Latin Common Turkic

93 жыл - 05

Süzlärneñ gomumi sanı 4035
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
- Білгенде қандай. Сізді мен соңғы рет бұдан екі жыл бұрын осында
келіп-кеткеніңізде көргем. Сонан соң Англияға кетіп қалдыңыз. Міне,
жаңағы əзірде біреудің дөң басында тұрғанын көрдім. Өзі сұңғақ екен.
Бойшаң адамдарды жиі кездестіре бермейсің ғой: Бретань халқы тым ұсақ.
Сөйтіп, қарап тұрмын (жарнаманы бұрыннан оқығам). Ішімнен: "Апырмау,
соның өзі емес пе?" деп ойлаймын. Сол кезде ай да туды. Сіз төмен түсіп,
жақын келдіңіз. Тани кеттім.
- Ал мен сізді танымаймын, - деді маркиз.
- Сіз мені талай рет көрдіңіз, бірақ бүл көрмегеніңізбен бірдей болатын.
Ал сізді мен жадымда берік сақтап қалдым. Келім-кетімді адамдар
қайыршыға бұрылып қарар ма? Ал қайыршының ондайлардан көз
жазбайтын əдеті.
- Бұрын сізбен жолықтым ба?
- Тіпті жиі жолыққансыз. Мен үнемі сіздің қамалдан шығатын жол
бойында жүретінмін. Сіз кейде маған тиын-тебен беретінсіз, бірақ қайыр
беруші кімге беріп жатқанына қарай ма, ал садақа алушы бəрін де
аңғарады, ештеңені де мүлт жібермейді. Жұрт қайыршыларды тыңшы деп
ойлайды. Бірақ мен тыңшы емеспін, рас, тұрмысым мəз емес, сонда да
тыңшы болмауға тырысам. Мен қайыр сұрай қолымды созатынмын. Сіз
созылған қолды ғана көріп, соған тиын-тебен ұстататынсыз. Бүл тиынтебен маған ертеңгілік тамақ ішіп, кешке ішегім үзіліп, аштан өлмеу үшін
қажет болатын. Біз сияқты пақырлардың тəулік бойы аш жүретін кезі де
болады. Кейде адамның өміріне бірлі-жарым тиын да араша тұрады. Сіз
менің талай рет жанымды сақтадыңыз: сізге енді борышымды өтемекпін.
- Иə, сіз мені құтқарғалы тұрсыз.
- Құтқармақпын, монсеньор, тек... Осы жерде Тельмарштың даусы
салтанатты да байсалды естілді, - тек бір шартым бар.
- Қандай шарт?
- Сіз мұнда бəле бастағалы келген жоқсыз ба, соны айтыңызшы?
- Мен игі іс істеуге келдім, - деп жауап берді маркиз.
- Жарайды, ендеше. Онда жаталық.
Олар үйілген балдыр үстіне қатарласа жатты. Тельмарш салған жерден
қор етті. Маркиз қанша шаршаса да үйықтай қоймады. Ол біраз ойланып
жатты, содан соң қорылдап жатқан көршісіне қарап, қисая кетті. Мұндай
төсекте жату қу тақырда жатқанмен бірдей. Сондықтан маркиз жерге
құлағын тосып, тың тыңдады. Дыбыстың жер арқылы тарайтыны жұртқа
мəлім. Құлағына бір гуіл келді. Бұл қағылып жатқан қоңырау даусы
болатын. Дабыл сол күйінше əлі қағылып жатыр екен.
Маркиз сөйтіп жатып ұйықтап кетті.
V. "Говэн" деп қол қойылған
Ол ұйқыдан оянғанда күн шығып қалған екен. Қайыршы таяғына
сүйеніп кіреберісте түр. Өйткені жеркепе ішінде бой жазу да мүмкін емес.
Бетіне күн сəулесі шашырайды.
- Монсеньор, Танис қоңырауы əлгінде ғана сағат төртті соғып өтті, деді ол маркизге. - Мен қоңыраудың торт рет соғылғанын есіттім, демек,
жел бағытын өзгертіп, енді жаға жақтан соғып тұрса керек. Бөтен дауыс
естілмейді, демек, дабылдың тоқтағаны. Енді бəрі саябыр тапқан: көктер не
кеткен, не ұйықтап жатыр. Басты қауіптен құтылдыңыз, енді
қоштасқанымыз абзал болар. Кетер уақытым боп қалды. Мен мына жаққа
барамын, ал сіз анау жаққа кетіңіз.
Ол кетіп бара жатып қонақпен тағзым ете, ізетпен қоштасты да, кештен
қалған тамақтың қиқымын көрсетіп:
- Жаңғақты ала кетіңіз: бəлкім, керегі болар, - деді. Сəлден соң ол терек
тасасына түсіп, жоқ болды. Маркиз Тельмарш нұсқаған жаққа беттеді.
Маркиз бұрын өзі Тельмаршен бірге жүрген жолымен аяңдап келе
жатты. Қалың жыныстан шығысымен тас крест тұрған жол торабына тап
болды. Жарнама бұрынғы жерінде, шығып келе жатқан күн сəулесі түсіп,
ағараңдап көрінеді. Ол жарнаманың аяқ жағында ұсақ қаріптермен бірдеңе
жазылғанын, оны қараңғыда ажырата алмағанын есіне түсірді. Маркиз
крестке жақын келді. Шынында да, Марнадан шыққан Приердің қолы
астында тағы да екі жол сөз бар екен. Ол оқып шықты:
"Маркиз де-Лантенак кім екені анықталысымен атылады". Соңында:
"Батальон командирі, экспедициялық отрядтың бастығы Говэн" деп қол
қойылған.
- Говэн! - деп күбір етті маркиз.
Ол қатты ойға кетіп, жарнамаға қарап тұрып қалды.
- Говэн! - деді тағы да қайталап.
Ол кейін шегініп крестке тағы көз тастады, қайтып келіп, жарнаманы
тағы оқып шықты. Сонан соң артына бұрылып, жолмен аяңдап кете барды.
Жақын маңда біреу-міреу бола қалса, маркиздің "Говэн!" деп бірнеше рет
ақырын күбірлегенін естір еді.
Ол келе жатқан сайдың табанынан сол қолда қалған ферманың шатыры
көрінер емес. Ол енді жабайы шомыртгүл шаша қаулай өскен биік,
түйетайлы төбені айналып бара жатты. Қырат төбесі сүйірленіп біткен.
Жергілікті тұрғындар оны "Қабан бас" деп атап кеткен. Оның көзі етек
жаққа ұйыса өскен бұта мен терекке түсті. Жапырағы түгелдей күн нұрына
шомылған. Табиғат таңертеңгі шадыман тыныштыққа бөленіп, маужырап
тұр.
Кенет бəрінің астан-кестені шықты. Күн нұры төгілген дала мен
орманды қайдағы бір жойқын мылтық даусы мен сұмдық айғай басты да,
ферма жақта үп-үлкен діңгек түтін аспанға шаншыла қалды. Ара-арасында
қып-қызыл от тілі сумаң қағады. Поселке мен ферма сабан шөмелеше
қосарлана лап берді.
Эрб-ан-Пайль фермасында шайқас жүріп жатқан. Маркиз тоқтай қалды.
Мұндайда адамның қауіптен гөрі əуестікке бой ұрғыш келетін əдеті
емес пе? Мұндайды бастан кешпеген тірі жан болмас, сірə. Ол əуелі не
болып жатқанын білуге құштар, ондайда тіпті сол жерде өліп кетуге де бар!
Маркиз төбеге көтерілді. Ол жерден жұрттың оны байқап қалуы мүмкін еді,
бірақ есесіне оның өзі де айналаны түгел көреді емес пе? Ол төбеге əпсəтте өрмелеп шықты.
Иə, шүбə жоқ, өрт шалған ферма жанында атыс болып жатыр. Айнала
азан-қазан, аласұра айғайлаған дауыстар, жалаңдаған от. Ол жерде не боп
қалды екен соншама? Фермаға шабуыл жасалды ма, əлде? Кім шабуыл
жасамақ? Бұл ұрыс па өзі?.. Жоқ, бүл жаумен сайыс емес, топалаң
салушылық тəрізді. Мынау өрт жұрттың тіл алмағаны үшін əдейі
қолданылған жаза емес пе екен?
Маркиз үстіне шығып, төңіректі байқап тұрған төбеде қалың бұта
қаптай өскен; кей жерлерде арасынан өту қиынға соғатын. Бұл ұйысқан
бұта үлкен алқапты қамтыған: ол фермаға дейін созылған жəне
Бретаньдағы орман-тоғай сияқты өзінің ит тұмсығы өтпес қалың
жынысымен қыруар сай-саланы, ор-жылғаны, сүрлеу-соқпақты жасырып
жатыр. Тоқетері, жер жағдайымен таныс емес республикашыл отрядтар опоңай адасып кете алатын ылғи шырғалаң-шатқал.
Маркиз не түрлі жорамалға қалып, төбе үстінде тұра берейін бе, əлде
төмен түсейін бе деп ойланып-толғанып, айналаға қарап, тың тыңдап
тұрғанда, тарс-тұрс атыс кілт тоқтады немесе, дəлірек айтсақ, кілт
басылды. Маркиз айғай сала, мəз-мейрам болған бір топ адамның бұта
арасына жапатармағай кіргенін көрді. Жұрт құмырсқаның илеуіндегіше
құжынап, ерсілі-қарсылы шапқылап, бұта мен терек түбінде ереуілдеп жүр.
Барша жұрт фермадан орманға лап қойды. Барабан дабыл қақты. Мылтық
даусы басылды. Енді торуыл басталғандай. Əлдекімді қуғындап,
əлдекімнің ізіне түскендей, əлдекімді іздеп жүргендей. Орман іші даңғырдүңгір дауысқа толып кетті. Біреудің ашу-ыза кернеген, енді біреудің
масайраған даусы естіледі, бірақ толассыз у-шудың арасында сөзін
ажырату мүмкін емес. Кенет көктен жай түскендей осынау ызы-қиқудың
арасынан жекелеген дауыстар ап-анық естіле бастады. Көп дауыс бір
адамның атын ғана қайталайды. Маркиздің құлағына:
- Лантенак! Лантенак! Маркиз де-Лантенак! - деген сөз айқын
шалынды.
Жұрт соны іздеп жүрген болатын.
VI. Азамат соғысының алапаты
Сол сəтте оның төңірегінде қалың жыныстың о жер, бұ жерінен өңшең
найза тікірейіп, өңшең қылыш жалаң ете қалды. Жасыл жапырақ арасынан
үш түсті ту көтерілді.
- Лантенак! - деген дауыс шаңқ етті оның өкпе тұсынан, сөйткенше
болмай аяқ астынан, шомырт бұтасының арасынан түсі суық адамдар
көрінді.
Ол жалғыз болатын. Биікте тұрғандықтан орманның тұс-тұсынан көзге
түсіп тұр. Ол өз атын айғайлай атаған адамдарды жақсы көре алмаса да,
оны жұрттың бəрі көріп тұрды. Орман ішінде кемінде мың мылтық
болатын, сондықтан ол осы бүкіл қаруға тамаша нысана еді. Ол бұта
арасынан өзіне тесіле қарай қалған өткір көздерден басқа ештеңені
ажырата алмады.
Ол телпегін алып, бір шетін көтеріңкірей, шомырт бұтағынан қураған
ұзын тікен сындырды да, қалтасынан ақ кокардасын алып, оны тікенекпен
етегі көтеріңкі телпегімен бірге төбесіне қадады, сонан соң телпегін басына
киіп, бүкіл орманға дауыстай:
- Іздеп жүрген адамдарың менмін. Мен маркиз де-Лантенак, виконт леФонтене, Бретань мұрагері, король əскерлерінің генерал-лейтенантымын.
Жə, жетер енді! Көздеңдер! Атыңдар! - деді өктем үнмен. Сөйтті де, екі
қолымен былғары кеудешесін айқара ашып, омырауын жалаңаштады.
Ол өзіне бағышталған мылтық ұңғысын көрмек болып, төмен қарап еді,
өзін қаумалай тəжім еткен адамдардың ортасында тұрғанын көрді. Орман
ішін сан мың адамның:
- Жасасын Лантенак! Жасасын біздің сеньор! Жасасын генерал! - деген
айғайы кеулеп барады.
Жұрт қалпақтарын аспанға атты. Жүздеген қол мəз бола қылыштарын
сермелеп, орман іші ұшына қоңыр жүннен тігілген бөрік ілулі əрлі-берлі
бұлғаңдаған ұзын сырыққа толып кетті.
Лантенак Вандея бандасының қақ ортасында тұр еді. Оны көрген бойда
мына адамдардың бəрі жүрелей отыра қалысты.
Бұл тобыр түгелдей мылтықпен, қылышпен, орақ, шот, сойылмен
қаруланып алған. Бəрінің үстінде кең етекті киіз қалпақ немесе ақ
кокардасы бар қоңыр бөрік, толып жатқан таспиық пен тұмар, тізеден
түскен ұзын қамзол, мамық кеудеше мен былғары күлəпара. Бəрінің тізесі
жалаңаш, шаштары алба-жұлба. Кейбіреуі сұсты-ақ, бірақ бəрінің
көзқарасынан аңғалдық сезіледі. Жүрелеген тобыр ішінен келбетті бір жас
жігіт алға шықты. Ол тез басып, қыратқа көтеріліп, маркиздің қасына келді.
Қалған жұрт сияқты оның үстінде де əншейін мамық кеудеше мен көтеріңкі
етегіне ақ кокарда қадалған киізден тігілген шаруа телпегі, дегенмен қолы
сүйріктей аппақ, көйлегі жұқа кездемеден, кеудешесінің үстінде иығынан
асыра ақ жібек бөкебай салған, оған алтын сапты сапы тағулы.
Ол төбеге шығысымен қалпағын жерге тастап, бір тізерлей отырды,
сапы тағулы бөкебайын шешіп, маркизге ұсынды да:
- Сізді іздеп жүр едік. Міне, енді таптық. Мынау бас командашының
сапысы. Мына адамдар сіздің қол астыңызда. Мен олардың командирі едім
- енді сіздің солдатыңызбын: мен үшін бұл - шенімнің жоғарылағаны.
Баршамыздың сəлемімізді қабыл алыңыз, монсеньор. Бұйыра беріңіз,
генерал, - деді.
Ол белгі берді де, бұта арасынан қолдарына үш түсті ту ұстаған бірнеше
адам шықты. Олар маркиздің қасына келіп, туды аяғына жықты. Бүл оның
жаңа ғана қалың ағаш арасынан көрген туы болатын.
- Генерал, біз бүл туды ферманы иемденген көктерден тартып алдық.
Менің атым - Гавар, - деді тағы оған бөкебайы мен сапысын берген əлгі
жігіт.
- Жақсы, - деді маркиз.
Ол сапы тағулы бөкебайды байыппен əрі салтанатпен үстіне байлап
алды. Сонан соң сапыны қынынан суырып, басынан асыра бұлғалай:
- Тұрыңдар! Жасасын король! - деп айғай салды. Бəрі аяқтарынан атып
тұрып, орман іші шаттанды айғай-шумен жаңғырып кетті:
- Жасасын король! Жасасын біздің маркиз! Жасасын Лантенак!
- Барлығың қаншасыңдар? - деді маркиз Гаварға бұрылып.
- Жеті мыңбыз.
Ол маркизбен бірге төбеден түсті. Маркиздің алдынан шаруалар бұтабұтаны жалма-жан ысырып, жол ашты. Гавар жол-жөнекей мəн-жайды
түсіндіре бастады.
- Істің бəрі аяқ астынан болды, монсеньор. Тоқетерін айтайын. Жұрт
ұшқынды ғана күтіп келген. Сіздің келгеніңізді республикашылардың
жарнамасынан естіп-білдік. Ол барша жұртты аяғынан тік тұрғызды. Бəрі
корольді қорғауға аттанды. Айтпақшы, сіз жөнінде Грэнвильдің мэрі де
бізге жасырын хабарлаған-ды. Ол да біздің адам. Ал оған қоса бүгін түнде
дабыл қағылды.
- Не үшін?
- Сіз үшін.
- Солай ма! - деді маркиз.
- Сөйтіп, біз де келіп жеттік.
- Сонымен, сендер жеті мыңсыңдар ғой?
- Иə, əзірге. Ертең он бес мың боламыз. Бүл бір ғана округтен. Сізді осы
орманның бір жерінде жасырынып жүрген шығар-ау деп іздеп жүргенбіз.
- Жаңағы əзірде фермаға тап берген сендер ме едіңдер?
- Иə. Көктер дабылды естіген жоқ, өйткені жел қарсы жақтан еді. Олар
қаннен-қаперсіз дем алмаққа жайғасыпты. Өңшең миғүлалар оларды
фермада да, поселкеде де мəз боп қарсы алыпты. Бүгін біз таңертеңгілік
көктер тырайып ұйықтап жатқанда фермаға тап беріп, бəрін бір-ақ
жайғастырдық. Менің бір сəйгүлігім бар, соны қабыл алыңыз, генерал
- Жақсы.
Бір шаруа əскери ер-тұрманы бар боз атты көлденең тартты. Маркиз
өзін демемек болған қолды ысырып тастап, ерге қарғып мінді.
- Па, шіркін! - деп шу ете қалды жиылған жұрт.
- Негізгі пəтеріңіз қайда болмақ, генерал? - деп сұрады Гавар маркизге
ізет беріп жатып.
- Ілкіде Фужер орманында болмақ.
- Ол өзіңізге тиісті жеті орманның бірі ғой, монсеньор.
- Бізге əулие əкей қажет.
- Əулие əкей арамызда бар.
- Ол кім?
- Эрбрей шіркеуінің викарийі.
- Білем оны. Ол Джерсейге келіп кеткен.
Шаруалардың арасынан əулие əкей алға шығып:
- Үш рет барғанмын, монсеньор, - деді.
Маркиз оған мойын бұрды.
- Сəлеметсіз бе, викарий ағзам. Сізге жұмыс көбейгелі тұр.
- Əбден жақсы, маркиз мырза.
- Сізге көп жұрттың, əлбетте, өлер алдында тілек білдіргендердің
жаназасын шығаруға тура келмек.
Əлденендей жарлық беруге кеткен Гавар қайтып келді.
- Генерал, əміріңізді күтіп тұрмыз, - деді ол.
- Біріншіден, жиналатын жер - Фужер орманы. Жұрттың бəрі сонда
біртіндеп жиналатын болсын.
- Мен бұл жөнінде жарлық беріп қойғанмын, генерал.
- Сіз ферма мен поселке тұрғындары көктерді жылы шыраймен қарсы
алды деген едіңіз ғой осы?
- Дəл солай, генерал.
- Ферманы өртедіңдер ме?
- Өртедік.
- Поселкені ше?
- Өртеген жоқпыз.
- Өртеңдер.
- Көктер қорғанбақ болды, бірақ өздері бас-аяғы жүз елудей адам екен,
ал біз жеті мың болатынбыз.
- Ол қайдағы көктер? Қай отрядтан?
- Генерал, олардың туына "Қызыл Бөрік батальоны" деп жазылған.
- Білем, ендеше: өңшең хайуандар.
- Жаралыларды қайт демексіз?
- Көзін жойыңдар.
- Тұтқындарды ше?
- Атып тастаңдар.
- Өздері сексен шақты.
- Бəрін де атып тастаңдар.
- Араларында екі əйел бар.
- Əйелдер де атылсын.
- Жəне үш бала бар.
- Балаларды өздеріңмен ала кетіңдер. Оларды қайда жіберерімізді кейін
көре жатармыз. Соны айтты да, маркиз атын тебініп жүріп кетті.
VII. Рақымшылық болмасын!
Осы оқиға болып жатқан кезде қайыршы қарт ескі сүрлеу-соқпақпен
сай-саланы кезіп, қалың орман ішіне бойлай түсті. Ол біресе ештеңені
байқамай, біресе қайдағы жоқты қызықтап, ойдан гөрі қиялға бой ұра
жүріп келеді. Əлсін-əлі жолдан шығып, дем алмақ боп отыра қалады,
еңкейіп, қымыздық жапырағын жұлып жеп, алыстан талып жеткен шуға
құлақ түреді, сонсоң тағы да жабайы жаратылыстың мейірбан құшағына
қайта бөленеді, жалба-жұлба киімін күн көзіне қақтай, тағы ойға шомады,
адам даусын, бəлкім, еміс-еміс естісе де, сайраған құс үніне ғана құлақ
тосады.
Жасы əбден ұлғайғандықтан қол-аяғы ауыр тартқан: жүріп-тұру қиынға
соғатын. Ол үйіне қайтып келе жатқанда кеш те болып қалған-ды.
Оның назары жер бетінен будақтай көтерілген қою түтінге ауды.
Түтін қап-қара əрі оны оқтын-оқтын қызыл шоқ шарпып қояды; өрттің
бірте-бірте өшіп бара жатқаны ап-анық. Түтін Эрб-ан-Пайль фермасының
үстінен шығып жатыр.
Тельмарш тезірек басып, тура түтінге қарай жүрді. Ол əбден қалжырап
еді, бірақ не боп жатқанын білгісі келді.
Ол бөктерінде поселке мен ферма орналасқан қыраттың төбесіне
шықты.
Ферма да, поселке де із-түзсіз ғайып болыпты. Жанып бітуге таяған
қайдағы бір үйінділер ғана бықсып жатыр. Эрб-ан-Пайль фермасының
ендігі сиқы осы екен.
Жанып жатқан сарайға қарауға дəтің шыдамаса, лашық жанып жатқанда
сай-сүйегің одан бетер сырқырайды. Кедейдің өрт шалған лашығынан
асқан не сұмдық бар!
Тельмарш алдынан тап болған мынау көрініске сілейіп тұрды да қалды.
Бүліншілік өз ісін тым-тырыс бітіріп жатыр. Тіпті тірі жанның қыбыр еткен
дыбысы естілер емес.
Түтін будақтап жатқан жерде құлаққа ондалаған ешбір үн келмейді.
Құлап жатқан бөренелердің салдыр-гүлдірі мен жанып жатқан сабан
шатырдың шытырынан басқа ештеңе естілмейді. Түтін ауық-ауық
серпілгенде құлаған шатырдың ара-арасынан лашықтың іші: қызыл тіл
жалмап жатқан кедейлердің ескі-құсқы жиһазы мен лапылдаған бөлме
ішінен көнетоз жиһаз көрініп қалады.
От фермаға іргелес каштан тоғайға шапшып, таяу маңдағы ін аштар да
жанып жатыр.
Тельмарш адам үнін, қандай да болсын бір дыбыс, шақырған дауыс
естимін бе дегендей құлақ тікті. Бірақ шытырлаған оттан басқа дəнеңе
естілер емес. Айнала жым-жырт.
Шынымен-ақ бар жан босып кеткен бе?
Əрдайым қандай да бір іспен айналысып жүретін, осынау ошаққа жан
бітіріп жүретін жұрт қайда ғана кетті екен? Оларға не бопты мұншама?
Тельмарш ылдиға түсті. Алдында əлдебір сұмдық жұмбақ жатты. Ол
тірі аруақтай-ақ аяғын ақырын басып, көрген нəрсесінен көз жазбай,
ферманың ойран болған жұртына жақындай түсті. Ол өзін молаға көмулі
мүрдедей сезінді.
Ол бір кезде ферма қақпасы болған нəрсеге келіп, аула ішіне көз
жіберді. Бұған дейін көргенінің бəрі мына көргенімен салыстырғанда түк
емес екен: аула ортасында үйме-жүйме бірдеңе қараяды. Оған бір жағынан
өрт сəулесі, екінші жағынан ай жарығы түсіп түр. Бүл үйінді жерде жатқан
адамдар екен, бəрі жансыз өлік.
Айналасы буы бұрқыраған үлкен шалшық. Оған өрт жалыны түсіп түр.
Бірақ ол сəуле түспесе де қып-қызыл: көл-көсір қан еді.
Тельмарш жақындай түсті. Ол былқ-сылқ еткен адам денелерін бірінен
соң бірін қарай бастады: бəрі өлген. Ай мен өрт жалыны оларға жарығын
аямай төгіп тұр.
Өліктің бəрі солдат мундирін киген, бірақ аяқтары жалаңаш. Сірə,
етіктерін шешіп алып, қару-жарағын тонап əкетсе керек. Мундирдің бəрі
көк: ыбырсыған жансыз қолдың, аяқ пен бастың арасынан үш түсті
кокардасы бар оқ тескен үш бұрышты бас киімдер де кездеседі. Бүл өліктер
республикашылар, осының қарсаңында ғана Эрб-ан-Пайль фермасында
гарнизон болып тұрған Париж батальонының сау-сəлемет, жайдарыжарқын солдаттары болатын.
Денелердің қаз-қатар жатуы бүл адамдардың атып өлтірілгенін айқын
аңғартып түр: оларды тұрған орындарында бір дүркін оқ атып, мүлт
жіберместен баудай қырып салыпты. Бірі тірі қалмапты: ешбір қырылсырыл, ыңырсыған үн жоқ.
Тельмарш өліктің ешқайсысын назардан таса етпей, мұқият қарап
шықты: оқ бəрін шұрқ тескен.
Қырғын салушылар асықса керек, өліктерді көміп , үлгермепті.
Ол кетуге ыңғайланғанда, өрттен аман қалған аласа қабырғаға
аңдаусызда көзі түсіп кетті де, оның ар жағынан ербиген төрт аяқты байқап
қалды. Аяқкиімдері орнында əрі басқалардікінен гөрі кішірек көрінді. Ол
қабырғаға жақындап еді, əлгі əйелдің аяғы болып шықты.
Қабырғаның арғы жағында атылған екі əйел қатар жатыр. Тельмарш
оларға еңкейе қарады. Біреуінің үстінде солдат мундирі сияқты бірдеңе бар.
Қасында быт-шыт болған бос құты жатыр. Бұл - маркитант əйел болатын.
Басын төрт жерден оқ тесіп өткен. Жансыз.
Ол екінші əйелді қарай бастады. Бұл шаруа əйел екен. Беті құп-қу, аузы
ашылып кеткен, көзі жұмулы. Басында жара көрінбейді. Киімі, сірə, ұзақ
жол жүргендіктен бе, жалба-жұлба. Көйлегі құлаған кезде түріліп кетсе
керек, төсі жалаңаштанып қалған. Тельмарш бір иығын оқ тескен дөпдөңгелек жараны көрді. Бұғанасын үзіп кетіпті.
- Бала емізіп жүрген əйел екен... - деп күбірледі ол əйелдің бозарып
кеткен жансыз кеудесіне қарап.
Ол денеге қолын тигізіп еді, жүрегінің ақырын соғып жатқанын сезді.
Əйел əлі тірі екен... Сонда ол бойын жазып:
- Бұл жерде біреу-міреу бар ма, ей? - деп айғайлап жіберді.
- Бұл сенбісің, қарт? - деп тіл қатты оған біреу. Дауыстың ақырын
шыққаны сонша, құлаққа талып естілді. Ойраны шыққан жерде əлденендей
біреу басын көтерді. Ізінше басқа тасадан тағы біреудің басы қылтиды.
Бұлар уақтылы жасырынып үлгерген, фермада адам атаулыдан тірі қалған
екі шаруа болатын. Олар қайыршының таныс даусын естіп, тəуекелдеп,
өздері тығылып қалған үңгірден еңбектеп шығып келеді екен. Көрген
сұмдықтан əлі есін жиып үлгермей, дір-дір еткен қалпы Тельмаршқа
жақындады.
Тельмарш тек айғайлай алатын, сөйлеуге шамасы жоқ-ты. Бұл үрей
ұшқанда əркімнің əдеті ғой. Ол шалқасынан жатқан əйелді саусағымен
нұсқады.
- Ойпырым-ай, тірі ме екен? - деп сұрады шаруалардың бірі.
Тельмарш басын изеді.
- Екінші əйел де тірі ме? - деп сұрады екінші шаруа. Тельмарш басын
шайқады.
Оған бірінші болып үн қатқан шаруа даусы қалтырап, сөйлей бастады:
- Қалғандарын түгелдей өлтіріп кеткен шығар. Мен бəрін көріп жаттым.
Астыңғы үйде тығылып жатқанмын. Отбасының жоқтығы үшін сол кезде
құдай-тағалаға мың да бір шүкіршілік еттім емес пе? Үйімді өртеп
жіберді... О, жаббар ием! Бəрін қырып кетті! Мынау əйелдің балалары, үш
бірдей баласы болатын. Кілең үйелмелі-сүйелмелі. Сол балалар "Мама,
мама!" деп құлын даусы шықпасын ба? Байғұс шеше "шыбындарым-ай..."
деп бебеу қақты. Шешесін өлтірді де, балаларын алып кетті. Өз көзіммен
көрдім. О, жасаған, жасаған! Бəрін қырып-жойып, бір нəрсені
тындырғандай, мəз-мейрам болысты. Балаларын айдап, шешесін өлтіріп
қайқайды... Əлде, ол əлі тірі ме екен? Тірі ғой, ə? Қарт қалай ойлайсың, оны
құтқарып қалуға болмас па? Қаласаң, жеркепеңе апарысар едік.
Тельмарш басын изеді.
Орман ферманың іргесіне дейін өскен. Олар жуан бұтақтар мен
папоротниктен əп-сəтте зембіл жасады да, оған əлі ес-түссіз жатқан əйелді
көтеріп салып, жүріп кетті.
Екі шаруа зембілді бірі аяқ жағынан, екіншісі бас жағынан көтеріп,
Тельмарш əйелдің қолын ұстай, тамырын байқап, жанында келеді. Əйелдің
қан-сөлсіз қуқыл бетіне ай сəулесі құйылып тұр.
ІІІаруалар жол бойы аһ ұрып, қапаланумен болды:
- Тігерге тұяқ қалдырмай, қырып кетті-ау!
- Дымын қалдырмай өртеп жіберді!
- Ой, тоба-ай, енді не болар екен десейші?
- Осының бəрін істеткен анау ұзынтұра қарт.
- Иə, сол ғой əмір еткен.
- Жұртты атып жатқанда мен оны көрген жоқпын. Ол да басы-қасында
болды ма?
- Жоқ, ол ертерек кетіп қалған. Бірақ бəрібір осының бəрі соның
бұйрығымен істелді.
- Демек, бəріне кінəлі сол десейші.
- Иə. "Өлтіріңдер! Өртеңдер! Рақымшылық жасамаңдар!" деген сол
- Өзін қайдағы бір маркиз дейді ғой.
- Əлбетте, біздің маркиз тап соның өзі.
- Аты-жөні кім сонда?
- Де-Лантенак мырза.
Тельмарш көкке телміре қарап:
- Білсемші мұны! - деп тістене күбір етті.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ПАРИЖДЕ
Бірінші кітап
СИМУРДЕН
I. Париж көшелерінде
Өмір баршаның көз алдында өтіп жатты. Жұрт үй-үйдің есігі алдына
үстел қойып, тура көше бойында тамақ ішуде; əйелдер шіркеу папертіне
жайғасып, "Марсельезаны" əндете, жара таңатын жүн-жұрқаны түтіп отыр.
Барлық көше тораптарында қару-жарақ шеберханалары жең сыбана
жұмысқа кіріскен: қол шапалақтаған топ алдында мылтық бірінен соң бірі
дайын болып жатыр. Баршаның аузынан: "Шыдау керек, бізде революция
болып жатыр" деген сөз ғана естіледі. Жұрт қаймықпастан, жымия күледі.
Немістер Париж қақпасының алдында тұр. Прусс королі өзіне Опера
театрында бірнеше ложа қалдыруға бұйрық беріпті деген қауесет тарап
кетті.
Кокардасыз бір қалпақ көрінбейді. "Бізге Қызыл Бөрік жарасады" десті
əйелдер.
Ескі-құсқы сатушылардың дүкендері тəждерге, митраларға*, алтын
жалатқан ағаш скипетрлерге* жəне гербілі лилияларға, король
сарайларынан шыққан неше түрлі қоқысқа толды: бұл қоқыстан
монархияның көбесі сөгіліп жатқаны көрініп-ақ тұр. Шүберекшілерден
жұрт стихарь* мен рясаны қолдан-қолға тигізбей, сатып алуда. Үстіне
стихарь киген, жабудың орнына арқасына зерлі кездеме салынған есек
мінген адамдар кабактарға келіп, қожайындардан өздеріне собордың сырлы
тостағанына шарап құюға əмір етіп жатқаны.
Сен-Жак көшесінде жол төсеуші жалаңаяқ шеберлер аяқкиім
сатушылардың арбасын тоқтатып қойып, бəрі қосыла он бес пардан
башмак сатып алып, "біздің солдаттар үшін" деп Конвентке жөнелтіп
жатыр.
Үлкен дүкендердің көбі жабық, бірақ оның есесіне қоларба сүйреген
əйелдер көше-көшені аралап, ойыншықтар мен майда-шүйде тауарлар
сатып жүр: кешкілік арба үстіне жарық түсіру үшін майшам жағылып,
оның тауарға майы тамшылып тұрғаны. Ашық аспан астынан қатарласа
тізілген дүкендерде ақсары парик киген бұрынғы монах əйелдер сауда
істеуде. Жамап-жасқауға шұлық қабылдап жатқан əйел аяқ астынан
графиня болып, қайдағы бір тігінші - маркиза болып шыға келеді; деБуффле ханым шардақта тұрады, бұл жерден оған жуырда ғана өзіне тиісті
болып келген сарай анық көрінеді.
"Соңғы хабарларды" жұртқа əйгілей жар салып, көше бойында
газетшілер шауып жүр.
Аяқ басқан сайын кезбе əншілер ұшырасады. Жиналған топ роялист
əнші Питуді ысқырық астына алып жатса да, оның азаматтық ерлігін
мойындамасқа болмайтын: ол жиырма екі рет түрмеде отырып шыққан, ал
бірде тіпті "азаматтық ерлік" деген сөзді айтып, жұмсақ жерін қағып қалды
деп айып тағылып, революцияшыл трибунал алдына баруға тиіс болады.
Бүл үшін бас кетуі мүмкін екенін түсінген ол: "Апырым-ай, бұған кінəлі
басым емес, денемнің басқа бір мүшесі еді ғой" деп іле сөз тастайды.
Мұның өзі төрешілерді қыран-топан күлдіріп, оны ажалдан аман сақтап
қалыпты.
Жұрт көше бойында аяғы талғанша "Карманьоланы" билеп, соның
өзінде бір-біріне: "жігіт" жəне "бикеш" демей, "азамат" жəне "азаматша"
десті. Жұрт альтар үстіндегі шамның əлсіз жарығында қираған монастырь
ішінде билеп жатты.
"Тиран" деген қамзол кию сəнге айналды. Ер көйлектері ақ, көк жəне
қызыл таспен əшекейленген "Бостандық" түйреуішімен түймеленетін.
Ришелье көшесі Заң көшесі деп, Сент-Антуан өңірі Даңқ өңірі деп
аталды. Бастилия алаңында Жаратылыс статуясы тұрды.
Жұрт Əскери мектеп түлектерінің маршына қызықтай қарайды.
Сырбаздар азаматтық некені күлкіге айналдырмақ болады. Олар мэрия
есігіне кимелеп, онан шығып келе жатқан жас жұбайларды:
- Муниципалитетке
айғайлайды.
некесін
қидырғандар!
-
деп
келемеждей
Қоғамдық бауларда жер жыртылып жатыр: Тюильриде түрен іске
кіріскен.
Жер-жердің бəрі - газет. Шаштараз көмекшілері жұрт көзінше əйел
париктерін бұйралап жатса, қожайын оларға "Монитерді" дауыстай оқып
тұрғаны; өзгелері топ-топ болып жиналып, газет мақалаларын талқылай,
қолдарын оңды-солды сермелейді. Шарап сатушылар көше бойында
"эмигрант" шараптарын сапырта сатып жатыр.
Астық та, көмір де, сабын да - бəр-бəрі жетіспеді. Провинциялардан
келген үйір-үйір сауын сиырларды көше бойлай айдап барады. Он күнде əр
адамға бір фунттан сиыр еті беріледі. Дүкендердің алдында кезек күткен
халық. Оны жұрт, басқаша айтқанда, "жіп ұстау" дейтін, өйткені ығы-жығы
кезекте тұрғандардың бəрі ұзын жіптен ұстап тұруға тиіс-тұғын. Əйелдер
осынау қиын-қыстау кезеңде шыдамдылық көрсетіп, кезегін тосып, нан
дүкенінің алдында түн бойы тырп етпестен тұратын.
Революция қолданған шектен шыққан шаралар кəдеге асты: ол
қайыршылықтың сұмдық кесапатына қарсы қауіпті екі құралмен ассигнациямен жəне мейлінше қымбат баға қою арқылы күресті. Бүл
Францияны құтқарып қалды. Вивьен көшесінен шыққан башмағы балшықбалшық, шашы майдан жылтыраған, түлкі құйрығы бұлғаңдаған мамық
бөрік киген биржашылар да, жып-жылтыр етік, қырмызы қалпақ киген, тіс
тазалағышы аузынан түспейтін Валуа көшесінен шыққан олжашылар да
болды. Халық оларды ұры-қарыдай көріп, қудалайтын. Оларды роялистер
"белсенді азаматтар" деп атайтын. Дегенмен ұрлық тым сирек болды. Ал
адамдар ювелир жаймаларының жанынан сырт беріп, байсалды жүзбен
өтіп кететін. Бірде тінту кезінде жиналған той бақтан гүл жұлып иманы
үшін бір əйелді сабап тастады.
Бір сажын отын ағаш күмістей төрт жүз франк тұрды. Көше
бойларында кереуеттерін отынға жарып жатқан адамдар көрінеді.
Қыста бұрқақтар қатып қалды да, жұрттың бəрі су тасушы болып алды.
Халық ішінде мойығандықтың нышаны да жоқ, тек тақтың күні
өткеніне ғана жабырқау қуаныш үстінде. Еріктілер отанына өмірін пида
етпекке лек-легімен ағылып жатыр.
Əр көше бір батальоннан беруде. Жер-жерде округ тулары желбірей
көрінеді. Əрқайсысының өз ұраны бар. Бір туда "Бізді ешкім жеңе
алмайды" делініпті. Екіншісіне "Бізге ізгі жүректен басқаның керегі жоқ"
деп жазылған.
Қабырғада ілінген жарнамалардан көз сүрінеді. Үлкенді-кішілі, ағы да,
сарысы да, жасылы мен қызылы да, тасқа басылғаны да, қолдан жазылғаны
да бар жəне бəрі бірауыздан "Жасасын республика!" деп жар салып тұр.
Кішкентай
айтады.
бөбектер
"Карманьоланың"*
қайырмасын
былдырлай
Бұл балалар ұлан-ғайыр болашақтың бейнесі еді.
Біз əңгімелеп отырған 93-жылы Париж көшелеріне революцияның
бастапқы кезеңінің асқақ та суық сипаты тəн болатын. Олардың өз
шешендері, өз қаһармандары, өз сүйіктілері бар-ды. Əйгілі жандардың
кейбірі бəлекет салса, кейбірі асыл ұрық себетін. Олардың арасында өжет
əрі ақ - адал бір адам көзге түсетін. Оның аты Симурден еді.
II. Симурден
Симурден көпке өнегелі жан болса да, тұйық мінезді еді. Мінезқұлқында біртүрлі қайсарлық бар. Бұрын ол əулие əкей болды, ал мұның
өзі ізін салмай қойсын ба?
Оның өмірбаяны тіптен қарапайым. Ол ауыл кюресі əрі бір ақсүйектің
үйінде мұғалім болды. Сонан соң оған азын-аулақ мұра тиді де, ол өзінің
діни қауымын тастап, тайып тұрды.
()л ең алдымен табанды еді. Көңіліне оралған ойға тас кенеше жабысып
айрылмайтын. Бір нəрсені ойлай қалса, байыбына жетпей тынбайтын. Ол
өршелене ойлайтын. Еууропалық тілдердің бəрін жəне басқа да бірсыпыра
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - 93 жыл - 06
  • Büleklär
  • 93 жыл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4084
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2212
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4130
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4161
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4035
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3816
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2202
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4081
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3991
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2130
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2071
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4111
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4020
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4058
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2115
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3439
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1990
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.