Latin Common Turkic

Біз осы не бітіріп жүрміз? - 20

Süzlärneñ gomumi sanı 3920
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2451
33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
автордың əр жылдары жазған, ешқандай кітаптарға, жинақтарға енбеген
прозалық шығармалары, яғни əңгімелері енгізілген.
Бұл бөлімдегі кейіпкерлерін де жанындай жақсы көріп, əсем
табиғатты əсерлі етіп суреттеген, ұлтжандылық пен елжандылықты
елжірей отырып насихаттаған. Жүрегі халқым деп соққан қарлығаш көңіл
қаламгер қасиетті дəстүрлерімізді жаңғырта, нəрлендіре түскен.
Қырсық
Көше ортасын көлденеңінен кесіп өткен жургіншілер ішінен біреу кейіндеу
қалып қойды. Жүйіткіген автомобильдер екпіндей тақап қалған. Оны əлгі
адам аңғармады ма, əлі сол мысықтабан жүрісінде.
Қария екен. Бір қолында сүйенген таяғы, екініші қолында кітап. Белі
бүкшиген, жүрісі ауыр. Жеңіл автомобильдің тежегішті басып үлгермегені
аңғарылды. Тосын соққыдан бірнеше аунап түскен қария қимылсыз.
Алдыңғы шынысы шытынап, тұмсық тұсы мыжырайған сүліктей кара
«ДЖИП» автомобилі қайта алға ұмтылып, бүйірімен бүк түскен бейшараны
айналып өте берді. Мұны қас-қағым сəтте бағамдап үлгерген Нартас елдің
алды боп жетіп барды.
Өліп қалыпты. Түсі сұп-сұр. Түрінен қай ұлт өкілі екенін аңғару қиын.
Бұрын көрген адамына ұқсатты. Аузы-мұрнынан аққан қан тоқтаусыз
жайылып барады. Қан тиер-тимес ашық-шашық жатқан кітапты қолына ала
қойды. Жұрт қаумалай бастапты. «Ешнерсесіне тимеңдер, бəлесіне
қаласыңдар» деді біреуі. Нартас қолындағы кітапқа қарап сытылып шығып
кетті. Марқұмды қайдан көргенін есіне түсірүге тырысты. Тапты. Үйінің
қарсысындағы базар алдында отыратын. Қайыр сұрап емес, кітап сатып.
«Ақыры өткізе алмай өліп тынды-ау» деп, қалың кітапқа тағы зер салды.
Өзінің кітапты не үшін алғанын аңғармапты.
Сүйікті орындығын сықырлатып біресе алға, біресе артқа ырғалып,
теңселіп отыр. Балконнан əдеттегісінше төменге əлсін-əлсін көз тастап
қояды. Бұрнағы көз құмарын қандыратын біз бақпас қалпынан айырылған.
Тым самарқау. Кейде оқтай түзу сирақ пен аппақ санды жария қылу үшін
етегі тізеден жоғары, денемен дене болып құйыла қалған лыпаны əншейін
іле салған мəпе қыздарға ынтыға қараудың орнына қолындағы қышқылтым
шарапты солай бағыттап шаша салғысы бар. Телефон шылдыр ете түсті.
Шалқалай ырғалып қалып, терезе алдындағы телефонды алды.
–Алло.
–Нұртас, сəлем. Бұл мен ғой.
–Қалай?
–Жақсы. Балконда отырсың ба?
–Иə.
–Не жаңалық?
–Еш. Бəрі жайлап.
–Мамаң үйде ме?
–Жоқ.
–Онда тіпті жақсы. Менде екі «көгершін» бар. Мүмкін саған барармыз, ə?
–Тым алыс қой. Тағы үркітіп, ұшырып алмайсың ба?
–О, не дегенің. Өткен жолғы тым тəкəппар немелер ғой. Бұлар бір момын.
Таксилетіп жетіп барамыз.
–Һмм...
–Алло, Нартас?!
–Иə, тындап тұрмын.
–Онда біз саған тарттық.
–Менің мазам болмай тұр. Кейін көрерміз, ə!
–Бір жерің ауырып қалған ба?
–Жоқ. Жəй əншейін.
–Жарайды. Өзің біл.
–Жақсы.
–Aha.
Телефонды қайта орнына қойды. Алға бар екпінін сала орындықтан ыршып
тұрды. Əкесінің жұмыс столына келіп жайғасты. Артында қалған мұрасы
тым аз. Көзге көрнектісі – шаң баса бастаған қолжазбалар. Бəрі түсініксіз
тілде жазылған сияқ ты. Кейбірін əзер шырамытып қана қояды.
«Шоқындырылған байғұстар тағдыры» дей ме, əйтеуір, бар сырын ішіне
бүккен жұмбақ дүниелер. Өзінің бөлмесіне өтті де кереуетке көсіле жата
кетті. Тысы əдемілене зерленген кітапты қолына алды. Өзі томағатұйық,
анау-мынау нəрсеге тоң-теріс Нартасты еліткен осы кітап болды. Санасын
самұрық құсындай шарықтатып жібермесе де баурына басып
баурайтындай.
Ақ белбеулі көкшілтім троллейбус аялдамадан алысырақ барып тоқтады.
Соңын ала ұмтылған жүргіншілер дүрліге жүгірген. Алғаш келгендері
есікке ентелей жабысып ішке енді. Троллейбус қайта жолға түсіп, зымырай
жөнелді. Иін тірескен адамдар арасынан ине шаншар жер табылмастай еді,
троллейбустың тербеле шайқалуынан кейін салон іші босап қала берді.
Осы сəтті пайдаланып салонның ортаңғы жағына ойысты. Иығына асқан
былғары сөмкесінен кітапты суырып алып, беттерін ақтарыстыра бастады.
–Кітабың тым семіз екен, балам, – деді, кекесін күлкімен тұмсық
тұсындағы көнетоз шляпасын жымырайта киген кексе кісі.
Ол мəн бермеген ыңғай танытты. Ал егде кісі елегзігендей қайта қомданып
қойып:
–Оныңда не айтады соншалық. Кəмінізім орнайды деп па? – деді тағы.
Нартас кітабынан көзін алып, ойланып барып:
–Коммунизм əр адамның жеке басынан бастау алуға тиіс. Сосын орнап
қалады дейді, ата, – деді.
–И-и-и, онысы қалай екен.
–Қалаайы солай. Адамның мүмкіндігі зор. Соны керек жерге жегіп,
пайдалана алмай жүр екенбіз. Коммунизмге қол жетпегені содан көрінеді.
–Апырмай-ə, сонда мен не істеуім керек?
–Өз-өзіңізді жеңе білуіңіз керек.
–Ə-ə-ə, атаңа налет фəшісті жеңгенде өзіме күшім келмеген бе?
–Соғыс – тобырдың ісі. Онда жеңу не жеңілу – зандылық. Жеке адам өмірі
– тағдырдың ісі. Ол – пенденің өзіне сын. Өйткені адам – ең күрделі
физикалық тұлға, əрі Құдайдың ең сүйікті құлы.
–Сонда немене, əркім жеке басын ғана күйттеу керек пе? Ойбайау,
үкіметтің қойын кім бағады, зауыт-фабрикте кім жұмыс істемек?
–Тіптен олай емес. Мына, кітапта ет жемесе де адам одан да тамаша өмір
сүре алатынын айтады. Онда қып-қызыл қанды ағызып қажеті не? Хайуан
да – тіршілік иесі. Сойылар алдындағы төрт аяғы тас түйін буылған
бейшара малдың көзіндегі мұңды көрдіңіз бе? Аянышты ғой!
–Апырай, мұндай да қазақ бар екен-ау, – деп қозғалақтап, жанжағына
қоқилана қарады. – Мен ет жемей қалай өмір сүрмекпін. Ештеңкесі жоқ
ата-бабаларымыз да ет жеп өткен. Сонда Алла тағала хайуанды не үшін
жаратты! Адамға адал азық болу үшін жаратқан жоқ па. Етсіз астың демі
жəне кірмейді. Кітабыңда жазылмақ түгілі ет жеуге болмайды деген заң
шықса да оллахи-биллахи өле-өлгенше ет жеп өтерім хақ.
–Ол – сіздің құзырыңыздағы іс.
–Ей, өзің ет жемейсің бе сонда?
–Жоқ.
–Бəлі, қашаннан?
–Алты ай болды. Ет жемей-ақ өзімді жақсы сезініп жүрмін.
–Астапыралла! Естімеген елде көп деген осы.
–Жə, жарайды! Ақсақал, сау тұрыңыз, – деп есікке қарай ығысты.
Түсісімен шал отырған терезе маңына келіп, екі алақанын қосып ұстап
тұмсық тұсына жақындатып, белін екі-үш мəрте бүгіп, жымия қарады.
Мұны ерсі көріп, түкке түсінбей состиып қалған қария:
«Ана қалың кітапты оқимын деп, миы ашып қалған ба байғұстың. Онысы
несі» – деді ішінен күбірлеп.
Жолай базарды тағы барлай өтті. Орыс кемпірі үлкен дүрбі сатып тұр екен.
Көптен күткен дүниесіне қолы жеткендей жанына жетіп барды. Бағасын
түсіртіп саудаласпай-ақ есеп айырысты.
Есікке жеделхат қыстырып кетіпті. «Шешең қайтыс болды. Тез жет!» Төрт
бүктеді де төс қалтасына сүңгітіп жіберді. Ішке кіріп, есікті ақырын жапты.
Жарықты жақпай төргі бөлмені бетке алды. Тыныштық əрі қараңғы. Терезе
алдындағы орындыққа келіп отырды.
Шешесі енді ешқашан маңдайынан иіскеп, бетінен сүйметіндігі есіне
түскенде əкесінің дүниеден өткені оралды. Ол кезде де осылайша бір
жапырақ жеделхат келген. Əкесі ауырып жүріп ақыры ауылына кеткен.
Содан қайтып оралмады. Енді шешесі шау тартқан шағында туыстарын
тағы бір көріп, мауқын басайын деді ме, ертіп баруға жалғыз баласын
көндіре алмай жолға жиналған. Сол жолдан қайтып оралуға тағдыр
жазбапты. Адам өлер шағында туғантуысын, туған жерін іздейтіні несі.
Əлде көмусіз қаламын деп қорқа ма екен.
Қазаға алғаш бой үйренбегенмен кейін бəрібір сияқты. Таныс адамыңды
енді қайтып көре алмайсың. Ол санаңнан мəңгі ұмытылып қала бастайды.
Əйелдердің дауыс салып жылайтыны болмаса жаныңды қорқыныш, тəніңді
діріл билей алмайды. Бұл өз басына тəн əдетке айналған. Бəрібір, əлдене
түсініксіз – түпсіз мағынасыздыққа жетелейді. Адамды туған жеріне ынтық
қылатын не құдірет?! Өзі осы қалада ғұмыр бойы өмір кешіп жүре беретін
секілді.
Қарсы беттегі зəулім үйдің шеткері терезесінен жарық төгілді. Ішке аққұба
өңді қыз еніп, қол жүктерін қойды. Дүрбіні қолына алып, терезені бағдарға
алды. Ол тез-тез сырт киімін шешіп, басқа бөлмеге кетті. Біршама уақыттан
кейін шашын сүлгімен орап, үстіне халатын ілген күйі қайта оралып
сөмкесін ақтарыстыра бастады. Ішінен бірнеше журналдарды алды да
кереуетке етбетінен жата кетті.
Отырысы өзіне ұнамай, ойланып қалды. «Бару керек» деп шешті сосын.
«Кешікпей тұрғанда тездетейін» деп қозғалды. Оңжақтан бірінші есік,
төртінші қабат деп күбірлей үйден шықты.
Қызыл нүктені екі-үш рет басып еді іштен дыбыс білінбеді. Сəлден соң
тағы ыңғайланып, қолын созғанда кілттің сыбдыры естілді. Темір есікті
еппен ашқан кемпір:
–Кім керек? – деді.
–Бұл үйде бойжеткен тұрмай ма? – деп аңтарылып қалды ол.
–Жоқ – деп, кемпір есікті жауып алды.
Оңға бұрыла бергенде қарсы есік ашылып көк халатты қыз көрінді. Сол.
Соның өзі.
–Сізге кім керек? – деді, сыпайы ғана.
–Сіз, – деп жауап қатты жігіт.
–Нендей шаруа?
–Табалдырықта тұрып бітіретін іс емес. Жалпы, сізбен танысайын деп едім.
Кіріңіз – деп, ішке бастады қыз. Аядай бөлменің төріндегі кішкене столдың
қос қапталын ала жайғасты екеуі.
–Венера – деп таныстырды өзін.
–Нартас.
–Ия, кім жіберді?
–Өзім келдім.
–Өтірік айтқанды жек көремін.
–Бар шыным. Мына үйде тұрамын, – деп терезеге қарсы үйді нұсқады.
–Онда тұрған не бар?
–Ештеңе де жоқ. Мен сізді терезеден ылғи көремін. Бүгін дүрбімен қарап
едім, орнымда отыра алмай тықыршып мазам кетті.
–Қы-зы-қ. Солай деңіз. Əсіресе, шешінгенде рахаттана қарайтын
шығарсыз.
–Сіз өте əдемісіз.
–Рахмет.
–Мен сізді ұнатып қалдым.
–Жалған сөзді жаным сүймейді. Алғашқы кездегі алдамшы сөздерің ғой.
Одан да арғы ойыңды ашық айтпайсың ба?
–Мен сізді сүйемін.
–Саған дауа жоқ екен өзі. Əркім өзін ғана сүйе алуы мүмкін. Махаббат
адамдардың жəй қарым-қатынас құралы ғана. Соны ұққын...
–Бар шаруаң осы ма?
–һ-м-м. Жо-жоқ. Ұмытып барам. Қаржы жағынан көмектесе алмайсың ба?
–һа-һа-һа. Сен тіптен қызық адам екенсің. Мені жарылқауға келді ме десем.
Оның үстіңе бірінші рет көруім сені.
–Алаяқ емеспін. Қайтарам.
–Еркектерге сену қиын. Ойындағысын іске асырған соң зытып тұрады.
Өздері бір періште секілді, нойыстар! Кешір.
–Менің шешем қайтыс болыпты.
–Қашан?
–Кеше қайтса керек. Барып қайту парыз енді.
–Мен сені түсіне алмадым. Өтірігің бе, шының ба?
Ол қалтасынан бүктелген қағазды алып ұсынды. Венера көз жүгіртіп өте
шықты да тесіле қарап қалды. Сөмкесін ақтарыстырды.
–Мына ақшаны ал да бүгіннен қалма.
–Кештетіп жүруге зауқым соқпай тұр. Мүмкін осында түнеп шығармын.
–Жоқ, əлі бəріне үлгересің. Басқа-басқа, шешенің қазасынан қалмау керек.
Венера жылдам барып есік ашып, қош айтысты.. Жүзі солғын тарта
бастапты.
Қоңыр салқын қараңғымен баяу ілбіп үйге жетті. Қарсы беттен жарықтар
жымыңдайды. Тек өзі нысанаға алған терезенің шамы ерте сөніпті. Қанша
қарағанмен ішінен тіршілік білінбеді. Онысы на қинала қоймағанмен
көңілін жайсыздық жайлаған-ды. Қайдағы бір тобыр ішінде толқынды
сағым секілді ғұмыры мұнартады. Əрегідік сол тобыр ішінде болғаны үшін
ғана таяқ жейтін сияқты. Адамдардың бəрі біркелкі əрі бір-бірінен
бөлінбейтін қасиетке əлдеқашан бой ұрғандай. Сонда əлгі ақшаңқай
маталарға малы на оралған тақырбастардың тағдыры көңілге оғаш ой
салады. Өздері жалаңаяқ жүріп жаратқан Тəңірдің нұрын сіңіреді екен де
басқаларға соны бағыттап бақыт сыйлауға тырысады екен. Адам өмірі
соншалықты сұрқай əрі аянышты көрініп кетті.
Перрон ығы-жығы халыққа толы. Ыңырана тоқтаған пойыз вагондарына
жолаушылар жармасуда. Қалың нөпірмен сапырылыса жүріп, купесіне
жайғасты. Жанындағы серігі кавказдық келбетті адамға ұқсайды. Бірден
сыр тартып сөйлесе алмады.
Лезде есік тарс ашылып, ішке екі адам кіріп келді. Есік кейін серпіліп
құлыптанғанда алдыңғысы:
–Қайсысы, – деп, қарсы отырған екеуге қадала қалды.
–Анау, – деді қаба сақалдыны сұқ саусағымен нұсқаған артындағысы.
Купе іші тасыр-тұсыр төбелеске ұласты. Тұра бергенде тиген соққыдан
көзінің оты жарқ етіп сұлап түскен. Сəлден соң-ақ əлгілер жедел шығып
кетті де тыныштық орнады. Басын ауырсынып тұрып келе жатып көзі
жанындағысын төңіректеді. Жақындай беріп жамылғыны ашты. Арқа
тұсында сұғылған пышақ тұр. Шегіншектеп барып суырып алды. Еденге
тастай салып, арқасына аунатты. Қан ақжаймаға сіңіп үлгермепті. Енді бұл
өлімге де еті үйрене бастайтынына сенгісі келді...
–Сонымен сүттен ақ, судан тазамын дейсің ғой, – деді қарсы алдындағы
тергеуші қозғалақтап.
–Ия, өлімге еш қатысым жоқ. Шешем қайтыс болып, соған кетіп бара
жатқан адаммын. Міне, – деп бүктелген қағазды ұсынды.
–Бұнымен құтылам деу – бос əуре, – деп тергеуші қағазды алдына тастай
салды. – Алдыңғы күні қайтыс болған. Сен бүгін кетіп барасың. Қысқасы,
пышақта сенің қолыңның ізі бар. Бұл – бір. Екіншіден, куəгер ретінде əрі
өлімге арашашы болмағаның үшін де қылмыстық жазаға тартылатыныңды
ұмытпа. Сондықтан бүгінгі күннен бастап осында түнеуге тура келеді, –
деп милиционерді шақыртты.
–Мен бұған келісе алмаймын.
–Ол сенің шаруаң, – деді. Милиционерге бұрылып. – Алып кет, – деп
бұйырды.
–Сонда мені не істемексіңдер?
–Оны уақыт көрсетеді. Сені түрмеге отырғызып бордақылайды деп пе ең?!
Жап-жарық ұзын коридормен жүріп келіп, қараңғы камераға кіргенде
табалдырықтан ұзамай тұрып қалды. Ептеп көзі үйрене бастағанда екеудің
нобайы көмескіленді.
–Төрлет – деді бірі.
Дауыс шыққан тұсты бетке алып жүре бергенде алдан еңгезердей біреу
тұрып келе жатқандай болды.
Қолын созғандай еді, онысы құлақ шекеден тиген соққыға айналды. Өзінің
шалқасынан құлап бара жатқанын андады.
Таңдайы қаңсып қалыпты. Бүктетіле бір жағына жантайды. Тұла бойы
шымырлап, денесін діріл жеңе түсті. Сонда өзінің тас еден де жалаңаш
жатқанын байқады. Бұдан əрі шыдай алмай, амалдап тұруға ыңғайланды.
–Мə, киімінді киіп ал, əйтпесе ана түріңмен бізді де масқара қыласың, –
деп, əлдекім түйіншекті алдына тастады.
Қол-аяғы икемге əзер көніп, киінген болды. Құлаққа сылдырлаған кілттің
дыбысы жетті. Есік сəл ғана ашылып, аржақтан қатқыл үн шықты.
–Золотухин!
–Мен.
–Пендурадзе!
– ...
–Анау маубасты оят.
–Пен мырза.
–Мен тындап тұрмын.
–Тысқа шығыңдар.
Алдыңғысы жақындай беріп теуіп өтті. Соңғысы аяғын мыжып кетті.
Əбден мезі еткен тірліктерінің жанында мыналары түк еместей көрінді.
Орнынан тұрып жатып басының шаншығаны жанын қоярға жер
тапқызбаған. Еденді тепкілеп, камераның есігін барып ұрғылағысы келді.
Оған күші жетпесін біліп, ұмтылмады.
Есік қайта ашылып, камера ішіне түскен жарық оны дəл тапты.
Қолымен бетін қалқалап еппен қозғалды Болысбаев.
Ол үнсіз сүйретіліп есікке тақады.
–Тіліңді кесіп алған ба? – деді тағы жекіріп.
Көрден шыққандай келбетін көріп ол басқа ештеңе айтпады. Аяғын
соншалықты баяу басса да əдеттегісінше желке тұсынан
«бас аяғынды» деп ұрыспады. Тергеушінің есігін аса ілтипатпен ашып
кіргізді. Аяғаны шығар.
Бөлме ортасында тергеуші көк түтінді бұрқыратып, темекі шегіп отыр.
Жүзінен біртоғалықтың табы байқалады. Алдындағы орындықты нұсқап:
–Хал қалай? :– деді.
Ол жақ ашпастан отыра кетті.
–Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді дейді. Ештеңе етпейді.
–Бүйтіп көрге үйренгенше өліп кеткен жақсы еді.
–һа-һа-һа. Кеше мойындасаң ғой, бұлай сайрамас едің. Бірақ сенің бағың
бар екен. Қанішерлер қолға түсті. Сыбайластары көрінеді. Сен енді куəгер
əрі өлімге арашашы болмағаның үшін жауап беруің мүмкін. Əзірше
боссың. Қуана бер, құтылдың деген осы, – деп, қағаздарын жинастыра
бергенде ол оқыс қимылмен шапшаңырақ тұрып, бар екпінімен барып
терезені баспен соқты. Əрі асып, құлап кетті...
Алтыншы қабаттан қарағанда сұлбасы тым сұрықсыз екен. Тротуардың
үстінде етбетінен жатыр. Денесі жансыз. Маңына жұрт жиналып қалыпты.
Елес
–Айналайын-ау, қайда жүрсің? Түннің бір уағы болды ғой. Осы сенің анау
достарың түнге қашан тыныштық берер екен?! – деген əкейдің қатқылдау
үнін соңғы кезде құлағым шалып қалып жүр.
Түн тентіреп тірлік кешетін құрдастарыммен бірге қыдыруды əдетке
айналдырып барам. Қызық үшін шығар, бəлкім. Оны түсінсе де екен,
əйтеуір, қабағын түйіп қарсы алады. Анам байғұс шырпыр араша түседі.
Ал көкемнің бəрін естіп, біліп үн-түнсіз жата беретінін байқаймын. Неге
басқалар сол кісідей сабырлы болмайды деп ойлаймын.
Қараңғылықтың қара канаты қою жамылғысын əлі жимаған шақта, көкем:
«Мотыш, Мотыбай, тұр, тұра ғой» – деп, оятады. Амал не, ұйқылы-ояу
арбаның үстіне қылжия кетем. Кендір кенепке оранып, бүктетіле
жайғасамын. Ауылдан он шақты шақырымдағы
«Үшназарды» басып өтіп, «Қырық құдыққа» құлаймыз. Шалғымен шөп
шауып, жүктеп ауылға жеткенімізше күн шекені сыға ыси түседі.
Шыдамымның шырқы бұзыла бастасымен тікейте жиған шөптің үстінен
атама көз тастаймын. Өзі тыриған, құлағы салпақ есекті жетектеген
көкемнің сұлбасы тым солғын керінеді. Туу, мұндай жанкештілік кімге
керек деймін іштей үгітіле.
...Алдымызда əдеттегісінше мөлдіреген мұнтаздай көк шынылар. Тост
сөйлеушінің ғана қолында қырлы стакан. Бəріміз соның аузына аңқайып
қараймыз. Ол кеп кідірмей:
–Жігіттер, не дейміз... Осылай іше берейік. Бастысы – денсаулық болсын.
Басқасын сатып аламыз ғой! – деп, қылғыта қағып салады.
Кезек маған келгенде:
–Сен неге іншейсің? – деп кейістік білдіреді біреуі.
–Жігіттер... Дүниеде арақ пен махаббатқа зорлық жоқ қой, – деймін мен.
–Һмм... Сен өмірдің не екенін түсінбейсің. Ол бір-ақ рет қана берілетін
нəрсе.
–Сонда не істеу керек?
–Көшеге шықпайсың. Əйтпесе бəрін де түсінер едің. Бізге мейлі ғой. Сені
аяймыз.
–И-я-я – деймін өңменімді өрт болып шарпыған мысқылдың мысы басып.
Бұл ретте маған бір нəрсе айқын болып тұрады. Достарым арақ ішкенге
сондай құштар-ақ. Құшырлана, сіміре сілтегенімді көрсе тіптен айыздары
қана түсері анық. Тіптен қол шапалақтауға бар. Сосынғысы түсінікті – адам
деп сыйлаудан əдіре. Мұны біле тура өңештен ащы су қалай өте қойсын...
Ауылға жақындай бере сұрықсыздық тым тұрпайлана түскендей көрінеді
маған.
Алыстан көк майсаны аңдаған қозы-лақтар енелерін көргендей жарыса
жамырап келіп, арбаның жақтауынан салбыраған шөпке жармасты.
Кішкене жақтары дамылсыз күрт-күрт күтірлете жасыл балаусаны аптыға
асап жатыр. Кілт тоқтаған көкем айнала беріп:
«Ботақандарым-ай, сендерге обал болды-ау!» – деп, аз тұрды да:
–Эй, Аман, Аманшүк – деп, қарлығыңқы дауысын қаттырақ шығарды.
Топ баланың ішінен серейіңкіреп көрінетін» інім тосын үнге тосыла қарап,
бізге қарай жүгіре жөнелді.
Қозы-лақты шүйгін шөптен арашалап əуре, Көкем:
–Ойының бар болғыртау! Қозы-лағынды анау түйешіңің аулына қарай
жаймайсың ба? – деп нықтай айтты.
–Ол жақтан қуа береді,– деді інім кінəлі адамдай басы төменшіктеп.
–Жаныңа ешкімді қоспай, көкем осында жай деген десең қумайды – деп
таусылғандай тіл қатты көкем.
Төрт аяқтап тұрған көк есекті қайта жетекке алғанда інім жымың етіп,
маған бір, көкеме бір қарап:
–Мана ағам келген. Мотышты қалаға оқуға апарам дейді, – деді. Көкем
үнсіз жүре берген. Адамның ішіндегі ойын оқи алсамшы... Бір уақтардан
кейін күбір ете қалды да кеберсіген еріндері кемсеңдеп түсініксіз
əлденелерді ұзақ сөйледі. Тек есте еміс-еміс қалғаңы:
«Қала дейді. Соның зауыт-фабригі бар суды байлап, мына жердің кенезесін
кептірді ғой. Бұдан бəлен жыл бұрын бұл аймақта қандай шалқар болып
еді, ə! Арқадан ашыға ауа көшкенімізде бойға қуат, ойға суат нəрін иген
осы жер ғой, жарықтық! Көсіле жазылып жатқан жайылманың енді кімге
жазығы бола қалды? Сүйегімізді сүйретпей топырақ бұйырып, бақилық,
бақилық... » дегендері ғана.
Көкемнің мұндай кейіптегі кейістігін, таусыла талмаусыраған сөз саптасын
тыңдап тыжырына қалам. Көкеме деген аяушылық көзқарастың қылаң
бергенін байқаймын. Кітаптарда жазатындай ит жеккен жерге кеткің
келеді сосын. Қалада өмір басқаша болар дегем. Тік, əсем көшелерде
ерсілі-қарсылы заулаған машиналар. Қылдырықтай галстук таққан
мейірімді де қарапайым адамдар...
Үлкен ағам сол санадағы сартап қалаға ертіп барған-ды. Жолым
оңғарылып, көз-жұмып көңіл сенген оқуыма түсіп кеттім. Көп жағдайда
адам өзіне сенгені дұрыс-ау деп топшылағам. Бұл «ерлігіме», əсіресе, əкем
өлердей қуанған. Мен үшін оның қатты қобалжитынын білем. Ауылда
жүріп бұзылып кете ме деген күдігінің күштілігі содан. «Сенің орның
сонда, орныңды таптың балам» деуді қайталап айтуға қиналмаушы еді.
Қала, шынымен, қызық. Кейінгі кезде өзімізден екі мүшел үлкен зиялы
ағамен əңгімеміз жарасып жүр. Ол, мен, Данияр үшеуміз кафенің
шеткерірек столына жайғасамыз. Ол орыс арағын ұнатпайды. Ыстығын
суытпай қою күрең кофені сораптап ішуге кет əрі емес. Данияр оған
«Вискиді» толтыра құйып, жаймен жұтқанына шыдамсыздана түседі. Біраз
бабына келіп, қызынғанша үшеуміз де қыбыр етпейміз. Данияр сөз бастауға
ілік таппай:
–Сен неге алмай отырсың? – дейді маған.
–Ішкісі келмегенді қыштаудың қажеті жоқ, – дейді ол.
–Сонда да ыңғайсыз емес пе? Ол маған бар денесімен бұрылып:
–Дұрыс. Дауасы – ішпеген. Бəрінен бұрын сенің ұятың күшті көрінеді.
Ұяты күшті адамдарға кінəлай қараудың өзі күнə.
Жылы лебізден кейін жеңілдеп қалғанымды аңғарғам. Қысылғаннан ба, тер
түйіршіктері үзіліп түсіп жатты.
Данияр тағы тыныштықты бұзып:
–Аға, бізде орта деген жоқ қой?! – дейді. Неге? Жоқ деуге болмайды. Бар.
–Бар болса, кəне? Қайда?
–Олар шашырап жүр. Шашырап жүрміз. Басымыз қосылмайды ғой.
–Ал, қалай қосылуы мүмкін?
–Бізде жиналатын, бас қосатын орын жоқ. Сосын сайдың тасындай, əр
жерді сағалап күй кешеміз. Меніңше, бəрімізге ортақ мешіт керек. Оған
ешкім, ешқашан түкіре алмауға тиіс.
Ол шетел сигаретін бірінің соңынан бірін тұтатып, дамылсыз тарта берді.
Бір мезет тағат тапқанда, сөзді төпеп құлағымызды үйіріп əкетеді. Кейде
көбірек көсемсіп кететіні болмаса, тыңдауға жалықпас едік. Араарасындағы үзіліп қалған əңгімені сауал тастап, жалғап жіберуге шеберлік
шыңдалған.
–Аға, ауылдағы жалғыз жазушы ағайым өткенде «пікірлесер бір пенде жоқ,
жетімсіреп жүрмін» деп қалмасақ... – деген сөзімен ащы шындықты əзілге
жыққандай жымияды.
Əр əңгімеміз əсерсіз емес. Олжалы оралатынымызға Данияр екеуміз дəн
разымыз. Қайтарда, ағамыз қиқалаңдаған жүріспен, көтеріңкі көңілмен
кафені қимастай орнынан баяу қозғалады.
–Демеп жіберейік, – дейміз.
–Жоқ. Рахмет. Мен өзіме жауап бере алатын адаммын, – дейді ол. Такси
тоқтатып, əрқайсымыз өз жатақханамызға тарқасамыз. Бөлмеде өзімді
қораш сезінетінімді сездірмеуге тырысам. Əркім көрген, білгенін ай-тып
түн жарымына дейін созылатын əңгімеге зауқым соқпайды. Көзге үйқы
үйірілгенде қисая кетеміз. Түс көрген екенмін деймін: «Бизнесмен курстасымнан көк диплом сатып алыппын. Енді ауылға қайтсам əкей шошыр,
одан қалса пыш-пыш өсек өре түрегеледі. Түсініксіз. Шетелдеіэде қалай
екён? Оларда «соғыс» деиді ғой. Ал бізде: санамызда əділетсіз соғыс жүріп
жатыр. Тарихта əділетсіз соғысты қозғаушылар жеңіске жетпегені мəлім.
Ал бізге бəрібір».
Ауылға жиі баруға қүштарлық қамытықашан да мүрындық. Өткенде
пойызда кіл егделеу кісілермен қоныс таптым. Теңкиген түйіншектёрдің
үлкен үйінДісінің ортасында қалғандай күй кешкенім бар. Бойымды
жиіркеніш сезім билеген.
–Қаланың нарқы күйіп тұр деп еді. Біздікінен əлдеқайда айналайын екен...
–Иə, енді мүны үқсата алсақ. Өкіметтікінен өнімдірек іс атқарсақ болды да.
Ақымақ тірлік кешіппіз ғой...
Əңгіме ауанынан аңқам кеуіп, таре бүркеніп жатып қалғам.
Үйқым кел-мей қойды.
...Ауылға қарай үлкен дөңмен ақыры белгілі мөлшермен су бөлінгенін
əлгінде естігем. Телевизор да, радио да, газеттер де «тарихта» болмаған
жайтты қуана хабарлапты. Көкемнің алғаш айтқан жаңалығы осы еді. Өзі
бүрынғыдан қуаттана түскендей. Сол күні самбырлап сөйлеумен отырды.
Топ жігіттердің ішіндегі жақын тартатын жанымдағы Досымға:
–Ауыл жаққа су кёліпті ғой. Жақын маңдағы шопандарға сауап болған
шығар деймін.
–Білмейді екенмін. Келсе келген шығар дейді, аңсары темекі іспеттес түтіні
бүрқыраған, ширатыла оралған қағазға ауып.
Аң-таң күй ке,шкенімде елгі айнала жайғасқандарды жағалай Досымға
жетті. Ол қүшырлана сорды да маған үсына бергені:
–Бұл не? – деймін таңырқай,
–Біздегі əзірше жаңалық осы, – дейді Досым.
–Қандай жаңалық?
–Алдымен бір сорып көр, сосын білесің оның қүдіретін. Қыз да, басқа да
қызықсыз. Өмірдің оар лөззаты міне – осы.
Түнде топ болып, көрші ауылдағы тойға бардық. Ішпей-жемей шу шықты.
Арты ушықты білем. Айқай. Жүдырықтасу. Қираған дүние. Бір уақытта
үрей мен қорқыныш мендеп жүгіріп келеміз. Кім қуды? Неге? Не-лер
қашты? Белгісіз. Өзімізден өзіміз күлеміз. Кеңіл көтеріңкі. Бəрі қызық.
Түн қабағы түксиіп, қараңғылық тым қоюлана түскен.
***
Əлденеден көңілім босап, көзіме ыстық жас келді. Мен адам болсын деп
түн үйқысын терт бөлген əке-шешенің шынайы сүйіспеншілігінен емес,
үніміз үйлесе бермейтін достардың ісде емес, тіпті тініңді тіліп түсер
тіршіліктің қатыгездігінен де емес. Əйтеуір, елес...
Ақымақ
Есік сықыр етіп ашылып ішке егде кісі кіріп келді. Еш жаққа бұрылмастан
көне керуетке төніп барып, түнерген жүзін төмен төңкере тоқтады. Бұрнағы
солғын сықпатында ерекше ызғар бар. Тістеніп тұрып ықылымда не дерін
біраз бағамдай іркілді.
–Айтшы, – деді. – Мен енді не істей аламын?
Өлі тыныштықты шарасыздық үні үзіп, қайта үнсіздік орнай қалды.
Жақтаудан сүйеніп баяу ғана отыра берді. Бұл жолы бар ашуы басынан
сипаумен тарқарына сенбей еңкейіп барып, кілт тоқтаған.
Ол бей-жай манадан бергіге мəн берместен марғау жатыр. Оның осы
ұсқыны ұнамайтын.
Далаға шыққанда ауладағы көршілердің үлкен-кішісі қалмай бұларға
аңтарылысып қараған. Əйтеуір салқын да болса сəлемдескен сыңайда.
Жасын сыйлағаны шығар, қайбір жақтырып тұр деген іштей. Ұзай бере
суық көздерімен шығарып салғандардың артық сөз айтпағанына қуанды.
–Көрдің бе, көршілерге əбден жеккөрінішті болып біткенімізді, – деп,
əлгінде əзер ішіне сиғызған сырын ақтара бастады. – Кішкене кезіңде жан
баласына жамандығың жоқ сүп-сүйкімді едің. Көршілер тұрмақ сені
көргенде көшедегілердің өзі өлердей өре түрегелетін. Енді адам тұрмақ
хайуанның өзі жаныңнан емін-еркін өтуге именіп, анадайдан айналып
кетеді.
Тротуарда іш пыстырарлық баяу жүріспен жылжып келеді. Алдан
жолыкқан жүргіншілер жақындай бере бір жағына жылыстай өткізіп
жіберуге тырысуда. Арттағылары бұлардың ығысқан сəтінде жылдам
басып озып кетіп отыр. Қай-қайсысы да көз қырымен шолып шығуда.
Екеуінде де салқын қабақтың сызы бар.
–Білесің бе? – деді, сəлден соң сөзін жалғап. – Сен үшін кəрі сүйегімді
сүйретіп талай пəтерді де ауыстырдым. Сондағы жеткізгенің осы ма? Əлде
өсе келе өнер шығарып, шау тартқан шағымда басынғың келе ма? Тілімді
алмай, əл бермей барасың. Менің жазығым не сонда? Сенен басқаны артық
көрмей, аялағаным ба? Мен мұны қай ниетімнен тауып едім, а? Даусына
діріл араласып, түсі бұрнағыдан бетер бозара, бұзыла бастаған. Əрі өткен,
бері өткендердің назарын өзіне қаратып алғанын андар емес. Əлі де
əлденелерді айта бергісі келетіндей əлсін-əлсін жөткірініп қояды.
–Көршілер құтырған десе, дəрігер түк те емес, екінің біріне тəн нəрсе
дейді. Түсінбеймін. Тіпті кімге сенерімді білмеймін. Өзіме ме? Жоқ.
Шаршадым. Екеумізге айрылысатын кез келді. Жөні – сол. Əйтпесе – көзі
қанталаған əлгі маскүнем түбіңе жетуі əбден мүмкін. Баласында нең бар
еді. Ызаландырған адамның бəріне тісінді батыра берсең не болады?
Олар көшені ақ белбеуінен киып өтті де, хайуанаттар паркінің алдына келіп
тоқтады. Қолқаны біртүрлі колаңса иіс капты. Кемпірдің ұзақ тұруға дəті
шыдамады ма, есіктің тұтқасынан ұстады да, кенет кері бұрылды.
–Хайуанаттар паркінің бастығы баяғыдан–ақ «құда» түсіп қоймайтын.
Көрген жерде жата жабысып, бізге осындай бір əдемі – ит керек деп қолқа
салушы еді. Қимағанмен қайтем. Опа əпермеген өз обалың – өзіңе. Бірақ
сенің тұрқынды темір тордан көру маған қазірден жиіркеніш сезім
туғызуда. Қорқынышты.
–Саған ше?
Сиқыр мен саз
Аяқ асты сыз, адам жүргісіз лас. Дымқыл ауа деміңді бітіріп, дымыңды
кұртады. Тыныс тарылғанда бір тұрып, бір отырып дүние кең болса, кезіп
кеткің келеді. Көз қарықтыратын төрт қабырғадан – көз қиығынды
қанықтырып тоқтататын нүктені байқау қиын. Табаннан өткен сыз
шымырлап бойға жайылды да, басынан келіп шанқ еткізіп тесіп шығып
жатқандай.
Мұндағы жандардың еті өлген – жайбарақат. Жанарлары салқын, жүздері
солғын. Күнде төбеден түсетін болмашы сəуле де сығырайып барып сөнеді.
Темір есіктің тұсы шылдыр–шылдыр етіп, шиқылдап барып ойбайын сала
ашылды. Екеуі сыртта калып, ішке тақырбас етжендісі енді.
–Қорықпандар! Бір-ақ бұйымтай бар, – деді түкірініп тұрып. – Дыбыс
танитыңдарың бар ма?
–Мынау паханның оң қолы ғой, – деп күбір етті біреу. Талтайған тəкаппар
тұрысымен қазымырлана тіл қатты.
–Қайталап айтам, қорықпандар дедім ғой! Дыбыс ажырататындарың бар
ма? Дыбыс! Пахан үшін өте қажет шаруа.
Қыңқ еткен тіршілік білінбеді. Бəрі демін ішінен алған. Ол ызалы
кескінмен былш еткізіп тағы бір түкіріп, артына қарай ауыр бұрылды.
–Малғұндар! – деп, жеки есіктен өте берді.
Манағы дыбыс дегені енді санасына жеткендей орнынан ыршып тұрып,
есікке қарай ентелей жылжыды. Мұны күтпеген сырттағылар еріксіз
кідірді. Камераның іші гу етіп қайта басылды.
Жап-жарьіқ дəлізбен жүріп келеді. Құлаққа əр тұстан есіктің шиқылы,
ыңырсыған үн естіледі. Бар есікті түгесіп барып, оңға бұрылысымен
былғарымен қапталғанына тұмсық тіреді.
Бөлме іші жылы əрі жылтырап тұр. Бұларға артын беріп, біресе алға, біресе
артқа ырғалып біреу отыр. Жанындағы үстел үстінде жартылай ішілген
бөтелке мен темекі қораптары. Бұны жапсарлас бөлмеге кіргізіп,
тапсырманы түсіндірді.
Күткендегідей-ақ таңғы ала-кеугімде қабырғаның төменгі тұсынан дыбыс
шықты. Шырт ұйқыдағы адамның шырқын бұзып, шым-шымдап тұла
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Біз осы не бітіріп жүрміз? - 21
  • Büleklär
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3667
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2132
    22.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3702
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    25.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3647
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2247
    24.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3640
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    24.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3723
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2234
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3744
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2458
    25.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3727
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2282
    20.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    30.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3681
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2350
    22.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    31.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3681
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2198
    29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3722
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    25.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3679
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2368
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3825
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2523
    26.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3704
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2465
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3786
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2524
    23.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2366
    26.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3861
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2371
    22.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    32.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3741
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    26.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2313
    25.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3912
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    22.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3920
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2451
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 1898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1308
    39.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.