Latin Common Turkic

Алыстан жəне жақыннан - 21

Süzlärneñ gomumi sanı 3854
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2493
26.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Ұлытаудың ұлыған ақ бораны...
Жаздар қалып артыңда,
Күздер қалып,
Бұл ғұмырда сен жүрген іздер қанық.
Алпысқа да алшаңдап бұрын жеттің
Елсізінде елудің біздер қалып.
Жылағанда жаныңда жыр ұлары,
Көз алдымда көк аспан құбылады.
Сіздің ауыл іргесі
біздің ауыл
Оқ боп жауған орыстың зымыраны.
Нар бағасын білетін
ар бағасын,
Тағдырласым сен менің
арналасым.
...Ұлар құсқа не дейміз көрмегесін
Ұлытауға не дейміз, бармағасын.
Өмір жарыс біреуге
Өлең – дүбір,
Тасыр тағдыр тыңдай ма
Керең ғұмыр.
Сарыарқаның сағымын сағынғанда
Көріп жүрсем жарайды төбеңді бір.
Жүрсін ақын,
Жүрсін дос,
Жүрсін аға,
Жақын туған жаныма жырсың аға.
Тағдырыңнан күткелі бір сыбаға
Тереңіңде тұмалар тұншыға ма?
...Ұлар құсты көрдің бе, Жүрсін ақын
Ұлытауға бардың ба Жүрсін аға!
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ
ІНІМ ЖҮРСІНГЕ
Атақ, абырой жігіттің мінер аты,
Бірде аласың,
қаласың бірде қапы
Жарық күн қалай керек болса əлемге
Халықтың керек солай махаббаты.
Бəрін айтты дүниеге жаршы халық,
Өзі берген сыйлықты алшы барып.
Абыройдың тұлпары келген күні
Неге тоқты соймасқа қан шығарып.
Жылқы жықсаң
оған да қарсы емес ел,
Той дуласа төрінде көңіл өсер.
Бір жуынып қалады қайран жаның,
Жауып-жауып өткендей қалың
нөсер.
Өткірлігін сынамай алмас деме,
Бөгегенді жолыңды жолдас деме.
Айтыстырып ақынның бағын аштың,
Бір қайырым құдайдан болмас неге.
Мырзалықпен досты алдың, ағаңды
алдың,
Ақынды айтыстыруға мамандандың.
Тұманбайдан басқаға «Волга»
сыйлап,
Ұстазыңа келгенде сараңдандың.
Ескі сыйлас болған соң ескі тамыр,
Қазылыққа шақырдың кей тұста бір.
Ақындықтың əмбесі өлең жазбай,
Бетін бұрып кетпесін айтысқа бұл.
Машиналар тозады, қалады өлең
Тауды құшақтастырған даламенен.
Əттең ағаң домбыра тарта алмайды,
Бір айтысып көрер ем Сараменен.
Əдетімен өзеннен өткіш ұлдың
Кішірмейтін жерлерде көп кішірдің.
Ескілерді ояттың,
жаңаларды,
Қанат байлап бердің де көкке ұшырдың.
Көнбейді ақын, ақындық бұйдалауға,
Жылынбасын кім келіп күйлі алауға.
Бүкіл мына айтыскер ақындардың
Қол басшысын хақым жоқ сайламауға.
Айтыстарда жан беріп, жан аларсың,
Беріп жатса ел сыйын тағы аларсың.
Алпысымда ағам деп ат мінгіздің,
Жетпісімде жағам деп жағаларсың.
Өз Тұмағаң
МОЛДАҒАЛИЕВ
ЖҮРСІНГЕ
Əзіл, қалжың дегенге беттемеймін,
Жылдарменен жасыңды шектемеймін.
Айтсам шыным, Жүрсінім,
айтып жүрген
Осы алпысың сен үшін
көп пе деймін.
Биігіме жеттім деп мақтанбайсың,
Қыз-қырқынға ұнаған ақ маңдайсың.
Қырықтың арғымағын мініп келіп,
Елудің есігін сен қаққандайсың.
Жүрсінім, жассың десем бір көнбейсің,
Қарттықта бақыт барын білгендейсің.
Қабылдап дауылын да, жауынын да
Отыздың ауылында жүргендейсің.
Егделіктің үстінен жай түсіріп
Шақырмайды жиырма жас
қайта ысқырып.
Ақын болып анадан туған бала,
Ақындарды шаршадың айтыстырып.
Бұл сайыста ерекше салмағың бар,
Айтысқандар аспанға самғадыңдар.
Қанша айтысып жүргенмен
іштеріңнен,
Бір Жамбылды шығар алмадыңдар.
Алтын тақтың иесі, күміс бақтың,
Көп сұраудың жауабын дұрыс таптың.
Тұлпар мініп қолыңа ту ұстамай.
Тұлпар беріп талайға ту ұстаттың.
Жассың əлі жүрегің өртеніп тұр,
Жастық шақтың өзіне еркелік қыл.
Мен де міндім қолыңнан бір тұлпарды
Бəйбішенің жолына жыр төгіп бір.
Əлпештеді жасынан жыршы гүлді,
Жыршы гүлдер жаныңа нұр сіңірді.
Мырза көңіл, ондағы жомарт жүрек
Жүзге апарсын аялап Жүрсінімді.
ТҰМАНБАЙ АҒАҢ
ЖЕРДЕ - ДИМАШ ЖАСАЙДЫ, КӨКТЕ - ҚҰДАЙ
Менің ойымша, билікке біздің айтыстың «Қонаевтай ер қайда?!»
деген аты ұнамаған сияқты.
Жүрсін Ерман. «Дат». 1 ақпан, 2012 жыл.
Бұлт төнгенде кей досың жатқа айналып,
Күн кешетін заман бұл қақпайланып.
«Қонаевтай ер қайда?!» – деген Жүрсін,
Буырқанған билікке жақпай қалып.
Намысы өліп, айналған құр сүлдеге,
Қара тобыр бұл жұртқа нұр сіңе ме?
Адалдықтың тұрса есіп ақ самалы,
Шамырқанып булықты Жүрсін неге?!
Кеудесінен көкке өрлеп күн шығатын,
Ол бар жерде қараулық тњншыгатын.
«Қонаевтай ер қайда?!» – деді ызалы,
Найзағайдай күркіреп Жүрсін ақын.
Ұлылардың барлығы ұмыт қалып,
Ұры ұлықтар жүр неге ұлықталып?
ІІІындық қалай айтылсын
Тұрса егерде,
Ақиқаттың ауызы құлыпталып.
Ескерткіші тұрса егер шың басында,
Өмір күліп ақпай ма жылғасында.
Туған елге сəулесі түгел түскен
Қонаевтай ер бар ма бұл ғасырда.
Көз жасына көп қалған жесірлердің,
Бірі, сірə, болды ма кесірлі елдің.
Ұлы рухы ұлтымның бола білген,
Ары неге тапталды есіл ердің?!
Аруақпен алысып, айқасқаны –
Билік көзін шел торлап, май басқаны.
Қонаевты мақтауға тыйым салып,
Қасарғаны сазарып қай сасқаны?!
Замананың көк мұнар тұманында,
Жүзем деме, ендеше, жылы ағында.
Құла құлан құдыққа құлағанда,
Бақа шығып ойнайтын құлағында.
Көкірегі күмбірлеп жырға толған,
Күндер қайда үй тігіп, қырға қонған.
Еңіреген ер қанша Біздің елде,
Қызғаныштың оғынан құрбан болған.
Алтын арай жарқырап келбетінде,
Бақыт сыйлап жүгірген елге күнде.
Қонаевты тарихтан өшіретін
Құдірет жоқ, ендеше, жер бетінде.
Тас атпаса егерде өткенге ұдай,
Дүмділерге артам ба өкпе бұлай.
Ел білетін, алайда, жалғыз шындық:
Жерде – Димаш жасайды, көкте – Құдай!
Рафаэль НИЯЗБЕК
ЖҮРСІН ТУРАЛЫ СӨЗ
Топқа да түсіп, тартысқа,
Отқа да түсіп əр тұста
Ағармай, сақал, самайың,
Ағызып жеттің алпысқа!
Басылмай балаң аптығың,
татып ең дəмін тəттінің.
Аузыңа жұртты қаратып,
алысқа тарап жатты үнің.
Желіп бір жүріп жер көрдің,
жеті жұрт тілін меңгердің.
Ағаның жақсы інісі,
тынысы болып – дем бердің!
Көзіне түсіп – Алаштың,
көкжиектерден əрі астың.
Іні біткеннің ағасы, –
жағасы болып жарастың.
«Айтысым» дедің, алыстың,
қасарыстың да қарыстың.
Сайқалдармен де санасып,
сайтандармен де табыстың.
Айтыса жүріп ат мінсең,
ағайын көңілін таптың сен.
Қайқы да қылыш бола алдың
қара бір қылды қақ тілсең.
Теперіштің де, тепкінің,
тезінде өтеді көп күнің.
Ашына жүріп,
ақыры
алаштан асып кетті үнің!
Тайды деп жолдан, жетектен,
Ағайын да бар кекеткен, –
Артады бірі ауыр жүк,
Тартады бірі етектен.
Ермедің елдің сөзіне,
бермедің билік езіне.
Қасқая қарап келесің, –
сенесің жалғыз өзіңе.
Күміс те көмей ақынсың,
Кім саған тізе батырсын.
Тең өскен тұтастарыңның
алдында келе жатырсың!...,
деп,
бір тоқтап алып:
****
... Алланың барын ескеріп,
Анау да мынау деспелік.
Жар болсын деумен Жасаған,
Жақсының
жолын кеспедік!...,
деп бітіріп едім бұл сөзді.
Сəкен ИМАНАСОВ
ЖҮРСІНГЕ!
Жасымаған жан едім, күрсінбеген,
Естіңдерші жігіттер, бір сыр менен:
Соңғы кезде отырдым наркотикке,
Наркотиктің аты бар – Жүрсін деген.
Сөйлеп кетсе елітіп, ырғалта ма,
Төрлеп кетсе төгілтіп, нұрланта ма?!
Жүн қалтасы болушы ед кемпірлердің,
Жүрсін менің айналды сыр қалтама.
Сан соқтырған кездерде жастар бізді,
Басқаға айтпас шерімді ақтарғызды.
Менің сырым ішіне тола-тола
Қалтасы не, бұл қазір қап тəрізді.
Буырқанса – келенің бурасындай.
Балбыраса – насыбай бұйрасындай.
Бар ма екен дүниеде басқа рахат
Бұл ұстаған демеуші бұйдасындай.
Жүрсін десе көлікі түсіп берем,
Жүрсін десе қиырға ұшып келем.
Жолды бөгіп кей-кезде қалатұғын
Жалғыз ғана кедергім – күшік деген.
Небір құсты көздейтін, небір аңды,
Не қулықты сезбейтін, не бұлаңды.
Қолды бастап жорта бер Айтыс атты,
Қайта туған қазаққа Қобыланды!
Өмірзақ СƏРСЕНОВ
ЖЫР ЖАЛАУЫ
Жырмен ұшып, ал бірде жырмен ағып,
От жүректің алауын Күннен алып,
Айдан алып аппақ сыр анау бір жыл
Қайтып едік Мəскеуге бірге барып.
Қуанышын арқалап, азабын да,
Қайнадыңыз осы өнер қазанында.
Айтыс өтті Мəскеуде халықаралық
Таң қалдырып орысын, қазағын да!
Тағы да бір қолға алып бастамасын,
Өлең, айтыс тең қақты қос қанатын.
Бөтен елде тамаша айтыс өтті –
Тамсандырып орыстың астанасын!
Көріп жүрміз өтуде сан дүрмектер,
Айтыс деген ғажайып! Ал күндеп көр.
Барғанша да келгенше əн ағытты,
Дəулеткерей, Ораздар, Балғынбектер.
Бір купеде менімен Оразалы,
Білінбеді сол сапар жол азабы.
Ауызашар дайындап зыр жүгірді
Бақыт жеңгем. Болатын ораза айы.
Демеп еді ақша етем, атақ етем,
(Болды ма əлде берілген бата бөтен).
Оразалы бауырдың ойлап тұрсам
Мəскеу барған ақырғы сапары екен.
... Қарсы алып сізді қанша күліп бектер,
Қазақтың бір жиынын ұлықты етті ел.
Жалыны мен қолдады Қырымбектер,
Дарынымен қолдады Ұлықбектер.
Қасиеті қазақтың жырланып кең,
Мəскеу төрі танысты күллі алыппен.
Жалын жүрек жастарға бата берді,
Мырзатайдай ағамыз мырзалықпен.
Дос, дұшпанның елемей табаларын,
Болғанша ой – өрт, күрестің сана – жалын.
Демеуші боп келеді дем көтеріп
Аманкелді, Өмірзақ ағаларым.
Атбегісі айтыстың, бастаушысы,
Бола білдің ұлы өнер жоқтаушысы.
Алтын арқау осынау сүрлеуіңді
Патшаның да кесетін жоқ қайшысы.
Қыран жырға айналып бала дəптер,
Қанат қақты – қарымын бағалап көр.
Жалаулатып жеңіспен қайтты ақындар
Сіз – қолбасшы болғанда олар – əскер.
Кəдірбек ҚҰНЫПИЯҰЛЫ
ДЫБЫСЫҢДЫ ЕСТИМІН
Дос жоқ қой менде.
ЖҮРСІН.
Досым жоқ деп налыма, дос дегенің баршылық,
Досқа қызмет еткенің – сүйіп тапқан жалшылық.
Қаңсығанда тамыры судан көріп таршылық.
Зар еңіреп жылайды жалғыз-жарым талшыбық.
Жылағанмен жалғыз тал малшынып көз жасына,
Жамыраған көк орман көшіп келмес қасына.
Қу далада қалғандай, Жүке, сонша шошыма,
Керек болса сенікі ердің артқы қасы да!
Ақансері ағаңдай еңіреме, жасыма,
Атың барда асықпа Сағынайдың асына.
Жеке барып шағынсаң Ұлытаудың тасына,
Елің қайтіп жиналар, Едігенің басына?
Жатып алсаң жапанда күңіреніп абыздай,
Өртенеді аспаның шілде менен тамыздай.
Жетім қозы тəріздес жүдеу көңіл марқаймас,
Өгей өмір бауырына өз қолыңмен жағызбай.
Досым жоқ деп аузыңды сүрткенменен қу шөппен,
Досын əкеп бере ме біреу саған бір шеттен.
Шыбын жаным аманда жүрегіме нұр сепкен,
Дыбысыңды естимін жер бетінде тырс еткен.
Бұлқынғанда бұрқ етіп, кеудедегі көк қайнар,
Сарынға түс сабырлы, сары өзендей төкпей зар.
Кермесіне жолатпай кермесіне қақпайлар,
Опырылса мама ағаш ортамызда ат байлар.
Адам тозар ішінен, жан-күйіңді түсінем,
Жатырқайсың жалғанда түңілгенде кісіден.
Қанжығада көрісер емеспіз ғой көк қоян,
Қашып жүріп жыртқыштың тырнағынан, тісінен.
Ақ сұңқары арманның заңғардан үн қататын,
Торға түссе торығар шет елге ұрлап сататын.
Үзілмейтін жұлындай күндер қайда құдай-ау,
Кісінескен құлындай шұрқырасқан жататын?!
Несіпбек АЙТҰЛЫ
ЖҮКЕҢЕ!
Көргендер түгіл көрмеген,
Артады саған сенім көп.
Қу басын ойлар пендеден,
Биіктеу тұрған АДАМ деп.
Алатау, Арқа, Алтайды,
Ақиық болып айналдық.
Ұлытау тіреп арқаңды,
Бұқардай бірде ойландық.
Теңесіп төбең асқармен,
Жырменен жиі кеңестің.
Махаңның ізін басқанмен,
Махаңдай шамшыл емессің.
Қарадан шыққан Қаракөк,
Қалайша жаның жайланар.
Шаян бол, жылан, ара боп,
Шағуын қоймас майдалар.
(Ұрпақтың қамын ойлаған,
Ұлыны ұғар қайда бар?!)
Қай кезде көшіру тоқтайды,
Берілер сонда бағаң да!
Арысын қазақ жоқтайды,
Орыны ойсырағанда.
Өзіңе қарай тартамын
Тұйыққа қалсам тіреліп!
Тыңайып сосын қайтамын
Ықыласыңа сүйеніп!
Самат АСҚАР
ЖҮРСІНГЕ!
Ақкөңілді Жүрсін деп,
Ағып тұрған жырсың деп,
Ардақтадық өзіңді,
Алып-ұшып тұрсың деп.
Артқа тастап жырыңды,
Айтысқа ендің тылсым көк.
Талай жасты жебедің,
Желек жайған гүлсің деп.
Таланттарын демедің,
Темір тұлпар мінсін деп.
Аяулы айтыс өнерін,
Жандандырып жүрсің деп.
Еңбегіңді елеп ал,
Құрметтеді пірсің деп.
Радиосы қазақтың
Күмбір қағып тұрсын деп,
Жаңа міндет жүктеді,
Еңбегі ерен сіңсін деп.
Еліміз озық елдердің
Қатарына кірсін деп,
Асау жүрек арынды,
Соға берсін дүрсілдеп.
Абдрахман АСЫЛБЕК
ЖҮРСІНГЕ
Ақынға жүрек берген сыздамалы,
Ауырған сол жүректен із қалады.
Армысың, Алашының қарашығы,
Аман ба, Алатаудың мұзбалағы?!
Танбайтын таза мінез, қалыпты ойдан
Атыңнан тағы айналдым тауып қойған
Қиясы – Алатаудың мекен болып,
Ұясы – Ұлытауда қалып қойған.
Өртеген өзегіңді өлең шығар,
Негізің болмаса өлең – неден шығар.
Ұлытау – Алатауға аманат қып,
Жүрсінім жүре берсін деген шығар.
Тіріге тілемейтін жаманаттық,
Деніңе тəңір берсін саламаттық.
Кешеулеу өтіп жатқан кешіңізге
Жан аға отырмысың қанағат қып.
Ей, аға, тағаң жерде, бағаң тауда,
Күншілдің таусылды ма оғы атарға.
Айтысың айдалада қатынас жоқ,
Ұқсайтын ұмыт қалған ақ Отауға.
Ұстанып, ұлылығын Ұлытаудың,
Жамылып, асқарлығын Алатаудың.
Лаулатып, шоғын үрлеп, отын жақтың
Аңыраған айдалада сол Отаудың.
Алаөкпе арбалдырып, алдандырып,
Алдымнан сақ-сақ күлер жалған тұрып.
Өрбіген сол отаудан ұл-қызыңды,
Жібердің малдандырып, жандандырып.
Ақыннның бəрі сіздей арындаса,
Жігіттің бəрі сіздей жалындаса.
Кеудеңде – кісіліктің күй сандығы,
Алдында Əдебиеттің арың таза.
Үзіліп, ар-ұятпен, кеңесіміз,
Бітпеді-ау аярлықпен егесіміз.
Жолығып, жатыр ма Аға жолыңызда,
Оралхан жазып кеткен Неге Осы Біз!
О, Аға, жете берші дегеніңе,
Өзіңе,
тілеулеспін өлеңіңе.
Сарыарқа сағынып жүр қошақанын
Қайтадан байлансаңшы көгеніңе!
Алдында Əдебиеттің ұят қарып,
Келесің тазалықпен мияттанып.
Аман-сау Алматыда-ақ жүре берші
Кішкентай Ұлытауың сияқтанып!
Балтабай БАТТАЛҒАЗИН
АЙТЫСТЫҢ АТАСЫ
Сен өмірге келгенде Қобыландым,
Шырқалғаны шындық қой қоңыр əннің.
Кім біліпті қазақты тербетерін,
Қосындағы қыпшақтың қоңыраулы үн.
Көрермені лақтырған соңынан гүл,
Таптың ба екен өнердің жолынан нұр.
Атқа шапсаң Ақбала анаңыз да
Дастарханын жаятын молынан бір.
Өңі əжімді, əйтсе де, жаны балғын,
Дəм татпады анаңның қолынан кім.
Ақ сүтінен Жұмақтың иісі аңқығанг
Сағындың ба жұпарын омыраудың?
Ұлытауда жаралған Қобыландым,
Ұлы өнерін ұлтыңның қолыңа алдың.
«Айтыс» атты айбарлы қағанаттың
Абсалютті Қағаны болып алдың.
Тасалардан тас атып тобыр əр күн,
Көрсетеді қоғамда жоғын Ардың.
Айтысың да абайсыз билік деген
Түсіп қалды астына «саңыраудың».
Оқ атса да артынан оғыланның,
Туар Айы оңынан, солынан Күн.
Үміт қылып үркітіп жіберем деп,
Сор да қалмас соңынан бағы бардың.
Орта жастан асқанда танып əркім,
Ортасында қалдың-ау кəрі даудың
Сен түгілі Мұхаммед пайғамбардың,
Тікен төгіп тастайтын жолына əркім.
P.S.
Бар кезіңде несіне жабығармын,
Жоқ болсаң да түбі бір жолығармын.
Бағаңызды білгенмен бүкіл қазақ,
Қадіріңе жетпейді-ау қалың Арғын...
Балғынбек ИМАШЕВ
ЖҮРСІН ЕРМАН – 60 ЖАС
Арнау
Алпыстың асқарына келген ақын
Ғаламдық жыр жақұтын терген ақын
Ұлтының айшықты өнері сөнбесін деп
Ғұмырын айтыс үшін берген ақын.
Ауылдан Астанаға барған ақын
Басына бақ береке жанған ақын
Сезініп нұр дидарын бір Аллаһтың
Ауылына Ақ Мешітті салған ақын.
Еліне шарапаты тиген ақын
Отына, ыстығына күйген ақын
Есінен еш шығармай Ата жұртын –
Елжіреп елін шексіз сүйген ақын.
Нəсібін пейілімен тапқан ақын
Шамшырақ жырдың отын жаққан ақын
Алпысың асқаралы құтты болсын
Масайрап, масаттанып мақтан ақын.
ЖҮРСІНГЕ
Айналайын атыңнан, інім Жүрсін!
Айтыстың ық жағында өзің тұрсын.
Салт айтысқа сыңаржақ «сайыскерлер».
Төл айтысты түсініп, мойын бұрсын!
Париж барып, айтысты дүрілдеттің,
Еуропаға Еліңді таныс еттің,
Əміренің əн салған сарайының.
Қақ төріне Қандастарды төрлеттің.
Сүйінбай мен Жамбылдың мұрагерін,
Апардың, жүзден жүйрік Құлагерін!
Қазақтың көк байрағын желбіреткен,
Халқымның қаһарманы болдың Ерім!
Жүрсін інім! Еңбегіңді елейін!
Жай қолыңды, Ақ батамды берейін:
Жортқанда жолдасың Қыдыр дос боп,
Көкке өрлеп, үстем болсын, мерейің!
Өмірдің өрінде бол,
Тектілердің төрінде бол.
Зиялының сөзінде бол.
Құрметтінің көгінде бол,
Еңбектің ебінде бол,
Қыдырдың көзінде бол.
Өзіңе-өзің сенімде бол.
Əмин!
Төлеш СТАНБЕКОВ
БІР СУРЕТ
Тірліктің алды – ақиқат, арты – жалған,
Болар деп кім ойлаған халқына арман.
Қасында Тұмағамның отырғанда,
Суретке екеуіңді тартып алғам.
Аға аман болсын деген тілекте едік,
Мынау сол тау тұлғадан бір естелік.
Соңында ботадай боп боздап қалған,
Жүрсеке, ініңізді жүр ескеріп.
Ортайып қалды бірден тола бағым,
Тілеймін енді жүрер жол аманын.
Мəз болып қуанушы ем еркелеген,
Қасынан көріп сені сол ағаның.
Ағартқан жыр жолында қара шашын,
Ағаммен əр кімің-ақ санасатын.
Дізесі бүкіл елдің дірілдейтін,
Əзілің сенің ғана жарасатын.
Көрсетіп көңіліңнің қырындысын,
Арнадың жүрекжарды жырыңды шын.
Мінгізіп ақ тұлпарды əйгілеп ең,
Ағаны əспеттеудің бір үлгісін.
Тұмаға – бүгін менің сағым құсым,
Жамылды ол ақыреттің жамылғысын.
Сен маған көрсетіп ең, Жүрсін аға,
Іні боп еркелеудің тағы үлгісін.
Аты өліп, қалғандаймын ерім белде,
Төккен бір түрі ғой бұл шерін кеуде.
Ағам жоқ алдымдағы кеше жүрген,
Қараймын жаутаң-жаутаң көрінгенге.
Жан аға, жүрегімнің жарасын ұқ,
Денемді қариды кеп қара суық.
Кешегі думан қайда, карта қайда,
Отырмын үйге сыймай аласұрып.
Мына күн бұлттанбай тұрса дұрыс,
Жасайсың елің үшін шырқап ірі іс.
Қосады сізбен бізді бір арнада,
Ағама деген ыстық бір сағыныш.
Басында бағы барда пенде семіз,
Ежелден мұң мен қайғы жерлес, егіз.
Ойласақ Тұмағаны сіз екеуміз,
Сағыныш деген белден кездесеміз.
Аға аман болсын деген тілекте едік,
Бұл сурет Тұмағаңнан бір естелік.
Соңында ботадай боп боздап қалған,
Жүрсеке, ініңізді жүр ескеріп.
Ауыт МҰҚИБЕК
ЖҮРСІН ЕРМАНҒА
Ұнамайды уəде құрғақ маған,
Жан емеспін көрінсе жырды аттаған...
Махамбетке ұқсайды , – деуші едің ғой
«... сақалым да, ... жүрісім бұлғақтаған».
Ойлаушы едім болар деп барсам тұрақ,
Жүрді бізді жырыңнан ар қамшылап.
Лебізіңнен байқадым қайсар аға,
Қалғандайсың қалжырап, шаршаңқырап.
Ағаларды алдыңда бел көресің,
Махамбетке ұқсайтын келді елесің.
Кімді аға тұтамыз сүйенетін,
Босап қалса алдағы сенген есім.
Келген шағың емес пе кемеліңе,
Жеміс берер дарақсың сен еліңе.
Асылдар тек қалмай ма асыл болып,
Сенбесімді білмеймін, сенеріме.
Бір жіп кетсе арқаудан мың жіп кетер,
Ауыр болса жүгіңді жылжып көтер.
Босама, аға, қайта сен ширыға түс,
Сен босасаң біздейлер жүнжіп кетер.
Əбдібек ƏБДІМАНАПҰЛЫ
ЖҮРСІН КЕЛДІ ШИЕЛІГЕ
Бисмиллаһир ирахманир рахим
Жүрсін келді ауылға Жүрсін келді,
Бірге жүріп жазайық құрысын белді.
Сері дəурен қашанғы серік болар,
Сүйретерміз ертең-ақ құр сүлдерді.
Жүрсін келді ауылға сері келді,
Серіге еріп періште, пері келді.
Əлмырзалар қайда жүр əніменен,
Тербеп жүрген Шиелі, Телікөлді.
Жүрсін келді ауылға айтыс келді,
Шығарамыз кімдерді айтысқа енді.
Нартайлардың қайда жүр ізбасары
Асқақтатып тастайтын айтыста елді.
Жүрсін келді Шиеліге салдық құрып,
Деп жүрмеңдер: «Кешірек қалдық біліп».
Алтыбақан, ақ сүйек шақырады,
Жасырынар ішінде барлық қылық...
Жүрсін келді ағайын, өлең келді,
Ағытылсын өлеңдер көгендеулі.
Серіге еріп сергісін сері көңіл,
Серілікпен ұмытып желеулерді...
Бақтыбай АЙНАБЕКОВ
ЖҮРСІН ЕРМАНҒА
Анаңды көрдім сұраған сені Жаббардан,
Жарыңды көрдім жайып сап жанын ақтарған.
Сонау жылдары Сəтбаевтағы жас Жүрсін,
Жалаң төсінде жамырап қанша жатты арман?!
Анаңды білем жалғызға медет тілеген,
Жарыңды білем жайыңды ойлап жүдеген.
Əпкеңді білем, білемін Сақыпжамалды,
Жапырақ жайып, жайқалып өскен бір емен!
«Жүр, – дедің, – Темке, мен туған сонау елді көр!»
Еліңде, ой-хой, жігіттер қанша жөн білер?!
Аңқылдап шықты алдыңнан абзал достарың:
Шымболат, Мұхтар, Орынбек, Амангелділер!
О, неткен мейірім, о, неткен ғажап өнеге?!
Көтерудей-ақ көтерді-ау бізді төбеге!
Бағланның еті...
Арда емген ала тай сойды,
Шалқарда жүзген шалқыдық ұқсап кемеге!
Картаны айтпан...
Қозғама қойдым о жағын,
Сол күндерді аңсап əлі де мойным созамын.
Сен туған жерден аттанған едім сонда мен,
Алтынға балап топырғыңның тозаңын!
Жеріне ері лайық туса – мерейлі!
Көбісі – көбік...
Бүлкілдеткенмен көмейді.
Жарыста талай жарқылдап озып бəйге алдың,
Алқаға түссең, аруақтарың жебейді.
Жидебай жақтан жырыңа жар боп жатса абай,
Алпыстағы ағаң иеді басын ақ самай.
Тарта бер, Жүкем, тоқсан мен жүзді бетке алып,
Жалғанды жалғыз билеп-төстеген патшадай!
Темірше САРЫБАЙҰЛЫ
СІЗ БАҚЫТТЫ ЖАНСЫЗ
(Жүрсін аға – 60 жаста)
Аға, сіз бақытты жансыз,
Атадан асқақ туған.
Анадан адал сүт еміп,
Ұлытау – белін буған.
Пенде боп осал емессіз
Бас еркі азат, азамат.
Ерлерден қалған елессіз,
Кеткенде «кеңес» тазалап.
Биіксіз, биік – ар кеуде
Басыңыз бастың орнында.
Азамат – ерлер бар деуге
Мойынға басты қор қылма.
Алшаңдай басып жүре бер,
Жүрісі жаман күйінсін.
Соққанда шабыт түрегел,
Жыр оқып жұртың сүйінсін.
Мақаммен мықты сөз деген,
Үніңіз бөлек өзгеден.
Еліктейтіндер де аз емес,
Көремін көкірек, көзбенен.
Болмай-ақ қойсын тағыңыз,
Жетеді баста бағыңыз.
Тілекшің болған қазаққа
Тік қарап тұрып жағыңыз.
Сүйген жар, ұл-қыз – мəртебең,
Ақынсың жазған мəрт өлең.
Шаршасаң жанға жайлауың –
Достарың шыққан əр төбең...
Айтыстың болдың əкесі,
Аңыздан маңыз жасаған.
Көрсоқырлардың көкесі,
Тығылып көрер тасадан.
«Жүрсіннің жүйріктері» боп,
Қаншама тұлпар танылды?
Іштері күйген тұз жалап,
Ауадай жұтты шаңыңды.
Мейірін елдің қандырып,
Жанарын шоқтай жандырып.
Жүріңіз көздің алдында,
Ер Жүрсін, аға, мəңгілік!..
Қымбат ƏБІЛДƏҚЫЗЫ
Айтыс туралы
Жүрсiн Ермановтың
мерейтойына мəзiр
Айтыс деген үлкен өнер, тек қазаққа тќнтi екен,
Ақындардың елдiң мұңын жырлайтыны салты екен.
Жүректiсi ел алдында ханға да қарсы мiн айтқан,
Сол себептен ақындардың қорғаушысы халқы екен.
Ақын келсе бүкiл ауыл бар шаруасын тастаған,
Жабырқаған халқын ылғи жақсылыққа бастаған.
Ақындары күндiз-түнi ел алдында жыр төгiп,
Ақын айтса бүкiл халық соңына ерiп қостаған.
Таң атқанша ұйықтамай-ақ тыңдайтынбыз бiздер де,
Жақсылыққа жетелейтiн ақын айтқан сөздер де.
Ол кездерде баламыз ғой, жетiлмеген санамыз,
Кейiн бiлдiк, мұндай дќстүр жоқ екен ғой өзге елде.
Бұл өнердiң оты өшiп, қалды ұзақ тұтанбай,
Жүрдiк бiраз өшкен отты жағуға да бата алмай.
Ұлтжанды азаматтар қозғау салды бұл iске,
Айтыс деген өнерiмiз қалды ғой деп аталмай.
Соның бiрi – менiң досым, Жүрсiн батыр, Ерманов,
Өшiп қалған сол айтысты қайта жақты қолға алып.
Таразыға салса егер халқына ол бергенiн,
Басқалардан басып тұрар Жүрсiн жағы, болды анық.
Осы өнерге салды Жүрсiн қажыры мен қайратын,
Айтыс деген сөзбен бiрге шегелеп-ақ қойды атын.
Қаншама жыл жүйке, күшiн сарып қылды айтысқа,
Өз өлеңiн жазуға да уақыт таппай ойлы ақын.
60-қа да келдi досым, 60 асу асқаны,
Жүрсiн жайлы жылы сөздер жазып жатыр достары,
Бұл күндерi ақын-достың тұр жұлдызы жарқырап,
Бұл күндерi айтыстың да ашылып тұр аспаны.
Туғанбай ЖАНЫСБАЕВ.
ЖҮРСІННІҢ ҚАЛЖЫҢДАРЫ
VІІ БӨЛІМ
Бірде Жүрсін Ерман мен жары Бақытжамал екеуі Астанаға келгенде
досы, ақын Несіпбек Айтұлы үйіне қонаққа шақырады. Алыстан ат
терлетіп қонақтарға арнайы қонақасы беріледі. Бір-бірін көптен
көрмеген екі құрдас дастархан басында əдемі əзілдесіп отырады. Бір
кезде Несіпбек жақында немересі үйленетінін айтып, Жүкеңе «Мен
енді Алла бұйырса шөбере сүйіп ата емес – баба болам, сен далада
қалдың» деп қалжындайды. Жүкең болса «Сен баба болсаң боларсың,
ал сонда кемпірің кім болады?» деп сұрайды. Несағаң «Кемпірім
кейуана болады» депті. Жүрсін қулана күліп алып, «Е, онда
кейуананың күйеуі баба емес, диуана болады ғой» деген екен.
Досының тапқырлығына риза болған Несағаң бастаған дастархан
басындағылар ду күліпті.
***
Тағы бірде Жүрсін Ерман жолаушылап келе жатып жанындағы
адамдармен бір ауылдағы үйге құдайы қонақ болыпты. Көгілдір
экраннан көріп жүрген адамды көзбен көргенде есі шығып кеткен үй
иесі сасқалақтап «Жүке, қош келдіңіздер, сіздерге ет асайық па əлде
қуырдақ қуырып жіберсін бе?» деп жүгіріп жүр дейді. Сонда саспайтын
Жүкең «Үйлеріңізде қазандарыңыз біреу-ақ па еді?» деген екен.
***
Алматы қаласындағы бір думанды тойдың үстінде жетісулық əнші
Нұржан Жанпейісов қазақтың халық əні «Жиырма жеті қызды»
шырқайды. Тойға келген қонақтардың ортасында отырған Жүрсін
Ерман үзіліс кезінде кездесіп қалған əншіге «Нұржан, жаңағы
орындаған халық əні бұрында «Он алты қыз» сияқты еді ғой. қалған он
бірі қайдан келген? Оралмандар ма?» деп жұртты ду күлдіріпті.
***
Алматыға айтысқа келгенде ақшасы таусылған ақындардың біразы
Жүрсін Ерманнан қарызға ақша алып жүреді екен. Алған ақшаларын
кейде қайтарады, кейде ұмыттырып қайтармайды дегендей. Сондай
бір айтыстың кезінде Жүрсінге еркелеп жүрген екі інілері қарызға
ақша алса керек. Айтыстың соңында Жүкең əлгі екі ақынды сахнаға
мақтап отырып шақырып, қолдарына «арнайы сыйлық» деп бір-бір
конверттен ұстатады. Айтыстан жүлде алдық деп марқайған ақындар
сахна сыртына шығып конвертті ашса ішінде ақша емес, бүктеулі ақ
қағаз жүр дейді. Сөйтсе Жүрсін бір суретшіге екі саусақтың арасына бас
бармақты шығарған суретті салдырып конвертке салып қойған екен.
Қарызды қайтарып алудың əдісін ойлап тапқан Жүкең екі інісіне
дайындаған «арнайы сыйлығын» ел алдында тапсырып, конверттің
ішінен өзінің қарызға берген ақшасын алып қалған екен.
***
Бірде Қарт Каспийдің жағасындағы Ақтау қаласында дүбірлеген
айтыс өтеді. Айтысты ұйымдастырушылардың ішінде намаз оқитын
діндар азаматтар да бар екен. Сол ұйымдастырушылардың бірі
адамдармен қоштасқан кезде «Иншалла, жұмақта жолығайық» деген
сөзді əдет қылса керек. Айтыстың соңында əлгі намазхан жігіт келген
қонақтармен қоштасып тұрып əдеттегі сөзін қайталай береді. Содан
мезі болған Жүрсін: «Сен елдің бəрін жұмаққа шақырып алып, біз
барғанда өзің болмай қалып жүрме!» депті.
***
Ақын Рафаэль Ниязбеков бір отырыста Жүрсінді мақтауын
жеткізейін деп: «Жүрсін деген арыстан кеуделі, жолбарыс жүректі
азаматымыз ғой» деп бастай жөнеліпті. Оңтайлы сəтті қалт
жібермейтін, қазақы қалжыңға жүйрік Жүкең: «Оу, Рафеке, мақтаймын
деп менің кеудемді зоопаркке айналдырып жібердіңіз ғой» деген екен.
***
Жүрсін Ерман «Қазақ радиосында» Бас директор болып жүрген
кезінде қарамағында істейтін пародияшы Олжас Сыдықбеков бір
асығыс жағдайлармен жұмыстан сұрануға барады. Түскі үзіліске
шығып бара жатқан бастығымен қарамас-қарсы кезігіп қалған Олжас:
«Жүрсін аға, сізде бір шаруам бар еді» дейді қипақтап. Жүкең: «Түстен
кейін кел» дейді. Жаңағы жағдайдан кешігіп қалам ба деп қауіптенген
Олжас: «Түстен кейін ешқайда кетіп қалмайсыз ба?» деп тақымдайды.
Жүкең болса «Ей, енді саған ант-су ішейін бе?» деп бұрылып кете
береді. Біршама уақыттан соң төменгі қабатқа түскен Олжас бір
шаруаларымен бөгеліп тұрған бастығына тағы қарама-қарсы кезігеді.
Сонда Жүкең: «Олжас, сен бағана маған түстен кейін орныңызда
отыратын болыңыз дедің бе, не деп едің?» деп қулана күліпті.
***
Меценат Өмірзақ Сəрсеновтің ауылы Бақанаста өтетін бір айтысқа
бара жатқан бір топ зиялы қауым жол ортада көліктерін тоқтатып,
табиғат аясында тыныстап тұрады. Белгілі əнші Бекболат Тілеухан
қасындағы Жүрсін Ерман, Өмірзақ Сəрсенов, Мақпал Жүнісова, Олжас
Сыдықбеков т.б. бір қауым адамдардың ортасында өзінің Шерхан
Мұртаза, Ақселеу Сейдімбек сияқты белгілі адамдарға қалай
үйреткенін əңгімелеп айтып тұрады. Əңгіме қыза келе Бекболат
насыбай атудың мəдениетін көрсетпек болып қалтасынан шақшасын
іздейді. Сөйтсе ол анадай жерде тұрған көліктің ішіндегі костюмнің
қалтасында қалып қойған екен. Қасында тұрғандардан шақша сұраса,
олар да көлікте қалдырғандарын айтады. Шақшасын алдырмақшы
болған Бекең өзі отырған көліктің шопырының атын есіне түсіре
алмай «Асхат, Мақсат, Қанат, Самат» деп бірнеше адамның атын атап
шақыра бастайды. Бір жерге жиналып алып өздері қауқылдасып
отырған шопырладың ешқайсысы оған селт ете қоймайды. Бір кезде
Жүрсін өзінің ерекше қоңыр даусымен гүж етіп: «Əй, шопыр бала, сенің
атың кім еді?» дегенде ғана назар аударған жүргізуші жігіт: «атым
Ербол» дейді сасқан кейіпте. Сонда Жүкең Бекболатқа бұрылып:
«Жаңағы сен айтқан аттардың мынаның ішінде бір əрпі де жоқ қой»
депті.
***
Жүрсін Ерман Қазақ радиосын басқарып жүрген кезде жақында ғана
тұрмысқа шығатын хатшы қыз «ауырдым» сылтау айтып жұмысқа
бірде келіп, бірде келмей жүріпті. Хатшы қыздың сылтауынан мезі
болған Жүкең: «Егер күйеуге тиген денсаулығыңа жақпаса ажырасып
кет» деген екен.
***
Парламент Мəжілісі тарағаннан кейін бір үйде қонақта отырған
бұрынғы депутат Бекболат Тілеухан: «Жұмысы жоқтық, тамағы
тоқтық, Аздырар адам баласын деп Абай дəл айтқан. Сол замандағы
Абай атамыздың сөзі қазіргі біздің жұмыссыз жүрген жастарымызға
айтылған сияқты» деп өз пікірін ортаға салып отырады. Сонда
қонақтардың арасында тыңдап отырған Жүрсін: «Бекболат, сен осы
қазір жұмыссыз жүр емессің бе?» депті түк білмегендей.
***
Бір күні Қазақ радиосындағы Бас директор Жүрсін Ерманның
кабинетінің алдында отыратын хатшы қыз қазіргі жастардың сəн
үлгісі бойынша екі құлағына үлкендігі өзінің басының жартысындай
дөңгелек сырға тағып келіпті. Соны байқаған Жүкең: «Сен өзі құлағыңа
люстра тағып алғансың ба?» деген екен.
***
Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Бала би ауылына ат
басын бұрған Жүрсін Ерманның қасында құрдасы Жұмабай
Шаштайұлы да бар екен. Үй иелері анау-мынау шаруасымен сыртқа
шығып кеткен кезде Жұмабай:
– Бұл қыпшақтар – ежелден жауынгер халық. Осы үй де
қыпшақтардікі емес пе. Қорықпай орталарыңда отырғанымның өзі
ерлік емес пе? – деп қалжыңдапты. Сонда Жүрсін:
– Ей, шапырашты Шаштай! Осы үйде менен басқа қыпшақты қайдан
көріп отырсың? Қорыққанға қос көрінеді деген осы екен ғой! – депті.
Ел аузынан жинаған
Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗИН.

Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
  • Büleklär
  • Алыстан жəне жақыннан - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4065
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2738
    23.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4022
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2611
    28.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2403
    30.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2447
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2377
    30.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2408
    25.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3939
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2369
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3821
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3885
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3858
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2190
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3828
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    30.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3890
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2453
    27.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3919
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2420
    28.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2357
    31.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3724
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2536
    22.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3909
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2501
    25.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3837
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2404
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2483
    29.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3914
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2383
    28.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4116
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2436
    28.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алыстан жəне жақыннан - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3854
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2493
    26.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.