Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 01

Общее количество слов 3923
Общее количество уникальных слов составляет 2185
37.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
50.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
58.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
Мен көрдім дүние деген иттің көтін, Бірінің жеп жүрген көп біреуі
етін. Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда, Көбінің сырты бүтін, іші
түтін.
(Абай. В. А. Крылов)
ДЕЙІН
Он алтыға толған қызды қазақтың піскен жеміске балайтынын Шəйі
білетін. Содан ба əлде шынында да солай ма, биыл он алтыға толғалы,
əйтеуір, өне бойында бір өзгеріс барын өзі де, денесі де сезінетін секілді.
Қарқара жəрмеңкесіндей қыз-қыз қайнаған думанды дүниені жаны да
аңсайды, тəні де тəтті еркелегісі келеді. Түрі кенет өзгеріп кететіндей,
айнаға сəт сайын сүзіле, өзгеше бір өзгеріс іздеп қарайды. Бірақ қанша
үңілсе де, жанары жалт-жұлт еткен сол баяғы қыр мұрын бидай өңді қыз:
«Қайта-қайта неменеге қарай бересің?» – дегендей, айнадан əжуалап
күлімсірейді. Бойы да бұрынғыға қарағанда қарыс па, сүйем бе, біраз
биіктеп қалғандай. Өз байқауынша, айрықша кең қабағы оны өз жасынан
ересек қыздай көрсетіп, жұртты үнемі жаңылтады. Жəрмеңке ашылғалы
жеңгесі Жүзік екеуі осымен əлденеше келді, өзгелердің іздегені саудасаттық болса, бұлардың көздегені – көбінесе ойын-сауық. Шəйіге елдің
киген киімі, сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы – бəрі қызық. Ара-тұра бозбала
мен жігіттерге де көз тастайды, бірімен жөн сұрасады, кейбірімен сөз
қағысып қалады, бірақ əзірге көңіл тоқтатар бірде-біреуін жолықтырған
емес, түрі тəуір ме дегені – мақтаншақтау, ақылды ма дегені – ынжықтау,
одан қалғаны ұсқынсыз, шетінен өңкей үсік ұрып, үстіне су төгілгендейлер.
– Жібекжан, бері жүр! – деген Жүзіктің дауысына Шəйі жалт қарай
бергенде, тағы əлдекім арт жағынан: «Əй, Шəйі!» – деп қалды. Қайта жалт
бұрылғанында, құлағына шырқай салған əн шалынды. Айтушы əйел ме,
қыз ба, əйтеуір, Қарқараның шалқар жазығын керемет əуен кернеп барады.
Шақырған жəрмеңкеде танысқан Жəмеш екен. «Жүрші тез! Анда
Сопыйа деген орыс қызы əн сап жатыр», – деді дегбірсізденіп. Бұларға
жеңгесі де қосылып, үшеуі əн шыққан ақ үйге қарай ентеледі. Бірақ үйге
бас сұқпақ түгіл, босағасына да жолай алмады, анталаған жұрт арасынан
адам түгіл қыл өткізетін емес. Олар енді кимелей бергенде, əн аяқталды да
қалды. Тым-тырыс тынып тыңдаған жұрт іле-шала əр жер-əр жерден
күбірлей бастады:
– Əй, салады-ақ екен!
– Айтпа! Қазақтан бетер!
– Тыйыш! – деді қара сақалды еркек қабағын шыта жекіп.
Əлгі дауыс қайта шырқады. Жұрттың қошеметін арқаланды ма, ə
дегеннен аңыратты:
Бұл дүние, ойлап тұрсам, арман дүние,
Бұрынғы бабалардан қалған дүние.
Барында оралыңның ойна да күл,
Бізден де өте шығар жалған дүние.
Жүзің көркем-ай,
Күнде көрсем-ай,
Аха-хай,
Сырғалы еркем-ай!
– Паһ! – деді көнелеу кимешекті кемпір басын сүйсіне шайқап. –
Даусыңнан айналайын-ай, тегі!
– Тыйыш! – деді жаңағы қара сақал тағы қабағын шытып. Кемпір оған
алая қарап, ернін жыбыр еткізді. Қара сақал жымыйып көзін қысты. Екі
қарттың қылығына Шəйі еріксіз күліп жіберді.
Əн аяқталған соң да жұрт тарқамады. Сірə, əн айтқан орыс қызын
бəрінің де өз көзімен көргісі бар. Шəйі де арбалған адамша ақ үйдің
алдынан ұзай алмады. Өз құлағымен естігенді өз көзімен көрмейінше,
анандай əнді анандай дауыспен орыс айтты дегенге сене алатын емес.
«Қазақы əннің иірімін, қайырымын, сөздің мəніне қарай əуеннің құбылуын
орыс өйтіп келтіре ала ма? Орыс деп жүргендері қазақтың орыс түсті сары
қызы шығар-ау, құдай біледі?» – деп күдіктенді.
Сөйтіп тұрғанда, ақ үйден домбыра ұстаған ұзын бойлы, ақ сары өңді,
ширақ қимылды келісті жігіт шықты. Шəйінің оң жағында тұрған қара
тарамыс жігіт: «Көдек қой», – деді күбір етіп. Ақын Көдекті албан жұрты
жақсы біледі, Шəйі де атын талай естіген, тек көріп тұрғаны қазір. Көдектің
соңынан етектерін қағып-сілкіп, шалқақтай басып тағы екі еркек шықты.
Содан кейін домбырасын кеудесіне қысып, бүрме етек ақ жібек көйлектің
сыртынан қызыл барқыт қамзол киген орта бойлы, сары шашты, сары өңді
кəдімгі орыс қызы шықты.
– Сопыйа! Сопыйа! – десті жұрт шулап.
Сары қыз домбырасын басына көтеріп, ақсия жымиып еді, жұрт
құтырына қиқулап кетті:
– Сопыйа, тағы айтшы!
– «Бес қаракеріңді» айтшы! – деді жаңағы қара сақал өзімсінген
дауыспен гүжілдеп.
– Иə, «Бес қаракер!» «Бес қаракер!» – деп, көпшілік дуылдап кетті.
Қыз анадайдан бұрыла қарап тұрған Көдекке көз қырын тастады. Ол
үнсіз басын изеді. Қыз домбырасын кеудесіне қысқан күйі көпшілікке
қарап басын иіп еді, жұрт демін ішіне тартып тына қалды. Сəл жөткірінді
де, Сопыйа шырқап қоя берді:
Алдымда айдағаным бес қара кер,
Бес жүзік, бес сақина, бес тана бер.
Берсең бер, бермесең қой соларыңды,
Ұмытпай, қайда жүрсең, еске ала көр!
Шəйі əн емес, əлдебір əулиенің үнін естігендей ұйыды. Сары қыздың
бетіне осы сен шынымен алдап тұрған жоқсың ба дегендей тесіле, таңдана
қарады. Таза орыс екенін əйгілеп тұрған түрі демесең, қыздың киім киісі,
дауысы, тіпті жүріс-тұрысы – бəрі қазақы. Орыстың қызы қазақша əн
айтады, қазақтың əнін дəл бүйтіп жақсы көреді дегенге, көзі көрмесе,
көңілі сенбес еді. Шəйі əрі таң қалып, əрі риза болып, əрі осының бəрін
көзімен көріп, көңіліне түйгеніне тоғайып, өзін əп-сəтте есейіп кеткен,
көпті көрген, көпті білген адамдай сезінді. Қарқара жайлауы да көзіне
құлпырып, Сопыйаның əнінше сəн-салтанатты көрінді: үйір-үйір жылқы
мен отар-отар қойдан жəрмеңкенің Мыңжылқы жақтағы жоталары майыса
жаздап тұрғандай. Ала-құла малды төсіне бытырата шашып, жап-жасыл
жайлауды адамдар əдейі əдемілеп тастағандай.
– Жібекжан! – деді жеңгесі қасында тұрған үш қалмақ жігіттен теріс
айнала мұрнын басып. – Мына арадан былайырақ кетейікші, мінə біреулер
жел жаққа тұра қапты, тегі.
Əннің əсерінен əлі арыла алмаған Шəйі жеңгесінің жетегіне үнсіз ере
берді. Еріп бара жатып ортадағы дəу қалмақтың жұтына қарап тұрғанын
көзі шалды. Түйедей тым ірі, кең жауырынды, қара мұртты, жалпақ бетті,
суық сұсты. Табақтай беті бір қазанға қақпақ боларлықтай. Тоқтықтан
тырсылдап тұрған түріне қарағанда, қазақты сүлікше сорып үйренген
саудагер секілді.
Жайлау шілденің басында-ақ шыжый бастапты. Жүзі тершіп, шөлдеп,
күннің тал түс болғанын жаңа байқады. Əлгі шынымен адам ба əлде түйе
ме дегендей, дəу қалмаққа таңғалып тағы бір көз тастады. Ол да өңешін
созып соңынан сүзіліп тұр екен, мұның бұрылғанын байқап, қабағын
көтере иек қақты. «Не керек?» – дегені-ау? «Қап, ұят-ай!» – деп, қарағаны
ағат болғанын сонда сезді.
– Əлгі шəй ішетін жерге барайықшы! – деді шөлдегеніне жеңгесі
кінəлідей-ақ кейіп. – Қаным кеуіп, қаталап кеттім, тегі!
...Шөлдерін басқан соң, Жəмеш үшеуі енді ауылға қайтқалы жатқанда,
қастарына сом денелі, басы да, беті де мол пішілген, маңдайы кере қарыс,
қызара бөрткен жүзіне қап-қара қою мұрты жараса кеткен қара сұр жігіт
келді де, ежелден таныс адамша:
– Амансыздар ма? – деп, жылы ықыласпен амандасты.
– Аманбыз, – деп, Жүзік жұтысынан жаңылып қалған адамша қақалашашала жауап қатты. – Ым, құдай-ай, түкірігіме шашалып қалғаным-шы.
– Май қабыңыз, əпке! Немене, қайтқалы жатырсыздар ма?
Екеуінің амандасуынан-ақ Шəйі бірін-бірі танитынын түсінді. Жəмеш
оның қасына өзімсіне жақындап, иығына еркелей қолын салды да:
– Бізді Мыңжылқының етегіне дейін шығарып сап қайтсаңшы! – деді.
Өзі де сөйтейін деп тұрған адамша, жігіт оп-оңай көне салды. Сол сəт
екі сары жігіт сап ете қалды да, əлгімен байланыса кетті:
– Бізді адастырып тастап, өзінің ұрланып келіп тұрған жерін қарашы!
– Соны айтам-ау, біз оны шарқ ұрып саудагерлердің ішінен іздеп
жүрсек, ол мұнда жайбарақат қызбен қылжақтасып тұр.
Бұлардың көзінше олардың өйтіп өктем сөйлегені Шəйіге сөкеттеу
сезілді. Қара сұр жігіт қысылғанынан оларға бір, бұларға бір қарап, не
дерін, не істерін білмей састы. Біресе мұртын сыйпады, біресе желкесін
қасыды.
– Қойсаңдаршы, көріп тұрсыңдар ғой қарындасыма келгенімді, – деді
иегімен Жəмешті нұсқап.
– Көріп тұрмыз, – деді ірілеуі кекете жымиып. – Қарындасыңа келсең,
қарындасыңмен сөйлесе бер, бізге қарындасыңның қасындағы құдашадан
құр қалмасақ та жарайды. Бұл қыздың ағасы Ағынтай менің мына Жүзік
əпкемді əбден жүдетіп жіберіпті. Соның есесін құдашадан қайтарып алсам
ба деп тұрмын, – деді Шəйіні көзімен ішіп-жеп.
– Қой-ей, бала, еркінсіме! – деді ірілеу сарыға Жүзік қабағын түйіп. –
Əпкесін сыйлаған жігіт əпкесінің қайынсіңлісін де сыйлауы керек шығар?
– Əпкесі-ау, қайынсіңліңізден көз ала алмай тұрғанда, артық бірдеме
айтып қойсам, айыпқа бұйырмаңызшы! Тазабекке қитындай құдаша емес
екен, қызғанып қалғаным ғой, құдай атып.
– Тазабекке сен қимағанды біз саған неге қыйады екеміз? Қалай-қалай
сөйлеп кеттің, бала?
– Жомарт аға, алтынды көріп жолдан тайған періштеше, Шəйіні
көргенде, менің ағамды жамандап шыға келгеніңіз қалай? Өз досын
жамандаған жігітті қай қыз тəуір көре қояды деп ойлайсыз? – деп, Жəмеш
намыс қылды.
– Ойбай, қарап тұрып қып-қызыл дауға қалдым-ау! Құдаша, көрдің ғой,
сен үшін бұлардан не естімедім? Жігіт таңдағанда, осы хəлімді ескерерсің.
– Ескерерміз, – деді Шəйі əзілдей күліп.
Екі жігіт жөніне кеткен соң бəрі анықталды: Тазабек Жəмештің туған
ағасы болып шықты. Жаңағы əнші Сопыйа Талдыбұлақтан диірмен салған
атақты көпес Василийдің қызы, ал Тазабек солардың атшысы екен.
Сопыйаның қазақшаға судай болатыны Талдыбұлақта қазақ ішінде туып,
жастайынан қазақ балаларымен бірге ойнап өсіпті. Қыста Алматыда оқып,
жаз бойғы өмірі қазақ ішінде жайлауда өтеді екен. «Бес қара керді»
Алматыдағы қазақтардан үйреніпті. Шəйінің Тазабекті жөнді білмейтіні
оның тіршілігі қысы-жазы Василийдің ауылында өтетін көрінеді. Қашан
көріп едім деп ойланыңқырап еді, бір-екі рет көптің ішінде көзі шалғаны
еміс-еміс есіне түскендей де болды. Сірə, баласынып, ол да бұған көп көңіл
бөле қоймаған болу керек.
Жəрмеңкеден ұзай бере жігітті Шəйі сөзге тартты. Бір нəрсе сұрағысы
келетінін аңғартып, атының тізгінін əдейі Тазабек жаққа бұрды.
– Атыңыз неге Тазабек? Бек, би болғанды ұнатасыз ба? – деді қағытып.
– Е, жоға. «Таза» деген сөздің мағынасы бек пен биден биік қой. Біздің
Əлмеректе осыдан отыз-қырық жыл бұрын Тазабек Пұсырман баласы деген
атамыз өткен. Кезінде би болған, ел басқарған, беделді, елді аузына
қаратқан азулы адам болыпты. Қытайды зерттеуге бара жатқанында үйіне
қонып, екеуі ұзақ əңгімелесіп, Шоқан деген төре-ғалым атамыздан көп
нəрсе жазып алыпты. Кейін сол атамыз орысқа бағынбаймын деп,
албанның біраз жұртын соңына ертіп Шығыс Түркістанға өтіп кетеді.
Өткенде де жай өтпей, орыс əскерімен атысып-шабысып өтіпті. Оған
қазіргі Ұзақ атамыздың əкесі Саурық батыр мен оның Шалтабай деген сері
інісі қосылады. «Менің атым – Шалтабай, Асылдан соққан балтадай», –
дейтін Шалтабай – сол. Қолы ұзын орыс қоя ма, Қытайдан ұстап əкеліп,
Тазабек пен Саурықты «түрмеде өлді» қылады да, Шалтабайды итжеккенге
айдап жібереді. Тазабек атамыз, жалпы, өсіп-өнген əулет. Тезек, Сұлтанбек,
Дамбай деген ұлдары бар. Қазіргі
Əубəкір, Садықбек, Əбілғазы,
Жақыпберді, Уақас, Шоқпар ағаларымыз со кісінің бір Сұлтанбегінен
туғандар. Бəрі шетінен «сен тұр, мен атайынның» өзі. Əубəкір аға болыс
болған, ал Жақыпберді аға – атқанын құр жібермейтін қолмерген. Əкем
атымды қойғанда, сол Тазабек атамызға тартып өсіп-өнсе екен, батыр болса
екен, елдің қамын жесе екен деген болар?
– Алайда Тазабек атаңыз ел қамын жеп орысқа қарсы болса, сіз өз
қамыңызды жеп орысқа қызмет жасап жүрсіз ғой?
Мұндай мінеуді күте қоймаған болар, жігіт əуелі үндемей қалып, əлден
соң барып ақырын күрсінді. Сонан соң:
– Жан бағыс үшін ғой, – деді құпиясы ашылып қалғанға ұялғандай
босаң дауыспен.
– Бағанадан бері Сопыйаны да жан бағыс үшін мақтап келеді екенсіз
ғой онда?
– Е, жоға. Сопыйа – өзгеше бала, оның тыныс-тіршілігі түгелдей
қазақша, бізге жаны ашып, жақтасып тұрады. Маған, Қожашқа орысша оқу
мен жазуды үйреткен – сол. Түбі, құдай біледі, ол қыз қазаққа тиетін
шығар, тегі.
«Сізге ме, Қожашқа ма?» – дей жаздап, Шəйі тілін тістей қойды. Одан
ары қазбалай бергенді əбестік санады, алайда орысқа бағынғысы келмеген
Тазабек батырдың қылығын түсіне алмады. Орыс қазаққа жақсылық
ойласа, қазақтың орысқа қарсы шығып несі бар? Ал орыстың пиғылы
дұрыс болса, Қытайға өтіп кеткен Тазабекті неге ұстап əкеп өлтіреді?
Соның бəрі – бұл білмейтін, бірақ білгісі келетін жұмбақ. Алайда бір
көрген адамнан соның бəрін қазбалап сұрап жату – əрі ыңғайсыз, əрі ерсі.
Ізеттен аса алмай, көп сұрақты көмейінде бүгіп қалды.
Жəрмеңкенің Тұзкөл жағымен жоғарылап, Қарқара өзенінен өткізіп
салған соң, Тазабек бұларға қош айтты да, қайта қайтты. Шəйіге бұл
жігіттің бойында жұрттың көбінде жоқ бірдеме бар сияқтанды, бірақ оның
не бірдеме екенін анық ажырата алмады. Лағып сөйлемейді, лепіріп
мақтанбайды, керегін ғана айтады; сірə, сонысы ма екен ұнаған? Əлде
алпамсадай дене бітімі ме? Бірақ ондай бітім қалмақта да болатынын көрді
ғой мана.
Жəмеш Талдыбұлаққа бұрылған соң, Жүзік пен Шəйі Қарқара өзенін
бойлай шығысқа беталып, ат басын Сырттың жайлауына қарай бұрды.
Жеңгесі екеуі əрнені əңгіме етіп келе жатып, Шоқанасқаннан өте бере Шəйі
одан Тазабек туралы сыр суыртпақтады:
– Мақтай береді, Сопыйаны алғалы жүр ғой деймін?
– Кімді алатынын құдай біледі, бірақ кімді алғысы келетінін мен білем,
Жібек.
– Кімді?
– Жəрмеңкеге келген бір жолы сені сыртыңнан көріпті де: «Қара
домалақ қана қыз еді, қандай əдемі болып кеткен?!» – деп, сенен көзін ала
алмай таң қалыпты.
– Содан кейін Сопыйадан айнып қалып па?
– Қойшы, Жібек, Сопыйаның оған қандай қатысы бар?
– Өзі айтты ғой жаңа: «Қазаққа тиеді», – деп.
– Е, қазаққа тисе, Тазабекке тие ме? Қазақ толып жатқан жоқ па?
– Жарайды, сонымен...
– Сонымен, сені жақсы көріп қалыпты. Көргісі, сөйлескісі келіп
айналсоқтап жүргені сол.
– Көрді, сөйлесті, енді не істейді?
– Ендігісін ол білмейді, сен білесің.
– Нені білем?
– Ұнаса, тиесің; ұнамаса, тимеймін дейсің.
– Түгі де ұнаған жоқ, тимеймін.
– Өйтіп өтірік айтпа, Жібек. Ол саған ұнады. Ұнаған соң Сопыйадан
қызғанып келесің.
Шəйінің екі беті ду ете қалды. Қызарып кеткенін сезіп, қиястап,
Жүзіктен жүзін бұрып əкетті.
– Сен зəлімсің! Сенсің оған мені əдейі көрсетіп жүрген, – деді қыз
бұртыйып.
– Ол – менің жеңгелік борышым, жаным. Себебі сен бақытты болмай,
мына біз – əке-шешең мен аға-жеңгең – бақытты бола алмаймыз. Оны сен,
ақылың бар ғой, түсінуге тиіссің, Жібекжан.
Содан сам жамырағанда, Сырттың қарағайлы қойнауындағы үйлеріне
жетіп, аттан түскен соң, Жүзік жайымен келіп Шəйіні жауырынынан
қапсыра құшақтады.
– Жаным Жібегім! – деді еркелете елжіреп. – Қазақ ұлдың тағдырына
онша қам жей бермейді, өйткені ол өз тағдырын өз елінің ішінде өткізеді,
ал қыздың тағдырын ақ сақалды атасынан тартып асық ойнаған баласына
дейін уайымдайды, өйткені оның бақыты сырт ел, жат босағаға
байланысты.
Солай екенін Шəйі де білетін, сондықтан жауап қатпай, жеңгесімен
үнсіз келісіп, оны үнсіз құшақтады.
***
Тазабекке Шəйінің əдемілігі мен қылығы бұтаға қонып алып, мойын
жүні үлпілдеп, тамақ жүні бүлкілдеп, жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап
отырған шымшық торғайдың балапанын елестетеді. Кіп-кішкентай, сүпсүйкімді қыздың: «Бек, би болғанды ұнатасыз ба?» – деп, бірден қадала
кеткені қатты састырды. Өйтіп сөйлегенінің өзі əрі еркелігі, əрі өжеттігі.
«Ондай қызға қол жеткізу үшін, əуелі ана келіншектен қол үзуім қажет», –
деп шешті ол бойын əлдебір үрей билеп. Құрғырға үш жыл бойы əбден
бауыр басып қалыпты, айырылысу қалай болар екен? Бірақ: «Кісі жары
кісіге жар болмайды, Баурыңа балапандай басқанменен», – деген ғой
бұрынғылар.
Дəнекермен жиырмаға жаңа толған жігіт шағында жолыққан. Ат баққан
адамның өмірі көбіне далада өтеді. Шілденің күні төбесін тесіп бара
жатқан соң, қалың қарағайдың шетіне кіріп, жалғыз аяқ жолдың жағасына
жантая кеткен. Аттары да қарағайды шет пұшпақтай жайылып жатқан.
Бұтақ сытыр ете қалғанға жалт қараса, жалғыз атты əйел қасына тақау
келіп те қалыпты. Жамбасын қаққыштап жалма-жан орнынан ұшып
түрегелген. Əйел оң қолымен ердің алдыңғы қасынан ұстап, сол қолымен
артына міңгескен жас баланы сүйемелдеп, шылбыры жерге сүйретіліп,
тізгіні аттың жалына сырғып кетіп, берекесі қашып-ақ келеді екен. Мұны
көзі шалған бойда:
– Ағатай, ұстаңызшы! – деді жыламсырай жалынып.
Ақ құба əйелді көрген бетте-ақ таныды: Талдыбұлақтың етек жағында
отыратын Кемелбай дегеннің қатыны. Сүйретілген шылбырды қайта-қайта
аяғы басып, шылбырды басқан сайын, басын шылбыр қайта-қайта жұлқып,
ат та əбден титықтаған болу керек, Тазабек жанына тақап: «Дырр!» –
дегенде-ақ тоқтай қалды.
Тазабек алдымен шұбатылған шылбырды жинап əйелдің қолына
ұстатты. Содан соң ат мойнына сырғыған тізгінді əперіп, қоржынның
үстінде ұйықтап келе жатқан баланы құшақтаған күйі жол шетіндегі
тегістеу жерге апарып жатқызды. Ояна ма деп, бетіне біраз қарап тұрып еді,
бала былқ етпеді: ұйқысы қатты-ақ екен бəтшағардың. Əйел аттың үстінде
сол қоқыйған қалпы əлі қозғалмай отыр екен.
– Не, сені де көтеріп алайын ба? – деді əзілдеп.
– Көтере алсаң, көтеріп-ақ алшы! Аттан түсер шамам да қалмады, тегі!
– Кел! Қайдан келесің артынып-тартынып?
– Төркіндеп барып ем.
Əйел оң аяғын үзеңгіден шығарып, еңкейіп икемделе берді. Оң қолымен
қолтығынан, сол қолымен тақымынан ұстап, Тазабек аттан көтеріп ала
бергенде, құлап кетпейін деп қам жасаған əйел мойнынан тас қып
құшақтай алды.
– Мен сені білем, сыртыңнан талай көргем, – деді əйел қолын мойнынан
босатпай. – Тазабексің.
– Мен де сені білем: Дəнекерсің. «Əдемісін-ай!» – деп жүретінмін.
– Мен де сені: «Дəуін-ай!» – деп...
– І-і? «Дəуін-ай!» деп қызығып па ең?
Келіншек құптағандай жымиып, əуелі көзін жұмды да, артынша басын
шайқады.
– Жоқ, таңдандым.
– Неменеге?
– «Қандай екен?» – деп.
– Қандай екенімді білгің келсе, жерге түсіп, жақыннан қара. Алдымен
қылғынтпай мойнымды босатшы!
– Босатпасам кəйтесің?
– Кəйтуші ем? Аяғымның асты көрінбейді, қазір құлаймыз.
– Құлайықшы! Саған жолықпағанда, өзім де қай жерде құлар екем деп
қорқып келе жатқам. Апырмай, ана иттің ұйқысының қаттысы-ай! Бүйрек
тұсынан бір-екі рет түйіп-түйіп жіберсем де, түк сезбеді. Ұйқышылдығы
аумаған əкесі. Тіпті, əкесінен де асып кеткен. Ол да қораға қасқыр шауып
жатса, оянбайды-ау. Өзіңді жолықтырған құдайға мың да бір рахмет!
«Ақыр құласам, қарағайдың ішінде құласам екен, бір бұтақтан ұстай алсам
да өлмеспін», – деп далбасалап келе жатыр ем.
– Өлмей қалғаныңа енді көзің жеткен шығар? – деді Тазабек əйелдің
бетіне бетін тақап.
– Жерге аяғым əлі тиген жоқ, қайдан көзім жетеді? – деді əйел күліп.
– Ендеше, аяғыңды жерге тигізейін.
Жерге түскен бойда шалғынға шалқасынан құлай кетіп, Дəнекер
Тазабекке көзін төңкере жымиды:
– Енді неменеге состиып тұрсың?
– Тұрмағанда кəйтем?
– Жақындасаңшы! Жеп қоймаймын.
– Мен жеп қоюым мүмкін ғой?
– Жеп қойсаң жеп-ақ қойшы. Жанымды сақтап қалған адам: «Енді
жаныңды алам», – десе, одан аяп қалар ештеңем жоқ.
Жанына кеп жантая бергенінде, Дəнекер бері аунап түсіп еді, беті тұптура Тазабектің алқымына келіп тығылды. Əйелдің ып-ыстық лебі атойлап
оянып келе жатқан сезімге от қойып жіберді. Басын көтере берген Тазабек
омырау түймесі ағытылып кеткен əйелдің демігіп жатқан төсін ұмаждай
құшақтап еді, аңырай жөнелген сезімдер апыл-ғұпыл арпалысты да кетті.
– Ағатай, жолдан алысырақ кетейікшi, – деді келіншек құшағын
жазбаған қалпы.
– Тұр онда!
– Тұра алмаймын, көтеріп апаршы!
– Құшақта мойнымнан!
Алпамса жігіт келіншекті жеп-жеңіл көтеріп, қалың қарағайдың ішіне
ала жөнелген. Міне, содан бері жігіттік шағының ең қызығын соның
құшағына тосып келеді. Қанған мейірдің ғаламаты мен сағына көріскен
сəттің сыйқырлы лəззəтін тек содан татып жүр. Дəнекердің құшағына
кіргенде, басқа дүниенің бəрі содан кейінгі дүние болып, ысырылып қала
береді. Басында өзін: «Мұның бəрі уақытша, үйленгенге дейін ғана», – деп
жұбататын. Енді байқаса, екеуінің арасы оп-оңай ажырай салатын жеңіл-
желпі нəрсе емес секілді. Былтыр босанғаннан кейін: «Бұл – сенің балаң»,
– деген болатын құлағына сыбырлап. Əзілі болар деп, бұл күлген де қойған.
«Екеуіңді салыстыра қараса, баланың кімнен екенін күйеуім бірден білер
еді», – деп, жақында тағы айтты. «Кемелбай мені көріп жүр ғой», – деп еді,
«Күдіктенбейді ғой, күдіктенсе, байқар еді. Немене, балаң екеніне сенбей
тұрсың ба?» – деп, қылт ете қалды. Содан бері баланы бір көргісі келіп
қызығады да. Бірақ енді баланы да, баланың шешесін де біржола ұмытуы
тиіс. Өйтпеске амалы жоқ. Өйткені Шəйідей қызды жар қылу үшін,
алдымен алды-артын ақ Шəйідей тазартып алуы керек.
Жігіттік жасағанның да осыншама жан ауыртар жазасы боларын аңғал
жастықпен аңғармаған екен.
***
Шəйі іштей: «Келесі жұмада жəрмеңкеге барсам, Тазабек сонда ашық
сөйлесер»,– деп дəмеленген-ді. Бірақ екі күннен соң Тазабек пен Жəмеш
ауылға өздері келді. Шыны ма əлде сылтауы ма, əйтеуір, айтуларына
қарағанда, əке-шешесі арнайы жұмсапты. «Орыстың ойы бұзылыпты, он
тоғыз бен қырық бестің арасындағы мұсылман баласын əскерге алғалы
тізімдеп жатыр. Ағынтай мен Тазабектен айрылсақ, күніміз күн бола ма?
Сырт – елден жырақ жайлау, Талдыбұлаққа көшіп келсін, іргелес отырып
ойласайық», – депті. Жауабын кесіп айтпай, Ағынтайға бір, Тазабекке бір
күрсіне қарады да, Тілеулі:
– Көрерміз, – деді күңк етіп.– Ақылдасайық. Жақында Өмекеңе өзім
барып қайтам.
– Ақылдасқанда,– деп, əйелі Əжікен əлдене айтпаққа оқтала беріп еді,
күйеуінің қабақ шытқанын байқап, жым бола қалды.
– Жүр, Жібекжан, қонақтарды қырға дейін шығарып сап қайтайық, –
деп, Жүзік Шəйіні əдейі ата-енесінің көзінше қолқалады.
Жолда Жəмеш ағасын əжуəлағансып:
– Жұрт əскерге алады деп, өз басымен қайғы, менің ағам сенімен қайғы,
– деді Шəйіге ат үстінде еңкейе жақындап.
Ол сөздің мəнісін Шəйі түсінді, бірақ үндемей елп ете қалмады. Оны
қазір ең қинайтыны – Тазабектің не ұнайтынын, не ұнамайтынын өзінің
кесіп-пішіп білмейтіні. Алпамсадай тұлғасы, алып-ұшпайтын ауыр мінезі
ұнағанмен, əйелге емірене қоятындай еркек емес секілді. «Жаныңда жатқан
еркектің жаныңды түсінбегені жаман», – дегенді əйелдер көп айтады.
Тазабек Шəйіге дəп сондай, жанын түсінбейтін еркектей көрінеді. Қуатты,
қарулы болғанына қарай қатқыл да сияқты. Ара-тұра: «Еркек қатқыл
болмағанда, кəйтуші еді?» – деген бір ой сап ете түскенмен, оған күдік
бəрібір жеңістік бермейді. Содан бір Шəйі екіге жарылып, бірімен бірі
келісе алмай жатады.
– Ал, жолдарың болсын! – деп, Жүзік осы арадан қайтатындарын
аңғартқанда:
– Ал, жақсы! – деп, Жəмеш те атының басын тартқан.
Тазабек тап сол сəт тіке Шəйіге қарай жүрді. «Мынау кəйтеді?» – деп,
қыз қипақтай састы. Тізгін ұстаған сол қолы дірілдеп, оң қолынан
қамшының бүлдіргесі сусып бара жатты, бірақ, неге екенін, біле тұра ұстап
қалуға қам қылмады. Тырс етіп қамшының сабы аттың алдыңғы тұяғына
тиді. Жақын кеп қалған Тазабек атынан секіріп түсіп көтерді де, қамшысын
қолына ұстатты. Қамшымен қосып саусақтарын да ұстады. Енесінің
бауырына тығылған қошақанша жігіттің күректей алақанына қыздың қолы
көміліп кетті: Күтір еткізіп күйретіп жібере ме деген қыз нанарын да,
нанбасын да білмей, осы шынымен сенбісің дегендей, Тазабектің бетіне
таңдана қарады. Жігіт жұтып жіберердей емініп тұр екен. Жасаурағаны ма
əлде жалындағаны ма, жанарында бір түйір от жалт-жұлт жүгіріп жүрген
тəрізденді. Сол от қыздың да жан дүниесін қыздырып бара жатқандай. Не
істерін, не дерін білмеді.
– Ұзатпай алдыңа əке-шешемді жіберем, – деді жігіт төтесінен. – Енді
менің жанымды өзіңдікімен бірге деп ұқ! Жанымсың!
Тура айтылған сөз тура атылған оқтай Шəйіні тырп еткізбеді. Алақанын
ашып жіберді де, Шəйінің қолын сыртынан шөп еткізіп сүйіп алды. Жүзік
пен Жəмештің көзінше. Ұят-ай! Тазабекке қабағын шытпақ болып еді, ол
жанарын бұдан жанталаса ала қашып, бұл жанталасып қуа алмай, екеуі де
қызарып кетті. Адам түсіне қоймайтын алапат бір сезім қыздың өне
бойынан тайғанап барып табанына тарап жатқандай дуылдатып өтті.
Талмаурап, аттан жығылып бара жатқандай сезінді. Сыр бермеуге
тырысып, сабырын шақырғанда, көзімен аймалап, əлі құмарта қарап тұрған
Тазабекті көрді. «Құдай-ау, мынау мүлде басқа Тазабек қой!?» – деді
кеудесінде бір қуаныш атойлап. Жігіттің төгілгелі тұрған мейірі мен
ағытылғалы тұрған сезімін жанарынан байқап, өзінің де еріп бара жатқан
өзгерісін сезіп қоя ма деп сасып, дереу атының басын ауыл жаққа бұрды.
«Жанымсың!» деген құдіретті үн жанын да, тұла бойын да – бəрін аймалап,
бəрін еркелетіп, Шəйімен санаспай бара жатты.
***
Тазабек пен Дəнекер бірі жəрмеңкенің өр жағынан, бірі төмен жағынан
ұрлана шығып, Қарқара өзенінің тоғайына еніп кеткенде, күн тас төбеде
тұрған. Тазабек өз атын шідерледі де, Дəнекердікін оның құйысқанына
шылбырынан ілмектей салды. Ақырғы жолығысуымыз ғой, дұрыстап
қоштасайын деген оймен, қалқалау жерге отырған соң, құшағын жая беріп
еді, Дəнекер қолын қағып тастады. Еркелігі деп ұққан Тазабек тағы ұмтыла
бергенде, келіншек жақындатпай, екі қолын кеудесіне тірей қойды. Аяқ
асты не бола қалғанын түсінбеген Тазабек Дəнекерге сұраулы кескінмен
қарады. Келіншектің атылғалы тұрған оқ жыландай түрінен тіксініп қалды.
– Саған не болды?
– Не болушы еді? Білдім сенің арамдығыңды.
– Қандай арамдық?
– Бүгін жəрмеңкеге мен үшін келген жоқсың.
– Енді кім үшін?
– Басқа үшін.
– Оны кім айтты?
– Білдім.
– Кімнен?
– Жомарттан.
– Жомарттан? Қай Жомарт?
– Қанша Жомарт бар еді? Өзіңнің досың Жомарт.
– Ол не дейді?
– Сені Шəйіге үйленеді дейді.
– Е, дей берсін. Шəйіге ме, басқаға ма, түбі біреуге үйленерім хақ қой.
Ода не тұр?
– «Басқаға ма?» – деп бұлтақтама. Жомарт айтты, дəп Шəйіге
үйленетінің анық.
– Оның анық екенін ол қайдан біліпті?
– О да Шəйіге сөз салғалы жүрсе, сен оның алдын орап кетіпсің.
– Саған соны айтып арызданды ма? Соншалық оның кімі едің сен?
– Ешкімі де емеспін. Тек ол маған да жақындайын десе, тағы алдын
орап кетіпсің.
– Ал менің саған жақын екенімді оған кім айтыпты?
– Мен айттым.
– «Шəйіге айта бар, ол менімен жүреді», – дедің бе?
– «Айта бар», – дегем жоқ, менен күдер үзсін деп айттым. «Қайда
барсам, алдымды кес-кестей берді-ау!» – деп кіжінде де, соның ызасымен
сенің Шəйіге үйленгелі жүргеніңді ақтарып салды.
– Соның бəрін саған қай оңашада айтып жүр?
– Оңашада емес, нағашым немересін сүндетке отырғызған, сонда айтты.
Жомарт біздің үйдегімен аталас қой, сондықтан «жеңге» деп қылжақтай
береді.
– Қылжақтап жүріп, қойныңа қол салған болды ғой?
– Салған жоқ. Қол салдыратын жындымын ба?
– Жынды болмасаң да, жындандырып жіберіпті ғой.
– Иə, жындандырды. Жынданбағанда кəйтем? Үйдегі байым бай емес,
нағыз байым сен деп, сенен бала сүйіп, сенің құшағыңда ит тірліктің
иттігін ұмытып жүрсем... Тірідей өлтірдің ғой мені! Енді кəйтем? Кəйтіп
сенсіз өмір сүрем? Өзіңмен бірге жүрегімді де суырып əкететін сияқтысың!
Мұның оттан ыстық болатынын елден ес білгелі естіп келе жатсам да, тап
мұндай деп ойламаппын.
Еңіреп жылап, Тазабектің кеудесін қос қолдап тоқпақтап, ақырында
Дəнекер бірте-бірте басыла берді. «Құдай-ау, дəл бұлай бауыр басып кетер
деп кім ойлаған?! Сұмдық қой мынасы!» – деп, Тазабек қатты таңырқады.
Аяды, жаны ашыды. Бірақ екеуінікі бүгін болмаса, ертең, ертең болмаса,
түбі бір күні тоқтам табуға тиіс əрекет екенін əуел бастан білгендіктен, сыр
бермей сазарып шыдады. Жұбатарға сөз де, жөн де таппай, тек үнсіз
бауырына тартып, солқ-солқ өксіген келіншекті жон арқасы мен
жамбасынан сипалай берді.
– Түбі осылай боларын екеуміз де əу бастан білдік қой, – деді күрсініп.
– Білгенмен, дəл бүйтіп сорлап қаларымды сезбедім ғой мен сорлы.
«Ойнас – оттан ыстық, қала бере боқтан сасық» дегенді қанша естіп
жүрсем де, дəл бүйтіп өз басыма түседі демеппін. Бəлкім, сирек те болса
соғып тұрарсың?
– Жоқ, өйтіп екіжақты бола алмаймын.
***
Əскерге ағасы Ағынтай кетсе, Тазабек кетсе, онда дүние Шəйіге
несімен дүние? Көктеп үлгірмеген үміті кеудесінде көміле ме? Бүкіл
тіршілігін билеп алған өңкей үркек ой мен мазасыз белгісіздіктен құтыла
алмай аласұрды. Ақырында басқа амал таппай:
– Жəрмеңкеге барайықшы! – деді Жүзікке.
– Барсақ барайық.
Əкесі Тілеулі де бұлармен бірге Талдыбұлақтың бұрылмасына дейін
баратын болып, мал-жан Ағынтайдың қарауында қалды.
...Жүзік пен Шəйі жəрмеңкені қақ жара аралап, не Жəмешті, не
Тазабекті жолықтырмады.
– Келмеген ғой, – деді Шəйі кейіп. – Қайтайық.
– Қайтсақ қайтайық, – деді Жүзік қасақана. – Қызды іздемеген жігітті
біз іздейміз бе?
– Қайдағы жігіт, Жүзік? Мен Жəмешті іздеп жүрмін.
– Мен де соны іздеп жүрмін, Жібекжан. Тазабек екеуі бірге ме дегенім
ғой əншейін. Əне, əне келеді Жəмеш.
Жəмештің жалғыз екенін көріп, Шəйі сəл аңырып қалды. Көріспегелі
көп болған адамша бас сап, Жəмеш бұлармен құшақтасып амандасты.
Алдымен Жүзік жөн сұрады:
– Жалғыз жүрсің бе?
– Жоқ. Тазабек те осында болатын, аяқ асты адасып қалдым.
– Осында болса, өзі табар. Жүріңдер, жəрмеңкені жөндеп аралайық.
Жəрмеңкені екі аралап шығып та олар Тазабекті жолықтырмады.
– Жер жұтып кетті ме, қайда кетті? – деп, Жəмеш шала бүлінді.
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Əй, дүние-ай! - 02
  • Части
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Общее количество слов 3923
    Общее количество уникальных слов составляет 2185
    37.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Общее количество слов 3950
    Общее количество уникальных слов составляет 2127
    36.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Общее количество слов 3928
    Общее количество уникальных слов составляет 2177
    36.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Общее количество слов 3929
    Общее количество уникальных слов составляет 2152
    36.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Общее количество слов 3957
    Общее количество уникальных слов составляет 2306
    35.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Общее количество слов 3971
    Общее количество уникальных слов составляет 2173
    37.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    53.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Общее количество слов 4007
    Общее количество уникальных слов составляет 2172
    37.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Общее количество слов 3925
    Общее количество уникальных слов составляет 2149
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Общее количество слов 3977
    Общее количество уникальных слов составляет 2162
    35.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Общее количество слов 3872
    Общее количество уникальных слов составляет 2061
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Общее количество слов 4000
    Общее количество уникальных слов составляет 2080
    36.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Общее количество слов 3992
    Общее количество уникальных слов составляет 2106
    37.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Общее количество слов 3934
    Общее количество уникальных слов составляет 2137
    36.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Общее количество слов 4006
    Общее количество уникальных слов составляет 2223
    35.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2217
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Общее количество слов 4028
    Общее количество уникальных слов составляет 2175
    36.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Общее количество слов 4025
    Общее количество уникальных слов составляет 2146
    35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Общее количество слов 2955
    Общее количество уникальных слов составляет 1688
    37.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов