Latin Common Turkic

Алтын орда - 28

Süzlärneñ gomumi sanı 4203
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2248
35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Жігіт əйелдерді ертіп, жыққалы жатқан үйден сəл əрірек апарды.
— Қорықпай-ақ, қойыңыздар,— деді сыбырлай сөйлеп.— Алтын Емелде
еш оба жоқ... Ол жерде хандардың қиянатына бас көтерген кілең жау жүрек
адамдар бар. Таққа жаңа отырған Əли-Сұлтан хан сол ереуілшілерді үймүйлерімен, оларға жаны ашыған сол маңдағы төрт бес ауылдарды қосып,
біржолата өртеп жіберіңдер деп бұйрық берген. Бұл қылмысты халық
көрмесін деп, ал көре қалса, сөз етіп жүрер, тіпті араша түсер деп қорқып,
«Алтын Емелде қорқынышты жұқпалы апат бар» деп жалған лақап
таратып, маңайындағы елді көшіріп жатыр, Алтын Емел күрескерлері бұны
білмейді. Түн ортасы болғанша жұрт бұл арадан кетіп болады. Сосын түн
ортасы ауа хан əскерлері ол ауылдарды қоршап алып, жан-жағынан өрт
салады. Бірде-бірін сырт шығармай, бəрін ауыл-мауылменен өртеп
жібермек. Ал алда-жалда біреу-міреуі өрттен құтыла қалса, ондай адамды
қоршап тұрған əскер табанында өлтіру керек. Хан өтірігі шықпасын дейді
ғой.
— Ойпырмай, мұндай да сұмдық болады екен-ау!
— Уай, жеңеше-ай несін айтасың! — Ол Сақып-Жамалға сəл
жақындады. Ол бишараларға хабар берер мүмкіндік болмай қалды. Көзінен
титтей таса кетсең, жасақ бастығы біліп қалады... Ал хабар бермейін десең,
соншама жұрт босқа қырылады ғой.
Шешім өзінен-өзі келді.
— Ат тауып бер, мен барайын,— деді Сақып-Жамал. Сөйтті де қолынан
ұстап тұрған баласын Бөбешке берді.— Апажан, өзіңе тапсырдым. Алдажалда бірдеме болып кетсем...— Ол сөзінің ар жағын айта алмады. Еңкейіп
баласының бетінен кезек-кезек сүйді.
— Бар! Тезірек Ақберенге жет! — деді Бөбеш кенет бойын жинап алып.
— Бөпең үшін қам жеме! Құдай бұйыртса соңдарыңнан бізде жетеміз...
— Жүріңіз, жеңеше! — деді жас жігіт.— Мына аласапыранда сіздің о
жаққа кеткеніңізді ешкім де білмейді.
Қара бұлт жапқан аспан да қап-қара. Үйтілген терідей, өртенген жер де
қап-қара. Екі қара əлемнің ортасындағы дүние де қап-қара. Тек осыншама
қап-қара жер жиһанның ішінде, селдір бұлтты жамылып көк жиектен
шығып келе жатқан күн көзі ғана қып-қызыл. Бар əлемді жұтуға жер
астынан көтеріліп келе жатқан бір ғажайып айдаһардың көзіндей.
Қап-қара дүниені кезіп қара жамылған бір əйел келе жатыр. Жетектеген
кішкентай баласы бар. Бұл Бөбеш. Ал жетектегені Сақып-Жамалдың ұлы.
Бөбеш егіліп жылап келеді. Көз жетер жерде тірі жан түгіл, бір тал шөп
көрінбейді, бəрі өртеніп кеткен... Кенет қарлыға, жасқа бұлыға шыққан
Бөбештің сарнай айтқан əні естілді.
Дүние неткен қара, неткен қара,
Жүректі қан жылатқан неткен жара,
О, тəңірі, не жазып ем саған мұнша,
Күшсіз ел, сорлы ана, жетім бала...
Əн жүректі тырнағандай өткір жəне қайғылы. Бөбеш бірдеме іздегендей
жердей басын алмайды. Ал жетектеп келе жатқан кіп-кішкентай бала,
дүниеде еш озбырлық, қиянат жоқтай жан-жағына таңдана қарайды. Балаға
Бөбеш те оқта-текте таңдана қарайды. Шешесінен айырылғалы өлі бір рет
жылап, не нан сұрап көрген жоқ. «Сірə ештеңе түсінбей келе жатыр-ау»
дейді ішінен, қасыреттен тұншығып өлуге таяу Бөбеш.
Осы кезде бұлардың үстінен қаңқылдай əндетіп бір топ қоңыр қаз ұшып
өтті.
— Қара, əже! — деді, бала кенет шаттана айқайлап жіберіп.— Əне, əне,
ана қаздар бізді көрді! Біздің айдалада адасып жүргенімізді апама айта
барады! Ол жігіттерін жіберіп таптырып алады. Не өзі келеді. Апам мені
иісімнен таниды...
Баланың сөзін естіп, Бөбеш шыдай алмай тағы жылап қоя берді.
— Неге, неге жылайсың, əже? — деді бала тағы былдырлай сөйлеп.—
Əлде əлгі қаздар біздің мұнда адасып жүргенімізді апама айтып бармайды
дейсің бе?
Ағыл-тегіл жылаған Бөбеш баланың бəрін ұғып келе жатқанына таң
қалды. Оны бауырына қысып, екі бетінен кезек-кезек сүйді.
— Айтып барады, құлыным, айтып барады.
Бірақ кімге айтып барады? Бөбеш жан-жағына тағы қарады. Бəрі-бəрі
күйген. Кешегі бұл арада отырған ауылдар да! Хан, əмірлерге қарсы
шықпақ боп қолдарында найза, қылыштарын жалақтатқан ер жігіттер де...
Бəрі күйген! Бəрі біткен! Осынау күйген, күйреген əлемді көрген қаздар,
айдалада қаңғып жүрген ана менен баланың барын кімге айтады? Ешкімге
де айта алмайды! Бəрі біткен! Бəрі күйіп өлген!
Жоқ, Бөбеш қателескен еді. Сақып-Жамал дер кезінде жетіп үлгірген.
Хан əскеріменен соғысқа шықпаққа тастай түйініп дайын отырған ауылдар
мен алтын жуушы көтерілісші жігіттер, хан əскері қоршап үлгірмей сонау
Шығыс Түркістанға қарай босып бара жатқан жұртқа қосылып үлгірген.
Таң алдында бұл араны тегіс қоршап, өрт салған хан əскері бұны
білмеген. Лаулап жанған, бос қалған ауылдар мен көтерілісшілердің
шатырларын қараңғыда көріп, адамдары да бірге өртеніп кеткен шығар деп
ойлаған.
Бірақ сонау Шығыс Түркістанға өтіп кеткен Ақберен мен СақыпЖамалды кім көрген? Айдалада қаңғып қалған əйел мен жас балаға оны
кім айтар? Ал олар қайта оралғанша кім бар, кім жоқ? Жазмыш деген міне
осындай. Ойламаған жерден соққан дауыл тəрізді. Сондықтан да қырсығы
арылмаған Бөбеш Сақып-Жамалдың үш жасар бөпесімен осы жақта қала
берген.
Иə, анасы мен баласы осылай оңай айырылған сұм заман да, бұл таң
қаларлық оқиға емес еді. Үш жасар баланың тірідей жетім қалғаны тек
Бөбешке ғана батты. Одан бөтен ешкімге батпады. О да бұны тағдырдың
жазғаны деп ұқты.
Ал тарихтағы Жетісуда 1337-1338 жылдары оба болды деген хабар осы
оқиғадан туған.
Тағы Иранға қарай борт-борт желген Алтын Орда жауынгерлері Тоқпақ
жалды, құшақ құйрық аттар үстінде көк найзалы, қисық қылышты, жеңіл
темір қалқанды Дəшті Қыпшақ жігіттері.
Қосындарының алдында желмен ойнаған ақ тудың астында теңбіл көк,
жалын құйрық, қаз мойын сəйгүлік мінген Өзбек ханның өзі. Тұтқасына
алтын əріптермен өзінің есімі жазылған, қисық көк құрыш қылыш белінде.
Бір жағында — сүйек сапты қабы күміспенен оюланған ұзын қанжар. Өткір
ұшты көк құрыш найзасын, ағаш ерінің биік қасына көлбете ілген. Ер
айдаһарлардың бейнелерімен ойылған жалпақ сом күміспенен қақталған.
Қорамсағында сүйек басты ысқырық дыбысты əйгілі жебелері. Ерінің сол
жағында жезбенен əшекейленген жеңіл темір қалқан. Сүйек бунақты
садағын арқасына іліп алған. Үстінде темір торлы сауыт, басында сондай
темір дулыға.
Атқа жеңіл, ұрысуға ыңғайлы болсын деп қару-жарағының бəрін
ықшамды еткен жəне салт атты адамға ең керектілерін ғана тағынған.
Шыңғыс пен Бату бабаларының кезіндегідей хан қару-жарағын алып
жүретін арнаулы хұршысы жоқ, бəрі өзімен бірге.
Тағы бір ерекшелігі: Берке, Құтлық Темір, Тоқтайлардай Өзбек хан
əскерінің бүйірінде емес, ең алдында, қосындарын өзі бастап келеді.
Соңынан ерген жауынгерлері де өзі тəрізді, ат үстіне лайықты жеңіл
қаруланған.
Ханнан бұлардың екі-ақ айырмасы бар, көбі темір сауытсыз, тек
іштерінен торлы кеудешелер киген. Бұдан басқа, хан тəрізді, қосалқы
аттарын ұстап келе жатқан арнаулы кісілері жоқ, бос аттары өздерінің
жетектерінде.
Тоқпақ жалды тор айғырлар, тоқтау білмей, борт-борт желеді.
Ордалы жылан тəрізді түсі суық, жер қайысқан қол лек-лек боп жазық
даладан əтіп, Теріскей Кавказдың таулы қойнына таяп келеді.
Ханның соңында, Алтын Орданың алтын туының астында, ақ бақай қос
кер жүйрік мінген Тыныбек пен Жəнібек.
Бұлар да əкелеріндей, темір сауытты, көк найзалы. Олардың соңында
əскери қолбасшы əмір, батырлар. Əр қосынның, бұлықтың алдында өз
қолбасшылары, өз жалаулары.
Бұл Жылқы, яғни 1342 жылы еді.
Биыл Иранда да бұл жыл қияпат ауыр жыл болған. Көктем шыққалы бір
тамшы жаңбыр жаумаған. Күн наурыз айы басталысымен-ақ шаңқайып,
жер-дүниені күйдіріп тұрып алған.
Көкек айы тумай жатып Кавказдың биік таулары мен құздарының
басындағы қарлары еріп біткен.
Ал мамыр айында, қарлы, жаңбырлы жылдары гүрілдей, буырқана,
бұрсана ағатын долы тау өзендері, сулары тайызданып, кей жерлерде ат
толарсағына жетер жетпес боп таусыла жүгірген.
Өзбек хан табиғаттың бұл қырсығын да пайдаланғысы келген. Сол
себептен де ол төрт жүз атты əскерімен суы бірталай тартылып қалған
Дербент шатқалына асыға жүріп келе жатқан.
Арран мен Ширванды аламын деп Өзбек хан бұдан бұрын да Иранға
бірнеше рет аттанған.
Бірақ қайдағы жоқ бір жағдайлар кездесіп, кейде жеңіліп қалып,
Əзірбайжанды өзіне қарата алмаған. Аздаған жеңіске жеткен кездерінде де,
оны өзіне ұзақ бағындырып отыруға мүмкіндігі болмаған.
Ал бұл жолы ол тек Арран мен Ширванды ғана емес, Иранның кеме
жүретін Қара теңіз жағалауларын тегіс Алтын Ордаға қаратпақ ойда еді.
Оған өзінің күші де жететіндей де еді. Алтын Орда бұл тұста Əзия мен
Шығыс Европадағы ең мықты мемлекеттің бірі-тін.
Ал Иранның ең əлсіреген кезі. Құлағудың ұлы хандығын əр əмір,
шынжыр балақ, шұбар төс бай-манап алпауыттар өздеріне жеке əмірат етіп
бөліп алған.
Оның үстіне ар жағыңдағы Бейбарыс мемлекеті де шабуылын тыймаған.
Бұлар аз болғандай күшейіп келе жатқан Осман империясының да
алыстан шыққан ашулы айқайы естіле бастаған.
Міне, осындай жағдайда суы тайызданып қалған Дербент
шатқалдарымен Алтын Орданың қалың əскері Дербент қақпасының
түбінен бірақ шықты.
Бұдан əрі он шақты күннің ішінде Ширванның біраз жерін алып, енді
Алтын Орда қолы Кура өзеніне таяй түсті.
Бірақ ақсарбас құрбандық етіп аттанған Өзбек ханның жорығын алла
тағала қабылдамаған екен.
Сірə Өзбек ханға Иранды жаулап алу жазмышында жазылмаса керек-ті,
күннің ыстығының арқасында əскерінде іш ауру пайда болды. Ал тебінге
үйренген Дешті қыпшақ жылқысы күннен күйіп кеткен далада оттайтын
шөп таба алмай өле бастады. Қолдан берген жем оларға азық болмады.
Осындай жағдайда, Грузияға таянған жерінде кенет ыстықтан жүрегі
қабынып кетіп, Өзбек ханның өзі дүние салды.
Алтын Орданың шаңырағы күйрей жерге түсті.
Отыз жыл басқарған айбарлы хан өлді.
Ханы өліп əскері қиындыққа ұшырап жатқанда, қандай қолбасшы
жұртты аттанысқа үгіттей алар. Өзбек балалары да соғыса берейік дей
алмады.
Өзбек ханның өлімін сылтау етіп, хан кеңесі кейін шегінуді ұйғарды.
Алтын Орданың алтын тағына Өзбектің үлкен баласы Тыныбек отырды.
Хан тағына жаңадан біреудің отыруы — жаңа айқастардың басталуы.
Əсіресе бұндай қасиет Шыңғыс ұрпақтарына тəн қасиет. Əрине, бұл
айқастың басы бірнеше əулеттердің пікірлесіп келіп, өздеріне саяси
бағыттары, тілек-мақсаттары қарсы басқа топтармен дай-дай боп
алысуынан шығады. Шыңғыс хан жасысы бойынша бұрынғыдай хан
сайлау үшін бұл тұста Құрылтай шақырылу мүлдем қойылған. Бірақ əлі де
болса, үстемдіктері жүріп тұрған аға əмір, билер тілесе, сол жасыстың, хан
тағы үлкен баласынікі деген тəрізді кей ережелері қолданылып та қалатын.
Осындай жолменен хандыққа жеткен Тыныбектің де қорғайтын, жақтайтын
күшті тобы бар. Оның үстіне, Өзбек хан өлер алдында, хан тағына үлкен
ұлым Тыныбекті отырғызыңдар деп өсиет айтып кетті деген қауесет сөз де
жұрт арасында таралулы болатын. Көреген, білгір Өзбек ақылды,
парасатты ортаншы ұлы Жəнібекті қаламай, тоң мойын, бір беткейлігі
болмаса ойға да шорқақ үлкен баласы Тыныбекті неге хан тағына лайық
көрді? Бұл əрине жұртқа жұмбақ дүние еді.
Ал Тыныбекті жақтайтындар — негізінде Иран елінен келген Алтын
Орда қызметіндегі діни адамдар, сауда-саттық пен басқа мемлекет істерінде
жүрген оқығандар еді. Жəне Қырымды билей бастаған генуялық
саудагерлер, Кавказ черкестері алан, осетин князьдары мен бұлғар, оғұз
бекзадалары болатын. Бұлардың Тыныбек жағына шығатын түрлі-түрлі
себептері де бар.
Өзбек хан Қой, яғни 1331 жылы осы үлкен ұлы Тыныбекке Иранның
белгілі əмірі Хүсейннің баласы Шəйелі əмірдің қызы Ануширван-қатынды
алып берген.
Өзбек пен Хусейн төс ұрысқан құда болған. Ал төрт жыл өткеннен кейін,
Құтлық Темір дүние салып, Өзбек Ираннан шегінетін жорығында, осы
құдасы Хүсейн мен Алтын Орда бетпе-бет келер жау болып қайтқан.
Елдеріменен елдері, əкелері мен əкелері жауласқан Тыныбек пен
Ануширван-қатынның жұбайлық хəлдері қиынға айналған. Мұндайда
мұсылман дəстүрі бойынша, ері əйелін талақ етіп, төркініне апарып
тастауы керек, не қатыны төркін жұртынан безіп түскен елінің жағына
мүлдем шығуы керек. Екеуі де бүйте алмады. Тыныбек əйелінің
сұлулығын, заттылығын жəне одан туған екі жасар баласын қия алмаса, ал
Ануширван-қатын туған елін өзіне жоқтатпай отырған маңындағы иран
адамдарын, оқымысты мүлəзим, саудагер, діни кісілерді жанынан қууға
дəті бармады. Орда маңынан оларды қуу үшін — оларды Дəшті Қыпшақ
жерінен Иранға қайтару керек еді. Хан келінінің бұ қылығын жəне
Тыныбектің боз өкпелігін бұларға қарсы топ əжептəуір пайдалана білді.
Сонда барып бұл іске генуялық саудагерлер кіріскен.
Осындай жағдайда черкес, бұлғар, генуя саудагерлері Өзбек ханның
өзіне айтып, болғалы тұрған жанжалды тоқтатқан. Сол күннен бастап
Тыныбек пен Иран, Қырымдағы Генуя колониясының алаң, черкес, оғұз
саудагер бекзадаларының байланысы күннен күнге күшейе түскен.
Тыныбекті жақтайтын бұл саудагерлер мен Жəнібек жақтағы мұсылман
қауымның, оның ішінде Хорезм мен Дəшті Қыпшақ саудагерлерінің арасы
сол күндерден бастап, екі жақ боп шиеленісе түскен.
Бір жаты Тыныбектің, ал екіншісі Жəнібектің хан болғанын тілеген.
Бұл күреске енді ел басқарып отырған əмірлер, билер, бекзадалар да ат
салысқан.
Күрес əбден шиеленісіп кетпей тұрып, ойда жоқ жерден жорықта Өзбек
хан қайтыс болып, оның өлердегі өсиетін тілге тиек етіп, билік Тыныбекке
көшкен.
Нəсілі сабырлы Жəнібек, ойындағысы болмады деп бəлендей күйіп-пісе
қоймаған. Күйінсе де, ренжісе де ішіне сақтап, ешкімге шоқпар ала
жүгірмеген.
Жəне парасатқа салып, ағасы Тыныбекке бағынбастық сес көрсетпеген.
Бірақ дүние атақ, бақ, махаббат дегендерден күшті ештеңе тағы жоқ.
Бұлар туысқандық, бауырлық сезімдерден анағұрлым адамның өз жүрегіне
жақын жаралған. Ал Шыңғыс ұрпақтарына əсіресе таққа отырудан асқан
тілек болмаған. Бұны арман етпеген дүниеден бірде-бір хан ұрпағы өтпесе
керек-ті. Жəнібекте де осы ауру күшті еді. Бір Өзбектің екі ұлы таққа
таласып қан-жоса болып жатқанымыз жөнге келмес деп ол қанша өзін
басқаныменен, асау арман ішке сыймайтын Ескендірдің қос мүйізі емес пе,
жанын түрткілеп əбден маза бермеген.
Əйтсе де Жəнібек шыдай білген.
Бірақ алтын тақтың аты алтын тақ, ақыл-ойын билеп шыдатпаған.
Жəнібек осындай екі оттың ортасында жүргенде бір оқиға болды.
Жəнібек тоқалы, былтыр алған черкес қызы Жанбике-ханымды да
жанындай жақсы көретін.
Ал таутекедей Кавказдың шың, құзында еркін өскен Жанбикеханымның, Алтын Ордаға келін боп түсісімен бірден өзінен екі-үш жас
қана үлкен Жəнібектің кіші інісі Хызырбекке көңілі ауды.
Бұл қылығының күнə екенін жас келіншек те жақсы білетін.
Бірақ жүрекке бұйыра аласың ба? Ыстық қанды тау қызы өз жүрегіне
өзінің əмірін өткізе алмады.
Ал Хызырбек құр ғана жас емес еді, ол алғыр, өрт мінезді жігіт болатын.
Бұ да Шыңғыстың өзге ұрпақтарындай өзімшіл, қызғаншақ жаратылған
жас еді.
Ол ағасы Жəнібектің өзінен оның жас тоқалын қызғанады. Сол
қызғаншақтық жүрегін от боп өртеп, толқын боп тулап маза бермей, ақыры
Жанбикенің құшағына енген соң барып тынышталған.
Хызырбек жүрегінің сол тыныштығынан айырылып қаламын ба деп
Жəнібектен сескене берген.
Сол сескену ақыры Жəнібекті жек көргіздірген. Оған деген қастық
сезімге айналған.
Ал Жəнібек болса, ағасы Тыныбектен, інісі Хызырбектен, ақыл-ой,
дарын, мінез-құлық, парасаттық жағынан да жұрт алдында абыройлы еді.
Тым абыройлы еді.
Мұндай қасиеті артық адамды қасиеті төмен кісілердің жек көретіні
тағы белгілі. Тыныбек пен Хызырбек те Жəнібекті жек көрді.
Ал Жəнібек жалғыз інісі Хызырбекті жақсы көретін. Оның өзіне істеп
жүрген опасыздықтарынан тіпті бейхабар еді. Əсіресе Жанбикемен екеуінің
арасындағы оқиғаны білмейтін...
Бірақ оны бір адам білетін.
Ол адам Жанбике мен Хызырбектің табысуына өзі себепкер болған. Енді
өзі осы екеуінің айырылысуына себепкер болғысы келді. Өйткені бұл да
өзгенің қуанышын көре алмайтын, іші тар жан еді.
Оның үстіне Жанбике мен екеуін табыстырғаны үшін Хызырбектен
алғаны көңілінен шықпады. Дүниенің бар қызығын Хызырбек көріп, өзінің
бір уыс күміс ақша үшін сатылғанына қорланғандай болды.
Жəнібек ордасы да кей жазда, əкесінің соңғы жылдардағы жайлауы,
теріскей Кавказдағы Бештау өңіріне шығатын. Ал биыл, «Айналайын, Ақ
Жайық, ат салмай өтер күн қайда?» деп Доспамбет жырау толғаған ағысы
өрен, суы терең осы Ақ Жайық бойына келген. Ал Хызырбек ауылы бұрын
үнемі Тыныбек ордасыменен бірге көшетін. Былтырдан бері бұның ауылы
да Жəнібек Ордасымен бірге көшуді шығарған. Биыл да Хызырбек
Тыныбектің жайлауына бармай, Жəнібектің көшіне ерген. Ол ат үстінен
қарағанда көк орай шалғын арасында жатқан жұмыртқалардай, кілең ақ боз
отаудан көтерілген сəнді аулын, ортаншы ағасының боз ордалы, ай жалаулы
үлкен аулына тақап əкеп қондырған. Екі ауылдың ортасында кішкентай
қамысты қарасу бар, аралары көп дегенде тай шаптырымдай.
Жəнібектің Ордасы тігілген тұстың батысы да, теріскейі де сыңсыған ел.
Он шақты ауыл Жəнібектің өз көшіне жатады, қалғандары Қыпшақ
тайпаларынікі. Олардың дəл ортасында боз ордалы, күміс бақанды, атағы
жаңа дүрілдей шығып келе жатқан Төре бидің аулы. Жəнібек те биыл
жайлауға осы бидің шақыруыменен Ақ Жайық өңіріне келген.
Биыл Ақ Жайық қатты тасып, бүкіл өңірді алып кеткен суы кеш қайтқан.
Жер бетіндегі қар кетіп, күн жылынысыменен-ақ құнарлы жердің көгал
шөбі ду ете қалған. Сосын көп кешікпей жер кеуіп, қош иісті көк майса
ұшы-қиыры жоқ даланы жасыл кілемдей жапқан. Сонау Сарай-Берке
маңынан Жəнібек ауылдары жайлауға келгенде Ақ Жайықтың екі жағы
бірдей, жас қайың, жасыл талмен көмкеріліп, ойпат, қырлары сарғалдақты,
қызғалдақты көк орайға көмілген еді.
Көгілдір көлдер. Толықси аққан Ақ Жайық, Айнадай ашық көкторғын,
көкпеңбек аспан. Жайқалған жасыл шалғынды жасыл дала. Сол дала да
сыңси қонған ел. Көл, өзендер үстінде быжынаған қаз, үйрек... Төскейде
бықыған мал...
Дүние біткен тыныштыққа, қуанышқа бөленген.
Ал осындай қаннен-қаперсіз шатты дүниеде, тағы да қан төгілер сұмдық
басталар деп кім ойлаған.
Жəнібек күнде таңертең, ауыл əбден оянып əдеттегі тіршілігіне
кіріскенше, жанына бір-екі құсбегі, аңшы жігіттерін ертіп, сырттағы
қамысты көл жағасына барып, қаз-үйрекке сұңқар, ителгі, не қырғи салып
қайтуды жақсы көретін еді.
Əсіресе, кіп-кішкентай, мықтағанда жұмырықтай ғана, қырғидың өзінен
үлкен шөрегей бауырына кіріп, қанатының топшысын қиып жіберіп, төмен
қарай құлай түсе, жерге бір құлаштай қалған кезде, үстіндегі үйректі
төңкеріп тастарын қайтерсің. Жəнібек бұндай суретке разы болатын. Ал
көлден көтерілген үйрек, қазды шүйіліп, іліп түсетін қанды көз қаршыға,
оқтай зулаған сұңқар, ең жақсы көретін алғыр құстары еді. Оларды жемдеп,
баптап қаз-үйрекке салу хан ұлының ең бір жаны сүйер ісі болатын.
Ал бүгін тек көк тұйғынын ғана алып көл басына келген. Қасында екі-ақ
жолдасы бар. Əлі күн шықпаған кез еді, бірақ «бүкіл əлем қожасы» күннің
көп кешікпей шығатынын хабарлағандай, көкжиек қызыл алтындай
қызғылт тартып алаулана қалған.
Көл үстін аққу, қаздың сыңсыған əндері тербеп тұр.
Тұйғынын құрғаққа қарай ұшқан шөрегей үйректердің біреуіне салмақ
боп, Жəнібек жағадағы қалың қамыстың арасына кіре берді. Екі серігі
сыртынан бақылап қыраттау жағада қалды.
Қалың қамыс арасынан хан ұлы жан-жағына қарады. Бес қадамдай көл
жағасында үш үйрек жүзіп жүр...
Жəнібек аяғын баса түсті де, кілт тоқтай қалды.— Төре қорықпаңыз,—
деді бір үрейлі дауыс. Жəнібек емес, дауыс иесі өзі қорқып тұрған тəрізді.
— Сізбенен оңашада сөйлесейін деп едім.
Рас. Жəнібек, ойда жоқ жерден дауыс шыққан сəтте шошып кеткен.
Беліндегі қылышының сабына қолы қалай барғанын да білмей қалған.
Бірақ жүрегі дереу орнына түскен.
— Не жайында? — деді ол дауыс шыққан жаққа қарап.
Енді қамыс арасынан дауыс иесінің өзі де шықты. Бұл Жəнібек бəлендей
танымағанмен бұрын бір-екі рет Хызырбек тобында көрген жігіті екен. Өңі
де суық, қимылдары да суық, сірə айтайын деген сөзі де суық болар...
— Мен сіздің қасыңыз емеспін, досыңызбын, айтқалы тұрғаным да өсек
емес, ақиқаттық,— деді суық өнді жігіт.— Ел қадірлейтін мырзамыз болған
соң...
— Иə, тезірек айт. Үйректерді көзі шалып қалды білем, тұйғыным
шыдамсызданып тұр.
— Қазір... Адамның аузы баратын сөз емес. Амал жоқ, бөріктінің
намысы бір деген. Сіздің жақсы көретін тоқалыңыз көзіңізге шөп салып
жүр... Ал...
Жігіт тағы бірдеме айтпақшы болып келе жатыр еді, Жəнібек бөліп
жіберді.
— Кіммен? — деді ол əзер сөйлеп.
— Оны мен сізге айта алмаймын,— деді жігіт.— Аузым бармайды. Өз
көзіңізбен көріңіз... Ертең таң біліне, ауылыңызға жылқышы, төскейдегі
малдағы жылқышыңыз боп бір салт атты келеді. Тоқалыңыздың үйіне
кіреді... Қылмыс үстінде ұстап алыңыз. Кім екенін өз көзіңізбен сонда
көресіз... Ал қош болыңыз...
— Тоқта! — деді Жəнібек. Жігіт сəл бұрылды.— Бұл оқиғаны сенен
басқа кім біледі?
— Тірі жан білмейді... Тек жалғыз өзім. Ешкімге айтқан жоқпын,
айтпаймын да. Менің аузым да бір, есіктегі қара құлып та бір...
— Солай де...
— Əрине, бұл сүйінші алатын жақсы хабар емес. Дегенмен ер абыройын
сақтағым келген еңбегімді ұмыта қоймассыз деймін...
— Əрине ғой.
Жігіт қамыс арасына кіре берді. Сол сəтте қынабынан суырылған
қылыш жарқ етті. Жəнібек те барыстай атылды. Жап-жаңа сөйлеп тұрған
суық өңді, сұмырай бас көзі адырая лақтырған топтай, суға батып күмп
етті. Шошып кеткен шөрегей үйректер быр етіп ұша жөнелді.
— Кəйт! — деді дауыстап Жəнібек, тұйғынын үйректер көтерілген
жаққа қарай лақтырып жіберіп.
Көк тұйғын жағаға қарай ұшқан топ шөрегей үйректің ең соңғысына,
атылған жебедей барып шаншыла түсті.
— Пай! Пай! — деді риза болған Жəнібек қуанып кетіп.
Жаңа ғана біреудің басын қағып тастағанын ұмытып кеткендей Жəнібек
мырза. Ол тұйғынына үйрек жəне бір балапан қасқалдақ ілдіріп, серіктерін
ертіп, сəске көтеріле аулына қайтты.
Таңертеңгі шайын ішкеннен кейін, ордасында жалғыз қалды. Сонда ғана
ол қабағын тұнжырата ойға кетті.
Ойлаған сайын жүрегі өртене түсті.
Жоқ, бір бейтаныс жігітті өлтірдім деп жүрегі сыздаған емес-ті.
Жанындай жақсы көрген Жанбикесінің опасыздығы күйдірген.
Опасыз дүниеде Жанбикенің де опасыз болуына Жəнібек бəлендей таң
қалмаған. Ал ана жігітті, Жанбикенің сол опасыздығын айтып, жанын
аямай ауыртқаны үшін өлтірген. Жəне ол жігіт бөтен біреуге де айтып
жұртқа мазақ ете ме деп намысын қорғаған түрі еді. Əрине, Жəнібектің
өзіне айтуға аузы барған адам, бөтен біреуге де жеткізуі ғажап емес қой. Ал
бөтен біреу басқа біреуге айтады. «Айтпа сырыңды досыңа, досыңның да
өз сырын айтар досы бар» деген. Содан Жəнібек жақсы көрген тоқалын
талақ етіп, төркініне неге қайтарғаны бүкіл елге жайылады... Жəнібек əлгі
өлтірген жігіті туралы ойлады. «Біреуге ор қазба өзің түсерсің» деген.
Сенің ор қазғаның кім сонда?
Əйтсе де Жанбикені талақ еткені жөн болар ма екен? Əлде... Əлде...
Өзіне опасыздық істеген қатынын өлтіріп тастағаны ақыл ма? Əрине,
сөйткен сауап тəрізді...
Жоқ, бұным тым қатал шешім болар. Опасыздық адам баласына тəн
қасиеттің бірі ғой. Енді Жəнібекке Жанбикенің опасыздығынан гөрі, халық
алдында абыройы төгілгелі тұрғаны батты.
Бір ретте ол Жанбикені шақырттырып алып, айыбын өзіне айттырып,
талақ етпек те болды.
Сөйтсе де, оны тіпті қуып жіберуге тағы қимады.
«Егер бағанағы жігіттің айтқаны өсек болып жүрсе қайтемін?» деді.
Жанбикені қимаған жүрек енді оны ақтар жол іздеп жанталасты.
Бірақ ақтай алмады. Опасыздықтың аты — опасыздық, опасыздықты
ақтау, адалдықты қаралау болар еді. Ал адалдық дүниедегі ең ұлы қасиет.
Күні бойы бір орнында отыра алмай, Жəнібек дұрыс шешім іздеумен
болды.
Оның үстіне бүгін Төре бимен кездесу керек еді. Оған да бара алмады.
Ертең келемін деп биге арнаулы кісі жіберді...
Күні бойы өз ойларымен өзі арпалысып əбден шаршаған Жəнібек күн
бата ғана шешімге келді. Алдыменен Жанбикенің опасыздығына өзінің
көзін жеткізуді дұрыс көрді. Намысқор мырза, жанына ешкімді ертпей,
Жанбикенің аулына түнде жалғыз өзі баруды ұйғарды.
Айлы түн бүгін күндізгідей жап-жарық еді. Күмістей ақшыл тартқан ай
сəулесі құланиектеніп атып келе жатқан таң жарығымен ұштасып, əлем
ағара бастаған.
Тоқалы отауының күнгей жағындағы екі жүз қадамдай тобылғылы
төбешіктің үстінде, Жəнібек мырзаның жатқанына екі бие сауымындай кез
болған. ЬІлдида шідерленген жүйрік күреңі ер тоқымымен жайылып жүр.
Жəнібектің екі көзі жас тоқалының есігінің алдында. Қыраты мырза
тышқан өтсе де шалып қалары даусыз.
Жəнібек жан аспаған мерген. Жанында тек өзі ғана тарта алатын, əйгілі
жас қайың садағы. Үстінде, бүкіл Дəшті қыпшаққа белгілі Жəнібектің
болат ұшты, төрт қырлы, тазқараның қауырсыны тағылған сауыт бұзар
жебесі жатыр.
Мырза қозғалар емес. Таң ағара бастады. Кенет ол, тез қимылдап
жанында жатқан садағын алды. Ауылдың күншығыс жағынан аттылы біреу
көрінді.
Ол ауылға таяу келіп атынан түсіп, оны еріне қаңтарып қойды да,
Жанбикенің отауына қарай беттеді. Сірə, ауыл иттеріне кісі таныс екені
даусыз, алдынан чарсылдай жүгірген бір-екі төбет дəл бір иелерін
танығандай жанына келді де, үргендерін дереу қоя қойып, құйрықтарын
былғаңдатып еркелей соңынан ерді.
Жəнібек кенет бір тізерлеп отыра қалды. Өзі де байқамады білем,
қолына садағын алды да, жебесін салып жіберіп, шірене тарта бастады.
Кісі Жанбикенің отауының алдына тақады. Үстінде шекпен, басында
далбағай. Жəнібек бұның көп жылқышының бірі екеніне енді күмəн
келтірмеді. Бүкіл Алтын Орда ардагер санаған Жəнібекті тоқалының бір
жылқышыға айырбастағаны мырзаның жанына батып кетті. Садағын тарта
түсті. Бірақ атпады. Əлденені күткендей. «Расыменен кіре ме? Расыменен
Жанбике бұған есігін аша ма?» деп күдіктене, əлденеден дəмелене күтті.
Кісі үйге тым жақын қалды. Дəл осы сəтте есік шалқасынан ашылды.
Шыдай алмады, білем, үйден сыртқа Жанбикенің өзі жүгіріп шықты.
Жаман далбатайлы жылқышы да құшағын аша қарсы ұмтылды. Бірақ
Жанбикеге жете алмады, дəл осы сəтте шірене тартқан Жəнібектің сауыт
бұзар жебесі оның өкпе тұсына дəп-дəл барып қадалды. Жылқышы аяғын
бірер аттап, «аһ» деп қинала бір дауыстап жіберді де жерге сылқ құлады.
Таңғы тынық ауаны жырта ойбайлай шыңғырған Жанбикенің ащы даусы
шықты. Тыныш əлем кенет дір ете қалды. Заматта бүкіл ауыл оянды.
Жəнібек ойран бола қалған ауылға сəл қарап тұрды да, асықпай төбеден
түсіп, ылдидағы атының шідерін шешті де, атына мінді. Асықпай Ордасына
қарай бүлкілдете желе жөнелді.
Күн шыға жанына үш-төрт жігітін ертіп, Төре бидің ауылына жүріп
кетті.
Бұл тұста Алтын Ордада билер ықпалы күшейе бастаған. Бұрын Өзбек
ханның алғашқы хандық құрған кезінде, ауыл арасындағы дау-жанжалдан,
ағайын ішіндегі талас-тартыстан туған қылмыс-күнəға, ұры-қары істеріне,
тіпті кейде кісі өлтірілген ұрыс-төбелестерге үкім айту, жаза бұйыру —
діни адамдардың шейх, қади, ишан, қазылардың шаруасы болатын. Біртебірте бұл жұмыстың бəрі билерге көшкен. Діни басшылардың қолында тек
шариғатпен байланысты күнəһарлардың ісін қарау ғана қалған. Сонымен
қатар, бұрын, соғыс-ұрыс замандарында ру басқару тек көк найзалы, бұзау
бас шоқпарлы батырлардың үлесі болса, ал халық бұрынғыдай тек рулық
қоғамда қалмай, мемлекеттік, Ордалық басшылыққа көше бастағаннан бері
билердің қадыры өсе түскен. Бұрынғыдай ер жүректік, жау шошытар
қаһарлылық қана емес, ел билеуде ой, тіл, саясат дегендер үстемдік алып,
көп іс билердің қолына ауысқан. Сайып келгенде, Алтын Ордада соңғы
жылдары ханнан, өмірлерден кейінгі елеулі күшке билер айналған.
Ал Қыпшақ Төре би бұл от тісті, орақ ауызды, өр көкірек, адалынан қақ
жарылған адуынды би емес. Ол тілі жұмсақ, діні қатты, бар саясатын өз
басының абыройлы болуына құрған би. Ал өзіне пайдалы үкімді, шешімді
өзінен жоғарғы хан, əмірлердің алдында өткізу үшін оның тілі де, ақылы
да, өнері де жетеді. Өйткені өзге билердей емес, өзінен жоғары ханға да,
əмірлерге де басына жастық, астына төсек бола біледі.
Осындай пысықай мінезіменен, майда тіліменен ол Өзбек ханға да ұнап
қалған. Дүниеден аларын алған, жетеріне жеткен Өзбек хан соңғы
жылдары, бұрынғыдай əділеттіктен гөрі кім өзін қуаттаса, кім хан
ұрпағының шашпауын көтерсе, көбіне сондай адамдардың дəрежесін
көтеретін. Осындай ырқынан шығып отырған Төре биді Алтын Орданың
Мөңгілі би — төбе биден кейінгі сүбе биі ретінде Орда маңында ұстай
бастаған. Төре бидің бұлай көтерілуіне тағы бір себеп барды. Бұл тұста
мұсылман дініндегі Дешті Қыпшақ Өзбек мемлекетінің негізгі тірегі болып
қалған. Мұндай жұрттың маңдай алды, соңына ерген еліне ықпалы мол,
Төре би тəрізді қулық-сұмдығы мол би, елеулі адамға айналмағанда, кім
айналады. Осылай Төре би, хан да, қара да санасатын кісі бола білген.
Бірақ асқанға тосқан деген, Өзбек хан өлісіменен Төре бидің жағдайы
кілт өзгерген. Осылай өзгеретінін Төре би Тыныбек таққа отырған күнненақ сезген. Шу дегенде ол сырт түрін өзгерте алатын тобылғы түбіндегі
кесірткедей, Тыныбектің жүрегіне жол іздеп жан таласқан. Хан
сайланғанын құттықтап, бір көш етіп тарту-таралғысын да апарған.
Тыныбектің бір баласына өз жұртының айдай сұлу қызын да бермек
болған. Тыныбек оның тарту-таралғысына алғыс, рақметін айтқан, қызын
баласына əперуге де уəделескен. Бірақ Төре биге ағынан жарылып ішін
бермеген, Төре би де түбі Тыныбекпен тіл табыса алмайтынын түсініп, кілт
бұрылған. Жəнібекті биыл жайлауға Ақ Жайық бойына шақыруы да осыдан
еді.
Жəнібек ту бие сойылған арнаулы қонағасын жегеннен кейін, ауыл
сыртындағы қырқа басында төселген ақ киіздің үстінде отырып алып,
бимен ұзақ сөйлесті. Адамның мінез-құлқына, ой тілегіне əккі би, алтын
таққа ие бола алмай қалған хан баласының ауырған жерін майда тіліменен
сан сипады. Сипай отырып ауыртты. Жəнібектің іште жатқан жарасының
аузын талай рет тырнады. Ақыры əке тағы Жəнібекке жатуға тиісті деген
ұғымды, бұрыннан да осылай ойлап жүрген мырзаға, енді шын сенімге
айналдырды. Алтын Орда тағы күресуге тұратын тақ екенін миына құя
түсті. Жəне мұндай ұлы таласта, аға-іні деген түсініктердің дымға
тұрмайтын бос сөздер екенін ұқтырды. «Ал алда-жалда, деді ол,
Тыныбекпен екеуіңнің араңда күрес туа қалса найзасының ұшы алтын
қыпшақ жігіттері сенің жағында болады».
Төре бидің бұнысы Жəнібекті тікелей Тыныбекке əскери жолмен қарсы
шығуға шақыру еді.
Алтын таққа қанша құмар болғанмен Тыныбекпен қан майданда
жауласуға дəті барып, уəде бере алмай Жəнібек ертеңінде Ордасына
қайтты. Дегенмен Төре бидің сөзі Жəнібектің ішінде шала жансар ұйықтап
жатқан баққұмарлық деген сұр жыланның құйрығын басқан еді. Енді сол
сұр жылан, Жəнібектің ішінде бос жата алмай, улы тілін жалақтатып,
басын сумаң еткізіп көтеріп те алды.
Ал бұдан əрі, Жəнібектің ішіндегі сұр жыланның зəрлене, ысқырына
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Алтын орда - 29
  • Büleklär
  • Алтын орда - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4248
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2212
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4055
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4094
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2167
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4012
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2198
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4056
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4259
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2115
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4066
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2202
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4084
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2099
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4100
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1974
    38.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4175
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2049
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4131
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2212
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4026
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2057
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2003
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4052
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2145
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4219
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4154
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2052
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4141
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2205
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4184
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1998
    37.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4098
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2026
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4078
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2017
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4182
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2159
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4122
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2150
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2174
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4040
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2099
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4102
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2109
    37.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4092
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2144
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 4064
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2178
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 4203
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2248
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 4150
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2124
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 4174
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2099
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 4141
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2076
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 4150
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 4132
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2055
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 4069
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2088
    38.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 4045
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2047
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 36
    Süzlärneñ gomumi sanı 4061
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2029
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 37
    Süzlärneñ gomumi sanı 4020
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 38
    Süzlärneñ gomumi sanı 4099
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2047
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 39
    Süzlärneñ gomumi sanı 4178
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2159
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 40
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2020
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 41
    Süzlärneñ gomumi sanı 4150
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1980
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 42
    Süzlärneñ gomumi sanı 4091
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2088
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 43
    Süzlärneñ gomumi sanı 4076
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2164
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 44
    Süzlärneñ gomumi sanı 4097
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2067
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 45
    Süzlärneñ gomumi sanı 4063
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 46
    Süzlärneñ gomumi sanı 4029
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2087
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 47
    Süzlärneñ gomumi sanı 4116
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2218
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 48
    Süzlärneñ gomumi sanı 4086
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1970
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 49
    Süzlärneñ gomumi sanı 4114
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2149
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 50
    Süzlärneñ gomumi sanı 4129
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 51
    Süzlärneñ gomumi sanı 4080
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1937
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 52
    Süzlärneñ gomumi sanı 4184
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2072
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 53
    Süzlärneñ gomumi sanı 4122
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2129
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 54
    Süzlärneñ gomumi sanı 4041
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1971
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 55
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2110
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 56
    Süzlärneñ gomumi sanı 4127
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 57
    Süzlärneñ gomumi sanı 4066
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2096
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алтын орда - 58
    Süzlärneñ gomumi sanı 1402
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 858
    40.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.