Latin Common Turkic

Біз осы не бітіріп жүрміз? - 04

Süzlärneñ gomumi sanı 3640
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
24.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
36.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
рухани дүниесін түгелдеуде біршама жұмыстар атқарды. Өзінің сенімді əрі
озық ойлы əріптестерімен бірге 1988 жылы Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің шешімімен жазықсыз отыз жетінші жылдар
репрессиясының құрбандары болған ұлтымыздың біртуар арыстары, Алаш
қозғалысының көсемдері А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш.
Құдайбердиев, Ж. Аймауытовтарды алдымен саяси жағынан, кейінірек
азаматтық жағынан ақталуларына үлкен ықпал етті. Бұл қылышынан қан
тамып тұрған жүйені мойындатып, ұлы тұлғаларды халқының рухани
айналымына қайта қосу айтарлықтай жаңалық əрі жанқиярлық еңбектің
нəтижесі еді.
Дегенменде қазақ зиялыларының ішінен есімі Хельсинкидегi саяси
тұтқындар тiзiмiне кірген екі қазақтың бірі Махмет Құлмағамбетов болса,
екіншісі жиырма үш жасында саяси диссидент атанған Хасен Қожа Ахмет.
«Жас қазақ» ұйымы ұлтының жігерін жаныды
Жетпісінші жылдары Алматы қаласында жастардың жасырын
«Жас қазақ» ұйымы жұмысын мақсатты түрде жүргізе бастады. 1972
жылдан бастап Қазақ елі өз алдына дербес əрі саяси тəуелсіз мемлекет
болуы қажет екенін азаматтар санасына сіңіру бағытында мақалалар
жазып, үнпарақтар таратуды қолға алады. Тек сол кездегі одаққа қарайтын
Қазақстан ғана емес, басқа да елдердің өз егемендігін алуы қажеттігін
қалаған əрі алға қойған мақсаттарына толыққанды жетуі үшін олармен де
байланыс орнатуға тырысады.
Осы тұрғыда 1973 жылы коммунистік билік жүйесін халықпен
санасатындай ету үшiн жəне де халықтың тұрмысын жақсарту үшiн əрбiр
республикада қатарына демократияшыл азаматтар кіретін «бақылау
комитеттерiн» құруға шақырады. «Жас қазақ» ұйымы аталған
комитеттердің міндеттерін төмендегіше белгілейді:
Азаматтардың праволарын конституция бойынша қорғау. Соғыс бюджетiн
азайттыру.
Ұлттық кемсiтушiлiкке, орыстандыруға тыйым салу. Оқу орындарын,
мекемелердi мүмкiндiгiнше ұлттық тiлде жүргiздiру.
Халықтың еңбегiн дұрыс бағалап, жалақысын дұрыс төлеттiру. Заттарға
дұрыс баға қойылуын жəне қымбаттамауын қадағалау.
Қазақстанда өндiрiлетiн заттарды өз халқымыздан артылған жағдайда ғана
экспортқа шығару керек.
Табиғатты қорғау: мөлшерден тыс жер жыртуды тоқтату, мал жайылымын
көбейту. Химикаттармен, орыс қаруын сынаумен ауаны уландыруға тыйым
салу.
Байқағанымыздай ұлттық мəселелермен қатар, халықтың əлеуметтік
жағдайына байланысты жайттарды шешу жолдары талап етілген. Мұнымен
қатар «Бақылау комитетiнiң» маңызын халыққа түсiндiру үшiн жəне
комитеттi əдiлетсiз үкiметтiң таратып, жазалуынан қорғау үшiн барлық
жерлерде демократияшыл азаматтардың ұйымдарын құру керектігін
бастама етіп көтереді. Бұл ұйымдарға азаматтар ант арқылы қабылдану
қажеттігін де ескертеді. «Жас қазақ» ұйымы демократиялық ұйымға
қабылданатын азаматтарға төмендегіше мiндеттер жүктеуді де ұмытпайды:
1.Бақылау комитетiнiң мiндеттерi əрбiр ұйымдағы азаматтың да мiндетi
болып табылады.
2.Жаңа заңдармен мiндеттердi дауысқа салып бекiту жəне өз пiкiрлерiн
айту.
3.Ұйымға жаңа азаматтарды тарту.
4.Орыс үкiметiнiң шовинистiк, отаршылдық, соғысқұмарлық саясатын
əшкерелеп, халыққа түсiндiру.
5.«Демократияшыл азаматтар ұйымының» қажетi үшiн барлық ұйым
мүшелерi айлық жарна төлеуге мiндеттi.
6.Əрбiр ұйым мүшесiнiң қажеттi əдебиеттерден, тарихи материалдардан
жəне үкiметтiң əдiлетсiз iстерiн əшкерелейтiн лекциялардан құрылған
кiтапханасы болуы керек.
«Жас қазақ» ұйымы одақтас елдердегі демократиялық ұйым құруға мүдделі
азаматтарға осындай үндеу тастай отырып, тоталитарлық режиммен
бірлесіп күресуге шақырады. Əйтпесе түптің түбінде кеңестік қызыл
империяда бір ғана ұлт қалып, қалғандары жер бетінен жойылып кету қаупі
зор екенін ескертеді.
Ал, елдегі қазақ ұлысына «Жас қазақ» ұйымы «Оян, қазақ! Оян, елім!» деп
ұран тастап, бірлікке қана емес, ерлікке шақырды. Өзiн намысы бар азамат
деп санайтын ұлтжанды ұландарға:
«...Ойланатын уақытың жеттi, бауырлар. Туған жер тоналуда. Ана тiлiмiз,
мəдениетiмiз ұмытылуда. Орыс шовинистерiнiң осы саясаты өзгермесе,
қазақ ұлтының жер бетiнен жойылар уақыты да алыс емес. Тарихтың бұл
тəлкегiнен тек күресу арқылы аман қалуға болады. Отанымыздың
тəуелсiздiгiн, Қазақ елiн жойылудан сақтау үшiн бiз, қазақ елiнiң
азаматтары, орыс отаршыларына мынадай талаптар қоямыз» – дей келе
төмендегі мəселелерді төтесінен қояды:
1.Бiр ұлтқа табындыру, орыстандыру саясаты тоқтатылсын. 2.Орыстарды
қазақ жерiне қаптатып қоныстандыру тоқтатылсын.
3.Қазақстандағы барлық оқу орындары, мекемелер ұлттық тiлiмiзде
болсын.
4.Ядролық қарулар сынап, химикат «тыңайтқыштармен» улап, қазақ жерiн
шөлге айналдыру тоқтатылсын.
5.Қазақ жастарына зорлықпен қой бақтыру тоқтатылсын.
6.Ұлт азаттығы үшiн күрескен саяси тұтқындар түрмелерден босатылсын.
7.СССР Конституциясының 125-бабында айтылған: сөз бостандығы,
баспасөз бостандығы, жиналыс жасау бостандығы, т.б. праволар iске
асырылсын.
8.Шет елдердегi қазақтарға жəне Түркiстандық басқа да ұлттарға Отанына
қайтуға рұқсат берiлсiн. Олар қудаланбасын.
9.Қазақстаннан тоналып Россияға жөнелтiлетiн барлық заттарға шек
қойылсын (мұнайға, етке, астыққа, т.б.).
10.Орыстар Конституциясындағы«ƏрбiрОдақтасРеспубликаның СССР-ден
еркiн бөлiну правосы сақталынады» делiнген 17-бабын естерiнде сақтасын.
Ұлт бостандығы жасасын!
Бiз жеңiске сенемiз!»
Осындай оптимистік рухта істерін жалғастырған қазақтың бостандық
сүйгiш азаматтарының «Жас қазақ» ұйымы 1973 жылы аталған ұранталаптарын бұхара халықтың арасында үнпарақ ретінде тарата бастайды.
Ондағы мақсат жоғарыда айтып кеткендей ел азаматтарын, əсіресе
жастарды ойланту мен ояту еді. Бұл жұмыстардың қылышынан қан
тамып тұрған сол кездердегі кеңестік жүйе уақытында қаншалықты қатерлі
екені айтпаса да түсінікті. Мұндай көзсіз ерлікке сол қызыл империя
тұсында бару батылдық қана емес, жүрек жұтқандық еді. Осындай қауіп-
қатер жағыдайында болса да, қатарларына қалың жастарды тарту «Жас
қазақ» ұйымының басты мақсаты санатындағы негізгі ісі іспетті. Бұл ретте
олар ұйымға мүшелікке өтетін өрендер үшін ант қабылдау міндетін жүктеп,
төмендегіше мəтінін дайындайды.
Ант
Мен, Қазақ елiнiң азаматы, өз еркiммен бауырларым құрған «Жас қазақ»
ұйымына кiремiн. Халқымның болашағы, бостандығы үшiн күрескен
Сырым батыр, Исатай, Махамбет, Кенесары басқа да қазақтың ардагер
ұлдарының iсiн жалғастыруға, бостандық туын көтеруге халқыма, қазақ
бауырларыма ант етемiн. Бостандық жолында, халқыма қызмет ету
жолында қажет болса жанымды қиямын. Ата-бабаларымыздың
отаршыларымен күрестегi төгiлген қанын еш уақытта естен шығармаймын.
Орыс социал-шовинистерiнiң отаршылдық саясатын əшкерелеп, халыққа
түсiндiруден жалықпаймын.
Егер күрес жолынан тайып, бауырларыма опасыздық етсем, менi
халқымның қарғысы атсын.
Жасасын ұлт бостандығы!
Міне, бұл Мəңгі жас – Алаш идеясының сол кездері қазақтың бостандық
сүйгiш азаматтарының «Жас қазақ» ұйымы түзген қысқаша тезисі іспетті.
Онда ата-баба арман аңсары тəуелсіз ел болу мұратын жастардың қайда
жүрсе де жата-жастана жүріп, санада əр кез жаңғыртып қоймай, іске асыру
міндетін жүктейді.
Бағдар айқын. Бағдарлама да алдын-ала дайындалған. Тіпті тəуелсіздікке
əні-міне қол жеткізетін елдің Ата заңын да «Жас қазақ» ұйымы жазып
шығады. 1973 жылы қысқа да нұсқа əзірленген басты
құжаттың төмендегі мазмұны Қазақстан тəуелсіз ел болғанға дейін
маңызын жоймағаны анық.
Қазақтың демократияшыл азаматтарының ұйымы «Жас қазақ»
Конституциясы
1.Қазақстан – Халықтық Демократиялық Республика.
2.Қазақстан азаматына сөз бостандығы, баспасөз бостандығы берiледi.
3.Қазақстандық əрбiр азамат, үкiметтiң бұйрығын демократияға қайшы деп
тапса, ашық сынай алады. Бұл үшiн оған «саяси қылмысты» деген айып
тағылмайды. Егер сын дұрыс болып, халық оны қолдаған жағдайда үкiмет
сынды қабылдауға мiндеттi.
4.Шетелдермен байланыс тек мəдени-экономикалық жағдайында болады.
Азық-түлiк жəне басқа да заттар өз халқымыздан артылған жағдайда ғана
экспортқа шығарылады.
5.Қазақстан халқы дүние жүзiндегi бейбiт елдермен ынтымақта болады.
Ешқандай «ұлы», отаршыл мемлекеттермен одақтаспайды.
6.Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың (орыс, украин, немiс, т.б.).
Отандарына қайтуына немесе Автономиялық аудан, облыстар болып
Қазақстанда қалуына хақысы бар. Автономия алған ұлттардың барлық
қағаздары, оқуы, т.б. өздерiнiң ұлттық тiлiнде болады.
7.Қазақстан бейбiт ел болғандықтан жəне ешбiр елдi ықпалында ұстауға,
жаулауға тырыспайтындықтан, жалпы əскери мiндет жойылады. Оның
орнына ерiктi, жалақы алатын халық жасақшылары (милиция) болады.
8.Қазақстандық азамат қалада немесе селода тұрып еңбек етiп жəне қоғам
жұмысынан қол үзбей жекеменшiк шаруамен шұғылдануға (бақша, мал
өсiру) қақысы бар. Еркектер мамандығына қарай қалаған жұмысын iстей
алады, əйелдер сауда, ағарту, денсаулық сақтау т.б. дене күшiн аз керек
ететiн жұмыстарға қабылданады.
9.Қазақстан азаматы саяхаттап дүние жүзiндегi қалаған мемлекетке бара
алады.
Бүгінде тəубе етеріміз, Қазақстан өз алдына дербес ел болған соң
қабылдаған Конститутциясы «Жас қазақ» ұйымы əзірлеген Ата заң-басты
құжаттың мазмұнын толық қамтыды. Бір қызығы жоғарыда тоқталып өткен
«Алаш» партиясының бағдарламасымен «Жас қазақ» ұйымы дайындаған
Конститутцияның айырмашылығы шамалы. «Елу жылда ел жаңа»
дегенімен, арада жарты ғасыр уақыт өтсе де өлшем өзгермеген, талап пен
талғам ғана өскен.
«Жас қазақ» ұйымының жетекшісі, саяси күрескер ағамыз Хасен Қожа
Ахмет өзінің саясатқа араласуына əскердегі көрген құқайы, нақтырақ
айтқанда өзге ұлт өкілдерінің езгісі мен тепкісі түрткі болғанын жеткізген
еді. Үлкен солдаттардың əлімжеттігіне араша сұрап, əділдік іздеп
командирлерге шағынса, олардың бұзақылардың сөзін сөйлеп шыққанымен
қоймай өзін қараңғы қапасқа қамап қойғаны жанына батады. Ақыры бұған
көнбеген Хасекең əскерден қашып, əділдіктің жолын бостандықта іздейді.
Кейіннен өмірін саяси күреске арнаған ағамыз жетпісінші жылдары «Жас
қазақ» ұйымы атынан жазған мақалаларында шовинизмге деген
қарсылығын үнемі білдіріп отырады.
Олжас, Олжас...
Байқоңыр космодромынан тұңғыш ғарышкер ұшырылуына орай «Адамға
табын жер енді» деп жырлаған жалынды жас қазақ ақыны Олжас
Сүлейменовтың 1975 жылы «Аз и я» атты тарихилингвистикалық
сараптамалық кітабы жарық көрді. Бұл туынды ежелгі орыс əдебиетінің
төл ескерткіші санатындағы «Игорь жасағы туралы жырды» жан-жақты
саралай келе аталған шығарма славяндық жəне түркілік этностарға ортақ
екенін нақты деректермен дəлелдеп берді.
Сол кездегі мамыражай ғылыми айналымға тосын əрі күтпеген жаңалықты
əкеліп қосқан шығарма одақ көлемінде үлкен дүмпу туғызды. Ең алдымен
шовинистік пиғылдағы орыс зиялылары бұл туындыны «зиянды» туынды
деп қорытынды шығарып, кітапты таратуға тыйым салынды.
Дегенмен рухани сусап отырған қазақ қоғамы бұл шығарманы құшақ жая
қарсы алды. Əсіресе жастар жағы туындыны қолданқолға өткізіп, жатажастана оқыды. Оқып қана қоймай аталған шығарманың алмағы мен
салмағын саралады.
1976 жылы «Жас қазақ» ұйымы бұл туынды турасында «Ол жас
Сүлейменовтың «Азиясын» оқығанда» атты мақала арқылы өз
ұстанымдарын білдірді. Онда жас ақынға тілектестіктерін жолдап,
төмендегі мəтінде көзқарастарын жасырын түрде таратты.
«Олжас Сүлейменовтың «АЗИЯ» атты еңбегi, «Игорь полкы туралы сөз»
немесе «Түркi халқының тарихы туралы» зерттеулермен салыстырғанда, ең
бағалы, нағыз шындықты баяндайтын шығарма болуы керек. Өйткенi бұл
шығарманы ұлтшылдықпен уланған, 1015 сөз бiлiп, «тюрколог» атанған
орыс мамандары емес, көп жылғы iздену, зерттеулерi арқылы ақиқатқа
жеткен азамат жазып отыр.
Осы күндерi белгiлi болған, дəлелденген деректерге сүйенсек, тарихқа əдiл
болсақ, онда түркiстандықтардың тарихын Ассирия, Вавилонмен қатар
оқыр едiк. Бiрақ көптен қалыптасқан «академиялық» тарихқа өзгерiс енгiзу
«Еуропалық асылдарды» шошытады жəне түркi халықтарының көпшiлiгi
СССР құрамында. Ал орыстар үшiн отарындағы «бұратана» халықтардың
даму тарихының орыстар дан əлдеқайда ерте екенiн мойындау – өте ауыр
нəрсе. Сондықтан да Түркiстан тарихын зерттеуге көңiл бөлiнбейдi.
Табыл-ған тарихи маңызы бар заттарды жария етпей, жасырады.
Дəлелденген шындықты орыстар көз жұмып, көрмеген болады.
Түркiстанның адамзат тарихына қосқан баға жетпес үлесiн жоққа
шығарғысы келедi.
«АЗИЯ»-дағы айтылған пiкiрлердiң дұрыстығына шек келтiрген адам құр
даурықпай, терiс жерлерiн дəлелмен көрсетсiн. Мұндай шығармаға тек таяз
ойлы, елiнен, халқынан өз асқазанын, атақмансабын қымбат көретiн
намыссыз оңбағандар ғана қарсы шығып, қырсығын тигiзедi. Сөйтiп
отаршыларға жағынбақ болады.
Ал бiздiң, қазақ елiнiң демократияшыл азаматтары «АЗИЯ» сияқты
тарихымыз туралы сөз қозғайтын шығармаларды əрқашан қуанып қарсы
алады жəне қорғайды.»
Бұл Олжас Сүлейменовтың «АЗИЯ» атты еңбегi туралы «Жас қазақ»
ұйымының ғана емес, сол кездегі саналы қазақ жастарының да пікірі
осыған сайған еді. Дегенменде жастықтың оты маздап жанып тұрған
кезінде ұлт батырына айналған Олжас Сүлейменов шау тартқан шағында
«майда шабақ аулап кеткені» көңілге кірбің ұялатқаны рас. Сөз реті
келгенде бұл мəселені де қамтып кетуді парыз санадық.
Əсiлi бiзде бизнестен саясатқа немесе керiсiнше саясаттан бизнеске келу
қалыптасқан үрдiс сынды қабылданатын. Кейде бұл қағида-ереженi бұза
жарып, ақын-жазушыларымыз да саясаттағы соқпағын саралауға
ұмтылатыны бар. Кейбiрi депутаттыққа түсiп, қайбiрi партия құрып,
оңтайлы жолын iздейдi. Дегенмен қиындау. Көрмеген жердiң ой-шұңқыры
көп. Жалпы алғанда асау айдынға ақ желкенiн керiп шықпақ түгiлi,
малтығып тыну сипаты басым. Осы ретте шығармашылығымен қатар
саясаттағы бағын батыл сынап жүрген үркердей топ көшбасшысының
саяси бейнесiне шолу артық етпесi анық.
Қателеспесек, тоқсаныншы жылдары: «Менi қазiр кiтабымның емес, сол
кiтабымның оқырмандарының тағдыры ойлантады. Сондықтан, ендi
саясатпен айналыспақпын» деп, көзқарасын анық бiлдiрген ақын Олжас
Сүлейменов зиялы қауым iшiнен суырылып шыққан. Ақыл-ой əлемiмiздегi
ерекше есiмнiң бұл бұлқынысы мыңмиллион оқырманына үмiт сəулесiндей
елес берген.
Көптеген жүректерге жол тауып, əсiресе, жас буынның кумирiне айналған
тұлға ə дегеннен-ақ қалың қауымды соңынан ерте алды. Бұған бұқараның
көкейiндегi түйткiлдi тап басып көтере алғандығы басты себеп. «НевадаСемей» халықаралық қозғалысы арқылы халқының сенiмiне кiрдi. Үздiксiз
күрес пен еңбектiң арқасында полигон жабылды. Бұл сөз жоқ, өткен
тарихтың еншiсiнде алтын əрiптермен жазылып қалар iрi жеңiс едi. Əрi
жiгерлендi де.
Келесi кезекте «Халық конгресi» партиясын құрып, мүдделес жазушы,
қайраткер, саясаткерлердi топтастырды. «Ұрыста – тұрыс жоқ». Партия
өмiрi қыза түсiп, газетi де шыға бастады. Азаматтық ұстанымына өте берiк,
қоғамдық пiкiрге аса ықпалды ақынның үлкен саясаттағы жəне бiр қадамы
осылай қарқынды басталды. Үлкен кемеге үлкен мұхит қажет.
Тегеурiнi мықты ақын басқарған партия ақыры оппозициядан бiр-ақ
шықты. Себебi, түсiнiктi. Қандай да саяси күштiң басты мақсаты билiкке
бару. Əрi анау-мынау емес, Олжас Омарұлы «Президентке конструктивтiк
оппозицияға шығамыз» деп мəлiмдеп жiбердi. Сонда жұрт бұл қандай
оппозиция дескен де қойған. Кейiн белгiлi болды. Сайлаулар жақындаған
сайын ақынның партиясы да саяси ұпай жинау жолында аянып қалмады.
Дəл сол кезде орыс тiлдi саясаткерлердiң қолында бiр «көзiр» бар едi. Ол –
жалған «орыс мəселесi». Бұл таптырмайтын «көзiрдi» оңтайымен Олжекең
де пайдаланып қалуға тырысты. Сəттi, сəтсiзiн уақыт көрсетiп бердi де.
Сөйтiп, «Халық конгресi» партиясының серкесi Олжас Сүлейменов жапон
газетiнiң тiлшiсiмен сұхбатында: «Президент – заң мен Конституция
берiктiгiнiң кепiлi. Алайда, Президент аппараты дайындап, 1993 жылы
қабылданған Конституция Республика халқының елу сегiз пайызын разы
етпей отыр (Бұл Қазақстандағы қазақтан басқа халықтың саны). Мұның өзi
қазақ ұлтының жайбарақат өсiп-өнуiне кесiрiн тигiзуi мүмкiн. «Бiрыңғай
Қазақстан Республикасы – өзiн-өзi билейтiн қазақ ұлтының мемлекеттiк
формасы». Негiзi заңның осы құжатымен Қазақстан халқының қалған
жұрты келiсе ала ма? Бұл қырық екi пайызының ғана Конституциясы. Ал,
басқасының болашағы не болмақ? Көше ме, əлде сiңе ме?» деп, қатты
алаңдаушылығын бiлдiрген.
Өкiнiшке орай, дəл сол кешегi жəне бүгiнгi шынайы өмiрлiк дерекке
жүгiнсек, басқа-басқа, Қазақстанда «орыс мəселесi» деп өзеуреп,
даурығатындай жоғарыда айтқан шиыршық атып шиеленiскен жайт жоқ
екен. Оған мына бiр ғана дерек дəлел: ақын мазасызданған кезеңде,
нақтырақ айтқанда, тоқсаныншы жылдардың орта шенiнде елiмiзден
кетушiлердiң үлесi мынадай: қазақтар – 37,3 жəне 32,6 пайыз, орыстар –
28,4 жəне 35,2 пайыз, немiстер – 5,2 жəне 5,5 пайыз, татарлар – 1,8 жəне 1,9
пайыз. Яғни, орысыңыздан қалмай қазағыңыз да ол кезде үдере көшкен
ғой. Мұны мамандар саяси да, басқадай да емес, экономикалық
қиындықтарға орай орын алды деп бағалаған. Сондағы Олжекеңнiң
қателесуi үмiт артқан халқының көкейiнде қыжыл қалдырды. Осыдан
кейiн-ақ Олжас Омарұлының үлкен саясаттағы оппозициялық саяси
қадамы аңғарыла қоймады. Өзiнiң сенiм артқан қайбiр серiктерi қаржы
жайына орай iстi болды. Содан бастапқы қарқын бəсеңсiп, партияның
үнпарағы да, жалауы да жығылып кеттi. Күндердiң күнiнде Олжас
Сүлейменовтың Италияға елшiлiк қызметке аттанып бара жатқанын бiр-ақ
естiдiк. Дипломатиялық жұмыста табыссыз болмағанының көрiнiсi шығар,
Олжекең бүгiнде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты
өкiлi. Елшi бола жүрiп шығармашылық жұмысына қайта оралуы
оқырманына анағұрлым пайда əкелген секiлдi. «Жазу тiлi» жəне тағы да
басқа кiтаптары соның көрiнiсi. Ал, жаһандастыруға қатысты
жазбаларындағы ақынның: «Əлемдiк қауымдастық», «Əлемдiк өркениет»
деген ұғымдарды бiледi екенбiз, «Əлемдiк мəдениет» неге болмасқа!?»
деген ойларының алдымен саясиəлеуметтiк астары басым естiлетiнi қызық.
Əрi жаһандастыруға бүйрегi бұрып қана қоймай: «Бүкiл əлем – бiр ел!»
(Ежелгi Рим мəтелi) болса, деген тұжырымы бұрынғы пiкiрiн қоздатып,
саяси билiктi аңсаудан туған жоқ па екен деп қаласың.
Саясатпен шұғылданған адам перiште жанымен сайтандық iске араласқан
кəсiпшiл тұлға. Саяси қайсарлық пен саяси надандықтың арасы тым алшақ.
Ал, саяси мəдениеттiлiк пен саяси қажеттiлiктiң арасы шексiз. Бұл
аксиоманы Олжас Сүлейменовке қаратып айтуымыздың жөнi бар: ақындық
пен əкiмдiктiң арасы қаншалық?
Оны əлi уақыт өз тезiнен өткiзе жатар. Қаламдастар қазiр өткен тарихи
оқиғалардың рас-өтiрiгi үшiн ғана таласа алатындықтарын мойындады.
Мұның астарына үңiлiп айтар болсақ, жазушы үшiн ең үлкен бақыт шын
көркем шығарма жазу.
Iлгерiден қалыптасқан «Зиялы қауым iшiндегi жазушылар тұлға ретiнде
бүкiл жан дүниесiмен оппозиционер» деген ұғым бар. Яғни, бұл шаршапшалдығып саяси билiкке ұмтылмай-ақ, билiк басындағыларға да,
басқаларына да жөн сөзiн айта алатын дара қасиетке ие қайраткер жазушы
деген сөз. Қарапайым халқыңыз қиналған сəтте жазушысын ауызға алып,
«олар неге айтпайды» деуi содан. Бiзде осылай жазушысын iздейтiн жұрт
бар. Жазушы халқының жоқ-жiтiгiн iздей ме екен?
Жиырма үш жасар диссидент – Хасен Қожа-Ахмет
Жетпісінші жылдардағы Қазақстандағы диссиденттік бас көтерулердің көш
басында жиырма үш жасар саяси күрескер Хасен ҚожаАхмет тұрды. Оның
өзінің əріптестерінен айырмашылығы тайсалмағандығында,
жүрекжұтқандығында жəне ашық күресті таңдағандығында еді. Алматы
облысының Есік қаласында тұрып, еңбек еткен ол 1975 жылдың күзі мен
1977 жылдың көкек айларында жеке өзі өкіметке қарсы ұнпарақтар
шығарумен айналысты. Кеңес Одағы мен КОКП-да орын алып отырған
ұлттарды кемсітушілік саясатын əшкерлейтін 670 дана мақалалар мен
ұнпарақ таратады. 1979 жылы көктекте дайын ұнпарақтарын тарату үшін
Алматыға келіп, мал дəрігерлік институты студенттеріне оны таратып
жатқан сəтте МҚК қызметкерлері тұтқынға алады. Ол «кеңестік
мемлекеттік жəне қоғамдық құрылысқа тіл тигізгені үшін» Алматы
облыстық сотының шешімімен 1977 жылы 13 қарашасында Қазақ ССР
Қылмыстық істер Кодексінің 170-171бабы бойынша екі жылға бас
бостандығынан айырылады. Ал 1986 жылы əйгілі Желтоқсан оқиғасына
қатысты деген айыппен Қазақ ССР Қылмысты істер Кодексінің 60 жəне 65бабы бойынша тағы да 1987 жылы 22 көкекте төрт жылға сотталды. Ал
алғаш рет сотталған 1977 жылы Хасен Қожа-Ахметтің есімі Хельсинкидегi
саяси тұтқындар тiзiмiне кірді.
Талай жылдар бойы жинақталған ұлттық кемсіту жағдайларына
көзбайлаумен қаралды. Ештеңе болмағандай ол талданбады, тиісті
бағасын алмады. Көптеген жылдар бойы əкімшілік жүйе нақты істің
орнына КСРО-да ұлттық мəселе «түпкілікті» жəне «біржолата» шешілді
деп сəуегейлікпен айналысты. Саяси институттар мəдениетінің дамуын
даңғазалықпен жария етіп, күнделікті өмірде оның бір қалыптан
шықпауына назар аударды, тіпті шағын халықтардың жойылып кетуіне
дейін жол берді. Аталған мəселе турасында Хасен Қожа-Ахмет былай
дейді:
Мен бұл жайлы 1973 жылы-ақ «Орыстардың дүниежүзілік жандарм болуға
тырысуы» деген мақаламда айттым. Жалпы, мен «ұлтшыл деген айып
тақты» деп намыстанудың түкке қажеті жоқ деп есептеймін. Рас, мен
ұлтшылмын. Оны жасыруға бола ма? Əрбір азамат өз ұлтының намысына
жығылмай ма? Қазақ халқын «ұлтшыл» деген айыптау алынсын деген
талаптың да қажеті жоқ еді. Ол бір сөзбен не өзгереді. Ұсақ ұлттарды
ұлтшыл деу бос сөз. Бұл сөзді мен сол 1973 жылы «Прогресс пе, əлде
құлдырап күйреу ме?» деген мақаламда айтқан едім. «Ұсақ ұлт ешқашанда
«ұлтшылдықпен» уланып, шовинист бола алмайды. Ол тек «Үлкен
ұлттардың» отарлауынан қорғанушы ғана. Шовинизммен уланатын басқа
ұлттарға үстемдік жүргізуге тырысатын ауру, негізі сол «ұлы» ұлттардың
өз құқтарын қорғауын «ұлтшылдық» деп байбалам салу, «ұрының арты
қуыс» дегендей, отаршылардың өз ұлтшылдығын жасыру үшін салған
байбаламы ғана».
Қазiр екiнiң бiрiнен кешегi мен бүгiнгi өмiрiмiз туралы түрлi сын пiкiрлердi
естуге болады. Сол себептен де «қалың ұйқыда жатқан ұлттық сана-сезiмдi
соңғы бiрер жыл оятты» деген кесіп-пiшкен пiкiр жиi айтылады. Ал шын
мəнiне қарасақ, халық қайта құруға дейiн де шырылдап, өз үнiн айғақтауға
ұмтылған екен. Соның жарқын бiр дəлелi – Хасен Қожа-Ахметтiң өмiрi.
Жап-жас жiгiттiң атқарған iс-əрекеттерiнiң бəрi ұлттық намыспен бiрге
тұтасып жатқанына 1972 жылы жазған оның мына бір «Қайран далам!»
атты өлең жолдары да дəлел бола алады:
Қайран, далам! Кең далам, алтын далам,
Өмiр кешкен өзiңде ата-бабам.
Талай жырау, ақын, сал жырлап кеткен
Қайда бүгiн сол көркiң мақтан еткен?!
Қайран, далам, қайтейiн!
Көзiңдi аш, қарашы айналаңа,
Шаңы шыққан, күл болған шөл далаңа.
Соқа тырнап, у шашып, қару сынап
Қор қылса да жерiңдi жүрсiң шыдап
Қайран, халқым, қазағым!
Қайран, далам, ен далам тарылыпсың,
Таңғажайып көркiңнен айрылыпсың.
Қорғай алмай өзiңдi Ата-мекен
Жатқа берiп тоздырған кiнə менен.
Қайран, далам, кеш менi.
Иə, ақынжанды əрі сазгер азаматты саясаткер еткен халқының бодандықта
болғаны еді. Нəтижесінде бейбiт заманда саяси көзқарасы үшiн екi рет
сотталып, жастық өмiрiнiң ең қызықты сəттерiн түрмеде өткiзуге тура
келді. Қылышынан қан тамған жетпісінші жылдары өзiнiң əлеуметтiк
теңсiздiкке деген көзқарасын батыл айтып, билік жүйесін айыптап,
айтқанынан қайтпағаны үшін түрмеге айдалып кете барған бар-жоғы 23
жасар жiгiттiң ар тазалығы мен өз ұлтына деген сүйiспеншiлiгiне қайран
қаласың.
Əйгiлi 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында да Ұлттық Қауіпсіздік
комитетінің қара тiзiмi бойынша Хасен алаңға шыққаны үшiн бұрынғы
айыбы алдына көлденең тартылып, тағы да 4 жылға сотталып кете барды.
Ол өзi «iстi» боп кетсе де саяси көзiқарақтылығын алға ұстап, алаңға
шыққан қаншама жасты қанды соққы мен түнек түрмеден құтқарды.
Бiрақ, тоталитарлық режим жас демократ Хасенмен санаспай тұра алмады.
Оның түрмеде отырып жазған (үкiмет өтiнiшiмен) Желтоқсан жайлы саяси
көзқарасы өзiн де, өзi сияқты жазықсыз айыптыларды да бостандыққа
шығарды. «Желтоқсан» ұлттықдемократиялық партиясының жетекшiсi
ретiнде ол Желтоқсанның жүзiншi тұтқынын бостандыққа шығару үшiн
күрес жүргізді.
Он сегіз жасар азамат жəкібаев неліктен билікке қарсы шықты?
Тура желтоқсан көтерілісі бұрқ ете түсер уақыттың аз ғана алдында
Алматы қаласында он сегіз жасар Азамат Жəкібаев алып империя-Кеңес
үкіметіне қарсы үнпарақтарын тұрғын үйлердің газет-журнал салатын
жəшіктеріне тастап, таратады. Үнпарақтарының дені «Жойылсын кеңес
үкіметі!», «Азаттық, теңдік жасасын!» деген тұрғыда болып келеді. Аталған
үнпарақтардың кеңес үкіметінің қырағы мемлекеттік қауіпсіздік комитеті
қызметкерлерінің назарынан тыс қалуы мүмкін емес еді. Аз уақыттың
ішінде осы «қылмысы» үшін бозбала Азамат Жəкібаев мемлекеттік
қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторына топ ете түседі.
Тар қапаста оған жан-жақтан тап-тап беріп, қорқытып-үркітіп, тергеушілер
жасөспірімді титықтатып жібереді. Алайда мемлекет үшін аса маңызды
ақпарат ала-алмай, қанша уақыт тергеп-тексерсе де түк шығара
алмайтындарын білген олар жасөспірім Азамат Жəкібаевты мемлекетке
қауіпті адам ретінде назарларынан бір сəт тыс қалдырмауды ұйғарады.
Сөйтіп, психикалық ауытқушылығы бар деген желеумен сап-сау баланы
жыраққа əкетіп, Алматы облысы Талғар қаласының жындыханасына
күштеп жатқызады. Ондағы ойлары көп ұзамай-ақ белгілі болды. Кеңес
үкіметінің «кішкентай жауы» Азамат Жəкібаевтан алып империяға үлкен
қауіп күткен қырағылар оны дəрі-дəрмекпен улап, ақыры өлтіріп тынады.
Азамат Жəкібаев белгілі талантты театр жəне кино актеры Қасым Жəкібаев
ағамыздың мəпелеп өсіріп отырған ұлы еді.
Азаматтың арман-аңсары не еді? Өз қолымен əлгіндей азаттық аңсаған
үнпарақтарды не үшін жазды? Артында осы сынды жауа бы жоқ сауалдар
қалды. Оған кеңес үкіметінің жандайшаптары жанашырлықпен емес,
жаналғыштықпен «бас қатырды». Əншейінде «адам адамға бауыр» деген
ұранды ұмыттырмауға тырысатын қоғамның шын мəніндегі, бет-пердесі
ашылғандағы бейнесі мүлдем басқаша екен. Желтоқсанда алаңдағы ақ қар
мен көк мұздың қызыл қанға шыланғаны соның куəсі.
Ал Азамат Жəкібаевтың мысалы бойынша, кеңес үкіметінің үлкендері
тұрмақ, кішкентай тұрғындарының өзі оппозициялық көзқарас былай
тұрсын, өз елі туралы титімдейде бөгде ойда болмауы тиіс еді. Мұндай
балама ой бой көтерсе болғаны, оның иесі – кəрі болсын, жас болсын,
жасамыс болсын қатаң жазаға ұшырады немесе көзі жойылды. Кеңес
үкіметі ішкі «жауларымен» осылайша аяусыз күрес жүргізді.
Дейтұрғанымен қанша қорқытыпүркіткенімен өзіндік пікірі бар адамдарды
мүлдем тыйып тастау мүмкін емес екен. Олардың сенімін ұрлап
алғанымен, үмітін үзе алмады. Əлгіндей жосықсыз қарсылықтарға
қарамастан, есік-терезені тұмшалап тастағанның өзінде қазақ қоғамын да
ағысқа қарсы ойлар кезіп жүрді.
Жалпы Азамат Жəкібаев жайында деректер мен мақалалар арагідік
жазылғаны болмаса, ол туралы толыққанды дүние бертінгі уақытқа дейін
жарияланбай келді. Тек қана бұл тақырыпты терең зерттеген, тарихи
ақтаңдақ мəселелерді жиі көтеріп жүрген ағамыз Латифолла Қапашев 1997
жылы «Жалын» журналында қызмет етіп жүрген кезімізде Азамат туралы
ақиқатты деректі айғақтармен алдымызға жайып салған болатын. Енді сол
Латифолла ағамыз ұсынған құжаттармен Азамат Жəкібаев туралы
толыққанды мəлімет алу үшін ретімен танысып көрелік.
Істі жүргізген Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік
Қауіпсіздік Комитеті Алматыоблыстықбасқармасының тексеру бөлімі.
Беттің орта тұсына айыптының аты-жөні жазылған: Жəкібаев Азамат
Қасымұлы – Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 170-бабы бойынша
айыпталады. Істің басталған уақыты: 26 қаңтар 1978 ж. аяқталғаны: 23
наурыз 1978 ж.
Бұл істің бұрынғы тізімдік саны 22 екен, ал 1993 жылы 27 қазаннан
архивтік №09009 берілген. Бір жүз тоқсан сегіз құжаттан тұратын іс.
«Жəкібаев Азамат – 26 қаңтар – 9 ақпан 1978 ж. аралығында МҚК тексеру
бөлімінде қамауда, ал 9 ақпан – 23 наурыз 1978 ж. аралығында
Республиканың 2 клиникалық психиатриялық ауруханасында сынауда
болды» деп хабарлайды аға тергеуші Горин 22 наурыз 1978 жылы (Іс N2209009, іс беті – 1)
Іс басында Алматы қалалық прокуратурасы қаулы шығарыпты.
Қылмысты істі ашу туралы қаулы:
Алматы қаласы «26» қаңтар 1978 ж.
Алматы қаласының прокуроры, юстицияның 3 кл. Мемлекеттік кеңесшісі
П. Е. Дьячков бүгін МҚК облыстық басқармасынан келіп түскен Алматы
қаласында жалған мазмұнды саяси листовкалар таратылған фактілер
туралы материалдарды қарап, шешім қабылдады:
20 қаңтар 1978 жылы Алматы қаласы Правда көшесіндегі бірінші үйдің
кіре берісінде кеңес мемлекеті мен қоғамдық құрылысына жат, жалған
саяси тақырыпқа жазылған екі листовка табылды. Осындай мазмұнды төрт
листовка 25 қаңтарда төртінші мөлтек ауданның төртінші үйінен де
табылған.
Сондықтан Алматы қаласында кеңестік мемлекет пен қоғамдық құрылысқа
нұқсан келтіретін, алдын-ала дайындалған жалған мағыналы
листовкаларды тарату Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 1701 бабымен
айыпталатынын ескеріп, Қазақ КСР Қылмыс процессуальды кодексінің 5,83
жəне 87 баптарына сəйкес қаулы етемін:
Жалған мазмұнды листовкалар таратушыға қарсы қылмысты іс ашылсын.
Қылмысты ашу ісін жүргізуді МҚК Алматы облыстық басқармасының
тексеру бөліміне жүктелсін.
Алматы қаласының прокуроры: П. Е. Дьячков (қолы)
(Іс N22-09009, іс беті – 2)
Бұдан соң прокурордың шығарған қаулысын төмендегі мекемеге жібереді.
МҚК Алматы облыстық басқармасы тексеру бөлімінің бастығы
подполковник А. Г. Бадамшинге
Сізге қылмысты істі ашуға жəне жалған мазмұнды листовкалардың
авторын іздеп тауып, оны Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 170-1 бабымен
айыптауға прокурор қаулысын жіберіп отырмыз. Бұған қоса 20-25 қаңтарда
табылған листовкаларды жəне табыстаған азаматтар С. Хажмұратовтың, А.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Біз осы не бітіріп жүрміз? - 05
  • Büleklär
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3667
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2132
    22.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3702
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    25.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3647
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2247
    24.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3640
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2227
    24.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3723
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2234
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3744
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2458
    25.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3727
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2282
    20.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    30.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3681
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2350
    22.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    31.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3681
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2198
    29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3722
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    25.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3679
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2368
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3825
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2523
    26.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3704
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2465
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3786
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2524
    23.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2366
    26.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3861
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2371
    22.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    32.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3741
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    26.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2313
    25.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3912
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    22.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3920
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2451
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 1898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1308
    39.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.