Latin Common Turkic

93 жыл - 16

Süzlärneñ gomumi sanı 3995
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Өлімсіреген өрттен төңірекке көмескі жарық тарап жатыр.
Сөніп бара жатқан жалынның жылтылдаған сəулесі мұнараның сырт
жағын орай қыратқа түсіп, қырат біресе түнектен шығып, біресе қайта
түнекке батып тұр. Бірауық қараңғылықпен алма-кезектескен жылтылдаған
сəуле айналадағы заттардың бəрін оғаш зорайтып жіберді де, қарауылда
тұрған сақшылар алыстан қайдағы бір аруақ сияқтанады. Ойға шомған
Говэн от пен түтіннің арпалысына сүлесоқ қарай қалған. Жарық пен
қараңғылықтың үздіксіз алмасуы да оның ойында тайталасқан қарамақарсы ақиқаттардың алмасуына ұқсас бір ерсі сəйкестік бардай.
Кенет будақ-будақ түтін арасынан өрттен ұшып түскен шоқ қырат
төбесін жап-жарық етіп жіберді де, Говэннің көз алдынан жүк арбаның
қызғылт сұлбасы қылаң етті. Ол анықтап қарай бастады. Жүк арбаны
форма киген үш бұрышты бас киімі бар салт аттылар күзетіп жүр екен. Бүл
осыдан бірнеше сағат бұрын, күн батарда Гешан екеуі дүрбімен көрген жүк
арбаға ұқсап кетті. Үстінде біреулер күйбеңдеп жүр, түсіріп жатса керек.
Олар арба үстінен анда-санда металл дыбыс шығарып қоятын, тегі, ауыр
нəрсе түсіріп жатыр. Бұл жерден оның не екенін анықтап көру қиын еді.
Өзі кеспелтек ағашқа ұқсайды. Екі адам жəшікті жерге түсірді, оның
ішінде, нобайына қарағанда, қандай да бір үш бұрышты зат бар сияқты.
Шоқ өшті де, айнала қайтадан қараңғылық жамылды. Говэн ішінде не
барын білгісі келіп, Əлгі жəшікке шұқшия ұзақ қарады.
Қолшамдар жағылып, əлдеқандай көлеңкелер ербеңдей бастады. Кейкейде ағаш шапқан балта даусына ұқсас бір дыбыс естіледі. Біреу шалғы
қайрап жатқандай, қайдағы бір металл дыбыс құлаққа шалынады.
Қоңырау сағат екіні соқты. Говэн ықтиярынан тыс ақырын, жүрексіне
басып, ойыққа беттеді. Ол жақындағанда сақшы қараңғыда галунмен
тігілген командир плащын байқап қалып, ізет берді. Говэн қарауыл бөлмеге
айналдырылған мұнараның төменгі залына кірді. Төбеде қолшам ілінген.
Шам бөлмеде сабан үстіне сұлай-сұлай кеткен жəне бері дерлік ұйықтап
жатқан қарауылшылардың денесіне сүрінбейтіндей ғана залға біркелкі
жарық түсіріп тұр екен.
Командир ішке кіргенде жерде жатқандардың кейбіреуі, оның ішінде
қарауыл бастығы -офицер де орындарынан ұшып тұрды. Говэн офицерге
тас қамаудың есігін нұсқап:
- Ашыңыз, - деді.
Ырғақ кейін ысырылды. Говэн тас қамауға кіріп, артынан есік тарс
жабылды.
Жетінші кітап
ФЕОДАЛИЗМ ЖƏНЕ РЕВОЛЮЦИЯ
I. Ата тек
Жер астындағы қамаудың тас еденінде қолшам жанып тұр; сол жерде
бір тостаған су мен бір үзім нан. Еденге бір құшақ сабан төселген.
Есік сықырлай ашылғанда маркиз торға қамалған хайуанша камера
ішінде əрлі-берлі жүр екен.
Ол есік сықырына басын көтерді. Оны мен Говэннің арасында, еден
үстінде тұрған шамнан екеуінің де бетіне жарық түсті: маркиз кеңк-кеңк
күлді:
- Сəлеметсіз бе, сударь? Көптен көре алмай, құмарым тарқамай жүр еді.
Менімен жүздесуге ілтипат білдіріпсіз. Рахмет оныңызға. Сізбен
əңгімелесуге өте қуаныштымын, əбден зерігіп кетіп ем. Достарыңыз
уақытты босқа өткізіп жатыр. Адамның жеке басын куəландыру, əскеридала соттары жəне басқа рəсім біткеннің бəрі - істі сөзбұйдаға салушылық
қана. Олардың орнында болсам, тура іске көшер едім. Мен мұнда өз
үйімдемін. Кіріңіз ішке. Мынау оқиғалар жайында не дей аласыз? Ерен
нəрсе емес пе? Ерте, ерте, ертеде, король мен оның зайыбы - королева
болыпты. Король - король де, королева - Франция болатын. Сөйтіп
жүргенде корольдің басын шауып, королеваны Робеспьерге ұзатыпты. Бүл
мырза мен бұл бикештің арасынан Гильотина дейтін қыз дүниеге келіпті.
Менің, сірə, сол қызбен ертең танысуыма тура келетін шығар. Қуанышым
қойныма сыяр емес. Бүл жерде сізді көріп тұрғаныма да қуаныштымын.
Мені сол сұлуға дидарластыруға келгеннен саумысыз? Əлде шеніңізді
арттырып, жендет етіп тағайындаған шығар? Жоқ па? Егер бұл жай ғана
достықпен сəлемдесе келгеніңіз болса -дəн ризамын. Сіз, бəлкім, виконт
мырза, дворяндардың кім екенін ұмытқан шығарсыз. Ендеше, жақсылап
қарап алыңыз - солардың бірі алдыңызда түр. Əрі ол сізді қуана-қуана атып
тастар еді. Айтқандай, сіз неғып тігіңізден тұрсыз? Рақым етіңіз,
отырыңыз. Рас, еденде отыруға тура келмек, себебі бұл салонда кресло
деген жоқ, бірақ қоқыста тұратын адамға жерге де отыруға болады ғой.
Мен мұны сізге тіл тигізу үшін айтып отырған жоқпын: өйткені сіздер
халық дейтін нəрсені біз қоқыс деп атаймыз. Сіз менен "Бостандық!
Теңдік! Туысқандық!" деп айғайлауымды талап етпессіз деп үміттенемін.
Бұл жер - үйімнің ескі бөлмесі: бір кездері мырзалар мұнда мұжықтарды
қамайтын, енді мұжықтар мырзаларды қамайтын болыпты. Осы
былшылдың аты революция көрінеді. Отыз алты сағаттан соң басымды
алмақ. Несі бар, қарсылығым жоқ. Əйтсе де сіз темекі сауытыма кісі
жіберсеңіз, бүл сіздің тарапыңыздан ибалық болар еді, мен оны жоғарыда,
сіз бала күніңізде тіземнен түспей ойнайтын бөлмеде ұмытып кетіппін...
Виконт, сізге мынаны айтқым келеді: сіздің есіміңіз - Говэн жəне қаншама
таңданарлық
болғанмен,
сіздің
қан
тамырыңызда
да
менің
тамырымдағыдай асыл қан ағады. Бүл қан мені абзал адам етсе, сізді
жексұрын етіпті. Бұған мен кінəлі емеспін деп менімен таласуыңыз мүмкін.
Бірақ бүл менің де кінəм емес. Санасыз қылмыскерлер де болады. Бəрі де
адамның қандай ауамен тыныстайтынына байланысты. Қазіргідей заманда
ешкім де өз қылығы үшін жауап бермейді. Сайқал революция бəрімізді де
тəлкек етуде жəне біздің шектен шыққан зұлымдарымыздың бəрі, шын
мəнінде, нағыз ашық ауыздар ғана. Сізден-ақ басталық. Сізге қайран
қалмау мүмкін емес. Зиялы отбасынан шыққан, қоғамда биік дəреже
иемденіп, өзінің асыл қанын ұлы іс үшін төгуге мүмкіндігі бола тұра, тап
осы Тург-Говэн қамалының виконты, келешекте заңды герцог атану жəне
Францияның мэрі деген атақты мирас ету қолынан келетін Бретань
мұрагері бола тұра, яғни жер бетінде парасатты адамның тілер нəрсесін
түгел дерлік иемдене отырып, қазіргідей күйге жетуді артық көретін əрі
жаулары зұлым деп қарайтын, ал достары ақымақ деп санайтын жас жігітке
сүйсінбеу мүмкін емес. Айтпақшы, аббат Симурден мырзаға сол ем айта
барғайсыз.
Маркиз ештеңені бөле-жармай, жақын-жаранымен əңгімелескендей
Говэнге көңілді де шат жүзбен қарап, қолын қалтасына салған қалпы
жайдан-жай, байсалды сөйлеп тұр.
- Жасырмаймын - мен сізді өлтірмек болдым; бүл үшін қолымнан
келгеннің бəрін істеп бақтым. Сізге өз қолыммен үш дүркін зеңбірек аттым.
Бұл сыпайылық емес, мұны мойындаймын, бірақ соғыс кезінде дұшпаннан
сыпайылық сақтауды күту ерсілік болар еді ғой. Ал сізбен біз соғысып
жүргенбіз, жиен мырза. Айналадағының бəрін өрт құшып, қан жапты.
Корольді өлтірді. Па, шіркін, заман болғаныңа!
Ол тағы үндемей қалды да, сол сарынмен қайта сөйлеп кетті:
- Ойлап қарасаң, Вольтерді* дарға асып, Руссоны* галераға айдаса,
мұның бірі де болмас еді. Өй, осы бір ақылгөй немелер-ай, пəленің бар
басы соларда емес пе? Авторларының өзін өртеудің орнына, шығармаларын
өртепті. Бəрінің себебі - шыжбай-шатпақшылар мен ұйқас қуалаушылар.
Мен болсам, бүл қағаз шимайлаушылардың бəріне əкесін танытар едім! Біз
өз заманымызда сот құрып, жазалай білетінбіз. Міне, тап осы бөлмеде
адамдарды паршалаған болатын: қабырғада тіпті доңғалақ ізі де
сақталыпты. Біз қалжыңды білмейтінбіз. Жоқ, жоқ, шыжбайшатпақшыларды атай көрмеңіз. Вольтерлер барда Мараттар да болады.
Қағаз шимайлаушылар барда қанішерлер де бола бермек. Сия барда қара
дақ та болмақ. Адам қолына қалам ұстауды ұмытпайынша, ақымақтық пен
сұмпайылық парықсыз қатыгездікті тудыра бермек. Қылмысты тудыратын кітап. Мұндай сандырақты жұрт қайтіп қана ермек етеді десейші? Осынау
құқылардың бəрін бізге түсіндіріп жатудың қажеті қанша? Адам құқығы!
Халық құқығы! Қиял, бос сөз. Құр сандырақ. Сіздердің жексұрындарыңыз,
жарлы-жақыбайларыңыз құқық деп жүрген нəрсе не? Құдай мен патшаны
өлтірушілік. Бұл сұмпайылық емей - немене? Малғұндар!.. Сіз үшін
реніштімін, қайырымды тақсыр. Сіз ежелгі Бретань руына жатасыз; біздің
сізбен арғы атамыз бір. Ол - Говэн де-Туар. Сіз, сударь, мəңгүрттігіңізге
бəлденесіз, менің атқосшыммен тең болуға мəзсіз. Сіз бала кезіңізде-ақ мен
қарт болатынмын: мен мұрныңызды сүртетінмін, қазір де сүрте аламын.
Бойыңыз өскенмен, ойыңыз өспепті: есейе келе ергежейліге айналыпсыз.
Сізбен көріспегелі жолымыз екі айрылыпты: мен намыс жолымен, сіз - оған
қарама-қарсы жолмен кетіпсіз... Мұның бəрі немен тынарын білмеймін,
бірақ сіздің достарыңыз сияқты мырзалардың - сілімтік жексұрындар
екенін білемін!
Бəрі тамаша, азамат мырзалар! Францияда патшалық құрыңдар,
қожайындық етіңдер, билеп-төстеңдер, ұялып-қызармаңдар, өз үйлеріңде
жүргендей сезініңдер! Бірақ діннің дін болып қаларын, король өкіметінің
тарихымыздың он бес ғасырын қамтып келген дерегі не істесеңдер де
дəлел болып қаларын жəне ескі француз ақсүйектігі тіпті басынан
айрылғанда да, сіздерден əлдеқайда жоғары болып қаларын біліп
қойыңыздар.
Сіздер
бəрін
айпап-жайпап
құрттыңыздар,
қираттыңыздар,
ойрандадыңыздар. Сіздерге дворяндықтың қажеті жоқ. Несі бар, сіздерге
енді ол болмайды да жəне сіздер оған əлі зар болып, жас төгесіздер.
Сіздерде енді серілер мен батырлар болмайды. Хош, Францияның қайран
ұлылығы!
Аз-кем кідіріп, ол тағы да мынаны айтты:
- Корольді өлтіре беріңдер, дворяндарды өлтіре беріңдер, дінбасыларын
өлтіре беріңдер, ескі заңдарды, ескі дəстүрлерді, ескі мінез-құлықтарды
жайпап жойыңдар, талқандаңдар, тонаңдар, аяққа таптаңдар; тақтарды
төңкеріңдер, альтарды табалаңдар, құдайды аластаңдар жəне ойраны
шыққан жерде ойнақ салыңдар - еріктерің. Мен бəрін айттым. Енді мені
гильотинаға жөнелтіңдер. Виконт мырза, иіліп, тəжім етем!
Ол тағы да:
- Мен сізге көптеген күйінішті ақиқатты айтып салдым. Бірақ неден
қорқайын? Мен енді өлікпін, - деді.
- Сіз еріктісіз, - деді Говэн.
Ол маркиздің қасына барып, үстіндегі плащын шешті де, Лантенактың
иығына жауып, көзіне күлопарасын баса кигізді. Олардың бойы бірдей еді.
- Не істеп жатырсыз? - деп сұрады маркиз. Говэн оған жауап
қайырмастан:
- Поручик, есікті ашыңыз! - деп əмір етті. Есік ашылды:
- Соңымнан жауып алғайсыз! - деп Говэн тағы дауыстады да, аң-таң
болған маркизді босағадан итеріп жіберді.
Мұнараның қарауыл бөлмеге айналдырылған төменгі залында,
оқырманның есінде шығар, жалғыз шамнан көмескі жарық түсіп тұрғанды. Ұйықтамай, ояу жатқан солдаттар осынау əлсіз жарықта жамылғысы
бар галунмен тігілген командир плащын киген сұңғақ бойлы адамның
жандарынан есікке қарай өткенін көрді. Олар ізет берді де, анау есіктен
шығып, жоқ болды.
Маркиз зал ішімен асықпай өтіп, ойықтан асыла аттады да, басын
тастың қырына бірнеше рет соғып алып, ақыры мұнарадан шықты. Сақшы
оны Говэн екен деп ойлап, мылтығын қарауылға алды.
Маркиз еркіндікке шығысымен аяқ астынан майда шалғынды сезгенде,
қарсы алдынан екі жүз қадам жерде орманның шеті мен жазықты көріп,
онда, орман ішінде, өзін тасалар түн қараңғысы, бостандық, өмір күтіп
тұрғанын түсініп, кілт тоқтады. Ол кенет абдырап қалып, қапылыста бір
қылық жасап қойғандай жəне дұрыс істедім бе осы, кейін қайтқаным дұрыс
болмас па екен деп ойланған адамдай, бірер минут қозғалмай, дүдəмал
қалыпта тұрып қалды. Бірақ біраз ойланып, оң қолын көтере, саусағын сарт
еткізді де, "Несі бар?" деп күбір етіп, ілгері жүріп кетті.
Тас қамаудың есігі жабылды. Есіктің ар жағында Говэн қалды.
II. Əскери сот
Симурден алдағы əскери соттың мəжіліс орны етіп шабуыл алдынан
баррикада орнатылған жəне кейіннен қарауыл бөлмеге айналдырылған
мұнараның төменгі залын таңдап алды. Симурден бүкіл процедураны
оңайлатуды жақтады, түрмеден сотқа жəне соттан эшафотқа дейінгі жолды
қысқартқысы келді.
Тал түсте, соның жарлығына сəйкес, сот мəжілісі ашылды. Қарағай
үстел үстінде жанулы екі балауыз шам, үстелдің бір жағында сабаннан
тоқылған үш орындық, екінші жағында, орындықтардың қарсы алдында
табурет тұр.
Үстелдің екі шетінде бірі прокурорға, екіншісі хатшыға деген екі
табурет. Бүл жерде прокурордың қызметін полк фурьері* атқаруға тиіс
болды, ал хатшы болып капралдардың бірі тағайындалды.
Үстел үстінде екі сия сауыт, қызыл сорғыштың таяқшасы, мыс мөр,
ішінде таза қағаз салынған папка мен бірінде заңнан тыс деп
жарияланғандардың тізімі бар, екіншісінде Конвенттің декреті бар тасқа
басылған беті ашық жаюлы екі плакат жатыр.
Ортаңғы орындықтың арт жағында үш түсті бірнеше ту қойылған.
Төрағаға арналған бүл орындық тас қамауға кіретін есіктің тура
қарсысында еді. Оның екі жағында екі жандарм түр. Куəлар солдаттар
болатын.
Ортаңғы орындықта Симурден отыр: оң жағында - соттың аға мүшесі
капитан Гешан, сол жағында - соттың кіші мүшесі, сержант Радуб.
Симурден басына үш түсті кокардасы бар қалпақ киген, жанында қылыш
жəне белбеуіне қыстырған екі тапаншасы бар. Қылыш тілген бетінің қыпқызыл болып тұрған тыртығы оның суық жүзіне ызғар шашқандай.
Радуб ақыры болмаған соң жарасын байлауға көнді. Басы ақ орамалмен
таңылған, сыртына қан таңбасы жайылып шыққан.
Сот мəжілісі əлі ашыла қойған жоқ. Үстел жанында судьялар алдында
хабаршы түр, оны күтіп тұрған аттың мұнараға кіреберісте тұяғымен жер
тарпығаны естіледі. Симурден хабарлама жазып отыр:
"Азаматтар, Қоғамды құтқару комитетінің мүшелері!
Лантенак қолға түсті жəне ертең жазаланып өлтірілмек".
Ол ай-күнін белгілеп, қолын қойды да, депешаны конвертке салып,
шабарманға берді. Ол үйден шыға атына мініп, шаба жөнелді.
Сонда Симурден:
- Камераны ашыңдар! - деп дауыстай бұйырды.
Жандармдар ысырманы əрі итеріп, есікті ашты да, ішіне кіріп жоқ
болып кетті.
Симурден басын көтеріп, қолын төсіне айқастырып, есіктен көз
алмастан:
- Тұтқынды кіргізіңдер! - деп саңқ етті. Табалдырықтан екі жандарм
мен орталарындағы тұтқын көрінді.
Симурден селк етті:
- Говэн! Сенбісің? - деді ол қапелімде не айтарға білмей. Сөйтті де: Мен айыпкерді əкелуді талап еттім ғой, - деді жалма-жан.
- Айыпкер - мен, - деді Говэн.
- Қалайша? Лантенак ше?
- Лантенак бостандықта жүр.
- Қашып кетті ме?
- Қашып кетті.
- Иə, иə, түсінікті, - деп күбірледі Симурден даусы дірілдеп. - Қамалдың
қожайыны емес пе, кіріп-шығатын есік-тесіктің бəрі мəлім ғой оған.
Зынданда құпия жол бар шығар, сірə, оны не ғып ойламадым екен!.. Ол,
əрине, өзгенің көмегінсіз-ақ қашып кете алатын еді ғой.
- Оған көмектесіпті, - деді Говэн.
- Қашып кетуіне көмектесіп пе? Ол кім?
- Мен.
- Сен бе?
- Мен.
- Не деп сандырақтап тұрсың?
- Мен оның камерасына кірдім. Біз екеуден-екеу болдық. Мен оған
плащымды кигізіп, бетіне жамылғымды жаптым, сөйтіп, менің орныма ол
шықты да, мен камерада қалдым. Енді, міне, алдыңызда тұрмын.
- Бұлай етуің мүмкін емес!
- Осылай еттім.
- Мүмкін емес!
- Айтқаным айна-қатесіз.
- Лантенакты əкеліңдер!
- Ол мұнда жоқ. Солдаттар менің плащымды киген оны көріп, мен деп
ойлап, өткізіп жіберген. Əрі ол кезде мезгіл əлі қараңғы болатын.
- Сен алжасқан шығарсың!
- Шыным сол.
Үнсіздік орнай қалды. Ақыры Симурден əр сөзін əрең-əрең ежіктей
айтты:
- Егер бұл рас болса, сен... қылығыңа лайық...
-... Өлім жазасына кесілемін, - деп тəмамдады оның сөзін Говэн.
Симурден өліктей бозарып, жасын түскен адамдай мелшиіп қатты да
қалды. Тынысы тарылып кетті. Маңдайынан суық тер бұрқ етті. Ол даусын
əзер билеп:
- Жандармдар, айыпкерді орнына апарыңдар! - деді. Говэн табуретке
отыра кетті.
- Жандармдар, қылышты суырыңдар! - деп бұйырды Симурден.
Əскери соттарда бүл айыпкерге өлім жазасы төнген жəйтте айтылатын
əдеттегі рəсім еді.
Жандармдар қылышын қынабынан суырды.
- Айыпкер, тұрыңыз, - дегенде Симурденнің даусы қайтадан қату да
байсалды естілді.
Ол оған "сен" деген сөзді бұдан былай айтқан жоқ.
III. Дауыс беру
Говэн орнынан тұрды. Симурден сұрақ қоя бастады:
- Аты-жөніңіз кім?
- Говэн.
- Атағыңыз қандай?
- Солтүстік жағалаудағы экспедициялық отрядтың командашысымын.
- Сіз қашып кеткен қылмыскердің туысысыз ба?
- Мен оның жиен немересімін.
- Сізге Конвенттің декреті мəлім бе?
- Сіздің үстелдің үстінде жатқан ба? Иə, мəлім.
- Бұл декрет жөнінде не айта аласыз?
- Мен оны өз қолтаңбаммен бекітіп, сонда айтылғанның берін қатаң
орындауға бұйрық бергенмін жəне төменгі жағында менің аты-жөнім
тұрған қосымша сөзді өзім жазғанмын.
- Өзіңізге қорғаушы таңдап алыңыз.
- Мен өзімді-өзім қорғаймын.
- Айта беріңіз.
Симурден қайтадан байсалды қалпына келді, бірақ бұл байсалдылықтан
тірі адамның сабырлылығынан гөрі, жартастың мелшиген табандылығы
сезіліп тұрды.
Говэн ойын жиыстырғандай, үн-түнсіз қалды.
- Сіз өзіңізді қорғап не айтар едіңіз? - деп сұрады одан Симурден.
Говен басын көтеріп, ешкімге қарамастан, сөйлей бастады:
- Гəп мынада. Мен мəселенің бір жағымен болып, екінші жағын
аңдамай қалыппын. Өзім куə болған мейірбанды қылық қыруар қылмысты
көзімнен тасалапты. Қарт... ол құтқарған балалар... Осының бəрі жеке
басым мен борышымның ортасына кесе-көлденең тұра қалыпты. Мен
жанып жатқан деревняларды, тып-типыл болған егінжайды, атылған
əйелдерді, құртылып жатқан тұтқындарды, көзі жойылып жатқан
жаралыларды ұмытыппын; мен Францияны ағылшындарға сатып
жібергенін естен шығарып, отанның қанішерін босатып жібердім. Мен
кінəлімін. Мен осыны айта тұрып, өзіме қарсы сөйлеп тұрғандай көрінуім
мүмкін. Бұл қате: мен өзімді жақтап сөйлеп тұрмын. Кінəлі адам кінəсін
мойындағанда құтқаруға тұрарлық бірден-бір нəрсені - арын құтқарады.
- Өзіңізді қорғап айтарыңыздың бəрі осы ма? - деп сұрады Симурден.
- Мен бұған қоса бастық ретінде үлгі көрсетуге тиіс болғанымды ғана
айта аламын, демек, сіз де судья ретінде үлгі көрсетуге тиіссіз.
- Қандай үлгі?
- Мені өлім жазасына кесіңіз.
- Сіз мұның өзі əділ жаза деп сенесіз бе?
- Əділ ғана емес, қажет те.
- Отырыңыз.
Фурьер-прокурор түрегеліп, əуелі бұрынғы маркиз де-Лантенакты
заңнан тыс дап жариялаған қаулыны, сонан соң тұтқын бүлікшінің қашып
кетуіне септесетін адамға өлім жазасын белгілеген Конвенттің декретін
оқыды. Ол декрет жазылған тасқа басылған плакаттың астындағы бірнеше
жол жазуды да оқып шықты: онда, бүл жазуда, жоғарыда аталған бүлікшіге
қолдау немесе жəрдем көрсетуге өлім жазасымен үрейлендіру арқылы
тыйым салынған болатын жəне оның астында "Экспедициялық отрядтың
командашысы Говэн" деген қолтаңба тұрған.
Прокурор оқып болып, орнына отырды.
Симурден қолын айқастырып, былай деді:
- Айыпкер, мұқият тыңдаңыз. Жиналған жамағаттан шуламауды жəне
ешқандай ескерту жасамауды өтінемін, заңға жұрттың бəрі құрметпен
қарауға міндетті. Біз дауыс беруге кірісеміз. Үкім жай көпшілік дауыспен
шығарылмақ. Судьялардың əрқайсысы айыпкердің көзінше өз пікірін
айтады, неге десеңіз, əділ соттың жасырары жоқ. Ол біраз уақыт үндемей
қалды да:
- Сөз аға судьянікі. Капитан Гешан, сөйлеңіз, - деп қоса айтты.
Капитан Гешан Симурденді де, Говэнді де байқамай отырған секілді. Ол
қарсы алдында түпсіз шыңырау жатқандай декрет плакатқа қабағын қарс
түйе, үрейлі көзімен қадала қалған.
- Заң түсінікті, - деді ол түнеріңкі дауыспен. - Судьяның жайын адамнан
артықшылығы да бар, кемшілігі де бар: кемшілігі сол - оның жүрегі жоқ
жəне болуға тиіс емес; артықшылығы сол - оның қолында қанжар бар.
Христос дүниеге келгеннен бастап төрт жүз он төртінші жылы римдік
Манлий ұлын өзінен алдын ала рұқсат сұрамастан жеңіске жеткені үшін
жазалап өлтіріпті. Тəртіп бұзғандық осылайша жазалауды қажет еткен. Бұл
жерде біз заң бұзушылықты көріп отырмыз, ал заң тəртіптен де жоғары.
Адамға іші-бауыры елжірегенде айыпкер отанын қауіпке байлапты.
Жанашырлық кейде қылмыс болып шығады. Командир Говэн бүлікшіл
Лантенактың қашып кетуіне септесті. Говэн кінəлі. Мен өлім жазасын
жақтап дауыс беремін.
- Хатшы, жазып қойыңыз, - деді Симурден.
Хатшы "Капитан Гешан өлім жазасын жақтайды" деп жазып қойды.
- Гешан, сіздің шешіміңіз дұрыс. Рахмет сізге, - деді Говэн.
- Сөз кіші судьянікі, - деді Симурден. - Сержант Радуб, сөйлеңіз.
Радуб орнынан тұрды да, айыпкер жаққа бұрылып, оған ізет жасады.
Сонан соң даусын көтере сөйлеп кетті:
- Олай болса, мені де гильотинаға салыңдар, өйткені құдай атымен ант
етемін, əуелі қарт істегенді, сонан соң біздің командир істегенді істеу үшін
тым көп құн төлер едім. Əлгі сексен жастағы қарттың құйтақандай үш
нəрестені құтқару үшін өртке қойып кеткенін көрген кезде мен: "Жарайсың,
қартым, сабаз екенсің" деп едім. Ал командир қарттың қарғыс атқыр сұрқия
гильотиналарыңнан құтылуына жəрдемдескенін естігенде: "Бұл үшін
командирді генерал шеніне көтеру керек: ол - нағыз адам" дедім. Бізде
крест пен əулиелер болса, мен, құдай атсын, оған əулие Людовиктің кресін
берер едім. Шынында да, не боп барады өзі?! Говэн командир торт ай бойы
осынау роялистік тобырды қойша дүркіретіп қуып келеді, əрі қолына
қылышын ұстай, басын қауіп-қатерге тіге республиканы қорғап келеді,
расында, Доль түбіндегі шайқасты соның арқасында ғана ұттық қой,
мұндай іске əжептəуір ақыл жұмсау керек-тұғын — ал сендер осындай
асыл қазына, осындай командир қолда тұрғанда одан құтылуға
тырысасыңдар! Оны генерал етудің орнына, басын кесіп алмақсыңдар! Бұл
деген есуастық қой!.. Сіз де айтса айтқандайсыз, азамат Говэн! Сіз менің
командирім болмай, батальонымдағы капрал болсаңыз, сізге əлгіде мықтап
былшылдадыңыз дер едім. Қарт балаларды құтқарып, жақсы істеді; қартты
құтқарып сіз де жақсы істедіңіз; ал егер жұртты жақсы қылық үшін атыпаса бастаса, құрысын де бəрі! Бұл арада бірдеңеге түсінсем бұйырмасын!..
Демек, балалар тірілей жанып кетсе де, қарттың тырп етпеуі жəне біздің
командир қарттың басын шапқызуы керек еді ғой, ə? Жоқ, түсінбеймін!
Одан да мені гильотинаға жіберіңдер. Одан да осынысы дұрыс...
Түсінсеңдерші, егер балалар опат болса, Қызыл Бөрік батальоны масқараға
ұшырайтын еді ғой. Сендер осыны қалайсыңдар ма? Біз басымызды не
үшін оққа тіктік, ойбай-ау? Бізден командирімізді тартып алып,
гильотинаға жөнелтулері үшін бе? Жоқ, бұл сандырақ! Бұлай болмайды. Біз
командирімізді жақсы көреміз, бізге командиріміз əбден керги Енді ол бізге
бұрынғыдан да қымбат. Оны гильотинаға жіберу деген не сұмдық? Мұны
естудің өзі күлкі ғой! Жоқ, жоқ, мұнан аулақ! Біз мұны қаламаймыз.
Тыңдай-тыңдай мезі болдым. Не деп көкісеңдер де еріктерің, бірақ бұл болмайтын нəрсе!
Соны айтты да, Радуб орнына отырды. Жарасының аузы ашылып кетті.
Шүберек астынан бұрын құлағы болған жерден самайын бойлай жіпсіп қан
аға бастады.
Симурден Радубқа бұрылды.
- Сіз айыпкерді ақтауды жақтап дауыс бересіз бе?
- Мен оның шенін генерал етіп өсіруді жақтап дауыс беремін, - деп
жауап қатты Радуб.
- Мен сізден айыпкердің ақталуын қалайсыз ба деп сұрап тұрмын.
- Мен оны республикадағы бірінші адам етуді қалаймын!
- Сержант Радуб, анық жауап беріңіз: сіз командир Говэннің ақталуын
қалайсыз ба? Иə ма, жоқ па?
- Мен оның орнына мына менің басымды шабуды қалаймын!
- Демек, сіз ақтауды жақтайсыз ғой, - деді Симурден.
- Хатшы, жазып қойыңыз.
Хатшы "Сержант Радуб ақтауды жақтайды" деп жазды.
Сонсоң:
- Бір дауыс өлім жазасын жақтайды, бір дауыс ақтауды жақтайды.
Дауыс екі бөлінді, -деді.
Дауыс беру кезегі Симурденге келді.
Ол түрегеліп, қалпағын шешті де, үстелге қойды. Бозарған беті
күреңдене түсті.
Егер сот залында отырғандардың бəрі зират ішінде жатса да, тыныштық
мұнан бетер меңіреу болмас еді.
Симурден салтанатты, сабырлы, қатаң дауыспен үн қатты:
- Айыпкер Говэн, біз сіздің ісіңізді қарадық. Əскери сот республиканың
атынан бір дауысқа қарсы екі дауыспен...
- Ол ойланып алмақ болғандай кідіріп қалды. Ол неден толқыды екен?
Өлім жазасына кескен үкімнен бе? Ақтаудан ба? Бəрі демін ішіне тарта,
тына қалды... - сізді өлім жазасына кеседі -, деп барып, Симурден сөзін
тəмамдады.
Оның қуқыл тартқан жүзінен салтанат құрған борыш сезімінің адам
айтып жеткісіз азабы айқын көрінді. Бірақ бұл лып етпе көрініс еді, жалт
етті де жоқ болды. Симурденнің жүзі қайтадан тастай қатты.
Ол орнына отырып, қалпағын киіп жатып:
- Говэн, ертең сіз күн шыға жазаға тартыласыз, - деді.
Говэн орнынан тұрып, сотқа иілді де:
- Азамат соттарға рахмет айтамын, - деді.
- Айыпкерді əкетіңдер, - деп бұйырды Симурден.
Ол қолымен белгі берді. Зындан есігі ашылып, Говэнді ішке кіргізіп
жіберді де, соңынан тарс жабылды. Жандармдар есік алдында жалаң
қылышпен күзетте тұрып қалды.
Радуб есінен танып, еденге сылқ құлады. Оны көтеріп əкетті.
IV. Симурден судьядан соң Симурден ұстаз
Əскери лагерь құжынаған араның ұясына ұқсас, əсіресе, революция
заманында. Тург қамалын алған ержүрек республикашыл отряд соңғы
оқиғалар əбден шырқын бұзып жіберген ара ұясындай гу-гу етеді.
Солдаттар Лантенактың қашып кеткенін естіп, отряд командирі Говэнге
ренжулі еді. Лантенак болуға тиісті тас қамаудан Говэнді алып шыққанда
сот залында отырғандарды тыз етпе сезім дір еткізді. Мұны іле-шала бүкіл
лагерь естіп білді. Солдаттар: "Енді Говэнді соттап жатыр, бірақ бүл көз
бояушылық қана. Осындай бұрынғылардың бəріне, оның үстіне поптарға
сенуге бола ма, тəйірі? Біз жаңа ғана бұрынғы виконттың маркизді
қашырып жібергенін көрдік. Енді біз дінбасының виконтты ақтайтынын да
көреміз", -десті. Ал үкімді естігенде басқа сарындағы өсек-аяң басталды.
"Жоқ бұлары тым үстірттік! Біздің бастықты, біздің ержүрек жас
командирді, батырды жазалау деген не сұмдық? Оның виконт екені рас,
бірақ ол республикашыл ғой. Демек, оның сіңірген еңбегі соғұрлым зор
емес пе? Қалайша! Понторсонды, Вильдені, Пон-о-Боны азат етушіні, Доль
түбіндегі жеңімпазды, Тургті жаңа ғана алған адамды, бізді жеңістен
жеңіске бастаған, республиканың Вандеядагы семсеріне айналып отырған
адамды Симурден деген біреу өлімге кеспекші! Не үшін? Үш баланы
құтқарған қартты құтқарып жібергені үшін! Поп солдатты өлтірмек!..
Жетіспегені осы еді!
Үкімге риза болмаған жеңімпаз лагерь осылайша ашынды. Симурден
баршаның ашу-ызасы кернеген тұнжыраңқы ортада ауыр жағдайда қалды.
Бəрі де Симурденге байланысты. Ол əскери сот ретінде істегенін азаматтық
делегат ретінде шегере алатын. Ол бір өзі ғана кешірім бере алатын. Ол
барша билікке не: соның бір ғана ишараты бойынша Говэн бостандық ала
алады. Ол өлім мен өмірдің əміршісі болды: өйткені ол гильотинаның
қожайыны-тұғын. Осы қасірет буған сəтте оның əмірі аспандап тұрған.
Тек таңды күту ғана қалды.
Түн де келіп жетті.
V. Абақтыда
Сот залы тағы да қарауыл бөлмеге айналдырылды. Күзет осының
қарсаңындағыдай тағы күшейтілді. Тас қамауға кіретін есікті
бұрынғысынша екі жандарм күзетіп тұрды.
Түн ортасы таянғанда қолына шам ұстаған біреу залдан өтіп, аты-жөнін
атады да, зынданды ашуға бұйырды. Бүл Симурден болатын. Ол камераға
кіріп, есікті шала-шарпы ашық қалдырды.
Камера іші қараңғы əрі тым-тырыс. Симурден табалдырықтан аттап,
қолшамды еденге қойды да, тоқтай қалды. Қара көлеңке жерде ұйықтап
жатқан адамның біркелкі дем алғаны естіліп түр. Симурден осы сабырлы,
алаңсыз дыбысқа құлақ тосып, əлденені ойлағандай болды.
Говэн камера түкпірінде сабан үстінде қатты ұйықтап жатыр екен.
Симурден дыбыс шығармауға тырысып, оның қасына жақындады да,
жүзіне үңіліп ұзақ қарады. Ұйықтап жатқан бөбегін қызықтаған ананың
жүзі де мұнан мейірімдірек болмас. Симурденнің жанарынан өз қалауынан
бетер уытты сезім аңғарылып тұр. Ол бұрынғы əдетінше жұдырығымен
көзін басып, бір сот тапжылмай тұрып қалды. Сонан соң жүрелеп отырып,
еппен ұйықтап жатқан адамның қолын алып, ерніне тақады.
Говэн қимылдап кетіп, ұйқыдан қапылыста оянған адамның əдетінше
таңырқаған жүзбен кезін шайдай ашты. Қолшамнан камера ішіне əлсіз
жарық түсіп тұрған. Говэн Симурденді бірден таныды.
- Ə, бұл сіз бе едіңіз, ұстазым! Бір сəт кідіріп барып:
- Жаңа ғана түсімде ажал қолымды сүйіп жатқандай көрініп еді, - деп
қоса айтты.
Симурденнің ақыл-санасын алуан түрлі сезім шарпып, тебіреніп кетті.
Мұндай ой тасқынының биік болатыны жəне сарқырай төгілетіні сонша,
адам жанын кернеп, тұншықтырып тастардай. Бірақ сезім лық кернеген
Симурденнің жүрегінен ешқандай да сыбыс шықпады. Ол тек қана:
- Говэн! - деп үлгерді.
Олар бір-біріне қарады. Симурденнің көзінде суық ұшқын жайнап
тұрған: мұндай суық ұшқыннан көз жасы кеуіп кететін. Говэн мүлəйім
түрде жымиды. Ол шынтағымен көтеріле түсіп, сөйлей бастады:
- Мен бетіңіздегі мынау тыртыққа өне бойы қарай беремін, қадірмен
ұстазым, - бұл сізге менің кесірімнен дарыған қылыштың ізі ғой. Əрі... сіз
күні кеше ғана менімен бірге, қасымда шайқасып жүр едіңіз: мен үшін,
мені қорғаштап, сіз алыс-жұлыстың қайнаған ортасына қойып кеттіңіз.
Шапағатты жарықтық сізді менің бесігім басына əкелмегенде мен кім болар
едім? Мен түнекте жүрер едім. Егер тұла бойымда борыш сезім бар болса,
бүл үшін сізге қарыздармын. Мен матаулы күйде жарыққа келдім. Неге
десеңіз, ескінің сарқыншағы да - сол кəдімгі тұзақ қой. Сіз менен сол
тұзақты шештіңіз, сіз маған еркін өсіп-жетілуіме мүмкіндік бердіңіз жəне
жансыз қуыршақ сияқты нəрседен қарапайым, тірі бөбек еттіңіз. Мен сіз
болмасаңыз, ергежейлі болып өсетін едім. Сіздің арқаңызда өмір сүріп
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - 93 жыл - 17
  • Büleklär
  • 93 жыл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4084
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2212
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4130
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4161
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4035
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3816
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2202
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4081
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3991
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2130
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2071
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4111
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4020
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4058
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2115
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3439
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1990
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.