Latin Common Turkic

Батыс философиясының жаңа тарихы, Антика философиясы - 17

Süzlärneñ gomumi sanı 3794
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1629
26.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
36.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
«Ештеңеден еш нəрсе туындамайды» деген қағидаға сай, əрқилы пікірдегі
ойшылдар əлем əрқашан тіршілік етуге тиіс болған деген қорытындыға
келеді. Енді біреулері өз уəжін растайтын дəлел ретінде əлемнің қандай да
бір белгілі кезеңінде, бұрын немесе кейін пайда болуы үшін жеткілікті
дəлелді себептер жоқ деген тұжырымдама ұсынды. Дегенмен Парменидтің
«болмыстың басталуы мен аяқталуы жоқ» деген тұжырымдамасы түбегейлі
үлгіге айналады. Болмыс шексіз ғана емес, ол өзгеріссіз («түбегейлі,
тиянақты»), ол уақыт ағымына (болып жатқанның бəрі қазір болып жатыр
жəне оның өткені мен болашағы жоқ) тəуелді емес. Өткеннің, осы шақтың
жəне болашақтың арасын не бөле алады? Егер ол қандай да бір тіршілік иесі
болмаса, онда уақыттың болуы – шынайылық емес, ал егер тіршілік иесі
болса, онда мұның бəрі – болмыстың бір бөлшегі деген сөз. Өткен шақ, осы
шақ жəне келер шақтың бəрі де – болмыс.
Осындай пікірлері арқылы Парменид болмыстың тұтастығын көрсетуге
тырысады. Болмысты болмыстан не ажыратады? Болмыс па? Бұл жағдайда
еш бөліну жоқ, тек үздіксіз болмыс бар. Бейболмыс па? Онда кез келген
бөлініс шынайы емес (DK 28 B8. 22-5). Осылайша, ол болмыстың шексіз
екенін талқыға салуы мүмкін деп күтеміз. Болмыстың шегі не болуы
мүмкін? Бейболмыс еш нəрсеге ештеңе жасай алмайды, егер біз болмыс
болмыспен шектеледі деп елестетсек, онда болмыс өзінің шегіне əлі жеткен
жоқ. Кей ізбасарлары (Aristotle, GC 1.8. 325°15) осылай тұжырғанымен, бұл
Парменидтің осы мəселе жайындағы өз пікіріне ұқсамайды. Ол бұдан
бұрын таныс жорамалдардан бастап, өз ойларын түйіндей келе, біршама
таңғаларлық қорытындыға келеді.
Бірдеңені ойлау – оның бар екенін мойындау,
Болмыстан тыс нəрсе болса, мүмкін емес оны ойлау.
Болмыстан тыс ештеңе жоқ, көбейтпейік дауды ырғын,
Түсініктер шырмалған ғой əмірімен тағдырдың.
Қарапайым, адал, аңғал жанды ойға батырар,
Дүниедегі бүкіл заттың адам қойған аты бар.
Туу, өлу, келу, кету, орын-жай мен түс-рең –
Бір-бірімен алмасады құдіреттің күшімен.
Бірақ бəрін қамтитын шек, өрнек пенен өң керек,
Бала ойнайтын шар іспетті пішіні оның дөңгелек (DK 28 B8, 34-43).
Əлемді мінсіз шар ретінде түсіну тұжырымының логикалық негіздемесі
қалай пайда болғаны немесе оның Парменидтің басқа ілімімен қалайша
байланысатыны мүлде түсініксіз. Əйтсе де одан да маңызды мəселе бар.
Егер болмыстың табиғаты тұрақты, өзгеріссіз, қозғалыссыз жəне уақыттан
тыс болса, онда сезімдік тəжірибе негізінде көз жеткізген əлемде бар
заттардың өзгермелі қасиеттерін қалай түсінуіміз керек? Парменидтің
ойынша, мұндай қасиеттер заттардың көзге көрінетін табиғатына ғана тəн.
Егер біз ақиқат жолын таңдасақ, онда болмыс туралы ғана ойлануымыз
керек.
Парменид пен оның грек Италиясындағы шəкірттері абсолютті тұрақты
нəрсе ғана шынайы болады деп тұжырған уақытта, теңіздің екінші жағы –
грек Азиясын мекендеген Гераклит шынайы нəрсенің бəрі жалпы ағымда
болады деген ой айтты. Гераклиттің жұмбақтап сөйлейтін қасиеті бар-ды:
өзінің жаппай өзгеру философиясын түсіндіру үшін ол мысал ретінде от пен
суды пайдаланды. Əлем – тұрақты тірі от, ол бір сəтте жанып, екінші бір
сəтте өшеді; от – бірбіріне ауыстыруға болатын алтын мен тауар сияқты
валюта, бар нəрсенің бəрін оған айналдыруға болады (DK 22 B30, B90).
Сонымен бірге, əлем үздіксіз ағып жатқан өзен тəрізді. Егер сіз өзенге
түссеңіз, онда бір түскен суға екінші рет түсе алмайсыз.
Гераклит өз метафорасына еліге отырып, «бір өзенге екі рет түсуге
болмайды» (егер Платон оның сөзін дəл жеткізген болса) деп мəлімдеді
(Cra. 402а). Қалай болғанда да, ол заттардың бəрі үздіксіз қозғалыста
болатыны туралы тұжырымға күмəн келтірмеген сияқты (Aristotle, Ph. 8. 3.
25359). Егер біз мұны байқамасақ, онда бұл – сезімдеріміздің
жеткіліксіздігінен. Демек, Гераклит үшін өзгерістер ақиқат жолы болса,
тұрақтылық – заттардың көзге көрінетін табиғаты, оларды түйсіну жолы
саналады.
Платонның ойлары жəне ондағы проблемалар
Парменид пен Гераклит ғасырларға созылған философиялық қақтығыстар
үшін шайқас алаңын салып беріп кетті. Платонның философиялық
толғаныстарының басым бөлігі осы екі аполеrетті бітістіру мен
қарусыздандыруға арналған-ды. Оның кейіпкерлерінің бірі бізге «ойшыл
кез келген ақиқаттың өзгеріссіздігі туралы доктринаны немесе ақиқат
барлық жерде өзгереді деген доктринаны қабылдаудан бас тартуға тиіс»
дейді: «Өзінің тəтті тоқашын алып жегісі келетін бала секілді, ол болмыс
деген бір мезетте əрі өзгермейтін, əрі өзгеру үдерісіндегі барлық
нəрселердің ортақ жиынтығы екенін айтуы керек» (Sph. 249c-d).
Аристотель Гераклит идеяларының əсерінен Платонның философияға бет
бұрғанын, сол идеяларды өмір бойы ұстанғанын айтады (Metaph. A6.
987.31-3). «Теэтетте» Платон Гераклит идеяларындағы ақиқатты сақтап
қалуға тырысатын түйсіну теориясын ұсынады, алайда əмбебап ағымды
қабылдамайды. Бұл мəселені біз 7-тарауда қарастырамыз, ал қазір оның
парменидтік түйткілді қалай түсіндіргені туралы мəселеге оралайық.
Платон өз өмірінде осы екі алып тұлға көтерген метафизикалық мəселелерді
түсіндіруге жүйелі түрде үш талпыныс жасады. Біріншісі – «Симпозиумда»,
«Федонда» жəне «Мемлекетте» ұсынылған Идеялар теориясы. Жалпы
алғанда, бұл кезеңде Платонның Сократы философия саласын екі бөлікке
бөлді деуге болады: идеялардың ақылмен тануға болатын əлемін
Парменидке, ал сезім арқылы сезуге болатын əлемін Гераклитке тиесілі етті.
Екінші талпынысы – Парменидтің құрметіне аталған диалогте Сократқа
мінсіз теорияның кейбір қолайсыз салдарын ашып көрсеткені сипатталады.
Қорытынды талпыныста «Софисттегі» үшінші басты кейіпкер – Элеядан
шыққан аты белгісіз бейтаныс бізді тек Парменид пен Гераклиттен ғана
емес, сонымен қатар Платонның Идеялар теориясынан бас тартуға
мəжбүрлейді. Ол осы үшеуін алмастыратын жəне өзіндік метафизикалық
тəтті тоқашқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін күрделі шешімнің пайдасы
басым деп үгіттейді.
Байқағанымыздай, Парменид шығармашылығының ерте жəне орта
кезеңдерінде ұсынылған, оның өзінің ақиқат жолымен ашылған идеялары
болмыс секілді мəңгілік əлемнің бөлігі саналады, Екінші жағынан,
эмпирикалық əлемді мекендейтін тірі жандар үздіксіз болмыс күйінен
бейболмыс күйіне ауысып отыратын гераклиттік ағымға бой ұрады. Алайда
Платон басты екі кейіпкердің арасында бейтарап болып қалмайды:
Парменидтер əлемі Гераклиттер əлемінен əлдеқайда басым түседі,
идеялардың өзгеріссіз əлемі өзгермелі тəжірибелер əлеміне қарағанда,
шынайырақ жəне ақиқатты көбірек қамтиды. Идеяларды зерделеп түсіну
арқылы ғана білімге қол жеткізуге болады, сезімдер шынайы сенімнен басқа
еш нəрсе бермейді.
Идеялар патшалығы өзгеріссіз болғанымен, ол – Парменидтің болмысы
секілді тұрақты жəне біртекті емес. Болмыс сараланбай, дара болса, көп
идеялар қандай да бір дəрежеде бір-бірімен байланысты болады. Соған
қарағанда, олар болмыстың кез келген түсінігінен асып түсетін Игілік
идеясының айналасында иерархиямен реттелген болуы керек (Rep. 6. 509b).
Əлбетте, басқа идеялар игілік идеясына өздерінің идея болып танылғаны
үшін қарыздар: кереуеттің кемшіліксіз немесе мінсіз болуы – оның
кемелдіктің бір бөлігі, дүниеде бар кереуеттердің ең жақсысы екенінен.
Бірақ бір-біріне бағынышты екі идея арасындағы қатынас мүлде
баяндалмаған, олардың Парменидтің керемет асқақ сферасында бір-бірімен
біртұтас екенін білдіретін жорамалдар да жоқ.
Сондықтан Платон Идеялар теориясының сыни талдауын Парменидтің
айтқандары ретінде ұсынғанда, басты назарда біртұтастық идеясының
болуы таңғалдырмайды.
«Парменид» — Платон диалогтерінің ішінде түсіндіруге ең қиыны. Көп
ғалым ол диалогті түсінуге тырысқанда тығырыққа тірелгенін мойындады.
Ол екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі ерте кезеңдегі сократтық
диалогтерді еске салады, өзінің сол сала бойынша сарапшы екенін алға
тартқан сарапшысымақ талқылау барысында тақырыпқа бойлай алмайды.
Ең таңғаларлығы, əдеттегі рөлдер қарама-қарсы өзгереді. Кейбір атақты
софистерді қитұрқы сұрақтармен бас көтертпейтін қазымыр Сократтың
орнында сол сауалдарға өзі жауап беруге мəжбүр болған жас Сократтың
бейнесін көреміз. Оны тығырыққа тіреген сұрақ-жауап ойнының басты
тақырыбы – Идеялар теориясы. Табысты инквизитор рөліндегi Парменид
Сократқа оның диалектикада жеткілікті дайындығы жоқтығын, əлі де
жаттыға түсуі қажеттігін айтып, кеңес береді. Диалогтің екінші бөлімі
Сократқа қажетті жаттығулардың жайжапсарын ұғындырады. Олардың
арасында біртұтастық пен болмыс туралы бірнеше болжамға сүйене
отырып, барлық мүмкіндікті сарқа пайдалану үшін Парменид ақылға
сыймайтын мардымсыз дəлелдер келтіреді, сондықтан бір-біріне қарсы екі
тараптың қайсысын қолдасақ та, онымыздан əлі де жөні түзу қорытынды
шықпайды.
Ғалымдар бұл екі бөлімнің əрқайсысының сипатымен де, өзара байланысу
тəсілімен де келіспейді. Платон бірінші бөлімде идеяларды сынау оның
теориясына орасан зор нұқсан келтіреді деп санай ма? Егер сөйткен
жағдайда, оны түзету үшін не істей алады, өзінің қателескенін ашық
мойындай ма? Екінші бөлімдегі дəйектемелер əзіл ме, əлде байыппен
келтірілген дəлел ме? Егер байыпты дəлел болса, Платон ол қателіктерді өз
бетімізбен байқауымызды күтті ме, əлде өзі соларды дұрыс деп білді ме?
Кез келген жағдайда, екінші бөлімдегі дəлелдердің бірінші бөлімдегі идеяға
қарсы келуі қаншалықты орынды?
Бірінші бөлімде көтерілетін идеялар теориясының басты кемшіліктерін
баяндамас бұрын, 1-тарауда анықталған классикалық теорияның негізін
құраушы алты қағиданы еске түсіргеніміз жөн:
1) Жалпылық қағидасы. Бірнеше зат бірігіп F-ті құрайтын барлық жерде бұл
əрекет олардың біртұтас F идеясына қатысуымен немесе соған еліктеуімен
жүзеге асады (Rep. 5. 476а).
2) Бөліну қағидасы. F идеясы F саналатынның бəрінен ерекшеленеді (Phd.
74с).
3) Өзін-өзі сəйкестендіру қағидасы. F идеясы – өз алдына Е.
4) Айқындық қағидасы. F идеясы – F-тің өзінен басқа ештеңе емес (Phd.
74с).
5) Бірегейлік қағидасы. F идеясынан басқа ештеңе, шын мəнінде, нағыз F
бола алмайды (Phd. 74d; Rep. 5.479a-d).
6) Ұлылық қағидасы. Идеялар мəңгілік, олардың бөлшектері жоқ, олар
өзгермейді жəне сезім арқылы қабылдана алмайды (Phd. 78d).
Диалогтің бірінші бөлімінде төмендегідей мəселелер баяндалған.
1. Теорияға сəйкес, нақты F-тер F болып есептеледі, себебі олар F идеясына
қатысады. Бірақ «қатысу» дегеніміз не? Нақты F идеяның бір бөлігін ғана
бөлісе ме, əлде бар идеяны толығымен қамти ма? Кез келген жағдайда
қиындық туындайды. Егер белгілі бір үлкен зат L үлкендік идеясын түгел
қамтыса, онда идеяның өзі шашыраңқы, тұтастығынан айырылған болып
көрінеді. Дегенмен егер Lүлкеннің бір бөлігіне ғана ортақтасса, онда ол өзі
кішкентай затпен салыстырғанда үлкен болып есептеледі, өйткені бір бөлігі
ғана болғандықтан, ол үлкеннен кіші болуы керек (131a ff.).
2. Бірнеше зат F болатын барлық жерде олар бұл қасиетті басқа бір F идеясы
бола алатын болмыстан қабылдайды деген факт - теорияның ажырамас
бөлігі. Осылайша, бірнеше ірі зат үлкендік идеясынан өзіндік ірі өлшемге ие
болады. Бірақ біз үлкен заттардың бастапқы жиынтығын жинақтап, оған
идеяның өзін қоссақ, онда үлкен заттардың жаңа жиынтығы шығады, олар
өздерінің ірі көлемін қандай да бір басқа болмыстан қабылдаған болады.
«Сөйтіп, үлкендік идеясымен жəне оның бөлігі саналатынның бəрімен қатар
ірі бірдеңенің тағы бір үлгісі пайда болады, содан кейін одан да асып
түсетін тағы бір үлгі туады» — осылайша біз шексіз кері орала береміз
(132b).
Ойлаудың бұл бағыты Аристотельге қатты əсер етті, ол F«үлкеннің» орнына
«адамды» қойып, оны «Үшінші адам дəлелі» деп атады: бұл – кейін Супер
идея ретінде көрінетін Адам, (а) дүниедегі адамдар жəне (b) Кемел адам.
3. Бұл жерде қатынастық тұжырымдарға байланысты біраз қиындық
туындайды. Мəселен, мен құлмын деп есептейік. Теория бойынша мен
Кемел құлға сəйкес келетіндіктен – құлмын. Бірақ Кемел құлдың иесі кім
болмақ? Əрине, Кемел қожайын. Бірақ мен Кемел қожайынның құлы
емеспін, керісінше, əлдебіреу – менің жердегі қожайыным. Сөйтіп, осы
əлемдегі болмыстар арасындағы қатынасты Идеялар арасындағы қатынас
түсіндіре алмайды (133e).
Бұл қиындықтар – Идеялар теориясы үшін басты мəселе. Əрине, Платон
бізге мұны ұғыну керектігін ескертеді. Қиындықтар теорияға елеулі өзгеріс
енгізуді талап етеді, басқа диалогтерде Платон мұндай өзгерістерді жүзеге
асырады. Алайда «Парменидте» ол қажетті өзгерістерді нақты көрсетпейді.
Дегенмен, біздің ойымызша, диалогтің екінші бөлімі өзгерістерді қажет
ететін жолдарға қатысты кейбір ұсыныстар келтіреді дей аламыз.
Екінші бөлімдегі басты мəселе – Парменид өз дəлелін бастайтын гипотеза
жұбы анық емес (137b). Ол гипотезаларды біреу туралы гипотеза ретінде
сипаттайды, бірақ олар грек тілінен бірнеше жолмен аударылуы мүмкін.
Мына екеуі – ең лайықты аудармалар:
(1) Егер біреу бар болса - Егер біреу болмаса,
(2) Егер ол біреу болса - Егер ол біреу болмаса.
«Біреу» деген сөз бөлек бір мағынаны білдірмейтін екінші аударма – грек
тіліндегі диалог үзіндісіне ең сəйкес келетін ілім. Шынында да, бірінші
ілімнің, тіпті ең ынталы жақтастары да «біреу» сөзін осы тармақта түзетсе
ғана, оны қолдауға болатынына келіседі. Екінші жағынан, бірінші аударма
сөз тіркесін қабылдауына ғана емес, сонымен қатар «біреу» біртұтас сөз
ретінде қолданылатын кейінгі дəлелдердің бəрінде кездесетіндіктен, ең
қолайлы ілім болып көрінеді. Оның үстіне, екінші ілімді қабылдайтын кез
келген адам «ол» деген сөз нені білдіретінін түсіндіруі керек.
Менің ойымша, мəтінді өзгертудің қажеті жоқ. Ең таза аударма саналатын
екінші талқылау кейінгі дəлелдермен оңай ұштастырылуы мүмкін. Мұның
екі жолы бар. Біріншісі – «ол» сөзін тарихтағы Парменидтің ақиқат
жолындағы өлеңіндегі «ол» ретінде, яғни болмыс ретінде қабылдау. Кейінгі
дəлелдердің арасында біреудің сілтемелерін атап шығу оңай. Олар
болмыстағы «Ол дегеніміз – біреу» деген гипотезаны ұстанған кезде пайда
болады. Егер бұл гипотеза шын болса, онда біреу қолданылатын тек бір
нəрсе бар, атап айтқанда, болмыстың өзі. Бұл мəн, əрине, «Нақты біреу» деп
түсіндірілуі мүмкін жəне мұны «Парменидтің» 137b3-і дəлелдейді.
Дегенмен Парменид теріс гипотезаны, яғни «Болмыс жалғыз емес» дегенді
зерттеуге кіріскенде, бұл түсіндірмені қолдау қиынға түседі.
Демек, екінші түсіндірме оңтайлы. «Ол» дегенді «біреу» ретінде қабылдау
керек. Тек осы жағдайда ғана екі гипотеза туындайды: «біреу жалғыз» жəне
«біреу жалғыз емес». Бастапқыда бұл, тіпті ақылға сыймайтындай көрінуі
мүмкін: сөзсіз, екінші гипотеза өзөзіне қарама-қайшы келетін сияқты. Бірақ
егер жақсылап ойлансақ, олай емес екенін көреміз. Диалогтің бірінші
бөлімінде баяндалған идеялар теориясындағы негізгі проблемалардың
кейбірі, атап айтқанда, «F идеясы – F-тің өзі» уəжі өзін-өзі болжау
принципінен туындайды (268-бетті қараңыз). Диалогтің екінші бөлігі өзінөзі тануды əдепкі нəрсе ретінде қабылдамай, керісінше, бір басым Идея
болған жағдайда, оның растауының да, теріске шығарылуының да салдарын
зерттегені орынды.
Диалектика бас кейіпкер Парменидтен басталады, ол бірінші гипотезаның
негізінде пайымдаулардың қайсысы «біреуге» байланысты, қайсысы басқа
нəрселерге байланысты екенін сұрайды. Егер біреу жалғыз болса, онда ол
бөліктерден тұратын біртұтас емес (137d). Оның шегі де, орны да жоқ (138b).
Ол өзгермейді, сондай ақ демалмайды (139b). Ол ештеңеден ерекшеленбейді
де, ештеңеге ұқсамайды да (139e), ол өзіне һəм басқа нəрсеге не ұқсас емес,
не ерекше емес (140b). Ол өзінен немесе басқа нəрседен артық та, кем де
емес (140d). Онда уақыт өлшемі жоқ, яғни оның өткенге, қазіргіге немесе
болашаққа қатысы жоқ, ол болмыста мүлде өлшенбейді. Қорытындысы
мынадай:
Демек, біреудің болуы мүмкін емес. Сондай-ақ ол жалғыз болуы мүмкін
емес, өйткені бұл жағдайда болмыс та, болмыстың бір бөлігі де болар еді.
Бірақ егер бұл дəлелге сенсек, «біреу» біреу де емес, тіпті мүлде жоқ. Бірақ
егер бірдеңе болмаса, онда ештеңе де оған қатысты немесе ол туралы бола
алмайды. Сондықтан оның атауы жоқ, ол туралы ешқандай үкім немесе
пікір жоқ, оған қатысты сезім немесе білім болуы мүмкін емес (142а).
Біз «біреу» туралы бұл қорытындыны шынайы мəлімдеме ретінде қабылдау
ойымызға да кірмейтіні айдан анық. Диалогтегі Парменидтің сұхбаттасы,
əдеттегі мақұлдың адамы Аристотельден «мұндай қорытынды мүмкін бе?»
деп сұрағанда, ол аздаған келіспеушілік бар екенін ескертеді. Егер бұл
шындық болса, онда ол алдыңғы барлық дəлелдерді жоққа шығарады,
өйткені олардың бəрі бұл тұжырымға сай келмейтін «біреу» туралы
əңгімелейді. Осы сəтке дейін диалектика reductio ad absurdum
(сандыраққа жеткізу) ретінде қолданылған сияқты, бірақ ол нені сандыраққа
жеткізді? Əрине, ол – «біреу» біреу ғана жəне біреуден басқа ештеңе емес
деген гипотеза. Рас, Идеялар теориясының маңызды бөлігі «F идеясы – F
жəне F-тен басқа ештеңе емес» деген айқындық қағидасы болатын. Демек,
диалектика осы тұрғыдан алғанда теориядағы маңызды элементті
мойындамау саналады.
Бұл кезде Парменид «біреудің» біреу екенін дəлелдейтін гипотезаны
жаңадан қарастырады. Ол «біреу» біртұтас, көптеген бөлшектен тұратынын
(142b, 143а), шектеулі жəне пішіні бар екенін (145b), өзінде жəне басқа да
жерлерде орналасқанын, қозғалыста да, тыныштықта да, өзіне жəне басқа
нəрселерге ұқсас əрі ерекше екенін (146b), өзімен жəне басқа нəрселермен
бірдей əрі айырмашылығы бар екенін (148c), бір мезгілде өзі жəне басқа
нəрселерден үлкен, кіші əрі бірдей (151b) бола алатынын дəлелдейді. Ол
өзінен жəне басқа нəрселерден жасы үлкен де, кіші де бола алады һəм
өзгереді. Бірақ дəл сол уақытта ол өзінен жəне басқа нəрселерден жасы
үлкен де, кіші де болмайды, өзгермейді де (155с). Оның өткенге, қазірге
жəне келешекке қатысы бар. Болмысқа да қатысты, бірақ болмыс пен
жалғыздық бірдей емес (Платонның ойынша, егер бірдей болса, «біреу»
деген «біреу – біреу» дегенмен бірдей болар еді) (142с). Сондықтан оны
атауда, əңгімелеуде жəне талқылауда (155e) ешқандай қиындық
туындамайды.
Диалектиканың осы алғашқы екі бөлімі арасында айқын параллель бар. Əр
дəлелдің əр кезеңінде біз қарама-қарсы объектілердің жұбымен кездесеміз
(мысалы, қозғалыс кезінде, тыныштық кезінде). Бірінші бөлімде, Парменид
осы пайымдардың ешқайсысы да «біреуге» қатысты емес деп сендіреді.
Екінші бөлімде ол осы пайымның екеуі де «біреуге» қатысты екенін айтады.
Сонымен қатар екі бөлім де Идеялар теориясының дұрыс екеніне күмəн
келтіреді. Бірінші бөлім «F – ештеңе, бірақ F» идеясын (айқындық қағидасы)
ұстану есалаңдық екенін меңзейді. Екінші бөлім «F дегеніміз – F» идеясын
ұстану дұрыс емес екенін көрсетеді (бірегейлік қағидасы).
Бірақ екі бөлім де бір-біріне ұқсас екенін білдірмейді. Бірінші бөлімнің
қорытындысынан көргеніміздей, өзін-өзі жоятын барлық дəлелдер тек
reductio ad absurdum (сандыраққа жеткізу тəсілі) ретінде ғана шын
қабылданады. Алайда екінші бөлімнен «таңғаларлық болса да, оларды өзінөзі жоққа шығармайтын мағынада түсінуге болады» деген тұжырым
туындайды.
Осы бөлімнің нəтижесін қорытындылай келе, Парменидтің айтуынша,
«біреу» кейде болмысқа қатысты, кейде қатыссыз болады. Оның сөздері
сезіммен түйсінудің əдеттегі объектілері болмыс пен бейболмыс арасында
сандалатыны туралы «Мемлекетте» айтылған шағымға үн қосады. Бірақ
қазір бұл модельді бейнелейтін объект теория гүлденген уақытта қарапайым
объектілерден келген идеяларға назар аударса – бұл олардың жайдан-жай
жатпайтынынан. Fтің идеясы кейде F болған жоқ, кейде F емес болды, кейде
бір жағынан F болса, басқа жағынан қарағанда F болған жоқ. Қазір айтылған
«біреу» туралы пайымдар түпнұсқалық идеялар теориясынан өте алшақтап
кеткен.
Ақылға қонымды мəлімет болған жағдайда, қайшылықсыздық принципін
бұзбай біз F пен F еместі құрайтын уақытты, бөлшектерді, қарымқатынастарды жəне басқаларды анықтай аламыз. Қазір біз жасауға тиісті
нəрсе – тұжырым мен оны терістеудің екеуі де түрлі қатынастарда шынайы
болатынын көру үшін қажетті айырмашы - лықты сипаттау, біреуде немесе
оған қабаттастырып басқа формада көрсету. Айта кету керек, Парменидтің
барлық пайымының басты субъектілері – идеялар, немесе, кем дегенде,
жеке атау саналмайтын əмбебап терминдер. Олар үшін Callias немесе Dio
емес, «тура сол», «басқа» секілді сөздер қолданылады.
Идеялар туралы кей мəселелерді шешу үшін Платон пайымның екі түрінің
арасындағы айырмашылықты енгізеді. Кейінгі кезең терминологиясын
пайдалана отырып, біз оның реr ѕе (өзінен-өзі) жəне per accidens
(кездейсоқ) пайымдарының арасындағы айырмашылықты айқындайды дей
аламыз. Олардың арасындағы айырмашылықты «егер Р-ның болмысы Sның болмысының бөлігі болса, өзінен-өзі «S дегеніміз – P болады» деп
белгілеген жөн. Осылайша, емен өзінен-өзі ағаш болып есептеледі (егер біз
S-тың дұрыс, əрі бұрыс бөлшектерін қабылдасақ, онда емен өзінен-өзі емен
болады). Ал екінші жағынан, егер S шын мəнінде Р болса, бірақ S-тің бөлiгi
P болмаса, онда S-тің Pболуы – кездейсоқ. Демек, егер емен белгілі бір
аймақта мол өссе, онда «мол» сипаттамасы тек кездейсоқ қолданылады.
Біз «Парменид» диалогiнде Платонның айқындық пен бірегейлік
қағидаларынан бас тартқанын көрдік. Өзін-өзі айқындау принципіне
қатысты ол пайымдардың түрлері арасындағы айырмашылықты
пайдаланады. Үлкен шындығында өзі үлкен: үлкен болу – үлкен болатын
нəрсенің орынсыз бөлігі. Бірақ басқа нəрселер өзінен-өзі үлкен емес. Менің
үйім үлкен болса, ол үй болатын нəрсенің бөлігі болғандықтан емес. Яғни
«үлкендік» үлкен заттардың жəне үлкеннің тарапынан анықталмайды, яғни
«Үшінші адам» деп аталған регресті туындату мақсатында үлкенді жəне
басқа да үлкен заттардың бəрін топ құру үшін біз бір жерге жинай
алмаймыз.
Сол сияқты құл қожайынына өзінен-өзі тиесілі: «иесіне тиесілі» деген сөз –
құл болудың айырылмас бөлігі. Бірақ адам құлдары мен адам иелерінің
қарым-қатынасы, сондай-ақ идеялық құл мен идеялық ие арасындағы
қарым-қатынастар өз-өзінен емес, кездейсоқ. Екі өзара қарым-қатынас
жиынтығы жеке адамдар арасындағы жəне объектілер арасындағы
қатынастар қақтығыспай, қатар жұмыс істей алады.
Ең соңында, біз қатынас ұғымына қайта орала аламыз. Бір идеяны қанша
нəрсе бөлісе алатынын түсінудің негізгі қиындығы – сол идеяны
бөлшектерге бөлу мəселесі. Егер объект жалғыз жəне қайталанбас
объектінің бөлігі болса, онда ол объект біреу: əйтпесе, ол ойлап табылған
мақсатына жетпейді, жалпыға ортақ нəрсені белгілеу үшін бірдей атаудағы
заттар қарастырылады. Бірақ егер көп объектілер бір объектіні
құрастыратын болса, онда реr accidens (кездейсоқ) көп болады.
Объектілер теориясына қатысты Парменид проблемаларына жалпы
қолданылатын диалектикалық дəлелдер мен шешімдер мынада: жеке
адамдар мен адамдар қатысатын объектілердің мағынасында ештеңе де
айтылмайды. Платондық қатынас ұғымының бір заманауи аналогі – тапқа
жіктелу: егер xF объектісіне қатысса, онда x - Fs табының мүшесі. Сонымен
қатар Парменид уəжінің заманауи аналогі — жеке тұлғалар мен таптарды
бірдей сипаттау мүмкін емес. Егер біз өз-өзіне мүше емес барлық таптың
табы туралы айтсақ, бұл жерде бейнеленетін парадокс — «Парменид»
парадоксының тікелей тұқымы.
Идеялар теориясының объектілер теориясына бейімделуі кейінірек
«Софист» диалогiнде жүзеге асты. Диалогтің ресми мақсаты – софистің
анықтамасын табу. Ең соңында, ұсынылған анықтама əзіл сияқты көрінеді.
Анықтама іздеудің басты мақсаты – ойын автоматтарында əлі де танымал
анықтаудың əдісін көрсету. Мұндай ойындарда респондент объектіні
дихотомия арқылы ұсынылған сауалдар арқылы анықтауға тиіс. Ол өмір
сүре ме, сүрмей ме? Егер өмір сүрсе, ол тірі жан ба, əлде өсімдік пе? Егер
тірі жан болса, адам ба, əлде жануар ма? Сұрақ-жауап осылай жалғаса
береді. Диалог барысында Платон метафизикалық көзқарастарды осындай
стильде қарастырады.
Анықтаманы табу мақсатында оны бөлшектегенде ашылған нəрсе – егер
оны қатаң сынға алып қарастырсақ, онда біз ағаштың құрылымын көреміз,
түрлер кластардың ішінде, кішірек түрлер үлкен түрлердің ішінде, адамдар
жануарлардың құрамында, жануарлар тіршілік иесінің құрамында, жəне
т.с.с. болып кете береді. Бұл ағаштың құрылымы біз Парменидтің маңызды
ерекшелігі деп таныған реr ѕе (өзінен-өзі) пайымына байланысты. Ағаш
сияқты түр мен класқа бөліну иерархиясында F-тың үстінен пайда болған
кез келген нəрсе реr ѕе деп түсіндірілетін зат болады. Мысалы, жануар болу
– адам болудың бір бөлігі; тірі жан болу – жануар болудың бір бөлігі.
Софисті анықтау жолында біз жалған ой мен жалған пайым мəселесін
шешуге тиіспіз. Жалғанның табиғатын талқыламай, алаяқ софисті нағыз
философтан айыра алмайсың. Бірақ тарихтағы Парменидтің өз өлеңінде
(237а) құрған тұзақтарына түспей, жалғандық туралы қалай əңгіме айтуға
болады? Жалған нəрсені айту дегеніміз – жоқ нəрсені айту. Бірақ жоқ
дегеніміздің бейболмыс екені түсінікті, сондай-ақ Парменид (238e)
көрсеткен себептер тұрғысынан қарағанда бейболмыс - сандырақ.
Сондықтан сандырақты қоспай, ненің жалған екенін айту мүмкін емес
болып көрінеді. Жалған нəрсенің не екенін айтып, ол не, не емес немесе ол
не емес, не екенін айту үшін пікірімізді қайта қарап шығуымыз керек пе?
Бұл Парменидтің сынынан құтқара ма?
Осы мəселені шешу үшін Парменидті болмау деген ұғымның кейде мүмкін
екеніне, керісінше, болудың кейде болмауы ықтимал екеніне келісуге
мəжбүрлеу қажет (241d). Мысалы, қозғалыс тыныштық емес, бірақ бұл
«қозғалыс ештеңе емес» дегенді білдірмейді (250b). Тіпті болмыстың да
мүмкін емес нəрселері бар: мысалы, Болмыс – қозғалыс емес, сондай-ақ,
тыныштық та емес (250c-e).
«Софист» пен «Парменидте» Платон түрлі формалар арасындағы қарымқатынасқа қызығушылық танытады. Ол бұл тақырыпты «формалардың
өзара байланысы» деп сипаттап, «тілдің негізі» деп таниды (259e). Егер біз
ешбір форма бір-бірімен үйлесе алмайды немесе бəрі үйлесе алады деп
есептесек (251e-252e), онда өзімізге ор қазамыз. Нақтырақ айтқанда, кейбірі
үйлесе алады, ал кейбірі үйлесе алмайды, біз қандай формалар басқа
формалармен үйлесе алатынын анықтауымыз керек. «Парменидтегі»
Біреудің (to hen) пайымы секілді, бұл жердегі басты рөлді Болмыс (to on)
атқарады. Бірақ Болмыс ілімімен бірге басқа формалар да – қозғалыс,
тыныштық, біркелкілік жəне айырмашылық - қарастырылады жəне олардың
өзара қарым-қатынасы зерттеледі.
Айырмашылық болмыс пен шешуші қатынаста екені айқындалды (256d-e).
Біз жоқ нəрсе туралы сөз қозғасақ, болмыстың қарама-қарсылығы, яғни
бейболмыс турасында емес, заттардың бірінің басқасынан айырмашылығы
жөнінде айтамыз (257b). Əдемі емес - əдеміден, əділетсіз – əділеттіден
ерекшеленеді; бірақ əдемі емес жəне əділетсіз нəрселер əдемі жəне əдiлмен
салыстырғанда шынайылығы жағынан кем емес (257e-258а). Егер біз бүкіл
жоқ немесе болмайтын нəрселерді бір-бірімен біріктірсек, онда болмыс
емес санаты шығады, ол да тура болмыс санаты сияқты шынайы болады.
Сөйтіп, біз Парменидтің қамауынан, тұтқынынан босанамыз (258c).
Қазір біз ой мен сөздегі жалғандықты баяндайтындай халдеміз. Жоқ
дегеніміз – не екені жайында ойлану немесе сөйлеу мүмкіндігі болмайтын
нəрсе, өйткені бейболмыс – нонсенс. Бірақ енді, болмыс еместің расында да
шын екені анықталғанда, біз мұны жалған ойлар мен жалған сөйлемдерді
түсіндіру үшін қолдана аламыз.
Əдеттегі сөйлем зат есімнен жəне етістіктен құралып, бір нəрсе туралы
бірдеңе айтады (262a-e). «Теэтет отыр» жəне «Теэтет ұшып бара жатыр» –
екі сөйлем де Теэтет туралы, бірақ оның бірі шындық та, екіншісі жалған
(263b). Олар Теэтет туралы əртүрлі ой айтады: ол жайында шындықты
айтатын сөйлем оған тəн нəрселердің арасында, ал ол жөнінде жалған
сөйлейтін сөйлем оған тəн емес нəрселердің арасында. Ұшу дегеніміз – жоқ
нəрсе емес, өмірде бар ұғым, бірақ бұл Теэтетке қатысты нəрселерден
өзгеше, Теэтет туралы айтуға болатын нақты нəрселерден өзгеше (263b).
Кейде «Софисте» Платон болмыс табиғаты туралы философиялық тұрғыда
қарсылас топтар арасындағы шайқас жағдайларын сипаттайды. Бір жерде
бұл алыптар мен құдайлар арасындағы шайқас сипатында баяндалады:
алыптар – материалистер, олар заттардан басқа еш нəрсе жоқ деп ойлайды,
ал Құдайлар – идеалистер, олар, идеялар теориясында көрсетілгендей,
денесіз формаларды дəріптейді (246a ff). Материалистер, Гераклит
басшылығымен, əмбебап ағымның жақтаушысы ретінде көрінеді (барлық
заттар үнемі өзгереді), ал формалардың жақтастарын бастаушы
Парменидтiң доктринасы бүкіл шынайы ақиқат өзгермейтінін көрсетеді.
Ақырында, «өзін нағыз философпын дейтіндер Гераклитке құлақ аспай,
сонымен бірге бүкіл шынайы ақиқат өзгермейді дейтін доктринадан да бас
тартуы керек» дегенді естиміз, «оны жалғыз Форманың жақтаушысы
(Парменид) айтса да, бірнеше форманың жақтасы (Платон теориясы) алға
тартса да елемеуіміз керек» деушілер де аз емес.
«Софист» бізге болмыс барлық өзгеретін де, өзгермейтін де нəрселерді
қамтиды дегенді айтып, тəтті тоқашымызды алып жеудің оңай жолын
көрсетті (271d).
Аристотельдің формалары
Аристотель Идеялар теориясын қатаң сынға алды. Кейде ол оны құрметтей
отырып сынайды (е.g. NE 1.6. 1096°11 ff.: «Платон – менің досым, бірақ
шындық маңыздырақ»), ал кейде қорлап мысқылдайды (е.g. APо. 1.22. 83°28:
«мұндай өтірікпен қоштасу керек»). Оның сыны, дөрекі болса да, сыпайы
болса да, басты диалогтерде көрсетілгендей, «Парменид» пен «Софистегі»
Формалар теориясын дамытуға емес, тек теорияға бағытталған сияқты.
Дегенмен ол Платонның кейінгі ойларын өз еңбектерінде, атап айтқанда,
«Метафизика Z-тегі» (Metaphysics Z.) өз формалар теориясын дамытқан
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Батыс философиясының жаңа тарихы, Антика философиясы - 18