Latin Common Turkic

Қан мен тер - 1 - Ымырт - 01

Общее количество слов 4234
Общее количество уникальных слов составляет 2213
35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
52.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
60.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
ЫМЫРТ (І КІТАП)
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ЫМЫРТ (І КІТАП)
БІРІНШІ БӨЛІМ
─ Бетім - ай!.. Масқара - ай!..
Тырыли арық Қарақатын жерқазбаға танаурап сөйлей кірді. Құшағындағы отынды аласа қазандықтың жанына аудара тастады. Салпыетек бөз көйлектің бір шалғайын жоғары көтеріп ышқырлығына қыстыра салды да, қызыл қарын жас немересін алдына алып ыңылдап отырған қайын ененің қасына қол таяна тізе бүкті.
Жерқазбаның терезесі дәл төбесінде; оған шелін алған шыңылтыр қой қарнын тұтқан-ды; батып бара жатқан күннің соңғы сәулесі қой қарнынан өлеусіреп қана түсіп тұр. Үй іші күңгірт. Қарт ананың жүзі көрінбейді. Тек қақырадай биік ақ жаулығы бозғылданады.
─ Ене - ау, не есіткенің бар? Әлгі Қаратаздың... қойлы таздың інісі бар емес пе? Тәңірберген деген сері інісі бар еді ғой,- деп, Қарақатын енесіне қарай тағы бір ысырылып отырды. Сонан әрі бейуақ кешті біртүрлі құпиялы сырға бөлеп, ерні сүйреңдеп сыбырлай сөйледі. ─ Не басыңды ауыртайын сенің. Сол сері жігіт кеп, Еламанның үйіне түсті. Аты қара тер. Қанжығасында бір қоян, бір түлкісі бар. Қояны ақ тушадай - ау, ақ тушадай! Ақбала сыртқа шығып, сері жігітті аттан түсірді. Ал екеуінің қалай көріскенін көрсең... Масқара - ай!.. Бетім - ай! О, жүзіқара! О, қарабет!..
Қалың киімді біреу жер қазбаның аласа есігіне сыймай, үсті - басы сықырлап кіріп келе жатты. Қарақатын тезірек от жағып жібермек болды. Оттың іздеп жанталасып жүріп, жолда тұрған қара құманды қағып кетті. Онан шелекке сүрініп, үй іші даңғыр - дұңғыр болды да қалды.
─ О, көк тігілгір! О қара байланғыр! Есіз қалғырдың мүлкі, түге. Тап жаңа ғана тап -тұйнақтай ғып, орын - орнына жинап қойып едім. Баласы құрғырлар - ау, жүретін жолға қойған.
Үй иесі үнсіз. Осының бәрін күнде - күнде көріп, есітіп жүргесін әбден еті өліп кеткен. От басының берекесіз ластығына, қатынының салақтығы мен шаңқылдаған ащы даусына да үйренгенді. Ол қолына ұстай кірген бір асымдай тоң балықты босағаға тастай салды. Сонан соң жеңінің ұшына мұз қатқан су - су киімін босағада тұрып шешіп, етігімен төрге шықты.
Қарақатын бықсып жанбай жатқан отты үрлей түсті де, әлде - неге мырс етті:
─ Еламанды айтам - ау!.. Сорлының үйі бүгін сонша ұятты қалай көтеріп тұр екен?
Ақкемпір келініне көз қиығын тастап: «Ә, Құдайым!- деді ішінен,- қайтейін?!.. Бұ да өзгеге күледі, өзіне күлетін кісі жоқ па екен?!»
Қарақатын отты тастай сала енді күйеуінің асты - үстіне түсіп, жалпылдап:
─ Бізді асыраймын деп жаныңды жалдап жүрсің. Күн ұзын нәр татпаған кісіде әл қайдан болсын?! Кел, етігіңді тартып жіберейін,- деп еді:
─ Өзім шешем! Асыңды болдыр!- деді Дос. Қарақатын осы ауылда Ақбаламен өш. Ақбаланың жастығын, сұлулығын көре алмайды. Бәрінен бұрын күйеуі ұрысқан сайын: «Өзіңдей Ақбалаға қараш! Жүріс - тұрысына ішпей - жемей ырза боласың»,- деп сұлу келіншекті бұның бетіне салық қып басатын.
─ Еламанның үйі жаққа көзің түсті ме?..- деді Қарақатын сиқырлы жүзі жымыңдап. ─ Ақбаланы айтам - ау... Күйеуінің көзі тірісінде, тапа - тал түсте жігіт күтіп алып... Сонда ол сорлы еркектің кәдесіне жараса екен - ау! Анау шытыр жеген түйедей шермиіп отырған түрі.
─ Әй, жетер! Қой, енді!- деді Дос етігін шешіп жатып. Қарақатын қолындағы көсеумен ошақтың аузындағы шаңды бұрқ еткізіп салып қалды.
─ Қой, қой деп маған қожаңдағаны несі?! Маған қойғызғанмен ел аузына қақпақ бола алмайсың. Әне, қыз күніндегі желігін келіншек болғасын да жасыра алмай жүр. Осы өңір тегіс көріп отыр. Айта берсең, Ақбаланың ішіндегі баланы да Тәңірбергендікі екен деп...
Дос байпақты етікпен қатынын көк желкеден қойып қалды. Желкесіне тиген зілдей етік Қарақатынның жұлынын үзе жаздап, көзінен жас ыршып кетті. Дос қолындағы етікті қайта сілтей бергенде Ақкемпір ұстай алды. Баласының қолынан етікті жұлып алып, есікке қарай лақтырып жіберді.
─ Тарт қолыңды! Берекетін алма отымның басының! - Дос тіл қатайын деп еді, Ақкемпір ақырып, тыйып тастады:
─ Тыңдамаймын сөзіңді. О заман да бұ заман, жаман қатынды сабап жақсы еткен жігітті көргем жоқ.
Қарақатын күйеуінің енді қол қата алмасын біліп, бүк түсіп отыра қап, ошаққа маңдайын сүйеп солқылдап жылады. Ол, әрине, көз жасымен күйеуінің жүрегін жібіте алмасын білді. Үй ішінен өзіне жақтасатын жанашыр да іздеген жоқ; ол дәл осы арада өзінің дәрменсіз сорлылығын мойындап, сағы сынып налып жылап еді. Үй ішінің лаңынан запы боп қалған балалар әлден үрейі ұшып, шырқырап жылап, шам жақпай, қоңыр кеугім үйдің іші әп - сәтте азан - қазан болды да кетті.
Дос далаға жүгіре шықты. Өн бойын ессіз өшпенділік кернеген жігіт босағада сүйеулі тұрған тоқ шотты қолына ұстай ұмтылып еді. Томырың дөкір жігіттің ашу үстінде бір лаңды істеп салуы сөзсіз еді. Үйіне жақындап қалған Еламанды көрді де, қолындағы сығымдап ұстаған шотты лақтырып жіберді. Ол тек Еламанның үйі алдында қаңтарулы тұрған күміс ер - тұрманды бәйге күреңге жалт етіп тістене қарады:
─ Туһ! Неше, сірә, қатынжанды болғанда да...- Дос ызаға булыққан қалпы ішке кірді.
* * *
Бас тоқсан кіргелі әлдеқашан. Бірақ көптен күн жылымықтанып, ұлы теңіз ұстаса қоймады. Биылғы жел біртүрлі есірік. Жағалау қаймақтанып, кілегейлене бастаса - ақ, арқадан шыққан қатты жел әлсіз мұзды бет ашыққа айдап, қуып әкетіп тұрған. Кешеден бері күн ызғары шұғыл қатайып, бір түннің ішінде Тұщыбас бұғазы көз ұшына дейін ұстасып, Еламан, Мөңке, Дос, Рай қазандық балық үшін бастарын қатерге тігіп, мұз үстіне шығып жүр. Әлсіз мұз сәл салмақ түссе майысып, сықырлап қоя бергесін бұлар шоғырланып жүруге қорқады. Онда да әзір тереңге бармай, аз ғана ауын теңіздің тайыз басына салып, үй ішінің қазан қайнатқанын нәпақа көреді.
Бұған Еламан дән ырза. Екіқабат әйеліне жас сорпа ішкізгенге мәз. Қолтық ұстасқалы ұйқысы қашып кетті. Таң атқанша әлденеше тұрып, жағаға барады. Жаңа ұстасқан жағалаудың мұзын теуіп, ертең өздері көп кісі боп шыққанда көтере ме, жоқ па, байқап көреді. Кеше де күн батар алдында теңіз жаққа көз салып еді; қара қатқан суың күшке мініп қылшылдап тұр екен. Еламан әбден қас қарайғанша тұрды. Ай туған жоқ. О шеті мен бұ шетіне көз жетпейтін аспанға шоқтай маздаған жұлдыздарды әлдекім быжынатып шашып жібергендей. «Ертең күн шағырмақ, ашық болар»,- деді Еламан. Ертеңіне бұл тіпті ерте оянды. Түнімен тырп етпей шыққан Ақбаланың ұйқысын бұзғысы келмеді де, төсектен ақырын түсті. Үй ішінде де сыбдырсыз ақырын қозғалып, кеше жатар алдында пешке жайған киімдерін киді. Күндегі әдетпен бүгін де түннен қалған бірдеңені талғажау етті де, Ақбала екеуі «жылауық неме» деп ат қойған жаман есікті сықырлатпай ақырын ашып, сыртқа шықты. Есіктен шығып бара жатып бұрылып артына қарап еді, Ақбала оянбапты, жаңа өзі қымтап кеткен көрпе астында қол-аяғын бауырына алып, тып - тыныш жатыр екен. Бүкіл ауылда бұнан басқа бір жан оянбапты.
Еламан теңізге тартты. Түнде жел тұрған ба, таяуда жауған үлпілдек қардың бет жағы борап, жағалаудың мұзы қайсыбір жерлерде кәдімгідей жалаңаштанып, ар жағы көктайғақтанып ырсиып қапты. Сонан бұл аң қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, сірә да, маңындағы кісі - қараның бар - жоғын байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір жөнінде ойлайды. Өзі жөнінде ойлайды. Өзінің теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке - шешеден ерте айрылды. Әкесімен бірге туған ағасы - Есбол бұл арадан бір күншілік жерде тұрады. Баласыз, жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. Ендігі жанашырдан - немере іні - Рай. Бірақ ол жас. Өзі сияқты о да әке - шешеден жастай жетім қалды. Қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр.
Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір- екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Қас қараймай тұрғанда, үйге тезірек жеткісі кеп еді; бірақ жалғыз кісіге ой үйір келе ме, күтпеген жерден қайын атасы есіне түсті. Тікбақай тентек шал ел ішіне сыйымсыз. Отбасына да мазасыз. Сыртына зәр жиып, жыландай ысқырып отырғасын, ол барда үй іші қай жағынан шығамыз деп қыпылдап отырғаны. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге шаптырып осқырынып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам»,- деп хабар жіберіпті.
Бұған Ақбала қатты қуанды. Қыз дәурені қырда өткен Ақбала теңіз өңірінің тірлігіне үйрене алмады. Жаз аптап, ыстық. Маса. Сона. Балық сасыған ауа да бұған жат. Балықшы жігіттің босағасын аттаған күннен бастап сыртқа шықпай, үйге тығылып алды. Ауыл -үйдің арасында ала көз, күңкіл көбейді: «Жабайы»,- деді. «Тәкаппар», «менмен» деді. Балықшы ауылға келін боп түскесін де оның қыз кездегі сәні мен салтанатын тастамай, үйде де, түзде де үсті - басы үлпілдеп киінгенін күндеп, әсіресе үйі іргелес отырған Қарақатын «тұтақ» деп ернін шығарар еді: «Тұтақ! Адыра қал! Күнде қыз болғанда бұл ауылда кімнің көзіне түсем дейді екен?»
Ақбала бәрін естіп, бәрін білсе де, иманы селт еткен жоқ. Қайта сөз тасып, сыпсыңдаған сумақай қатындардың алдынан өтерде, кім білсін, әйел нәсіліне тән сайқалдың па, елде ауылдас әйелдер айтса айтқандай менмен тәкаппарлық па, әйтеуір миығына мысқыл шаптырар еді де, сосын Құдай берген ажар - көрікті, қасақана әлгілерге «Ал, көр! Көріп ал!» дегендей, тәкаппар басын шалқақтата тік ұстап, аяғындағы қылмиған қазық өкше етікті аналар іші күйсін дегендей сықыр-сықыр басып алдарынан өтер еді. Байдың қызы болмаса да, Ақбала бұрын дәл бұндай өмірді көрген емес. Бұрын, ой, несін айтасың, мал жайымен қыста теңіз жағасын сағалаған қалың ел сонан көктем шығар - шықпаста қырға қаптай көшер еді. Бірі ілгері, бірі кейін көшкен елдің алды кең жайлауға аяғы қалай жетті, солай оты, суы мол салқын сабатқа аппақ үйлерді біріне бірін жарыстырып қаз - қатар тігер еді! Қатар қонған екі ауыл, кейде үш ауылдың үлкендері қонаққа шақырысып, ана жақта келелі кеңес құрып жатса, мына жақта суға барған қатындар құдық басында шұрқырасып, ымы - жымы ыңғайласып, ыдыс - аяқтар араласа бастар еді; жастар жағы бәрінен бұрын жол тауып, күнде - күнде күн батқанын асыға күтер еді де, қалай қас қарайды, солай ауыл сыртындағы жасыл төбенің астында бас қосар еді; сонан қашан жазғы таң сары белден ағарып атқанша ақсүйек ойнап, алтыбақан теуіп, ән шырқап ұлы дүрсіл салар еді; қыста қалың түскен қар қайсыбір жылдары көктем шығар - шықпаста қауырт еріп, көл табанға жиналған ағыл - тегіл мол суға қаз - үйрек жаз бойы қанаты сатырлап ұшып - қонып қиқу сап жатар еді. Сонан сары шілденің әне бір аспан айналып жерге түскендей ыстығы шындап күшке мінгенше ауыл іргесіндегі сай, жыраларда қар суы кенерінен асып күркіреп жатар еді. Кең жайлау шұбартқан мал. Сағым ойнаған салқар даланың сонау шетінде, көз ұшында тырнадай тізіліп көш кетіп бара жатады. Мына жақтан салт атты жолаушы қыр астынан сылаң етіп шыға келеді. Сонан ол бір қырдан бір қыр асып жуық арада қарасы көзден үзіліп болмайды. Ол кім? Қайда асығып барады? Алдында әлде үміт, әлде бір аңсаған арман күтіп түр ма?О, дариға, көктемде бір көрінген қызғалдақтай қыз байғұстың басындағы қып - қысқа дәуреннің несін айтасың?! Қырда отырған ауыл кешкісін өрістен мал келерде кәрі - жас түгел дүрлігіп, сүріне - қабына сыртқа шығар еді - ау! Өрістен қайтқан малдың алдында ботасы ауылда қалған жас інген жер түбінен боздап, сиырлар мөңіреп, қойлар маңырап, ауыл үсті әп - сәтте азан - қазан болар еді де, үй болған үйден қарына шелек ілген әйелдер шығар еді; тұлымы желкілдеген кіп - кішкентай Ақбала да анасына қолғабыс беріп, өздеріне қараған аз ғана саулықтың қозыларын көгендеп, аяғы - аяғына тимей зырлап жүргені. Сонан қашан сауын мал сауылып болғанша бұған да тыным жоқ, тек сонан бір кезде көз байланып, ымырт үйіріліп ап - сап болғанда ғана ошақта от жанып, үй - іші кешкі аста бас қосып, дастархан басына жиналар еді; ол өмірдің несін айтасың?! Ірге түрулі. Есік түсірілген. Түндік ық беттен жартылай ашылған. Үй іші асқа отырғанда сыртта көген басында жатқан қойлар мекіренеді. Оқта - текте түйе пысқырады. Көшпелі өмірдің бұ да кішкентай бала кезден қанға сіңген қимас бір қызығы еді ғой! Кім білсін, соны ойлай ма, Ақбала қазір тіпті көңілсіз. Бір жолы жылап отырған үстінен шықты. «Төркін жұрттан жайсыз хабар есітті ме?». Зәресі ұшқан Еламан: «Не болды? Жайшылық па?»- деп еді, Ақбала ләм демей, сырт айнала бере жасын сүртті. Қипақтап қасынан кетпей тұрған бұған көз қиығын салмастан сыртқа шығып кетті. Сонан бері бұнда маза жоқ. Күн ұзын теңізде боп, сонан кеш түскесін, бірде ерте, бірде кеш үйге келгенде табалдырықтан аттай бере сырт киімін шешпестен бұрын Ақбаланың ажарына қарайды. Үндемесе де, ішінен азып жүр. Қандай да жанын жеген дерт... Оны бұның өзі де біледі: қыр мен ойдағы елге паш болған Ақбала мен бай ауылдың жас мырзасы екеуінің арасындағы әлі де үзіле алмай жүрген махаббатты білсе де, бұл бірақ тілінің ұшына алмады.
Ақбаланы аяды. Сүйеу қартты сыйлады. Айтқанынан қайтпайтын қиқар шал дегенін істеп, қызын балықшы жігітке қосты. Тағдырдың кесігі солай болып, шарасыздық басқа түскесін, амал қайсы, Ақбала лажсыз көнген еді.
Ой қажытты ма, кешке қарай Еламан өз денесін өзі әрең қозғады. Баттиып іскен саусақтар икемсіз. Кешкі қатқыл жел іштен шыққан демін ақшудалап ыққа қарай әкетіп тұр.
Кешкі ымырт тез тұтасып, төңірек тұнжырай бастады. Еламан ертең болмаса, ауды бүгін басқа жерге аударып салуға үлгіре алмасын білді. Шынында да, бүл кезде батып бара жатқан күн алыстағы жалдың біріне иегін сүйеп, еңкейіп қалған еді. Құбыла бет тұтас қызарып, жел жыртып дода - додасы шыққан бұлт батар күннің шапағына бауырын бояп алаулап апты. «Апыр-ай...»- деп Еламан құбыла беттен көзін алмай, ұзақ қарады. «Апыр-ай, ә?!. Не қылса да, кең әлемді құшағына алып тұтасып келе жатқан мына түн қараңғылығына жол бермей, жанталасып шарпысып жатқан жер бетіндегі жалғыз тірлік осы - ау! Ендеше, өмір мен өлім сияқты қараңғы мен жарық та бірін - бірі кезек жеңіп, тірлік үшін бұлар да тартысып жата ма, қалай? Сонда, бәтір - ау, әр тірлікке төнер бір- бір зауал болғаны ма? Ана қарашы, кезегі келгенде күн басына да зауал төніп, қара кебінге оранып, бар әлем тіл тартпай, түн құшағына кіріп бара жатқандай...»
Еламан күрсінді де, балық салған қапты көтеріп иығына салды. Бүгін күні бойы әйелін ойлап, мазасы болмады. Үйге жеткенше асығып, бет жағын кірбік қар шалған мұзды тайғанақтап басып келеді. Ауыр етіктің астына түскен қиыршық қар қышыр - қышыр. Ойында Ақбала. Теңізге шығар алдында отын - суын ішке кіргізіп беріп кетсе де, алды түн болғасын күні жуықтап қалған жас келіншек жалғызсырап қалды ма деп қорқа береді. Өзі жоқта жалғызсырап, елегізіп қалғандай көреді. Осы күні Ақбала қатты кіржисе де, зәресі қалмайды. Бойына біткен балаға, не өзіне зақым бола ма деп, сәт сайын жүрегіне суық үрей шабады. Өзі түзде жүргенде тұңғыш құрсақ көтерген тұмса келіншектің қасында бас-көз боп отыратын естияр біреудің болмағанына қынжылады.
Еламан үйінің алдына тоқтаған салт атты біреуді көрді. «Кім екен?»- деп ойлап, салт аттыдан көзін алмады. Бұл өңірдің балықшылары - бір тайпа ел. Жұмыртқасын жалаңаш құзға салған тау қыранындай, жел - құздың өтіне қоныс тепкен. Жапырайған жерқазбаларын ұлы теңізге төніп тұрған биік жардың басына мінбелете салғандықтан, әдетте, мұз үстінде жүрген кісінің көзі балықшылар аулына мол жететін - ді.
Еламан көріп келеді. Жолаушы хабарлас қылды, білем, әне, іштен ақ көйлекті әйел шықты. Ат тізгінін ұстады. Құрметпен күтіп алғанына қарап, мынау кім де болса, сыйлы адам. Кім болды екен? Әлде?.. Әлде Сүйеу қарт па? Иә, сол! Сол болды. Қайтсін пақыр, баласын көргенше шыдамай, уәделі күннен бұрын келген ғой. Еламан екі көзін қонақтан айырмады. Ақбала жолаушыны алып ішке кірді. Іле - шала шолақ мұржадан түтін бұрқ етті. Асыққанда жар басына қиялап шығатын жолды қашықсынып, үйінің дәл өкпе тұсына келді де, тік жарға төтелеп салды. Бір қолымен арқалаған балықты ұстап, екінші қолымен қарсы баурайға біткен алабұта, кендір жусан, қырбың қызыл түзгенге жармасып, мысықша тырмысып өрлеп келеді. Қадірлі қонағына соятын малы болмаса да, ажарлы балыққа дөп келгеніне қуанып, жар басына асығып алқынып шығып еді, осы арада... қаңтарулы тұрған бәйге күреңге көзі түсті. Аң қуғаны көрініп тұр. Еті қызып апты. Бір орында тақат тауып тұрмай, сулығын шайнап шиыршық атып тұр екен. Жаны қапелімде аяғының басына кеткен Еламан жар кемерде сілейіп тұрып қап еді. Әлдеқайдан жүгіріп келген сары қаншық бұның үстіндегі балық иісі шыққан киімді иіскеді. Сосын мұп-мұздай тұмсығымен қолын жалағанда сұлық тұрған жігіт бойын жиып ала қойды...
* * *
Өз үйіне өзі әзер кірді. Және кірер жерде күйбеңдеп біраз бөгелді. Суық қапқан бойы сықырлап, аласа есіктен ақырын кіріп келе жатқан үй иесін көргенде төрде отырған жас жігіт осыған дейінгі нығыз қалпынан айырылып қап, лып етін жеп-жеңіл түрегелді:
─ Ел - аға... ассалаумалейкүм!
Еламан салқын амандасты. Сонан артық тілге келмей, суық қапқан киімі сықырлап, есік алдында теріс қарап тұрып шешінді. Ә дегенде Ақбала іштей абыржып қалса да, бірақ іле-шала өзін де, өңін де оп-оңай билеп ала қойды. Қолындағы шаруасын тастай салды да, қашанда өзін ұстай білетін сабырлы қалпын сақтап, көк сауыр кебіс киген ып-ықшам аяғын ақырын ырғаң-ырғаң басып есік алдында шешініп жатқан Еламанға барды. Қолынан су киімдерді алды. Алуын алса да, бірақ оны қайтерін білмей, өзінен қашыртып әрегірек ұстап тұрды да, сосын ошақ жанындағы отын үстіне тастай салды. Әдетте, теңізден келгенде Еламанның су киімін пешке жаятыны есіне кейін түсті. Соған өзі ыңғайсызданып қалса да, бірақ қонақ жігіттің бұны көзінің астымен бағып, жымиып күлімсіреп отырғанын байқады да, отын үстінде жатқан су киімге қолын созбады. Төрде мұрты жылтырап, түк білмегенсіп тымсырая қалған жас мырзаға бұрылып сазара бір қарады да, сосын қайтып оған көңіл бөлген жоқ. Ендігі қылығының бәрі оған бейне «күлсең күле бер. Тәңірі маңдайыма осы балықшыны жазғасын қайтем?.. Ендігі жерде осының отын жағам, осыған қызмет етем» деп, ар жағында айта алмай, ішін өртеп жүрген ызасын ашынғанда бір- ақ аңғартты да, осыдан кейін қысылмай да, қымсынбай күйеуінің бар жағдайын істеп, пеш түбіне төсек салды, иығына шапан жапты. Еламан қонақ жігіт көзінше өзіне көрсеткен Ақбаланың ықыласына дән ырза.
─ Ел - аға, біз көріспегелі қай заман?! Қалай, ауыл - ел аман ба?
─ Шүкір.
─ Балық талабы қалай?
─ Қайдағы балық?..
─ Иә, мұз қатпай тұр ғой. Қыстың кештегені мал ұстаған шаруаға жақсы болса да, сендерге қиын екенін білем.
Еламан үндемеді. Тәңірберген оның ыңғай бермеген сыңайын байқаса да, бірақ түк болмағандай түсі шіміріккен жоқ. Иығындағы түлкі ішіктің екі шалғайын тақымының астына басып, ырғалып қойды да:
─ Ел - аға,- деп әңгімені әріден қозғады,- көрші отырған қоныстас ауыл едік. Қуанышымыз бен көрер қызығымыз ортақ емес пе еді? Аталас болмасақ та, екі ауыл аядай жерде іргелес отырғасын бір дәнді жарып жеп, бір малдың сүтін бөліп ішкен бүтіндік емес не еді көздегеніміз? Солай емес пе, Ел - аға?
Еламан мырс етті. Бірақ бұл жолы да үндеген жоқ.
─ Шынымды айтайын, кеше сен үйленгенде тойыңа шақырар деп дәметіп едім...
О, залым! Бұл не, мазақ па? Тым құрыса, түзде де емес, үйде, төріңде отырып... Зығыры қайнаған Еламан аузына сөз түспей, ішінен тынып, түсі бұзылып отыр. Қанша қиын болса да, осы кеш мына залымның алдында сыр бермей, шыдап баққысы кеп еді; оған бірақ өзін ұстаса да, өңін билей алмай, салқынқандылығын сақтау қиын боп бара жатқасын басын бауырына тартып, түсін бермей томсарып отырып мұртына қатқан мұзды бір- бірлеп үгіп түсіре бастады. Тәңірбергенге әлі назарын тіктеп қараған жоқ; Ақбалаға да қарамауға тырысты. Дәл қазір Ақбалаға қараса көптен көкірегін қарайтып жүрген талай күдіктің бетін ашатындай қорықты. Әншейінде жаннан жасқанбайтын ала көз тұнжыраған қабақ астына тығылып қалған. Бұл қазір қарамайын десе де, қарамауға тырысып бақса да, бірақ... Осылай отырып та көкірегі құрғыр бәрін сезіп отыр. Бала көтергелі Ақбалаға отырып - тұру қиындап қалғанына қарамай, үйге қонақ келгелі бәйек боп ұшып-қонып жүр. Әне, сыртқа шықты. Міне, ішке кірді. Сыртқа шығып, ішке кіріп ұшып-қонып жүріп шай демдеді. Ұшып-қонып жүріп дастархан жайды. Жас қонақтың асқа қарамаймын дегеніне болмай, әлі сол аяғы жерге тимей, ұшып қонып жүріп әкесіне сақтап отырған сыбағалы мүшені солайымен қазанға салды. Жоқ, мынау бұрынғы Ақбала емес. Басқа. Мүлде... мүлде басқа. Әне, ең аяғы үйде жоқ нәрсені осы ауылға келін боп түскелі есігін ашпаған ана көрші, мына көршіге жүгіріп, біреуден ана жоқты, біреуден мына жоқты сұрап әкелді.
Еламан өзін әзер ұстады. Ақбалаға жекіп «отыр, шайыңды әкел!» дегісі кеп әлденеше оқталса да, бірақ соның бәрінде де дәл айтар жерде аузы бармады. Соның үстіне Мөңке келді.
─ Ақсақал, төрге шығыңыз!- деді қонақ серпіліп, жоғарғы жағынан орын беріп.
─ Тырп етпе! Қазақ баласы сендер төрде жүрсеңдер біздің басымыз жерде қалмас,- деп Мөңке қонақтан төменірек отырды да,- ие, бала,- деп Тәңірбергенге бұрылды,- келе қоймайтын ауылың еді ғой бұл. Жай жүрсің бе?
─ Аң аулап шығып едім.
─ Ә, аң аулап жүрсің бе? Қалай қанжығаны қандадың ба?
─ Өткен жолы осы маңнан қашқан бір түлкіден айырылып қалғам. Сәті түсіп соған кездескенім.
─ Апыр - ай, ә?! Жолың болған екен.
─ Сары қаншық түлкіні көп қумаушы еді. Осы жолы біраз шалды. Тап мына сіздің ауылдың сырт жағындағы қоңыр төбеге келгенде жетті.
─ Е- е, келетін ойым жоқ еді, түлкі әкелді де. Мақұл! Мақұл!..- деп Мөңке лекіте күлді де,-бала, осы сенің інің қайда?- деді.
─ Жасанжан Орынборда, оқуда ғой. Жақын арада келеді, - деп Тәңірберген тілдесетін кісі табылғанына қуанып, Мөңкеге қарай бұрылып еді. Бірақ Мөңке арғы жағында отырған Еламанға бұрылып, екі балықшы өзара шүйіркелесіп кетті.
─ Сені Оралскі байы шақырды деді ғой?
─ Иә, шақырды. Мұз үстіне қашан шығасыңдар дейді.
─ Сен не дедің?
─ Не дейін... Мұз әлсіз, көп адам боп шоғырланып жүру қауіпті дедім.
─ Дұрыс айтқансың. Ал, Шодыр не деді?
─ Не деуші еді, балық керек деп шолтаңдап тұр.
─ Е, байға балық керек болса, кедейге жан керек емес не екен?
Еламан үндемеді. Қарт балықшы енді Тәңірбергенге бұрылды:
─ Қонақ бала, мен осы бір әңгіме есіттім ғой... Сенің қойлы ағаң болыстың сайлауына түсті деген не? Рас па?
Құдайменде байды ел арасы кемсітіп Қаратаз дейтін. Мөңке бұл арасын сыпайылап келтірсе де, бірақ ар жақ көмейінде «қойы болмаса, тәйірі со да кісі ме?!» деген кекесін тұрды. Көңілі жүйрік жігіт соны сезсе де, сыр бермей:
─ Иә, ол кісі сайлауға түсті, - дей салды.
─ Қадамы қайырлы болсын!
Шын көңілден тілектестік білдіріп жатқан сияқты еді. Жас мырза да солай қабылдап еді, бірақ Мөңке тағы да аяқ астынан мінез шығарып, қасында отырған Еламанды тақымынан басып қойып:
─ Көрдің бе, бала?! Азуы пышақтай, арқасы ошақтай ағаларың, әне, үйірге түскісі кеп жүр. Ертеңгі күні құтпан айғырдай, ел шетін торып, азынап шыға келер, әлі-ақ! - деп тағы да лекіте күлді де, - жә, мен кетейін, - деп түрегелді.
─ Асқа қара!
─ Рақмет! Ауру баққан үйміз ғой... Жеңгең жалғыз. Үйге барайын.
Мөңке жас қонаққа назар да салмай, сырт орай берген суық қалпы шығып кетті.
* * *
Тәңірберген Ақбаланы жаңа көргендей. Бағанадан бері жұпыны үйдің бір жағын тұнжыратып отырған мына үй иесі есіне түскенде ғана мойын бұрғаны болмаса, қалған уақытта көзі де, көңілі де Ақбалада. Ақбала қыз кезінде талдырмаш нәзік еді, бала көтергесін толығып, иегі астына болар-болмас бұғақ пайда бопты, тұла бойындағы қалған мүшесі де бүл білетін баяғы қыз кезіндегіден балғын тартқан. Қашанда бойын күте білетін Ақбаланың бұл жолғы киімдерінің бұрынғыдан сәні де, ажары да бөлек екен. Әйел болғасын да ақ жібек шәліні басына жаулық қып тартпай, екі шетін қайырып әкеп желкесіне әншейін немқұрайды байлай салғаны да жас келіншектің сымбатына ерекше үйлесім тауыпты. Үстіндегі ақ торғын көйлекті де бала көтергелі толыға бастаған денеге лайықтап қынамасын қыспай, әдейі кеңдеу, молдау тіккен. Ақ торғын көйлектің отырса да, тұрса да жел шақырып делиіп ала жөнелетін етегі бұл келгелі тыным көрмей ұшып-қонып жүрген келіншектің үй ішіндегі қимылынан дүркіреп хабар беріп, екі еркек елең ете қап отыр. Әне, есік ашылды. Шапшаң ашылған есіктен әуелі аппақ көйлектің етегі көрінді. Делиген етек ар жақтан аппақ келіншекті ешқайда бұрылдырмай, тұп-тура қақ төрде отырған қонаққа әкелді. Қолына ұстай кірген құрт - ірімшікті қонақтың алдына төккелі бұл кезде әжептәуір толығып қалған денесін сәл иіп, тізесін сәл-пәл бүккенде, о, Алла, әлдебір ақ құс ғайыптан пайда боп, дастархан шетіне қонғандай, әлгі аппақ ақ торғын көйлектің делиген етегі қапелімде жан-жағына жайылып, айналасын ақшаңқандап көміп жіберді. Жас мырза ес-түсінен айырылып, ақтарылып қалған. Бұл не? Өң бе? Әлде түс пе? Әлде, осы күндері әйелінің қасында жатып та Ақбаланы ойлағанда нәпсісі құрғырды ұстай алмай, ақсары әрқашан баяғыны аңсайтын... сонда дәл осындай әдемі ғажап елес есін алмаушы ма еді? Тәңірберген дастарханға құрт - ірімшік төгіп жатқан Ақбалаға «Кетпеші!» дегелі ұмтыла түсті де, өзін әзер тоқтатты. Иә, мынау өңі болмас. Баяғыда, қайсыбірде екі ауыл қатар қонатын. Сонда ел тегіс ұйқыға кеткенде Ақбала екеуі ауыл сыртындағы күркіреуде кездесетін. Екеуден - екеу оңаша кездескен сол бір айлы түндерде екі ынтық екі жақтан жүгіріп кеп ыстық құшақтар үнсіз айқасып, ұзақ жабысып тұрар еді де, сонан айрылысар жерде бұл ылғи да осылай «Кетпеші! Тоқтай тұршы!» - деп қиылушы еді ғой?!
Тәңірберген Ақбалаға үйлене алмағанына өкінді. Не қыласың, бұның өзінен болды. Екі ағаның дегенінен шыға алмады. Қоңсылас отырған бір іргелі елге арқа тірегісі келді де, Ақбаланы жылатып, Ұлықұм бойын жайлаған Тілеу - Қабақ руының белді бір жуанының қызына үйленіп еді. Сонан бері Ақбалаға кездесуге беті шыдамай жүрген-ді. Сүйтсе, ой, айналайын-ай! Кісі асылы, әйел затынан садаға кетсе болмас па?! Апыр-ай, бұған не өкпе, не наз, кінә артып, опасыздығын бетіне баспады - ау.
─ Шай алсаңшы, -деді Ақбала бұған кесені өз қолымен әперіп жатып.
Бұнда келгелі жас мырзаның көзі көп нәрсеге жетті: Ақбала күйеуге шыққасын да Еламанға баяғыдай салқын; тек ата, ана қосқасын шарасы құрып, лажсыз көнген. Ал, бұған деген махаббат бәз - баяғыдай. Қыз кездегіден бұны артық сүймесе кем сүймейді. Қайта, сүйгеніне қосыла алмаған әрбір әйелдей, бұрынғыдан да арман үздіге түскен бе? Ынтызарлық па, құштарлық па, қайсысы болса да, тағат, сабыр таусылып, шыдам шегіне жеткен кез осы ма? Соған дәл келді ме? Ана қарашы, қасында қабағын қарс жауып, тұнжырап отырған осы үйдің еркегі бар ма, жоқ па, тіпті ойына кіріп-шыққан жоқ. Әлгінде дастархан үстінен қолын созып кесені беріп жатқанда бұған екі рет көзін іркіп қарап еді; әсіресе соңғы қарағанда кірпік астынан ұзағырақ қадалған қара көздің шоқтай маздаған жанарында құдды түнгі өрттің сәулесі шарпып өткендей, енді сәл кідірсе өзімен қоса бұны да өртеп жіберетіндей жалындап тұр екен. Жас мырза дірілдеп кетті. Осы үйге жолы түскесін келе қалған әлдебір кездейсоқ қонақ емес, тіпті әрілесе үй қожасы дастархан басында мұртына қатқан мұзды үгіп отырған ана жаман балықшы да емес, осы үйдің нағыз қожасы бұның дәл өзі сияқты. Өзіне деген Ақбаланың ықыласын көргесін ол енді өзін ертеден бері үй ішінің шырқын бұзып, тұнжырап отырған мына немеге сыртын беріп, көбіне Ақбала екеуі сөйлесті. Дастархан жиналғасын тымағы мен қамшысын алды.
─ Сау бол, Ақбала.
Есікке жақын тұрған келіншек сәл кейін шегініп, сыртқа беттеген жас қонаққа жол берді. Қоштасар жерде Еламан ернін қимылдатқаны болмаса, отырған орнында тырп етпей отырып қалды. Шабалақдаған иттер бейуақта аттанған қонақты ауыл сыртына ұзатып салды. Ат тұяғының дүбірі әбден ұзағанша Еламан тырп етпеді. Ол бағана бір кергенде -ақ мына бәйгі күрең бұл өңірдегі өзі білетін жылқылардан түсі бөлек мал екенін білген -ді. Шамасы, бұ да қаншелек Кәленнің қолынан шыққан ұрлық мал болар деп ойлаған. Мынау шынында да қуса - жетіп, қашса - құтылатын ат.
Баяғыда... құдық басында болған төбелесте бұның әкесін Тәңірбергеннің әкесі Абыралы қуып жетіп, көк сүңгіні салғанда да Абыралының астында дәл осы бәйгі күреңдей жүйрік ат болмады дейсің бе?!
─ Тұр, төсек салайын!
Көрпені көкірегіне қысып дікектеп тұрған әйелге Еламан көз салмады. Дала тастай қараңғы екен. Жел бағанағыдан да қатая түсіпті. «Мұзды қуып кетпесе қайтсін?»
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Қан мен тер - 1 - Ымырт - 02
  • Части
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 01
    Общее количество слов 4234
    Общее количество уникальных слов составляет 2213
    35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 02
    Общее количество слов 4311
    Общее количество уникальных слов составляет 2350
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 03
    Общее количество слов 4358
    Общее количество уникальных слов составляет 2253
    36.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 04
    Общее количество слов 4384
    Общее количество уникальных слов составляет 2289
    34.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 05
    Общее количество слов 4376
    Общее количество уникальных слов составляет 2203
    36.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 06
    Общее количество слов 4354
    Общее количество уникальных слов составляет 2252
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 07
    Общее количество слов 4273
    Общее количество уникальных слов составляет 2321
    35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 08
    Общее количество слов 4440
    Общее количество уникальных слов составляет 2342
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 09
    Общее количество слов 4337
    Общее количество уникальных слов составляет 2300
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 10
    Общее количество слов 4424
    Общее количество уникальных слов составляет 2321
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 11
    Общее количество слов 4374
    Общее количество уникальных слов составляет 2358
    34.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 12
    Общее количество слов 4338
    Общее количество уникальных слов составляет 2276
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 13
    Общее количество слов 4317
    Общее количество уникальных слов составляет 2242
    34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 14
    Общее количество слов 4349
    Общее количество уникальных слов составляет 2183
    36.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    61.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 15
    Общее количество слов 4346
    Общее количество уникальных слов составляет 2207
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 16
    Общее количество слов 4392
    Общее количество уникальных слов составляет 2311
    33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қан мен тер - 1 - Ымырт - 17
    Общее количество слов 4106
    Общее количество уникальных слов составляет 2256
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов