Latin Common Turkic

93 жыл - 07

Süzlärneñ gomumi sanı 3816
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2202
30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
- Иə, Қоғамды құтқару комитеті сізді барша уəкілдікпен Вандеяға
делегат етіп жібермек.
- Мақұл, - деді Симурден.
Робеспьер адамды тез таңдайтын - бұл мемлекет қайраткеріне тəн
қасиет. Ол алдында жатқан қалың қағаздың арасынан "Біртұтас жəне
ажырамас Француз республикасы. Қоғамды құтқару комитеті" деп тасқа
басылған бас тақырыбы бар бланк алды.
Симурден əңгімесін сабақтай түсті:
- Иə, бұл ұйғарымды мен қабыл аламын. Жайға қарсы жай атылмақ.
Лантенак қатыгез -мен де қатыгез боламын. Оған өліспей-беріспеске соғыс
жариялаймын. Одан республиканы азат етемін... Мен сонда кімнің
жанында делегат боламын?
- Лантенакқа қарсы жіберілген экспедициялық отряд командашысының
жанында, - деп жауап берді Робеспьер. - Тек сізге оның ақсүйек екенін
ескертуге тиіспін.
Дантон қостап əкетті:
- Онда тұрған не бар? Тағы да шарттылық. Рас-ау, кісі күлерлік емес пе!
Ақсүйек! Оның кесірі қандай? Əулие əжейлер туралы не айтсақ, ақсүйектер
туралы да соны айтуға болады: бізді жақтайды екен, демек, жақсы болғаны.
Дворяндық - ескінің сарқыншағы, сондықтан оның маңызын пе əрі, не бері
əсірелемеу керек.
- Азамат Дантон, азамат Робеспьер, - Симурденнің даусы байсалды
естілді. - Сіздер ақсүйектерге сеніп, бəлкім, дұрыс істеп отырған
шығарсыздар, бірақ халық оларға сенбейді, əрі онысы дұрыс та. Əулие
əкейге дворянға бас-көз болу тапсырылғанда екі бірдей жауапкерлік
жүктеледі, сондықтан мұндайда əулие əкей тайынбауға тиіс.
- Дау жоқ, - деді Робеспьер.
- Əрі айтқанынан қайтпауға тиіс, - деді оған ілесе Симурден.
- Дұрыс-ақ, азамат Симурден, - деді Робеспьер. - Сіз жас жігітпен істес
боласыз жəне жасыңыз екі еседей үлкен болғандықтан, оны ықпалыңызға
оп-оңай аласыз. Онымен санаса отырып, бағыт сілтеу керек. Сірə, өзі
дарынды офицер болса керек: ақпар біткен осыны қуаттайды. Оның отряды
Вандеяға жорық жасау үшін Рейн армиясынан бөлінген корпустың
құрамына кіреді. Ол жақында шекарадан келді. Онда ақылы мен
ержүректігі арқасында ерекше көзге түскен. Өз колоннасын үздік
басқарады. Лантенак қартқа екі аптадан бері тыныс алғызбай, тықсырып,
алдына сап қуып барады. Ақыр соңында жағаға тығып, теңізге тоғытпақ.
Лантенактың бойында даусыз тəжірибе мен жауынгер кəрі тарланның
қулығы болса, оның бойында жас командирге тəн адуынды қайрат бар.
- Байқауымша, ол жігіттің шынында да дарын-қабілеті мол көрінеді, деп қалды Симурден.
- Иə, əттең, бір кемшілігі бар.
Бұл ескертпе Мараттың аузынан шықты.
- Қандай? - деп сұрады Симурден.
- Мейірбан жүрек, - деп жауап қатты да, Марат сөзін əрі жалғастырды. Ол ұрыста қатал да, ұрыстан соң осал Тым қайырымпаз. Кешірімшіл əрі
тартыншақ. Ол монах əйелдерге ара түсіп, ақсүйектердің əйелдері мен
қыздарын құтқарып жібереді, тұтқындар мен поптарды босатып қоя береді.
- Бұл үлкен қателік екен, - деп күбірледі Симурден.
- Бұл - қылмыс, - деп түзетті Марат.
- Кей кезде, - деп ескертті Дантон.
- Көбінесе, - деді Робеспьер.
- Əрқашан дерлік, - деп сөз қыстырды тағы да Марат.
- Отан жауларымен ісің түскенде - əрқашан да қылмыс, - деді Симурден.
Марат оған бұрылып қарады:
- Азамат Симурден, роялистердің
республикашыл көсемге не істер едің?
көсемін
еркіне
қоя
берген
- Атып тастауға бұйырар едім.
- Немесе гильотинаға аттандырар еді, - деп қалды Марат.
- Қалағанын таңдап алсын, - деді Симурден. Дантон мырс етті.
- Маған салса, екеуінің жақсылығы бірдей.
- Саспағын, - деп күңк етті Марат, - сен əлі екеуін де бірдей аларсың.
Сонан соң оның көзі Дантоннан ауып, Симурденге қадала қалды: - Жə,
сөйтіп, азамат Симурден, республикашыл көсем жаза басса, басын алуға
бұйырар ма едің?
- Жиырма төрт сағаттың ішінде.
- Ендеше, Робеспьердің пікіріне қосыламын, - деді Марат. - Қоғамды
құтқару комитеті азамат Симурденді жағалау армиясының экспедициялық
колоннасының командиріне бас-көз болу үшін төтенше уəкілдікпен
комиссар етіп жіберуге тиіс. Айтпақшы, командирдің аты-жөні кім?
- Ол - бұрынғы дворянин, ақсүйек, - деп жауап берді Робеспьер. Сөйтті
де, қағаздарын ақтара бастады.
Мейлі, поп дворянның ізін бағып жүрсін, - деді Дантон - Мен оқшау
алғанда дворянға да, попқа да сенбес едім, бірақ екеуінің басы қосыла
қалса, олардан қорықпаймын: олар бір-бірінің басқан ізін аңдып жүрмек.
Сонда бəрі оңынан келмек.
Симурденнің маңдайында өне бойы жазылмай, түнеріп тұратын қыртыс
тереңдей түсті, бірақ бұл ескертпені шын мəнінде дұрыс деп тапса керек,
ол тіпті Дантонға бұрылып та қарамады.
- Менің бақылауыма берілген революцияшыл əскер басының ең алғаш
жаңсақ қадамы үшін өлім жазасы кесіледі, - деді ол қатаң үнмен.
Робеспьер қағаздан көзін алмай жатып:
- Ə, міне, таптым атын... Азамат Симурден, тағдыры сізге
тапсырылғалы отырған жас командир - бұрынғы виконт. Ата-тегі - Говэн.
Симурден сұп-сұр болып кетті.
- Говэн! - деді ол қапелімде не айтарға білмей. Оның лезде бозарып
кеткені Мараттың назарынан тыс қалмады.
- Виконт Говэн! - деп сасқалақтай қайталады Симурден.
- Иə, - деді Робеспьер.
- Ал қалай? - деп үн қатты Марат онан көзін айырмастан.
Бəрі бір сəт тына қалды. Содан соң Марат сөзін жалғастырды:
- Азамат Симурден, өзіңіз айтқан шарт бойынша командашы Говэннің
жанына комиссар болып тағайындалуға келісесіз бе? Тоқтамға келдіңіз бе?
- Келдім, - деп жауап берді қатты Симурден, бұрынғыдан бетер өңі
қашып.
Робеспьер алдында жатқан қаламды алып, "Қоғамды құтқару комитеті"
деген тақырыбы бар бланкіге өзінің түп-түзу қолтаңбасымен торт жол сөз
жазып, қол қойды да, қағаз бен қаламды Дантонға сырғытты. Ол да қолын
қойды, сонан соң əбден құты қашқан Симурденнен көз жазбай отырған
Марат қолтаңбасын салды.
Робеспьер қағазды қайта қолына алып, уақытын қойды да, Симурденге
берді. Симурден оны оқып шықты:
Республиканың екінші жылы.
Осымен Қоғамды құтқару комитетінің азамат Симурденді жағалаудағы
армияның экспедициялық отрядының бастығы азамат Говэннің жанында
құзырлы уəкілдігі бар комиссар етіп тағайындалатыны куəландырылады.
Робеспьер, Дантон, Марат.
28 маусым, 1793 жыл. Марат Симурден куəлікті оқып тұрғанда одан көз
жазбастан қарап отырды, сонан соң өз-өзіне сөйлегендей:
- Мұның бəрін Конвенттің декретімен немесе Қоғамды құтқару
комитетінің айрықша қаулысымен қуаттау керек болады,- деді күбірлеп.
- Сіз қайда тұрасыз, азамат Симурден? - деп сұрады Робеспьер.
Сауда палатасының үйінде.
Мəссаған! Мен де сонда тұрамын, ендеше, - деді Дантон. Өзіміз тіпті
көрші екенбіз ғой.
Робеспьер сөзін əрі жалғады:
Бір минутты да бос жібермеу керек. Ертең сіз Қоғамды құтқару
комитетінің барлық мүшелері қол қойған ресми қағаз аласыз. Бүл қағаз
армия жанында жүрген депутаттарға сіздің дайындалғаныңызды
қуаттайды. Сіздің жеке басыңыз бізге мəлім. Сізге құзырлы уəкілдік беріп
отырмыз. Сіз Говэнді генерал ете де аласыз, эшафотқа* жөнелте де аласыз.
Тағайындалғаныңыз туралы бұйрықты ертең сағат үште аласыз. Қашан
жүріп кетпексіз?
Ертең сағат төртте, - деп жауап берді Симурден. Олар осымен қош
айтысты.
Ал осыдан екі күннен соң Қоғамды құтқару комитеті тұтқын
қарақшылар мен бүлікшілердің қашуына қандай да бір септесушілік үшін
өлім жазасын кесетін декретті Вандеяның қалалары мен селоларына
жариялап, оны қатаң орындау жөнінде шартарапқа жасарлық таратты.
Бұл декрет алғашқы қадам ғана болды. Конвент одан əрі кетті. Бірнеше
айдан соң Лаваль қаласы вандеялық қашқындарға қақпасын ашқаннан
кейін бүлікшілерге баспана берген кез келген қала талқандалады деп
жарлық еткен декрет жарияланған.
Екінші жағынан, мұнан бұрын Еуропаның барша монархтарының
атынан эмигранттардың түртпегімен жазылған герцог Брауншвейгскийдің
манифесі бойынша қолындағы қаруымен ұсталған кез келген француз
атылады жəне француз королінің басынан бір тал шаш жерге түссе, Париж
жермен-жексен етіледі деп жарияланған болатын.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ВАНДЕЯДА
Бірінші кітап
ВАНДЕЯ
I. Ормандар
Ол кезде Бретаньда қорқынышты жеті орман болатын.
Вандея - поптардың бүлік шығарған жері. Бүл көтеріліске септескен
орман-тоғай болды. Қайтесің, қараңғылыққа көмектеседі де.
Бретань ақсүйектерінің бірін жұрт жеті орманның қожайыны деп
атайтын. Бұл тап сол виконт де-Фонтене Бретань принці болатын. Бретань
орманының 1792 жылдан 1800 жылға дейінгі тарихы жеке кітап құрай алар
еді; ол аңыз сияқтанып тарихқа, көлемді Вандея авантюрасына ұласа,
астарласып жатыр.
Тарихтың да, аңыздың да өз шындығы бар. Вандея көтерілісінің сырын
тарихты аңызбен толықтырғанда ғана толық түсіндіруге болады. Тарих тұтастық үшін, ал аңыз даралық үшін қажет.
Турасын айтсақ, Вандея мұндай еңбек сіңіруге əбден тұрады.
Вандея көтерілісін түсіну үшін осынау ымырасыз қарама-қайшылықты:
бір жағынан, француз революциясын, екінші жағынан, Бретань шаруасын
көзге айқын елестету керек. Игілігін түгел құртып жіберердей анталаған
жау қоршауында қалған өркениеттің суыт шеруімен қатар, өзімен бірге
қисапсыз жақсылық əкеле жатқан прогрестің; осынау қарышты адым,
өршіл екпінімен қатар, теңдесі жоқ осынау ұлы оқиғалармен қатар жабайы, өзінің егінжайына, ауласына, шатыры сабанмен жабылған
баспанасына матап-таңулы, төңіректегі ауыл біткенді қоңырау даусынан
ажырататын, суды ішуге ғана пайдаланатын, сүтпен, каштан жаңғағымен
тамақтанатын шашы жалбыраған, көк көз, өзінше бір маңғаз да сабырлы
адам тұр. Жібек өрнек төгілген былғары күрте киген бұл адам бір кезде өз
ата-бабалары кельттердің бет-аузын бояп-безегені сияқты киім-кешегін
əшекейлейді жəне өзінің сеньор жендетін қожам деп құрмет тұтады. Ол
өгізін айдауды, шалғысын қайрауды, ептеп-септеп жер өңдеуді,
қарақұмықтан шелпек пісіруді ғана біледі. Ол ең алдымен соқасын, сонан
соң əжесін қадірлейді, ол абзал құдай анаға да, ізгі сиқыршыға да, залым
сиқыршыға да сенеді. Ол альтар алдында да, құм ортасында сопайып
тұрған үлкен жұмбақ тас алдында да тəжім етіп, тізе бүгеді. Өз
корольдерін, өз мырзаларын, өз дінбасыларын, өз битін жақсы көретін бұл
диқан, балықшы, браконьер жайдақ, құмайт жағада теңіз шуына құлақ тоса,
түнеріңкі ойға кеткен күйі бірнеше сағат тапжылмай тұруға бар. Енді осы
адамның қасына француз революциясын қатар қойып, бұл соқыр оның
нұрын аңғарар ма деп өзіңізден сұрап көріңізші.
II. Адамдар
Шаруаның табан тірер екі нүктесі бар. Бірі - оны асырайтын егінжайы
да, екіншісі - оны жасыратын орман.
Бретань орманының қандай болғанын көзге елестету оңай емес: ол жұрт
мекендеген өңшең қала болатын. Ағаш бұтағы мен тікенек бұта ұйыса
өскен ит тұмсығы батпас қалың жыныс іші толған жабайы құс, қараңғы
түкпір, елсіз, меңіреу тыныштық секілденетін. Бірақ кенеттен, қас пен
көздің арасында, ағаш біткен қағып тасталса, бүл қаракөлеңкеде
құмырсқаның илеуіндегідей жыпырлап жүрген адам көрінер еді.
Үстіне жалпақ тас пен қурай жабылған, жер астында иірімше кеңейіп,
əуелі тіп-тік темен түсетін, содан соң жан-жаққа тарамданып, қараңғы
үңгірге барып тірелетін тап-тар дөңгелек құдықтар бретаньдықтардың бой
тасалар баспанасы еді.
Мидон орманында қаптаған үңгір мен ерсілі-қарсылы адам жүрген жер
астындағы қатынас жолдары қазып тасталған ең шеткергі алаңқайлардың
бірі "Үлкен қала" деп аталатын. Үсті тап осындай елсіз, ал жер астында
жұрт жиі мекендеген екінші бір алаңқай "Король алаңы" делінетін.
Бретаньда жер астындағы бұл өмір бағзы заманнан басталған. Мұнда
адам өз тектестерінен əрдайым қашып жүруге мəжбүр болды. Бүл жердегі
орман-тоғайда ағаш түбінен қазылған адам інінің осыншама коп болуы да
сондықтан.
Он бесінші ғасырда сеньорлар ұйымдастырған қанды қырғын, он
алтыншы жəне он жетінші ғасырларда - діни соғыстар, он сегізінші
ғасырда - адамдарды аулауға баулынған отыз мың иттің айтақталуы халықтың көзден тасалануды жөн көруіне себеп болған нəрсе, міне,
осылар. Байырғы халық кельттерден, кельттер римдіктерден бас сауғалай,
бретаньдықтар нормандардан бас сауғалай, гугеноттар хатоликтерден бас
сауғалай - бəрі кезекпе-кезек əуелі орманға, сонан жер астына барып
тығылады. Хайуандар осылай етеді. Тирания халықты, міне, қандай хəлге
ұшыратты. Екі мың жыл бойы деспотизмнің барлық түрлері шапқыншылық, феодализм, фанатизм, мемлекеттік қазына - ізге түскен
аңшыдай-ақ зəресі зəр түбіне кеткен бейшара Бретаньды қудалаумен
болды, бұл аяусыз қудалаушылық бір түрде аяқталар-аяқталмаста екінші
түрде қайта басталатын. Сол себепті де жұрт жер қойнауына кіріп бой
тасалады.
Бұл адамдардың жан дүниесінде əрдайым ашумен шектес үрей бұғып
жататын, ал француз республикасы жарияланғанда орман-тоғай ішінде
оларға ін атаулы дап-дайын тұрды. Бретань езгіге қарсы шыққандай-ақ,
ықтиярсыз бостандыққа қарсы көтеріліске аттанды. Бұл құлдарға тəн
қателік еді.
III. Адамдар мен ормандардың ымыраластығы
Нелер сұмдықты бастан өткерген Бретань орманы тағы да ескі
дағдысымен бүлікке жəрдемдесе бастады: бағзы кездегіше бұл жолы да
Вандея көтерілісіне көмекке келді.
Бұл орманның астыңғы топырағы боркемікке ұқсайтын. Ол жер
астындағы жолдардың, індер мен галереялардың көзден таса қисапсыз
тізбегімен шұрқ тесік қазып тасталған.
Мұндай іннің əрқайсысында қыстырылып-қымтырылып бес-алты адам
тұрады. Жер астындағы бұл баспаналардың ең бір қолайсыздығы - онда ауа
тым тар, қапырық болатын.
Бұл шаруа бүлігі зор шеберлікпен əрі мейлінше ұтымдылықпен
ұйымдастырылды.
Пертр орманында адам даусы естілмейтін, адамның басқан ізі еш
көрінбейтін, соған қарамастан онда алты мың адамдық отряд тығылып
жатқан. Елсіз көрінетін Мелак орманында сегіз мың қарулы қол бар еді. Ал
шынында оның екеуі де Бретаньда үлкен орман саналмайтын.
Бұл қалың нуға аяқ басуға жаудың жүрегі дауаламайтын. Жер
астындағы құжынаған қуысқа жасырынып, жауынгерлер қаптап жүрген
осынау алдамшы қалың жыныс революцияның зілдей табанының
тегеурінімен азамат соғысы бұрқақша атқылап жатқан астыртын дəу ұлпа
тəріздес.
Аңдаусыз батальондар жаудың басқан ізін аңдып тұратын. Біресе табан
астынан сораң етіп, біресе жер астына кейін сүңгіп, біресе түйдек-түйдек
тобыр болып шыға келіп, біресе əп-сəтте қайтадан жым-жылас жоқ болып,
əрі кезбе, əрі əккі астыртын армиялар республикашыл отрядтардың аяғына
орала жүрді де қойды. Олар лезде шаң-тозаңға айналатын құлама, кішірейе
алатын алпамса, ұрыс кезінде - алып, жасырына қалса -ергежейлі,
көртышқанның қулығына басар кесіртке дерлік.
Үлкен ормандарға қоса толып жатқан шоқ тоғайлар мен бұталар да
болатын. Қала маңында ауылдардың жапатармағай орналасатыны сияқты,
үлкен орманның төңірегіне де кішігірім тал-бұта қаптап өседі. Ормандар
осындай шашыраңқы тоғайлықтар арқылы өзара байланысып лагерьлеріне
айналған поселкелер; аяқтан шалар тұзақ болар қоршаулы ауласы бар
фермалар; айналасына ор қазылып, биік палисадалар тұрғызылған
қоражайлар, міне, осының бəрі республикашыл армиялар түсіп қалып
жүрген қалың тордың түйінделер тұзақтары болатын.
Тал-бұта мен поселкелерін қоса осынау аласа орман тұтас алғанда
"Шоқ ормандар" деп жалпылама аталатын. Біз Париж батальоны тінту
жүргізген кезде осы кітаптың бірінші тарауында танысқан Содрей орманы
да соның құрамына кіретін.
Бұл ормандар мен сирек тоғайлардың кейбіреуінде көсем үңгірінің
төңірегіне үйме-жүйме орналасқан жер астындағы шағын деревнялар ғана
емес, ағаш тасасындағы аласа лашықтардан тұратын нағыз поселкелер де
болатын. Кейде мұндай поселкелердің көптігі сонша - орман ішінде бықып
жататын. Оларды көбінесе тұрбадан шығып жатқан түтінге қарап аңғаруға
болар еді.
Əйелдер лашықтарда, ал еркектер жер астындағы мекендерде тұрды.
Соғыс кезінде олар табиғи үңгірлерді де, кельттердің жер астындағы ежелгі
жолдарын да пайдаланатын. Жер астында жасырынып жатқан еркектерге
əйелдері тамақ таситын. Жер астында ұмыт қалған адамдардың аштан
өлген кездері де болды. Бұлар баспана-құдықтың қақпағын аша алмай
қалған адамдар-тұғын. Əдетте қураған бұтақ пен мүк жабылған мұндай
қақпақтардың шебер жасалатыны сондай, сырт қарағанда шоп астынан
мүлде байқалмайтын, бірақ іштен оңай ашылып-жабылатын. Жер үлкен
сақтықпен қазылатын: қазылған топырақ жуық маңдағы қара суға
тасталатын. Жер астындағы мекендердің қабырғасы мен еденіне
папоротник пен мүк төселетін. Мұндай баспаналар "ложа" деп аталатын.
Онда жақсылап жайғасуға болатын, бірақ, əрине, жарықсыз, отсыз, ауасыз,
ал кейде тіпті тамақсыз күнелтуге тура келетін.
Ерекше сақтықпен болмаса жер астынан шығу қауіпті еді: өтіп бара
жатқан республикашылар отрядының табан астынан шыға келуі əбден
ықтимал-тұғын. Бұл қорқынышты орман: екі бірдей тұзақ еді. Көктер онда
жүруге қорықса, ақтар бас көтеруге батылы бармайтын.
ІV. Жер астындағы өмір
Мұндай үңгірде отырған адамдардың іші пысып, зерігетін. Кей түндері
олар қауіп-қатерге қарамастан сыртқа шығып, би билеуге таяудағы жасыл
көгалдардың біріне баратын. Əлде уақыт өткізу үшін дұға оқитын. Жан
Шуан жауынгерлеріне күн бойы таспиық санаттырып қояды екен.
Жазда орақ мейрамы жақындағанда шаруаларды жер астында ұстап
тұру қиынның-қиыны-тұғын. Кейбіреулерінің өзіндік ерекше талғамы да
болатын. Бір вандеялық əйелше киініп, театрға баратын, кейін ініне қайтып
оралатын деседі жұрт.
Мұндай өмірге шыдай алмай, моладан түрмені артық көріп, кейбіреулер
тура ажалға аттанатын.
Кей кездері үңгірдің қақпағы сəл ашылып, онда отырған адамдар еш
жерде оқ атылып жатқан жоқ па екен деп тың тыңдайтын жəне оқтың
даусына
қарай
шайқастың
барысын
қадағалайтын.
Олар
республикашылардың оқты дүркін-дүркін, ал роялистердің бір-бірлеп
ататынын біледі. Дүркін-дүркін атылған оқ даусы кенет тына қалса, бүл
роялистердің талқандалғанын білдіретін; бір-бірлеп атылған оқ даусы
сембей, алыстап бара жатса, бұл роялистердің жауды қуып бара жатқанын
аңғартатын. Ақтар талқандалған дұшпанды əрдайым өкшелей қуатын да,
көктер ешқашан қумайтын, себебі ел оларға қарсы болатын.
Бұл жер астындағы жауынгерлер көп нəрседен керемет хабардар еді.
Олардың бір-бірімен қаншалықты тез байланысып, қарым-қатынасы
қаншалықты құпия сақталғанына сенудің өзі қиын. Олар көпір атаулыны
қиратып, көлік атаулыны доғарып тастаса да, бір-біріне бəрін хабарлап, бірбірін сақтандыру тəсілін бəрібір таба білетін. Бүкіл елде, орманнан
орманға, ауылдан ауылға, фермадан фермаға, лашықтан лашыққа, бұтадан
бұтаға өзара алмасып тұратын барлаушылар күзеті қойылған.
Бет пішіні ешқандай сезік тудырмайтын аңқау да аңғал келген əлдебір
мұжық қуыс таяққа тығып шұғыл мəлімет алып, өтіп кете беретін.
Құрылтай жиналысының бұрынғы мүшесі Боэтиду мұндай өкілдерді
жаңа үлгідегі республикалық төлқұжатпен жабдықтап тұрды, оған тек
кісінің аты-жөнін ғана жазу керек-ті. Бүл опасыздың қолында мұндай
төлқұжаттардың бума-бумасы болды. Жұрт бұл төлқұжаттармен бүкіл
Бретаньда емін-еркін сайрандап жүрді. Оларды тауып ұстау мүмкін емес
еді. Төрт жүз мыңнан аса адамға белгілі құпия қастерлей сақталып келді.
Көтеріліске шыққан өлкенің бір ғана ортақ жүйкесі бардай, демек,
Бретань шеңберінде жердің қандай да бір нүктесіндегі тербеліс оның өн
бойын шарлап өтетін. Хабар бұл өлкеге көзді ашып-жұмғанша жайылатын.
Бұған құстардың бір қатысы бар-ау деп ойлауға да болатындай. "Оларда
телеграф барға ұқсайды" деп жазды республикашыл генералдардың бірі.
Əр қауымның өз жетекшісі болды. Менің əкем осы соғысқа қатысқан
адам, демек, мен бұл соғыс туралы куəгердің сөзімен айтып бере аламын.
V. Олардың өмірі соғыспен өтеді
Жұрттың көбісі найзамен қаруланған. Дегенмен тым тəуір аңшы
карабиндер де баршылық. Бретань браконьерлері мен контрабандистерінен
асқан атқыш болған емес. Олар жүрек жұтқан өжет жауынгерлер еді. Үш
жүз мың адамдық жасақ құру туралы декрет алты жүз деревняда дабыл
қақтырды. Өрт жан-жақтан бір мезгілде лаулай көтерілді. Алғашқы күркір
1792 жылы-ақ 8 шілдеде құлазыған Кер-бадер жазығында естілді.
Роялистер қырып-жоямыз деп қоқан-лоқы жасап, қолына қару ұстай
алатындардың бəрін бас көтеруге мəжбүр етті. Жұртты жапатармағай
көтеруге пəлендей күш жұмсаудың керегі де болмады. Республикаға ант
берген қайдағы бір əулие əкей жиһаз сауытына қара мысықты күні бұрын
салатын да, намаз кезінде мысық əлгі жерден кенеттен сумаң етіп шыға
келетін. Шаруалар: "Албасты! Албасты!" деп айғайласып, төңірек бір
адамдай аяғынан тік тұратын. Уағыз орындары осылайша өрт ошағына
айналып жатты.
Əр бүлікші көктерге шабуыл жасау үшін де, қашқанда ор-ордан қарғып
өту үшін де өзімен бірге он бес футтық ұзын сырық алып жүрді. Мұны ол
ұрыста да пайдаланатын. Ұрыс даласында, тіпті жаппай алыс-жұлыс
немесе шабуыл кезінде де, шаруаларға крест не шіркеу ұшырай қалса, бері
жүрелей отырып, зулаған картечь астында намаз оқитын, сөйтіп, тірі
қалғандары намаз оқып болысымен жауға дүрсе қоя беретін. Олар
мылтықтарын жүгіре оқтап, зор шеберлік танытатын.
Оларды неге де нандыруға болар еді. Қайдағы бір дінбасы оларға
тарамыспен күні бұрын таңып тасталғандықтан, мойнына қызыл жолақ із
түскен екінші бір діндарды көрсетіп, "Міне, гильотина басын кескен адам
қайта тіріліпті" десе, аналар иланып қалатын. Қаншама керемет нəрсе
болса да, кеткен су қараңғылық десеңізші!
Олардың кейде серілігі де ұстап кететін. Мысалы, олар кескілеген
қылыш
астында,
уысынан
туын
шығармай
өліп
кеткен
республикашылардың ту ұстаушысы Фескіні сый-сияпатпен жерледі. Ілкіде
олар зеңбіректен қорқатын, содан соң оған шоқпармен тайсалмай тап
беретінді шығарды, тіпті оқта-текте төтеп беріп, бетін қайтарып та жүрді.
Олардың алғашқы олжасы өздері "Уағызшы" деп атап кеткен тамаша қола
зеңбірек болды. Содан кейін олар діни соғыстардан қалған үстіне əулие
қыздың суреті оймыштап салынған екінші бір зеңбіректі қолға түсірді. Бұл
зеңбіректі олар "Мари-Анна" деп атады. Оларды Фонтенеден түріп
шыққанда "Мари-Аннаны" тартып алған, онда оның төңірегінде табан
тайдырмастан алты жүз шаруа жан тапсырған.
Кейінірек олар Фонтенені қайта алып, "Мари-Аннаны" кайта қолға
түсірді де, оны гүл шоғымен безендіріп, жолшыбай кездескен əйелдердің
бəріне сүйгізіп, гербілі лилиясы бар желбіреген ту астында өз лагеріне
əкетті. Бірақ екі зеңбірек, сонан соң тіпті төрт зеңбірек те аздық етті.
Нандеяның екі көсемі бөренеден толып жатқан зеңбірек жасап,
канонирлердің орнына солдаттардың қарақшысын қойып, өздері мəз бола
күлген осы "артиллерияның" көмегімен бірде көктерді шегінуге мəжбүр
еткен. Бүл олардың ең жарқын кезеңі - табысты кезеңі болатын. Кейіннен
олар ағылшын таңбасы соғылған екі зеңбіректі ұрыс даласына
масқаралықпен тастай қашты. Ол кезде Англия Франция принцтеріне ақша
мен қару-жарақ беріп келген. Бүлікшілер "Жасасын ағылшындар!" деп атой
салатын.
Дұшпан қалаларын басып алғанда тонаушылық та болмай тұрмайтын.
Құдайшыл шаруалар баукеспе ұры болып алды. Вандеялықтар Шолені
тонап, Шалланды тас-талқан қылды. Гранвильде сəтсіздікке ұшыраған соң
олар Виль-Дьенің бытшытын шығарды. Көктерге қосылған шаруаларды
"якобиншіл құйыршықтар" деп атап, өршелене қырып жойды. Олар ұрыс
салуды солдаттарша, кісі бауыздауды қарақшыларша жақсы көретін. "Жуан
қарындарды", яғни қала буржуаларын атып өлтіргенде масайрап,
рахаттанып қалатын: мұны олар "көңіл көтеру" деп атайтын. Фонтененің
жанында олардың пəтері бір қартты тұрған орнында қылышпен турап
салды. Сен-Жерменсюр-Ильде олардың бір көсемі, дворянин, ауыл
қауымының прокурорын мылтықпен атып өлтіріп, сағатын қалтасына
салып алды. Машкулде республикашыларды əлсін əлі, күніне отыз адамнан
жойып отырды. Бүл бес аптаға созылды. Өлімге кесілген отыз адамның
осындай əр легі "таспиық" деп аталатын. Оларды күнілгері қазылған орға
теріс қаратып қойып ататын. Атылғандар орға кейде шалажансар күйде
құлайтын, бірақ оларды бəрібір көміп тастайтын. Бір республикашылдың,
округ президентінің екі қолын саусақ түбінен арамен кесіп тастағандары да
бар. Республикашыл тұтқындардың қолына шеті қиғыр кісен кигізетін.
Оларды аңшылардың кернейін тартып, қала алаңдарында он-ондап өлтіріп
жатты. Шаретті қоса өртеп жіберді. Рас, ол кезде республикашыл Каррье де
рақымсыз болды... Ақ террорға көктер де террормен жауап берді.
Вандея армиясында бір жүз елу төрт дивизия болды. Бүл əскерлер
дұшпанды дұрыс қоршай білетін. Олардың бір күнде республикашылардың
он төрт лагерін талқандап үлгергені де бар.
Бұл адамдарға мылтық патроны он сомнан қымбат еді. Ли олар оз
шатырынан көз жазып қалғанда балаша еңірейтін. Олар ұрыс даласынан
қашуға ұялмайтын. Мұндайда көсемдері: "Башмақты лақтырыңдар, тек
мылтықты сақтай көріңдер!" деп айғайлайтын. Оқ-дəрі жетпей қалғанда
олар намаз оқып, республикашыл артиллерияның оқ-дəрі жəшіктерін
тонауға аттанатын. Кейінірек вандеялықтар ағылшындардан мылтық
дəрісін сұрайтын болды. Олар жаралыларын биік егін арасына немесе
папоротник ішіне жасыратын, ал ұрыс бітуге таянғанда оларды алып кетуге
іздеп келетін. Əскери форма дегеннің еш керегі болмады. көпшілігі жырымжыртық киіммен жүрді. Бəрі - шаруалар да, дворяндар да - қолға не түссе,
соны киді. Бəрінің үстінде .ақ белбеу мен бант тағылған бөкебай болатын.
Əскер бастықтары да солдаттар секілді көбінесе надан келетін.
Атамандары бірін-бірі көре алмайтын. Қырдан келген жетекшілер: "Таулық
жетекшілер құрысын!" деп айғайлайтын. Олардың атты əскері болды əрі
оны құрудың өзі қиын да еді. Олардың кейбірі ұлдарын беруге əзір болған,
ат сұрай қалса, маңына жолатпайтын. Оларда қару-жарақ дегенде өңшең
шалғы, сырық, айыр, ескілі-жаңалы мылтық, аңшының кездігі, істік, ұшы
темір немесе айнала еге қадалған шоқпар болатын. Кейбірі мойнына адам
сүйегінен крест тағып жүрді. Олар тұс-тұстан - орманнан, дөң астынан,
сай-саладан - тұтқиылдан атой сала ұмтылып, дұшпанды қоршап алатын,
мылтықпен атқылап, найзамен түйрелеп, қылышпен кескілейтін де, демде
жан-жаққа бытырай қашып, жоқ болатын.
Республикашыл қалалардың үстімен өткенде олар ең алдымен
Бостандық ағашын түп-тамырымен жұлып тастап, өртеп жіберетін де,
жанып жатқан отты айналып, қол ұстаса би билейтін. Бəрінің айла-тəсілі
түнде жортатын жыртқыш аңдардың айла-тəсіліндей еді. Вандеялықтар
əдетте əрдайым тұтқиылдан қимылдайтын. Олар үн-түнсіз, мүлде сыбыс
шығармастан, бірде-бір бұтақты қозғамай, жолшыбай шөпті жапырмай он
бес лье жүре алатын. Кеш түсісімен атамандар ертеңге, қай жерде
республикашыл күзеттерге тап беру жөнінде келісу үшін əскери кеңеске
жиналатын, бəрін келісіп алған соң бүкіл отряд мылтықтарын оқтап,
намаздарын оқып, сонсоң башмақтарын шешетін де, демін іштен ала,
қараңғыда жемтік аңдыған мысықша тысыр білдірмей, орман-тоғайлардың
арасымен шұбай жөнелетін.
Көтеріліске аттанған Вандеяда əйелдер мен бала-шағаны қосқанда
кемінде бес жүз мың адам бар-тұғын.
Оларға федерацияшылар көмектесті. Жиронда Вандеяның сыбайласы
болғандықтан, бүлікті қоздыра, отқа май тамызып отырды.
Өзі екі Вандея: орман ішінде ұрыс салған үлкен Вандея жəне бұта
арасында ұрыс салған кішкентай Вандея болатын. Осынысына қарап
Шаретті* Жан Шуаннан ажыратуға болушы еді. Баскесер Шарет маркиз
деген титулмен, король əскерлерінің генерал-лейтенанты деген шенмен
жəне əулие Людовик орденімен наградталған-ды. Жан Шуан сол Жан Шуан
күйінде қалды.
Нағыз Вандея - өз үйінде қалған Вандея: мұнда ол соққы да
дарытпайтын, ұстатпайтын да. Өз жерінде вандеялық əрі егінші, əрі
контрабандист, əрі солдат, əрі браконьер, əрі ерікті атқыш, əрі шошқа
бағушы, əрі қоңырау қағушы, əрі бейбіт тұрғын, əрі тыңшы, əрі қанішер,
əрі таспиықшы, əрі ормандағы хайуан іспеттес. Бірақ Вандея шеңберінен
шығуға тырысқан əрекет жеңіліске ұшыратуға тиіс еді.
Вандея көтерілісі сəтсіздікке ұшырады да.
Бүкіл Вандея соғысының мəнін туған ауыл жəне отан деген екі сөзден
ұғынуға болады. Бұл - екі идеяның - жергілікті жəне баршаға ортақ
идеяның дұшпандығы. Бұл ауыл тұрғындарының патриоттарға қарсы
шығуы. Бұл - меңіреу түкпірдегі католиктік қауым ұлдарының отан
перзенттеріне қарсы шығуы.
VI. Вандея Бретаньның түбіне жетті
Бретань - ежелгі бүлікші. Ол революциямен немесе монархиямен,
республиканың өкіл делегаттармен немесе герцогтармен жəне пэрлермен,
корольдердің əміршілерімен күрессін, қағаз ақша шығаруға қарсы немесе
түз салығына қарсы күрессін, корольге қарсы немесе корольді жақтап
көтеріліске шықсын - бəрібір сол баяғы Бретань соғысы: жергілікті рухтың
орталық рухпен соғысы болды.
Ескі Бретань провинцияларын ағынсыз тоғанмен салыстыруға болатын:
бүл тұйық су қасарыса ақпайтын, үстінен есіп өткен жел оны салқындата
сергітпейтін, қайта лайлай түсетін. Король өкіметінің не республикашыл
үкіметтің тарапынан болсын, орталық Париж əрдайым түрткі берген сайын
бүл түрткі бостандыққа не озбырлықта қарсы бағытталса да - Бретань одан
жаңалықты сезіне өре түрегелетін. "Мазамызды шұқымаңдар! Бізден керегі
не сендерге?" деп дала тұрғыны айырға, ал тоғай тұрғыны карабинге
жармасатын. Неткен тассаңыраулық. Неткен сұрқия түсінбестік.
Вандея жоқ нəрсе үшін өзін-өзі қылғындырып, эгоизмге бола өзін-өзі
құрбанға шалып келді, қалтқысыз қаһармандығын есепсіз, стратегиясыз,
тактикасыз, жоспарсыз, мақсатсыз, жауапсыз, бассыз қорқақтарға бола
жұмсады. Өзін жарықтан тасалау үшін қараңғы қапас мұнара тұрғызуға
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - 93 жыл - 08
  • Büleklär
  • 93 жыл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4084
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2212
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4130
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4161
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4035
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3816
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2202
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4081
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3991
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2130
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2071
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4111
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4020
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4058
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2115
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3439
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1990
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.