Latin Common Turkic

Ақиқат Пен Аңыз - 18

Süzlärneñ gomumi sanı 3969
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2096
33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
16-шы армияның тұсы еді. Біздің 316-шы атқыштар дивизиясы генерал
Рокоссовскийдің қолындағы қуатты қарулардың бірі болды. Генерал
Панфилов қаза тапқанда қабырғасы қайысқан адамның бірі де сол кісі екен.
Оны менің батальоным 20 ноябрьде қоршаудан шығып келгенде майор
Елин мен комиссар Логвиненкодан естідік. Оның үстіне Рокоссовский мені
ең бірінші рет өз қолымен полк командирлігіне тағайындаған кісі. Оны
кітабымның «Сенім» деген тарауында айтқанмын. Ендеше, Москва
түбіндегі аса қатал, қанды ұрыстарды басымыздан бірге кешіргендіктен, ол
кісіні «біздің генерал» деп атауға хақым бар ма, жоқ па менің?
Сол кісінің қалауы бойынша генерал Чистяков 21-ші армияның
командашасы болып, Дон майданына кетті. Кім де болса қайратына көзі
жеткен адамдарды ғана өзіне серіктікке алады ғой. Генерал Чистяков оның
сенімін абыроймен орындады. Сталинградты жаудан азат етуде 21-ші
армия аса зор даңққа бөленіп 6-шы гвардиялық армия болып аталды. Содан
кейін бұл армия атақты Курск доғасында да үлкен ерлік көрсетті. Сөйтіп,
генерал-лейтенант атағын алған Чистяков тура бір жылдан кейін 1943
жылдың сентябірінде, 6-гвардиялық армияны бастап Калинин облысына
қайта келіп, 2-Балтық майданының қарамағына кірді.
Менің айтайын деп отырғаным генерал Чистяков Дон майданына кетер
алдындағы оқиға. 1942 жылы 26 сентябрь күні таңертең ерте корпус
командирі генерал Чистяков пен армия командашысы генерал Галицкий
екеуі келіп, біздің полктың қорғаныс шебін аралап көрді. Кетерінде
Чистяков маған кешке қарай корпус штабына кел деп бұйырды. Генерал
Галицкийдің қорғаныс шебін жақсарту жайындағы нұсқауларын орындап
болғаннан кейін, түс ауа, корпус штабы тұрған Княжий Клин қыстағы
қайдасың деп, Ақбоз атпен құйғыта кеп жөнелдім. Жолда, жиі қойылған
бақылау постыларының бірінен соң бірінен өтіп, документ көрсетіп жүріп,
кешігіңкіреп қалыппын.
Автор. Княжий Клин дейсіз бе?
Бауыржан. Иə.
Автор. Менің жинаған материалдарымның ішінде қырғыз ақыны
Сүйінбай Эралиевтің бір өлеңі бар еді. Сонда Княжий Клин деген сөз бар.
Тегі қырғыз ақыны Сізді сол деревняда көрген болуы керек. Сол өлеңді
оқып шықсам қайтеді?
Бауыржан. Оқығын.
ІІ
Автор. Өлеңнің аты «Ақбозат мінген қолбасы». Шекесінде: «Қазақ
халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлына» деген арнау сөз бар.
Княжий Клин селосы, Жайладық жетіп төрін біз, Майданнан жырақ жер
осы, Бұл бірақ күзет шебіміз.
Осында тоқсан жол-торап,
Ұмытпа жалғыз міндетті:
Мандатын тексер, тұр қарап, —
Кім келді, будан кім кетті.
...Ойқастап міне, Ақбоз ат
Жарқ етіп алдан көрінді.
Аспаннан əлде нақ сол сəт
Ақша бұлт оқыс бөлінді.
Құйғытып келед адырдан
Құрбыма айттым: «Бауыржан!
Тоқтатам құдай болса да,
Уставка бəрі бағынған!»
Сол, Момышұлы! Есіттім,
Аңыздай атын көптенгі.
Полкымен жолын кесіпті
Мəскеуге шапқан көп қолдың.
Болсам да қанық даңқына,
Көрмеп ем өзін өмірі.
Ойнайды желмен шалқыма
Бурканың екі өңірі.
Келеді зулап командир,
Майданда сондай ер екен!
Көрінді қызық маған бұл.
Тоқтатсам ол не дер екен?
Белгімді сезе қойды ма,
Тізгінін тежеп атының
Əлде не түсті ойына,
Аяңға көшті ақырын.
Кексе ме десем, жас екен,
Жігіттің дөйі тас бекем.
Жалынан сипап боз аттың
Аяулы тілде сөз қатты:
— Құлыны болып жүрмегей,
Қырғыздың əлде қазақтың?
«Қай тілде, — деп тұр, — сөз кебі»
Қадала маған қарады.
О, неткен өткір көздері!
— Өңмеңнен өтіп барады.
«Қырғызбын!» дедім қымсынып,
(Тоқтатқан үшін қаймыға).
— Бауырымсың,— ортақ тіршілік
— Барғанмын талай айлыңа...
Танитын ұл бол еліңе!
Қолымды алды иіліп,
Атылды Ақбоз еліре,
Айқасты тілеп сүйініп.
Еріне жағар əрбір ат,
Қасиетімен əрқандай.
Ал мына Ақбоз арғымақ
Ақ сүтке малып алғандай.
Арқырар Ақбоз ұрыста,
Айқастың қызып дуынан.
Жарқылдар қиғыр қылыш та,
Сығырай шығып қынынан.
«Жақсы аттың көркі ерімен,
Жарастық сондай бар мұнда:
Кинодан талай көріп ем,
Ер Чапай тұрды алдымда
Бауыржан. Аударған кім?
Автор. Мұзафар Əлімбаев. Қырғыз ақыны өзіңізді көрген тəрізді-ау өзі.
Бауыржан. Немесе біздің полкта болған қырғыз жігіттерінің бірінен
естіген болар. 316-ші дивизияның шүу басында негізі қырғыздар мен
қазақтардан құралғанымен, генерал Панфилов оны интернационалдық
дивизия етіп жасақтады. Онда орыстар да, украиндар да, белорустар да,
өзбектер де, татарлар да, азербайжандар да, башқұрттар да, чуваштар да,
ұйғырлар да жəне басқа көптеген ұлттардың өкілдері болды. Ұлттық
құрамы жағынан алғанда біздің дивизиямыз көп ұлтты Отанымыздың
кішірейтілген макеті сияқты еді. Мұндай құраманы коммунистік барлық
қасиеттерді жүрегіне жинаған нағыз интернационалист командир ғана
ойдағыдай басқара алатыны аян. Биік құзға салған бүркіт балапанындай,
асқар Алатаудың бөктерінде дүниеге келген жас дивизияның бесігін, күнітүні ұйқы көрместен, осынау Алматыдан сонау астанаға дейін тынымсыз
тербеткен генерал Панфилов дəл осындай кісі болды. Ол дивизияға керекті
командирлерді де əр ұлттың нағыз халықтық əскер — Қызыл Армия
қатарында шыңдалған патриот өкілдерінен таңдап алды. Міне осы орасан
шайқаста еліміздің өзге ұлт жауынгерлері сияқты, ұлы Манастың ұрпағы
қырғыз жігіттері де ересен ерлік көрсетті. Қырғыз-қазақ балалары, егіз
қозыдай болып, жау танкін жайратуға қол ұстасып қатар жүгірді.
Қайсарлығы да, қаһармандығы да ұқсас бұл екі халықтың ұлдары өжет
орыс жігіттерінің қос қанаты, өзге ұландардың жолдасын жауға бермес жан
серігі бола білді. Патшалы Ресей тұсында бір-бірімен құдай жұлысып
келген бұл екі халықтың Ұлы Октябрь революциясы шыңдаған болаттай
берік достығы осы соғыста одан сайын нығая түсті. Сүйікті Отанның
қасиетті жеріне қырғыз-қазақтың қаны қатар төгілді. Денелерін тілкемдеп
оқ тесіп бірнеше жерден жаралы болса да алғы шептен бір адым да артқа
шегінбеген олар қолдан қуат, буыннан əл кеткенде бір окоптың түбіне гүрс
етіп қатар құлап, құшақтасып жатып жан тапсырды. Сөйтіп олар
туысқандар моласына өздерінің ер достарымен қатар көмілді. Қырғыз
жігіттерінің керемет ерліктерін мен өз көзіммен сан рет көрдім. Дүйшенқұл
Шопошов, Бүркіт Əлішеров, Əшірбай Қоянкөзов, Тоқтағұл Шабеков тəрізді
ондаған қырғыз жігіттерінің қажыр-қайратына сүйсіндім. Мен осылардай
отаншыл ұл тəрбиелеген, сан жағынан кішкене де болса мүскене қырғыз
халқының алдына бас иемін! Жалғыз қырғыз халқы ғана емес, ақ сүтімен
тəрбиелеген адал ұлдарын Отан қорғау жолындағы қасиетті жорықтарға
бастау үшін менің полкімнің кейіннен мен басқарған 9-ші гвардиялық
дивизияның қарамағына берген орыс, украин, белорус, татар, еврей, грузин,
армян, азербайжан, тəжік, өзбек, башқұрт тағы басқа халықтардың алдына
тізе бүгіп, тəжім етемін!
Автор. Бұл жерде де біраз философияға бардыңыз, Бауке.
Бауыржан. Немене, менің философиям ұнамай отыр ма саған? Онда
тыңдамағын!
Автор. Қойдым, Бауке, қойдым. Ал Сіз қазір, қырғыз ақыны айтқандай
«аспаннан бөлінген ақ бұлттай» немесе «ақ сүтке малып алғандай» Ақбоз
атпен корпусқа қарай келе жатырсыз. Чистяковпен кездесейік, кəне.
ІІІ
Менің жаңағы сөзіме шамданып қалған Баукең дүрдиіп біраз үнсіз
отырды. Содан кейін, арамызда ештеңе болмағандай қайтадан сөзін
жалғады. Менің ойыма қазақтың бір ескі мақалы түсті. «Жаманның ашуы
— басы жерге жеткенше, жақсының ашуы — жібек орамал кепкенше»
деген осы екен-ау деп ойладым ішімнен.
Бауыржан. Мен корпус штабы тұрған жерге күн батар алдында келген
едім. Штабтағылар Сізге генерал блиндажға келсін деп бұйырды деді.
Блиндажда корпус комиссары. С. А. Егоров екеуі ғана отыр екен. Мен
генералға келгенімді баяндап рапорт бердім.
Панфилов марқұм кісімен тек қана «сіз» деп сөйлесуші еді. Тек қана
«жолдас пəленше» деп фамилияңды атайтын. Ал Чистяков ұрысарда
немесе бұйрық берерде ғана «сіз» деп сөйлеп, ресми емес жағдайда «сен»
деп жəне атыңды атап сөйлесе беретін.
— Кел, кел, Бауыржан, — деді ол маған қолын ұсынып. — Ескі
достардан жетпей тұрғаны сен ғанасың.
Буған қарап мен болатын əңгіменің ресми емес екенін аңғардым.
Əңгіме ресми болмаса да, мен өзімді ресми күйде ұстап, генералдан соң
комиссардың қолын алғаннан кейін де тік қалпымда тырп етпестен тұрып
қалдым.
Генерал стол басына шақырды. Өзі ортаға жайғасты да, комиссарға сол
жағынан, маған оң жағынан орын нұсқады. Отырарда, орындыққа тиіп
менің қылышым сарт ете қалды. Генерал жымиды да:
— Бұл қылышты қашан тастайсың, Бауыржан? — деді.
— Жауды жеңіп, əскерден босанғаннан кейін мұны музейге өткіземін,
жолдас генерал.
— Жігіт! Осындай өзгермейтін өз дəстүрі бар адамдарды ұнатамын, —
деді де генерал Егоровқа қарай бұрылып, содан соң оған өзінің мені ең
алғаш осы қылышты көтеріп шауып жүргенде көргенін айтты. — Бірақ сол
жолы астындағы атының құйрығын шауып алды бұл батыр. Ал оның
дəлелді себептері бар еді...
Мен қысылып, үнсіз отырдым. Генералдың адьютанты дастарқан
жайып, үшеуіміздің алдымызға ас қойды.
— Ал, Бауыржан, — деді генерал асқа икемделген ыңғай таптым. —
Мен ертең Москваға жүргелі отырмын. Тегі басқа жаққа ауысармын.
Ауыспасам қайтып келермін, кет демессіңдер.
— Əрине,— деді комиссар басын изеп. — Сол дұрыс болар еді.
— Оны бара көреміз, Сергей Александрович, — деді генерал сөзін
жалғап. — Басқа жолдастармен телефон арқылы тілдестім. Бірақ ешкімді
шақырмадым. Сені шақырып отырған себебім екеуміз 8-ші гвардиялық
Панфилов дивизиясынан бұрынғы ескі доспыз. Сонау Қиыр Шығыста,
қиын кездерде табысқан адамдармыз. Сондықтан сенімен қоштаспай кетуді
жөн көрмедім.
— Рақмет, жолдас генерал, — дедім мен басымды иіп. Генералдың бұл
сөзі маған соншама жылы тиді. Іштей қатты толқып, тебіреніп қалдым.
— Осыны, — деді генерал қырлы стаканды орталай құйылған арақты
қолына алып, — мына сіздердің денсаулықтарыңыз үшін, осы отырған
үшеуіміздің ұямыз 8-ші гвардиялық дивизия мен 2-ші гвардиялық
корпустың жəне менің туған жерім Калинин облысын жаудан толық азат
ету үшін күресіп жатқан Калинин майданы əскерлерінің жаңа табыстарға
жете беруі үшін, алып қоялық.
— Бəлкім, қайтып келерсіз, туған жеріңізді жаудан бірге азат етерміз,
Иван Михайлович, — деп күлді комиссар онымен жəне менімен стаканын
соғыстырып жатып.
Екінші тосты генералдың денсаулығы мен барған жерінде абыройлы
болуы үшін деп Егоров көтертті.
Ас арасында генерал тағы да Қиыр Шығыс туралы əңгіме қозғады.
Уссурий өлкесінің қаһарлы қысы біткеннен кейін қырқұлақ ауруы
басталатынын, əлденеше рет дивизия жауынгерлерін жүзімнің, ағаштың
жапырағын қайнатып ішкізіп, ащы пияз жегізіп аман алып қалатынымызды
айтты. Талай рет белуардан батпақ кешіп жасаған жорықтарымызды есіне
түсірді. Осы арада менің құйрығы шолақ ақбоз атты жаяу жетектеп, батпақ
кешіп дивизия штабынан полкке келгенім ойыма оралды да, генералға өмір
бойы тісімнен шығармай көкірегімде сақтап келген сұрағымды қойдым.
— Жолдас генерал, бір сұрақ қоюға бола ма?
— Сұра, Бауыржан, — деді генерал.
— Комбриг Дотоль мен полковник Коваленко кетіп, Сіз біздің
дивизияға келгеннен кейін бір күні мені шақырттыңыз, жолдас генерал.
Сонда мені тек қана атымның құйрығын шауып алғаным үшін дивизия
штабынан полкке дейін жаяу баруға жазалайын деп қана шақырдыңыз ба
жоқ əлде басқа себебі болып па еді?
Генерал ол оқиғаның желісін еске түсіріп, сəл ойланып алды да басын
шайқады.
— Жоқ, ол үшін емес. Сенің сол жолы халін мүшкіл болатын. Бірақ
менің сенімен сөйлесіп, кім екеніңді білмей жатып қолыңнан жетектетіп
қоя бергім келмеді.
— Онда мен осы өмірім, тіршілігім үшін Сізге қарыздар екенмін,
жолдас генерал.
— Егер олай десең сен ол қарызыңды əлденеше есе ғып, асырып өтедің,
Бауыржан.
— Онда менің Сізді əкемдей құшақтап, сүюіме рұқсат етіңіз, жолдас
генерал, — деп жүйе-жүйем босап, орнымнан тұрдым...
Тағы бір сұрақ көмейіме келген еді. Өткен апрельде, 8-ші гвардиялық
дивизиядан 2-гвардиялық корпусқа ауысып бара жатқанда генерал тағы да
мені шақырып алып, былай деген болатын.
— Сен туралы ойларым бар еді, оны жүзеге асырып үлгірмедім. Бірақ
Иван Ивановичке тапсырдым, сол кісі қамқорлық жасар, — деген.
Алдында сол ойыңыз не еді деп сұрағым келген болатын. Енді мына
əңгімеден кейін оны сұраудың ешқандай қажеттігі болмай қалды.
— Басқа қандай сұрағың бар? — деді генерал.
— Ешқандай сұрағым жоқ, — дедім мен екі аяғымды сарт еткізіп. —
Жолыңыз болсын, жолдас генерал, жауынгерлік зор табысқа жетуіңізге
тілектеспін!
Сөйтіп, генерал Чистяков Москваға аттанып кетті. Одан кейін Дон
майданына барғанын білдік.
Осылай деп Баукең бір тоқтап тағы да темекіге қол созды. Баукеңнің
аузынан шыққан сөздерге кəнігі хатшыдай болып төселіп алған менің оң
қолым жаза-жаза қатты салдырап қалған еді. Құрысын жазайын деп,
моторы жаңа ғана сөндірілген кішкене самолеттің пропеллеріндей
қалбаңдатып, қолымды бірер рет сермедім де, тез тоқтата қойдым.
Тоқтата қойғаным генерал-полковник Чистяковтың жоғарыда
келтірілген: «Бұлардан басқа Момышұлының маған ұнайтын тағы бір
қасиеті болатын, ол оның шыншылдығы еді. Мен оның қанша қиын болса
да, тіпті одан өзіне зиян келсе де тек қана шындықты айтатынын білуші
едім» — деген сөзі дəл осы сəтте сақ етіп қайтадан ойыма оралды.
Алғашында мен бұл сөзді журналдан оқып бергенімде «Оны неғыл
дейсің?» деп Баукең бетіме ажырая қараған болатын.
Генералдың бұл сөзіне Момышұлы мақтанатын, қуанатын болар деп
ойлап едім. Бірақ Баукең ондай нышан білдірмеді. Чистяковтың бұл сөздері
басылған журналды алтын тапқандай қуана қолтықтап ентелей басып,
ентіге кірген маған ол жылы қабақ көрсетпеді. Журналдағы өзі туралы
айтылған тамаша бағаны оқып бергенімде «оны неғыл дейсің?» деп зірк ете
түскенде мен қатты қысылып, шынымды айтсам, ренжіп қалдым. Сол сəтте
басыма осы кісі Чистяковті ұнатпай ма екен деген ой келді. Сасқанымнан
мен: «Жай, Бауке. Сол кісімен қалай кездескендеріңізді айтпайсыз ба?» дей
салғанмын. Бұрынғы барлық сұрақтарыма берген жауаптары сияқты,
Баукең бұл сұрағыма да жауап қайтаруға кіріскен. Бірақ ол жауап осындай
үлкен əңгімеге ұласып əрі драмалық, əрі жан тебірентерлік детальдары бар
дүние болып шығар деп тіпті де ойламаған едім. Генерал Чистяковтың өз
мемуарында жазған «Момышұлының маған ұнайтын тағы бір қасиеті —
шыншылдығы еді» дегенінің мəнісі міне енді келіп шықты. Мұны да
Баукең «Иə, біздің генерал ғажап кісі еді, мені жақсы көруші еді» деген
сияқты құрғақ сөздермен емес, жоғарыдағыдай, жан тебірентерлік əңгіме
етіп айтып берді. Онда да өзін-өзі дəріптеп, көтермелей сөйлеген жоқ,
генералды алға ұстай отырып, өзінің іс-əрекеттерін генералдың əртүрлі
бұйрықтарына байланыстыра баяндады. Ұзын ақ мүштікке жалғап, папирос
тұтатқалы жатқан Баукеңнің саласынан ет қашқан арық ұзын
саусақтарының діріл аралас қимылына көз сала отырып мен оның
шыныдай мөлдір шыншылдығына сүйсіндім. Сонымен бірге оның əңгіме
айтқыштық өнеріне тағы да ғажаптандым. Қандай сұрақ қойсаң да Баукең
оның жауабын өзінше сюжетке негіздеп, қарапайым да болса композицияға
желілеп айтады. Сюжет, композицияны ол алдын ала құрып алмайды, сенің
сұрағың қойылғаннан кейін соған жауап бере отырып, қиюластырып
құрастырып əкетеді. Бұл шапшаңдық оның əртүрлі жауынгерлік жағдайда
тез шешім қабылдап үйренгендігін, сонау ескі əскери дағдыны
танытқандай еді. Баукеңнің Чистяков жайындағы бұл əңгімесі мені одан
сайын толғандыра түсті. «Сенің қандай ғажап ұстаздарың болған, Бауке!
Сол ұстаздарың сені мəпелеп тəрбиелеген. Сені олар талай-талай апаттарға
жұмсап, шынықтырған. Апатқа жұмсау арқылы олар өзіңді апаттан алып
қалып отырған. Сенің тағы бір асыл қасиетің сол ұстаздарыңды ешқашан
ұмытпайтындығың. Тірісінде ұстаз тұтқан ағаларын көзі жұмыла сала
ұмытып кететін адамдар аз ба? Сен ондай кісі емессің Бауке. Сені халық
сол үшін де жақсы көреді».
Баукеңнің менің не ойлап отырғанымда шаруасы болған жоқ. Темекісін
тұтатып, бұрқ еткізіп аузынан түтін шығарды да: «Ал дайынсың ба? Енді
не сұраушы едің?» дегендей бұрылып маған қарады.
IV
Автор. 8-ші гвардиялық дивизияның Чистяковтан кейінгі командирі кім
болып еді, Бауке?
Бауыржан. Оны 1942 жылдың жазында полковник Серебряков деген кісі
басқарды. Ал күзде полковник Серебряков 3-ші екпінді армия штабына
оперативтік бөлімінің бастығы болып кетті де, дивизияға Панфиловтан
кейінгі алтыншы командир болып Ч. деген кісі келді...
Ал Иван Иванович Серебряковке келетін болсақ, ол кісі өте ақылды, өте
бейнетқор адам еді. Басынан кешкен тəжірибесі де ұшан-теңіз мол болатын.
Өйткені Иван Иванович бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысып, оны аға
унтер-офицер боп аяқтаған кісі. Содан соң азамат соғысының
университетінен өткен. Міне осы кісі 316-дивизия ең алғаш құрылғанда
штаб бастығы болып келген еді. Штаб жұмысын жанындай жақсы көретін,
өзіне тапсырылған істі жан-тəнімен беріле атқаратын. Біздің дивизияның
даңққа жетуіне бұл кісінің сіңірген еңбегі аз болған жоқ. Өйткені штаб
əскерді басқарудың тұтқасы ғой. Ал Серебряковтың қолындағы ол тұтқа
дивизия Москваға қарай жойқын ұрыспен жылжымалап шегінгенде де,
Крюковаға келіп табан тіреп тоқтағанда да, Москва түбінен ілгері қарай
шабуылға шыққанда да үнемі оңтайлы күйде болды. Қолындағы сегіз
таспалы бұзау тіс қамшының сабы мықты болса ғана оны жауыңның
басына найзағайдай жарқылдата сілтейсің. Сілтегеніңді сілейте аттан
құлатасың. Қамшыңның сабы сынық болса, онда ештеңе тындыра
алмайсың. Ал Серебряков штаб жұмысын əрқашан алып батырдың сегіз
таспалы бұзау тіс қамшысының ырғай сабындай ықшам күйде ұстады.
Бұған қарап полковник Серебряковты қағаздан бас көтермейтін
бюрократ екен деп əсте ойлауға болмайды. Оның қағаз құмарлығы өз ісіне
қалтқысыз берілгендіктің белгісі еді. Иван Иванович тек қана қағаздағы
жазу мен картадағы белгілерді оқуға ғана сауатты емес, сонымен бірге
адамның жүзіндегі ой мен жүрегіндегі сезімді оқуға да зерек кісі болатын.
Полковник Серебряков солдат үшін қоң етін кесіп беруге əрқашанда əзір
еді. Оның штаб жұмысын өте мұқият атқаруы да сондықтан болар деп
ойлаймын.
Жоғарыда мен Горюны түбіндегі қиян-кескі ұрыстар кезінде полковник
Серебряковтен өмірі ұмытылмайтын жылы хат алғанымды айтқан
болармын. Біз Горюны селосын тактикалық есеппен алдымен жауға беріп,
артынан оған кірген дұшпанды түнде тас-талқан ете құртып жіберіп,
селоны қайтадан өзіміз алып жанталасып жүрген түндердің бірінде мен
Серебряковтан... бұйрық емес, əкенің ұлына, ағаның інісіне жазатын
кəдуескі сəлем хатын алдым. Ол хатта полковник маған генерал
Панфиловтан бастап бəрінің біздің ісімізге риза болып жатқандығын
айтыпты. Қай полктің қай жерде екенін көрсетіп, генералдың жоғарыға
кеткенін хабарлапты. Содан кейін ісімізге рақмет айтып, алда да абыройлы
болуымызға тілектестік білдіріп қолын қойыпты.
Өзің ойлашы, Гитлер Москваны алуға топырлатып елу бір дивизиясын
айдаған екен. Соның тура бес дивизиясы біздің бір ғана 316-шы дивизияға
жабылған екен. Шекараны бұзғаннан бері күніне 20, 26, 30 километрден
алып, ілгері анталап келе жатқан жауды тұсаулы аттай шоқақтатып, күніне
бір-екі километрден артық алға аттатпай, бес дивизияның бірдей жағасын
жыртып жатқан дивизияның штабында тыныштық бола ма, жоқ па? Оның
адамдары бел шешіп бір сағат ұйықтай ала ма, жоқ па? Жоқ қой! Міне
сондай жағдайда: дивизия қос қанатын кезек қозғап тағы да бір-екі
шақырымға шегініп бара жатқанда, түн ортасында, бірнеше күн бойы
кірпік айқаспай көзге ұйқы, шақпақ қантқа жабылған қара шыбындай
үймелеп, шаршаған дене сырқырап тыныштық тілеп тұрған сəтте жартылай
қоршауда қалған батальонның командиріне ешкімнің бұйрығынсыз өз
еркімен хат жазу, сол хатты жазуға өзін-өзі күштеп көндіріп, анау адамның
жанына қуат боларлық жылы сөздер тауып қағазға түсіру, ол хатты оқ
астында иесіне жеткіздіріп беру кімнің қолынан келеді? Мұндай ауыр
жағдайда ондай іс əкеңнің де, адал досыңның да қолынан келе бермейді,
қарағым.
Міне Серебряковтың сол хаты қолыма тигенде мен сынық батальоным
бүтінделгендей, бүтін ротам батальонға айналғандай қуанып,
қайраттандым. Соғыс сияқты ауыр жағдайда жасалған адамгершілік адамға
қайрат береді екен. Серебряковтың сол ағалығын, адамгершілігін мен өлеөлгенше ұмытпаспын деп ойлаймын.
Автор. Полковник Серебряковтың ол хаты бар ма Сізде?
Бауыржан. Жоқ. 1942 жылы 1073-Талғар полкының құрылғанына бір
жыл толуын атап өттік. Полкымыздың штабы Холм түбіндегі Васильево
деген деревняда еді. Деревняның іргесіндегі орман ішінде айналасын
жасыл бұтақпен қоршап тастаған полк клубы болатын. Оны бəріміз
«Көгілдір клуб» деп атайтынбыз. Осы клубқа полктың əрбір ротасынан
өкілдер жиналды. Оған қатысуға дивизия командирі полковник
Серебряковтің өзі келді. Салтанатты жиналысты мен аштым. Қызыл
Армияның бір жасқа жаңа ғана толған жас полкының Москва түбінен
басталған даңқты жорықтарына қысқаша шолу жасай келіп, былай дедім:
— Орыстарда «крестный отец», қазақтарда «өкіл əке» деген сөздер бар.
«Крестный» деп жаңа туған жас нəрестеге ат қою салтанатына қатысқан
адамды айтады, «өкіл əке» деп сол жаңа туған нəрестенің кіндігін кесіп,
жерден көтеріп алған кіндік шешенің күйеуі аталады. Орысша, қазақша екі
түрлі айтылатын бұл екі сөздің мəн-мағынасы бірдей. Ал жас сəбидің
мінез-құлқы, адамгершілігі, ерлік-батырлығы бала туған кезде қасында
болған адамдарға тартады деген сөз жəне бар. Мен дұрыс айтып тұрмын ба,
жігіттер? — дедім залға дауыстап.
— Жөн!
— Дұрыс! — деп винтовкаларын тізелерінің арасына қысып ұстап
отырған солдаттар орысша, қазақша жамырай үн қатып жатты.
— Ендеше, — дедім мен сөзімді жалғап, — біздің полкымыз ең алғаш
дүниеге келгенде соны жас нəрестедей етіп жерден көтеріп, жөргекке орап
алған үш адам бар еді. Олар: генерал Панфилов, аға батальон комиссары
Егоров жəне полковник Серебряков болатын. Сондықтан да біздің
полкымызға генерал Панфиловтың ерлігі, комиссар Егоровтың
сабырлылығы, полковник Серебряковтың сезімталдығы дарыған. Біз
өзіміздің осы үш «крестныйымызды», үш «өкіл əкемізді» мəңгілік
мақтаныш етеміз!
Зал, команда берілгендей, тегіс орындарынан атып тұрды. Жауынгерлер
винтовкаларын оң қолдарына ұстап, тіп-тік боп тұра қалысты да:
— Панфиловқа, ура!
— Егоровқа, ура!
— Серебряковке, ура! — деп «көгілдір клубтың» түндігін көкке
желпілдете ұран салып жіберді. Ешкімнің басқаруынсыз, ешбір бұйрықсыз
жүздеген адамдардың жүрегін жарып шыққан бұл қуатты ұран жан
толқытарлық ғажап күй танытты. Бір сəтке өне бойды əлде бір күш кернеп,
сол күш денені абайсызда соққан электрдің тоғындай шымырлата, дірілдете
жөнелген сияқтанды. Сонау Алматыдан бері келе жатқан полк ардагері ескі
жауынгерлердің көздерінен бұрқ еткен жас көрінді.
Жауынгерлер орындарына қайтадан жайғасқаннан кейін мен
дауысымды құлағы босап кеткен домбыра шегіндей, қайта қатайтып,
сөзімді аяқтауға көштім.
— Жолдастар, жауынгерлер мен командирлер! Мен жаңа біздің
полкымызға полковник Серебряковтың сезімталдығы дарыған дедім. Олай
деуге менің əбден хақым бар. Өткен жылы ноябрьдің он сегізі күні генерал
Панфилов осы полктың бірінші батальонының командирі маған аса
жауапты бұйрық жіберді. Сол бұйрықты орындау жолында біз Горюны
деревнясын жауға бермеу үшін үш күн шайқастық. Батальон жартылай
қоршауда қалды. Сондай қиын жағдайда мен полковник Иван Иванович
Серебряковтан мынадай хат алдым, — деп омырау қалтамнан хатты алып
оқып шықтым, — Қиын жағдайда келген бұл хат маған орасан зор күш
берді. Батальон жаудың қоршауын бұзып шығып, тағы да дивизияға, полкке
кеп қосылды. Міне содан бері сегіз айдан аса уақыт өтті. Бұл хатты мен
күні бүгінге дейін жоғалтпастан офицерлік куəлігімнің ішінде сақтап
келемін. Енді міне бүгін Талғар полкының бір жасқа толған күні Москва
түбіндегі ұлы шайқастарда оқ тигізбей, отқа шарпылтпай аман алып
шыққан бұл хатты бүкіл бір батальонға қайрат берген Ұлы Отан
соғысының жауынгер документтерінің бірі ретінде Иван Ивановичтың
өзіне шын жүректен, аса зор ризашылықпен, құрметпен сыйлауыма рұқсат
етіңіздер. Бұл хат бір кісінің, тек менің ғана меншігім болып қалмай,
полковниктің басқа да документтерімен қосылып, ертең, жауды жеңгеннен
кейін, бүкіл халықтың меншігіне айналсын деген ниетпен сыйлаймын.
Осылай деп хатты полковниктің қолына бердім. Полковник бір
қызарып, бір бозарып, саусақтары сəл қалтырап хаттың бүктеуін аша
бастады. Өз жазуын, өз қолын танығаннан кейін ол басын изеп, қуана
күлімдеп, маған шын жүректен ризашылық білдірді. Оны жоғалтпай ұзақ
сақтағаным үшін рақмет айтты. «Москваға қауіп төнген қарбалас сəтте
асығыс сүйкектетіп алғы шепке жолдаған бұл бір жапырақ ағалық хатым,
достық сəлемім сіздерге қуат болуға жараса, онда мен бақыттымын» —
деді.
Иван Иванович Серебряков жалғыз бізге ғана емес, үн-түнсіз жүріп-ақ
өзінің іскерлігімен, білімділігімен, адамгершілік мол асыл парасатымен
талай адамға медет болған кісі еді. Соғыстан кейінгі алғашқы он жылдың
ішінде дүниеден қайтты. Барлық ісін айғай-шусыз атқарып, адамдарға адал
қызмет еткен, өз Отанына шексіз берілген асыл ұлдардың бірі еді,
жарықтық.
V
Автор. Одан кейін 1943 жылы Талғар полкының құрылғанына екі жыл
толғанын да атап өтіпсіздер ғой, Бауке. Онда Сізге қарулас достарыңыз
173825-номерлі маузер сыйлаған көрінеді.
Бауыржан. Оны кім айтты саған? Номерін қайдан білесің?
Автор. Менің архивтен алған материалдарымның ішінде мынадай бір
документ бар. Руқсат етсеңіз оқып берейін.
Бауыржан. Оқығын.
Автор. Бұл 19-шы гвардиялық атқыштар полкі 1943 жылы Сізге берген
№ 28 куəлік. Онда былай делінген:
КУƏЛІК
Берілді гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлына, себебі 19-ші
гвардиялық атқыштар полкының құрылғанына екі жыл толған күні оған
сыйлыққа: «Талғар полкының екі жылдығы күні гвардия полковнигі Б.
Момышұлына. 19-шы гв. атқыштар полкының ардагер офицерлерінен. 25.
7 .43 ж.» деген жазуы бар 173825 номерлі маузер тапсырылды.
19-шы гв. атқыштар полкының командирі
гв. майоры Курганский».
— Дұрыс па, Бауке?
Бауыржан. Дұрыс.
Автор. 19-шы гвардиялық полк деп отырғанымыз бұрынғы 1073атқыштар полкы ғой.
Бауыржан. Иə, И. Д. Курганский осы полктың алғаш негізін қаласқан
байырғы командирлерінің бірі еді. Соғысқа дейінгі мамандығы агроном
болатын. Бұл жау жүрек азамат алғашында рота, батальон командирі,
кейіннен менде полк штабының бастығы болды. Өрттей лаулап тұрған өжет
Курганскийдің талай ерлігіне, адамгершілігіне сүйсінген едім. Кейін мен
кеткенде ол 19-шы гвардиялық полктың командирі болып тағайындалды.
Өз қолымен маған маузер тапсырғандағы оның тебірене сөйлеген сөзі,
маған деген достық сүйіспеншілігі, туыстық ықыласы мəңгі есімде қалды...
Ер азамат содан бір жыл кейін, 19-шы гвардиялық полкты бастап Резекне
қаласын дұшпандардан азат етіп, енді Мадона қаласына беттегенде
ерлікпен қаза табады. Артынан подполковник Курганскийге Совет
Одағының Батыры атағы берілді. Бұл ұлы жорықта талай батыл солдат,
батыр командирлерден айрылдық қой, қарағым. Сөз арасында айта кетейін,
біздің 19-шы гвардиялық Талғар полкы ержүрек командирлерге кенде
болған жоқ. Оның Курганскийден кейінгі екінші командирі подполковник
Иван Леонтьевич Шапшаев 19-шы гвардиялық Талғар полкының Риганы
азат ету жəне дұшпанның Курляндия тобын талқандау ұрыстарында
көрсеткен ерекше еңбегі үшін Совет Одағының Батыры деген атаққа ие
болды. Айтпақшы, 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясында 19-шы
гвардиялық Талғар полкынан басқа ешбір полктың командирше Совет
Одағының Батыры атағы берілген жоқ. Ал Талғар полкінің екі командиріне
қатарынан бұл аса жоғары атақ берілді. Оның соңғысы Шапшаев соғысты
аман-есен аяқтап шықты. Өзіме тете командирлердің ішінде маған
Курганскийдің өлімі қатты батты. «Бауыржан, сен басқарған, сенің туған
жерінде жасақталған Талғар полкінің атағына кір келтірмеуге мен саған ант
етемін!» деген сөзі есіме түсіп, «Есіл ерім-ай!» деп талай рет егіліп алдым.
Дивизиядан қара үзіп, туырлықты тесіп өткен найзадай сұғынып, ілгері
ұмтылған 19-шы гвардия полкін жау қоршап алады. Арттан дивизия келіп
жеткенше полкты тып-типыл етіп жойып жіберуге тырысады. Сол қауіпті
сезген Курганский бес рет полкты өзі бастап атакаға шығады. Бірақ жау
темір шеңбердей қысып, уысынан шығармайды.
— Гвардиялық полк қоршауда қалып құрымайды. Ол өзінің анасы
сегізінші гвардиялық дивизияға барып қосылуға тиіс. Панфиловтың
батырлары, Бауыржанның бауырлары ешқандай қамауда қалмайды, қалайда
жарып шығады. Еріңдер соңымнан, ерлерім! — деп Курганский Талғар
полкін алтыншы рет атакаға бастайды. Барлық күшін бойына жинап,
ышқына соққан полк қоршауды бұзып өтеді. Бірақ оның ержүрек командирі
оққа ұшады. Сөйтіп Курганский өз өмірін қиып, полкты жойылудан сақтап
қалады.
Курганскийдің өлер алдындағы жаңағы сөздерін мен ол өлгеннен
кейінгі полктың екінші командирі Шапшаевтың өз аузынан естідім.
Соғыстан кейін Калинин қаласында онымен сан рет жолығып,
əңгімелестім.
«Соңғы атакаға шығарда Курганскийдің Панфиловты аузына алуы
заңды. Бірақ мені атамаған шығар?» деп одан қайталап та сұрадым.
Шапшаев Совет Одағының Батыры болса да екі иығын кезек түртіп,
шоқынып тұрып мынадай əңгіме айтып берді.
— Құдай ақыңа рас, — деді ол. — Онда мен батальон командирі едім.
Баяғы өзіңнің бірінші батальоныңды басқаратынмын. Полкқа жол ашуды
біздің батальонға жүктеді де, Курганский жауынгерлерге қысқаша сөз
сөйледі. Сонда жаңағы сөздерді айтты. Ол сөздерді бірнеше рет кейін мен
де айттым. Курганскийден кейін 19-шы гвардиялық Талғар полкының
командирі болып тағайындалдым. Онда біз генерал Қазақовтың
қарамағындағы 10-шы армияда, сенің 9-шы гвардиялық дивизияң генерал
Чистяковтың 6-шы гвардиялық армиясында болатын. Бұл екі армия талай
рет иін тіресіп, көрші жүрді емес пе. Қырық бесінші жылы мартта генерал
Казаковтың 10-шы армиясы шабуылға шыққанда 8-ші гвардиялық дивизия
жаудың ит тұмсығы өтпейтін қалың орман ішіндегі шебін талқандап,
бірінші боп алға ұмтылды. Оның ішінде Талғар полкы тағы да алға кетті.
Біз тағы да қоршауда қалдық. Панфилов дивизиясы мен өзінің уысынан
талай рет шығып кеткен Талғар полкына өшіккен жау бұл жолы бір полкқа
екі дивизиясын жапты. Бізге қарсы танктерін де айдап салды.
Артиллериядан да талай рет оқ боратты. Бізді сөйтіп он күн мыжғылады.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Ақиқат Пен Аңыз - 19
  • Büleklär
  • Ақиқат Пен Аңыз - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3876
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2089
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2044
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3998
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2150
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3948
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3974
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2222
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4015
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3878
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1905
    37.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3876
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3852
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2109
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1927
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3878
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4087
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2207
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4111
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2211
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2164
    30.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3983
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2100
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3906
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2118
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2096
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3860
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2051
    31.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3876
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3873
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2158
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3833
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3786
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1909
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3849
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1900
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3978
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2203
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3886
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2158
    30.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ақиқат Пен Аңыз - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3118
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1785
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.