🕙 2 minut uku

Бірлік

Süzlärneñ gomumi sanı 197
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 156
57.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
73.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
78.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қарға оранып қалыпты. Ол тамағын ішіп болған соң, аздап демалды да, есік алдына шықты. Есік алдының қарын тасымақ боп, іске кірісті. Қорапқа қар толтырып, шанамен аулаққа апарып төгеді де, тағы тиейді. Осылайша біраз қимылдады, бірақ ісі өне қоймады. Шаршап та қалғандай.
  - Данияр! - деген дауысты естіді. Оң жағына қараса, Нариман да қолшанасын сүйреп шығыпты. Қолында - күрек.
  - Кел, мен саған көмектесейін, - деді досы. - Содан кейін бірігіп, біздің үйдің алдын тазалаймыз. Жарай ма?
  - Жарайды, - деді Данияр қуанышпен.
  Көп ұзамай бұлар барлық қарды тасып бітірді. Екеуі Нариманның үйінің алдына келді. Осы кезде қарсыдағы үйден Серік, сол жақтан Берік шықты. Олар да қар күремек екен. Енді бұларға ол екеуі де келіп қосылды. Төртеуі ойнап-күліп жүріп, жұмысты бұрынғыдан бетер қыздыра түсті.
  Әлден уақытта:
  - Енді Беріктікіне барайық! - деді Данияр.
  Бұл соңғы үй еді. Бәрі дуылдаса жүгіріп келіп, достарының есігі алдындағы омбы қарға жұмыла кірісіп кетті. Олардың бұл ісіне үлкендер де сүйсіне қарап тұрды.
  - Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! - деп айғай салды Нариман. Осылайша төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде-ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты бірлік еді.
  «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп бекер айтылмаған ғой.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.