Latin Common Turkic

93 жыл - 03

Süzlärneñ gomumi sanı 4130
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Зақымданып, құр сүлдері қалған кеме рульге бағынуды қойды десе де
болғандай. Ол енді жол таңдаудан қалды да, жел мен толқынның ырқына
көніп, лағып жүре берді.
Ле-Менкьенің су асты жақпар тастары бұрын қазірден де қауіпті
болатын. Сонан бері теңіздің асау толқыны ерсілі-қарсылы үздіксіз соғып,
осынау табиғи теңіз қамалының көптеген мұнараларын мүжіп, жыпжылмағай еткен. Құз бедерінің үнемі өзгеріп тұратындығы да содан.
Теңіз дегенің тілгілеуден жалықпайтын ара іспеттес жəне осы ара жалы
көтерілген сайын толқынның өткір тісімен жартасқа жаңа бедер салып
тұрады.
Ол кезде Ле-Менкьеге жақындау - су түбіне кетумен пара-пар еді.
Ал шығыс жақтағы сегіз кеме кейіннен
асшылығымен даңқы шыққан эскадра болатын.
капитан
Дю-шеннің
Кеменің жайы мүшкілге айналды. Шынжырдан босап кеткен каронада
салған лаң кезінде ол бастапқы бағытынан еріксіз ауып кеткен-ді. Ол
маневр жасап, желкендерін түгел көтере жүзсе де, Джерсей аралына бəрібір
орала алмайтын, өйткені оның жолын Ле-Менкье кес-кестеп тұрған.
Француз жағалауына жақындайын десе, эскадра бөгет жасады.
Əйткенмен дауыл көтеріле қоймады: лоцманның айтуынша, теңізде
"мүлəйім толқын" ғана болды. Самал айдап, жолшыбай құз сияқты
кедергіге ұшыраған теңіз едəуір буырқанып жатты.
"Клеймор" корветі түн бойы тұманмен алысып, тау толқынға төтеп
беруге əзірленген еді. Теңіз қулығын асырып, алдап соқты: пи дауылмен
қорқытқан болып, құзға əкеп тықсырды. Алда сол баяғы апаттың кескіні
ғана басқаша болатын.
Тасқа соғылып қирау қаупіне теңдессіз ұрыста қаза табу қаупі қосылды.
Екі жау бір-біріне көмектесіп-ақ жатыр.
Былай жүрсем - апат, олай жүрсем - шайқас? - деп дауыстап жіберді, лаВьевиль қасқая күліп. - Екі жақтан бірдей шах - мат!
VIII. 9-380
Əлсіреген кеме жаңқадай дəрменсіз еді.
Атып келе жатқан бозамық таң жарығында, түнерген бұлтта, бұлдырай
толықсыған көкжиекте, толқынның жұмбақ дүбірінде салтанатты да
самарқау сыбыс бар сияқты. Айнала тым-тырыс, тек жел ғана азынап тұр.
Көрден шыққан аруақ сынды апат тəлімси басып, төніп келеді. Күз қойнауы
жым-жырт, кемелер қыбыр етер емес. Құлаққа ұрған танадай, тылсым
тыныштық орнай қалған. Корветке шынымен қауіп төнді дегенге сену
қиын. Теңіз үстін кезген елес өте шығатындай. Аңыз-əңгімелерде осындай
кезбе елес туралы айтылатын, қазір кеме ертегідегі секілді, құз-пері мен
ібіліс дұшпан флотының екі арасында қалған.
Граф дю-Буабертло ла-Вьевильге ақырын ғана бір бұйрық берді де, анау
іле-шала батарея бөлмесіне түсіп кетті. Сонан соң қолына дүрбі алып, кеме
тұмсығында тұрған лоцманның қасына барды.
Гакуаль кемені толқынға төтелей ұстамақ болып барын салды.
Əйткенмен корабльді жел мен толқын қапталдай соқса, аударылып кетері
сөзсіз еді.
- Лоцман, қай жерде келе жатырмыз? - деп сұрады капитан.
- Ле-Менкье тұсындамыз.
- Қай жағындамыз?
- Ең қауіпті жағындамыз.
- Бұл жерде теңіз түбі қандай?
- Жақпар тастарға толы.
- Зəкір тастауға бола ма?
- Өлуге қашан да кеш емес қой, - деп тура жауап берді лоцман.
Капитан дүрбісін батысқа бағыттап, құзға қарады да, сонан соң
шығысқа бұрылып, көз ұшында ағараңдаған желкендерді санай бастады.
Лоцман өз-өзімен сөйлескендей, күбірлеп қояды:
- Иə, Ле-Менкье... Голландиядан ұшқан шағалалар мен теңіз
мұзбалақтары жолшыбай осында қонып, дамылдайды.
Капитан сол екі арада желкендерді түгел санап шықты. Шынында да
əскери тəртіппен сап түзеген барлығы сегіз кеме екен. Олардың қарасы су
бетінен айқын көрініп түр. Орта тұста үш палубалы үлкен кеменің биік
тұлғасын айқын ажыратуға болады.
Капитан лоцманнан сұрастыра бастады:
- Мұның қандай кемелер екенін білесіз бе?
- Білгенде қандай, - деп жауап қатты Гакуаль. - Бұл эскадра.
- Француздікі ме?
- Ібілістікі.
Екеуі бірауық үндемей қалды. Сонан соң капитан:
- Крейсерлері түгел осында ма?- деп сұрады.
- Жоқ, түгел емес.
- Иə-иə, - деді есіне əлденені түсіргендей капитан, - эскадраның
құрамында он алты кеме болады екен-ау, мұндағысы сегіз ғана.
- Қалғандары анау жақта, жағаны бойлай жол торып жүр, - деді Гакуаль.
Капитан дүрбіден көзін алмастан:
- Үш палубалы кеме, бірінші рангілі екі фрегат пен екінші рангілі бес
фрегат, - деп күбірледі.
- Мен де оларды торығанмын, - деп күңк етті Гакуаль. - Жап-жақсы
кемелер, - деп қостап əкетті капитан. - Өзім де осындай кемелерді
басқарғанмын.
- Ал мен оларды тек жақыннан көргем,- деді Гакуаль.
- Бір-бірімен шатастырмасам кəміл. Барлық белгісін жаттап алғам.
Капитан оған дүрбіні беріп жатып:
- Қарап көрші: орталарындағы биік кемені танып тұрсың ба? - деп
сұрады.
- Иə, командир. Бұл - "Алтын кемер".
- Дұрыс-ақ, тек оның атын өзгертіпті, - деді капитан. - Бұрын ол
"Бургундия штаттары" деп аталатын. Өзі жаңа кеме. Жүз жиырма сегіз
зеңбірегі бар.
Ол қалтасынан қарындашымен қоса қойын кітапшасын алып, "128"
деген сан жазды.
- Ал корабльдің сол жағында бірінші кеме қалай аталады? - деп сұрады
сонан соң ол
- "Тəжірибелі".
- Бірінші рангілі фрегат. Елу екі зеңбірегі бар. Осыдан екі ай бұрын
Брестте қаруланған.
Соны айтып, капитан кітапшасына "52" деп белгі соқты.
- Ал "Тəжірибелінің" қасындағы қандай кеме?
- "Дриада".
- Ол да бірінші разрядты фрегат. Он сегіз фунттық қырық зеңбірегі бар.
Бұл фрегат Үндістанға да барған. Əскери кеме ретінде оның ертеден-ақ аты
шыққан.
Капитан "52" санының қасына "40" санын жазып қойды. Сонан соң
басын көтеріп, тағы да лоцманға қарады:
- Енді оң жақтағы кемелердің қандай екенін айтқан.
- Командир, оң қанаттағылардың бəрі - екінші разрядты фрегаттар.
Барлығы - бесеу.
- Корабльге таяу тұрғаны қалай аталады?
- "Батыл".
- Он сегіз фунттық отыз екі зеңбірек. Ал екіншісі ше?
- "Ришмон".
- Қару-жарағы жаңағыдай. Ал оның соңындағысы ше?
- "Атеист".
- Мұндай атпен теңізге шығудың өзі күлкі емес пе? Онан арғысы ше?
- "Калипсо".
- Ең соңғысы ше?
- "Аулағыш".
- Əрқайсысында отыз екі зеңбіректен - барлығы бес фрегат.
Сөйтіп, капитан бұрынғы цифрлардың астына "160" санын жазып
қойды.
- Қайткенмен, оларды жақсы таниды екенсің, лоцман, - деп сөз тастады
ол.
- Оларды мен танысам, сіз жақсы білесіз, командир! - деп жауап берді
Гакуаль. - Таныған жақсы-ақ, ал білген одан да артық қой.
Капитан қойын кітапшасына үңіліп, ішінен санап шықты:
- Жүз жиырма сегіз... елу екі... қырық... жүз алпыс... Осы кезде палуба
үстінде ла-Вьевиль көрінді.
- Шевалье! - деп дауыстады оған капитан. - Бізге қарсы үш жүз сексен
зеңбірек екен.
- Несі бар, сайысып көрелік, - деді ла-Вьевиль.
- Сіз жаңа ғана батареяны қарап шықтыңыз ғой, тоқетері, ұрысқа
жарамды зеңбірегіміз қанша?
- Тоғыз.
- Несі бар, сайыссақ - сайысамыз да, - деді дю-Буа- бертло да.
Ол лоцманнан дүрбіні алып, көкжиектің шығыс жағын шола қарады.
Сегіз кеменің алыстан қараңдаған тұлғалары қимылсыз көрінгенмен,
жақындаған сайын зорая берді.
Олар бірте-бірте корветке таяп келе жатты.
- Командир, мəлімдемені қабылдауыңызды өтінемін, - деді капитанға
ізет бере ла-Вьевиль. - Мен əу бастан-ақ бүл "Клейморға" сенбеп едім.
Бейтаныс кемеге өзіңді тосыннан-тосын мінгізе салғаннан жаман нəрсе
жоқ. Опасыз ағылшын кемесі француздарға əбден қас. Мұны қарғыс атқыр
каронада дəлелдеп берді ғой. Мен кемені тегіс қарап шықтым. Зəкірлері
сенімді. Темірінің сапасы жақсы, қаяу жоқ. Зəкірдің шығыршықтары да
берік. Арқаны да мықты, оңай тарқатылады, əрі қажетті межеден қысқа да
емес - жүз жиырма сажын. Зеңбірекшілердің алтауы өлген. Снаряд көп.
Зеңбірек басына жүз жетпіс бірден келеді.
- Иə, бар-жоғы тоғыз зеңбірек болғандықтан да, - деп күбір етті
капитан.
Ол дүрбісін тағы да көкжиекке бағыштады. Эскадра ақырын жақындап
келе жатты.
Каронаданың жай зеңбіректен артықшылығы сол, одан оқ атуға үш-ақ
адам жетеді, мұның есесіне ол алысқа əрі дəлдеп ату жөнінде зеңбіректен
қалыс. Демек, эскадраны каронада оғы жететіндей жерге жақындату керек.
Капитан баяу дауыспен бұйрық беріп жүр. Кеме үсті тыныштық.
Жауынгерлік дабыл қағылмаса да, мұндайда істелуге тиіс нəрсенің бəрі
істеліп жатыр. Корвет ұрысқа жарамсыз: ол адамдармен шайқасқа да,
толқынмен арпалысқа да шыдар емес. Сонда да команда əскери кеменің
осынау тамтығынан бар мүмкіндікті сарқа пайдаланды. Жаралыларды
таңатын бөлме ретке келтірілді. Теңізшілердің сол кездегі салты бойынша,
бортты желкенмен жəне буда-буда арқанмен орап тастады. Мұның өзі оқтан
қорғайтын, бірақ ядро алдында дəрменсіз еді. Қазір тексеріп жатуға кеш
болып қалса да, оқ сұрыптағыш əкелінді. Бірақ мұндай қиян-кескінің
боларын күн ілгері кім біліпті. Əр матрос оқшантай, екі-екіден пистолет
жəне бір-бірден қанжар алды. Кереуеттер жинастырылып, зеңбіректер
нысанаға көзделді, оқ-дəрі бөлмесі мен снарядтар сақтаулы камера
ашылды. Əркім орнына барып тұрды. Осының бəрі жан тəсілімде адамның
бөлмесінде жүргендей-ақ жым-жырт, үн-түнсіз істелді. Жұрт тəуекелге бел
байлай, шапшаң қимылдады.
Корвет зəкірге тұрды. Фрегаттағыдай оның да алты зəкірі болатын.
Алтауы да суға тасталды.
Сау қалған тоғыз каронада жау эскадрасы жағындағы бортқа
қатарластыра қойылды.
Өз тарапынан эскадра кемелері де қажетті маневрдің бəрін осылайша
жым-жырт істеп жатты. Олар енді Ле-Менкьеге туралай, ойыса тізіліпті.
Зəкірлері ұстап тұрған "Клеймор" құзға тықсырулы, яғни тура ажалға
басын тіккен.
Сегіз кеме аш бөріні ортаға алған бір топ сырттандай: бəрі даусын
шығармай, тісін ғана ақситып тұр.
Екі жақ та əлденені күткен тəрізді.
"Клеймордың" канонирлері зеңбіректерінің қасынан орын тапқан.
IX. Біреу-міреу құтылып барады
Жолаушы карт палубадан кете қоймады. Ол айналада болып жатқан
нəрсенің бəріне сүлесоқ қарап тұра берді.
Оның қасына Буабертло келді.
- Генерал, əзірлік бітті, - деді ол - Біз енді көр аузында тұрмыз, бірақ
алған бетімізден қайтпаймыз. Біз эскадра мен құз арасында тұзақтамыз.
Жау қолына берілуден немесе құзға соғылып қираудан бөтен амал қалған
жоқ. Бізде тағы бір жол бар. Ол - өлім. Қор болып толқынға көмілгенше,
ұрыста қаза тапқан артық. Өз басым суға кеткеннен жау қолынан мерт
болуды қалаймын. Ақыры бір өлім болса, оның судан емес, оттан болғаны
абзал да. Бірақ өлу деген сіздің міндет емес, біздің міндет. Сіз - асылзада
мұрагерлердің қалаулы адамысыз, сізге Вандея көтерілісін басқару сияқты
ұлы міндет жүктелген. Сіз жазатайым болсаңыз, монархияның құрып кетуі
ықтимал: сіз тірі қалуға тиіссіз. Біздің борыш - корветте қалу да, сіздің
борыш - мұнан кету. Сөйтіп, генерал, кемені тастағаныңыз жөн. Мен сізге
ескекшісімен қоса бір қайық беремін. Алғаш қарағанда қисынсыз
көрінгенмен, жағаға орағытып баруға қайтсе де болады. Таң əлі ата қойған
жоқ. Толқын болса биік, теңіз үсті қараңғы, сіз көзге түспей өтіп кете
аласыз. Кейде қаша жүріп те жеңіске жетуге болады ғой.
Қарт салқын ғана, байсалдылықпен бас изеп, келісім білдірді.
- Солдаттар мен матростар! - деп айғайлады дю- Буабертло.
Кемедегі матростар жұмыстарын қоя салып, тұс-тұстан капитанға жалт
қарасты. Буабертло сөзін əрі қарай сабақтады:
- Біз əкеле жатқан адам - корольдің өкілі. Ол бізге аманат етілді, біз оны
сақтап қалуымыз керек. Ол француз тағына қажет. Асылзада шахзаданың
жоқтығынан ол Вандея жасақшыларының көсемі болады деп үміттенеміз.
Бүл - атақты жауынгер генерал Ол Францияның жағалауына бізбен бірге
түсуге тиіс еді. Амал нешік, енді бізсіз-ақ баратын болды. Басты сақтау бəрін сақтау деген емес пе?
- Дұрыс! Дұрыс! - деп бірауыздан шу ете қалды бүкіл экипаж.
Капитан сөзін соза түсті:
- Ол да елеулі қауіп-қатерге кездеспек. Жағаға жету оңай емес.
Толқынға төтеп беру үшін үлкен қайық қажет. Бірақ кішкентай қайық қана
крейсерлердің жанынан елеусіз өтіп кете алады. Жағаға барып түсу үшін
жаумен кезігіп қалмайтындай таса жер таңдап алу керек. Қазір жақсы ескек
есіп, жақсы жүзе алатын əрі жағамен таныс, оның кішігірім айлақтарын
түгел білетін тəжірибелі матрос қажет. Əзірге қараңғылық онша сейіле
қойған жоқ, сондықтан қайық корветтен елеусіз ұзай алады. Сонан соң ол
оқ-дəрі түтінін жамылып, көзден біржола ғайып болмақ. Кішкентай қайық
тайыз судан тез өтеді. Біз құтылмасақ та, кішкентай қайық құтылғандай
жол бар. Ол ескек есіп, аулақтайды да, оны жау кемелері аңғармай қалады.
Сол екі арада біз олардың назарын қақпайлауға тырысамыз. Қалай, айтып
тұрғаным дұрыс па?
- Дұрыс! Дұрыс! - деп тағы да қостап əкетті бүкіл экипаж.
- Уақыт оздырмалық, - деді капитан іле-шала. - Жолаушымызды кім
апарып салады?
Қараңғылық ішінен топтан бір адам жырылып шықты.
- Мен апарамын, - деді ол
X. Құтыла алар ма екен?
Əдетте кеме командирлері жүріп-тұру үшін пайдаланылатын гичка деп
аталатын кішкентай қайық бірнеше минуттан соң корветтен қол үзіп, артта
қалды. Оның үстінде екі адам отырды: рульде - жолаушы қарт, ескекте —
ерікті матрос. Əлі қап-қараңғы болатын.
Капитанның нұсқауымен матрос қайықты Ле-Менкьеге қарай қатты
есіп келеді. Басқа жолмен жүруге мүмкіндік жоқ-ты.
Қайыққа азды-көпті тамақ: бір қап кептірген нан, сиырдың бір бөлек
сүр еті, бір күбі су тиеп үлгеріпті.
Қайық кемеден бөліне бергенде ажал аузында да қалжыңын
тастамайтын ла-Вьевиль борттан еңкейіп, кетіп бара жатқандарға қоштаса
сөз тастады:
- Мынау астаумен сып беру оңай екен, бірақ су түбіне кету одан да
оңайырақ болмағай.
- Сударь, күлмей-ақ қойсаңыз етті, - деді лоцман. Кеме мен қайықтың
арасы алшақтай берді. Жел мен бірбеткей толқын ескекшіге септесіп,
құртақандай қайық біресе таң қараңғысында жалт-жұлт етіп, біресе жалжал толқын арасында көміле сүңгіп, алға қарай зымырап бара жатты.
Теңіз үсті тып-тыныш, əлденені үрке күткендей.
Кенет мұхит үстін албастыдай басқан мылқау тыныштықты бұзып-жара
адам даусы саңқылдай естілді. Рупор күшейткен бүл дауыс о дүниеден
шыққандай əдеттен тыс эсер етті:
Сөйлеп тұрған капитан дю-Буабертло болатын:
- Ұлы мəртебелі корольдің теңізшілері! Грот-мачта үстіне ақ жалау
көтеріңдер: біз арай таңды ақырғы рет қарсы алғалы тұрмыз.
Корветтен гүрс еткен зеңбірек даусы естілді.
- Жасасын король! - деп айқай салды команда.
Сол кезде алыстан, тұман ішінен, басқа бір коп дауысты көмескі айқай
толқын шуына ұласа, бірақ сонда да айқын естілді:
- Жасасын республика!
Сөйткенше болмады, қатар атылған үш жүз зеңбіректің даусы теңіз
түңғиығын жаңғыртып жіберді.
Шайқас басталды да кетті. Теңіз үстін түгелдей түтін жауып, зу-зу
атылған оқ оның ара-арасынан найзағайша жарқ-жұрқ етті.
Суға топылдай құлаған зеңбірек ядроларынан толқын қақ жарылып,
жан-жаққа көбік шашып жатыр.
"Клеймор" сегіз кемеге тайынбастан оқ жаудыруда. Оны айқабақтанып
ортаға алған эскадра да барлық зеңбірегінен от түкірді. Аспанға жалын
шапшиды: теңіз түбінен от құсқан жанартау пайда болғандай. Қызғылтқошқыл түтіннің құлаш шудасын жел əрлі-берлі желпиді, оның араарасында кемелер біресе көзден ғайып болып, біресе қайта көрініп,
бейнебір елестей кезіп жүр. Алдыңғы жақта, ұрыстың қайнаған қызыл
шоғы ішінде корветтің қарауытқан сүлдесі көрінеді. Оның гротмачтасының ұшар басынан алтын лилиялы ақ жалау айқын байқалып түр.
Қайықта отырған екі адамда үн жоқ.
Қайықты апаруға тілек білдірген матрос оны Ле-Менкье
жартастарының тасасына қойды, бұл жерде эскадра оғынан қорықпауға
болатын еді. Матрос біресе оң жақ, біресе сол жақтан қауіп төндірген су
асты тастарынан шебер орағыта, тап-тар шығанақ ішінде желе жүзіп
келеді. Енді биік құздар қайықты эскадрадан біржолата тасалады.
Көкжиекте таң шапағы ағарып, өршеленген каронада гүрсілі бұлар
алыстаған сайын бірте-бірте бəсеңдей бастады. Бірақ зеңбірек даусы тына
қоймады: мұнан корвет əлі төтеп беріп жатыр деп жəне ол снарядтарын
ақырына дейін атуға бел байлаған деп қорытынды жасауға болатын.
Қайық көп ұзамай ашық теңізге шықты. Енді ол қауіпсіз: құздан əрі,
атыстан тыс, шайқастан аулақ еді.
Теңіз үсті жайлап ағара бастады; көкжиек пен бұлт арасындағы аспанда
жарық белдеу ұлғайып, толқын жалы ағараңдай, мөлдір көбік жалт-жұлт
етті. Таң атты.
Қайық дұшпан кемелерінен құтылды, бірақ ең қиыны əлі алда болатын.
Ол бұдан былай картечь қаупінен құтылса да, оның су түбіне кету қаупіне
ұшырады. Палубасыз, мачтасыз, желкенсіз, компассыз құйттай астау
ескекке ғана сүйеніп, дүлей күшпен арпалысуға тиіс болды.
Кенет елсіз жапан дүниенің қақ ортасында қайық тұмсығында отырған
адам таңертеңгі сəуле түскен боп-боз қуқыл жүзін бұрып, құйрық жақта
отырған адамның көзіне тесіле қарап:
- Мен сіздің бұйрығыңыз бойынша атылған канонирдің інісімін, - деді.
Үшінші кітап
ГАЛЬМАЛО
I. Сөздің құдіреті
Қарт жайлап басын көтерді.
Əлгіні айтқан адам отыздар шамасында екен. Теңіз үстінде желқақты
болып, беті қарайып кеткен. Көзқарасы біртүрлі: матростың өткір
жанарынан шаруаның ақкөңіл аңғалдығы көрініп-ақ түр. Ескекті əлуетті
қолымен мықтай ұстаған. Белбеуіне екі пистолет қыстырып, қанжар мен
таспиық байлап алған. Бірақ кескін-келбеті ақ пейілділік танытқандай.
- Сіз кімсіз? - деп сұрады қарт.
- Оны сізге жаңа ғана айтқам.
Матрос ескегін қоя салды да, қолын омырауына айқастырып:
- Мен сізді өлтірмекпін, - деп жауап берді.
- Қалауыңыз білсін, - деді қарт.
Матрос даусын көтере сөйледі:
- Дайындалыңыз.
- Неменеге?
- Өлімге.
- Не үшін?
Үнсіздік орнай қалды. Матрос бұл сұраққа сасып қалғандай. Оған
қайтадан тіл бітті:
- Сізді өлтіремін дедім ғой.
- Ал мен не үшін деп сұрап тұрмын.
Матростың көзі ұшқын атты:
- Ағамды өлтіргеніңіз үшін!
Қарт сабырмен қарсылық білдірді:
- Мен əуелі оны ажалдан құтқардым.
- Иə, ол рас. Сіз əуелі оны құтқардыңыз, бірақ кейін өлтірдіңіз.
- Оны өлтірген мен емес.
- Енді кім?
- Өзінің кінəсі.
Матрос қартқа абыржи қарады. Сонан соң қабағы қайтадан тас түйіліп,
түнеріп кетті.
- Атыңыз кім? - деп сұрады қарт.
- Атым - Гальмало, бірақ сізге менің атымды біліп жатудың түкке керегі
жоқ: мен кім екенімді айтпай-ақ өлтіре аламын.
Осы сəтте күн де көтерілді. Оның жалқын сəулесі матросқа түсіп,
ызалы жүзін танытты. Қарт оған барлай қарады.
Каронада əлі естіліп түр, бірақ ол ақырғы күші сарқылғандай, ауықауық, үздік-создық естіледі. Көкжиекті қою қошқыл түтін жапқан. Ескекші
еркіне жіберген қайық желмен ығып барады.
Матрос белбеуінен оң қолымен пистолетін суырып алып, сол қолына
таспиық ұстады.
Қарт бойын жазып, орнынан түрегелді.
- Сен құдайға сенесің бе? - деп сұрады ол
- Сенемін. "Құдай тағала, көкте барың хақ", - деп жауап қатты да,
матрос шоқынып алды.
- Шешең бар ма?
- Бар.
Матрос тағы да шоқынып:
- Бас-аяғы осы. Өлімге дайындалуыңызға бір минут уақыт беремін,
монсеньор, - деп қоса айтты. Сөйтті де, пистолетінің шүріппесін қайырды.
- Сен мені неге монсеньор дейсің?
- Себебі сіз сеньорсыз: оныңыз көрініп-ақ тұр.
- Сенің сеньорың бар ма?
- Бар. Əрі сеньор болғанда қандай. Сеньорсыз тұруға бола ма екен?
- Ол қайда?
- Білмеймін. Ол біздің жақтан қашып кеткен. Оны жұрт маркиз деЛантенак, виконт де-Фонтене дейтін. Бретаньда ол мұрагер шахзада, Жеті
Орман деген қоныс соған тиісті. Мен оны ешқашан көрген емен, бірақ ол бəрібір менің мырзам.
- Ал сен оны көрсең, айтқан тілін алар ма едің?
- Алғанда қандай! Мырзамның тілін алмасам, пұтқа табынушы болар
едім. Біз құдай мен корольге бағынуға тиіспіз, өйткені король дегеніңіз жер
бетіндегі құдай емес пе? Сонан соң біз сеньорға бағынуға тиіспіз, біз үшін
ол да бір, король де бір. Бірақ біздің əңгіме бұл қақында емес қой. Сіз
ағамды өлтірдіңіз, сондықтан мен сізді өлтіруге тиіспін.
- Ағаңды өлтіріп, мен дұрыс істедім, - деді қарт.
Матрос уысындағы пистолетін қыса түсті.
- Бəрібір мен сізді өлтіремін.
- Солай-ақ болсын, - деп жауап қатты қарт, сонан соң:
- Ал, əулие əкей қайда? - деп сұрады саспастан.
Матрос оған таңырқай қарады:
- Əулие əкей дейді?
- Иə, əулие əкей деймін. Өйткені мен сенің ағаңа жаназашы бердім ғой.
Маған да жаназашы керек.
- Теңіз үстінде сізге оны қайдан табамын?
Зеңбіректердің қалшылдаған даусы барған сайын алыстап,талықсып
барады.
- Анау жақта өлімге бас тіккендердің жаназашысы бар,- деді қарт.
- Иə, рас, - деп күбірледі матрос, - онда кеме жаназашысы бар.
- Сен менің жанымды қорлайсың, ал мұның өзі ауыр күнə,- деді қарт.
Матростың басы салбырап кетті: ол ойға батты.
Менің жанымды қорлай отырып, сен өз жаныңды да қорлайсың, - деді
мұнан соң қарт. -Сөзіме құлақ ас, саған жаным ашып отыр. Білгеніңді істей
бер. Мен сенің ағаңды құтқарып, сонан соң оның өмірін қиған кезде, өз
борышымды ғана өтедім. Сенің жаныңды құтқармақ болып мен қазір де оз
борышымды өтеп отырмын. Ойлан! Мұның саған тікелей қатысы бар. Сен
анау атысты естимісің? Ондағылар қаза тауып, сұмдық азаппен өліп жатыр.
Сонда кімнің кінəсінен дейсің ғой? Сенің ағаңның кінəсінен. Құрып бара
жатқан анау кемеде біз баршамыз не тілеп едік? Білесің бе оны? Біз тəңір
ісіне көмектеспек едік. Егер ағаң тəңір ісінің адал қызметшісі болса, егер ол
оз борышын адал да саналы түрде орындаса, каронада кесірге ұшырамас
еді, корвет зақымданбас еді, жолдан адаспас еді, мынау қарғыс атқан
флотқа кезікпес еді - сөйтіп, осы сəтте біз жалғыз адамымыздан да
айрылмастан Францияның жағалауына түсіп жатар едік. Тайынбас
жүрекпен қолға қанжар ұстап, ақ туды желбірете біз Вандеяның адал
шаруаларына Францияны құтқаруға, корольді құтқаруға, сөйтіп, əділ іске
қызмет етулеріне көмектесер едік. Біз осы үшін келе жатқанбыз. Біз осылай
істер едік. Міне, енді мен - жападан-жалғыз аман қалған адам осы үшін
келе жатыр едім. Ал сен жолыма кесе-көлденең тұрмақсың. Сенің ағаң
ібілістің бірінші жəрдемшісі болған еді, сен екінші жəрдемшісі болмақсың.
Ол бастап, сен аяқтамақсың. Сен патша өлтірушілермен бірге таққа
қарсысың, құдайсыздармен бірге шіркеуге қарсысың. Сен құдай-тағаланы
жеңіске жетуге ақырғы мүмкіндіктен айырмақсың. Несі бар, қыларыңды
қылып қал Мен саған үміттенген едім, қателесіппін... Ə, рас, ағаңды
өлтіргенім рас. Ағаң ержүрек еді. Бүл үшін мен оны наградтадым. Ол
қылмысты салақтыққа кінəлі болып шықты. Бүл үшін мен оны жазаладым.
Ол борышынан тайды, мен борышымды өтедім. Мұндай жағдай
қайталанса, тағы да осылай істер едім. Бізге көктен қарап тұрған əулие
Анна Орейскаяның атымен ант етемін: сенің ағаңның орнында менің өз
ұлым болса, мен оны да атып тастауға бұйырар едім. Енді ерік қолыңда.
Сонда да саған жаным ашып отыр. Сен командиріңді алдадың. Сен
християнин болсаң да, дінсізсің. Бретаньдық болсаң да, намыссызсың.
Адалдығыңа сеніп мені саған тапсырған еді, сен болсаң опасыздықтан
бастағалы отырсың. Сен мені өлтіріп, менің өмірімді сақтауға уəде берген
адамдарыңа сатқындық істейсің. Ал енді істеп бақ қылмысыңды! Кідірме,
көмектес ібіліске!.. Істе ойлағаныңды. Мен кəрімін – сен жасың; мен
қарусызбын — сен қарулысың. Өлтір мені!
Қарт түрегелген күйі сөйлеп түр. Даусы теңіз шуын баса, өктем
естіледі. Кішкентай қайық толқын үстінде ойнақшып, қарттың жүзі біресе
көлеңкеге еніп, біресе жарықта и ағараңдай көрінеді. Матрос тірі өліктей
сұп-сұр. Маңдайынан шып-шып тер шығып кеткен. Жел соққан
жапырақтай қалтырап, ернін əлсін-əлі таспиығына тигізіп қояды. Қарт
сөзін доғарысымен, ол тапаншасын лақтырып тастап, жүрелей жығылды.
- Кешіріңіз, монсеньор!* - деп жалына үн қатты ол. - Сіздің аузыңызға
құдайдың өзі сөз салып тұр ғой. Кінə менде. Ағам да кінəлі-тұғын. Оның
кінəсін өтеу үшін қолымнан келгеннің бəрін істейін. Мен сіздің
өміріңіздемін. Бұйыра беріңіз! Айтқаныңызды екі етпеспін.
- Кешірдім, - деді қарт.
II. Шаруаның ақыл-ойы қолбасшының біліміне пара-пар
Қайықтағы азық-түлік кəдеге асты. Төтелей емес, орағыта жүруге
мəжбүр болған екі қашқынның жағаға жетуіне отыз алты сағат ат қажет
болды. Олар ұзақ түнді ашық теңізде өткізді. Түн тымық əрі жылы болды;
тек жұрт көзінен жасырынуға мəжбүр жандарға ай ғана тым жарық көрінді.
Олар оқ астында қалған корветтің аңшылардың қуғынына түсіп,
зорыққан жолбарыстың ыңыранған даусындай хош айтыса, ақырғы рет
сатыр-сұтыр еткен атыс үнін естіді. Сонан соң теңіз үстін тыныштық
басты.
"Клеймор" кемесі опат болды, бірақ ол даңққа бөлене алмады: отанға
қарсы шайқаса жүріп батыр болу мүмкін емес.
Гальмало асқан шебер теңізші екен. Ол толқын үстінде,. су асты
жартастарының ара-арасымен, аңдыған дұшпанның көзіне шалынбай
жүзіп, ғажап өнер корсетті. Енді жел саябырлап, толқын бəсеңдеді де,
теңіздегі қауіп-қатер артып қалды.
Келесі күні кешқұрым, күннің батуына бірер сага; қалғанда қайық СенМишель тауын артқа салып, елсіз құмдауыт жағаға, кеме де, адам да
жоламайтын жерге барып тоқтады. Мұнда тоқтау қауіпсіз емес-ті, өйткені
құмға қайраңдап қалуға əбден болатын.
Бұлардың бақытына қарай су тасып келе жатқан кез еді
Гальмало қайықты жағаға жақындата есті, сонсоң аяғымен құмды
байқап, тығыз екенін көрді де, жерге секіріп түсті.
Қарт та ілесе түсіп, көкжиекті барлап қарай бастады.
Сонан кейін ол қайыққа еңкейіп, қапшықтан бір үзім нан алып,
қалтасына салып жатып:
- Қалғанын сен ал, - деді Гальмалоға.
Гальмало ішінде кепкен нан бар қапшыққа қалған сиыр етін салып,
қапшықты иығына ытқытты.
- Не бұйырасыз, монсеньор, сізге жол көрсетейін бе, əлде соңыңыздан
ерейін бе? - деп сұрады ол
- Бірін де істемей-ақ қой, - деп жауап қайырды қарт. Гальмало оған
таңырқай қарады. Қарт сөзін сабақтай түсті:
- Екеуміз екі жаққа кетеміз. Сен маған бəрібір қорған бола алмайсың.
Мың кісі болсақ, бір сəрі. Ал мұндайда жалғыз жүрген артық.
Ол үндемей қалды, сонсоң қалтасынан кокардадан айнымайтын,
ортасына алтын лилия өрнектелген жасыл жібек бант алып:
- Білесің бе? - деп сұрады.
- Жоқ.
- Мұның жақсы екен: сауатты адамнан көбінесе қымсынып. Ал бір
айтқанды ұмытпайсың ба?
- Ұмытпаймын.
- Тамаша болды... Енді тыңдап ал, Гальмало. Қазір сен оңға, мен солға
кетемін. Сен Фужерге, мен Базужға беттеймін. Қаншықты тастаушы болма.
Онымен жүрсең, шаруаға ұқсайсың. Қаруыңды тығып таста. Бір шетеннен
өзіңе таяқ ал. Ыңғайына қарай еңбектеп өт: қазір қара бидай өсіп қалыпты.
Жол мен көпірге маңайлама. Жағалай өскен қалауды сағалай жүр, өткенкеткен адамдарға жақындама. Шарбақтардан секіріп өтіп, даламен тіке
тарт.
- Ал сіз ше, монсеньор? Көп ұзамай түн болады. Қайда түнемексіз?
- Маған алаң болмай-ақ қой. Өзің қайда түнейсің?
- Орманда қуыс ағаш қашан да табылады.
- Басыңдағы теңізші қалпағын таста, кім екеніңді білдіріп қояр. Бір
жерден шаруаның қалпағын тауып аларсың.
- Тəйірі, оны қайдан да табармын-ау! Алғаш жолыққан балықшы-ақ
қалпағын сатары кəміл.
- Тамаша болды. Енді əрі қарай тыңда. Сен мұндағы орман-тоғайды
жақсы білесің бе?
- Жатқа білемін.
- Аттарын да білесің бе?
- Мен мұндағы орман-тоғайды да, деревняларды да, олардың аттарын да
түгел білемін.
- Ештеңені ұмытпайсың ба?
- Ұмытпаймын.
- Жақсы. Ендеше, мұқият тыңдап ал Сен бір күнде қанша льеге жүре
аласың?
- Он, он бес, он сегіз лье жүре аламын. Қажет болса жиырма льеге
барамын.
- Иə, қажет болатын түрі бар. Қазір саған айтар əңгімемді тіс жарып,
сыртқа жаюшы болма. Сен Сент-Обен орманына барасың.
- Ламбаль түбіндегі ме?
- Иə, онда бір ордың шетінен үлкен ағашты көресің. Сол каштанның
түбіне барып түр. Əуелі сен ештеңені байқамайсың.
- Бірақ бұл ол жерде жан иесі жоқ деген сөз емес қой, шамасы.
Түсінікті.
- Сен белгі бер. Қандай белгі екенін білесің бе?
Гальмало ұртын томпайтып, теңізге қарай бұрылды да, байғызша қиққиқ етті. Кəдімгі байғыздың даусына өте ұқсас шықты. Мұны түн
қараңғылығында қиқылдап тұрған байғыз деп кім де болса ойлар еді; бұл
қиқылда үрей алардай бірдеңе бар-ды.
- Жақсы, - деді қарт. Ол Гальмалога өзінің жасыл жібек бантын ұсынды:
- Мынау менің кокардам. Мə, ал Əзірге менің аты-жөнімді ешкімнің
білмегені дұрыс. Бірақ мынау кокарданың өзі де жеткілікті болмақ. Ондағы
лилияны мəртебелі королева Тампль абақтысында отырған кезінде
өрнектеген.
Гальмало бір тізерлей отыра қалды. Ол қарттың қолынан қасиетті
кокарданы дірілдей алып, ерніне тақады да, кенет өзінің батылдығынан
шошып кеткендей, басын жалт көтеріп:
- Сүюге рұқсат па? - деп жүрексіне сұрады.
- Иə, кресті де сүйесің ғой.
Гальмало ернін алтын лилияға тигізді.
- Тұр, - деді қарт.
Гальмало орнынан тұрып, кокарданы қойнына тықты. Қарт сөзін əрі
жалғастырды:
- Жақсылап тыңдап ал Біздің пароль: "Қару алыңдар! Ешкімді аяушы
болмаңдар!" Сөйтіп, Сент-Обен орманында ордың жанынан белгі бересің.
Үш рет белгі бер. Үшінші белгің бойынша жер астынан біреу шығады.
- Яғни ағаш түбіндегі жер астында жатқан жолдан дейсіз ғой Түсініп
тұрмын.
- Бұл адам - Планшено немесе, жұрттың айтуынша, Король Жүрегі. Сен
оған кокарданы көрсетесің. Ол бірден түсінеді. Сонан соң сен қалаған
жолыңмен Астилье орманына өтесің. Онда Мускетон деген маймақты
көресің. Ол – өжет кісі. Оған мен оның досы екенімді айт жəне өз
қарауындағы діни қауымды тегістей қаруға шақырсын де. Мұнан кейін
Куэсбон орманына барасың. Онда тағы да белгі бересің, саған жер
астындағы жолдан тағы да біреу шығады. Ол Тюо деген кісі болмақ. Оған
эмигрант, маркиз де-Герге тиісті Куэсбон қамалын күшейтсін де. Ол жер
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - 93 жыл - 04
  • Büleklär
  • 93 жыл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4084
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2212
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4130
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4161
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4035
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3816
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2202
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4081
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3991
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2130
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2071
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4111
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4020
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2081
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4058
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2095
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2115
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2093
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 93 жыл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3439
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1990
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.