🕙 2 minut uku

Аққұтандар

Süzlärneñ gomumi sanı 208
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 165
49.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
60.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
64.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  Наурыздың қызыл желі соғып өткен. Көп ұзамай Құмөзектегі ауылға қос аққұтан ұшып келеді. Үсенәлі атайдың ескі қорасының төбесіндегі былтырғы ұяларына оралады.
  Жұмыртқа салып, ұя басардың алдында екеулеп жүріп, ұяның ішін қамыстың үлпегіне, жүнжұрқаға толтырып, «жөндеу», «жақсарту» жұмыстарын жүргізеді. Одан соң қосарлана ұшып, көл жағасына барып қонады. "Жағадағы қоғалы, балдырлы таяздардан аяқтарын серең-серең көтеріп, қорек іздейді. Олардың қорегі - көлбақалар мен ұсақ итшабақтар. Аққұтандардың тұмсығының сыртылы - өзгеше бір әуен. Құмөзек ауылына сән беретін өзгеше ән.
  Үсенәлі атайға аққұтандардың жылы жаққа қай күні ұшып кететіндеріне дейін белгілі. Ал көктемде қызыл жел басылғаннан кейін, тура бір жұма өткесін ұшып келеді.
  Аққұтандар биыл да жаңылыспады. Олар ұшып келген күн Үсенәлі атай мен кішкентай Маран үшін ешбір мерекеден кем болмады.
  Аққұтандар, атасының айтуынша, кез келген мекенге, айта берсең, тіпті кез келген үйге ұя сала бермейтін көрінеді. Екі аққұтан бұлардың ескі қорасына ұя орнатты. Бұл тегін емес. Бұлардың үйіне құт пен береке дарыған.
  Маран осы арада атасының «құт» пен «береке» деген сөздерін түсініңкіремей қалады. «Ол басқа ешкімнің үйінде жоқ нәрсе ме?» деп сұрайды атасынан. Үсенәлі атай күледі. Құт пен берекенің осы ауылдағы барлық үйде де бар екенін айтады. Ал қүт деген, береке деген - жақсылық, қайғысыз әрі тыныш өмір.
  Аққұтандар жұптасып, көл жаққа ұшып кетеді. Маран мен атасы көңілдері әбден жайланып, үйлеріне қайтады.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.