Latin Common Turkic

93 жыл - 11

Süzlärneñ gomumi sanı 3964
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2071
34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
қадағалайтын. Апырмай, осы қабырғаны өртеуге, қиратып, құртуға дəті
шыдар ма екен, расында? Мұндайда, ол, рас, іштей қынжылса да, ескі үйді
есіркеп, сақтап қалуға əзір еді.
Говэн шабуылды қарама-қарсы жақтан бастауды ұйғарғанда ол
қарсылық етпеді. Тург қамалының екі жағы: мəдениетті жағы - кітапхана
мен жабайы жағы - мұнара болатын.
Симурден Говэнге жабайы жақты талқандауға ерік берді.
XII. Құтылу əрекеті
Түнді екі жақ та əзірлік үстінде өткізді.
Келіссөз түк нəтижесіз аяқталған соң Говэн адьютанты Гешанды
шақырып келуге кісі жіберді.
Гешан ақылы асып бара жатпаса да, қарапайым, адал, ержүрек адам,
тамаша солдат жəне екі айтқызбайтын, бастықтарға бағынғанда алған
бұйрық-жарлығының жай-жапсарына ой жүгіртуді артық деп санауға бар
нашар əскербасы, ар-ұжданды бүлдірер сатқындықтан да, əділдікке нұқсан
келтірер болса, жанашыр сезімнен де аулақ жан еді, жүрек шарпуын
темірдей қатаң тəртіп ауыздықтап отыратын. Көзіне қарақшы тағылған
үркек аттай жан-жағынан ештеңені көрмей, аяғын нық басып, бірақ тар
жолмен тарта беретін
Жалпы алғанда сенімді адам: қатал бастық əрі тіл алғыш жауынгер.
Ол келісімен Говэн:
- Гешан, саты қажет, - деді оған бұрылып.
- Бізде саты жоқ, командир.
- Табу керек.
- Штурм үшін бе?
- Жоқ, өрт бола қалса, жұртты құтқару үшін. Гешан ойланып барып тіл
қатты:
- Түсінікті. Демек, саты өте биік болуға тиіс қой.
- Кемінде кəдімгі үш қабатқа жетсін.
- Иə, командир, одан аласа болуы мүмкін емес.
- Жетеріне кəміл болу үшін, сірə, одан да биігірегі дұрыс. Гешан, бізде
сатының жоқ болып шыққаны қалай?
- Кінəлі мен емес, командир. Сіз қырат жақтан шабуылдауды қолайсыз
деп таптыңыз: осы жақтан қоршауда жасаумен шектелдіңіз де, шабуыл
нысанаңыз мұнара болды. Сондықтан біз соған қарай жер астынан жол
қазумен ғана айналысып, қамалға шабуыл жасау туралы ойды естен
шығардық. Сол себепті де сатыны ойламаған едік.
- Ендеше, тап қазір саты жасауға əмір етіңіз.
- Биіктігі үш қабат сатыны бір күнде жасау мүмкін емес.
- Бірнеше қысқа саты алыңыз да, бір саты етіп құрастырыңыз.
- Иə, бірақ бұл үшін қысқа сатылар болуы керек қой. - Табыңыз.
- Бұл оңай емес. Халықтың бізді қанша жек көретінін өзіңіз де білесіз.
Шаруалар көпірлерді бұзып, жүк арбаларды қиратып жатыр, сатыларды
сындырып, қолға түскеннің бəрін құртып жатыр.
- Иə, өстіп республиканы əлсіретпек қой, білемін.
- Олар бізге кіре ертіп жүруге, өзеннен өтуге, қабырғаны штурммен
алуға бөгет жасайды.
- Қайткенде де саты қажет.
- Маған бір ой келді, командир. Жавеньеде, Фужер түбінде, үлкен
ұстахана бар. Сонда істетіп алуға болатын сияқты.
- Бір минут та босқа кетпесін.
- Саты қашан қажет?
- Ертең осы уақытта, тек одан кешікпесін.
- Мен Жавенге сатыны ертеңге дейін жасап қойсын деген бұйрықпен
шабарман жіберемін. Айтпақшы, Жавеньеде атты əскер отряды түр; ол
бізге сатыны күзетпен жеткізбек. Ертең күн батқанша саты осында болады.
- Жақсы, бұл кештік етпейді, - деді Говэн. - Тек тездетіңіздер. Бара
беріңіз.
Он минуттан соң Гешан қайтып келіп:
- Командир, шабарман Жавенге шауып кетті, - деп баяндады.
Говэн қыратқа көтеріліп, ордың аржағында менмұндалап тұрған
қамалға ұзақ қарады. Қыраттан көпірдің бірінші арқалығына жету үшін жар
қабақтан орға түсу керек. Онда тал-шілікті қармалап түсуге болатын, бірақ
орға түскен соң қоршаушылар қамалдың үш қабатынан бірдей бастарына
жауып беруі мүмкін снарядтан қорғансыз қалуы ықтимал Мұндай қоршау
жағдайында нағыз шабуыл мұнара қабырғасындағы ойық арқылы жасалуға
тиіс екеніне Говэннің біржола көзі жетті.
Ол қоршаудағылардың қашуына еш мүмкіндік бермеу үшін қажет
шараның бəрін қолданды. Арасынан ешкімді шығармау үшін
батальондарының қатарын нығарлап, қоршаудың тар шеңберін одан бетер
қыса түсті. Ол Симурденмен алдағы жұмысты бөлісті. Говэн орман жақтан
жасалатын шабуылға басшылық етуді өзіне қалдырды да, Симурден
қыратта орналасқан əскерлерге команданы қабылдап алды. Говэн Гешанмен
бірге ойық арқылы үрдіс шабуылға көшкенде Симурден батареясының
оқтаулы алты зеңбірегінің қасында тұрып, көпір мен орды бақылайды деп
Келісілді.
XIII. Маркиз не істеп жүр?
Сыртта шабуылға əзірлік жүріп жатқанда, іштегілер қорғанысқа
дайындалып жатты.
Екі немесе үш центнер оқ-дəрінің жарылуынан Тург мұнарасына тиген
күшті соққы қалың қабырғаны ойып түсіпті. Жарық іргетастан басталып,
бітеу қабырғаны тесіп өтіп, төменгі қабатта қиқы-жиқы тесік болып бітіпті.
Қоршаушылар үрдіс шабуылға осы тесікті қолайлау үшін оны зеңбіректен
ядро атқылап, кеңітіңкіреді.
Жарылыс ойып түскен төменгі қабат, ортасында күмбезді ұстап тұрған
жалпақ діңгегі бар үлкен дөңгелек залдан тұратын. Бүл зал - бүкіл мұнара
ішіндегі ең үлкен бөлме - қаңырап қалған. Онда атыс үясы, терезе,
желдеткіш деген атымен жоқ; ал жарық пен ауа моладағыдай-ақ болатын.
Мұнда екі есік бар-ды; оның темірмен қапталған біреуі жер астындағы
зынданға апаратын да, екіншісі жоғарыға көтерілетін сатыға шығатын.
Сатылардың бірі бітеу қабырғадан қашап жасалған.
Қоршаушылар өздері тескен ойық арқылы күмбезі аласа осы залға
кірмек болды. Бірақ шабуыл төменгі залды алумен тіпті де
тəмамдалмайтын: тағы да үстіңгі бес қабатты алуға тура келетін. Ал
қоршаудағы он тоғыз адамның алдынан қайтып қорғану қажет деген сұрақ
туды. Қабырғадағы жарықты бітеу қиын емес, бірақ пайдасыз болатын:
ядро бəрібір оны қайтадан тесе алатын. Қоршаушыларды оқ астына алуға
мүмкіндік беретіндей баррикада тəрізді бірдеңе орнату əлдеқайда жақсы
еді; мұның өзі ойықты сырт жақтан ашық қалдыра отырып, оны іштен
жауып тастайтын. Оларда материал жеткілікті еді, сондықтан мықты
баррикада орнатып, онда мылтық ұңғысы сыятындай саңылау қалдырды.
Оған қоса қолайлы жерлерге футас бомбалар қойылды.
Маркиз əзірліктің бəріне өзі тікелей басшылық жасап: жұртқа бұйырып,
жарлық беріп, қолпаштай-көтермелеп, жігерлендіріп жүрді. Жұмыс
атаулыға ұйытқы болды. Оның өмірі айбатты да зілді еді.
Төменгі екі қабатқа баррикада орнатып, қуыс-тесіктерді бекітіп
тастады: есіктерді жуан бөренемен тіреп, оны еденге бекітіп, шегеледі;
барлық қабатты байланыстыратын қуалама сатының өн бойын ғана ашық
қалдырды, өйткені оны қоршаушылардан жабу қоршаудағылардан да
жауып тастағандық болар еді. Бекіністерді қорғағанда осал жерлер дəйім
қалып отырады.
Жас жігіттей-ақ епті де мығым маркиз өзгелермен бірдей жұмыс істеді:
бөрене көтеріп, тас тасып: баршаға мұқалмас жігердің үлгі-өнегесін
көрсетіп жүрді; осынау аласұрған тобырдың арасында əркіммен жоражолдасынша қалжыңдасып, əрі олардың өркөкірек те қарапайым, ілтипатты
да сабырлы мырзасы боп қалуда. Оны тыңдамау мүмкін емес-ті. Ол əуел
бастан-ақ: "Егер бір жартыларың бағынудан бас тартса, екінші
жартыларыңа бағынбағандарды атып тастауға бұйырамын да, қамалды
қалған адамдармен қорғаймын", -деген. Мұндай мəлімдемелер жұртқа
көсемді сый-құрмет тұтқызады.
XIV. Иманус не істеп жүр?
Маркиз ойық мұнараны бекітумен жүргенде, Иманус көпір үстінде
айналысып жатқан. Қоршау басталысымен екінші қабатта терезе алдында
ілулі тұрған құтқарма сатыны маркиздің бұйрығымен əкетіп, кітапханаға
апарып қойды. Говэннің қамданып жүргені де тап осындай саты болатын.
Төменгі қабаттың терезелері тас қабырғаға қағып тасталған үш қабатты
бірнеше темір білікпен қорғаулы, сондықтан бүл терезелерге кіруге де,
шығуға да ешқандай мүмкіндік жоқ. Кітапхана терезелерінде тор
болғанымен, жер бетінен өте биік орналасқан.
Иманус дəл өзі сияқты бəріне бейім, бəріне əзір үш адамды көмекші
етіп алды. Бұлар Гуанар, лақап аты бойынша Алтынбұтақ жəне Пик-ан-Буа
деген ағайынды екеу болатын. Республикашылар Гуанардың ағасын
өлтірген, сондықтан оның қатыгездігі Иманустан кем түспейтін.
Иманус қолшам алып, темір есіктің құлпын ашты да, қамалдың үш
қабатын түгелдей мұқият қарап шықты. Жоғары қабатқа сабан мен
пішеннің жеткілікті үйілгенін көзімен көріп, төменгі қабатқа түсті. Бірнеше
горшок көмір шоғын əкелдіріп, қара май құюлы бөшкелердің қасына
қойды, еден үстіне құрғақ бұтақ төсеп, бір шеті мұнараға, темір есіктің
астына жіберілген күкірттелген білтені қарады, сөйтіп, білтенің бүтін
екенін көрген соң оның екінші ұшын бөшке мен бұтақтың астына əдейі өзі
төккен қара майға тастады. Сонан кейін үш бала ұйықтап жатқан
кереуеттерді кітапханаға апаруға бұйырды. Олардың үшеуі де - Рене-Жан,
Гро-Ален жəне Жоржетта шырт ұйқыда жатыр еді, ешқайсысы оянған жоқ.
Бүл кереуеттер деревнядағы кəдуілгі кішкентай бесік, яғни қабырғасы
аласа тоқыма себеттер болатын. Бүл себеттерді балалар өздігінен түсіпшыға алатындай етіп тура еденге қояды. Əр кереуеттің қасына ішінде
кеспесі бар бір-бір үлкен аяқ пен ағаш қасық қойылған. Ілгіштен алынған
құтқарма сатыны қабырғаға сүйеп, үш кереуетті екінші қабырғаның
қасына, сатының қарсы алдына қойды. Сонсоң Иманус қуалай соққан жел
отты өршітеді деп санап, кітапхананың барлық алты терезесін өзі барып
айқара ашты да, ағалы-інілі Пик-ан-Буаның екеуін төменгі жəне жоғарғы
қабаттардағы қалған терезені ашуға жіберді. Жазғы түн ашық əрі жылы
болатын.
Көпірдің шығыс жағын тұтастай жəне қамалдың бүкіл шығыс фасадын
төменнен жоғарыға дейін үш қабаттың терезелерін түгел көмкерген, əбден
тозып, оңалып кеткен пүліш жауып түр. Иманус осы пүлішке қарап тұрып,
"бүл да кəдеге асар" деп ойлады, сонан соң қамал мен көпірге тағы да
шұқшия көз тастап, көмекшілерін шақырды да, төртеуі түгелдей мұнараға
ауысты. Иманус қалың ауыр есікті кілтпен екі бұрап, қайта жапты, сонсоң
зілдей құлыпты көзімен тағы шолып өтіп, өзі ойлап тапқан нəрсе - темір
есіктің астына жіберілген жəне бұдан былай мұнара мен көпірді
жалғастырып тұрған жалғыз буын - күкірттелген білтеге масаттана қарады.
Білте мұнараның үшінші қабаттағы дөңгелек залынан қамалдың екінші
қабатына өтіп, сонан соң, жыланша ирелеңдей, қуалама сатының
басқыштары арқылы төменгі қабатқа түсіп, еденнің үстінде шұбатыла,
үйілген бұтақ астындағы қарамай қағына барып бір-ақ тіреледі. Иманус
мүнара ішінде білтеге от қойған сəттен бастап кітапхана астындағы
қарамай тұтанғанға дейін ширек сағаттай уақыт өтетінін есептеп шығарды.
Ол əзірлікті түгел аяқтап жəне бəрін қарап шығып, кілтті маркизге апарып
берді де, анау оны қалтасына салып алды.
Қоршаушылардың жүріс-тұрысын көз жазбай қадағалап тұру қажет еді.
Иманус белбеуіне бақташы кернейін қыстырып алған күйі мұнара
діңгегіне шығып, біресе оңға - орман жаққа, біресе солға - қырат жаққа
кезек-кезек қарайлай бастады. Оның қасында діңгектегі кішкентай
терезенің ойығында оқ-дəрі салынған жəшік, оқ салынған кенеп қапшық
пен ескі газеттер жатыр: Иманус уақыт алмай одан патрон жасай бастады.
Таңертең ұясынан шыққан күн орман шетінде бақайшағына дейін
қаруланған, ұрысқа сақадай-сай сегіз батальон солдатқа, қырат үстінде ядро толы заряды бар жəшіктерімен бірге алты зеңбіректен тұратын
батареяға, мұнара ішінде - мылтықтарын, мушкетондары мен
тапаншаларын оқтап жатқан он тоғыз адамға жəне бесік үстінде ұйықтап
жатқан үш балаға нұрын себеледі.
Үшінші кітап
КІТАПХАНА ІШІНДЕГІ БӨБЕКТЕР
I
Балалар оянды. Алдымен бүлдіршін қыз ұйқысын ашты. Ұйқыдан
оянған сəби - шешек атып келе жатқан гүл тəрізді: гүл сияқты тап-таза сəби
жаннан да жұпар иіс еседі. Үш баланың ең кішкентайы (бір жас сегіз айға
енді толған) Жоржетта жастықтан басын көтеріп, төсегіне жайғаса отырды
да, аяғына қарап əлдене деп былдырлай бастады. Бесігінде күн шапағы
ойнап тұр, сондықтан ұясынан шыққан күн сəулесі ме, əлде Жоржеттаның
аяғы ма - қайсысы қызғылттау екенін кесіп айту қиын еді.
Қалған екеуі əлі ұйықтап жатыр: ерлер ұйқыға үйір ғой. Ал көңілді де
жайбарақат Жоржетта сол күйі былдырлап отыр.
Рене-Жанның шашы қоңыр, Гро-Алендікі - күлгін, Жоржеттанікі шикіл сары. Баланың шашы көбінесе өсе келе қараятын əдеті ғой. РенеЖан бетін жұдырығына басып, бүк түсіп жатыр. Гро-Аленнің аяғы себеттің
шетінен шығып, салбырап кеткен.
Үшеуінің де киімі жырым-жыртық. Қызыл Бөрік батальонынан сыйға
алған көйлектері əлдеқашан тозып біткен. Үстіндегі алба-жұлбаның көйлек
ұсқыны жоқ. Екі ер бала жалаңаш қалған десе де болғандай, ал
Жоржеттаның үстінде бір кездегі юбканың енді тамтығы да қалмапты.
Дегендей, оларға қам жей қоятындай кім бар еді соншама? Шешелері жоқ.
Оларды өздерімен бірге ой мен қырға сүйрелеп жүрген жабайы шаруалар
сорпа-суларын солармен бөле-жара ішетін бар қамқорлықтары осы ғана.
Балалар əл-дəрменінше жүре берді. Оларға көрінген адам қожа болатын,
бірақ ешкім əке болған емес. Олар алба-жұлба күйінде жүре берді, бірақ
жыртық киім де баланың сəнін кетіре алмайды ғой. Балалар үріп ауызға
салғандай сүйкімді еді.
Жоржеттаның былдырында қайғырып-қамығудың ұшығы да жоқ,
өйткені сүп-сүйкімді доңгелек жүзі мəз-мейрам, жымың-жымың етеді.
Ернінде күлкі табы, көзі де, екі езуіндегі оймақтай ұя да күлім қағып
тұрғандай.
Жайма-шуақ жаз күні басталып келеді: аспан шайдай ашық, көкпеңбек,
күн жып-жылы.
Жоржеттадан соң ең ересегі Рене-Жан, торт жастағы жігіт оянды. Ол
орнынан ұшып тұрып, себеттен батыл аттап жерге түсті де, бір аяқ кеспені
көріп, мұны тиісті нəрседей санап, еденге отыра қалып іше бастады.
Гро-Ален Жоржеттаның былдырынан ояна қоймаса да, Рене-Жанның
ағаш қасығы аяққа тарс-тарс тиюі мұң екен, жалма-жан бір бүйіріне аунап
түсіп, көзін ашты. Гро-Алем үште болатын. Ол кеспені көре сала, себеттен
шықпастан, қолын созып, аяқты алды да, тізесіне қойып, қасығын қыса
ұстап, ол да тамақ іше бастады.
Жоржетта ештеңені естіген жоқ.
Кеспесін ішіп болып, Рене-Жан қасығымен аяқты тықырлап, бір дем
алды да:
- Кеспені тауыстым, - деді масаттана. Бұл Жоржеттаның, көңілін бөліп
жіберді.
- Кеспе-пе, - деп қайталады ол, сонсоң Рене-Жанның тамақ ішіп
болғанын, ал Гро-Аленнің əлі ішіп жатқанын көріп, қасында тұрған бір аяқ
кеспені алды да, қасығын аузынан гөрі құлағына көбірек апарып, өзінше
іше бастады.
Анда-санда қолымен де ішіп қояды. Гро-Ален ағасынан көріп, аяқты
қасығымен тықырлады да, екеуі бөлме ішінде асыр салуға кірісті.
II
Кенет сырттан, төменнен, орман жақтан өктем де қату шыққан сырнай
даусы естілді. Оған жауап ретінде жоғарыдан, мұнара төбесінен керней үн
қосты. Бүл жолы сырнай сұрақ қойып, керней жауап берді.
Сырнай екінші қайтара ойнады да, керней екінші қайтара үн қатты.
Сонан соң төменнен, орман шетінен, алыстан жетсе де ап-айқын дауыс
естілді:
- Ей, қарақшылар! Ешқандай шарт
берілмесеңдер, біз шабуылға шығамыз!
қоймастан
күп
батқанша
Адамның даусынан гөрі жабайы аңның ыңыранғанына ұқсас екінші бір
дауыс мұнара діңгегінен жауап қатты:
- Шығып көріңдер!
Бұған алғашқы дауыс төменнен айғай салды:
- Шабуылдан жарты сағат бұрын біз зеңбірек атамыз: бұл ақырғы
ескерту болмақ!
- Шауып көріңдер! - деп қайталады жоғарыдан хағы да.
Адам даусы балаларға жете қойған жоқ, сонда да сырнай мен керней
даусы қатайыңқырап, алысқа тарай бастады да, Жоржетта сырнайдың
алғашқы үні естілісімен ішіп отырған тамағын тастай сала, мойнын созды.
Керней даусы шығысымен ол қасығын жерге қоя қойды. Сырнай екінші
рет дабыл қаққанда оң сұқ саусағын көтеріп, оны дауыс ырғағына қарай
əрлі-берлі қимылдатты да, сырнай мен керней тына қалғанда саусағын
жоғары көтере, оянған бойы:
- Мизика, - деді ақырын ғана. Сірə, "музыка" дегісі келген шығар.
Ересек екеуі керней мен сырнайдың келіссөзіне көңіл бөле қоймады:
олардың басқа нəрсеге - еденде жорғалап бара жатқан құртқа есі ауып
кеткен. Гро-Ален оны бірінші болып көріп:
- Мына мақұлықты қара! - деп шыңғырып жіберді. Рене-Жан оның
қасына жетіп барды.
- Тістемей ме? - деп сұрады Гро-Ален.
- Өлтірме оны, - деді Рене-Жан.
Сөйтіп, екеуі бейсауат қонақты қызықтауға кірісті. Оның бер жағында
Жоржетта кеспесін ішіп болды да, көзімен ағаларын іздеп, айналасына
қарай бастады. Балалар құртқа естері ауа, маңдайымен түйісуге шақ-шақ
қалып, терезе ойығында жүрелеп отыр екен. Олардың мұншама ықыласына
онша риза еместей, жорғалауын қойып, бір орнында мелшиіп қалған
"мақұлықты" үркітіп алмау үшін екеуі дем шығармауға тырысты.
Жоржетта ағаларының əлденеге үңіліп отырғанын көріп, оның не екенін
білгісі келді. Қастарына бару өзіне оңай болмаса да, осы сапарға тəуекел
етті. Бүл қиын-қыстау сапар болатын. Еденде қыруар зат шашылып жатыр:
мына жерде төңкерілген орындық, ана жерде - бума-бума қағаз, одан əріде кітаптан босап қалған жəшіктер; қайдағы бір бумалар, неше түрлі үйіліп
жатқан заттар. Солардың бəрін су асты тастарының арасымен архипелаг
ішінде жүргендей айналып өту керек-тұғын.
Жоржетта тəуекелге мініп жолға шықты. Алдымен кереуеттен түсу
керек - бұл да оңай емес-ті. Сонан соң ол тар шығанақтардың арасынан
əупіріммен өтіп, құз тастардың ара-арасымен жылжып берді, жолшыбай
орындықты итеріп-митеріп, екі сандықтың арасынан сытыла жорғалап өтті,
бейкүнə, алаңсыз сезіммен өзінің кіп-кішкене қызғылт тəнінің төменгі
жалаңаш жағын көрсете-мөрсете қалың қағаз буданың үстіне бер жағынан
тырмыса шығып, ар жағынан аударылып түсті, сонан ақыр аяғында ашық
теңізге, яғни бөлменің екінші жағына шықты, ол жерде еден үсті бос
болатын жəне оған төнетіндей қауіп-қатер жоқ-ты. Осы жерде ол алға
батыл жылжып, еденнің бос жерін мысықтың баласындай тез-тез еңбектеп
өтті де, аман-сау терезеге жетті. Бірақ мұнда оны елеулі бір бөгет тосып
тұрған; қабырғаны бойлай ұзын саты жатыр екен. Жоржетта тоқтай қалды
да, аз-кем ойланып, шешімге келді: кішкентай саусақтарымен сатының бір
шабағына жармасып (саты қырынан жатқандықтан шабақтар тік тұрғанды), түрегелмек болып еді, құлап қалды; тағы тырысып еді, тағы құлап
түсті. Үшінші ретте ақыры түрегелді.
Сонда аяғымен тік тұрып, бойын жазды да, шабақтарды екі қолымен
кезек-кезек ұстап, сатыны жағалап жүре бастады. Шетіне жете бергенде
бойын билей алмай, тəлтіректеп кетті, бірақ екі қолымен ең соңғы шабаққа
жармасып, қайтадан көтерілді, сөйтіп, сатыны айналып өтіп, Рене-Жан мен
Гро-Аленге қарап, сықылықтап күліп жіберді.
III
Жоржеттаның сықылықтағанын естіп, Гро-Ален де күлді. Жоржеттаның
сапары аяқталды. Ол ағаларының қасына барып, натуралист ғалымдардың
кішігірім үйірмесін толықтыра түсті. Бірақ құрт ғайып болыпты. Ол
Жоржеттаның күлкісін пайдаланып, еденнің жарығына тығылып қалыпты.
Бірақ осы кезде жаңадан неше түрлі қызық оқиға басталды.
Қарлығаштар пайда болды. Сірə, төбенің карнизі астында ұясы болса керек.
Олар үш баланың жақындағанынан сескеніп, əрлі-берлі айналып, қатты
шықылықтай, терезенің тап алдына ұшып жүр. Олардың сескене
шықылықтаған даусына үш бала басын көтерді: құрт ұмыт боп, жайына
қалды. Жоржетта қарлығаштарды саусағымен нұсқап:
- Кіш! - деп айғайлап жіберді. Рене-Жан оны кəдімгідей түзетпек болды:
- Əй, балақай! Оның аты кіш емес, құс. Құс, - деп қайталады Жоржетта.
Сөйтіп, үшеуі қарлығаштарға қарай бастады.
Бірер минуттан соң терезеге ара ұшып келді. Ол "Ұшып келем, ұшып
келем! Раушан гүлін жаңа сордым, енді баланы шаққым келеді. Кəне, не
істеп жатырсыңдар, балдырғандар?" дегендей ызыңдай келді.
Ара - шаруақор: ол жұмыс үстінде əн салады, кейде күңкілдеп те қояды.
Үш бала арадан көз айырмай қарай қалған. Ара кітапхананы түгел аралап
шықты, жарық-тесікке түгел үңілді. Ол, тегі, үйінде, ұясында жүргендей
сезінсе керек. Қанатын дірілдетіп, əуендете ызыңдап, шкафтан шкафқа
ұшты, оқи білетіндей-ақ шыны үстінен кітап аттарына үңілгендей болды.
Керегін қарап шығып, жайына қайқайды.
- Үйіне кетті, - деді Рене-Жан.
- Бұл да мақұлық, - деді Гро-Ален.
- Жоқ, бұл шыбын, - деді Рене-Жан қарсылық білдіре.
- Шыбын, - деп қайталады Жоржетта.
Гро-Ален еденнен ұшы түюлі тарамыс тауып алып, оны екі саусағымен
ұстап, басынан айналдыра үйіріп, ауада сызған ізіне қадала қалды.
Қайтадан еңбектеп кеткен Жоржетта да еден үстін аралай, бір жаңалық
ашты: ол сыртын күйе жеген жəне жыртығынан аттың қылы шығып тұрған
ескі кресло тапты. Креслоның жақтауына сүйеніп, саусағымен жыртықты
əрлі-берлі шұқылай, қылын тартқылап, суыра берді. Кенет ол "тыңдаңдар!"
дегендей сұқ саусағын шошайта қойды.
Екі бала жалт қарады.
Сырттан, алыстан еміс-еміс дүбір естілді. Сірə, орман шетінде,
қоршаулардың лагерінде əлдебір əскери жүріс-тұрыс болып жатса керек:
дабыл үні, аттардың кісінегені, барабан даусы, ішінде заряды бар
домалаған жəшіктердің салдыры, шынжырдың шылдыры - бір-бірімен
үндесе тоғысқан неше түрлі соғыс дүбірі естіледі. Балалар аң-таң боп құлақ
түрді.
IV
Шу тоқтаса да, Рене-Жан əлденені ойлап, тұрған орнынан тапжылмады.
- Мама, - деп сыбыр етті ол естілер-естілмес.
- Мама, - деп қайталады Гро-Ален.
- Мама, - деп былдырлады Жоржетта.
Сонан соң Рене-Жан бөлме ішінде асыр сала бастады. Оған Гро-Ален
қосылды.
Гро-Ален Рене-Жанның əр қимылына, əр қарекетіне еліктеді; Жоржетта
одан гөрі дербесірек болатын. Үш жастағылар торт жастағыларға əрдайым
еліктегіш келеді, бірақ бір жарым жасында адам тəуелсіздігін сақтайды.
Жоржетта оқта-текте былдырлап қойып, бір орында отыра берді. Ол əлі
сөйлем құрай білмейтін. Сөздің де жалғыз буындыларына үйір еді. Бірақ
көргенінен көз ақы алу деген емес пе? Екі ер баланың көңілді ойыны
Жоржеттаны да қызықтырмай қоймады. Сөйтіп, ақыр соңында, ол да анау
екеуіне шамасынша ілесіп, үш бала кіп-кішкентай аяқтарымен шаң басқан,
ескі емен паркетте асыр салуға көшті.
Жоржетта енді ғана тəй-тəй тұра бастағандықтан, жүруінен құлағаны
коп болды; сондықтан ағаларын қуалағанда торт аяқтап еңбектегенді жөн
көрді.
Терезе қасына жүгіріп барған Рене-Жан кенет амбразураның бұрышына
тығыла қалды. Ол сырттан өзіне біреудің қарап тұрғанын байқады. Бүл
қыратта орналасқан көктер лагерінен шыққан солдат болатын. Ол бітімді
пайдаланып жəне оны біршама бұза отырып, тəуекел жасап, орға ойысқан
жар қабаққа келіпті. Бүл жерден кітапхананың іші анық көрінетін. РенеЖанның бірдеңеден қорқып, жасырынып қалғанын көрген Гро-Ален де
бұғып, оған тығыла түсті. Сонда балаларға жармасып Жоржетта да
жасырынды. Үшеуі бірдей орнынан қимылдамай, тым-тырыс бола қалды;
Жоржетта тіпті саусағымен ернін басты. Бірнеше минуттан соң Рене-Жан
басын қылтитып терезеден қарауға тəуекел етті: солдат əлі тұр екен РенеЖан бұға қойды. Қорқып кеткен балалар жым болды. Осылайша біразға
созылды. Жоржетта ақыры қорқа-қорқа жалығып кетті де, батырлығы
ұстап, терезеден басын сұқты. Солдат кетіп қалыпты. Содан балалар тағы
да ойнақ салуға көшті.
Гро-Ален Рене-Жанға қайран қалып, соған жан-тəнімен еліктесе де,
оның өз мамандығы болатын. Ол олжа тапқыш еді. Ағасы мен қарындасы
кенет оның бір жерден өзі тауып алған торт дөңгелекті ойыншықты
сүйретіп, бөлме ішінде асыр сала шауып жүргенін көріп, таң болды.
Ұмыт қалған бұл арба талай жылдан бері кемеңгер туындылар мен
ғалымдардың мүсіндеріне көрші-қоңсы болып елеусіз жатқан.
Бəлкім, бүл арбамен бала кезінде Говэн де ойнаған шығар. Гро-Ален
жібінен кішкентай қамшы жасап алып, оны мəз бола тарсылдатып жүр.
Рене-Жан арбаға жегілетінін айтып еді, Жоржеттаның оған мініп,
қыдырғысы келді. Ол арбаға өзі тырмысып мінді. Рене-Жан - ат, Гро-Ален делбеші болды. Бірақ делбеші ат айдауды білмейтін болып шықты да, ат
оны үйрете бастады:
- Шүу деп айғайла! - деп əмір етті Рене-Жан.
- Шүу! - деп қайталады Гро-Ален.
Арба ауып кетті. Жоржетта құлап түсіп, бір жерін ауыртып алып,
айғайлап жіберді. Ол жылағысы келіп еді, Рене-Жан:
Жылама, дырау болдың ғой, - деп оған тоқтау салды.
- Дылау, - деп былдырлады Жоржетта, сөйтіп, осыны медеу тұтқандай
қоя қойды.
Кітапхана терезесінің астында сыртта жалпақ ернеу болатын; жел оған
шаң-тозаңды үйе беріпті. Жаңбыр оны топыраққа айналдырып, жел ұрық
ұшырып əкелген. Итмұрынның бір өсімпаз түрінің ұрығы топыраққа тамыр
жайыпты. Бір жылдан соң ол тұтас шоғыр боп шыққан. Тамыздың іші
болатын. Шоғырға жеміс қаптап өсіпті; бір бұтағы кітапхана терезесінен
асылып, еденге салбырап тұр екен.
Арба мен жіп тауып алған Гро-Ален бұл бұтаққа да бірінші болып назар
аударды. Ол бір жемісті жұлып ап, жеп көрді.
Менің де жегім келеді, - деп мəлімдеді Рене-Жан. Олардың қасына
шапшаң əдісімен еңбектей жорғалап Жоржетта да жетті. Үшеуі жемісін
түгелдей үзіп жеп, əп-сəтте таяқтың өзін қалдырды. Бəрі рақаттанып, мəзмейрам болды. Үшеуі қып-қызыл жеміс шырынына үсті-бастарын түгел
бояды.
Оңай жатқан не болушы еді - бірінен соң бірі саусағына тікен қадап
алды. Жоржетта қан шыққан саусағын Рене-Жанға созып, тікенді көрсетіп:
Тістейді, - деп былдырлады.
Қолына шөп қадап алған Гро-Ален тікенге қарап: Ол тірі, əрі қабаған, деді оны қостай.
- Жоқ, ол тірі емес, - деп қарсыласты Рене-Жан, - бұл - таяқ.
- Қабаған таяқ екен, - деді Гро-Ален.
Жоржетта бұл жолы да жылағысы кеп еді, бірақ жылаудың орнына
күліп жіберді.
V
Оның бер жағында Рене-Жан інісінің тапқырлығына іші күйді ме, бір
үлкен жоба ойластырды. Ол саусағына тікен қадалып, бұтақтан жеміс үзіп
жатқанда кітапхананың ортасында тұрған биік аналойға қарайлай берді.
Оның үстіңде "Варфоломей əулиенің күнкөрісі" деген атақты кітап жатқан.
Бүл шынында сирек кездесетін, тамаша кітап-ты. Ол Кельнде 1682
жылы шыққан. Кітап голланд қағазына емес, ешқашан түсін бермейтін
тамаша ақ жібек араб қағазына басылыпты. Алтын жалатқан сафьян
былғарымен түптелген ілмешектері күміс. Бастапқы тап-таза парақтар
кітаптың соңында да ең жақсы пергаменттен. Кітапта ағаш пен мыстан
істелген толып жатқан гравюра мен түрлі елдердің географиялық картасы
бар.
Кітап өте əдемі еді. Рене-Жанның қызыға, бəлкім, тым артық
ықыласпен қарауы да сондықтан шығар. Кітап Варфоломей əулиені
бейнелейтін үлкен гравюра салынған бетте ашулы жатыр екен. Ол қырынан
жатқандықтан гравюра еденнен-ақ көрініп тұрған. Жеміс желініп біткен
соң, Рене-Жан кітапқа құмарта да қызыға қарады. Жоржетта да:
- Əне, сулет, - деді гравюраны көріп қалып.
Бүл сөз Рене-Жанға түрткі болды. Ол осы арада, Гро-Ален таңырқап
үлгергенше, елден ерек бір əрекет жасады. Кітапхана бұрышында үлкен əрі
ауыр емен үстел тұрған. Рене-Жан соған жетіп барып, жалғыз өзі бөлменің
қақ ортасына сүйреп шығарды. Сонан соң оны аналойға тақады да, үстіне
шығып, кітапқа қос қолдап бас салды.
Ол көздеген нысанасына жеткен соң суреттің жоғарғы бұрышынан
ұстап, асықпай, ептеп жұла бастады. Бірақ қаншама мұқияттаса да, қисық
жыртып алды: гравюраның сол жағы түгелімен кітапта қалып қойды,
қалған жартысын ол Жоржеттаға берді.
- Ата, - деді Жоржетта əулиені ілтипатпен қолына алып жатып.
- Маған да бер, - деп тұра жүгірді Гро-Ален. Алғаш жұлынған парақ
алғаш төгілген қан сияқты, іс тағдырын шешіп бермек; мұнан соң ойран
басталады.
Рене-Жан екінші парақты аударды.
Келесі "суретті" сол Гро-Аленнің еншісіне берді.
Осы кезде Жоржетта гравюраның өзіне тиген үлкен бөлегін əуелі екіге,
сонан соң төртке жыртып үлгерді.
VI
Жоржетта суретін төрт жыртып:
- Тағы да, - деді Рене-Жанға қол созып.
Варфоломей əулиеден кейін басқа гравюралар да соның аяғын құшты.
Енді географиялық карталар қалған, Рене-Жан оларды да таратып берді.
Сөйтіп, бүл істі тындырып, кітапты еденге ұшырып түсірді.
Бүл қаһарлы сəт болды. Гро-Ален мен Жоржетта Рене-Жанның қабағын
түйе тістеніп, бар күшін жиып, ауыр томды биіктен құлатпақ болып
жатқанын көріп, шаттанып та, шошып та кетті. Орнынан қозғалған қалың
кітап аналойдың шетіне сырғып барды да, бір жартысы төмен салбырап,
кідіріңкірей, əрі жылжып, ақыр соңында мұқабасынан шығып, жыртылған,
ұйпа-тұйпа болған, адам аярлықтай күйі еденге дүрс құлады. Бір жақсысы,
балаларға тиіп кетпеді.
Қандай да бір атақты нəрсе сияқты, атақты кітаптың құлауынан да
қатты шу шығып, тұтас тозаң бұлты көтерілді.
Рене-Жан дұшпанның көзін құртып, орындықтан түсті, Гро-Ален біраз
үндемей тұрды да, ашылып қалған кітапқа жетіп барып, аяғымен періп
жіберді.
Бүл түрткі болды. Қиратуға деген құштарлық əрқайсысымыздың да
бойымызда бар ғой. Рене-Жан да кітапқа барып, теуіп қалды. Жоржетта да
соны істемек болып еді, екпінімен жерге тайып жығылды. Ол отырған
қолайлы жағдайын пайдаланып, кітапқа бірден тап берді. Жоржеттадан соң
байғұс кітапқа Рене-Жан, оған ілесе Гро-Ален жармасты. Сөйтіп, үшеулеп
аяқ-қолдарымен, тырнақ-тістерімен іске кірісіп, қызара бөртіп, естері шыға
масайрап, масаттанып, əрі күліп, əрі өршеленіп, аман қалған ең соңғы
гравюраларды жыртып, парақтарды умаждап, қатырмасын жұлып, алтын
жалатулы түптеме былғарыны сыдырып, күміс бұрыштаманың шегелерін
суырып, пергаментті сындыра бастады.
Сөйтіп, бəрінің ойран-ботқасы шықты.
Бұл жұмысқа олардың көп уақыты кетті, бірақ істі жеріне жеткізіп
тындырды: Варфоломей əулиенің тамтығы да қалмады.
Бəрі бітіп, ақырғы парақ жыртылып, ақырғы гравюра еденге түскенде
кітаптан мұқаба түбіне жабысып, желбіреген жырым-жыртық қағаз
қалғанда ғана Рене-Жан орнынан тұрып, қағаз шашылып жатқан еденге
қарап, қолын шапалақтап жіберді. Əлбетте, Гро-Ален де соның істегенін
істеді. Жоржетта еденнен бір парақ алып, терезеге еңбектеп барды да,
түрегеліп, иегінен келетін терезе жақтауына сүйенді, сонан соң қолындағы
парақты күлдей ғып жыртып, терезеден тастай бастады.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - 93 жыл - 12
  • Büleklär
  • 93 жыл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4084
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2212
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4130
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4161
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4035
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3816
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2202
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4081
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3991
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2130
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2071
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4111
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4020
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4058
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2115
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3439
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1990
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.