Latin Common TurkicHärber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Біз осы не бітіріп жүрміз? - 03
Süzlärneñ gomumi sanı 3647
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2247
24.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
35.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
41.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Сосын шаршап жаза алмаймын. Бiр нəрсеге кiрiсуiм қиын да, кiрiссем
бiрден отырып қалам. Массамен байланыс жөнiнде айтарым: iстеп жатқан
массамен байланыс жоқ екенi рас. Жұртпен сөйлесу менде жеткiлiктi (хат
алу, əңгiмелесу, көрiсу, танысу – олар бар). Тəуiр жазу үшiн массамен, өмiр,
өндiрiспен байланыста болу керек. Рас ол байланыс менде жоқ.
Жаулармен байланыс деген ретте айтарым мынау: «Тар жол тайғақ кешуде»
жаулар кiрiп кеткен себебi – бұл кiтап шыққан кезде Нұрмақов, Асылбеков,
Сарымолдаев ол кезде жау екенi ашық болмаған едi.
Асылбековпен 1932 ж. байланысым жоқ. Нұрмақовты Мəскеуде көрiп
қоятындығым болмаса, сырлас болған байланысым жоқ. Байтұрсынов,
Қоңыратбаев, Айсарин, Валиахметовтер тура лы – оларды маңайға
жуытпау керек дегем. Ол фактiнi осындағы жолдастардың бəрi де бiледi.
1920 ж. наркомснабтың журналына мақала жаздым. Сонда Байтұрсыновты
коммунизм жағына шықты деп қана жаздым. Асыра мақтаған жерiм жоқ.
Мағжанның бiздiң арамызға кiруiне тiптi қарсы болдым. Кемшiлiктерiм
көп. Қырағылық еткенмен оны жерiне жеткiзбейтiн жерлерiм де болады.»
Сəкен ақын осылайша ағынан жарылады. Өзі коммунист болса да, қызыл
коммунистерше ерсілі қарсылы ешкімді айыптамайды, ғайбаттамайды.
Қайта мейлінше ұстамды пікір білдіруге тырысқанын аңғарар едік. Өзі
туралы артық əрі өрескел бұрмаланып айтылған пікірлердің иелері қолай
көрмесе де ақ екенін, адал екенін білдіруді алдына қаймықпай мақсат етіп
қояды.
Бұл ретте сол кездері қазақ зиялылары бір-бірімен жаға жыртысты, бірбірін ғайбаттады деген тұрғыдағы əңгімелерді айна лып жəне өте
алмаймыз. Бірақ бұл мəселеге бүгін біз салиқалы ой, зерделі көзбен
қарауымыз қажет. Себебі, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы
қазақ халқының басындағы сындарлы сəт ұлт зиялыларына да оңай
соқпады. Əрі бұл уақыттағы қазақ элитасы білімі мен білігі жағынан да,
мəдениеті мен интеллектісі жағынан да əбден толысқан, биік санатқа
көтерілген ерекше дарынды толқын өкілдері еді. Мұндай жағдайда
тартысты пікір қайшылығы мен сан түрлі балама ойлардың болмауы
мүмкін емес еді. Яғни, олар əрбір мəселеге байыппен қарады, салмақты
оймен саралады. Ортақ жайттарда келіспейтін жағдайлар да кездесті.
Принцпті мəселелерде əркім өз пікірінде қалды. Тек бұра тартпады. Иə,
ашық дауласқанымен жасырын жауласпады, астыртын аңдыспады. Сол
кездегі қазақ зиялысы бірін бірі дұшпанның оғына байлап берді, сатты
деген басы ашық деректі ешкім келтіре алмасы анық. Бастысы ұлт
мəселесіне келгенде жұдырықтай жұмылып, біріге білді. Жеке бастың
амбициясынан гөрі, ұлтының ар ұжданы биік тұрды. Сөз жоқ, бұл Алаш
қайраткерлерінің қазіргі қазақ зиялысынан артықшылығы да,
айырмашылығы да еді.
Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы
1905 жылы құрылған «Қазақ конститутциялық-демократиялық партиясы»
мен 1906 жылы құрылған «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясын
қоспағанда «Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық
партиясы. Нақтырақ айтқанда, Қазақстандағы қазіргі саяси жүйе мен
партиялық институттың бастауы. Дейтұрғанменде бүгінгі саяси
партиялармен салыстырғанда ұлт мүддесі тұрғысында «Алаш» партиясы
ұзақ жылдарға созылған ұлт-азаттық қозғалыс жолдарынан өтіп, саяси
күресте пісіп жетілгендігімен ерекшеленеді.
«Қазақ» газеті 1917 жылы № 234 санында: «Осы күнде түрлі саяси
партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары саяси прогаммасында
жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса
программасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің
қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына саяси партия жасалмайынша
болмайды», – деп жазған болатын. Өкінішке орай, арада аттай тоқсан жыл
өтсе де бұл жағдай маңызын жоймай отыр. Басы ашық мəселе – бүгінгі
мүйізі қарағайдай партиялардың ешқайсы да «Алаш» партиясының
мұрагері бола алмайды. Бұған жиырмасыншы ғасыр басында аз ғұмыр
кешсе де аты алты алашты шарлап, қысқа уақыттың өзінде бай мұра мен
үлкен тағылым қалдырып кеткен «Алаш» партиясы мен жиырма бірінші
ғасыр басындағы бүгінгі партияларымызды салыстыру арқылы көз жетері
анық.
Жиырма бірінші ғасыр басындағы қара күздер жиырмасыншы ғасыр
басындағыдай бұрқасынды емес, бiрде бұйығыңқы, бiрде жылы шырай.
Əдеттегiше, ауыс-түйiстен ада болмайтын саясатыңыз да сапырылыстан
аулақ. Тек саяси күштердiң ғана белсендiлiгi артып, бiртоға қан қысымын
жоғарылатқысы келгендей кейiп байқатады.
Не керек, үлкенi бар, кiшiсi бар саяси күштерiмiз сайланып, бiр-бiрiнен
қалып қоймайын дегендей, бiлек сыбана кiрiсулерiне қарағанда құдды бiр
саясатымыздың қара қазаны əне-мiне бұрқ-сарқ қайнайтындай əсер бередi
де тұрады. Əйтеуiр, бұл бiз үшiн жаңа бiр кезеңнiң басталғанының
белгiсiндей көрiнгенi рас. Олай деуiмiзге негiз – жаңа жəне ескi
көзқарастан құтыла қоймаса да, ендi жаңа көзқарасқа үйренiсуге көндiгуде.
Жақсысынан үйренiп, жаманынан жиренуге күш салуда.
Көппартиялылықтың не беретiнiн көрiп-бiлiп, өткен уақытта адамды
мемлекет асыраса, ендi мемлекеттi адам, адам болғанда оның ақылы, күшi
мен жiгерi асырайтындығын мойындай бастады. Яғни, халықтың
əлеуметтiк зердесi ғана емес, саяси санасы да сақаятын сыңай танытты.
«Саяси күштер: сапта бар, санатта жоқ» деген сөз көп айтылады. Бұлай
деуге елiмiз еркiндiгiн алған уақыттан бергi кездегi олардың стихиялы əрi
науқаншылдыққа толы əрекеттерi дəлел. Осы мезгiлге дейiн халқымыз
«Бəлен партия экономиканы iлгерiлететiн тетiкке қол жеткiзiптi немесе
əлеуметтiк мəселенi шешудiң тиiмдi жолын ұсыныпты» дегендi ести алмайақ келедi. Мұның себеп-салдары сан тарау емес пе? Жаппай саясат
соққыштық қасиетке əлеумет болып бой алдырған сонау тоқсаныншы
жылдары өркениеттi елдерде саясатпен халықтың он пайызға жуығы ғана
айналысатындығымен (оның өзiнде қызметi соған тiкелей
байланыстылары) санаса бермедiк бiлем. Нəтижесi белгiлi болды. Қаптаған
партия мен түр-түсiн танып болмайтын қоғамдық бiрлестiктер аяқ аттатып
жүргiзбей қойды. Шын саясаткер мен саяси партияның бет-бейнесiн
бедерлеу бүгiнгi күннiң үлесiне қалыпты.
Елдегi саяси партиялар қайта тiркеуден өттi. Бұрнағы өмiр сүрiп келген он
тоғыз партиядан оншақтысы қалды. Бұл саяси күштерiмiздiң қаншалықты
салмақты-салмақсыз екенiнiң таразысы iспеттес. Олай дейтiнiмiз, бесеу
емес, он емес, жиырмаға тарта партия тiркеуде тұрғанмен, белсендiлiгi
төмен, беделi де жоқ болуы – соншалықты көптiгiнен-ақ партиялық
жүйесiздiктi туғызды. Көпсандылық сапалалыққа өтпедi. Себебiне үңiлiп
көрейiк. Батыс саясаттанушыларының айтуынша, қандай да елдiң саяси
жүйесiнде партиялар əлсiз болса, онда оларға ықпалды топтар бар көрiнедi.
Осы көзге көрiнбейтiн топтар барлық саяси қойылымдарда, əсiресе, науқан
кездерiнде басты ролдерде ойнайды. Мұндай жағдайда партия туралы
заңды құнттап қоймай, оларға ықпалды күштердiң əуселесiн байқайтын
тəртiп-ереженi бекiтiп қою қажеттiгi туындайды. Сонда жұмбақ
кейiпкерлердiң, кiмнiң кiм екенi анықталып, елдегi партиялар ауа райын
сол партиялардың өздерi жасап жүргендiгi, не ықпалды күштер басқарып
отырғандығы белгiлi болар едi.
Қалай дегенмен де, əлi балаң демократияны бастан кешiрiп
жатқанымыздың көрiнiсiндей халықтың белгiлi бөлiгiн артына ертпек
түгiлi, əлi жете танылып үлгере алмаушылық саяси күштерiмiзге ортақ
сипат бередi. Бұл ретте кейбiр партияның науқан кезiндегi пəрмендiлiгiн
айтып жатқанымыз ағаттық. Сондықтан анық саяси бəсекелестiктi таңдап
алған екенсiз, аянбай тер төгуге тура келедi. Өйткенi, əр қозғалыс,
партияның артында халық тұр. Басты мəселе – соны ерте бiлуде. Тобыр
аңғалақтау болғанымен, халық ақылсыз емес. Тəуелсiздiк алғалы берi талай
нəрсенiң дəмiн татып бiлдi. Ненiң не екенiн түсiнiп, айыра бастады. Қазiр
«қандай саяси күш несiмен ерекше, маған не бередi» деп, мəселенiң мəнiне
үңiле бастаған кез. Алаңға шығып айқай-сүрең салу, аштық жариялау
немесе бас қосып алып бос сөздi боздата берудiң берерi шамалы екенiн
халық аңғарды. Жеке басының тағдырын қандай да бiр саяси күшке телу
үшiн он ойланып, жүз толғанатын жағдайға жеттi.
Бiздiңше, мейлi билiкке болсын, мейлi басқа бəсекелестерiне болсын,
шынайы оппозицияға шығу үшiн, басты сынақ – халықтың сенiмiнен
сүрiнбей өту – саяси күштерiмiз бағындыра алмай жүрген биiктiк. Мұны
бiздегi партиялар мен қозғалыстарға ортақ сипат деп бағаласақ еш сөкеттiк
жоқ. Айталық, бiр кездердегi «Азат», «Алаш», «Желтоқсан» секiлдi қайбiр
партия, бiрлестiктердiң құрғақ аттандаулары ақыры iштей ауызбiрлiктiң
жоқтығынан өзара ыдырауға апарып соқты. Бiр кездегi «Халық конгресi»
сынды партиялар өздерiнiң конструктивтiк оппозицияға шыққанын
жариялап жар салғанымен, науқандық деңгейден аса алмағанын аңғартты.
Ал, сонау бiр жылдары қалталылар құрған «Жаңа буын» қозғалысы
қаржыларын өз мүдделерiнен, əсiресе, өздерiн жарнамалаудан аямай-ақ
жұмсағанымен, жалаңдыққа бой ұрды. Тiзiмге ерiк берсек, малтығып
қаларымыз хақ.
Бұдан кейiн де осы сүрлеу-соқпақ жалғаса берсе, саяси күштерiмiз жеңiске
жетпек тұрмақ, сауыға алмасы анық. Сондықтан да, аталған жайттардың
алдын-алуға «Саяси партиялар туралы» жаңа заң көптеген саяси партия
атын жамылып жүргендердiң тағдырын шешiп беруге септесер деген
сенiмдемiз. Əзiрше, саяси күштерiмiз сапта болғанмен санатта жоқ.
Ұлттық партия не үшiн қажет? Жалпы партия сөзi гректiң Рагtiо атауынан
шыққан, «топ» деген мағынаны бiлдiредi. Ресей саясаттанушылары «саяси
партия дегенiмiз – барлық индивидумдарға ортақ мүдделер мен
идеялардың негiзiнде бiрлесе саяси iс-əрекет жасау үшiн құқықтық
мемлекеттiң iшiнде құрылатын еркiн қоғамдық топтар» деп анықтама
бередi. Мұндағы «ортақ мүдделер мен идеялардың негiзiнде бiрлесу»
ұғымы «Қай, қандай мүдде мен идея?» деген сауалды туғызады. Сонда,
өткен он жылда партияларымыз қандай бағыт-бағдарды ұстанды,
болашақта қалай болмақ?
Партиялар мен саяси қозғалыстардың құжаттарына қарасаңызақ, олардың
бет-бейнесi айқындалады. Əлбетте, көпшiлiгiнiң бағдарламаларында
мемлекеттi жəне оның қоғамдық үрдiстердi басқарудағы рөлiн нығайту
мiндетi қойылғанын айтқан жөн. Алайда, аталған мiндет қайсыбiрiнде
бұлыңғыр, түсiнiксiз баяндалады, «құқықтық мемлекет туралы» ойлар жиi
қолданылғанымен, оның мəнiн əркiм өзiнше таратады. Сонау 1989 жылдың
басынан 1991 жылдың аяқ шенiне дейiн көпұлтты жəне бiр ұлтты
партиялардың, қозғалыстар мен ұйымдардың құрылып, негiзi
қаланғанымен, саясаттағы ұлттық концепцияларын бас құжаттарында баса
көрсете алмады. Мақсат-мұраты анық айқындалмаған осындай стихия лы
бастаудың аяғы көбiсiнiң ауа жайылуына алып келдi. Содан да шығар,
тоқсаныншы жылдары дүниеге келген «Желтоқсан» ұлттықдемократиялық
партиясы мен «Алаш» ұлттық тəуелсiздiк партиясы бiрден-бiр ұлттық
бағдар ұстанушылар тобын бастап шыққанымен, жүйелi жұмыс жүргiзе
бiлмедi.
Ақиқат салыстыру арқылы айқындалып жатады. Айталық, Ресей бұл
жағынан бiзден əлдеқашан көш iлгерi алға озып кеттi. Оның үстiне орыс
ұлты өз жерiнде басымдық танытып, «орыс мəселесi» сұрағы мазалап
жатпаса да саясатында ресейлiк үстем ой бiр бəсеңдемегенi бүгiнде айдай
əлемге аян ресейлiк партиялардың бағдарламалық құжаттарындағы алға
қойған басты мақсаттарындағы үш негiзгi бағыттың бiрi – ұлттық
(славяндық, орыстық) сана-сезiмдi түлету, күштi (əрқилы нұсқаудағы:
демократиялық, монархиялық, пəрмендi президенттiк билiгi бар)
мемлекеттi қайта құру – қай-қайсысының да жарғысынан жасқаншақтамайақ ойып орын алған. Кешегi кеңестiк империяның бас дирижерi ретiнде
жетпiс жылдың iшiнде жүзге тарта ұлт пен ұлысты мидай араластырып,
жер бетiнен мүлде жойып, орыстандырып жiберген Ресей бүгiнде ұлттық
бағытты саясатында бағдаршам етiп алғанда, бiзге не жорық?
Бұдан шығатыны, кеңестiк коммунистiк партияның басты мақсаты –
орысшыл, ұлтшыл елге айналу екенi ешкiмге жасырын емес. Əлгiнде
айтқандай аталған орыс мүддесi қазiр де үстем түспесе, кем соғып жатқан
жоқ. Оған өз алдына мемлекеттiгiн жариялаған тоқсаныншы жылдардың
басында-ақ берiк iргетас қаланған. Сол
кездегiРесейсаясаттанушыларыныңанықтауыншашарттытүрдетөрт топқа
бөлiнген анағұрлым ықпалды партиялар мен қозғалыстардың басында ұлт
жанашырлары тұр. Осы топтың ұзын саны да орасан: Ресей Ұлттықреспубликалық партиясы, бүкiлресейлiк «Отчизна» патриоттық қозғалысы,
Ресей қайта өрлеу одағы, Халықаралық славян соборы, ресейлiк халық
жиналысы мен ұлттық-патриоттық бағдар ұстанған партиялар мен
қозғалыстар. Бүгiнде бұл тiзiм уақыт өткен сайын талапқа сай жаңғырған,
жаңаланған, бастысы, iзденiс үстiнде жетiле түскен. Сөйтiп, орыс
демократиясы осы жолмен бара жатыр. Өркениеттi Еуропа елдерiндегi
партиялардың статусы мен қызметi əркелкi, бiрiнде – заңмен, келесiсiнде
конституциялық нормалармен айқындалғанымен, олардың қай-қайсысын
алып қарасаңыз да тұрғылықты ұлттың мүддесi бiрiншi орында.
Жаһандастыруға жанын салып қарсылық бiлдiрiп жататыны содан. Тiптi
Ұлыбританияда, Швецияда жəне Канадада, тағы басқа елдерде партиялар
туралы арнаулы заңдар болмағанымен, олардың ұстанымы жергiлiктi
халыққа қарай орайластырылған.
Əдепкi сұрағымызға қайта оралайық. Ұлттық партияның бiз сияқты
жас мемлекетке не үшiн қажет екенiн Латвиядағы жағдайлар көрсетiп
бердi. Сегiзiншi Сеймге (Парламентке) өткен алты партияның бесеуi
оңшыл, ұлтшыл бағытта екен. Қараңыз, жалғыз солшыл күш – «Адам
құқығы мен Латвия бiрлiгi үшiн» саяси блогы сайлауда екiншi орын
алғанмен (100 мандаттың 24-iн иеленген) келесi жылы орыс мектептерiнiң
жаппай латын тiлi оқуына көшiрiлетiндiгiне қарсы тұра алмады. Азшылық
көпшiлiк дауысқа амалсыз бағынады. Ендiгi мұндай мектеп деңгейiндегi
мəселелер ғана емес, əлгi оңшыл партиялардан сайланған депутаттар
қолында Прибалтика республикасының үкiметiнен бастап барлық билiк
тұтқалары тұр деген сөз.
Өкiнiшке орай, бiздегi бiрде-бiр партия ұлттық бағытты ба тыл ұстанып
отырған жоқ. Оған бағдарламаларына қарамай-ақ, бүгiнгi бет-бейнесiненақ бiле аласыз. Олардың əзiрше бағыты: космополиттiк, жалпы адамзаттық
құндылықтар, демократия!
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қоғамымызды одан əрi
демократияландыру, дамыту тұрғысында пiкiр тоғыстыратын Тұрақты
кеңес туралы өкiмге қол қойған. Оның жұмысына депутаттар, үкiмет
мүшелерi, президент əкiмшiлiгi мен басқа да мемлекеттiк ұйымдардың,
сондай-ақсаяси партиялар менəртүрлiқозғалыстардың да өкiлдерi
тартылды. Ұлт мүддесiн қорғайтын қозғалыс керектiгi осындайда көрiнсе
керек. Басқа партиялар ұлттың сөзiн сөйлемейдi деп айтпаймыз, бiрақ
қазiргiлерiнiң жарытпайтыны анық.
Сонымен жиырма бірінші ғасыр басындағы сандаған саяси
партияларымызбен жиырмасыншы ғасыр басындағы бір ғана «Алаш»
партиясын қалай салыстырсақ та атыңнан да, затыңнан да айналайын
«Алаш» партиясының қорғасындай ауыр, қауырсындай жеңіл салмағы
басып кете береді. Себебі, бар мəселе «Алаш» партиясы қазақтың мұңын
мұңдап, жоғын жоқтаған шын мəніндегі ұлттық-демократиялық партия
бола білгендігінде! Бұл бүгінгі саяси партияларымызға сабақ болса керек.
Ұлтының шынайы қамын жеген партия ғана тарих төрінен орын ала алады.
Оған «Алаш» партиясының тағылымды тарихы жарқын мысал бола алады.
Алаш идеясының кеңестік кезеңдегі күресі
Жиырмасыншы ғасыр басында Ресейде билік басына келген кеңестік жүйе
Алаш қозғалысын тарих сахынасынан ысырғанымен, діңгегі мықты
бəйтерек – Алаш идеясы тез арада тамыр алып үлгерген. Уақыт өте келе,
буын алмаса бере, ол – көктеп, бүршік атып, жаңа бүлік – бой көтерулерге
ұласып отырды.
Қызыл империя – кеңестік билік жүйесі Алаш қозғалысын құлатып,
қайраткерлерін репрессиялық қанқұйлы əрекетпен тұқыртып тынғанымен,
Алаш идеясын ауыздықтай алмады.
Алаш идеясының түп қазығы – қазақ ұлтының азаттығы, қазақ халқының
өз алдына тəуелсіз ел болуы еді. Ал оған үнемі дем беріп, елдік пен
бірліктің көрігін қыздырған Алаш қозғалысынан бастап, бүгінге дейінгі
кезеңде жас буын – жаңа ұрпақтың рухы биік, маңдайы жарық.
Енді осы Алаш қозғалысынан кейінгі жағдайда Мəңгі жас – Алаш
идеясының кеңестік билік жүйесіне ымырасыз қарсылығы қалайша жүзеге
асып, қай тұста байырқалағандығына көз жібереміз.
Алдымен себеп пен салдарды сараласақ. Қазақ халқының демографиялық
даму үрдісі Алаш қозғалысының түпкі себептерімен қаншалықты
байланысты екен? Деректерге сүйенелік.
Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ халқының өсімі қарқынды əрі
қалыпты екенін мына бір цифр ғана дəйектейді. Сол кездегі санақ
бойынша, 1915 жылы қазақтардың саны 6 миллион адамға жетті. Өкінішке
орай, өзімізге белгілі сан қилы, қан құйлы себептерге байланысты
айналасы отыз жылға толмайтын уақыттың ішінде, нақтырақ айтқанда,
1945 жылы қазақ халқының саны 2,5 миллионға бірден кеміп кетті. Бұдан
бөлек қазақ топырағында жергілікті халықтың ұлттық құрамы ең азшылық
деңгейге дейін түсті. Айталық 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АССР-і
құрылған кез де, қазақтардың өз территорияларындағы құрамы 65 процент
еді. Ал 1962 жылдары салыстырмалы түрде алғанда қазақтардың үлес
салмағы 29 процентке дейін күрт түсті.
Бұл апаттың туындауы мен жедел жүргізілуін өткен ғасырдың отызыншы
жылдарындағы Қазақстанның қанқұйлы басшысы Голощекин іскерлікпен
ұйымдастырған болатын. Оның жоспары негізіндегі адамның жаны
түршігетін ой-мақсаты бойынша, көшпелі салтындағы қазақ қоғамында
ұлы (улы) социалистік идеяларды орнықтыру мүлдем мүмкін емес
еді.Социализм қазақты отырықшылыққа, коллективтендіруге көшірген
жағдайда ғана жеңіске жете алатын еді.
Нəтижесінде не болды? Бар болғаны екі жылға жуық уақыт ішінде
қазақтардың 52 проценті, яғни 2 миллион 200 мыңы аштық пен
эпидемиядан қырылды. Мұндай сорақылық пен голощекиндік геноцидке
көнбеген сол кездегі қазақ халқының 15 проценті республикадан алыс
аймақтарға жер ауып кетті. Бұл кезең қазақ тарихының ең қасіретті де
қаралы беттері болып қала берді.
Содан соңғы жағдайлар «жұт жеті ағайындының» керін келтірді.
Науқаншылдықпен «уралап» ұйымдастырылған индустрияландыру
жылдарында еңбек майданына күштеп жұмылдыру, дүние мүлікмүкамалы
тəркіленгендерді (конфискеленгендерді) көшіріп жіберу, тұтас халықтарды
жер аудару, ал соңыра соғыстан кейін тыңның жыры жалғасты. Мұның
жарқын мысалы іспетті, 1930-1962 жылдар аралығында Қазақстанға 4
миллионға жуық адам көшіп келді. Міне, осындай солақай саясаттың
салдарынан қазақтар өз республикасында азшылықта қалып қойды.
Сөйтіп, сан сапаға əсер етпей қоймады. Қазақ халқы өз тамырынан ажырай
бастады. Салт-дəстүр, сана-болмысына қауіп төнген ұлттың болашағы
бұлдыр тартты. Тіпті қазақ тілі қолданыс аясынан сырылып, барлық
саладан жедел түрде ығыстырыла баста ды. Кеңестік жүйе кезеңінде бір
деректер бойынша, қазақ тілі пəні 700-ден астам мектептерде оқу құралы
қатарынан шығарылып тасталды.
Əрине, бұл ретте бір жайтты айта кету лəзім. Сол кездердегі Қазақстанға
жер аударылған, күшпен əкелінген мың-сан халықтардың, соның ішіндегі
көпшілік басымдыққа ие орыстардың, украиндықтардың, немістердің,
шешендердің жəне де корейлердің кінəсі жоқ еді. Олардың бəрі де ең
алдымен қызыл империяның қанды қылышына тап келіп, тұрлаусыз
тағдырларының құрбанына айналды. Осы жағдайды қазақтар өте жақсы
түсінді де. Бір үзім наны болса солармен ортақтасты, тіпті үй-жайына дейін
паналатты. Алайда жалпы алғанда бұл жағдайлардың əсіресе, қазақтардың
халық болып қалыптасуына кері əсерін тигізбей қоймады.
Жығылғанға жұдырық іспетті қазақ даласының əлеуметтік жəне
экологиялық ортасының тынысы тарылып бара жатты. Республика алып
атом полигонына (ядролық Семей), экологиялық аурулар ошағына, əлемдік
апат аймағының үлкен нүктесіне (Арал қасіреті) айналды.
Талай жылдар бойы жинақталған экологиялық проблемалармен қатар
ұлттық кемсіту жағдайларына да төзімділік танытылды. Ондағы анық
көзге ұрып тұрған кемшіліктердің өзі назардан тыс қала берді. Орталық
əкімшілік жүйе нақты істің орнына КСРО-да ұлттық мəселе шешіліп
қойғандығын жария етіп, құрғақ баяндамаларға арқау етті. Нақты
деректерге сүйенсек, алғашқы кездегі одақ көлемінде екі жүзден астам ұлт
пен ұлыс өмір сүрсе, соның жүзге тартасының, тіпті шағын халықтардың
жойы лып кетуіне дейін жол берілді. Бұл КСРО-ның əлем алдындағы
ешқандай уəжбен ақтала алмайтын масқара жағдайдағы ең сорақы ісі
демеске лаж жоқ.
Сөйтіп, шын мəніндегі демократия көрініс таппады. Халық өзінөзі басқару
тетіктеріне қатыстырылмақ тұрмақ, олардың ұсыныспікірі де ескерілмеді.
Маңызды мəселелер мен бірге қарапайым халыққа қажетті шешімдерді ат
төбеліндей шенеуніктер – жоғары саяси басшылық қабылдап, содан кейін
ғана ол халыққа мəлім етілді. Республикалардың егемендігі ол кезде тек сөз
жүзінде ғана жарияланды. Орталық бірнеше рет Қазақстанның шекарасын
өлшеппішумен болды. 1960 жылы Тың өлкесі құрылғаннан кейін оны
Ресей Федерациясының құрамына береді деген лақап шықты, бұл жағдай
Республика жастары мен студенттерінің наразылығын туғызды. Ондай
жағдай бұрынғы Шымкент облысының мақта өсіретін үш ауданын
Өзбекстаннан қайтарып алғанша сақталып келді.
Қазақстан табиғи байлығы ең мол өлке бола тұра дамыған өнеркəсіпті
республикалардың шикізат отарына айналды.
Жергілікті халықтың 70 проценттейі ауылды жерлерде тұрды,
жұмыссыздық көбейіп, тұрмыс деңгейінің төмендеуі наразылық тудыра
бастады. Инфляцияның шарықтауы ең алдымен көп балалы отбасылар мен
жастарға ауыр тиді. Экономист–ғалымдардың сол кездегі есебі бойынша
Қазақстандағы əрбір көп балалы отбасыларға шаққандағы табыс мөлшері
30-бен 80 сом аралығында болды. Бұл өмір сүруге қажетті деңгейден əлде
қайда төмен еді.
Жұмыссыздық жəне əлеуметтік мəселелердің шешілмеуі салдарынан
жастар ауылды тастап, қалаға қарай ағыла бастады. Онда оларды
қымбатшылық пен тұрмыстың қолайсыз жағдайы күтіп тұрды, жолы
болғандар бар-жоғы шағын отбасылық жатақханаларға орналасты.
Мəселеге нақты дəле келтірсек, 1985 жылы республика бойынша ауылдан
келген студенттердің төрттен үші ғана жатақханамен қамтамасыз етілді.
Əсіресе, Алматыдағы жағдай мəз емес еді. Ондағы студенттердің 57,7
проценті ғана жатақханаға орналаса алды. Желтоқсан оқиғасы қарсаңында
«еңбектен тыс табыс» дегенмен күрес пайда болып, соның салдарынан тек
қана Алматыдағы үш мыңдай студенттер баспанасыз қалды.
Ең бастысы – бір ғана ұлттың басым көпшілігінің тұратын Бүкілодақтық
билік органдарымен салыстырғанда Республика құрылғаннан бері
Қазақстанның басшылығы көп ұлттан тұрды. Республика партия ұйымына
орыс пен еврей, поляк пен грузин жəне армян жетекшілік етті. 1985
жылдың дерегі бойынша Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінде қазақтар үлесі
– 36 процент, орыстар – 40,8 процент, болды. Кеңес үкіметі жылдарында
республиканың бірде-бір басшысын коммунистер мен халық сайлаған жоқ,
оларды Орталық тағайындап, іс-қимылын өздері бақылап отырды.
Өкінішке орай, билеуі мен илеуі күшті орталық іште қыз-қыз қайнап,
Қазақстанда қордаланып келе жатқан проблемаларға бас ауыртып жатпады.
Керісінше Мəскеу өкілдері əр кез Қазақстан үкіметін қатаң бақылауға алып,
толық ауыстырып отыруды əдетке айналдырды. Ең бастысы-ресми түрде
интернационализмді ұран етіп ұстай отырып, билік басындағылар кез
келген ұлттық санасезім, ұлттық намыс, мəдениеттегі, тілдегі, тарихтағы
ұлттық ерекшелік көріністерін ұлтшылдық белгісі деп бағалады. Бұл шын
мəніндегі орыстандыру саясатының қарқынды жүргізіліп жатқандығын
анық та ашық аңғартып отырды. Осылайша 70-жылдарда да
бұрынғысынша Қазақстанды орыстандыру, ұлттық өзіндік ерекшеліктерді
жоғалту, қазақ тілінің құдырауы, экологиялық проблемалардың шиеленісуі
процестері тереңдей түсті. Нəтижесінде мұндай қазақ ұлтына деген
салғырт көзқарас салдарынан əсіресе ауылдық тұрғындардың күрт
кедейленуі қалыпты үрдіске ұласты. Ауылдың қаладан бір ерекшелігі,
оның 80 процентін қазақтардың құрайтындығында еді.
Мұндай жағдайда қазақ зиялылары қайда қарап отырды?
Олардың қарап отыратынындай бар еді. Себебі, бұл буын отыз екінің
аштығын бастан кешіре қоймаса да сезініп өскен, отыз жетінің қуғынсүргінінің шет жағасын көрген, тіпті елуінші жылдарға дейін жалғасып,
қайбіреулерді қудалаудың əдіс-айласын аңдаған ұрпақ өкіліеді. Қысқасы,
құрығыұзынкеңестікқұқыққорғауоргандарының қатал да қайырсыз
қаракетінен жақсы хабардар олар үнсіз қалуды жөн көрді.
Шығармашылықтары да сыни көзқарастардан мейлінше жұрдай болып
келетіні осыдан кейін түсінікті шығар. Сексен алтыншы жылғы желтоқсан
қозғалысында осы аға буын өкілдерінің ерекше бой көрсете алмауына
əлгіндей себептерді алға тартсақ артық емес.
Осылайша ендігі белсенділік еріксіз жас буынның үлесіне қалды. Өз
кезегінде елдегі еркін ой білдіру функциясын студент жəне жұмысшы
жастардың орындап шығуы кездейсоқ емес-ті. Осы уақытқа дейін бізге
жекелеген жастармен қатар, 1950-1980 жылдары Қазақстанда жастардың
ресми емес қоғамдық жəне саяси ұйымдары, партиялар мен топтардың
жұмыс істегені беймəлім болып келді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық архивінің
мұрағаттарындағы деректер елімізде 1950-80-жылдары заңды түрде əділет
мекемелерінен тіркеуден өтпеген жас буын өкілдерінің қоғамдық жəне
саяси ұйымдары, партиялар мен топтары болғанын айғақтайды. Сол кездегі
зиялы қауым мен саяси элита шоғырланған Алматы қаласында ғана емес,
жер-жерлерде, айталық Қарағандыда жастардың ЕСЕП («Елін сүйген ерлер
партиясы»), Павлодарда тоғызыншы сынып оқушысы жетекшілік еткен
«Жас ұлан» бірлестігі мақсатты түрде нəтижелі жұмыс жасай алмаса да
пікірлес жастарды шоғырландырған. Сондайақ жетпісінші жылдары
Алматыда құрылған «Сары-Арқа» тобы өздері басшылыққа алған құжаттəуелсіздік бағдарламасын жасап шықты. Сонымен бірге Мəскеуде оқып
жүрген қазақ студенттерінің «Жас тұлпар» ұйымы орталық тыңшыларының
«ұйқысынан» оятып жіберді. Жəне де сол кездерден, нақтырақ айтқанда
жетпісінші жылдардан саяси күрескерлік жолына түскен бозбала
шағындағы Хасен Қожа-Ахмет басқарған «Жас қазақ» ұйымы дүниеге
келді. Əрине, олар жұмыстарын астыртын жүргізді. Барлығының
бағдарламаларында Қазақстанның тəуелсіздігі, мемлектеттік тіл мəртебесі
жəне ұлттық мəдениетті өркендету мəселелері анық жазылды.
Белсенді түрде əрекет еткен «Жас қазақ» партиясы əлеуметтік,
экономикалық, ұлттық жəне саяси мақсаттардың ішінде КСРО-дан бөліну
міндетін алға қойды. Аталған ұйымдардың барлығының арасына өз
тыңшыларын жіберіп, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің əккі
жандайшаптары оларды лезде, оп-оңай «тізе бүктірді». Осы уақыттарда
мұңдай жастар ұйымдарының саны республикада жиырмадан асқан. Олар
туралы жəне қазақтың қоғамдық ой-санасын қозғауға күш салған жастар
турасында құрылған жылдарына қарай рет-ретімен қолға түскен деректер
негізінде барлығын қамти алмасақ та, əрбіріне жеке-жеке тоқталып өтуді
парыз санадық.
«Жас тұлпар»орталық тыңшыларын ұйқысынан оятты
Қазақтың жас ұлт зиялылары бір ұйымның төңірегінде топтасып əрі
жекелей жұмыстарын Қазақстанда ғана емес, қылышынан қан тамған
орталық – Мəскеудің өзінде жүргізгендігіне «Жас тұлпар» ұлттықдемократиялық бейресми ұйымы дəлел. 1960 жылдары Мəскеудің маңдай
алды жоғарғы оқу орындарында оқып қана қоймай, ұлт мəселесінде саяси
белсенділік танытқан бір шоғыр қазақ жастары «Жас тұлпар» ұйымын
құрды. Жастардың бұл бірлестігін ұйымдастырушылар Мұрат Əуезов,
Болатхан Тайжан жəне де Алтай Қадыржановтар болды. Олардың
айтуынша, «Жас тұлпар» ұйымы бастапқыда мыңға жуық студенттерді
біріктірсе, кейіннен ол географиялық жағынан да кеңейе келе Ленинград,
Киев, Одесса, Рига қалаларында қанатын кеңге жайды. Ал Қазақстанның
өзінде Алматы, Павлодар, Ақмола жəне Шымкент сынды аймақтарда да
ұйымдастырылып, Қарағанды қаласында
«Жас қазақ» жəне Семей қаласында «Тайшұбар» деген аттармен жұмыс
істеді.
«Жас тұлпар» ұйымының мақсат-мұраты не еді? Енді осы сұраққа жауап
іздеп көрелік. Мəскеуде білім ала жүріп қазақ жастарының байқағаны өз
елінің қатардан қалып бара жатқаны еді. Ол əрине ұлттық мəселе
тұрғысынан дамуда, ана тілінің өркен жая алмауында, ата салт-дəстүрін
дамыту мəселесінде кенжелеп қалып қойғандығы сынды жағдайлар алып
көрші елдің ауасымен тыныстау барысында көзге анық ұрып тұрды.
Сондықтан да осы олқылықтың орнын толтыру өздерінің азаматтық
парызы деп санады.
«Жас тұлпарлық» жастар алға қойған басты мақсаттары ретінде барша
қауымның ұлттық санасын оятуға бағытталған жұмыстармен қатар,
жоғарғы билікке қазақтың ұлттық мəселелерін шешуге қатысты нақты
ұсыныстар қойды. Олар Ресейдің жəне де Қазақстанның қазақтар көбірек
шоғырланған аймақтарында мəденикөпшілік шаралармен қатар, концерттер
берді, түрліше дəрістер оқыды жəне тарихи-танымдық экспедициялар
ұйымдастырды. «Жас тұлпардың» осы бағыттағы жұмыстары
Қазақстандағы қоғамдық саяси ойдың ұлттық тұрғыда дамуына жəне де
қазақ жастарының ұлттық санасының жаңғырып қоймай өздерінше оны
дамытуына едəуір ықпал етті.
Əрине аз ұлттардың əсіресе жастарының ұлттық мəселені ту етіп,
қоғамда үлкен дүмпу туғызып, арты айтарлықтай қозғалыстарға ұласуы
орталыққа ұнамасы анық. Кеңестік биліктің қызыл коммунистері «Жас
тұлпар» ұйымының соңына түсіп жүріп, оларды тарқатып тынғанымен,
мыңдаған қазақ жастарының санасында маздап жанған ұлт-азаттық – Алаш
идеясын өшіре алмады.
Осы жұрт махметті біле ме екен?
Жоғарыда айтып кеткендей жасырын саяси партиялармен қатар жекелеген
жас азаматтар да астыртын іс-қимылға көшті. Сондай саяси лидерлердің
бірі – Махмет құлмағамбетов еді. Ол елдегі жүргізіліп жатқан мемлекеттің
саясатына өзінің қарсылығын ашық білдірді. Махмет Құлмағамбетов 1962
жылы Қостанайдың Рудный қаласында тұтқындалып, 58-баппен 10 жылға
сотталады. Махмет бостандыққа шыққаннан кейін Сібірдің газ тарту
құрылысында еңбек етеді, кейін шет елге шығып кетуге мүмкіндік алып,
Кеңестер одағының басты жауы Американың «Азаттық» радиосында
қызмет етіп, кеңестік коммунистік қоғамды қатты сынға алған материалдар
беріп отырды.
Осы ретте айта кетерлігі, сексенінші жылдары кеңестік жү йеге деген
наразылығы іште қыз-қыз қайнап жүрген қазақ интеллегенттері ашық
күреске бармаса да, өз саласында халыққа қажетті деген істерді тындыруға
тырысты. Айталық, жоғары билікте жүрсе де Өзбекəлі Жəнібеков қазақтың

You have read 1 text from Kazah literature.
Çirattagı - Біз осы не бітіріп жүрміз? - 04
- Büleklär
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 01Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3667Unikal süzlärneñ gomumi sanı 213222.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.33.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 02Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3702Unikal süzlärneñ gomumi sanı 210625.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 03Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3647Unikal süzlärneñ gomumi sanı 224724.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.35.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 04Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3640Unikal süzlärneñ gomumi sanı 222724.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.36.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 05Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3723Unikal süzlärneñ gomumi sanı 223428.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 06Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3744Unikal süzlärneñ gomumi sanı 245825.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.37.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.44.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 07Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3727Unikal süzlärneñ gomumi sanı 228220.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.30.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.36.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 08Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3681Unikal süzlärneñ gomumi sanı 235022.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.31.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 09Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3681Unikal süzlärneñ gomumi sanı 219829.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 10Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3722Unikal süzlärneñ gomumi sanı 233125.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.45.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 11Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3679Unikal süzlärneñ gomumi sanı 236827.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.47.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 12Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3825Unikal süzlärneñ gomumi sanı 252326.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.39.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 13Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3704Unikal süzlärneñ gomumi sanı 246527.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 14Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3786Unikal süzlärneñ gomumi sanı 252423.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 15Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3807Unikal süzlärneñ gomumi sanı 236626.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.45.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 16Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3861Unikal süzlärneñ gomumi sanı 237122.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.32.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.38.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 17Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3741Unikal süzlärneñ gomumi sanı 201626.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.37.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.44.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 18Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3807Unikal süzlärneñ gomumi sanı 231325.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.36.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.43.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 19Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3912Unikal süzlärneñ gomumi sanı 231822.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.35.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 20Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 3920Unikal süzlärneñ gomumi sanı 245133.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
- Біз осы не бітіріп жүрміз? - 21Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.Süzlärneñ gomumi sanı 1898Unikal süzlärneñ gomumi sanı 130839.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.54.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.61.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.