Latin Common TurkicHärber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Біз осы не бітіріп жүрміз? - 19
Süzlärneñ gomumi sanı 3912
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
22.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Сонымен 100 теңгеңiздi тек тамақтың өзiне ғана талғажау қылсаңыз үштөрт күнге зордың күшiмен жетiп жығылады екен. Сонда айдың 25 күнiнде
студент ашқұрсақ, арып-ашып жүре ме? Десек те, бұласа таңырқайтын
нəрсе емес. Күнделiктi көз үйренiп, ет өлiп кеткен жағдай ғой. Бiздiңше
мұндай ауыртпалықты тартып отырған тұрғылықты қалалық студенттер
емес екенi белгiлi. Бар тауқымет жатақханаларда немесе пəтерлерде тұрып
жатқан, алыс ауылдардан ат арытқандарға түсiп отыр. Ал ауыл
жағдайының жайсыздығы тiптен белгiлi. Ендеше бiрiншi кезекте
студенттердiң iшiндегi ауылдықтарға, оның iшiндегi малшы балаларына
көмектi өзгелерден гөрi күшейтсе, нұр үстiне нұр. Бұл алалау емес.
Жағдайға қарай жанашырлық таныту. Ұлттық игi қасиеттермен қаруланған,
аса дарынды балалардың ел iшiнен шығатынын ескерсек, осындай
қамқорлыққа қол жеткiзген жөн.
Бiр ақиқат анық. Ол студент қауымның əлеуметтiк ахуалы қашаннан сын
көтермейтiндiгi. Социализм тұсында сауат ашқан анаанамыз: «Бiз студент
кезiмiзде қатқан нанды суға жiбiтiп жеп жүрiп, оқып едiк. Сендердi өсiрiп,
жеткiзуге мүмкiндiк ашқан социализмге рахмет. Ендi қалай оқимын десең
де, үкiмет жағдайларыңды жасап отыр. Одан артық не керек» дейтiн.
Бүгiнгi нарық та социализмнiң сол дарқан көңiлiн көпсiнгендей. Осы тұста
сансыз проблема менi жаз, менi айт деп андыздап шығады. Нарық – талай
бiлiмпаз өскiннiң өрiсiн жалғастыруы да неғайбiл. Сонда не iстемек керек?
Қалай дегенде де студенттердiң өзiндiк өмiр өрнегi қалыптаспай жатып,
бiлiм-таным көкжиегiнiң тарылуы күн өткен сайын өршiп келе жатқаны
белгiлi. Қазiргiнiң студентi бұрынғыдан бетер «жабайы бизнеске»
ауызданып алғаны рас. Күнкөрiс мəжбүр етiп отыр. Бүгiнде қылмысты
iстерден студент қауымы да қалыс қалған жоқ. Ал тиiстi орындар сол
қылмыстың себебiне үңiлудiң орнына жоспарды орындағанына мəз.
Қысқасы бiреу тойып, бiреу тоңып секiрiп жүр. Дипломды көк тиын құрлы
көрмей, сатып алатын «сауатты» студенттердiң шыға бастағаны да
шындық. Мұны жүйелiлiктiң жоқтығынан, бiлiмнiң таяздығынан, тəртiптiң
назардан тыс қалғанынан десек орынды болар. Бұл ретте қазақтың ендiгi
жауы ашаршылық емес, надандық дер едiк. Осы орайда бiрер ұсынысты
айта кету жөн. Нарық тұсындағы бiлiм көкжиегiн кеңейтетiн ұрымтал
тəсiлдiң бiрi де бiрегейi – жақсы жағдайдағы бəсеке. Мектеп пен мектеп,
университет пен университет, кафедра мен кафедра, тағы басқалардың
араларында бiлiм, тəрбие, имандылық бəсеке жүруi аса қажет. Осы арқылы
бiлiмдiлер бiр-бiрiмен бəсекеге түсiп, ешкiмге бағынбайтын өз қаржысы
бар қуатты бiлiм шаңырағына уығын қадап, керегесiн керуi тиiс. Əрине,
оның ауылы бiзден əлi алшақ. Өйткенi күрделiлiгiнен күрмеуi қиын нарық
жайлы 70 жыл бойы бұғауда болған сана жете түсiнiп, жете түйсiне қоюы
мүмкiн бе?
Өркениеттiлiктiң кепiлi – сауатты кадр даярлау. Ол үшiн əрине студент
жайын ертеңге соза бермей, бүгiн ойлауға тиiспiз. Бұл ретте ең алдымен
тiл ұшына оралатыны студенттiң стипендиясы. Оның бар өмiрiнiң мəнi мен
мағынасын да айқындайтын стипендия. Бұл мəселенi соңғы сессияда
депутаттар қараған болды. Кəсiпқой парламентiмiз ел ертеңiне елеңдеген
кiсiлiк келбет танытқан. Рахмет! Стипендияны үш есе көтеру жөнiнде
шешiм қабылданғанымен, жүзеге асуына қаржының көзi табылмай
отырғаны жəне шындық.
Мемлекеттiң бiлiм мен ғылымға бөлiп отырған қаржысы əлгiнде баян
етiлгендей. Онымен алысқа бармасымыз да анық. Сондықтан студенттердi
əлеуметтiк жағынан қорғайтын республикалық қор құру кажет секiлдi.
Оған кəсiпкерлер мен бизнесмендер белгiлi мөлшерде шама-шарқынша
қаржы берiп отырса, оңды iс осы болар едi. Студент қашанда iзденгiш
халық. Аяғынан тiк тұрып кетсе, əрi қарай көзiн тауып тiрлiк жасауға болар
едi.
Жас тəуелсiз елiмiздiң ертеңi – студент жастардың жағдайын бүгiннен
ойламаған ел азаматтарының, үкiметтiң опық жер кезi əлi алда деп бiлемiз.
1994 жыл
Мамандыққа сұраныс – науқаншылдық
Қай тұрғыдан қарасақ та, таңдау уақыты туғанын шын мəнiнде сезiне
бастаған сындымыз. Өмiрге бұрнағы қазақы самарқаулықпен қарау мүмкiн
емес.
Тасада қала беретiн қарапайым мысалдарды былай қойғанда, мемлекеттiк
деңгейдегi шенеунiктердiң тұрақтай бермеуi уақыт тудырған талапқа төтеп
бере алмаушылықтай аңғарылады. Ендi сөзiмiздi салмақтай түсу үшiн,
мына жайтқа назар салайық. Қайткенде де пенденiң ең бiрiншi ойы –
бақытты өмiр сүру.
Мейлiнше молырақ табыс тауып, жақсы тiршiлiк кешу. Өркениеттi елдердiң
өрендерi оған қол жеткiзу үшiн мықты мектеп ке, бiлiмдi күштi беретiн
жоғары оқу орнына түсуге тырысады. Ең соңында жалақысы өте жоғары
жұмыс орны кəсiби жағынан керемет шыңдалғанын ғана күтiп тұрады. Бұл
деген бəсеке. Нарықтың жазылмаған заңы.
Мықты маман қай қоғамға да ауадай қажет. Кеше де солай болса, бүгiн
тiптен оның жөнi бөлек. Бiрақ, ат төбелiндей айырмашылықты айтпау
айып. Социализм кезiнде мейлi шебер маман бол, мейлi өнiмдi он есе
өндiрiп iсте бəрiне берiлетiнi бiр жалақы едi. Дəл бүгiн бəрi басқаша. «Əр
патшаның тұсында бiр сұрқылтай» демекшi, еңбегiңе қарай өнбегi. Сосын
кейiнгi мəселе – мамандықты таңдауыңда. Бұдан шығатын алға тартылған
сауал:
Мамандықтың бəрi бiрдей ме? Ақиқат салыстыру арқылы туады. Күнi кеше
мамандықтың жақсы, жаманы болған жоқ. Керiсiнше, қай салада да нашар
мамандар бар едi. Бұл социализм жарықтықтың алғышарты iспеттi. Сөйтсе
де, сол кездерi қазақтың əлеуметтiк сұранысы бар мамандықтар саны
санаулы-ақ екенiн көрiп өспедiк пе? Ең бiрiншi заңгер атанып, сот болуға
деген ықылас күштi едi. Одан қалса мал дəрiгерi, мұғалiм, агроном
мамандықтары бiзге ыстық көрiнетiн. Көбiне-көп осы төңiректi шиырлап
жүргенiмiз белгiлi. Бұл басқа салаларды қазақтар қаужай алмады деген сөз
емес. Қазiрге дейiн қарапайым шопаннан ғарышкерге дейiнгi
мамандықтарды игерген қандастарымыз өзге жұрттан қалысып та
тұрған жоқ. Айталық, тек математикалық модельдеу саласында бұрынғы
одақта он ғылым докторы болса, соның төртеуi қазақ екен. Ендi мына
қызықты қараңыз. Ұлы Абайдың өз кiндiгiнен тараған бесiншi ұрпағы
Даниярдың (1971 жылы туған) мамандығы океанолог көрiнедi. Яғни,
қазақтан тұңғыш аталмыш мамандыққа түрен салушы. Мұндай
мысалдарды келтiре берсе жеткiлiктi. Əрине, жоғарыдағыдай мұқтаж емес
мамандықтарда қазақтардың бiрен-саран кездесетiнi түсiнiктi. Бұл бiзде
неше түрлi фанаттардың уақыттың сонша қиындығына қарамай өз
мүдделерiн мүмкiндiгiнше пайдалануға тырысатындығының көрiнiсi болу
керек. Əйтпесе, əлгi ғалымдар о баста таңдап алған ғылымында əлi күнге
дейiн жүрер ме едi, ал Абайдың неменесi Данияр бiрiншi рет жолы болмаса
да екiншi рет қайта барып, сонау Санкт-Петербургтен «сандалып» оқу
iздемес едi ғой. Көңiлге тоқ санайтының, бiзде мұқтаж емес мамандықтарға
да заманның ауыртпалығын мiсе тұтпастан тiлек бiлдiрушiлер легi
жеткiлiктi көрiнедi.
Сонымен, заман басқа, заң басқа. Бұрнағы талғамға талас туғаны рас. Əр
мамандыққа деген сұраныс та бөлек. Мамандықтың бəрi бiрдей
болғанымен оларға деген көзқарас өзгеше. Мəлiметтерге қарасақ, заңгер,
медик, экономист жəне халықаралық қатынастар мамандықтарына талап
бiлдiрушiлер алдыңғы кезекте. Яғни, бiзде уақыт ығына қарай қалыптасу
белгiсi байқалады. Бұл ретте экономика мен бизнес, сондай-ақ,
халықаралық қатынастардың тiлiн бiлген жерде қалмайтынын жаппай
құнттаушылықтың əсерi күштi екенiн айтуымыз керек. Бұл мамандықтарға
бiр орынға 4-5 адамнан көп келетiнiн Бiлiм министрлiгiнiң мəлiметi
əйгiлейдi. Осы фактiлерге қарап-ақ, қандай мамандықтардың бағасы артып
тұрғанын байқауға болар.
Бiр ақиқат анық. Ол баяғы «сот болуға» деген сұраныстың бүгiнде өз
биiгiнде қалып қойғандығы. Қалғаны уақыт талабынан туындап жатқандай.
Қай кезде де бiздiң қазақта «сот болуға» деген сұраныс неге жоғары?
Осыған сəл шегiнiс жасап көрелiкшi.
«Бiздiңше, мемлекеттiк билiктiң болашағы сот билiгiн өз
дəрежесiндеұстауда. Дəстүрлiқазақықоғамдасотбилiгiханбилiгiнен жоғары
тұрған. Ең əмбебап, ең биiк сот билiгi болған. Сот билiгi қазақы рухтың
көрiнiсi едi. Бұдан туындайтыны заң билiгiнiң өзi сот билiгiнiң туындысы.
Əрi қарыштап өсуi, жапырақ жаюы, қазақы азат рухани өмiрдiң көрiнiсi,
белгiсi, iске асар туындысы – сот билiгi ғана өмiршең едi жəне солай болып
қалды да», – дейдi заңгерлер. Бiздiң ойымызша, əлгi сұрақтың бiр ұшығы,
осы жолдарға келiп саятындай ма, қалай? Екiншi ұшығы «сот болсаң,
сорлы болмайсың» деген пендешiлiк пайымға құрылғандай сыңайлы.
Бұрнағы болсын-болмасын баласын «əйтеуiр бiр жөнiн қарастырармыз,
əйтпесе, келесi жылы сəтi түсер, тым келiспесе бағын сынап көрсiн» деп
келетiн ата-ананы қазiр байқау қиын. Өйткенi, шын мəнiндегi таңдау сол –
нарық: қалғысаң қамық, қаласаң қарық! Аталмыш аксиоманы айналып өте
алмайтындығын анық аңғарған қауым қалайда он ойланып, бiр шешiмге
келуге тырысқан-ды. Жоғары оқу орындарына тапсырушылардың саны
күрт төмен түскен. Бұл деген бiр орынға шамамен 1,5 адамнан келдi деген
сөз. Салыстармалы түрде қарағанда, өте төмен көрсеткiш. Бұдан кейiн
оқуға деген ынта-ықылас жөнiнде сөз қозғап көрiңiз. Нарықтың заңы сол –
бəсеке, деп жатырмыз. Бiздiң бiлiм жолындағы бəсекемiздiң түрi
жоғарыдағыдай болғанда, оның болашағы бұлдыр.
Қалай десек те, бұдан нарық салған таңбаның iзiн байқау қиын емес.
Ендi Алматы мектептерiнiң түлектерi арасында мамандық таңдауға
байланысты жүргiзiлген социологиялық зерттеулердiң нəтижелерiне көз
жiберелiк.
«Болашақтағы жоспарыңызды анықтап, нақты бiр мамандықты таңдадыңыз
ба?» деген сауалға 85 процентi «иə» деп жауап берiптi. Бұған да
шүкiршiлiк. Өйткенi, келешек бағыт-бағдарсыз ауа жаюшылыққа(абсурдқа)
еңбiрiншiұрынатын осымектепбiтiрушiлер. Сұранысы жоғары
мамандықтар жоғарыда айтып кеткенiмiздей: заңгерлер, экономистер екен.
Бұл жайт түсiнiктi. Ал, «Мамандық таңдауыңызға қандай фактiлер əсер
еттi?» деген сауалдың жауаптары қайран қалдырады. Жартысына жуық
өрендердiң таңдауына ата-аналары ықпал жасапты. 23 процентi болашақ
мамандығының атағы мен ақшасы қызықтырғанын алға тартады. Бұдан
мектеп бiтiрушiлердiң көпшiлiгiнiң өз таңдауы жоқ, өздерiне сенiмсiз
екенiн байқауға болады.
Бұл қалалық «қарулы» деген жас өскiн пiкiрi. Далалық қарадомалақтардың
бəсi одан төмендеу тұрғанын ескерсек, келешекке деген келеңсiздеу түйткiл
көкейге кептеледi. Мұндай пiкiрге «Таңдаған мамандығыңыз өзiңiзге ұнай
ма? Оны қалай елестетесiз?» деген сұрақ та жетелейдi. Оған жауап берген
47 процентi орташа жобаласа, 33 процентi тек нөлдiң төңiрегiнде.
Аталмыш көрсеткiштерден түлектердiң 80 процентi болашағына бүгiннен
сенiмсiздеу қарайтыны көзге ұрып тұр. Əрине, көңiлге күдiк ұялататын-ақ
үлкен цифр.
Жауаптардыңiшiндегiқарынаштыратыныда, қапықалдыратыны да осы.
«Мамандығыңызға орай қандай оқу орнына баруды жөн деп шештiңiз?»
деген сауалға 35 процентi қай оқу орнына баратынын əлi шешпесе, 14
процентi бiрден жұмысқа араласуды жөн деп тауыпты. Яғни,
сұралғандардың тең жартысы айтарлықтай қуантарлық қадамға бара
алмағаны анық. Əрине, бəрiнiң бiлiмiн жетiлдiруi үшiн оқуға түсуi мiндеттi
де емес. Бiрақ, «Бiлектi бiрдi, бiлiмдi мыңды жығады» деген мақалды,
əсiресе, мына нарық заманында ескерген жөн секiлдi.
«Қай мамандықтарға сұраныс күштi деп ойлайсың?» деген жалпы сұрауға
əдеттегiдей заңгерлiк пен экономистiк мамандықты алға тартыпты. Соңғы
жылдардағы мамандық таңдаудағы қалыптаса бастаған негiзгi ақпар-ауан
осындай.
Бүгiнгi мамандыққа қатысты əңгiме қозғаған соң, бiздiң шет елдердегi,
əсiресе, «Болашақ» бағдарламасы сияқты нарықтық менталитеттегi
кешендi оқу жүйесi жөнiнде бiр ауыз сөз айтпай кету мүмкiн емес. Өйткенi,
ертеңгi бар үмiт соларда екенiн көрiп отырмыз. Сөйте тұрып, «Болашақ»
бағдарламасына қатысты дау-шар əлi де көптiң көкейiнде сайрап тұр. Осы
ретте мына бiр мысалды алға тарталық.
Қандай да тығырықта қалып қойған ел одан шығу үшiн ең алдымен мықты
деген шет ел бiлiм ордаларына өрендерiн оқытып, көшiн түзеп алып,
дамыған мемлекетке айналғаны белгiлi. Соның бiрi – Жапония. Кезiнде жүз
өрiмi оқуға аттанып, оның екеуi оқи алмай жапон жұртын жерге
қарататындай жағдайға келгенде намыстан өздерiне қол жұмсап, өлiп
кеткен көрiнедi. Қалған 98-i қайтып келiп, Жапонияның ғарыштап дамуына
бiрден-бiр сеп болған. Мұндай ұлтжанды жауапкершiлiктi бiзден байқай
қою қиынның қиынындай əсер қалдырады. Бiр ғана фактiге назар салыңыз.
«Болашақ» бағдарламасымен барған алғашқы стипендияттардың 21-i
оқуын ысырып қойып, сол шет елдерде қалып қойған. Яғни, бұл iстегi
мемлекеттiк деңгейдегi былық-шылықтың беташары iспеттес. Басқасын
былай қойғанда, iлгерiректегi балалары ұятқа қалдырған шенеунiктер мен
халық зиялылары (газетке тiзiмдерi шықса да) əлгi жапондарша
намыстанбай-ақ, халықтан кешiрiм де сұрамай-ақ, жер басып жүргенi
«көрмегенiң көп əлiнi» еске түсiретiндей. Бұл үшiн ешкiм қылмысты
еместей əсер қалдырды. Бар кiнə – оқи алмаған балаларда. Ол балалардың
қылы қисаймай, қайсiбiрi сол шет елiнде қалып қойса, қайсiбiрi «кезектi
командировкадан» оралған-ды.
Тандау уақыты келешек алдында тiзерлемеудi талап етедi. Қайбiр
фактiлерге қарасақ, қазiрше бiздегi мамандыққа деген сұраныс заман
ағымымен артуда, яғни – науқаншылдық.
1995 жыл.
«Құттықтаймын, бірақ шын жүректен емес!»
Көңіл шіркін мына өмірде бір тоймайды. Кейде тойымсыз қуыс кеуде жан
жаратқан тəңіріне разы. Пендеміз ғой деп, бір кінəні көкірек кере, жуыпшаю санаға еніп, семіп қалған секілді. Қазіргі заман сарынымен адамдар да
сан құбылып қу қарынның құлы болып бара ма, қалай? «Қатардан қалмай
күн көрсем болды» деген ойдың жетегіне жармасып жүре беру қарақан
басымыздың өзімшіл қалпымыздағы қанымызға сіңіп барады-ау, сірə.
Əсіресе бүгінгі мына төрткүл дүниенің ұшпаққа ұшып, кең дүниенің
көзден бұлбұл болып ғайыпқа сайған сиқында тіршіліктің тіптен шымшытырыққа айналғаны аян. Айналаға қырағы көз салсаңыз, бəріне аныққанық боласыз. Алысқа ат арытпай-ақ өзіміздің бір миллионнан аса халқы
бар астанамыздағы аумағы ат шаптырым көшелерінен ол жайттарға көз
жеткізу қиын емес.
Бірде жол түсіп барған «Жібек жолының» бойындағы Мəскеудің Арбаты
секілді көшеден түйген ойлар тым жабырқау жайға қалдырды. Қазанның
салқын самал желі ескен жайдары күні болған бұл көріністер адамды
екіұдай пікірге шақыратындай. Көшедегі киіз үйлер тігілген, маңайы
тобыр митингісіне тоқталамыз. Киіз үй маңдайшасындағы «Оян, қазақ!»
деп басталған басқа да жазулар бейресми партиялардың мүдделерін
білдіреді екен. Ал митингінің мəнісі армиядан қорлық көріп қашқан қазақ
жастарын қолдап егеменді республикамыздың ұлттық жасағын тездетіп
құру жайында болатын. Бір уақтарда жасыл жалауды биікке көтере
бұлғақтатқан адам соңынан қалың тобыр талаптарын басшыларға білдіруге
ұмтылды. Бұрындары бұндай ортада болмағаннан ба, шым-шымдап кірген
есер уыты тұла бойымызды шымырлатқан сезіммен жаулап алғаны
жасырын емес. Сонымен одан əрі жер асты жолымен жылжығанда манағы
сезім су сепкендей басылды. Тағы да əлгіндей үймелескен нөпірдің
бірнешеуін кездестірдік. Енді не деген бітпейтін жиылыстар екеніне қайран
қалып, жақындай берсеңіз болды, үш картаны олай да, бұлай да
ойқастатып, сапырылыстырып жатқан ширақ қазақ жігіттерін көресіз. Ерні
еріндеріне жұқпай орысша сөйлегендері де адамды есінен
жаңылыстырғандай.
Ал, жиналған жұрттың көзі сынапша сусылдаған үш картада. Талайы таба
алмай сан соғып, далаға кеткен ақшасына іші удай ашыса, біразы олжалы
болғанына қатты риза күйде. Өзекті өртер өкінішті көріністен гөрі мына бір
эпизод есте жатталып, сақталып қалатындай. Кезекті ойында орасан олжаға
ие болған еңгезердей орыс жігітіне ұтылған қазекем: «Поздравляю, но не от
души!» дедіау қинала. Иə, ұялатының сол, ылғи картаны ойнап отырған
қазақ жігіттеріне қарның ашады. Киген киімдері де кілең шетелдік. Əрине,
ол осындай жеңіл табыстың арқасында келген дүние екеніне күмəн жоқ.
Алдыңғыдай халықтығымызды қорғап, ел болып етек жапқалы жатқанда
шын жүректен жүре алмайтын ұл-қыздарымыз аяққа тұсау болып келеді.
Қордаланып, қожырап жатқан қоғамымызға да қолбайлау болып жүрген
осындай жігерсіз жастарымыз екені белгілі. Дүниенің даңғыл жолына
түсіп, даңғазалықпен күн өткізу көпшіліктің кеудесіне соқырлықтың
ұрығын егуде. Оны осы ортамыздың ащы шындығы айқара ашып, дəлелдеп
те отыр.
Дей тұрсақ та адам тек күнімдік қызығы мен азығы үшін өмір сүрсе, оның
айуаннан айырмашылығы қанша. Тоғышарлық психологияның торына
қамалған сана қоғамнан тыс өмір сүруге мəжбүр. Бұл рухани қазына
құлазыған ортаның бүкілдей бір трагедиясы. Əрине, ондай адамда ұлттық
ұждан, халықтық қасиет болмайтыны мəлім. Дегенмен шын жүректен өмір
сүрмеуден сақтасын.
Сенсең де, сенбесең де осы
Досым жұмыс жасайтын мекеменiң алдынан шомбалдай темiр бөлiгiн
көрiп, «бұл əлгi протонның бiр бөлшегi емес пе?» деген сумаң ой сап ете
қалғаны. Құрғырдың өзi де көк кемесiнiң қайбiр құрылғысынан аумайды
екен де! Тəйiрi, Байқоңыр қайда, бiз қайда! Көңiлге жұбанышы – осы.
Дегенмен, «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несi бар».
Сол жолы теледидардан ауласына протон бөлшегi құлаған шырпыр
келiншек пен салмақты əскери сарапшының пiкiр таласын көрiп қалдық.
«Бiр емес, екi емес... Мынау масқара ғой. Үнсiз қыру деген осы емес пе?»
дейдi келiншек. Көк көз сарапшы: «Бұл түк те емес...» деп басу айтады.
Ақыры көнбеген соң «Ну ладно, что вы хотите» деп салды əлгi. Сонымен
сюжет шорт үзiлдi. Ал көңiлде бiр алаң қалып қойды. Расында осы: «Что
мы хотим?».
Ендi қайтемiз, ұшыра берсiн. Жалға төлемдi жағдай келгенде көре жатар.
Бəрiбiр оны əкiм-қарамыз даулай алмайды. Тек төбеден темiр-терсек
жауғызумен əуестенбесе жарар. «Больше ничего не хотим!»
Тағы да сол жолы елiмiз аэроғарыш агенттiгiнiң бастығы: «О бастағы
келiсiм-шартта ракетаның сынып құлауы, қоршаған ортаға залалы жəне
оның шығыны турасында бiр ауыз сөз болмаған. Ендi даярладық. Қол қою
ғана қалды» – дейдi.
Қол қою? Бұдан кейiн əкiм-қараңызға қалай сенесiз. Басқа-басқа мемлекет
тағдырына қатысты iстегi жауапсыздыкқа да жанымыз үйренiп бара ма,
қалай?
Р.S. Əйтеуiр, абырой болғанда улы зат ауамызды ластамай аспанда жанып
кетiптi. Бұған ендi нансақ та, нанбасақ та əкiм-қарамыз сендiрiп бағып,
солай деп шештi.
1999 жыл.
Көшкен күннің бояуы
***
«Тұрыңыз граф, сiздi ұлы iстер күтiп тұр» (Сен-Симон). Француздың бұл
утопист философы қалай əдемi айта бiлген?
Кезiнде ол өзiнiң қызметшiлерiне осылай оятуын өтiнiптi.
Бiз қанша оян, ойлан десек те, марғаулықтың мұрты бұзылар емес, мүмкiн
əрқайсымыздың жанымызда: «Тұрыңыз, тұрыңыз, «басеке», сiздi ұлы iстер
күтiп тұр» деп, қылқылдап тұратын бiр «беймаза» керек шығар.
***
«Күн көкжиекке батып барады. Мен əлi жүрiп келем, алға кетiп барам. Мен
жау тас-талқан болып жеңiлгенше iлгерi қарай аяңдай беруге тиiстiмiн» –
дедi, шығыс ұлы Баубек Бұлқышев. Егер, бiз осы ойды санаға салып
сараптасақ, қалай болар екен?
***
Əзiрше, жiгердi жоғалта қойған жоқпыз. Құдайға шүкiр, тəубамызға түсiрiп
отырған сол жiгер жiбiнiң үзiлмегенiнде, жiбектiгiн сақтағандығында
болар. Бiрде марқұм Сəбетқазы Ақатаев ағамыз таусыла былай дедi:
– Бiз неге қу тақыр кедеймiз? Өйткенi, бiздiң басымыз бiрiкпейдi. Өмiрде
құл жиылып жеңiске жетпеген екен. Оның себебi – құл жеке өзiне ғана
денсаулық, артықшылық тiлейдi. Бiздiң де қазiргi сиқымыз осындай. Сөз
ауыр, əрине, бiрақ мен мұны қазақ түсiнедi ғой деп айтып отырмын.
***
Əсемпаз болма əрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бiр кiрпiш дүниеге,
Тетiгiн тап та бар қалан...
Кейде əрбiр ойлай алатын қазақ жасы: «Осы Абайдың айтқандарының
үдесiнен шығып жүрмiн бе?» деген сауалды өзiне қоюға тиiс көрiнедi.
***
Бiрде үлкен жазушының: «Бiз қазақтар, жалқау халықпыз. Ал, соның
iшiндегi ең iрi жалқауы мен болармын» – деген сөзi сүйектен өтiп, беттен
шымшып алғаны бар. Құр шымшып қойған жоқ, қызартып, бозартып,
талай таяз ойдың жауы болып алды. Бəрiнен бұрын мына ой маза берер
емес: «Ол кiсiнiң жанында бiз қандай жалқау болдық екен?»
***
Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Ұзын ой қысқарады, үлкен дене
кiшiрейедi, адам ақыры өледi. Ол табиғат заңы. Адам өлгенмен оның еңбегi
өлмейдi, ерлiгi өлмейдi, ол атқарған ұлы iс өлмейдi. Ұлы iс Отанға
деген сүйiспеншiлiктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуi үшiн аяусыз
еткен еңбек пен ерлiктен туады. Өткен Отан соғысында он тоғыз-жиырма
жасар азаматтар ерекше ерлiк көрсеттi. Жиырма жас тарихи ерлiктер
жасайтын жас. Осыған əрқашан əзiр болу керек», – деген жастықтың
жалынын жанитын салиқалы сөз қалдырды. Əр уақыттың əлемi бөлек,
əуенi басқа, өз өрнегi, бедерi бар дермiз, бұл кезекте.
Олай болса, бiз қазiр не бiтiрiп жүрмiз?
***
Нарық: «Қалғысаң қамық, қаласаң қарық» – дейдi. Заң қатал. Адам да амал
жоқ көрпесiне қарай көсiле түсуде. Қашанғы «қорылдай» берсiн, емешегi
үзiлмесе де, өзiне деп ойлана, ояна бастады.
***
Шыңғыс Айтматов ағамыз ертемен тұрып, таң шапағын ендi шаша
түскенге дейiн қызықтай қарап, кенет «асығу керек, асығу» деп үйiне қарай
шапшаң қимылдай беретiн көрiнедi. Қандай ғажап, ғибрат алатын көрiнiс!
Қайда асығады екен ақыл-ойдың алыбы?!
***
Уақыт сынапша сырғып, заман ауаны заулап көп нəрсенi көңiлден де,
өмiрден де өшiрiп келедi. Мəңгiлiк межесi ғана мəнiн жоймай, ғасыр
қойнауында қалып жатыр.
«Келелi iс атқаруға бола ма?» дейдi санадағы бiр сауал. Болады. Асау өмiр
ағысына қарай құлаш ұрған зымыран уақыттың жалынына жармаса алсақ,
шiркiн!
***
Высоцкий, Цой, Есенин, Мұратбаев... Мұратбаев, Есенин, Цой, Высоцкий...
Гүлдер, гүлдер, солған гүлдер, қураған гүлдер. Москва. Қызыл алаң.
Пайғамбарлар... Абзал жандар арасында, əз ағам бар.
Шетсiз, шексiз қабiрлер. Тас тақталар. Қапысыз, қамсыз мүсiндер.
Жымиыс жоқ. Жылылық та. Қатқан солғын сұлбалар.
...Сонау шынжырлы бейiт басынан қол бұлғағандай бiреу тұр. Жақындай
бере жанарымыз түйiсiп кетiп, төменшiктегенiмiз де рас. Сəлден соң
мылқау мүсiнге тiл бiтiп: «Көтер, басыңды. Келiп тұрсаңдаршы?!...»
дегендей өңiне от жүгiретiн-дi.
Бiз оның мəрттiгiне мəзбiз.
«Иə, иə...» – деп қыстыға əзер сөз қатып, тас тақтаға айнала қалатындай,
қорқатынбыз да. Сосын шегiншектеп барып: «Келiп тұрамыз. Əлi-ақ
келемiз» дегендей ымымыз бен жымымызды жұптастырып, алыстай
беремiз.
«...Мен сонда да өлмес рухыңа бас иiп барамын. Ғани! Көз iлестiрместен
шығыс жұлдызы адамзат аспанынан құйрықты жұлдыздай ағып түстi. Бiрақ рет қана. Ол сен ғанасың. Соныңмен данасың, дарасың. Мұнымен менiң
тағзымым тəмам емес. Сiрə да толастамас. Келер ұрпақ, кемел тарихты
тəубасына түсiрiп отыратын сенiң, сендердiң рухтарың!»
Мұратбаев, Есенин, Цой, Высоцкий... Гүлдер, гүлдер, солған гүлдер,
қураған гүлдер. Москва. Жаңа алаң. Пайғамбарлар... Абзал жандар
арасында, əз ағам бар.
***
Неменеге жетiстiң, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бiрi мiнiп келместiң кемесiне,
Бiрi күтiп əнекей жағада тұр.
Мұқаңның бұл шумағының сана сақайтар шуақ сезiмi өз алдына, жаныңды
жегiдей жеп, маза бермейтiн ойдың орны бөлек-ақ. Бұдан шығатыны,
«Көкжиекте күн өлiп бара жатыр» тiркесiне барып саятындай көрiнедi бар
əлем, бəр əуен.
Əрине, бекерден-бекер Станиславский былай демесе керек:
«Бiлiмдерiңiздi толықтырмаған əр күн сiз үшiн – текке кеткен жəне ендi
қайтып келмейтiн күн деп есептеңiз».
Көкжиекте күн өлiп бара жатыр... Көкжиекте күн өлiп бара жатыр...
***
«ұят, намыс, қалды ма ар?» Кезiнде хакiм Абай сұрақты дəл осылай
қабырғасынан қойып, жауабын ғұмыр бойы iздеумен өткен секiлдi. Тапты
ма, таппады ма, ол жағы беймəлiм. Белгiлiсi – аталған сауалдың əлi күнге
маңызының жойылмағандығы. Философия ғылымында жауабынан гөрi
сұрағының маңызды мəнге ие болып келетiнi бар. Ендеше, бұл – мəңгiлiк
сауал, еншiсi ертеңнiң де үлесiнде.
***
Бiр ақиқат айқын. Ол бүгiнгi қоғам көз-құрты – ұят, намыс, ар!
Осылардың тапшылығы – өтiрiкшiнiң тасын өрге домалатты, ақиқатты
күресiнге атып ұрды. Бұл қоғамның сыртқы экспансияға қарсы тұрар илеуi
жұмсақ, иiнi қатты iшкi иммунитетiнiң əлсiреуiне алып келген. Өйткенi,
əлгi бəрiнiң жиынтық аты – Ар, қоғам қауiпсiздiгiнiң инстинктi iспеттi.
Егер ол жоғалса қоғам да құрдымда!
***
Қадап айтарлығы, жалпылама жалаң сөзден iргенi аулақ салып, нақты фактi
төңiрегiнде шымыр шиырлау көңiл қуантады. Əйтпесе, бəрiмiз адрессiз
уағыз соғушы болып алған сындымыз. Қазiр қарша боратып ата беретiн
пулеметтi емес, тек ондыққа тигiзiп отыратын снайпердi халық қабыл алып
жатқаны аян.
Көтерiлiп жатқан мəселелерге, əрине, көңiл толады. Бiрақ, мəселенi қалай
көтерiп жатқандығына келсек, əңгiме басқа. Халықтың көкейiндегiсiн тап
басумен газет жұмысы шектелмесе керек.
***
Батыс социологтарының пайымдауынша, қандай мемлекеттi болсын
төбесiнен басқарып, iшкi тəртiп ережесiн реттеп отыратын ядро ең негiзгi
ықпалды күш. Бiзде сол қазiргi жағдайда халықтың да, əлгi ендi
қалыптасып жатқан ядроның да бiрдей көңiлiн табу мүмкiн болмай отыр.
Осындай үйлесiмсiздiкке үн қосуға БАҚ-тардың батыл баруы құптарлық.
Сiрə, жоғарыда айтып кеткен тек ондыққа тигiзiп отыратын снайперлiк
санаттан ұдайы көрiнiп отыру керек шығар.
***
Таңқаларлығы, кейбiр басылымдарымызда өзi де бұйығылыққа бет бұра
бастаған қоғамдық ойды оятып алмауға тырысқандай тымтырыс тiршiлiк
байқалады. Тек қорғана беретiн боксшы еш уақытта жеңе алмайды.
Ендеше, жеңiске деген жiгерi жоқ боксшының барынан жоғы емес пе?
Қазiр əр нəрсенiң басын бiр шалып, қаузап қана қоятын уақыт емес. Оңып
жатқан ештеңе жоқ. Бүгiнде қолдан келгенше, өршiл оптимистiкке бой
ұрып, нар тəуекелге бет алмаса бəрi бекер ме, дейсiң. Ендiгi кезде кешегi
инерциямен қанша қимылдағанмен халық оған иiлмек түгiл именбейтiн де
сыңайлы.
***
Дəл бүгiнгi өз ортамызда кiсi қызыға қоярлық дүниенi байқау қиын. Бұрқ
етiп бой көтерген кейбiр жаңалықтың астарына үңiле қалсаң, болашағы
бұлдырлау бiрдеңе болып шығады. Сонда, əлемдi аузына қаратып, талайды
тамсандыра мойындатқан мемлекеттерге қызығасың. Бiздiң көшеде қашан
той болады екен дейсiң де. Кейбiр басылымға сенсек, той болып та жатыр.
***
Дəл бүгiн бiзге сабақ боларлық құбылысты жасай алған адамға елiктесек
керек. Бағымызға қарай, ондай адам бар. Ол – «Казахская правда» газетiнiң
құрылтайшы-редакторы, академик Алдан Айымбетов. Қазақ бұл кiсiнiң
қадiрiн əлi бiле қойған жоқ. Керiсiнше, одан қазақтың қас жаулары қаймыға
бастады. Пайғамбар жасынан асып, қанша шау тарта бастағанына да
қарамай, бүкiл бiр редакция ұжымы iстейтiн шаруаны, маңыздысы – қазақ
айта алмай отырған сөздi жалғыз өзi жанкештiлiкпен жүзеге асыруы,
шынында, асқан ерлiк емес пе? Бiз елiктейтiн қазақтың арда мiнезi мен
апайтөс намысы арамызда айналшықтап шарқ ұрып жүр.
***
Космополиттiк көзқарастағылар болашақта ұлт болмайды деседi. Олардың
ойынша, барлық ұлт бiр этносқа айналады-мыс. Ендi мұның аса ұшқары п
iкiр екенiне күнi бүгiнгi қанқұйлы оқиғалар дəлел. Бүкiл əлемдi аузына
қаратқан Шешенстандағы қантөгiстiң өзi аталмыш пiкiрдiң ақиқаттан
алшақ екенiн əйгiлемей ме? Оның үстiне, он тоғызыншы ғасырдың жуан
ортасындағы шешендердiң көсемi Шəмiл Ресей əскерiмен шайқасының
мəнiн «Адамның емес, тек Алланың ғана құлы болу үшiн соғысып жүрмiз»
деп түсiндiруi көп жайтқа көздi ашса керек. Бұл пiкiр əлi күнге дейiн
көкейге шемен болып кептелiп тұрып қалғанына қазiргi кездегi
Шешенстандағы ахуал айғақ.

Бəрiбiр оны əкiм-қарамыз даулай алмайды. Тек төбеден темiртерсек

POSTSCRIPTUM. 200... жыл Алматы қаласы. М.Горький атындағы
мəдениет жəне демалыс паркi. Серуендеп шыққан Секең ғайыптан тайып,
қайықтан құлап кетедi.
О, тоба! Жалғанның жазмышына не шара? Бiр айналдырғанды, шыр
айналдырған. Жазғаның жүзе алмайтын бейбақ болып шықты. Оның
үстiне, үрей иектеп, тəнiн дiрiл билеген. Жанталас. Екi қолда дамыл жоқ,
құлаштап су сабалап, демi бiтiп, дегбiрi қашты. Ақыры болмады. Жаны
алқымына келiп, айқай салған:
–Құтқарыңдар! Құтқарыңдар!
Сол мезетте жаға бойлап жайбарақат кетiп бара жатқан қазақ жiгiтiн көрiп
қалып, қуанғанынан жан дəрмен тiл қатады.
–Бауырым, құтқар, құтқара гөр!
Əлгi сəл кiдiрiп, ажалмен арпалысқан жанды барлай ойлана жауап берiптi:
–Шырағым, мен де, сен де қазақ екенбiз. Қазiр сенi құтқарып алсам,
былайғы жұрт: «Қазақты қазақ құтқарып жатыр» дейдi. Сондықтан,
болмайды. Қош бол, бауырым! – деп жөнiмен кете берiптi.
Туралап келген ажал алмай қойсын ба? Қазаққа керегi жоқ бауыр, басқа
кiмге керек?
1993-2002 жыл.
IIІ бөлім
Əңгімелер
«Əңгімелер» атты үшінші бөлім публицист-қаламгер, ғалымзерттеуші
Болатбек Төлепбергенді жазушылық қырынан таны та түседі. Бұл бөлімде

You have read 1 text from Kazah literature.
Çirattagı - Біз осы не бітіріп жүрміз? - 20
- Büleklär
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 01Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3667Unikal süzlärneñ gomumi sanı 213222.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.33.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 02Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3702Unikal süzlärneñ gomumi sanı 210625.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 03Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3647Unikal süzlärneñ gomumi sanı 224724.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.35.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 04Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3640Unikal süzlärneñ gomumi sanı 222724.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.36.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 05Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3723Unikal süzlärneñ gomumi sanı 223428.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 06Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3744Unikal süzlärneñ gomumi sanı 245825.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.37.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.44.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 07Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3727Unikal süzlärneñ gomumi sanı 228220.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.30.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.36.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 08Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3681Unikal süzlärneñ gomumi sanı 235022.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.31.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 09Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3681Unikal süzlärneñ gomumi sanı 219829.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 10Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3722Unikal süzlärneñ gomumi sanı 233125.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.45.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 11Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3679Unikal süzlärneñ gomumi sanı 236827.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.47.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 12Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3825Unikal süzlärneñ gomumi sanı 252326.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.39.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 13Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3704Unikal süzlärneñ gomumi sanı 246527.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 14Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3786Unikal süzlärneñ gomumi sanı 252423.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 15Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3807Unikal süzlärneñ gomumi sanı 236626.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.45.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 16Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3861Unikal süzlärneñ gomumi sanı 237122.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.32.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 17Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3741Unikal süzlärneñ gomumi sanı 201626.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.37.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.44.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 18Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3807Unikal süzlärneñ gomumi sanı 231325.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.36.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.43.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 19Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3912Unikal süzlärneñ gomumi sanı 231822.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 20Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3920Unikal süzlärneñ gomumi sanı 245133.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 21Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 1898Unikal süzlärneñ gomumi sanı 130839.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.54.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.61.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.