Latin Common Turkic

93 жыл - 06

Süzlärneñ gomumi sanı 4018
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
тіл білетін. Ол өмір бойы, жатпай-тұрмай оқумен болды.
Əулие əкей кезінде ол парыз атаулыны түгелдей атқарды. Бірақ дінін
сақтап қала алмады. Дінінің түбіне ғылым жетті. Сонда ол ішкі дүниесін
барлай келіп, өзін жаны мүгедек кісідей сезінді де, бойында əулие əкей
кезінен сақталып қалған қасиеттен арыла алмай, енді өзін адамдық
қасиетке, бірақ өзінің қатаң түсінігіне орай баулып, тəрбиелей бастады.
Оны отбасынан айырған соң Отан оның жанашырына айналды.
Симурденнің əке-шешесі қарапайым шаруалар, оны жай халықтың
ішінен адам болып шығуы үшін діндар етіп еді, қайтадан халық ішіне
оралды, тал бойындағы бүкіл ынтызарымен оралды.
Ғаріптік атаулы оны əлденендей ыстық мейірімге бөлейтін. Діндар
философқа, философ жауынгерге айналды. Людовик XV-нің көзі тірісіндеақ Симурден, неге екенін өзі де түсінбестен, өзін республикашыл сезінді.
Бірақ ол қандай республиканы армандаушы еді?
Оған сүюге тыйым салынғандықтан, ол жек көруді үйренді. Ол
жалғандықты, монархияны, поптардың үстемдігін, өзінің қара шапанын
жек көрді. Ол өз заманын жек көріп, болашаққа құштарлана талпынды.
Революцияның ұлы жылдарын бастан кешіп, оның барлық дүрбелеңіне үн
қосты: 89-жылы – Бастилия* құлады, халықтың қайғы-қасіреті тыйылды;
90- жылы - феодалдық құрылыс құрыды; 91-жылы - монархиялық өкімет
құлады; 92-жылы - республика құрылды. Ол революцияның қалай
өрлегенін керді. Айналадағы нəрсенің түгелдей өсіп-өрбуі оны
жігерлендіріп, жандандыра түсті. Сол кезде елу бірге аяқ басқанына
қарамастан, ол да өсе бастады. Жылдан-жылға өрістеп келе жатқан
оқиғаларға қарай отырып, солармен бірге өзі де өсті. Əуелі революция
тағдыры үшін қорықты. Оған жіті көз салды. Парасат пен құқықтың
революция жағында екеніне көзі жетіп, оған жан-тəнімен тілектес болды.
Революция үрей тудырған сайын оның жаны жай таба бастады. Осылайша
93-жылға да жетті.
93-жыл - Еуропаның Франциямен жəне Францияның Парижбен соғысы.
Ал революция дегеніміз не? Бүл - Францияның Еуропаны жəне Париждің
Францияны жеңуі. XVIII ғасырдың өзге жылдарының бəрінен коп нəрсе
берген бұл сұмдық жылдың ұлан-асыр маңызы да осында.
Мұнан бетер қасіретті жəйтті көзге елестету мүмкін емес: Еуропа
Францияға, ал Франция Парижге шабуыл жасап жатты.
93-жыл күш-жігер əбден шарықтаған жыл болды. Ол жылы көк үйірген
найзағай өзінің жайнаған кекті ызасын, өзінің алапат ұлылығын паш етті.
Симурден көксегеніне жеткендей сезінді. Мынау алай-түлей заман оның
құлаш сермеуіне доп келгендей еді. Теңіздің ақиығы секілді оған да іштей
байсалдылыққа қоса сырттай қауіп-қатерге деген құштарлық тəн-тұғын.
Жан дүниесінде дауыл ұйтқып жататын адамдар да болады.
Ол жапа шеккендерге ғана жаны ашитын. Тіпті үрей ұшырар азап та
бетін қайтара алмайтын. Мейірбандығының ерекшелігі де осы. Бірде
тамағына қатерлі жара шыққан біреу ауруханада буына жаздап, жан
алқымда жатқан. Жара жиіркенішті, сасық əрі жұқпалы болуы да мүмкін
екен; ажал аузындағы адамды аман алып қалу үшін дереу жараның іріңін
ағызу керек болады. Сонда Симурденнің кездейсоқта сол науқастың
қасында бола қалуын қараңызшы. Ол ернімен жараға жабысады да, іріңін
сорғылап, аузы толған сайын түкіріп тастап отырады, сөйтіп, əлгі адамды
ажал тырнағынан құтқарып қалады. Сол кезде ол діндар шапанымен
жүргендіктен, қасында тұрғандардың бірі:
- Сіз мұны корольге істесеңіз, күні ертең-ақ епископ болар едіңіз, - депті
оған.
- Мен мұны корольге істемес едім, - деп жауап қатыпты Симурден.
Осы əрекеті мен осы жауабы Париждің кедей махаялаларына оның атын
жайып жіберген-ді.
Аты əйгілі болғаны сонша, қайғы-қасірет шеккендердің бөрі, жəбіржапа көріп, зығырданы қайнағандардың бəрі оның алдына келгенде
айтқанын екі еткізбей, балауыздай балқып жүре беретін. Алыпсатарларға
қарсы халықтың ашу-ызасы бұрқ еткен кездері -өкінішті қателіктерге
осыншама жиі ұрындырып келген ашу-ыза үстінде - Симурден əулие
Николай айлағында бір-ақ ауыз сөзімен сабын тиелген желкенді кемені
талқандалудан сақтап қалыпты, екінші бір ретте Сен-Лазар заставасының
қасында жүк тиелген көліктерді тоқтатпақ болып, елірген топты таратып
жіберген.
Жəне тап сол Симурден оныншы тамыздан кейін он күннен соң
корольдердің мүсіндерін құлатуға соңына бір топ адамды ертіп барады.
Мүсіндер тұғырдан құлағанда жұртты да қағып кетіп жатты. Вандом
алаңында бір əйел Людовик XIV-нің қола мүсінінің мойнына жіп байлап,
тұғырдан сүйреп түсіргенде астында жаншылып қалды. Бүл мүсін осы
орнында дəл жүз жыл тұрып келген еді: ол 1692-жылы 12 тамызда
тұрғызылып, 1793 жылы 12 тамызда құлатылды.
Келісім алаңында Генгерло деген біреудің мүсінді қиратушыларды
"сұмырайлар өңшең" деуі мұң екен, жиналған жұрт оны табан аузында
Людовик XV-нің мүсіні жанында таптап кетеді. Мүсін быт-шыт болып
қиратылады. Кейіннен одан мыс ақша соғылады. Оның бір қолы - Людовик
XV-нің Рим императорынша алға созып тұрған оң қолы əлдеқалай сау
қалыпты. Симурдениің өтініші бойынша халық оған осы қолды береді де,
салтанатты депутация оны Бастилияда отыз жеті жыл отырған Латюдке
апарады. Мүсіні Париж үстінде сорайып тұрған корольдің бұйрығы
бойынша мойнына темір қарғы тағылып, шынжырмен қабырғаға таңып
тасталған Латюд осы түрменің зынданында тірілей шіріп жатқанда осы
түрменің қабырғасы күйрейді, корольдің мүсіні құлатылады деп, өзі, яғни
Латюд, моласынан шығады, ал монархия құриды деп, нəпсіқұмар деспоттан
қоладан құйылған осынау қолдан басқа ештеңе қалмайды деп, сірə, оның
үш ұйықтаса, түсіне енді ме екен?
Симурден өзінің ар-ұжданына құлақ асып отыратын адамдардың
санатынан болатын. Мұндай адамдар сырт қарағанда аңғал көрінеді, ал
шынында өте аңғарымпаз келеді.
Симурден жайлы ол бəрін білетін əрі түк білмейтін адам деуге болар
еді. Ол ғылым үйрететін нəрсені түгел білетін де, тұрмыс, күнкөріс
жағынан мүлдем бейхабар болатын. Бірбеткей турашылдығының сыры да
осында жатыр. Симурден алған бетінен қайтпай, қайсарлы
табандылығымен тұп-тура ілгері тарта беретін.
Ол əлеуметтік төңкерістерде əсіре шаралар ғана болашақтың баянды
негізі болып табылады деп кəміл сенді. Симурден Конвенттен де,
Коммунадан да əрі кетті: ол Епископатқа мүше болды.
Бұрынғы епископ сарайының бір залында мəжіліс құрғандықтан
Епископат деп аталып кеткен революциялық, қоғамдық саяси партиядан
гөрі ала-құла тобырға көбірек ұқсайтын. Коммуна сияқты оның
мəжілістеріне де көп үндей қоймайтын, бірақ "қалта сайын бір пистолеті"
бар сесті көрермендер қатысып отыратын. Епископат неше түрлі киім-
кешек пен кескін-келбеттің ерсілеу жиынтығы - таза парижшіл əрі
халықаралық жиынтық іспеттес еді. Мұның өзі бірін-бірі терістемейтін,
өйткені Париж - барлық халықтардың жүрегі соғып тұрған мекен ғой.
Епископатта плебейлік сезім кемерлей тасқындап жататын.
Епископатпен салыстырғанда Конвент салқын, ал Коммуна сəл жылы
сияқты көрінетін. Епископат жанартаулы формацияларға ұқсас
революцияшыл ұйымдардың қатарына қосылатын. Онда аз-аздан бəрі де ақымақтық та, надандық та, қаһармандық та, əділ ашушаңдық та, тіпті
тыңшылық та болды. Бірақ көпшілігі ақ пейіл, көзсіз ерлер болатын.
Париждің көптеген тұрғындары Париж төңірегіне топтасудың қажеттігін
кəміл сезінді. Симурден, міне, осы топқа қосылды.
Бүл топ реакционерлермен белсене күресті. Епископат барлық
революцияларға тəн қасиет болып табылатын қоғамның зорлықзомбылыққа деген қажетін тудырды. Осы күштен əл жиған ол құрметті
орынды іле жеңіп алды. Сол кезде Париждегі толқулардың бəрінде де
Коммуна зеңбіректен оқ жаудырып жатса, Епископат дабыл қағатын.
Симурден ақиқатқа қызмет ету бəрін ақтайды деп сенді: бұл оны əсіре
партиялардың дəйім жетекшісі етті.
Епископат мүшелерінің көпшілігі, ең алдымен кедейлер, əсіре
көзқарастағы жəне адал ниетті адамдар Симурденге сеніп, соның соңына
жұмыла ерді.
Коммуна Конвентті, Епископат Коммунаны бақылап отырды. Айлашарғыны жаны жек көретін турашыл адам болғандықтан, Симурден талайталай құпияны əшкереледі. Ол неше түрлі элементтер арасындағы дəнекер
болды. Бұл оның жағдайын тым шалқақтатып жібермегенмен, мықтай
түсті.
Бүл кезде Симурден қайсарлықпен əмір жүргізді. Ол өзін жаңылмас жан
санаған ізгі адам болатын. Оның жылағанын ешкім көрген емес. Мұның өзі
ақылға сыйымсыз мұздай мейірбандық еді; ол əділдік үстінде жан
шошырлық болатын.
Революцияға қосылған əулие əкей үшін екі орта деген жоқ. Мұндай
ғаламат, адуынды оқиғаларға əулие əкей не ең ұсқынсыз, не ең шарапатты
сезіммен ғана белсене қатыса алатын; бүл үшін не оңбаған, не абзал адам
болу керек. Симурденнің жаны абзал-тұғын, бірақ онысы елсіз жартасқа
ұялағандай, өз-өзінен оқшауланып, асқақтығымен жұртты сескендіріп,
шыңырау үстінде кезіп жүретін. Мұндай тəнті қылар тазалық асқар тауға
ғана тəн.
Симурденнің сыртқы пішіні қарапайым: ол олпы-солпы киінетін, кедей
сияқтанатын. Жасында төбе шашын ұстарамен алғызатын. Қартая келе
нағыз ай қасқа болып, əр жерде қылтиған селдір шашы ағарып кетті. Жазық
маңдай, зер сала қараған кісі бүл маңдайдан үлкен зиялы ақыл-ойдың
табын аңдар еді. Ол салтанатты түрде, өктем дауыспен əрі дақпа-дақтап
сөйлейтін. Кезерген ернінен əлденендей өкінішті сызат кетпейтін. Жанары
байсалды да өткір, бүкіл бет əлпеті ұстамды ызбарлықты танытқандай.
Симурден осындай адам еді.
Қазіргі кезде оның есімі жұрт есінен ұмыт болған. Заманында аты жер
жара дүрілдеген мұндай беймəлім жандар тарихта аз болып па?
III. Тəрбиеші
Мұнда адамды адам деуге болатын ба еді? Адамзатқа қызмет ете жүріп,
ол жеке басын күйттеуге құқты ма? Симурден сүйе алатын ба еді?
Турасын айтсақ: сүйе алатын.
Жас шағында бір ақсүйектің үйінде тəрбиеші əрі мұғалім болып
жүргенде қамқорлығында бір жас түлегі болды. Ол осы отбасының баласы
əрі мұрагері еді жəне оны Симурден жақсы көретін. Бөбекке бауыр басу
қиын болып па? Сəбиге нені ғана кешірмессің? Оның атақты тектен
шыққандығында, мұрагер екендігінде, король екендігінде не тұр. Оның жас
күндегі пəктігі əулетінің қылмысын ұмыттырады; құйтымдай сəбидің
дəрменсіздігі оның шыққан тегін көлегейлеп, тасалайды. Оның
кішкентайлығы сонша, жоғары мəртебелілігіне де кешірім жасалады. Құл
оған қожайындығы үшін өшікпейді. Қарт негр ақ нəсілді түлегін пір
тұтады. Симурден шəкіртіне жан-тəнімен үйір болып алды. Балалық
шақтың тіл жетпес ғажап сыры сол, бөбекті елжірей сүйе аласың.
Симурденнің бойындағы мейірбандық атаулы осы балаға үйіп-төгілді десе
де болады: жалғыздыққа душар болған жүрегін осы бір сүйкімді де бейкүнə
сəби баурап əкетті. Бүл оны бойына біткен барша махаббатпен əрі
əкесінше, əрі бауырынша, əрі досынша сүйді. Симурден бұл баланың əкесі
емес-ті, оның есесіне ұстазы, бапкері, зергері еді. Осынау құйтақандай
мырзаны ол адам етіп шығарды, бəлкім, кім білген, ұлы адам етіп
тəрбиелеген шығар! Қалай болғанда да, ол осыны армандады. Отбасының
қаперінен тыс өз түлегі - жас виконтка өз бойындағы өсіп-өрбіп жатқан
нəрсенің бəрін дарытты. Айтпақшы, ақыл-ойды, ықтиярды жəне турашыл
мінез-құлықты саралап, шыңдауға рұқсат алып жатудың керегі бар ма? Ол
өзінің берік сенімін, ар-намысы мен асыл мұратын оның қан тамырына
құйып, сіңіре берді, сіңіре берді. Ақсүйектің миына ол халықтың жан
дүниесін теліді.
Кейде бауыр басқан əйелдің туған шешеден бетер ана атағына лайық
келетіні сияқты, кейде тəрбиеші де əке атануға туған əкеден бетер құқылы
келеді.
Симурденді түлегімен нақ осындай терең рухани əкелік сезім
тоғыстыратын. Осы баланы көрген бойда жаны жадырап сала беретін.
Бұл ретте əкенің орнын басу оншама қиын болмағанын айта кеткен жөн.
Бала жетім болатын, əке-шешесі өліп, соқыр қарт əжесі мен өне бойы
үйінде болмайтын немере атасының қолында қалған-ды. Көп ұзамай əжесі
де дүние салды. Отбасы басы - қарт атасы сарай жанында көрнекті қызмет
атқарған əскери адам əрі ақсүйек болатын. Ол өзінің нəсілетті қамалына
сирек келетін жəне жетім баланы оңаша қамалда жалғыз тастап, біресе
Версальда, біресе армия жанында жүретін. Сөйтіп, тəрбиеші баланың шын
мəнісіндегі əміршісі болды.
Бала қаршадайында-ақ қауіпті науқаспен ауырды. Ол бірнеше күн ажал
аузында жатты да, Симурден қасынан күні-түні екі елі кетпеді. Дəрігер
емдейді, күтуші əйел бағып-қағады. Ал Симурден болса, баланы құлан-таза
жазып шығарды. Түгелі оған тəрбиесі, алған тəлімі мен білімі үшін ғана
емес, ауыр науқастан сауыққаны үшін де, денсаулығы үшін де борыштар
болатын. Ол тəрбиешісіне ой толғауға үйреткені үшін ғана емес, ажалдан
аман алып қалғаны үшін де парыздар болатын.
Əдетте не болмайды: өмір екеуін екі ажыратты. Тəрбие тəмамдалып,
бала ержетті де, Симурденге онымен қош айтысуға тура келді. Мұндай
қоштасу қаншалықты жөн-жосықсыз, қатыгез де қайырымсыз нəрсе
десеңізші! Баланың санасына өз ой-парасатын құйған ұстазды, оған өз
бойындағы бүкіл нəр-шырынын сарп еткен қамқор əйелді əке-шешесінің
міз бақпас байсалдылықпен қалай аттандырып салатынын айтсаңшы?
Симурденмен де есеп айырысып, табалдырықтан шығарып салды; ол
қоғамның ойына қайта түсу үшін, қырынан тайып тұрды. Бұл дүниені
мықтылардан, əлсіздерден бөліп тұрған дырау есік артынан тарс жабылды.
Туа сила армияға офицер болып жазылып, енді бірде капитан шеніне
жоғарылатылған жас ақсүйек гарнизонына кетті де, бар ықыласымен
қайсар жандардың лагеріне ойша əлдеқашан қосылған қарапайым əулие
əкей - мұғалім шіркеудің төменгі діншілдер деп аталатын қараңғы, қапас
қабатына асыға оралып, шəкіртінен көз жазып қалды.
Революция да келіп жетті. Симурден өзі адам қатарына қосқан
бозбаланы ешқашан есінен шығарған емес. Бұл сезім оның жүрек
түкпірінде əрдайым ұшқындап жататын, сондықтан қоғамдық оқиғалар
қаншама зор болғанмен бұл ұшқынды өшіре алмады.
Тамаша мүсін соғып, оған жан бітіру - жақсы-ақ, бірақ жап-жас ақылойды өрбітіп, жас жанды өзіңше сомдау жəне оған шыншыл сезім дарыту онан да артық.
Ақыл-ойдың өзінің рухани перзенті болуы мүмкін.
Осынау жетімек шəкірті Симурденнің тіршілікте жақсы көрген жалғыз
пендесі еді.
Бірақ осындай адамның ықылас-пейілінде олқылық та бар ма еді,
қалай? Біз мұны кейін көреміз.
Екінші кітап
ТОТЫ ҚҰС КӨШЕСІНДЕГІ ШАҒЫН КАБАК
I. Үшеу
Тоты құс көшесінде бір шағын кабак немесе, жұрттың айтуынша,
дəмхана болатын. Осы дəмхананың жанында түкпір бөлме бар-ды. Қазір ол
тарихи бөлмеге айналған. Міне, осында құдіретті күш иесі болған əрі үнемі
қатаң бақылауда жүргендіктен, бір-бірімен жұрт көзінше сөйлесуден
тайсалатын адамдар, мүмкін, қадерінше, жасырын түрде ауық-ауық бас
қосатын.
1793 жылғы 28 маусымда осы бөлмеде үстел басында үш адам отырды.
Олардың əрқайсысы үстелдің бір-бір жағып алыпты да, төртінші жағы бос
қалыпты. Кешкі сағат сегіздер шамасы болатын. Көше əлі жарық, бірақ
дəмхананың түкпір бөлмесі қараңғы тартып, үстел үстіне аспалы шам
жарық түсіріп түр.
Əңгімелесіп отырған үшеудің бірі боп-боз, байсалды, жұқа ерінді,
жанары суық жас жігіт. Бір шықшыты кейістікпеп əлсін-əлі бұлт-бұлт етеді.
Оны күлдірмей тұрған да сол болса керек. Басында опаланған парик,
қолында биялай.
Қалған екеуінің бірі - алып та, екіншісі - ергежейлі дерлік. Алыптың
бетін шешек айғыздап тастаған. Көнтек ерін, балға тіс, абажадай жұдырық,
жайнақ көз; екі қасының ортасында сестиген қыртыс, бірақ езуі
мейірімділік танытқандай. Үшіншісі - сарғыш бет тапал Отырғанда бүкір
сияқты; аузы дорбадай əрі адуын тəрізді.
Біріншісінің аты - Робеспьер, екіншісі - Дантон, үшіншісі Марат
болатын.
Олар бөлме ішінде өзді-өзі оңаша отыр. Дантонның алдында тостаған
мен шарап құюлы шаң-шаң бөтелке; Мараттың алдында - бір кесе кофе,
Робеспьердің алдында - жаюлы қағаз.
Қағаз жанында сия сауыт, ғасырдың сонау бас шенінде мектептерде
қолданылып келген кедір өрнекті дөңгелек қорғасын сия сауыттардың бірі.
Тап осы жерде қауырсын қалам жатыр. Қағаз үстінде мыстан жасалған
үлкен мөр. Үстел ортасында Францияның жаюлы қартасы.
Кеңесте талқыланып жатқан мəселе үстел үстінде жаюлы жатқан жəне
Робеспьер дауыстай оқып шыққан қағаздар. Əңгіме қыза-қыза айтысқа
ұласып барады. Дауыстар барған сайын зорайып, қатқыл сарын естіле
бастады.
II. Республика қауіп үстінде!
Дантон түрегеліп, орындығын əрегірек итеріп тастады.
- Естимісіңдер! - деп дауыстап жіберді ол. - Алдымызда тұрған міндет
біреу-ақ - ол республиканы құтқару. Республика қауіп үстінде! Қазір мен
үшін ең бастысы - Францияны жаудан азат ету. Бұл үшін құрал атаулының
бəрі жақсы. Айнала ажал төніп тұрғанда мен құралдың бəрін
пайдаланамын. Бəрінен қорықсам, бəрін істеуге дайынмын. Революцияда
шалағай шараның, кінəмшілдіктің болуы мүмкін емес. Өзгенің зəресін
алсақ қана пайдамыз болмақ. Піл табанын қайда қоярын ойлап, бас
қатырып жата ма? Жауды таптап өту керек!
Робеспьер ақырын жауап қатты:
- Менің де тілегім осы. - Сөйтті де ол: - Əңгіме тек жаудың қайда
екендігінде, - деп қоса айтты.
- Ол Франциядан тыс жерде, əрі оны мен қуып тастағанмын! - деп дүңк
етті Дантон.
- Ол біздің шепте, əрі мен оны бақылап жүрмін, - деді Робеспьер.
- Мен оны қайта қуып тастаймын, - деді Дантон.
- Іштегі жауды қуа алмайсың.
- Ендеше, оны қайту керек?
- Қыру керек.
- Мен мұны қостаймын, - деді Дантон өз тарапынан; сонан соң,
қайталаймын, Робеспьер, жау елден тыс жерде, - деді.
- Қайталап айтамын, Дантон, ол - ішімізде.
- Робеспьер, ол - біздің шекарада.
- Дантон, ол Вандеяда.
- Сабыр етіңіздер, - деп үн тастады үшінші дауыс, - жау жер-жердің
бəрін жайлап алған, сондықтан сіздер құрыдыңыздар.
Мұны айтқан Марат еді. Робеспьер оның бетіне жалт қарады да,
сабырмен пікір таластырды:
- Жалпылама сөз жетер енді. Мен сіздерге фактіні мысалға келтірдім. -
Робеспьер қолын алдында жатқан қағаз үстіне қойып, сөзін сабақтай түсті.
- Мен сіздерге Желамбр жеткізген мəліметті хабарладым. Дантон, сізге
айтарым: сыртқы жаумен соғыс - дəнеңе емес; гəптің бəрі азамат
соғысында. Сыртқы соғыс - шынтаққа түскен сызаттай: азамат соғысы - ішқазанды кеулеп кетер қатерлі ісік. Жаңа ғана мен оқып берген мəліметтен
бір нəрсе айқын аңғарылады: күні бүгінге дейін күші бытыраңқы болып,
жекелеген басбұзарлар ғана қимыл жасап келген Вандея енді топтасуға
дайын. Бұдан былай оның бас командашысы болмақ.
Қарақшы атаман! - деп дүңк етті Дантон.
Ол біздің жағалауға екінші маусымда келіп түсті, - деді оның сөзіне
құлақ аспастан Робеспьер. - Мұның қандай екенін білесіздер. Бұта
арасынан жүргізіп келген соғыс етек жая бастады. Сонымен бір мезгілде
ағылшын десанты əзірленіп жатыр. Вандеялықтар мен ағылшындар Бретань мен Британия. Мен сіздерге қолға түскен хатты көрсеттім, онда
"көтерілісшілер арасына жиырма мың қызыл мундир* келе қалса, жүз мың
адам көтерілмек" делінген. Шаруа бүлігі шарықтағанда ағылшын десанты
келіп түспекші. Олардың жоспары мынау. Картаға қараңыздар. Сонан соң
картаны саусағымен түрткілеп, əңгімесін жалғастыра түсті. Ағылшындардың қалауы мол: олар мына жағалаудың кез келген жеріне
түсе алады. Екі аптадан кейін үш жүз мың адамдық армия жиналады да,
бүкіл Бретань француз королінің қолына көшеді.
- Яғни ағылшын королінің, - деп түзетті Дантон.
- Жоқ, француз королінің. Сөйтті де, Робеспьер тағы да былай деді: Француз королі одан да жаман: шет жерлік жауды екі аптада қуып жіберуге
болады, ал монархиядан құтылу үшін бізге он сегіз ғасыр қажет болмады
ма?
Дантон орнына отырып, ойлана, қолымен басын сүйеді.
- Енді қауіптің қайдан төніп тұрғанын көріп отырсыздар ма, - деді
Робеспьер. - Бретань ағылшындарға Парижге жол ашпақ.
Дантон басын көтеріп, ызалана түйген үлкен жұдырығын төске қойған
балғадай үстелге түсірді.
- Робеспьер, Верден пруссактарға Парижге жол ашпап па еді?
- Сонда ше?
- Сонда ма, біз пруссактарды қуғандай ағылшындарды да қуып
шығамыз! - Осыны айтты да, Дантон орнынан тағы ұшып тұрды.
Робеспьер сап-салқын қолымен оның қыз-қыз қайнаған жұдырығын
ұстады.
- Отырыңыз, Дантон, картаны жұдырықпен түйгіштеудің орнына көз
қиығыңызды салыңызшы.
Бірақ Дантонды пікірінен тайдыру оңай емес-ті.
- Жоқ, мұныңыз тіпті артық! - деп саңқ етті ол. - Шығыстан төніп келе
жатқан апатты батыстан күтпекпіз бе?.. Иə, Робеспьер, Англия бізге мұхит
жағынан қауіп төндіріп отыр, қош. Бірақ Пиренейде - Испания, Альпіде Италия, Рейнде - Германия бізге қарсы көтеріліп келе жатқан жоқ па? Ал
көз ұшында тағы да орыс аюы жатыр... Робеспьер, қатер жан-жақтан төніп
тұр: ол бізді тар құрсаумен қоршап алды. Армия мықтап сиреді. Төрт
жүзден астам солдаты бар бірде-бір батальон жоқ. Жаужүрек Де-Понт
полкінде небары бес жүз адам қалды. Памар лагері жауға тапсырылды.
Живэде қалған бүкіл үн қоры бес жүз қапқа жетер-жетпес. Біз шегініп
келеміз - Брауншвейг* күшейіп, бізге қарсы ентелей, өздері басып алған
француз қалаларының бəріне неміс туын тігіп жатыр. Прусс королі
Еуропаның тағдырын билей бастады. Ол біздің провинцияларды басып
алуда, ол, əлі көрерсіз, Бельгияны да уысына алмақ. Ол рас, біз шынында
да Берлин үшін қара тер боп жүргенге ұқсаймыз. Бүйте берсе, егер ақылесімізді жимасақ, француз революциясы Потсдамға пайда келтірген болып,
Фридрих Екіншінің кішігірім иеліктерінің ұлғаюы соның бірден-бір
нəтижесі болып шықпақ жəне біз Францияның королін Пруссия королінің
мүддесі үшін жаһаннамға аттандырған болып шықпақпыз! Осы жерде
Дантон, үрейлі Дантон қарқылдай күліп жіберді.
Оның күлкісін естіп, Марат жымия мырс етті.
- Əркімнің өз білгені бар, - деді ол - Сіздің ойыңыз, Дантон - Пруссия,
ал сіздің ойыңыз, Робеспьер - Вандея. Енді мен де өз ойымды айтайын.
Екеуіңіз де шын қауіпті көрмей отырсыздар. Екеуіңіз де қателесесіздер.
Қауіп, Робесьердің ойлағанындай, Лондонда да жəне Дантонның
ойлағанындай, Берлинде де емес: қауіп - Парижде. Бүл қауіп бірліктің
жоқтығында, сіздердің екеуіңізден бастап əркімнің оз дегенінен қайтпай,
қасарысуға құқықтымын деп отырғанында. Қауіп - идеялық былықта, ерікжігер анархиясында.
- Сонда сіз де анархия туралы айтпақсыз ба? - деп үзіп жіберді оны
Дантон. - Оны туғызып отырған сізден басқа кім?
Бірақ Марат кідірмей сөйлей берді:
- Робеспьер, Дантон, қауіп-қатер кабактарда, қызойнақтарда,
клубтарда... Қауіп аштықта. Қауіп құны күн санап құлдырап бара жатқан
қағаз ақшада. Ассигнацияны алыпсатарлар мен саудагерлер - қауіптің нағыз
ошағы ... Ə- ə, сіздер Парижге мəн бермейді екенсіздер ғой! Сіздер аяқ
астындағы қауіпті айдаладан іздеп отырсыздар. Ендеше, қойыңыздар: қауіп
үстеріңізде, тап іргелеріңізде. Айнала голы астыртын əрекет. Жүргіншілер
көше бойында бір-біріне газет оқыған болып, көз ала бас шұлғысады. Ниеті
түзулігі туралы куəлігі жоқ алты мың адам - қайтып оралған эмигранттар,
фəни сырбаздар мен тыңшылар - астыңғы үйлерде, шатырлар мен ПалеРояльдың ағаш галереяларында жасырынып-пысырынып жүр. Нан
дүкендері алдында - ұзын-шұбақ кезек. Əр босағада сүмірейіп тұрған
бейшара əйелдер жəне бəрі де "Тыныштық енді қашан орнайды?" деп
жалбарына сұрайды. Иə, қауіп - жер-жердің бəрінде, əсіресе орталықта,
Парижде. Бұрынғы дворяндар астыртын əрекет əзірлеп жатыр, патриоттар
жалаңаяқ жүр. Тоғызыншы наурызда қамауға алынған ақсүйектер ендігі
босатып жіберілген. Шекарада зеңбірек сүйреп жүруге тиіс мыңдаған желіс
аттарының көшеде бізге балшық шашыратып бара жатқаны. Төрт фунт
қатқан нан - үш франк - он екі су тұрады. Театрларда əдепсіз пьесалар
ойналып жатыр, жəне көп ұзамай Робеспьер Дантонды гильотинаға*
аттандырмақ.
- Сөйтіп көрсін! - деп дүңк етті Дантон. Робеспьер картаны шұқшия
қарап түр.
- Ал менің ұсынысым мынау, - деді мұнан соң Марат. - Ақырғы рет күш
жұмсап көрелік. Келісімге келуге тырысалық. Мұндайда тырысып көрудің
жөні бар сияқты. Екеуіңіз дің де сөзіңізде шындықтың ұшығы жатыр, бірақ
түгел шындық - мен айтып тұрған нəрседе. Бізге жетіспей тұрғаны не?
Бірлік. Тірі қалмағымыз осы бірлікте ғана. Бірақ асығуымыз керек. Париж
революция тізгінін қолына алуға тиіс. Тым болмаса бір сағаттан айрылсақ,
ертең, вандеялықтардың Орлеаннан, ал пруссактардың - Парижден
табылуы ықтимал. Көріп отырсыздар ма, Дантон мен Робеспьер, мен
сіздерге бір сəт ырық бермекпін. Мұнан қандай қорытынды шығаруға
болады? Қорытынды біреу ғана, ол - диктатура. Біз үшеуміз революцияны
бейнелейміз. Біз - оның үш бірдей басымыз. Осы үш бастың біреуі
сөйлейді, ол сіз - Робеспьер, екіншісі ырылдайды, ол сіз - Дантон...
- Ал үшіншісі тістейді, ол сіз - Марат, - деп қостап əкетті Дантон.
- Үшеуі де тістеуік, - деп түзетті Робеспьер.
Бір сəт үнсіздік басты. Сонан соң əңгіме қайта басталды. Марат ашуға
мінді:
- Робеспьер! Дантон! Демек, мені тыңдағыларыңыз келмейді екен ғой!
Ендеше, тағы да айтамын: сіздер құрыдыңыздар. Өздеріңіздің саясатыңыз
өздеріңізді тұйыққа тірегелі отыр. Əрі қарай жол жоқ. Амалдарың
таусылды. Істеп отырғандарыңыз молаға апарар есіктен басқа есіктің бəрін
алдарыңыздан тарс жабады.
Дантон иығын қиқаң еткізді.
- Біздің ұлылығымыздың өзі осында, - деді ол
- Сіз екеуіңіз əлі жассыздар, - деді одан əрі Марат. - Сен нешедесің,
Дантон? Отыз төрттемін дейсің бе?
- Ал сен ше, Робеспьер? Отыз үштесің бе?.. Ал мен дүние жаралғаннан
бері жасап келемін: мен - адамзаттың мəңгілік қайғы-қасіретімін, мен алты
мың жасаған адаммын.
III. Асыл сезім бұлқынысы
Əңгіме кілт тынды. Үшеуі де өз ойларына шомғандай. Робеспьер
сазарыңқырап кетті. Дантон қызарыңқырап кетті. Екеуі де қалш-қалш етеді.
Мараттың көз жанарындағы уытты ұшқын өшті, жүзі қайтадан жадырап,
жайдарыланып сала берді.
Сол мезет бөлменің түкпір жағынан:
- Марат, сенікі дұрыс емес, - деген дауыс естілді. Бəрі жалт қарады.
Айтыс кезінде олар артқы есік арқылы біреудің ішке кіргенін байқамай
қалған.
- Ə, бұл сен бе едің, азамат Симурден? - деді Марат.
- Сəлеметсің бе?
Кірген шынында да Симурден еді.
- Марат, сенікі дұрыс емес деп тұрмын, - деп қайталады ол.
Марат көгеріп кетті: бұл оның бозарғаны еді. Симурден сөйлей берді:
- Сен пайдалысың, ал Робеспьер мен Дантон қажет. Олай қорқытыпүркітудің керегі не? Бірлік, бірлік қажет, азаматтар! Халық бірлікті талап
етеді.
Симурденнің араласуы, ішкі айтысқа ойда-жоқта бөгде адамның
кимелеуі шашып жіберген салқын судай эсер етті; ол дауылды басып
тастамағанмен, бетін қайтарды.
Симурден үстелге жақындады.
Дантон мен Робеспьер оны білетін. Конвенттің халыққа арнаған
трибуналарында олар осынау əлуетті адамды талай рет байқаған-ды. Халық
оның алдынан бас киімін алатын. Əйткенмен формалист Робеспьер қайтсе
де сұрап қалды.
- Сіз мұнда қалай кірдіңіз, азамат?
- Ол Епископаттан, - деп жауап берді Марат.
- Е, Симурден азамат бүл жерде артықшылық етпейді, - деді де, Дантон
Симурденге қолын ұсынды, сонан соң: - Симурден азаматқа мəн-жайды
түсіндіру керек. Ол дер кезінде келді. Мен бүл жерде Гораның өкілімін,
Марат - Коммунаның өкілі, Робеспьер -Қоғамды құтқару комитетінің өкілі,
Симурден - Епископаттың өкілі. Ол бізді татуластырмақ, - деді тағы да.
- Мақұл,- деді Симурден сабырмен əрі жай ғана. - Қандай мəселе?
- Біз Вандея туралы сөйлесіп отыр едік, - деді Робеспьер.
- Вандея туралы ма? - деп қайталап сұрады да, Симурден сөзін əрі
созды. - Иə, бұл - үлкен қатер. Революция опат болса, бұл Вандеяның ғана
кесірінен болмақ: Вандея он Германиядан да қауіпті. Францияның өмір
сүре алуы үшін Вандеяны құрту қажет.
Бүл аз сөздің өзі Робеспьерге жағып кетті. Сонда да ол:
- Сіз, бұрын əулие əкей болдыңыз-ау, осы? - деп сұрады.
- Иə, азамат, - деп жауап қатты Симурден.
- Мұнда тұрған не бар? - деп іліп əкетті Дантон. - Əулие əкей бізді
жақтап отырса, жай адамнан құндырақ болғаны. Революция кезінде
қоңырау мəнет пен зеңбірекке қалай айналса, діндар да жай азаматқа солай
айналмақ.
- Енді Вандеяға оралайық, - деді Робеспьер.
- Иə, сонда гəп неде болып тұр? - деп сұрады Симурден.
- Онда əлгі Вандеяда не боп жатыр өзі?
- Вандея көсем тауыпты. Енді ол қорқынышты бола бастады, - деп
жауап берді Робеспьер.
- Ол неткен көсем, азамат Робеспьер?
- Лантенак деген біреу, өзін Бретань мұрагерімін деп мұрнын шүйіріп
жүрген бұрынғы маркиз.
Симурден елең етті.
- Білем, - деді ол - Мен оның діни қауымында əулие əкей болғанмын.
Содан соң сəл ойланып, сөзін тағы жалғады. - Иə, ол қорқынышты болуға
тиіс.
- Шынында да қорқынышты, - деді Робеспьер. - Ол деревняларды өртеп,
жаралыларды біржола құртып, тұтқындарды өлтіріп, əйелдерді атып
жүрген көрінеді.
- Əйелдерді дейсіз бе?
- Иə. Оның бұйрығы бойынша өзгелермен бірге үш бірдей баланың
шешесі атып тасталған. Балалардың не күйде екені белгісіз... Əрі ол - нағыз
қолбасшы, əскери өнерді білетін кісі.
- Ол рас, - деді Симурден. - Ганновер соғысы кезінде-ақ солдаттар ол
жайында: "Жоғарыда Ришелье, төменде Лантенак" дейтін. Нағыз бас
командашы Лантенак болатын.
Робеспьер айта берді:
- Міне, сөйтіп, Симурден азамат, сол кісі қазір Вандеяда жүр.
- Көптен бері ме?
- Үш аптадан бері.
- Оны заңнан тыс деп жариялау керек.
- Істелді.
- Оның басына бəйге тігу керек.
- Істелді.
- Оны ұстаған адамға ақшалай көп сыйлық беріледі деп уəде ету керек.
- Істелді.
- Қағаз ақшамен емес, алтынмен.
- Істелді.
- Оны гильотинаға жөнелту керек.
- Істеледі.
- Мұны кім істемек?
- Сіз.
- Мен бе?
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - 93 жыл - 07
  • Büleklär
  • 93 жыл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4084
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2212
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4130
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4161
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4035
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3816
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2202
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4081
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3991
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2130
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2071
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4111
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4020
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4058
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2115
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3439
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1990
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.