Latin Common Turkic

Батыс философиясының жаңа тарихы, Антика философиясы - 03

Süzlärneñ gomumi sanı 3869
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2077
26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
39.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
(Мен өз оқырмандарымнан грекиялық Парменидтің грек тілі де ағылшын
тіліндегі осы мəтін сияқты ебедейсіз жəне доғал екеніне сенулерін
сұраймын). Парменидтің шұбалаңқы ақиқат жолы философиядағы дəуірді
сипаттайды. Бұл – онтология немесе метафизиканың, болмыс туралы
ғылымның негізін құрайтын жаңа пəннің жарҒысы.
Не болса да, қалай ойласақ та, бұл – Парменид үшін тек болмыс. Болмыс
біреу жəне ол бөлінбейді: оның басы да, соңы да жоқ жəне оған уақыт əсер
етпейді. Гераклиттің айтуынша, шəйнек қайнаған уақытта су өліп, ауа пайда
болады; алайда Парменид үшін бұл – болмыстың өлімі немесе тууы емес.
Қандай өзгеріс болсын, олар болмыстан болмыстың жойылуына қарай
өзгеру емес; оның бəрі де – болмыстағы өзгерістер. Дегенмен Парменид
үшін ешқандай да нақты өзгеріс жоқ. Болмыс мəңгі бақи бір ғана нəрсе, ал
уақыт шындыққа жанаспайды, себебі өткен, осы шақ жəне болашақ – бір
бүтін. 10
Нақты өзгерістер əлемі Парменидтің «Таным жолы» поэмасының екінші
бөлімінде сипатталады, ол əйел-құдайдың сөзімен былайша басталады:
Сен емессің сенімге, ойға кенде,
Ақиқаттан басқаға мүлде сенбе –
Талқылауды қатырар, бəрі өтірік сапырар (KRS 300).
Неліктен Парменид қызық үшін алданған пенделердің жалған түсініктерін
қайталауға міндеттімін деп есептейтіні түсініксіз. Егер өлеңнің екінші
бөлігін оның контексінен бөліп алар болсақ, біз иониялық ойшылдардың
дəстүрлеріндегі космологияны көрер едік. Бір-біріне қарама-қарсы
қарапайым жұптарға Парменид жарық пен түнекті қосады, ал Аристотель
оның махаббатты бəрінің тиімді себебі деп танығанын құптайды (Metaph.
АЗ. 984527). Шын мəнінде, көріну жолы осы уақытқа дейін белгісіз болып
келген екі ақиқаттан тұрады: біріншіден, Жер – сфера (D.L. 9. 21), ал
екіншіден, таңғы жəне кешкі жұлдыз – екеуі де бір ғана жұлдыз.
Парменидтің қабылданбаған жаңалығы кейінгі ұрпақ философтарына
бірдейлік тұжырымдамасына парадигма ұсыну болатын.
Пифагордың жəне басқалардың айтуынша, Парменидтің Самос аралынан
келген, Гераклитпен оқыған Мелисс деген шəкірті болған. Ол саяси
қызметте өте белсенді болып, Самос флотының адмиралы деген атақдəрежеге қол жеткізген. Б.д.д. 441 жылы Самосқа Афина əскері басып кірді.
Афина соғыста жеңіске жеткенімен, Мелисс Перикл флотынның шабылуын
екі рет тойтарып, аты тарихта қалған (Plutarch, Periches 166-d; D.L. 9.4).
«Ғалам – шексіз, өзгеріссіз, қозғалыссыз, бөлінбейтін жəне біркелкі», - деп
Мелисс Парменид философиясы поэмасының қарапайым прозадағы
түсінігін берді. Ол сондай-ақ осы монистикалық көзқарастан екі нəтижені
іріктеп алуымен де танылды: 1) ауыру, шын мəнінде, болмады, себебі ол
болмыс (мүмкін емес) жеткіліксіздігін көрсетеді; 2) вакуум жоқ, себебі ол
бейболмыстың бір бөлігі болған болар еді. Сол себепті жергілікті қозғалыс
мүмкін емес еді, себебі кеңістіктегі денелерге орын ауыстыру мүмкін
болмас еді (KRS 534).
Парменидтің тағы бір шəкірті – элеялық Зенон. Ол қозғалыстың болуына
қарсы бірқатар атақты дəлелдер ойлап тапқан. Оның бірінші дəлелі:
«Қозғалыс жоқ, себебі қозғалыстағы барлық зат жол соңына жеткенге дейін
өз жолының ортасына жетуі тиіс». Стадионның аяқ жағына жету үшін сіз
ортасына дейін жүгіріп жетуіңіз қажет, ал ортасына жету үшін ортасының
ортасына дейін, міне, осылайша қысқарып шексіздікке ұласады. Кең
тараған екінші дəлел – «Ахиллес жəне тасбақа». Зенонның айтуынша,
«Алда кеткен баяуды одан жылдамырақ ешқашан да қуып жетпейді, себебі
қуғыншы алдымен қашқынның шыққан нүктесіне жетуі керек, сондықтан
да баяу əрқашан алда болады». Ахиллес тасбақадан төрт есе жылдамырақ
болса да, тасбақа басында алдағы қашықтықтың 100 метрінен 40 метріндей
бағындырды деп ойлап көрейікші. Зенонның дəлелінше, Ахиллес ешқашан
да жеңіске жете алмайды. Ол 40 метр жер жүгіргенде, тасбақа 10 метр алда
болады. Ахиллес сол он метрді де бағындырғанда, тасбақа тағы да 2,5
метрге озып кетеді. Ахиллес алға жүгірген сайын тасбақа бір сүйем болса да
ілгері жылжи береді, сол себепті ол ешқашан тасбақаны қуып жетпейді
(Aristotle, Ph. 5. 9. 23911-14).
Зенон осы жəне басқа ұқсас дəлелдері арқылы аралықтар мен қозғалыстар
шексіз бөлінеді деп болжады. Оның дəлелдерін кейбір философтар өте
ұтымды, бірақ софистикалық парадокс деп жоққа шығарды. Басқалар бұл
дəлелдерге тəнті болды: мысалы, Бертран Рассел, олар Вейерштрасс пен
Кантордың ХІХ ғасыр математикасының өркендеуінің негізі болды деп
есептеді. Біздің уақытқа дейін Зенонның жұмбақтарын сақтаған Аристотель
шексіздіктің екі түрін – шынайы шексіздік пен əлеуетті шексіздік – ажырату
арқылы қозғалыстың мүмкін екенін қайта жаңғыртып, оларды
тыныштандыруға əрекеттенді. Алайда Зенон көтерген проблемалардың
философтарды да, математиктерді де қанағатандыратын шешімдері араға
көп ғасыр салмай табылды.
Эмпедокл
Гректік Италияның ежелгі философтарының ең əйгілісі Эмпедокл болды.
Ол б.д.д. V ғасырдың ортасында өмір сүрді. Ол Сицилияның оңтүстік
жағасындағы Акрагас, қазіргі Агридженто, қаласында туып-өскен. Бүгінгі
күні қала порты Порто Эмпедокл деп аталады. Бірақ бұл – философты осы
күнге дейін қастерлеудің белгісі емес. Бұл – Рисорджементоның Италияның
бұрынғы даңқын асқақтату мақсатында атауларды өзгертуге деген
құштарлығының көрінісі.
Эмпедокл бəйгенің алдын бермейтін сəйгүліктер ұстайтын ақсүйектер
отбасынан шыққан. Ол саясатта демократ еді: тарихи деректерге қарағанда,
ол қалада диктатура орнатпақ болған лаңкестерге тосқауыл қойған. Риза
болған қалалықтар оған король болуды ұсынды. Алайда ол бұл лауазымнан
бас тартып, қарапайым дəрігер жəне кеңесші болып қалуды жөн көрген (D.L.
8. 63). Алайда ол осындай қарапайым болса да, атаққұмарлықтан ада емес
еді. Өзінің бір өлеңдерінде ол жүрген жерінің бəрінде еркектер мен əйелдер
емделу мен кеңес алу үшін оның артынан шұбырып жүретінін мақтан етеді.
Ол кəріліктің емін таптым деп, ауа райын бағындыратын дұғаларды білемін
деп жариялады. Сол өлеңінде ол құдайдың деңгейіне жеттім деп ағынан
жарыла хабарлады (D.L. 8. 66). Кейбір өмірбаянына қатысты дереккөздер
бойынша, хронологиялық жағы нақты болмаса да Эмпедокл Пифагордың,
Ксенофанның жəне Парменидтің оқушысы деп саналады. Əрине, ол
«Табиғат туралы» өлеңін гекзаметрмен жазып, Парменидке еліктеді. Досы
Павсанийге арналған шамамен 2000 тармақтан тұратын өлеңінің бізге
бестен бір бөлігі жетті. Сонымен қатар ол «Тазару» деген діни поэма жазған.
Ол толық сақталмаған. Мамандар қазірге дейін жеткен, өзара
байланыспаған дəйексөздерінің қайсысы қай өлеңіне жататыны туралы əлі
бір тоқтамға келген жоқ. Кейбіреулер бұл екі өлең бір шығарманың
бөліктері дейді. 1994 жылы Страсбур университеттің мұрағатынан
папирустың қырық үзіндісі табылған кезде, мəтіннің көмескі тұстары
анықталып, орнына келді. Ақын ретінде Эмпедокл Парменидке қарағанда
еркін жəне жан-жақты болды. Аристотельдің сөзі бойынша, ол Ксеркстің
Грекияға басып кіруі туралы эпостық əңгіме жазды. Ал кейбір басқа
деректерге қарағанда, ол бірнеше трагедияның авторы болған (D.L. 8. 57).
Эмпедоклдың табиғат философиясын бір тұрғыдан иониялық философтар
ойларының синтезі ретінде қарауға болады. Біз жоғарыда көргеніміздей,
олардың əрқайсысы əлемнің негізгі немесе басым заты ретінде қандай да
бір нəрсені атаған. Фалес суды жоғары қойса, Анаксимен – ауаны, Ксенофан
– жерді, ал Гераклит – отты дəріптеді. Эмпедокл үшін бұл заттардың төртеуі
де негіз құраушы ретінде өзара тең. Немесе өзі айтқандай, олар – əлемнің
«түп-тамырлары». Бұл тамырлар əрқашан бар болған. Бірақ олар өзара түрлі
мөлшерде біте қайнасу үдерісі нəтижесінде дүниенің бізге таныс заттары
жəне бейімделген аспан денелері жаралған.
Аталған төртеуден пайда болған нəрсе қазір де бар, бола береді де:
Ағаштар, аңдар, ер мен əйел, барша халықтар;
Əуедегі құстар мен мөлдір суда өнген балықтар;
Байырғыдан сонша мадақталған құдайлар да,
Бəрі де осы төрт элемент қоспасынан түзілген,
Солар араласып, дүниеде құбылыстар жетілген (KRS 355).
Эмпедоклдың «түп-тамырлары» деген атауын Платон, одан кейін грек
ойшылдары стоихия деп атады, ол сөз бұрынырақ сөздердің буындарын
белгілеуге арналған болатын. Elementum сөзінің (біздің «элемент» сөзіміз)
латын тілінен аудармасы түбірлерді буындармен емес, əліпби əріптерімен
салыстырады: элемент – LMNtum. Эмпедоклдың элементтер квартетіне
физика мен химияда XVII ғасырдағы Бойль дəуіріне дейін философтар
айрықша мəн берген. Шынында да, ол əлі күнге дейін бізбен бірге, тек
өзгерген күйінде, Эмпедокл өзінің элементтері туралы олар заттың төрт
түрлі қасиеті деп білді; біз болсақ, қатты, сұйық жəне газды заттың үш күйі
деп білеміз. Мұз, су жəне бу Эмпедокл үшін жер, су жəне ауаның нақты
мысалдары болар еді; олар біз үшін Н,0 элементінің үш түрлі күйі ғана.
Өртті, əсіресе күн жалынын, маңыздылығы жағынан əр нəрсенің төртінші
элементі ретінде ғана қарастыру орынсыз болар еді.
Бір ғана нəрсені айтуға болады: ХХ ғасырда күннің температурасында
материяның қасиеттерін зерттейтін плазма физикасы ғылымының пайда
болуы Эмпедоклдың төртінші элементті басқа үш элементпен қатар қойып
қарауында мəн бар екенін көрсетті.
Аристотель Эмпедоклды космологиялық теория тек ғаламдық элементтерді
өзара теңестіріп қарауды ғана емес, сонымен қатар нақты өмірдегі жанды
жəне жансыз байланыстардың құрылуын, элементтердің араласу жəне даму
себептерін анықтауда қажет екенін түсінгені үшін мақтады. Эмпедокл бұл
рөлге махаббат пен жанжал лайық деп табады: махаббат элементтерді
біріктіреді, ал жанжал оларды бөлінуге мəжбүрлейді. Өз кезегінде түп-
тамырлар көптің біріне айналса, кей кездері бір нəрсенің бөліктеріне айналу
үшін бөлінеді. Бұл заттар, оның ойынша, мейлі біртұтасқа айналдыратын
махаббат болсын, мейлі ол жанжалдан туындаған жеккөрінішпен бөліну
болсын, өзінің тұрақты ауысуынан бір жаңылмайды (KRS 348).
Махаббат пен жанжал – көп ғасырлар бойы физика теориясында болып
келген тартылыс пен серпудің арғы атасынан келе жатқан көркем қуат.
Эмпедокл үшін тарих – кейде махаббат, кейде жанжал үстемдік ететін цикл.
Парменидтің əлемі – махаббаттың ықпалымен құрылған элементтердің
біртектес, үйлесімді жəне жайнаған сферасы. Жанжалдың кесірінен
элементтер бөлініп кетеді, бірақ махаббат жоғалған жерді қалпына келтіре
бастағанда тірі дүниенің көптүрлілігі пайда болады (KRS 360). Жан-жануар,
құстар жəне балықтар сияқты тірі ағзалар – бұл дүниеге келіп-кететін
уақытша жаратылыстар. Тек элементтер жəне ғарыштық цикл ғана мəңгіге
жалғасады.
Тірі ағзалардың пайда болуын түсіндіру үшін Эмпедокл өмір сүруге
бейімдірек болатын түрлердің күрес жолымен дамитыны туралы тамаша
эволюциялық теория ұсынған. Алдымен ет пен сүйек элементтердің
химиялық қоспасы ретінде пайда болған. Ет, от, ауа жəне судың бірдей
көлемінен пайда болса, сүйек судың екі бөлігінен, жердің екі бөлігінен жəне
оттың төрт бөлігінен жаратылған. Бұл құрамдас бөліктерден бекітілмеген
дене мүшелері мен ағзалар пайда болған: жұмулы көздер, топшысы жоқ
қолдар жəне мойны жоқ беттер (KRS 375-6). Олар өз жұптарын
жолықтырғанға дейін құр сенделіп жүрген; олар алғашқы сатыда жарамсыз
болған өз жұптарын тапқан. Осылайша түрлі құбыжықтар пайда болды:
адамның басы бар бұқалар, бұқа басты адамдар, алдында да, артында да
беттері мен емшектері бар қосжынысты мақұлықтар (KRS 379). Мұндай
кездейсоқ ағзалардың көбісі өте осал жəне көбеюге жарамсыз еді; тек
мықтылары ғана біз білетін адам, жан-жануарларға айналып, тірі қалды.
Олардың көбеюге бейім болуы жоспарлы емес, кездейсоқтықтан еді
(Aristotle, Ph. 2. 8. 198529).
Аристотель Эмпедоклдың маңызды биологиялық принципті
алғашқылардың бірі болып түсінгенін құрметтеді. Ол принципке сəйкес
түрлі тірі ағзаның бөліктері ортақ, ұқсас қызмет атқарады: Мысалы, зəйтүн
мен жұмыртқа, жапырақ пен қауырсын (Aristotle, GA 1. 23. 7314). Бірақ ол
теологияны кездейсоқтық деңгейге дейін төмендеткені үшін жек көрді. Көп
ғасырлар бойына биологтер Эмпедоклдың емес, Аристотельдің ізбасарлары
болды. Бірақ Дарвин Эмпедоклды табиғи сұрыптауды болжай білгені үшін
мақтағанда Эмпедоклдың есесі қайтты.
Эмпедокл «ұқсас нəрсе өзіне ұқсас нəрсемен танылады» деген ұстанымын
өзінің элементтер квартетін түсіндірген уақытта пайдаланды. Ол «Тазару»
поэмасында өзінің физикалық теориясын Пифагордың метемпсихоз туралы
ілімімен үйлестіріп жіберді. (Күнəһарлар – мейлі адам болсын, мейлі
құдайлар болсын – Жанжал олардың жандарын жер мен теңіздегі түрлі
мақұлықтарға тастап жазалайды). Реинкарнация циклында адамдардың
таңдаулы санатына жататындар – сəуегейлер, ақындар, дəрігерлер мен
ханзадалардың құдайлармен теңестірілуі мүмкін екені болжанады (KRS
409). Əрине, Эмпедокл осы қызмет түрлерінің бəрінен үміткер болған.
Өзінің еңбегінде Эмпедокл қатаң механистикалық режимнен мистикалық
дінге оңай өтеді. Ол кейде өзінің төрт элементін құдай аттарымен атайды
(Зевс, Гера, Аид, Нестис) жəне өзінің махаббатын Афродита құдайымен
теңдестіреді. Ол Шиллердің ұлы «Қуаныш одасында» құрметтеледі (KRS
349). Сөз жоқ, өзі Олимп құдайларын мифтік сипатынан ажыратқаны
сияқты, оның да құдай сияқты болудан дəмесін жоққа шығаруға болады.
Алайда оның өлімі туралы аңыз ел назарын ерекше аударды.
Тарих бойынша, Пантея атты əйел дəрігерлердің теріс емдеуінен ауруға
душар болған, алайда Эмпедокл оны бір ғажайыппен бетін бері қаратқан.
Бұл жағдайды тойлау үшін ол Этна бөктеріндегі бай адамның үйінде сексен
қонаққа құрбандық шалып, той жасады. Басқа қонақтар ұйықтап қалған
кезде, ол аспаннан өз аты аталғанын естіді. Ол жанартау шыңына асықты.
Содан кейін, Милтонның айтуы бойынша,
«өзін балап құдайға, Этна отына секірді» (Paradise Lost, п. 470).
Мэтью Арнольд бұл оқиғаны өзінің «Этнадағы Эмпедокл» шығармасында
драмаға айналдырды. Ол төмендегі өлең жолдарын кратердің ернеуінде
тұрған философтың аузына салады:
Сен бұл дүниеде енді тіршілік ететін жан емессің, Эмпедокл!
Тек жалынды жалмайтын ойдан өзге,
Тек мəңгі тынымсыз жалаң ақылдан өзге,
Бəрі сол бір элементтерге қайтып келер,
Бəрі өзінің шыққан тегіне:
Денелеріміз – жерге, Қанымыз – суға,
Жылуымыз – отқа, Тынысымыз – ауаға.
Олар жақсы туған еді, олар аман болар –
Бірақ ақыл не болмақ?..
(326-38 жолдары)
Арнольд философтың ақиқатқа деген махаббаты үшін марапат ретінде оның
өзі өлсе де, ақылы мəңгі жасай береді деп үміттендіреді.
Анаксагор
Егер Эмпедокл Дарвиннің ізбасары ретінде мəңгілікке аты жазылса, оның
замандасы Анаксагор қазіргі көпшілікке мəлім үлкен жарылыс
теориясының зияткер бабасы ретінде танылды. Анаксогор Измирге жақын
Клазоменде б.д.д. шамамен 500 жылы дүниеге келді. Ол Анаксименнің
оқушысы болуы мүмкін. Персия мен Грекия арасындағы соғыс біткеннен
кейін, ол Афинаға келіп, мемлекеттік қайраткер Периклден дəріс алды.
Осылайша, ол көрнекті философтардың алдыңғы қатарында болды. Афина
оларды не тəрбиелеп өсіреді, не құрметпен қарсы алады. Перикл беделінен
айырылғаннан кейін, Анаксагор да қуғынға түсті. Ол опасыздық жасады деп
айыпталып, Геллеспонттағы Лампсакқа қашты. Ол биліктен қуғын көргені
үшін халықтың құрметіне бөленіп, б.д.д. 428 жылға дейін өмір сүрді.
Оның сол жерде Ғаламның бастауы туралы мынандай əңгімесі бар: «Барлық
заттар бірге болды, шексіз көп жəне шексіз ұсақ, өйткені ұсақ та шексіз еді.
Бəрі бірге болғанымен, олар өте ұсақ болғандықтан танылуы мүмкін
болмады. Бəрі де шексіз ауа мен эфир астында болды» (KRS 467). Бұл
алғашқы уақ тас айналадағы эфир мен ауадан шығып айнала бастады жəне
одан жұлдыздар, күн мен ай қалыптасты. Айналудың нəтижесінде тығыздан
сирек бөлінді, ыстықтан суық, құрғақтан ылғал жəне жарықтан қараңғы
бөлінді. Бірақ бөліну ешқашан толық болмады жəне осы күнге дейін əр
бөлігінде қалғанының бөлігі қалды. Қарада аз ғана ақ болады, ыстықта аз
ғана суық жəне сол сияқты: заттар ондағы басым болған нəрсенің құрметіне
аталды (Aristotle, Ph. 1. 4. 187923). Бұл дəн сияқты айқын нəрсе, оның
құрамында шаш пен тəн сияқты тағы да басқа заттар бар; бірақ бұл біз
жейтін тағамға да қатысты шындық болуы керек (KRS 483-4, 496). Бұл
мағынада, бастапқы кездегідей, барлық заттар бірге.
Ғаламның кеңеюі қазір де жалғасып жатыр жəне болашақта да жалғасады
деп сендіреді Анаксагор (KRS 476). Мүмкін, ол біздің əлемнен өзге де
əлемнің пайда болуына түрткі болған шығар. Барлығы бəрінде болғанның
нəтижесінде, оның сөзінше:
Адамдар жəне басқа да тіршілік иелері пайда болды. Жəне адамдар
шаруашылықпен шұғылданып, біз секілді қалаларға қоныстанады, оларда
да күн, ай бар, басқа қалғаны да біздікіне ұқсас. Тура біздегідей жер адамзат
үшін пайдалы заттардың бəрін өндіреді. Мен бөліну үдерісі туралы бəрін
айттым, себебі бұл тек бізде ғана емес, басқа жерде де болуы əбден мүмкін
(KRS 498).
Анаксагор, осылайша, біздің ғалам көптеген ғаламдардың бірі болуы
мүмкін жəне ол ғаламдарда біз сияқты саналы тіршілік иелері қоныстанған
деген ойдың атасы болуға лайық. Бұл ойды кейінірек Джордано Бруно да
ұсынып, кейбір орталарда бұл идея əлі күнге дейін танымал болып келеді.
Анаксагордың ойынша, Ғаламның дамуына бастама беретін қозғалыс – сана
жұмысы. «Бəрі біртұтас болды: сонда Сана келді жəне бəрінің тəртібін
орнатты» (D.L. 2. 6). Сана шексіз, оқшауланған жəне элементтердің жалпы
бірігуіне ешқандай қатынасы жоқ; егер ондай жағдай бола қалса, онда ол
эволюция үдерісіне араласып кетіп, ештеңені бақылай алмай қалады. Мұнда
материяны бақылауға алған ақыл туралы ілім замандастарын
таңғалдырғаны соншалықты, олар Анаксагордың өзін Сана деп атап кетті.
Оның ілімі Платон мен Аристотельге қатты əсер етсе де, шын мəнінде, оның
іс жүзінде қалай болғанына баға беру қиын.
Платонның «Федон» диалогiнде өмірінің соңғы күндерінде түрмеде
отырған Сократ ежелгі философтардан табуға болатын жаратылыстанудың
механикалық түсініктемелеріне көңілі толмайтынын білдіреді. Ол
Анаксагор бəрін ақылмен, яғни санамен түсіндіргенін естігенде разы
болғанын айтады. Бірақ ол Анаксагордың өз еңбектерінде мəнге мүлде
сілтеме жасамағанына көңілі толмаған. Анаксагор Сократтың бүкіл əрекетін
оның ақылының қалауы бойынша атқарылатынын айтқан адамға ұқсайды.
Одан кейін ол осы түрмеде отырған себебін түсіндірді. Сүйектен жəне
сіңірден бастап өзінің дене бітімі туралы айтты, сонымен қатар осы
бөліктердің табиғаты мен қасиетін сөз етті. Бұл жерде оның афиналық
соттың үкіміне сəйкес түрмеде отырғаны дұрыс деп ойлағанын айтпауға да
болар. Телеологиялық түсінік механикалық теорияға қарағанда терең
болды. «Егер кімде-кім əр заттың қалай жаралатынын не болмаса
жойылатынын, не қалай тіршілік ететінін білгісі келсе: онда ол осы затқа
қалай қолайлы болатынын, яғни тіршілік ету ме, əрекет ету ме немесе
қандай да бір əдіспен оған ықпал ету керек пе – соны білуі керек» (Phd.
97d).
Анаксагор өз ақылын Құдай ақылына теңейді, бұл бөгде құдайларды
енгіздің деген афиналық соттың айып тағуына себепші болуы мүмкін еді.
Бірақ іс жүзінде оны опасыз деп кінəлау оның ғылыми болжамдарына
негізделген сияқты. Оның пікірі бойынша, Күн – Пелопоннестен де үлкен
металдың отты кесегі. Бұл күнді құдіретті деп табынып, қастерлеуге кереғар
пікір еді. Лампсакта қуғында жүргенде Анаксагор адамзатқа өзінің соңғы
жақсылығын жасады: ол мектеп демалысын ойлап тапты. Қала өкіметінің
«оны қалай құрметтесек болады?» деген сұрағына, өзінің қайтыс болатын
айында мектептегі балаларды оқудан босату керектігін айтты. Ол өзінің
мəтініне диаграммалар қосқан бірінші жазушы болып, ғылым жолына
түскен шəкірттердің ризашылығын алды.
Атомистер
Сократқа дейінгі кезеңде қазіргі заманғы ғылымның соңғы жəне ең керемет
ғылыми болжамына сəйкес келетін ойды милеттiк Левкипп жəне абдералық
Демокрит айтты. Олар, бір-бірінен ажырамайтын егіздер секілді, əрқашан
бірге айтылуына орай, екеуі де атомизм теориясының негізін салушылар
болып саналады. Алайда Левкипп туралы Демокриттің оқытушысы болды
дегеннен басқа ештеңе белгісіз. Біздің теория туралы біліміміз тек
Демокриттің сақталған жазбаларына ғана сүйенеді.
Демокрит – өте білімдар жəне өндіріп жазатын жазушы, поэзия мен
үндестіктен бастап, əскери тактика мен вавилондық дін ілімімен аяқтап,
түрлі тақырыптар бойынша шамамен сексен трактаттың авторы болды. Бұл
трактаттар түгелдей жоғалған. Алайда бұрын өмір сүрген басқа
философтармен салыстырғанда, Демокриттің үзінділерінің көпшілігі бізге
жеткен.
Демокрит Фракия жағалауында, Абдерада дүниеге келді жəне сондықтан
Грек түбегінде туған бірінші атақты философ болды. Оның туған уақыты
белгісіз, шамамен, біздің дəуірімізге дейінгі 470 пен 460 жылдар аралығы
болуы мүмкін. Ол Анаксагордан 40 жас кіші болды деген болжам бар. Ол
Анаксагордың кейбір идеяларын алды. Ол көп саяхаттады, Египет пен
Персияға барып қайтты. Бірақ көрген елдерінен айтарлықтай əсер алмады.
Бірде ол Персияның королі болғанша, бір ғана ғылыми жаңалық ашуды
қалайтынын айтты (D.L. 9.41; DK 68 B118).
Демокриттің негізгі тезисі – материя шексіз, бөлінбейтін денелерден
тұрады. Бұл тезисті нақты неге сүйеніп айтқаны бізге белгісіз. Бірақ
Аристотель былай деп болжады: егер біз заттардың кез келген бөлшегін
бөле алатынымызша бөлсек, біз ары қарай бөлінбейтін кіп-кішкентай
түйіршіктеріне жетіп, тоқтауға тура келеді. Біз заттың шексіздікке бөлінуіне
жол бере алмаймыз: бөліну орындалды деп ойлайық та, ары қарай сұрайық:
бөліну тағы жалғасса, не болады? Егер бөліктің шексіз санының
əрқайсысының кез келген шамасы болса, онда ол ары қарай бөлінуі керек,
ол біздің ғылыми болжамымызға қайшы келеді. Егер, екінші жағынан,
сақталған бөліктердің шамасы болмаса, онда олар қандай да бір шамаға
ешқашан тең бола алмайды: шексіздікке көбейтілген нөл бəрібір нөлге тең
болады. Сондықтан біз «бөліну соңына жетеді, ал мүмкін деген
бөлшектердің белгілі өлшемі мен пішіні бар дене болады» деген тоқтамға
табан тіреуіміз керек. Бұл кіп-кішкентай бөлінбейтін денелерді Демокрит
атомдар деп атады (грек тілінде бұл сөз «бөлінбейтін» дегенді білдірді)
(Aristotle, GC 1. 2. 316413-616).
Демокриттің пікірінше, атомдарды сезіммен анықтау мүмкін емес, өйткені
олар тым ұсақ; олар сан бойынша шексіз, шексіз көптүрлілікке өтеді жəне
əрқашан бар болады. Элеялықтардан айырмашылығы – ол вакуумның
болуы жорамалына ешқандай қайшылық жоқ деп сендірді: бос кеңістік
болған жəне бұл шексіз бос кеңістікте атомдар үнемі күн сəулесіндегі
тозаңдар секілді қозғалады. Олар түрлі пішінде болады: сол пішінімен (А
əрпі N əрпінен ерекшеленетін секілді, реті бойынша АN NA-дан
ерекшеленеді) жəне жағдайы бойынша (N Z-тен ерекшеленетін сияқты)
ерекшеленуі мүмкін. Олардың кейбірі иілген жəне дөңес болады, ал кейбірі
ілгектерге ұқсас, ал басқалары көзге ұқсас. Өзінің үздіксіз қозғалысында
олар соқтығысады жəне бір-бірімен байланысады (KRS 583). Күнделікті
өмірде орташа объектілер атомдар жиынтығы саналады. Олар кездейсоқ
соқтығысумен біріккен. Солардың құрылуы атомдар арасындағы
айырмашылықтар негізінде жүзеге асады (Aristotle, Metaph. А4. 98564-20;
KRS 556).
Анаксагор секілді Демокрит əлемнің көптігіне сенді.
Өлшемі бойынша ерекшеленетін əлемдердің шексіз саны бар. Кей
əлемдерде күн мен ай жоқ; басқаларда – айы да ірі, күні де ірі; ал
басқаларында – кішілеу; Бір əлем мен екінші əлемнің арасындағы
қашықтық əртүрлі. Кеңістіктің кейбір бөлігінде əлемдер көбірек, кей
жерінде азырақ; кей əлемдер өседі, басқалары кішірейеді; біреулері
көтеріледі, ал басқалары құлайды. Олар бір-бірімен соқтығысқан кезде
күйрейді. Жануарлары, өсімдіктері немесе суы жоқ əлемдер де бар (KRS
565).
Демокрит үшін атомдар мен бос кеңістік екі шындық саналады: біз су
немесе от, өсімдік немесе адам ретінде көретініміз – бар болғаны бос
кеңістіктегі атомдардың жиынтығы. Біз көретін сезімдік қасиеттер шынайы
емес: бұлар – шартты нəрселер.
Демокрит біз қабылдайтын сипаттардың атомдардың əр түрлерінен жəне
пішіндерінен қалай пайда болғанын нақтылап түсіндірді. Мысалы, өткір
иістер кішкентай, жіңішке, қырлы жəне тікенекті атомдардан жасалса, тəтті
дəмдер ірілеу, жұмыр, тегіс атомдардан түзілген. Бізге сана-сезіммен
берілген білім – атомистік теория беретін жарықпен салыстырғанда жай
ғана қараңғылық. Бұл пікірлерді негіздеу үшін Демокрит жүйелі
эпистемологияны жетілдірді.17
Демокрит əдеп туралы жəне физика туралы жазды. Көп афоризмдері
сақталды, олардың кейбіреулері əдеттегі көрініс болды жəне болады. Бірақ
оны үйреншікті даналықтың ақылгөй делдалы деп ойлау қате. Керісінше, 8тарауда көрсетілетіндей, жазбаларын мұқият оқысақ, оның мораль жүйесін
дамытқан алғашқы ойшылдардың бірі болғанына көзіміз жетеді.
Софистер
Демокриттің заманында Абдерадан шыққан жас отандасы Протагор
философтардың жаңа тобының – софистердің жетекшісі болды. Софистер
қаладан қалаға саяхаттап, түрлі пəндер бойынша кешенді білім тарататын
жиһанкез мұғалімдер еді. Олар өзінің білімін бергені үшін төлемақы
алатындықтан, оларды бірінші кəсіби философтар деп атауға болады.
Алайда олар, шын мəнінде, кең мағынадағы философияның аясынан да
шығып, жұртшылыққа оқытумен қатар басқа қызметтерін де ұсынды.
Философтардың ішіндегі сегіз қырлысы - Элидтік Гиппий математика,
астрономия, əн, тарих, əдебиет пен мифологияның білімдары болумен бірге,
тігінші мен етікші кəсібін де жетік меңгерген. Өзге софистер математика,
тарих, географияны оқытты. Барлық софистер шешен риторик болды. Олар
б.д.д. V ғасырдың ортасында Афинада бөлім беру арқылы дəулет жиды.
Мұндағы жастар сотта сөз сөйлеп үйрену үшін, саясатта көрінгісі келгендер
өздерінің оқуы мен тəлім алуы үшін айтарлықтай сома төлеуге дайын еді.
Софистер соттағы пікірталастар мен шешендік шеберлікке жүйелі зерттеу
жүргізді. Осы бəйгеде олар көптеген тақырып бойынша еңбектер жазды.
Олар грамматика негіздерінен бастады: Протагор зат есімге тек пен
етістіктерге жіктелу мен шақ түсінігін енгізген бірінші маман болды
(Aristotle, Ph. 3. 4. 14076-8). Содан соң олар құқық қорғау кезіндегі амал
мен дəлелдердің əдістерін атап шықты. Екіұшты мəтіндерді түсіндіріп,
бəсекелестерінің сөзін бағалау нəтижесінде, олар ең ежелгі əдебиет
сыншыларының бірі болды. Олар көпшілік алдында дəріс берді жəне
көріністер қойды. Ішінара үйрету мақсатымен болса, ішінара ойын-сауық
ретінде пікірталастар ұйымдастырды (D.L. 9. 53). Жалпы алғанда, олардың
рөлдері қазіргі заманғы мұғалімдердің, кеңесшілердің, адвокаттардың жəне
қоғам мен медиалық тұлғалармен байланысу мамандарының кəсіптерін
қамтыды.
Протагор алғаш Абдера елшісі ретінде Афинаға барып қайтты. Оны
афиналықтар құрметпен қарсы алып, тағы да бірнеше рет шақырды. Перикл
оны б.д.д. 444 жылы Италия оңтүстігіндегі ТуриядаҒы жаңа пан-эллиндік
колония үшін конституция құруын сұрады. Ол көпшілік алдындағы бірінші
баяндамасын Афинада трагик Еврипидтің үйінде жасады. Ол «Құдайлар
туралы» трактатын дауыстап оқыды. Оның кіріспе сөзі есте ұзақ сақталды:
«Құдайларға келер болсақ, олар бар ма, жоқ па — мен оған сенімді емеспін;
немесе олар неге ұқсайтынын білмеймін; оларды танып-білу жолында көп
нəрсенің көмескілігі мен адам өмірінің қысқалығы кедергі келтіреді» (D.L.
9. 51). Оның ең атақты мəтелі: «Адам – барлық заттың өлшемі». Бұл сөздері
өзі жетілдірген релятивистік эпистемологияның бастауы болды, ол осы
кітапта кейінірек түпкілікті қарастырылады.18
Протагор кез келген мəселенің екі жақты шабуылына дайын болған сияқты.
Жəне ол дəлел қанша əлсіз болса да, оны ұтымды уəжге айналдыра
алатынын мақтан тұтты. Бұл – өзінің ең нашар деген шəкіртіне пікірталаста
жеңіп шығуды үйрете білді дегеннің көрсеткіші. Бірақ Аристофан мен
Аристотельден басқа сыншылар ол өтірікті шындай етіп көрсетті деп
санады (Aristophanes, Clouds 112 ff., 656-7; Aristotle, Ph. 2. 24. 1402425).
Протагордың жаулары кезінде оның өз шəкірті Зальтты оқу ақысын
төлемегені үшін сотқа бергені туралы əңгімені есіне салуды ұнататын.
Эальт Протагордың үйреткеніне сəйкес бірде-бір істі ұтпадым деп, ақы
төлеуден бас тартқан еді. «Жақсы, - деп жауап берді Протагор, – егер бұл
істе мен жеңетін болсам, онда сіз төлеуіңіз керек, себебі үкім менің пайдама
шығарылды, ал егер сіз жеңетін болсаңыз, бұл жағдайда да сіз төлейсіз,
өйткені сіз істі ұтып тұрсыз» (D.L. 9. 56).
Тағы бір софист Прoдик Эгей теңізіндегі Кея аралынан Протагор секілді өз
мемлекетінің ресми ісі бойынша Афинаға келді. Ол тіл маманы болды.
Алайда грамматикаға қарағанда көбінесе семантикамен айналысты: оны
бірінші лексикограф деуге болады. Аристофан мен Платон оның
ықтияттылығын келеке еткен, ол шын мəнінде, синоним болып саналатын
сөздердің мағынасынан білінер-білінбес айырмашылығын іздеген. Алайда
негізінде Продикке тиесілі деген кейбір анықталған айырмашылықтар кейін
философияда маңызды орынға ие болды (мысалы, грек тіліндегі boulesthai
жəне еріthumein деген екі баламаның бірін «қалау» (Plato, Protagoras
34062).
Продик жас Геракл туралы романтикалық рухани əңгімені де жазды. Ол
адамгершілік пен кемшілік арасындағы қатынастарды екі əйел кейпінде
келтірді. Оның діннің пайда болуы туралы да теориясы болған. «Ежелгі
адамдар ай мен күнге, өзендер мен олардың бастауларына, тағы да өмірге не
пайдалы болса, соған құдайға табынатындай табынды; египеттіктер Нілге
қалай табынсақ, ол бізге солай көмектеседі деді» (DK 84 B5). Осылайша,
Гефестке сыйыну – отқа табыну, ал Деметраға сыйыну – нанға табыну
іспетті еді.
Сицилиядағы Леонтиниден шыққан Горгий бір кездері Эмпедоклдың
оқушысы болған. Ол Афинаның Сиракузаға қарсы соғысына көмекке елші
болып келген тағы бір софист еді. Ол сөзіне құлай сендіретін шешен ғана
емес, сонымен қатар антитеза мен риторикалық сұрақтарды қолданып
сөйлеудің түрлі тəсілін меңгерген риторика шебері болды. Өз заманында
оның стилі өте қатты құрметтелді. Бірақ кейінірек оған шектен тыс мəнерлі
деген баға берілді. Оның еңбектерінен философиялық қызығушылық
туындата алатын екі қысқа үзінді сақталды.
Басында троялық Еленаны Париспен бірге қашып кетіп, Троя соғысының
өртiн тұтандырғаны үшін айыптаушылардан қорғау мақсатында талас
жүреді. Онда Елена кінəлі емес делінеді. «Ол мұны Фортунаның тілегі
себебінен, құдайлардың шешімімен жəне мəжбүр болғандықтан істеді, оны
еркінен тыс ұрлап əкетті, немесе оны үгіттеді немесе ол көзсіз махаббаттың
құрбаны болды» (DK 82 B11, 21-4). Өз кезегінде Горгий бұл себептермен
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Батыс философиясының жаңа тарихы, Антика философиясы - 04