🕙 2 minut uku

Алтын мүйізді киік (жалғасы)

Süzlärneñ gomumi sanı 251
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 199
55.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
63.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
71.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  (Ертегі)
  
  - Қаламызға жақын жерде терең сай бар. Жиырма жыл болды, сонда бір айдаһар мекендейді. Бүкіл елжұртыңды қалаңмен жұтамын дейді және сол сайдың маңына барған адам болсын, мал болсын, әйтеуір жандыны құтқармайды. Соған ешкімнің де күші жетпейді. Оны тек Бұлдырмерген ғана жеңеді деген соң, халқымызға бір жақсылық бола ма деп, сені іздеп шығып едім! - дейді ақсақалды шал жылап.
  - Жарайды! - деп, Бұлдырмерген сауыт-сайманын сайлап, алтын мүйізді шалға ілеседі. Олар жер үсті мен жер астын жалғастыратын үңгірден өтіп, қарттың қаласына барады.
  Бұлдырмерген бойына бар күшін жинап, қолына жүз құлаш алмас семсер алып, айдаһар жатқан сайға келеді. Жотаға шықса, боран соғып тұр екен. Желдің қаттылығы соншалық - таудың екі бетіндегі тасты ұшырып кетіп жатыр. Бұлдырмерген қаһарланып, семсерді беліне көлденең ұстап, күшті леппен тартып жатқан айдаһарға қарай жүреді. Сұрапыл боран оны ұшырып отырып, айдаһардың аузына бір-ақ апарады...
  Өткір семсерден айдаһар қимылдауға шамасы келмей қалады. Алай-түлей соққан боран да тоқтайды. Боран айдаһардың лебі екен.
  Айдаһардан жапа шеккен жұрт шат-шадыман қуанышқа бөленеді. Бұлдырмергенді қоршап алып, қошеметтеп, қалаларына әкеледі. Ұлан-асыр той жасайды. Алтын мүйізді шал:
  - Балам, сен өзі шаруа адамы екенсің. Аң аулап қана тіршілік ететін көрінесің. Бізде мал да, дүние-байлық та жетеді. Сен енді осында қалып, үйлен, - дейді Бұлдырмергенге.
  Бұлдырмерген бұған көнбейді.
  - Менің ауылым, туысқандарым бар артымда. Оларды тастап, мен мұнда өз басымның жақсылығын күйттеп қала алмаймын, - дейді.
  Бұлдырмергеннің мұнда қалмасын көрген алтын мүйізді шал оған ханның қазынасынан көп алтын, асыл дүниені сыйға тартып, аттандырады. Сөйтіп, осыдан соң Бұлдырмергеннің ауылы да әлденіп, күнкөрісін жөндеген екен дейді.
  
  «Алтын мүйізді киік» кітабынан
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.