Latin Common Turkic

20 000 лье су астында - 12

Süzlärneñ gomumi sanı 4004
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1996
36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
мұрындары добалдай кəдуілгі папуастар еді; қызыл түске боялған бұйра
шаштары жылтыр қара денелері ерекше көзге түседі. Құлақтарына
сүйектен шолпы тағып алған.
Еркектерінің көбі тырдай жалаңаш. Араларында бірнеше əйел де бар,
олар тізесіне дейін түсетін, шөптен тоқылған юпкелерін лиан өсімдігінен
өрілген белбеумен белінен буынып алған. Тағылардың кейбіреулерінің, тегі
бұлар басшылары болу керек, мойындарында ақ, қызыл түсті
моншақтардан алқалары бар.
Тағылардың бəрі садақ, оқ, қалқандармен қаруланған. Көбі керегекөз
дорбаларға домалақ тас толтырып арқалап алған, булар сақпанның оқтары
еді.
Бұлардың басшыларының бірі басқаларынан гөрі жақындау келіп
«Наутилусқа» қадала қарап тұрды. Тегі, мұның өзі үлкендерінің бірі болуы
керек, өйткені тұла - бойы банан жапырақтарымен безенулі екен.
Жап - жақын тұрған осы тағыны атып тастау маған түкке тұрмас еді;
бірақ мен істің артын күттім.
Су қайтып болғанша тағылар «Наутилусты» төңіректеді де жүрді. Бірақ
ешқандай дұшпандық əрекет істемеді.
Мен бұлардың əлсін - əлі «асса» деп қайта - қайта айтып тұрғандарын да
естідім, жағаға шық деп мені шақырып тұрған белгілеріне де түсіндім.
Алайда, олардың шақыруын қабыл алуды мақұл көрмедім.
Бұл күні қайық əрине, «Наутилустың» жанынан қыя шыққан жоқ еді;
мұның өзі азық -түлік қорын молайтқысы келіп жүрген Нед Лендті өте
қатты қынжылтты.
Қолынан келмейтіні жоқ, шебер канадалық уақытты босқа өткізбеу үшін
аралдан алып келген ет пен «ұннан» консерв жасауға кірісті.
Таңертеңгі сағат он бірде су тасып, құздарды толқын жуа бастаған кезде,
тағылар дереу жағаға қайтты.
Əйтсе де, жағалауға тағылар үсті - үстіне үймелей берді; «Наутилустың»
келгендігі туралы хабар, тегі, жақын маңдағы аралдардың бəріне де жетіп,
Гвебороар аралына түземдіктер тұс - тұстан келіп жатса керек. Əйткенмен,
бірде - бір қайық көрінбеді.
Айдың толатын уақыты жақын болғанмен, уақыт тымақ баяу өтіп жатты,
сондықтан мен суға ау салып серпілейін дедім. Мөлдір судан
раковиналарды да, зоофиттерді де, су астының өсімдіктерін де ап - айқын
көріп тұрмын. Айтқандайын бұл аранын жануарлары мен өсімдіктерін
зерттеу жұмысын кейінге қалдыруға болмайды, өйткені егеp де капитан
Немо есебінен жаңылып айтпаса, біз Гвинеяның жағалауынан ертең жоқ
арғы күні жүреміз.
Консель маған бір жеңіл ay əкеліп берді, мұның өзі устрицтерді
аулайтын ауға ұқсас еді.
— Тағылар өздерін қалай ұстап жүр,— деп сұрады Консель.— Қожайын
рұқсат етсе, маған олар сонша пəле қуған, қаскүнем адамдар сияқты болып
көрінеген жоқ дер едім.
— Солай бола тұрса да, олар адамжегіштер, достым.
— Адамды жейтін адам, қалайда жауыз болуы керек пе екен?—деп
қарсы пікір айтты Консель.— Жөні түзу адам бола отырып - ақ тамақсау
болуға болады ғой. Мұның бірі екіншісіне кедергі бола алмайды.
— Жарайды, Консель, сен жеңдің,— бұл адамдар — адамжегіштер, олар
қолдарына түскен тұтқындарды барлық сыпайылық ережелерді сақтай
отырып - ақ жейді. Алайда, мен сол адал адамдарға жем болғым келмейді,
сондықтан сақ болғым келеді. Өйткені «Наутилустың» капитаны ешқандай
сақтық шараларын қолданбай отыр.
Ал енді іске кіріселік!
Екі сағат бойына, біз құлшына ау ауладық, бірақ айтарлықтай ештеңе
түсіре алмадық: ауымызға «Мидас құлақтары» деп аталатын ракушкалар
толып қала берді, бұрын - соңды мен кездестіріп жүрген жəндіктердің
ішіндегі ең əдемісі арфтар мен молотоктар ғой дейім. Біз бірнеше
голатурий, інжу раковиналарын лоне бір топ кішкене тасбақа ұстадық,
соңғыларды, əрине, кухняға бердік. Міне, ешнəрсе ойламаған, күтпеген
минутта, мен бір кереметті көрдім. Шынына келгенде, мұны өте сирек
кездесетін, бір азғын деу керек болар еді. Консель жаңа ғана салған ауын
ракушкаларға толтыра тағы да алып шыққан - ды, осы арада, мен ауды бас
салып ішінен бір раковинаны ала - сала конхиологтың даусына салып
айғайлап жібердім, айғайлағанда тіпті бұрын - соңды адам өңешінен
шықпаған дауыспен қатты айқайладым, Консель, маған қарап аң - таң.
— Қожайынға не болды? — деді таңданып Консель.— Қожайынды біреу
- міреу тістеп алған жоқ па?
— Жоқ, достым, бірақ мен мұндай олжа үшін бір саусағымды жұлып
əкетсе де өкінбес едім.
— Қандай олжаға?
— Мына раковина үшін!—дедім мен масаттана.
— Бірақ бұл кəдуілгі шымқай қызыл олива ғой, олива болғанда да
кəдімгі олива тұқымдас, ескек желбезектілер отрядына, қарынаяқтылар
класына жататын моллюскалардың бір түрі ғой...
Дұп - дұрыс, Консель, бірақ бұл раковина оңнан солға қарай бұралудың
орнына, солдан оңға қарай бұралып біткен.
Қойыңызшы! — деп қалды Консель.
- Шын достым. Бұл солақай - раковина!
— Солақай - раковина! — деді Консель де даусы сəл дірілдеп.
— Бұрамына қарашы.
— Қожайынның маған сенуіне болады,— деді Консель раковинаны
қолына ептеп қана алып жатып,— мұндай таңданбаспын.
Мұндай қасиеттік бары рас - ты. Жұрттың бəріне де белгілі, табиғатта
қозғалыс көбінесе оңнан солға қарай жүреді. Жұлдыздар, олардың
үзеңгілестері де оңнан солға қарай айналады. Адамның да сол қолынан оң
қолы икемдірек, сондықтан адамның жасаған аспап - саймандары да,
аппараттары да, құлыптары да оңнан солға қарай пайдалануға бейімделген.
Егер мұны заң деп санауға болатын болса, табиғат осы заңды
моллюскалардың бұрамына да қолданған; олардың бəрі де оңнан солға
қарай бұралып біткен, сондықтан бір солақай - раковина кездейсоқ қолына
түсе қалса, əуесқойлар құнына не сұраса да бере салады.
Консель екеуміз осы асыл қазынамызды аударып - төңкерiп қараумен
болдық. Мұны Париждегі табиғат тарихы музейіне тарту етуге де ойым
кетті, сөйтіп тұрғанымызда, кенеттен тағы адам лақтырған тас дəл тиіп,
Консельдің қолындағы асыл бұйымның быт -шытын шығарды.
Мен баж ете қалдым. Консель жалма - жан менің мылтығымды алып
жіберіп, он метрдей жерде сақпанмен бізге тас лақтырып тұрған тағыны
нысанаға алды. Мен Консельді ұстайын деп едім, бірақ кеш қалдым. Ол
атып жіберді де, мылтықтың оғы тағының білегіндегі білезігін сындырып
кетті.
Консель! — деп зекірдім мен.— Консель дейім!
Немене? Адамжегіштің бізге алдымен тиіскенін қожайын көріп тұрған
жоқ па?
Ешқандай раковина адам өміріне тұрмайды, Консель!
Əй, оңбаған - ай!... Одан да менің иығымды сындырғаның жақсы еді
ғой!—деп қалды Консель.
Консель мұны шынымен - ақ айтып еді, бірақ бұл да істеген ісінің дұрыс
екендігіне менің көзімді жеткізе алмады.
Осы екі ортада біз солақай - раковинаны қарап тұрған кезде, жағдай
өзгеріп те қалып еді. Түземдіктердің жиырма шақты қайығы «Наутилусты»
қоршап алыпты. Бұл тез жүруге бейімдеп, ағаштан ойып жасаған, ені тар,
ұп - ұзын қайық еді, екі жағына бекітілген бамбук ескектері теңбе - теңдік
сақтап тұрады.
Папуастардың евролалықтармен бұрын кездескендіктері, бұрын да
олардың кемелерін көргендіктері айқын еді. Бірақ олар судан сəл ғана
шығып, қыйқыйып көрінген, мачтасы не мұржасы жоқ темір сигарды не
деп білсін? Тегі, тегін нəрсе екен деп ойламаса керек, өйткені олар ұзақ
уақыт бойы алыстан сыйласып, тым қашықтау маңда тұрды. Алайда, біздің
ешқандай қарсы шабуыл жасау ойымызда жоқ екендігіне көздері жетіп,
«Наутилустың» түріне əбден көздері үйреніп алғаннан кейін, енді
жақындап келіп танысуға бел байлағандықтары аңғарылды. Бірақ олардың
мұнысына жол бермеу керек еді.
Құдіретті зеңбірек гүрсілінен ғана қаймығатын тағыларға біздің
дыбыссыз атылатын мылтықтарымыз ешқандай əсер ете алмады. Мұның
өзі күркірегені емес, нажағайдын өзі қауіпті екенін біле тұра жұрттың тек
күн күркіреген кезде ғана қорқып, күркіремеген уақытта найзағайдан
қорықпайтыны сияқты еді.
Осы минутта бірнеше қайық «Наутилустың» төңірегіне жақындап келіп
қалып еді, садақ оғы да кеменің үстінде борап кетті.
— Оңбағырлар! — деп қалды Консель.— Бұршақтай жаудырып барады
ғой! Бұл, тіпті, əлі, уланған оқ болуы да ықтимал...
— Капитан Немоға ескертіп қою керек,— дедім де мен кеменің аузына
қарай жүрдім.
Салонға кірсем, ешкім жоқ екен.
Сосын капитан Немоның бөлмесінің есігін қақтым.
— Кіріңіз,— деп жауап қатты есіктің арғы жағынан.
Кірсем, капитан Немо өте қиын бір есеп шығару жұмысымен
шұғылданып отыр екен; алдында үйіліп жатқан қағаз беттерінің математика
белгілерінен сау жері жоқ.
— Мен сіздің ойыңызды бөліп жібердім бе,— деп сұрадым сыпайылық
сақтап.
— Я. профессор мырза,— деп жауап қайырды капитан,— бірақ менің,
ойымша, сіз тегін келмесеңіз керек?
— Дұрыс айтасыз. Бізді түземдіктердің қайықтары қоршап алды,
бірнеше минуттан кейін жүздеген тағылардық бізге шабуыл жасайтын түрі
бар.
— Еһе,— деді капитан ешбір саспастан.— Олар қайықтарымен келіп пе?
— Я, капитан.
— Олай болса, кірер ауызды жаба қойса болды.
— Мен де дəл осындай кеңес бергелі тұр едім.
— Бұл оңайы осы мұның,— деп жауап қайырды капитан Немо.
Сөй деп, электр қоңырауының кнопкасын басып қалды да, команда
каютасына тиісті бұйрығын берді.
— Ендігі іс тамам,— деді капитан бір минуттай үндемей отырғаннан
кейін.— Қайық өз орнына апарылып қойылды, кірер ауыз жабылды.
«Авраам Линкольннің» атқан оқтарының əлі келмеген «Наутилусты»
тағылар қиратып кетеді деп қорқа қоймассыз?
— Жоқ, одан қорықпаймын. Бірақ енді бір қауіп бар, капитан.
— Қандай қауіп, профессор?
— Ертең осы уақытта, ауаны тазартып алу үшін кірер аузыды ашуға тура
келеді ғой.
— Дұп - дұрыс, профессор, кит қалай дем алса, менің кемем де солай
дем алады.
— Бірақ сол кезде папуастар кеменің үстінде жүрсе, оларды кеменің
ішіне қалай кіргізбей тұра алатыныңызды мен білмеймін.
— Демек, олардың, «Наутилустың» үстіне шығатынына сіздің кезіңіз
əбден жеткен ғой, профессор?
— Əбден.
— Қайтер дейсіз, мейлі... Олардың, мұнысына бөгет жасауды қажет деп
білмеймін. Бұлар бір бишара, қараңғы тағылар ғой. «Наутилустың» —
Гвебороар» аралына келуі бұл сорлылардың бірде - бірінің қазаға
ұшырауына себеп болмауын ғана көздеймін мен.
Мен кетейін деп едім, бірақ капитан Немо жібермей, қасына отырғызып
қойды. Ол біздің аралдағы серуеніміз туралы, аңды қалай аулағанымыз
туралы сұрады, осымен қатар, ол канадалықтың, етті сонша неге
аңсайтынына, бейне түсіне алмай отырған адам сияқты болды.
Бұдан кейінгі əңгіме басқа тақырыпқа көшті. Капитан Немо іш
тартпағанымен, үлкен сый - сыпайыгершілік көрсетіп отырды.
Дюмон - Дюрвильдің кемелері апатқа ұшырай жаздаған бұғазға келіп
«Наутилустың» қайырлап қалуы туралы да əңгіме болды.
Бұл туралы капитан Немо былай деді:
— Дюрвиль Францияның ең ұлы теңізшілерінің, ең білімді
адамдарының бірі еді. Ол француз капитаны — Кук еді ғой. Есіл ғалым!
Оңтүстік полюстің мұздарымен, мұхиттардың маржан құздарымен, Тынық
мұхит аралдарының адамжегіштерімен арпалысып келіп, ақыр аяғында,
қала маңында жүретін бір поезд апатқа ұшырағанда қаза тапты! Аңғарасыз
ба, егер де өмірінің ең соңғы сəтінде ойлануға мүмкіндік алса осы ержүрек
адамның көз алдынан өзі бастан кешкен оқиғалары қалай елестер еді
десеңізші!
Капитан Немо мұны шын жүректен тебірене айтқандай болды. Бұл
тебірену оның абыройын арттырып, жарасып та тұр еді.
Француздың ұлы теңізшісінің оңтүстік полюсті ашуға екі рет əрекет
жасаған жерін, бұл əрекеттері сəтсіз болғанмен кейіннен Адели мен Луй фоллин жерін ашуға себепші болған жер шарын айналып шығудағы барлық
саяхаттарын, барлық жүзіп өткен жолдарын біз картадан қарап көріп
отырдық.
Ақыр аяғында, Тынық мұхиттың ең маңызды аралдарының маңында
жүргізген гидрографиялық зерттеулерін, жазған шығармаларын еске
түсірдік.
— Дюрвильдің мұхит бетінде істегенінің бəрін мен мұхит түбінде істеп
жүрмін; менің зерттеулерім толық, əрі дəлірек, зерттеу жұмысына
жұмсалған еңбегім де анағұрлым аз. Дюмон - Дюрвильдің ұдайы күшті
боран дауылдың астында болған «Астролябия» мен «Усердный» кемелерін
əрине, су астындағы кəдуілгі үй сияқты, «Наутилуспен» салыстыруға
болмайды, мұның кабинеттерінде жұмыс істеуге кедергі болар не бар, түк
те жоқ.
Алайда, капитан, бір реттен қарағанда, «Наутилустың» тағдыры
«Астролябия» мен «Усердный» кемелерінің тағдырына ұқсайды,— дедім
мен.
− Қандай реттен, профессор мырза?
Сол кемелер қайраңдап қалатын жерге «Наутилус қайраңдап қалып отыр
ғой.
— «Наутилус» қайраңдап қалып отырған жоқ,— деді капитан Немо
салқын шыраймен — «Наутилус» теңіз түбінде тынығып қана жатыр,
кемелерін қайраңнан шығарып, суға түсіремін деп көрген Дюмон Дюрвильдің зор азаптарын мен көрмеймін. «Астролябия» мен «Усердный»
апатқа ұшырай жазады ғой, ал, менің кемем «Наутилусқа» келетін
ешқандай қауіп жоқ. Ертең мен айтқан сағатта су тасқыны келеді де,
«Наутилусты» көтереді, сөйтіп, ол тағы да жүзе бастайтын болады.
— Капитан,— дей бастадым мен,— менің онда ешбір күмəнім жоқ...
— Ертең,— деді капитан Немо, менің сөзімді бөліп, отырған
орындығынан тұра беріп,— ертең күндізгі сағат екіден қырық минут
кеткенде, «Наутилус» қайраңнан көтеріледі де, Торрес бұғазынан аман,
есен шығады!
Капитан Немо осы сөздерді айтты да, сəл басын иіп, тəжім етті. Бұл
əңгіме осымен аяқталды дегені еді. Енді маған кетуден басқа қалған жоқ
еді. Сондықтан мен шығып жүре бердім.
Бөлмеме келсем, Консель отыр екен, оның білгісі келіп отырғаны менің
капитанмен сөйлеуімнің нəтижесі еді.
— Достым,— дедім мен оған,— «Наутилусқа» түземдіктер тарапынан
қауіп төнді дегенімде, капитан мені күлкі қылды. Ал капитан Немоға
сенуге болады. Енді тыныш жатып, ұйқыны соға бер.
— Қазір, қожайынға мен керек емеспін бе?
— Жоқ, рақмет, достым. Нед Ленд не істеп жатыр?
— Қожайынның рұқсатымен айтқанда, Нед Ленд қазір кенгурудың
етінен паштет жасап жатыр, саусақ сорғызатын тамақ!
Бөлмеде жалғыз қалғаннан кейін мен төсегіме барып жаттым, бірақ
ұйқым бұзыла берді.
«Наутилустың» үстінде топырлап жүрген тағылардың аяқтарының
дүбірлері мен у - шу дауыстары естіліп тұрды.
Түн тыныш өтті. «Наутилустың» командасы əдеттегісінше жым - жырт
еді, көрінбеді де. «Наутилустегілер» кеменің үстін қаптап жүрген
тағыларды құмырсқа құрлы көрмеді.
Мен сағат алтыда тұрдым. Кемені үстіне шығатын ауыз əлі ашылған жоқ
екен. Олай болса, кешеден бері ауа да жаңғыртылған жоқ - ты. Əйткенмен
бұл сезілмейді, өйткені резервуарлардан азайып қалған кеме
атмосферасына дер кезінде бірнеше текше метр кислород жіберілген екен.
Мен түске дейін жұмыс істеп өз каютамда отырдым, бірақ капитан Немо
көзіме түспей қойды. Жүруге дайындықтың да ешбір белгісі сезілмейді.
Мен тағы да біраз отырғаннан кейін салонға бардым! Сағат екі жарым
екен. Егер де капитан Немо есебінен жаңылмаған болса, енді он минуттесін
су тасып кемеліне келуі керек, сөйтіп «Наутилус» теңіз бетіне көтеріліп
шығуға тиіс. Егер бұлай болмаған күнде ол, осы жатқан төсегінен
көтеріліп, жолға шыққанша, тағы да көп айдың жүзі өтпек.
Көп кешікпей - ақ кеменің корпусы діріл қаға бастады да, адыр - бұдыр
құзға тиіп, кеменің сыртқы темір тысының шықырлағаны естілді.
Сағат екіден отыз бес минут өткенде, салонға Немо да кіріп келді.
— Қазір біз жүреміз,— деді ол.
— Еһе,— деп қалдым мен.
— Үске шығатын ауызды ашуға бұйрық бердім.
— Папуастарды қайтпексіз.
— Папуастарды дейсіз бе? — деп капитан Немо иығын қозғап қойды.
— Олар «Наутилустың» ішіне кіріп кетеді ғой, енді.
— Қалайша?
— Өзіңіз аш деп бұйрық берген ауыз арқылы - ақ кіреді.
— Аронакс мырза,— деді сабырлы шыраймен капитан Немо,— ол ауыз
ашық тұрғанның өзінде де «Наутилусқа» кез келген уақытта кіре беруге
болмайды.
Мен капитанға қарай қалдым.
— Сіз түсінбей отырсыз ба? — деп сұрады ол.
— Түсінбей отырмын.
— Олай болса, жүріңіз, менімен бірге, көрсетейін.
Кеменің аузына апаратын басқышқа келдік. Нед Ленд пен Консель де
осында тұр еді; кеменің үстіндегі айғай у - шумен қабаттаса ауызды
ашқалы жүрген матростардың əрекеттеріне бұлар бар ықласымен қарап
қалыпты.
Ауыздың қақпағы ашылып кетті. Сырттан аласұрып тап бергелі тұрған
жиырма шақты тағы көрінді.
Бірақ кеменің ішіне түскелі басқыштың жақтауын бірінші боп ұстай
берген бір тағы əлденендей бір белгісіз күшпен ұшып кетіп шыңғыра
жөнелді.
Он жолдасы да басшысының жолын құшты.
Консель бұған мəз - майрам болды да қалды. Жауынгерлік делебесі
қозып кеткен Нед Ленд қашқан жауды қумақшы болып басқыштың
жақтауынан ұстай бергенде, мұны да кейін қарай лақтырып жіберді.
— Мың да бір шайтан! — деп бақырып жіберді ол.— Мені нажағай
соғып кетті.
Бұл сөзден мен бəрін де түсіне қойдым.
Басқыштың жақтауы қуатты электр тогын өткізетін өткізгішке
айналдырылған екен. Сондықтан кімде кім, тиіп кетсе, жақтау лақтырып
жібереді. Егер де капитан Немо токты барлық батареядан жіберсе, онда бұл
тиісіп кеткен адамды өлтіріп те жіберер еді. Бірақ капитан Немо, мұны кісі
өлтірмейтін, сырттан ішке қарай, іштен сыртқа қарай кісі өте алмайтын
кедергі еткен де тынған.
Бұл кезде зəресі ұшқан папуастар жанталасып қашумен болды. Біз
күлкімізді зорға тыйып, жоқ жерден бұлқан - талқан болып жүрген Нед
Лендті тыныштандырып, жұбатумен болдық.
Осы сəтте қалың су екпіні «Наутилусты» қайраңнан көтеріп кетті. Бұл
капитан Немо белгілеген —2 сағат 40 минуттың кезі еді.
Кеменің винті суды баяу ғана сабалай бастады. Кешікпей винттің айналу
шапшаңдығы бірте - бірте жиілеп, ешбір жері бұзылмай - жарылмай, сап сау күйінде теңіздің бетіне көтерілген «Наутилус» Торрес бұғазының
қатерлі суынан да шықты.
Жиырма үшінші тарay
ТАҒЫ ДА ТҮРМЕДЕ
Келесі күні, 10 январьда, «Наутилус» тағы да ашық мұхитта жүзіп келе
жатты. Бұл жолы ол бұрынғысынан да шапшаң жүріп, сағатына кем
дегенде отыз бес миль алып отырды. Винт аса шапшаң айналды да
минутына неше айналатынын санатпай қойды.
Осы ғажайып күштің, электр күшінің, «Наутилусты» жүргізумен ғана
тынбай, əрі жарық беріп, əрі жүргізіп, əрі шеттен тап берген шабуылдардан
қорғап отырғаны есіме түскенде, мен шексіз сүйсінуші едім. Əсіресе,
осыны жасаған адам, мені одан бетер сүйсіндіретін.
Біздің бағытымыз тура батыс еді. 11 январьда 135° бойлық пен 10°
солтүстік ендіктегі, Карпентария шығанағын қоршап тұрған Вассель
мүйісін орағытып өттік. Мұнда да су астының құздары аз емес - ті, бірақ
бұлардың аралары бір бірінен едəуір қашық, тұрған жерлері картада дəл
көрсетілген еді.
«Наутилус» біздің жолымызды қуалай жатқан 130° бойлықтағы баяғы
сол оныншы параллельдегі Моне рифтері мен Виктория шыңдарының
аралығымен оңай - ақ өте шықтық.
13 январьда, біз 122° бойлықтағы Тимор аралдарының маңындағы осы
атпен аталатын теңіз суына келіп кірдік. Көлемі бір мың алты жүз жиырма
шаршы лье осы аралды бірнеше раджа39 басқарады. Аралдың əміршілері
өздерін айдаһар ұлдарымыз деп атайды, бұлары — бүкіл дүние жүзінде ең
артық туған, асыл нəсілдерміз дегендері еді. Бұл аралдарда раджалардың
жыртқыш «ата - бабалары» өте көп болатын. Монархпен нəсілдес, туыс
болуының арқасында, оларды жергілікті халықтар қадір тұтып, құрметтеп
отыратын. Жергілікті халық раджалардың осы «ата - бабаларына»
кəдуілгідей қошемет көрсетіп, қызмет етіп, жақсы көрініп, тағамдарына
жас қыз əкеп беріп жүретін, ал, егер осы қасиетті жатып ішерлерге бір шет
жерлік қол көтере қалса, əбден соры қайнайтын!
Бірақ «Наутилустың» бұл жексұрын сұрқиялармен айналысар уақыты
жоқ еді. Біз Тимор аралын түс кезінде, капитанның көмекшісі кезекті
байқау жұмысын жүргізуге шыққан кезде бірнеше минуттей ғана көрдік.
Бұл арадан «Наутилус» кілт бұрылды да оңтүстік - батыстағы Индия
мұхитына қарай тартты.
Капитан Немоның кіді мінезі бізді қайда апара жатыр. Азия жағалауына
апара жатыр ма? Əлде, тіпті Европа құрылығына апаратын шығар? Бұл
арасын біз білмедік.
Бірақ бұл жорамалдарды капитан Немоның ел бар, адам бар жерлерге
деген бітіспес өшпенділігімен қабыстыру, үйлестір қиын - ақ еді.
Демек, біз оңтүстікке қарай əлде де бұрыла түсетін шығармыз. Мүмкін,
«Наутилус» Добрая Надежда мен Гири мүйісін орағытып өтіп, Оңтүстік
полюске дейін баратын шығар? Олай болғанда сүңгуір кеменің емін - еркін
жүзетін суы — Тынық мұхитқа біз қалай, қай жолмен қайтпақпыз?
Бұл сұрауларға тек келешек қана жауап бере алатын еді.
Картье, Гиберни, Серингапатама, Скотта сияқты су астының рифтерін —
тілсіз, дүлей жау стихия үстемдік етіп тұрған ерте кезде құрылған ең соңғы
қатты жер шөгінділерін қуалай жүзіп отырып, біз 14 январьда, құрлықтан
шалғай жатқан ашық теңізден келіп бір - ақ шықтық. «Наутилус» шапшаң
жүрістен бір қалыпты бəсең жүріске көшті. Шəлкес, тұрақсыз кеме біресе
ылғи терең су астында, біресе ұзақ уақыт бойына мұхит бетінде келе
жатты.
Осы жүзу сапарында капитан Немо əртүрлі тереңдіктегі теңіз суының
температурасын зерттеумен болды. Əдетте мұндай зерттеу жұмыстары
электр өткізгіштік қасиеттері əртүрлі, əр түрлі металдарға негізделген
күрделі аспаптармен термометрлік зондтар немесе аппараттар арқылы
орындалатын. Бірақ бұл аппараттардың көрсеткен мəліметтеріне үнемі сене
беруге болмайды. Əсіресе, судың астына тереңірек түсірілген кездерде
шынылары судың қысымына төтеп бере алмайтын термометрлік зондтар
көрсеткен мəліметтерге сене беруге тіпті болмайтын. Мұның үстіне
алынған мəліметтердің дұрыс - бұрыстығын тексеру де қиын, өйткені бір
істелген тəжрибені қайталап істеу едəуір қиындық келтіретін - ді.
Бұлардың керісінше, капитан Немо кемені қандай тереңге болса да
түсіріп, термометрді сол тұстың суына қойып өлшегенде, ол ешбір
талассыз дəл мəліметтерді дереу көрсете қоятын.
Сонымен, кейде резервуарларды суға толтырып алудың арқасында,
кейде теңіз түбіне ылдыйлап кетуі арқасында, теңіз бетінен үш мың, төрт
мың, бес мың, жеті мың, тоғыз мың, он мың метрге дейін төмен түсіп, осы
тұстардың бəрінде де зерттеу жұмысын жүргізе отырып, капитан Немо
барлық ендікте де, мың метр тереңдікте судың температурасы цельсидің
төрт жарым градусынан аспайды деген тұжырымды қорытындыға келді.
Осы зерттеу жұмысына мен аса зер салып байқап отырдым. Осы
уақыттарда мен: капитан Немоға осы ғылыми зерттеудің керегі не?
Шынымен - ақ адамзаттың қамын ойлай ма өзі? — деп өзімнен өзім жиі
сұраймын.
Адамзаттың қамын ойлауы екі талай еді, өйткені оның барлық еңбегі,
сайып келгенде, өзімен бірге əлденендей бір шалғай теңіздің түбінен орын
табуы керек қой.
Бəлкім, ол өзінің ғылыми еңбектерін адамзат дүниесіне мен арқылы
таратпақшы шығар? Демек, ерте ме, кеш пе, маған осы кемеден кетуге,
құрылыққа қайтып, адамдардың арасына баруға рұқсат ететін шығар?
Бірақ, амал нешік, əзірше бұл негізсіз үміт еді!..
Сөйтіп жүргенде бір күні капитан Немо, жер шарындағы ең басты
теңіздердің суларының тығыздық дəрежесіне жүргізген зерттеу
жұмыстарының нəтижелері жайында, менімен пікір алысты. Ғылыми
тұрғыдан қарағанда оның айтқандарының орасан зор маңызы бар еді; мен,
осы əңгіменің үстінде ғылымға ешқандай байланысы болмағанмен менің
өзім үшін маңызы зор бір қорытындыға келдім.
Бұл 15 январьдағы таңертеңгі əңгіме болатын. Екеуміз «Наутилустың»
үстінде əрлі - берлі қыдырып əңгімелесіп жүр едік, капитан Немо менен
күтпеген жерден, теңіз суының тығыздығы əр жерде əртүрлі болатынын
білесіз бе деп сұрады. Мен, бұл мəселе жөнінде ғылым анықтаған мағлұмат
əзірге жоқ қой, білмеймін дедім.
— Бұл зерттеу жұмысын өзім жүргіздім,— деді маған капитан,— мұның
дəлдігіне мен кепілмін.
— Өте жақсы,— деп жауап қайырдым мен,—бірақ «Наутилус» —
дегеніміз оқшау тұрған дүние, оның ғалымдарының ашқандары жер шары
халықтарына ешуақытта жете алмайды ғой.
— Сіз дұрыс айтып тұрсыз, профессор, — деді күбірлеп капитан Немо
біраз ойланып тұрғаннан кейін.— «Наутилус» — шынында да өзгелерден
оқшау тұрған дүние. Күнді бірге шырайналып жүрген планеталар жерден
қандай қашық болса, «Наутилус» та жерден сондай қашық. Сатурн мен
Юпитер ғалымдарының жұмыстары жайында жердегілердің ешуақытта
ешнəрсе біле алмайтындығы сияқты, оларға «Наутилус» ғалымдарының
еңбектері де белгісіз күйі қала береді. Тағдырыңыз кездейсоқ жағдайда
«Наутилусқа» байланысты болып отырған сізге, мен өз байқауымның
нəтижелерін айта аламын.
− Мен бар ықласымды салып тыңдар едім, капитан.
Тұщы судан гөрі, теңіз суы анағұрлым тығыз болатыны, сізге, профессор
мырза, əрине, белгілі болуы керек? Бірақ осы тығыздық барлық жерде
бірдей емес. Шынында да, егер де тұщы судың тығыздығын
бірлік(единица) деп алсақ, онда Атлант мұхиты суының тығыздығы бір
бүтін жиырма сегіз мыңдыққа дейін, Тынық мұхит суы бір бүтін жиырма
алты мыңдыққа дейін барады; Жерорталық теңіздің суының тығыздығы...
«Aha,— деп ойладым мен,— демек, бұл Жерорталық теңізінде де
болады екен ғой!»
— ... бір бүтін отыз бір мыңдыққа дейін, Индия теңізінің суының
тығыздығы бір бүтін он сегіз мыңдыққа дейін, Адриат теңізі суының
тығыздығы бір бүтін, жиырма тоғыз мыңдыққа дейін барады.
«Наутилустың» адамдар көп қатынап тұратын жер шарының теңіздеріне
барудан да именбейтіні енді айқын болды. Осыған қарап мен əйтеуір бір
кезде тіпті көп кешікпей - ақ мұның мəдениетті елдерге жақындауы мүмкін
екен деген қорытындыға келдім.
Бұл жаңалық Нед Лендті қуандыруға тиіс еді.
Бұдан кейінгі бірнеше күндердің ішінде біз бірталай зерттеу
жұмыстарын бірлесіп жүргіздік, бұлар: судың əртүрлі тереңдіктегі
тұздылығын анықтау, электр қуатын өткізгіштік дəрежесін, бояуын,
мөлдірлігін анықтау, т. б. осылар сияқты жұмыстар еді. Осы уақыттың
ішінде мені таң қалдырған бір нəрсе капитан Немоның тапқырлығы еді,
оның бұл тапқырлығымен мен жөніндегі сақтығы бəсекелесе алар еді.
Бірақ тəжрибе жұмыстарын жасап болғаннан кейін, ол кетіп қалатын да,
кеменің үстінде мен тағы да жападан - жалғыз қалатынмын.
16 январьда «Наутилус» су бетінен бірнеше метр төменде бейне ұйықтап
қалғандай жым -жырт тұрды. Электр машиналар тоқтап, қозғалыссыз
қалған винт, су ағысына, кемені қалай қарай алып барса да ерік беріп
қойып еді. Менің байқауымша, машиналар аз - кем жөндеп алу үшін
тоқтатылған сияқты. Бұны — кеменің едəуір шапшаңдықпен ұзақ жол
жүруі үшін қажет болған жөндеу деп топшылауға болатын еді.
Бұл күні менің жолдастарым өте бір қызық, тамаша құбылыстың куəсі
болды. Салон терезелерінің қақпақтары ашық екен, бірақ «Наутилустың»
прожекторы қызмет істемегендіктен қалың бұлт басқан аспаннан біз тұрған
тұсқа жарық сəуле өте аз түсіп, бізді қоршаған сұйық орта күңгірт тартып
тұр еді.
Теңіздің осы сəттегі өзгеше көрінісін тамашалап қарап тұрған кезімде,
кенеттен «Наутилус» тұрған алқап жап - жарық болып кетті. Мен
алғашқыда бұл электр прожектордың жарығы екен деп қалып едім. Бірақ
жақсылап қарағанымда бұл жорамалымның қате екеніне көзім жетті.
«Наутилусты» судың фосфорланған қабатының ағысы алып бара жатыр
еді, мұның сəулесі бізді қоршаған қараңғы ортада жап - жарық болып
көрініп тұр екен. Су астындағы сəуле шашатын күлдей ұсақ жəндіктерден
пайда болған бұл жарық сүңгуір кеменің металл бетіне түсіп мүлдем
жарқырап тұр екен. Осы жалт - жұлт етіп тұрған теңіз ортасынан мен
қызған пештен лақылдап аққан қорғасын тасқынындай лап - лап еткен бір
сəуле көрдім, лапылдаған осы сəуледен кейбір фосфорланған участоктер
енді күңгірттеу болып көрінді. Бұл сəуле кəдуілгі бір қалыпты прожектор
жарығына ұқсамайды. Бұдан бір күш, қозғалыс сезіледі. Бұның жанды
сəуле екені де бірден байқалып тұрды.
Ұзақ сағаттар бойына «Наутилус» жалт - жұлт еткен су ішінде жүзіп
жүрді. Осы оттай жайнаған судың ішінде асыр салып жүрген саламандра
сияқты үлкен теңіз жануарларын көргенде біз бұрынғыдан да бетер қайран
қалдық. Осы салқын сəуледе қажуды білмейтін акробаттар — дельфиндер,
зор қылыштарымен салонның терезелеріне бірнеше рет жанап өткен,
ұзындығы үш метрдей қылыш балықтар толып жүр еді. Кейін кішігірім
балықтар да келді, бұлардың ішінде спинорогтар, макрельдер, осы сияқты
басқа да жүздеген түрлері бар еді.
Бұл бір өзгеше ғажап көрініс еді. Мүмкін, бұл сəуле атмосфералық
жағдайдың əсерінен жарқырап тұрған шығар. Мүмкін, теңіздің үстінде күн
күркіреп, нажағай ойнап тұрған шығар? Бірақ, су бетінен бірнеше метр
төменде жүзіп жүрген «Наутилусқа» ауа райының бұзылуынан келер кетер түк жоқ қой, біз суда тып - тыныш қана тербетілуде едік.
Біз осылайша, бірінен бірі өткен ғажайып дүниенің арасында қаздай
қалқып жүзіп келе жаттық. Консель көзін айырмастан зоофиттерді,
буынаяқтыларды, моллюскалap мен балықтарды классификациялап түр –
түрге бөліп отырды.
Күндер зырлап өтіп жатты, күн санауды мен де қойдым. Нед Ленд өзінің
үйреншікті əдеті бойынша, дастарханымыздың тағамдарын түрлендіру
жұмысымен шұғылданып жүрді.
Біз, ұлу сияқты раковинамыздан шықпай қойдық.
Өз басымнан кешірген тəжрибеге қарағанда, ұлу болудың түк
қиыншылығы жоқ екеніне көзім əбден жетті.
Біз осы тұрмысқа əбден үйреніп алдық, үйреніп алғанда да мұның өзін
ең оңай, ең көңілді тұрмыс деп тауып, тіпті жер бетіндегі тіршіліктің
мүлдем басқаша тіршілік екенін де ұмытып кеттік.
Бірақ күтпеген жерден кездескен бір оқиға, өмір шындығын қайта
мойындатты.
18 январьда «Наутилус» 105° бойлықта 105° оңтүстік ендікте келе
жатты. Көк жүзін бұлт басып, күн күркіреп, теңізде алып көкжал
толқындар асыр салды. Шығыстан күшті жел соғып тұрған - ды. Дүлей
дауыл соғатын күн жақын екенін барометр бірнеше күннен бері білдіріп
келе жатыр еді.
Капитанның көмекшісі байқау жұмысын жүргізіп тұрған минутта, мен
кеменің үстіне шықтым. Ол енді дағдылы əдеті бойынша баяғы бір сөзін
тағы да айтады ғой деп тұр едім, бірақ бұл күні бұрынғы сөзіне ұқсамайтын
басқа бір түсініксіз сөздерді айтты. Осы кезде капитан Немо да шығып,
бинокльмен көкжиегіне қарай қалды.
Көкжиегіндегі көзіне түскен бір нəрсеге қарап бірнеше минут бойы
қозғалмай тұрды, сосын бинокльді көзінен ала қойды да өзінің
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - 20 000 лье су астында - 13
  • Büleklär
  • 20 000 лье су астында - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4107
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2015
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4226
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2010
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4380
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1940
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4332
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2011
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4010
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2058
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1818
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4016
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1948
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4188
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2071
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4217
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2074
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4003
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1869
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4185
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2013
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4004
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1996
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4263
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    37.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4066
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4287
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1996
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4086
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1781
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4111
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1917
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4162
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2039
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4272
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2111
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4244
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2011
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4141
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1972
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4174
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1850
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4236
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1916
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4150
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1808
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4216
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2030
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4125
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1946
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 4155
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1920
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • 20 000 лье су астында - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 4102
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1916
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.