Latin Common TurkicHärber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Біз осы не бітіріп жүрміз? - 09
Süzlärneñ gomumi sanı 3681
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2198
29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Қазылардың талғамын тап басып түсірілген фестивальдік іш пыстыратын
фильмдер мен біренсараны болмаса, мол қаржыны қылғытып жұтып
қойған тарихи картиналар да көрерменге тартымсыз шықты.
«Кинотеатрлар сіздерге керек болмаса, біздер пайдаланамыз» деп, «ОтауСинемалықтар» əжептəуір қаржы салып, адам танымастай етіп жаңартып,
енді əлгі ақшаларын асықпай-ақ қайтарып жатқан жайы бар. Оларға
ешкімнің өкпесі жүрмеуі тиіс. Нарық жағдайындағы кинотеатрлардың тілін
солайша таба білді.
Киноңыз түптеп келгенде қып-қызыл бизнес! Бұл ретте де
киногерлеріміздің тым кеш қалғаны байқалады. Сөз жоқ, нарыққа
бейімделе алмағандардың бірі – осы саладағылар. «Отау-Синема»
кинотеатрлар тобы көрсететін əлемнің үздік деген кассалық фильмдерімен
бəсекеге түспей-ақ қойсың, өз өнімдерін тауарға айналдыруға деген
талпыныс жасап жатса, жаман болмас едіау! Бұл жерде мəселе киноға
кеткен қаржының қайту-қайтпауы туралы да емес. Оның халықтың сүйіп
көретін дүниесіне айналуында. Əйтпесе, сол халықтың қалтасынан салық
ретінде алынып, киноға жұмсалған қаржы не рухани қажетті өтемей, не
кері қайтарылмай тек сөрелерде шаң басатын киноленталарға айналса, одан
не пайда?
Осы ретте көрерменсіз кино мəселесіне келсек, дəл қазір бізде
«өнерөнерүшінемес, халықүшін!» болукерек. Кəсіптік-техникалық
жағынан мінсіз, бірақ көрерменге арналмаған фильмдерді жаппай түсіре
беруге қазіргі жағдайымызда қажеттілік шамалы екенін қайбір
режиссерлеріміздің түсінетін уақыты жетті. Кинотеатрлар қызығушылық
танытпаса, теледидар, видеосеть сатып алмаса, оған сонша қаржы
жұмсаудың қажеті қанша? Оданда көрермен де көретін, қайтарымы да
болатын талантты туынды беріп, содан кейін барып соның абыройы мен
ақшасына А.Тарковскийдің
«Сталкері» мен «Зеркалосы» сияқты дүниелер жасап жатса, «құда да
тыныш...»
Тарихи фильмдерге деген талпыныста ниет жақсы-ау, қадам сəтсіз.
«Абайдың жастық шағы», «Жамбылдың жастық шағы» – қазір қайда? Енді
«Көшпенділерге» (бастапқы атауы «Абылай ханның жастық шағы») кірісіп
кеттік. Ынта дұрыс қой. Алғашқы тарихи фильмдердің аяғын құшып
жүрмесе дейсіз де. Осындайда тарихи фильмдерге жұмсалатын сонша
қаржыға шығыны аз 15-20 фильм түсірсе қайтер еді деген ой келеді.
Акира Куросаваның «Жеті самурайы» немесе біздің киногерлерге осы не
жетпейді? Жетпейтіні көп. Қаржы, киноларын долби стереоға жазатын
жаңа техника, уақыт талабына сай ізденіс...
Бəрінен бұрын жетпейтіні бірлік пе дейміз. Оны көп жайттардан көруге
болады. Бір ғана бəленбай жылда əзер өтетін Қазақстан
Кинематографистер одағының құрылтайында талас-тартыс, ұрыскеріс,
таққа құмарлық көрініс беріп, əйтеуір жанжалсыз аяқталған емес. Сосын
бастықтарына, бір-біріне көңілдері толмай, ұлтшылдар, космополиттер т.б.
болып жік-жікке бөлініп жүргені. Кім ұтты, кім ұтылды? Басқаны қайдам,
нақ қазақ көрермендері ұтылғаны хақ. Яғни, киногерлеріміз қазақ
көрермендері алдында қарыздар. Əрине, алтаудың алалығында ол қарыз
өтелмейді. Əлем кинематографиясы өзінің ғана емес, дүниежүзінің халқын
қалай төл кином арқылы жаулай түсем, бір тиынымды қалайша екі тиын
етіп үстемелеймін деп, бас қатырып жүргенде біздегі бұндай ауызбірліксіз
қазақ киносы ұшпаққа шыға қоймайды.
Бір нəрсе айқын. Ол – Рабиндранат Тагор айтқандай: «Əрбір ұлттың
борышы – əлем алдында өзінің ұлттық болмысын таныта білу. Егер де
халық əлем дамуына еш нəрсе қоспаса, онда бұл адамзат тарихында
ешқашан да кешірілмес, өлімнен де зор ұлттық қылмыс ретінде қаралуы
тиіс».
Ендеше, қазақ киногерлері жеке амбицияларын тежей тұрып, ортақ іске
жұмылуы қажет. Ең алдымен уақыт талабына сай ұлттық киномеханизмін
жолға қоятын үш жылдан бері ел Парламентінің есігінен кіре алмай жүрген
«Кино туралы» заңды қабылдатуға шұғыл бірігу керек-ті. Себебі, Дəрежан
Өмірбаев, Серік Апрымовтар француздардың, Əмір Қарақүлов
жапондардың қаржысына қанша кино түсіргенімен, бəрібір шетелдің
ақшасына қазақ киносын жасай алмаймыз.
Сөз соңында Акира Куросаваның «Жеті самурайы» еріксіз еске түседі.
Аталған фильмдегі жаулары келіп, шауып кете беретін егіндерін енді
ешкімге бермейміз деп бекінген кедейлердің жеті самураймен
əупірімдеп тіл табысып, түбі мақсаттарына жету – көркемдік идеясы қай
кез, қай қоғамда да маңызды ма дейсің, Басты айтар ойы да сол – бірліктің
тірлік екені. Дəл қазір қазақ киносының егінін сыртқы да, ішкі де
басқыншылардан қорғайтын «білікті самурай да, білекті кедейлер де»
керек. Қалай екенін қайдам, əл əзір киногерлеріміздің солардың екеуіне де
ұқсамайтыны таңдантады.
2003 жыл.
Көрерменсіз – өнер тұл
Бізді мазалайтыны – қазақ киносы өз көрерменімен қашан жəне қалай
қауыша алады, фильмдерімізді көруге жұрт тайлы-таяғымен ағылатын күн
қашан туады?
Қазір бүкіл кино өнерінде негізгі үш бағыт қатар дамып келе жатқандығы
белгілі. Бірінші – көрермендерді еліктіріп, баурап əкететін, халықтың
көңілін көтеруге негізделген коммерциялық бағыт: бүған əр түрлі атысшабыс фильмдер, эротикалық картиналар, романтикалық мелодрамалар
жəне тағысын тағылар жатады. Екіншісі – өмірдің ащы шындығын ашық
суреттеп, қоғам дамуына кедергі келтіретін кемшіліктерді батыл
əшкерелейтін, адам болмысының, оның рухани өмірінің олқы тұсын дөп
басыи көрсете алатын, алайда осылай бола тұра қызық сюжет, қарапайым
кинобаяндау стилінен алыс кетпейтін реалистік бағыт. Ал, үшінші бағыт –
өте күрделі. Оны ұстанушы киногерлер кассалық табысты да мақсат
тұтпайды, өзі көтеріп отырған проблеманың өткірлігіне де аса маңыз
бермейді. Олар үшін ең бастысы – кəсіби шеберлікті (профессионализмді)
шыңдай түсу. Яғни, олар идеялық-көркемдік тұрғыдан алғанда түсінуге
қиын, кəсіптік-техникалық жағынан келгенде мінсіз де ұқыпты фильм
түсіруге құштар.
Соңғы он-он үш жыл көлемінде экранға шыққан жаңа қазақ фильмдерінің
(олардың барлығын бірдей көруге мүмкіндігіміз болған жоқ) бірқатарын
тамашалай келіп түйгеніміз: олардың ішінде осы үшінші бағытқа жататын
туындылар басым болып бара жатқан сияқты. Мысал ретінде «Əзəзіл қыз»
(реж. Ə.Қарақұлов), «Сұрқай үштағандағы орын» (Е.Шынарбаев),
«Киллер» (Д.Өмірбаев), «Желтоқсан ашыналары» (Х.Салықов), «Ағайынды
үшеу» (С.Апрымов) фильмдерін атасақ та жеткілікті болар. Бұл
фильмдерге таза киногерлік көзқараспен қарасаңыз, бəрі де кəсіби
тұрғыдан алғанда шебер жасалынған, міні жоқ, ал киноның көптеген
бейнелеу əдістері мен тілін түсіне бермейтін, фильмді тек «өмірден
алынған оқиға» деп ұғып, эмоция тұрғысынан ғана қабылдайтын
қарапайым көрермендер үшін оның əсері қандай дегенде болмақ. Мəселен,
«Қайрат» фильмін алып қарайық. Қалаға ауылдан келген жас жігіт
институтқа түсе алмайды. Қалаға да онша еті үйрене қоймайды, осыған
байланысты біраз күйзелістерді көрермен сезіне ме? Кейіпкерге іштей
болысып, ол қуанса қуанып, ол мұңайса мұның да көңілін кірбің шала ма?
Жоқ. Неге? Өйткені, фильм оқиғалар шиеленісінен, көрерменді еріксіз
өзіне тартатын əсерліліктен ада, кейіпкер образы да, оның іс-əрекеті де
ұғынықты емес, Испандық экран шебері Луис Бунюэльге, француз
режиссерлері Рене Клер, Франсуа Трюффоларға бас-көз жоқ еліктеушілік
пен оларды көз жұмып қайталаушылық, сол Францияның Страсбург
қаласында өткен кинофестивальде бас жүлдені иемдену үшін немесе
ФИПРЕССИ-дің вице-президенті Клаус Эдерден: «Қайрат» фильмі – қазақ
киносындағы жаңа толқынның ең таңдаулысы» деген мақтау сөз есту үшін
əбден жеткілікті болуы мүмкін, бірақ қазақ көрерменінің көңілінен шығу
үшін ол аздық етеді.
«Кино өнері – əсерлі өнер». Бүкіл əлем режиссерлері: «қайтсек көрерменге
əсер етеміз, оны қалай жылатуға, күлдіруге, шошытуға немесе фильм
қаһарманының сезіміне енгізуге болады?» – деп жарғақ құлақтары
жастыққа тимей, тырбанып жатса, мұнда («Қайратта») – барып тұрған
немқұрайдылық, бірде-бір сезім толқуы жоқ. Сұмдық іш пыстырарлық
фильм», – дейді кинотанушы Гүлнар Ақтиінова («Кино əлемі», №1, 1993).
Сондықтан да, қазіргі көрермендерге «неге қазақ киноларын
кермейсіңдер?» деп дүрсе қоя берудің еш жөні жоқ. Қарапайым халықтан
тым жоғары талғам талап ету де орынсыз. Олар мұндай ерекше экран
тілімен көркемделген күрделі картиналарды қабылдауға əзір емес.
Осыны ескере отырып, көбі орыс кино мектебінде тəлім алып, батыс
кинематографының үздік туындылары арқылы тəрбиеленген біздің жас
режиссерлеріміз енді тек маман-кинотанушылар ғана үғына алатын
элитарлы фильмдерді азайтып, халықтың жүрегіне жол табатын, оқиғалы
да ойлы, ойнақы картиналар түсіруге кіріссе абзал. Оныц үстіне, əлемдік
кино тарихында мұндай қадамдар бұрып да болған.
60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында Үндістанда бүкіл ел
экранын жаулап алған көңіл көтеру бағытындағы «əн-биі көп əлəулəй»
фильмдерге қарсы шығып, байсалды мəселелерге құрылған үндінің
байыпты киносын жасаушы «жаңа толқын» өкілдері алғаш өз ізденістеріне
аса елігіп кетіп, төл туындыларын кəсіби шеберлікке сүйеніп, тым
күрделендіріп жіберген болатыи. Бірақ, қарапайым үнділер Мринал Сен,
Басу Чаттерджи, Шьям Бенегал тəрізді жаңаша стильді режиссерлердің
ешқандай əн-бисіз шынайы түсірілген бұл фильмдеріне қызыққан да жоқ.
Өйткені, біріншіден, тек көңіл аулауға бейімделген романтикалық киноға,
оны түсінуге оңай қарапайым сюжеттік құрылымына үйренген үнді
көрермендері экранға аяқ астынан шыға келген еш боямасыз өмір
шындығын бірден қабылдай алмады. Екіншіден, «жаңа үнді киносының»
көптеген стильдік, көркемдік ерекшеліктері шеттен алынып, қолдан
сіңдірілген жасанды болатын жəне ұлттық нəрден мүлде ада еді.
Сондықтан да, үндінің байыпты фильмдері батыс елдеріндегі
кинофестивальдерден ылғи жүлдемен оралып жүргенімен, бұқара
халықтың көкейінен шығып, көз қуанышы бола алмады.
Нақ осындай халді қазақ киносының «жаңа толқыны» деп аталып жүрген
бір топ киногерлеріміз де бастан кешіруде десек артық емес. Біздің
көрермендер де АҚШ-тың, Батыс Еуропа елдерінің, Үндістанның
қызықтырмай қоймайтын шытырман оқиғалы, атысшабыс немесе
романтикалық фильмдерімен «қоректеніп» үйренген, сонан соң оларды
Д.Өмірбаев немесе Е.Шынарбаевтың стильдік жағынан күрделі, түсініп,
қабылдауға қиын картиналарын көр деп қалай көндіресің. Онымен қоймай
үндінің жаңа киносы секілді біздің «жаңа толқынның» да ұлттық бояуөрнегі аз, əсіресе оған шетелдік, негізінен еуропалық кино-мектептің
салқыны молырақ тигені көрініп тұр.
Мұндай тығырықтан шығар жол қайсы?
70-жылдардың орта шенінде Мринал Сен бастаған «жаңа үнді киносының»
бір топ өкілдері «көрерменсіз кино – тұл» екендігін түсінді. Олар енді өз
фильмдерін қалың көпшілік түсініп, қабылдай алатындай етіп жасауға
кірісті. Өздерінің стильдік ізденістерінің ұлттық, психологиялық,
əлеуметтік жəне мəдени негізінің жоқтығын, көбіне батыс кино өнеріне
еліктеуден туып, қолданылып жүргенін ұққан олар енді айтар ой, түйер
тұжырым, көтерер мəселелерінің маңызынсақтайотырып,
қарапайымкөрерменментүсінісуге, олардың жүрегін жаулауға ұмтылды.
Енді байыпты үнді фильмдерінде де дəстүрлі сюжеттік құрылым, тартысты
оқиғалы кинобаяндау диалогтар орын ала бастады. Фильм кейіпкерлері де
жұмбақ бетперделерін сыпырып тастап, мінез-құлқы тап өмірдегідей
сомдалған кəдімгі асқақ қаһармандарға айналды. Басты рөлдерге бүкіл ел
пір тұтатын атақты «киножұлдыздар» шақырылды. Сөйтіп, үнді
киногерлері байыпты киноның өз тақырыбы мен мақсатын өзгертпей-ақ,
қалың көпшілікке бет бұра алатындығын дəлелдеді. Қазір Үндістан
кинематографиясын да байыпты кино мен нақты өмірден назарын аударып
əкетіп, арман-қиял əлеміне сапар шеккізетін романтикалық бағыт қатар
дамуда. (Өкінішке орай, бізде тек екінші бағыттың фильмдері ғана
көрсетіліп жүр). Бір таңқаларлығы, соңғы жылдары бұл екі бағыт бір-біріне
əсер етіп, бірте-бірте өзара жақындасып келеді.
Егер біздің «жаңа толқынның» өкілдері де батыс киносының арбауынан
босап, өздерінің тек Канн, Локарно, Монреальдағы кинофестивальдің биік
өрелі керерменіне ғана лайықталған əсіре күрделі картиналарын
мүмкіндігінше қазақы қалыпқа, қарапайым халыққа бұрса, еш ұтылмас.
Қазақ Мемлекеттік кино компаниясының төрағасы болған марқұм Ораз
Рымжановтың:
«ұлтқа қарай бұрылсаңдаршы, философия да, фантазия да, бəрі-бəрі керек.
Киноны тек зиялы қауымға арнауға болмайды ғой. Оқиғалы, қазақи əуенді,
актерлердің бар болмысы ашылатын кино қайда?» – деуі де өте орынды
пікір. Бірақ, бұл дауысты естіп, беті бері бұрылып жатқандар əзірге некенсаяқ.
Киносыншы Бауыржан Нөгербековтің сөзімен айтсақ: «бүкіл халық
құмартып көретін кинорежиссерлер фильмді халықтың жанын сезіне
отырып, түсіре білгенде ғана болатын іс». Ал, біз атап өткен фильмдерді
кім көреді? Түсірер кезде – осыны ойлап, бас ауыртқан жан бар ма?
Қайдам. «Өнер туындысында басты нəрсе мазмұн емес – стиль, фильм емес
– кинематограф» деп есептейтін Д.Өмірбаев тəрізді режиссерлер бұл
туралы ойлануды қажет деп таппайды-ау, деп қорқамыз.
Бəрін айт та, бірін айт, «жаңа толқын» жуық арада қалың көпшілікке оң
көзбен қарап, жылы шырай таныта қоймайтын сыңайлы. Ұлттық
тақырыптарға деген ынта-ықыласы зор, оларды игеруге де икемі бар
режиссерлердің талап-талпыныстарын қуана-қуана құптай отырып, оларға
алдағы уақытта əлі де болса көрермен қауыммен көбірек етене тіл табысуға
тырыссаңыздар деген тілек айтқымыз келеді.
Бастысы – дəл қазіргі жағдайымызда біздің киногерлеріміз халықтың
жоғалтқан дүниесін өзіне қайтаратын өнер жасау қажет. Орта жолда сынған
орбитамызға жедел жəрдем беретін киноның өрісі кең.
Енді өзіміздің нақты ұсынысымызды айтайық. Қазақ киносына өзгеше
жанрлық сипаттағы жаңа бағыт қажет. Бұл бағытқа əлем киногерлерінің
аузынан небір «лепірген» лебіздерді тыңдауды қажет етпейтін,
Халықаралық кинофестивальдерде міндетті түрде жүлде алуды» мақсат
тұтпайтын, яғни, биік өрелі, «фестивальдік көрерменге» ғана арналған
күрделі стильден аулақ, тек қарапайым халық үшін еңбек ететін, олардың
бəрін ес-түссіз еліктіріп, баурайтын, қанша көрсе де жалықтырмайтын,
көрермен жүрегінде «міне, қазақ киносы осындай!» деген ризашылық,
мақтаныш сезімін оятатын, оларды шытырман да, түсінуге оңай ойнақы
оқиғаларымен қызықтыра отырып, адамгершілікке, имандылыққа,
мəдениеттілікке, батырлыққа, адал достыққа, асыл махаббатқа жетелейтін,
идеясы айқын, стилі, құрылымы қарапайым фильмдер түсіретін
киногерлердің топтасқаны жөн. Неге? Өйткені, «... кино – өз елінің санасын
жаулап алуы керек,.. күнде экран алдында отыратын миллиондаған
қауымды шетелдік кино шабуылынан «арашалап» алып, ұлт бетін ұлттық
мəдениетке бұруы керек. Біз ешбір тыйым салумен немесе жат жұрттық
кинофильмдерді жамандаумен, байбаламмен өз елімізді өз киномызға бұра
алмаймыз. Ұлттық кино өнері профессионалдық дəрежеде шетелдік
нүсқамен тең түскенде ғана, өз экранымызды өзіміз жаулап аламыз»
(С.Елубай. «Егемен Қазақстан» 26.06.93 ж).
Сонда «шетелдік нұсқа» деген қайсылар? Ол – «Желге ұшқандар» (АҚШ),
ол – «Бум» (Франция), ол – «Сенен басқа ешкім емес» (Мексика), ол...
Міне, осылардың бəрінен асып түспесе кем соқпайтын фильмдер жасап
шығару керек. Əрине, бұлардың көркемдік деңгейі тым жоғары да бола
қоймас, дегенмен бұлар – қалың көпшіліктің сүйікті кинолары. Халық
жүрегін жаулау үшін осындай фильмдер керек. Халықтың жүрегіне жол
тапқан фильм – нашар фильм емес.
Қайта тек киногерлер ғана түсінетін, былайғы жұртқа қызықсыз
дүниелерге күмəнмен қараған дүрыс.
Осындай бағыттағы фильмдер көбейген кезде ғана қазақ көрермені өз
дəстүріне қарай бет бұрады. Оларды шетелдің «киношабуылынан», «жаңа
толқын» туындыларының Венециядан, Мюнхеннен, Нью-Иорктен əкелген
жүлделерімен арашалай алмайсыз. Тіпті тарихи тақырыптағы фильмдерді
көбейту де бұл іске көп əсерін тигізе алуы неғайбыл. Сондықтан, мұндай
жаңа бағыт тап қазір аса қажет. Сонда ғана киномыздың көрермені
көбейеді. Кино көрерменімен ғана кино бола алады. Қанша талантты болса
да, көрерменсіз кино – тұл...
1994 жыл.
Қазақ трюффосы қайдасың?
Біздің соңғы буын киногерлеріміздің шығармашылығы жөнінде қанша
жəне қалай ой қозғап, ортаға салса да айып емес.
Кинотеатрдан болса да көрермендердің соңғы «тамашалаған»
фильмдерінің бірі – «Ақсуат» (реж. С.Апырымов). Осы карти на
жайындағы басылым беттеріне шыққан мақалалардан байқағанымыз, əлгі
киносыншылардың көзімен қарағанда, туынды тəп-тəуір дүние. Ал, оны
көрген көрермендердің пікіріне келсек, мүлде көңіл толмаушылықты
байқайсыз. Яғни, екі көзқарас қалыптасқандығының куəсіміз, бірі, жоғары
интеллектілер, екіншісі қарапайым көрермендер. Бұл тенденциядан
туатыны: өнер өнер үшін бе? Мұндай ұғымның əлемдік көркемөнерде алар
орны бар шығар. Бірақ, бізге дəл қазір ол қай жағынан алып қараса да
мүлдем келмейді. Біріншіден, ең бастысы – киномыз ұлттық бояуымен өз
елінің санасын жаулап алуы қажет жəне бүгінгідей шет елдің əрісəрі
шабуылынан «арашалап», халық бетін ұлттық мəдениетке бұруы керек.
Екіншіден, элитарлы киноны жасай беретіндей əлеуметтік-экономикалық
жағдайымыз жетісіп тұрған жоқ. Оның үстіне көрерменнің де «көңіл-күйі»
оны көтермейді.
Əңгіме əсіресе, киномыздағы өздеріне «жаңа буын» деп ат қойып, айдар
тағып жүрген режиссерлер туындылары төңірегінде екені түсінікті. Дұрыс,
бұл жігіттер Мəскеуден білім алып, еуропа мəдениетінен сусындағанын
экраннан көрсеткілері де келетін шығар. Оған дауымыз жоқ. Алғашқыда
таңырқағанмен, тосын бұлқынысқа қол соқтық. Шет елден алып келіп
жатқан сыйлықтарына да қуандық. Алайда, сол картиналары біріншісінен
екіншісі, екіншісінен үшіншісі айнымай, іш пыстыра бастағанын уақыт өте
келе байқай бастадық. Сөйтіп, оның мұнда бір сыр барын растайтын шегіне
жеткен сынды. Мұны сыншы Б.Нөгербековтің сөзімен безбендесек: «Қазір
ең бір қызығы – бүгінгі өмірді көрсететін фильмдер жоқ. Менің ойымша,
«жаңа толқын» стиль жағынан емес, идея жағынан өзін-өзі толық айтын
болған сияқты. Яғни, идея тоқырауы болып отырған секілді. Əзірге ол
режиссерлер жаңа, тың ештеңе айта алмай жатыр».
Бұдан кейін көңілге күдік ұяламай қайтсін. Шын мəнінде олардікі элитарлы
кино ма? Жарайды, – солай болған күнде дəл содан басқа картина түсіре
алмай ма? Енді осы толғағы жеткен сауалдарға шамашарқымызша жауап
беріп көрелік.
Кезінде А.Камю: «Толстой сияқты жаза алмаған соң, түсініксіз жазуға
ұмтылдық», – депті. Құлаққа қонымды пікір. Түсніксіз дүние жасау үшін
көп білім, көп еңбек керегі жоқ. Интуиция жетіп жатыр. Келісер-келіспес
«жаңа толқындықтар» осы аурудың аяғын құшып жүргендей. Айталық,
шатырға шыққандағы кептерлердің дүркірей ұшуының əсері қатты ұнап
кетіп, Д.Өмірбаев өз фильміне оны əжептəуір эпизод етіп енгізіпті. Алайда,
мұның кинематографтық соншалықты əсерін байқамадық. Əрине, өмірлік
тəжірибе керек. Бірақ, бұлайша «ішің білсін алуай» деп жұмбақтаудың
қажеті шамалы шығар. «Өмір өнерден ғана үйрене алады» деген аксиоманы
алға тартып, ақыл айтудан аулақпыз. Өнердің шынайылығы сонда, оның
қарапайымдылығында, турасында, нанымдылығында емес пе?
Өткен бір жылдары «Известия» газетіне шыққан кинотанушы Валерий
Туровскийдің «Скидка на возраст не принимается» атты мақаласы қозғап
отырған тақырыбымыздың жаңа бір қырын ашқандай əсерде қалғанымыз
бар. Онда əсіресе, кинотанушы Андрей Шемякиннің пікірлері өткірлігімен
тəнті еткен. А.Шемякин тек бізде ғана емес, бүкіл ТМД-дағы жас буын
киногерлердің «түсініксіз кино» түсірудің шебері болып алғанын айтады.
Жəне оның сы рына үңіліп, социологиялық зерттеулер жүргізгенін
жасырмайды. Ақырында оларға ортақ ерекшелікті – психологиялық жақтан
ауытқушылықтарының бар екенін алға тартады. «Алыстан араласып, аз-мұз
сөйлескенде бəрі дұрыс көрінеді.
Ал, іші-бауырына кіріп, сыр бөліскенде, адам басына кірмейтін түсініксіз
бірдеңкелерді айта бастайды», – дейді ол. Мақаланың негізгі айтары: «Əлі
жассың ғой, кемеліңе келген кезде түсінікті əрі күшті кино түсіресің деп,
өнерде қазіргі жасыңа қарап «скид ка» жасалмайды». Біздің
киногерлеріміздің құлағына да алтын сырға. Əрине, «жаңа
толқындықтардың» көңіліне келмесін, олардың психологиялық жақтан
қаншалықты ауытқушылықтары барын білмедік. Бірақ, ортақ сауал
туғызған тақырыптың қайбір сипатында да ортақ ұқсастықтар болуы
мүмкін.
Біз көбінесе киноларымыздың шет елдерден алып келіп жүрген
сыйлықтарына қарап бағалайтын болып барамыз. Бұл да адастыратын
жайлардың бірі іспетті. Білгіштердің айтуынша, не көп, өзінше фестиваль
өткізетін қалалар көп. Төрт бес адамнан топтаса салған əділқазылар алқасы
өздерінше бəйге беріп, бəстерін көтеруге тырысады. Көбісінің аты дардай
да, заты оған сай емес, халықаралық статусы бұрнағыдан
қалыптасқандарына дау жоқ. Байқап қарасаңыз, бəрі ондай атқа ие емес
екен. Соңғы кездері кинофестивальдар өткізілетін қалалардың қатарында
бұрын-соңды атын естіп көрмегендерінің көптігі – соның кепілі.
Кезінде Трюффо мырза француз кинематографиясын əбден «жүндей түтіп»
алғаннан кейін кино түсіруге кірісіпті. Жақсы білеміз, Трюффо өзінің
ешкімнен кем кино түсірмегенін, тіпті, өзі жер-жебіріне жетіп
сынағандардан əлдеқайда артық екенін дəлелдеп шыққан. Егер біздің
тақырыбымызға арқау болғандай картиналар толастамаса, көп ұзамай
қазақтан да бір Трюффо өсіп шығатындай көрінеді.
1997 жыл.
Ұстатпай жүрген ұлт картинасы...
Қайбір жылы Алматыда халықаралық кино фестиваль жыл сайын өтіп
тұрмақ болып шешілген. Алайда, тұңғыш əрі соңғы фестиваль соңы
сиырқұймышақтаньш кетті.
Сол көзді ашып-жұмғанша өте шыққан «Еуразия–98» кинофестивалінен не
алдық, не бердік деген сауалды бүгінгі көзбен саралап көрсек.
Бергеніміздің мол екені анық. Оны қонақтардың өзі ашық айтып жатты.
Азуын айға білеген Азияның, екі өкпесінен демалған Еуропаның өнерде де
бір-бірінен оза шапқан елдерінен келген киногерлердің бас қосуына, барын
ортаға салуына сеп болдық. Кешегі одақтас елдер өнерпаздарының
шұрқырасуы өз алдына бір төбе. Бір қайырып қарағанда, бергеніміз осы.
Ал, алғанымызға келсек, ауыз толтырып айтарлықтай жайттар баршылық.
Бастысы – көрерменнің киноға деген көңілі сүлесоқ екенін апта бойы
Алматы кинотеатрларында өр елдің тандаулы деген фильмдері тегін
керсетілген фестиваль дағдысы бойынша пайда таппақ болған басымыз
ақырында: «Əке, тегін əрі əйбат киноларды келіп көре қойшы» деген
өтінішке құлақ асқан қауымды көрмедік. Бұдан екі нəрсені аңғаруға
болатын сынды. Бірі, барша қауымның киноға деген ықыласы жоқ екендігі
болса, екіншісі, сол ықыласты оятуға қазақ киногерлерінің əл-əзір батылы
бара қоймағандығы, əрине, бұған қарсы уəж табылып жатса, біз оған
қуаныштымыз. Бұл енді басқа əңгіменің арнасы.
Фестивальден алған олжамыз сол, ол өз киноларымызды шет жұрттың
тəуір деген туындыларымен салыстыра отырып, таным таразысына салдық.
Жер мен көктей айырмашылықты аңдамасақ та, көзге ұрған, көңілге
тоқыған жайт аз емес. Айталық, соның ішіндегі шет жақтан келген
кинолардағы халықтық тақырып, ұлттық портрет турасындағы
турашылдығы біздікімен салыстырғанда, біраз əңгімеге арқау болатын
сынды.
Əрине, мектебі қалыптасып, менталитетін өнерімен өрнектей алған
Батысты былай қойғанда, күні кешегі кеңес жүйесінен еншісін алған
елдердің бұл тұрғыда биік тұғырына қол жеткізбесе де, сол жолдағы
талпыныстары қуантарлық. Яғни, саяси тəуелсіздік
– қол-аяқтың ғана емес, ой-сананың да шідерінен босанып, кісенін бытшыт үзгені – киноларының өзінде көрініс тапқаны, айтуға тұрарлық
құбылыс. Бұнымен бəрі кереметтей келісіп, біріненбірі өтіп, оза шауып,
алға ұмтылып тұр деуіміз ағаттық, əлбетте. Жаңалық сол, ұлт портретін,
халықтық тақырыпты тереңінен бойлап таразылауға тырысқандары,
көркемдік кескін-келбетін кино тіліне риясыз түсіруге ұмтылғандары бізді,
қазақ көрерменін ойға жетелейді.
Қызығы сол, мынау кімнің киносы десе, ол – грузиндікі, ол – армяндікі, т.б.
екені фильмдерінен тайға таңба басқандай байқалып тұр. Ал, қазақтікі ше?
Бұл сүраққа бас қатырып, біраз ойлана тұруға тура келеді. Фестивальдің
керкем фильмдер сайысына түскен қазақстандық «Ақсуат» жəне «Киллер»
картиналарын көрген жұрт осы сауалдың астарын өзінше қаузап жүрген
болар.
Пайымдауымызша, қырғыз режиссері Ақтан Əбдіхалықовтың «Бес
кемпір» фильмі көркемдік ерекшеліктері мен бейнелеу тəсілдері біздің
аталған екі картина стиліне ұқсағанымен, ондағы ұлттық əдістəсілдің
шеберлігі арқасында сəтті шыққаны бас жүлдені алуға мүмкіндік
бергендей. Фильмнің басталуы да қызық-ақ. Дүниеге келген ұлдың
маңайында мыжырайған бес кемпір жүреді. Содан əлгі баланы тіл-көзден,
бəле-жаладан сақтасын деп атын Бескемпір қояды. Осылай қырғыздың
таным-таразысы оқиға барысында одан əрі ойысып жүре береді. Бар
болғаны осы. Картина қырғыздікі екеніне имандай иланасыз. Мұндай
бағаны грузиндіктерге де («Өзен», «Мұнда таң атып келеді»),
армяндықтарға да («Құдайым, рахы-мыңды түсіре гөр!»),
түркіменстандықтарға да («Тоба»), тəжікстандықтарға да («Іс-сапар»), т.б.
ойланбастан беруге болар еді. Ал, өзімізге... қимағандығымыз емес,
қиналғандығымыз.
Деректі фильмдер турасына келсек, жоғарыдағы ойларымыз ды одан əрі
қоздатып, жалғастыруға тура келеді. Өйткені, байқауға қатысқан
картиналардың дені сол ұлт тағдырын, халықтың адами мəселесін
қозғайды. ТМД жəне Балтық елдері Кинематографистер одақтары
конфедерациясының арнайы жүлдесін алған режиссер М.Каюмов
ақсақалдың «Гөр Əмір» (Өзбекстан) фильмінен бастап, барлығы да сол
тақырыпты қаузайды. Алайда, бəйгеге ұсынылған ешқандай картинаға
көңілі толмаған қазылар алқасы бас жүлде тағайындаудан бас тартты.
Оның себебін бұл тұрғыда əлі шаш етектен, қолтық сөгіле, қан сорпа
шығарар ізденіс қажет деген ойдан шығарып алсақ жарар.
Тəуелсіздігін алғанына жеті жыл болған кешегі бодан елдер бүгінде өзін
толық тани қойдым дегеніне ешкім сене қоймайтын еді. Осы тұрғыдан
келгенде қазылар алқасының арнайы жүлдесін жеңіп алған режиссерлер
Сергей Əзімов пен Сергей Русаковтың «Жол жиегіндегі үй» (Қазақстан)
картинасы біз үшін үлкен табыс болғанын айтуымыз керек. Манағы
сауалымызға осы тұста жауап тапқандай əсерде қаламыз. Нағыз қазақ кім
дейміз ғой біз. Ол біздің арамызда емес, алыста, сонау Мəскеуде жүр екен.
Тек жүрмей əлемдегі ең қымбат, ең үлкен де үрейлі қаланың шеткерірек
жеріндегі шағын үйінде өзінің бес баласымен бірге балалар үйінен алған ақ
нəсілі бар, қара нəсілі бар тағы бір бес-алты баланы зайыбы екеуі тəрбилеп
жатыр.
Иə, ол терлеп-тепшіп шай ішпей, жан-жағына жайдары жүзбен қарамай
жүре алмайтын көрінеді. Міне, бауырмал, қиындықты өзі қалап алатын
қазекем осы табиғатын бұзбай бізден тым тысқарыда тілі бөлек, діні басқа
өзге ортада да өмір сүріп жүр. Картина осы жайында, қарапайым ғана
кейіпкер арқылы «сен қазақ осындайсың» деп ойлантуға шақыратындай.
Ұлттың əлгісіндей қадау ерекшелігін еске салып, елең еткізіп, өзімізді тағы
бір қырынан тануға мұрындық болғанымен құнды. Картинаның көркемдік
кілтін тап басып, түсірілу шеберлігіне де үлкен ізденіспен келген
режиссерлер еңбегі еленгені соның айғағы демеске лаж жоқ.
Анимациялық фильмдер бəйгесі қазақ мультипликациясына зор жаңалық
əкелгенін айтуымыз керек. Бас жүлдені қанжығаға байлаған режиссерлер
Ғ.Қыстауов пен Ж.Дəненовтің «Айдаһар аралы» (Қазақстан) атты жұмысы
соның заңды көрінісі. Мультфильм Огутагаваның əңгімесінің желісі
бойынша қойылса да, оқиға уақыты қай кезеңде екені белгісіз болса да,
одан өзімізді көргендей əсер қалдырған. Əсіресе, мағына-идеясы қазіргі
аласапыран, астаң-кестең өзгерген өміріміздегі адамдар санасынан мықтап
орын теуіп жатқан «мен бірінші боламын, менен басқа ешкім емес» деген
айдаһардың анайы аждаһалығы сана-тіршілігімізді тап басқан сынды.
Сосын ұлттық бояуы да ұғынықтылығымен баурап ала қояды.
Бір сыдырғы фестивальға қатысқан картиналар жайында осылай ой түйіп,
шолу жасауға болады. Өйткені, ортақ қорытынды сол, əріптестеріміз
бұрын-соңды батылы барып бажайлай бермеген халықтық тақырыпты
қазымырланып қаузауға ден қойған екен. Ұстатпай жүрген кеңістік – ұлт
картинасын сомдауға деген талпыныс ерекше. Тіпті, оған басым бағыт
берілген бе деп қалдық. Əлемге əрқайсысы шартараптан емес, өз
шаңырағынан қарауға тырысқаны байқалады. Ендеше, бұл бізге үлкен
сабақ болуға тиіс шаруа, қай-қайсысын алып қарамайық, бəрі де өзін
тануға, өзегін танытуға тырысып жатқанда ол көштен қалып қою, əрине,
қылмыс. Мүмкін дəл қазір бізге халықтық фильмдер керек шығар. Неге
ойланбасқа? Жалпы осылардан кейін түйген ойымыз мынау: фестиваль
өткізіп қазақтың аты шықпайды, аты бəйге де ала алмайды, ұстатпай
жүрген кеңістік – ұлт өз картинасын сомдай білуінде, ұялмай ұсына
алуында.
1998 жыл
Мəңгілік көш
Қазақ қасіретін шерткен «Заман-ай» көркем суретті фильмінің қоюшы
режиссері Болат Шəріп, сценарийінің авторы жазушы Сəкен Жүнісов
(«Заманай мен Аманай» повесінің желісі бойынша), Болат Шəріптің
қатысуымен.
Картинаның көркемдік кесімі туралы қысқа топшылау: режиссерлік шешім,
актерлік ойын үндестік тауып, əдемі қабысып сəтті дүниеге айналған.
Əттеген-айы, қолдың қысқалығынан қазақ жерінің ғажап табиғаты мен
фильм арқауы – таусылмас тақырып лықсып келіп, тұншығып қалғандай
жайы бар...
Əңгімені осы тұстан бастасақ, ең алдымен фильмнің он жыл да əзер
түсіріліп біткені алды орайды. Кілтипаны – қаржының тапшылығы. Бұл
картинаның көркемдік кесім-бітіміне көлеңкесін түсірмей қалмаған.
Айталық, екі серияға жүк болатын материал əбден қысқара-қиқалана,
кесіліп-жонылып келіп, бір серияға зордың күшімен сыйған. Содан да кей
сəт түсініксіз, қайбір ой лар шолақ қайырылып қала берген. Мұны
білдірмей жіберудегі монтаждау ісінің мүмкіндігі де шектеулілік пен
шарасыздықты аңғартады. Дегенмен, шығармашылық топ мұны алдын-ала
ескеруі қажет еді. Бұл бір.

You have read 1 text from Kazah literature.
Çirattagı - Біз осы не бітіріп жүрміз? - 10
- Büleklär
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 01Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3667Unikal süzlärneñ gomumi sanı 213222.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.33.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 02Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3702Unikal süzlärneñ gomumi sanı 210625.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 03Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3647Unikal süzlärneñ gomumi sanı 224724.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.35.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 04Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3640Unikal süzlärneñ gomumi sanı 222724.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.36.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 05Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3723Unikal süzlärneñ gomumi sanı 223428.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 06Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3744Unikal süzlärneñ gomumi sanı 245825.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.37.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.44.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 07Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3727Unikal süzlärneñ gomumi sanı 228220.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.30.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.36.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 08Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3681Unikal süzlärneñ gomumi sanı 235022.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.31.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 09Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3681Unikal süzlärneñ gomumi sanı 219829.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 10Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3722Unikal süzlärneñ gomumi sanı 233125.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.45.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 11Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3679Unikal süzlärneñ gomumi sanı 236827.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.47.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 12Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3825Unikal süzlärneñ gomumi sanı 252326.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.39.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 13Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3704Unikal süzlärneñ gomumi sanı 246527.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 14Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3786Unikal süzlärneñ gomumi sanı 252423.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 15Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3807Unikal süzlärneñ gomumi sanı 236626.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.45.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 16Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3861Unikal süzlärneñ gomumi sanı 237122.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.32.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 17Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3741Unikal süzlärneñ gomumi sanı 201626.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.37.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.44.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 18Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3807Unikal süzlärneñ gomumi sanı 231325.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.36.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.43.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 19Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3912Unikal süzlärneñ gomumi sanı 231822.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 20Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3920Unikal süzlärneñ gomumi sanı 245133.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 21Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 1898Unikal süzlärneñ gomumi sanı 130839.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.54.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.61.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.