Latin Common Turkic

93 жыл - 17

Süzlärneñ gomumi sanı 3439
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1990
32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
44.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
жүрмін. Мен мырза ғана едім, - сіз менен азамат баулып шығардыңыз. Егер
сіз мені ойлай алатын адам етіп тəрбиелемегенде азамат болып қана
қалатын едім. Сіз маған ақиқатқа, жарыққа бастайтын жол нұсқадыңыз...
Уа, қымбатты ұстазым! Рахмет, сізге, мың да бір рахмет! Сіз мені адам
еттіңіз.
Симурден оның қасына сабанға отырып жатып:
- Мен сенімен бірге кешкі тамақ ішуге келдім, - деді. Говэн қара нанның
қабығын қақ бөлді де, оған бір жартысын беріп, сонан соң бір құты су
ұсынды.
- Əуелі сен іш, - деді Симурден.
Говэн бір ұрттады да, құтыны оған берді. Говэн бір ғана сімірсе,
Симурден құмарта, ұзақ сімірді.
Жалпы бұл кешкі тамақ үстінде Говэн тамақ жеді де, Симурден ішумен
болды, бұл алғашқысының жан дүниесінің саябыр-сабырлылығы мен
екіншісінің толқып-тебіреніп отырғанының айқын нышаны еді. Камера
үстінде үрей шақырарлық тыныштық орнай қалған. Ұстазы мен шəкіртінің
арасында əңгіме басталды.
Говэн мынаны айтты:
- Ұлы оқиғалар дайындалып жатыр. Революцияның қазіргі сəтте жасап
жатқаны келешекте, бұлыңғыр мұнар ішінде. Көз алдындағы жұмыстың
астарында жанардан тыс жұмыс жатыр: біріншісін екіншісі тасалайды.
Біздің көріп отырғанымыз - қатыгездік, көрмей отырғанымыз - тамаша
дүние. Қазір мен не болатынын ап-айқын көріп отырмын. Мұның өзі
қандай ерсі əрі қандай жақсы десеңізші!.. Өткен шақтың бізге өсиет еткен
тағылымы зая кеткен жоқ: ол əдеттен тыс осынау тоқсан үшінші жылды
тудырды.
- Нақтырақ айтсаң етті пікіріңді, - деді Симурден.
- Рақым етіңіз, ендеше. Сіз жалпыға бірдей əскери міндеттілікті,
баршаға міндетті əскери парызды қалайсыз. Бірақ кіммен соғысу керек?
Басқа адамдармен бе? Ал мен əскери қызметті тіпті де мойындамаймын:
мен соғысты қаламаймын, бейбітшілікті тілеймін. Сіз мемлекеттің
кедейлерге көмек көрсетуін қалайсыз, ал мен кедейліктің мүлде болмауын
тілеймін. Сіз табысқа сай салықтың болуын қалайсыз, ал мен ешқандай
салықты тілемеймін. Мен қоғамдық шығынның ең қарапайым үлгілерге
саюын жəне қоғамдық табыстың басы артық молшылығымен өтелуін
тілеймін.
- Мұны қалай істеу керек?
- Былай. Ең алдымен арамтамақтық атаулыны: дінбасының
арамтамақтығын, судьяның арамтамақтығын, солдаттың арамтамақтығын
құртыңыз. Сонан соң байлығыңызды пайдалануға тырысыңыз. Сіз
тыңайтқышты қоқыс шұңқырына лақтырасыз, оны бороздаға тастаңыз.
Францияда жердің төрттен үші бос жатыр - бүкіл жерді жыртыңыз, басы
артық жайылымды құртыңыз, қоғамдық жерді баршаға тепе-тең бөліп
беріңіз. Əр қызметкердің жер участогы болсын, сонда əр участокта
қызметкер болсын. Сол кезде елдің жалпы өнімі жүз есе артады. Қазіргі
кезде Францияда шаруа етті жылына төрт күнде жейді, ал жерді дұрыс
өңдеп баптаса, Франция үш жүз миллион адамды - бүкіл Еуропаны асырай
алады. Қуатты одақтас - табиғатты пайдаланыңыз, сіз оны менсінбейсіз.
Желдің əрбір лүпілін, əрбір сарқыраманы, барлық магниттік тоқтарды
өзіңізге қызмет еткізіңіз. Жер шары судың, майдың, оттың сарқылмас қоры
- жинақтаулы аса бай жүлгелердің жер астындағы жүйесімен ерсіліқарсылы тілгіленіп жатыр. Осы жүлгелерді қазыңыз, сонда сіз
бұрқақтарыңыз үшін - су, шамдарыңыз үшін - май, ошақтарыңыз үшін - от
аласыз. Ал теңіз толқынының ағыны ше? Ал теңіз суының қайтуы мен
шарпуы ше? Мұхит дегеніміз не? Зая кетіп жатқан ғаламат күш. Жердің
мұхитты пайдаланбауы неткен ақымақтық?
- Сен тағы да қиялға беріліп кеттің.
- Атай көрмеңіз. Мен шындықтан аулақтамаймын. Соны айтты да Говэн
аз-кем кідіріп, мынаны қосып қойды: - Ал əйел ше? Сіздер əйелді неге
айналдырып жібердіңіздер?
Симурден жауап берді:
- Кімге айналуы тиіс болса, соған: еркектің қызметшісіне.
- Иə, бір ғана шартпен: еркек те əйелдің қызметшісі болуға тиіс.
- Сен сандырақтап кеттің ғой! - деп қалды Симурден. - Еркек əйелдің
қызметшісі деген не тағы? Бұл - ешқашан болмайтын нəрсе. Еркек - əмірші.
Мен бір ғана өктемшіл билікті -еркектің үй ішіндегі билігін мойындаймын.
Еркек оз үйінде - патша.
- Иə, бірақ бір шарт бойынша: əйел де өз үйінде падиша болуға тиіс.
- Басқаша айтқанда, сенің еркек пен əйел үшін тілейтінің...
- Теңдік.
- Теңдік дейсің бе? Ақылыңнан алжасқанбысың! Мүлде екі түрлі жан...
- Мен тепе-теңдікті емес, теңдікті айттым.
Тағы да үнсіздік туды - бір-біріне жасыл атып жатқан екі ақыл-ойдың
жекпе-жегінде бітім туды. Үнсіздікті Симурден бұзды:
- Ал бала ше? Сен баланы кімге əпермексің?
- Ең алдымен оның ұрығын шашқан əкесіне, сонан соң оны жарыққа
əкелген шешесіне, сонан соң оны тəрбиелеген ұстазына, сонан соң туыпөскен қаласына, сонан соң оның рухани шешесі - Отанына, сонан соң арғы
тегі - адамзатқа.
Говэн бірер минуттай ойланып қалды да, əңгімесін қайтадан соза түсті:
- Менің ұраным - əрдайым алға жүру! Біздің назарымыз əрдайым таң
шапағына, өмір туып келе жатқан жаққа, рауанға бағытталуға тиіс. Ғұмыры
өткен нəрсе құлағанда, өмірге енді аяқ басып келе жатқан нəрсеге: "Жасай
бер!" дейді.
Говэн сəуегейше ынтызарлықпен сөйледі. Симурден тыңдап отыр. Олар
орын ауысқандай еді: енді шəкіртін ұстазы емес, ұстазын шəкірті үйрете
бастағандай.
- Сен тым шапшаңсың, - деп күбірледі Симурден.
- Не істеу керек? Неге десеңіз, уақытым аз қалды да, - деп жауап
қайтарды Говэн күлімсірей. - Міне, солай, қадірлі ұстазым, екеуміздің
көзқарасымыздағы айырмашылық осында жатыр. Сіз баршаға міндетті
казарманы армандайсыз, ал мен мектепті армандаймын. Сіз солдат адамды,
ал мен азамат адамды тəрбиелегіміз келеді. Сіз оның қаһарлы болуын, ал
мен одан пікір түйе алатын адам жасауды тілеймін. Сіз семсер
республикасын жасайсыз, ал менің жасайтыным... ал мен жасар едім, - деп
түзетті ол өзін, - ақыл-ой республикасын.
Симурден қабағын түсіріп жіберді де, көзін көтерместен:
- Ал əзірге - сен не тілейсің? - деп сұрады.
- Қазіргі бар нəрсені.
- Демек, сен қазіргі сəтті ақтайсың ғой?
- Иə.
- Неге?
- Өйткені бұл – дауыл. Дауыл не істейтінін əрқашан біледі. Найзағай
өртеген бір еменнің орнына найзағайлы нөсерге қанған қаншама орман
өсіп-жетіледі десеңізші! Өркениетке оба жұққан еді - революция залалды
құртты. Бəлкім, залалды нəрсемен бірге кейде жақсы нəрсе де құрып
жатқан шығар. Бірақ басқаша болуы мүмкін бе? Өйткені осыншама
түбегейлі тазалық жұмысын атқару қажет қой! Залалдың қорқынышымен
салыстырғанда революцияның қаһары деген не? Əрі құбылнама барда
дауылдан қорқатындай маған не болыпты! Тұла бойымда ар-ұжданым бар
кезде қаһарлы оқиғалардан қорқып нем бар?
Екеуі тағы үндемей қалды.
- Сен адам қоғамы табиғаттан əрі өрлеуге тиіс дейсің, - деді ақыр
соңында Симурден. - Ал мен: бұған қол жетпейді, бүл арман ғана деймін.
- Жоқ, бұл - мақсат. Адам қоғамы болайық. Табиғаттан əрі өрлейік.
Маған араның ұясына жетіспейтін, құмырсқаның илеуіне жетіспейтін
нəрсенің бəрі қажет: маған өнер, поэзия, сəулет ескерткіштері, кемеңгерлер,
батырлар қажет. Адамның өмірдегі нысанасы тұрмыс тауқыметін мəңгібақи тарта бермеу. Жоқ, жоқ, жоқ! Бұдан былай құқықсыз жандардың да,
құлдардың да, каторгашылардың да керегі жоқ, тұл қалғандардың керегі
жоқ! Мен рухтың бостандығын, жүректің теңдігін, адамдардың
туысқандығын тілеймін. Езгі атаулы құрысын! Адам шынжыр сүйрету үшін
емес, қанатын кең жайып, жер бетінде қалықтай ұшу үшін жаралған. Жер
бауырлап жүрген адамның бұдан былай керегі жоқ.
Ол үндемей қалды. Көзі жайнап кетті. Ерні дыбыссыз жыбырлағандай.
Есік шала жабулы күйі тұра берді. Зынданға сырттан неше түрлі дыбыс
естіліп тұр. Алыстан шыққандай кернейдің үні əзер келіп жетті: сірə, таң
шапағы ойнаса керек. Мылтық дүмінің жерге қойылған дүсірі естіледі: тегі,
күзетшілер ауысып жатса керек. Сонан соң қараңғыда дыбыстың бағытына
қарағанда, мұнарадан біршама таяу маңда қандай да бір тақтай немесе
бөрене тасып жатқандай жүріс-тұрыс басталып, балға соғылып жатқандай
күңгір, ауық-ауық соққы үні естілді.
Өліктей құп-қу болып кеткен Симурден осы дыбыстарға құлақ түре
отырды. Говэн оны естіген жоқ. Ол барған сайын өз ойына беріле түсті.
Оның миында туындап жатқан жарқын қиялдарға берілгені сондай, тіпті
дем алмай қалған тəрізді. Тəтті діріл өн бойын билеп алған. Жанарындағы
таң нұры жайнай түскендей.
Осылайша едəуір уақыт өтті. Симурден:
- Нені ойлап отырсың? - деп сұрады одан.
- Болашақты, - деп жауап берді Говэн, сөйтті де, ойына тағы шомды.
Симурден сабан төсектен түрегелді: Говэн мұны аңғарған жоқ.
Симурден жас жігіттен мұңды, мейірімге толы көзін алмастан, ақырындай
есікке шегініп, шығып кетті. Есік қайтадан жабылды.
VI. Күн шығып келе жатқанда
Көкжиек нұрлана бастады. Күндізгі жарықпен бір мезгілде Тург
қамалының қарсы алдында, қыратта, Фужер орманының үстінде, мұнда
бұрын-сонды жұрт көрмеген, еп-ерсі, серейген, көктегі құс екеш құсқа да
бейтаныс бір зат пайда болды.
Ол бір түнде пайда болды.
Бұл затқа алғаш қарағанда оның мұнда басы артық деген ой оралатын.
Гүл шашқан тал бұтағы арасында тұрған ол көзге шыққан сүйелдей еді.
Оның мұнда не керегі бар деген сұрақ еріксіз туатын, содан соң адамның
құйқа тамыры шымырлап жүре беретін. Бүл жуан төрт діңгегі бар сəкі
сияқты бірдеңе-тұғын. Сəкінің бір шетінде жоғары жағы ағаш иен
жалғастырылған басқа екі діңгек тігінен бекітілген: ол ағашқа таңертеңгі
аспанның көгілдір аясында қап-қара болып көрінген үшбұрыш ілінген.
Сəкінің екінші шетінен саты түседі. Төменде, екі діңгектің аралығында,
үшбұрыштың астында, жеке-жеке екі жартыдан тұратын рама сияқты
бірдеңені ажыратуға болады; бұл рама сияқты зат əрлі-берлі ажырай
алатын, ал қосылған кезде диаметрінде адам мойнының орташа мөлшеріне
пара-пар дөңгелек тесік қалдыратын. Темір үшбұрыштан басқа бөліктердің
бəрі ағаштан жасалған.
Бұл жексұрын құрылыс - гильотина болатын.
Оның қарама-қарсысында, бірнеше қадам жерде екінші бір тажал —
Тург мұнарасы тұр. Тас тажал ағаш тажалды жекпе-жекке шақырғандай.
Тург қамалы өткен шақтың - Парижде Бастилия, Лондонда Таэр, ал
Римде Киелі Періштенің қамалы деп аталатын қасіретті мұнарасы болатын.
Тургте он бес ғасыр - орта ғасырлар түгелдей: вассалдық,
басыбайлылық феодализм шоғырланған. Гильотинада бір ғана тоқсан
үшінші жыл көрініс тапқан. Əрі осы он екі ай он бес ғасырды теңгеріп түр.
Бүл - қайғылы шенеме. Бір жағынан - борыш, екінші жағынан - төлем.
Бір жағынан -шытырман: помещик пен басыбайлы шаруа, заңдардың, əдетғүрыппен астарласып жатқан заңдардың алақұла кодексі, дінбасының
судьямен одағы, адамның аяқ-қолын матап тастайтын қыруар шылбыр,
мемлекеттік қазына, тұз салығы, жан басына алым-салық, шегерілмес
мүлік, айрықша құқық, ескіліктің сарқыншағы, фанатизм, корольдің
кеңшілігі, скипетр, тақ, озбырлық. Екінші жағынан - гильотинаның
пышағы. Бір жағынан - тұзақ, екінші жағынан - балта.
Тург мұнарасы ұзақ уақыт бойы қайнаған смола, шыжғырған май мен
қорытылған қорғасын құйылған атыс ұяларымен, адамның сүйегі төселіп
жатқан жер астындағы тас қамауымен, адамдарды паршалаған
зынданымен, бүкіл сұсты трагедиясымен абай қоқаңданып осынау шол
далада жападан-жалғыз сорайып тұрды. Оның сұсты тұлғасы осынау орман
үстінде зорайып көрінетін; ол орман саясының зұлмат тыныштығында он
бес ғасырды бастан кешті. Бүл жерде ол бірден-бір күш, жұрт табынар
бірден-бір зат, бірден-бір үрей болатын. Ол варварлықтың асқан үлгісі бола
отырып, шексіз-шетсіз билік құрып келді. Кенет оның алдынан жəне оған
қарама-қарсы дəл өзіндей қорқынышты бірдеңе - гильотина пайда бола
кетті.
Тург мұнарасы гильотинаға зер сала қарағандай еді. Ол "Мұның өзі
немене?" деп өз-өзінен сұрап тұрғандай. Гильотина құдды жер астынан
шыға келген сияқты.
Ол шынында да жер астынан шыққан болатын. Бұл сұсты ағаш
қасіретті жерде дүниеге келді. Маңдай тері мен көз жасы суарған қанға
бөккен жерден, айқыш-ұйқыш ор қазылып, үңгір мен тосқауыл қаптап
жатқан жерден, осыншама өліктің сүйегі қурап, шіріп жатқан тиранияның
неше алуан құрбандарының, осыншама зұлымдықтың, келешектің
осыншама улы дəнінің көмілген жерінен - осы жерден тағдыр қосқан күні
бейтаныс-кекшіл, жалаңдаған пышағы бар қатыгез машина шыға келді де,
тоқсан үшінші жыл ескі дүниеге: "Міне, мен де жеттім" деді.
Гильотинаның ескі қамалға: "Мен - сенің қызыңмын" деуге қақы бар
еді. Сонда ескі қамал өзін қызының өлтіргенін сезінді.
Аспан тап осы жазғы таңдағыдай бұрын-соңды мейірлене шуақ төккен
емес, арайлай атып келе жатқан таң осыншама хош, жұпар иіс шашқан
емес. Самал жел тал көгін желбіретіп тұр: таңсəрідегі тұманның соңғы
сілемі шалғын үстімен ақырын жылжып барады; жылғаның нəрлі ылғалы
бойына тараған Фужер орманы таң атарда фимиам толы зерендей буы
бұрқырап жатты. Көгілдір аспан, алашабыр бұлт, мөлдір айдын, алқоңыр
түстен жақұт түсіне дейін құбылып тұрған, алуан реңктегі жасыл желек,
бір-бірімен құшақтаса аймаласқан шоқ ағаштар, көк майса шөп, кең жазық,
терең сайлар - осының бəрі тазалық пен пəктік нышанын өз бойына
дарытқандай: табиғат осынысымен адамға: "Үйрен менен" деп тұрғандай.
Əрі осынау таңғажайып көріністің қақ ортасында адам ғана өзінің бүкіл
арсыздығын жұрт көзіне жайып салып тұрғандай: осынау ерен сұлулықтың
ен ортасында бір-біріне қарама-қарсы қамал мен эшафот, соғыс пен азап,
қанқұйлы ғасырлардың туындысы мен қанқұйлы сəттің туындысы - өткен
шақтың түнгі жапалағы мен болашақтың жарқанаты түр. Əрі осынау гүл
жайнаған, хош иісті, мейірімге толы, тамаша табиғаттың алдында жомарт
күн, зеңгір аспан мұнара мен гильотинаға да алтын рауан төгіп, жұртқа:
"Қараңдаршы, мен не істеп тұрмын, ал сендер не істеп жатырсыңдар?"
дегендей.
Бүл көріністің өз көрермендері бар. Экспедициялық отрядтың торт мың
солдаты қырат үстінде қамалға қарама-қарсы жауынгерлік тəртіппен сапқа
тұрғызылды. Олар "Е" əрпі сияқты бірдеңе құрап, гильотинаны үш жақтан
қоршап тұрды. Ең ұзын, ортаңғы қатардың ортасына орналасқан
артиллерия батареясы осы "Е"-нің белдік сызықшасы болатын Гильотина
тірі қалау тəрізді осы жауынгерлік саппен қоршалған: екі шеті ор үстіндегі
жиекке дейін созылып жатқан бүл тірі қалаудың төртінші, ашық жағы ор
жиегімен шектеліп, қамалға қарап түр. Бос кеңістікте, осынау ұзын төрт
бұрыштың ортасында эшафот сораяды. Күн көтерілген сайын
гильотинадан шөпке түскен көлеңке қысқара берді, қысқара берді.
Зеңбіректердің жанында жағулы білте ұстаған артиллеристер тұр.
Мұнара діңгегіне судьялар мəжіліс үстел жəне арқалығына үш түсті ту
бекітілген орындықтар апарылды. Күн Тургтің арғы жағынан шығып келе
жатты жəне ашық аспанда үйдің еңгезердей тұрпаты қара дақ болып
көрінеді, ал мұнараның діңгегінде - тулардың саясында тұрған судьяның
орындығы, орындықта қолын қусырып бір адам тапжылмай отыр.
Бүл Симурден еді. Бəрі үн-түнсіз. Солдаттар мылтықтарын аяғына
сүйеп, қабақтары салыңқы тұр. Олар бір-бірінің шынтағына тиіп тұрса да,
əңгімелескен жоқ. Олар осынау сұмдық соғысты, өздері қатысқан қыруар
шайқасты, өздері қасқая қарсы жүрген бұрыштан атылған оқты, алынған
қамалдарды, өздері ұтып шыққан ұрыстарды, жеңістерді еске алды жəне
оларға осы даңқ түгелдей масқаралыққа айналып бара жатқандай көрінді.
Зілдей ауыр күту сезімі баршаның жүрегін езгілеп жатқандай. Жендеттің
гильотинаның сəкісі үстінде əрлі-берлі жүргені көрініп тұр. Жарқырап атып
келе жатқан таң көкжиекке нұрын шашты.
Кездемемен таңып тасталған барабанның дүңгірлеген даусы естілді.
Бүл азалы үн жақындай түсті. Солдаттардың қатары қақ айрылды:
процессия жұрттың қаумалаған ортасына еніп, эшафотқа беттеді.
Əуелі қара барабандар көрінді, соңында мылтықтарын төмен ұстап,
гренадерлер ротасы келе жатты, сонан соң айыпкер көрінді.
Жандармдардың екінші взводы шерудің ең соңында.
Говэн бос келе жатыр: қолында да, аяғында да кісен жоқ. Үстінде
жорық кезінде киетін формасы, жанында сапысы.
Жүзіне қуанышты ой ұшқын шашып тұрғандай; бұл ой ол Симурденге
"Мен болашақты ойлап отырмын" деген сəтте жүзін нұрландырып жіберген
болатын.
Ол үкім орындалатын жерге жеткенде ең алдымен мұнараның діңгегіне
қарады. Гильотинаға бұрылып та жатпады. Ол Симурденнің үкім
орындалар кезде осында келуді өзіне борыш санарын білді, Говэн көзімен
соны іздеген. Тапты да.
Симурден өліктей, өңі құп-қу, қан-сөл жоқ, отырған орнынан тапжылар
емес. Жанында тұрған адамдар оның тынысын естіген жоқ. Ол айыпкерді
көргенде селт етпеді, тіпті қабағын да шытпады.
Осы екі арада Говэн эшафотқа таяп қалды. Ол жүріп келе жатып,
Симурденнен көз алмады, Симурден де соған қарап тұрды, ол Говэннің
көзқарасынан өзіне медеу тапқандай еді.
Говэн эшафоттың іргесіне келіп, сəкіге шықты. Гренадерлер ротасын
басқарған офицер оған ілесе көтерілді. Говэн сапысын шешіп, офицерге
берді; сонан соң галстугін шешіп, жендетке берді.
Ол бұрын-соңды дəл қазіргідей шырайлы болған емес. Оның қолаң
шашы желмен желбіреп тұрды - ол кезде еркектер шашын қысқа
алдырмайтын. Оның аппақ мойны əйелдің мойнындай нəзік те шымыр еді,
ал өткір де айбынды көз жанары ерекше мейірімді болатын. Ол эшафот
үстінде тұрса да, армандаумен болды. Эшафот та шың ғой. Говэн бойын тік
жазып, байсалды да сабырлы қалпымен түр. Күн оған нұрын шашып,
шұғыласына бөлеген.
Айыпкерді байлау керек еді. Жендет қолына жібін алып, оған жақындай
түсті.
Бірақ осы арада солдаттар өздерінің жас командирін қазір пышаққа
салатынын көріп, шыдай алмады, тіпті, соғыстың нелер сұмдығына еті
үйреніп кеткен бүл адамдардың да жүрегі жарылып кете жаздады. Жан
шошырлық бірдеңе - армияның аһ ұрғаны естілді. "Кешірім! Кешірім!"
деген баршаның айғайы естілді. Кейбіреулер жүрелей құлап, кейбіреулер
мылтықтарын лақтырып тастай, Симурден отырған мұнараның діңгегіне
қолдарын жайды. Бір гренадер гильотинаға қарап: "Мұнда орынбасарды
қабылдай ма? Мені алыңдар!" деп шыңғырып жіберді. Бəрі де: "Кешірім!
Кешірім!" деп жан ұшыра қайталады. Жабайы аң екеш аң да бұл өксіктен
жаны елжіреп кетер еді немесе зəресі ұшып зыта жөнелер еді, солдаттың
көз жасы құт қашырарлық.
Жендет не істерге білмей, əрі-сəрі болып тұр.
Сонда қоңыр əрі төтен дауыс, бірақ сұстылығы сонша, барша жұртқа
айқын естілген дауыс мұнараның жоғары жағынан:
- Заң орындалсын! - деп айғай салды.
Бұл қайтпас-қайсар дауыс баршаға таныс болатын. Симурден сөзін
айтты. Армия түршігіп кетті. Жендет енді қобалжыған жоқ. Ол жібін созды.
- Сабыр етіңіз, - деді оған Говэн.
Ол мұнара жаққа қарай бұрылып, бос оң қолымен Симурденге қоштасу
белгісін беріп, сонан соң өзін байлаттырды.
Өзін байлап болған соң ол жендетке:
- Ғафу етіңіз, тағы бір сəтке, - деді.
Сөйтті де:
- Жасасын республика! - деп айғайлады.
Оны тақтайға салды: сұлу, тəкаппар басын масқаралық қарғыға сұғып
жіберді. Жендет оның желкесіндегі шашын ақырын көтеріп, пружинаны
басып қалды. Үш бұрышты пышақ орнынан қозғалып, əуелі ақырын, сонан
соң тездете төмен зымырады. Жиіркенішті дыбыс естілді...
Тап сол мезетте екінші бір дауыс шықты - балта соққысына тапанша
даусы саңқ етіп жауап қатты. Симурден белбеуінен тапаншаны суырып
алды да, Говэннің басы себетке домалап түскенде, өзінің жүрек тұсынан
атып жіберді. Аузынан бұрқ етіп қан шықты. Ол жансыз құлап түсті.
ЕСКЕРТУЛЕР
Патриоттар - Францияда республиканы жақтаушыларды жұрт осылай
деп атайтын.
"Сен көктермен біргесің бе? Ақтармен бе? Кіммен біргесің?" - Бальзак
"Шуандар, немесе Бретань 1799 жылы" деген романында былай деп
жазады: "Қырғи қабақ болған сол кезде Батыс Францияның тұрғындары
республиканың барлық солдаттарын көктер дейтін. Мұндай лақап ат қызыл
жиекті республикалық тұңғыш мундирге байланысты шықты..." Ақтар деп
корольдің жақтастарын (роялистерді, монархистерді) солардың ортасына
алтын лилия гүлі салынған ақ туына орай атайтын.
Сеньор - феодалдық қоғамда өзіне тиісті иелікте өкімдік билікке не
болған жер қожайыны.
Гугеноттар протестанттары.
католиктік
шіркеуден
бөлініп
кеткен
француз
Кюре - Францияда католиктік қауымның дінбасы.
"... галераға айдапты" - каторга жұмысына (байырғы кезде мемлекеттік кемелерге: галераларға, каторгаларға ескекші етіп) жіберу.
1782 жылы 10 тамызда көтеріліске аттанған халық корольдің Тюильри
сарайын басып алды, ал 13 тамызда король Людовик XVI жасы кіші
дофинмен, тақ мұрагерімен бірге (ол да Людовик болатын) Париждегі
Тампль мұнарасына қамалды. 1793 жылы 21 қаңтарда Людовик XVI
жазалап өлтірілді.
Корвет - үш мачталы ескі əскери кеме.
Каронада - салмағы əр түрлі ядро ататын ескі теңіз зеңбірегі.
Фрегат - крейсерлік, яғни байқау-күзет қызметіне жəне барлау
қызметіне арналған үш мачталы əскери кеме.
Шевалье - феодалдық Франциядағы дворяндық титул (баронмен тең).
Лоцман - фарватерді (белгілі бір су айдынында кеме жүре алатын
жолды) жақсы білетін жəне сол жолмен кемені алып жүретін адам.
Шкипер - коммерциялық (сауда-саттық) кеменің капитаны: əскери кеме
мүлігін басқаратын қызмет адамы.
Кокарда - бұл жерде: бант; республикашылар үш түсті кокарда тағып
жүретін (қарттың жасыл кокардасы туралы айтылатын жерді қараңыз).
Граф д-Артуа - революция құлатқан Бурбондар династиясының өкілі.
Ол (басқа принцтер: граф Прованскиймен жəне принц Кондемен бірге)
контрреволюция күштерін ұйымдастырушы болды.
"Монитер" - үкіметтік баспасөз органы ретінде ұзақ уақыт шығып
тұрған француз газеті (1789-1901).
Киль толқуы - бүйір толқудан өзгеше ұзына бойға толқу; киль - кеме
корпусының төменгі жағының негізі болып табылатын ұзына бойғы
бөрене.
Канонир - зеңбірекші.
Трап - кемелерде болады: саты.
Фок-мачта - кеменің алдыңғы мачтасы.
Грот-мачта - желкенді жəне ескекті кемелердегі ортаңғы, ең биік
мачта.
Ганшпуг - рычаг, сырық, тұтқа.
Форштевень - кеменің салмақты бөлігі, кильдің жалғасы жəне кеменің
тұмсық жағын құрайды.
Монсеньор - ("менің сеньорым") байырғы Францияда тегі не мансабы
жоғары адамдардың сыпайы атауы (мысалы, монсеньор-епископ).
Лье - француздың ескі ұзындық өлшемі, 4,5 километрдей.
Жан Шуан (өзіне тəн ысқырығы бойынша оның Жан Филин, Жан
Жапалақ деген лақап аттары болған, шын ата-тегі Жан Котро) - 1793
жылдың аяқ шенінде республикаға қарсы бүлік шығарған Вандея
контрреволюциялық бандаларының аса қауіпті жетекшілерінің бірі.
Ливр - Францияда ежелгі күміс ақша (монета), бағасы əр заманда
əртүрлі болған.
Су - француздың ұсатқыш майда монетасы; қазір франктың 20-дан
біріне тең (5 сантим).
Луидор - алтын ақша, он сомдық.
Стратег - қолбасшы, соғыс жүргізу өнерінің білгірі.
Маркиз - дворяндық титул, герцог пен графтың аралығында, ал виконт граф пен баронның аралығында.
"Марсельеза" - 1792 жылы Ружс-де-Лиль жазған революциялық əн.
Алғаш рет Марсель еріктілері айтқандықтан, аты ("марсельдік") да содан
шыққан; кейіннен Француз республикасының ұлттық гимніне айналды.
Митра - епископтардың (жəне кейбір дінбасыларының) бас киімі,
құдайға табынған кезде киеді.
Скипетр - шоқпар (əдетте асыл тастармен жəне ою-өрнекпен
безендіріледі) патшалық (корольдік) өкімет билігінің белгісі.
Стихарь - құдайға табынған кезде киетін дьяконның жеңі кең ұзын
етекті киімі.
"Карманьола" - 1792 жылы пайда болған француздың ұлттық
революциялық əні мен биі.
Бастилия - 1789 жылы 14 шілдеде халық қиратқан Париждегі қамалтүрме; Бастилияның алынуы жыл сайын Францияда ұлттық мейрам ретінде
тойланады.
Робеспьер Максимилиан (1758-1794), Дантон Жорж (1759- 1794), Марат
Жан-Поль (1743-1793) - бірінші француз буржуазиялық революциясының
аса ірі қайраткерлері.
Қызыл мундирлер - ағылшын солдаттары.
Брауншвейг - герцог Карл Брауншвейгский, 1792 жылы монархияны
қалпына келтіру мақсатымен Францияға басып кірген пруссиялықавстриялық-гессендік əскерлердің бас командашысы (оларға он торт мың
эмигрант қосылды).
Гильотина - басты кесу арқылы өлім жазасын орындайтын құрал;
бірінші француз буржуазиялық революциясының тұсында доктор
Гильотеннің ұсынысы бойынша қолданыла бастады.
Эшафот - өлім жазасын орындауға арналған сəкі.
Шаретт де-ла-Контри Франсуа - текті Бретань дворянині; 1793 жылдың
наурызынан Төменгі Вандеяда контрреволюцияның басында тұрды. Ол
отанға қарсы толып жатқан қылмыс жасаумен қарабет болып, 1796 жылы
29 наурызда жазалап өлтірілді.
Тампль - Париждегі Тампль мұнарасына француз тағының жасы
толмаған мұрагері (дофин) басы кесілген король Людовик XVI-ның баласы
-Людовик Капет қамалған болатын; эмигранттар оны Людовик XVII деп
атайтын.
Мария-Антуанетта - француз королевасы, Людовик XVI-ның зайыбы,
Людовик XVII-ның анасы; 1793 жылы 16 қазанда жазалап өлтірілді.
Пий VI - сол кездегі Рим папасы (1755 жылдан 1789 жылға дейін).
Шарлотта Корде (1768-1793) - Нормандиядан шыққан кедейленген
дворянның қызы. Оның екі ағасы бірдей 1792 жылы эмиграцияға кетіп,
принц Конденің армиясында Францияға қарсы соғысты. Парижден қашып
кеткен жирондист-депутаттардың контрреволюциялық үгітінің ықпалымен
Шарлота Корде революцияшыл астанаға аттанып, Маратпен дидарласуға
қолы жетеді де, оны өлтіреді. Төрт күннен соң өзі жазалап өлтірілді.
Питт Кішкентай Вильям (1759-1806) - Англияның 1783 жылдан
премьер-министрі, революцияшыл Францияға қарсы, содан соң Наполеон
І-ге қарсы соғыстардың жігер берушісі жəне ұйымдастырушысы.
Жаршы - халыққа ресми хабарларды жариялайтын адам.
Геркулес - Геракльдің жүректілігімен жəне төтенше күшімен көзге
түскен ежелгі Грецияның аңыздағы батырының латынша аты.
Вольтер (1694-1778) - француздың аса ірі ағартушы - жазушыларының
бірі: ақын, драматург əрі новеллист, тарихшы, публицист жəне философ.
Руссо Жан-Жак (1712-1778) - француздың ағартушысы, оның идеялары
бірінші француз буржуазиялық революциясын дайындауда үлкен роль
атқарды.
Фурьер - азық-түлікті, жемшөпті дайындауды, сондай-ақ бөлім басқа
жаққа ауысқанда офицерлер мен солдаттарды орналастыру үшін пəтер табу
жұмысын басқаратын адам.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
  • Büleklär
  • 93 жыл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4084
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2212
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4130
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4161
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4035
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3816
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2202
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4081
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3991
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2130
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2071
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4111
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4020
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4058
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2115
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3439
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1990
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.