- 3nçe Sıynıf öçen çirattagı äsärne uku
- Бақыт құсы - Ыбырай Алтынсарин
🕙 2 minut uku
Баланың айласы
Süzlärneñ gomumi sanı 301
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 201
61.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
69.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
75.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Бір ғалым адам жапан далада келе жатып, аяқ астындағы бір үлкен тасқа сүрініп жығылыпты. «Бұл тас адамға зиян келтіретін тас екен, жолдан алып тастайын» деп ойлады. Сол оймен тасты көтеріп еді, астынан сандық шықты. Сандықты ашып еді, ішінен бір жылан шығып, ғалымға ұмтылды: «Шағамын», - деді. Ғалым айтты: «Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқындықтан жарыққа шығардым, жақсылыққа жамандық бар ма?»
Жылан айтты: «Бар». Ғалым айтты: «Олай болса, біреуге жүгінелік, төре саған тисе, шағарсың». Жылан да бұл сөзге тоқтады.
Екеуі келе жатып, түйеге жолықты. Түйеге бұлар істерінің мәнісін айтып еді, түйе айтты: «Жақсылыққа жамандық бар, не үшін десеңіз, мен адамның қанша ауыр жүгін, мүлкін тасып, өзімше қызмет етсем де, адам қай уақытта да шамамнан тысқары жүк артады, жүре алмасам, ұрып-соғып ренжітеді». Жылан мұны естіп, ғалымның мойнына бір оралды.
Мұнан шығып, жеміс ағашына келіп жүгінді. Жеміс ағашы: «Жақсылыққа жамандық бар, не үшін десеңіз, менің жемісіммен қанша адам күн көріп, пайдаланып тұрса да, жемісімді қолымен алмай, түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді». Жылан ғалымның мойнына тағы бір оралды.
Одан кейін итке жолығады. Ит те айтты: «Жақсылыққа жамандық бар, мен күні-түні ұйықтамай, иемнің мүлкін, малын бағып қызмет қылып едім, ақырында мен қартайып, ауру болған соң, ұрып, қуып жіберді».
Ғалым айтты: «Енді тағы біреуге жүгінелік, төре тағы саған тисе, шаға бер». Содан шығып, ойнап жүрген бір топ балаға келді. Ішінде бір бала ғалымға сәлем берді. Ғалым сәлемін алып, сол балаға істің жайын айтты. Бала естіп болып:
- Әй, ата, бекер сөйлейсің, осы қолыңдағы кіпкішкентай қобдишаға мойныңа үш оралған әйдік жылан сыюшы ма еді? - дейді. Сонда жылан айтты: «Бұл сөз рас», - деп. Бала: «Тіптен нанбаймын, бұл сөзге көзбен көрмей, кісі нанып болмайды», - деді. Сонда жылан баланы нандыру үшін барды да, иіріліп манағы қобдишаға кіріп жатты. Бала сонда тарс еткізіп, сандықты жауып, бекітті де, ғалымның қолына берді: «Апарып, алған орныңызға қойыңыз», - деді.

Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
- 3nçe Sıynıf öçen çirattagı äsärne uku
- Бақыт құсы - Ыбырай Алтынсарин