🕙 1 minut uku

Арыстан мен қозы

Süzlärneñ gomumi sanı 91
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 82
59.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
70.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
75.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  Бірде арыстан тұрған тордың ішіне жаңа туған қозыны әкеліп тастады. Түк білмейтін жаңа туған қозы арыстаннан қорқудың орнына, оның жанына жақын барып, үсті-басын иіскелеп, мазасын алады. Арыстанды өзімнің енем деп ойласа керек. Мұны көрген аң патшасы жас қозыны бас салып жеудің орнына, аңқиып тұрып қалды. Ал қозы болса, одан әрі еркінси, сүйкеніп тоқтар емес, қайта оған жабысып, жақындай түсті.
  Айбатты арыстан жас қозының сүйкімді сәби қылығына қайран қалғандай тәкаппар ұлылықпен әрі іштей бір бейкүнә жылылықпен қайта-қайта қарай берді. Оны жей салуға батылы жетпеді. Сөйтіп, аш арыстан еріксіз көзін жұмып, қалғып кетті.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.