Latin Common Turkic

Алғашқы Соққы - 05

Süzlärneñ gomumi sanı 3983
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1999
36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Бұл кім деп ойлаған Анри таласа сөйлеген кісінің бетіне фонарының жарығын
түсірді. Бақса Альфонс деген десятник екен. Ол жаман кісі емес, партияда бар. Анри
оның даусын тани алмағаны қалай; бірақ мұндай жерде кімнің кім екенін айырып
бола ма...
– Сенін байқаған уақытың болмады ма, — деп Анри десятниктен қатал сұрады, —
басқа беретін ешнәрсе болмағандықтан балаға қатқан нан берген кезіңде, оның
саған қалай қарағанын байқаған жоқпысың?
Альфонс жауап бермеді.
– Мұнын жұмыссыз отырмайтыны көрініп-ақ түр, – деп әлгі әйел тағы да киліге
кетті.
– Тағы бастады, енді тоқтата алмайсың, – дейді Альфонс айқайлап. — Егер мен
жұмыс істеп жүрсем, сендердің мүдделерің, үшін істеп жүрмін. Мен болмасам...
– Жетер! – деп Анри оның сөзін бөліп жіберді. – Керісетін уақыт тапқан
екенсіңдер.
Дегенмен керіс өзінен өзі тыйыла қалды. Поселканың ең шетіндегі, тап жиекте
тұрған, бір уақытта кірпіштен салынып, енді жартылап тақтайдан қаланған
үйшіктен бір қыз айқайлай жүгіре шықты. Бүл ячейка казначейі Бунар туратын ескі
лашық болатын.
– Апа! Өрт!
– Құдай-ай, Жером! Үйде кішкене бала қалған еді! Сірә шамды құлатып алған
болар.
Жұрттың барлығы Бувардың үйіне қарай жүгіріп ала жөнелді, ең алда үй
қожасының өзі. Жұрттың барлығы уақиға болған жерге жиналып болғанша-ақ,
Бувар столды алып шығып үлгірген еді.
– Ешнәрсе емес, – деді ол. — Жаман болмай жақсы жоқ деген...
Әбден тапталған жер еденде лампа төңкеріліп жатыр екен. Төгіліп қалған
керосин бір қалыпты жалынмен жанып жатыр.
– Жаман болмай жақсы жоқ деймін, — дейді Бувар қайталап, өздерің көріп
тұрсыңдар ғой, біздің үйдің едені жоқ еді, мұндайда оның да пайдасы тиеді екен.
Шешесі бүктемелі креслода езінің жаялықтарын шашып қана тып-тыныш отырған
бір жасар ұлына ұмтылды. Ол қолына қасық ұстаған күйінде жылтылдаған жайдары
көздерін отқа тігіп отыр.
– Бұлардан бір қадам шығуға болмайды... ұзап кетпегеніміз жақсы болған екен.
– Мейлі жана берсін, өзі-ақ сөнер. Ештеңе де болмайды. Ешқандай қауіп жоқ.
Бувар үлкен қызының қолынан шап беріп ұстай алды.
– Ал, шыныңды айт, лампаны қалай құлатып алдың? Әйтеуір жақын жерде кісі
болғаны жақсы болды. Өзіңді сабап алар ма еді, ә?
Бірақ табанда қоя берді. Есік алдында тырп етпестен көршілері тұр. Олардың
беттеріне төменде лаулап жанған керосиннің жарығы түсіп, тамаша сәулелендіреді.
– Мұнда өрт қауіпті емес...
Бувар өздеріне еден болған дымқыл жерді тықылдатты да, түтіннен қарайған
үрліктерді көрсетті.
– Бәрі де су. Жанатындай ештемесі де жоқ. Қорқатын не бар.
– Сендерде электр орнатылмаған ба еді?
– Көптен бері жоқ. Сымды қиып кеткендеріне бір айдан асып та кеткен шығар.
Керосин лампаға сенуге болмайды. Ал, балалар оны үстеріне аударып алса
сорымның тіптен қайнағаны.
Тап осы кезде көшенің бір шетінен машинаның гурілдеген даусы естілген еді,
Бувардың үйінің қасына топталған жұрт жаппай кері серпілді. Бұлар тұрған жерге,
әсіресе, осындай кеш уақытта машина жиі келе қоймайды. Фарлардың жарығы қазқатар салынған барактарға түсіп, қиғаштан жауған ірі-ірі тамшыларды анық
көрсетті. Дәл осыған дейін жаңбырдың қашан, қалай жауа бастағанын ешкім де
сезбеген еді.
Пул келген доктор Деган болатын. Ол машинаның есігін тарс еткізіп жапты да:
– Әлі кайтып келген жоқ па? Таба алмадыңыздар ма? – деді.
– Таба алмадық, Деган мырза, — деді Гиттон.
– Әйелім мен Пьеро екеуі өте ренжіп отыр. Сондықтан мен де үйде отыра алмай,
көмегім тимес пе екен деп келген едім, енді бірдеме істеу керек қой.
– Мүмкін ендігі оны тауып алып участокке апарған шығар, — деді Анри. — Ал,
полициядағылар біз үшін мазаланып қайтеміз деген шешімге'келген болу керек.
Олардан мұндайды да күтуге болады. Ол-пұл болған болса, олар ертең ғана
хабарлайды.
– Керек болса полициялық участоктерді мен аралап шығайын?
– Көп рахмет сізге, — деді Гиттон.
– Егер бала мына жолмен кетсе, басқа жерде болуы да мүмкін...
– Я, онда сізге біраз күтуге тура келеді.
– Окасы жоқ, — деді доктор, — бензинім жетеді.
– Егер қарсылығыңыз болмаса мен сізге ерейін — деді Анри.
– Мейліңіз.
Анри «моктарды» аздап қысып алғанның зияны болмас деген шешімге келді.
Әйтпесе олар өздерінше ешуақытта іздей қоймас. Доктордың оларға әлі жете ме?
Қайда оған! «Егер сендер тезірек қимылдамасаңдар, бұларың жайында ертең-ақ
жұртқа әйгіленеді» деу керек оларға.
– Мен вокзалға барамын, — деді біреу.
– Ал, Дюпюи, біз екеуміз казематтарды аралап шығайық.
– Мен бір минутке үйге кіріп, әйеліме айтып шығайын. Қазір қайтып келемін.
Анри үйіне жүгіріп кетті.
– Бала әлі табылған жоқ, мен енді кеш келемін, алаң болма, Полетта.
– Бәрібір мен жатайын деп отырмын, — деді Полетта ақырын ғана. — Мари
балаларын бүгін маған қалдырып кете қойғанын қарашы. Әйтпесе, үйде түн бойы
жалғыз қалмай-ақ сендермен бірге барар едім. Есіктің дұрыс жабылмағаны да жаман
екен. Түнде керемет қорқамын, Шынында да ауызғы үйдің есігі оларды сұмдық
мазалайтын еді. Шіріп те біткен, тіпті қалай қылсақ та оған не ырғақ, не тиек
қондыра алмайсың. Түнге қарай оны орындықтармен тіреп қоятын. Егер біреу-міреу
кіре қалса олар салдыр-гүлдір ете түсетін.
Ал бүгін, бала жоғалып кеткен соң, түн бұрынғыдан да қауіпті сияқты көрінеді.
Тек түн ғана осылай ма...
YII
ДЮПЮИ СЕРТ ЕТЕДІ...
– Жігіт болғандарыңа болайын! Акробаттардың барлығын да отырғызып кетті!
Мұндай биікке қалай ғана шыға алды екен?
– Жарайды, жақсы бопты, өзінен-өзі жазылған екен деп ойлай берсін.
Шлюз камерасының үстінде он-он екі метрдей биікте тіп-тік бетон қабырғаға ақ
бояумен ірі етіп — әрқайсысы бір метрдей әріптермен шұбатылған жазу
жазылыпты, көпір үстінде жанып тұрған фонарьлардың дірілдеген жарығымен әлгі
әріптер қимылдап тұрған сыяқты болып көрінеді.
«Американдық әскери жүктердің бір грамы да түсірілмейді!»
– Я, мынау жазуды өшіру үшін оларға біраз терлеуге тура келеді екен!
– Ең бастысы, олар қимылдаймыз дегенше-ақ жұрттың барлығы оқып болады.
– Олар тек сағат тоғыздан асқасын ғана көздерін уқалап ояна бастайды. Жазуды
сонда ғана көреді. Көрерсің, оған дейін халық арасында үлкен шу болады.
Сағат әлі ертеңгі алтыдан жаңа асқан уақыт. Докерлер жұмысқа жалдануға,
былайша айтқанда, тек белгі соқтыруға ғана кетіп барады. Ешкім ешқандай бос
нәрсені қиялдамайды... Әншейін ресми тәртіпті сақтау үшін бара жатыр. Қуантарлық
ештеңесі жоқ, ол ЦБРС та жағдаймен танысқан болатын. Бүгін портқа бір-ақ, пароход
келеді. Оның өзі де Голландия күйесі тиелген шағын ғана көрінеді. Іс емес.
Күштегенде екі не үш-ақ бригадаға жұмыс табылады. Дегенмен докерлер кетіп бара
жатыр, өйткені олар белгі соқтыруға міндетті. Әйтпесе оларға кепілдік еңбекақы
төлемей қояды. Ертеңгі уақыт осымен өтеді. Құлдар базарында осылай сергелдеңге
түсіп жүресің де қоясың, десятниктердің маңына біраз айналсоқтайсың, содан кейін
белгі соқтыру үшін кішкене терезе алдында шіретке тұрасың. Тап сол кезде әйелің
балаларды жуындырып, мектепке жіберуге әзірленіп жатады. Демек, сен онда да
артықсын, сондықтан уақыт өткізу үшін тағы да біраз кешеде жүре тұрған дұрыс.
Бәлкім колға бес-он тыйын түсіп қалар, әйтеуір өмір сүру керек ғой.
– Жұрт біраз көңіл көтеріп қалады екен... Американдықтар барлығымыздың да
желкемізде отыр" ғой!
Барлық докерлер – жалғыз-жарым, топ-тобымен жаяу кетіп бара жатқандары да,
велосипед тепкендері де, токтай қалып бастарын жоғары көтеріп, әлгі жазуды
оқиды да, өте шебер істелген жұмысқа таң қалып қарқ-қарқ күліседі... Қарайсың да,
сондай биік жерге оны қалай жазды екен деп таңырқайсың!
– Жұрт біраз көңіл көтеріп қалады екен деймісің? Мейлі зияны жоқ, — дейді
Клебер. — Оның өзі әлі жап-жас жігіт, түнгі жорыққа қатысушылардың бірі, бірақ
оны ешкім білмейді... Бүгін түнде, мынандай өте биік жерде, оның үстіне сондай
қатты жел соғып тұрғанда, шынын айтқанда, қаншалықты қызықты ермек болды
дейсің. Дегенмен, яникилермен кімнің ойыны келіп жүр. Олардың Кореяда істеп
жатқандарын қараңдаршы... Әзәзіл азғырғанда қалай төзіп тұрасың: докерлердің
барлығы бір ауыздан жазу керемет жазылған деп мақтап тұрғанда кімге болса да
әйтеуір қасындағы біреуге: мен жазған едім, сеніңше қалай боп шығыпты, деп
сыбырлағың да келеді. — «Мұны қалай жаза алдың?» деп сұрайды ғой ол...
«Мамандық құпия, шырағым! Періштенің өзі көмектесті». Тап сол кезде өзіңмен
сөйлесіп тұрған кісінің бетіне, оның таңданысын қоздыра түсу үшін мақтанышпен
қараған да айып емес. «Ал енді не айтасың»» — «Қалай жаздың?» — «Өзің байқап
көре ғой!» Енбегің сіңсе аздап мақтанып алу ұят па екен? Жоқ, олай емес! Мұндай
құпияны ішінде сақтаған дұрысырақ.
«Американдық әскери жүктердің бір грамы да түсірілмейді!»
Такелажшы Папильон өзінің кейбір істері үшін партиядан шығарылғанына бір
жылдай болған еді. Әлгі жазуға ол айрықша шұқшия қарап жүр. Өткен уақытта
плакат жапсыру ісі, қабырғаларға бормен, қара маймен, бояумен жазу, велосипедтің
руліне ілінген қалайы сауытты шылдырлатып, қанжығаға кисть іліп ап түнгі
жорыққа шығу—мұның мамандығы еді деуге болатын. Оның әйелі Фернанда ерін
ылғи таң ата қарсы алғанда: «Тағы да үсті-басыңды былғап келіпсің... Егер сенен
мені неге жиылысқа қатынаспайды деп сұрай қалса, мені, сен оларға бәрі бір насихат
жұмысын атқарып жүр дегейсің — сенің киіміңді тазартып жуамын ғой, сенін
мынауың спецовка емес, жатқан ту ғой!» – дейтін. Соңғы жылы осындай түнгі
жорыққа қатынаспағандықтан Папильонның іші пысатын болды. Алғашқы уақытта
ол ызаланып: «Мейлі, әйтеуір ақырында бір демалатын болдым! Әйтпесе тіпті атша
жегіп алды! Түн сайын, күн сайын жазасың да жүресің!» Бірақ ашуы басылып,
Папильон ақылға салып ойланатындай жайға келгенде, оның сыртта қалып,
басқалардың онсыз да бұл жұмысты игеріп кеткендері оған керемет бататын-ды...
Фернанда үндемейтін, бірақ онымен бірге ашық жиналыстардан қалмайтын болды.
Спецовканы жуу тыйылған соң, оның шынында да жинақты бола бастағаны екен
деп ойлайтын. Рас, жазу тамаша, сұлу жазылғанын мойындау керек! Осылай жазсаң
өзің де бір жеті бойы көңілді жүресің, әсіресе егер, осы арадан, төменнен жоғары
қарай қарасаң—баспалдақсыз, ештеңесіз қалай жазғандарына таң қаласың: жел бәрі
бір баспалдақты аударып тастар еді, оның үстіне ол сайтанның өзін алып жүріп
күзетшілерге көрінбей қабырғаға сүйеу тағы керек қой. Жазуды көрген Папильон
өзінің өткен ерліктерін сағынды. Әттең, сорлы басым, қайтейін болар іс болып кетті!
– Я, я, – деді ол ойланғандай, — жазу менің мамандығым. Клебер оның таңданған
пішініне көз қиығын салды. Папильонның мынандай сөзін жұрт естісе, мына жазуды
сол жазған екен деп ойлап жүрер. Жоқ, бола қоймас! Клебер ешкімге ештеңе демеуге
бекінген еді, бірақ, Папильон оның орынды абройына қол сұғатын болса... Осылай
ойлаған ол ештеңені көрмеген-білмеген адам сияқты:
– Болары болып, бояуы сіңген! — деді оған.
Ол Папильонның сазайын берді! Байғұс жұмған аузын аша алмай қалды. Мынау
бала, жұрттың көзінше масқара қылды ау, жетпегені сол еді!
Жиырма метрдей жерде, портқа кірер ауызда күзетшінің буткасы тұр. Оның
қасында соғыс кезінен қалған бір орам тікенекті сым жатыр. Будкада күзетші
қалғып отыр. Оны көрген докерлер, жаңағы жазуды қайтадан естеріне түсірген, әзіл
тағы да қызды:
– Сен қалай ойлайсың – күзетшілер американдық жүктермен қоса жіберілмеген
бе екен?
– Бірақ мұндай жүкті түсірмеген сияқты едік қой.
– Тұра тұр, әлі түсірерміз.
– Дұп-дұрыс, – дейді Гиттон. — Янкилерден жақсылық күтпе, олардың қай жүгі
болса да обадан жаман.
– Ә, Гиттон, сен екенсің ғой! Балаңа не бопты!
– Әзір белгісіз. Еш жерде жоқ. Ойлай қалсаң жаның түршігеді.
– Енді не болмақшы?
– Менің орнымда болсаң, өзің қайтер едің? Бармаған жерім, баспаған тауым
қалған жоқ — полицияда да болдым. Қамқорлық советінде де болдым... Басынды
жарға соқсаң да ештеңе шығатын емес. Әйелім күн ұзын жылайды да отырады,
қайтейін, қосыла жылайтын қатын емеспін ғой! Әрине, мен Польді деревнядан іздеп
көрем, бірақ онан не шығатыны белгісіз... Жыла —жылама, қалай болса да ешнәрсе
болмағандай осында белгі соқтыруға келіп тұруың керек...
– Әй, Жюль Мок! Оян! Тектен-тек ақша аласың ғой өзің, шырақ. Сені мұнда неге
қойды? Біздің не істейтінімізді бақыласын деп қойды. Ал, сен оның орнына әман
қорылдайсың да жатасың...
Жұрттың барлығы ду күледі. Егер мынау күзетші осындай суықта ұйықтай
алатын болса, мейлі үстіне көрпе біткеннің барлығын жамыла берсін, демек оның
ұйқысы таңырқарлықтай боп шыққаны. Бірақ, бәлкім ол ұйықтамай, тек жылыну
үшін әншейін бүрісіп жатқан шығар? Күзетші өзінін сергек екендігін білдіргісі
келгендей аяқ-қолын қимылдатады. Полицияның кім екенін өздеріне сездіріп
қойған жөн болар еді, бірақ ең дұрысы бұл халықпен шатаспаған. Қит етсе бұлардікі
— жиналыс, демонстрация, ереуіл. Ал бастықтар олар үшін мұны қысады.
Сондықтан ол өз будкасында тып-тыныш қана отырғанды артық көреді. Күлетіні
күліп, ұрысатыны ұрса берсін. Олардың ұрысуына ол әбден үйреніп болды, өйткені
ұрысқанның өзі оның лауазымына сай сияқты. Полиция қызметшісіне ен басты
нәрсе— жұрттың көзіне тікенек болмас үшін постыны жиі алмастырып тұру. Бірақ
онымен мәселе біте қоймайды, егер жалғыз болсаң — бәрінен дұрысы тыныш қана
отырған, әйтпесе олар алыстан танырлықтай етіп ауыз-мұрныңды шиедей қан
қылады.
Полиция адамдары бір топ боп демонстрацияға қарсы шыққанда әңгіме басқа —
қолдарында сойылдары, көзден жас ағызғыш газдары, винтовкалары болады; сонда
бұларды басқа ұрып, тайсалмай топтарын жарып өтіп, өш алуға болады. Бірақ
жалғыз кезде үн шығармаған артық. Олар оны ұстап алатын болса теңіз де тиіп тұр
ғой...
Докерлердің кәсіпшілік одағы орналасқан барак қанша айтқанмен желден пана.
Онда жұрт толып кетті. Етіктер, ағаш табанды бәтеңкелер, қатып қалған
сандалдардан дамылсыз сартылдатқан еден сықырлап, майысып барады. Қиюы
қашқан тақтайлардың араларындағы жарықтардан гуілдеп жел соғып түр.
Қабырғаға таяу тұрған адамдар ездерін ызғарлы жел бес, тіпті алты бөлек қып кесіп
жібергендей көреді. Әрине сондықтан ешкімнің де қабырғаға таяу тұрғысы
келмейді. Жұрттың әрқайсысы бөлменің ортасына қарай тығылысады. Егер
онысынан ештеңе шыға қоймаса, ондай адам ызалана көршісін итеріп тастайды да,
сыртқа шығып жақсы орынға өтіп жету үшін жаңа күшпен қайтадан ортаға қарай
ұмтылады. Сондықтан күн суық болғанмен, жұрт кастрюльдегі қайнаған судай
қабырғаны бойлап үйді шыр көбелек айналып жүр. Бақыттарына қарай жұрт мұндай
ыңғайсыздыққа жайбарақат қарайды — егер бір бірімен қалжыңдаспаса, қатар
тұрғандар бірін-бірі мазақтамаса, қалай күштегенде де, бүл жерде болу тіпті мүмкін
болмас еді. Міне бастарына түскен қиыншылықты өткізуде жұрт біріне бірі осылай
жәрдемдеседі.
Барактың бұрышындағы кішкене «кабинетке» кіретін есік бар, онда кәсіпшілік
одағының секретары Робер отырады. Робер мұнда әлі келген жоқ. Бірақ жұрттың
қолында бірнеше кілт бар-ды. Оның есігін ашу қиын ба? Мысалы Папильонның кілті
бар, ол есікті бір минутта-ақ аша алады. Өзі кішкене бөлменің тап ортасына кернейін
тот басқан шойын пеш орнатыпты, ал оның жанында, кішкене ғана бос алаңда, үстін
шан қаптаған қағаз толы стол тұр. Оның шет жағында телефон көрінеді. Оның
телефон болғаны құрысын! Үстін бір қарыс шаң басқан, егер көңіл кетсе оған
бармақпен нақыл сөз жазуға да болады, мысалы — «Мари — зұлым!» деген сөзді
жазуға болады. Өйткені, негізінде Робер телефонға онша жолай бермейді. Мұндай
нәрселерді ол тіпті ұнатпайды. Оны секретарь етіп сайлаған күні-ақ ол трубканың
түбін жоғары ұстап, былайша айтқанда, микрофонды құлағына таяп жұрттың
барлығын жай ғана шолып отырып; «Қызық екен, ешкім жауап бермейді. Аппарат
жаман емес, бірақ өзін жөндеу керек екен»,— деген болатын... Қазірдің өзінде де,
егер трубканы көтеруге тура келсе, Робер оны ептеп қана бармақтарының
ұштарымен алады. Сонан ол сөзі естілмей қалады екен деп қорыққандай өңеші
үзілгенше айқайлап сөйлейді; тіпті жиналыстарда да ол тап телефонмен
сөйлескеннен бәсең сөйлейді. Қазір телефонның оған керегі де шамалы. Бұдан бесалты жыл бұрын, өкімет қазіргіден өзге кезде министрліктермен, облыстық
өкіметтермен, префектуралармен, мэрилармен сөйлесуге болатын еді... Енді оларға
телефон соқсаң тек уақытыңды босқа өткізесің. Кабинеттің қабырғаларында үлкенүлкен плакат, дежурствоның расписаниялары ілулі тур. Ал тақтай қабырғаға бормен
бірнеше уран жазылыпты. Докерлер Роберге келгенде оз үйлеріне келгендей
болады. Мейлі портта кіретін, шығатын есіктердің барлығын бітеп тастасын, мейлі
барлық жерлерге күзетшілер қойылсын, бәрі бір осы кішкене бөлмеге ешкім тие
алмайды. Өздері осыған тұмсықтарын сұқпай жай жүргендерін артық көреді. Міне
өмірде осындай жағдайлар бола береді.
Пешке қиқым-сиқым жаңқа салған докерлер отты тез тұтатты. Пеш өте түтіндеп
кетіп, көзді удай ашытса да, олардың, әрқайсысының сол кішкене кабинетке кіргісі
келеді. Түтін тараған кезде мұнда жұмақ сияқты болады. Ен жаман жері: қабырғада
қаз-қатар тұрған орындықтарға бес адам қысылып отырысып, соншасы пешті
анталап тік тұратын болса, – бөлмеде бұрыларлық жер қалмайды.
Кешігіп келген бір докер бөлмеге кіргісі келіп ұмтылған еді, бірақ онысынан
ештеңе шықпады, сондықтан ол аяғын ұшынан басып, алдағы тұрғандардың
бастарынан асыра бөлмеге көз жіберді.
– Робер әлі келген жоқ па? — деді ол айқайлап.
– Келген жоқ. Оның орнына біз бармыз, не керек еді айта бер.
– Робермен ақылдасайын деген едім...
– Е-е, ақылдасуға келгенде кәсіпшілік одағы жақсы бола қалып па? – дейді
Папильон айқайлап. —Ал басқа жағына келгенде, сірә, оның саған керегі жоқ қой
шырақ, ирофсоюздық билетіңді әлі алмапсың...
Папильонның соңғы сөзі екіге бөлініп, тынысы тоқтағандай болды, өйткені
қасында тұрған біреу оны бар күшімен бүйірге түйіп жіберді...
Папильонның сөзін бөліп жіберген докер:
– Саған не керек еді, — деді.
– Кеше мен арпа тиеуде істеген едім, енді онда істеуге мұршам келетін емес. Егер
онан кетсем, басқа жұмыс ала алар ма екем, әлде жоқ па?
Бұл сұраққа не жауап бол ары Соваженге да керек еді. Оның қатты қасынғаннан
бет-аузы сол бойымен шиедей қып-қызыл.
– Әрине сұрай аласың. Оныңа кім кедергі жасар дейсің.
Совалсен сыртқа шығып кетеді. Жұрттың барлығы да Папильонға таңдана
қарайды, бүгін бұған не болған?
– Сен оған неге кенедей қадала қалдың?
– Кәсіпшілік одағы жұрттың барлығына бірдей ғой.
– Оның өзі сенімсіз бала, — дейді Папильон оған кінәлі еместігін дәлелдеуге
тырыса, — былтыр ол кәсіпшілік одағына мүше болатын еді, ал биыл мүшелікте
жоқ.
– Мен саған тап сондай сөз айта алар едім, бірақ басқа уақиға жайында, — дейді
Дюпюи, жай айта салғандай пештің қақпағын ашып, оның ішіне кесінді ағаш тастап
жатып.
– Тілінді тарт!. – дейді Папильон айқайлап, — ол жөнінде екеуміз сөйлесе
жатармыз, тіпті ертең кездесуімізге де болады.
– Кім болса да кәсіпшілік одағына келіп ақыл сұрағаны қуанарлық нәрсе.
Сенбесең бәстесейік, келесі жылы ол кәсіпшілік одағына мүшелік билетін сұрап
келеді.
– Мұнда адам сонша коп келеді, егер олардың барлығы да кәсіпшілік одағына
мүшелік билетті ала берсе, жиырма-отыз шақты адамнан басқаның барлығы
кәсіпшілік одағына мүше болған болар еді. Ешуақытта осынша адам бірден көмек
іздеп келмеген.
– Қожалар біздің жұмысқа мұқтаждығымызды пайдаланады.
– Демек, олар бізді тиын-тебен үшін де жұмыс істей беруге әзір деп ойлайды ғой
шамасы.
– Жұмыс болмаған күндерге, жақында ақша төлеуді қояды дегенді айтады.
– Дұрыс емес, әншейін бос соз!
– Жоқ, төлемейді.
– Қалайша төлемейді?
– Әрине сен оны білмейсің, көрдің бе өзін, жаялықтан жаңа шыға салып басқа
жұртқа нұсқау бергісі келеді.
– Ешкімге ешқандай нұсқау бергім келіп тұрған жоқ! — дейді Қлебер. — Мұндай
сұрақты беріп тұрған оның өзі. Егер дұрыс жауап бере алмасаң, үндемей жайыңа тур.
– Қараңдаршы өзін, қайнаған судай бұрқылдап кетті! Сені ызаландыру үшін жай
айта салғам... тыңда... сені жұмысқа алды делік... Дегенмен саған кеме келгенде ғана
ақы төлейді. Оны күтемін деп жүргеніңде біраз уақытың өтеді, ал енді жұмыс істей
бастамай саған бір тыйын есептемейді.
– Олай істей алмайды, оған батылы бармайды олардың!
– Олар онан да асырып жібере алады, — дейді бір докер, есікке қарай ығысып
бара жатып, — мен де тап осындай мәселемен келген едім Роберге.
– Робердің өзі қайда жүр, қайда кетіп қалды екен?
– Бужо деген жуан сұмпайымен ұрысуға кетті. Қазіргі уақытта қожалардан көз
айыруға болмайды, олар докерлердің әрқайсысымен де таласуға әзір!
– Ал, келген жұмысыңды айта бер.
– Кеше, біз қырық екі тонна жүк тасыдық, жүк машиналарынан қап түсіріп,
оларды вагонға тиедік. Ал енді, қырық екі тоннаның үстіне бізге тек үш-ақ тонна
артық есептеп отыр. Біз бұл дұрыс емес, бұған көнуге болмайды деп ұйғардық....
– Әрине, әуелі жерге түсіріп, артынан тағы да пристаньнан вагонға тиеген екі
жұмыс. Өздеріңді керемет алдаған екен, қырық тоннадай жүкті кем есептепті.
Келістіріп отырғызған екен сендерді.
– Егер шындық біздің жағымызда болса, әрине біз оларға ақымызды
жібермейміз.
– Жігіттер, берік болу керек.
– О жайында абыржыма. Мұндай жерде сенсіз-ақ бірдеме істерміз.
– Кім біледі, бәлкім менің де керегім болар.
Жұмыс бөлу басталды... Десятник Альфонсқа ең ауыр тиетін кезек осы. Ол
коммунист. Сондықтан оған бүгін өте ауыр тиеді. — Мазасыз өткен түннен кейін
оның таң ата ғана көзі ілінген. Әсіресе сондағы әйелдің «өзі жұмыссыз отырған
жоқ»... деген сөзі де есінен шықпай қойды. Рас, ол жұмыссыз отырған жоқ, бірақ
Альфонс жұмыс істемесе, докерлердің жұмыс карточкаларындағы белгі қазіргіден де
аз болар еді. Мұны өздері де, әлгі әйел де өте жақсы біледі. Бәлкім бұл сөз
қызулықтан айта салынған болар. Дегенмен айтылар соз айтылды. Ауыздан шыққан
сөз торғай емес ұстатпайды. Қазір десятниктердің көбі — қожа құйыршығы.
Азаттық алғанның алғашқы кезінде барлығы да басқаша еді. Ол кезде
десятниктердің өздері де басқа адамдар болатын. Біздің кісілер еді... Бірте-бірте
олардың барлығын жұмыстан шығарып жіберді. Тек жалғыз Альфонс осы күнге
дейін сол жұмыста істеп келеді. Ғажап! Бәлкім оны жұмыстан шығарып жіберуге
бата алмаған шығар. Мүмкін, жұртты алдау үшін әдейі қалдырған да болар. Альфонс
наряд бөлгенде, ол докердің коммунист екеніне, емесіне қарамайды, ол басқа
десятниктер жұмысқа қоспай жүрген адамдарды сақтап қалуға тырысады. Әрине
олар ең алдымен коммунистерді жұмысқа қоспайды, қабылдамайды да. Сөз жоқ,
десятниктің кызметін істегендіктен Альфонстың басқаларға қарағанда шамалы
ерекшелігі бар. Әйтеуір құр қол отырған жоқ, аштықтан аман. Бірақ, бұл қылмыс па?
Демек, сезімі онан өзгерген жоқ қой, ол онысын ешуақытта да, ешкімнен де
жасырған емес, жасырмайды да. Әңгіме мұнда емес, басқада: алайда оны жұрт
күндейді, бәрінен соны естіген жаман. Бригадаға адам алған да ете келіссіз іс, өзіне
жау тілеп аласын. Альфонс қанша әділ болуға тырысса да, оның ең алдымен
жұмысқа өте мұқтаж адамдарды алғысы келген:мен, неше рет ол езіне езі сырт
беріп: менің бас-аяғы он алты-ақ жетоным бар, бір жетоннан баи қоймассың, бірақ
оған бір үзім нан мен бір литр сүт келеді, сондықтан да оларды дұрыс бөлуге
тырысуым керек, мынаған да, анаған да беруім керек деп ойлайды. Бірақ, қай
уақытта да оның әлдекімдерді ұмытуы, байқамай қалуы мүмкін. Сен жүк таситын
платформаның үстінде тұрасың, сенің төбеңде ілулі тұрған шам қараңғыдағы бір
топ адамға жарық түсіріп тұрады. Сонда жолдастарыңның қолдары саған қарай
созылады. Олар бірін бірі итермелеп, тіпті төбелесуге де әзір.
– Мені ал!
– Мені ал!
– Альфонс!
– Мені ал, Альфонс!
Ойландыратын.да, тынышыңды алатын да себептер бар. Бір үзім нандық
табатын болсаң да бұл еңбек емес. «Мұнда құлдар базары» дейді жігіттер, олардікі
дұрыс та. Ал әрбір сұмпайы соны пайдаланып, біздің арамызға жік салып, аш
адамдардың біріне бірін соқтырғылары келеді.
Ақырғы жетон берілді, енді айқай-ұйқай, бірін бірі итермелеу су сепкендей
тыйылып қалады да, десятникке қарай созылған қолдар төмен түсіп кетеді. Екі жүз
елу, үш жүз докер түнерген бойларында баракқа қайтып, қайтадан шіретке турады.
Жұмыс жоқ, тағы да жұмыс жоқ!
– Шамасы біздің құдіретті такелажшыларға бұл жұмыс ұнамайтын болу керек,
қолымызды былғап аламыз деп қорқатын шығар. Әйтпесе, бәлкім олардың тағы да
жылынғысы келетін шығар?
– Мейлі, істемесе істемесін, басқаларға қалар.
Папильон мен такелажшы Жорж жұмыс болу басталған кезде орындарынан
қозғалған да жоқ. Екеуі бұрынғыдай пештің қасындағы орындықта отыра берді.
– Олар бізді көре алмайды, өздерін ыза кернеп барады, — дейді Жорж.
– Солардың орындарында өзің боп көрші, — дейді оған жауап қайырып
Папильон.
Ол бір минуттай ойланып тұрады, бірақ, өзінің сөзін қапыл аяқтай қоймайды:
– Шынында, егер бүгін әлгі сайтанның қара күйесін түсірмегенде, бәлкім сен де
олармен бірге сығылысып, жұмыс сұраған болар едің.
– Әрине дұрыс айтасың, — дейді Жорж оны мойындап —бірақ, есіңде болсын,
мен казіргі істеп жүргенімнен көбірек істеген болар едім... қайта өзімнің кезегімді
көбінесе басқа кісілерге беріп жүрмін.
– Мұнан көбірек істеп қайтесің? Зорығып өлесің ғой – дейді Папильон – жарайды,
осы әңгімелескеніміз де жетер, әне жігіттер келе жатыр.
Кішкене кабинеттің ішіне адам қайтадан лық толып кетеді.
– Бас-аяғы екі бригада ғана алды, онысы он алты-ақ адам. Қалғандарына не істе
дейсің? Шалқамыздан түсіп жата берейік пе?
– Егер әлгі Ориоль кешше Моктың босануына келісімін бергенде, бәлкім іс
оңдалған болар еді.
– Тапқан екенсің! Ол болмаса бөтен біреу келеді.
– Мен «Юманың» бетінде бір өте күлдіргі сурет көрдім. Суретте Данияның королі
мен Ориоль екеуінің залда отырған кезі көрсетіліпті. Олардың, үстіне Мок кіріп
барады. Залға кірген ол Ориольға өзінің жұмыстан босанғысы келетіні жайында
жазғы қағазын ұсынады, ал, Ориоль оған: «Қонақ отырғанын көрмеймісің!
Алауыздық шығаратын уақытты тапқан екенсің», дейді. Қызық емес пе?
– Олардың араздасқаны әншейін ғой — тап сол күні кеште ол корольмен бірге
той тойлады. Қарындарын сипады. Біз де күнде таңертең... аштықтан қарнымызды
сипаймыз. Ал, әзірге миллиондаған ақша тағы да үшті-күйлі жоқ боп кетті. Моктар
дегендерін істей алады, соттан қорықсын ба, онда да өздерінің сұрқиялары отыр
ғой.
– Қайда барсаң да парашылдардан аяқ алып жүре алмайсың.
– Әрине, бізге де жұмыс табылар еді, бірақ олар кедергі жасайды.
– Пароходтар келе ме? Келеді.
– Тек олар пароходтарынан біздің портқа жүк түсіргілері келмейді.
– Жоқ, әңгіме олар өздерінің Маршалл жоспарымен бүкіл сауданың тамырын
қиып жібергенінде емес пе.
– Дұрыс, бірақ пароходтар әлі күнге дейін жүріп тұрады ғой, ал енді бұлар сол
пароходтарды әдейі басқа портқа жібереді, тек бізге тимесе болғаны.
– Демек, оларға біздікінен гөрі басқа порттар қадірлірек болғаны ғой.
– Біле білсең оның мақтанарлық жері жоқ.
– Біздің порттан Вьетнамға арналған жүк тиелген бір пароход та кеткен жоқ қой.
Бір пароход та кеткен жоқ. Түсініп тұрмысың?
– Бос сөзді сөйлеме, біздің істеп жүргенімізді басқа порттарда да істеген. Мәселе
онда емес.
– Ендеше неде, айтшы?
– Айтайын, біздің қайыршылық халіміз — тек бізге қолданған жаза ғана емес,
істеген ісіміз үшін бізден алған кегі де емес. Әңгіменің түйіні олар біздің портты
өздерінің қулық-сұмдықтары үшін қалап алғандарында болып отыр. Бізді
американдықтарға сатып жіберді; портты сатты деген сөз, оның айналасын
солайымен сатты деген соз, олай болса бізді оның үстіне үстеу етіп бергені. Демек,
енді жай жүктен күдеріңді үзе бер. Біздің порт бұдан былай әскери база. Ал, егер кей
кезде астық әкелетін болса, оны тек көз алдау үшін, өзгеріс бірден байқалмасын деп
қана істейді. Олардың мұнда қару-жарақ түсіргілері келетінін сен ешуақытта да
естіген жоқпысың! Жыл бойы саған қақсап айтып түсіндіріп келеді, үй біткеннің
бәрінін қабырғаларына жазып та жүр. Сонда да сен оны ұқпайсың. Барлығы дұрыс
жүріп жатыр — жұрттың тамағы тоқ, көйлегі көк, қалталары ақшаға толы,
балалардың үсті бүтін, қора толы тауық, тамақ жеткілікті деп — ойлаймысың...
Бұлай болған күнде олардың қару-жарақтары келген күні ешкім қобалжимын деп
ойламас та еді. Әркім: «Маған сүйенбей-ақ қоюларыңа болады, сендердің арам
ақшаларыңсыз күн көре аламыз!» деген болар еді. Сонда, шырақ, ешкім де түрмемен
қорқыта алмас еді. Біреу-міреуді түрмеге отырғыза қалсын делік, онда, өзі түрмеде
отырса да үйінің берекесі қашпайтынын, айналадағы күйлі тұратын жігіттер
қарасып тұратынын білер еді. Егер сен осындай аш жүрсең, онда әңгіме бөлек...
– «Сен» де «сен» дей бердің ғой. Өзің жайында, не басқалар жайында айтсайшы,
мен өліп кетсем де ондайға бармаймын.
– Тыңдағың келсе басқалар жайында да айтып берейін. Бәлкім төзімсіздер де
табылар. Жамандық болса... қасапқа айдалған мал сияқты барар, дегенмен барады
ғой..
– Сен мені тыңда. Жуырда ұлым үйленген болатын, қалтасында сынық тиыны да
жоқ, басқа мал табатын жері де жоқ, сондықтан ол химиялық тыңайтқыштар жасап
шығаратын заводқа кірді. Ондай жұмыста әсіресе, Вьетнамнан қайтқаннан кейін
ұзақ істей алмайтынын өзі де біледі. Онсыз да өңі сұп-сұр боп, имиіп кеткен.
Көрмеймісің сонда да жұмысқа барып кірді.
– Ол басқа әңгіме ғой. Американың қару-жарағын түсіргеннен өлген артық.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Алғашқы Соққы - 06
  • Büleklär
  • Алғашқы Соққы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4066
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4068
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2123
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2037
    38.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4073
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2015
    39.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3983
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1999
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3884
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1862
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3895
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4008
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1961
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4036
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2074
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    37.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3909
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2020
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4017
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2034
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3877
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2044
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3952
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2090
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 2860
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1622
    38.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.