Latin Common Turkic

Біз осы не бітіріп жүрміз? - 06

Süzlärneñ gomumi sanı 3744
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2458
25.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
37.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
44.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
кейбіреулер айтқандай, алаңдағы жағдай «нашақорлар мен маскүнемдердің
бей-берекеті» емес, бостандық, ұлт намысы үшін күреске бел буғандардың
жанкешті қадамы еді.
Халық шаруашылығы институтының 3-курсында оқитын мені сол алаңға
ешкім алдап немесе күштеп апарған жоқ. Өзге қыз– жігіттер де адал ниет,
шын көңілмен бейбіт шеру арқылы Мəскеуден берілетін партия
көсемдерінің бұйрықтарымен келіспейтінімізді мəлімдеуге шықтық.
Ұлттық ар-намысты таптатқымыз келмеді. Шын мəнінде 5 миллионнан аса
қазақ ұлтының арасынан ел басқаратын бір адамның табылмауы ақылға
қонбайтын əңгіме. Осы сауалға жауап іздеп, еңсемізді тік ұстайтын ұлт
екенімізді партияның бюрократтарына, орталықтың өктемдігін
мойындатқымыз келді, – деп Нұртай Салихұлы ойын түйіндейді.
Иə, ұлттық кемсітушілікке ыза болған жастар Республика алаңына
жиналып, өз пікірлерін айтуға келді. Демонстранттармен əу бастан
келіссөзді дұрыс жүргізе алмағаннан кейін, жағдай шиеленісіп, мінбеге
шыққан Республика басшыларына дөрекілік жасау əрекетіне ұласты.
Ақыры тəртіп қорғаушылармен қақтығыс та басталды.
Бұл бас көтеруге басты түрткі болып, өзі де тұтанғалы тұрған отқа май
құйған оқиға Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы 16
желтоқсанда бар-жоғы он сегіз минутқа созылған пленумда Алматыға
арнайы ұшып келген СОКП Ортылық Комитетінің ұйымдық бөлімінің
меңгерушісі Г.Разумовский Саяси Бюроның атынан ұзақ жыл адал қызметі
үшін Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа алғыс айтып, орнына халыққа атыжөні беймəлім Г.В.Колбиннің сайлануын жария етуінде еді. Сол күні жəне
кешке пленум туралы қысқаша информациялық хабардан басқа ешнəрсе
айтылмады, болған жағдайдың себеп-салдары халыққа түсіндірілмеді.
Кеңес өкіметі жылдарында Қазақ облыстық, өлкелік комитеттерінде, одан
соң Қазақстан Орталық Комиететінде бірінші хатшы болып жиырма шақты
адам қызмет атқарыпты. Дегенмен, осы уақытқа дейін мұндай хатшылық
қызмет атқарған орыс, украин, грузин, армян, еврей, поляк, ұйғыр сияқты
əр ұлттың өкілдері арасында тек үш-ақ қазақ болған. Жəне бұған дейін
Республика коммунистерінің басшылығында қазақтың болмауы бұрынсоңды реніш туғызып көрмепті. Сірə, орталықтағылар бұл жолы да солай
болар деп пайымдаса керек. Бірақ жағдайды жете білмеушілік ақырында
міне осыған əкеп соқты. Екіншіден, əлгінде айтқан жастармен тілге келіп,
олармен диалог жасау əрекеті іске аспады. Алаңдағы мінбеге
шыққандардың кейбіреуі қазақ тілінде сөйлей де алмай, жиналғандардың
мазағына ұшырады. «Жігіттер, қыздар, үйлеріңе қайтыңдар!» дегеннен
басқа сөз айта алмады. Дер кезінде халық сыйлайтын партия, соғыс
ардагерлерін, ақын, жазушыларды, сөз зергерлерін мінбеге шығару
ешкімнің ойына келмепті.
Бірінші саты – желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түні Қазақ КСРО
Мемлекттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша, қаланың алты оқу
орындарының жəне С.М. Киров заводының 8 жатақханаларында, Театр
жəне көркемсурет институтының студенттері «арандатуға бағытталған
ірікті салу жұмысын жүргізді». Олар «жастарды шеру жасауға үгіттеді,
арандатуға бағытталған ұрандар мен плакаттар даярлап, көшеге алып
шықты». Ол бір түнде болған қимыл-əрекет 1979 жылы маусымда
Ақмолада неміс автономиясына қарсы өткен акцияны еріксіз еске салады.
Желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түні толқу Ақмоладағы сияқты
студент, жұмысшы жастардың жатақханаларында басталды. Ақмолада
түнде жазылған транспоранттармен Алматыда сол түнгі жазылған
транспоранттар үндес, тіпті кейбір сол күйінде қайталанды. Желтоқсанның
17 күні таңертең Алаңға толқынтолқынмен жиналу əдісі де Ақмола
оқиғасымен үндесті. Қалай болғанда да сол бір түнгі үрдістің басталу, өрбу
динамикасын қалпына келтіру Желтоқсан тарихының ең бір қиын тұсы
екендігін мойындау керек.
Желтоқсан көтерілісі кезінде əр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам
ұсталды. Солардың ішінде Алматының соттары 326 адамды əкімшілік
жазаға кесті, қылмыстық тəртіп бойынша – 99 адам сотталды, екі адам ату
жазасына тартылды. Мұның сыртында 270 студент оқудан шығарылып,
көптеген жұмысшылар мен қызметшілер жұмыстан босатылды. Қудалауға,
қуғынға ұшырағандар саны шексіз. Тек қана Желтоқсан көтерілісіне
байланысты Қарағанды университетінен 25 студент комсомолдан
шығарылды, 11-і университеттен қуылды.
Сондай-ақ бұл бір қалалық немесе аймақтық та құбылыс емес,
жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Империялық озбырлыққа қарсы бас
көтеру тек астаналық қала – Алматымен ғана шектеліп қалған жоқ, басқа да
облыс орталықтарында, аймақтарда көрініс тапты. Желтоқсанның 17-25
күндері Жамбыл, Шымкент, Талдықорған, Жезқазған, Қарағанды,
Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Алға сияқты қалаларда, Шамалған,
Сарыөзек сияқты елді мекендерде болып өткен толқулар наразылықтың
жалпықазақстандық сипат алғанын айғақтайды. Алматыдағы 17 желтоқсан
күнгі толқуларға 25-30 мың адам қатынасқан. Сол күннің кешінде жəне
түнде шеруге шыққандарға қарсы қолданылған аяусыз басып жаншу мен
қанды-қол қарақшылық, одан қалса зорлау, ұлтына қарай адам аулау
шараларына қарамастан, ертеңіне Брежнев алаңына тағы да сонша жастар
жиналды. Əскер күштері мен милиция алаңды қоршап алып, оған ешкімді
жібермеді. Ал Алматыдан тыс жерлерде болған шерулерге
қатынасқандардың саны – 2500 адам. Бұл саналы түрде кемітіліп
көрсетілген сан болуы да ықтимал.
От ұшқынының жан-жағына түсуі табиғи диалектикалық заңдылық. Жанап
өтпесе, қарағандылықтар: Раушан Əлиева (ҚарМУ-дің студенті), Əлия
Еркімбаева (ҚарМИ-дің студенті), Раиса Сəрсембекова (АТП бухгалтері),
ақтөбеліктер: Болат Арынразиев (спорт мектебінің жаттықтырушысы),
Берік Қалбөкенов (СПТУ мұғалімі), шығысқазақстандықтар: Гүлжан
Кəрімразина (кооператив техникумының студенті), Ербол Ақтанов
(институт студенті), талдықорғандықтар: Анар Серкенова, Мəншүк Мусина
(заң техникумының студенттері), целиноградтықтар: Амангелді Нүркенов,
Асқар Сағынаев (ауыл шаруашылық институтының студенттері) сияқты т.
б. жер-жердегі жастар мен студенттер «ұлтшылдық» көзқарастары үшін
қылмыстық жауапқа тартылды.
Ал еш кінəсіз қаза болған өрімдей өрендер: Қайрат Рысқұлбеков (Жамбыл),
Ербол Сыпатаев (Талдықорған), Сəбира Мұхаметжанова (Өскемен), Лəззат
Асанова (Талдықорған), Кенжегүл Молданазарова (Шымкент) сынды баржоғы 18-20 жастағы «ұлтшылдардан» атынан ат үркетін алып империякеңес үкіметі қандайлық қауіп көрді екен? Қазір кейбір ғалымдардың
ортасында қалыптасып, өзге жұртқа əсер етіп жүрген «алаңға
барғандардың ішінде кедздейсоқ қызық көру үшін жүргендер аз болған
жоқ» деген теріс пікір белең алып жүр. Ондай болса билік орындары 19-20
мыңдық Алматы жасақшыларының қарулы күшін кімге қарсы жинаған?
Тіпті КСРО-ның жеті бірдей қаласынан құрама əскер арнайы ұшақпен
əкелінгенін қайда қоямыз?
Олар төмендегідей:
Фрунзедегі 5450-інші əскери бөлімнен 100 адам, Ташкенттегі 5452-інші
жəне 3408-інші əскери бөлімінен 300 адам, Челябинскідегі 5426-ыншы
əскери бөлімінен 203 адам, Новосибирскідегі 5427-інші əскери бөлімінен
203 адам, Уфадағы 5424-інші əскери бөлімінен 200 адам, Свердловскідегі
5425-інші əскери бөлімінен 225 адам, Тбилисиден 480 адам.
Бұл басқа елдерден əкелінген əскердің жауыздығын өз көзімен көріп,
жиреніп, алаңға Алматы облыстық ішкі істер басқармасындағы жедел
топтың командирі ретінде барған Төлеген Əлжан кейіннен қызметінен өз
еркімен кетіп, қайсар мінез көрсетеді. Əрі осы жауыздықты əшкере ету
мақсатында ақын Мұхтар Шаханов құрған екі комиссияға да кіріп, жұмыс
істегендегі куə болған жайттарын былайша əңгімелейді:
«Əрине, комиссия жұмыс жасаған кезде біз əлі де Ресейге тəуелді едік.
Екінші комиссия жұмысын бастаған тұста Ресейден Гаев басқарған
прокуратура, Ішкі істер министрлігінен сегіз адам келді. Ақыры біздер
жинаған деректердің көпшілігін Мəскеуге ала кетті. Тіптен сол
құжаттардың басым көпшілігін жарақат алғандар, есінен ауысып
ауруханаға түскендер мен қайтыс болғандар жайында болды. Міне, күні
бүгінге дейін осы деректер қолымызға түспей отыр.
Жалпы бізді қолдаған азаматтар болды ғой. Ə. Мəмбетов, Т.
Жаманқұлов, Б. Нұрғазиев сияқты азаматтарымыз таяқ жеп, қансырады.
Ал, қала прокурорының орынбасары Зиманов Қадырберген Мəскеуден
келген жендеттер Стрельников пен Сорокаға қарсы шыққандығы үшін
заңсыз тұтқындалды. Одан өз прокуратура қызметкерлеріміз Мызников,
Волтунов, Азаровтың қудалауына түсті, ақыры көз жұмды. Осы аттары
аталған зиялы қауым өкілдері үстінен 85 нөмірлі «Қоңыр» атты қылмыстық
іс қозғалды.
Бүгінде ескеретін бір мəселе, ресми дерек көздері бойынша, қазір қалада
тіркеуде тұрған желтоқсандықтар – 56, ал еліміз бойынша сотталғандары –
107, əкімшілік жазаға 430-ы тартылған. Менің қолымдағы деректер сол
кездің өзінде қатысқандар санының 12500 болғандығын дəйектейді. Ал,
қауіпсіздік комитеті кезінде 2 мың деген мəліметті ғана көрсетті.
Ал, енді мендегі құжаттардың маңыздылығына келер болсам, Л. Асанова,
С. Мұхамеджанова, Лəззат Шораева, Кенжегүл Молданазарова сияқты
қыздарымыздың қорланып, зəбір көргендігіне дейін дəлелденді. Айта
алмай жүрдім, бірақ айттым. Былтыр Л. Асанованың қорланып өлтіргендігі
жайында 11 сот процесіне қатысып, 7 ай жүріп бəрін дəлелдедім. Мұндай
зəбір көрген бір ғана Лəззат емес қой. Сол желтоқсан көтерілісіне қатысқан
қыздарымыздың 90 пайызы қорланды. Бұл фактімен дəлелденген жағдай.»
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы туралы ресми
хабар ең əуелі «Қазақстан» телеарнасы арқылы ақпараттық
бағдарламасынан, содан соң Орталық телевизиясының «Уақытынан»
берілді. Ал 18 желтоқсан күні «Комсомольская правда» былай деп
жазды: «Кеше кешкісін жəне бүгін күндіз Алматы қаласында
ұлтшылдардың арандатуымен бір топ оқушы жастар көшеге шығып,
жуырда болып өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті
пленумының шешіміне наразылық білдірді. Болған жағдайды бұзақылар,
арамтамақтар жəне басқа да қоғамға жат адамдар пайдаланып, тəртіп
сақтаушыларға қарсылық көрсетті, содан соң азық-түлік дүкенін, жеке
иелердің автомашиналарын өртеп, қала тұрғындарын қорлап, жəбірледі».
Осылайша табиғатында бауырмал, онысын осыған дейін Қазақстанға жер
ауып келген мың-сан ұлтқа жанашырлығымен көрсеткен бүтіндей бір
халыққа қара күйе жағу, ұлтшыл деп айыптау акциясы басталып кетті.
Жəне ол қарқынды əрі кең ауқымда жүргізілді. Басшылық тізгінді ə
дегеннен-ақ пəрмені күшті орталық алды.
Желтоқсанның 18 күні кешке қарай Алматыға СОКП Орталық Комитеті
Саяси Бюросының мүшесі, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы
М.С.Соломенцев ұшып келді. М.С. Соломенцев Алматыға СОКП ОК Саяси
Бюросының кең өкілетті ресми өкілі ретінде келгендіктен, оның
тұжырымдары мен бағалары саяси нұсқау мен бұйрық түрінде
қабылданды. Ол оның 1986 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан КП ОК-нің
Бюро мəжілісінде сөйлеген сөзінде былайша баяндалды:
«Бір нəрсе анық, алаңда болып өткен оқиғалар кездейсоқ, стихиялық
құбылыс емес. Бұл ұйымдастырылған іс. Ұйымдастырушының кім екендігі
маған белгісіз, табамыз ба, жоқ па, оны да айту қиын. Қалай дегенде де
мұның ұйымдастырылған іс екендігі туралы бағаны нақпа-нақ айтуға
болады... Белгілі бір топ қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Менің
ойымша, жаңа жылға дейін-ақ сот процесі болар, 2-3 процесс ашық өтетін
сияқты. Осы жөніндегі хабарды баспасөз, радио телевизия арқылы тарату
керек. Халыққа мұның бəрін жақсылап көрсету керек. Қазір комсомолецтер
мен коммунистердің ұлтшыл, бұзақы іс-əрекеттерін талқылаған комсомол,
партия жиналыстары өтіп жатыр. Не сескендіреді? Алғашқы шешімдер
жұмсақтау болды, қазір оқиғаға қатысушыларды институттардан қуу керек,
ертең оларды, бұзақы, ұлтшылдарды өндіріске, басшылық жасайтын жерге
қалай жібереміз деген төңіректе əңгіме болып жатыр. Бірақ баға қатал да
талап қойғыш, қорытынды өзгеге жақсы сабақ болуы керек.
...Саясатта, студенттер іріктеуде бұрмалау бар. Кадрларды осылайша іріктеу
керек пе еді? Қазақ мектептерін ашу, қазақша оқыту жөнінде мұндай айтыс
болғанын білемін... Алматыда мектепке дейінгі мекемелер де ұлттық белгі
бойынша құралатын болған ба? Бұл қалай, жолдастар, Бюро мүшелері?
Одан əрі не болады? Бүкіл оқыту мен тəрбие қазақша өткізіледі. Халық
арасында, əсіресе жастар ішінде тəрбие жұмысы, интернационалдық
тəрбие жұмысы қожыраған... Қаланың толуы жөнінде де басын ашып
алатын жəйт көп. Мəселен, Алматыда, кезінде мен осында жұмыс істегенде
қазақ тұрғындар 8% болғаны есімде. Дұрыс па айтып тұрғаным? Ал қазір
16%. Екі есе екен».
Кезінде Д.Қонаев ақсақалдың қарамағында қызмет істеп, өзінің моральдық
жағынан жеңілтек адам ретінде көрсетіп, Қазақстаннан қызметтен қуылған
М.Соломенцев осылайша сайрады. «Қазақ ұлтшылдығы» атағын қазақ
халқына жақсылап таңудың, бояуын қалыңырақ етіп жағудың жолдарын
іздеп, шарқ ұрды. Соломенцев айтқан процентамания мəселесі лезде
Қазақстанның түкпір-түкпірін шарлап кетті. Өзі де қоғамның қай
саласында болсын азшылыққа ие қазақтардың үлес салмағы жұмыс
орындарында, жоғары оқу ордаларында, мемлекеттік маңызы бар
мекемелерде орыс халқымен салыстырмалы түрде қарастырылды. Қазақтар
орыстардан көбірек шоғырланған жерлерде олар теңестірілді немесе
кемітілді. Тату-тəтті тұрып келе жатқан екі халықтың ортасына осылайша
сына қағылды. Қазақ халқы өз жерінде өспесе, өнбесе басқа қай елде өркен
жаймақ деген ойдың орнына қазақ ұлтының дамымауын ойластырған
орталық өкілдері өздерін нағыз ұлтшыл, шовинист ретінде көрсетіп алды.
Бұл тұрғыда желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін сотталып, сонау
Ресейдің Чита облысына айдалған Расулхан Құдайбергенов сол кездегі
елдегі саяси-рухани ахуалдың қазақ ұлты үшін соншалықты күрделеніп
кеткенін айтады:
«Сол жылдары қазақ мүддесіне қырын қарап келген орталықтың өктем
билігіне көзі қарақты қаймана қазақ қағажу қарай бастаған еді. Іштей
қарсылықтың белгілерін, əсіресе үлкен қалалардағы қалыпты өмір
арнасына қабыса алмай, ұлттық рухы кемшін тартқан халықтың тіршілікауанынан байқау қиын емес-ті. Ана тіліміз тұсаулы аттың күйін кешіп, дінтініміз тарылды. Қазақ жастарына табылса, жұмыстың ең ауыры бұйырды.
Қалалық тіркеу қайдан,
«Жетім бұрыш» жағалау ғана маңдайға жазды. Осы сынды мыңсан кедергі
жайттардың күн өткен сайын қоюлана бастағанын арман қуып келген
Алматыдан студент бола жүріп біз де жете сезіне бастадық. Бұлайша
жалғаса беруі мүмкін болғанымен, оған деген қарсылық пен наразылықтың
түбі бір бой көрсетері анық еді.
Сол бір намыстың жанартаулары атқылаған желтоқсанның үш күнінде де
алаңда жүрдік. Ерекше екпін бітіп, елдік мұратымыз қол созым жерде
тұрғандай болды. Əне-міне, үкімет үйін алсақ, арманымызға жететіндей
едік. Шыны сол, мен үшін бұл жастық максимализмнен гөрі, отаншылдық
рухтың басым түскен кезі еді.»
Дегенмен «əй дейтін əже, қой дейтін қожа» жоқ болған соң, жоғары билік
білгенін істеп, тізеге басты. Қара күйе жағудың кəнігі шеберлері одақтың
барлық ақпарат құралдары арқылы арам ойларын жүзеге асыруға тырысты.
Баспасөзде өрескел бұрмалаулар орын алды. Мəскеуде шығатын орталық
басылымдардың желтоқсан көтерілісін ұйымдастырған қазақ жастары
туралы хабарына тоқталсақ, төмендегіше болып келді.
Алматыдан хабар
19 желтоқсан, 1986 жыл. Кеше кешкісін жəне бүгін күндіз Алматыда
ұлтшыл элементтер арандатып салған оқушы жастар тобы көшелерге
шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жуырда болған
пленумының шешіміне наразылық білдірді. Бұл жағдайды бұзақылар,
арамтамақтар жəне қоғамға жау басқа да адамдар пайдаланып, құқық
тəртібінің өкілдері жөнінде құқыққа қарсы əрекеттер жасады. Сондай-ақ
азық-түлік магазинін, жекеменші автомобильдерді өртеді, қала
азаматтарына қарсы намысты қорлайтын əрекеттер жасады...
Совет Одағының Телеграф Агенттігі.
Шындық сабақтары
...Көп жастар жазасын алды: комсомолдан шығарылды, құқыққа қарсы
əрекеттері үшін жоғары оқу орындарынан қуылды, біразының бұзақылығы
жаппай тəртіпсіздік жасалғаны үшін істері сотта қаралатын болады. Əрине,
тəртіпсіздіктердің басшыларын, ұйымдастырушыларды, арандатушыларды
іздерстіруді табанды түрде жүргізу керек.
«Литгазета». А. Самойленко.
Ащы сабақ
...Біршама уақыт өтіп, ұлтшылдық пиғылдағы жастардың желтоқсандағы
іс-əрекеттерінің себептері айқындала түскен шақта, бұған не деп жауап
беруге болады? Бір нəрсені сеніммен айтар едік: болған жайдың себептері
ең алдымен жастар арасындағы идеологиялық жұмыстағы елеулі
кемшіліктерде патриоттық интернационалдық тəрбиенің əлсіреуінде
жатыр... Жастардың бір бөлігінің ұлтшылдық көзқарастары кеше ғана
қалыптасқан жоқ. Олар баршаның көз алдында уақытымен атамаса, қаулап
өсетін арамшөп сияқты өскен болатын. Республикада жүзден астам ұлт пен
ұлыстың адамдары тұратынына қарамастан, Қазақстан астанасында
қаланың жоғары оқу орындарымен техникумдарында оқитындарды басым
көпшілігі жергілікті ұлт өкілдері екендігіне назар аударылмады.
Жатақханаларда студенттердің ұлттық белгісіне қарап орналасуын ұсақтүйек деп санады.
«Комсомолка», 1987 жыл , 10-қаңтар. А. Лапин»
«Менiң семьям, менің байлығым»
...Мəселен, Алматыда сəулетті «Ертөстік» бала-бақшасы салынды. Ол тек
қазақ балаларына ғана арналған! Жергілікті газетке бұл жөнінде жедел
түрде «Ертөстікке қош келдіңіздер!» деген марапат мақала берілді. Бұл
кімге «қош» деп, құрмет білдіру сонда. Орыс тілін жасанды түрде
білдірмеуге ықпал жасалып жатқан балаларға ма? Мен барлық қазақ
сияқты өзімнің ана тілімнің патриотымын. Бірақ мен өз қыздарымды
«Ертөстікке» бермес едім...
«Советская культура». 1987 жыл, 24 ақпан. М. Ахметова.
Қазақ жастарының ұлтжандылық бейнесі сол кездері өкінішке орай
осылайша бағаланып жатты. Орталықтың солақай ойы мен арам əрекеті
іске аспады. Желтоқсан көтерілісі Балтық жағалауындағы жəне басқа
республикада демократиялық процестің дамуына себепші болды. Осыдан
кейін егемендікке жаппай жол ашылды. Бірінен соң бірі Одақтас
республикалар егемендік жолына, тəуелсіз дамуға бет бұрды. Сонымен
бірге Бакуде, Вильнюсте, Ферғанада, Тблисиде қанды оқиғалар тізбегі
жалғасты. Оларда да тоталитарлық режим мен Ресей танкілерінің қанды
іздері қалды.
Осыдан-ақ бостандық пен тəуелсіздік оңайға түспегенін аңғаруға болады.
Ақырында салтанатты сəт те туды. 1991 жылдың 16-желтоқсанында
желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастар ақталды.
Бұл Мəңгі жас – Алаш идеясының ұлт-азаттық ұзақ шайқасының жеңіске
жеткен күні еді.

II бөлім
Жасампаз идеяның жалғасы
«Жасампаз идеяның жалғасы» атты екінші бөлімдегі публицистикалық
толғауларға ұлттық мəселелер, тарихи ақтаңдақтар жəне демократия
принциптері арқау болған. Өз авторлығымен жəне құрастыруымен
жиырмаға жуық тарихи-ағартушылық бағыттағы кітаптарды жарыққа
шығарған автордың бұл еңбегі көсемсөз жанырында жазылған дүниелер.
Аталған бөлімнен – Елім деп соққан жүректердің лүпілін, зайырлы
мемлекеттің өткені мен бүгінін, болашағын, тарихы мен шежіресін, тілі
мен ділін, азаттығы мен еркіндігін, халықтың бірлігі мен тəуелсіздіктің
тұғырын аңғарарыңыз анық.
Сонымен қатар, автор жаhандану жағдайында зияткерлік ұлт
қалыптастырудың, бəсекегеқабілеттіқауымтəрбиелеудің, алдыңғы қатарлы
отыз елдің қатарына қосылудың бастауы ретінде қазақ халқының рухани
мұрасын тереңдете зерттеп, оның құнды рухани мол байлығын жастар
арасында насихаттау, бүгінгі ашықтық пен мəдени плюрализм аясында
басқа мəдениеттер мен өркениеттерге жеткізе білу – ұлттық идеяның
үйлесімді қалыптасуы барысындағы оңтайлы жəне келешегінен үміт
күттіретін əрекет екендігін аталған бөлімде таразылайды.
Аяқталған аңыз
Есейiп келемiз. Əркiм өзiнше етек жабумен əуре. Алдағы күн алаңдатады
бəрiмiздi. Артымызға қарайлауға шама жоқ. Кейде, кейде кейимiз де, өткен
күнiмiзге өкiнемiз. Бұл күнiңнен қорынғанда, қораш сезiнесiң өзiңдi. Сонда
бауырына тартып, басыңнан сипайды əлдене. Тəнiңде дiрiл, жаныңда үрей
атой салады. Санаңды бейдауа сауал шарпиды.
Қайдан келдiк, кайда кетiп барамыз? Сонда балалық бұлдыр шағың көз
алдыңа келедi, көңiлде қалып қойған əлдебiр дүние көкiрегiңде дамыл
табады.
Қайбiр жылдың қыстың қаһарына мiнiп келе жатқан шағы. Кешкi асты
алдымызға ала бергенде теледидар да, радио да күнделiктi жаңалықтардың
бiрiнде тосындау хабарды жария еттi бiлем. Үйдегi үлкендердiң жүздерiне
жылу жүгiрiп, мəре-сəре қауқылдасты да қалды. «Баяғыдан берi өстетiн
иттер ғой!» – дедi, жамбастаған жастығын ысырып, тiктеле отырған
көкем. Сөйткенше, əншейiнде таяғын тастамай сырбаз сүйенiп, асықпай
жүретiн көршi шал Кемелбек те ширақ басып, кiрiп келдi. Көкеммен
күндегiдей əңгiме-дүкен құру үшiн емес, əлдененiң желiгiмен келгендей
əсер бар. Бiрдеңелердi даурығыса айтысып, құттықтасып жатты.
Самаурын қайта қайнап, дастарқан мерекедегiдей жайылды. Осы сəтте
ойынға тоймайтын кластас достар Сəмен мен Ерлан «сабаққа бiрге
дайындалуға» келе қалды. Үлкендердiң əрi-берiден əңгiме сапырғаны
жалықтыра бастады. Бiз бiр-екi пиала шайды iшерiшпестен қарбаластың
сəтiмен тысқа сытылып шықтық.
Сол кеште ауа-райы да ерекше едi. Жапалақ қар қылаулаған тұңғиық аспан
тап-таза əрi тұнық. Айнала аппақ əлем. Сыбыр лап сөйлесең де даусың
сыңғырлай ауылдың о шетiмен бұ шетiне жететiндей.
–Мұндай түнде үйде отыруға болмайды. Жүр, шана тебемiз, – дедi Ерлан.
–Қой, түн ортасында қайдағы ойын! – дейдi Сəмен.
–Ойнағанда қандай! Мұндай айлы түнде шанаға сиқыр бiтедi, – деп, Ерлан
ауладағы шананы ала жүгiрдi. Сəлден кейiн ауыл көшкендей ғып
жұлдыздай аққан ол жердi солқылдата зулап төмен қарай гүрiлдеп келе
жатты. Бiздiң үй iргесiндегi төмпешiктен таяқ тастам жерге бiр-ақ ырғыды
да, табанынан от жарқ етiп өте шықты.
–Ура! – деп айқай салып, қолын көтердi ол. Шынында да шанаға сиқырлы
қанат бiттi ме, əйтеуiр түн əлденебiр құпия сырын ашқандай көрiндi.
Үлкендер де үйге сыймай, далаға шығып, дабырласа бастады. Бiр-бiрiн
жаңа көргендей қол алысып, құшақ түйiстiрiп қояды. Қарқылдап күлiп,
əндетiп те жiберетiнiн қайтерсiң.
Мiне, ғажап! Ендi ауылдың əр-əр жерiнен мөлдiр аспан төрiне тарс-түрс
салют атқылай бастады.
Бұл – 1991 жыл, 16 желтоқсан, кешкi сағат 7-лер шамасы. Дəл осы жыл, дəл
осы күн, дəл осы уақыт бар саналы қазақ шаңырағына сəуле шашты. Ол
сəуле – тəуелсiздiк ұғымы, мемлекеттiк телерадио толқындары арқылы
мың-миллион шаршы алқап, сан тарапты нұрландырып, тарап жатты.
Тосырқадық, толқыдық, тəуба дестiк. Көңiл шiркiннiң көк дөненiне
мiнiстiк. Үлкендерiмiз көзiне жас алды. Кiшiлерiмiз асыр салып,
ойнақтадық. Ақ түйенiң қарны жарылды!
Сол күн, сол кеш əлем қазақ елiне назарын тiктедi. Арада санаулы минөттер
өтпей-ақ Қазақ республикасының тəуелсiздiгiн ең жақын, ет жақынымыз
Түркия бастап тани бастады. Еуропаға есiк ашылды, Америка қолын созды,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы да құшағын ашты.
Əлi есiмiзде, бұл оқиға мектеп қабырғасында бiлiм алып жүрген бiздерге де
ерекше əсер еткен. Ертесiне үлкен үзiлiстi күтпей-ақ, сабағымызды
бастамас бұрын мүғалiмге де, алты жасар оқушыға да ортақ кезектен тыс
жиналыс өттi. Оған сол кездегi мектеп директоры, жазушы Пернебай
Дүйсенбиннiң өзi келiп, өзi бастады. Байқаймыз, жиылыстың мəнi тым
өзгеше. Тəртiп бүзған шəкiрт ортаға шықпады. Үлгерiмi нашар оқушылар
сөгiс алған жоқ. Тек директор əргi-бергi тарихты қозғап қоймай, оқушылар
мен ұстаздар қауымын алғашқы тəуелсiздiктiң арайлы таңымен құттықтай
келiп, ойын түйiндеген:
ұлыстың ұлы күнi деген осы! Көңiлiнде толғаныс, үнiнде тебiренiс бары
байқалды. Содан ба, əлде сезiмге бай жазушы болған соң ба, жанарына жас
кiлкiгенiн жасыра алмаған. Сонда ғана əлi тəуелсiздiк ұғымының түрiн
түстеп, парқын бағамдай қоймаған бiз – балаң буын осы құбылыстың
қазақ үшiн тым қымбат екенiн ұғына түскенбiз.
Не құдiретiнiң барын қайдам, осы жиылыс мектептегi бар игi шаралардың
iшiндегi əсерлiсi болып жадымызға жатталды. Көзiмiзге жас келмесе де,
көңiлiмiздi бiр толқу шарпып өткен. Неден екенi белгiсiз, директордың
баршамыздың əр қайсымызға ғана құпия нəзiк перделердi дөп басқан
тапқыр да ұтқыр сөздерiнен бе, əлде...
Əйтеуiр, бұдан кейiн мектебiмiзде күрт өзгерiс байқалды. Бiрбiрiмен кiрiгiп
бiте қайнасып кеткен екi ауылға ортақ оқу ордасы жаңалықтың ортасына
айналған. Көзге ұрғаны – оқу бағдарламасы қайта, жаңаша түзiле
бастағаны.
Дəл сол мезетте осыншалық бiрiнен соң бiрiне жалғасқан жаңалықтың
астарына тереңдеп бойлап бара алмаппыз... Кейiн есейе келе бажайласақ,
əр кезде əрқалай естiп, оқып қалатындай – үш ғасыр емес, екi ғасыр емес,
тiптi жүз елу жыл да емес, тура жүз қырық төрт жыл бұғаудан соң ғана
еркiндiгiн алған ел мектеп партасынан мемлекет басқаруға дейiнгi барлық
механизмдi қайта қарау, өзгеше құру қажет қана емес, мiндет екен.
Құдайсыз тобырды қорқытып басқаруға болатындығын бiзден гөрi сезiнiп
өскен аға буын жақсы бiледi. Халықтың сенiмiн ұрлап алып қойып, қойша
қыра беруге болатындығын көзбен көрген ұрпаққа тəуелсiздiк аса бағалы.
Он үш жыл болды... Оны қалай жоғалтып алмаймыз деп, қалай баянды
ете түсемiз деп, бас қатқалы да он үш жыл. Əйтеуiр, бəрiмiзге ортақ
тəуелсiздiктi оңынан шештiк. Ендi əркiм өз iшкi тəуелсiздiгiмен əуре боп
кеткен. Жұдырықтай жұмылу, бiрiгу кемшiн түсе беретiнi несi? Ұрланған
сенiмдi қалай қайтарамыз, қалай қайта оятамыз? Неге жүгiнемiз? Өткен
ғасыр басында құдайға құлшылық күшейдi де бəсеңсiдi, ендi аяғында қайта
қау бердi. Осыны медет тұтамыз ба?
Дiннiң қазақ топырағында қанат жаюы қатпарлы тарих, қасиеттi таным, əрi
тəлкектi тағдыр. Осыдан он жыл бұрын ғана мұсылмандық елiмiзде өтпелi
дəстүр сынды едi. Мiне, заман өзгердi, ел дiнiне ден қойды.Тiптi сусап
қалған ынтаның пəрмендi толқыны кешегi басқыншы жүйенi өкiнiшпен
еске алады. Осылайша iшкi тəуелсiздiгiмiздi жеңе алсақ, ортақ
тəуелсiздiгiмiздi орнықтыру қиын соқпас.
Бүгiнгi ұрпаққа мол-мол сын айтылады. Бəрi орынды. Əр уақыттың өз
салмағы, дертi бар. Мəселе соны асқындырмауда – емдеуде.
2004 жыл.
Таңдау уақыты: «көпте ақыл жоқ па?»
Иə, Абай айтты: «көпте ақыл жоқ» деп. Қалғанымыз соны орындаушы
емеспiз бе? Бiрақ, ол кез бен бұл кездi салыстыру қиын. Бұған дейiн «қалың
елi, қазағы, қайран жұрты» талай қуанышты, қайғыны, аштықты,
махаббатты, зорлықты бəрiн-бəрiн бастан өткердi. Көрдi де көңiл көзi
оянды. «Шығысы – батыс, батысы – шығыс болып» оқыды-тоқыды сосын
тағдыр тартуымен танылды да! Ендiгiсi – таңдау уақыты!
Бəрiн таңдап жатырмыз: не керек, не қажет, тiптi – кiм мықты?
Сол тағдырымызға таңдау жасалғалы он үш жыл. Ұзақ уақыт, ұзақ жол. Бар
тапқанымыз, табысымыз, тəубе етерiмiз де – тəуелсiздiк! Ендiгi күрес оның
баянды болуы. Қалай, қайтiп? – сынды сауал əлi соңымыздан қалған жоқ.
Шындығында жеткенiмiз шамалы, жетiскенiмiз жоқ. Оған ара-тұра теңгемiз
тағы бiр «теңселiп» кеткенде көзiмiз жеттi, көңiлiмiз алабұртты.
Бұл не? Халықтың билiк басындағыларды таңдауының бұрыс бола
беретiндiгi ме, əлде, шынында «көпте ақыл жоқ» деп қисындайтынында
емес пе!? Əйтпесе, тiзгiнiмiз қолға тигелi қанша үкiмет ауыстырдық немесе
ендi қаншасы қалды? Созылмалы дертiмiздiң дауасы демократия
механизмiнiң бұрыстығына қарай бұрыла беретiндiгiнде ме деп қаласың.
Қарапайым түсiнiкте демократия – халық билiгi деп, қайырсақ, бар
кiлтипан осы жерден шығады.
Алғы елдердiң қалыптасқан дəстүрiнде билiк халықтың қырағы
бақылауында. Айталық, Америка өзiнiң əкiмшiлiк-территориялық басқару
жүйесiне дəн риза. Оны бұзып 50 штаттың орнына (бiздегiдей) 10 супер
штатты (облысты) ешқашан жасай алмайды. Өйткенi, əрбiр қарапайым
американдық өз билiк иелерiн – президентiн ғана емес, губернаторларын да
назардан тыс қалдырғысы жоқ.
Мiне, демократия дегенiңiз. Бiздiң бұқара сенгiш, сосын айтқанға көнгiш
пе деп қаласың. Бұлай болуға кешегi «айналайын өкiмет өзi өлтiрмейдi»
деген түсiнiк те түрткi. Қайткенде одан арылатын уақыт келдi. Қалаңыз,
қаламаңыз билiктi қатаң қадағалау халықтың өзi үшiн қажет.
Ендi қанша саясат соққанмен, елдiгiмiздi ойлап өбектегенмен
тəуелсiздiгiмiздiң баянды болуының бiрден-бiр емi – экономиканың
сауығуы екенiне анық көз жеттi. Ол үшiн қоғамның ақиқатқа деген ауадай
қат сұранысы қымбат. Журналиссiң бе, шындықты жаз, заңгерсiң бе, əдiл
төрешiлiгiн айт, экономиссiң бе, реформа жасауға тырыс. Осының бəрi
орнымен болса, озық
елдердегiдей бiзде де демократия механизмi сарт-сұрт iстеп тұрмас па?
Қысқасы, «ортақ үйiмiзде татулық пен бiрлiк қана емес», жеткiлiктi дəулет
болуы үшiн де өзiн ғана емес, отанын ойлаған əрбiр азамат одан тысқары
қалмауы тиiс.Тiптi бұған билiктегiлер ғана бас қатырып қоймай, дүрдараз
оппозиция, он-сан зиялы, мың-миллион халық қатысуы батпан мiндет!
2004 жыл
Халық... Зиялы... Билік...
Үмітсіз ымырашылдықтың үштағаны
Демократияның қағидасында орналасу тəртiбi: Халық... Зиялы... Билiк...
Қазақша қисындасақ, ошақтың үш бұты iспеттi. Бiр-бiрiнсiз ошақтың оты
сөнедi, қазан қотарылып түседi. Бүгiнгi күйiмiздiң салдарын сол үшеуiнен
iздесек, бiр қарағанда бəрi қалыпты. Халық қайранда, билiк қолынан
келгенiн қармануда-ақ, əттең... Осы екеуiн үйлестiретiн зиялы үлесiнде –
үнсiздiк! Содан ба, ғасыр басындағы алыптар шоғырына аңсарымыз əбден
ауған. Сағыныштан емес, сары уайымға салынғаннан. «Қайран, Ахандар,
қайдасыңдар?» деп, қазақ даласы өкiрiп-күркiреп ақыры көз жасы сая
таппай, сай-саланы сағалап барып, зым-зия жоғалып жатқандай. «Тым
құрыса солардың сарқытының да сарқылып тынғаны ма?» деген сұрқай
сауал шиырлайды сананы.
қауiптi дағдарыс – сана... саналылар дағдарысы. Тоқ етерi – бар кiлтипан
билiк пен халықтың ара жiгiн жалғастыратын алтын көпiр-зиялылардың
сайда саны, құмда iзi байқала бермеуiнде. Бiздiң билiк тəуекелшiл-ақ,
тəуелсiздiк алғалы не бiр қадамдарға аяқ басты. Қарық болған халық жоқ,
аң-таң. Зиялымызға келсек, көкейiнде сəулесi жоқ көрермен секiлдi, мiз
бақпайды. Бұл жерде билiк пен халық қаржысып та қату-тату. Зиялымыз
үшiн бəрiне бас шұлғу қанына сiңген əдет сынды. Ау, бұған дейiн қалай
едi? Бұхар жырау əдiлiн айтып ханға жақпады. Абай халқына қарны ашып,
есесiне басынан соққы алды. Кешегi Ахаңдар шоғыры сол халықты да,
билiктi де тезге салып, түзеуге тырыспады ма? Бүгiн ше? Бұдан шығатыны:
бiздегi экономика, экология жəне рухани дағдарыстардың ұшар басы,
ушыққан нүктесi əрi қауiптiсi – сана... саналылар дағдарысы.
Бұл дағдарыс – қай дағдарыс? Бастауы қайда? Байырқалайтын тұсы қайсы?
You have read 1 text from Kazah literature.
Çirattagı - Біз осы не бітіріп жүрміз? - 07
  • Büleklär
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3667
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2132
    22.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3702
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    25.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3647
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2247
    24.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3640
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    24.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3723
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2234
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3744
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2458
    25.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3727
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2282
    20.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    30.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3681
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2350
    22.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    31.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3681
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2198
    29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3722
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    25.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3679
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2368
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3825
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2523
    26.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3704
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2465
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3786
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2524
    23.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2366
    26.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3861
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2371
    22.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    32.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3741
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    26.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2313
    25.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3912
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    22.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3920
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2451
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 1898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1308
    39.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.