкілердің мойнына
байланған қоңырауларының сыңғырын, сарқыраманың күңгірт гүрілін
тыңдап жəне осы дыбыстардың тау ішінде қалай жаңғырғанын естісе ғой,
шіркін! Күн батар алдында шығанақтың жағасында отырып, лимон
ағаштарының хош иісімен тыныстап, ал кешкілік вилланың бастырмасында
қол ұстасып, жұлдыздарға қарап, болашақ туралы армандап екеуіміз ғана
отырсақ қой! Эмма кейбір өсімдіктерге ерекше құнарлы топырақ керек, ал
басқалай болса олардың тамыр жайып кетуі қиынға соғатыны сияқты, жер
бетінде адамның бақытына жол ашатын аймақтар да болатын шығар деп
ойлаған. Оның қасында тап қазір қайдағы бір швейцарлық үйдің
балконындағы қоршауға сүйеніп тұрғысы, иə болмаса өзімен бірге үстіне
артқы етегі ұзын қара барқыт фрак, аяғына жұмсақ былғары етік,
үшбұрышты қалпақ, жеңінің жиегі шілтерлі жейде киген күйеуі ғана
болып, қайғысын шотландиялық коттеджде қалдырғысы келген!
Ол өзінің көңіл-күйі жайлы біреумен бөліскісі келген болуы керек,
шамасы. Нақ бір бұлт сияқты құбылмалы, нақ бір жел сияқты өткінші
түсініп болмас үрейді қалай айтып жеткізбек? Ол айтар сөз таппаған, ретін
келтіре алмаған, батылдығы жетпеген.
Егер де Шарль қаласа, егер ол аңғарса, егер ол ең болмаса бір мəрте
оның ойына жанарымен жауап берсе, ағашын шайқап қалсаң болды піскен
жемістер жерге төгіліп түсетіні сияқты, оның жүрегіне жүк түсіріп, еңсесін
басқан тұманды ойлардың бəрі қас -қағымда сыртқа шығып, бойын
жеңілдетер еді. Олардың өмір жолы бір-біріне тығыз жақындаса түссе де,
бəрібір бұл алшақтық сырттан еш түсіністік таппай, Эмманың ішкі жан
дүниесінде сақталып қала берді, Шарль екеуінің бастары бірікпеуінің сыры
осы - тын. Шарльдың сөздері көңіл жібітпейтін, тұрпайы болатын жəне
қиялға батырмақ түгіл, басқа біреулердің ойларын қарабайыр қайталау
толқытпайтын да, күлдірмейтін де. Руанда театрға баруға мұршасы
болмағанын, париждік актерлердің ойынын көруге қызықпағанын ол өзі
мойындаған. Ол жүзе алмайтын, семсерлесуге жоқтың, тапаншадан ата
алмайтын, тіпті бір жолы Эммаға бір романнан кезіккен салт атқа мінбеуге
қатысты сөздің мағынасын да түсіндіріп бере алмаған.
Ал бұл арада еркек бəрін білуге, əрдайым биіктен көрінуге, əйелдердің
құштарлық сезімін оятуға, өмірдің күрмеуі қиын күрделі құбылыстарын
ашып көрсетуге, оны тіршіліктің барша құпия сырымен таныстыруға тиіс
емес пе? Бұл болса ештеңе көрсеткен жоқ, ештеңе білмейтін, ешқандай
тілек айтқан жоқ. Ол Эмманы еш қамсыз санайтын. Ал оның алаңсыз
байсалдылығы, өзіне - өзінің мызғымас сенімділігі, тіпті оның өзімен
бақытты ғұмыр кешіп жатқандығы да Эмманың жынын келтіретін.
Эмма кейде сурет салатын, Шарль қасында тұрып, оның қағазға қалай
еңкейгенін, көзін сығырайтып суретке қарағанын немесе сұқ саусағымен
нан түйіршіктерін14 домалатқанын көруден ғажап лəззат алатын. Ал
фортепьянода ойнаған кезде оның саусақтары қалай жылдам қимылдаса,
Шарль сонша қуанып, таң-тамаша қалатын. Ол пернелерін қатесіз басып,
клавиатураның үстінде ойнақ салып бақты. Ол зықысын шығарған көне
аспаптың діріл қаққан пернелерінің үні, терезе ашық тұрғандықтан да,
селоның арғы шетіне дейін естіліп тұратын. Соттан шығып, жолда келе
жатқан, жалаңбас, шəркей киіп, қолында бір бет қағаз ұстаған кеңсе
хатшысы аялдап, құлақ түретін.
Бəрінен де бұрын Эмма сондай іскер еді. Ол сырқаттарға келіп
қаралғаны үшін төлем ақысы көрсетілген, кеңсе жазбаларына мүлде
ұқсамайтын, əдемі сөздермен əдіптелген хат жолдайтын. Жексенбі күндері
олардың үйіне көршілерінің біреулері түстенуге келе қалғанда, ол əрдайым
дəмді тағам даярлайтын, алхорыны жүзім жапырақтарына орап, пирамида
тəрізді шошайтып қоятын, қайнатпаның табақшаларға салып таратылуын
қадағалап, тəтті тағам ішкеннен кейін ауыз шаю үшін қасында стақаны бар
шұңғыл ыдыс сатып алу керектігін есіне түсіріп қоятын. Осының бəрі
ІІІарльдың аймақтағы беделін одан сайын өсіре түсті.
Ақыр соңында, осындай əйелі барлығы үшін өзіне-өзі құрметпен
қарайтын болған. Өзі үлкен рамаға орналастырып, ұзын жасыл баумен
ілдіріп қойған Эмманың қарындашпен салған екі суретін қонақтарға
мақтанышпен көрсететін, түстіктен қайтып бара жатқанда аяғына
жарасымды тігілген туфлиін киіп, үйінің табалдырығында отырған оған
бəрі де қарамай өтпейтін.
Сырқат адамдарды аралауға шыққан ол əдетте онда, кейде сағат он екіде
оралатын. Тамақ сұрағанда, қызметші əйел ұйықтап қалғандықтан,
дастарқанды Эмманың өзі жаятын. Өзін жайлы сезіну үшін ол сюртугін
шешіп қоятын. Ол бүгін кімдерді жолықтырғанын, қай селоларға барғанын,
қандай дəрілер жазып бергенін əңгімелеп, өзіне-өзі риза кейіпте, сиыр
етінің қалғанын жеп, ірімшікті əрі-бері аударыстырып, алманы тістелеп,
графинді сарқып ішіп, содан кейін жатын бөлмеге келіп, шалқасынан
жатып, қорылға басатын.
Бұрын ол əрдайым түнде басына қалпақ киіп жататын. Ал қазіргі кезде
жұмсақ матадан тігілген фуляр орамал басында тұрмайтын болған.
Таңертең бидай шүберегінің бауы шешіліп кеткен жастықтан жабысқан
мамықтан ағарып, тікірейіп кеткен шаштары жалбырап, оның маңдайын
жауып тұратын. Ол қысы - жазы алқымы қисая бүктетілген, бейне ағашқа
кигізіп қойғандай, басы иілмейтін түп-түзу ұзын қонышты етік киіп
жүретін. Ол деревняға осылай киініп жүрген де жарайды деп санайтын.
Шарльдың шешесіне оның ұқыптылығы ұнайтын; ол ұлына əрдайым
күйеуімен болмашы иə қатты шекісіп қалған сəттері соғатын; ал Бовари ана
өзінің келіні туралы əлі күнгетеріс түсінікте болатын. Оның ойынша Эмма
"шамасына қарамай шашыла беретін сыңайлы", оның үйінде отын, қант
пен шырағданға жұмсалатын шығыны байлардікінен бір мысқал кем емес,
күн сайын асханада жағатын көмір жиырма түрлі тағам пісіруге жететін
мөлшерде. Ол төсек-орынды шкафтарға бөліп салып, Эммаға қасапшылар
үйлеріне əкеліп беретін етті қалай таңдау керектігін үйретті. Эмма енесінің
ақылын тыңдай берді. Бовари ханым да аянып қалған жоқ; ұзақты күн ене
мен келіннің аузынан түспеген "қызым", "анашым" деген сөздерді
еріндерін жымқырып, екеуі де бір-біріне жағымды сөзді дірілдеген ашулы
дауыспен айтты.
Дюбюк ханымның тұсында кемпір Шарльдың əйелінен гөрі өзіне
жақынырақ екенін сезетін, ал Эммаға деген сезімін ұлының өзіне арналған
балалық махаббатының суи бастағаны, оның меншігіне қол сұғылғаны деп
бағалаған. Сөйтіп ол ұлының бақытын іштен тынып, қапаланып
қабылдаған, ал бұл бұрындары бай болған кісінің бір кездері өз үйінің
терезесіне көз салып, үстел басында бөтен адамдар отырғанын көргендегі
əсеріндей жағдай еді. Оның Шарльға өткен күндер туралы əңгіме
қозғауының бір ғана себебі, өзінің ол үшін басынан қандай қиындықтар
кешіргенін, ол үшін қандай құрбандыққа барғанын айту, содан кейін оның
əйелінің өзіне немқұрайлы қарауын жедел доғаруын ойлағандықтан еді.
Алайда оның анасын əлпештеуге еш ниеті жоқ екендігі жөнінде
қорытынды жасады.
Шарль қалай жауап қайырарын білмеген; анасын ардақтайтын жəне
əйелін шексіз сүйетін; анасының пікірі ол үшін заң болатын,алайда оның
бірдеңе айтып, Эмманы кінəлайтын да жөні жоқ. ІІІешесі қайтып кеткеннен
кейін анасының болмашы ескертпесін өз сөзімен жүрексіне тура қайталап
айтуға тырысқан, бірақ та Эмма ірі ық сөз шығындамай, екі де екі қанша
екенін дəлелдегендей, оның қателескенін айтып, оны сырқаттарға
аттандырып жіберген.
Солай бола тұра, өзі дұрыс санайтын данагөй шешімге сай, ол күйеуін
сүйетіндігіне өзін-өзі сендіруге тырысты. Саябақтың ішінде, айлы түннің
жарығында ол күйеуіне өзі жатқа білетін махаббат туралы өлеңдерді тегіс
оқып, күрсініске толы əндер айтты, алайда бұл оның өзін де түк
толғандырған жоқ, Шарльдың іс жүрегін нəзік сезім баурап, есінен тандыра
қойған жоқ.
Ақырында Эмма өз жүрегінен алау боп лаулайтын от ұшқынын тұтата
алмайтынына көзі жетті, оның үстіне өзі басынан кешірмегенді түсінуге,
қалыптасқан түсінікке сəйкес келмегенге сенуге ол қабілетсіз еді.
Шарльдың сезімінде таңғаларлық ештеңе жоқ екендігіне ол өзін оп-оңай
сендірді. Өзінің күткен сезімін оятудың жолын тауып, тиісінше тəртіпке
түсірді - ол əйелін белгілі сəттерде ғана еркелететін. Бұл біркелкі тағам
үстінде тəбет шақыратын тəттіні күткен секілді, оның белгілі бір
дағдысына айналды.
Дəрігер жіңішке ауруынан жазған орманшы Бовари ханымға тазы иттің
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Бовари ханым - 04
  • Büleklär
  • Бовари ханым - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4163
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2553
    30.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4178
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2552
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2530
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4126
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2500
    29.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2557
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4249
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2427
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4224
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2426
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4337
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4309
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2440
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4189
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2383
    30.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4237
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2322
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4248
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2339
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4284
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2336
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4453
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4211
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2395
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4279
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4390
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2357
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4218
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4382
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4349
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2273
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4397
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2241
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4360
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4277
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2355
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Бовари ханым - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 1446
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 974
    39.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.