Latin Common Turkic

Алғашқы Соққы - 02

Süzlärneñ gomumi sanı 4068
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2123
37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
жауып тұр. Лас шалшық сулардың бетімен жаңа ғана жауып өткен жаңбырдан
суланған үй төбелеріне түссе болғаны, қар дереу еріп жоқ болады. Тіпті, аспанда
қарға толы тор ілулі тұрғандай. Жапалақ. кар еш дыбыссыз ғана бірыңғай жауып
тұр. Зәулім сутартқышы бар кейіпсіз поселке бірте-бірте жоғары көтеріліп, аспандап
бара жатқан тәрізді. Қария кішкене шұңқырлар мен. таяз орлардың. арасымен жүріп
отырып, енді ғана бетіне жұқа мұз қата бастаған қақтарды орала өтіп келеді. Ол
басын, жоғары көтере киген жағасына тыға түседі. Теңіз фуражкасының құлағын
төмен түсіріп жіберген. Мұрны мен қабағын үсітіп алмау үшін, бетін тыржита түсіп,
ұртын ауаға толтырып алып үріне береді.
Осындай мыйбалшықтың арасында келе жатқан оның алдынан кенеттен
велосипед тепкен біреу шықты.
Леон дереу жолдан бұрылды да, шөп өскен қатқыл жерге барып тұрды.
– Күн жақсы ма екен, Леон?
– Одан да сен жұмыстық жайын айтсаңшы? Не болды? Іліктің бе?
– Ілігу қайда! Баяғы он бес - жиырмадай ғана адам алды! Болғанының өзі жалғыз
пароход еді.
Порттан докерлер қайтып келеді. Бүгін олардың. көбі. әуелі, түске дейінгі
уақытын пароходты күтумен, кейін жұмыссыздар тізіміне белгі соқтыру үшін
кезектерін күтумен жүріп күнді бос өткізді.
Леон Жеженнің. лашығының жанынан өтіп бара жатқанда, оның есігін ашты да
ішіне үңілді.
– Жежен, мен балаларды қарсы алуға бара жатырмын. Содан кейін саған соға
кетермін. Егер көмірің болса бір шелек көмір сұрайын деп едім.
– Көмір бар. Балық та табылады. Соға кет, күтем.
– Мақұл, соға кетермін.
Жежен есік алдына шығып, қарияны кепке дейін көз қарасымен шығарып салды.
Жеженнің жасы жетпіс бесте, ал Леон сексенге келіп қалған. Жас докерлер оқтыноқтын Жеженге өз кезектерін беріп тұрады. Мұндай кездерде бір-екі күн жұмысқа
краншының көмекшісі болып жалданады. Сондықтан да ол ептеп күн керіп келеді.
Қартайса да қажып шалдықтым деп тұрмайды, тырысып-ақ бағады. Өлермен.
Жүк машиналары мен жеңіл машиналар ерсілі-қарсылы зымырап жүріп жатқан
кеше, бүкіл поселкені қақ жарып өтіп, бетон төселген шоссеге барып тіреледі.
Шоссенің екі жақ бетінде қирап қалған үйлер, әр жерде қалай болса солай үйілген
тастар мен бетондалған үй төбелерінің сынықтарының үйінділері, темір-
терсектердің қалдықтары көрінеді — бұлар 1943 жылы «ұшатын қамалдар» опат
қылған екі жұмысшылар қалашығының қалдықтары. Шоссені кесіп өтуден бұрын
Леон абайлап жан-жағына қарап алады да, тек содан соқ ғана жолдың арғы бетіне
қарай зытып ала жөнеледі. Осы арадан екі биік жардың арасын қуалап тар жол
басталады. Бұл ара қаланың орталық көшесінен де гөрі лас. Қария он метрдей жүріп
ор басына тоқтады. Балалар мектептен осы арамен қайтады. Леон оларды күн сайын
осы жерде, бірінші қайырылыста күтіп алады. Асыға басып, үйлеріне қайтып келе
жатқан балалар мен қыздар бүл жерден оған анық көрінеді. Қария олардың
барлығын таниды, тіпті есімдеріне дейін біледі; бұдан бес жыл бұрын Ролландтың
бір баласын осы шоссенің бойында әскери машина басып кеткеннен бері, бейсембі,
жексембі және каникул күндерінен басқа уақыттарда Леон қария осында, дәл
кезекші болып келгендей, күніне екі рет келеді. Леонға бұл жөнінде ешкім ештеңе
демесе де, бұл іс оның айнымас әдетіне айналып кеткен. Ал, жұмысшылар
поселкесінде оқитын балалар аз емес, әрбір барактан кемінде екеу-үшеуі табылады.
Леон таяғын айбынмен жоғары көтеріп белгі беріп, оларды шоссенің жанына
тоқтатады да, бәрін тегіс жинап, шоссенің екінші жағына өтуге қолайлы кезенді
күтеді, өйткені,шынына келгенде, оның өзі де машинадан өлердей қорқатын-ды. Сәл
саябыр бола қалғанда ол шоссенің ортасында тұрып алады да, таяғын аяғының
арасына қысып тұрып, екі қолын сілтей, дауыстап:
– Өтіңдер, есалаңдар!Тез, тез өтіңдер! — деп балаларға команда бере бастайды.
III.
АТЛАНТИКА ҚОРҒАНЫНЫҢ
ПАНАСЫНДА
Әрине, Леон атай жақсы адам, бірақ оның ылғи таяғын ала жүгіретіні несі? Демек,
егер оның айтқанын тыңдамасаң, ол салып қалудан тайынбайды ғой? Поль,
Гиттонның асырап алған үш баласынын ішіндегі ен үлкені, бүгін ол жолдастарының
соңында қалып, әдеттегідей суықты да, карды да елемей жүріп отырып, ойға шомған
болатын. Бала тезірек жүрсін деген оймен Леон оған таяғын оқтаған-ды. Поль бірден
тіл ала қоймағанмен, артынан зауқы болмаса да шосседен жүгіріп өткен болатын.
Шынымен Леон атай оны сабар ма еді?
Поль oн бірде. Өмірде кездесетін нәрселердің көбі оған ғажап көрінеді. Ол өзіне
өзі ондаған сұрақ қойып, әрқайсысын шешуге тырысады. Рас, Поль Гиттондарды ата
жақсы көреді, олар Польдің есі кіре бастағанынан көп бұрын-ақ оның туған атаанасындай болып кеткен. Ол, Гиттондар өзінің туған ата-анасы емес екенін,
Клодетта мен кішкене Жанның өзіне бірі туған іні, бірі туған қарындас емес, өзіндей
асыранды екендерін қашан, кімнен естігенін де білмейді. Дегенмен, кей кезде
тұмандай бұлдыраған алыс, бірақ өте тәтті бала шағы оның есіне түседі; мұндай шақ
өзі дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда туған, анасы әлдилеп әлпештегенде
ғана болған сияқты көрінді. Я, бәлкім сонда ғана тәтті балалық шақ болар, мүмкін
бүл ой қате шығар? Әлде сол ана Гиттон әженің өзі ме екен? Поль оны білмейді.
Осындай білместік, сенбестік жазылмайтын жарадай оның ойынан кетпейді;
сондықтан да оның балғын балалық сүйіспендігінде тоқтам жоқ; осыдан ба, әйтеуір
ол қыз сияқты сезімтал-ақ: біреу сәл ғана көз алартса я болмаса Леон атай таяғын
оқталса болғаны тұнжырап, кектене қалады...
Оның көз алдында Гиттонның үйіне шақырмаған қонақтай жоқшылық ене
бастады, бірақ Поль өзінің барлық күшімен, барлық балалық тәнімен қарсыласып
оған иілмеуге тырысты. Ол жоқшылықтан қорқып, қабылдағысы келмей, оған: –
Жоқ! – деген болатын. Жоқшылықты өте жек көргені сияқты ол ешуақытта да
ешкімді өте жақсы көрген емес. Жан түршіктірерлік аштық сезімі одам бір сағатқа да
арылмайтын. Қанша айтқанмен Поль ересек бала ғой, ол өздерінін басына төнген
жалғыз ғана аштық қауіп емес екенін түсінді. Бұдан бір жыл бұрын октябрь айында,
мектепте оқу басталғанда-ақ Поль мұның бәріне түсінген болатын. Бір рет мектеп
директоры әңгімелесу үшін Гиттонға әкесін шақыруды бұйырды. Содан кейін ол
докерге салтанатты түрде егер оның ұлы, яғни баласы, әрине, алдағы уақытта да
үздіксіз оқитын болса, адам болып шығатынын айтты... Оқу басталғаннан бері Поль
сабақ үлгіруден екінші орында болатын; бірінші орындағы оқушы Польдің
айрылмас досы, доктордың баласы Пьеро болатын.
Әлгі әңгімелесуден кейін жағдайдың не болғанын сезу онша қиын емес еді; үйіне
қайтып келісімен Гиттон әкей бірдеме жайында әуелі шешеймен сыбырласты
сөйлесті іс, артынан пештің жанында, Польді алдына алып отырған күйі оған
өмірінде істемеген мейрімділік көрсетті. Әкесі Польға жас толы көзімен қарап отыр,
сірә, ішінен: »Мен ырзамын, өте. ырзамын, егер сен менің туған балам болсаң, және
де сенін тұрмысын біздікінен гөрі сәл тәуірірек болса, қалай қуанар едім» — деп те
ойлайтын болу керек. Ол сонда-ақ Польге өте ауыр күн туғанын түсіндіріп, балам,
бірақ біз ептеп бұдан да құтылып шығармыз, деген болатын. Құтылуын құтыламызау, егер Моль алда да бұрынғысындай жақсы оқитын болса, Гиттон әкей қолынан
келгенін аямай, баласының оқи түсуіне жағдай жасауға тырысады. Әжесі емтихан
туралы да, стипендия туралы да әңгімеледі. Осы кеш оның дотқа көшіп келгеннен
бері бірінші рет жадырағаны, көңілденгені еді. Тіпті апайды биге еріксіз шығарып
өзі әндетіп ысқырумен болды:
Ал, жігітім, Поль достым,
Тағы да бір күй, достым.
Поль мұның бәріне түсінген жоқ. Дегенмен, ол Гиттон әкейдің зімпара қағаздай
қатты сақал қаптаған иегін құшырлана сүйді. Ал, енді қазір, биылғы оқу мәселесі
шешілетін кез таяғанда Гиттон әкей оқуды алда да соза беру жөнінде әңгімелеуді
қойды. Бұл жолы Поль бәріне түсінді, ол енді ештеңені де сұрамау керек екеніне
дейін түсінді. Оқытушыда да үн жоқ. Ал, Поль бұрынғысындай, өзінің бірінші
орындағы досы Пьеродан кейінгі екінші орнында келе жатты. Сірә, әкесі ойлағандай
ауыр күндерден тез құтыла қою оңай болмаса керек.
Поль барлық күшін салып қайыршылықтан қашып құтылудың жағдайын ойлап
бақты. Күннен күнге ол дотқа кайтарда көңілсіздене түсіп, әрең жүрді. Егер күн
жақсы болса, теңіз жағасына барып қыдырудың амалын табар еді немесе қашып
кетер еді. Бірақ қалай болғанмен қыстың күні үйде отыруға тура келеді, тек
жексембі, бейсембі күндері ғана Пьеро шақырғандықтан досының көңілін қимай
соның үйіне қыдыратын-ды. Онда әрқашан, кішкентай ғана қараңғы бөлмеде
қабылдау күткен, жақсы киім киген, бозарған жүдеу жүзді адамдар отыратын.
Бөлмеде қабылдау күтіп отыратындар жоқ кезде Поль құмарлана қарайтын сұлу
суреті бар қалың кітаптарды бұлар оқыған болып, беттерін дамылсыз аударады.
Мұнда қолын күніне кем дегенде жүз рет жуатын, тар, тік жағалы ақ халатын
үстінен тастамайтын, сондықтан да оның беті онан басым дөңгелек болып ажарлы,
сүйкімді көрінетін Пьердің әжесі де жүретін. Бастапқы кезде Поль ештеңеге тие
алмаушы еді. Ол өзін мұнда аяғаннан шақырады, шақыратын әрине Пьеро емес,
доктор мен оның әйелі болар, өйткені не дегенмен Пьеро екеуміз қатар өскен құрбы,
доспыз ғой, деп ойлайтын. Ол бірте-бірте доктордікіне үйреніп, бұлардан ұялмайтын
болып алды. Бұлар оны аяғандығынан емес, Пьеромен екеуі бірін бірі жақсы
көретіндіктен шақыратын, тіпті кей кезде түскі тамаққа да қалдырып қоятын-ды.
Поль доктордікінде өз үйіндей еркін жүретін. Енді олар мұның алдына пирожное
мен конфет қойғанда ол бұрынғыдай ұялып, алдыңғы екі тісімен ғана тістеп
жемейтін болды. Тек оны бір-ақ нәрсе қынжылтты, әжесі тәрелкеге не салса соны
талғамай жеп қоя бермейтін Пьеродан оны бір-ақ нәрсе айыратын еді, ол – ауызына
ас салған сайын: «Бұным қалай, бір түйір болса да Клодетта мен Жанға апарып
беруім керек еді-ау» деп ойлайтын еді. Сүйтіп ол жұрттың көзін ала беріп қалтасына
не конфет, не алма салып алатын да, ішіп отырғандар көріп қалды ма деп
әбігерленетін. Әрине, осындай минуттерде Поль өзін Пьеромен тең екенмін деп
есептемейтін... оған бір түрлі жат, қайғылы сезім тап болатын. Дегенмен мұндай
көңілді бейсембілер мен жексембілер, ақылды Пьеромен достық, екеуінің бірлесіп
ойлаған жоспарлары — осынын барлығы да доттың мәңгілік күнгірт қараңғысына
сондай ұқсамайтын еді.
...Егер Леон атай Польге тие қалса, тіпті оған сәл ғана қолын тигізсе де, бұл онан
өшін алар еді! Поль оған бір уыс саз не тас лақтырар еді. Содан соң Гиттон әкей
Леонға барып, оған кісінің балаларына тиуші болма дер еді! Бірақ Леон атай ондай
тіпті ашушаң емес болу керек. Таяқ оқталғаны да жай әншейін жаны ашыған болар.
ІІоль доттың. есігін ашқанда суға піскен картоптың үйреншікті иісін бірден сезді.
Түскі тамақ даярланған екен. Оны әзірлеу де қиын емес еді. Кішкентай Жанға
қаймағы алынған жарты стакан көгілдір-сұрғылт сүт берілетін, бірақ Гиттон әкейге
шарап қойылмайтын. Столдың тап ортасында сыра шөлмегі тұр, бірақ оған су,
кәдімгі қара су құйылыпты.
Көп кешікпей Гиттон әкей де келді. Ол велосипедін доттың, төбесіне қалай
шығарып қойғанына дейін естіледі. Ең ғажабы — төбе қап-қалың, бетонының
қалыңдығы екі метрдей болуы мүмкін, сүйте тұра кейде оның ішінде отырғандарға
жай дыбыстың өзі де естіліп тұрады...
Әкей есік алдындағы үлкен қақтан аттап өтіп, көңілдене сөйледі:
– Біздің доттан олар керемет ұтылды! Қазір барак біткеннің барлығын су басып
кетті. Бізде аса жақсы болмағанмен әйтеуір құрғақ, солай емес пе?
– Солайы солай-ау. Тек есік алдының балшығы мый боп езіліп кетті. Бірақ, сен
оны тазартасың ғой, ә?
– Әрине, оған алаң болма. Есік алдын аршығанда онан жүз есе көп балшықты
тазартқанбыз. Оған қарағанда бұл не... түкке де тұрмайды!...
Иесіз қалған дотты тұрғын үйге айналдыру үшін Гиттон әкейдің көп ерлік
істегенін ашып айту керек. Бірақ оны мұндай іске мойындатқан — қайыршылық
болатын. Онан басқа амал қалмады. Дотқа көшуден бұрын Гиттонның семьясы бір
сұмпайы лашықта тұрған еді; оның тек шатыр таянышы мен төрт бүйіріндегі
қапталған бағанасы ғана ағаш болатын... Бірақ, ол неменемен қапталған еді десеңші?
Тольмен. Терезе дегені ауызға аларлық емес еді, тек есіктің жоғарғы жағында
әйнектелген жіңішке ғана тесік болатын. Бірақ таза ауаның молдығын жоққа
шығару күнә болар еді — тесік біткеннің барлығынан жел улейтін де тұратын.Міне,
бір тамаша күні Гиттонның үйі дауылдың ойынына айналды. Дауыл ә дегеннен-ақ
бір бөлек тольді жұлып әкетті. Сонан ширек сағаттай құйып тұрған жаңбырда әлгі
тольді, қирап қалған руль сияқты, шыр айналдырды, сөйтіп тұрғанда оны жұлып ап
ұшырып әкетті. Әке-шешесі үйде жоқ еді. Әуелгі тольді дауыл ұшырып әкеткенде
балалар біраз жеңілденіп, бойларын жазып қалды, өйткені тольді желпілдетіп,
ойнақшыған жел бүкіл лашықты солқылдатып, ұшырып жіберетіндей болып тұрған.
Дауыл олардың кішкене үйін тып-типыл жоқ қылып, әлдеқайда ұшырып әкеткісі
келгендей, бейне бір үлкен босаған тіске ұқсатып бір олай, бір былай өршеленеөршелене солқылдатты да тұрды. Сонан кейін екінші бөлек тольді ұшырып алып
кетті. Одан соң төменгі жағы шегелеулі тұрған үшінші бөлек толь. жұлынды да, бір
минуттай желпілдеп тұрып, алғашқы тольдердің ұшқан жағына ұшып ала жөнелді.
Жел оны шалқалаған күйінде ұшырып алып кетті де, ақыры сутартқыш мұнараның
қабырғасына жалп еткізіп, афиша сияқтандырып жапсыра салды. Сонан кейін
барлығы қайтадан басталды. Жел кішкене үйдің тюльдерінің бірінен соң бірін
артишоктың қабығындай жұлып әкетті де тұрды. Бірте-бірте бөлменің ішіне күннің
көзі түгел түсіп, бұл бақытсыздық жағдайын айқындай берді. Әсіресе, Гиттондардың
жаман-жәутік төсектері көп зиянданды. Балалар жұртты көмекке шақыруға бата
алмады. Әлі де болса жел соққан жақта кішкене толь қалған екен, балалар соны
паналап тығылып отырды. Дегенмен көп ұзамай бас паналайтын да жер қалмады.
Тек төменгі жақтан қаққан бірнеше тақтай мен үйдің еш пайдасы жоқ аңырайған
сүлдесі ғана қалды. Соққан жел мен жауған жаңбыр бұлардан тоқтаусыз өте береді.
Жанағы жел ұшырып әкеткен тольдер қағылған бөренелердің кей жерінде әлі де
тольдің қабат-қабат қалың, ал кей жерінде жұқа қалыңдылары бейне жалбажұлбасы шыққан блокноттың түбіне ұқсап желбірейді. Осы ойраны шыққан жерде
бөстектер мен салам орындықтар, үстелдердің үстіне ағыл-тегіл су ағып жатыр. Тап
күзді күні мектептің әйнектерін жуғандай, айналы шкафтың бетін жаңбыр шайып
тур. Жоғарыда саңырауқұлақ сияқты шошайған картон тебе әлі түр, өйткені не
боларын кім біледі деп сақтанған Гиттон әкей, алғашқы штормда-ақ жұлып
әкетпесін деп төбеге оқта-текте екі үш тастан тастай беретін Енді, қабырғасы
болмаған соң төбесінің қажеті қанша? Оның үстіне әлгі тастар жел соққан сайын
қимылдайды да, қазір түсіп кетіп балаларды езіп тастайтындай көрінеді.
Балалар болып жатқан бұл уақиғаға саса қойған жоқ. Әке-шешесі үйге қайтып
келгенде аң-таң боп мелшиіп, әуелі не болып қалғанына түсіне алмай безеріп тұрды
да қалды. Өйткені осы мезгілде дауыл да тынышталған болатын. Ауа желсіз тыптынық еді. Күн жай ғана теңіздің арғы жағына еңкейіп бара жатқан кезді. Көгілдір
аспанда өзінің дірілдеген жұдырықтай денесімен көк аспанның шексіз биіктігін
көрсеткендей болған бозторғай бір орында ұшып тұр. Батып бара жатқан күннің
жұмсақ сәулелері түсіп тұрған осы бір кезде, қирап жатқан лашық тіпті ойға
сыймайтындай болып көрінді.
Міне сонда Гиттон әкей дотқа орынды шабуыл жасады. Дот солайымен көміліп
қалған болатын-ды. Жер бетінде шағын дөңгелек алаң сияқты төбесі ғана көрінетін.
Оны докерлердің балалары «үй» етіп ойнайтын еді. Біреу бұрын бұл жерде есік пен
жер бетіне шығатын екі метрлік цементтелген жол және баспалдақ болғанын өте
орынды еске салды. Әуелі көршілері есік алдын аршуға болысты,—не дегенмен, ең
керектісі есік қой, ал қалған жайлылықты күте тұруға да болады, солай емес
пе?Доттан екі-үш жүз тачкедей балшық шығарылып тасталды. Есік алды тез
аршылды. Бірақ дотқа апаратын жол-коридорды да биіктігі екі метрдей топырақ
басып қалғаны анықталды; сонан ол да аршылып алынды, артынан қолдарына
фонарь алып, жұрт дотқа кірді. Оның іші сондай суық, әрі дымқыл екен, тіпті
жұрттың көбі онда тұруға бола ма екен деп күмәнданып қалды. Ең жақсысы, кіре
беріс есік пен атысқа арналған биік тесікті әбден аршып алғанда, бәрінен бұрын,
онан ары саз топырақты бір метрдей жерге апарып, оны ылдилап үйін тастағанда,
айналасы аршылған дотқа жарық енді, сонда дымқыл қабырғалары судан кепкен
мезгілде дот олардың бұрынғы картон үйлерінен гөрі жарығырақ екені байқалды.
Бірақ мұнда да керемет сасық боп шықты.Кей кезде, әрине, теңіз үшін келген
адамдар мен осы қалаға жаздың күні жиналып ап теңіз жағасына шатыр құрып
жататын туристердің мұнда соға жүретіндерін айтпағанның өзінде, дот көмілместен
бұрын оның бүкіл поселкеге неге керек болғаны белгілі ғой... Гиттон әкей жавельді
аяған жоқ дотқа бөтелкелеп төгумен болды. Сонда, әлгі тастай болып қатқан
нәжістердің барлығы қалай көпіршіп, күлдіреді десеңші, ал енді оның үстіне соны
қырып бір жерге үйіп, артынан мұрныңды басып жүріп күрекпен сыртқа шығарып
тасуға тура келді. Ол былай тұрсын, қабырғаға жазған жазулармен оларға түсінік.
ретінде салған суреттер біраз азаптандырды. Ең ақыры бормен жазған жазудың өзін
өшіру оңай болмай шықты. Кейбір әдепсіз суреттер тіпті өшіруге келмеді. Өйткені
оларды бетоннан құйған қабырғаға шегемен керіп жазыпты. Ондайлардың
қайсысын шкаф, мебельмен, қайсысын кереуетпен қалқалап қоюға тура келді. Бірақ
қайткен күнде де мұнын өзі жел мен жаңбырдан артық еді! Дотқа жаман-жәутік
нәрселерінің барлығын тасып апарды. Әйтеуір үйтіп-бүйтіп орналасқан болды.
Қабырғаға қадаған тұтқаларға Гиттон әкей полка орнатты, ал кейбіреулеріне тіпті
тақтай іле салды. Ол есік те құрып, тіпті ағаш рамкалы әйнек қондырған нағыз
терезе де жасады, рамканы атуға арналған тесікке орнатып, цементпен сылады,
сүйтіп терезенің өзі әрі мықты, әрі жақсы боп шықты. Оның үстіне ерлі-зайыпты
Гиттондар үйлерін әсемдеуді де жек көрмейді екен... Егер олардың нағыз үйі
болатын күн туа қалса, оны жақсылап жабдықтай алатындарына күмәндануға
болмайтын көрінеді! Олар үйді жарықпен қамтамасыз етуде де автомобиль
аккумуляторын пайдаланып, жүзеге асырды. Әрине, оны жиі-жиі күш алдырып тұру
керек, ол былай тұрсын, оның өзі солғын, күңгірт жарық беретін, дегенмен,
жарықтың аты жарық қой; Гиттон әкей тағы бір сондай аккумуляторды
пайдаланып, бір кезде өзінін дотын радиоландырудан да үміт үзген жоқ.
– Бір жоқшылықтан екінші жоқшылыққа ұшыраудан құтылмадық, – дей беретін
Гиттон әкей. – Анау үйіміздің қабырғасы жоқ еді. Ал мынау үйімізге ешқандай
желдің кіре алатын түрі жоқ. Енді Атлантика қорғаны кімге қажет болса — ондай
өтінішін бізге жолдасын!
Бастапқы күндері біраз оқыс жағдайлар да болды. Бір күні полиция қызметшілері
мен қайдағы бір қолдарына портфель ұстаған мырзалар келді... Сіздердің мұнда
кіруге праволарыңыз жоқ еді...
– Қандай право керек еді? Сіз нені право деп білесіз, бізге соны айтыңызшы? Ол
былай тұрсын, доттың да ешкімге керегі жоқ. Ол неменеге жарайтын еді? Әрине,
тазалап тәртіпке келтірілген соң ол жұрттың барлығына да керек бола қалған ғой.
Ендеше жарайды, сіздер қазір көрерсіздер! Екі басқыштан бір-ақ, аттап, Гиттон
сыртқа жүгіріп шықты да, ең биік балшық үйіндінің төбесіне шығып ап, екі қолын
сермеп бар дауысымен айқайлап жіберді. Тап сол кезде түс болған еді. Порт жақтан
сол күні жұмыс таппаған докерлер кайтып келе жатқан болатын. Олар жүгіріп келіп
Гиттонды қоршап алып тұра қалды. «Демек, сіздерге салса, жұрт ашық далада
жауын-шашынның астында жатсын дейсіздер ғой, шамасы? Ондайларға қайда бар
дейсіздер?»
– Дегенмен доттың иесі теңіз министрлігі ғой, – деді полиция қызметкерлерінің
біреуі тұрып.
– Мен үй ақысын төлеуден бастартып тұрғаным жоқ қой, — деді Гиттон
айқайлап.
Ол әлгідей деген соң олардың кетуден басқа лажы болмады. Докерлерді ыза
кернеп, бұлқан-талқан болды. Ал, чиновниктер сасқанынан біріне-бірі жалтақтап
қарай берді. Есін бар да еліңді тап дегендей, кері шегінетін уақыт жеткен жоқ па?
Егер олар өздерінің айтқандарынан і.таймаса, таяқ жеулері де айдан анық еді.
– Ертең, – деді Анри, – осыларыңыздың барлығы газетке басылып шығарылады.
Оған күмәнданбаңыз. – Ал Гиттон әкей ашуын басып тұра алмай портфель ұстаған
мырзаның түймесінен ұстай алды да, ашумен бұрап-бұрап жіберді.
– Тында, мейрімді достым! – Менің ұрамды сен ала ғой, рахым ет. Тек алдыңа
қоятын жалғыз ғана шартым бар. Сен осында тұратын боласың, ал мен сенің үйіңе
көшем, есалаң. Жарай ма?
Қысқасын айтқанда, чиновниктер кетіп қалды. Сонан кайтып олар қарасын
көрсетпеді. Дегенмен, көп ұзамай Гиттондарға қағаз келді. Онда үй үшін ақша
алынбайды, бірақ үй қожасына доттың айналасындағы жерді пайдаланғаны үшін
тоқсан сайын белгілі мөлшерде ақша төлеп тұруды ұсынған.
Сонымен үй мәселесі бір жайға келді. Терезелердің айналасын балшықтан тағы
да біраз аршыған еді, енді бөлмеден тіп-тіке мұхит көрінетін болды, ал сол қол жақта
пляж деп аталған жер көрінеді, онда қызыл кірпішпен жабылған, төбелеріне дейін
бау қоршаған дачалар салынған екен. Көрініс көңілге ұнамды боп шықты.
Тек жаман жері, жаңбыр жауғанда айнала мидай езіліп, балшық шөгіп төмен
түседі де, бүгінгідей терезе мен баспалдақты басып қалады.
– Әрине мен барлығын тәртіпке тез келтірем, – дейді Гиттон әкей.
– Немене, бүгін тағы да жұмыс болмады ма?
Сонда Гиттон тіл қатпай әйелінің бетіне қарады. Онысы – әйелінің мұндай
сұрақты не мақсатпен бергенін білгісі келгені еді. Әйелі үндемей төмен қарай берді.
– Мен саған кінә тағайын деп сұрағаным жоқ қой, – деп қосып қойды ол.
– Жоқ, жұмыс болмады, — деді Гиттон. – Осы кепілдігімізден қанша қалды?
– Меніңше бес күнге, әрі барса бір жетіге жетер.
Гиттон докер. "Ол жұмыссыз қалған кезде оған ЖЖОБ дан күніне үш жүз елу
франктан еңбекақы төлеп тұрады, бірақ жарты жылда елу күннен артыққа
төлемейді. Қазір барлық қор таусылуға жақындаған болатын.
Әйелі кастрюльдің қақпағын көтерді.
– Міне, бар қалғаны осы. Оның үстіне тегіннен-тегін тауықтарымыздан айрылып
қалдық....
– Тағы да, сен тауықтарыңды аузыңа алдың-ау!
Гиттон әйеліне ақыра жаздаған еді, бірақ ол өзін-өзі тоқтатты... Стол жанында
шыдап тамақ күткен үш бала отыр, олар әкесінен көз айырмайды; әсіресе Поль оған
үңіле қалыпты.
– Жарар, – деді Гиттон, – болары болды. Ол жайында біраз әңгіме болған ғой. Әзін
ойлап көрші, өйтпесек біз ақшаны қайдан алатын едік?
– Қайдан алатынымызды білмеймін, бірақ қалай дегенде де тегін кетті, ішім
ашиды...
Бастарына қазіргідей жоқшылық түспей тұрғанда, басқа докерлердің
барлығындай Гиттондар да құс асыраған болатын. Жем деген мол болатын; түсіріп,
тиеп жүргенде шашылған дәнді қай уақытта болса да бірнеше килограмдай теріп
алуға болатын еді. Доттың айналасында Гиттонның алпыс шақты тауығы, тіпті
бірнеше үйрегі де жайылып жүретін. Бірақ бұдан жарты жыл бұрын, кепілді
еңбекақы таусыла бастаған мезгілде, Клодетта төсек тартып қатты наукастанып
қалды. Дәрі-дәрмек алуға ақша керек болды. Сол кезде бас-аяғы жиырма шақты
тауық қана қалған еді. Қалғанының барлығын сойып жеп қойған-ды; әуелі оларды
әр түрлі етіп пісіріп жүрді, бірақ кейіннен ішіне түк салмай құр еттің өзін асатын
болды. Әйтеуір қатық боларлық етті солай құртты. Ұзақ уақыт тауық етін жегеннен
Гиттон үйінің адамдары құс нәсілінің қайсысын көрсе де лоқсып жіберетін еді. Сонда
Гиттон әкей тауық біткеннің барлығын дүкеншіге көтере сатып жіберді; әрине ол
бұлардың мұқтаждығын пайдаланбай қалған жоқ, бас-аяғы алты мыңнан сол асатын
франкті әрең төледі: ол ақша баяғыда біткен.
Мәңгі бұлай бола бермес, — деді Гиттон әкей ашумен.
Ол стол айналасында тып-тыныш қана, өздеріне тиісті қатықсыз картопты күтіп
отырған үш баласына қарады. Бұл күндері үйде май да ада болған еді. Оларды өзінен
туған баладан кем көрмейтіні Гиттонға онан сайын ауыр соқты... Өте-мөте ол Польді
аяды, бүгін оның селсоқ отырғаны да көзге ап-айқын көрінеді.
IV
ТАМАША АҚСАРЫ ШАШ
Түс жақындаған сайын енді қайтып ештеңені өзгертуге болмайтынына
Жоржеттаның көзі жете бастады. Будильникке тек көзі түссе болғаны жүрегі сыздап
ауырып кетеді; оның ауырғаны тап су бетіне түскен көпіршіктей бүкіл денеге
жайылады. Неден екені белгісіз, сонда қолдары да қалтырай бастайтын еді. Сол күні
таңертең қызын жолға әзірлеп жүргенінде қолы тиген нәрселердің парлығы да:
қыздың ішкиімі, мектеп құралдары, тіс тазалайтын щеткасы мен пастасы, олардан
да басқа заттары. жүк боп артылғандай, кенеттен таң қаларлықтай зілдей боп
ауырлап кетті. Бірақ Жоржеттаның өзі әзірше тек бүкіл денесіне пайда болған, тап
безгек ұстағандай бір түрлі көмескі ебдейсіздікті ғана сезді. Жүруге бірнеше сағат
қана қалды. Сонда да, кенеттен, әлі ештеңе шешілмегендей, әзір айырылыспай тұра
тұруға болатындай көріне бастады. Бірақ өтіп бара жатқан минуттардың әрқайсысы,
қайғысына оз үлесін қоса берді. Мектепке кетер алдында інілері мен сіңлілері
төсектен әлі тұрмаған Жинеттамен қоштасты. Қыздың тұрғысы келген еді, бірақ
оған шешесі:
– Әлі ұйықтай тұр! Жол жүрер алдында жақсылап демалып алу керек. Жеті сағат
вагонда болу – ойыншық емес. Әлі шаршайсың, — деп айқай салды.
Балалар күліп апасын жұлқылай бастады.
Қалай да болса сен маған Рождествоға арнап сыйлық әкел, – деді Жерар айқайлап
есіктен шыға бергенде. • Әкелесің ғой, айтшы?
Жинетта күліп жіберді, ол болашақ саяхатты қуанышпен күткен еді. Ал енді бала
өзінің туған үйінен кетуге қуанса да, анаға тіптен оңай емес...
Балалар мектепке кетті де, үй ішіне кенет ұзақ меңіреу тыныштық, орнады.
Бұлар үйде үшеуі-ақ қалған еді: шешесі, тым-тырыс, ұйқтауға тырысқан, бірақ
төсекте жатып дөңбекши берген Жинетта және асүйден кіші ұлының сырылдап .дем
алғаны мен ақырын ғана ыңқылдаған дыбысы естілді. Ол басқа балалардың айқайшу көтергеніне қарамастан, тап пештің қасына, бұрышқа таман қойған үш
орындықтан құрастырылған төсекте жатып ұйықтай берді. Сол науқас ұлы жатқан
асүйден жолаушы жүретін үлкен қызы жатқан бөлмеге аяғының ұшынан басып қана
кіріп, чемодан орнына пайдаланылып жүрген көгершін салатын корзинаға
Жоржетта қызының бұйымдарын салып жатыр. Тоқыма корзина қалай жаман
сықырлайды. Бұл корзина олардың қолына бұдан үш жыл бұрын түскен болатын;
Жоржеттаның үйінде пәтерде тұрған шахтер баласынан қалған; демалыс кезінде
әке-шешесі келіп баланы алып кеткен еді, Жоржетта оны сонан қайтып көрген жоқ,
тек анда-санда ғана хат алысып тұратын. Міне енді содан ескерткішке осы корзина
қалды. Дегенмен өз балаңды кісіге бергеннен де, кісі баласын асырап алған жақсы
ғой...
Кенет Жинетта оянып кетті де, төсек үстінде тұрып отырды.
– Апа! – деп шақырды ол анасын.
– Немене?
– Апа, сен осындамысың?
– Әрине, осындамын, әлде естімеймісің?
– Ана-ау, мен керемет жақсы түс көрдім! Ана жақта жүр екенмін деймін. Оянсам,
қайда екенімді білмеймін.
Жоржетта қызының қасына жүгіріп барды, баланын көрген түсі бірдемені
өзгерте алатындай, оның жүрегінде кенет көмескі үміт пайда болды...
– Ал, онда қалай екен? Жақсы ма?
– Өте, өте жақсы екен. Апа, сен маған келіп тұрамысың?
– Әрине, – деп Жоржетта өтірікті батыл айтты.
Кішкентай бала апасының даусынан оянып кетті. Оның төсекте жатқанын көріп,
бала аң-таң боп:
– Сен де наукастанып қалғанбысың, ә? – деп сұрады.
Қызды үйде ақырғы рет шомылдыруға арналған бір бак су от үстінде тұр; бактың
қалайы түбі қызудан оқта-текте сытырлап қояды. Көшеден желдің азынаған даусы
естіледі. Дауыл басталды.
– Қазір ауладан алаша әкеліп, шелекті шоланға қоямын да, көжек торының үстіне
клеенка жабамын, – деп түсіндірді оған Жоржетта. – Демек, саған сыртқа шығудың
қажеті жоқ. Япырай, осындай күні сапарға шығуың келіспеді-ау.
Үй ішінде де, көшеде де барлығы жым-жырт бола қалды. Шешесі Жинеттаның
етін ысқылап жуа бастады. Кішкене кірпіш асүйдің іші ып ыссы. Тырдай жалаңаш
қыз леген ішінде тұр. Інісі теріс айналып қабырғаға қарап жатыр. Қанша айтқанмен
Жинетта қазір он екі жасқа шықты. Шешесі әсіресе Жинеттаның шашына назарын
көбірек аударды; қашанда ол ең алдымен оның басын жуатын, өйткені қызының
шекесіне тұлымдана түскен тамаша ақсары шашы болатын. Мұндай шаш ен сәнді
киімдерден кем емес. Әттең, үйде «көк сабын» ғана бар екен. Осындай сабынмен
жуып шаштың, кірін кетіре аламысың, онан мынадай нәзік, жібектей жұмсақ
шаштың қиылып, көмескіленіп кетуі ықтимал.
– Апа, ауырттың ғой!
– Қазір болам, қызым, тек шашынды тағы бір рет жақсылап шайып жіберейін,
сабыны кететін түрі жоқ!
Жоржетта ойлаған ойын дауыстап айтпады.
«Міне, мен ұзақ уақытқа айрылысар алдында Жинеттаны ақырғы рет
жуындырып жатырмын». Бәлкім ол сондықтан да асыға қоймаған болу керек, өзі де
оны сезбеген шығар,әйтеуір тағы да бірнеше рет қызының шашын шайып, сығып
іріктей, сыйпай береді.
Кенеттен.жапалақ қар жауып кетті. Жуынып болғаннан кейін Жинеттаның қыпқызыл боп жылтырап тұрған денесін сүртуге кезек келгенде ғана жуылған
орамалын аулада, жуан сымға іліп қойған жерінде ұмытып кеткені Жоржеттаның
есіне түсті. Ол енді солайымен cyланып қалған болу керек.Шешесі қызын, тоңып
қалмас үшін алжапқышының ұшымен сүртті де, өзі орамал әкелуге аулаға шығып
кетті - асығу керек, аспанның түрі жаман, қардың кешке дейін жаууы мүмкін.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Алғашқы Соққы - 03
  • Büleklär
  • Алғашқы Соққы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4066
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4068
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2123
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2037
    38.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4073
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2015
    39.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3983
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1999
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3884
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1862
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3895
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4008
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1961
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4036
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2074
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    37.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3909
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2020
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4017
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2034
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3877
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2044
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3952
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2090
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 2860
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1622
    38.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.